Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет56/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

Адабий эмгектердин тизмеси 
1.  Айтматов  Ч.  Чыгармаларынын  жыйнагы: 1-том. 
Повесттер,  аңгемелер/  Т‰з.  А.Акматалиев. –Бишкек: 
Бийиктик, 2008. –380 б. 
2.  Айтматов  Ч.  Чыгармаларынын  жыйнагы: 2-том. 
Повесттер,  аңгемелер/  Т‰з.  А.Акматалиев. –Бишкек: 
Бийиктик, 2008. - 432 б. 
3.  Айтматов  Ч.  Чыгармаларынын  жыйнагы: 3-том. 
Повесттер,  аңгемелер/  Т‰з.  А.Акматалиев. –Бишкек:  Бий-
иктик, 2008.- 480 б. 
4.  Гапаров  М.  Жаңгак  токойдун  жомогу / Повест- 
тер жана аңгемелер. – Фрунзе: Кыргызстан,  1989.– 280 б. 
5.  Касымбеков  Т.  Келкел / Тарыхый  роман.–  Фрунзе: 
Кыргызстан,  1986. 224-225-б. 
6.  Кошоктор. “Эл  адабияты”  сериясы.  Бишкек:  Шам, 
1998. -348.  
            
       Сагынбаева Бурул. Забытое национальное наследие.  
Sagynbaeva Burul. Forgotten National Heritage. 
 
 
 
 
Ж. С. Таласпаева, Ә. Д. Сабитова, 
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Петропавл қаласы, Қазақстан 
 
ҒАБИТ М‡СІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ  
РУХАНИ МӘДЕНИЕТ АТАУЛАРЫ 
 
 
Қазіргі  қазақ  әдебиеті  ордасының  алғаш 
іргетасы  қаланып,  шаңырағы  көтерілгенде, 
оның  басы-қасында  болған,  сол  кездегі  жас 
қайраты  мен  тұнық  тілегін  біржола  соған  ар- 
нап,  одан  бергі  жемісті  ұзақ  жылдарын  бір 
соның  жолына  іркусіз  жұмсаған – қадірменді 
жазушымыз Ғабит М‰сірепов. Ғабит М‰сірепов 
шығармаларында  тілдік  бірліктердің  ұлттық 
мәдениеті  мен  өркениеттің  құндылықтары 
мейлінше мол жұмсалған. 
Жалпы,  мәдениетті  т‰рлі  таңбалар  ж‰йе-
сінде  қарастыруға  болса  да,  біздің  тоқтала-
тынымыз – тілдік таңбалар – сөздер. Яғни, сөз 
екі  т‰рлі  ж‰йеге – тілдік  және  мәдени  құн-
дылыққа  қатысты  болады  да,  мәдениет  тілі 
ретінде де қызмет атқарады. 
Ж. Манкеева: «Заттық мәдениет лексикасы 
–  ұлттық  рух  пен  талғам  негізінде,  ұлттық 
тұрмыс пен шаруашылық ерекшеліктеріне сай 
технологиялық  процесс  нәтижесінде,  өз  мәні 
мен  атқаратын  қызметіне  сай  сөз  тудырушы 
модельдер  арқылы  жасалатын  лексика-семан-
тикалық категория ретінде, кумулятивтік қыз-
меті  негізінде  саналған  материалдық  өндіріс  
 
 
пен  мәдени  туындылардың  атаулары», - деп 
ой т‰йіндейді [1,13]. 
Ғ. М‰сірепов шығармаларында заттық мә-
дениет  лексикасына  қатысты  ұлт  өкілдерінің 
киіну  ‰рдісін  сипаттайтын  киім-кешек  атау-
лары,  әсемдік  бұйымдары,  ыдыс-аяқ  т‰рлері, 
жиһаз  атауларына  байланысты  лингвомәдени 
бірліктер, қазақтың ас мәзірінен хабар беретін 
лексика  т.б.  кездеседі.  Шығармада  кездесетін 
заттық  мәдениет  атауларының  көбі  тілге  де, 
мәдениетке де ортақ. Қоғамдағы материалдық 
құндылықтарды  ұтымды  пайдалана  отыра  
қаламгер  ұлттық  ерекшелікті,  болмысты  ше-
берлікпен жеткізе білген. 
Сонымен ата-бабаларымыздың негізгі к‰н-
көріс  көзі  мал  шаруашылығы  болған,  киімін 
тігетін  көне  материалдарға  қой  терісі  мен 
оның  ж‰німен  қоса  т‰йе,  ешкі  ж‰ні  жатқан. 
Ал  киім  тігілетін  айрықша  материал  ретінде 
қымбат матаның ерекше бағалануын қазақтың 
хан-сұлтандары, беделді адамдары орыс елші-
лерінен  білген,  елшілер  қымбат  маталарды  
сыйлық есебінде ұсынғанын байқауға болады. 
Мысалы, 

324                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Шымылдық  алдында  қос-қабат  барқыт 
қамзолдың  сыртынан  көк  жібек  тысты 
пұшпақ ішік киген Айтолқын – Еменалының 
әйелі,  бойы  шарғылау,  бөктеріншектілеу  бол-
ған  соң,  б‰гін  жаулығын  биігірек  етіп  салы-
ныпты.  Екі  жағында  екі  жас  келіншек  жаз-
ғытұрғы  жылынған  к‰ннің  райына  қарай  же-
ңіл киінген – оқалаған сәукеле, жеңсіз қам-
зол, қос етек көйлек [2, 85 б.]. 
Аяғындағы саптама етік те біресе көдеден 
тайғанап, біресе к‰рп етіп қалады. Көк елтірі 
тымақтың  іші  де  қайнап  бара  жатқандай 
[3,28 б.].  
Қалқажан,  қызыл  береніңді  киесің  бе? – 
деп  жаңа  қамзолдарын  әперіп  еді,  оны  лақ-
тырып тастап, көгін киді [4, 269 б.]. 
Қазақтың  ерлері  мен  әйелдерінің  киімінде 
әлеуметтік  өзгешеліктер  анық  көрініп  отыр-
ған. Қазақ еркектері ‰йде де, т‰зде де бас киім 
киген.  Ер  адамның  бас  киімі – адам  дәрежесі 
мен  беделін  танытқан.  Қазақ  қыздары  мен 
тұрмысқа  шыққан  әйелдерінің  бас  киімдері 
мен  шаш  ‰лгілері  қатты  ерекшеленген.  Мы-
салы, Қонақтардың қарсы алдына шарта ж‰гі-
ніп  алып  қолындағы  тымағымен  тізесін  анда-
санда бір ұрып қойып Байжан отыр [3, 35 б.].  
–  Ие,  жай  келген  жоқсың  ғой.  Апаңның 
дені сау ма? Ұялатын боп бой жетіп қалыпсың 
ғой  өзің!... – деген  Айғаншаның  ақырын  сы-
быры  еміс-еміс  қана  естіледі  де,  Назыкештің 
бірдеме  дегені  к‰рең  тақияға  тығылған  бір 
шоқ ‰кінің дірілінен ғана байқалады [3, 27 б.]. 
Айтқа  кием  деп  тігіп  жатқан  көк 
жібек 
көйлекті  бітірместен  сандыққа  салып  тас-
тады.  Кәмшат  бөркіне  жаңа  ‰кісін  де  қада-
ған жоқ [4, 269 б.].  
Қыздардың  бөркі  елтірімен  әдіптеліп,  тө-
бесінде  қорғаушы  қызмет  атқаратын  ‰кі 
қауырсыны тағылады. Көкті тәңір тұтқан ата-
бабаларымыз  құсты  аспан  белгісі  санап,  оған 
деген  құрметін  өз  тұрмысында,  қолтума  өне-
рінде  қолданып,  кескіндеп  отырған. «Айбала 
шоқпардай  қос
  ‰кі  таққан  камшат  бөркін 
киіп,  жібек  белбеуін  буынып,  жез  ораған  жі-
ңішке  қамшыны  қолына  алып,  атына  қарай 
келе жатыр [4, 276 б.]. 
–  Бөркіңді  бөгіре  басқа  айналдырып  са-
лып ем, ‰кісі ғана ұйысып қалыпты [2, 25 б.]. 
Басында ‰кісі бұлғандайды» [3, 393 б.]. 
Мәдениеттанымдық,  этнографиялық  де-
ректерге  қарағанда,  әйелдер  шашын  қос  өрім 
етіп  өреді  де,  ол  екеуінің  ұштарын  біріктіру 
‰шін  шашбау  тағады.  Шашты  олай  өру – 
әйелдіктің  белгісі,  бұл – б‰тіннің  жартысы 
болғанды  білдіреді.  Ал  қыздар  шаштарын  бір 
өрім  етіп,  ұшына  шолпы  тағады.  Аталған 
әшекей  бұйымдарына  қатысты  қолданыстар-
ды көркем мәтінде жиі ұшырастыруға болады: 
Ұзын  қара  шашына  салпылдаған  шол-
пыны  қалай  болса  солай  таға  салды  да:  Әді-
рақалғыр  алып  т‰сіп  барады  ғой! – деп,  ар-
қасына серпе салды [4, 269 б.]. 
Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кез-
де шолпы мен шашбауды бұрымы тарқатылып 
кетпеу ‰шін таққаны белгілі. Халқымызда қа-
лыптасқан  сенім  бойынша,  неше  т‰рлі  асыл 
тастан  жасалған  сылдырмақ,  салпыншақтан 
тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен 
шаш ұзын болып өседі. Сондай-ақ ауыр шол-
пы таққан адамның басы ауырмайды деп есеп-
телген.  Халық  ұғымында  «адам  жанының  бір 
ұшы  шашында»  деген  де  т‰сінік  бар.  Соған 
байланысты  «тарағанда  т‰сетін  шашты  кез-
келген  жерге  тастауға  болмайды,  оны  адам 
баспайтын  жерге  көміп  тастау  керек»  деген  
ырым-тыйымның бар екені белгілі [6, 56 б.]. 
Ал  төмендегі  мысал  қазақ  қызының  киім 
кию ерекшелігін киім кию ‰лгісі мен қимылы 
арқылы астарлап дәл танытып тұр. 
Шайды  іше  отырып,  қанша  қарамайын 
десе  де,  Есеней  көзін  қыздан  аудара  алмай 
қойды.  Басында  к‰рең  барқытпен  тыстаған 
қара  елтірі  бөрік, ‰стінде  сол  к‰рең  бар-
қытпен тыстаған жеңіл пұшпақ ішік, к‰рең 
барқыт шалбар, белінде к‰міс жапқан қап-
тырмалы  былғары  белдік.  Аяғында  биік 
өкшелі  шаңқайма  етік – «қосай  калош», 
бәрі  де  сандық  т‰бінде  жататын  «бір  киер» 
екені  танылып  тұр.  Бәрі  де  шеше  қолынан 
өткен... [2, 38 б.]. 
Жоғары  әлеуметтік  мәртебенің  көрсеткіші 
саналатын  ішікті  дәулетті  адамдар  киген. 
Ішікті  мауыты,  шұғамен  қаптап,  барқытпен, 
жылтыраған  сәтінмен  тыстаған.  Жағасына 
кең,  енді  алмалы-салмалы  жағаны  т‰лкінің 
жон  арқасындағы  ‰лпілдек  ж‰нінен,  кәмшат 
терісінен  жасаған,  кейде  соңғысымен  шеттері 
мен  жиектерін  көмкерген [6, 42б.].  Көркем 
шығармаларға қарағанда, ішікті хан-сұлтандар 
мен  бай-манаптар,  олардың  әйелдері  киген 
сырт киім.  
Жалпы  нобайын  Игіліктің  алдынан  бір 
өткізіп  алып,  Жұмабек  кедей  ауылдарды  сы-
дырып  келе  жатқан  беті  еді.  Өзі  қазір  жонда-
нып  алыпты.  Бұл  елде  әлі  ешкім  мініп  көр-
меген  сырлы  қашауамен  ж‰р.  Көк  шұғамен 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          325 
 
тыстатқан пұшпақ ішіктің сыртынан қасқыр 
ішік,  баста  т‰лкі  тымақ,  шанасында  отыр 
дегеннен гөрі, жатыр деген лайықтырақ сияқ-
ты [3,153 б.]. 
Ұзату тойын бастаудың бір дәст‰рі қалың-
дыққа  арналып  жасалатын  баскиім – сәуке-
ленің  жасалып  бітуі.  Ұзатылар  қыздың  әлеу-
меттік жағдайын білдіретін сәукеленің негізі – 
оның төбесі. Төбе не талдырма етіп қозы ж‰-
нінен  арнайы  басқан  ақ  киізден  немесе  ара-
сына  қыл  салып  сырыған  асыл  матадан  істе-
леді.  Сәукеленің  ең  сыртынан  жауып  қойған 
шашақты  әшекейлі  жібек  мата  бар,  ол  көй-
лектің етегі құсап, жерге с‰йретіліп ж‰реді [6, 
47 б.].  
Айтолқын да Ұлпаннан көзін айыра алмай 
тұр.  Қызық  киіне  береді  екен-ау!  Басына  ақ
 
жібек  шаршыны  шәліге  ұсатып  жамыла  са-
лыпты да, ‰стінен сәукеле киіпті [2, 86 б.]. 
Сәукелесін  тастап,  жібек  шаршыны  алқы-
мынан  т‰йрей  салды  да,  Есенейдің  тізесін 
шынтақтады [2, 117 б.]. 
Қоғам  алға  жылжып,  заман  өзгеріп,  мате-
риалдық  және  рухани  құндылықтар  өзгерген 
сайын қазақ әйелдерінің киім ‰лгілері де ауы-
сып,  соған  сәйкес  киім  киюге  деген  көзқарас 
та  өзгеріп  отырғаны  даусыз,  бірақ  қазір  ұлт-
тық  киім  ‰лгісі  қайта  жаңғырып  келеді  деуге 
болады.  Оның  дәлелі  ‰йлену  тойына  қалың-
дық  пен  к‰йеу  жігіттің  киім  кию  ‰лгісін  ай-
туға болады. 
Әйелдер  басына  тартатын  орамалдың  бірі 
–  жаулық.  Жаулық  тұрмысқа  шыққан  әйел-
дер басына тағатын ақ орамал. Уақыт өте келе 
әйелдер  киетін  жаулық  не  кимешек  сәннен 
шығып, әйелдер оны г‰лді шәлімен, т‰рлі-т‰с-
ті орамал-шаршымен алмастырды. 
Жаулықты  биік  салынатын,  сәнді  киіне-
тін Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігі-
мен де, тазалығымен де ұнайтын еді [3, 33 б.]. 
Ақ  жаулықтың  ‰стінен  бастыра  ақ  т‰біт 
шәлі жамылған денелі әйел көп еркектің орта-
сында ‰нсіз мұңаюлы екен, шешінбепті де, та-
мақ та ішпей отыр [3, 190 б.]. 
Көз  жасын  жаулықпен  с‰ртіп  жатып,  әр-
қайсысына мейрім көзімен бір қарады да, ‰н-
деген жоқ [5, 42 б.].  
Әйел  адамның  бас  киімінен  қайдан  келге-
нін,  қай  жақтікі  екенін  де  білуге  болады:  Ба-
сында біздің жақтың ‰лкен жаулығы, көк шұ-
бар  кең  көйлегі  делең  қағып,  апам  екпіндей 
басып келеді [5, 41 б.].  
Ұлттық  мәдениеттің  көрінісі  болып  табы-
латын  киім-кешек  ‰лгілерінен  халқымыздың 
әсемдікке  құштарлығы,  эстетикалық  талғамы 
мен әлеуметтік ерекшелігі анық байқалады  
Қоғамдық  дамудың  қай  сатысында  бол-
сын,  қоғаммен  бірге  дамыған  қолөнері  әр 
дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеумет-
тік-көркемдік  жағынан  дәуір  тынысын  қалт 
жібермей әсерін тигізіп отырады. Ұлттық қол-
өнер  халықтың  к‰нделікті  тыныс-тіршілігін, 
таным-талғамын,  т‰рлі  қайталанбас  ерекше-
ліктерін  бейнелеумен  бірге  халықты  эстети- 
калық жағынан тәрбиелеуге ықпал етеді [6, 46 
б.]. 
Халқымыздың  к‰н  көрісі  төрт  т‰лік  мал 
болған соң, оның етін де, с‰тін де, терісін де, 
ж‰нін де тиімді пайдаланудың жолдарын біл-
ген. 
Қазақ  халқының  жиі  пайдаланатын  қол-
өнер  материалына  малдың  терісі  мен  ж‰ні 
жатқан.  Олардан  киім-кешек  те,  ыдыс-аяқ  та, 
киіз ‰йдің м‰ліктері де жасалған.  
Киіз ‰йге қажетті м‰лік пен көз тартар жа-
сау-жабдығын қазақ әйелдерінің шебер қолы-
нан  шыққаны  даусыз.  Мысалы,  Қызына  еріп 
‰йге кірді де таң қалды. Қара барқытпен ою-
лаған  туырлық,  өрнектеп  тоқылған  ызба 
баулар,  керегені  т‰гел  орап  алған,  есіктен 
төрге дейін төселген т‰кті кілемдер ... Төрде 
қатарлап жиналған ж‰к... Оюлы ақ киізбен 
қапталған  сандықтар.  Мойны  сорайған  жез 
құман,  жез  леген...  қалың  көк  жібек  шымыл-
дық... ‰й іші жайнап тұр [2, 43 б.].  
Мен қасына жеткенде к‰бі шелектің бетін 
ашып,  маған  тостағанға  айран  құя  бастады  
[5, 19 б.].  Мысалда  келтірілген  к‰бі  шелек 
ыдысы  қазақ  халқының  қолөнерін,  шебер-
лігін  көрсетеді.  К‰бі  дегеніміз  еменнен  жа- 
салған ауыз жағы тарлау, т‰п жағы кеңдеу қы-
мыз  ыдысы;  көбінесе  отырықшылық  жағ- 
дайға  бейімделген. 60-70, кейде 100 л  қымыз 
сыяды.  К‰бі  апта  сайын  жуылып,  кептіріліп, 
с‰р еттің майымен, қойдың құйрығымен май-
ланып, тобылғы, ж‰зген, құлмұрын ағаштары, 
қоғажай шөбі т‰бінің т‰тінімен ысталып оты-
рады; 
Әйел  затының  қолөнерге  деген  шеберлігі 
білдіреді  тұтынатын  заттары  мен  киген  киі-
мінен айқын аңғарылады: Ана байғұс қашанда 
ана  ғой,  қызының  бір  сыдырғы  киімін  сақ-
таған  екен.  Бөріктің  тысы  мен  жалғыз  жеңсіз 
қамзолдан басқа барқыты болмаса да, бәрі де  
 

326                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
қыналап-қиыстырып  әдемі  тігілген.  Өз  қолы 
бас  білетін  байғұс  шеше  арзанды  қымбаттай 
ажарлай біліпті. 
Киініп алған соң – қыздың көркі ш‰берек – 
Шынардың  бойы  өсіп,  белі  қыналып,  көзі 
жарқырап кетті. Шешесі мосқал емес екен. Өз 
киімі  де  жұпыны  болғанымен  жарасымды  ті-
гіліпті [2, 104 б.].  
Шығармадан  заттық  бұйымдар,  жасау-жаб-
дықтарға  қатысты  лингвомәдени  бірліктерді 
жиі байқауға болады. Мысалы, Т‰йеге артқан 
ж‰ктің  ‰стінен  айқара  жаба  салған  екі  оюлы 
текемет  пен  шағын-шағын  екі  т‰кті  кілемді 
жұлып  тастап,  әйелдер  кілті  аузында  тұрған 
екі  сандыққа  жабылды.  Кілем  мен  киіз  ара-
сында  көрінген  бірнеше  көрпе-жастыққа  да 
көздерін  салған  жоқ.  Сандықтар  сыңғырлап 
ашылды екен, оны да естіген жоқ. Сандықтар-
дың ішіне ‰ңілді [2, 112 б.].  
Сандық – киім-кешек,  тағы  басқа  да  зат-
тарды  салуға  арналған,  ағаштан  жасалған 
бұйым.  Сандық – халықтар  тұрмысында  ерте 
кезден  пайдаланылып  келе  жатқан  ең  ежелгі 
жиһаздың бірі. Көшпелі халықтың тұрмысын-
да қолданылатын заттардан мол мағұлмат ала 
отыра, өткен дәуірді еріксіз б‰гінгі к‰нмен са-
лыстырамыз. 
Заман өзгеріп, қоғам алға жылжыған сайын 
адамдардың  бұрынғы  құндылықтары  да,  өмір 
с‰ру  салты,  тұрмыс-тіршілігі  өзгерді.  Ата-ба-
баларымыз сан ғасырлар бойы киіз ‰йді жылы, 
көшіп-қонуға  ыңғайлы  деп  таныса,  б‰гінде 
баспаналардың  неше  т‰рлісі  бой  көтерді.  Ес-
кінің  сарқытындай,  көненің  көзіндей  асыл 
бұйымдарды да, киіз ‰йді де мұражай, көрме-
лерден,  ұлттық  сипаттағы  той,  мерекелерден 
көруге  болады.  Он  саусағынан  өнер  тамған 
апаларымыздың  шеберлігі  мен  сырбаз  талға-
мына  сай  жасалған  көркем  д‰ниелеріне  деген 
қажеттілік те азайды. Денсаулыққа пайдалы киіз, 
текеметтер  қыл-қыбыр  жинайды  деген  сыл-
таумен  қолданыстан  шығып,  оның  орнын 
шаңды  кем  жинамайтын  шетелдік  кілемдер 
алмастырды  [6, 49б.]. 
Ұлттық  тағам  атаулары  да  қаламгер  шы-
ғармаларында  мол  ұшырасады.  Қазақ  халқы-
ның  к‰н  көрісі  төрт  т‰лікпен  тығыз  байла-
нысты  болғандықтан,  аналарымыз  оның  с‰ті-
нен неше т‰рлі дәмі аузыңнан кетпес тағамдар 
жасағанын  білеміз,  оны  өзіміздің  қазақ  қана 
емес,  өзге  ұлт  өкілдері  де  с‰йсіне  дәмін  тат-
қан.  
Сары  қымыз,  дәрі  қымыз  ішіліп  болған 
соң  Есеней  Шондығұлға  келесі  тапсырмасын 
айтты [2, 132 б.].  
Көздері  соқырайған  кепкен  балықтар  да 
бар, ортасын ойып ақ ірімшік салып пісірген, 
қып-қызыл  тәтті  нандар  да  бар,  жұмыртқа  да 
бар, ‰гіршіктер де бар... [5, 28 б.].  
Бауырсақ  жайылды,  құймақ  қойылды. 
Қант,  өрік-мейіз  қойылып  жатыр.  Шынардың 
шешесі  беті  жабулы  тағы  бір  табақ  көтеріп, 
ұяла, жымияп келеді. Шынар болмай пісіртті, 
әйтпесе сый қонаққа берер тамақ емес. Онысы 
– к‰лге көміп пісіріп, сары майға бұлғаған ыс-
тық нан еді. 
Ұлпан  оның  не  екенін  сезіп,  табақтың  бе-
тін ашты да: 
-  Өзіме  біріңізші,  шеше ... бұл  еркектер 
жейтін тамақ емес! – деді. 
Нанды  к‰лге  көміп  пісіру  баяғының  бая-
ғысынан бері келе жатса да, көшпелі қазақтың 
аузынан әлі дәмі кетпеген асы. Ұлпан табақты 
бас  салды.  Еркекше  аузын  толтыра  жей  бас-
тады [2, 115 б.].  Шығармада  нанды  к‰лге  кө-
міп пісірудің ‰лгісі, жасалу жолы жатық баян-
далған.   
Мырза  жеңгем  деп  мақтай  кірсе  Жаниша 
жеңгесі  баптап  тұрып  құймақ 
құйып,  шай 
береді [2, 37 б.].   
Жалт қарасам, базар шетінде айран сатып 
отырған  қарт  әйел  маған  қолын  бұлғап  отыр 
екен [5, 19 б.].  
 Қарамұрттың  қамайтын  жері  өзінің  са-
райы болса ол бір бала біткеннің арман ететін 
сарайы,  іші-тысы  бірдей  саланған,  қапшық-
қыпшық  ұн  дегеніңіз,  қарын-қарын  май 
дегеніңіз,  с‰рленген  қазы-қарта,  жал-жая 
дегеніңіз иін тіресіп тұрады [5, 10 б.].  
Қазақ  халқы  өнерпаз,  он  саусағынан  өнер 
тамған  халық.  Ұлттық  зергерлік  бұйымдары-
мыздың  аса  талғампаздықпен,  шеберлікпен 
жасалғандығын  мұражайларда  сақталған  нұс-
қаларынан-ақ  байқаймыз. ‡кілеген  қыздары-
мыз  бен  аналарымызды  асыл  тассыз,  к‰міс-
әшекейсіз  елестету  м‰мкін  емес..  Мысалы, 
Шыны  шкафтың  асты  толған  алтын  ж‰зік, 
алтын  сырға,  толып  жатқан  тана-моншақ, 
Арыстан  ‰ңіліп,  сұрауға  атын  таба  алмай, 
сатушыларға  жалтаңдап  тұр  еді [4, 297 б.]. ... 
бір  терезеге  іліп  қойған  алтын  сағат,  алтын 
сақиналарға көзі т‰сті (Сонда) 
Қазақ  әйелінің  әшекейінің  бірі – ж‰зік, 
сақина.  Алтын,  к‰містен  жасалып,  сырт  жа- 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          327 
 
ғына зергерлер т‰рлі асыл тас орнатқан сақи-
налар  бұрын  да,  қазір  де  тек  әйелдің  ажарын 
ашатын  сәндік  бұйым  ғана  емес,  адамның 
денсаулығына  оң  әсер  ететін,  сыртқы-ішкі 
кері әсерлерден қорғайтын, бақ-дәулет шақы-
ратын құрал саналады. 
Ертеңіне  ішкі  жағына  «Ажарға»  деп  жазу 
жаздырған  қызыл  жаһұт  көзді  алтын  ж‰зік 
Арыстанның  төс  қалатысының  т‰кпіріне  ба-
рып жабысты [4, 298 б.].  
Өмір  бойғы  еңбектен  буылтықтанып  кет-
кен саусақтарының бірінде жалпақ к‰міс сақи-
насы жарқырайды [5, 42 б.].  
Апаңды ұзатсаң да, қарындасыңды ұзатсаң 
да бұл сақинаны қолына салуға болады [4, 297 
б.].  
Сенің алтын сақинаң бар емес пе еді-ай? – 
деп, Алтын он беске жаңа келген Ажар деген 
қызды жұлмалады [4, 274 б.].  
Алтын  ж‰зік  к‰нге  шағылысып,  көзін  қы-
сып жатты да қойды [4, 273 б.]. 
Қазақ әйелдерінің шашына, бойына, қолы-
на,  сырт  киімдеріне  тағылған  зергерлік  бұйым-
дар  өздерінің  әсем  ою-өрнектері  мен  таңға-
жайып  ‰лгілерімен  талайды  тамсандырып 
қана қоймай, әйел сұлулығымен қоса оның та-
ным-талғамынан,  халықтың  салт-дәст‰рінен, 
д‰ниеге көзқарасынан хабар бере отырып, ру-
хани  мәдениетіміздің  қалыптасып,  дамуына 
ықпал етеді әрі оның жаратылысы нәзік әйел-
дер  ‰шін  қорғану  қызметін  атқаратындығы 
анық [4, 62б.]. 
Жазушының рухани мәдениет ‰лгілері бо-
лып табылатын ұлттық ән-к‰й өнері мен ойын-
сауық  т‰рлерінің  де  д‰ниенің  тілдік  бейнесін 
жасаудағы орны ерекше. 
Шығармада  кездесетін  «Сұлушаш», «Қыз 
Жібек», «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу», «Ер  Тар-
ғын», «Қалқаман-Мамыр», «Шәһімадан», «Бә-
діғұл-Жамал», «Мұңлық-Зарлық», «Еңлік-Ке-
бек»  мәдени  деректердің  көзі,  мәдени  ескер-
кіш іспеттес лингвокультуремалар тілдік және 
мәдени  субъектінің  когнитивтік  санасындағы 
аялық  білім  құрылымына  қатысты  д‰ниелер. 
Төменде «Ұлпан» шығармасында «Сұлушаш» 
жырын  Кенжетай  домбыра  болмағасын,  қам-
шысын екі б‰ктеп шырқап айтқан кезі: 
Бәт құндыз қыз балаға жарасқандай, 
Тұман жоқ ер жігітке адасқандай. 
Саласын Сартоғайдың мекен еткен 
Бар  екен  Қантай  атты  бір  асқан  бай...         
[2, 39 б.].         
«Жамбы  ату», «Алтыбақан», «Айгерек», 
«Бәйге», «Ат  шабыс», «Көкпар», «Ақс‰йек» 
лингвокультуремалары  көбіне  қазақтың  өмір-
салтында, тұрмысында кездесетін, өзге ұлттық 
мәдениетте  қайталамасы  жоқ  бейэквавалентті 
мәдени бірліктерге жатады. Мысалы, Әсіресе, 
биылғы  айт  ұдайымен  ‰ш  к‰н  болды.  К‰ндіз 
ерсілі-қарсылы  қыдырыс.  Т‰н  бойы  «Алты-
бақан», «Ақ  с‰йек», «Қара  құлақ», «Жасы-
рынбақ»...  Қыз-келіншектің  жарым-жартысы 
«алтыбақанның»  қасында  қалса,  жарым-жар-
тысы қайда ж‰реді десейші? .. [4, 269 б.].  
Қазақтың  ұлттық  ойындары  қазақ  тұрмы-
сында  ерекше,  айрықша  орын  алады.  Ұлттық 
ойындар мерекелер, тойлардың көңілді бөлім-
дерінің  бірі  деуге  болады.  Ғабит  М‰сірепов 
шығармаларында ойын т‰рлерін жай атап кет-
пей, ойын шартына да тоқталып,  бейнелеген. 
Мысалы  «Ұлпан»  романында  «Жамбы  ату» 
ойыны  айрықша  суреттелген:  Қазақ-орыстар 
ойынынан  кейін  «Жамбы  ату»  басталды.  Бұл 
ойындардың екеуі де Тілеуімбет бидің келуіне 
көрсетілген құрмет ретінде әдейі әзірленіп еді. 
Екі  биік  қарағай  бағанға  көлденең  салынған 
арқалыққа  салбыратып  ілген  бірнеше  жамбы 
жарқырайды. Екеуі тай тұяғындай бақыр. Екеуі 
бір теңгелік к‰міс, екеуі бармақ тырнағындай 
ғана алтын жамбы. 
Майор бәсекелі атыстың шарттарын т‰сін-
дірді:  тай  тұяғындай  бақыр  жамбыны  атып 
т‰сірген мергенге – т‰лкі терісі, к‰міс жамбыны 
т‰сіргенге – қасқыр терісі, алтын жамбыны т‰-
сіргенге құндыз терісі беріледі екен [2, 18 б.].  
«Жамбы  ату» - қазақтың  көне  ойындары-
ның бірі. Шауып келе жатқан аттың ‰стіндегі 
ойынға  қатысушы  садағымен  нысанаға  тігіл-
ген  жамбыны  атып  т‰сірген.  Жамбы  ретінде 
к‰міс  немесе  алтыннан  жасалған  тайтұяқтар 
немесе теңгелер тігіліп отырған.Жамбыны атып 
т‰сірген жігіт сол жамбыны сый ретінде өзіне 
қалдырып отырған. Бұл ойынға жігіттің жігіті 
қатысқан  екен.  Кей  ертегілерде  хандар  жам-
быны  атып  т‰сірген  жігітке  қызын  берген 
делінеді. 
Кейінгі  жылдары  бұл  ойын  сәл  өзгеріп 
шауып келе жатқан аттың ‰стіндегі жігіт бел-
гілі  сызықтың  тұсына  келгенде  қолындағы 
найзаны  ілулі  шығыршықтан  өткізуге  тыры-
сатын болды. 
Келесі  мысалда, «Теңге  алу»  ойыны  бей-
неленген,  шығармада  «К‰міс  алу»  деп  ата-
лады: Б‰гін жігіттер ат ‰стінен к‰м алуға әзір-
ленді.  Қыз-бозбала  т‰с  ауа  қырдың  басына 

328                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
шығып, ‰лкен  жолды  ортаға  алып,  екі  ұдай 
тұра  қалды.  Тақтадай  тақыр  жолдың  ‰стінде 
бес к‰міс жатыр. К‰містердің арасы ‰ш адым-
дай  алшақ-алшақ.  Ең  епті  жігіттер  бес  к‰міс-
тің  бесеуін  де  сыпырып  әкетеді,  ептеусіздері 
қырайын  құлап  жатады.  Жерден  к‰міс  алу – 
ойынның  басы  ғана.  Оның  аяғы  басқаша  бі-
теді.  Әрі-беріден  соң  қыздар  қалаған  жігіт-
теріне  сақинасын  тігеді.  Сақинасын  әкеткен 
жігіт пен сақинасын тіккен қыздың арасында-
ұлылы-кішілі байланыстар тұрады. Оның аяғы 
жап-жақсы  болса,  кейде  тіпті  жаман  боп  ты-
нады...  сақинаны  көп  тіге  алған  қыз  да,  сақи-
наны  көп  ала  алған  жігіт  те  елдің  аузына  ілі-
геді [4, 270 б.].  
«К‰міс  ілу» - ептілікті,  атқа  жақсы  оты-
руды керек ететін ұлттық ойын. Келін т‰сіру, 
қыз  ұзату  салтанатында  қалыңдық  орамалға 
т‰йіп, өзінің к‰міс шолпысын, әйтпесе ж‰зігін 
тастайды.  Сондықтан  да  кей  жерлерде  бұл 
ойын  «ж‰зік  ілу»  деп  аталады.  Қатты  шауып 
келе  жатқан  шабандоз  жігіт  ат  екпінін  бәсең-
детпеспен,  әлгі  орамалды  іліп  алып  кетуі  ке-
рек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады. 
К‰міс  алу  ойынның  басы  болса,  аяғы  са-
қина  тігу.  Қазақ  қызы  болмысынан  ұялшақ, 
нәзік,  ұяң  жан,  төмендегі  мысалда  осы  сұлу 
бойжеткендердің  паң  мінездері  байқалады. 
Сақина тігу ойынын бойжеткендер емес, жең-
гелері  бастап  беретіні  бейнеленген. «Сақина 
тігуді  ысылып  қалған  жеңгелер  бастамаса, 
қыздар бастай қоюға ұялады. Айбаланың жең-
гесі Алтын бастап жіберді. 
Алтын: 
-  Қандай, жігіт алар екен. 
Маған көзін салар екен. 
Қарамай кетіп соңынан, 
Ұят болып қалар соңынан, 
Ұят болып қалар ма екен?! – деп, сақылдап 
к‰лді де, жігіттерге қарады». 
[4, 272 б.].  
Жазушы  шығармалары  рухани  мәдениет 
‰лгілеріне  бай,  туындыларының  барлығынан 
дерлік  қазақ  халқының  ұлттық  нышандары 
байқалады.  
Көркем  сөздің  қас  шебері  Ғ.  М‰сірепов  
шығармаларының  тұнық-тұңғиығына  бойлау-
ға  деген  талпынысымыз  ешқашан  тоқталмақ 
емес.  Қандай  уақыт  алмасулары  болсын,  ол, 
сөз  жоқ,  қазақ  сөзінің  майталманы,  ж‰йрігі 
болып қала бермек. 
_______________ 
1.  Манкеева  Ж.  Қазақ  тілінің  заттық  мәдени  лекси-
касы. филол.ғыл.докт. автореф. - Алматы, 1997. 
2.  М‰сірепов  Ғ.  Ұлпан.  Роман. – Алматы:  Атамұра, 
2003. – 264 бет. 
3.  М‰сірепов  Ғ.  Таңдамалы. ‡ш  томдық. – Алматы: 
Жазушы. 1980. Т.2. Оянған өлке. Роман.592 бет. 
4.  М‰сірепов  Ғ.  Тұтқын  қыз.  Повестер  және  ой-
толғамдар. Алматы: Балауса, 1993.-512 б. 
5.  М‰сірепов  Ғ.  Таңдамалы.  Бес  томдық. – Алматы: 
Жазушы. 1982. Т.2.Қазақ солдаты. Роман.592 бет. 
6.  Байғұтова  А.  М.  Қазақ  әйелі»  концептісінің  этно-
мәдени  сипаты.  филол.ғыл.докт.  автореф. 10.02.02. Ал-
маты, 2008. 
 

1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал