Казахский национальный


Сансызбаева Д.Б., Шайкенова А.Ж



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет53/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61

 
Сансызбаева Д.Б., Шайкенова А.Ж. 
Виды текстов для обучения профессиональному  казахскому языку 
В  статье  представлен  краткий  обзор  различных    видов  текстов    и  эффективных  методов  обучения  профес-
сиональному  казахскому языку 
 
Sansyzbaeva D.B., Shaikenova A.J. 
Types texts for professional training Kazakh language 
The article presents a short issue of different types of texts and effective methods of teaching professional Kazakh 
language. 
 
 
 
 
А. А. Сарсекеева, 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 
жалпы тіл білімі және аударма кафедрасының магистранты 
 
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІҢ 
ЛИНГВОКОГНИТИВІК АСПЕКТІЛЕРІ 
 
 
Д‰ниедегі  барлық  нәрселердің  аты  және 
соған  сай  заты  болады.  Адамды  қоршаған 
әлемдегі  нәрселердің  аттары,  тіпті  адамның 
өзінің  аты  оның  ойын,  ішкі  жан  д‰ниесін, 
құндылықтарын, ділін, кейде тіпті дінін ашып 
көрсете алады. Жалқы есімдердің тілдегі ерек-
ше орны мен маңыздылығы ықылым заманнан 
бері  елдің  назарын  аудартып,  зерттеу  мен 
зерделеу  нысаны  болып  отыр.  Көне  дәуір 
ойшылдары  жалпы  есімдер  мен  жалқы  есім-
дерді  бөліп  қарастырған,  атаулардың  ақиқат-
тығы  мен  қажеттігі,  зат  пен  атаудың  тығыз 
байланысы,  атаулардың  мағынасы,  атаулар-
дың  жекелік  тұлғалылығы  т.б.  жөнінде  ере-
желер жасалды.  
Сөздер  мен  фразеологиялық  тіркестер 
жалпы  т‰рде  лексикалық  бірліктер  немесе 
тілдік  таңбалар  деп  аталады.  Адам  тілдік 
таңбалар  көмегімен  өзінің  ақиқат  шындықты 
т‰йсінуі  мен  ой-өрісінің  жұмысын  білдіреді. 
Тілдік  таңбалар  адамның  қуат  сақтау,  ың-
ғайлы  қарым-қатынасқа  жетудегі  еңбегінің 

310                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
жемісі:   басқа адамның назарын қандай да бір 
затқа аудару ‰шін қайта-қайта ол адамды сол 
заттың қасына алып келу міндетті емес. Мұн-
дай әрекетті сөзбен (я бірнеше сөзбен) алмас-
тыруға  болады.  Сондықтан,  тілдік  таңбалар-
дың  формасы  мен  мазмұны  болады.  Тілдік 
таңбаның  формасы  мен  мазмұнының  ара-қа-
тынасы  лингвистикада  номинация  термині-
мен белгіленген. Номинацияның жеке қасиет-
теріне  байланысты  заттардың  атаулары  екі 
т‰рлі  топқа  бөлінген:  жалпы  есімдер  және 
жалқы есімдер.  
Жалқы  есім  мағынасының  кем  дегенде 
төрт компонентін атауға болады: 
а)  интродуктивті – мағынаның  мұндай 
компоненті «Осындай зат бар» деп тұрғандай 
көрінеді.  Бұл  компонент  барлық  зат  атаулы 
тілдік  таңбаларға  –жалпыға  да  жалқыға  да 
тиесілі.  
ә)  классификациялаушы – заттың  белгілі 
бір  классқа  тиістілігі.  Ал  аталмыш  класс  зат 
есімінің  денотаты  болып  табылады.  Мәселен, 
антропонимдердің  денотаттары  деп  адамдар-
ды,  зоонимдердің  денотаттары – аңдар,  топо-
нимдердікі – континенттер,  мұхиттер  мен  те-
ңіздер, елдер, өзендер, аралдар, көшелерді т.б 
анықтайды.  Бұл  мағыналық  компонент,  өз 
кезегінде  зат  туралы  келесідей  мәллімет  бе-
реді: «Бұл  зат – адам  (өзен,  құрылыс  нысаны 
т.б)». 
б)  индивидуалдаушы – атаудың  берілген 
денотаттың ішінен бір ғана затқа тиесілі болуы. 
Аталмыш  зат,  өз  кезегінде  есімнің  референті 
болады. (а), (ә) және (б) компоненттері бірігіп, 
зат  туралы  келесідей  мәллімет  береді: «Аты 
Джон  болатын  адам  бар», «Біз  айтып  өткен 
өзеннің аты - Ниагара» және т.б. 
в) сипаттаушы - әңгімелесушілердің сөздің 
мәні  кімде  немесе  неде  екенін  т‰сінулерін 
қамтамасыз  ететін  референт  қасиеттерінің 
жиынтығы.  Мұндай  мағыналық  компонент, 
мәселен  Ниагара  жалқы  есімі  келесідей  мәлі-
мет  береді: «бұл  өзен  Солт‰стік  Америкада 
ағады және әлемдегі ең улкен водопад болып 
табылады». [1, 12]  
Ономастика  саласы  қалыптасқаннан  бері 
ғалымдар көбірек көңіл бөліп, жалқы есімдер-
дің т‰рлерін анықтаған. Соның негізінде “оно-
мастикалық  кеңістік”  термині  қалыптасқан, 
яғни  онимдердің  разряд  т‰ріне  қарай  ономас-
тикалық  кеңістіктің  өзегін  құрайтын  онимдер 
(антропоним,  топоним,  космоним,  зооним) 
және  өзектен  тыс  шектік  онимдер  (эргоним, 
идеоним,  библионим  т.б.)  деп  ажыратылған. 
[2, 77] 
Тіл  ғылымы  динамикалық  т‰рде  дамып 
отыратын  аса  маңызды  ғылым  салаларының 
бірі  болғандықтан,  оның  құрылымдық  бір-
ліктері,  мағыналық  бөлшектері  және  қаты-
сымдық  тұлғалары  адам  болмысымен  тығыз 
байланыста талданып, жаңа тұжырымдамалар-
мен  толыға  т‰суде.  Тілді  барша  тыныс-тір-
шіліктің көзі деп қарастырған ғалымдар тілдік 
фактілерді  пәнаралық  байланыс  негізінде 
зерттеген орынды деп есептеген. Осыған орай, 
лингвистиканың  да  аясы  кеңейіп,  тың  бағыт-
тар  ж‰йеленіп,  ғылымдар  сабақтастығынан 
туындаған  өзекті  салалар  д‰ниеге  келді.  Қа-
зіргі  тіл  білімінің  маңызды  мәселелері  қата-
рында  тілдің  танымдық  қызметін  айқын-
дайтын  когнитивті  лингвистиканың  қалыпта-
сып  дамуын  айтуға  облады.  Тіл  ғылымының 
бұл  саласы  адамның  ойлау  ж‰йесінің  таби-
ғатын,  ішкі  заңдылықтарын  қарастырудың 
жаңа  ‰лгісін  құрайды.  Психолингвистикамен 
тығыз  байланыста  сұрыптала  отырып,  когни-
тивті  лингвистика  сана,  қабылдау,  сыртқы 
ортамен  ‰здіксіз  қатынаста  болу,  тану,  ба-
қылау,  пайымдау  сияқты  проблемаларды 
ұғым, семантика тұрғысынан талдап көрсетуге 
бағытталған, сондықтан оның өзге аспектілер-
мен бірге кең көлемде дамып келе жатқан екі 
т‰рлі  бағытын  атаған  орынды: 1) когнитивті 
грамматика,  когнитивті  психология  жіне  т.б.  
2)  концептуалды  семантика,  фреймдік  семан-
тика  жіне  т.б.  Концептуалды  семантика  та-
нымдық  процесті  ұғымдардың  пайда  болуы, 
трансформациялануы (бір к‰йден екінші к‰йге 
ауысуы) тұрғысынан т‰сіндіреді, нәтижесінде 
адамның  концептуалды  ж‰йесі  ‰немі  толығу 
‰стінде  болатын  процесс  деген  қорытынды 
жасалынады. Когнитивті терминдер сөздігінде 
оған төмендегідей анықтама беріледі: “Когни-
тивная  лингвистика – лингвистическое  на-
правление,  в  центре  которого  находится  язык 
как  общий  когнитивный  механизм,  как  ког-
нитивный  инструмент – система  знаков, 
играющих  роль  в  репрезентации  и  в  транс-
формации информации”.  
Тіл  білімінде  танымдық  бағыттың  негізін 
Н.  Хомскийдің,  Дж.  Миллердің,  Ф.Джонсон-
Лэрдтің,  Дж.  Лакоффтың,  М.  Джонсонның 
зерттеулері  қалаған.  Кейін  аталмыш  саласы 
Н.Д.Арутюнова, Е.Г.Беляевская, Т.Аван Дейк, 
Е.С.Кубрякова,  В.З.Демьянков  және  өзге  де 
ғалымдардың  еңбектерінің  зерттеу  нысанына 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          311 
 
айналған.  Қазақстанда  когнитивті  лингвисти-
каның  маңызды  мәселелері  төңірегінде  тың 
ізденістер  ж‰ргізіп  ж‰рген  тілшілер  қатарына 
Э.Д.С‰лейменова (“Казахский  и  русский 
языки:  основы  контрастивной  лингвистики”, 
Алма-Ата, 1989), Г.Гиздатов (“Когнитивные 
модели  в  речевой  деятельности”,  Алматы, 
1997) сияқты ғалымдарды атауға тура келеді.   
С.Аманжолов: “... жаңа  заттың  аты  се-
мантиканың ‰ш заңы бойынша аталады: функ-
циясына  қарай,  ұқсастығына  қарай,  б‰тіннің 
бөлшегі есебінде”, - деген тұжырымнан кейін 
“Семасиологияның мәселелерін” сана арқылы 
қабылдау,  ойлау  ж‰йесі  негізінде  тану  нәти-
жесінде  алуан  т‰рлі  ассоциативті  белгілерге 
с‰йене  қалыптасқан  принциптер  бойынша 
талдап  көрсетуге  тырысқан.  Айталық,  қабыл-
дау – бұл  философияда  да,  физиологияда  да 
әрі  нейроғылымдарда  да  кеңінен  қарастыры-
латын,  психология  мен когнитивті  ғылымның 
басты  ұғымдарын  құрайтын,  барша  информа-
цияларды  (хабарларды),  әрт‰рлі  объектілерді, 
процестерді  адамдардың  сезім  м‰шелеріне 
өткізетін  не  шынайы  белгілерін,  сапаларын 
айқындайтын  м‰мкіндіктері,  ал  ассоцияция 
дегеніміз – екі т‰рлі ұғымдарды немесе құбы-
лыстарды  бір-бірімен  байланыстырудың  көр-
сеткіші.  Жалқы  есімдердің  жасалу  ‰лгілері 
мен  заңдылықтары  сол  когнитивті  модель-
дердің,  концептуалды  ж‰йелердің  принцип-
теріне  негізделген  және  аламның  қабылдау 
ерекшелігінен  және  ұлттық-мәдени,  физио-
әлеуметтік  тәжірибесінен  бастау  алады.  Осы-
ған  орай,  адамда  туындайтын  әр  ой  қалыпты 
жағдайдан  асып,  образды  пайымдауға  с‰йене 
дамиды: “Жоғарыда  келтірілген  жер  мен  су 
аттарын  алсақ  та,  кісі  аттарын  алсақ  та  олар-
дың  жасалуында  белгілі  заңдылық  барын 
байқаймыз.  Мұндағы  кісі  атының  өзі  тоғыз 
жол  яки  тоғыз  мақсатқа  тірелетін  көрінеді. 
Тоғыз жол дегеніміздің бірі – адамзаттың жақ-
сы  өмір  с‰ргісі  келуіне  байланысты.  Бұл 
мақсатқа  жету  ‰шін  ата-ана  өз  баласына  ең 
жақсы,  ең  белгілі,  атақты  адамның  атын 
қояды.  Солай  етсе  оның  баласы  да  атақты 
болатындай  көрінеді.  Мысалы,  ислам  дінін 
қабылдаған  жұрт  ‰шін  қадірлі,  атақты  адам 
сол  діннің  бастықтары,  я  сол  дін  ‰шін  к‰рес-
кендер  болып  көрінеді.  Сондықтан  мұсылман 
діндегілердің аты бірде таза Мұхаммед, Ғали, 
Омар,  Оспан,  Ахмет,  Садық...  болып  келеді, 
бірде  солардың  басқа  сөзбен  қосындысы  бо-
лып  келеді  (Мұхамедсадық,  Сапарғали,  Қо-
жахмет, т.б)... ”. Халықтық танымның ең ‰здік 
көрсеткішін,  шын  мәнінде,  адамдардың  есім-
дері,  олардың  қойылу  тарихы  құрайды.  Сә-
биге  атты  сол  әулеттегі  ‰лкен  не  болмаса  аса 
беделді  адамдарға  қойдырудың  себебі  де 
этникалық  салт-дәст‰рдің,  әдет  ғұрыптың  ай-
ғағы екенін дәл байқаған ғалым қазақ есімде-
рінің  т‰птөркінін  уәжділігін  жан-жақты  зерт-
теп,  семалыұ    талдауларына  арқау  етеді. “То-
ғыз  жолдың  ‰шіншісі – баланың  мінез-құлқы 
жақсы  болуын  тілеуден  туатын  аттар.  Мы-
салы,  жібектей  болсын  десе,  қыздың  атын 
Жібек  қояды.  Жомарт  болсын  десе,  баласына 
“Жомарт”  я  “Мырза”  деген  ат  қояды....”  деп 
келген  ономастикалық  бірліктерді  С.  Аман-
жолов  әрі  танымның,  әрі  психологиялық  қа-
былдаудың  нысаны  деп  қарастырады. “Тоғыз 
жолдың  төртіншісі – бала  бай  болсын  деген 
‰мітпен  қойылады.  Сондықтан  кісі  атының 
соңынан  Омархан,  Сейілхан,  Жұмахан  де- 
генде  “хан”  қосымшасы  айтылса,  Омарбай, 
Сейілбай,  Жұмабай....  дегенде  “бай”  қосым-
шасы  айтылады.  Батыр  болсын  дегендері 
белгілі  бір  батырдың  атын  қоя  салады... ” 
деген пікірдің т‰йінін “‰міт” сөзі білдіріп тұр. 
Абстракциялы,  дерексіз  ұғым  адамның  ішкі 
әлеміне ‰ңілуге, оның жан т‰кпірінде сақтаған 
“мен”  деген  ойын  аңғаруға  көмектесері  хақ. 
Сондықтан  осындай  жеке  коннотативті  қа-
былдаудың  ‰лгісі  ретінде  С.  Аманжолов  “то-
ғыз жолдың сегізіншісін” талдап көрсетеді “... 
әрбір ата-ананың с‰йген, қалаған жер-суының, 
тау-тасының  аты  болып  кездеседі.  Мысалы: 
Алтай, Орал, Жамбыл, Қазыбек, Есіл, Жайық, 
т.б.”. [3, 149-150] 
Қазіргі таңғы ағылшын тілінің жалқы есім-
дерінің  номенклатурасы  ежелгі  және  жаңа 
есімдерден, төлі ағылшын және кірме есімдер, 
дәст‰рлі  және  ойдан  алынған,  бір  бірінен  
семантикалық  және  құрылымдық  сипаты 
бойынша  ажыратылатын  есімдерден,  өзіне 
ғана  тән  қасиетке  ие  мозаиканы  елестетеді. 
Мәселен, Abraham ер  есіміне  шамамен 4000 
жыл,  бұл  есім  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  ел-
дерде  бірнеше  ғасыр  қатарынан  қолданыстан 
шықпай ж‰р (соңғы уақытта  әсіресе АҚШ-да 
кең  қолданысқа  енген),  ал  орыс  тілінен  ен- 
ген  әйел  есімі Sonia ХХ  ғасырдың 20 жыл-
дарында  ғана  қолданыла  бастады. [4, 156- 
249] 
Ағылшын  тілінің  жалқы  есімдер  санын 
арттырудың  негізгі  қайнар  көзі  болып  латын, 
ежелгі  еврей,  ежелгі  грек  тілдері  саналады. 

312                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Сонымен  қатар,  әдеби  шығармалар  мен  Биб-
лияның да ағылшын жалқы есімдерінің дамуы 
мен ұлғаюына  қомақты ‰лес қосты.  
Ағылшын жалқы есімдері тарихи дамудың 
ұзақ  жолын  кешті,  және  бұл  жол  ағылшын 
халқы  мен  тілінің  тарихымен  тығыз  байла-
ныста  өтілді.  Англосакстар,  өзге  де  ежелгі 
герман  тайпалары  сияқты,  құрылымы  бойын-
ша  жай (Froda – данышпан,  карт; Hwita – ақ, 
жарық,  жылтыр  және  т.б)  және  к‰рделі (Aet-
helbeald – мәртебелі,  озат,  бөлекше + батыл, 
қайсар,  ерж‰рек; Eadgar – меншік,  м‰лік,: 
бақыт;  бай + найза  және  т.б)  бір  ғана  есімді 
қолданатын. 
Біртіндеп,  жай  есімдердің  орны  к‰рделі, 
екі  компонентті  есімдермен  ауысты;  ХІІІ  ға-
сырдан  кейін  олар  ағылшын  жалқы  есім  но-
менклатурасында    кездеспейді.  К‰рделі  есім-
дердің компоненттері ежелгі ағылшын тілінің 
есім  сөздерінің  жеке  қорынан  құрылған 
болатын.  Англосакстар  «ізгі»  есім  сөздердің 
дуалы  қасиеттеріне  сеніп,  аталмыш  есімдер 
адамға  қорғау,  қамқор,  байлық,  денсаулық, 
амандық,  батылдық,  даңқ,  сый-құрмет  т.б 
алып келетініне к‰мәнданбаған. Төмендегідей 
ежелгі ағылшын есімдері осыған дәлел: aelf — 
эльф; beorht — жарық, жылтыр, жарқын; beorn 
—  адам,  жауынгер,  батыр; eald — ескі,  көне, 
байырғы; gar — найза; gifu, gyfu — сый, сый-
лық, мархабат, мейір; god — жақсы; рақымды; 
ұнамды; пайдалы, оңтайлы; шебер; жақсылық, 
сый;  м‰лік; gold — алтын; maere — әйгілі, 
атақты,тамаша; raed — кеңес;  шешім;  ақыл, 
даналық; rice —құдіретті; жоғары шенді; бай; 
билік; sae — теңіз;  көл; sige — жеңіс;  табыс; 
stan — тас; sunu — ұл; ұрпақ; weard —к‰зет-
ші, сақтаушы; қорғаныс; қамқорлық; ие; лорд; 
wig —айқас;  пікірталас,  дау;  соғыс;  шайқас; 
қайрат;  әскери  к‰ш; wine — дос;  қорғаныс; 
wulf — қасқыр және т.б. [5]  
Ағылшын  халқы  мен  ағылшын  тілінің  да-
муына  ‰лкен  саяси  оқиға    -  Солт‰стік  Фран-
ция  тұрғындарының  (Нормандия) – норман-
дықтардың 1066 жылы  Англияны  жаулап 
алуы.  Жаулап  алушылар  өздерімен  бірге 
антропонимдерін  де  (осы  к‰нге  дейін  сақтал-
ған Hugo, Ralph, Richard, Robert, Roger, Wil-
liam  және  т.б)  енгізген  болатын,  көп  ұзамай 
бұл  есімдер  англосаксон  есімдерінің  орнын 
басты. Жаңа есімдер әсіресе билік басындағы 
қауымның  кең  қолданысына  енді.  Тек Alfred, 
Edgar, Edmund, Edward, Ethelbert, Hilda, Mil-
dred және т.б. санаулы ғана англосаксон есім-
дерінің қолданысы сақталып қалды.  
Англосаксон  есімдерінің  қолданыстан 
шыға бастауына VII ғасырда Англияның хрис-
тиан  дініне  ауысуы  да  айтарлықтай  ‰лес  қос-
қан. 1382-1384 ж. Джон Виклиф жасаған орта 
ғасырлық  ағылшын  тіліндегі  Библияның  ау-
дармасы жарық көрді, ал 1538 жылы аты мен 
тегі  шоқындыру  кезінде  қойылған  нәресте-
лерді  тіркеу  міндеті  енгізілді.  Осы  уақыттан 
бастап  шіркеу  каноникалық  христиандық  ат-
тардың кең таралуын қамтамасыз еткені әбден 
ықтимал. XVI – XVIII ғасырларда  кең  тарал-
ған  ер  есімдері  нормандық William мен  биб-
лиялық John және Thomas болса, аса танымал 
әйел есімдеріне  
Elizabeth, Mary және Anne – ді  жатқызуға 
болады. [1]  
Ағылшын  жалқы  есімдерінің  ішінде  әлі 
к‰нге дейін елдің аузынан т‰спей ж‰рген есім-
дерге  төмендегідей  ойдан  шығарылған  есім-
дер  жатады:  Сиднейдің  «Аркадия»  романы-
ның  кейіпкері (1590) — Pamela; Сиднейдің 
«Астрофель  мен  Стелла»  сонеттер  циклінің 
бас  кейіпкері (1591) — Stella, Спенсердің 
«Перизаттар ханымы»  (Королева фей) поэма-
сының кейіпкері (1590—96) — Claribel; Свиф-
тің  «Каденус  және  Ванесса»  поэмасының 
басты  кейіпкерінің  есімі (1726) — Vanessa 
және т.б. [6]  
Аса  танымал  әйел  есімдерінің  қатарынан 
салыстырмалы т‰рде жаңа деп атауға болатын 
антропонимдерді  г‰лдер,  өсімдіктермен  және 
асыл  тастармен  байланысты  екі  ‰лкен  топқа 
бөліп  қарастыруға  болады.  Мысалы: Blossom 
— рең, г‰лдену; Buttercup — сарғалдақ; Clover 
—  беде; Daffodil — нәркес; Flower — г‰л, 
г‰лдеу; Ivy — шырмауық; Lilac —жұпарг‰л 
және т.б.  
Amber — кәріптас; Beryll — сутас; Coral 
— маржан; Pearl — інжу; Ruby — лағыл және 
т.б.  
Ал  ер  есімдері  қатарынан  этимологиялық 
тұрғыдан  әр  т‰рлі  лауазыммен  байланысты 
«бекзат»  есімдер  тобы  ерекшелене  т‰седі: 
Baron — барон; Count — граф; Duke — гер-
цог; Earl — граф; King — патша; Marquis — 
маркиз және т.б. [7]  
Тілдік  қатынастағы  ішкі  ассоцияциялар 
мен  интерпритациялар  турасындағы  Э.Е.Ка-
менская  пікіріне  де  назар  аударсақ: “... акт 
идентификации  слова  как  такового  в  ассо- 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          313 
 
циативно-вербальной  сети  носителей  языка 
представляет  собой  специфическую  контекс-
туализацию в рамках поверхностного или глу-
бинного  яруса  внутреннего  лексикона  чело-
века,  субъективное  переживание  индивидумом 
готовности  оперировать  определенным  фраг-
ментом индивидуального и социального опыта, 
увязываемого с этим словом в единой инфор-
мационной  базе,  учитываемого  на  разных 
уровнях осознаваемости и оцениваемого через 
призму  эмоционально-оценочных  установок 
личности,  сложившихся  в  соответсвующей 
культуре  под  воздействием  микросоциума”, 
демек адамның ішкі әлемі, анығырақ айтқанда 
ойлау,  сезіну,  бақылау,  қабылдау,  тану  және 
т.б  өзгешеліктері  дуалистік  дамудың  көрсет-
кішін  құрайды:  бір  жағынан,  олар  жеке  субъек-
тивті  психологиялық,  антро-поцентристік  ерек-
шеліктер  тізбегінен  тұрса,  екінші  жағынан, 
әлеуметтік-қоғамдық  факторлардың  сабақтас-
қан  бірлігімен  т‰сіндірілетін  белгілер  жиын-
тығынан сусындайды. [3, 150-153] 
Жалқы  есім  мәселесінің  маңыздылығы 
теориялық  деңгеймен  ғана  шектелмейді.  Бұл 
мәселенің  мәдениетаралық  және  тіларалық 
байланыста өзектілігі жоқ емес.  Жалқы есім-
дердің  «ана»  тілден  тыс  қолданылған  жағ-
дайда  да  қалпын  сақтап  қалуына  қарамастан, 
кейде  мағынасы  жеткізілмейтіндіктен  тілара-
лық барьер дайым оңай алынбайды. Ал мағы-
насын  сақталмаған  жағдайда  жалқы  есім  өзге 
тілдік  ортада  дұрыс  қызмет  атқара  алмайды. 
Осы  себептен,  құрамында  есімдер  бар  мәтін-
дерді  дұрыс  т‰сінбеу  я  дұрыс  қабылдамау 
проблемасы  туындауы  м‰мкін.  Бұл  аудар-
машылар мен шет тілі мен ана тілін салысты-
рып  отырып  оқитындар  және  оқытатындар 
‰шін таптырмаған білім қазынасы.  
Т‰йіндеп  айтқанда,  тіл  ойлаумен  тікелей 
байланысты,  және  ой – тіл  арқылы  көрініс 
табады.  Жоғарыда  көрсетілген  мысалдар 
ағылшын  мен  қазақ  халқының  есім  беруге 
байыпты көз салатындығына, есімнің мағына-
сына  байланысты  адам  өміріне  де  әсер  ететі-
ніне  сенуіне,  қарапайым  адам  есімінің  ха-
лықты, мәдениетті тануда ‰лесі зор екендігіне 
дәлел. Сонымен қатар, тіл-тілде қыз бала мен 
ұл  балаға  арналған  есім  топтарында  да 
ұқсастық  жоқ  емес.  Қазақ  халқы  да  дайым 
қыздарды  г‰лдерге,  асыл  тастарға  теңеген,  ал 
ұлдарға  «лауазымды»  есімдерді,  жақсы  қа-
сиеттерді  сипаттайтын  есімдер  берген.  Екі  
тілде  де  діни  есімдердің  рөлі  аса  маңызды. 
Бұл екі халықтың да д‰ниетанымының қандай 
да бір деңгейде т‰йсетінін көрсетеді.  
_____________  
1.  Ермолович Д.И. Имена собственные на стыке языков и 
культур:  заимствование  и  передача  имён  собственных  с 
точки зрения лингвистики и теории перевода. М.:Р.Валент, 
2001 
2.  Иманбердиева  С.  Хорезмидің  “Мұхаббат-Наме”  шы-
ғар-масындағы  ономастикалық  кеңістік, “Қазақ  ономасти-
касының  өзекті  мәселелері”  атты  Республикалық  ғылыми-
практикалық конференцияның материалдары, Астана 2004, 
77б. 
3.  Оразалиева Э. С. Аманжоловтың антропонимдердің 
танымдық сипаты туралы ой-пікірлері, “Қазақ ономастика-
сының  өзекті  мәселелері”  атты  Республикалық  ғылыми-
практикалық конференцияның материалдары, Астана 2004, 
149-153 
4.  Арутюнова  Н.Д.  К  проблеме  функциональных 
типов лексического значения // Аспекты семантических ис-
следований. – М.,1980. с 156-249. 
5.  Блох М.Я., Семёнова Т.Н.  Имена личные в парадиг-
матике, синтагматике и прагматике. М., 2001 
6.  Ермолович  Д.И.  Функционально-семантические 
особенности индивидуализирующих знаков: Автореф. дис. 
…канд. фил наук. – М.,1981 
7. 
Марьеньянова Н.В.  Символика личных имён в языке 
и  переводе // Межкультурная  коммуникация  и  перевод: 
Материалы межвузовской конференции – М., 2002
 
  
 
А. А. Сарсекеева 
Лингвокогнитивные аспекты собственных имен казахского и английского языка 
 
Данная  статья  посвящена  изучению  особенностей  имени  собственного  в  обоих  языках:  казахском  и 
английском,  с  точки  зрения  когнитивной  лингвистики.  В  статье  анализируются  и  сравниваются  семантические, 
этимологические  и  исторические  аспекты  имени  собственного  в  казахском  и  английском  языках.  Автор 
подчеркивает  некоторые  сходства  в  познании  окружающей  действительности  у  обоих  народов,  основанном  на 
схожем  выборе  семантического  контента  при  создании  имен  собственных.  Изложенный  теоретический  материал 
закреплен практическими примерами 
 
A. A. Sarsekeeva 
Cognitive aspects of proper names in Kazakh and English 
 
     This article focuses on studying the peculiarities of proper name in both languages, Kazakh and English, from the 
perspective of cognitive linguistics. The paper analyzes and compares the semantic, etymological and historical aspects of 
the proper name in Kazakh and English. The author emphasizes some similarities in the studying reality for both english 
and kazakh people based on a similar choice when creating the semantic content of proper names. The theoretical material 
above is  attached with practical examples. 
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет