Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет52/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61

 
 
 
 
 

302                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
А. А. Cатбекова 
Новые подходы качественного обучения  государственному языку  
с применением технологии проективного обучения 
 
В  данной  статье  рассмотрены  новые  подходы    качественного  обучения    государственному  языку  с  при-
менением технологии проективного обучения 
A. Satbekova 
New approaches to qualified teaching the state language with the use of technology of projective study 
 
This article deals with the new approaches to qualified teaching the state language with the use of technology of 
projective study. 
 
 
 
Ж. Б. Саткенова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қазақ филологиясы кафедрасының доценті 
филология ғылымдарының кандидаты 
 
ҰЛТТЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРДІҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
 
Когнитивтік  бірліктер  әлемнің  тілдік  бей-
несін  суреттейтін  ерекшелігіне  орай  мағына-
лық және тақырыптық жағынан өз ішінен бір-
неше  топқа  бірігеді.  Ұлттық  сипатқа  ие  кон-
цептінің  бірі – «туған  жер»  концептісі.  Туған 
жерге  қатысты  қолданылатын  когнитивтік  бір-
ліктердің  бейнелік  сипаты  туған  жердің  ішкі 
және  сыртқы  кескін-келбетін,  географиялық 
орны мен  табиғат  сұлулығын  бейнелейді. Олар 
бірліктер  қазақ  ұлтының  ұлттық  бейнесін  су-
реттейтін  ерекшеліктеріне  орай  мағыналық 
және тақырыптық жағынан өз ішінен бірнеше 
топқа жіктеледі. Мәселен, «Туған жер» - Отан;  
кіндік кесіп, кір жуған мекен; атақоныс; ата-
мекен;  бабаларымыздың  аманаты;  тарих; 
сағыныштың  символы,  балалық  пен  жас-
тық  шақтың  мекені;  алтын  бесік;  торғын 
бесік;  алтын  ұя;  алтын  қазық;  тұғыр;  ана;  
ұстаз;  ұлы  сезім,  толғаныс,  шабыт  берер, 
намысыңды  қайрайтын  қуатты  сезім;  қа-
сиетті мекен, т.б. Аталған тақырыптық топ-
тардың бірнешеуіне талдау жасап көрсек. Лек-
сикалық қорда қолданылған «туған жер» кон-
цептісінің  тақырыптық-мағыналық  топтарын 
анықтауда,  міндетті  т‰рде  әлем  бейнесін  ай-
қындайтын  концептілік  ж‰йеге  с‰йенуге  тура 
келеді. Концептілік ж‰йе – концептілік құры-
лымдардың  реттелген  формасы.  Белгілі  тақы-
рыптағы  концептілік  құрылымдар  санадағы 
сол  тақырып  туралы  бейнені  интерпретация-
лайды. Мәселен туған жерге қатысты концеп-
тілік құралымдар адам санасындағы жоғарыда 
атап  өткен  тақырыптақ  топтардағы  туған  
жердің  болмысын  интерпретациялаған.  Сон- 
дықтан да концептілік ж‰йені өте к‰рделі құ- 
 
 
рылым  деп  есептейміз.  Бұл  құрылымға  адам 
санасындағы,  адам  танымындағы  «д‰ниенің 
шындық  болмысын»  танытатын  барлық  бір-
ліктер  мен  таңбалар,  оқиғалар  мен  ситуация- 
лар  енеді.  В.А.Маслова  концепт  құрылымын 
былай  ж‰йелейді: “Біріншіден,  д‰ниенің  мә-
дени  белгілерін  танытатын  бастапқы  көзі,  яғни 
этимологиясы;  екіншіден,  сол  д‰ниенің  та-
рихи өміріндегі, мағыналық дамуындағы жаңа 
мәнге  ие  болған  белгілері; ‰шіншіден,  қазіргі 
сол  д‰ние  туралы  ассоциациялар  мен  баға- 
лауыш мәндер, коннотациялар көрінісі жатады” 
[1, 40 б.].  
«Туған  жер»  концептісінің  семантикалық 
өрісін анықтауда, ең алдымен, олардың өзегін 
анықтайтын  сөзге,  яғни  базалық  концептілер-
ге назар аударылды. Сол базалық концептілер 
арқылы,  яғни  өзек  сема  (ядро)  арқылы  бірте-
бірте концептілер тізбегін т‰здік. «Туған жер» 
концептісінің  өзек  семасы – «адам». «Туған 
жер»  концептісінің    тақырыптық  топтарына 
өзек болған нысан “адам”, адамның өмір с‰р-
ген, мекен еткен ортасы. Туған жерге қатысты 
бірнеше  тақырыптық  топтағы  концептілердің 
мән-мағынасынан адам мен оның айнала қор-
шаған  әлеммен  байланысын  көруге  болады. 
Адам концептісінің кез келген тақырыпқа өзек 
сема  бола  алатындығы  турасында  қазақ  фра-
зеологиясында мағыналас фразеологизмдердің 
ұлттық-мәдени  аспектілерін  зерттеген  ғалым 
Г.Смағұлова: “Қазақ фразеологиясында мағы-
на лас қатарлардың топтарын антропоценрлік 
және тілдегі адамдық фактор тұрғысынан фра-
зеосемантикалық  өзгерістерге  жіктеуге  бо-
лады.  Бұл  ретте  мағыналас  қатарларды  алды-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          303 
 
мен  жалпы  фразеологиялық  семантикаға  не-
гіздей  отырып,  жалпыдан  жалқыға  сияқты 
иерархиялық  принциппен  ж‰йеленгенді  жөн 
көрдік.  Мұнда  жеке  сөз  бен  фразеологиялық 
тіркесте доминант болуы м‰мкін. Қатар ішін-
де мағыналық дифференциацияның тереңдеуі-
нен  жалпы  ұғымның  т‰сінігі  сатыланып,  нақ-
тылана береді” дей келе “адамға” қатысты ма-
ғыналыс  фразеологизмдердің 13 т‰рлі  фраза-
семантикалық  өрістерін  жіктеп  көрсетеді [2, 
57-58 бб.].  
Туған жер туралы ұғымды тануда концеп-
тілік  құрылымдардың  санада  бейнеленуі,  әр 
т‰рлі  формада  көрініс  табуы  ‰лкен  қызмет 
атқарады.  Сондықтан  да  біз  осындай  құры-
лымдық ерекшеліктерге с‰йене отырып, туған 
жерге  қатысты  адам  баласының  ой-пікірін, 
ішкі толғаныстан туындаған сезімдерін, туған 
жер  туралы  танып-білген  т‰сініктерін  семан-
тикалық,  танымдық  ерекшеліктеріне  қарай 
бірнеше топтарға топтастырдық.  
Отан – белгілі  бер  мемлекеттік  тірегі, 
ошағы. Қазақстан мемлекеті қазақ елінің және 
Қазақстан  жерін  мекендейтін  адамдардың  да 
Отаны ретінде саналады. Ал шетелден келген 
қандастарымыздың  туылған  жері,  туып-өскен 
мекені  өзге  мемлекет  болуы  да  м‰мкін,  бірақ 
олардың  Отаны – Қазақстан.  Себебі,  ол  ата-
бабаларының мекен еткен ордасы. Қоғамдағы 
келеңсіз жағдайлардың салдарынан өзге елдің 
шекарасынан  өтіп  кеткен  қандастарымыз  әр-
дайым  өздерінің  Отанын  мақтан  етері  хақ. 
Сондықтанда  Отан  ‰лкен,  ауқымды  мағынаға 
ие.  Ал  енді  туған  жер  ұғымын  Отанның  бір 
бөлшегі  ретінде  қарастыруымыздың  себебі, 
адам т‰птеп келгенде өзінің туған жері ретін-
де өзінің туған ауылын атайды. Мәселен қазақ 
елінің  туған  жері – Қазақстан  (жалпы  ұғым-
да).  Яғни,  Қазақстан  мемлекеті  қазақ  елінің 
тәуелсіз  Отаны.  Осыдан  бастау  алатын  туған 
жер ұғымы бірте-бірте бөлшектене т‰седі. Мә-
селен,  Қазақстан  мемлекеті,  өлке,  аумақ, 
облыс, аудан, қала, ауыл, көше, ‰й (белгілі бір 
адамның  қара  шаңырағы).  Белгілі  бір  адам 
ауқымды  мағынада  өзінің  туған  жері  Қазақ-
стан  мемлекеті  ретінде  ұғынады.  Енді  оның 
туған жерінің нақты орнын сұрауда бұл ұғым 
жоғарыдағыдай  бөлшектене  т‰седі.  Бірінші-
ден  «Отан»  макро  концептісінің  семантика-
лық  өрісі  мен  концептілік  белгілеріне  назар 
аударайық.  Қазақтың  біртуар  ақыны  Мұқағали 
Мақатаев «Отан» атты өлеңінде: 
Мына өлке, 
Мына аймақ, 
Бұл маңда 
Құлшылық етемін тұрғанға, 
Құлшылық етемін қырларға! 
Тағзым жасаймын қырларға! 
Осы  бір  Отанда  тұрғанға! – деп  жыр-
лайды.  Отанды қадір  тұту, қастерлеу  кез  кел-
ген  Қазақстан  мемлекетін  мекендеген  әрбір 
азаматтың борышы. Қазақ халқы «Отан елдің 
анасы, «Ел – ердің анасы» деген. Отанға деген 
құштарлық  әрбір  азаматтың  ж‰регіндегі 
‰лкен,  ұлы  сезім.  Сондықтан  да  кез  келген 
халық  өз  Отанын  қорғауды  борыш,  парыз 
санаған. Қазақ тіліндегі «Отан оттан да ыс-
тық», «Отанды с‰ю отбасынан басталады», 
«Отан ‰шін к‰рес, Елге тиген ‰лес», «Орағың 
өткір болса, Қарың талмайды, Отаның берік 
болса, Жауың алмайды» сияқты мақал-мәтел-
дердің  мазмұны  Отанның  адам  өміріндегі 
орнын айқындайды.  
Отан  концептісінің  құрамындағы  концеп-
тілік өріс мазмұнын былай т‰зуге болады. Қа-
зақ  ұлты  ‰шін  Отан – «елдің  анасы», «өлке, 
аймақ,  бұл  маңға  құлшылық  жасау», «ол  от-
тан  да  ыстық», «оған  деген  с‰йіспеншілікті 
отбасынан  бастау», «опасыздық  жасамау», 
«отанды  с‰ю», «отансыз  отың  жанбайтын-
дығын сезіну», «т‰тінің дұрыс т‰темей адам 
санатына  қосыла  алмайтындығыңды  сезіну», 
«Отанды  сыртқы  факторлардан  сақтау», 
«Отанның  беріктігін  сақтау»  сияқты  ұғым-
дар логикалық модель арқылы фреймдік сипат 
алған.  
Туған жер – белгілі бір тұлғаның д‰ниеге 
келген  ортасы,  географиялық  атау  мен  қазақ 
баласының  туып-өскен  мекенінің  жиынтық 
формасы. Яғни Туған жер – кіндік қан там-
ған жерҚазақ тілінің фразеологиялық сөзді-
гінде  туған  жер  жайлы  фразеологизмдердің 
саны  өте  көп  емес. «Кіндік  кесіп,  кір  жуған 
жер» немесе керісінше «Кір жуып, кіндік кес-
кен  жер»  деп  алынады.  Адам  дене  м‰шесін-
дегі ең қасиеттісі кіндік. Кіндік қастерлі. Кін-
дік кесу тіркесінің туған жер ұғымымен аста-
сып  жатуының  өзі  сол  қасиеттілігінде.  Адам 
баласы жерге шыр етіп д‰ние есігін ашқаннан 
кейін  оның  анасымен  байланыстырып  тұрған 
м‰шесі  кесіледі.  Кіндік – о  д‰ние  мен  бұл 
д‰ниені  жалғастыратын  көпір  ретінде  орасан 
қызмет атқарады. Кіндік кесу осындай қасиет-
терінің  негізінде  ‰лкен  символдық  мәнге  ие  
болған.  Қазақ  халқының  салт-дәст‰рінде  кін-
дікті  тек  қадірлі,  сыйлы  әйел  ғана  қиған.  Ал 

304                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
сәби шетіней берсе, оның кіндігін ер адам киіз 
‰йдің  табалдырығында  балтамен  кескен.  Ке-
сілген  кіндікті  қастерлеп  табалдырықтың  ас-
тына  көмген.  Мұндағы  ер  адам – бастама-
ларды  ұйымдастырушы,  ал  табалдырық – тө-
менгі  өмір  символы.  Қазақ  ұғымында  табал-
дырықты  баспау,  қадір  тұту  салты  бар.  Сон-
дықтанда  кіндік  те  адам  аяғы  тимеймін  аса 
қадірлі  жерге  сақталынған.  Табалдырықты 
баспа деген сияқты тыйым сөздер сондай ұғым-
нан  пайда  болған.  Кіндіктің  қазақ  ұғымында 
терең  мәнге  ие  болғанын  ел  ішіне  тараған 
тұрақты  сөз  тіркестерінен  байқауға  болады. 
Мысалы:  кіндік  кесіп,  кір  жуған,  кіндік  та-
мыр, кіндігінен жарады, кіндігінен байланған, 
кіндік  шеше,  кіндігі  бір  деген  тіркестер  осы-
ның  айғағы.  Бұл  турасында  ақын  Әкірам 
Ғалымов  «Туған  жер – “шырылдап  тар  құр-
сақтан т‰скен жер” – дейді.                                                                                                                                             
Ақын-жазушылардың  тілдік  д‰ниетаны-
мындағы  «туған  жермен  қоштасу»  концептісі 
стереотиптік  адами  танымдар  арқылы  жасал-
ған. Қазақ ұлтының концептуалдық танымын-
да  туған  жермен  табысу,  туған  жермен  қош-
тасу адамның белгілі бір өмір с‰ру кезеңдері-
мен  бірге  сипаттала  отырып,  қандай  да  бір 
бағалауыштық  өлшемге  ие  болады.  Өзі  өмір-
ден өтіп бара жатса да, болмаса өзге елге кетіп 
бара  жатса  да  туған  жерімен  қош  айтысқан 
адам өзінің артында қалып бара жатқан туған 
жерінің  амандығын  тілейді.  Оған  қош  аман, 
аман бол тіркестері негіз болады. Ақын тілін-
де қолданылған Аман бол, Қосжарсуат туған 
жерім,  Кіндік  кесіп,  кірімді  жуған  жерім. 
Жем  беріп  арғымаққа  желе  жортып,  Жыл-
қыны  бұрқыратып  қуған  жерім.  Қайырып 
қаршығаны  салған  жерім,  Қырғауыл  мен 
қоянын  алған  жерім,  Аман  бол,  қызық  қоңы-
рау,  шеңгелдерім,  Шалбарсызды  қылушы  ең 
өрім-өрім  сияқты  когнитивтік  бірліктер  аста-
рынан  туған  жерімен  қоштаса  отырып,  бала-
лық, жігіттік шағымен, жігіттік шағында құр-
ған  қызығымен  қоштасқанын  көруге  болады. 
Бұл тіркестер тілдік тұлға танымына тән, оның 
ұлттық  болмысы  мен  ұлттық  д‰ниетанымын 
бейнелейтін фреймдер болып табылады. 
«Туған жер» лексемасын қолданғанда мін-
детті т‰рде адамның өзіне меншіктеу қасиеті-
нің  басымдығын  көруге  болады.  Ондай  сөз-
дерді  өз  есімдігінің  тіркесіп  келуінен  айқын 
аңғаруға  болады.  Тілімізде  мұндай  мақал-
мәтелдердің саны біршама. Мәселен: Ел-елдің 
бәрі жақсы, 
Өз елің бәрінен жақсы. Әркімнің 
өз жері – жұмақ. Әркімнің өз жері – Мысыр 
шаһары.  Пәлен  жерде  алтын  бар. 
Өз  жерің-
дей  қайда  бар.  Ел  елінде,  Г‰л  жерінде,  Өз 
елінде көртышқанда батыр. Өз елінің иті де 
қадірлі.  Кісі  елінде  сұлтан  болағанша, 
Өз 
еліңде ұлтан бол. Өз елім - өлең төсегім.  Өз 
елімнің  басы  болмасам  да,  Сайының  тасы 
болайын. Өз есімдігімен тіркесіп қоолданысқа 
т‰скен  ел,  жер  сөздері  синонимдік  мағынада 
жұмсалған. Қазақ танымында өз елінің қадыр-
қасиетін  бағалауда  жұмақ,  Мысыр  шаһары 
сияқты атаулармен салыстыра қолданған. Жұ-
мақ  атауы  діни  т‰сінік  бойынша  о  д‰ниедегі 
ең  қасиетті,  киелі  орын.  Ол  қайтпас  сапарға 
аттанған адамдар ‰шін теңдесі жоқ мекен. Жұ-
мақтың адам жанына рахат сыйлайтын қасиеті 
адамның өз елінің ерекшелігімен салыстырыл-
ған.  Кез  келген  адам  өз  елінде  туып,  өмір 
с‰ру, сол туған жерінің бір уыс топырағының 
бұйыруын тілеген, арман еткен.  Туған жердің 
қорғандық  қасиеті  тек  адамдар  ‰шін  ғана 
емес,  сонымен  қатар  сол  топырақта  жаралған 
жануарлар, жәндіктер, т.б. ‰шін де аса қастер-
лі  екендігі  тіліміздегі  «Өз  елінде  көртыш-
қанда  батыр», «Өз  елінің  иті  де  қадірлі» 
сияқты мақал-мәтелдерге арқау болған.  Туған 
жер  тақырыбына  қатысты  мақал-мәтелдердің 
мазмұны  туған  жердің  киелі  тұғыр  екендігін 
айғақтайды.  «Жігіт  елінде  патша», «Туған 
жерге  туың  тік», «туған  жердің  к‰ні  де, 
т‰ні,  к‰лі  ыстық», «Туған  жердің  т‰йе 
жейтін  жапырағы  да  дәрі,  т‰йе  аунайтын 
топырағы  да  дәрі», «туған  жердің  жусаны 
да  шипа,  ауасы  да  шипа»  сияқты  фреймдер 
арқылы туған жердің қымбаттылығы ассоциа-
цияланады.  Аталған  концептілік  құрылымдар 
адам  санасындағы  қабылданған  ұғымның 
ақпараттық  белгілері  арқылы  жасалған.  Елі-
нен, туған жеріне айрылған адамның жетімдік 
к‰йде  болатындығын  «егілмеген  жер  жетім, 
елінен айрылған ел жетім» сияқты мақал мә-
телдердің құрамындағы жер және ел сөздері-
нің  ерекшеліктері  салыстырыла  қолданылған.  
Қазақ  танымында  елін  сақтан  адамның  жай-
сыз к‰йге ұшырайтындығы турасында  елінен 
безіп, елсізде өлгеннің, екі көзін қарға шұқиды 
мақалы  айтылған.  Мұндай  мақал-мәтелдердің 
тәрбиелік  маңызы  өте  зор.  Қазақ  танымынан 
туындаған  мұндай  танымдық  мысалдар  туған 
жердің қасиетін уақытында бағалау керектігі-
не  ‰ндейді.  Концептілік  құрылымдардың  са-
нада бейнеленуі әр т‰рлі формада көрініс табады. 
Дегенмен,  концептілік  құрылымдардың  фрейм-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          305 
 
дік  құрылымдар  арқылы  танымнан  көрініс 
табуы ерекше. Ақын Оразақын Асқардың: 
Өз елім, құтты қонысым 
Өзегім жырға толысың. 
Бар ойым адал атқару, 
Ер-азаматтың  борышын  –  деген  ойлары-
нан  әр  қазақ  баласы  ‰шін  өз  елі,  туған  жері 
‰шін  адал  еңбек  ету,  ер-азаматтық  борышы 
болып саналатындығын аңғаруға болады. Сон-
дықтан  да  қазақ  танымындағы  “туған  жер” 
бейнесі  табиғат  пен  оның  объектілерінің  қа-
былдануы  ғана  емес,  танымдық  сипат  алған 
бейнелі тіл ж‰йесі. 
Ақиық  ақын  Мұқағали  Мақалаевтың  «Қа-
зақ жері» атты өлеңінде:  
Туған жер – Ата қоныс, Атамекен. Көш-
пелі  қазақ  танымындағы  “туған  жер”  ұғымы 
кір  жуып,  кіндік  кескен  жер  ғана  емес,  ата-
бабасының с‰йегі жатқан қасиетті мекені, ата-
қоныстық сипат алған мекені. Яғни туған жер 
ұғымы атақоныстық, атамекендік мағынада 
жұмсалады. Ата қоныс (мекен, жұрт). Белгілі 
халықтың ежелгі мекені. Атамекен. Бұл тура-
сында  тілімізде  атақоныс – алтын  мекен  ма-
қалы да кездеседі. 
Туған  жер,  атамекен  концептілерінің  кон-
цептілік  өрісі  «кеңістік»  концептісіменде  ты-
ғыз  байланыс  т‰зеді.  Бізге  дейінгі  зерттеу-
лерде кеңістікті «д‰ниенің байланыстылығын, 
‰здіксіздігін,  көп  құрылымдығын, ‰шөлшем-
дігін  көпөлшемдігін  танытатын»  концептілік 
бірлік деп қарастырады. Адамның айналасын-
дағы  оның  өзіндік  кеңістігін  жат  космостан 
бөліп  тұратын  шегара – адамның  туған  жері. 
Қазақтар  ‰шін  кеңістік  ұғымы  әрі  горизон-
талды  (оң,  сол,  шығыс,  батыс,  оңт‰стік,  сол-
т‰стік,  д‰ниенің  төрт  бұрышы),  әрі  верти-
калды  (жоғары,  төмен,  аспан,  жер,  жер  асты) 
формада  қабылданатыны  оның  т‰рлі  мифтер-
де,  ауыз  әдбиеті  ‰лгілерінде  сақталған  тілдік 
бейнелерден  көрінетіндігі  айтылған.  Зерттеу-
ші  Б.Нұрдәулетова: «Кеңістік  дегеніміз  қа-
зақтар  ‰шін  шексіз  космос  деп  таниды.  Осы 
космоста олардың «өз микрокосмосы бар», ол 
– «атамекен»  деп  аталатын  олардың  б‰кіл 
болмысын  өзге  «ықпал  етуші, ‰йлесімділігін 
бұзушы»  к‰штерден  сақтайтын,  ата-баба-
сынан  мұраға  қалып  келе  жатқан  өздері  ‰шін 
ерекше «жұмақ, жайлы жер» деп сипаттайды.  
Жалпы  ұлттық  стереотиптік  ұғымда  атамекен 
европалық  ғалымдарының  т‰сінігіндей  «көш-
пелілердің  көшіп-қонып  ж‰ретін  территория-
сы, малға жайлы жайылымдық жерлері емес», 
атамекен  ата-бабасының  кіндік  қаны  тамған 
жері, екіншіден, ата-бабасының бейіті жатқан 
жері, ‰шіншіден,  атамекен  болатын  жердің 
таңдалуы қасиетті әулиелердің, пайғамбарлар-
дың  батасыменғ  Алланың  қалауымен  ж‰зеге 
асырылады,  төртіншіден,  ата-бабаның  қаны 
төгіліп,  жаудан  қорғап  алып  қалған  жері. 
Бесіншіден ол – ағайын-тума ортасы» [3], - дейді. 
Туған жер – бабаларымыздың аманаты
Қазіргі әдебиетімізде өзіндік орны бар, атақты 
ақындарымыздың  бірі  Оразалы  Асқардың 
мына  бір  өлең  шумақтарынан  сонау  бір  кез-
дері  қоғамның  д‰рбелеңінен  жер  ауып,  өзге 
елдің  шегарасына  өтіп  кеткен  заманда,  туған 
жерді  аңсаған  ақын  өз  елінің  топырағын  ба-
сып, қайтып келген кезде: 
Атыңнан, айналайынатамекен
Әр тасың алтын тақпен қатар екен, 
Әр төбең өзіме оттай басылады, 
Басына  атам  шыққан  жота  ма  екен,  
деп  туған  жерін  алтын  тақпен  қатар  қойып 
бағалап,  ата-бабасының  ізі  қалған  жоталары-
мен  ыстық  екендігін  жырға  қосқандығын 
көруге  болады.  Ал  ақиық  ақын  Мұқағали 
Мақатаев  өз  жырларында  туған  жері  туралы 
терең толғаныстарға барады.  
Туған жерді ата-бабаларының аманаты деп 
қабылдаған  қазақ  танымында,  қазақ  ж‰регін-
де,  туған  ұлдың  өзегінде  атамекенге  деген 
құрмет  жатады.  Туған  жер  табиғаты  әсемді-
гінің жырлануы ата қоныс мекендер табиғаты-
ның  құштарлық,  шабытты  рухпен  суреттелуі 
табиғи  заңдылық.  Атамекенге  қатысты  ког- 
нитивтік  бірліктер  тізбегін  былайша  т‰зуге 
болады:  атамекен,  атақоныс,  атақоныс  жер 
қымбат, туып өскен ел қымбат, ата-мекен 
анаң екен, қысылғанда панаң екен. Атыңнан, 
айналайынатамекен, Әр тасың алтын тақ-
пен қатар екен, 
Басына атам шыққан жота 
ма  екен,  Атамекен,  Ақмекен!  Туған  өлкең, 
Бабам төсін д‰бірлеткен ұлы өлке. Қойның-
да  бабалардың  ізі  қалған.  Атамның  қонған 
қонысы, Атам қонған кең даламБабамның 
тері  тамып,  қаны  сіңген,  Бабамның  өсіп-
өнген жері, Аруағын көмген жер,  аталары-
ның қонысы,  ата-баба жұртын басут.б. 
Аталған  поэтикалық  және  прозалық  шы-
ғармалардағы  туған  жердің  атамекендік  бол-
мысы  ерекше  философиялық  мәнге  ие.  Туған 
жердің атамекендік болмысының концептуал-
дық құрылымы арқылы қазақ ұлтының д‰ние-
танымдық  кеңістігінде  ерекше  жоғары  баға-

306                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
лауыштық  сипатқа  ие  екендігін  бағамдауға 
болады. 
______________ 
1.  Маслова  В.  А. Когнитивная  лингвистика. – Минск: 
Тетра Системс, 2004. 
2.  Смағұлова  Г.  Мағыналас  фразологизмдердің  ұлт-
тық-мәдени аспектілері. – Алматы: Ғылым, 1998. – 194 б. 
3.  Нұрдәулетова  Б.  Когнитивтік  лингвистика. – Ал-
маты, 2006. 
 
 
 
Саткенова Ж. Б.  Лингвокогнитивная структура национальных концептов 
Satkenova J. B.  Linguistic and cognitive structure of national concepts. 
 
 
 
 
Д. Б. Сансызбаева, А. Ж. Шайкенова, 
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Петропавл қаласы, Қазақстан 
 
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУДЕГІ МӘТІН Т‡РЛЕРІ 
 
 
Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі са-
бақтарының мақсаты – студентті мамандығы-
на байланысты тілдік материалдармен тәжірибе 
ж‰зінде  таныстыра  отырып,  мамандыққа  қа-
тысты  оқыту,  яғни  қазақ  тілін  оқып-‰йретуде 
қойылып  отырған  басты  мақсат – студенттер-
дің белгілі бір тақырып төңірегінде сөйлей бі-
луге,  айналасында  болып  жатқан  мәселелерді 
т‰сінуінде  ресми  тілді  меңгеруге,  сондай-ақ 
мемлекеттік  тілде  кәсіби  сөздерді  меңгерген 
маман  болып  шығуға  ‰йрету.  Бұл  жолдағы 
жұмыстардың  оң  нәтижесіне  қол  жеткізу – 
студент белсенділігін арттыру, оқытудың проб-
лемалық  мазмұнын  таңдау,  сабақ  беру,  тех-
никалық  құралдарды  қолдану  және  оқытушы 
мен студенттің қарым-қатынасын қамтамасыз 
ету арқылы ж‰зеге асырылатыны белгілі. 
Студенттердің  қазақ  тілінде  дұрыс  сөй-
леуін, сауатты жазуын, мамандығына қатысты 
сөйлеуін  жетілдіру,  кәсіби  сөйлеу  тілін  да-
мытуды ж‰зеге асыру ‰шін оқытушы болашақ 
маман  иелерінің  сөздік  қорын  мамандыққа 
байланысты  кәсіби  лексикамен  молайтып, 
кәсіби  тілдік  қатынас  жасау  арқылы  мемле-
кеттік  тілді  жетік  меңгерген  кәсіби  мамандар 
даярлап шығаруы тиіс. 
Кәсіби  тілде  сөйлесім  әрекетінің  барлық 
т‰рлері:  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазы-
лым,  тілдесім  әрекеттері  арқылы  қарым-қа-
тынас  жасалады.  Тілді  оқытуда  маңызды 
әрекет – мәтін  арқылы  ж‰зеге  асатын  қаты-
сымдық  әрекеті.  Оқытудың  қазіргі  уақыт  та-
лаптарына  сай  әдіс-тәсілдерді  қолдана  оты-
рып,  кәсіби  бағыттағы  мәтіндермен  ж‰йелі 
жұмыс  ж‰ргізу  арқылы  студенттердің  сөздік  
 
 
қорын  молайтып,  кәсіби  сөйлеу  тілдерін  да-
мытуға  болады.  Мәтіндермен  жұмыс  бары-
сында студенттердің өз бетінше ақпарат алып, 
онымен  жұмыс  істеу  дағдылары  дамытылып, 
мамандықтары  бойынша  білімдері  толығады. 
Тақырыптық  лексиканы  ‰йретуде  оны  сту-
денттердің  к‰нделікті  өмірінде  қолданыста 
қиындық  туғызбайтындай  жеңіл  болуын,  ма-
мандыққа қатысты студенттің ұғымына мағы-
насының  сай  келуін,  оқытылатын  тақырып- 
тармен байланысты таңдап алуын, мағыналық 
ерекшеліктерінің ескерілуін ескерген жөн.  
Қазақ  тілін  меңгерту    оқытушының  сөй-
леуге  ‰йретудегі  тілдік  қарым-қатынасты, 
тілдік  дағдыны,  тілдік  білікті  қалыптасты-
рудың  тиімді  әдіс-тәсілдері  мен  оқыту  маз-
мұнын  дұрыс  анықтап,  оқу  материалдарын 
іріктеп  қолдана  білудің  маңызы  зор.  Тілдік 
дағдыларды  жетілдіру,  тілдік  біліктерді  да-
мыту  кезеңдеріндегі  жұмыстар,  негізінен, 
мәтінге  негізделетіні  белгілі.  Сондықтан  да 
сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдас-
тыра  білу – оқыту  барысында  өткізілетін  ең 
к‰рделі  жұмыс  т‰рлерінің  бірі  болып  сана-
лады.  Мәтіннің  кәсіби  сөйлеу  тілін  дамыту-
дағы  алатын  орны  жайында  профессор 
Ф.Оразбаева:  «Мәтін – адамдар  арасындағы 
тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын 
екінші  біреуге  жеткізген  кезде  қалай  болса 
солай  айтылған  сөйлемдер  тізбегін  құрамай-
ды.  Керісінше,  жинақталған  пікірін,  көзқара-
сын  бір-бірімен  ой  жағынан  да,  қалпы  тара-
пынан  да  бірлескен  сөйлемдер  ж‰йесімен, 
яғни  мәтін  арқылы  жеткізеді,  баяндайды... 
Адам  тілдік  қатынаста  ‰лкенді-кішілі,  ірілі-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          307 
 
ұсақты  мәтіндерді  сөйлесім  әрекетінің  кез 
келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» 
-деп көрсетеді. [1:28].  
Студенттердің  болашақ  мамандықтарына 
деген  қызығушылығын  арттырып,  тіл  мең-
геруде  нәтижелілікке  жеткізетін  мәтіндерге 
аутентті    (грек  сөзі – authentikos- алғашқы
т‰пнұсқа  дегенді  білдіреді)  мәтін  т‰рлері  жа-
тады. Мәтін таңдауда мәтіндегі ойдың нақты, 
дәл  берілуі,  тілінің  т‰сінікті  болуы – негізгі 
шарттардың  бірі  болып  табылады.  К‰нделікті 
баспасөз беттерінен, интернет желісінен алын-
ған  мәтіндермен,  көркем  шығарма  ‰зінділері-
нен алынған мәтіндермен ж‰ргізілетін жұмыс 
студенттердің  анықтамалық  әдебиет,  сөздік-
пен  жұмыс  істеу,  салыстыру,  талдау  жасау 
дағдыларын  дамытуға  м‰мкіндік  береді.  Ма-
мандықтарына қатысты аутентті мәтіндер сту-
денттердің  білімдерін  жан-жақты  тереңдетіп, 
толықтырып,  кәсіби  сөйлеу  тіліне  дағдылан-
дыруды  жетілдіреді.  Тілдік  дағдыларды  же-
тілдіру әрі дамыту кезеңдерінде орындалатын 
тілдік  жаттығулар  мен  тапсырмалар  мәтінге 
негізделеді.  
Сабақ  ‰стінде  студенттің  ж‰йелі  жұмыс 
істеуіне  м‰мкіндік  туғызу,  сабақтың  тақыры-
бына сай нақтылы міндет қоя білу – әр оқыту-
шының шеберлігіне байланысты. Өйткені сту-
денттерді  терең  әрі  жинақты  біліммен  қару-
ландыру,  олардың  шығармашылық  қабілетін, 
қызығушылық  талғамын  дамыту,  өз  бетінше 
білімін  толықтыруға  дағдыландыру  сияқты 
к‰рделі  жұмыстар  сабақ  барысында  қалып-
тасады.  Бұл  әрбір  оқытушыны  ойландырып, 
жаңаша  жұмыс  істеуге,  жаңа  ізденістерге 
жетелейді.  Әрбір  оқытушының  негізгі  алға 
қойған  міндеті – студенттердің  тілдік  дағды-
ларын  қалыптастырып,  тілге  деген  с‰йіспен-
шілігін,  қызығушылығын  арттыру  арқылы 
кәсіби  тілді  еркін  меңгерген  маман  даярлау 
деп  жоғарыда  айтып  кеттік.  Олай  болса,  сту-
денттердің  кәсіби  тілді  белсенді  меңгеруіне 
зор әсерін тигізетін нәрсе белгілі бір тақырып 
бойынша т‰рлі стильдегі мәтіндерді сұрыптап 
дұрыс  ұсына  білу.  Ұсынылатын  мәтіндерді 
әдеби  шығармалардан,  ғылыми-көпшілік  ақ-
параттардан  т.б.  алуға  болады.  Мақсат – 
белгілі  бір  тақырып  бойынша  студенттерге 
т‰рлі оқиғаларды суреттейтін сан алуан мате-
риалдарды  оқыту  арқылы  жан-жақты  ұғым, 
кең  мағлұмат  беру.  Іріктеп  таңдалған  мәтін  
мазмұнының  жеңіл-к‰рделілігіне,  яғни  қиын-
дығына,  көлемінің  ‰лкен-кішілігіне,  баяндау 
стиліне,  құрылысы  мен  жанрына  қарай,  қай 
мерзімде өтуге лайықты болатынын оқытушы 
алдын ала ойластырады. Қазіргі білім берудің 
кредиттік оқыту ж‰йесіне негізделген бағдар-
ламада  бір  тақырыпты  практикалық  сабақ, 
студенттің оқытушы көмегімен іске асыратын 
өздік жұмысы, сондай-ақ студенттің өздік жұ-
мысы  деген  сабақ  т‰рлері  арқылы  меңгері-
летінін  білеміз.  Осы  бір  тақырыптағы  ‰ш 
сабақтағы  тапсырма,  жаттығу  т‰рлерін  бір-
бірімен  тығыз  байланыста,  ж‰йелі  т‰рде 
қарастырып,  сабақты  дұрыс  ұйымдастыру 
білу – жұмыстың оң  нәтижесін берері сөзсіз. 
Студенттердің  қазақ  тілінің  алғашқы  грамма-
тикалық негіздерін меңгерген, бастапқы негіз-
гі  деңгейдің  лексикалық  қорын  қолданыста 
пайдалана алатын, ауызекі сөйлеу тілін, әдеби 
тіл  элементтерін,  яғни    негізгі  тілдік  білімін 
жетілдіре  отыра  кәсіби  тілді  меңгертудегі 
әдіс-тәсілдерді ұтымды байланыстыру арқылы 
жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.  
«Біз қазақ тілін оқыту барысында ж‰ргізі-
летін  сабақтарда  ең  негізгі  к‰шті  ұзақ  уақыт-
тық  еске  т‰сіреміз.  Өйткені  тіл  ‰йренушілер 
кәсіби  қазақ  тілін  қысқа  мерзімге  емес,  ұзақ 
мерзімде  қолдана  алатындай  ‰йренуі  қажет. 
Оқытушы  психология  ғылымының  негізгі  қа-
ғидаларына с‰йене отырып, тіл ‰йренушілерге 
кәсіби қазақ тілінен ұзаққа сақталатын тұрақ-
ты  білім  беруі  қажет.  Егер  де  тіл  саясатын 
ескерер болсақ, маман бастапқы қаланған білі-
мінің негізінде әрі қарай өз бетінше мамандық 
тілін  кәсіби  деңгейде  ‰йренуге,  жетілдіруге 
және байытуға қадам жасайды». [2:35].  
«Сөздік  қорды  байыту  мәселесі – тіл  да-
мытудағы  өте  маңызды  мәселе.  Ал  өзге  ұлт 
өкілдеріне  қазақ  тілін  оқытуда  ол  басты  ба-
ғыттардың  бірі  болып  табылады.  Тіл  ‰йрену-
шілер ‰йренетін тілдің сөз байлығын игермей, 
сол  тілдің  қоғамдағы  сөйлеу  мәдениеті  мен 
қарым-қатынас  жасауға  қажетті  дағдыларды 
меңгере  алмайды.  Тіл  ‰йренушілердің  тіл 
байлығы қандай дәрежеде екендігі олардың өз 
ойын  дұрыс  айтуы  арқылы,  белгілі  бір  тақы-
рып  бойынша  біреумен  еркін  әңгіме  ж‰ргзіе 
алуы арқылы байқалады. Ендеше, тіл ‰йрену-
шілердің  қазақша  сөйлеуі – қазақ  тілін  біле-
тіндігінің көрсеткіші. 
Әдістеме  ілімінде  «сөздік  қорды  байыту» 
мәселесі жаңа тақырып болмаса да, қазақ тілін 
тіл  ‰йренушілердің  мамандықтарына  сәйкес 
‰йретуде ерекше маңызды. Өйткені ол мемле-
кеттік  тілді  терең  меңгерген  білікті  маман-

308                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
дарды  даярлауда  өзекті  әлеуметтік  міндет- 
терді  шешуге  көмектеседі.  Осы  тұрғыдан 
оның  практикалық  маңыздылығы  да  байқала-
ды» [2:4]. 
 ЖОО-дағы оқытудағы негізгі мақсат – кә-
сіби  тілді  дамытып  меңгерту.  Тіл  ‰йренуші-
лерді еркін араласып, өз мамандығы бойынша 
сұхбат ж‰ргізе алуға, ақпараттар тыңдап, оны 
айтып  беруге,  өз  пікірін,  ойын  ауызша,  жаз-
баша  жеткізе  алуға  машықтандыру.  Берілген 
мәтіндер  студенттерді  өлкетану,  ғылыми,  мә-
дени  деректер  туралы  хабарлармен  танысты-
рады. Бұл ‰йренушінің ішкі ой-өрісін, ұлттық 
танымын  дамытып,  қызығушылығын  артты-
рады. [3:3].   
Мамандықтарына  байланысты  тақырып-
тарды  меңгертуде  көркем  шығармадан  алын-
ған  ‰зінді  мәтінді    кәсіби  мәтіндермен  сабақ-
тастыра  ұсыну –  тіл  ‰йренушілердің  өз  ма-
мандығы  жайында  мағлұматын  кеңейтіп,  кә-
сіптік  ынтасын  арттырады,  әрі  пәнге  деген 
қызығушылығын к‰шейтеді. Сондай-ақ, қазақ 
тілін  тиісті  деңгейде  меңгерген  студенттерге 
(әсіресе  орыс  мектебін  бітірген  ұлты  қазақ 
студенттеріне)  жоғарыдағы  мәтін  т‰рлерін 
ұсыну  көркем  шығарма  мәтіндерін  оқуға  ‰й-
ретеді,  сол    арқылы  қазақша  сөйлеу  дағдыла-
рын жетілдіріп, тілдерін дамытуға зор септігін 
тигізеді. Кәсіби мәтіндер негізінде тіл ‰йрену-
ші мамандығы туралы білімін ғана жетілдіріп, 
өзінің  келешекте  атқаратын  жұмыстары  ту-
ралы  пайдалы,  өте  қажетті  ақпараттар  алып, 
кәсіби танымдарын  кеңейтіп қана қоймайды, 
сонымен  қатар  көркем  әдебиет  оқуға  да  ма-
шықтанады.  
Мысалы, «Физика» мамандығында оқитын 
студенттерге  «Бу»  тақырыбын  меңгерткенде 
төмендегідей мәтін т‰рлері ұсынылады: 
І. Практикалық сабақ.  І-мәтін:  «Омардың 
емтихан тапсыруы» көркем мәтін. [4:196].  
ІІ. СОӨЖ.  Ғылыми-көпшілік «Су буы» ақ-
параттық мәтіні. 
ІІІ.  СӨЖ.  М.Жұмабаевтың  «Судың  айна-
лып  ж‰ріп  отыруы»  немесе  «Жаңбырдың  бо-
лып,  болмауы  туралы  сәуегейлік  қылу»  ау-
дарма мәтіні. [5:275-276].   
Берілген аутенттік  мәтіндер студенттердің 
жас  ерекшелігіне  (психологиялық  ерекшелік-
теріне),  тілдік  даярлығына  қарай  іріктеліп 
алынып, кәсіби лексиканы, яғни кәсіби сөйлеу 
тілін  дамытуда    маңызы  зор  екенін  айтамыз. 
Мәтінмен ж‰ргізілетін жұмысқа арналған жат-
тығу,  тапсырмалар  сипаты  мақсатқа  сәйкес 
анықталады,  ал  мақсат – тіл  дамыту.  Кәсіби 
лексиканы  (ғылыми-көпшілік  мәтінмен  жұ-
мыс)  меңгеруге  деген  қызығушылықтарын 
арттыруда бірден бір уәж – ой қозғау (көркем 
мәтінді  оқу),  сондай-ақ  қазақ  халқына  тән 
өзіндік  ерекшелігін  сипаттайтын  ұлттық 
д‰ниетанымдық  мәтін («сәуегейлік  туралы» 
мәтін) арқылы ж‰зеге асырылады.  
Мәтіннің  сөйлеу  әрекетінің  барлық  т‰р-
леріне  ‰йретуде  тиімді  және  басты  негізгі 
болу  ‰шін  студенттерді  мәтін  материалдарын 
меңгеруге  бағытталған  жұмыс  т‰рлерін  қол-
дана  білуге  төселдіру  қажет.  Мысалы, «Су 
буы» тақырыбына арналған кәсіби лексиканы 
меңгерту  мәтіндері  бойынша  студенттерді 
мамандыққа  қатысты  оқыту  мақсатында  төм-
ендегідей  жұмыс  т‰рлері  ж‰ргізіледі:  сөздік 
жұмыс; мәтінмен жұмыс; грамматикалық жат-
тығулар;  мәтінге  байланысты  тест  тапсыр-
малары. 
Сөздікпен жұмыс:  жаңа лексикамен таны-
суды  «сөздік  карталар»  арқылы  ж‰зеге  асы-
руға болады.   «Сөздік карталарды белгілі бір 
тілді  меңгеру  деңгейі  бар,  орта  туралы  аялық 
білімі  бар  оқушылармен  ж‰ргізуге  болады. 
Сөз  баланың  есінде  қалуы  ‰шін  ол  белсенді 
т‰рде  жұмыс  ‰стінде  сол  сөзді  игеруі  керек. 
Бұл әрт‰рлі жаттығулардың қатары және жаңа 
сөзді қарым-қатынаста қолдануы болуы керек. 
Сабақ  ‰стінде  жаңа  сөздердің  синонимдері, 
антонимдері,  ассоциациялары  беріледі.  Ең 
оңайы  аудармасын  беру  болып  жатады.  Ал 
бұл сөзді есте ұзақ қалдырмайды. Сөздік карта 
мәтінмен жұмыс барысында жасалады». [6].  
Мәтінмен  жұмыс:  мәтін  алды,  мәтінмен 
жұмыс,  мәтіннен  кейнгі  жұмыс  кезеңдерінен 
тұрады.  Мәтінмен  жұмыстың  мақсаты:  сту-
денттің  берілген  мәлімет  бойынша  танымдық 
қабілетін арттыру, мазмұнын қазақша баяндай 
білу,  өз  ойын  т‰сінікті  жеткізе  білу,  сөйлеу 
қабілетін  арттыру болса,  мәтінмен жұмыстың 
тиімділігі:  тіл  ‰йренушілерді  мәтінді  мәнер-
леп оқуға дағыдланады, мазмұнын ауызша, өз 
сөзімен  баяндау  арқылы  сөйлеу  қабілеті  ар-
тады, мамандыққа қатысты сөздік қоры байып, 
т‰сінігі молаяды. 
Грамматикалық    жаттығулардың  мақсаты: 
берілген жаттығулар арқылы мәтінде кездесе-
тін  сөздерді  тереңдете  меңгерту,  тілдік  бол-
жамын  арттыру,  сауатты  жазуға  дағдылан-
дыру.  Берілген  жаттығулардың  тиімділігі:  
болашақ маман кәсібіне байланысты сөздерге 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          309 
 
ден  қояды,  сауатты  жазып  ‰йренеді,  сабаққа 
деген ынта-ықыласы артады. 
Мәтінге  байланысты  тест  тапсырмалары-
ның мақсаты: көркем мәтін оқуға деген қызы-
ғушылықтарын артыру, мазмұнын т‰сініп ты-
рысу, грамматикалық білімдерінің дұрыс мең-
герулер, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. 
«Важность  тестого  контроля  понимания 
содержания  иноязычного  художественного 
текста  состоит  на  наш  взгляд  в  следующем: 
тестовые  задания  представляют  собой  своего 
рода  проблемные,  мыслительные,  познавате-
льные, рече-продуктивные задачи, что активи-
зирует  мыслительную  деятельность  студента; 
тесты  стимулируют  интерес  к  процессу  чте-
ния  на  инсотранном  языке ..; тесты  способ-
ствуют  выработке  необходимого  стереотипа 
структуры текста и алгоритма чтения;...»,- деп 
атап көрсетеді Р.В.Миков, В.В.Швайгерт. [7].    
Қорыта  айтқанда,  мамандандырылған  жо-
ғары  оқу  орындарында  қазақ  тілін  оқыту  қа-
зіргі уақыт талаптарына сай жаңа технология-
лық  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  кәсіби 
лексиканы  меңгертетін  мәтіндерді  дұрыс  таң-
дап,  олармен  ж‰йелі  жұмыс  ж‰ргізу  арқылы 
студенттердің  өз  бетінше  тілдік  дағдыларын 
дамыту – мемлекеттік тілді саналы да сапалы 
т‰рде  меңгеріп  шыққан  мамандар  даярлауда 
өзінің оң нәтижесін беретіні сөзсіз. 
_____________ 
1.  Оразбаева  Ф.  Тілдік  қатынас:  теориясы  мен  әдісте-
месі. - Алматы, 2000. 
2.  Құсайынова  Д.Ж.  Заңгерлердің  сөздік  қорын  ма-
мандыққа қатысты дамыту әдістемесі. Астана,- 2007. 
3. Мухамадиева Н.Қ. Кәсіби қазақ тілі.Алматы, 2006. 
4. Әкім Тарази. Бұлтқа салған ұясын. Алматы, 1998. 
 
5. Б.Қанарбаева. Мағжан символист.Алматы, -2007.  
6.  Ерназарова  З.Ш.  Жаңа  сөздерді  игеруге  арналған 
сөздік карталар мен жаттығу жұмыстары. «Қазақ тілі: әдіс-
теме», №11-2009. 
7.  Р.В.Миков,  В.В.Швайгерт.Типология  видов  тесто-
вых заданий для контроля понимания содержания иноязыч-
ного художественного текста. Москва, -2005. 
8.  Е.И.Пассов.  Коммуникативный  метод  обучения 
иноязычному говорению. Москва, 1985.
 
9. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мек-
тептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1996. 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет