Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет51/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61

 
Рахимова Айна 
Интеллектуальные особенности человека: ораторское искусство 
 
В  статье  рассматриваются  интеллектуальные  особенности  человека,  которые  выражаются  в  концепте  «ше-
шендік сөздер»  
 
Rakhimova Aina 
Intellectual features of the human: Oratory 
 
The article deals with the intellectual qualities of a person, which are expressed in the concept of "oratory"
  
  
 
 
 
Г. Рысбаева,  
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.к. 
 
«КӨК БӨРІ» ЖӘНЕ «АЮ» ТОТЕМІНЕ ҚАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ 
ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
 
 
Б‰гінгі  таңда  республикамызда  тәуелсіз-
дікті  нығайтуды  дамыту  мен  мемлекеттің  өр-
кениетті  елдер  санатына  қадам  басуы  жағ- 
дайында  ұлттық,  рухани-адамгершілік  және 
материалдық  құндылықтардың  негізін  зерде-
леу,  оларды  тиімді  ж‰зеге  асыру  мәселелері 
ерекше  көкейкестілікке  ие  болып  отыр.  Ал – 
бұл  болса,  мәдениет  салаларын  дамытуды, 
оның  қалыптасып  дамуындағы  жетістіктер 
мен  озық  дәст‰рлерді,  халық  тәжірибесін 
болашақ ұрпаққа жеткізуді қажет етеді.  
Этностық  д‰ниетаным  мен  салт-дәст‰рге, 
наным-сенімдерге  қатысты  байырғы  лексика-
дан  қалыптасқан  культтік  фразеологизмдер 
сөз жоқ, халықтың рухани өмірін бейнелейді. 
Ертеде  адамдар  ру,  қауым,  тайпа  болып  өмір 
с‰ріп,  өздері  тұратын  жерлерде  кездескен 
жан-жануарға  сыйынып,  жан-жануарлар,  аң-
құс, құрт-құмырсқа, жылан тотемдерін тудыр-
ған.  Осыларды  киелі  санаған  адамдар  оларды 
культке  айналдырып,  неге  киелі  екендігі 
туралы толып жатқан миф, аңыздар тудырған. 
Тотемдік т‰сініктер тек аңыз, ертегілерде ғана 
сақталмаған.  Олардың  кейбір  жақтарын  тілі-
міздегі  жан-жануарларға,  құстарға,  төрт  т‰лік 
малға байланысты қалыптасқан фразеологизм- 
 
 
дер  мен  мақал-мәтелдерден,  қанатты  сөздер- 
ден,  культтік  лексемалардан  айқын  байқауға 
болады.  
Т‰ркі  тілдес  халықтардың  жан-жануарлар 
тотемі: көк бөрі (қасқыр), аю, бұғы, арқар, ит 
сияқты;  төрт  т‰лік  малға,  аққу,  қарға,  қар-
шыға, құмай, б‰ркіт, ‰кі, т.б. көптеген құстар 
тотеміне,  жылан,  айдаһарға  және  басқа  да 
жансыз  заттарға  табынған.  Якуттардың  ара-
сында  ең  жиі  кездесетін  тотем – б‰ркіт,  аққу 
және құзғын; телеуттерде – б‰ркіт; алтайлық-
тарда – аю; хакастарда – б‰ркіт; тувалықтарда 
– аққу мен б‰ркіт; тофаларда – балық, құзғын, 
б‰ркіт,  аққу,  шағала.  Қарға  т‰ркі  халықта-
рында хакастарда, туваларда, якуттарда, саха-
ларда  киелі  деп  саналған.  Якуттарда  сахалар 
қарға  тотем  болумен  қатар  «жаһан  құсы» 
дейтін ұғым болған.  
Осы  тұрғыда  біздің  қарастыратынымыз 
т‰ркі  тілдес  халықтардың  жан-жануарлар 
тотемі, соның ішінде көк бөрі (қасқыр) тотемі 
мен аю тотеміне қатысты фразеологизмдердің 
д‰ниетанымдық сипаты. 
Көк  бөрі  (қасқыр)  тотемі.  «Біздің  таң-
бамыз береке болсын, ұранымыз көк бөрі бол-
сын!»  сөйлемінде  «таңбамыз  береке  болсын» 

296                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
сөз тіркесі арқылы т‰ркі халықтары әуел бас-
тан-ақ, ынтымаққа, бірлікке, достыққа құштар  
халық  екенін  танытқан.  «Ұранымыз  көк  бөрі 
болсын!» сөз тіркесі арқылы көк бөрідей қай-
ратты, қайсар, батыл болуға шақыратындығы, 
оны  ұран  дәрежесіне  дейін  көтерілуімен  бай-
ланысты т‰сіндіруге болады.  
Көк  бөрінің  бейнесі  қазақ  туларына  салы-
нып  келген.  Бұл  көк  т‰ркілердің  «бөрілі  бай-
рақ»  туының  тікелей  жалғасы  іспетті.  Мұны 
С‰йінбай  ақынның  мына  өлең  жолдарынан 
көруімізге болады: 
«Бөрі басы ұраным, 
Бөрілі менің байрағым. 
Бөрілі байрақ көтерсе, 
Қозып кетер қайдағым». 
Оғыз қағанды жеңістен жеңіске бастайтын 
көк бурыл, көк жал бөрі. Оғыз қаған өзіне ба-
ғынбаған  елдерге  қарсы  жорыққа  аттанар  ал-
дында  қарамағындағы  бектері  мен  ел-жұрты-
на: «Мен  сендерге  болдым  қаған,  Алыңдар 
жақ  пен  қалқан,  Таңба  бізге  болсын  береке. 
«Көк бөрі болсын ұран» [1,10 б.], – деп жұртқа 
жарлық таратады. Осындағы «Көк бөрі болсын 
ұран»  деген  тіркесте  ‰лкен  д‰ниетанымдық 
мән  бары  байқалады.  Өйткені  мұндағы  ұран 
дәрежесіне дейін көтерілген сол көк бөрі тым 
әрідегі  көне  дәуірлерден  бері  қарай  көптеген 
т‰ркі  тілдес  халықтарда  аса  қадір  тұтылып 
табынатын  киелі  де  қасиетті  аң  саналып  кел-
ген. Ал, енді «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын 
батыр да осы дәст‰рге орай жауға тигенде «Ай 
бетінен кіріп, К‰н бетінен шығатын көк бөрі» 
болып  кейіптелсе,  Қамбар  батырдың  ерлігі 
«жалақтаған  аш  бөрі»  сипатында  беріледі. 
Осы  ерекшелік  қырғыз  жырларына  да  тән. 
Тіпті, қырғыздың әйгілі «Манасындағы» Манас 
батыр  «қара  шағыр  қабыланы  мен  көсеу  құй-
рық көк арыстаннан тыс, арқасында қара көк 
жалы бар, жолына нұр төгілген» бала: 
Арқасында баланың, 
Қара көк жалы көрінді. 
Қара шағыр қабыланы, 
Қапталында шабынды. 
Көсеу құйрық көк арыстан 
Оң жағында қабынды. 
Нұр төгіліп жолына 
Бәрі ойлаған баланың 
Манас деп аты табылды [2,19 б.] - деп су-
реттелген. 
Сондықтан,  «Бөрі»  бейнесі  т‰ркі  д‰ниесін 
кеңінен  танытады,  Ата-бабаларымыздың  та-
нымында  көк  бөрі – көк  Тәңірінің  нұры,  же-
ңімпаздықтың  символы,  батырлықтың,  ерлік-
тің тұлғасы ретінде көрінеді.  
Көк  бөріге  (қасқырға)  байланысты  мақал-
мәтелдер  де,  діни  наным-сенімдер  де,  ырым-
дар  да  т‰ркі  халықтарының  арасында  кезде-
седі.  «Қойдың  иесі  болса,  бөрінің  тәңірі  бар» 
немесе «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар» 
деген  мақал  қырғыз  халқында: «Малдың  иесі 
болса,  бөрінің  тәңірі  бар»,  ал  орыс  халқында 
«У  собаки  есть  хозяинь,  а  у  волка  есть  бог» 
деген т‰рде беріледі. Бөрі – Тәңірдің иті, сон-
дықтан  да  ел  арасында  қоралы  қойға  қасқыр 
шапса,  «Көк  бөрінің  аузы  тиді,  көк  тәңірі 
қолдайды,  мал  өсіп,  жаман  болады»  деп  жо-
рыған.  Қазақ  халқы  «Елді  жерде  ұры  бар, 
таулы жерде бөрі бар», «Бөрі қыр асқанша», 
«Далада бөрі ұлыса, ‰йдегі иттің іші ашиды» 
деп  бөріні  даламен,  тау-таспен  байланысты-
рады.  Ал,  араб  мақалында  «Ит  ‰рсе  қалма, 
елге апарар, бөрі ұлыса барма, шөлге апарар» 
деп  келеді.  Бөрінің  ұлығанын  жаман  ырым 
санап,  бармау  керектігін  айтады.  Монғолия 
қазақтары қасқырды көп атып, к‰шігін алуды 
жаман  ырымға  санап,  олай  етуге  шек  қояды. 
«Қасқыр  қайтсе  бір  соқпай  кетпейді» – деп 
қорқады [3,68 б.].  «Қасқырдың  жесе  де  аузы 
қан, Жемесе де аузы қан» (атыңды арсыздық-
тан  алыс  ұста,  оны  бір  былғап  алсаң  тазарту 
қиын деген мағынада) өзбекше «Бурининг еса 
хам оғзи қон, Емаса хам оғзи қон» деген мақал 
екі  тілде  де  ұқсас  бейнелі  көрністері  сурет-
теледі. 
Қасқыр тотемінің екі аты болған, біріншісі 
– көк бөрі, тарихи дәст‰р бойынша құрметтеу, 
яғни  тотемдік  тұрғыдан  қарау,  екіншісі – 
малдың  жауы,  жыртқыш  аң  ретінде  көру. 
Қасқырды  ерте  дәуірден  бастап  тотем  тұт-
қандар қазақтардың ата-бабалары ғұндар. Ғұн 
шеберлері көркемдеген тағы бір ерекше бейне 
алтыннан жасалған м‰сін, бабасына арналған, 
бөрінің алтын басы, екеуі де табынатын сурет. 
Бабасын еске т‰сіргенде ғұн көкке қарап, осы 
алтын  м‰сінге  бас  иіп  отырған.  Т‰ркілердің 
бір  тайпасының  аты – Ашина-Ачино,  «асыл 
текті қасқыр» деген сөзден шыққан [4,23 б.]. 
Әуелгі шығу мәні «асыл текті қасқыр» деген 
сөзден алынса керек. Ашина жөнінде мынадай 
бір  аңызда:  Ашина  ұрпағы  о  баста  жаугерші-
лік  дәуірінде  жұртта  қалған  баланы  қасқыр 
асырап алып (көне монғол тілінде шина – қас-
қыр), содан тараған ұрпақ т‰ркілер болып са-
налады  екен.  Ата-бабасын  қасқырдан  тарата-
тын  тек  т‰ркілер  ғана  емес,  римдіктер  де  өз-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          297 
 
дерін  «қасқырдың  ұрпағымыз»  деп  есептейді. 
Т‰ркі  қағанаты  кезінде  т‰ріктердің  арғы  ата-
лары  көк  бөрі  болған  деген  сенім  осыдан 
туындаса керек. 
Қасқырды  тек  қазақтарда  ғана  емес  қыр-
ғыздарда,  өзбектерде,  т‰ркімендерде,  татар-
ларда да қасқырды киелі санап, атын тура ата-
маған,  мәселен,  қазақтар  оны  «ұзын  құлақ» 
«тік  құлақ», «ұлыма», «көкжал», «ит-құс» 
десе,  өзбектер  «итқуш» (ит-құс)  деген  ауыс-
палы мағынаны қолданса, т‰рікмендерде «ады 
жітен» (аты  жоқ),  месдан  ит  (дала  иті)  деген 
эвфемизмді  қолданған.  Қазақтар  тіпті  осы 
к‰нге  дейін  қасқырдың  атын  атамайды.  Мал-
шылар  «қасқыр»  десек  тістері  қышып,  малға 
шабады деп ырымдаған. Ауыл адамдары ж‰з-
дескенде «Малың ит-құстан аман ба?» – деп 
сұрайтын  әдет  бар.  Бұл – сол  ертедегі  тоте-
мистік  ұғымның  ізі.  Халық  ұғымында  жо- 
лаушы  бара  жатқан  адамның  алдынан  қас- 
қыр  қашса,  онда  жолым  болады  деп  ойлаған. 
Сондықтан  болар,  қазақтар  өжет  жігіттерді 
көк-жал  қасқырға  ұқсатып,  бөрідей  батыл 
болу ‰шін бойына рух беріп намыстарын қоз-
дыру  арқылы  батырлыққа,  ерлікке  баулы- 
ған. 
Т‰ркі-алтай  текті  халықтар  да  қасқырды 
киелі санап, атын тура атамаған, мәселен, сой-
оттар  оны  «ұзын  құйрықты», «ұлыма», «көк 
көз» десе, качин татарлары «ұзын құйрық», ал 
якуттар  «құйрықты»  деп  атаған.  Ал,  Алтай 
т‰ріктері «пору» деген тура атауды қолданбай, 
«аға»  деген  ұғымды,  ал  чуваштар  «қашқыр» 
дегеннің  орнына  «ұзын  құйрық», «тоқпақ 
құйрық» немесе «тәңір иті» деген эвфемистік 
атауларды қолданған [5, 101 бб.]. 
Көк  бөрі  бейнесінде  тотемдік,  фетиштік, 
анимализмнің  нышандары  байқалады.  Қас-
қырдың  тарамысы,  асығы,  еті  туралы  наным-
сенім,  ырым  болған.  Мәселен,  ертеде  ауыл 
адамдары  ұрлық  жасаған  кісіні  табу  ‰шін, 
«қасқырдың  тарамысын  өртегелі  жатыр-
мын»  деп  айтатын  болған.  Тарамыс  өртеп 
ұрының  аяғын  тарттырып,  құрыстырып,  тас-
тайды  деген  нанымнан  туындаған.  «Аяғым 
тартылып қалады» немесе «Тарамыс, сіңірім 
тартылып  қалады» – деп  қорыққан  ұры  ұр-
ланған д‰ниесін әкеліп беретін болған. 
Қасқырдың  асығын  бой  тұмар  ретінде  та-
ғып ж‰рген ырым да болған. Қасқыр іш майы 
мен  етін  өкпе  ауруын  емдеуге  қолданған. 
Қазақ аналары қасқыр етіне жерік болса, одан 
туған  бала  өжет,  батыр  болады  деген  сенім 
бар.  Мәселен:  ХVІ  ғасырдың  белгілі  батыр-
лары  Орақ  пен  Мамайдың  анасы  Қара‰лек 
әже былайша толғайды: 
«... Мамайжан бойға біткенде, 
Арыстан, бөрі етін жеп, 
Қанып  еді  жерігім» (23 жоқтау,  Москва, 
1926). 
Қасқырдың  айбатты,  ерж‰рек,  қайсарлы-
ғын суреттейтін қасиетін тіліміздегі фразеоло-
гизмдер,  көркемдегіш  құралдар  ретінде  қол-
данылатын тұрақты теңеулер нақтылай т‰седі: 
«қасқыр ж‰ректі», «қасқырдай өжет», «қас-
қырдай  жауыз», «көкжал  бөрідей»,  т.б.  Олар 
–  беті  ештеңеден  қайтпайтын,  батыл  қайсар, 
ж‰рек жұтқан дегенді білдіреді. «Қасқыр» есі-
мін  (лақап  есімі)  мынадай  парадигма  арқылы 
көрсетуге  болады:  қасқыр  →  жабайы  жырт-
қыш  аң  →  азулы,  қайсар  →  айбатты  өткір. 
Қасқырдың  бойында  айбатты,  өжет,  ерж‰рек-
тік  сияқты  қасиеттер  бар.  Сондықтан  болар, 
қазақтар  өжет  жігіттерді  көкжал  қасқырға 
ұқсатып, бөрідей батыл болу ‰шін бойына рух 
беріп  намыстарын  қоздыру  арқылы  батыр-
лыққа, ерлікке баулыған. Бөрі өшіккен жауы-
на  ешқашан  есесін  жібермеген.  Осыдан  келіп 
халық  арасында  «Бөрікті  тастап,  бөріден 
құтылып  болмас», «Бөрі  т‰сін  өзгерткенмен 
тісін  өзгертпейді»  деп  келетін  даналық  сөз-
дер туған, бұл мәтел бөріні мінездеу десек те, 
бөрідей текті намысшыл болуға тәрбиелейді. 
«Қасқырдың артқы сирағындай жек көрді» 
–  иттің  етіндей  жек  көрді  немесе  қатты  жек 
көрді  деген  және  «қасқырмысың  сен», «қас-
қырша анталамай ары ж‰р», «қасқырдай қуу», 
«қасқырдай  көзі  анталады», «қойға  шапқан 
бөрідей»  деген  ұнатпаған  адамға  айтылатын 
фразеологизмдер  де  көркем  шығармаларда 
кездеседі.  
Демек, қасқыр, көк бөрі көне дәуірден бері 
көптеген  т‰ркі  тектес  халықтарда  аса  қадір 
тұтатын киелі де қасиетті аң болып саналады, 
батырлықтың, ерліктің символы.  
Келесі  жыртқыш  аңдардың  бірі - Аю  то-
темі.  Аюдың  «аба»  деген  тыйымдық  есімі 
болған. Ежелгі аңшылар Аюды барлық аңдар-
дың иесі, аңшылардың қамқоршысы, адамзат-
тың т‰п-анасы, тәңірие деп қабылдаған. Зерт-
теушілердің  пікіріне  с‰йенсек: «Палеолит  ке-
зеңінде аю тотемдік от-ана культіне ауысады» 
[6, 201-202 бб.].  Сондықтан  аңшылар  аюдың 
етін  жеуге  қорқатын  болған. «Бурят  халқы 
аюды  тотем  деп  санамасада  аюды  өлтіріп 
терісін  алғанда,  екі  көзін  ағызбай  «жұлдыз» 

298                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
деп  сол  қалпында  қалдырып,  бір  кесек  етін 
отқа  тастап, «Мы  тебя  не  убили,  убили  хам-
ниганы и урянхайцы: черный ворон накликал. 
При  этом  кричат  по-вороньи» – деу  арқылы 
бірнеше нанымның басын біріктірген» – дейді 
М.Н.Хангалов [7, 53-55]. Бұдан  буряттардың 
аюдың  иесінен  қорқып,  одан  келер  пәлені 
қарсылас  тайпаларға  ауыстырғысы  келетінін 
байқасақ, қазақтардың да мал сойғанда «Сен-
де  жазық  жоқ,  бізде  азық  жоқ»  дейтін  дәс-
т‰рі иесінен кешірім сұрағандығын білдіреді. 
Аюға  табынушылық  алтайлықтар,  тувалық-
тар, сахалар, хақастар, буряттар, дарқыттар, са-
тындар  арасында  көптеп  кездеседі.  Т‰ркі  тіл-
дес  халықтар  «аю»  деген  атты  тура  ата-май, 
эвфемистік атауды қолданады. Мәселен, якут-
тар «эһэ» (ата), «тыатаагы» (тайгалық) немесе 
«кырдьагас» (қария) десе, алтайлықтар «абаай» 
(қайнаға), «карындаш» (бауыр), «таай» (нағашы) 
десе, телеуттер  «ерь кулакты» (жер құлақты), 
хакастар «чир хулахтыг» (жер құлақты), тува-
лықтар  «кайирахан» (жартастардың  патшасы) 
дейді [5, 100 б.]. 
«Аюдан  жын-жайтан  қорқады»  деген  на-
ным  халық  арасында  көп.  Аюға  байланысты 
көшпенділердің дәст‰р салты ұқсас. Аюды ха-
лық  ұғымында  киелі  саналып,  аюдың  ж‰нін, 
тырнағын,  тісін  жас  нәресте  жатқан  бесікке, 
киетін  киміне  тағып,  көз  тиюден,  пәле-жала-
дан,  жын-шайтаннан  сақтандырудың  белгісі 
деп  ойлаған.  Әйелдердің  толғағын  жеңілде-
туге,  буряд,  дарқыт,  сатындар,  ж‰кті  әйелдің 
белбеуіне  аюдың  тұяғын  ілсе,  якут,  хақас, 
сақа, шорлар баланың бесігіне немесе төсегіне 
ілетін дәст‰р бар. Мұндай тұяқ ілу дәст‰рі қа-
зақтар  да  бар,  толғағы  ащты  әйелдер  босан-
ғанда аю терісін іліп қоятын болған. Қазақтар 
аюдың  терісін  қастерлеп,  оны  ‰йге  іліп  қою-
мен  бірге  қарт  сыйлы  адамдар  ‰шін  төсеніш 
ретінде  пайдаланады.  Аюдың  етін  саха,  дар-
қыт, сатын, тува, алтайлықтар с‰йіп жейді екен. 
Халық  арасында  айбынды  дауысты  «Аю-
дай ақырып» – деп жатады. «Аюға ұқсаған ар-
баңдаған,  аңқау  адам» – аңғал,  аңқау  деген 
мағынада; «аюдың өтіндей» – қасиетті мирас 
зат ұғымында айтылады. Қазақ халқында Аюға 
арналған  «Жорға аю» к‰йі, «Аю биі» бар. 
Ежелгі  ескерткіштердегі  жазуларда  Arslan 
(арыстан), Aşına  (қасқыр), Bars (барыс), Buqa 
(өгіз), Kьзьk  (к‰шік), Qaban (қабан), Qulan 
(қулан), Teka (теке,  қой)  және  т.б.  есімдер 
кездеседі.  Татарларда  қасқырды  «б‰ре»,  ба-
рысты  «барс»,  арыстанды  «арслан»  деп  атай-
ды, адамның аты-жөнінде осы аңдардың есім-
дері кездеседі. Олар: Байбурин, Буркиев, Буриев, 
Бурикаев, Барс, Барсил, Айбарис/АйбарысИл- 
барс, Илбарис, Бибарс, Акбарс, Арслан, Ђофар, 
Байб‰ре, Буга, Байбуга, Көчек, К‰бәк, т.б. Ал, 
ежелгі  т‰ркі  тілдеріндегі  Арслан/Arslan  есімі 
Турфан,  Қарахан  елдерін  басқарған  патша-
лардың  есімдерінде  қойылған:  Arslan balban, 
Arslan tegin, Arslan Bilge Tengri ilig [214, 156].  
Қазақ  халқының  ат  қою  ‰рдісінде  гендер-
лік  қатынастың  әр  т‰рлі  сипаты  анықталады. 
Әдетте,  балаларға  ат  берілгенде,  олардың  ма-
ғыналық  сипатында  батырлық,  ерлік,  қайсар-
лық,  өжеттік  ұғымдар  мол  кездеседі.  Жабайы 
хайуандардың  аттарын  бала  к‰шті,  қарулы 
болсын және солардай еркін өмір с‰рсін деген 
тілекпен  қойған.  Көк  бөрі  (қасқыр),  аю  және 
арыстан,  жолбарыс,  барыс,  бұғы,  қабан,  құ-
лан, марал, т.б. атаулары құрмет тұтылып, кісі
 
есімдеріне  айналған.  Қазіргі  к‰ндері  де  адам 
есімдерінде  кездеседі.  Олар:  Арыстан,  Арыс-
танбек,  Арлан,  Жолбарыс,  Қасқырбай,  Бөрі-
бай,  Бөрібек,  Аюбай,  Аюхан,  Бұғыбай,  Марал, 
Маралбек, Маралтай, Ақмарал,  т.б. Дәл осын-
дай аттар қырғыз халқында да кездесетіндігін 
қырғыз есімдерін зерттеген А.Идрисовтың «Кыр-
гыз  тилиндеги  ысымдар»  еңбегінде  қырғыз 
тілінің  антропонимиясының  қалыптасу  кезең-
дері анықталып, ежелгі т‰ркілердің наным-се-
німдеріне сәйкес – аспанға, жан-жануарларға, 
табиғатқа табынуды сипаттайтын есімдерімен  
көрсетіледі:  Чур,  Барс,  Шумкар,  Арстан,  Бө-
р‰басар,  Чалкуйрук,  Телтору,  Суречки,  Са-
рала,  Акборчук,  Аккула,  Кербилек,  Акшумкар, 
т.б. [215, 17 б.].  Аң  аттарымен  байланысты 
қойылған есімдердің негізгі қызметі эзотерия-
лық (жасыру) болып көрінеді. 
Жоғарыда  келтірілген  фразеологизмдер  мен 
теңеулер  «Көк  бөрі»  көне  дәуірден  бері  көп-
теген т‰ркі тектес халықтар аса қадір тұтатын 
киелі де қасиетті аң болып саналатыны, С‰йін-
бай  ақын  жырына  бөрі  бейнеленген  байрақ-
тың  не  себептен  кестеленгенін  анық  ұғынды-
рады деп ойлаймыз.  
____________ 
1. Щербак А.М. Огуз-наме. Мухаббат-наме. – М., 1959. 
-247 с. 
2.  Манас:  Қырғыз  халқының  батырлық  дастаны.–
Алматы, 1961. 49б.  
3.Кәмалашұлы  Б.  Монғолия  қазақтарының  аңшылық 
дәст‰рі. Канд. дисс.. –А., 1993. 68-б. 
4.Гумилев  Л.  Көне  т‰ріктер. –Алматы:  Білім, 1994. -
480 б. 
5.Ахметов  Ә.Қ.  Т‰ркі  тілдеріндегі  табу  мен  эвфе-
мизмдер.– Алматы: Ғылым, 1995. – 176 б 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          299 
 
6.Природа  и  развитие  первобытного  общества. – М., 
1969. С.201-202. 
7. Хангалов М.Н. Соб. соч. Т.1. –Улан-Удэ, 1958. С.53-55.
 
Г. Рысбаева 
Когнитивный аспект фразеологизма в культе Волка и Медведя, которые относятся к тотемизмам 
В  статье  рассматриваются  фразеологизмы,  относящиеся  к  тотемизмам  с  точки  зрения  теории  «Языковая 
картина мира». Речь идет о культе Волка и культе Медведя.  
Rysbaeva G. 
Cognitive aspects of the idiom in the cult wolf and bear, related to totemism 
 
This article deals with idioms related to totem from the point of view of «Linguistic Map of the World» theory. The 
author considers Wolf cult and Bear cult.
 
 
 
 
 
А. А. Сатбекова, 
ҚазМемПУ, филология факультетінің деканы, п. ғ. д., профессор 
Алматы қаласы Қазақстан Республикасы, e-mail satbekova@mail.ru
 
 
ЖОБАЛАЙ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ  
САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ СЕНІМДІ ТҰҒЫРЛАРЫ 
 
 
Мемлекеттік  тілді  мәртебесіне  сай  қолда-
нудың  басты  шарттарының  бірі – білім  беру 
саласында  мемлекеттік  тілдің  сапалы  оқыты-
луын қамтамасыз ету. Ол ‰шін оны зерттеудің 
логикалық ж‰йесі де жаңа парадигмаларға сай 
жетілдіріліп отыру заңды. Әйтсе де, қазақ тілін 
сапалы оқытудың қажеттілігі айқын болғаны-
мен,  көп  жағдайда,  оқыту  әдістемесінің  ғы- 
лыми-әдістемелік негіздерін зерттеуде дәст‰р-
лі ж‰йеден аса алмаушылық байқалады. 
Мемлекеттік  тілді  сапалы  оқыту  ‰шін  тіл 
‰йренушілердің  тіл  білу  деңгейлерін  анықтау 
және  соған  лайық  әдістер  қолданудың  ма-
ңыздылығы  шет  тілдерін,  орыс  тілін  оқыту 
әдістемелерінде  дәлелденген.  Ал  қазақ  тілін 
екінші  тіл  ретінде  оқыту  әдістемесінде  әлі  де 
болса  теориялық  ізденістер  аясы  шектеулі 
болып  отыр.  Ондай  шектеуліктің  бір  себебін 
жаңа  оқыту  ж‰йелерінің  практикалық  т‰рде 
қолданысқа ене алмай отырғандығынан да із-
деуіміз керек.  
Қазақ  тілін  сапалы  оқытудың  маңызды 
ғылыми-әдіснамалық  негізінің  бірі – білім 
беру  психологиясы,  педагогикалық  психоло-
гия.  Педагогикалық  психологияның  міндет-
тері  оқу  қызметінің  барлық  физиологиялық 
және  әлеуметтік - психологиялық  ерекшелік-
терін  ашумен,  оқу  материалын  репродукция-
лаудың  ерекшеліктерін  анықтаумен  байла-
нысты  танылады.  Сондықтан  тілді  оқытудың 
антропологиялық  сипатын  анықтау  ‰шін  бұл 
екеуі  өзара  байланыста  қатар  қамтылуы  қажет.  
 
 
Білім  берудің  әлеуметтік  негізі  мен  психоло- 
гияның  табиғи байланысы  тереңде  жатыр.  Бі-
лім берудің әлеуметтік негізі мен психология-
ның  ғылыми  қағидалары  қазақ  тілін  сапалы 
оқытуда да ерекше тірек бола алады. 
Білім  берудің  әлеуметтік  негізі  туралы 
ресейлік  ғалымдар  В.Ф.Черноволенко [1], 
Н.Н.  Захаров [2], С.Н.  Чистякова [3], т.б.  ең-
бектерінен мол мәлімет алуға болады. Жастар-
дың  кәсіп  алу,  өмірлік  жолдарын  таңдау    мә-
селелері  туралы  қарастырған  бұл  еңбектерге 
с‰йене  отырып,  мұғалім  мамандығын  таңдап 
отырған студенттерге қазақ тілін сапалы оқы-
туға  байланысты  негіздеме  жасауға  болады. 
Қазақ  тілін  сапалы  оқыту  деген  ұғым – жал-
пылама қолданылатын ұғым емес. Қазақ тілін 
оқыту мен «сапалы оқыту» ұғымдарының ара-
сындағы  ‰лкен  айырмашылықты  тану  ‰шін 
білім берудің  әлеуметтік негіздемесіне ж‰гіну 
абзал. 
Әлеуметтік  теория  тұрғысынан  қарастыр-
ғанда  білім,  білім  беру  –мәдени-тарихи  даму 
жолы  болып  табылады.  Егер  білім  беру  әлеу-
меттік-мәдениет тұрғысынан талданатын бол-
са, онда білім беруді, білімнің өзі «құндылық» 
(«ценность»)  категориясы  тұрғысынан  қарас-
тырылады. Яғни «құндылық» категориясы мә-
дениеттің  әлеуметтік  қыры  және  білім    беру-
дің әлеуметтік негізі ретінде анықталады.  
Философиялық аксиология тұрғысынан те-
рең талданып, қарастырылып келе жатқан «құн-
дылық» категориясының білім беру ‰дерісінде 

300                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
де алатын орны ерекше. Құндылықтар субъек-
тінің  өмірлік  қызметінің  т‰рлі  қырын  таны-
тады.  Сонымен  байланысты  құндылықтарды 
экономикалық,  саяси,  моралдық,  эстетикалық 
т.т.  құндылықтар  деп  бөлу  қалыптасқан.  Осы 
құндылықтарды  жасауда,  қалыптастыруда, 
сақтауда,  келер  ұрпаққа  мұра  етіп  қалдыруда 
өзінің  аса  маңызды  қасиетімен  танылған  тә-
сілді де адам баласы анықтаған. Ғалымдар ол 
тәсілді – МӘДЕНИЕТ деп атайды. 
Қазақ тілін ‰йрететін оқытушы қазақ тілі-
нің  лексика-грамматикалық  қорында  жинақ-
талған кумулятивтік мұраны қолдана отырып, 
студентке  бейімдеу  арқылы  оның  құндылық-
тарды  қабылдау  әрекетін  ж‰зеге  асырады. 
Студент  сол  құндылықтар  ж‰йесімен  қарым-
қатынас жасай отырып, алдымен т‰рлі репро-
дуктивтік әрекеттерді орындайды. 
Жобалау әдісі арқылы қазақ тілін  оқыту – 
студенттің репродуктивтік оқу әрекеттерін  бір-
тіндеп  имитациялық  әрекеттерге  көтеру  ар-
қылы  қазақ  тілінің    заңдылықтарын  және  қа-
зақ  тілінің  бай  қорында  жинақталған  ұлттық 
мәдени  мол  мұраны  студенттің    ішкі  құнды-
лықтар  ж‰йесіне    енгізудің  тиімді    жолы  деп 
осы негізде айтуға болады. 
Негізінде, қазақ тілін өзгетілді дәрісханада 
білім алып жатқан  студенттерге оқыту  ‰дері-
сінің  құрылымында  ‰лкен  орын  алатын  мә-
селе    қазақ  тілін  оқытудың  танымдық  қыры 
екені  белгілі. Ал адамның танымдық әрекеті-
нің т‰пнегізінде адамдық тәжірибенің рефлек-
сиясы  тұратынын  ғалымдар  атап  көрсетеді. 
Сонда  танымдық  әрекеттің  нәтижесі  таным-
дық  тәжірибенің  қорытындысы  дегенге  келіп 
саяды. 
Ал студенттер жобалау әдісі арқылы қазақ 
тілін  меңгеруі  барысында  тілдің  құрылымдық-
ж‰йелік  заңдылықтарын  ғана  емес,  тілдің  өн 
бойында  маржандай  тұнып  тұрған  қазақтың 
ұлттық мәдениетін де сіңіре алатын ‰дерістен 
«өтеді». Соның  нәтижесінде қазақ тілі – студент-
тің құндылықтар  ж‰йесінен орын ала алады. 
Қазақ тілін оқыту, оқу ‰дерісіндегі оқыту-
шы мен студенттің өзара орындалатын қарым-
қатынасын  әлеуметтік-институционалдық  тұл-
ға  ретінде  қарастыру  арқылы  оқытушының 
жеке  тұлғасы  мен  студенттің  жеке  тұлғасы, 
олардың әлеуметтік орындары мен «рөлдерін» 
кең арнада тану м‰мкін  болады. 
Білім  беру  ж‰йесінің  әлеуметтік  құрылы-
мын  тануда  ғалымдар  екі  тұрғыдан  келуді 
ұсынады.  Олардың  біріншісі – білім  беру  са-
ласындағы  әлеуметтік  топтардың  сипатын 
анықтау,  яғни  қоғамның  макроқұрылымдық 
ж‰йесін зерттеу тұрғысынан келу. 
Бұған  қоса,  екінші  мынадай  көзқарас  та 
бар.  Оның  мәні  білім  алушы  әлеуметтік  топ 
қандай  басқа  әлеуметтік  топтармен  байланыс 
жасауға  ұмтылыс  жасап  отырады?  деген  сұ-
рақтарға  байланысты анықталады. 
Әрине,  әлеуметтанушы  ғалымдар  білім 
алушы  әлеуметтік  топ  генетикалық  жағынан 
зиялылар  қауымына  (интеллигенция)  жақын  
келетінін атап көрсетеді. Зиялы қауым (интел-
лигенция)  әлеуметтік  топ  ретінде,  қоғамның 
интеллектісінің,  ақылының,  білімінің,  мәдени 
тәжірибесінің  тасушысы  ретінде  танылатыны 
белгілі. 
Студенттер – болашақ  зиялы  қауым  өкілі 
ретінде  мәдениетті  терең  тануға  ұмтылуы  ке-
рек.  Соның негізінде  студенттер  мәдениеттің, 
білімнің құндылық қасиетін т‰сінуге, оны да-
мытуға, сақтауға қажетті қабілеттер мен әдіс-
терді  меңгере  бастайды.  Осы  бағытты  ұстана 
отырып,  студенттерге  өзіндік  ғылыми  ізденім 
әдістерін  меңгеруге  ‰лкен  басшылық  ете  ала-
тын жобалай оқыту технологиясының  тиімді-
лігі айқындалады.  
Студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуы 
өзіндік  табиғи  м‰мкіншіліктерге  және  оны 
қоршаған ортаның тигізетін ықпалына көптен-
көп  байланысты  болғандықтан,  оны  қалып-
тастыруға және дамытуға т‰рлі қырынан келу 
керек. Бұл да  – педагогикалық антропология-
ның маңызды бір саласы.  
Осы  ретте  жобалай  оқыту  технологиясы 
арқылы мемлекеттік тілді меңгерту ‰дерісінде 
студенттің Қазақстан Республикасының азаматы 
ретінде және құндылық болып табылатын  жеке 
тұлға ретінде қалыптасуын жоспарлауға және 
басқаруға болатын жолдар айқындалады. 
Гуманитарлық  бөлім  студенттеріне  қазақ 
тілін  жобалай  оқыту  технологиясы  негізінде 
меңгерту  барысында  қолданылатын  әрбір  пе-
дагогикалық  әдіс  пен  амал,  тәсіл  мен  жол – 
студенттің адамдық болмысын қалауға жұмса-
лып жатқан кірпіш. Бұл жерде білімнің адам-
гершілік  қасиеттерді  дамыту  к‰ші,  оның  ди-
дактикалық  қыры  мен  психологиялық  талап-
тары  бір  арнаға  тоғысып  келіп,  қазақ  тілінің 
сапалы оқытылуына бағытталады.  
Қазақ тілін меңгеруші студенттердің 17-20 
жас  арасындағы  жастар  екендігін  ескерсек, 
олардың жобалау әдісін қызығушылықпен ‰й-
реніп, сол негізде қазақ тілін өз бетімен терең 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          301 
 
іздене  меңгеруге  қажетті  қабілетін    дамыта 
алатынына сенуге болады. Өйткені қазіргі ке-
зеңдегі қазақстандық жастар нарықтық эконо-
мика  билеген  елде  өмір  с‰ріп  жатыр,  олар  өз 
бетімен ізденген білімнің ғана тереңнен тамыр 
алатынын  т‰сінеді,  сондықтан  өзінің  ізденім 
қабілетінің  дамуына  ықпал  ететін  оқу  әдісін 
де қызығушылықпен ‰йренуге ұмтылады. 
Гуманитарлық  бөлім  студенттерінің  адам-
дық  құндылығын  басты  назарда  ұстай  оты-
рып,  оның  адамгершілік  негізде  білім  алуына 
жол  ашу  арқылы  жобалау  технологиясының 
да  лингводидактикалық  құндылығын  арттыра 
т‰суге  белгілі  бір  дәрежеде  ‰лес  қосуға  бо-
лады. Жалпы белгілі бір ж‰йе арқылы оқыту-
да    оқушының  немесе  студенттің  жеке  басы-
ның адамдық қасиеттерінің жетілуін басты на-
зарда  ұстау керектігін  қазақ тілін оқыту әдіс-
темесінен  ғылыми-зерттеу  жұмысын  ж‰ргіз-
ген  ғалымдар атап көрсетеді. Мысалы, жоба-
лай оқыту технологиясының ең басты мәні оның 
адами тілдік қатынасқа негізделуі болса, оның 
адам өміріндегі мәнін ғалым Ф.Оразбаева бы-
лай тұжырымдайды: «Тілдік қатынас – сөйлеу 
тілі  арқылы  ұғынысу,  т‰сінісу  дегенді  нақты-
лай  келіп,  жай  ғана  қарым-қатынас  дегеннен 
гөрі  тамыры  тереңге  кеткен,  өмірде  өзіндік 
орны  бар,  қоғамның  дамуы  ‰шін  ең  қажетті 
қоғамдық-әлеуметтік  ақпараттардың  жиын-
тығы  арқылы  адамдардың  бір-бірімен  пікір 
алмасуы,  адамдар  қатынасының  т‰п  қазығы 
дегенді білдіреді» [4]. 
Ал  тілдік  қатынастың  адамның  ойын  қоз-
ғаушы к‰ш ретіндегі рөлі туралы Қ.Қадашева 
былай  дейді: «Адамның  ойлауы  белгілі  бір 
ойға т‰рткі болатын, ойды қозғайтын нәрсеге 
байланысты.  Ой  сұрақтарға  байланысты  қоз-
ғалысқа т‰седі. Тілді ‰йрену ақыл-ойдағы сұ-
рақтарға  жауап  табуға  бағытталғандықтан  да 
‰лкен мағынаға ие болады. Сондықтан да бел-
гілі бір тақырыпты ‰йрету ‰шін, алдымен, осы 
тақырыпқа байланысты логикалық, танымдық 
сұрақтар берілуі керек. Осы сұрақтарға жауап 
алу  мақсатында  тіл  ‰йренушінің  қызығушы-
лығын  арттыру  қажет.  Бұл  сұрақтар  ойды 
оятушы сұрақтар т‰рінде берілген жөн»  [5].   
Студенттің  педагогикалық  ‰деріс  бары-
сындағы  негізгі  іс-әрекеті  оның  болашақ  өмі-
рінің  сенімді  жолына  айналуы  ‰шін  оған  қа-
жет  дағдыны  қалыптастыратын  оқыту  техно-
логиясын қолдану қажеттілігі айқындалады. 
Жоғары оқу орнында жобалау технология-
сы  ж‰йесімен  білім  алған  студенттің  өз  беті-
мен  іс-әрекет  ету  дағдылары  дұрыс  қалыпта-
сып, өмірде, кәсібінде де, жеке жағдайында да 
өздігінен  дұрыс  шешім  қабылдау  қабілеті  са-
тылы т‰рде дамиды. 
Жеке  тұлға  (личность) – әлеуметтік  қарым-
қатынастар  мен  саналы  іс-әрекеттің  біртұтас-
қан  субъектісі.  Студент – ерекше  әсерленгіш 
және  жинақылыққа  бейім  келетін  әлеуметтік 
топ,  жоғары  білім  беру  мекемесінде  оқитын 
ерекше  адамдардың  жиыны.  И.А.Зимняяның 
атап  көрсеткеніндей,  студенттік  кезде  адам 
физикалық  және  психологиялық  қасиеттерін 
барынша  дамытуға  құштар  келеді.  Осы  шақ-
тағы студенттің ерекше байқалатын қабілеті  – 
оқып,  білім  алу  қабілеті.  Осымен  де  байла-
нысты, студент ‰шін  маңызды мәселе  – оқы-
тушылардың  баяндаған  білімін  тыңдау  ғана 
емес,  өзі  білім  алуға  дағдылану [6]. Сондық-
тан  қазақ  тілін  оқытуда  студентті  білім  маз-
мұнын   жалаң жаттауға емес, әрбір жекелеген 
сөзді  «өмірден  тауып  ала  білетіндей»  қабі-
летке ие ететін жобалай оқыту технологиясын 
қолданудың антропологиялық ерекшелігі осы-
дан танылады.     
Қазақ  тілінен  сапалы  білім  алу – болашақ 
мамандардың  тілдік  тұлға  ретінде  қалыпта-
суына негіз қалау. Осымен байланысты, қазақ 
тілін  оқыту  барысында  студент  болашақ  ма-
ман  ретінде  өзінің  тұлғалық  болмысын  жан-
жақты  дамытудың,  қалыптасудың  сапалы  әдіс-
тәсілдерін ‰йреніп, бойына сіңіреді. 
_____________ 
1. Черноволенко В.Ф. Престиж профессии и проблемы 
социально-профессиональной  ориентации  молодежи. – 
Киев: Наукова дума, 1979. – 214с. 
2. Захаров Н.Н. Профессиональная ориентация школь-
ников. – М.: Просвещение, 1988. – 269 с. 
3.  Чистякова  С.Н.  Основы  профессиональной  ориен-
тации  школьников / Учеб.  пособие. – М.:  Просвещение, 
1983. – 112 с.   
4.  Оразбаева  Ф.  Тілдік  қатынас:  теориясы  және  әдіс-
темесі. – Алматы, 2000. – 208 б. 
5. Қадашева  Қ. Тілді ‰йренудің деңгейін бақылау мен 
анықтаудың  жаңа  т‰рлері // Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс 
мектебінде. – 2001. – №1.–30-35 б. 
6.  Зимняя  И.А.  Ключевые  компетенции – новая  пара-
дигма  результата образования //  Высшее образование се-
годня. –2003. –№5.  
 

1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал