Казахский национальный


Нуржанова Ботакоз Нуртанкызы



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет50/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61

Нуржанова Ботакоз Нуртанкызы 
Функционирование языковой проблемы в профессиональной цели 
 
В статье речь идет о том, что отдельная конкретная научная сфера (лексикография) должна иметь свой научный 
язык 
 
Nurzhanov Botakoz Nurtankyzy 
The functioning of the language problem in the professional goals 
 
 In this article it is discussed about the fact that a specific scientific field(lexicography) must have a scientific language. 
 
 
 
 
Г. Нұржігітова 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы 
 
МАМАНДЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
 
 
Білім  беру  ж‰йесінің  алдына  қойған  мақ-
саты  өмір  с‰ріп  отырған  заманындағы  адам-
заттың  прогрестік  даму  ерекшелігіне,  қоғам-
дық-тарихи,  саяси-әлеуметтік,  экономикалық 
жағдайларына сай негізделеді. Қоғам ғылыми 
–  техникалық  тұрғыдан  іргелілеген  сайын 
адамдардың өмірге деген көзқарастары, білім-
ге,  тілді  ‰йренуге  деген  құлшыныстары  к‰н-
нен-к‰нге арта т‰седі.  
Оқу ‰рдісін ұйымдастырудың негізгі және 
басты  формасы – сабақ  екендігі  мәлім.  Мем-
лекеттік  тілді  студенттерге  ‰йретудің  басты 
жолы қазақ тілі сабағын дұрыс ұтымды ұйым-
дастыру  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  тілді  
 
 
‰йретуде студенттің таным белсенділігі қызы- 
ғуының,  тіпті  оқуға  деген  құлқының  төмен- 
деуінің негізгі себептері – сабақтың бір сарын-
ды деңгейде өтуі. 
Оқытушы  әдістемесінде  к‰нделікті  іздені-
сінің  болмауынан  оқытуда  бір  ізділік  пайда 
болады,  ол  бірте-бірте  тіл  ‰йренушілердің 
қызығуын жояды.  
Б‰гінгі  таңда  студенттер  алатын  ақпарат 
жан-жақты  дамып  кетті.  Атап  айтсақ,  Интер-
нет  желісінің,  электронды  поштаның  өсуі, 
к‰нделікті тұрмыста қолданысқа енуі студент-
тердің ойлау ж‰йесінің артуына, ақпараттарды 
мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Сон-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          289 
 
дықтан  оқытушы  студенттермен  тығыз  қаты-
нас  орната  отырып,  шығармашылық  байла-
ныста  болуы  керек.  Соңғы  жылдары  жоғары 
оқу  орнында  қазақ  тілін  мамандыққа  сәйкес 
оқыту тілдің қолданыс аясын кеңейте т‰сті.  
Қазақ тілін оқытуды басқа ұлт өкілдерінің, 
әсіресе,  студенттер  қауымының  ауызша  тіл-
мен  қатар,  мамандығына  байланысты  бағыт-
талған  лексиканы  жазу  әрекеті  арқылы    мең-
гертудің  орны  ерекше.  Оқытушының  басты 
міндеті – болашақ  маман  иегерінің  сөздік 
қорын  мамандыққа  байланысты  лексикамен 
молайту,  жазбаша  тілдік  қатынасты  ж‰зеге 
асыру болып табылады.  
Мамандыққа  қатысты  оқытудың  басты 
мақсаты – өз  мамандықтары  бойынша  алған 
білімдерін  қазақ  тілінде  мамандықтарына  қа-
тысты жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен байы-
тады.  Өз  ойларын  грамматикалық  тұрғыдан  
дұрыс,  логикалық  бірізділікпен  ж‰йелі  жет-
кізуге  ‰йренеді.  Өз  бетінше  ізденуге  м‰мкін-
дік    туғызады.  Лексикалық  тақырыптар  грам-
матикалық  материалдарға  сәйкес  әр  маман-
дықтың  ерекшелігіне  қарай  іріктелініп  алы-
нады.  Оқытушы  студенттерге  ірі  ғалымдар-
дың  өмірі  мен  қызметі    және  ғылыми  еңбек-
терімен танысуына бағыт беріп отырады.  
Б‰гінгі заман талабына сай нарықтық эко-
номика  өркендеген  кезеңде  студенттердің  яғни 
болашақ мамандардың ой-өрісінің жан-жақты 
бай болуы, тілді меңгеруде «қазақ тілі – қазақ 
халқының  ана  тілі»  екендігін  сезіне  отырып 
экономикасын,  мәдениетін  дамытқан  асыл 
мұра ретінде тани білуі қажет.  
Кез-келген  жағдайларда  қоғам  ‰шін  өте 
пайдалы  іс  істеу  ‰шін  болашақ  маман  өз  ма-
мандығынан  бұрын,  адам  бола  білу  маман-
дыған игеріп, қазақ халқының тілін, тарихын, 
мәдениетін  бойына  сіңіріп,  оны  жалғасты-
рушы болып халыққа танылуы тиіс.  
Осы орайда студенттерге қазақ тілін оқыту 
– ең маңызды іс. Қазақ тілін оқыту процесі де 
тіл  дамыту  жұмыстарынсыз  ж‰зеге  асыра 
білуі,  ойын  ашық  айтуы, ‰йреніп  отырған 
тілдің  өзіне  тән  дыбыстарын  дұрыс  айтып, 
сөзді,  буынды  мәнерлеп  оқи  алатын  болуы 
негізгі талаптар болып табылады.  
Оқытушаға қажет білім – әдістемелік  ше-
берлікпен    қарулану.  Студенттің  психикалық 
қабілетін, іскерлігін ұтымды, жетілдіру сабақ-
ты  нақты,  дерекке  с‰йеніп  тартымды  ету  ар-
қылы  мақсатына  жетуі  сөзсіз.  Оқытушының 
еңбегінің  жемісті  болуы  оның  біліктілігіне, 
әдістемелік  шебірлігіне  байланысты.  Оқыту-
шы өз ісін зерттеп жаңашыл әдіс-тәсілдермен 
студенттердің білім сапасын арттыруы қажет.  
К‰нделікті  сабақта  осы  міндеттерді  бас-
шылыққа  алып,  студенттердің  сөздік  қорын  
байытуға  көңіл  бөліп,  сөйлем  құра  білуге, 
байланыстырып  сөйлеуге  жаттықтырып,  көр-
некті  және  техникалық  құралдарды  пайда-
лануға  аса  мен  берген  тиімді.  Белгілі  бір  ғы-
лым  саласынан  толық  мағлұмат  алу  ‰шін, 
терминдерді  игеру,  болашақ  маман – өз  ана 
тілімен  қатар,  мамандыққа  байланысты  cөз-
дерді  ‰йреніп,  сөздік  қорын  байытуы  керек. 
Оны келешекте  қызмет барысында  қолдану – 
олардың  білімді  де  іскер,  жан-жақты,  өз  ма-
мандығын  жетік  меңгерген    терең  білімді  де 
іскер  маман  болуына  аса  қажет.  Осыған  орай 
химия  пәніне  қатысты  терминдерді  оқыту  
процесі  олардың  мамандықтарына  байла-
нысты.  Сабақ  барысында  периодтық  ж‰йе, 
периодтық  заң,  бейметалл,  топша,  элемент 
атомдық  масса  терминдері  іріктеледі.  Сабақ-
тың  тақырыбымен  мазмұнына  сай  сөздермен 
жинақталады.  Сабақтың  мақсаты  жаңа  сөз-
дерді  меңгерту, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру,  
сөздік  қорларын  молайту  сабаққа  ынтасын 
арттыру және қалыптастару сөздерге сөйлемді 
дұрыс құра білуіне дағдыландыру. 
Осыдан  кейін  студент,  біріншіден,  эле-
менттердің  қазақша  атауымен  танысады,  жа-
дында  сақтайды.  Екіншіден,  элементті  сипат-
тағанда реттік, бөлшектік сан есімдерді меңге-
реді, әрі пысықтайды.  
‡шіншіден, мамандыққа байланысты етіс-
тіктерді  меңгереді.  Мысалы:  артады,  кемиді, 
өседі, азаяды т.б.  
Төртіншіден,  етіс  категорясын  оның  ішін-
де ортақ етісті пысықтайды.  
Мысалы: әрекеттесу, байланысу, қосылысу 
т.б.  
Кестедегі  элементтердің  физикалық,  хи-
миялық  қасиеттерін  еркін  сипаттап  ‰йренген 
студент  екінші  кезеңдегі  осыдан  туындайтын 
химиялық  қосылыстар,  тұздар,  қышқылдар, 
сілтілер, тотықтар тақырыбын өзі білетін тұз-
дардың,  қышқылдардың  аттарын  айту,  фор-
маларын  жазу,  оларды    қазақша  оқи  білуге 
дағдыландырады.  Осы  мәтіндерден  көптеген 
етістіктер меңгеріледі. Мысалы: т‰зіледі, ұшып 
кетеді, шығады, кемиді, артады, алынады т.б.  
Ендеше  термин  сөздермен  жұмыс  жасау 
оларды  әлі  тереңірек  зерттеп  оқытудың  тиім-
ділік жолын ізденуді қажет етеді.  

290                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Мамандыққа  тиімді  оқытудағы  негізгі  мә-
селенің  бірі  болып  табылатын  термин  таныту 
жұмысындағы  бағыт-бағдар  деп  білеміз.  Мұ-
ның ғылыми жағынан негізгі әр ж‰йелі болуы 
маман-химиктермен  бірге  отырып  жұмыс  жа-
сағанда  ғана    ж‰зеге  асатыны  анық.  Қазақ 
тілінен  сабақ  беретін  оқытушының  да  аянбай 
еңбек  етіп,  әр  пәннен  сөздіктерін,  термин- 
дерін  жасауды  өзінің  борышы  деп  санағаны 
дұрыс.  
Ал  екінші  жағынан    тіл  ‰йрету  әрекетінің 
мынадай  ‰лгілерін  ұсынар  едік.  Ол  оқу  ‰рді-
сінің  болашақ қызмет  аясында жиі кездесетін 
жағдаяттар  ойын  арқылы  кірістіріледі.  Осы 
орайда  рөлдік  ұйымдастырылған  ойындар 
оқытуда  жедел  оқыту  әдістеріне  тән  шарттар 
барынша толық ж‰зеге асады.  
1.  Студенттердің  оқу  әрекетінің  әр  т‰р-
лілігі,  жұмыс  т‰рлерінің  ‰демелі  дамуда  өз-
геріп, кезекпен ауысып тұруы.  
2.  Оқу  ‰рдісінің  элементтері  студенттер-
дің  өзара  әрекеттері  барысында  іске  асып,  
оқу  әрекетінің  тұлға  аралық  тілдік  қатынаста 
ашылуы.   
3.  Оқу  барысында  қазақ  тілін  ‰йренуші-
лердің алдында жеке  тұлғаға қатысты  маңыз-
ды  міндеттердің  қойылуы.  
Ойынның  ерекше  қасиеттерінің  бірі – ол 
оқудың  эмоциялық  мәнін  жоғарылатады  тіл 
‰йренушіге  қажетті  барлық  жағдай  туады. 
Студенттердің  сабаққа  қызығушылығын  арт-
тырады.  Әрине  сабақта  рөлдік  ойындар  мен 
тапсырмалар  дәст‰рлі  әдіспен  оқытуда  да 
қолданылатыны белгілі.  
Сабақтың рөлдік ұйымдастырылуы  тілдік 
материалды  шығармашылықпен  қолдану    ке-
зеңінде  ғана  емес,  жаңа  грамматиканы  кіріс-
тіру кезеңінде де қажет.  
Оқытушы  игерілетін  грамматикалық  фор-
маны  қатысымдылық  тапсырмалар  арқылы 
ұсынылады.  Осыны  студент  ойын  т‰рде  қа-
былдап,  берілген  тапсырмаларды  орындау 
барысында өзіне байқаусыз жаңа лексика /тер-
мин сөздерді/ мен грамматикалық материалды 
да меңгереді.  
Оқытушы мұқият ойланып тапсырмаларды 
өзгертіп,  ауыстырып  отырады.  Осыған  байла-
нысты  студент  белгілі  бір  көлемдегі    лексика 
мен  грамматикалық  материалдарды  бірнеше 
рет  қайталайды.  Осы  сабақтың  берген  жақсы 
нәтижесі  білім  деңгейлеріне  қарай  рөлдік 
этюд,  ролдік  ойын,  дискуссия  т‰рінде  ұсы-
нады. Ойын т‰ріндегі қатысымдық бағыттағы 
тапсырмалар ‰йренушілерді  әрт‰рлі әлеумет-
тік  және  кәсіптік  рөлдермен  беттестіреді. 
Сабақтағы ойындардың бірінде ойнай отырып 
мемелекеттік  тілді  білу  көпұлтты  ұжымдағы 
басшы беделін көтеретінін, кәсіптік – іскерлік 
қатынастарды  кеңейту  сияқты  мәселелерді  
шешетініне    көз  жеткізеді.  Қазақ  тілінің  қо-
ғамдағы    маңызын  т‰сінеді.  Осылайша  қазақ 
тілінде  кәсіптік  іскерлік  тілдесімге  ‰йрене 
отырып    студент  белсенді    әлеуметтік  тұлға 
ретінде  қалыптасады.  
Оқу  ‰рдісінің  рөлдік  ұйымдастырылуы 
студенттер  арасындағы  өзара  жауапкершілік 
қатынас сезімін туғызады.  
Студенттер  шағын  топпен  жұмыс  істейді. 
Табысқа жету ‰шін ұжымдағы әрбір м‰шенің  
тілдік  қатынасқа  құрылған  ойын  тапсырма-
ларын  дұрыс  орындалуына  және  ұжымның 
жаппай  ұйымшылдықпен  жұмыс  істеуіне 
байланысты. Сондықтан студенттер ойындағы 
сыңарын  с‰ріндірмеуге  тырысады.  Тіл  ‰йре-
нушілер  өзіне  барынша  сынай  қарап,  өзгеден 
‰йренеді.  Жоғары  оқу  орында  оқитын  сту-
денттерді  мамандыққа  бейімделу  ‰шін  қол-
данылып  ж‰рген  рөлдік  ойынның  қысқаша 
сценарийін  ұсынамыз.  Рөлдік  ойынның  та-
қырыбы: 
«Химия зерттеуші». Рөлдік ойында өткізу-
дің мақсаты: кәсіптік қатынас саласында өзін-
дік  жұмыс  дағдысын,  сөйлеу  дағдысы  мен 
біліктілігін қалыптастыру мен дамыту әр т‰р-
лі ақпарат  көздерінен өз бетінше білім жинау-
ға  оларды  ой  елегінен  өткізіп,  кәсіптік  сала-
сында  шығармашылықпен  қолдана  білуге, 
топпен  жұмыс  істеуге    дағдыландыру  химия 
саласынан  зерттеуші  мамандықты  игерген 
маман тәрбиелеу. 
I. Дайындық кезең: 
а/ сұрақтар құрау 
ә/ қатысушылардың сайыс ережелерімен та-
нысуы  
б/  рөлдерді    бөлу:  топ  жетекшілері,  қазы-
лар алқасы, ж‰ргізуші 
II.  Негізгі кезең: 
а/ ж‰ргізушінің кіріспе сөзі 
ә/ әрт‰рлі сұрақтар 
б/ мамандық жайлы  айту 
в/ термин сөздерді қолдану 
г/ сайыс қорытындысын шығару 
Міне,  рөлдік  ойындар  мен  пікірталас  сту-
денттер тілін дамытуда ерекше рөл атқарады. 
Студент  мәдениетті  т‰рде  сөйлей  білуге  жат-
тығады.  Сөз  тіркестері  мен  сөйлемді  дұрыс 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          291 
 
құра білуге, орынды қолдануға ‰йреніп, сөздік 
қорын  кәсіби  лексикамен  толықтырады.  Осы 
рөлдік ойынның мақсаты – студенттің маман-
дыққа  қатысты  лексиканы  меңгеруге  деген 
ынтызарлығын  ояту,  тілдік  қатынас  жасауға 
талабын  ашу.  Тиімділігі – ойындар  ойнау  ке-
зінде  тілдік  қатынастар  ерекше  маңызға  ие 
болады.  
Нәтижесі – тіл ‰йренушілердің өз бетінше 
тілді ‰йренуге септігін тигізеді, тілін дамытады. 
 ____________ 
1.   «Ұлағат» журналы. №5, 2005 ж  
2.  «Қазақ  тілі  және  әдебиеті»  журналы.  №2,  №4,  №6, 
№8, №102005 ж 
3.  «Казахский язык в русской школе» №5 2005 ж 
 
Г. Нуржигитова 
Эффективные методы обучения языка связанные со специальностью 
 
В данной статье рассматриваeтся методика обучения связанная со специальностью 
 
G. Nurzhigitova 
Effective methods of teaching the language associated with the profession 
 
This article discusses the technique of training related to the  specialty 
 
 
 
 
А. М. Рахимова, 
Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура институты.  
Алматы қаласы, rakhimova-86@mail.ru 
 
АДАМНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ СИПАТЫ: ШЕШЕНДІК СӨЗ ӨНЕРІ 
 
 
Лингвистикалық  тұрғыдан  алғанда  интел-
лект  адам  сипатын  білдіретін  семантикалық 
өрістің  жаһандық  мәселелерінің  құрамдас 
бөлігі  ретінде  қарастырылады.  Адам  интел-
лектісін  тексеру  немесе  интеллектуалдық  си-
патының  деңгейін  анықтау  (адамның  интел-
лектісі  ойлау  қабілеті,  білімі,  әрекетіне  бай- 
ланысты  төмен  және  жоғары  болуы  м‰мкін) 
бірден  бір  жолы – сөйлеу  әрекетін  бақылау. 
Адамның  мәдениеті,  әлеуметтік  мінез-құлқы 
және ойлау ж‰йесі тілден және сөйлеуден тыс 
болуы  м‰мкін  емес.  Осыған  байланысты  пси-
хологтар  арасында  ойлау  мен  сөйлеу  әрекет-
тері  бір  мағына  беретін,  бірдей  қызмет  атқа-
ратын құбылыс па деген сұрақ туындаған. Біз 
Дж.  Уотсонның: «менің  ойымша,  ойлау  ‰де-
рістері  тек  қана  сөзді  дыбыс  арқылы  шыға-
рудың моторлық дағдылары болып табылады» 
деген  ойымен  келісеміз.  Оның  айтуынша, 
«ойлау – бұл  жасырын  сөйлеу» [1, 22]. Осы 
мәселеге  қатысты  орыс  психологтарының 
сәбидің  психологиясына  ж‰ргізілген  зерттеу-
лерін назарға алуға болады. Мысалы, И.М.Се-
ченов  бала  әрқашан  ойлап  тұрған  нәрсесін 
айтып  тұрады,  бес  жастағы  баланың  ойы  сөз 
арқылы  немесе  ерін  мен  тілдің  қозғалуымен 
сыбыр  арқылы  беріледі  деген  пікір  келтірген 
[2, 103]. Расында да солай, кейбір кезде ересек  
 
 
адамдардың  да  ойлауы  мен  сөйлеуінің  қатар  
келуі байқалып қалады. Осылайша, ойлау мен 
сөйлеудің  тығыз  байланысты  екені,  олардың  
балалық  шақта  айқын  байқалып,  адам  есей-
геннен  соң  санасының  артуына  байланысты 
ойлау  кезінде  анық  сөйлеу  реакциясы  бол-
майды, жасырын қалыпқа т‰седі.  
Тілдік  қатынастың  адам  санасымен  бай-
ланысы  туралы  психолог  ғалымдардың  пікір-
лері  көп. «Тек  жақсылық  (мейірімділік) ‰шін 
ғана  емес,  сондай-ақ  жамандық  (зұлымдық) 
‰шін  де  тіл  бізді  адам  жасады.  Тілсіз  болсақ, 
біз тура иттер мен маймылдар сияқты болатын 
едік.  Тіліміз  барда  біз  адамбыз,  бірде  бір  жа-
нуар  қол  жеткізе  алмас  қылмысқа  да,  қаһар-
мандыққа да, интеллектуалдық жетістікке бір-
дей қабілетті, дей тұрғанмен көбінесе санасыз 
хауанның т‰сіне де енбеген ақымақтыққа бара 
алатын еркек пен әйелміз» деп Олдос Хаксли 
Д.Слобин  мен  Дж.Гриннің  «Психолонгвис-
тика» кітабының алғы сөзінде жазған. 
Бұл жерде біз адам ж‰йелі, сапалы сөйлей 
білсе  ғана  ойлы,  интеллектуалдық  қабілеті 
жоғары  болып  саналады  деген  пікірді  айтпақ 
емеспіз,  тек  сөйлеу  (тұжырымды  сөйлеу) – 
адамның  интеллектуалдық  сипатын  таны-
татын  бірден  бір  көрсеткіш  екенін  меңзеп 
отырмыз.  Осы  тұрғыда,  халқымыздың  ше-

292                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
шендік  өнері  адамның  ақыл-ой  ж‰йесінің 
даму  деңгейін,  сөйлеу  мәнерінің  ерекшелігін, 
ойын астарлап жеткізе білуін – жалпы ж‰йелі, 
тартымды  әрі  көңілге  қонымды  сөз  саптауын 
ой-сана  елегінен  өткізіп  айтатындығын  көр-
сетеді.  Шешендік  өнердің  даму  тарихына 
ғалым    Г.Қосымова: «Шешендік  өнерді  зерт-
теген  ғалымдар  шешендік  өнерді  билер  сөзі-
мен  байланыстырып,  шешен-билердің  ұтым-
ды,  тапқыр  сөздерін  көркем  сөз  ретінде    қа-
растырып  келді...  Халқымыздың  ғұмырнама-
лық  тарихында  билер  халықтың  мұңын  мұң-
дап,  жоғын  жоқтаушы,  ұлтты  ұйыстырушы, 
елінің  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  мемле-
кеттік  мәмілегер,  ру-тайпалардың  басын  қо-
сып  біріктіруші,  халқының  салт-дәст‰рін  бе-
рік  ұстанушы,  бабалардың  кемеңгерлік  саяса-
тын  алға  апарушы,  кемел  ойдың,  ұлы  дана-
лықтың қайнар көзі, ұрпақ тәрбиесін ұлы мұ-
рат еткен парасатты тәрбиеші, саңлақ өнерпаз 
қызметін  атқарып  отырды»  деп,  шешендіктің 
тарихын  баяндау  арқылы  оны  адамның  жо-
ғарғы  санасымен  байланыстыра  айтады    [3, 
98]  да  шешендік  сөздің 4 сапалық  белгісін 
көрсетеді,  олар:  шешендік  сөздің  мазмұнды-
лығы,  сөздің  дәлдігі  және  ойдың  айқынды-
лығы, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі. Осын-
дай  бөліністерді  көрсете  отыра,  зерттеуші 
«шешендік  сөз  ақыл-парасатқа  негізделсе, 
мазмұнды  болады. «Ақыл», «парасат», «ес» 
сөздері  белгілі  дәрежеде  «мән», «мағына» 
сөздерімен  төркіндес.  Шешендік  сөздің  маз-
мұндылығы  сөйлеушінің  ақыл-ой  дәрежесіне, 
жан-жақты  білімділігіне  байланысты» [3, 98]  
 
деген  орынды  тұжырым  жасайды.  Демек,  
мәні, мағынасы құнарлы, ойға қонымды, көп-
шілік  көрерменге,  тыңдарманға  немесе  оқыр- 
манға  жетік  әрі  тоқтамды,  шындыққа  жана-
сымды  сөз  сөйлеу  ‰шін  адамның  интеллек-
тісінің  ең  бірінші  қызметте  екендігі  дау  ту-
дырмайды.  
Жоғарыда  атап  өткендей,  адам  интеллек-
тісі көрсеткіштерінің бір тармағы – шешендік-
тің  концептуалдануына  мән  берген  жөн. 
Концептілердің  жеке-жеке  жасалмайтындығы 
белгілі. Б‰гінгі таңда лингвистикада концепті-
лердің арақатынасы, олардың өзара әсері өзек-
тілік  танытып  отыр.  Осылайша, «интеллект» 
концептісін  зерттеу  адамды  сипаттайтын  се-
мантикалық  өрісті  көрсету  сияқты  мәселе- 
нің  құрамдас  бөлігі  болып  отыр.  Сондықтан 
адамның  интеллектісінің  белгілеріне  толық 
тоқталу  ‰шін  алдымен  жеке-жеке  қарас- 
тыру  мақсатында  адамның  шешендігіне  ке-
лейік.    
Негізінен  «шешен»  ұғымын  «интеллект» 
макроконцептісінің  құрамына  енетін  базалық 
концепт ретінде қарастыруға толық негіз бар. 
Себебі, «шешен» сөзі, біріншіден, тілмар, тап-
қыр, екіншіден, ресми жиындарда шығып сөй-
леуші  адам  (оратор)  деген  мағынаны  береді 
[ҚТТС, 915] және  адамның  интеллектуалдық 
сипатын  танытатын  жан-жақты  т‰сініктерді 
қамтиды. Мәселен, базалық концепт «шешен» 
сөзі деп алсақ, тіліміздің мол сөздік қорының 
арқасында  оның  микроконцептілерін  таратып 
көрсетуге  м‰мкіндік  бар.  Оны  ж‰йелі  кесте 
арқылы көрсетсек: 
   
Макроконцепт  Базалық 
концепт 
Микроконцепт
Микроконцептінің т‰сіндірмесі 
(ҚТТС) 
 
 
 
И 
 
Н 
 
Т 
 
Е 
 
Л 
 
Л 
 
Е 
 
 
 
 
 
 
 
Ш 
 
Е 
 
Ш 
 
Е 
 
Н 
Тапқыр  
Тез ойлап, тымды сөз айта алатын 
алғыр, зерек (782 б.) 
Сөзшең  
Көп сөйлегіш, сөзуар (740 б.) 
Сөзуар  
Шешен, тілмар, сөзшең (740 б.) 
Тапқыш  
Таба білетін, зерек, тапқыр (782 б.) 
Ойлы  
Сана-сезімі мол, ақылды, саналы (625 
б.) 
Парасатты  
Ақылды, ойлы, білімді, зерделі (668 б.)
Пайымдағыш, 
пайымшыл 
Бір нәрсені байқағыш, аңғарғыш (665 
б.) 
Көзді  
ауысп. Білімпаз, көзі ашық (406 б.) 
Көкіректі  
ауысп. Көзі ашық, есті, тәжірибелі (410 
б.) 
Шебер 
Ұсталық, ісмерлік, іскерлік, білгірлік 
(910 б.) 
Аңдағыш, 
Аңғарғыш, сезгіш, аңғарымпаз (49 б.) 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          293 
 
 
К 
 
Т 
 
 
 
аңдампаз 
Зерделі  
Ақылды, саналы, зейінді, есті (345 б.) 
Зейінді  
Қабілетті, дарынды, алғыр, ынталы 
(344 б.) 
Тілді  
Тілге ж‰йрік, сөзшең, ділмар; тілі 
өткір, ащы, улы (746 б.) 
Білгір  
Көп білетін, білімдар, білімді (164 б.) 
Білікті  
Жан-жақты т‰сінігі бар, білімді (165 
б.) 
Білімдар  
Көп білетін, білгір, білімді (165 б.) 
 Ақылман  
көне. Ақылгөй, ақылшы (35 б.)  
Алғыр  
Зейінді, зерек, ұғымтал (40 б.) 
Кемеңгер  
Дана, данышпан (302 б.) 
Санагер  
Ойшыл, дана адамдар (706 б.) 
Данышпан  
Ақыл-білімі асқан ойшыл адам (187 б.)
 
Кесте  бойынша  «инлеллектіні»  макрокон-
цепт, «шешенді»  базалық  концеп  және  ше-
шендіктің  семантикалық  құрамдас  бөліктерін 
микроконцептілер  деп  алуымызға  В.И.Убий-
коның  концепт  тақырыбына  арнаған  зерттеуі 
негіз  болып  отыр.  Онда  ол: «Суперконцепты, 
макроконцепты и базовые концепты представ-
ляют  собой  объемные  ментальные  образова-
ния,  вбирающие  в  себя  не  только  инвариант 
значений  репрезентирующего  слова,  но  и  ин-
вариант  его  словообразовательного  гнезда  и 
одновременно семантического поля. Этот объем 
заполняет  его  параметры.  Чем  больше  пара-
метры, тем больше объем концепта» деген пікірі  
т‰рткі  болып  отыр.  Осылайша,  суперконцепт  
астарында  мағынасы  бойынша  неғұрлым  кө-
лемді ментальді бірліктер, неғұрлым аз тізбек 
құратын  бірліктер – макроконцептілер,  ал 
олардың  құрамына белгілі  бір  шынайы құбы-
лыстар  туралы  т‰сінік  ортасын  қалыптасты-
ратын  базалық  концептілер  енеді  және  одан 
кейінгі  семантикалық  топ – микроконцеп-
тілер.  Міне,  кестеде  бөлініп  көрсетілген 22 
концептіні  осындай  тұжырымнан  соң  жи-
нақтап  отырмыз.  Осы  бағытта  зерттеу  ж‰ргі-
зуші  ғалымдардың  (Ж.Д.  С‰лейменова,  
Л.К. Жаналина, К.К. Д‰йсекова, А.М Байғұтова, 
А.Б.  Әмірбекова)  ой-тұжырымдарын  саралай  
келе, белгілі бір абстрактілі немесе нақты зат-
тар  мен  құбылыстар  туралы  мәлімет-т‰сінік-
тердің жиынтығы концептілерді құрайды.  
Қай  халықтың  болсын  шешендік  өнері 
белгілі  бір  тарихи  кезеңнің,  белгілі  бір  әлеу-
меттік  ортаның  (хандар,  сұлтандар,  ақын-жы-
раулар, би-шешендер) және сол кезең мен ор-
таның қалыптасып, дамуына байланысты адам 
баласының  сана-сезімі  деңгейіне  байланысты  
 
анықалады. Мәселен, б‰гінгі таңда біздің елі- 
мізде  өмір  с‰ретін  адамдардың  интеллектілік 
көрсеткішін  анықтаудың  сан-салалы  жолдары  
болса,  ежелгі  дәуірден  бастап  ХІХ  ғасырға 
дейін шешендік қабілеттің жемісі, т‰рлі жазба 
мұралар арқылы, тарихи деректерден ғана сол 
кезең адамдарының интеллектуалдық сипатын 
анықтауға  болады.  Осы  орайда,  орыс  психо-
логы  Б.Г.Ананьев  «интеллектуальное  разви-
тие,  неразрывно  связанное  с  образованием, 
имеет  свои  критерии  умственной  зрелости, 
связанные  с  определенным  объектом  и  уров-
нем знаний, свойственных данной системе об-
разования в данную историческую эпоху» деп 
жазған [4, 37].  
Шешендік  өнер – ойлау  ж‰йесінің  шы-
рынды жемісі. «Ойлау мен тіл тамырлас. Екеуі 
де  жұмбақтай  к‰рделі  құбылыс.  Ойды  ойда-
ғыдай  жеткізу  ‰шін  оралымды,  икемді  тіл 
қажет. Нағыз шешен қапияда ой тауып немесе 
ойлап,  ойша  сөйлеп,  лайықты  тапқыр  тілмен 
өрнектеп жеткізеді. Оның құдіретті миы, ақыл-
санасы  еш  уақытта  тыным  таппайтын  алып 
фабрикаға ұқсайды» [5, 22].  
Басты  құралы  сөз  болып  табылатын  ше-
шеннің айтқандары  тыңдаушысының көңіліне 
ұялаудың  өзі  асқан  өнерпаздықты,  дарын-қа-
білетті  керек  қылады.  Шешеннің  интеллек-
туалдық сипатын д‰ниедегі т‰рлі құбылыстар-
ға,  болмысқа,  қоғамдық  оқиғаларға  немесе 
басқа адамдарға, сана-сезімге қатысты айтқан 
сөздернінен  анықтауға  болады.  Мысалы  өз 
кезінде  Бөлтірік  шешен  ж‰рген  ортасына  ас-
қан ақылдылықпен айтылған терең мазмұнды 
ойларын  қалдырып  ж‰рген.  Ол  бір  кезде  Те-
зектөренің  «Азбайтын,  тозбайтын  байлық 
қандай  болады?  Қайтпайын,  таймайтын 

294                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
қолдаушың  мен  қорғаушың  қандай  болады? 
Жарығы  тұтас  елге  т‰скен  қасиетті  шырақ 
қандай  болады?  Жел  жетпес  ж‰йрік,  асыл 
текті  пырақ  қандай  болады?»  деп  көпшілік 
алдында қойған сұрағына саспастан:  
«Д‰ниеде азбайтын бйлық біреу,  
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде тозбайтын байлық біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде қайтпайтын қолдаушың біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде таймайтын адал қорғаушың біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде  жарығы  тұтас  елге  т‰сетін  қа-
сиетті шырақ біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде ердің басына қонатын бақ біреу, 
Ол – ақыл. 
Д‰ниеде елдің басына қоятын тақ та біреу, 
Ол – ақыл. 
Ақылсыз басқа қонса, бақ баянсыз, 
Нақылсыз насқа қонса, тақ баянсыз. 
Құдай ақылсыз бас болғаннан сақтасын». 
Сондай-ақ, сөздің де адам санасының жемісі 
екендігін атай кете, былайша т‰йін жасаған:                  
«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөден ащы нәрсе 
жоқ.  Сөзден  жеңіл  нәрсе  жоқ.  Сөзден  ауыр 
нәрсе жоқ. Сөзді тіліңе билетпе, ақылыңа би-
лет.  Ақылыңды,  сөзіңді  ақылсызға  қор  етпе, 
ақылдыға  айт.  Не  сөйлейтініңді  біл.  Кімге 
сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. 
Қалай сөйлейтініңді біл».  
Шешендік сөздер тек қана адамның ақыл-
ой,  санасына  байланысты  емес,  әлеуметтік-
қоғамның  кез  келген  мәселесіне  қатысты  ай-
тылған.  Ең  бастысы,  олардың  мазмұны.  Сол 
сияқты Ақтамберді жырауда: 
Мінезді болса алғаның, 
Одан артық жан бар ма, 
Екі жаман қосылса, 
К‰нде жанжал, к‰нде шу. 
Ұяларлық ар бар ма?) 
Шал ақында:  
Келін жақсы болса –  
‡йіңе көп кісі келеді. 
Келін жаман болса – 
Келген кісі кеткісі келеді. 
Ас құй десең төккісі келеді, 
Төкпей құй десең сөккісі келеді-
 деген мол 
тәжірибе  мен  білімнің  шешендік  толғауы  ар-
қылы қорытылып берілуі бар.  
Шешендіктің  асыл  ‰лгісін,  интеллектінің 
бұлжымас  белгісін  мына  тарихи  оқиғадан  да 
байқауға болады:   
«Жиренше  шешен  жолаушылап  ж‰ргенде 
әйелі  Қарашаш  кенеттен  д‰ние  салады.  Са-
пардағы шешенге бұл қайғылы хабарды қалай 
естіртуді  білмей,  ел  қиналысады.  Сонда  қой 
соңында  ж‰рген  бір  тазша  бала: «Мені  апа-
рыңдар, мен естіртемін», - депті.  
13  жасар  тазша  баланы  алып,  ауылдың 
ақсақалдары Жиренше жатқан ауылға келеді. 
Биік  төбенің  басында,  д‰йім  жұрттың  ор-
тасында  Жиренше  шешен  отыр  екен.  Тазша 
бала Жиреншеге келіп: 
-  Ассалаумағалейк‰м,  ақылы  елден  асқан 
Жиренше аға! Сізді аузымен құс тістеген, ақ-
қан өзенді тоқтатқан шешен дейді. ‡ш сұрақ-
қа мұрсат беріңіз, - депті. 
Жас  баланың  батылдығына  риза  болған 
шешен мойын бұрып: 
 Айта ғой, - депті ықыласы т‰сіп. 
–  Бауырың  өлсе  недейміз? – депті  Тазша 
бала.  
– Бауырың к‰йіп т‰сті десейші. 
– Балаң өлсе не дейміз? 
–  Қос  б‰йрегіңді  тірідей  суырып  алды 
десейші. 
–  «Қатын  өлсе,  қамшының  сабы  сынды» 
дейміз ғой онда, аға? – депті Тазша бала. 
–  Жоқ,  қарағым.  Жарың  өлсе  ошағыңның 
к‰лі  шашылып, 32 қабырғаңды  сөгіп  алдым 
десейші! 
–  Ал,  аға,  б‰кіл  қабырғаңызға  қалқан 
боламыз  деп  қалың  ел-жұртың  келіп  тұр, - 
дегенде Жиренше секем ала: 
–  Әй,  көбейгір,  балаларымның  анасы, 
‰йімнің  жарық  панасы,  көзімнің  қарасы, 
Қарашашым  арманда  кеткен  екен-ау  д‰ние-
ден, - деп  ботадай  боздағанда  сақалынан 
алты тарам жас ағыпты деседі. 
Демек, шешендік адамның жасына да, жы- 
нысына да, әлеуметтік ортасына да, қоғамдық 
беделіне  де  қарамай  қалыптасып,  дамитын 
қабілет. Жалпы, шешендікің туындыларын тек 
қазақ  халқының  фольклорлық  шығармалар 
жинағынан  мыңдап  қарауға  болады.  Кез  кел-
гені терең ой, астарлы интеллектуалдық сырға 
толы. «Шешен»  концептісі,  сонымен  қатар, 
«ораторлық», «сұлулық», «конструктивтік сөз 
(ой)», «мәдениет», «этика», «дайындық», «ба-
тылдық», «логика», «дикция», сынды қызметі 
мен танымдық тұрғыдан бір-біріне жуық ұғым-
дармен жуық.   
Сонымен, «шешен» базалық конептісі бір-
неше микроконцептілерден тұратындығын және 
олардың  әрқайсысы  шешендікті  анықтауда 
қажетті  ұғымдар  екендігін  анықтадық.  Хал- 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          295 
 
қымыздың  ұлттық  танымымен  тығыз  байла-
нысты,  енталді  сана-сезімімен  орайлас  «ше-
шендік»  қай  кезде  болмасын,  ең  алдымен, 
адамның  интеллектуалдық  сипатын  таныта-
тын концепт.  
  ____________ 
1.  Уотсон Дж. Геология и человек. –Л.: Недра, 1986.-185 с. 
2.  Сеченов  И.М.  Психологические  этюды.-СПб., 
1873.-225 с. 
3.  Қосымова  Г.  Қазақ  шешендік  өнерінің  негіздері 
(Оқу құралы). –Алматы, «Білім», 2003.-260 бет. 
4.  Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 
2-х т. Т.I.-М.: Педагогика, 1980.-232 с. 
5.  Негимов  С.  Шешендік  өнер. -Алматы:  Ана  тілі, 
1997. 208 бет. 
6.  Қазақ тілінің т‰сіндірме сөздігі.-Алматы, 2008. 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет