Казахский национальный


Тасымов Асылбек. Талгат Сайрамбаев – знаток раздела синтаксиса казахской языкознании



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет5/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

        
      Тасымов Асылбек. Талгат Сайрамбаев – знаток раздела синтаксиса казахской языкознании. 
Tasymov Asylbek. Talgat Sayrambaev - an expert of the syntax section of the Kazakh language 
 
 
 
 
Т. Н. Ермекова 
ҚазМемҚызПУ профессоры, ф.ғ.д., ken_tina@mail.ru 
 
CИНТАКСИСТІК Ж‡ЙЕНІ ТҰТАСТЫРА ЗЕРТТЕУШІ ТҰЛҒА 
 
 
Қазақ  тіл  ғылымының  синтаксис  саласы – 
ерекше  бағы  бар  сала. Қазақ  лингвистика  ғы-
лымының негізін қалаушылар А.Байтұрсынов, 
Қ. Жұбанов,  С. Аманжоловтар салған сәулет-
ті соқпақтан бастау алып, қазақ тіл ғылымын-
дағы тұңғыш академик Н. Сауранбаевтың док-
торлық диссертациясының құрмалас сөйлемге 
арналуы,  профессор  М.Балақаевтың  сөз  тір-
кесі синтаксисін қалыптастыруы, д‰ниеден өт-
кен  қазақ  тіл  білімінің  көрнекті  тұлалары    
М.  Серғалиев,  Т.  Сайрамбаев,  Ә.  Аблақов,  
Қ.  Есеновтер  мен  б‰гінгі  корифейлері  
Р.  Сыздық  пен  Р.  Әмір,  сондай-ақ  профессор                   
Б.  Шалабай  мен    Ж.Жақып    сынды  талантты 
ғалымдарының  қалам  тезіне  т‰скен  сала!  Ке-
ңестер  Одағы  тұсында  бір  саладан 7-8 док-
торы болған қазақ тіл білімінің саласы кемде-
кем. Мұндай ғылыми әлеует т‰ркі тілдес өзге 
мемлекеттерде  де  некен-саяқ  еді.  Құрылым-
дық  грамматика  ‰стемдік  құрған  өткен  ғасыр 
тілдік  зерттеулерді  шектеді,  тар  шеңберде 
қарады,  тек  соңғы  жылдары  келген  антропо-
центристік  парадигма  ғана  кең  өлшемді,  то-
лыққанды  зерттеулерге  жол  ашты  деп  жата-
мыз.  Ал  адамзаттың  сөйлеу  прцесінен  туын-
дайтын объектіні нысан ететін грамматиканың 
синтаксис  саласы  сол  ғасырдың  өзінде-ақ  ға-
лымдарды  әлдеқайда  «жанды»  салаларға  же-
теледі.  Алғашқы  ғылым  әлеміндегі  қадамда-
рын синтаксистен бастаған ғалымдар М. Бала-
қаев, Р. Сыздықова, М. Серғалиев, Б. Шалабай 
еңбектерінің  тіл  мәдениеті,  стилистика,  мәтін 
теориясы т.т. сияқты адам арқылы зерттелетін  
салаларға  ауысуы  кездейсоқ  құбылыс  емес. 
Сондықтан  да  қазақ  синтаксисінің  мектебі 
қашан да  өзекті, қашан да мәртебелі!  
Осы  қазақ  синтаксисі  мектебінің  дамуына 
профессор  Т.  Сайрамбаевтың  қосқан  ‰лесі  
зор.  Ол  жөнінде  ғалым  Б.  Шалабай  былай  
 
 
дейді: «Т.Сайрамбаев – қазақ  тілі  синтаксисі-
нің  ірі  маманы,  ол – ұстазы,  қазақ  тіл  білі-
мінде  «Сөз  тіркесі»  ілімінің  негізін  салушы 
және сөз тіркесі синтаксисінен өзінің мектебін 
қалыптастырған ірі ғалым, профессор Мәулен 
Балақаевтың  ілімін  ары  қарай  дамытушы, 
соны  жалғастырушы  шәкірттерінің  бірі,  тіпті 
бірегейі деуге болады»[1]. 
Расында да ғалым Т. Сайрамбаев өз ұстазы 
М.  Балақаевтың  сөз  тіркесі  синтаксисіне 
қатысты  теориялық  тұжырымдарын  одан  әрі 
дамытты.  Әсіресе  Т.Сайрамбаев  есімі  қазақ 
тіл білімінде сөз тіркесінің жалпы мәселелері-
мен  бірге  к‰рделі  сөз  тіркестерімен  байла-
нысты  аталады.  Докторлық  диссертациясына 
арқау болған бұл тақырыпқа қатысты бірнеше 
көлемді  зерттеу  еңбегін  арнады. «К‰рделі  сөз 
тіркестерінің  кейбір  мәселелері», «Қазіргі 
қазақ  тіліндегі  к‰рделі  сөз  тіркестері», «Струк-
турно-семантические  типы  сложных  словосо-
четаний  в  современном  казахском  языке» 
деген  атпен  жарық  көрген  еңбектерінде  к‰р-
делі сөз тіркесінің типтері мен байланыс фор-
маларына,  тіркестің  к‰рделену  процесіне  қа-
тысты  ашқан  жаңалықтары  мен  тілдік  факті-
лер негізінде жасаған тың тұжырымдары кеңес-
тік ғалымдар тарапынан да қолдау тапты. 
Ұзақ  жылдар  бойы  зерттеу  ж‰ргізу  нәти-
жесінде  ұсынған  докторлық  диссертациясы 
мен  соның  негізінде  жазылған  монография-
сында  к‰рделі  сөз  тіркестерін  есімді  к‰рделі 
сөз  тіркестері  және  етістікті  к‰рделі  сөз  тір-
кестері деп екі топқа бөліп, әр топтағы тіркес-
тердің  құрылымдық-семантикалық,  функцио-
налдық  ерекшеліктеріне  мән  береді.  Бұл  кез-
де,  әсіресе  к‰рделі  зат  есімді  тіркестерге  қа-
тысты  еңбектер  мардымсыз  еді.  Профессор  
М.  Балақаев  тілде  мұндай  сөз  тіркестерінің 
бар  екендігін  атап  өтсе [1], К.  Бейсембаева 

24                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
оның кейбір т‰рлеріне ғана тоқталған болатын 
[2]. Ал Т. Сайрамбаев қарастырған ‰ш не одан 
да  көп  зат  есімдердің  қабыса  байланысуы 
т‰ркі  тілдеріндегі  зат  есімді  тіркестерді,  әсі-
ресе изафетті тіркестерді зерттеген С. Майзель 
еңбегінде  де  қарастырылмаған [3]. Ғалым   
Т. Сайрамбаев нақты тілдік фактілер негізінде 
‰ш  немесе  көп  сөзді  зат  есімдердің  әрбір  екі 
бағыныңқы  сыңарлары,  өзара  т‰йдекті  тіркес 
құрай  келіп,  бір-бірімен  сатылана  байланысу 
негізінде  к‰рделі  сөз  тіркесін  құрау  м‰мкін-
діктерін  айқындап,  оның  семантикалық  топ-
тарына талдау жасайды. Ғалым осы еңбегінде 
сол кезеңде қазақ тіл білімінде талас тудырып 
ж‰рген –ғы/-гі формалы синтаксемалар мен де 
көмекші  етістігімен,  сондай-ақ  нумеративті 
сөздер  мен  шылаулардың  қатысы  арқылы 
жасалған  тіркестердің  лигвистикалық  мәрте-
бесінің  айқындалуына  айтарлықтай  ‰лес  қос-
ты  [4].  
Көрнекті  ғалым  А.Ф.  Иоффе: «Ғылыми 
жұмыс  өмірдің  мазмұны  мен  мақсатына 
айналғанда ғана жемісті болмақ», - деген екен. 
Т. Сайрамбаев та ғылымды өмірлік мақсатына 
айналдырған жан деуге болады. Қазақстанның 
іргелі  жоғары  оқу  орнындағы  ұстаздық  қыз-
метінде  өзінің  ғылыми  жұмысы  мен  оны 
практикада  интеграциялау  нәтижесінде  ұзақ 
жылдар  бойы  республикамыздың  жоғары  оқу 
орындарының  филология  факультеті  студент-
теріне  арналған  оқулықтар  мен  оқу  құрал-
дарын,  жалғы  ғылыми  қауымға  монография-
лар жазды. Соның бірі – «Сөз тіркесі мен жай 
сөйлем  синтаксисі»  атты  еңбегі.  Автор  бұл 
еңбегінде  орыс  тіл  біліміндегі  кейбір  ғалым-
дардың сөз тіркесінен номинативті мән іздеуін 
сынға  ала  отырып,  қазақ  тіл  біліміндегі  жа-
наса  байланысу  формасы  және  оның  жасалу 
жолдарын  айқындап  берген,  сөз  тіркесінің 
басыңқы сыңарын  ортақ басыңқы т‰рін қосу 
арқылы  байытқан,  ал  сөздердің  байланысу 
тәсілін  бұрынғыдай  аналитикалық  және  син-
тетикалық  деп  бөлудің  барлық  тіркестердің 
табиғатын  аша  алмайтынын  дәлеледеу  негі-
зінде  оны  ‰шінші  тип – аналитика-синтети-
калық  тәсілмен    толықтырады.  Бұл  еңбекте 
сондай-ақ  тілдің  қазіргі  қолданыс  аясында 
қалыптасқан  т‰рлері – жаңа  тіркесімділіктер 
мен  тілдік  экономияның  сөз  тіркесі  мен 
сөйлемге  қатысы,  бір  байланыс  формасының 
екінші  байланыс  формасына  ауысуы  сияқты 
теориялық  мәні  зор  тақырыптар  қамтылып, 
тың тұжырымдар жасалған.   
Ғалым  мұраларының  ішінде  өзіндік  орны 
бар еңбегінің бірі – 1991 жылы жарық көрген 
«Сөйлемнің  тұрлаулы  м‰шелері»  атты  еңбек. 
Атына қарасаңыз, «таңданарлық ешнәрсе жоқ, 
бастауыш  пен  баяндауышты  кім  білмейді?» 
деген  к‰дік туындайтыны  анық.  Бірақ  ХХ ға-
сырдың  басында  басталған  сөйлем  м‰шелері-
не  қатысты  ғылыми  айтыстар,  әрт‰рлі  көзқа-
растар  к‰ні  б‰гін  де  толас  тапты  деп  аййтуға 
болмайды.  Бұл,  бір  жағынан,  синтаксис  ғы-
лымының  динамикалық  табиғатынан  туын-
дайды.  Ғалым  қазақ  тіліндегі  сөйлем  м‰шесі- 
не  берілген  ережелерге  талдау  жасай  келе:  
«...  бұл  пікірлердің  кейбірі  сөйлем  м‰шелері 
‰шін  қажет  болса,  бірі  керісінше  ойлануды 
қажет  етеді.  Кейде  бір  сөйлем  м‰шесі  ере-
жесіне  жаңадан  пікір  қосуға  немесе  кейбір 
пікірлерді алып тастауға әкеп тірейді. Сөйлем 
м‰шесі дегенімізде, ең алдымен, нендей мәсе-
лелерді  қамтиды,  оның  объектісіне  нелер  қа-
тысты  деген  мәселені  де  негізге  алу  керек 
сияқты»,  дей  келіп,  сөйлем  м‰шесіне  тән 5 
белгіні  айқындайды  да,  аталған  синтаксистік 
категорияның  жаңа  сипатты  анықтамасын 
ұсынады[5].  Бұл – қазақ  тіл  біліміндегі  бас-
тауыш  пен  баяндауышқа  арналған  тұңғыш 
іргелі  еңбек.  Сондықтан  да  аталған  еңбекте 
тұрлаулы  м‰шелердің  лингвистикалық  сипат-
тамасы  барынша  кеңінен  талданады,  синтак-
систер  тарапынан  ескерілмей  келе  жатқан 
аталған  екі  м‰шенің  коммуникация  процесін-
дегі жаңа қырлары айқындалады. Осы еңбекте 
ғалым  сөйлем  м‰шелерінің  жасалу  жолдарын 
қарастыра  келе,  сөйлемнің  де  сөйлем  м‰шесі 
болу  туралы  өзбек  ғалымы  Ш.  Шаазизов,  та-
тар  ғалымы  М.  Закиевтің  пікірлерін  қолда-
майды және бұл мәселеде қазақ синтаксисінің  
бұл  мәселеге  қатысты  тұжырымының  әлде-
қайда  озық  екенін  А.  Байтұрсынұлынан  бас-
тап  өзіне  дейінгі  пікірлерді  саралай  отырып 
нақты  дәйектермен  дәлелдейді.  Ғалым  осы 
жұмысында  басталған  кейбір  мәселелерді  ін-
дете  зерттеу  ‰шін  өз  шәкірттеріне  тақырып 
етіп  бергенін  білеміз.  Сөйлемнің  анықтауыш, 
пысықтауыш,  толықтауыш  м‰шелерінен  бас-
қа, парцелляция құбылысы, сөз-сөйлемдер т.т. 
туралы  идеялар  да  осы  еңбекті  жазу  бары-
сында  туындаған  болар.  Кейіннен  ғалымның 
шәкірттері  аталған  тақырыптарды  сәтті  қор-
ғап шықты.   
Қазақ  тіл  біліміндегі  соңғы  жаңалықтарға 
да Т.Сайрамбаев лайықты ‰лес қоса білді. Бұл 
жөнінде ғалымның әріптес шәкірттерінің бірі, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          25 
 
ғалым Б. Шалабай жоғарыда аталған мақалада 
былай  дейді: «...соңғы  кездері  синтаксисті 
дәст‰рлі  құрылымдық  зерттеуден  өзге  функ-
ционалдық  тұрғыдан  зерттеуге,  тілдік  тұл-
ғаларды  мәнмәтіндік  аяда  қарастыруға  да  кө-
ңіл бөле бастап еді. Сол тұрғыдан бірнеше ма-
қалалар  жазумен  қатар, «Тіркесімділіктің 
дистрибуциясы» (2004), «Жақ  категориясы-
ның  функционалдық  көрінісі» (2005) атты 
көлемді  еңбектерін  де  қалдырып  кетті.  Сту-
денттер  мен  магистранттарға  оқыған  дәрісте-
рінде  синтаксистік  бірліктердегі  жаңа  құбы-
лыстарға  ден  қойып,  зерттеу  ж‰ргізе  бастап 
еді»[1].  Ғалым  Т.  Сайрамбаев  ғылымдағы 
жолын  сөз  тіркесі  синтаксисінен  бастап,  жай 
сөйлем синтаксисі, кейіннен құрмалас сөйлем 
синтаксисіне  де  қатысты  (шәкірті  профессор 
Б.  Сағындықұлымен бірге)  еңбек жазып,  син-
таксистің  бұл  саласы  бойынша  да  шәкірт  
тәрбиелеген  ғалым.  Олай  болса,  ғалым                
Т. Сайрамбаев мұрасы – біріне-бірі жалғасып, 
бірінен-бірі  туындап  жататын  синтаксистік 
ж‰йені тұтастыра қарау мұратынан туындаған 
қыруар еңбек,  сапалы биіктер. 
Ғылымда 40 астам шәкірт дайындап, өзінің  
ғылыми мектебін қалыптастырған Т. Сайрамбаев 
саналы  ғұмырын  ұрпақ  тәрбиесіне,  еліміздің 
білім  беру  ж‰йесіне,  маман  даярлау  ісіне  
өмірінің  соңына  дейін  аянбай  тер  төккен,  
әсіресе  Қазақстан  жоғары  оқу  орындарының  
 
альмаматері – әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-
да кафедра меңгерушісі, профессор, қазақ және 
т‰ркі тілдері мамандығы бойынша докторлық 
кеңестің төрағасы ретінде аянбай еңбек етті.  
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» 
деген  халық  даналығы  тегіннен  тегін  айтыл-
маса  керек.  Өзінің,  өзінің  ғана  емес,  қазіргі 
қазақ  лингвистерінің  ‰лкен  ұстазы,  мақтан 
етер  тұлғасы  болған  профессор  М.  Балақаев- 
тан    алған  өнегелі  өмір  жолында  профессор  
Т.  Сайрамбаевтың  есімі    қазақ  синтаксисінің 
білгір  маманы,  парасаты  мен  жайсаң  мінезді 
мейірімді тұлға ретінде отбасының да, ұжымы 
мен  шәкірттерінің  жадында  мәңгі  қалары  
сөзсіз.  Отбасының  берекесін  келтіріп,  ғалым 
мұрасына  көзінің  қарашығындай  қарап,  ағай 
еңбегінің  келешек  ұрпаққа  да  қалтқысыз  
қызмет  етуіне  к‰ш-жігерін  аямай    келе  жат- 
қан  Г‰лзада  апай  мен  ұрпақтары  барда, 
ізбасар шәкірттері барда, қазақ ғылымы барда 
Т.  Сайрамбаев  есімі  ұмытылмайды,  ал  оның  
қазақ  синтаксисіндегі  онсыз  да  биік  тұлғасы 
одан әрі биіктей берері  хақ. 
______________ 
1.  Шалабай Б.  Ғылымдағы сара жол. «Ана тілі» газеті, 
29.12.2010 ж. 
2.  Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Ал-
маты, 1961. 
3.  Майзель С. Изафет в турецком языке. – М., 1957. 
4.  Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер-
дің жалғаусыз тіркестерінің кейбір т‰рлері. – А., 1974. 
5.  Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері. А., 1991.
Ермекова Тыныштык Нурдаулетовна 
ЛИЧНОСТЬ И ИССЛЕДОВАТЕЛЬ ОБЪЕДИНИВШИЙ СИНТАКСИЧЕСКУЮ СИСТЕМУ 
 
Статья посвящена весомому вкладу профессора Т. Сайрамбаева в синтаксису казахского языка. 
 
Ermekova Tynyshtyk Nurdauletovna 
A PERSON AND RESEARCHER WHO COMBINED SYNTACTIC SYSTEM 
 
The article is devoted to the contribution of Professor T.  Sayrambaev to the syntax of the Kazakh language. 
 
 
 
 
С. Қ. Әлісжан, 
филология ғылымдарының докторы, 
Назарбаев Университетінің профессоры, Астана қ. 
 
ПРОФЕССОР Т.САЙРАМБАЕВ ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІНІҢ  
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
Профессор  Т.  Сайрамбаев  қазақ  тіл  білі-
мінде,  оның  ішінде  қазақ  тілінің  сөз  тіркесі 
синтаксисін,  сөйлем  синтаксисін  зерттеудегі  
 
 
өзіндік  орны  бар,  өзіндік  ‰ні  бар  айтулы 
ғалым. Ғалым көптеген шәкірттер дайындады, 
олар  қазір  еліміздің  т‰кпір-т‰кпірінде  білім 

26                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
беру  саласында  қызмет  етуде.  Ғалым  шәкірт-
терінің  арасында  арнайы  синтаксис  мәселе-
лерімен  айналысушылар  да,  сондай-ақ  тіл  бі-
лімінің басқа саласында ізденіс ж‰ргізетіндері 
де жетерлік. Жастарды ғылымға баулуда, тәр- 
биелеуде  проф.  Т.  Сайрамбайұлының  еңбегі 
ерекше.  
Сөз  тіркесі – проф.  Т.  Сайрамбаев  б‰кіл 
ғалымдық  өмірінде  ‰збей  айналысқан  тілдің 
саласы.  Осы  мәселеге  арналған  ғалым  еңбек-
терін шолып шыққанның өзінде сөз тіркесінің 
ғылыми  жағынан  ең  жанды  деген  тұстары 
жетік  сөз  болғанын  аңғарамыз.  Сөз  болып 
қана  қоймай  алдағы  уақытта  зерттеле  т‰сетін 
қырларына  бағыт-бағдар  жасалады,  ғылыми 
болжамдар  айтылады,  ғылымдағы  ізбасарла-
рына арқау етеді. Сөз тіркесінің құрылымдық 
ерекшеліктері, тарихи өзгерістерге сай дамуы, 
жаңа  тілдік  деректермен  толысуы,  сөздердің 
тіркесімділігі  т.т.  қадау-қадау  жайттар  ғалым 
еңбектерінде шынайы көрініс тапқан.  
Мынаны  ескерген  жөн,  қазіргі  кезде  тілші 
ғалымдардың  арасынан  құрылымдық  лин-
гвистика  өз  межесіне  жетті  деген  пікірлерді 
ауық-ауық естіп қаламыз. Бір қарағанда, жаны 
бар  сөз,  тілдің  қазіргі  заманғы  зерттеу  бары-
сында  тиімді  нәтиже  берер  өзге  де  зерттеу 
аспектілері қажеттілігі сөзсіз. Дегенмен тілдік 
құрылымның  қалың  қаттауы  әлі  де  толық 
ашылып  бітті  айтуға  болмайды.  Бұл  сөз 
тіркесімділігіне  де,  сөздің  сөйлем  ішіндегі 
қолданысына  да,  мағынаға  да  қатысты  жайт. 
Осы тұрғыдан келгенде, проф. Т. Сайрамбаев-
тың  еңбектері  тілдік  құрылымды  қарастыру 
‰шін  көп  зерттеулерге  әлі  талай  ‰лгі-өнеге  
болары анық. Ғалым тілдік құрылымның зерт-
теушілерге  белгісіз  тұстарын  қыран  көз  сақ-
шыдай тап басып, дәл анықтайды.  
Проф.  Т.  Сайрамбаев  ең  әуелі,  сөз  тапта-
рының тіркесімділігіне назар аударған
1; 2, 3-
44 бб.
. Соның ішінде сын есім мен етістіктен 
құралған сөз тіркестеріне, олардың байланысу 
т‰рі  мен  ерекшеліктеріне,  басқа  тілге  ауда-
рылу  жай-к‰йіне  тоқталады.  Тек  сын  есім 
емес,  сан  есімді  етістіктердің  тіркесу  жайын 
да ғалым назардан тыс қалдырмайды. Аталған 
сөз  таптарының  бір-бірімен  тіркесу  ерекше-
ліктері жалаң сөз болмайды, бай тілдік дерек-
терге  с‰йене  отырып  зерттеледі.  Құрылым 
мен мағына  қатар  алынып,  бір-бірімен  байла-
ныста  қаралады.  Мәселен,  сөз  таптарының 
жеке тұрғандағы, сондай-ақ тіркесім ыңғайын-
дағы  мағыналары,  олардың  басқа  бір  сөзбен 
тіркесу  қабілеттілігі,  өзара  мағына  ‰йлесім-
ділігі  барынша  тәптіштеліп  баяндалады.  Сын 
есімдердің сапалық және қатыстық сын болып 
бөлінетіні  белгілі.  Бұл  екеуі  өздері  анықтай-
тын  етістік  атаулымен  жапа-тармағай  тіркесе 
бермейді.  Ғалым  еңбектерінде  сапалық  сын-
ның  өзінің  етістіктермен  тіркесімділігінің  әр 
алуандығы сөз болады. Айталық, сапалық сын 
есімдердің  негізгі  және  туынды  болып  келуі 
осы  тіркесімділікке  де  өз  нақышын  салады. 
Т‰бір  к‰йіндегі  сапалық  сындар  етістікпен 
мол  тіркеседі,  ал  жұрнақ  негізінде  жасалған 
туынды сын есімдер оларға қарағанда тіркесу 
жиілігі  бәсең  болады.  Мысал  ретінде  толық 
(толық жабылды, толық ашылды), берік (бе-
рік  тігілді)  тәрізді  қатыстық  сын  есімдерден 
сапалыққа  ауысқан  сындарды  атауға  болады. 
Әрине,  сапалыққа  қарағанда  қатыстық  сын-
дардың  етістіктермен  тіркесімділігінің  аясы 
тар.  Дегенмен  мұндай  тіркестер  м‰лде  тілдік 
қолданыста  кездеспейді  деп  айтуға  тағы 
болмайды. Әсіресе, тіл дамуының қазіргі жағ-
дайында  (орыс  тілінің  ықпалынан  да  болар) 
стильдік иіннің кейбір т‰рлерінде жиі кездесе 
бастады  (Мысалы,  жарнама  тілінде  сенімді 
сақтайды
  (депозитке  қатысты)  тәрізді  тір-
кестің қолданылуы).  
Ғалым өзінің әр зерттеуінде тілдік деректің 
шығу  тегіне,  тарихи  құбылыс  екендігіне  тоқ- 
талмай  кетпеген.  Тарихи  шолу  ғалым  еңбек-
терінде  сөз  тіркестерінің  дамуына  қатысты 
әрдайым  сөз  болып  отырады.  Осы  салада 
жазылған арнайы ғылыми зерттеулерге с‰йене 
отырып,  сөз  тіркесінің  дамуындағы  еленбей 
ж‰рген құбылыстарға тоқталып өту ғалымның 
қай еңбегін алып қарасаңыз да орнын тапқан. 
Мына жолдар сөз тіркесі құрамындағы тарихи 
өзгерістерді тап басып, дәл берген деп санай-
мыз: «Сөз  тіркестері  құрамындағы  өзгерістер 
олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни 
байланысу  формасынан,  байланысу  амалдары 
мен  құрылымдық  т‰рлерінен  көрінеді.  Сөз 
тіркесінің  байланысу  формалары  мен  тәсіл-
деріндегі  өзгерістер,  шындап  келгенде,  мор-
фологиялық,  яғни  әрбір  сөз  тобы  құрамында 
кейін  пайда  болған  құбылыстармен  тығыз 
байланысты.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  сөз 
тіркесіндегі өзгерістер, т‰птеп келгенде, әрбір 
сөз  табының  тарихи  дамуымен  тығыз  байла-
нысып жатады» 
3, 12-б..   
 
Аталған жайттар сөз таптарының тіркесім-
ділік қабілетінің дамуына да байланысты. Мә-
селен, сын есімдердің етістікпен тіркесі ежелгі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          27 
 
құбылыс.  Ғалым  өз  пікірін  тарихи  жәдігер-
лердің,  тіл  тарихын  зерттеген  ғалымдардың 
пікірімен  бекітіп  отырады.  Әр  нәрсенің  та-
рихы болатыны тәрізді тілдік құбылыстардың 
да  дамуы,  әр  дәуірдегі  қоғам  дамуының  си-
патына  орай  өзіндік  жаңалықтармен  толығу 
фактілері  кездесіп  отырады.  Алайда  қазіргі 
тілдік зерттеулерде осы жағы көбіне-көп еске-
русіз қалады, сондықтан проф. Т. Сайрамбаев 
зерттеулеріндегі  б‰гінгі  тілді  тарихи  даму 
жолымен  бірлестікте  алып  қарастыру  ‰рдісі 
кейінгі ғалымдарға ‰лгі етерліктей.  
Сан  есім  және  етістіктерден  құралған  сөз 
тіркестері  де  тарихи  даму  тұрғысынан  қарас-
тырылған.  Автордың  ойынша,  жалпы  санау 
тәсілі  адамның  практикалық  қызметімен  ты-
ғыз  байланысты.  Санауға  байланысты  ғалым-
ның салыстыруы да көңілге қонады. Айталық, 
алғашқы  кезде  адамдар  тек  екіге  дейін  санап, 
одан  арғыларды  санау  м‰мкін  емес,  оларды 
тек  «көп»  деп  ұққан  тәрізді.  Осыны  аңғару 
‰шін  автор  жас  баланы  мысалға  алады.  Жас 
бала  ең  алдымен  затты  таниды.  Көзіне  не 
көрінсе,  соны  ұстауға  ұмтылады.  Бірақ  оны 
санауға талпынбайды. Адам баласы өмір с‰ре 
бастаған  алғашқы  дәуірде  де  адамның  санау 
қабілеті дәл осы деңгейде еді деген қорытын-
ды жасауы орынды
2, 46-б..  
Сын  есімді  тіркестерді  қарастырудағы 
ж‰йе  сан  есімге  қатысты  да  сақталған.  Сан 
есімді  етістікті  сөз  тіркестерінің  байланысу 
т‰рлері,  синтаксистік  қызметі,  сан  есімнің 
сөйлем м‰шесі ретіндегі жұмсалуы, білдіретін 
мағыналары т.т. мәселелер зерттеледі.  
Сөз  тіркесінің  құрылымын  жаңа  сипат- 
та  танушылардың  алдыңғы  легінде  проф.  
Т. Сайрамбаев тұрды. Бұл ең әуелі, сөз тірке-
сіндегі  бағыныңқылық  қатынасты  (басыңқы 
сыңар)  қолдау  ыңғайында  өріс  алады.  Бағы-
ныңқылық қатынас болғандықтан, сөз тіркесі-
нің бір сыңары басыңқы, екіншісі бағыныңқы 
болып  келетіні  белгілі.  Мұндағы  басыңқы 
сыңар  сөз  тіркесінің  грамматикалық  болмы-
сын  айқындайды.  Соның  ыңғайына  қарай  сөз 
тіркесін  топтастыру  қазақ  тіл  білімінде  бұ-
рыннан  бар.  Зерттеушілерді  қызықтыратыны 
–  басыңқы  сыңардың  құрамы.  Т.  Сайрамбаев 
есімді,  етістікті  тіркестермен  бірге  ортақ  ба-
сыңқылы деген ‰шінші топты бөледі 
3, 26-34 
бб.
.  Ортақ басыңқы сыңар туралы тілдік де-
ректердің  негізінде  ғылыми  болжамдарын 
айтады.  Айта  кеткен  жөн,  сөз  тіркесінің  ба-
сыңқы  сыңарлары  ғалым  шәкірттері  тарапы-
нан  кандидаттық диссертация  деңгейінде    қа-
растырылуда 
4.  
Сөз  тіркесінің  байланысу  т‰рлері  ғылыми 
әдебиеттерде әбден айқындалып, нақтыланған 
десек  те,  оның  кейбір  т‰рінің  аталғаны  бол-
маса көп мәселелері, жасалу ерекшеліктері т.т. 
жағынан  зерттеу  нысанына  алынбаған.  Тіл 
сырын терең ұғатын ғалымның назары бұлар-
ды  да  жіті  аңғарады.  Автордың  сөз  тіркесін-
дегі байланысу т‰рі – жанасу жайындағы жаз-
ғандарын осыған балаймыз
3, 34-42 бб..  
Тіліміздегі  сөз  тіркесі  т‰рлерінің  құры-
лымдық  жағынан  толыса  т‰сетінін  де  ескеру 
керек. Әдетте сөз тіркесі ұғымы құрылымдық 
жағынан  еркін  сөз  тіркесі  және  тұрақты  тір-
кестер  деп  ажыратылады.  Сонымен  бірге  ғы-
лыми  әдебиеттерде  «сөз  тіркесі»  және  «тір-
кес»  ұғымдарын  саралай  қолданатыны  мәлім 
5, 13-б..  Дегенмен  сөз  тіркесінің  құрылым-
дық  т‰рлерін  жоғарыда  аталған  екі  топпен 
шектеп қоюға тағы болмайды. Әсіресе қазіргі 
тілдің  терминдік  лексикамен  байи  т‰суіне 
байланысты  терминологиялық  сөз  тіркестері 
сөз  тіркесінің  құрылымдық  бір  т‰рі  ретінде 
еркін және тұрақты тіркестермен терезесі тең 
бірлік  деп  қарастыруға  сұранып  тұр  десе  бо-
лады. Осы орайда да біз проф. Т. Сайрамбаев- 
тың  кейінгі  зерттеушілерге  ой  тастарлық  ғы-
лыми пікірлерінің ұшын көреміз. Ғалым  тер-
минологиялық  сөз  тіркестерін  жеке  санат  ре-
тінде талдамаса да, оны к‰рделі сөз тіркестері-
нің құрамында қарай отырып 
Қараңыз: 6, 21-
б.
,  олардың  тұрақты  тіркестерден  төмендегі-
дей  айырмашылықтары  барын  дұрыс  көрсет-
кен. Атап айтқанда, олар: 1) құрамындағы сөз-
дер  санының  бірден  емес,  келе-келе  молаю 
процесі  басым; 2) мұнда  терминдік  мәнінің 
жаңаруына  сәйкес  қосымша  анықтауыш  т.б. 
‰немі  қосылып  отырады 
7, 54-б..  Бұл  белгі-
лер сөз болып сөз тіркесі т‰рінің құрылымдық 
табиғатын  жаңаша  тануға  м‰мкіндік  береді 
деп санаймыз.  
Тіл  қатып  қалған  құбылыс  емес, ‰немі 
жаңарып отыратыны белгілі. Тілдегі жаңалық 
қоғамымызда  болып  жатқан  әр  алуан  құбы-
лыстарға,  қоғамдық  тәжірибенің,  ғылым  мен 
техниканың  дамып  өркендеуіне  тікелей  қа-
тысты  болып  келеді.  Тілдегі  жаңалықтың  бір 
саласы жаңа сөз тіркестерінің пайда болуымен 
тығыз  байланысты.  Осындай  жаңадан  қалып-
тасып  жатқан  тіркестер  де  ғалым  назарынан 
тыс қалмаған. Т. Сайрамбаев аталған «Сөз тір-
кесі  мен  жай  сөйлем  синтаксисі»  атты  ең-

28                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
бегінің  «Кейбір  жаңа  сөз  тіркестері  туралы» 
тарауында  осындай  тілдік  жаңа  тіркесімдер 
жөнінде  сөз  қозғайды.  Жаңа  тіркестер  лекси-
камызда  бұрыннан  бар  сөздердің  және  жаңа-
дан  енген  сөздердің  бір-бірімен  тіркесі  нәти-
жесінде жасалынады. Ғалымның ойынша, тіл-
дің  жаңа  сөз  тіркесімен  баюының  көздері 
мынадай: 1) жаңа  сөз  пайда  болады; 2) оның 
тіркесе  алатын  сөздері  болады; 3) жаңа  сөз 
тіркестері калька арқылы пайда болады; 4) сөз 
тіркесіне  енген  сөздер  сөз  тіркесінің  бағы-
ныңқы және басыңқы сыңарында жұмсалады; 
5) жаңа сөз тіркесі құрамындағы сөздер өзара 
меңгеріле,  матаса,  қабыса  байланысады  да, 
олардың  генетикалық  қабаты  да  әрт‰рлі  бо-
лып  келеді  (екі  сыңары  да  қазақ  сөзі,  бір  сы-
ңары  қазақ,  екінші  сыңары  кірме  сөз,  екі 
сыңары да кірме сөз т.т.)
3, 74-б..  
Проф.  Т.  Сайрамбаевтың  сөйлемді  құрай-
тын бөліктерге байланысты зерттеулерінің бір 
парасы – қаратпа  мен  қыстырмаларға  арна-
лады.  Біздің  ойымызша,  аталған  құрылым-
дарды арнайы қарастырудың теориялық жағы-
нан  болсын,  практикалық  жағынан  болсын 
маңызы  зор.  Сөйлем  адам  ойын  жеткізудегі 
басты коммуникативтік тұлға екендігі белгілі.  
Ал  осы  қарым-қатынасы  құралы – сөйлемнің 
құрылысы  да  к‰рделі.  Ол  бірыңғай  ж‰йелі 
бірліктерден құралмайды. Адам ойының, пікі-
рінің  әр  алуандығы  және    қандай  жағдаятқа 
байланысты  айтылатындығы  сөйлем  құрамы-
ның  да  к‰рделене  т‰суіне  себеп  болады.  Оқ-
шау  сөздер – сөйлемнің  негізгі  құрамымен 
тікелей грамматикалық байланысқа т‰спейтін, 
онымен тек мағыналық қатынаста болатын сөз 
бөліктері.  Бұлар  арқылы  сөйлемнің  құрамы 
к‰рделенеді,  сөйлем  өзін  құрайтын  органика-
лық м‰шелерден басқа б‰кіл сөйлемді әрт‰рлі 
мән-мағынамен  әрлендіретін  сөздермен,  ора- 
 
лымдармен  толығады.  Бұл  оқшау  сөздердің 
синтаксистің  аясында  қаралатын  санатқа  жа-
татындығы  негізгі  мағына  беретін  синтаксис-
тік  құрамның  шылауында,  жетегінде  ж‰руі-
нен,  сонымен  қабаттаса  айтылуынан  көрі-
неді
2.  Міне,  осы  тәрізді  сөйлем  құрылымы- 
на  қатысты  мәселелер  Т.  Сайрамбаевтың  ең-
бектерінде  арнайы  сөз  болған.  Бұл  жайт  син- 
таксистің  сөз  тіркесі,  я  болмаса  сөйлем  син-
таксисі  тәрізді  дәст‰рлі  т‰рінде  де,  сондай-ақ 
қазіргі  тіл  біліміндегі  функционалды  син- 
таксис  ‰шін  де  маңызы  ерекше  тұрған  мәсе-
лелер  болып  табылады.  Ғалым  ғылыми  мәні 
жоғары  осындай  бірліктерді  көре  білген,  
оны  зерттеудің  бағдарын  алдын  ала  болжай 
алған.  
Қорыта айтқанда, профессор Т. Сайрамбаев-
тың қазақ тіліндегі сөз тіркесіне қатысты зерт-
теулері  синтаксис  саласындағы  маңызды  ғы-
лыми  пікірлер  болмақ.  Ғалым  еңбектерінің 
ғылым  жолындағы  кейінгі  ұрпаққа  қалдырар 
өнегесі  тілдік  құрылымды  қазбалап  зерттеу-
мен,  сондай-ақ  зерттеу  нысанына  орай  өзекті 
тұстарды айқындаумен құнды.  
_____________ 
1. Сайрамбаев Т.С. Глагольные словосочетания с при-
лагательными  и  числительными  в  современном  казахском 
языке. Автореферат ... канд. филол. наук: Алма-Ата. 1965.  
2. Сайрамбаев Т. Синтаксистің кейбір мәселелері. Ал-
маты: Мектеп, 1996.  
3.  Сайрамбаев  Т.  Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  синтак-
сисі. Алматы: Рауан, 1991.  
4. Тұрарова А.Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестері-
нің басыңқы сыңарлары.  Филол.  ғыл.  канд. ...  авторефе-
раты: Алматы.  1999.  
5.  Әмір  Р.,  Әмірова  Ж.  Жай  сөйлем  синтаксисі.  Ал-
маты: Санат, 1998.  
6.  Сайрамбаев  Т.  Структурные - семантические  типы 
сложных  словосочетаний  в  современном  казахском  языке. 
Автореферат ... докт. филол. наук: Алма-Ата. 1982.  
7.  Сайрамбаев  Т.  Терминдердің  сөз  тіркесіндегі  құ-
рылымдық    ерекшеліктері  туралы // Қазақ  терминология-
сының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1986.  
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет