Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет49/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61

 
Л. Мекебаева 
Мастер художественного стиля 
 
В  данной  статье  анализируется  важные  для  казахской  литературы  исторические  события  и  особенности 
художественного мира романа «Қартқожа», а также  писательское мастерство Ж.Аймауытова.  
 
Mekebaeva L. 
Master of artistic style 
 
This article examines the historical events important for the Kazakh literature and features of the  
artistic world of the novel "Kartkozha", also Creative Writing Zh.Aymauytova 
 

282                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Н. Нұрәділ, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ІІ курс магистранты 
 
ЖАЗУШЫ СӘБИТ МҰҚАНОВ ЖӘНЕ ОҚЫРМАН 
(С. Мұқанов хаттары негізінде) 
 
 
Жазушы  Сәбит  Мұқановтың  әдебиет  та-
рихында  ғана  емес,  халық  ж‰регінде  де  алар 
орны  ерекше.  Әдебиет  әлемінде  жазушыға 
зерттеушілер тарапынан берілген бағалар мен 
пікірлер жетерлік. Алайда ұлы жазушыны ту-
дырған  халықтың  берген  бағасы  кез-келген 
биік  атақ-дәрежеден  де  асқақ  тұрары  даусыз. 
Заманы даңқын әуелеткен жазушының шығар-
машылығына  с‰йсінген  халық  азаматтары  өз 
алғыстары мен пікір-ұсыныстарын хат арқылы 
жеткізіп отырған.   
ХХ  ғасырдағы  ең  көп  хат  алған,  жазған 
адам бұл – әдебиетіміздің классигі Сәбит Мұ-
қанов.  Орыс  классиктері  өздеріне  келген  хат-
тарды  өз  кезінде  томдарына  енгізіп,  жарыққа 
шығарып  ‰лгерген.  Ал  Сәбит  Мұқановтың 
эпистолярлық  мұрасы  әлде  қайда  мол  бола 
тұра, томдарына енген жоқ. 
Академик С. Мұқанов – өзі қатарлас ақын-
жазушы, қоғам қайраткерлерінің арасында ха-
лықтан  көп  хат  алған  және  сол  хаттарға  тие-
сілі жауап қайтарған халық жазушысы.  
Мұны  жазушының  көзі  тірісінде  қазақ  ра-
диосына  берген  сұхбатында  өзі  кең  көсіліп 
әңгіме  еткен.  Жазушы  сұхбатында  хат  жинау 
мақсатын былайша баяндайды: 
«... ал, енді, біз  әр уақытта ‰лгіні орыстан 
аламыз, орыс мәдениетінен аламыз. Мен ғана 
емес  біздің бұрынғы  бабалармызыз –  Шоқан 
Уәлиханов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құ-
нанбаев,  одан  бергі  интелегенция,  Спандияр 
Көбеев,  бер  жағында  Сәкен  Сейфуллин  осы-
лардың  бәрі  орыс  мәдениетіне  с‰йеніп  барып 
өскендер.  Менде  солай  өстім  ғой  деп  ойлай-
мын.  Мынау,  орысша  оқи  бастағаннан  кейін, 
мен  орысшаға 1922 Орынбордың  Рабфагына 
келіп сабаққа т‰стім да, сосын барып орысша 
оқи  бастадым.  Алғашқы  кезде  нашарлау  кел-
дім,  сосын  ж‰ре-ж‰ре  жетіліп  кеттім.  Сонда 
орыстан  алған  тәуір  ‰лгімнің  біреуі – хатқа 
сақ  қарау.  Біреуге  өзің  жазасың,  өзіңе  біреу 
жазады.  Осылардың  бәрін  жинай  беру.  Бұл 
жағынан  қарағанда,  бұл  мақтанғаным  емес, 
қазақ  жазушыларының  ішінде  менен  көп  жи-
нақшысы болған жоқ. 
 
 
 
Кешегі  Мұхтар  марқұм  Әуезов  қатты  өкі-
нетін еді: «мен бұрынғы хаттарымды жинаған  
жоқпын», - деп.  Сол,  кей  уақытта  маған  қыз-
ғаныш  көзбен  қарау,  жақсы  мағынада.  Маған 
айтатын еді: «сен қалай жинақсың» деп. Өйт-
кені  менің  сол  хат  танығаннан  бастап,  содан 
бергі  хатым  біреуден  өзім  алам,  біреуге  өзім 
жазам,  соның  бәрі  жиналып  келе  жатыр.  Ма-
қал  деген  халықтың  тәуір  ойы  ғой.  Қазақта 
мынадай мақал бар:  
«Есік алды төбе болса,  
ерттеулі ат төбелдей.  
Ауылыңда қарт болса, 
жазып  қойған  хатпен  бірдей»  деген.  Ал 
енді,  осы  сөздің  мағынасы  ‰лкен  өзінің.  Өйт-
кені, ең алдымен хатты бірінші орынға қояды. 
Абайдың бір өлеңінде бар:  
«Шөлдеген жан су көрсе,  
Бас қоймай ма бастауға» - деген.   
Орыстың мәдениеті биік, жоғары мәдениет 
болды да бізге ‰лгілі. Сондықтан соның тілін 
біле  бастағасын,  оқи  бастағасын  –ақ  соның 
манағы тәуір нәрселеріне құмартып, соны оқи 
бастадық.  Сонда  байқасам,  мысалы,  Пушкин, 
Гоголь,  Толстой  тағы  толып  жатқан  классик-
тер  бар,  солардың  шығармалар  жинағы  деген 
болады.  Біреуінікі 5 том,  Біреуінікі 10 том, 
Біреуінікі 30 том,  Біреуінікі 40 дегендей.  Со-
лар  том-том  болып  шығып  жатады  да,  солар-
дың аяғына әлгі, хаттар және переписка деген-
ді қат-қабат хат жазысу дейміз. Солар бірнеше 
том болып кіреді. Ал, мына орыстың Тургенов 
деген  жазушысын  бәрімізде  білеміз,  жақсы 
көреміз,  Ленин  жақсы  көрген  кісі  ол.  Сол 
Тургеновтың  ревалюциядан  бұрынғы  шыққан 
жинағында жалғыз хаттар мен перепикасының 
өзі 15 том болып шыққан екен. Мен соны қы-
зығып  тұрып  оқитын  едім.  Көркем  шығар-
маларымен  қатар  сол  хаттарға  қызығып  оқи-
тын  едім.  Өйткені,  көркем  шығармаға  не  сөз 
болса соны жаза бермейсің. Ал хатқа, өзіңінің 
жақын досыңа, сенетін адамыңа жазған уақыт-
та  ешкімге  айтпайтын  сөздерді  жазып  айтып 
жатасың.  Соларың  бәрі  хаттан  табылады.  Со-
сын  мен  ойладым,  әлгі  «генерал  болуға  ‰міт-
тенбеген солдат оңбайды» деген орыстың ма-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          283 
 
қалы  бар.  Бізде  жазушы  болармыз  т‰бінде, 
сонда осы бізде де жинай берсек қайтеді деген 
ойменен  тірнектеп,  осы  т‰к  тастамай  жинай 
беретін едім» [1] 
Қазақ  радиосының  Алтын  қорында  сақ-
талған осы бір сұхбат ‰зіндісінен жазушы Сәбит 
Мұқановтың  хат  жинау  мақсатын  анық  т‰сі-
неміз.  Адамдар  хат  арқылы  көпке  айта  бер-
мейтін сырын жазатынын ескерсек, шығарма-
шылық  адамдарының  арасындағы  хаттар  әде-
биеттегі құпиялардың бет-пердесін ашып, жа-
ңаша көзқарас қалыптасуына себеп болар еді.  
Екінші жағынан хат арқылы (алған, жазған 
хаттары)  сол  шығармашылық  адамының  өз 
дәуірінде  қалай  бағаланғандығы,  көркем  туын-
дысының  халық  көңілінен  шығуы  т.б.  көпте-
ген жайдан ашық хабардар болар едік. Тіптен 
хаттар  арқылы  біз  оқып,  жанымызға  тұмар 
тұтқан туындының қандай жағдайда жазылға-
нын да білер едік.  
Әдебиет  классиктерінің  т‰гел  дерлігі  бір-
бірімен  хат-хабар  алысқандығы  бәрімізге  мә-
лім.  Ол  хаттардың  көпшілігінде  әдебиетке 
байланысты  мәселелер  айтылған.  ХХ  ғасыр-
дың  соңына  дейін  адамдар  бір-бірімен  хат 
алысып  тұрғанын  ескерсек,  бұл  кезеңдегі  біз 
зерттейтін  эпистолярлық  мұралардың  көп 
екендігін  бағамдаймыз.  Әдебиеттегі  кейбір 
бұлыңғыр мәселердің шешімі де осы хаттарда 
көрініс табуы әбден м‰мкін.  
Қазақ әдеби тілінің функционалдық стиль-
дерін  зерттеуші  ғалымдарымыз  эпистолярлық 
стильге  ХVIIІ-ХІХ қазақтың хан, сұлтан, бо-
лыс, билерінің орыс империясының әкімшілік 
орындарына  жазған  хаттарын  жатқызады.  Ға-
лым  Р.  Сыздық  эпистолярлық  стиль  жайлы: 
«Бұл  стиль    жеке  адамдардың  бір-біріне  жа-
зысқан  хаттарының  тілін  танытатын  сөз  мә-
нері» - деп  анықтама  берсе [2, 257] олардың 
тілдік  ерекшеліктері  жайында  профессор  
Б.  Кенжебаев: «...тілі  шұбар  келеді.  Араб, 
парсы, шағатай, татар, башқұрт, өзбек сөздері 
араласып  жатады,  жалпы  «т‰рки»  деп  атала-
тын  тіл  болып  келеді.  Аты  қазақша  дегені 
болмаса, көбіне, тілі де, емлесі де қазаққа т‰-
сініксіз  болады.  Оларды  қалың  бұқара  былай 
тұрсын,  қазақтың  мұсылманша  оқыған,  хат 
білетін – қожа,  молдалары  да  жөнді  т‰сін-
бейді» [3, 87], - дейді. 
Шындығында  да,  ХVIIІ-  ХІХ  ғасырлар-
дағы  хат  мәтінінде  көбіне  араб-парсы,  татар 
тілі  элементтерінің  қолданысы  басым.  Хат 
алысу  ХХ  ғасырдағы  ақын-жазушыларымыз 
бен қоғам қайраткерлерінде де жалғасын тап-
қанын ескерсек, эпистолярлық стильді ХІХ ға-
сырмен шектеп қалдырғанымыз орынсыз. Се- 
бебі  бізге  бұл  кезеңдерден  де  көптеген  жазба 
мұралар  қалған.  Алайда  ХХ  ғасырдағы  жазу-
шылардың  эпистолярлық  мұрасының  тілдік 
ерекшелігі  мен  ондағы  қозғалған  әдеби  мә- 
селелердің  мән-жайы  әлі  зерттеле  қойған  
жоқ. Солардың ішінен біздің тоқталатынымыз  
С. Мұқановтың эпистолярлық мұрасы болмақ.  
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 
мұрағатында жатқан  
С.  Мұқановтың  жеке  қорын  ақтарыстыра 
бастағанымызда,  жазушы  жинаған  том-том 
хаттарды  өз  көзімізбен  көріп,  қолыммызбен 
ұстадық.  Жиналған  хаттарды  жеке  тоқталып 
қарастырғанымызда  әр  қорда 2 тізбе,  бірін-
шісінде 396 іс, екіншісінде 45 іс, әрқайсысы 2 
беттен 300 бет  аралығындағы  хаттар  сақ-
талған екен. Басым көпшілігі қазақ тілінде, ал 
кейбірі  орыс  тілінде  және  татар,  ұйғыр,  қыр-
ғыз  тілдерінде  жазылған.  Қазақ  тіліндегі 
жазылған  хаттар  қадымша,  жәдитше,  латын 
әліпбиінде,  орыс  әліпбиінде  жазылғандары 
тең  дәрежеде  ұшырайды.  Хат  қоржыны  негі-
зінен 1928-1971 жылдар  аралығын  қамтиды. 
Хаттардың  мазмұны  да  әр  т‰рлі.  Егер  жалпы 
топқа  бөлетін  болсақ:  Жазушының  жеке  ба-
сына  келген  хаттар,  жалпы  шығармашылы-
ғына  келген  хаттар  болып  бөлуге  болады.  Ал 
оқырманнан  келген  хаттарын  әр  шығармаға 
қарай  жіктеуімізге  болады.  Жауап  хаттар  да 
дәл  осылай.  Онда  мемлекет  қайраткерлері, 
ақын-жазушылар,  қарапайым  халық,  мектеп 
оқушылары  бір  сөзбен  айтқанда  еңбектеген 
баладан, еңкейген кәріге дейін хат жазған. Сол 
хаттарға  мейлі  қай  жақтан,  қандай  адамнан 
болмасын  жауап  хат  жазып  отыру,  жауабын 
кешіктірсе себебін т‰сіндіру – сол кезде атағы 
таудай  болып  тұрған  академиктің  ұлылығы 
болса керек.  
Жазушымен хат алысқан адамдардың атақ-
дәрежесі  әр  т‰рлі.  Жазушы  қоржынындағы 
мәдениет,  әдебиет қайреткерлерінің хаттары-
ның  өзі  бір  төбе,  атап  айтар  болсақ,  Ш.  Құ-
дайбердиев,  І.  Жанс‰гіров,  М.  Әуезов,  Ғ.  М‰-
сірепов,  Ғ.  Мұстафин,  Ә.  Нұрпейісов,  Қ.  Жұ-
малиев,  Д.  Қонаев,  Б.  Момышұлы,  Т.  Нұр-
тазин, халық ақыны И. Әлібаев, Ж. Бектұров, 
т.б.  Сонымен бірге,  
С.  Мұқанов  Совет  Одағы  көлеміндегі  жа-
зушылардың    көпшілігімен  достық,  бауыр- 
ластық  қарым-қатынаста  болған.  Оған  дә- 

284                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
лел    ретінде  орыс  жазушылары  А.А.  Фадеев, 
М.А.  Шолохов,  Б.П.  Поспелов,  В.Т.  Лацис, 
Т.И.  Кочетов,  С.Л.  Кирьянов,  азербайжан 
жазушысы  Мирза  Ибрагимов,  татар  жазушысы 
С. Құдаш, өзбек совет ақыны публицист Ғафур 
Ғұлам  сынды  жазушылармен  жазысқан  хат-
тарын айта аламыз.   
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  мұ-
рағатындағы Сәбит Мұқановтың жеке қорын-
да  сақталған  ұлы  мұрасы,  хаттары  туралы 
жалпы әрі қысқаша мәлімет осы болмақ. Енді 
сөз  әуенін  басында  айтып  өткеніміздей  қара-
пайым  халық  көзімен  Сәбит  Мұқановты  та-
нып  көреуге  арнасақ.  Бұл  жерде  біздің  с‰йе-
нетініміз, ол әрине дәлелді, ешбір жалғансыз, 
қарындашпен,  қара  көк  сиямен  газет-журнал-
дың  таза  жерлеріне,  ескі  парақ  беттеріне  жа-
зылған хаттар болмақ.  
«
Ардақты Сәбит! 
Сіздің  шығармаларыңызды  мен  с‰йіп  оқи-
мын. «Жұмабақ  жалау», «Балуан  Шолақ», 
«Сұлушаш»  сияқты  кітаптарыңызды  оқып 
шықтым.  Өте  жақсы  жазылған,  оқушының 
ой-ықыласын  аударарлықтай  істіліп  жазыл-
ған. 
С‰йікті  Сәбит!  Сіздің  «Сұлушаш»  атты 
шығармаңыз  неліткен  роман  болып  аталды, 
‰лкен  поэма  сияқты  емес  пе?  Осы  сұраққа 
жауап хат беруіңізді сұраймын. 
Сіз  менімен  танысқыңыз  келсе,  мен  Қос-
танай  облысының  Торғай  ауданындағы  қазақ 
орта мектебінде оқимын. 
Сәлеммен сіздің әлде өмір с‰ріп, совет әде-
биетінен көрнекті орын алып, біздер ‰шін кі-
тап  шығаруыңызға  тілектес  Арғынбек  Қа-
шағанов 
23/06/1947 
Сәлеметсіз бе қадірлі әкей! 
Халыңыз жақсы ма? Әрине, сіз мені таны-
майсыз. Сізді әкей дейтін себебім, б‰кіл қазақ 
қыздарының ‰лгі тұтатын, менде сондай бол-
сам  деп  армандайтын  ұлы  шығарма  «Бота-
гөздің» авторы сіз болсаңыз. Сізді біз ең құр-
метті  атақ  «әкей»  деуге  правомыз  бар!  Мен 
сіздің  «Ботагөз»  деген  шығармаңызды  өте 
ұнатам.  Ол  менің  арманымның  негізі.  Мен 
биыл 18 жасқа толдым, кәзір сізге хатты бі-
рінші  Алматы,  Чернышевский  көшесі 52 ‰йде 
(туысқанымыздың  ‰йінде)  отырып  жазып 
отырмын,  міне 18 жыл  бойы  өзімді  өсіріп, 
тәрбиелеген, оқытқан отаныма әлі пайда кел-
тірген  жоқпын!  Осы  есіме  т‰ссен  мені  ұят 
қысады!  Островский,  А.Гайдар  он  сегіз  жа-
сында  не  істегені  жұртқа  мәлім.  Биыл  ‰йім-
нің  жағдайы  болмағандықтан  ЖенПИ-дің 
сыртқы  бөліміне  кітапханашылар  факульте-
тіне документімді тапсырдым. 3июль к‰ні бір 
бірінші емтихан шығарма. Мен бір жыл бойы 
Талды  Қорған  облысының,  Қаратал  ауданын-
дағы,  Бесқайнар  селосында  кітапханашы  бо-
лып  қызмет  атқардым.  Кітапты  өте  қас-
терлеймін, өйткені онда әрт‰рлі адамдардың 
өлмес тағдыры, қуанышы, к‰йініші бар. Сіздің 
кітаптарыңыз  бізбен  бірге  өмір  с‰реді,  өзіме 
осындай  сенімді  іс  тапсырғанына  да  қуанам. 
Сізден  бір  тілегім  мені  де  қарапайым  жұ-
мысшы  семьясының  қызық  көп  ұл-қыздары-
ның  бірі  деп  санаңыз!  Көп  жылдан  бері  сізді 
жасырын  т‰рде  өзімнің  әкем  есебінде  қадір 
тұтам, мақтаныш етем! 
Ден-саулығыңызды  сақтаңыз!  Тек  қана 
сізге емес, халқыңызға да, мына кейінгі жет-
кіншек  бізге  де  өмірңіз  қымбат!  Уақыты-
ңызды  алсам  кешірім  сұраймын.  Сәлеммен 
Нұрила Бектемірова 
Қымбатты ағай Сәбит! 
Сізге  мыңдаған  оқырмандарыңыздың  бірі 
қатарында  хат  жазып  отырмын.  Сіздің 
«Ботагөз», «Өмір  мектебі»  деген  кітапта-
рыңыз  менің  ана  тілім  қырғыз  тіліне  ауда-
рылып,  қырығыз  оқушыларынң  с‰йген  кітабы 
болып қалды. 
Сіздің  жырменен  жазған  «Сұлушаш»  де-
ген  шығармаңыз  бар  екен.  Осы  шыңарма-
ңызды  еш жерден  кездестіре  алмадым.  М‰м-
кін  болса  сол  қазақ  тіліндегі  кітабыңызды 
пошта  арқылы  салып  жіберсеңіз  жақсы  бо-
лар еді. 
Сізге құрметпен: 
Гвардияның  қатардағы  солдаты  Рыскул-
бек Бакиров 
Менің адресім: Туркіменская ССР 
Город Кушка В/ч 04175»Б» 
Қымбатты Сәбит! 
Жақында  драма  театрында  сіздің  «Шо-
қаныңызды» бесінші рет барып көрдім. Қалық 
бұрынғыдай театрға лық толды, ине шаншар 
жер  болмады.  Қалық  ықыласымен  көрді.  Сіз 
болған  жоқсыз,  Мәкең  болды.  Ойынның  кей 
жеріне мейірімі қанып к‰лген қалық, әр жерен 
«әй, Сәкең ай», «әй Сәбит ай» десіп отырды. 
Әрине бұл еңбегің мәңгілік еңбек қой. 
Сен  ойынның  аяғында,  қалық  сөзін  кел- 
тіріп  Шоқанның  атын  қалық  мәңгілік  алтын 
жазумен жазады деп келтіргенсің. Әрине бұл 
сөзді  бір  мәнде  сенің  өзіңі  де  жолдауға  бо-
лады.  Осы  Шоқан  сияқты  еңбектерің  ‰шін, 
сенің  атыңды  да,  тарих,  қалық,  әдебиет  еш 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          285 
 
уақытта  өшпейтін  алтын  жазумен  жазады 
ғой.  Бірақ  оны,  сізде,  Мәкеңде,  біз  сияқты 
ниетті  адамдардың  өз  көзімен  көрмейді  ғой. 
Сол  себепті,  сіздің  еңбегіңіз  ‰шін  қуанғаннан 
басқа  айтарым  жоқ.  Құрметпен  Әшімбек 
15/2/1957 
Осы берілген азғантай хаттардың өзінен-ақ 
жазушыға  деген  халықтың  ықыласы  ерекше 
болғандығын  көреміз.  Жазушының  әр  жазған 
шығармасы  халықтың  ж‰регінен  орын  алып, 
жоғары  баға  алып  отырған.  Оған  оқырман 
қауымнан келген том-том хаттар куә.  
Қандай  да  бір  шығармашылық  адамына 
еңбегінің  халқы  тарапынан  бағаланып,  алғы-
сын алып жатса одан артық бақыт жоқ шығар 
деп  ойлаймын.  Әдебиет  классигі  Сәбит  Мұ-
қановтың  халықтың  қарапайым  азаматтары-
нан алған және оларға жазған хаттары мұрағат 
қоржынынның басым көп бөлігін құрайды. Біз 
назарға  ұсынып  отырған  бірнеше  хат  солар-
дың ішіндегі ең қысқа әрі ең қарапайымы.  
 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұ-
рағатындағы Сәбит Мұқановтың жеке қорын-
да  достық  сыр  шертілетін,  әдебиет,  әлеумет 
мұңы айтылатын хаттар том-том болып ‰йіліп 
жатыр.   
Жазушы хаттары бейне теңіз сияқты, онда 
адуынды  толқындар  да,  әлсіздері  де,  киті  де, 
шөрегей  балықтары  да  бар.  Ал  теңіз  тұнып 
тұрған  қазына.  Жазушы  қалдырған  қазына, 
эпистолярлық  мұраны  зерттеу – б‰гінгі  әде-
биетіміздің кезек к‰ттірмес мәселесі. 
______________ 
1.  Сәбит Мұқанов жайлы әдеби хабар. Қазақ радиосы-
ның «Алтын қоры»,  Д-934  
2.  Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-XIX 
ғасыр). – Алматы: «Ана тілі», 1993. 
3.  Кенжебаев  Б.  Қазақ  баспасөзінің  тарихынан  мәлі-
меттер. - 1956. 
4.  1634 қор, 1тізбе, 208 іс, 6 бет. 
5.  1634қор, 1тізбе, 210 іс, 7бет. 
6.  1634қор, 1тізбе, 210 іс, 6бет. 
7.  1634қор, 1тізбе, 234іс,7б. 
 
Н. Нурадил. Писатель С. Муканов и читатель (Через письма читателей С. Муканова) 
В  статье  рассматривается  эпистолярное  наследие  классика  литературы  С.  Муканова,  через  письма  читателей 
передаются теплые отзывы o писателe 
 
N. Nuradil. The writer S. Mukanov and his reader (through letters of S. Mukanov readers) 
The article deals the epistolary heritage of the classic of literature S.Mukanov through readers' letters with  warm 
reviews about the writer 
 
 
 
 
Нұржанова Ботакөз Нұртанқызы, 
ҚазМемҚызПУ, Алматы, Қазақстан, bnurzhanova@mail.ru
 
 
АРНАЙЫ МАҚСАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТІЛ МӘСЕЛЕСІ 
                                  
 
Әдеби тілдің негізін құрайтын басты арна-
лардың  бірі – ұлы  ақын-жазушылардың  шы-
ғармалары  екендігі  даусыз  ақиқат  нәрсе.  Ол 
шығармалар сол кездегі әдеби тіл мен жалпы-
халықтық  тілдің  қолданым  ерекшеліктерінен 
хабар  береді,  ұлттық  тілдің  сол  кезеңдегі  құ-
рамы мен құрылымдық ерекшеліктерін айғақ-
тайды,  тілдің  тарихи  даму  жолындағы  заңды-
лықтарды  анықтауға  жағдай  жасайды,  ақын-
дық  өнердегі  заңдылықтарды  белгілеуге,  дәс-
т‰рдегі  сабақтастықты  айқындауға  м‰мкіндік 
береді.  Ақын  (жазушы)  тілі  сөздігінде  автор-
дың  шығармашылығы  мен  зертханасы  тұтас 
к‰йінде,  толық  көрінеді.  Автордың  барлық 
шығармаларындағы  (поэтикалық,  прозалық, 
драмалық,  т.б.)  сөзқолданым  ‰лгілері  ж‰йелі 
т‰рде  беріледі.  Мұның  өзі  оның  жеке  шығар- 
 
 
малары  арасындағы  ой,  образ  сабақтастығын 
айқындауға  м‰мкіндік  берері  сөзсіз.  Мұндай 
еңбектер  тіл  тарихын  зерттеушілер,  жеке 
ақындардың  шығармашылығын  зерттеушілер, 
жалпы ұлт тілін оқытушылар ‰шін өте құнды 
болмақ. Бұл сөздіктің әсіресе ұлт тілінің әдеби 
т‰сіндірме  сөздігін  жасауда  қажет  болары 
анық.  Себебі  әдеби  ‰лгілерден  жалпылама 
қолданымға  арналған  т‰сіндірме  сөздік  ‰шін 
алынатын дәйектеме материал осындай ақын-
жазушылардың  шығармаларын  тұтастай  қа-
растыратын  анықтамалық  еңбектер  негізінде, 
салыстырыла,  салғастырыла,  екшеле  отырып, 
сұрыпталып  алынғаны  жөн  болады.  Бұл  лек-
сикографиялық  еңбектер  жазушының  әдеби 
шеберлігін терең т‰сініп, бағалауға м‰мкіндік 
жасайтын  аса    бай  материалдар  береді.  Олар 

286                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
тілдің тарихы мен сөз шеберінің өзіндік жеке 
стилін  зерттеуге  м‰мкіндік  беретін  бірегей 
дереккөз, ақпарат көзі болып табылады. Мұн-
дай еңбектерге деген қызығушылық  сөз қаді-
рін  т‰сіне  білетін  оқырманның  өз  шебер-
лігімен  халықтың  тіл  қазынасын  байытатын  
прозаик,  ақын, драматургтар   шығармашылы-
ғының  бастау  көзін    терең  т‰сінуге  деген  ұм-
тылысын танытады.  
Елімізде    жазушы  тілі  сөздігін  жасаудың 
тәжірибесі  бірқатар  мәселелерді  алға  қойып 
отыр.  Бұл  сөздіктер  белгілі  бір  жазушы  өмір 
с‰ріп,  еңбек еткен  дәуірдің тілдік жағдайын  
қаншалықты  шынайы  бейнелей  алды?  Олар 
жазушы  тілінің  стильдік  ерекшеліктерін    қа-
лай тіркейді?  Сөздікке лексиканы  іріктеп алу 
өлшемдері қандай?  Іріктелген материал қалай 
өңделеді?  Осындай  сұраулар  жазушы  лек-
сикографиясының  жалпы  теориялық  мәселе-
лерін қарастыруға алып келеді. 
Жазушы  тілінің  сөздігі - әдеби  шығарма-
дағы  мәтіндерді  саралап,  жекелеген  лексика-
лық  бірліктердің,  фразалық  немесе  атаулық 
тіркестердің мәнмәтіндік мағынасын анықтай-
тын,  статистикалық  қолданым  жиілігін  бел-
гілейтін,  сол  арқылы  ғылыми  зерттеменің  ал-
ғашқы сатысын қамтамасыз ететін жұмыстар-
дың  бірі.  Сөздік  жасалды  делік.  Сонда  осы 
дайын  өнім  қалай  жасалды?  Ол  қалай  болса 
солай жасала салды ма, әлде оны жасауда бел-
гілі  бір ғылыми  ж‰йе мен құрылым  сақталды 
ма?  Ғылыми  әдіс-тәсілдер  қолданылды  ма, 
әлде  жоқ  па?  Әрине,  онда  өзіндік  ж‰йе  де, 
құрылым  да  бар.  Оны  т‰зуде  өзгеден  ерекше 
әдіс-тәсілдер де қолданылады. Демек, бұл жұ-
мыс  та  арнаулы  мақсат  бойынша,  осы  мақ-
сатқа  сай  арнайы  әдістеме,  әдістер  негізінде 
жасалып отыр. 
Халықтық тілдің ерекше бір т‰рі ретіндегі 
арнайы  мақсатта  қолданылатын  тілдер  ту-
ралы зерттемелер бар. Арнаулы мақсатты тіл-
дердің  жалпыхалықтық  тіл  мен  оның  т‰рле-
ріне  негізделген  жартылай  автономды,  ке-
шенді семиотикалық ж‰йелер ретінде білімнің 
бір  саласында  немесе  туыстас  білім  салала-
рында  жұмыс  жасайтын  мамандар  арасында 
болатын  тілдік  қатынаспен  шектелген,  ар-
наулы  білімді  қажет  ететін  тілдер  болып  та-
былатындығы  белгілі [1, 26]. Шындығында, 
ұғымдардың  нақты  салаларда  қалыптасқан 
ж‰йесін  ашып  көрсету  ‰шін  қолданылатын 
тілдік  құралдардың  жиынтығын  арнайы  мақ-
сатта қолданылатын тіл деп те, кәсіби тіл деп 
те атауға болады.  
С.Е.Никитина  арнайы  мақсатта  қолданы-
латын тіл бойынша жасалатын талдаудың төрт 
типін атайды: философиялық, стилистикалық, 
терминологиялық  және  статистикалық. «Фи-
лософиялық  талдау  тұрғысынан  ол  тілдің 
ғылыми  идеяларды  бейнелеуге  жарамдылығы 
мәселесін  қарастырғанда,  кәсіби  ойды  беруде 
негізгі  қызметті  табиғи  тілдің  атқаратыны 
белгілі  болған.  Кәсіби  тілдің  құрамдас  бөлігі 
ретіндегі  жасанды  символикалық  тілдердің 
бұған  жарамсыздығы,  олардың  табиғи  тілдің 
орнын баса алмайтындығы, табиғи тілді толық 
ауыстыра  алмайтындығы  анықталған.  Сти-
листикалық  талдау  жасаған  кезде  ғылыми 
тілге тән «дәлдік», «объективтілік», «экспрес-
сияның  болмауы»  тәрізді  белгілердің  сти-
листикалық  белгілер  болып  саналмайтын-
дығы,  олардың  нақты  мәтінге  жасалған  тал-
даудың  нәтижесі  болмай,  керісінше,  жалпы 
ғылыми  ойлауға  тән  белгілер  екендігі  анық-
талған.  Терминологиялық  талдаудың  нәтиже-
лері  кәсіби  тілге  өте  қажетті,  пайдалы  бол-
ғанымен,  бұл  жерде  ескерілуге  тиісті  жағдай: 
кәсіби  тіл  ұғымыменен  терминология  ұғымы 
бірдей  емес,  терминология  кәсіби  тілдің 
лексикалық  деңгейіне  кіретін  құрамдас  бөлік 
қана.  Статистикалық  талдау  кәсіби  тілдің  не-
гізгі  деңгейлерінің  көпшілігін  қамтиды,  алай-
да, семантикада қолданылмайды. Кәсіби тілге 
жасалатын  толық  кешенді  зерттеу  талдаудың 
аталған  төрт  типін  сабақтастыра  қолданған 
кезде ғана м‰мкін болмақ» [2].  
Қазақ  лексикографиясында  осы  мәселені 
зерттеген  М.М.Малбақов  метатіл  ұғымының 
лексикографияда екі т‰рлі мағынада қолданы-
латынын айтады: «Бірінші‚ жалпы‚ кең мағы-
надағы бірінші қатардағы метатіл - белгілі бір 
ұғымға берілетін сипаттаманың тілі. Лексико-
графияның  тіліне  көшіргенде  бұл  сөздік  бір-
ліктерге  берілетін  сипаттаманың  тілі‚  яғни 
сөздіктің  метатілі  болып  шығады.  Екінші 
метатіл - тіл  білімінің  жекелеген  салалық 
терминдерін зерттеуде қолданылатын метатіл. 
Лексикографияның тіліне көшіргенде бұл лек-
сикографияның  жалпы  салалық  атауларының 
тілі‚  яғни  лексикографияның  метатілі  болып 
шығады [3, 82-83]. 
Ғылыми  метатіл  мәселесін  зерттеуші 
Ж.Мұсаева  ғылымның  кәсіби  тілі  туралы 
төмендегідей  қорытынды  жасайды: «бірін- 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          287 
 
шіден, кәсіби ғылым тілінің негізін табиғи тіл-
дің  құрайтындығы,  ал  символикалық  таңба-
лардың  қосалқы  ғана  қызмет  атқаратындығы 
белгілі  болады.  Екіншіден,  кәсіби  ғылым  ті-
лінің  стиль  болып  саналмайтындығы  және 
онда  қолданылатын  кәсіби  белгілердің  сти-
листикалық белгілер болып саналмайтындығы 
айқындалады.  Демек,  әдеби  тіл  тұрғысынан 
жалпылама  мәнде  айтылатын  ғылыми  стиль 
терминін салалық кәсіби ғылым тіліне қатыс-
ты  қолдану  жөн  болмайды.  Салалық  ғылым 
тілі – стиль  емес. ‡шіншіден,  терминдердің 
ғылымның арнаулы, кәсіби тілінің, яғни мета-
тілінің  құрамдас  бөлігі  ғана  болып  табыла-
тындығы,  ғылыми  тілдің  терминдерден  ғана 
құралмайтындығы  белгілі  болады.  Демек, 
«салалық  метатіл  дегенше,  салалық  термино-
логия деп неге айтпаймыз»  деушілік ғылыми 
тұрғыдан  дұрыс  болмайды.  Төртіншіден,  ғы-
лыми  метатіл  арқылы  жасалатын  семантика-
лық талдау нәтижелерінің статистикалық тұр-
ғыдан  есептеуге  келмейтіндігі  белгілі  болып 
отыр [4, 9-10] – деген  қорытындыға  келеді. 
Бұл  туралы  ғылым  тілін  зерттеген  Қ.Алтай-
бекованың  еңбегінде  де  кеңінен  сөз  болады 
[5].  Аталған  зерттеулер  барысында  «салалық 
ғылым тілі – стиль емес» деген тұжырым жа-
салады.  
Жазушы  тілі  сөздігі  арнаулы  мақсатпен 
кәсіби ғылым тілінде жасалатын жұмыс. 
Жоғарыда  жазушы  тілі  сөздігінің  ғылыми 
сөздік екендігіне, оның мәтінінің ғылыми мә-
тін  екеніне  көзімізді  жеткіздік.  Сонымен  қа-
тар,  жазушы  тілі  сөздігінің    арнаулы  мақсат-
пен  кәсіби  ғылым  тілінде  жасалатын  жұмыс 
екендігіне де иландық. Келесі кезекте арнаулы 
мақсатпен  т‰зіліп  отырған  осы  еңбек  ғылым-
ның  қай  саласының  заңдылықтары  бойынша 
жасалып  отыр  деген  сұрақ  қояр  болсақ,  оған 
лексикографияның, оның ішінде жазушы лек-
сикографиясының  заңдылықтары  бойынша 
жасалып  отыр  деп  жауап  береміз.  Мұсаева 
Жанерке  Олжатайқызының  «Қазақ  лексико-
графиясында қолданылатын атаулардың мета-
тілдік  табиғаты»  атты  диссертациялық  еңбе-
гінде  қазақ  лексикографиясының  метатілі  ту-
ралы жан-жақты сөз болады.  
Еңбектің «Қазақ лексикографиясының мета-
тілдік  негіздері»  деп  аталатын  бірінші  бөлі-
мінде  металингвистика,  метатіл  атаулары 
туралы  ғылыми  тұжырымдар  келтіріледі. 
Ж.Мұсаеваның жазуы бойынша, металингвис-
тика,  метатіл  атаулары  ғылыми  айналымға 
XX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  ене 
бастаған. «Тіл білімі бойынша ‰лкен энцикло-
педиялық  сөздікте [6, 297] және  «Тіл  білімі 
сөздігінде» [7, 219] металингвистикаға «мета-
тілді  объект-тілдің  сипаттау  құралы  ретінде 
зерттейтін  лингвистиканың  саласы»  т‰ріндегі 
т‰сінік  беріледі.  Металингвистика  терминіне 
О.С.Ахманова    сөздігінде: «1. (психолингвис-
тика,  экзолингвистика); 2. «Екінші  қатарлы» 
тілдер  (метатілдер)  туралы  ғылым»  деген 
анықтама  келтіріледі [1, 230].  Металингвис-
тика  және  метатіл  терминдері  қазақ  тіл  бі-
лімінде  соңғы  кезде  жарық  көрген  Ғ.Қа-
лиевтің  «Тіл  білімі  терминдерінің  т‰сіндірме 
сөздігі»  атты  еңбегінде  де  қамтылады [8]. 
Аталмыш  еңбекте  металингвистикаға  «тілді 
қолданушы адамдардың санасымен, қоғамдық 
өмірімен  байланысты  тілдің  ішкі  мағыналық 
ерекшеліктерін  зерттейтін  тіл  білімінің  са-
ласы»  ретінде  т‰сінік  беріледі.  Сөздікте  тер-
миннің  екінші  мағынасы  да  (табиғи  адамзат 
тілін  нысан  етіп  зерттейтін  «екінші  қатар-
дағы»  тіл  туралы  ғылым)  келтірілген.  Осы 
сөздік  мақалада  метатіл  терминіне  сілтеме 
жасалады. Метатілге байланысты сөздік мақа-
лада  оның  адамзаттың  табиғи  тілін  объект 
(«объект-тіл»)  етіп  зерттейтін  «екінші  қатар-
дағы»  тіл,  методологиялық  тіл  екендігі  көр-
сетіледі [8, 213]. Бұл  жердегі  екінші  қатар-
дағы  тіл,  методологиялық  тіл  деген  т‰сінік-
темеде  аса  құнды  тұжырым  жасалып  отыр-
ғандығын  айту  қажет.  Бұл  біздің  зерттеуіміз-
дің  тұжырымдарымен  ‰ндеседі.  Одан  әрі 
автор: «Тіл  біліміндегі  метатіл  көбінесе  объект 
тілдегідей  тіл  бірліктері  негізінде  жасалады. 
Сөйтіп,  ол  табиғи  тілді  сипаттай  отырып,  әрі 
өзі де табиғи тілдің бір бөлігі ретінде көрінеді. 
Тіл біліміндегі метатіл к‰рделі құбылыс, оның 
негізінде,  бір  жағынан,  терминаралық  ж‰йелі 
қатынастар,  екінші  жағынан,  тілді  зерттеуде 
қолданылатын  сөздер  мен  сөз  тіркестерінен 
тұратын жалпы ғылыми лексика жатыр» деген 
тұжырым  жасайды.  Ғалым,  біріншіден,  мета-
тілдің    терминаралық  ж‰йелі  қатынастарға 
қатысын  өте  дәл  байқаса,  екіншіден,  метатіл 
негізінде  ғылыми  лексиканың  жатқандығын 
да  айқын  білдіреді.  Автор  «ғылыми  қатынас 
құралы  ретінде  терминнің  метасөйлеуде  нақ-
ты байқалатынын, олардың қатынасының лек-
сикографиялық  құралдарды  жасауда,  белгілі 
бір  терминдерді  т‰сіндіруде  көрінетінін»  жа- 
зады.  Осы  жерде  терминнің  мазмұны  метатіл 
ж‰йесіндегі тіл бірлігі ретінде ашылатындығы 

288                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
да  сөз  болады.  Бұдан  әрі  автор: «метатілде 
қабылданған  тіл  біліміндегі  ұғымдар  ж‰йесі 
методологиялық  бағыттарға  қатысты  болып 
келеді.  Белгілі  бір  бағыттың  философиялық 
(методологиялық) негіздеріне байланысты бір 
термин  әр  т‰рлі  т‰сіндірілуі  м‰мкін»  деген 
т‰сініктеме жасап, фонема терминінің әр т‰р-
лі фонологиялық мектептердегі әрқилы т‰сін-
дірілуін  мысалға  келтіреді.  Шынында  да,  мета-
тілдік зерттеулер осындай әрқилылықты өзара 
салыстыра,  зерттей  отырып,  ғылым  саласын-
дағы ғылыми тілдің апаратын бір ізге т‰сіреді.   
Айтылғандарды  қорытар  болсақ,  нақты 
ғылым саласында кәсіби зерттеу ж‰ргізу ‰шін 
сол  саланың  қалыптасқан  ғылыми  тілі  (мета-
тіл)  болуы  шарт.  Салалық  ұғымдарды  әр  ав-
тордың  әрқилы  атаушылығы‚  терминдердің 
тұрақсыздығы  ғылымның  дамуына  өлшеусіз 
зиян  келтіреді.  Бұл  ғылымның  сол  саласын-
дағы ғылыми апарат атауларын,  терминдерді  
 
ж‰йелі т‰рде зерттеудің болмауынан‚ салалық   
ғылыми  тезаурустың  қалыптаспағандығынан 
болады. Лексикография туралы базалық білім-
нің қажеттілігі анықтала т‰седі. 
_____________ 
1.  Ахманова  О.С.  К  вопросу  об  основных  понятиях 
метаязыка  лингвистики // Вопросы  языкознания, 1961,  
№5. 
2.  Никитина  С.Е.  Семантический  анализ  языка  науки. 
На материале лингвистики. М., 1987. -109 с. 
3. Малбақов М. Қазақ тілі т‰сіндірме сөздігінің құры-
лымдық  негіздері.  Филология  ғылымдарының  докторы 
диссертациясы. Алматы, 2003.  
4.  Мұсаева  Ж.  Қазақ  лексикографиясында  қолданы-
латын атаулардың метатілдік табиғаты. Филология ғылым-
дарының кандидаты авторефераты. Алматы, 2006. 
5. Алтайбекова Қ. Терминологиялық бірліктердің лек-
сикографиялық  сипаты.  Канд.дисс.авторефераты.  Алматы, 
2009. 
6. Большой энциклопедический словарь. Языкознание. 
М., 1990.  
7. Тіл білімі сөздігі. Алматы, 1998. 
8.  Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінің  т‰сіндірме  сөз-
дігі. Алматы, Сөздік – Словарь, 2005. – 440 б. 
 

1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал