Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет48/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61

гизмдерді меңгертудің орны ерекше. 
Жаттығудың мақсаты – студенттерге фра-
зеологизмдерді таныстырып, оның мағынасын 
т‰сіндіре келе, оларды сөйлеуде  дұрыс, орын-
ды қолдануға машықтандыру.  
Жаттығудың  тиімділігі – фразеологизм-
дерді  қарым-қатынаста  дұрыс  қолдану  ар-
қылы  студенттер  өз  ойын  әдемі,  дәл  білдіру-
мен  бірге, көркем сөйлеуге, сөз саптау шебер-
лігіне  ‰йренеді. 
 
2. Сөйлемдермен жұмыс істеу  
  сөйлемдерді  тыңдап,  ана  тілімен  ұқсас 
сөздердің мағыналарын анықтаңыздар. 
   ‰лгі бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар: 
Менің  мамандығым  тілші.  Қазір  мен  «Север-
ный Казахстан» газетінің редакциясында істеп 
ж‰рмін.  Менің  досымның  мамандығы  аудар-
машы. Ол ... ... ... . 
  берілген нұсқалардан сөйлемдердің соңын 
табыңыздар;  
  бір тақырыпқа қатысты сөйлемдерді оқып, 
толықтырыңыздар; 
  сөйлемдерді  жаңа  сөздермен  толықты-
рыңыздар; 
  сөйлемдерді қысқартыңыздар; 
  сөйлемдерді ‰лгі бойынша құрастыру
Студенттер  дайын  ‰лгі  арқылы  типтік  фраза-
ларды құрастыруға ‰йренеді.  
  сұрақта  бойынша  сөйлемдер  құрас-
тыру.  Сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  сту-
денттер  сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібін 
сақтауға ‰йренеді.  
  Сурет  арқылы  сөйлемдер  құрастыру. 
Суреттер студенттердің жұмысын белсендіреді.  
  дұрыс  құрастырылмаған  сөйлемдер-
мен жұмыс істеу. Бұл тапсырма сөйлемдердің 
орын  тәртібін  сақтауға  ‰йретеді,  логикалық 
ойлау қабілеттерін дамытады, грамматикалық 
формаларды меңгеруге көмектеседі.  
  сөйлемдерді  ана  тілінен  қазақ  тіліне 
аудару.  Аудару  барысында  екі  тілдің  грам-

276                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
матикалық  ерекшеліктерін  меңгеру  қабілет-
тері қалыптасады. 
  сөйлемдегі сөздердің формаларын ауыс-
тыру.  Белгілі  бір  грамматикалық  материалды 
меңгеруге көмектеседі. 
  Сөйлемдерді  анықтауыш  және  толық-
тауыштар арқылы толықтырыңыздар.  
3.
 
Қазақ тілін кәсіби мәтін  арқылы  мең-
герту  жолдары.  Студенттерді  болашақ  ма-
мандығына байланысты кәсіби тілде сөйлеуге 
‰йретудің тиімді  жолы – мәтінмен жұмыс.   
Кәсіби мәтінмен жұмыстың мақсаты: мә-
тін  ішіндегі  мамандыққа  қатысты  терминдер-
дің  мағынасын  т‰сіндіріп,  меңгерту  арқылы 
студенттердің  кәсіби  сөз  қорларын  молайту,  
мәтін  мазмұнын  дұрыс  т‰сінуге  машықтан-
дыру. 
Кәсіби  мәтінмен  жұмыстың  тиімділігі: 
студенттер  мамандығына  сәйкес  терминдер-
мен,  кәсіби  ұғымдармен  жұмыс  істеуге  ‰йре-
неді,  мәтіннің  мазмұнын  өз  сөзімен  айтуға 
дағдыланады,  мамандыққа  байланысты  ой-пі-
кірін қазақша еркін жеткізуге ‰йренеді.      
«Қазақ тілін оқыту туралы принцип – осы 
саладағы  заңдылықтарға,  оқытудың  мақсаты 
мен  маңызына,  міндеттің  орындалу  қажетті-
лігіне,  оқытудың  басты  бағытына,  тағы  сол 
сияқты  негізгі  белгілердің  барлығына  с‰йе-
нетін  ең  тиімді,  сұрыпталған  ерекшелік»  дей 
келе,  орыс  аудиториясында  қазақ  тілін  қаты-
сымдық тұрғыдан оқытуда мынадай принцип-
терге  с‰йену  керектігіне  тоқталады: «Тұтас-
тық  (комплекстік);  сөйлесімге  қатысты  басты 
ережелерді  меңгеру;  грамматикалық  заңды-
лықтарды есте сақтауға, жазуға ‰йрену; сөйле-
сімнің  т‰рлерін  меңгеру;  ынталандыру;  тақы-
рыпты  игеру;  сөйлеуге  қатысты  ішкі  к‰шті 
пайдалану;  орта  мен  жағдайды  ескеру» [2;131]. 
Мұнда  тыңдалым  тұрғысында  негізгі  мақсат 
студенттердің  кәсіби  мәтіннің  мазмұнын  т‰-
сінікпен  тыңдау,  тыңдалған  мәтін  бойынша 
қойылған  ауызша  сұрақ  пен  айтылғандарды 
т‰сіну  дағдыларын қалыптастырдан тұрады.   
Оқылым тұрғысынан мәтінмен жұмыс сту-
денттің  оқу  техникасын  одан  әрі  жетілдіруге, 
мәтінді  т‰сініп  оқу,  талдау  дағдылары  же-
тілдіруге,  мәтінмен  өз  бетімен  жұмыс  жасау 
іскерлігіне машықтандыруға бағытталды.  
Айтылым  тұрғысында  негізгі  мақсат  сту-
денттердің  кәсіби  мәтін  мазмұнын  өз  сөзімен 
жеткізу  дағдысы  мен  іскерлігіне    машықтан-
дырудан тұрады.            
Жазылым  тұрғысында  студенттердің  жа-
зылым  техникасын  жақсарту,  орфография- 
ның негізгі ережелерін меңгерту; сөйлемдерді 
дұрыс  құру,  қарапайым    мәтін  құрастыру  іс-
керлігін  қалыптастыру  жұмыстары  ж‰ргізі-
леді.  
Тілдесім  бойынша  студенттер  мәтін  маз-
мұны  бойынша  ұсынылған  жағдаяттардың 
біріне мамандығы жайында әңгемелеу, сұхбат 
құру  дағдысын  қалыптастыруға  бағытталған 
жұмыстарды  орындайды. 
Мәтін студентке білім  береді, тілін, сөздік 
қорын дамытады, қазақша сөйлеуге ‰йретеді, - 
дейді оқытушы.  
 
4.  Кәсіби  қазақ  тілін  ‰йретуге  арналған 
шығармашылық жаттығулармен жұмыс. 
Шығармашылық жаттығулар  студент-
тердің кәсіби мәтін мазмұны бойынша кәсіп-
танымдық  ақпараттарды  саралап,  зерделеу 
арқылы, өз пікірлерін микротоптың басқа м‰-
шелерімен  талдай  алу,  өзара  бірлесе  іздену-
шілік іс-әрекет жасау дағдыларын қалыптас-
тыру,  соның  нәтижесінде  кәсіби  тілдік  қа-
тынасқа  еркін  т‰су  қабілетін  жетілдіруге 
бағытталған жұмыс т‰рі. 
Студенттерге  қазақ  тілін  мамандыққа  қа-
тысты кредиттік технология арқылы ‰йретуде 
шығармашылық  жаттығулардың  келесі  т‰р-
лері қолданылды: 
«Тақырыптық  Бәйтерек»  әдісі:  жаңа  та-
қырыпқа  байланысты  жаңа  сөз  алынып,  ол 
әрт‰рлі сөздермен қосарланып айтылады.  
«Сөздерді  жұптастыр»  әдісі:  жаңа  сөз-
дер  жұптастырылады.  Сөз  тіркесін,  м‰мкінді-
гінше, сөйлем құруға болады.  
«Инсерт»  стратегиясы:  берілген  сөздер 
график  арқылы  беріледі  сол  сөздердің  сәй-
кестігін  табулары  жөн.  Мәтінді  бекіту  ‰шін 
ұтымды әдіс. 
«Баспалдақ» әдісі:
 
бір сөз беріліп, сол сөз-
дегі  әріптермен  сөз,  тек  осы  сөздермен  сөз 
тіркесін,  м‰мкіндігінше,  сөйлем  құратуға  
болады.  Студенттер  бұл  әдіс  арқылы  сөз 
тіркесі мен сөйлемдерді қызығушылықпен құ-
рады. 
«Сөздер  сыры»  айдары:  кәсіби  лексикаға 
байланысты  сөздер  ішінен  бірнеше  мағына 
беретін омоним сөзді алып, т‰сіндірмелі және 
фразеологиялық  сөздіктен  тауып  қолдануға 
баулу жөн. Студенттер сөз сырына терең ‰ңі-
ліп, қазақ тіліндегі тағы бір омониммен  таны-
сады.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          277 
 
Ғылыми әдіс: студенттерге сабаққа байла-
нысты  терминдер  беріліп,  оның  мән-мағына-
сын студенттер табуы жөн. Терминдердің ма-
ғынасы  ашылады.  Бұл  сабақтың  ғылымилы-
ғын арттырады.  
«Ойлан,  тап»  айдары:  тұрақты  тіркес-
терді  оқытуда  пайдаланған  тиімді  (көп  н‰к-
тенің  орнына  тұрақты  тіркесті  қою,  ауыс-
тырылған тұрақты тіркестегі сөздердің орнын 
дұрыс қою). Тұрақты тіркестердің мағынасын 
толық тануға көмектеседі. 
Кластер:  кез  келген  мәтінге  қолдануға 
болады.  Мәтін  мазмұнын  игеруге  көмегін  ти-
гізеді. Сұрақ қоя білуге ‰йретеді. 
Сұхбат  әдісі.  Кез  келген  тақырыпқа  қол-
дануға болады. Жаңа сөздерді бергеннен кейін 
сабақтың басында қолданған тиімді. Лексика-
лық білімі мен  грамматикалық  білімі  тексері-
ліп бекітіледі. 
«Рафт»  стратегиясы.  Белгілі  бір  адресат-
қа халыққа, досына, ата-анасына хат, эссе жазу. 
-  Берілген  тақырып  бойынша  студенттің  ой-
толғауы танылады.
  
Сын тұрғысынан ойлау жобасы  бойын-
ша  оқытушы  тек  қана  идея  беруші,  студент 
сол  идеяны  әрі  дамытушы  болып  табылады. 
Сын тұрғысынан ойлау жобасын сабақта пай-
далану нәтижесінде студенттер зерттеу объек-
тісіне  (тақырып  бойынша  мәтінге)  баға  беру-
ге, кәсіби лексиканы орынды қолдануға  ‰йре-
неді.  
Ассоциация  әдісі  студентерді  өздігінен 
мәселе қоя ізденуге ‰йретеді.  
Пікір  алмасу  әдісі  тақырып  бойынша  ал-
ған білімдерін тұжырымдауға көмектеседі.  
«Қатені  тап»  берілген  мәтінді  дұрыс  құ-
растыру  (яғни,  мәтіндегі  сөйлемдердің  орны 
алмастырылып  беріледі)  дағдыларын  қалып-
тастырады. 
Қос  жазба  к‰нделігі  студенттерді  сұхбат 
құрастыруға,  өз  ойларын  нақты  жеткізе  білу-
ге,  сөйлемдерді  дұрыс  құрастыра  білуге  ‰й-
ретеді.
 
 
«К‰н  шұғыласы»  әдісі.  Тақырыпқа  сай 
студенттер өз ассоциацияларын жазады.  Сту-
денттердің  сөздік  қорын  байытуға  көмекте-
седі.  
«Анаграмма» әдісі. Белгілі бір тақырыпқа 
арналған  жаңа  сөздерді  қайталауға,  еске  т‰-
сіруге  болады.  Бұл  әдіс  студенттердің  жаңа 
сөздерді  қалай  меңгергендігін  тексеруге  қо-
лайлы. 
«Сұхбат  құрастыру»  әдісі.  Лексикалық 
және  грамматикалық  тақырыптарды  тексеру-
ге,  сұраулық  шылауларды  еске  т‰сіруге,  дұ-
рыс  қолдануға,  сұраққа  толық  және  қысқа 
жауап  беруге  арналған  әдістің  бірі. - Сту-
денттерді дұрыс сұрақ қоюға, сөздік қорларын 
дұрыс пайдалануға және сұраққа қатесіз жауап 
беруге ‰йретеді.    
Презентация жасау арқылы.
 
студенттер-
ді  аудитория  алдында  сөйлеуге,  өз  пікірлерін 
қорғай  алуға,  сұрақтарға  жауап  бере  алуға 
‰йрету.  Нәтижесі:  студенттер  презентацияға 
дайындалу  барысында  алдын  ала  кәсіби  лек-
сикалық  минимум  құрастырады  (слайдтарда 
көрсетілген),  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс 
істейді.  Дайындаған  материалдарын  ортаға 
салып, қорғайды.
 
Мәтін  құрастыру  (диктант)  белгілі  бір 
тақырыпқа  қатысты  сөздерді  ажырата  білуге, 
жинақталған  сөздер мен  сөз  тіркестерінен  тұ-
тас мәтін құрастыра алуға ‰йретеді.
 
Нәтижесі: 
диктант жазғызу барысында студенттердің грам-
матикалық  емлелік,  стилистикалық  сауатты-
лықтары арттырылады. Тұтас мәтін құрастыру 
қабілеттері  қалыптасады.  Диктант  мазмұн-
дама,  әңгіме,  шығарма,  хат  жазуға  дайындық 
болып табылады. [3;27]. 
 Викторина  студенттердің  білімдерін  бе-
кіту, тұжырымдау ‰шін тиімді. Нәтижесі: сту-
денттердің жазылым, оқылым, тыңдалым, сөй-
лесім  әрекеттер  бойынша  қалыптасқан  білім-
дағдылары тұжырымдалады. 
Шығармашылық жаттығулардыың тиім-
ділігі:  студенттердің  кәсіби  қазақ  тілін  ‰йре-
нуге деген қызығушылығын арттырады, олар-
дың  кәсіби  қатынаста  қазақша  еркін  сөйлеу, 
ойын  шеберлікпен  жеткізу  дағдысы  қалып-
тасады,  тіл  ‰йренушінің  қызығушылығын  ту-
ғызатындай,  шығармашылық  ой-қабілетін  да-
мытатындай мақсатты көздейді [4;9].
 
5.  Кәсіби  қазақ  тілін  ‰йретуге  арналған 
кәсіби-жағдаяттық жаттығулармен жұмыс 
Кәсіби-жағдаяттық  жаттығулар – қа-
тысым  жасаушылардың  бір-бірімен    нақ-
тылы  бір  тақырып,  кәсіби  жағдайға  бай-
ланысты  өзара  пікір  алысу,  ойын  жеткізу, 
мәлімет  алу,  қазақша  қатынасқа  т‰су,  сұх-
баттасу  дағдысын  қалыптастыру  мақса-
тында орындалатын жұмыс т‰рі.  
5.1  Кәсіби-жағдаяттық  сұхбаттардың  мақ-
саты: студенттердің
 мамандыққа байланысты  
кәсіби  сөздік  қорларын  толықтыру,  қазақша  
 

278                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
қарапайым тілдесім жағдайында сөйлесуге ‰й-
рету. Жаттығудың тиімділігі: студенттер ма-
мандықтарына  қатысты  шағын  сұхбат  құрас-
тыруға  ‰йрене  келе,  бір-бірімен  кәсіптеріне 
қатысты  жаңалықтармен,  ақпараттармен  ал-
масуға  машықтанады.  К‰нделікті  өмірде  кез-
десетін  жағдаяттарды  шешу  барысында    тіл 
‰йренушілер  монолог  немесе  диалог  ретінде 
шешім  табып,  өз  ойларын  жеткізе  алады,  ал-
дыңғы  сабақтардан  алған  білімдерін  нығай-
тады.  Бұл  тапсырманы  орындау  барысында 
студенттер  І-жақ  формадағы  етістіктерді  қол-
дана  алуын,  диалог  құрастыра  білулерін  көр-
сете  алады.  Нәтижесі:  студенттердің  ауызекі 
сөйлеу  қабілеттері  дамиды.  Жаңа  кәсіби 
лексиканы игереді.  
Кәсіби-жағдаяттық  сұхбаттар  барысында 
тіл ‰йренушілер диалог құрастыруға ‰йренеді. 
Диалог  т‰рлері:  этикеттік  сипаттағы  диа-
лог, қайта сұрап білу – диалог,  іс-әрекетке 
ынталандыратын  диалог,  пікір  алмасу 
диалог.  
Диалог  құрастыруға  ‰йрететін  жатты-
ғулар:  
*сұрақтарға жауап (қысқа, толық);  
 
*мәтінге сұрақтар;  
*монологті диалогке айналдыру; 
*берілген тақырып немесе ситуация бойын-
ша диалог құрастыру;  
*диалогті толықтыру немесе өзгерту;  
Мәтін бойынша диалог құрастыру;  
*берілген репликалардан диалог құрастыру; 
*сұраққа оң немесе теріс жауап беру;  
*диалогті аяқтау. 
*жауаптарды дәлелдеп беру және т.б.  
5.2  Іскери  ойындарды  студенттердің  сұ-
рақтарды дұрыс құра білу және оларға жауап 
бере  білу  дағдыларынеді,  олардың    шығарма-
шылық ойлау қабілеттерін арттырады. 
Іскери ойындарды қолдану тиімділігі:  сту-
денттердің  тілді  ‰йрену  қабілетін  шыңдап,  
олардың  кәсіби  тілді  ‰йренуге  сенімділік  қа- 
 
білеті  к‰шейеді,  оқу  мотивациясы  және  шы-
ғармашылық белсенділігі артады.  Студенттер 
ойынға  дайындалу  барысында  кәсіби  лекси-
каны қолданады, жаңа сөз тіркестері мен кон- 
струкцияларды  игере  алады  (болашақ  маман-
дығым,  болашақ  жұмыста,  негізгі  міндеттер, 
жұмысқа орналасу, мамандық бойынша, ауыл 
шаруашылығы саласында және т.б.). 
Ұсынылған  тапсырмалар  студенттердің 
тілдік  біліктерінің  тиімді  қалыптасуы  мен 
дамуы  ‰шін    жағдай  туғызады,  олардың  бой-
ларыңда  өздеріне  деген  сенімі  және  оқу  қа-
білеттері  пайда  болады,  студенттердің  қазақ 
тілін  ‰йренуге  деген  көзқарасын  өзгертеді, 
студенттердің  сабаққа  сапалы  дайындалуына 
әсер етеді. Осы ж‰йе студенттердің танымдық 
қызығушылығы  мен  өздік  ақыл-ой  белсенді-
лігін  арттырады;  сабақты  ж‰ргізу  уақытын 
тиімді пайдалануға м‰мкіндік береді; әр т‰рлі 
әдістер  мен  тәсілдерді  қолдануды  көздейді; 
студенттердің  ақыл-ой  іс-әрекеттерін    қалып-
тастырады;  студенттің  өзіндік  жеке  қабілет-
терін дамытады; оқытушы мен студенттің ара-
сындағы  қарым-қатынасты  нығайтады;  сту-
денттердің  алған  білім,  дағдылар  мен  білік-
терінің  беріктігін  қамтамасыз  етеді [5;172-
173].       
_______________ 
1  Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы // Қазақстан халқының 
әл-ауқатын  арттыру  мемлекет  саясаттың  басты  мақсаты. -
Петропавл, 2008. -48 б. 
2  Оразбаева  Ф.  Тілдік  қатынас.  Оқулық. -Алматы: 
Сөздік-словары, 2005. -272 б.
 
3  Оразбаева  Ф.Ш.,  Рахметова  Р.С.  Қазақ  тілін  
оқыту  әдістемесі.  Оқу  құралы. - Алматы: Print-S, 2005.  
-170 б. 
4  Сейтенова  С.С.  Автомобиль  шаруашылығы  бөлі-
мінде  оқитын  студенттерге  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі // 
Пед.  ғыл.  кандидаты ... дисс.  авторефераты: 13.00.02. -
Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. -26 б. 
5  Окунев А.А. Педагогическая технология на основе 
системы  эффективных  уроков.  В  кн.  Селевко  Г.К.  Педа-
гогические технологии на основе дидактического и мето-
дического усовершенствования УВП. (Серия «Энциклопе-
дия  образовательных  технологий»). –М.:  НИИ  школьных 
технологий, 2005. -С. 170-175. 
 
А. Мухамеджанова, Т. Ахметова 
Эффективные методы обучения профессиональной лексике 
 
В статье представлен краткий обзор эффективных методов обучения профессиональной лексике на занятиях 
по казахскому языку. 
 
Mukhamedzhanova A., Akhmetova T. 
Effective methods of teaching professional vocabulary 
 
The article presents a brief issue on effective methods of teaching professional vocabulary on Kazakh lessons 
  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          279 
 
Л. А. Мекебаева, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекеттік тіл кафедрасының 
аға оқытушысы,  ф.ғ.к. 
 
КӨРКЕМ СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ 
 
 
Қазақ әдебиетінің даму арналарынан проза 
жанрының  бағыт-бағдарларымен  бірге – «жаңа 
дәуір эпопеясы» (В.Белинский), «ұлы әңгіме» 
(А.Байтұрсынов) – деп бағалаған романның да 
бітім-болмысы,  жанрлық-көркемдік қырлары
тұтастай  табиғаты  терең  танылады.  Сонымен 
қатар  қазақ  әдебиетінде  роман  жанрының  та-
рихы  мен  теориясы  тақырып  табиғатымен, 
мазмұн,  т‰р  ерекшеліктерімен,  суреткерлік 
әдіс-тәсілдерімен  де  дараланады.  Романда  су-
реттелетін  дәуір  дидары,  ондағы  өмір  шын-
дығы мен көркемдік шешім сипаттарын ашуға 
арналған еңбектер туды. Олар баяндау ‰лгісі-
не қарай әлеуметтік, мемуарлық тарихи, отба-
сылық-тұрмыстық,  ал  поэтикалық  бітіміне 
сәйкес  роман-пародия,  роман  гротеск,  тақы-
рыбына  қарай  жастық,  махаббат,  соғыс  т.б. 
болып  ж‰йе  құрайды.  Бұдан  басқа  ашық,  жа-
бық  романдар,  саяси-философиялық,  мемуар-
лық, лирико-драмалық роман, роман-памфлет, 
роман-сапарнама,  роман-трагедия  т.б.  т‰рлері 
де бар.   
Қазақ  прозасының  бастапқы  кезеңдерінде 
– Абай қара сөздерінің, Ыбырай әңгімелерінің  
әсер,  ықпалы  мол  болды.  Сондай-ақ  «Бақыт-
сыз  Жамал», «Қалың  мал», «Қамар  сұлу»  ро-
мандырының  жарық  көруі – ХХ  ғасырдың 
басындағы  ұлттық прозаның қалыптасу, даму 
жолдарын кеңінен танытты.  
Басты  ерекшелігі: « ... ХХ  ғасырдың  ба-
сында  жазылған  шығармалардың  көркемдік 
деңгейлері әркелкі екені белгілі. Ақынның не 
жазушының  білімі  мен  біліктілігіне,  таным 
өрісіне, шығармашылық шеберлігіне сай т‰рлі 
деңгейде жазылуы заңды да. Өйткені ол кезде 
прозамыз  ‰йрену,  қалыптасу  сатысында  еді. 
Ал  олардың  ортақ  жетістігі  бұл  шығарма-
лардың роман жанрының алғашқы қарлығаш-
тары болуымен бірге, замана шындығын ашып 
көрсетуде  ілкі  қадам  жасап,  прогресшіл  ой-
пікірді  дәл  уақытында  айта  біліп,  ұлттық  сөз 
өнерінің қажетіне жарап, кейінгі өскелең про-
замыздың  дамуына  игі  әсерін  тигізуде», - еді 
(1, 104б.). 
Ұлттық  сөз  өнерімізге  айрықша  еңбек  сі-
ңірген Ж.Аймауытұлы проза жанрында өнімді 
істер  атқарды.  Ең  алдымен,  шағын  жанрдан  
 
көлемді  романға  дейін  өнімді  еңбек  етті.  Со-
ның  ішінде 1916 жыл  оқиғасы  мен  қазақ 
әйелінің  өмір  тағдырын  арқау  еткен – «Қарт-
қожа», «Ақбілек» романдарының алатын орны 
да, маңызы да зор.  
Роман  табиғаты  мен  көркемдік-стильдік 
сипаттары туралы академик С.Қирабаев: «Бұл 
қазақ  кедейінің  өмірін,  оның  әлеуметтік  бей-
нелеуге  арналған  қазақ  әдебиетінің  алғашқы 
елеулі  шығармасы»  десе, (2, 6б.)  профессор 
Р.Сағынбекұлы: «Автор  романның  ‰ш  бөлі-
мінде  Қартқожаның  адамдық,  азаматтық  әле-
мін, жаңалық-жақсылыққа құштар көңілін ке-
зең келбетіне сай суреттеп, сол арқылы есею, 
өсу  жолдарын  тартымды  баяндайды», - деп 
жазады (3, 49б.). 
Роман  табиғаты  мен  жазылу  сыр-сипатта-
рында  да  өзіндік  өзгешеліктер  бар.  Ақын-қа-
ламгер  Д.Әбілев  «Ж‰сіпбек  аға»  атты  естелі-
гінде романның жазылу тарихынан былай деп 
бірсыпыра  мағлұматтар  береді: «Не  жазғалы 
ж‰рсің?  Нені өрнектеп жатырсың?»  деп сұра-
ғанда С.Дөнентаевтың сұрағына Ж‰сіпбек:  
–  Екі  романға  ойым  бар,  Сәбит!  Бірінің 
аты – «Қартқожа»,  екіншісінің  аты – «Ақбі-
лек»  болмақ  керек.  Мұнымның  өзі  к‰лкілі-ау 
деймін.  Құрсақта  әлі  қимылдай  да  қоймаған 
балаға  ат  қойған  әке  тәрізді  боп  отырмын-ау 
өзі.. 
Сәбит: 
–  Ондай  парзентке  б‰кіл  ел  боп  зәруміз 
ғой. Перзентіңнің екеуінің аты да  
періштенің құлағына шалынсын! 
Мағаз аға: 
–  Әлгі ... ертегідегі  «Қарт  қожақ»  батыр 
ма оның?  
Ж‰сіпбек: 
–  Ертегідегі Қарт қожақ емес, Маға.  Б‰-
гінгі  Жұман  ақсақалдың  баласы – Қартқожа. 
Білесіз. Өзіңіздің Қартқожаңыз.  
–  Соны роман етпексің бе?  
Ж‰сіпбек:  
–  Ия,  Маға!  Гәп,  міне,  сіздің  осы  таңда-
нуыңызда.  
Тасқа  ылғи  қына  шыға  бермейді.  Шынар 
шығаруымыз керек. Кешегі 

280                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
өмір  шиырынан  б‰гінгі  өмір  туралы. 1916 
жылғы  көтеріліс  есіңізде  ме?  Алғабас  тауын-
дағы көтеріліс... Сонда көтерілісшілер ішінде, 
көтерілістің  мәнін  әлі  т‰сініп  те  болмаған, 
босаң,  момын,  уыз  жігіт  Қартқожа,  көтеріліс-
шілер  тарай  бастағанда  салы  суға  кетіп,  арық 
торы  байталына  солбырайып  мініп,  солғын 
тебініп  ‰йіне  қайтып  бара  жатқан  Қартқожа 
1920  жылы  апрель  айында  Сұлтанмахмұттың 
көңілін  сұрай  барады.  Сонда  орысша  оқуға 
Сұлтанмахмұтқа  уәде  береді.  Артынан  Қарт-
қожа Омбыға  оқуға  кетіпті.  Рабфакқа  т‰сіпті. 
Енді  соның  былайғы  жәйін  сөз  етпекпін... 
Жаза  бастасам  да  жазым  баспау  ‰шін  аяқ-
тауын асықпаймын» (4). 
Романның ‰ш бөлімінде көптеген тараулар 
бар.  Қазақ  даласы,  өмір-тұрмыс  суреттерінен 
өзге  Қартқожаның  адами  әлемі,  д‰ниетаным 
иірімдері  кең  орын  алған.  Автор  өмір-тұрмыс 
сырларын  терең  зерттеп,  соған  сай  еңбек 
адамдарын,  олардың  іс-әрекеттерін  нанымды 
көрсетеді.  Қыр  көріністері,  қазақ  отбасының 
ж‰деу  тұрмыстары,  адамдардың  қарым-қаты-
настары, өмірге, еңбекке көзқарастары реалис-
тік сипат алған.  
Бұл  жайттар  роман  табиғатынан,  әсіресе 
Қартқожа  төңірегінен  терең  танылады.  Қарт-
қожа  романы  деректі  шығарма  емес,  жазу-
шының  нақты  өмір  матермалдарын  көркем 
жинақтауынан  туындаған  д‰ние.  Бұл  туынды 
–  Ж.Аймауытовтың  шығармашылық  табысы 
болуымен  қатар,  қазіргі  қазақ  әдебиетінің  де 
табысы.  Дәуір  шындығы  көркем  өнер  шын-
дығына  айналған,  көп  қырлы,  көп  сырлы  на-
ғыз халықтық шығарма.  
«Қартқожа»  романында  ұзақ  заман  хикая-
сы  баяндалады.  Ірі  тұлғалар,  мықты  харак-
терлер,  мінез-құлықтар  бар.  Ескінің  өшіп, 
жаңаның  өсіп  келе  жатқан  заманында  к‰рес-
керлік  дәрежеге  көтерілген  Қартқожадай  қа-
жырлы жанмен танысамыз. Қартқожаның көз-
қарасындағы,  д‰ние  танымындағы  ‰лкен  эво-
люция  нанымды  дамып  отырады.  Бұған  ро-
манның  соңғы  бөлімінде  Қартқожаның – сая-
си к‰рескер, қоғам қайраткері ретінде көрінуі 
дәлел бола алады.  
Қартқожаның  ж‰ріп  өткен  жолы,  өмір-
тағдыры арқылы көркем де кестелі, кемел су-
реттелінеді.  Жазушы  қолтаңбасынан  өмір-
тұрмыстың сырлы суреттері, ой-сөз ж‰йесінің 
‰йлесім-өрнектері,  стиль  сұлулығы  ерекше 
серпінмен, шабытпен баяндалады.  
Романда  жастар  бейнесі  көптеп  кездеседі. 
Оқыған шәкірт – Ж‰ніс, оның ғашығы – Шәм-
кен, патша жарлығына наразы – Дәрмен, Има-
қан,  Нығыман  т.б.  өзіндік  көзқарастары  бар, 
әрі  азаттық  ‰шін  алыса  білетін,  сыртқы  жау-
дан елін де, жерін де қорғауға дайын тұлғалар 
ретінде есте қалады. Олардың бір-біріне деген 
қарым-қатынасы,  өзара  ынтымақтастығы  на-
нымды әсер қалдырады. Ортақ іске бар адам-
дай жұмылулары да сенімді, мәнді. 
Романдағы  жастар  бейнесі,  соның  ішінде 
Дәрмен  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  дарын  (ақын 
әрі  әнші,  батыр  әрі  палуан),  әрі  өткен  мен 
келешек  туралы  өзіндік  көзқарас,  т‰сініктері 
бар. Оның ақын-әнші өнерпаздығы Қартқожа-
мен  қатар  қалың  көптің  көңілінен  шығады. 
Дәрмен  ән-өлеңі  арқылы  қазақ  өмірін,  адам-
дары  мен  даласын,  ел-жер  сипатын  кең  кө-
лемде  көрсетеді.  Мысалы: «... жігіттер  Дәр-
менге  тағы  да  айт  деп  сұрады.  Ол  өзі  де  айт-
қалы  отыр  екен,  бөгелген  жоқ.  Иманж‰сіпті, 
Б‰ркітбайдың  «Мұстапасын»,  Жарылғап  қа-
жының «Алтыбасарын», тағы бірнеше әндерді 
т‰йдегімен  тастап  жіберді.  Мұң  мен  назы 
аралас  Мұстапаның  зарлы  әні,  жорғадай  тай-
палып,  құйындай  екпіндеген  Жарлығаптың 
екілі  «Алтыбасары»  Дәрменді  де  қызықтыр-
ды,  екілендірді,  салған сайын  оның  ас-қардай 
асқақ, Арқадай байтақ, тұлпардай желді,  алып-
тай еркін ащы айғайы аспанға құлаш сермеді, 
тау  да  сай  да,  бұлақ  та,  тал  да  Дәрменге  ‰н 
қосты» (2, 72б.).  Жазушы  өнер  тақырыбын, 
осы төңіректегі ойлары мен тол-ғаныстарын – 
Дәрмен  таланты,  өнерпаздығы  арқылы  кеңі-
нен көрсетеді.  
Романдағы  Сұлтанмахмұт  пен  Қартқожа-
ның сұхбатынан көңіл жақындығы сезіліп тұ-
рады: 
«Сол жылы Сұлтанмахмұт деген жас ақын 
Семейден  ауырып,  еліне  келген.  Қартқожа 
Махмұтты білген. Ол ақ ж‰рек, кедейшіл, жа-
лынды  жас  ақын  болатын.  Елдегі  байлардың, 
жуан  атаның  нашарға  істеген  қиянатын,  зор-
лығын  газетке  жазып,  к‰штілермен  ұстасып 
ж‰ретін.  Сұлтанмахмұт  жуандардан  қорық-
пайтын, бетің-ж‰зің демей, көңілдегісін айтып 
салатын.  Семейдегі  жастар  Сұлтанмахмұтты 
қолдайтын, ‰лкендері  адамгершілігін,  тура-
шылдығын,  тазалығын,  ақындығын  бағалап, 
сыйлайтын ... 
Махмұт ‰йде екен. Қартқожаның келгеніне 
қуанып  қалды.  Бірақ  ж‰деу  екен,  жөтелі  жиі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          281 
 
ұстап,  көп  сөйлесе  зорланып  қалады  екен...» 
(2, 120-121бб.). 
Ақиқатында  автор  Қартқожа  мен  Сұлтан-
махмұттың  өзара  сұхбаты  арқылы  халық 
болашағына  қатысты  көкейтесті  мәселелерді 
(азаттық,  еркіндік,  елдік,  мұрат,  тәуелсіздік 
талаптары  т.б.)  кеңінен  қозғайды.  Әсіресе 
азаттық,  теңдік  мәселесінің  қазаққа,  оның 
өмір-тұрмысына ауадай қажеттілігі терең сезі-
леді.  Ел  еркіндігі  мен  тәуелсіздігі  қашанда 
қымбат,  қастерлі  екенін  назарда  ұстасақ,  мұ-
ның  ортақ, ‰лгілі  ‰рдістері – Қартқожа  мен 
төңірегіндегілерден  (Сұлтанмахмұт,  Дәрмен 
т.б.) олардың көзқарас, әрекеттерінен жарқын 
көрініс тапқан.  
Егер біз әрбір кейіпкердің тілдік ерекшелі-
гін тауып қолдана білу әдебиеттің басты шар-
тының  бірі  десек,  ол  міндет  Ж.Аймауытұлы-
ның шығармасында мейлінше жан-жақты, кең 
ж‰зеге асқанын көреміз. Бұл, әрине, жазушы-
ның  қоғамдағы  билік  баспалдағының  т‰рлі 
биігінде  тұрған  адамның  сөздік  қоры  арқылы 
сол  дәуірдің  тыныс-тірлігін  өз  дәреже,  дең-
гейінде бейнелей отырып шындықты айту бо-
лып  есептеледі.  Бұл  орайда  ғалым  Б.Шала-
баевтың мына пікірі орынды: «Қазақ романы-
ның  алғашқыларының  бірі  «Қартқожада»  ха-
лықтың  к‰нделікті  қолданысындағы  қара-
пайым  сөздер  автор  қаламынан  төгіліп  оты-
рады.  Роман  лексикасынан,  қазіргі  прозада 
бар  болса  да,  некен-саяқ  кездесетін  (белгілі 
бір стильдік мақсатта), өз тұсындағы сан-алуан 
сөздік ‰лгілерін табамыз. Мысалы: нашар (ке-
дей),  бейуаз  (бейк‰нә,  бейшара),  азбеніш  (ал-
даныш),  қарға  (бала),  аяғын  шырмау (‰йлен-
діру), қазан бұзар (тентек), сөкетті қылу (кінә-
лау), ‰шкөл  (школа,  мектеп),  перуаштік  (ау-
дармашы),  нашалнік  (бастық),  біткенше  (аз 
ғана), бұзық (ғаламат) т.б.» (5, 41б.).  
Жазушы  игерген  әдеби  әдіс  өзінің  тіл  өр-
негіне  қатысты  ерекшелігімен  біртұтас  бірлік 
тауып, шығарманың идеялық, көркемдік сапа- 
 
 
сын  анықтаған  жағдайда,  сол  сапаның  белгісі 
шығарманың  мазмұны  мен  пішінінің  д‰ние-
танымына  сай  өмірді  көркемдік  заңымен 
игеру жолы деп білуіміз керек.  
Ж.Аймауытұлының  «Қартқожа»  романы 
қоғамдық-әлеуметтік  құбылыстарды,  өмір-
уақыт  шындықтарын,  қазақ  ауылындағы  дәс-
т‰р өнегелерін, тұрмыс-салт суреттерін басты 
тұлға Қартқожа төңірегінде топтастырып, сол 
арқылы  адам  әлемін  еңбегі  мен  мақсат-мұ-
раттарын көркем, нанымды баяндайды.  
Жазушының  «Қартқожа»  романындағы 
көшпелі  өмірдің  көріністері,  өмір  шындығы 
мен  уақыт  сырлары  тарихи  дәлдікке,  ақиқат 
жайттарға негізделеді.  
Қартқожа жолы – қазақ халқының басынан 
өткерген  әр  алуан  құбылыс,  көріністермен 
‰ндес, сәйкестікте суреттелінеді.  
Жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  із-
деністерінен  өмір  шындығы,  оны  көркемдік-
пен игерудің алуан ‰лгі-өрнектері бар. Халық 
әдебиетінің  ‰лгілері,  адами  құндылықтар  мен 
өмірдің  шынайы  шындықтары  кеңінен  орын 
алған  «Қартқожа»  романы – қоғамдағы  адам 
факторын,  адамгершілік-рухани  мәселелерді, 
ең  негізгісі,  қазақ  халқының  қиын  да  к‰р- 
делі  кезеңдерін  көркем,  шебер  де  шешен  сөз 
етеді.  
«Қартқожа» романының рухани байлығы – 
халқымыздың өткен өмір-тарихы туралы көр-
кем  де  ж‰йелі  баяндап,  ондағы  басты  тұлға- 
лардың адами әлемі мен асыл бейнелерін кең 
көлемде көрсете білген шығармалардың қата-
рына жатады. 
_____________ 
1.  Әбдіманұлы  Ө.  ХХ  ғасырдың  бас  кезін-дегі  қазақ 
әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 104 б.  
2.  Аймауытов  Ж.  Шығармалары. – Алматы:  Жазушы, 
1989. 
3.  Сағынбекұлы  Р.  Ж‰сіпбек  Аймауытұлы  (Өмірі  мен 
қаламгерлік хақында). – Алматы Рауан, 2007. 
4.  Әбілев Д. Ж‰сіпбек аға // Қазақ әдебиеті. – 1989. – 
13 қазан.  
5.  Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы: Білім, 1994. 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет