Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет47/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61

Жобаны орындау жоспары: 
1 к‰н   - оқушылардың жету орнына келіп ор-
наласуы. 
 Жобаға қатысушыларды қабылдаушы  от-
басылармен  таныстыру. 
 Қорғалжын  жеріне  экскурссия  жасау; мұ-
ражайға бару. 
2 к‰н   -  Қорғалжын қорығына  экскурссия 
жасау  
3 к‰н  -  Этно-шоу, кері қайтту. 
Жоба нәтижелері: 
(ұйымдастырылған  жобадан  к‰тілетін    нә-
тижелер) 
1. «Қорғалжын  өңірі  сөйлеу  тілінің  ерек-
шеліктері» 
2. «Қорғалжын  ауданының ономастикасы» 
3. «Қазіргі  қазақ  зоонимдері»  тақырып-
тары бойынша қазақ тіліндегі зерттеу жұмыс-
тарын қорғау. 
• фильм т‰сіру 
• мектептегі қорытынды конференция 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          271 
 
•  Қорғалжың  аудандығы  әріптестерімен  тә-
жірибе алмасу. 
Қосымша:  7 к‰нде 24 сабақ (45 минуттан) 
18 сағат қазақ тілде оқиды. 
1. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы және әдісте-
месі. Алматы-2000 ж. 
2.  З.К‰зекова.  Қазақ  тілі.-  Алматы  «Раритет» 2005 ж.
 
Б. Молдакашева, К. Мақышева 
Новые методы изучения казахского языка в казахской аудитории 
 
В  статье  рассматриваются  эффективные  методы  изучения  казахского  языка  в  казахской  аудитории.  В  этом 
проекте,  в  основном,  учитываются  способность  и  интеллект  учеников.  Для  реализации  этого  проекта    необходима 
финансовая поддержка со стороны государства 
 
B. Moldakasheva 
Maқysheva K.New methods of studying Kazakh language in Kazakh audience 
 
Article considers effective methods of studying the Kazakh language in local environment. The main point is that the 
attention is paid to students’ abilities and intellectual skills. To realize this project it is necessary to support it financially from 
the government. 
 
 
 
С. Мағжан, 
ф.ғ.к., А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Т‰ркістан, Magjan_saule70 
 
ЫМ ТІЛІ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ТІЛ 
 
 
«Ым,  ишарат»  сөзі  латынның  «gestus»  - 
«әрекет  ету», «жасау,  орындау,  қадағалау» 
деген  мағынаны  білдіретін  сөзінен  шыққан. 
1959 жылы жарық көрген Партридждің этимо- 
логиялық  сөздігінде  «ым»  сөзі  ортағасырлық 
латын тілінің «gestura» - «әрекет ету тәсілі» 
деген  сөзінен  алынған  деп  көрсетіледі [1],  
А. Кендон риторикаға арналған трактаттарын-
да  «gesture»  сөзі  оратордың  дене  қимылын 
дұрыс  қолдануын  білдірген  дейді [2]. Сөйлеу 
кезінде  оратор  тыңдаушыларға  әсер  ету  ‰шін 
өз денесінің м‰мкіндіктерін пайдаланған. Атал-
ған  терімсөз  Цицерон  мен  Квинтилианның  
ертеректегі  риторикаға  арналған  трактатта-
рында  кездеседі.  Квинтилианның  «Оратор- 
дың  білімі  туралы»  деген  атақты  еңбегінде 
көпшілік  алдында  сөйлеу  кезінде  дене  қимы-
лын  дұрыс  қолдана  білу  өнері  жайлы  айты-
лады. 
Адамдар  өзара  қарым-қатынас  жасағанда 
тек сөздің көмегіне ғана ж‰гініп қоймай, дене 
қимылдарын  да  пайдаланады.  Дененің  әрбір 
атрибуттары, мейлі ол формасы, өлшемі, қал-
пы  немесе  бойы  болсын,  қандай  да  бір  жағ-
дайда  белгілі  мағынаны  білдіреді,  жеткізеді. 
Тіпті  адам  ж‰зінен  ым-ишарат  нышаны  бай-
қалмаса,  мысалы,  адам қуаныш  немесе  қайғы 
сезімдерін  жасырып  қалғанда,  біз  «ж‰зінен 
ешнәрсе  білінбейді»  немесе  «сырын  білдір- 
 
 
мейді»  деп  жатамыз.  Жасы,  айналысатын  ісі, 
өмірден  көрген  тауқыметі  мен  қуанышы,  се- 
зімдері мен ойлары – осының бәрі адам дене- 
сінде өз «ізін» қалдырады және адамның бей- 
вербалды әрекетінде өз көрінісін көрсетіп жа-
тады. 
Г.Крейдин  өзінің  «Невербальная  семио-
тика» еңбегінде былай деп жазады: «Ресейдің 
атақшы  тарихшы,  философы  М.Я.  Гефтердің 
айтуынша,  дене,  оның  қимыл-қозғалысы  «к‰н-
делік немесе қағаз секілді өткенге куәлік ете-
тін тарихи құжат» іспетті [3]. 
Ым-ишараттар  мен  табиғи  тіл  арасында 
нақты  бір  ұқсастық  байқалады.  Коммуника-
тивтік  актіде  дене  тілі  мен  сөз  тілінің  қоса-
қабат  әрекеттестігі  адамның  вербалды  және 
бейвербалды  қызметінің  негізінде  жатыр. 
Оған төмендегі фактілер дәлел бола алады: 
(а) белгілі бір жағдайда ой тек ым-ишарат-
тар арқылы (мысалы, «тыныш» дене мағына-
ны  білдіретін  «саусақты  ерінге  басу»  иша-
раты),  тек  сөз  арқылы  немесе  паратілдік  бір-
ліктер  арқылы,  сондай-ақ  екі  жақты  белгі-
лердің араласа қолданылуы арқылы жеткізілуі 
м‰мкін.  Бұған,  мысалы  «бері  кел»  дегенді 
«саусағымен  ымдап  шақыру»,  «өте  жақсы» 
дегенді «бас бармақты жоғары көтеру», «са-
сық  иіс»  дегенді  «пф-фф  немесе  мұрынды 
қысу» арқылы жеткізуге болады; 

272                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
(ә) тілдің элементі секілді мінез-құлықтың 
кез  келген  бейвербалды  элементі  де  конвен-
ционалды  келісімнің  компоненті  бола  алады 
және  мәнмәтіндік  мәнге  ие,  мысалы,  қолын 
маңдайына  ж‰ргізіп  өту,  қолын  сытырлату, 
қол соғу, орамал бұлғау; 
(б)  ым-ишараттар  да,  тілдік  бірліктер  се-
кілді,  белгілі  мөлшерде  символдық  таңбалар 
болып  саналады.  Лексикалық  бірліктердің  та-
биғи  тілдің  сөздігін  құрайтыны  секілді,  олар 
да  дене  тілінің  лексиконын  құрайды.  Сөз  кө-
мегімен  секілді,  ишарат  көмегімен  де  ой  мен 
сезімді  білдіруге,  идеялар  мен  эмоцияларды 
жеткізуге  болады.  Тура  сөз  сияқты  ым-иша-
раттар  да  бағытталған  болуы,  яғни  нақты  бір 
адамға  немесе  аудиторияға,  нақты  біреуге, 
бірнәрсеге  бағытталған  болуы  да  м‰мкін: 
инструктивті (мысалы, белгілі бір жерге қалай 
жету  керек  екенін  т‰сіндіріп  жатқан  адам-
ның  ишараты),  констативті  (келіскенді  біл-
діріп басын шұлғу), тыныш және экспрессивті, 
тыныштандыратын  және  қауіп  төндіруші, 
жылы  және  суық  <стилистикалық>  бейтарап 
және  әсерлі  (бұзықтық  жасаушының  қи-
мылы); 
(в)  сөзге  немесе  тілдің  ірі  единицаларына 
қарағанда,  ым-ишараттар  коммуникативтік 
актіде әрт‰рлі мәнмәтінде тұрып, әрқилы рөл 
ойнауға  қабілетті.  Ым-ишаратты  қолданатын 
мәнмәтіндердің  қолданылу  аясы  шексіз  емес, 
берік орныққан тәртіпте болуы м‰мкін; 
(г)  сөйлеу  тіліндегі  сияқты,  адамдардың 
ишараттары  да  белгілі  бір  мезгілде,  мәдени 
және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың 
әсерінен  өзгеріп  отырады.  Әр  кезеңнің  өзіне 
тән  ишараты,  өз  мәнері  (иілуде,  қолынан  ұс-
тауда, шай ішуде, сөйлеуде) болған. Мысалы, 
елуінші  жылдарды  отызыншы  немесе  жиыр-
масыншы  жылдармен  салыстырсақ,  айырма-
шылығы айтарлықтай; 
(ғ)  дене  тілінің  көптеген  ишараттары  сәй-
кесті вербалды тілге, сондай-ақ басқа «шетел-
дік» ым тіліне аударылып отырды. Және оны 
аударуда  кездесетін  мәселелер  кәдімгі  табиғи 
бір  тілден  екінші  тілге  аударуда  кездесетін 
мәселелердей еді. 
Кинеманың  вербалды  көрінісін  атауыш 
деп  айтуға  болады.  Ым-ишараттың  атауы  то-
лық мағыналы сөз немесе сөз тіркесі болады. 
Тіл ауыстырғанда ым-ишараттың да атауы 
ауысып отырады. Р. Бирдвистел ХХ ғасырдың 
30-40  жылдары  Нью-Йорк  қаласының  мэрі 
Фиорелло  Ля  Гуардиоға  ұзақ  уақыт  бақылау 
ж‰ргізеді. ‡ш  тілде – ағылшын,  идиш  және 
итальян  тілдерінде  еркін  сөйлеген  оның  тіл 
ауыстырғанда  кинесикалық  және  паратілдік 
әрекеттері  де  өзгеріп  отырғанын  байқаған. 
Тіпті бейвербалды кодтың ауысуы, екінші бір 
вербалды  тілге  ауысқандай  табиғи  болғанын 
айтады. Бірқатар зерттеушілер жаңа дене тілін 
игеру  процесі    жаңа  тілді  игеруден  біршама 
баяу  өтетінін  аңғарған.  Берлин  қаласындағы 
Техникалық  университеттің  семиотика  кафе-
драсының бір топ неміс ғалымдары Р. Познер, 
Р.  Крюгер,  Т.  Ноль,  М.  Серенари  неміс  тілін 
жаңа  неміс  дене  тіліне  қарағанда  бұрын 
меңгеріп алған. 
Табиғи  тіл  мен  дене  тілінің  ортақ  ұқсас-
тықтары барына қарамастан, өзіндік функцио-
налдық  айырмашылықтары  бар.  Бұл,  әрине, 
оларды бір нәрсе деп қарамауға м‰мкіндік бе-
реді. 
Біріншіден, табиғи тілді тұтынушылар ара-
сында  форма,  мағына  және  тілдік  единица-
ларды қолдануына қатысты белгілі бір келісім 
бар:  тілді  меңгерген  адам  әрбір  тіл  бірліктері 
туралы,  оның  мән-мағынасы,  мәтінде  қолда-
нылуы,  жалпы  дұрыс  қолданылу  ережелері 
жайлы  айтып  бере  алады.  Табиғи  тілдің  бар-
лығы  тұрақты  және  дискретті  бірліктерден 
тұрады. 
Ал  дене  тілінде  салғастырмалы  т‰рде  еш-
қандай  тұрақтылық  пен  дискреттілік  байқал-
майды:  бейвербалды  тіл  біршама  тұрақсыз 
және вариативті болып келеді. Сондай-ақ дене 
тілін тұтынушылар арасында анық бір келісім 
де  жоқ,  тек  ж‰йе  орталығы  мейлінше  айқын, 
перифериясы  нашар  сипатталған.  Мәселен, 
көптеген  бейвербалды  бірліктерді  ым-ишарат 
таңбасы ма, әлде жай таңбалық емес физиоло-
гиялық қозғалыс па, т‰сіну қиын. 
Екіншіден,  тілдік  бірліктер  референция-
сының механизмі ым тілі таңбалары референ-
циясы  механизміне  қарағанда  қалыптасқан 
және басқаша әрекетті білдіреді. Бейвербалды 
коммуникацияда  өзінің  денотатын  білдіретін, 
яғни  нысаны  қандай,  оның  формасы,  өлшемі 
қандай  екенін  білдіретін  бірқатар  таңбалар 
қатысады.  Немесе  коммуникациялық  актіде 
сөйлеудің  аналогі  бола  алатын  тұтас  жағ-
даятты  білдіреді.  Салыстырыңыз,  мысалы, 
басын  шұлғу  сөйлеуде – Ия  деген  келісуді
басын  шайқау – Жоқ  деген  мағынаны  (-  Сен 
ауырып  қалдың  ба? – Бала  басын  шайқады), 
қолын  кеудесіне  қысу – уәде  берудің  эквива-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          273 
 
ленті,  қасын  көтеру – таңданудың  аналогі 
болып тұр. 
Бейвербалды  референция  әрдайым  нақты: 
ол  бір  нақты  нысанмен  және  жағдаятпен, 
өзекті  кеңістікті  категориялармен  жұмыс 
істейді. 
‡шіншіден,  сөзге  қарағанда  ишарат  таң-
балары  көп  жағдайда  көзбен  қабылданады. 
Негізінен  бұлар  көз  таңбалары  (сирек  жағ-
дайда  тактильді).  Сондықтан  ым-ишарат  эле-
менттері табиғатынан коммуникативтік актіде 
ақпаратты,  экспрессивті,  реттегіш,  бірнәрсені 
жеткізушілік қабілетті. 
Тарих  пен  мәдениетте  бейвербалды  ком-
муникация мен дене тіліне әрдайым көп көңіл 
бөлінген. Әсіресе олар адамның ішкі сапалары 
тұлғасынан,  бет-әлпетінен  көрініс  беретін 
ғылым  салалары – шешендік  өнер,  медицина, 
психология,  педагогика,  өнер  мен  физиогно-
мика  секілді  адам  қызметі  салаларының  ны-
саны  болды.  Бұлардың  қатарына  тағы  бірқа-
тар  ғылым  салаларын  жатқызсақ  болдаы: 
хирология  (қол  сызықтарының  тілі),  хироно-
мия  (мануальды  риторика  өнері)  және  хиро-
мантия  (алақанға  қарап  бал  ашу  өнері). 1644 
жылы  Дж.  Балвердің  басшылығымен  жарық 
көрген  алғашқы  дене  тілі  туралы  кітапқа  дәл 
осылар арқау болған. Дж. Балверше айтқанда, 
қол  тілі  жасанды,  ойлап  табылған  сөз  тіліне 
қарағанда  табиғи,  жаратылыстан  берілген,  сон-
дықтан ол мән беруге және зерттеуге тұрарлық. 
Дене  қозғалысын  ж‰йелі  т‰рде  зерттеуді 
қолға  алған  адам  Иоганн  Каспар  Лафатер 
есімді  Цюрих  қаласының  пасторы  болды.  Ол 
1792  жылы  «Физиогномика  жайлы  эссесін» 
жариялады. И. Лафатер бет-әлпет пен дененің 
конфигурациясына  сипаттама  беріп,  тыңғы-
лықты зерттеу ж‰ргізген алғашқы адам. 
И. Лафатердің ойынша, адам жанының мо-
ральдық  немесе  психикалық  сапасы  дене  си-
паттамасының эстетикалық көрінісі. Сұлулық, 
сиықсыздық,  дене  әлсіздігі  немесе  толықтық 
адам  жанының  шынайы  кейпін  көрсететін 
таңбалар  ретінде  қаралды.  И.  Лафатердің  аса 
көңіл  бөлген  нәрсесі – ол  адамды  т‰р-сипа-
тына қарап білу өнері. Ол ‰шін бет, ж‰зі адам-
ның  психикалық  құрылымының  өзіндік  ана-
томиялық атласы іспетті болды. Мысалы, с‰й-
кімсіз  бет-әлпет  оның  иесінің  нашар  адам 
екенін не жамандық ойлап тұрған адам екенін 
көрсетеді дегенді айтады. 
Сұлулық  пен  сиықсыздықтың  адамның 
бейвербалды  әрекетінде  өзіндік  байланысы 
бар;  сұлулық,  мысалы,  бет  әлпеттен  немесе 
дене  бітімінен  көрінбейді,  сондай-ақ  дене 
қозғалысындағы  еркіндік  пен  сенімділіктен, 
денені  дұрыс  ұстай  білуден,  алып  ж‰руден, 
ғажайып  ишараты  мен  көзқарасынан  да  се-
зіледі. Ал тістеніп, жұдырығын ызаланып қы-
сып  тұрған,  солғын  қозғалып  тұрған  адамды 
сұлу деп мойындау қиын шығар. 
Анатом,  нейрофизиолог,  хирург  және  су-
ретші  Чарльз  Белл  адам  бет  әлпетіндегі  эмо-
цияның  көрінісіне  қызығушылық  білдірген-
дердің  бірі.  Оның  ж‰йке  ж‰йесінің  функцио-
налдық сараптамасы бойынша ж‰ргізген зерт-
теулері  дененің  әр  бөліктерінің  және  ж‰йке 
ж‰йесі  мен  бұлшықет  топтарының  көмегімен 
адам  эмоциясын  білуге  болатындығына  назар 
аудартты [3]. Белл қорқыныш, қызбалық, қуа-
ныш  немесе  қайғы  секілді  к‰шті  сезімдері 
демнің  өзгерістері  арқылы,  сондай-ақ  дене 
мен  беттің  бұлшық  еттерінің  белсенділігінен 
деген қорытынды жасайды. Ч. Белл: «Эмоция 
қалай берілетінін т‰сіну ‰шін, бет анатомиясы 
мен  дем  алу  м‰шелерін  мұқият  зерттеу  талап 
етіледі», - деп жазады [3, 197-198 сс.]. 
Кейінірек  адамның  биологиялық  белгіле-
рінің  әлеуметтік  адамның  типін  қалыптас-
тыруға,  адам  ж‰ріс-тұрысы  мен  оның  дене 
бітімінің типі арасындағы, адам эмоциясы мен 
оладың  денесінің  манифестациясы  арасын-
дағы,  яғни  мимикалық  ишарат  немесе  бет 
әлпет  құбылысы  арасындағы  байланысты  си-
паттайтын  ғылыми  зерттеулер,  ғылыми  жұ-
мыстар жарық көре бастады (Кречмер, Дарвин 
еңбектері).  Адамның  дене  м‰шелерін  басқа-
руының  жалпы  принциптерін  іздеу  ж‰ріп 
жатты, вербалды және бейвербалды коммуни-
кацияның  нақты  бір  механизмін  меңгеру  ісі 
қолға  алынды.  Әрт‰рлі  ғылым  салалары,  әсі-
ресе  биология,  антропология,  психология, 
философия  және  социология  өздерінің  жаңа 
зерттеу  нысаны – дене  тілін  сараптауға  жан-
жақты кірісіп жатты. 
Айта  кету  керек,  табиғи  тілге  қарағанда 
дене  тілінің  маңыздырақ  болған  кезеңіне 
тарих  куә.  Мәселен,  Орта  ғасыр  мәдениетін 
ым-ишарат  мәдениеті  немесе  ым-ишараттық 
мәдениет  деп  айтып  жатады.  Ортағасырлық 
мәдениет  адам  дене  м‰шелерінің  қимыл-қоз-
ғалысы  әлеуметтік  қарым-қатынаста  ‰лкен 
рөл  ойнайтынына  аса  мән  беріп,  өз  ым-иша-
раттары  жайлы  ойлай  отырып,  олардың  тео- 
риясын  жасады.  Ренессанс  дәуірі  мен  фило-
софия  маньеризмі  дәуірінде  ым-ишараттарға, 

274                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
мимикалық  мінез-құлыққа  деген  қызығушы-
лық  көптеген  атақты  адамдар,  Джованни 
Бонифацио,  Джованни  Батиста  делла  Порта, 
Фрэнсис Бэкон арасында туындады. Дж. Боно-
фацио  өзінің  Венецияда 1616 жылы  шыққан 
«Исскуство  чувств»  атты  трактатында  б‰кіл 
халыққа  т‰сінікті  әмбебап  ым  тілі  бар,  сон-
дықтан  оны  еуропалықтарға  жергілікті  тұр-
ғындармен  сауда  жасау  кезінде  қолдануына 
болады  десе,  Дж.  Делла  Порта «Della celesta 
fisionomia»  деген жұмысында  адам  мимикасы 
ишаратын жануарлардың мимикасы мен иша-
ратымен  салыстыра  отырып,  дене  мен  бет-
әлпет  қозғалысынан  адам  темпераменті  мен 
мінез-құлқын анықтауға тырысады. 
Орта  ғасырда  болсын,  кейінірек  кездегі 
уақытта  болсын  қоғам  біртұтас  ретінде  қа-
былданды. Бұлар дене мен бас, құлақ, қол мен 
кеуде секілді организмдер нақты мағынаға ие 
қызметтерді  білдірді.  Мысалы,  мәдени,  мо-
ральдық  және  этикалық.  Рыцарлар,  көпестер, 
монахтар,  кісі  өлтірушілер,  шешендер,  дәрі- 
 
 
герлер, ғалымдар, қолөнер ұсталары және жер 
иелері өздерінің бейвербалды тілдерін қалып-
тастырды. 
Ол  кездері  ишараттар  екі  негізгі  қызметті 
атқарған. Бір жағынан, олар адамның сол ұжым  
м‰шесі  екенін  дәлелдесе,  екінші  жағынан – 
топ  м‰шелерінің  иерархиясын  білдірді.  Б‰кіл 
ишарат  таңбалары  белгілі  бір  мағынаға  ие 
болды;  белгілі  бір  мәдениетте  маңызды  рөл 
атқарды.  Мысалы,  кездесу  кезінде,  қоштасу 
немесе  татуласу  белгісі  ретінде  қол  алысу, 
құрмет  көрсету  немесе  татуласу  кезінде 
қолын кеудесіне қою, т.б. 
К‰ні б‰гінге дейін ым-ишараттар тек қана 
әрт‰рлі қоғамдық және жеке дәст‰рлерге қызмет 
етпейді, олар адамның к‰нделікті өмірінде ма-
ңызды, ажырамас компоненті болып саналады. 
____________ 
1. Partridge E. Origins: A short etymological dictionary of 
modern English. New York: MacMillan, 1959. 
2. Kendon A. Geography of gestures // Semiotica, 37, № Ѕ, 
1981, 150-151. 
3.  Крейдлин  Г.Е.  Невербальная  семиотика. «Новое 
литературное обозрение», М.: 2004 г. – 581. 
 
С. Магжан. Язык жестов и естественный язык 
В статье рассмотрены особенности и различия естественного языка и языка жестов в коммуникации 
 
S. Magzhan. Language of Gesture and Natural Language 
The peculiarities and differences of a natural language and language of gesture in the process of communication are 
considered in the article. 
 
 
 
А. Мұхамеджанова, Т. Ахметова,
 
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Петропавл қаласы, Қазақстан 
 
КӘСІБИ ЛЕКСИКАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
 
Жоғары оқу орнын бітіретін студент өзінің 
қалаған  мамандығы  бойынша    білімін  толық-
тыра  алудың  жолын,  әдіс-тәсілін    игерген, 
кәсіби  әрекетінде  тосын  жағдаяттарды  ше-
шуге  дайын,  мемлекеттік  тілді  жетік  меңгер-
ген тұлға болуы қажет. Сондықтан маманның 
іргелі  теориялық білімі  мен  кәсіби  біліктілігі, 
шығармашылық  ойлауы,  рухани  дамуы,  ин-
теллектуалдық  өсуін  қалыптастыратын  білім 
беру  ж‰йесіне  оқытудың  жаңа  технология-
лары енгізілуі тиіс. Ол ‰шін «халықаралық тә-
жірибелерге  с‰йене  отырып,  қазақ  тілін  оқы-
тудың  қазіргі  заманғы  озық  бағдарламалары 
мен  әдістерін  әзірлеп,  енгізу  қажет.  Мем- 
 
 
 
лекеттік  тілді  тиімді  меңгерудің  ең  ‰здік, 
инновациялық  әдістемелік,  тәжірибелік  оқу-
құралдарын,  аудио-бейнематериалдарды  әзір- 
леу  керек» [1;17]. Бұндай  талап  қазіргі  білім 
беру  ж‰йесіне  енген  кредиттік  оқыту  техно- 
логиясының  басты  мақсатына  сәйкес  келеді. 
Жоғары оқу орнындағы оқыту ‰рдісі студент-
тің  ынталы,  белсенді  танымдық  әрекетіне 
негізделетіні  белгілі.  Ал  белсенді  танымдық 
әрекет  кредиттік  оқыту  ж‰йесінде  қазіргі  за-
ман талабына сай сапалы маман дайындаудың  
негізі болып отыр. Сонымен қатар бұл ж‰йеде 
ерекше назар аударылады. Бұл мәселенің орыс 
тілді  студенттерге  қазақ  тілін  тиімді  меңгер-
туге де қатысы бар.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          275 
 
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқыту проб-
лемалары  анағұрлым  к‰рделенген,  сонымен 
қатар, тілге деген сұраныстың да өзекті екенін 
ескере  отырып,  б‰гінде  білім  беру  саласына 
енгізіліп  отырған  инновациялық  әдіс  арқылы 
ұйымдастыру  к‰нделікті  к‰н  тәртібіндегі  мә-
селелердің бірі екені сөзсіз. Сол себепті, мем-
лекеттік тілді инновациялық әдіс арқылы оқы-
тудың  тиімді  жолдарын  қарастыру  қазақ  тілі 
мамандарының  алдына  қойған  басты  мақсат-
тарының бірі болып табылады.  
Қазақ  тілін    орыс  тілді  дәрісханаларда 
оқыту  әдістемесінің  мақсаты – қазақ  тілінің 
екінші  тіл  ретіндегі  ерекшеліктерін  айқындау 
және  тіл  ‰йренушілерді  ауызекі  сөйлеуге  ‰й-
ретуде қолданылатын әдістер мен тәсілдердің 
ұтымды жолдарын көрсетумен байланысты.  
Жоғары  оқу  орнының  негізгі  мақсаты –  
студентке теориялық білім беріп қана қоймай, 
сол  білімді  өз  бетінше  ізденіп  табу  қабілетін, 
оқу  әрекетін  ғылыммен,  кәсіби  әрекетімен 
байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру.  
Осы  бағытта  жақсы  нәтижеге  жету  ‰шін 
сабақты  тиімді  ұйымдастырумен  қатар  сту-
дентті  алған  білімдерін  кәсіби  жағдаяттарда 
қолдануға  болатындай  тапсырмалар  негізінде 
шығармашылық  әрекетке  бейімдеу;  білім 
алушылардың  өздік  жұмысын  ұйымдастыру 
кезендеріне  сай  тапсырмалар  ж‰йесін  пайда-
лану арқылы оларды өз бетінше нәтижеге же-
туге  жетелеу  керек.  Кәсіби  бағытта  құрасты-
рылған  тапсырмалардың  орындалуы  кәсіби 
білікті  дамытады,  білім  ж‰йесін  қалыптасты-
рады  және  болашақ  маманның  тұлғалық  қа-
сиетін дамытады.  
Кәсіби  лексиканы  меңгертуге  бағытталған 
жиі қолданатын әдіс-тәсілдерді қарастырайық. 
Кәсіби  лексикамен  жұмыс.  Студенттер 
қазақша кәсіби сөздерді меңгерумен бірге, қа-
зақ  тіліндегі  кәсіби  ұғымдарды,  олардың  та-
биғаты  туралы  мәліметті  де  бойына  сіңіреді.
 
Нақтылы  мамандыққа  байланысты  таңдап 
алынған  лексиканы  меңгерту  ‰шін,  бірін-
шіден,  тіл  ‰йренушіге  жаңа  сөзді  қолдануға 
жағдай  туғызу;  екіншіден,  сөздің  мағынасын 
айқындап,  оны  дұрыс  қолдану  амалдарын 
игерту; ‰шіншіден,  сөздер  мен  сөз  тіркесте-
ріне  қатысты  грамматикалық  ережелерді  бай-
ланыстыра ‰йрету; төртіншіден, сөздердің қа-
тысымдық бағыттылығын ескеру керек.  
Жаттығудың  мақсаты – студенттерге  
жаңа кәсіби  лексиканы тыңдап т‰сіну арқылы 
оның  айтылуын,  қайталап  айтқызу  арқылы 
оның айтылуы мен оқылу ерекшеліктерін, тіл-
десімде дұрыс қолдануға машықтандыру.  
Жаттығудың  тиімділігі – әр  сабақта  ‰й-
ретілетін жаңа кәсіби лексиканы студент бола-
шақ мамандық жағдайында к‰нделікті қарым-
қатынаста  белсенді  қолдануға  ‰йренеді,  кәсі-
би сөздік қорын байытады.  
Жоғары оқу орындарында кәсіби қазақ тіл-
ді  ‰йрету  ‰рдісі  студенттерді  жалықтыр-
майтындай,  қызықты  да  тартымды  болуы 
‰шін  сөз  мәйегі  болып  саналатын  фразеоло-

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет