Казахский национальный


Ж. Кузар  Лингвокультурный аспект концепта цвета «белого и черного» на английском и казахском языках



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет46/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61

Ж. Кузар 
Лингвокультурный аспект концепта цвета «белого и черного» на английском и казахском языках 
 
 В  статье  рассматривается  определение  понятия  «концепт»  как  основы  категории  «познания»,  а  также 
различные взгляды ученых по данной проблематике. Основной акцент направляется на цветосимволику концепта 
цвета «белого и черного» на английском и казахском языках в лингвокультурном аспекте. 
 
J. Kuzar 
Linguistic and cultural aspect of the concept of color "black and white" in English and Kazakh languages 
 
Article considers the definition of  concept as the base of the categories of cognition, also gives the different views of 
scientists on this problem. And it is also devoted to the linguistic and cultural concepts of colors ‘white and black’ in 
English and Kazakh languages. By the help of language we can distinguish and find similarity of two different cultures.
   
  
 
 
 
 

266                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
М. Мамаева, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ф.ғ.к., доцент 
 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС  
ТІЛДІ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ 
 
 
Қолымызда 2009 жылдың 30 желтоқса-
нында  бекітілген  Қазақ  тілінің  мемлекеттік 
стандарты бар. Бұл стандарт  қазақ тілін ком-
муникативті оқытудың бес деңгейін қамтиды; 
қарапайым,  базалық,  орта,  ортадан  жоғары, 
жоғары  деңгейлер.  Стандарт  бойынша  қазақ 
тілін  оқыту  ж‰йесі  оқылым,  тыңдалым,  лек-
сика-грамматика  және  жазылым  бөліктерінен 
құралады. 
Стандарт  қазақ  тілін  жалпы  меңгертуге 
бағытталып жасалған. Стандартты қолданушы 
ұжым  осы  стандарт  негізінде  өзіне  лайық 
бағдарлама  жасап  ала  алады.  Бұл  дегеніңіз – 
сіздің  тіл  ‰йретіп  отырған  аудиторияңыз  қай 
деңгейде  екенін анықтап, сол деңгейдің стан-
дартын  басшылыққа  ала  отырып,  оқу  бағдар-
ламасын  өзіңіз  жасап  алу.  Мысалы,  қарапайым 
деңгейдің стандартын тілді білмейтін, әр т‰рлі 
жастағы,  әр  т‰рлі  әлеуметтік  топ  өкілдеріне 
‰йретуде пайдалануға болады. Яғни, бала бақ-
шадағы сәбилерге, мектептің бастауыш сыны-
бында  оқитын  оқушыларға,  ЖОО-да  бастауыш 
топтарда  оқитын  өзге  елден  келген  студент-
терге,  кәсіби  мамандықты  өзге  тілде  алған 
қызметкерлерге, шет елден келген азаматтарға 
қазақ тілін оқытуда қолдануға болады.  
Қарапайым деңгейдің коммуникативтік құ-
зыреттілігіне  ауызекі  сөйлеу  тақырыптарын 
қамтитын  қарапайым  мәтінді  оқып  т‰сіну, 
тыңдап  т‰сіну,  осы  деңгейде  сұрақ  қоя  білу, 
сөйлесу  және  ойын  қысқаша  жаза  білу  яғни, 
сөйлесім әрекетінің барлық т‰рлерін қарапайым 
т‰рде меңгеру жатады.  
Ал  бұл  деңгейдің  тілдік  құзыреттілігіне 
(языковая  компетенция)  қазақ  тіліндегі  ды-
быстарды дұрыс айта білу мен таңбалай (жаза) 
білу, ‰ндестік заңдарын сақтай білу (фонетика 
саласы), зат, қимыл, сын, т.б. сөздерден құрал-
ған  сөздік  қор  қалыптастыру  (лексикология 
саласы), сөздердің мағыналық топтарының (әр 
сөз  табының)  өзгеру  жолдарын,  жай  сөйлем-
нің  жасалуын,  ең  жиі  қолданылатын  (себеп, 
қарсылықты  қатынастағы)  құрмалас  сөйлем 
т‰рлерінің  жасалуын  (грамматика  саласында) 
меңгеру  жатады.  Стандартта  лексикалық  тақы-
рыптар мен грамматикалық тақырыптар, сөздік  
 
 
қор  мөлшері  де  көрсетілген.  Басқа  деңгейлер 
бойынша да осындай бөліктер қамтылған.  
Ендігі мәселе - тіл ‰йретуші осы стандарт-
тарды  пайдаланып, ‰йренушілерге  лайықтап, 
бағдарлама  жасай  алу.  Ол  ‰шін  тіл  ‰йретуші 
ең алдымен: 
1)  кімге  (сәбиге,  оқушыға,  студентке,  ере-
сек  тұлғаға,  шетелдік  азаматқа)  тіл  ‰йрететін 
бағдарлап алуы керек; 
2) тіл ‰йренушінің тілді қаншалықты біле-
тінін анықтап алуы керек (ол ‰шін стандартқа 
лайық Қазтест бар); 
3)  тіл  ‰йренушінің  ықылас-ниетін,  ұсы-
ныстарын  ескеруі  керек.  Сонымен  қатар тілді 
‰йренушінің жеке тұлға немесе топтар болуы, 
жедел  немесе  сатылы  оқытылуы  да  ескерілуі 
қажет. 
Тіл ‰йренушілердің тілін дамытудың негізі 
лексикада  болғандықтан,  тілді  мәдениетара-
лық  қатысымды  негізге  ала  отырып  дамыту 
жолдарын іздестірген жөн.  
Өзге  ұлт  өкілдеріне  қазақ  тілін  оқыту  бұл 
мәдениет  бұрылысы,  мәдениетаралық  қаты-
сымның практикасы, себебі, әр шет тілі басқа 
әлем  және  мәдениеттің  көрінісі,  әр  сөздің 
төркінінде  ‰йренетін  тіл  елінің,  оның  ұлттық 
болмысының иісі аңқып тұрады. 
Сондықтан тіл ‰йретуде ‰йренушінің өзін-
дік  ұлттық  ерекшеліктерін,  мәдениетін,  салт 
дәст‰рін  ескере  отырып,  өз  мәдениетімізбен 
ұштастыра,  салыстыра,  байланыстыра  оқыту 
әдістемесін  қолдансақ,  қазақ  тілінің  бай  лек-
сикасымен  таныстырамыз,  ұлтымыздың  та-
маша дәст‰рлерін насихаттай аламыз.  
Лексикалық минимум сөздік деңгей бойын-
ша  жасалып  басылып  шықты.  Стандартта  әр 
деңгейде  қанша  лексикалық  қор  болу  керек-
тігі  және    лексикалық  тақырыптар  көрсетіл-
ген.  Мәселе  сол  тақырыпты  қамтитын  мәтін-
дер  қандай  болу  керектігі.  Отбасы,  жұмыс 
к‰ні,  дәрігерде,  қонақта,  қала,  театр,  көше, 
ұлттық  дәст‰рлер  тақырыптары  қарапайым 
деңгейден  орта  деңгейге  дейінгі  аралықты 
қамтиды.  Осы  тақырыптарды  қай  деңгейде 
қалай және қанша сөздікпен беру керектігі тіл 
‰йретушінің шеберлігін қажет етеді.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          267 
 
Тілдің коммуникативтік құзыреттілігін қа-
лыптастыру ‰шін оқыту ж‰йесінің қай бөлігін,  
«лексиканы ‰йретуді ме?, грамматикаға басты 
назар  аударуды  ма?»  деген  талас  заманы  өт-
кендігін  халықаралық  стандарттар  дәлелдеді. 
Халықаралық  стандартқа  сай  жасалған  қазақ 
тілінің мемлекеттік стандарты тілді ‰йретудегі 
4  бөлікті  қатар  алып  ж‰ргенде  ғана  нәтижеге 
жете  алатынымызға,  яғни  тілдің  коммуника-
тивтік  құзіреттілігін  қалыптастыра  алатыны-
мызға әкеледі.  
Ендігі  кезекте  өз  тәжірибемізге  с‰йеніп, 
шетел  азаматтарына  қазақ  тілін  ‰йретуде  қай 
бөліктен бастап бөліктерді қалай байланысты-
ратынымызды айтып көрейік.  
Алдымен  лексиканы,  яғни  жеке  сөздерді 
айтқызамыз. Осы арқылы дұрыс айтуды ‰йре-
теміз. Мысалы: қала, ағаш, бөлме, тақта, оқу-
шы, тыңдаушы, оқытушы, дәрісхана, т.б. сөз-
дерін  айтамыз,  суретпен  көрсетеміз.  Оларды 
«кім?», «не?»  сұрақтарына  сай  екіге  бөліп 
жазамыз.  
Бұл,  мынау  сөздерін  қолданамыз,  көрсете-
міз.  Отыр,  тұр,  жатыр,  ж‰р  сөздері  жайлы 
т‰сіндіреміз, қимылмен көрсетеміз. Бұл – тақ-
та, мынау - кітап, мынау - қалам. Оқушы отыр. 
Оқытушы  тұр.  Келесі  кезекте  сын  есімдерді 
өтеміз: ақ, қара, таза, кең, т.б. Қысқа сөйлем-
дер  құраймыз:  Бөлме - таза,  кең.  Тақта - 
қара.  Қағаз - ақ.  Сұрақ  қоямыз:  Бөлме  қан-
дай? Тақта қандай? 
Жеке сөздерден сөйлеуге жетелейміз.  Грам-
матикаға  жылжыдық.  Енді  етістікті  сөйлемге 
ауысқанда септік жалғаулар жайлы т‰сіндіру-
ге  тура  келеді.  Грамматиканы  бұл  аудитория-
да  т‰сіндіру  өте  қиын. Себебі,  тіл ‰йренуші - 
шетелдік,  біздің  ортақ  тіліміз - орыс  тілін 
т‰сінбейді, біз оның тілінде сөйлей алмаймыз. 
Грамматиканы қалай т‰сіндіреміз? Орыс тілді 
аудиторияда  біз  грамматикалық  тақырыпты 
салыстырмалы  т‰рде  өтетін  едік.  Енді  олай 
өтуге  біздің  қауқарымыз  келмейді.  Тек  мо-
дельмен  беру  әдісі  тиімді.  Мысалы:  жіктік 
жалғауды т‰сіндіру жолы. 
 
Мен оқушымын                        
Мен отырмын 
 
Сен оқушысың                         
 
Сен отырсың 
Сіз оқушысыз 
Сіз отырсыз 
Ол оқушы  
Ол отыр  
 
Септік  жалғауларын  отыр,  ж‰р,  жатыр, 
тұр  етістіктерін  өткен  соң  бастаймыз.  Сөй-
лемге  басқа  сөздер,  көбінесе  етістік  баян- 
дауышпен  кіретінін  орыс  тілді  аудиторияда 
т‰сіндіреміз (салыстырмалы т‰рде). Ал шетел-
дік  аудиторияда  модельмен  береміз.  Бұл  төрт 
қалып  етістігі    де  “қайда?”  сұрағын  қажет 
етеді.  Яғни,  бұл  етістікпен  кірген  сөздің  сөй-
лемге ену моделі:   
 
... +да  отыр  (жатыр,  тұр,  ж‰р  және 
жіктік жалғау) 
 
Сен  қайда  отырсың?  Мен  ‰йде  отырмын. 
Ол  қайда  ж‰р?  Ол  қалада  ж‰р.  Кітап  қайда 
жатыр? Кітап ‰стелде жатыр.  
Септіктердің  келесі  бір  т‰рін  де  осылай 
етістіктермен  байланыстыра  өтеміз.  Мысалы: 
«бар, кел» етістіктерін барыс септігімен, «оқы, 
жаз, тыңда» етістіктерін табыс септігімен бір-
ге модельмен ‰йретуге болады. 
Сонда  белгілі  бір  тақырыпты  өткенде,  ал-
дымен  тақырыпқа  қатысты  жаңа  сөздерді  т‰- 
 
сіндіріп,  екінші,  ол  сөздермен  сөйлем  құрап 
‰йретеміз.  Болашақ  мәтінде  кездесетін  грам-
матикалық  тақырыпты  т‰сіндіріп,  жаттығу 
ж‰ргізіп,  ‰шінші,  мәтінді  оқып  т‰сінуге  өте-
міз.  Төртінші,  мәтінмен  жұмыс  істеу  бары-
сында сұрақ-жауап  ж‰ргізіп, сөйлесімге ауы-
самыз.  Бесінші,  негізгі  мәтінге  мазмұн  жағы-
нан  ұқсас  мәтінді  тыңдап  т‰сінуге  арналған 
сұрақтар  беріледі  немесе  құрастырылған 
(мәтін  мазмұны  бойынша)  тест  тапсырмала-
рын  орындайды.  Алтыншы,  оқып,  тыңдаған 
мәтіндердің  сөздік  қорын  пайдаланып,  сон-
дағы грамматикалық амалдарды қолдана  оты-
рып, өзі мәтін құрастырып, жазып келеді. 
Оқыту  ж‰йесіндегі  бөліктердің  бәрін  қамти 
отырып нәтижеге жету тәсілін алғашқы кезең-
нен-ақ  бастаған  дұрыс.  Мысалы, «Отбасы» 
тақырыбында  дұрыс  сөйлесе    білу ‰шін,  яғни 
осы  тақырыпта  коммуникативтік  құзыретті-
лікті  қалыптастыру  ‰шін  сабақты  қалай  бас-
таймыз?  
1. Туыстық атаулар (лексика) 
2. Тәуелдік жалғау (грамматика) 

268                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
3. «Біздің  отбасымыз»  мәтінін  оқу  (оқы-
лым) 
4. Мәтін бойынша сұрақ-жауап (сөйлесім) 
5.  Белгілі  бір  тұлғаның  өмірбаяны  туралы 
мәтінді тыңдап т‰сіну (тыңдалым)     
6. Досының  немесе  туысының  отбасы  ту-
ралы әңгіме жазу (жазылым)  
Бұл  тапсырмалардың  бәрін  ретімен  орын-
даған тіл ‰йренуші туыстық атауларды жақсы 
есте  сақтайды,  тәуелдік  жалғауы  мен  ілік 
септігін  дұрыс  т‰сініп  қолдана  алады,  тақы-
рыпты айтып бере алады.  
Келесі  мәселе - тіл  ‰йретуге  жақсы  нәти-
жеге  жету  ‰шін  оқудың  қай  т‰рін  қолдану 
керектігі.  Оқып  ‰йренудің  алғашқы  кезеңінде 
педагогика  тарихында  «догматикалық  оқу» 
деген  атпен  сынға  ұшыраған  оқу  т‰рін  де 
пайдалануға  болады.  Мұндай  оқуда  ‰йренуші 
белгілі  бір  мәселе  бойынша  ақпарат  қабыл-
дайды,  қайталайды,  жадында  сақтауға  тыры-
сады.  Мақсаты - фактіні  есте  сақтау.  Оқудың 
келесі  бір  т‰рі - репродуктивті  оқу.  Оның 
мақсаты:  жаттығуды,  тапсырманы  белгілі  бір 
‰лгіге (модельге) қарап орындау. Оқудың бұл 
т‰рін  де  қарапайым  деңгейде  қолдануға  бо-
лады.  
Тіл  ‰йренушінің  білім  сапасын  көтеру 
‰шін, есте сақтаудан-ойлауға көшу ‰шін, яғни 
ойлау  мәдениетін  қалыптастыру  ‰шін,  оқы-
туда белгілі бір нәтижеге жету ‰шін ғалымдар 
оқу  процесін  «технологияландыру»  мәселесін 
көтерді.  Осыған  орай  «оқыту  технологиясы» 
деген ұғым пайды болды.  
Технология  шеберлікпен  өнім  алу,  нәти-
жеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту 
дегенге саяды.  
Оқыту технологиясын дәст‰рлі және инно-
вациялық  технология  деп  бөледі.  Ал  инно-
вациялық технологияның бірі – модуль арқылы 
оқыту  (мөлшерлеп)  оқыту.  Білім  алушының 
м‰мкіндігіне  орай  оқу  материалының  мазмұ-
нын порциямен, дербес тақырыптармен беру.  
Модульді оқытудың ерекшеліктері: 
•  оқыту  мақсатының,  нәтижесінің  айқын-
дылығы;  
•  оқу материалының бөліктермен берілуі;  
•  әр  бөліктің  мазмұны,  құрылымдық  эле-
менттері болатыны;  
•   оқытушы  кеңесші,  бағыт  беруші  бола-
тындығы;  
•  тіл ‰йренуші өз м‰мкіндігіне сай, өз бе-
тінше білім алатындығы;  
•  оқытушы  мен  оқушы  арасындағы  қаты-
нас субъект - субъектілік болатындығы;  
•  модуль  мазмұмынын  өзгертуге,  толық-
тыруға болатындығы;  
•   маман дайындауға кәсіби бағыттылығы;  
•  студенттің  творчестволық  ойлауға  қа-
лыптасатындығы;  
Модульді оқытуды бес деңгейде қолдану – 
ең тиімді нәтижеге жеткізеді.  
Адамның  белгілі  бір  шамадағы  белсенді-
лігі болмаса, оның қызығушылығын ояту оңай 
емес. Ол ‰шін оқытудың актив әдістерін пай-
далану керек.  
Тіл  ‰йренуші  мен  ‰йретушінің  іс-әрекет-
теріне  қарай  әдістің  саны  да,  атауы  да  алуан 
т‰рлі.  Интерактивті  әдістер  көбіне  өткен  ма-
териалды бекіту мақсатында қолданылады.  
Қазіргі қолданылып  ж‰рген  белсенді әдіс-
терге  шығармашылық  тапсырмалар,  шағын 
топпен  жұмыс  істеу,  іскерлік  ойындар,  пікір-
талас  т.б.  жатады.  Біздің  ‰немі  пайдаланатын 
тәсіліміз – сұрақ  қою,  қарсы  сұрақ  қою,  пі-
кірлесу. Әрбір оқылым және тыңдалым бөлік- 
 
терінде  тіл  ‰йретуші  сұрақ  қойып, ‰йрену-
шілер  жауап  береді, ‰йренушілер  бір-біріне 
сұрақ  қояды,  оқытушыға  сұрақ  қояды.  Пікір-
лесу – сабақты аяқтайтын кезде топтың шағын 
топтарға  жіктеліп  алып  ж‰ргізетін  тәсілі.  Бұл 
тәсіл ортадан жоғары деңгейде қолдануға лайық.  
Қорыта  келе,  айтарымыз – халықаралық 
стандартқа  сәйкес  стандарт,  лексикалық  ми-
нимум  бар.  Оқытуды  нәтижелі  ету  ‰шін  осы 
қажетті стандартты пайдаланып оқу бағдарла-
масын  жасап  алып,  оқыту  әдіс-тәсілдерін  із-
деністермен толықтыру қажет. 
 
М. Мамаева 
Новые направления изучения языка в соответствий с международными стандартами 
 
В статье рассматриваются проблемы обучения казахскому языку, как второму, и как инностранному языку в 
соответствий с международными стандартами  
 
M. Mamaevа 
New directions in language learning according to international standards 
 
The paper considers the problem of learning the Kazakh language as a second, and as a foreign language in accordance 
with international standards 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          269 
 
Б. Молдакашева, К. Мақышева, 
№60 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен  әдебиеті 
пәнінің мұғалімдері (Қазақстан, Астана) 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ  ҚАЗАҚ АУДИТОРИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ  
ТЫҢ ӘДІСТЕРІ 
 
 
Еліміздің  елдігін,  мемлекетіміздің  рухани 
келбетін  айғақтайтын  өзектердің  бірі  мем-
лекеттік  тіл  екендігі  баршамызға  белгілі. 
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  мәр-
тебесін  арттыру  бағытында  бірқатар  іс  шара-
лар  атқарылуда.  Дегенмен,  бұл  салада  істел-
мек  жұмыс,  атқарылмақ  шаруа  ұшан-теңіз. 
Соның  бірі,  білім  саласында  мемлекеттік  тіл 
проблемасы.  Атап  айтқанда,  қазіргі  мектеп 
оқушыларының  қазақ  тілін  меңгеруі  өз  дең-
гейінде  емес.  Осы  орайда,  мемлекет  тарапы-
нан  бұл  мәселені  шешу  бағытында  көптеген 
істер  атқарылуда.  Яғни,  қазақ  тілі  сабағына 
қосымша  сағаттар  қосылуы,  мектептердің 
арнайы  материалдық-техникалық  жабдықтар-
мен  қамтамасыз  етілуі,  мұғалімдер  құрамы-
ның біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми-
практикалық  конференциялар  мен  семинар-
тренингтердің өткізілуі. 
Тіл – сөйлеу  құралдарының  б‰тін  ж‰йесі. 
Сондықтан  да  сөйлеу  құралдары  мен  сөйлеу 
әрекетін,  олардың  т‰рлерін  жан-жақты  игер-
мей  тұрып,  белгілі  бір  бөтен  тілде  ойды  жет-
кізу м‰мкін емес. 
Сөйлеуді  меңгерту  дегеніміз – оқушының 
айтайын  деген  ойын  ауызша  және  жазбаша 
т‰рде  екінші  адамға  т‰сінікті  етіп  жеткізуіне 
м‰мкіндік жасау. 
Сөйлеуді ‰йрету – к‰нделікті өмірде кезде-
сетін  жағдайларға  байланысты  адам  өз  ойы 
мен  пікірін  тұжырымдау;  Сол    ойды  сөзбен 
бейнелеудің,  сөйлем  арқылы  т‰сінікті  т‰рде 
жеткізудің амалдарын игерту. 
Б‰гінгі таңда қазақ тілін мектеп оқушыла-
рының  жетік  білуіне,  ынта-жігерін  арттыруға 
тілдік  ортаның  жетіспеуі  себеп  болып  отыр. 
Астана қаласының № 60-шы лицей ұстаздары 
жоғарыдағы  мәселені  шешу  мақсатында  «Қа-
зақ  тілін  қазақ  тілді  ортада  оқыту»  жобасын 
жасады.  Мұндағы  мақсат  лицей  оқушыларын 
шет  аймақтардағы  қазақ  отбасында  тұрғызу 
арқылы тұрақты тілдік қарым-қатынас орнату. 
Нәтижесінде  олардың  тілге  деген  қызығушы-
лығын,  ынта-жігерін  артуын  байқау  болды.  
 
 
Айтатын болсақ, бұл жоба ‰ш кезең бойынша 
ж‰ргізілді. 
 
Жобаның мақсаты: 
Тіл  ‰йрену    тілдік  ортада    қалыптасатын  
жағдайлар туғызу. 
Жобаның міндеттері: 
- тілдік  орта арқылы орыс тілінде сөйлесу 
м‰мкіндіктерін шектеу  
 
-  қарым-қатынас  ‰дерісінде  оқушылардың 
лексикалық қорын кеңейту. 
-  нақты  өңірдің  ауыз  әдебиеті  ‰лгілерімен 
таныстыру   
Бірінші:  Іріктеу  кезеңі.  Оқушыларды  ірік-
теуде  олардың  жеке  қабілеттерін,  қызығушы-
лығын,  дарындылығын,  жеке  дара  іздемпаз-
дығы  ескерілді.  Іріктеу  тест  арқылы  ж‰ргі-
зілді.  Тест  қазақ  тілі,  тарих  және  жағрафия 
пәндері  негізінде  жасалды.  Оқушылар 9-10 
сыныпта оқиды. Олардың ұлттық құрамы: орыс, 
украин, кәріс, қазақ. Аз уақыт ішінде біз  оқу-
шыларды  қазақ  тілді  ортаға  апарумен  қатар 
оларға қосымша сабақ беруді жөн көрдік. Са-
бақ жоспары  филология ғылымының докторы 
З.  К‰зекованың  «Тілді  оқып-‰йренудің  бас-
тапқы  кезеңіне  арналған  оқу  құралы»  атты 
еңбегіне  с‰йене  отырып  жасалды.  Сонымен 
қатар    пікір-сайыс,  дөңгелек  ‰стел,  тренинг, 
дыбыстық  бейне  жазбалар,  тестік  жұмыстар 
қолданылды.  
Екінші: Жобаны ж‰зеге асыру барысы.  
Алғашқы  к‰ні  бірінші сабақ  қоршаған  ор-
тамен және отбасымен танысуға арналды. 
Қалған  к‰ндері  кесте  жоспарына  сәйкес 
оқушылар Қорғалжын мұражайына, қорығына 
барып  табиғатпен, «Қызыл  кітапқа»  енген 
жануарлармен танысты. Бұл олардың  өлкенің 
тарихымен  танысуға  көп  әсерін  тигізді.  Осы-
лайша  оқушылардың  қазақ  халқының  мәде-
ниетіне,  әдет-ғұрыпына,  тұрмыс  салтына  құ-
зығушылықтары артты.  
Оқушылар  осы  өлкеде  туып  өскен  неміс  
Р.  Люфт  отбасымен  танысу  арқылы  ол  от-
басының  таза  қазақ  тілінде  сөйлейтіндігін  
 

270                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
көріп, таң қалды. Бұл олардың тілге деген қы-
зығушылығы мен ынтасын арттыра т‰сті. Со-
нымен қатар оқушылар қазақ әндерін жаттап, 
‰йренді. 
‡шінші:  Талдау  кезеңі.  Бұл  жерде  жо-
баны ж‰зеге асыру барысында туындаған кем-
шіліктерді  саралап,  нақты  ұсыныстар  жа-
салды.  Атап  айтсақ.  оқушылар  қазақ  ауыл-
дарына барар алдында олардан арнайы сөздік 
жұмысы  алынды.  Әр  оқушы 60-70 сөз  білсе, 
келгеннен  кейін  сөздік  қоры 110-120 жеткен-
дігін байқадық. 
Алдағы  уақытта  жобаның  сабақ  жоспары-
на  әлемдегі  тіл  ‰йренуге  қажет  әдіс-тәсілдері 
қолдану керек.  
Ал  ең  басты  кемшілігі  уақыт  аздығы 
болды.  Жобаға 10 к‰н  емес, 20 к‰н  берілсе 
оқушылардың  қазақ  тілін  кеңінен  ‰йренуге 
м‰мкіндіктері мол болар еді. 
Зерттеу  нәтижесінде  оқушылар,  еліне  де-
ген мақтаныш сезімін артып, әр бір ұлт өкілі-
не  құрметпен  қарауға  ‰йренді,  сөздік  қорын 
байытты, сөйлеу мәдениетіне ‰йренді.  
Біздің  ойымызша,  бұл  тәжірибе  тек  атал-
мыш  лицеймен  шектеліп  қоймай,  еліміздің 
барлық  мектептерінде  ж‰ргізіліп,  мемлекет 
тарапынан  қолдау  табу  керек.  Сонда  ғана, 
қазақ  тілін  қазақ  тілді  орта  жасау  арқылы 
келешек ұрпаққа ‰йретеміз.    
Қорыта  айтқанда,  қазақ  тілін  меңгеру 
‰шін,  қазақ  тілді  орта  қажеттігі  тек  дарынды 
балаларға  арналған  мектептің  мәселесі  емес, 
ол  барлық  білім  саласының  ортақ  мәселесі 
екенін  көрсетеді.  Өйткені,  елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы,  қазақ 
тілінде»  деп  айтып  өткен  болатын.  Сондық-
тан, еліміздің ертеңгі тағдырын шешетін жас-
тардың  мемлекеттік  тілде  ойлап,  мемлекеттік 
тілде  сөйлеуі,  б‰гінгі  уақыт  талабы.  Ендеше, 
баршамыз  мемлекеттік  тілді  одан  әрі  дамыту 
‰шін, жұмыла кірісіп, барлық к‰ш-жігерімізді 
жұмсауға тиіспіз.   
Жобаны орындаудың шарттары: 
Жобаға  қатысатын  оқушылардың  орыс  ті-
лінде  қарым-қатынас  жасалмайтын  ортада 
(отбасында,  интернатта,  экологиялық  лагер-
лерде) тұруын қамтамасыз ету. Оқушылар от-
басынын барлық м‰шелерінде атқаратын мін-
деттерді орындауын қарастырады.  
Интернатта тұру  интернат оқушыларының 
қамқорлық көмегі, іс-шараларды бірге отырып 
өткізуі,  сондай-ақ  жобаға  қатысушылардың  
тамақтануын  қамтамасыз етуді қарастырады.  
Экологиялық лагерь  жобаға қатысушылар 
мен аудан оқушыларының  палаткаларда бірге 
тұрып    іс-шараларды  бірге  өткізілу  м‰мкінді-
гін туғызады.  Алғашқы   жағдайда, жауапкер-
шілік – жоба  жетекшісі  мен  қабылдаушы 
отбасы  м‰шелеріне  т‰ссе,  екінші  жағдайда – 
жоба жетекшісі мен интернат әкімшілігіне, ал 
‰шінші жағдайда – жоба жетекшісі  және мек-
теп әкімшілігіне  (серіктеске ) т‰седі. Жобаны 
ж‰зеге  асыруға  қажет  материалдық  шығын-
дар: 
-  жету орны мен қайтар жол шығыны  -  
-  к‰нделікті шығындар - (тәулігіне) 
-  жобаның  әр  қатысушына  жұмсалатын 
сома:  
Экологиялық лагерь ұйымдастырылған жағ-
дайда  туристік  керек-жарақтармен  қамтама-
сыз етуді алдын ала ойластыру қажет. 
Отбасында  тұрған  жағдайда,  қаражат  қа-
былдаушы отбасына беріледі.  
Мектеп әкімшілігі жобаға қатысушыларды 
к‰зету,  медициналық  қызметкерлердің  болуын, 
қажет болғанда экскурссия, саяхаттардың ұйым-
дастырылуын  қамтамасыз етеді. 
№ 60МЛ  әкімшілігі  және  жоба  жетекші-
лері өз кезегінде;  
-  серіктес мектеп оқушыларымен  әкімші-
лік  бағдарламасын қабылдауы 
-  оқушыларға  арналған  жалпы  білім  беру 
пәндері бойынша  сабақтар циклін беруі;  
-  педагог  ‰шін  әдістемелік  семинарлар 
циклін ұйымдастыруды ұсынады.   

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет