Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет45/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61

 
اميلع  املعم
    -  әл-
Фараби 
білгір  ұстаз  болған; 
  ٌلجر  تنأ
لدع
ٌ
  - 
Сен 
әділ  кісісің  сөйлемдерінде  ұстаз,  әділ 
сөздері зат есіммен қиыса байланысқан. Қазақ 
тілінде  де  бір  ғана  т‰бірден,  негізгі  немесе 
туынды  т‰бірден  тұратын  сын  есімдер  дара 
сын есім деп аталады. 
Араб  тілінде  دماج - т‰бір  сөздердің  сын 
есімге  айналуы  бұл  категорияның  қиысу 
заңдылықтарына  бірқатар  өзгерістер  енгізеді. 
Ал қиыса байланысу қағидасына ةفصلا– сын 
есім жалпы есімдерге тән белгілі хал артиклін 
қабылдай  алу  ерекшеліктерімен  қатар, ‰немі 
فوصوملا - зат  есімнен  кейін  етістікше  септе-
ліп, көптелуі жатады [4, 566 .ص].  
ةفصلا - сын есім септік (атау, табыс және 
ілік септіктері); тектік (әйел немесе ер тегі); 
мөлшерін  білдіретін  т‰р  (жекеше,  екілік, 
көпше т‰р); хал (белгілі мен белгісіздік) кате-
гориялары  арқылы  зат  есімнің  синтаксистік 
белгілерімен қиыса байланысып тұруы қажет. 
Демек,  араб  тіліндегі  релятивті  сипаттағы  грам-
матикалық  категориялар  сөзөзгертім  (т‰рле-
нім) форманттарының қатысы арқылы жасалады.  
Қазақ тілінде айқындауыш анықтауыштың 
ерекше  бір  т‰рі.  Айқындауыш  айқындалатын 
сөз зат есім болса, оның қай зат, не оның қай 
бөлшегі  мен  қай  тобына,  қай  т‰ріне  жататын 
зат екенін білдіріп, сөйлемде белгілі бір м‰ше-
нің  заттық,  мекендік,  мезгілдік  т.б.  мағынасын 
басқа  сөзбен  т‰сіндіріп,  нақтылап  көрсететін 
сөз  я  сөз  тіркесі.  Айқындауыш  айқындайтын 
сөздерімен тұлғалас, қызметтес болып келеді.  
Айқындауыш  пен  анықтауыштың  ұқсас 
жерлері мен айырмашылығы төмендегідей: 
1)  анықтауыш өзі анықтайтын сөзінің ал-
дында келсе, айқындауыш соңынан келеді; 
2)  анықтауыш  сөйлемнің  тұрлаусыз  м‰-
шесі  қызметін  атқарса,  айқындауыш  өзі  ай-
қындайтын м‰шемен тұлғалас келіп, сол м‰ше 
тәрізді қызмет атқарады; 
3)  анықтауыш  өзі  анықтайтын  сөзімен 
синтаксистік  қатынастағы  тіркес  құраса,  ай-
қындауыш  өзі  анықтайтын  сөзімен  тіркес  құ-
рамай,  оны  мағыналық  жағынан  нақтылап, 
айқындайды; 
4)  анықтауыш өзі анықтайтын сөздерімен 
ұласпалы  интонацияда  айтылса,  айқындауыш 
м‰шелердің  өзіне  тән  ерекше  ‰ні,  екпіні  бо-
лып,  жазуда  тыныс  белгілері  арқылы  ажыра-
тылады. 
5)  айқындауыш  өз  ішінен  қосалқы,  қо-
сарлы  және  оңашаланған  айқындауыштар  бо-
лып  бөлінсе [5, 41 б.],  анықтауыш  та  дара, 
к‰рделі және ‰йірлі болып жіктелген.  
К‰рделі  анықтауыш  құрамындағы  сөздер 
өзара  атрибутивтік  қатынаста  келу  арқылы 
(алдыңғылары  соңғыларын  анықтап),  басқа 
зат  есімдерді  анықтайды:  қара  көк  ат,  ұзын 
бойлы  жігіт. ‡йірлі  анықтауыш  құрамын-
дағы сөздер бастауыш – баяндауыш ыңғайын-
дағы предикаттық қатынаста тұрып, басқа зат 
есімдерді анықтайды:  Аласы аз қара көзі нұр 
жайнайды (Абай). 
Араб тілі грамматикасында зат есім белгілі 
болса,  ةفصلا - сын  есім  оны  айқындайды. 
Мысалы, دﻩتجملا يلع ءاج - Ынталы Әли келді 
десек,  аттастардың  ішінен  кімнің  келгенін 
сыны арқылы ажыратамыз.  
 «Т‰ркі тілдері морфологиялық типология-
сы  жағынан  агглютинативті  тілдер  тобына 
жатады  және  сөздің  орын  тәртібіне  сай,  атап 
айтқанда,  әрт‰рлі  тілдердегі  сөздің  орын 
тәртібінің  типологиясы  бойынша  сөйлемдер-
дегі сөздің орын тәртібінің типі, сөйлем м‰ше-
лерінің негізгі типті құрылымы субъект-объект-
етістік (SOV) болып  саналады.  Т‰ркі  тілдері-
нің тілдік құрылымдарында, яғни грамматика-
сында артикль жоқ деп есептеледі» [6, 222 б.]. 
Ал қазақ тілінде сын есім пысықтауыш, баян-
дауыш  қызметін  атқара  алғанымен,  негізгі 
анықтауыштық  қызметінде  жұмсалғанда  тұл-
ғалық  жақтан  т‰рленбейді,  зат  есім  форма-
сымен  ‰йлеспейді  де,  қиыспайды,  тәуелден-
бейді,  көптелмейді  және  септелмейтін  сөз 
табы.  Жіңішке  ине  мен  жуан  иненің  аралы-
ғындағы 
жуантық  инені  бәсең  ине  дейді  (Ғ. 
Мұстафин).  
Грамматикада  тектің  болмауынан  т‰ркі 
тілдерінде  сын  есімді  зат  есімнен, ‰стеуден 
ажыратып  алуға  қиыншылық  келтіреді.  Мы-
салы: Осынау қызыл мал ықтауға ‰лкен пана; 
Анау 
қызыл ағаш мал ықтауға пана; деген екі 
сөйлемдегі  «қызыл»  деген  сөздердің  сыртқы 
пішіні  т‰рлес.  Екі  «қызылдың»  екеуінде  де 
тектік  (родтық)  белгі  жоқ.  Бірақ  сөз  болған 
соң  оның  өзіне  тән  мағынасы,  өзіне  тән,  бас-
қаға жат морфемалары болады. Басқа грамма-
тикалық  категориялар  сияқты  сын  есім  де 
тарихи дамып қалыптасқан категория. Ал сын 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          261 
 
есімнің зат есімді анықтауы – оның негізгі әрі 
тұрақты қасиеті.
 
Ғалым  А.Байтұрсынұлы  анықтауыш  бола-
тын  алты  сөз  табын  атап  көрсеткен  ғалым. 
Олар  сын  есім,  зат  есім  (жалқы,  жалпы),  сан 
есім  (есептік,  реттік),  есімдік,  етістік  (көбіне, 
есімше т‰рінде), ‰стеу. Ал араб тілінде  ماج مسا
 د
قتشمب  لوؤم - туындыға  айналған  т‰бір 
есімдерге  بوسنملا  مسا  [исму-л-мансу
-
б] - қа-
тыстық  (меншіктік,  тек)  сын  есім,  ددعلا  مسا    - 
сан есім, ةراشإلا مسا - сілтеу есімдігі, ﻩيبشتلا 
- теңеу, لوصوملا مسا - қатыстық есімдігі және 
т.б.  категориялар  жатады.  بوسنملا  مسا - 
қатыстық  сын  есім  ءاي  қатыстық  жалғауымен 
жасалады. 
الجر تيأر
 
ايقشمد
قشمد ىلإ ابوسنم :
 
-  Шамдық  кісіні  көрдім  сөйлеміндегі  кісі 
сипаты  Шам  қаласына  қатысты  айтылып  тұр. 
رأ لاجر ءاج
ةعب
  - 
төрт   кісі  келді  сөйлеміндегі 
ددعلا  مسا - сан  есім  сияқты  қазақ  тілінде  де 
Төрткіл  д‰ниені  т‰гел  аралады  деген  анық-
тауыштық  сөйлемдер  сияқты қазақ  тілінде  де 
синтетикалық тәсілімен жасалған туынды сын 
есімдер  белгілі  бір  сөз  таптарына  жұрнақтар 
қосылуы арқылы жасалады. 
ايلع مركأ
 
ذﻩ
ا
 - 
Осы 
Әлиді  құрметтеймін; 
осы  тәртіп  өзгеріссіз 
орындалды;  Оспан 
мынау  қимылға  тіптен 
с‰йсініп  кетті; 
اعاجش  :وأ  ؛ادسأ  الجر  تيأر
  -
 
Арыстандай кісіні көрдім, яғни батыр; 
 نالف
لاتحم  :يأ  ؛بلعث  لجر
  -  пәленше  кісі 
т‰лкідей
яғни  қу;  ةفصلا - сын  есім  сұрау  есімдігі 
астарында  да  келеді. 
ام  الجر  مركأ
  -
  қандай  да 
кісіні құрметтеймін сөйлемінде сипатталушы 
кісінің  сыны  белгісіздікпен  келіп,  мұндағы 
ةفصلا - сын  есім  осы  белгісіздікпен  қызық-
тыру  немесе  қорқыту  мағынасын  мақсат  ет-
кенде қолданылады. Ал жалпылау есімдері لك 
- к‰ллі зат есім сипатының толықтануын талап 
ететін  сөз  ретінде  келгенде  қолданылады [4, 
561-562 .ص].
  يف  لماكلا  ،لجرلا  لك  لجر  تنأ
 ةيلجرلا
 - Сен ердің 
ерісің. «ديكوت - нақтылау 
мәнінде: 
ُدوعي  ال  ُربادلا  سمَأ
  
кешегі  өткен 
к‰н қайта оралмайды». «Қазіргі қазақ тілінде 
ж‰йріктің  ж‰йрігі,  ердің  ері,  к‰штінің  к‰ш-
тісі  дегендегі  бір  сөздің  қайталанып,  өзара 
матаса  байланысуындағы  ж‰йрік,  ер,  к‰шті 
сөздерінің  ілік  жалғауда  бағыныңқы  сыңарда 
жасалуы  сөздердің  қайталануы  арқылы  құ-
ралған  анықтауыштық  қатынастағы  сөз  тір-
кестер» [7, 45-46 бб.].  Ал  әрт‰рлі  сөз  тапта-
рынан  жасалатын  анықтауыштар  (сын  есім 
сияқты)  мағыналық  жағынан  сапалық  анық-
тауыш, меншікті  анықтауыш болып  екі  топқа 
бөлінеді.  Қабыса  байланысатын  сапалық 
анықтауыштарға  сын  есім,  сан  есім,  сілтеу 
есімдік,  есімше,  атау  тұлғалы  зат  есімдерден 
болған  анықтауыштар  жатады.  Матаса  байла-
нысқан меншікті анықтауышқа ілік жалғауын-
да айтылған анықтауыштар жатады.  
Араб  тілінде  анықтауыш  сөйлемдер  есім 
немесе  етістік  сөйлемнен  тұрса,  ةلمجلا  ﻩبش - 
сөйлемшелер  فرظ - ‰стеу  немесе  رورجمو  راج - 
ілік септігіндегі сөзден жасалады. Дара анық-
тауышқа қарама-қарсы есім яки етістік сөйлем-
нен құралған сөйлем анықтауыш сөйлем болады.  
Анықтауыш  сөйлемдер  белгілі  анықталу-
шының  анықтауышы  болмайды,  керісінше, 
белгісізге анықтауыш болып келеді. Егер сөй-
лем  белгілі  сөзден  кейін  келсе,  ол  пысық-
тауышқа  айналады. «Анықтауыш есім  немесе 
етістікті  сөйлемнен  жасалып,  анықталушы 
белгісіз  к‰йде  тұрса,  сөйлем  анықталушының 
анықтауышы  болып  табылады.  Ал  керісінше, 
сөйлем  есімді  немесе  етістікті  болып  тұрып, 
бірақ сипатталушы белгілі болып келсе, ол لاح 
- пысықтауыш болғаны» [8, 578 .ص].  
Мысалы: 
 
،ًاباَتِك  ُلمحَي    ٌلجر  َءاج
-  кітап 
көтерген кісі келді (етістікті анықтауыш). 
 َءاج
ٌلجر
 
ميرك  ُﻩوبأ
ٌ
  
Әкесі  жомарт  кісі  келді 
(есімді  анықтауыш).  Анықталушы  мен  анық-
тауыш  матаса  байланысса  يبابس - себептік 
анықтауыш  болады.  Ал 
ٌلجر  وﻩ
 
ٌنسح
 
ُﻩُقُلُخ
  - 
ол  кісінің  мінезі
  жақсы  сөйлемінде 
ٌنسح
  
жақсы сөзі мінездің сипатын анықтап келген. 
Себептік анықтауыш анықталушымен синтак-
систік  белгілер  арқылы  байланысқан  сынды 
баяндайды. К‰рделі сөздер дара сөзге қарама-
қарсы  құрамда.  Екі  тілде  де  жалаң  т‰бір  мен 
т‰бірге  жұрнақ  жалғану  арқылы  жасалған 
туындылар  дара  сын-сипатқа  жатады.  Қазақ 
тілінде  т‰бірлердің  бірігуінен  біріккен;  тір-
кесуінен құрама; қосарлануынан жасалған қос 
сөздердің бәрі к‰рделі сын есім.  
Сонымен,  туыстығы  алшақ  араб  және 
қазақ  тілдерінде  сын  есім  сөйлемдегі  көрікті 
ойды  білдіру  ‰шін  жұмсалып,  негізінен  зат 
есімдермен  тіркесіп,  анықтауыштық  қаты-
наста жұмсалуға тиісті болған грамматикалық 
категория.  Анықтауыш  пен  анықталушы  не-
месе сын есім мен зат есім  арасындағы өзара 
байланыс  әр  тілдің  өзіндік  грамматикалық 
ерекшелігін көрсетеді. Алайда, араб тілі грам-
матикасында  сын  есім  анықтауыш  ретінде 
синтаксисте,  ал  оның  құрамына  жататын  ка-
тегориялар  морфологияда  сөзжасамдық  тұр-

262                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ғыдан  жеке-жеке  сөз  таптар  болып  зертте-
луімен ерекшеленеді.  
_____________ 
1.  Хасенов  Ә.  Тіл  біліміне  кіріспе. – Алматы:  Рауан, 
1990. – 181 б. 
2.
 
لل  ةيلالدلا  فئاظولا  ،ريعش  قزر  دمحم
  ،ةيبرعلا  ةلمج
 ةبتكم  ،قيبطتلاو  ةيرظنلا  نيب  يوحنلا  لمعلا  تاقالعل  ةسارد
 ص ،ةرﻩاقلا ،بادﺁلا
304
 ،
1428
 
 ـﻩ
-
 
2007
 

 
3.  Балақаев  М.  Қазіргі  қазақ  тілі:  Сөз  тіркесі  мен  жай 
сөйлем синтаксисі. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 248 б. 
4.
 
رعلا  سوردلا  عماج  ،ينييالغلا  ىفطصم
  ءزجلا  ،ةيب
  ،ثلاثلا  و  ىناثلا
646
 
اديص  ،ص
-
ةيرصعلا  ةبتكم  ،توريب
 
 
1423
 ـﻩ

 
2003
م
 
5.  Жұбаева  О. Қазақстанда  және  Қытайда  жарық  көр-
ген  қазақ  грамматикаларының  лингвистикалық  сипаты // 
Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы: Кие, 
2007.– Б. 7-54. 
6.  Сарсембаева  Н.А.  Артикльді  және  артикльсіз  тіл-
дердегі  белгілілік/белгісіздік  категориясы. – Алматы: 
Арыс, 2006. – 288 б. 
7.  Балқыбекова  Ы.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  бір  сөздің 
қайталануы  арқылы  жасалған  сөз  байланыстары:  фил.ғыл. 
канд. ... дисс.: 10.02.02. – Алматы, 1998. – 148 б. 
8.
 
 بتك نع بيبللا ينغم ،يراصنألا ماشﻩ نبا نيدلا لامج
 ،ىلوألا ةعبطلا ،ركفلا راد ،ﻩللا دمح يلع دمحم قيقحت ،بيراعألا
1412
 
 ـﻩ

 
1992
 
 .م
1016
 
ص
 
  
Кулмамырова Ж.К. 
Синтаксические особенности определении в арабском и казахском языках 
В статье были рассмотрены синтаксические особенности определении в арабском и казахском языках 
 
Kulmamyrova J.C. 
Syntactic features of the definitions in the Arab and Kazakh 
Article considers syntactic feature of definition in the Arab and Kazakh 
 
 
 
 
Ж. Құзар, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты
 
 
«АҚ  ЖӘНЕ ҚАРА» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ 
ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ 
 
 
ХХ  ғасыр  лингвистикасында  тілді  қарым-
қатынас пен таным құралы ретінде ғана емес, 
ұлттық  мәдени  код  ретінде  қарас-тыру  қар-
қынды бағытта дамып келеді. 
Тіл - антропоцетристік  құбылыс.  Ол  адам 
‰шін  қызмет  етеді.  Бұл  барлық  тілдерге  тән 
ерекшелік. Сондықтан да болар, қазіргі заман 
лингвистикасында структурацентристік сипат-
тағы  зерттеулерден  гөрі,  антропоцентристік 
бағыттағы  ізденістер  қатары  ‰здіксіз  жал-
ғасуда. 
Тілді  антропоцентристік  тұрғыда  зерттеу 
мына  төмендегі  бағыттармен  ерекшелінеді. 
Олар: «тіл  және  адамның  рухани  белсенді-
лігі», «тіл және ойлау», «тіл және адам физио-
логиясы», «тіл  және  психология», «тіл  және 
таным», «тіл  және  қоғам», «тіл  және  мәде-
ниет», «тіл және этнос». 
Әр  ұлттың  өзіндік  ойлау  ж‰йесі,  д‰ниені 
бейнелеу тәсілдері бар. Ол ғасырлар бойы қа-
лыптасқан ұлттық мәдениеттің, философиясы- 
ның  негізін  құрайды.  Қазіргі  ғылымында  
«концепт» терминінің қарастырылуы лингвис-
тика  мен  философияның  өзара  әсерінің  к‰-
шеюіне  байланысты.  Материалдық  және  ру-
хани  мәдениет  дамыған  сайын  ұлттық  ойлау  
 
 
да дамиды. Жалпы  «концепт» термині когни-
тивтік  лингвистика  ғылымының  қажеттілігі-
нен  туындай  отырып,  лингвистикалық  ақпа- 
ратты  психологиялық,  адамның  таным  әреке-
тімен ұштастырады. Логика ғылымында «кон-
цепт»  термині  мен  «ұғым»  термині  бара-бар 
терминдер  ретінде  қарастырылады.  Демек, 
концепт  ұғымдық  ақпараттан  басқа  психоло-
гиялық,  этимологиялық,  прагматикалық,  мә-
дени  ақпараттарды  да  білдіреді.  Лингвомә-
дениет  тануда  концепт  жалпы  белгілі  бір 
этнос  мәдениеттің  басты  элементі,  адамның 
менталды  әлемнің  басты  ұяшығы  деп  та-
нылады. 
Тіл  білімінде  концепт  термині  алғаш  рет 
ХХ ғасырдың 20-30- жылдары қоршаған орта 
құбылыстарын  тіл  әлемінде  бейнелеу  мәсе-
лесін зерттеуге байланысты пайда болды.  
Орыс  лингивст  ғалымы  В.В.  Колесов 
«концепт культуры образ - понятие - символ» 
мақаласында  С.А.  Аскольдов - Алексеевтың 
концепт  жайлы  ойлары  мен  сөздері  Г.  Шпеп-
тің «загругленные обьемы смысла», А. Лосев-
тің  «принципиальное  значение»  жайлы  ілімі-
не,  С.  Франктың  уақыттан  тыс  мазмұн  идея-
сына  жақын  келетіндігін,  А.А  Потебняның 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          263 
 
сөздің  ішкі  формасы  жайлы  ойларын  еске 
салатындығын  айтады.  В.В.  Колесов  концепт 
ұғымын  қазіргі  зерттеу  жұмыстарында  кезде-
сетін  мәдени  концепт  ұғымымен  байланыс-
тыра  келіп,  концепт-сөздің  мағыналық  толы-
ғуының  негізгі  н‰ктесі,  әрі  мағыналық  даму-
дың  ең  соңғы  шегі,  яғни,  мәдениеттегі  маз-
мұндық  қатары  молайған  ұғым  концепт  бола 
алады, деген анықтама береді [1,68]. 
Аталған  терминнің  ғылымға  беку  кезеңі 
осы  қолданудағы  ерітілікпен,  мағынасы  мен 
формасы  бойынша  жақын  терминдермен  ұқ-
састықтарына  байланысты  болды.  Осыған 
байланысты  концепт  терминіне  берілген  анық-
таманы нақтылау туралы мәселе пайда болады. 
‡лкен  энциклопедиялық  сөздікте  концептіге 
мынадай  анықтама  береді: «концепт  латын 
тілінен ой, т‰сінік атауының мағынаның мәні, 
яғни  ұғымның  мазмұны,  осы  атаудағы  зат 
мысалы, ай атауының мағыналық мәні жердің 
табиғи  серігі». «‡лкен  ағылшын-орыс  сөзді-
гінде»  концепт  сөзі  «ұғым,  идея»  сонымен 
қатар, «жалпы  т‰сінік»  деген  ұғым  екендігі 
айтылады [2, 670]. 
В.С.  Кубрякованың  «Когнитивтік  атаулар 
сөздігінде»  берілген анықтамаға с‰йенер бол-
сақ, «концепт лингвокогнитивтік құбылыс ре-
тінде  біздің  санамыздың  менталды  және  пси-
хикалық ресурстарының және адамның білімі 
мен  тәжірибесінің  көрсеткіші  болып  табыла-
тын ақпараттық құрылымның единицасы; адам-
ның санасында, психикалық ж‰йесінде қалып-
тасқан  д‰ние  бейнесінің  мазмұндық  бірлігі» 
[3,6].  
Тіл  біліміндегі  тың  да,  өзекті  мәселелері-
нің  бірі  концепт  туралы  ғалымдардың  тұжы-
рымдарынан  олардың  әрқайсысының  кон-
цептке  қатысты  белгіні,  ерекшелікті  анық-
тағаны, кейбірінің ой т‰йінің сабақтастығы, ал 
жалпы  тұтастай  алғанда,  концепт  табиғаты-
ның сәл де болса айқындалғанын байқаймыз.    
Концептілік  ж‰йе  тіл  арқылы  берілетін 
белгілі бір кезеңдегі д‰ниетаным нәтижелерін 
тіркейтін,  жеке  тұлға  тарапынан  емес,  б‰кіл 
ұжым  тарапынан  жасалатын  құрылым.  Лин-
гвистикалық талдау жасалған концептілік ж‰йе 
яғни, концептілер жиынтығы бірте теориялық 
құрылым, бірте д‰ниетанымдағы субъективтік 
тәжірибенің нәтижесі ретінде беріледі. Объек-
тінің концептілік моделі оның белгілер жиын-
тығын  көрсетуімен  шектеліп  қана  қоймай, 
сонымен  қатар,  қосымша  жағдайлар  уақыт, 
идеология,  мәдениет  т.б.  дамуымен  бірге  қа-
растырылады. 
Концептілік  зерттеу  белгілі  бір  этностың 
лексикасы  мен  фразеологизмдерінде  сақтал-
ған  д‰ниенің  мәдени  ұлттық  бейнесін  «сом-
дауға»  м‰мкіндік  береді.  Әрбір  этнос  қорша-
ған  әлемді  өзінше  таниды,  яғни  өзіндік  «д‰-
ниенің тілдік бейнесін» жасайды.  
Ғалым  Н.Д.  Арутюнованың  ойынша,  мә-
дени  концепт  философиялық,  этикалық  тұр-
ғыдан  өзара  ұқсас  терминдер.  Бұл  сөдер  таң-
балайтын  ұғымдарды  философиялық,  этика-
лық  ғылыми  зерттеулер  қарастырады.  Деген-
мен,  ол  сөздер  кез  келген  тілдің  жиі  қолда-
ныстағы бірліктер қорына кіреді, яғни, сол тіл 
өкілінің әрқайсысына т‰сінікті мағынада қол-
данылады [4, 89].    
Бұл мәселе жөнінде, В.А. Маслова мәдени 
ақпарат тілдің номинативті бірліктері арқылы 
төрт  тәсілмен: «мәдени  семалар», «мәдени 
ая», «мәдени  концептілір», «мәдени  коннота-
циясымен»  берілетіндігін  және  мәдени  кон-
цептінің  негізі  тек  жеке  тілідк  тұлға  емес, 
сонымен  қатар,  лингвомәдени  таным  тұрғы-
сынан жалпы қоғамдағы әлем бейнесінің өзегі 
болып табылатын тұрмыстық мағыналы тілдік 
бірліктер екендігін айтады [5, 205]. 
Т‰с  табиғаты  универсалды,  барлық  адам-
затқа  ортақ  бояу  реңкті  т‰рлі  халықтардың 
көріп,  қабылдауы  бірдей.  Т‰с  ең  алдымен 
көру  арқылы  алынатын  ақпарат.  Алынған  кез 
келген білім тілдік рәсімдеуді қажет етеді. Тек 
тіл  ғана  біздің  интеллектіміздің  қызмет  етуін 
қамтамассыз ететін таңбалық ж‰йе. 
Т‰р-т‰с  тілдік  таңбаға  ие  болғанда  әр 
халықта әр т‰рлі де, бірдей, не ұқсас та болуы 
м‰мкін.  Оның  әр  т‰рлі  атауға  ие  болу  сол 
этникалық  топтың  өзіндік  ерекшелігіне, 
д‰ниені  танудағы  тілдің  ұйымдастырушылық 
қабілетіне  байланысты.  Бұған  өмір  с‰ру 
ортасы құбылыстары, сол ортада адам танымы 
мен  тілдің  өзінің  т‰рлі  ішкі,  сыртқы  фактор-
лар негізінде диалектикалық дамуы әсер етеді. 
Басқа жағынан алғанда, көзге бірдей көрінетін 
объетивтілік  құбылыс  т‰с,  жарық  субъектив-
тілік,  этникалық  қабылдауда  ерекшелікке  ие 
болуы  м‰мкін.  Қабылдаудағы  айырмашылық 
пен  әр  тілде  тілдік  құралдар  арқылы  әлемді 
концептуалдау  тұжырымдау,  тіпті  өзара  туыс 
этникалық топ арасында салыстырмалы т‰рде 
әр деңгейде болуы да ғажап емес. 
 Ал  т‰р-т‰стің  әр  т‰рлі  халықтар  тілінде 
таңбалануының  бірдейлігі,  жақындығы  мен 

264                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ұқсастығы  олардың  логикалық  құрылымда-
рындағы  мазмұн  ұқсастығынан  хабар  етеді. 
Мұндай  жағдайда  типтік  элементтерді  салыс-
тырудың,  оның  ортақ  немесе  ішінара  ортақ 
уәждемесін табудың когнитивтік зерттеу ‰шін 
маңызы зор. Т‰р-т‰с ұғымының әр халықтағы 
айырмашылықтарын  негіздеу  субъектінің  эт-
ностың  менталды  қасиеттерін,  ұлттық  сипа-
тын  саралауға,  индивидуалды  болмысын  та-
нытуға  септігін  тигізсе,  ұқсастықтары  мен 
теңдігін  табу  жалпы  тілдерге  ортақ  тілдік 
универсалийлерді,  т‰стік  архетиптерді  табуға 
көмектеседі.  
 Концепт этностың рухани өмірінің ұжым-
дық қазынасы және ол әрқашан мәдени реңк-
те  болады,  сондықтан  да  ол  ұлттық  ерекше 
д‰ниетанымды  т‰сінуде  басты  компонент  бо-
лып  саналады.  Концепт  этномәдени  санада 
сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақпан ұрпақ-
қа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шын-
дық  болмыс,  ұлттық  мәдени  құндылықтары 
жөніндегі  сан  ғасырлық  т‰сінігн  білдіретін 
құрылым.  Мәдениетті,  атап  айтқанда,  рухани 
мәдениетті  жан-жақты  әрі  терең  зерттеу  тіл-
дегі  сөздің  ауқымды  тобын  концептіге  жік-
теуге м‰мкіндік береді.  
Қазақ  тіл  білімінде  «концепт»  теориясы 
лингвистикалық  сипатта  нақты,  жан-жақты 
бір  тілдің  материалдары  негізінде  де,  туыс 
немесе  туыстығы  жоқ  әр  т‰рлі  тілдер  мате-
риалдары  негізінде  салыстыра  салғастыра 
зерттеле  бастады.  Оның  кейбір  белгілері  мен 
ойт‰рткі болар нышандары: Н. Уәлиев, С. Сә-
тенова,  Ғ.  Смағұлова,  Қ.  Жаманбаева,  С.  Жа-
пақов,  Ж.  Ұматова  сияқты  ғылыми  зерттеу 
еңбектерінде байқалады. 
А.  Ислам  өз  зерттеуінде  мәдени  концепті-
лердің  ұлттық  ‰лгілеріне  тән  ортақ  және 
ерекше  белгілердің  ішкі  лингвомәдени  мәнін 
ашу ‰шін олардың тілдік көрінісін, белгілі бір 
ұғымды білдіретін сөздің этимологиясын, тір-
кесу  жақтарын  айқындау  қажеттігіне  ерекше 
көңіл  бөлген.  Автордың  пікірінше,  осындай 
кешенді    сараптама  ғана  өмірлік  мәні  бар  д‰-
ниетанымдық  концептілерді  шынайы  мәнін 
ашуға м‰мкіндік береді [6,25]. 
Қазақ тіліндегі т‰р-т‰с лексикасы «табыс», 
«тағдыр» концептілерімен тікелей байланыста 
алынып қазақ д‰ниетанымдағы ақ, т‰с арқылы 
өмірдегі сәтті сәтсіз тұстарды дейнелей алады: 
ақ жол, аққа құдай жақ, ақ өлім, т.б.        
 «Ақ»  қараға  қарама - қарсы  т‰с.  Бұл  осы 
сөздің т‰стік, реңктік мағынасы. Мысалы: «Ақ 
серке қой бастайды, ақын жігіт той бастайды» 
деген  мақалдағы,  сондай  ақ  «ақ  жаулығы 
ананың, ақ көрпесі баланың» деген мақалдағы 
ақ  атауы  өзінің  негізгі  т‰стік  мағынасын 
аңғартып тұр. Бірақ бұдан барлық жағдайда ақ 
атауы  тек  ақ  т‰сті  ғана  білдіруге  тиіс  деген 
ұғым  тұрмау  керек.  Ақ  атауының  ақ  т‰ске 
қатысы  бола  тұрса  да,  оған  алшақтап  кеткен, 
тіпті  логика - семантикалақ  байланысын,  қа-
тыстығын м‰лдем ‰зген ауыс мағыналары мен 
символикалық  мәндегі  қолданыстары  жиі 
кездеседі.  
Қазақ  тіліндегі  «ақ»  т‰стің  ұлттық  д‰ние-
танымдағы  алатын  орны,  оның  символдық 
мәні  ерекше.  Қазақ  халқында  ақ  пәктік  пен 
адалдықтың  нышаны,  қуаныш  пен  жақсы-
лықтың  белгісі,  махаббат, ‰міт,  қайырымды-
лық деген ізгі сезімдердің символы. 
 «Ақ» т‰стің қазақ тіліндегі ізгі тілек, жақ-
сылық,  бақыт  мағынасы.  Қазақ  халқы  ізгі 
ниет, жақсы тілек, пәк сезім, адал көңіл тәріз-
дес  жан  д‰ние  құбылыстарына  ақ  көңіл,  ақ 
тілеу,  ақ  пейіл,  ақ  жарқын  деп  ат  қойып,  бұ-
ларды  «ақ»  т‰сінің  көмегімен  ардақтап  аялап 
келген.  Қазақ  д‰ниетанымының  осы  логика-
лық  пішіні,  қазақ  көркем  ойлауының  осы 
эстетикалық  талғамы,  тілде  көрініс  тапқан 
осы  лингвистикалық  заңдылық  қазақ  тілінің 
қатпарларының  бәрінен  кеңінен  орын  алған. 
Қазақ тілінде тазалық, пәктік, к‰нәсіздік, мөл-
дірлік,  шынайылық,  жақсылық,  мейірімділік 
секілді дерексіз ұғымдар «ақ» т‰стен ассоция-
ланып, қазақ д‰ниетанымның ұлттық ерешелі-
гін  көрсетеді.  Өйткені,  ақ  т‰с  қазақ  ‰шін  ең 
қаситті т‰с. 
Қазақ  д‰ниетанымында  «ақ»  т‰с  жақсы-
лықтың,  өмірдің  нышанын  аңғартып,  қазақ 
халқының  ұлттық  тілдік  қолданысында  жа-
ғымды ұғым т‰сінік қалыптастырылған. Жал-
пы ақ т‰стің қазақтар ‰шін символы ақ тілеу-
ді,  жақсылықты,  ақ  ниетті,  тазалықты,  пәк-
тілікті білдірген. Мысалы: ақ бесік, ақ бөпе, ақ 
босаға, ақ отау, ақ орда, ақ неке: Жеті айлық 
бала,  біреу  тәйт  десе  де  т‰се  қалады.  Қазір 
нағыз  шепік  кезе...  ақ  ауыз  шағы  ғой.  ақ-  ақ 
ж‰рек, ақ ауыз, ақ көз, ақ саусақ, ақ сақал, ақ 
табан, ақ бас, ақ тамақ, ақ білек, ақ дидар, ақ 
ж‰з, ақ иық, ақ көкiрек [7,30]; 
Әрине,  әр  халықтың  д‰ние  танымында, 
символдық ж‰йесінде ақ тазалық пен пәктікті 
білдіреді.  Бұған  дәлел  ағылшын  тілінің  фра-
зеологиялық  тіркесін  қарастырсақ:  «white lie» 
яғни  сөзбе  сөз  аударсақ,  ақ  өтірік,  біреудің 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          265 
 
көңілін  ауыртпау  ‰шін  айтылатын  өтірік. 
«white day»  сөзбе  сөз  ақ  к‰н,  бақытты  к‰н, 
«white than white»  ақтан  да  аппақ  деген  «к‰-
нәсіз  пәк»  яғни  қазақ  тіліндегі  судан  тұнық, 
с‰ттен  ақ  тіркесіне  баламалас  келеді.  Ал 
«white hands» деген  тіркесінде  ақ  ж‰рек  де-
генді білдіреді. 
Табиғат  құбылыстарында  ақ  т‰ске  байла-
нысты тіркестер де кездесіп жатады. Мысалы: 
«Ақ жауын, ақ боран, ақ қар, ақ с‰т тұмар», 
ағылшын  тілінде  де  сондай  баламалар  бар. 
Олар:  white frost ақ  қырау  болса, white squall 
бұлтсыз дауыл дегенді білдіреді.   
Қара  бұл  т‰стің  анықтамасы  т‰сіндірме 
сөздіктерде  «ақтың  қарама  қарсы  т‰с».  Қара 
т‰с  қазақтың  ұғымында  арамдық  пен  жаман 
ниетті  т.б.  көрсетеді.  «Ақ  дегені  алғыс,  қара 
дегені қарғыс» тіркесіндегі «ақ айыпсыз, к‰нә-
сіз», «қара  айыпты,  к‰нәлі»  деген  мағынада. 
Мысалы:  «Аузынан  ақ  ит  кіріп,  қара  ит 
шығу».  Қара - қара  бет,  қара  ж‰рек,  қара 
қыз,  қара табан,  қара борбай, қара  сан,  қара 
қарын, қара өзек, қара бауыр, қара құлақ, қара 
тiл, қара сирақ, қара тақым, қара сiңiр, қара 
сақал 
Қорытындылай  келгенде,  т‰р  т‰с  концеп-
тісіне  байланысты  символдар  мен  халықтың 
салт дәст‰рі, әдет ғұрпы, наным сенімі рухани 
мәдениеттің  негізі.  Бұлардың  әрқайсысы  фи-
лософиялық  тұрғыда  әр  халықтың  өмір  сал-
тының  қоршаған  орта  мен  д‰ниені  танудағы 
алғышарттарының  негізгі  тұтастығына  ай-
налды.  Бұлар  белгілі  бір  ж‰йені  құрай  оты-
рып, осы ж‰йе арқылы белгілі бір ой, сезім, іс  
әрекеттен  көрініс  тауып,  дәст‰рдің,  тұрмыс 
салттың  мақсаты  мен  мәнін  айқындайды.  Тіл 
тек  ойды  білдірудің  немесе  оның  тікелей  кө-
рінісі ғана емес, ең әуелі сол ойды әр ұлттың 
өзіндік танымына ғана тән, мыңдаған жылдар 
бойына  дарытқан  этнопсихологиялық,  д‰ние-
танымдық негізде құрап беруші құрал болған- 
дықтан,  ғаламды  тану  тілді  терең  құрылым-
дарынан  зерттеуден  бастау  алады.  Яғни  мә-
дени  рухани  әлемнің  ең  ежелгі  ‰лгісі  ретінде 
мифтік  сана,  мифтік  танымның  бізге  жеткен 
материалдары д‰ние, әлем, жаратылыс жөнін-
де хабар береді, ал сол мәлімет символ ретінде 
халықтың ұғым т‰сінігінен көрініс тапқан. 
Қазақ  және  ағылшын  тілдеріндегі  т‰р-
т‰стердің  ұқсамаған  мәдениетте  жалпылық, 
ортақтық  қасиеттерімен  қатар,  жеке  тілдерге 
тән  ерекшеліктерін  байқаймыз,  әрі  бұл  сол 
ұлттың тілінде, фразеологиялық қорында бей-
неленіп ұлттық мәдениеттің терең қатпарынан 
сыр  шертетіндігін  көре  аламыз.  Сонымен  қа-
тар,  әр  бір  ұлттың  тілінің  қалыптасуына,  сол 
халықтың  басып  өткен  ұзақ  тарихы  мен  ұлт-
тық  дәст‰рі,  салт-сана,  әдет-ғұрпы  негізгі  се-
беп бола алады. 
_______________ 
1. Колесов  В.В.  Концепт  культуры:  образ-понятие-
символ // Вестник  С-Петербургского  ун-та.Серия 2, Лите-
ратура и язык. - 1992. - Вып. 3.- С.68-73                                                            
2. Большой  англо-русский  словарь / под.  ред.  И.Р.Галь-
перина.- М.,  1987.-С.-670 
3. Кубрякова  Е.С.  Языковое  сознание  и  языковая 
картина мира.Филология и культура. Тамбов: Изд-во ТГУ, 
1999.С-6-13 
4. Арутюнова  Н.Д.  Язык  и  мир  человека.-  М:  Языки 
русской школы, 1999.-896 
5. Маслова В.А. Введение в лингвокультурологию.-М: 
1997.-205 
6. И.  Айбарша  «Ұлттық  мәдениет  контексіндегі  
д‰ниенің  тілдік  суреті» (салыстырмалы-салғастырмалы  
лингво-мәдени  сараптама) // Филология  ғылыми  дәреж. 
алу  ‰шін  дайын.  диссертация  автореферат. - Алматы,  
2004 
7. Қазақ  тілінің  т‰сіндірме  сөздігі.  Т.Жанұзақов.-Ал-
маты: Дайк-Пресс, 2008-29-30 бет. 
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет