Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет44/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61

С. А. Камаева 
Влияние личности на изучение государственного языка 
 
Данная  статья  посвящена  проблеме  изучения  казахского  языка  в  русской  аудитории.  Автор  считает,  что 
использование  поэтических  текстов  на  занятиях  формирует  эстетическую  и  коммуникативную  компетенции. 
Обучение  государственному  языку  требует  применения  инновационных  технологии  для  эффективного  его 
усвоения. 
 
S.A. Kamaeva 
The influence of individual to the study of the state language 
 
The given article is written about problem of studying Kazakh language for a Russian group. The author considers 
reading poetical texts as the proper way to form aesthetic, communicative competences. Teaching national language needs 
using new innovations and techniques for the effective learning. 
 
 
 
 
А. Ж. Құрманаева, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті 
«Қазақ филологиясы» кафедрасының магистранты 
 
ІСҚАҒАЗДАР ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН НЕГІЗГІ Т‡РЛЕРІ 
 
                                                         
Кеңселік  ісқағаздар  тілінің  ерекшеліктері 
мәселесін  талдамас  бұрын,  ең  алдымен  оның 
тілдік  тұрғыдан  басты  деңгейі  мен  ж‰йесін 
нақтылап алған жөн. Бұл ретте, аталған тілдік 
мәселелерге  қатысты  жиі  қолданылатын  тер-
мин – ресми-іскерлік стиль деп аталады. Рес-
ми-іскерлік  стиль  деп  ресми  қатынастар,  бас-
қару мен құқықтық қарым-қатынастар салала-
рында  қолданылатын  сөйлеудің  тілдесім  ор-
тасы,  тілдің  функционалды  стилі  аталады. 
Аталмыш салаға халықаралық қатынастар, заң- 
намалық құжаттамалар, экономика; әскери са-
лаға қатысты құжаттар, жарнама, ресми меке-
мелердегі тілдесім, ‰кімет қызметіне қатысты 
құжаттар және т.б. жатқызылады. 
Оның  негізгі  кішірігім  стильдеріне  мына-
лардың қатысы бар: 
-  заңнамалық  (мемлекеттің  басқару  сала-
сында қолданылады); 
-  әкімшілік-кеңселік  (мекеме  құжаттары 
мен жеке іс қағаздарының ж‰ргізілуі;  
- дипломатиялық (‰кімет пен дипломаттар 
арасындағы 
қатынастардың 
халықаралық 
деңгейдегі сипаты).  
Тіл  білімі  терминдерінің  т‰сіндірме  сөзді-
гінде оған төмендегідей анықтама келтірілген: 
«Ресми тіл (лат. officialis) (лауазымды) – бел-
гілі бір территорияда мемлекеттік заңдар, қау-
лы-қаралар  мен  іс-қағаздарында  қолданыла- 
тын  құқықтық  мәртебесі  бар  тіл.  Ресми  тіл 
мәселесінің  шешілуі  барлық  елдерде  бірдей 
емес.  Көп  ұлтты  мемлекеттердің  (Индия,  Ка- 
 
нада,  Швейцария  т.б.)  конституцияларында 
қай  тілге  ресми  тіл  мәртебесі  берілетіні  көр-
сетіліп отырады. Кейбір мемлекеттерде (Азия, 
Африка  елдерінде)  жергілікті  ұлттық  тілмен 
қатар бұрынғы метрополия тілдері (ағылшын, 
француз,  испан  т.б.)  ресми  тіл  болып  қабыл-
данған.  Кейбір  мемлекеттерде  (Ресейде  т.б.) 
Ресми  тіл  мен  мемлекеттік  тіл  ұғымдары  бір-
бірімен  сәйкес  келіп,  ауысып  қолданыла  бе-
реді. Бірақ оларды бірдей деп қарауға болмай-
ды.  Мемлекеттік  тіл – қоғамдық,  саяси,  эко-
номикалық, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. сала-
ларда  кең  қолданылатын  тіл.  Ал  ресми  тіл 
қолданылу  аясы  негізінен  ресми  қатынастар 
шегінен  аспайды.  Қазақстан  Республикасы 
Конституциясында  қазақ  тілі – мемлекеттік 
тіл, орыс тілі де – ресми қызмет атқаратын тіл 
болып  қабылданған. 1997 ж. 11 шілдедегі 
«Қазақстан  Республикасындағы  тілдер  ту-
ралы»  Заңның 5-бабында  мемлекеттік  ұйым-
дар  мен  өзін-өзі  басқаратын  жергілікті  орган-
дарда қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми қол-
данылатыны  айтылған.  Қазақстанда  құжаттар 
қазақ  тілінде  де,  орыс  тілінде  де  ж‰ргізіледі» 
[1, 263-264 бб.].  
Ал  «ресми-іскерлік  стилі»  термині  «функ-
ционалдық  стильдер»  қатарында  қарастыры-
лып, оған мынадай анықтама берілген: «Функ-
ционалдық  стильдер – белгілі  бір  елеулі 
әлеуметтік  салада  адамдардың  қоғамдық-

256                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
сөйлеу  тәжірибесі  нәтижесінде  қалыптасқан 
әдеби  тілдің  т‰рі.  Функционалдық  стильдің 
тууы  тілдің  қызметімен,  атап  айтқанда,  оның 
қарым-қатынас жасаудағы, бір нәрсе жайында 
хабарлаудағы  және  адамдардың  санасына 
ықпал етудегі қызметімен және осы қызметтің 
‰немі  кеңейіп  отыруымен  байланысты.  Бұдан 
басқа  Функционалдық  стильдің  тууына  қо-
ғамдық сана, әлеуметтік қарым-қатынас, өнді-
рістер  сияқты  тілден  тыс  факторлар  әсер 
ететін  мемлекеттік  орындарда,  ресми  не жеке 
адамдардың  сөздері  (автор  сөзі)  мен  олардың 
тыңдаушылары арасындағы қарым-қатынас та 
маңызды рөл атқарады. Функционалдық стиль 
тіл дамуының әр дәуірінде әлеуметтік, тарихи 
сипаты өзгеріп отыратын категория болып та-
былады.  Функционалдық  стиль  ауызша  және 
жазба т‰рде дамиды, оның ерекшеліктері лек-
сика, фразеология, сөзжасам, грамматика, фо-
нетика  салаларынан,  эмоционалды-экспрес-
сивті сөздерден көрінеді. 
Осы  к‰нгі  әдеби  тілдердің  көпшілігінде: 
к‰нделікті-әдеби,  публицистикалық,  ресми-
іскерлік,  өндірістік-техникалық,  көркем  әде-
биет  және  ғылыми  функционалдық  стильдер 
қалыптасқан. К‰нделікті-әдеби стиль – к‰нде-
лікті бейресми қарым-қатынаста кең қолданы-
латын  және  әдеби  тілдің  «бейтарап»  т‰рі  бо-
лып табылатын сөз қолданыс қызметін; публи-
цистикалық стиль – қоғамдық, саяси өмірмен 
байланысты  адамдардың  санасына  ықпал  ету 
мақсатындағы сөз қолданыс қызметін; ресми-
іскерлік  стиль – құжаттар  мен  экономика,  құ-
қық, дипломатия салаларындағы, мемлекеттік 
орындардағы  қарым-қатынас  қызметін;  өнді-
ріс-техникалық стиль – өндіріс, техника сала-
сындағы  сөз  қолданыс  қызметін;  көркем  әде-
биет стилі – көркем әдебиетте (проза, поэзия, 
драмматургия)  сөз  қолданыс  қызметін;  ғы-
лыми  стиль – ғылым  салаларында  сөз  қолда-
ныс қызметін атқарады ...» [1,  390-391 бб.].  
Тілдің  кітаби  стильдерінің  ішінде  ресми-
іскерлік  стиль  басқалардан  өзінің  тұрақты-
лығы  мен  тар  шеңберлі  қолданыс  ерекшелігі-
мен  сипатталады.  Әрине,  уақыт  өте  мазмұн 
сипатына  орай  ол  өзгерістерге  ұшырап  оты-
рады, алайда оның көптеген белгілері, тарихи 
тұрғыдан қалыптасқан жанрлар т‰рлері, ерек-
ше  лексикасы  мен  фразеологиясы,  синтаксис-
тік  құрылымдары,  жалпы  оның  көп  өзгеріске 
ұшырай бермейтінін айқындайды.  
Кез  келген  әдеби  тіл  дамуының  ішкі  заң-
дылықтары,  ең  алдымен  оның  мынадай  сала-
ларынан  көрініс  табады:  сөздік  қордың  толы-
ғуынан,  сөзжасам,  синтаксис  және  семантика 
салаларынан.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  әрбір 
тілдің  ұлттық  сипатта  қалыптасуы  тілдегі  өз-
герістермен  байланысты.  Бұл  саладағы  өзге-
рістер сөз мағынасының, құрылымының, қыз-
метінің  өзгеруімен  сипатталады.  Сөз  мағына-
сының  өзгеруі  мен  жаңа  сөз  орамдары,  тер-
миндердің  пайда  болу  себептерін  тіл  маман-
дары  екі  факторға  негіздеп  қарастырады:  бі-
ріншісі – экстралингвистикалық  фактор,  бұл 
фактор  қоғамда,  саяси,  мәдени  т.б.  өзгеріс-
терге байланысты жаңа атаулар мен сөздердің 
қалыптасуына  әсер  етеді.  Екінші  фактор – 
лингвистикалық деп аталады, яғни тілдегі бұ-
рыннан бар сөздер мен атаулардың уақыт өте 
мағынасы  өзгеріп  басқа  қызметке  жұмсалуы 
болып табылады. 
Белгілі бір ұлттың қоғамдық-саяси, мәдени 
өмірінде болып жатқан өзгерістердің барлығы 
ресми  тілде  де  көрініс  табады.  Тілдің  даму 
тарихын халық өмірінде болған өзгерістермен 
байланыстырып  қарау  қазіргі  тіл  білімінің 
негізгі  зерттеу  ұстанымы  болып  табылады. 
Сол  себепті  біз  ресми  тілді  қоғам  өміріндегі 
өзгерістермен  тікелей  байланыста  қарасты-
рамыз.  Өйткені  қоғам  қашан  да  қозғалысқа, 
өзгеріске,  дамуға  бейім  тұрады.  Осыған  орай 
тіл де дамиды.  
Кез  келген  тілдің  кәсіби,  ресми  тілінің 
лексикасы,  оның  даму  жолдары,  қалыптасуы 
жан-жақты  зерттеуді    талап  етеді.  Өткен  ға-
сырлардан бастап қазіргі заманға дейінгі атал-
мыш  лексикалық  топ  атаулары  қалыптасуы-
ның  ерекшеліктерін  зерттеу  тіл  дамуындағы 
сыртқы  және  ішкі  факторларының  өзара  әре-
кеттестігінің нәтижесінде туындайтын аталым 
тетігінің  жалпы  заңдылықтарын  айқындауға  
м‰мкіндік  береді.  Тіл  білімі  ғылымында  қа-
лыптасқан  көзқарас  бойынша  қай  тілдің  бол-
сын  лексикасының дамуы сыртқы факторлар-
дың  әрекеттерімен  бірге  тілдің  ішкі  ‰рдісте-
рімен анықталады. Бұл ‰рдістер тілдің дамуы-
ның  екі  қырын  сипаттайды:  бір  жағынан,  тұ-
рақтылық ‰рдісі, екінші жағынан, экспрессив-
тілік  ‰рдісі.  Осы  аталған  ‰рдістер  тілдік 
ж‰йенің  т‰рлі  деңгейлерінде  бір-бірімен  к‰р-
делі өзара әрекеттестікте болып, басқа да  ка-
тегориялармен  өзара  байланысқа  т‰седі.  Мы-
салы,  мұндай  категориялар  қатарына  мына-
ларды жатқызуға болады: дәст‰р, тілдік бедел, 
әдеби норма, әдеби стандарт. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          257 
 
Ресми-іскерлік  стильдің  ең  басты  белгісі 
ретінде  оның  көптеген  сөйлеу  стандарттары, 
яғни  клишелері  қабылданады.  Егер  де  басқа 
стильдер  ‰шін  шаблонды  құрылымдар  сти-
листикалық жетіспеушілік болып саналса, рес-
ми-іскерлік стиль ‰шін олар қалыпты, қажетті 
құбылыс  ретінде  қабылданады.  Іскерлік  құ-
жаттар  басым  көпшілігі  материал  берілуі  мен 
баяндау  формаларының  жалпы  қалыптасқан 
т‰рін айқындайды. Ал бұл өз кезегінде, олар-
ды  қолдану  тәсілінің  жеңіл  әрі  қарапайым 
болуын  қамтамасыз  етеді.  Мәселен,  іскерлік 
тәжірибесінің  кейбір  жағдайларында  олардың 
тек  толтырылуын  қажет  ететін  дайын  бланкі-
лер қолданылады. Оның ‰стіне конверттердің 
өзін  белгілі  бір  тәртіпте  ғана  толтыру  қажет. 
Бұл  сол  конвертті  толтыру  ‰шін  де,  пошта 
қызметкерлері  ‰шін  де  өте  тиімді  болып  са-
налады. Сол себепті де кез келген сөйлеу кли-
шелері  іскерлік  коммуникацияның  жылдам 
ж‰зеге  асуы  мен  жеңіл  ж‰ргізілуіне  ықпал 
етіп,  олардың  құжаттарда  орын  алуы  заңды 
болып табылады. 
Жалпы алғанда, ресми-іскерлік стиль – бұл 
т‰рлі  құжаттардың  стилі:  халықаралық  келі-
сімшарттар, мемлекеттік актілер, заңдар, ‰кім-
дер,  жарғылар,  нұсқаулықтар,  қызметтік  хат-
тар,  іскери  қағаздар  және  т.б.  Ресми-іскерлік 
стиль  өзінің  т‰рлі  жанрлары  мен  мазмұнда-
рына  қарамастан,  барлығына  бірдей  бірнеше 
ортақ белгілермен сипатталады. Олар: 
-  тілдік  құралдардың  ‰немді  пайдала-
нылуы, ықшамдылық, шағындылық; 
-  материалдың  стандартты  орнастырылуы, 
белгілі бір форма болуының міндеттілігі (жеке 
куәлігі,  т‰рлі  дипломдар,  туу  және  неке  ту-
ралы куәліктері, ақшаға байланысты құжаттар 
және т.б.); 
- терминологияның, атаулардың (заң, дип-
ломатия, әскери, әкімшілік және т.б. термино-
логия)  кеңінен  қолданылуы,  ерекше  лексика 
мен  фразеология  (ресми,  кеңселік)  қорының 
болуы,  қысқарған  сөздер  мен  аббервиатура-
лардың мәтінге алынуы;  
-  ерекше  грамматикалық  құрылысы,  т‰рлі 
тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы; 
- т‰рлі аталымдық сөйлемдердің санамалау 
негізінде пайдаланылуы; 
-  бір  фактілердің  басқаларға  қисынды 
тәуелділігін айқындайтын к‰рделі сөйлемдер-
ді қолдану ‰рдісі; 
-  эмоционалды-экспрессивті  сөйлеу  тәсіл-
дерінің толық немесе м‰лдем болмауы; 
-  стильдің  жекелік  (даралық)  сипатының 
болмауы. 
Жоғарыда  келтірілген  белгілерде  аталған 
стильдің ерекшелігі ретінде терминологияның 
басым  қолданылуы  атап  көрсетілген,  яғни 
терминологиялық  бірліктер  бұл  стильдің  ең 
бір  маңызды  айрықша  сипаты  қатарына  жат-
қызылады. Ал ғылыми дәст‰р бойынша, қазақ 
терминологиясының  даму  кезеңдері  ‰шке  бө-
лінеді: 
І кезең – «Қазақ терминологиясының қазан 
төңкерісіне  дейінгі және кейінгі кезеңі (1910-
1935 ж.ж.); 
ІІ  кезең – қазақ  терминологиясының  тер-
миндер  қалыптастырудағы  жалпыкеңестік  ке-
зеңі (1935–1990 ж.ж.); 
ІІI  кезең – тәуелсіз    Қазақстан  термино-
логиясы дамуының  бағыт-бағдарын айқындау 
кезеңі (1990 жылдан бергі уақыт). 
 Осы  мәселеге  байланысты  профессор 
Б.Әбілқасымов былай деп жазады: «1808 жылы 
жазылған  бір  құжат  «Билет  уа  йахуд  б‰т‰к-
нама» деп аталыпты. Бұл құжат Орынбордың 
коменданты  полковник  Тарарикин  атынан 
Жайық  өзенінің  ішкі  Бөкей  Ордасына  жаз 
жайлау ‰шін өткен адамдарға берілген рұқсат 
қағаз  болғанға  ұқсайды.  Бұл  құжат  тілдік 
жағынан  өте  ауыр,  т‰сініксіз.  Оның  басты 
себебі,  лексикасының  басым  көпшілігі – араб 
және парсы сөздері. Мәтіндегі 225 сөздің 113-
і,  яғни  тең  жартысынан  артығы – араб  және 
парсы  сөздері.  Т‰ркі  немесе  қазақ  сөздерінің 
саны 70-тей,  яғни 30-35%, қалған 15 пайыз-
дайы  орыс  сөздері  мен  ономастикалық  атау-
лардың ‰лесіне тиеді. Араб және парсы сөзде-
рінің ішінде сөйлеу тілінде айтылмайтын кән-
дір,  ғалишан,  мужиб,  бинан,  азуланмиш
т.б. тәрізді лексемалар мен дахил уа малақат, 
ғалиасиаға муафих сияқты сөз тіркестері ұшы-
райды» [2, 31-32 бб.]. 
Термин ғылым мен техниканың, ресми құ-
жаттар тілі екенін ескерсек, қазақ топырағын-
да ғылыми ой-пікірдің, ресми тіл өрбуін зерт-
теушілер XIX ғасырдың  екінші  жартысынан 
бастайды.  Ғылым  туралы  тұңғыш  деректер 
мен  ғылыми  мақалалар  алғашқы  қазақ  га-
зеттері – «Т‰ркістан  уалаяты  газеті» (1870) 
мен  «Дала  уалаяты  газеті» (1888) беттерінде 
жарияланған. 
Профессор  Б.Әбілқасымовтың  «Алғашқы 
қазақ  газеттерінің  тілі»  атты  еңбегінде: « ... 
бұл  газеттердегі  ғылыми  мақалалардың  көбі 
сол кездегі ғылыми экспедиция материалдары, 

258                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
солардың  жұмысы  туралы  есеп  не  солар 
жайында  хабар  болып  келеді.  Сонымен  бірге 
тіл, әдебиет, тарих, этнографияға қатысты ма-
қалалар да жарияланып отырған. Бұларда кез-
десетін  ғылыми  ұғымдарды  газет  қазақ  ұғы-
мында  бұрыннан  бар  сөздер  арқылы  т‰сін-
дірмек  жолымен  аударып  беруге  тырысқан, 
кей кездерде сол терминдік мағынадағы орыс 
сөздерінің өзін қалдырып та отырған»  [3, 19-
20 бб.]. 
Газет  тіліндегі  терминдер  ретінде  қолда-
нылған  кірме  сөздер  жөнінде  осы  еңбегінде 
Б.Әбілқасымов: ««Т‰ркістан  уалаяты»  газеті-
нің  тілінде  араб-парсы  сөздері  өте  сирек  кез-
деседі,  кездескенінің  өзі  о  бастағы  тұлғасын 
м‰лде  өзгерткен,  халықтың  ауызекі  тілінде 
қолданылып  кеткендері  ғана.  Ал  «Дала 
уалаяты  газеті» шыға бастаған ХIХ ғасырдың 
80 – жылдары араб-парсы сөздерінің кіру қар-
қынының  м‰лде  әсіреп,  тіпті  тоқталған  кезі 
болатын.  Газет  сол  кездегі  халық  ұғымына 
әбден сіңіп, оның қажетіне асып ж‰рген араб-
парсы  сөздерін  батыл  қолданады», - деп 
жазады [3, 19-20 бб.]. Бұл баспасөз тілін жан-
жақты  зерттеп,  даму  жолдарын  арнайы  сөз 
еткен құнды еңбектен шығыс тілдерінен енген 
терминологиялық сөздер жайында едәуір мағ-
лұмат аламыз. 
Сонымен  бірге  бұл  кезең – терминжасам, 
ресми  тіл  қалыптасу  ‰дерісінің  бастапқы  ке-
зеңі  болуымен  де  қазақ  тіл  білімі  тарихында 
айрықша орын алады. Сол тұста терминжасамда 
негізінен  тіліміздің  бар  байлығын  сарқа  пай-
далану бағыты, терминдерді «қазақиландыру» 
бағыты басым болды. Дегенмен, бұл кезде га-
зет-журналдарда  қазақ  мәдениетінің  мәселе-
лері  көтеріліп,  орфография,  орфоэпия  салала-
рына да көңіл бөліне бастайды. Сол кездің өзін-
де баспасөз материалдарынан көптеген интер-
националдық терминдердің қазақша баламалары 
жасалып,  орыс  сөздерінің  қазақша  нұсқалары 
қолданысқа ене бастағанын байқауға болады.  
Қазіргі  кезде  терминология,  ресми  тілді 
ұлттық  тіл  негізінде  қалыптастыру  мәселесі 
тіл ғылымында ғана емес, жалпы баспасөз және 
ақпарат  беттерінде  ең  көкейкесті  тақырыпқа 
айналып, ұлттық терминологиялық қор жасау 
қажеттілігінен  туындайды.  Тілде  жаңа  ұғым-
дар  мен  атаулардың  пайда  болуы  ғылым  мен 
техника саласындағы өзгерістермен, жаңалық-
тармен тығыз байланысты. Осы тұрғыда жиырма  
 
 
бірінші  ғасыр  ғылым  мен  техниканың  ең  жо-
ғары  дамыған  кезеңі,  яғни  нағыз  терминоло-
гияның шарықтау ғасыры болып табылады.  
Қоғамдағы  өзгерістер,  саяси-әлеуметтік 
және экономикалық қатынастардың жаңа к‰й-
ге  ауысуы  тіршілігімізге  жаңалықтар  енгізіп, 
тілімізде  жаңа  термин  мен  атаулардың  пайда 
болуына  әсер  етеді.  Қазақ  терминжасам  ісі, 
ресми-іскери  қатынастар  ұлт  тілі  негізінде 
ж‰ргізіліп,  тілде  бұрыннан  бар  сөздер  мен 
т‰бірлерді  терминдер  шығармашылығында 
кеңінен пайдалану ‰рдісі байқалады. Сонымен 
бірге  дайын  сөзжасамдық  ‰лгілерге  де  арқа 
с‰йей  отырып,  өзіндік  жаңа  формалар  мен 
терминдік  парадигмалардың  пайда  болуын 
атауға болады. 
Қарастырылып отырған стильде, оның сан 
алуан  т‰рлі  жанрлары  мен  тақырып  т‰рлілігі 
оның  негізгі  екі  т‰рін  ажыратып  беруге  м‰м-
кіндік  жасайды:  ресми  құжаттама  стилі  және 
к‰нделікті-іскерлік  стилі.  Өз  кезегінде,  бірін-
шісінде мемлекеттік органдардың қызметімен 
байланысты  заңнамалық  құжаттар  тілін  және 
халықаралық қатынастармен байланысты дип-
ломатиялық актілер тілін атап көрсетуге болады.  
К‰нделікті-іскерлік  стильге  мазмұны  мен 
жанрларына,  тілдік  тәсілдерді  қолдану  сипа-
тына  қатысты  мекемелер  мен  ұйымдардың 
арасындағы  қызметтік  хаттар  т‰рлері  және 
жеке  іскерлік  қағаздары  жатқызылады.  Осы 
тұрғыдан  алғанда,  әкімшілік-кеңселік  кішігі-
рім  тіл  негіздерін  қарастыру  өте  маңызды,  
себебі  әрбір  азамат  ‰шін  бұл  тіл  ерекшелі-
гімен  жете  таныс  болу  аса  қажет.  Мәселен, 
оның  мынадай  т‰рлері  к‰нделікті  өмірде  де, 
жұмыс,  қызмет  барысында  да  жиі  кездесіп 
отырады: өтініш, қолхат, т‰сініктемехат және 
т.б.  Ал,  қажетті  «қағазды»  жазып  беру  дағ-
дысы  адамның  тіл  мәдениеті  мен  сауаттылы-
ғының  басты  дәлелі  болып  саналады.  Сон-
дықтан да бұл саланың   тілдік тұрғыдан жан-
жақты  зерттелуі  сөйлеу  жағдаяты,  айтылым 
мақсаты  мен  мазмұнын,  оның  адрестілігін 
есепке  алатын  тілдік  амал-тәсілдерді  тиімді 
пайдалану ‰шін аса қажет. 
______________ 
1.  Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінің  т‰сіндірме  сөз-
дігі. – Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005.  
2.  Әбілқасымов  Б.  ХIХ  ғасырдағы  іс  қағаздардың  тілі 
жайында//Т‰ркі  тілдерінің  грамматикасы:  қазіргі  ахуалы 
мен болашағы. – Алматы, 2010.  
3.  Әбілқасымов  Б.  Алғашқы  қазақ  газеттерінің  тілі. – 
Алматы, 1971. 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          259 
 
А. Ж. Курманаева 
Особенности и основные виды официально-делового стиля 
 
В  данной  статье  анализируются  особенности  официально-делового  стиля  казахского  языка,  его  основные 
виды, в частности язык административно-канцелярского подстиля. 
A. J. Kurmanaeva 
Features and major types of official-business style 
This article analyzes the features of the official-business style of Kazakh language, its basic types, in particular, the 
language of administrative-clerical sub-genre.
 
  
 
 
Ж. Қ.  Құлмамырова, 
ЕҰУ Халықаралық қатынастар факультеті, 
Шығыстану кафедрасының доценті, ф.ғ.к. 
 
АНЫҚТАУЫШ ҚұРЫЛЫМЫНЫҢ  ҚАЗІРГІ АРАБ ЖӘНЕ  
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Тілдік  даму  оның  қолданылыс  аясы  мен 
аймағының  кеңдігінде.  Алғашқы  деректері 
б.з.д. 3-2 мың жылдықта жатқан тіл – табиғат 
әлемі секілді санқырлы зерттеуді қажет ететін 
құрылым.  Араб  әдеби  тілінің  классикалық 
т‰рі V-VІ  ғ.  қалыптаса  бастап, VІІ  ғ.  Құран 
тілінде қаланса, т‰ркологияның Отаны – араб 
халифаты.  Өйткені  араб  халифатындағы  ғы-
лымның  т‰рлі  саласының  дамуына  т‰ркі  тек-
тес ғалымдардың да қосқан ‰лесі мол болған. 
Қазақ  тіл  біліміндегі  әлемге  әйгілі  тұңғыш 
ғылыми  еңбек  т‰ркілік  зерттеулермен  байла-
нысты ХІ ғасырдағы М. Қашқаридің «Диуани  
луғат әт-турк» еңбегінен бастау алып, ХІХ ға-
сырда  қазақ  тіл  білімінің  ғылыми  ж‰йесін 
қалаған  реформатор  А.  Байтұрсынұлы  еңбек-
тері негізінде орныққаны мәлім.  
Қазіргі қазақ тілі мен он төрт ғасырлық та-
рихы  бар  классикалық  араб  тілі  грамматика-
лық  ж‰йесіндегі  وحنلا  ملع  синтаксис – сөз 
таптарының  сөйлемдегі  орын  тәртібін,  қыз-
метін,  өзара  байланысу  амалдарын  зерттейтін 
ғылым.  Ал  «синтаксистік  категория  тілдегі 
сөздердің  бір-біріне  тәуелділігі,  байланысты-
лығы  туралы  белгілер  жиынтығы» [1, 93 б.]. 
Қазақ тілі грамматикасында анықтауыш болу 
–  сын  есімнің  негізгі  қызметі  екендігі  дә-
лелденген. Ал қазіргі араб лингвистері тілдегі 
анықтауыш – ол сын есім  деп,  
لا
ةفص  - сын 
есім  (сипат)  мен  تعنلا - анықтауыш  термин-
дерін абсолюттік синонимдер, яғни олар ма- 
ғынасы  және  қолданылуы  жағынан  бір-біріне 
толық  сәйкес  келетін  сөздер  екендігін  атап 
көрсетеді.  Тілші-ғалым  М.  Ризқ: «Сын  есім  
(сипат)  мен  анықтауыш  терминдері  Си-ба- 
 
уайһидің  «әл-Китаб»  еңбегінде  синоним  ре-
тінде  қолданылғанын  көреміз.  Алайда  сын 
есім  термині  морфологияда  туынды  сөз  тап- 
тарға қатысты, ал анықтауыш термині синтак-
систе қолданылуына қарағанда, грамматикада 
анықтауыш термині сын есім (сипат) термині-
нің  жалпы  мағынасын  білдіреді» [2, 43, 194 
.ص], –  деген ғылыми тұжырым жасайды.  
Қазақ  тілінде  «анықтауыш,  біріншіден, 
анықтайтын  сөзінің  заттық  не  пысықтауыш-
тық сапасын қосымша, жанама қасиет ретінде 
айқындауына байланысты айқындауыш болып 
бөлінеді.  Анықтауыш  анықтайтын  сөзінің 
алдында  тұрып,  оның  өзіне  тән,  басқа  заттан 
ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш 
анықтайтын  сөзінен  кейін  тұрып,  көбінесе 
оның  лексикалық  мағынасын,  м‰шелік  қыз-
метін басқа сөздермен дәлелдеп толықтырады 
немесе  қосымша,  көлденең  сапасын  көрсе-
теді» [3, 183 б.].  
Демек,  екі  тілде  де  сөйлемде  анықтауыш 
қызметін  атқаратын  сын  есім – зат  есіммен 
тіркесіп,  оның  әрт‰рлі  белгілерін  атрибуттық 
қатынаста  көрсететін  синтаксистік  категория. 
Ол  әрдайым  анықтайтын  сөзімен  тығыз 
байланыста жұмсалып, зат есімге тән сындық, 
сандық,  көлемдік,  салмақтық  қасиетті  білді-
реді.  Алайда  екі  тілдің  негізгі  айырмашы-
лықтары анықтауыш құрылымында. 
Араб тілінде تعنلا - анықтауыш قتشم مسا 
-  туынды  және  دماج  مسا - т‰бір  сөздерден 
тұрады. Т‰бірі етістіктен болмаған т‰бірлерге  
رجح- тас,  
مﻩرد - дирһам, رصم - Мысыр сияқты 
т.б. сөздер, ал туындыларға لعافلا مسا - негізгі 
есімше, لوعفملا مسا - ырықсыз есімше, 
لا
 ةفص

260                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ةﻩبشملا - сапалық  сын  есім,  ةغلابملا  ةغيص - 
к‰шейтпелі  шырай,  
ليضفتلا  مسا -  салыс-
тырмалы  шырай  мен  ردصم - қимыл  есімдері-
нен (масдар) жасалған туынды сөздер жатады 
[4, 561-562 .ص].  
Мысалы, 
يبارافلا  ناك

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет