Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет43/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61

Копбаева Ж. 
Особенности текста как психолингвистического аспекта 
 
В статье рассматриваются психолингвистические аспекты изучения текста.  
 
Kopbaeva J. 
Features of the text as a psycholinguistic aspect 
 
The article discusses psycholinguistic aspects of studying the text. 
 
 
 
А. Ж. Қалымбетова 
«Аяжан» медицина колледжінің оқытушысы 
 
ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ БӨЛІК БОЙЫНША  
ҚАЛЫПТАСАТЫН БІЛІК-ДАҒДЫЛАР 
 
 
Лексика-грамматикалық бөліктің ең негізгі 
мақсаты – тіл ‰йренушінің осы сала бойынша 
тұрмыстық,  әлеуметтік  тақырыптағы  тілдік 
құрылымдарды  дұрыс  құрастырып,  қатысым-
да  қолдана  алуын,  сөйлеу  біліктілігін  жетіл-
діру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-
дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамма-
тикасы  туралы  білімін  дамыту  негізінде  тіл- 
дік құзіреттілікті қалыптасу деңгейін анықтау 
және бағалау болып табылады. 
 
 
 
Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру комму-
никативті-функционалдық  грамматикаға  не-
гізделеді.  
Функционалды  грамматика  барлық  тілдік 
бірліктердің  функционалдық  ерекшеліктерін 
сабақтастықта  қарастырады  және  практикада 
белсенді т‰рде тілді меңгеруге бағытталады. 
Әзірлемешіге қойылатын талаптар: 
Белгілі  бір  тапсырманы  орындау  ‰шін  тіл 
‰йренушінің  сол  тапсырманы  орындай  ала-
тындай білімі болуы шарт. 

250                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Тестіленуші  тапсырманы  не  ‰шін  орын-
дайтынын,  оның  қандай  пайдасы  барлығын 
т‰сінгенде  ғана  оны  саналы  орындайды,  әрі 
белгілі бір дағдысы қалыптасады. 
Берілген тапсырма тестіленушінің қызығу-
шылығын,  ынтасын,  ықыласын  арттыратын-
дай т‰сінікті (т‰сіндіріліп) берілуі керек. 
Тест  тапсырмалары  белгілі  бір  ж‰йемен, 
мысалы, “белгіліден белгісізге, жеңілден қиынға 
қарай” орындалуы керек. 
Бір тапсырма ұзақ уақытқа созылмауы ке-
рек.  Тапсырманың  мөлшері  тіл  ‰йренушінің 
деңгейіне бейімделіп берілгені жөн. 
Әрбір тапсырма тіл ‰йренуші еңбегінің нә-
тижесін көрсетіп отыруы керек. 
Тапсырманы  орындау  барысында  тестіле-
нушінің  білімі  бекіп,  өз  бетімен  грамматика-
лық  тест  тапсырмаларын  орындай  алатындай 
дағды қалыптасуы керек. 
Тестілену  барысында  қалыптасатын 
ком-муникативтік дағдылар: 
•  Контекстегі  (мәнмәтіндегі)  сөздердің 
мағынасын т‰сіну және қолдана білу;  
•  т‰бір  мен  қосымша  арасындағы    дыбыс 
‰ндестігін  сақтап  сөйлеу,  қосымшаларды  дұ-
рыс жалғай білу;  
•  сөздер  арасындағы  дыбыс  ‰ндестігін 
сақтап сөйлеу;  
•  қазақ  тіл  білімі  саласындағы  граммати-
калық құрылымдарды айыра алу;  
•  Қазақ  тіліндегі  мағыналас  (синоним), 
көп  мағыналы  сөздер  мен  омонимдердің,  ан-
тоним  сөздердің  жұмсалуын,  яғни  лексиканы 
аңдай алу;  
•  Мамандық салаларына қатысты термин-
дерді,  терминдік  тіркестерді  т‰сініп,  орынды 
қолдана білу;  
•  Сөйлеу  және  жазу  барысында  сөз  фор-
маларын дұрыс қолдану;  
•  Сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібін  сақ-
тау;  
•  қазақ  тілінің  лексикалық  қабаттарын, 
әсіресе, жаңа тілдік қолданыстарды меңгеру;  
•  Грамматикалық,  синтаксистік  құрылым-
дарды,  стилистикалық  нормаларды  тілді  қол-
дану аясында пайдалана білу дағдысы және т.б;   
Осы  мақсатты  негізге  ала  отырып,  тіл  ‰й-
ренуші  немесе  тестіленуші  әр  деңгей  бойын-
ша  лексика-грамматикалық  қандай  білік-дағ-
дыларды  қалыптастыруы  тиіс  деген  сұрақ- 
қа  жауап  беру  ‰шін,  әр  деңгейдегі  сөз 
табының  негізгісі – зат  есімді  алып  қарас-
тырайық. 
Қарапайым деңгей 
Дара зат есімдер 
1. Дара сөзді белгілеңіз. 
 (Отметьте простое слово.) 
       А) ауыл  
       В) елтаңба 
       С) баспасөз  
       D) ел-жұрт   
Берілген тест тапсырмасында дара сөз бен 
к‰рделі  сөзді  айыра  алу  дағдысы  қалыпта-
сады.  Мысалы,  А  дистракторындағы  сөз  бір 
ғана  т‰бірден  құралған,  ал  В,  С  дистракто-
рындағы сөздер екі сөздің бірігуінен жасалса, 
D  дистракторындағы  ел-жұрт  сөзі  қос  сөз 
екенін есте сақтауға тырысады. 
2. Кім? сұрағына жауап беретін дара сөзді 
көрсетіңіз. 
(Укажите  простое  слово,  которое отвечает 
на вопрос кім?) 
А) құс  
В) балық 
С) шебер  
D) жан-жануарлар 
Тестіленуші  мұнда  қазақ  тіліндегі  сөздер-
дің қайсысы кім? қайсысы не? сұрағына жауап 
беретінін білуі тиіс. Мысалы, А, В, D дистрак-
торындағы  сөздер  не?  сұрағына  жауап  бере-
тінін,  ал  С  дистракторындағы  шебер  сөзінің 
адамның  мамандығына  қатысты  екенінін,  кә-
сіп  иесінің  кім?  деген  сұраққа  жауап  береті-
ніне дағдыланады. 
Зат есімнің к‰рделі т‰рлері 
1. Екі сөзден құралған адамның атын бел-
гілеңіз. 
(Укажите имя человека, которое состоит из 
двух слов). 
А) Асқар 
В) Арман 
С) Мөлдір 
D) Ерсұлтан 
Бұл  тест  тапсырмасында  тестіленуші  екі 
сөзден құралған адам атын айыра алуы керек. 
Яғни,  адам  есімдерінде  кездесетін  к‰рделі 
атауларды білуі тиіс. Мысалы, Асқар, Арман, 
Мөлдір сөздері бір ғана т‰бірден, ал Ерсұлтан 
сөзінің  екі  сөзден  (Ер  және  сұлтан)  құралға-
нын айыра алу дағдысын жетілдіреді.  
2. Сөйлемді толықтырыңыз. 
(Дополните предложение). 
Менің ... зауытта жұмыс істейді. 
А) ата-анам  
В) бала-шаға 
С) ардагер қарт 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          251 
 
D) сынып жетекшісі 
Бұл  тест  тапсырмасы  бойынша  көп  н‰кте-
нің  орнына  дистракторда  берілген  к‰рделі 
сөздердің  бірін  қою  керек.  Сөйлем  бірінші 
жақта  тұр,  сондықтан  бірінші  жақ  көрсеткіші 
болатын  сөзді  таңдауға  дағдыланады.  Яғни, 
к‰рделі сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанған-
дағы  ерекшеліктерді  ажырата  алу  дағдысын 
қалыптастырады. 
 К‰рделі сөзді көрсетіңіз. 
(Укажите сложное слово). 
А) туыс 
В) көрші 
С) жолдас  
D) әке-шеше 
Біріккен сөздер. Жер-су атаулары 
1.  Екі сөзден құралған жер-су атауын бел-
гілеңіз. 
(Укажите слитное географическое название). 
А) Тараз  
В) Құлан 
С) Көлсай 
D) Шелек 
2. Екі сөзден біріккен сөзді белгілеңіз. 
(Укажите слитное название) 
Біз ...  бардық. 
А) Семейге   
В) Талғарға 
С) Астанаға 
D) Көкшетауға 
Бұл  тапсырмалардағы  жауаптардың  бар-
лығы  жер-су  атаулары,  бірақ  тестіленуші  
оның  ішіндегі  екі  сөзден  біріккен  сөзді  таба 
алу  білік-дағдысын  қалыптастыруға  ‰йренуі  
керек.   
Жалпы, жалқы зат есімдер 
1. Жалпы атауды табыңыз. 
(Найдите нарицательное существительное). 
A) Қала  
B) Астана  
C) Алматы 
D) Қаратау 
2.  Жеке заттың атауын табыңыз. 
(Найдите название конкретного предмета). 
А) Қазақ елі 
В) Қазақстан  
С) Қазақ жері 
D) Қазақ халқы  
Берілген  тест  тапсырмасы  бойынша  тесті-
ленушінің  жалпы  есімдер  мен  жалқы  есім-
дерді айыра алу, жеке зат пен жалпы атауға не 
жататын білу дағдысы қалыптасады.  
 
Зат есімнің жалғаулары 
Жіктік  жалғауды  орынды  қолдана  алу 
дағдысын  қалыптастыратын  тест  тапсыр-
малары 
Қажетті сөзді белгілеңіз. 
(Отметьте нужное слово).  
1. Мен ..., ал Жарқынай тігінші. 
А) студент  
В) студентсіз  
С) студентсің 
D) студентпін 
2. Дұрыс жауапты табыңыз. 
(Найдите правильный ответ). 
- Сіз кәсіпкерсіз бе? 
А) Иә, сіз кәсіпкерсіз.   
В) Иә, біз кәсіпкерміз.   
С) Иә, мен кәсіпкермін. 
D) Иә, олар кәсіпкерлер.   
Тәуелдік  жалғауды  жақ  бойынша,  оңа-
ша,  ортақ  т‰рде  дұрыс  қолдана  алу  дағды-
сын қалыптастыратын тест тапсырмалары 
1.  Көп  н‰ктенің  орнына  қажетті  сөзді 
қойыңыз. 
(Вместо многоточия вставьте нужное слово).  
 Менің ... 
 А) әке 
 В) әкең 
 С) әкесі 
 D) әкем  
 
2. Сөйлемді аяқтаңыз. 
(Дополните предложение). 
Қазақ тілі – қазақ халқының басты ... . 
А) байлық 
В) байлығы 
С) байлығың 
D) байлығымыз  
Септік жалғаулары 
Ілік септігін (жай т‰рі) орынды қолдана 
алу, заттың кімге, неге тәуелді екенін ажы-
рата  алу  дағдысын  қалыптастыратын  тест 
тапсырмалары 
1.  Көп н‰ктенің орнына қажетті сөзді бел-
гілеңіз. 
(Вместо многоточия вставьте нужное слово). 
... немересі 
А) әжемнің 
В) әжемді 
С) әжемде 
D) әжеммен 
2. Заттың иесін табыңыз. 
(Найдите обладателя предмета).  
 

252                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
A) Ажар киім алды. 
В) Ажардың орамалы 
С) Ажарда орамал жоқ. 
D) Көйлекті Ажардан ал. 
Жатыс  септігі  және  оның  мағыналары: 
мекендік  мағынаны  басқа  мағыналардан 
(мезгіл,  мөлшер  т.б.)  ажырата  алу  дағды-
сын қалыптастыратын тест тапсырмалары 
1. Көп н‰ктенің орнына тиісті сөзді қойы-
ңыз. 
(Вместо точек вставьте нужное слово). 
Асан мен Ұлан … кездеседі. 
А) Астанада  
В) Қарағанды 
С) Атыраудың 
D) Теміртаудан  
2. Дұрыс жауапты табыңыз. 
(Выберите правильный вариант). 
-Абзалдың ағасы қайда тұрады? 
А) Ақтауды 
В) Ақтөбенің 
С) Теміртауда 
D) Шымкентте 
Шығыс септігі және оның мағыналары. 
Мекендік  мағынаны  білдіру  қандай  грам-
матикалық  форма  арқылы  ж‰зеге  асаты-
нын  айыра  алу  дағдысын  қалыптастыра-
тын тест тапсырмалары 
1.  Қайдан?  сұрағына  жауап  беретін  сөзді 
белгілеңіз. 
(Отметьте  слово,  которое  отвечает  на 
вопрос откуда?). 
А) театрдан 
В) жиналысқа  
С) концерттің 
D) спектакльде  
  
2. Дұрыс жауапты табыңыз. 
(Найдите правильный ответ). 
- Сіз қайдансыз? 
А) Есікке. 
В) Балқашты. 
С) Алмалының. 
D) Қарасайданмын. 
Осылай  базалық,  орта,  ортадан  жоғары, 
жоғары  деңгейде  тест  тапсырмалары  «жеңіл-
ден  к‰рделіге»  қарай  өтіп  отырады.  Әр  тап-
сырма  бергілі  бір  білік-дағдыны  қалыптасты-
руға көмектеседі.  
Қорыта келгенде, берілген әр тест тапсыр-
масының  өз  мақсаттары  мен  міндеттері  бо-
лады. Тестіленуші тест тапсырмасын орындай 
отырып,  лексика-грамматикалық  құрылым-
дарды  еске  т‰сіреді,  дистрактордан  өзіне  қа-
жетті  дұрыс  нұсқасын  таңдай  алады.  Сөйтіп 
белгілі құрылымға қатысты білік-дағдысы қа-
лыптасады. 
_____________ 
1.  К‰зекова  З.  Пазылова  Г.С.  Әбдірәсілов  Е.Қ.  Қазақ 
тілі тестілеу теориясы мен практикасы. – Алматы, 2009 
2.  Аванесов С. Формы тестовых заданий. – М., 2005. 
 
А. Ж.  Калымбетова 
Способы формирования умения и навыков лексико-грамматического блока 
 
Каждое  тестовое  задание  создано  для  определенной  цели,  имеет  свою  миссию  и  свои  характеристики.  В 
зависимости от цели, тестовые задания имеют свои умение и навыки. Данная статья предназначена для улучшения 
навыков и умения лексико-грамматического блока.  
A. J. Kalymbetova 
Methods of forming ability and skills of the lexical-grammatical unit. 
 
      Each test is created for a particular purpose, it has mission and own characteristics. Depending on the purpose, tests 
have their own ability and skills. This article is intended to improve the skills and knowledge of the lexical-grammatical unit. 
 
 
 
 
 
 
 
 
С. А. Қамаева, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 
доценті, филология ғылымдарының кандидаты 
 
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР ТАҒЫЛЫМЫ 
 
 
Орыс  тілді  аудиторияларда  оқытылатын 
қазақ  тілі  бағдарламасы  көбінесе  кәсіби 
бағытқа орайластырылған. Себебі жоғары оқу 
орындарында т‰рлі мамандықтарға сәйкестен- 
 
дірілеген  мемлекеттік – тіл  бағдарламалары 
студенттерді  кәсіби  шеберлікке,  біліктілікке 
тәрбиелейді  деген  ұғымнан  туындаған.  Ен-
деше,  тілмен  қоса  оқытылатын  ақын-жазу-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          253 
 
шылар шығармашылығы да осы кәсіби бағыт-
қа негізделуі тиіс. Жоғары оқу орнына келген 
студент  мектепте  қазақ  әдебиетінің  кезеңдері 
мен  өкілдері  туралы  біраз  мағлұмат  алып  ке-
леді.  Мағлұмат  алып  қана  қоймай,  өзіндік 
көзқарастарын да қалыптастырған. 
Қазақтың Абайдан  кейінгі  кемеңгер  ақыны, 
жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, ком-
позитор  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  шығарма-
шылығы студент қауымға кеңінен таныс десек 
те, оның белгілі бір кәсіби бағыт-бағдар бере-
тін,  еңбекті,  кәсіпкерлікті  құрметтейтін  шы-
ғармаларына  көңіл  аудару  қажет.  Шәкәрім 
қолөнерге  шебер  екен.  Киімдерін  өзі  пішіп
өзгеше  ‰лгіде  өзі  тігіп  алатын  болған.  Бұл 
өнерімен  жұртқа  танылған.  Ол  туралы  Ахат 
Шәкәрімұлының  естелігінде  айтылады. ... 
«Шәкәрім жасынан қолөнерге – ою ойып, киім 
пішуге, ұсталық ісіне шебер болған. Бұзылған 
сағат,  іс  машиналарын  бөлшектеп,  олардың 
құрылыстарымен танысып, оларды жөндейтін 
де  қасиеті  бар  еді  әкейдің.  Сағат,  машина, 
темір соғуға, істеуге керекті ұсақ саймандары 
өзі көз жұмғанша бар болатын. Ағаштан ойған 
ожаулар, қаралап соққан пышақтары  болушы 
еді.  Шәкәрім  киімді  не  қазаққа,  не  басқа  ел-
дер  ‰лгісіне  ұқсатпай,  пішіп  киетін  болған. 
Оюдың  бұрынғы  қошқарм‰йіз  нақыштарына 
бірнеше  т‰рлерін  енгізген.  Жастық  бетінің, 
т‰скиіздің кестелеу оюының нәзік, ұсақ оюла-
рын  шығарған». [1,9]  Ақынның  ісмерлігі,  іс  
тігу жайынан мол хабардар екендігі оның жұм-
бақ өлеңдерінде кездеседі.  
Киім, тамақ, денеден жоқ бір нұсқа, 
Жылдам кіріп шығады жылдам тысқа, 
Маңдайда жалғыз көзі жарқыраған, 
Тұлымының бірі ұзын, бірі қысқа. 
Кей-кейде екі ұрыттау мінезі бар, 
Шағып алып ж‰рмесін байқап ұста.  
Бір кеткен соң қолыңа т‰су қиын. 
Айрылып қалып ж‰рме қапылыста. [2,41]  
Иненің  сипаттамасы,  іс  тігу  жылдамдығы 
байқамаған адамға (әсіресе олақ адамға) тигі-
зер  қаупі,  жоғалтсаң  табылмайтындығы    осы 
бір  шумақ  өлеңде  тұр.  Тіпті  шешуін  де  өлең-
мен өріп, иненің қызметін нақтылап беріп: 
Ине керек қылмайды киім, тамақ, 
Ұйықтайын деп ешқашан жаппас қабақ.  
Жылпылдатып бұйымды тігесіз ғой, [2,42]  
Тұлымдары  өткізген  жіппен  сабақ, - деп 
қояды.  Бұл  тұжырымдар  мен  пайымдаулар 
болашақ  дизайнер  суретші  сәулетшілерге  көп 
ой салатыны  сөзсіз. 
Ал математика мамандығына ақынның мына 
жұмбағының шешуін табуды тапсырған тиімді 
болар еді. 
Тоғыз қатын жиылып бір толғатқан, 
Бірін-бірі жуан қып буаздатқан. 
Тоғызының киімі тоғыз т‰рлі, 
Келген кісі сияқты әр тараптан. 
Балаға екі т‰рлі киім жапқан. 
Бір киім келіп тұр бөтен жақтан, 
Қатындар не? Киім не? Баласы не? 
Көпке киім жетпеді не сәбәптан?  [2,41]  
Шәкәрім  математикаға  негіз  болған  тоғыз 
санды  осылайша  жандандырып,  жұмбақтап, 
не  себепті  тоғызының  т‰сін  өзгертпегеніне 
назар аударуды талап етеді. Бұл жерден ақын-
ның  т‰рлі  ғылым  саласынан  да  хабары  бар, 
жан-жақтылығын  аңғаруға  болады.  Т‰рлі  ма-
мандықта  оқып  жатқан  болашақ  ел  тіректе-
рінің  жан-жақты  көзқарасын  қалыптастыруда 
көркем мәтін тілінің орны зор болмақ. Көркем  
мәтіндегі,  оның  ішінде  өлеңмен  берілген  сөз 
образдары, жұмбақ жасырымдары мен құпия-
лары  болашақ  мамандардың  өмірде  өз  орын-
дарын табуға ықпал етеді.   
Ал,  б‰гінгі  заман  талабына  сай  қолданы-
латын  халықаралық  дәрежеде  кең  өрістеген 
атаулар  (терминдер)  ақын  шығармашылы-
ғында  кеңінен  орын  алады.  Мұны,  әсіресе, 
экономика  мамандығы  бойынша  оқытылатын 
тіл сабақтарында, кәсіби қазақ тілі сабағында 
пайдалану орынды. Ондай сөздер Шәкәрімнің 
«Шаруа мен ысырап» өлеңінде: банкрот, әмір-
кен,  опайкеден,  расходка,  сукнодан,  папирос,  
резеңке  т.б.  қолданылған.  Ақын  қай  заманда 
болсын  қарыздану,  борышкер  болудың  зия-
нын  тереңнен  толғап,  болжайды.  Сол  мақсат-
м‰дде б‰гінгі кредит алу, ипотека төлеу, бан-
крот  боп  қалу  секілді  ұғымдарға  тура  келеді. 
Енді  осы  мәліметтер  мен  сөз  қолданыстарын 
болашақ  экономист  мамандарға  лайықтап 
алып,  ұтымды  пайдалансақ,  ақын  шығарма-
шылығының бір қырын ашқандай болар  едік.  
Қайтер еді, жігіттер, 
Тым қымбатты кимесек.  
Мақтан ‰шін борышты? 
Ыңғайына билесек. 
Аяғында қайтеміз,   
Банкрот боп к‰йресек, - [2,56]  деп келетін  
өлең  шумағында  ұқыптылық  пен  ‰немділікке 
‰ндеу  бар.  Ұқыптылық  пен  ‰немділік – эко-
номиканың жаны. Болашақ экономистердің де 
көздейтін  м‰ддесі  осы  ‰немділік.  Ендеше, 
ақын  өлеңдеріндегі  экономикалық  терминдер 

254                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
қолданысы    заманымен  ‰ндес  келетіні  сезіліп 
тұрған жоқ па?  
... ‡йткенше бәрі борыш, 
Құтылам ба ақталып? 
Пұл әпердім әркімге, 
Ерте  ойланбай  сақтанып, - [2,57]  деген 
жолдардағы  әркімге  пұл  әперу – кепіл  болу 
ұғымына  келеді.  Борыш,  қарыз,  төлем  сөзде-
рінің де қолданылу ерекшеліктеріне тоқталамыз. 
Ғылымның  т‰рлі  саласынан  хабары  мол,  
білімді  де  білікті  ақын  өзге  тілден  енген 
сөздерді  қазақ  тілінің  сингорманизм  заңына 
бағындарған. Ұстазы Абай тәрізді таңдап, тал-
ғап,  қазақыландырып жіберген.  
Осындай  ‰ндестік  заңына  бағындырылған 
өзге  тілден  енген  сөздерді  оқытуда  сөздік 
жасау,  жаңа  сөз  мағынасына  т‰сіндірме  ж‰р-
гізу тиімді. 
1)  Банкрот – кәсіпорындардың  төлем  қа-
білеті болмауынан еріксіз жойылуы [3,107]  
2)  Әміркен – бұл  жерде  мемлекет  атауы 
«Америка» деген сөздің өзгеріске т‰суі 
3) расход – шығын 
опайке – фуфайка [к‰пәйке] қалың сырт  киім 
сукно – мәуіті,  шұға  (қымбат  материал) 
[3,410] 
папирос – шылым [4,55] 
 резеңке – резиновый (етік) [4,290] 
Сөз мағыналарына талдау жасағаннан кейін 
студенттерге  әрбір  сөзбен  сөйлем  құрастыру 
тапсырылады.  Ақын  шығармашылығымен  те-
рең таныс болу ‰шін осы сөздер айтылатын шу-
мақтарға  тілдік  тұрғыдан  талдау  жасалғаны 
дұрыс. 
Шәкәрімнің ұлтжандылығы мен саясаткер-
лігі  өзінше  бір  төбе.  Өйткені  ақынның  екі 
өлеңінің  бірінде – қазақ  халқы,  қазақ  қамы, 
қазақтың  салт-дәст‰рі  сипатталады.  Тіпті  қа-
зақтың тұрмыс-тіршілігіне де араласып: 
Осы расходқа еріксіз, 
Бізді біреу сұқты ма? 
Науқас болып немесе 
Қазаққа да жұқты ма?, - [1,56] деуінде сөз 
образдарындағы еркіндік пен ерекшелік ‰лкен 
сынға,  саяси  көзқарасқа  әкеледі.  Өзгеге  елік-
теу,  өз  еліне    қарамау қазақты  ешқайда  апар-
майтынын,  керісінше  жеке  адам  бойындағы 
қанағатсыздық  пен  тойымсыздық  қоғам  дер-
тіне  айналатынын  көбірек  айтып,  көпшілікке 
т‰сіндіргісі келетінін жастар санасына жеткізу 
қажет. Қазақ тілінің ежелден жан-жақтан кел-
ген кірме сөздерге, терминдерге, архаизм, исто-
ризм  сөздерге  бай  екендігі;  олардың  ақын 
поэзиясында  кеңінен  орын  алғандығы  туралы 
айтып  өту  орынды.  Айтып  қана  қоймай, 
Шәкәрім шығармаларында көп қолданылатын 
сол  заманның  неологизм  сөздері  мен  архаизм 
сөздерді салыстыра  отырып,  өзара сабақтас-
тығына  көңіл  болу,  талқылау,  талдау  жұмыс-
тарымен ұштастырып отыру керек.  
Шәкәрім халықтың тұрмыс-тіршлігін жыр-
ға  қосумен  қатар,  қиындықтан  шығу  жолын 
іздейді.  Тұрмыс  қаражатқа  келіп  тірелетінін, 
тегін  ақша  табылмайтынын  айтады.  Арнайы 
экономикалық  білімі  болмаса  да  арзан  мен 
қымбаттың  нарқын  таразылай  білген  ақын-
ның  ұстанымы  болашақ  экономистердің  кә-
сіби – маман  ретінде  даярлануына,  көзқарас-
тарын қалыптастыруына ықпал ететініні айқын. 
Поэзия  тілімен  сөйлеп  тұрған  ақын  ойы, 
парасат-пайымын  қара  сөзге  айналдырып,  сөй-
лемнің  бірнеше  т‰рін  құрастыруға  болады. 
Өлең  шумақтарындағы  ой  желісін  өзгертпей 
беруді  ұсыну  керек.  Мұнда,  әрине,  бізге  төл 
сөз бен төлеу сөз көмекке келеді. 
1.  Шәкәрім: «Тым  қымбатты  кимей-ақ 
қояйық,» - дейді. 
2. Шәкәрім: «Қымбат киіп, қарызға батып 
қалмайық,» - дейді.  
3.  Шәкәрім  банкрот  болып  қалмауды  ес-
кертеді. 
4.  Шәкәрім  жұртқа  кепілдікке  ақша  (пұл) 
әперіп, борышты болып қалғанын айтады. 
Ақын өлеңдеріндегі шығын, қымбат, кепіл, 
тегін,  борыш,  қанағат,  ысырап  сөздерінің  си-
нонимдерін,  антонимдік  қатарын  табуды  тап-
сырамыз.  
Елтірі мен теріні, 
Жақсы қылып илесек. 
Әрі берік, әрі жылы, 
Жыртылмайды  с‰йресек - [2,56] деген  жол-
дардағы тері илеу, елтіріні жұмсарту қазақтың 
ежелден келе жатқан ата кәсібі екенін ескерту 
бар. Ескерту ғана емес, заттың сапасы да анық 
беріледі.  Студенттер  ақынның  айтайын  деп 
отырған ойын сезіп, өзіндік тұжырымын қада-
ғалау ‰шін еңбек пен  келетін пайданы сарап-
тай  білуі  заңды  әрі  қажеттілік  тудыратын 
‰рдіс.  Ендеше  мемлекеттік  тілді  оқыту  бары-
сында  тұлғалар  тағылымын  ‰немі  ескеріп, 
елеп-екшеп    пайдалану – жаңа  инновациялық 
амал-тәсілдердің бірі.  
_____________ 
1.  Жұлдыздар  отбасы  журналы.  Аңыз  адам.  №5  Та-
мыз. 2001 
2.  Шәкәрім  Құдайбердиев  шығармалары. – Алматы: 
Жазушы, 1988. - 560 б 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          255 
 
3.  Қазақ  тілінің  т‰сіндірме  сөздігі. - Алматы  Дайк-
Пресс. 2008. – 968 б.   

1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал