Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет42/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61

Н. Ильясова 
Лингвистический аспект речи 
В статье рассматриваются лингвистические аспекты речи. 
 
N. Ilyasova 
Linguistic aspect of speech 
 
The article deals with the linguistic aspects of speech. 
 
 
  
Ж. Т. Исаева, А. Е. Тәттібаева 
С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ (Алматы қаласы) 
 
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР ЛЕКСИКАЛЫҚ 
БІРЛІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
  
 
Қай  тілдің  (әдеби  тілдің,  көркем  шығар-
малар тілінің және халық тілінің) тоба қазығы 
- жеке сөздер. Олар тілдің ең басты, ең негізгі 
элементі.  Тіл – сөзден  құралады,  сөз  тілді 
сөйлетеді. Сондықтан біз әңгімені жеке сөзден 
(жеке-жеке  сөздерді  талдау  барысында  туған 
ой-пікірден)  бастаймыз.  Ең  әуелі  көркем  әде-
биет тілінде жеке сөздер мен олардың құрамы 
мен  т‰рлері  (т‰бір  сөз,  туынды  сөз,  біріккен 
сөз,  қос  сөз,  сөз  тіркесі,  сөз  орамы,  яғни, 
к‰рделі сөз тіркесі) қалай пайда болады деген 
мәселеге баса назар аударамыз.   
Көркем  әдебиет  тілінің  лексикалық  бай-
лығын  көркейтудің  басты  көзі – халық  тілі 
болса,  көзін  тауып  қолдана  білген  авторға 
ондағы қордың құнарлы нәрі аз емес. Епсекті 
жазушы  әр  сөзді  құбылтып,  әрқалай  т‰рлен-
діріп  те  келтіре  береді.  Соларды  есепке  алып 
отыру – әдеби  тілді  өркендетудің  ең  бір  көр- 
некті жолы, ‰йткені ол, ең алдымен, осы көр- 
кем  әдебиет  тілінен  сусындайды.  Е.Н.Жан-
пейісовтің  сөзімен  айтқанда, «Әдеби  тілімізді 
байытатын  ең  негізгі  фактор – көркем  шы-
ғарма  тілі» [1, 29]. Әдеби  тіл,  әрине,  халық 
тілінің  байлық  көні  тікелей  ашып  та  пайда-
лана  алады  (әсіресе,  кәсіби  сөздер,  тарихи 
сөздер  т.б.),  бірақ  осылардың  барлығын  ой 
елегінен өткізіп, зерттеу тезіне т‰сіріп, ж‰йелі 
т‰рде  т‰бегейлі  мақсатпен  сараптап  отырға-
нымыз артық болмайды. 
Көркем  әдебиет  тілі  халықтың  қарапайым 
сөйлеу тілінің негізінде жасалып, көркем әде- 
биет тілінен нәр алып отырады екен. Ол орайына 
қарай әдетте ауызекі тілдің элементтерінен де 
(әсіресе, мысалы, кәсіби сөздерді, әдеби тілде 
өзіндік  баламасы  жоқ  басқа  т‰рлі  сөздер  мен  
 
 
сөз орамдарын) іске асырып, пайдаланып оты-
рудан бас тарта қоймайды. Сонымен қатар ол 
көркем әдебиет тілінде т‰зіліп, барынша шын-
далып,  творчестволық  ақыл-ой,  талабының 
елегінен  өтіп,  с‰зіліп  шыққан  сөздерді  де  өз 
нормаларына  бағындырып  алып,  толысып, 
байып,  құнарланып  құныққан,  әрдайым  да-
мып, өсіп-өркендеп отыру процесі осыны көз-
дейді. 
Осы  к‰нгі  әдеби  тілімізде,  сонымен  қатар 
көркем әдебиет тілінде де қолданылып ж‰рген 
кірме  сөздер,  соның  ішінде  араб-парсы  сөз-
дерді  саналуан,  олар  иініне  қарай  арнайы  әң-
гіме  болып  та  ж‰р.  Мысалы,  Р.Ғ.Сыздықова-
ның  еңбектерінде  мұндай  сөздер  өз  алдына 
бөлініп,  жеке  қарастырылады.  Осы  автордың 
сөзіне қарағанда, XIX ғасырдың өзінде «ауыз-
екі  сөйлеу  тілінде  жиірек  қолданылып,  қазақ 
тілінің дыбыс заңдарына икемделген сөздерді 
сол  қалыптасқан  т‰рлерінде  беру»  әдеті  ор-
ныға  бастаған.  Сонымен  қатар  әдеби  тілдің 
нормалану процесіне қатысы бар құбылыстар-
дың  ішінде  жергілікті  диалектілік  ерекшелік-
тердің өзіндік едәуір ‰лесі болған. 
«Көркем  әдебиет  тілінің  де, - деп  жазады 
Ербол  Несіпбайұлы  Жанпейісов,  сондай  ақ 
әдеби тілдің де негізгі материалы – халық тілі, 
халық  тілі  байлығының  барлық  қат-қабаты», 
сонымен  бірге  «әдеби  тілімізді  байытатын  ең 
негізгі  фактор – көркем  шығарма  тіл», -  деп 
зерттеуші  ғалым  өз  пікірін  т‰йіп  айтады [2, 
68]. 
Әдеби  тілімізде  әлі  қалыптасып  ‰лгерме-
ген,  оның  нормалық  талаптілектеріне  жауап 
бере  алмайтын,  бірақ  ауызекі  тілдің  әсеріне 
байланысты  қолданылу  аясын  өрістетіп,  көр-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          245 
 
кем  әдебиет  тілінде  кездесе  беретін  сөздер  аз 
емес.  Мысалы,  осы  сөз  болып  отырған  тілде 
«әдеби  тілге  сайыса  бермейтін  диалектілік 
ерекшеліктер,  тұрпайы  сөздер,  жаргондар, 
ауызекі  тілдің  элементтері  қолданылуы  м‰м-
кін», -  деп ескертеді Сейілбек Мұхамежарұлы 
Исаев. «Әрине,  олар  көркем  шығармада  өзін-
ше  өңделіп,  т‰рленіп,  орнын  тауып,  белгілі 
мақсатпен жұмсалады»[3, 95]. 
Халық тілінің байлығы – ұшан-теңіз. Оның 
барлығын  біліп,  меңгеріп  алу,  әнгіменің  шы-
нын  айтқанда,  ешбір  адамның  қолынан  келе 
бермейді. Әр халықтың, қандай болса да, жеке 
бір  өкілі  (со  халықтың  ұлы)  өз  тілінің  сөздік 
қоры  мен  сөздік  құрамын  ешуақытта  жете 
біліп, т‰гел меңгеріп кетк алмайды. Әр тілдің 
лексикалық  байлығы – бойлай  алмайтын 
телегей теңіз. Ол теңізге еркін ж‰зуге болады, 
бірақ оны шет-пұшпақтан қана, айнала ж‰ріп, 
аз-аздап  бйлап  меңгеру  керке  болады,  т‰бе-
гейлі, т‰гелдей билеп алу м‰мкін емес. 
Бұл  айтылып  отырған  пікір  мен  болжам-
дардың, тоқтам мен тұжырымдардың өміршең 
екендігін  төменде  біз  келтіретің  мысалдар  да 
белгілі бір дәрежеде дәлелдей алады. 
Кірме сөздер,  дәлірек айтқанда, араб-пар-
сы  сөздері  т‰ркі  тілдерінің  сөздік  құрамына 
ертеден бастап ене бастаған. Олар XI ғасырда 
жазылған  «Құтадғу  біліктің»  тілінен  де,  сол 
кезенде д‰ниеге келген Қожа Ахмед Йассауи-
дің  шығармаларынаң  да, XII ғасырда  туып, 
тараған  Ахмед  Й‰гінекидің  еңбегінен  де,  т.б. 
тарихи  туындылардың  тілінен  де  табылады. 
Тек қана Махмуд Қашқаридың сөздігінде олар 
ұшырмайды, өйткені автор өз шығармасының 
тілі қалың қауым-көпшілік оқушыға барынша 
т‰сінікті  болуы  ‰шін  бөгде  сөздерді  әдейі 
есепке  алмаған.  Автор  өзі  солай  деп  жазады, 
«мен,  бірақ,  оқушылардың  пайдалану  мәсе-
лесінен  көздедім.  Мен  к‰нделікті  қолдануда 
ж‰рген  сөздерді  бердім,  қолданудан  шығып 
қалған сөздерді алмадым», - деп жазады. 
Кірме  сөздер  әр  тілге,  көбінесе,  ауызекі 
сөйлеу тілі арқылы енеді. Жазба тіл, кітаби тіл 
арқылы келуі де ғажап емес. Ел аралап, халық 
тілінің  материалдарын  тірнектеп  теріп,  қада-
ғалап  жинап,  сұрыптап  алғанда.  М.Қашқари 
кірме  сөздерді  көре  көзге  екерусіз  қалдырып 
отырған.  Ондай  қор – жұтаң  емес,  с‰белі  де 
с‰йкімді.  Көп  сөздер  қолтума  туындылар 
сияқты  сіңісіп  кетті.  Жоғарыда  айтылып  өт-
кендей, әдеби тілге де, көркем әдебиет тәләне 
де барынша бойлап, ен жайлап келеді. 
Кірме  сөздер  халық  тілінің  сан-саналы, 
қат-қабат  өмірін  т‰гелдей  қамтиды  десек  те 
болады.  Олар  жұмсалмайтын  сала – шамалы-
ақ, кездеспейтін аясы – өте тар. Кірме сөздер-
дің  семантикалық  өрісі – кең,  стильдік  м‰м-
кіншіліктері – мол, икемділік қасиеттері – же-
терлік.  Олар  тілге  сыналап  кіріп,  сынаптай 
сырғиды,  көзін  тауып,  иінін  келтіріп,  тастай 
батады,  судай  сеңеді.  Сондықтан  да  олар  тіл-
ден тілге көшіп ж‰реді, әр тілдің сөздік қоры-
нан  өзіне  ғана  тән  орнын («нишасын»)  таба 
біледі. Сонысымен қажет те, қастерлі де.   Се-
мантикалық мағынасына қарай ең көп тараған 
сөздер,  бұл  адам  өмірінің  рухани  тұрмысың 
білдіретін, көбінесе абстракциялық ұғым бере-
тін  лексемалар  болып  келеді.  Енді  біз  солар-
дың бағзы бір т‰рлерін мысалға келтірелік. 
Барақат.  Д.Досжан  шығармаларында  бы-
лай  қолданылады: «Бұрын  ойлайтын: «қиян 
т‰кпірдегі  қыстаудан  аттап  шықпай,  Қызыл-
құмнан  өзге  д‰ниені  білмеі – көрмей  бұл 
жарық  д‰ниеден  өтетін  шығармын», - деп, 
«Құм адамды болудан артық барақат жоқ» деп 
[4, 28]. Н.Д.  Оңдасыновтың  зерттеулері 
бойынша,  бұл  араб  тіліндегі  барақатун  деген 
сөз.  Мағынасы – «раққатың,  көктің  жарыл-
қауы,  сый  тартуы» (ауыспалы  мағынасы – 
«к‰т»,  молшылық,  бақыт)».  Қазіргі  қазақ  ті-
лінде  береке,  берекет,  берекетсіз,  мереке, 
мерекесіз, берекесіздену, берекесізденіп, бере-
кесіздік,  берекелесу,  мерекелеу,  береке – құт, 
берекелі, мерекелі, берекелік, мерекелік, бере-
келілік,  берекелірек  деп  айтыла  береді. 40 
мыңнан  астам  сөзді  қамтитын  «Қазақ  тілінің 
орфографиялық  сөздігінде» (1978) осы  сөздің 
береке  мен  мереке  деген  тұлғалары  бар  да, 
барақат  формасы  жоқ.  Бұл  форма  орысша 
«благословение,  благодать,  небесный  дар» 
деген мағына береді». Аталып отырған сөздің 
лексикалық  және  семантикалық  мән – мағы-
насы  о  бастан-ақ  беретін  өзінің  ұғымына  сай 
келеді: «Аяпбердінің  кейінгі  кезде  әсіте  то-
зып,  ж‰деп,  ж‰йкелеп  ж‰ргенінің  кінәсі  осы-
нау  қиын  бейнет,  құм  жыланы,  бір  емес,  екі 
емес,айлап,  жылдап  қайталап  келе  беретін 
барақатсыз, бейқұт тірлік мапары екеніне осы 
мезет анық көз жеткізді». 
Уақап. «Ал,  сау  болындар!...Ал,  малға 
уақап болындар!...» деп, соңында көзі боталап 
қалып бара жатқан Зейнелді құшып, с‰юді де 
білмей,  зоотехниктің  жаман  газигіне  с‰ңгіп, 
секілдеп кете барыпты. Жоғарыда көрсетілген 
«Арабша – қазақша  т‰сіндірме  сөздіктің»  

246                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
материалдары бойынша уақап сөзі араб тілін-
дегі  уақифун  сөзімен  ұялас  екен.  Ол  «бақы-
лаушы,  қараушы»  деген  мағына  береді.  Қа-
зіргі  араб  тілінде  бұл  сөз  «ограждение,  пред-
охранение,  охрана,  защита»  деген  ұғым  бе-
реді.  Ол  Д.Досжан  келтіріп  отырған  сөздің 
мән-жайына сәйкес қолданады: «Директордың 
жан  тері  шығып,  с‰ймектеп,  сыртқа  құр  қау-
қары  шықты. ‡нін  жұтып,  қырылдап  қалып-
ты.  Көзі  қанталап,  Аяпберкенге  төнеді. «Сен 
ана  малына  уақап  бол!» - дейді  естілер-естіл-
мес қылып сыбырлап-қырылдап». 
Пәс.  Әңгіме  болып  отырған  шығармалар-
дың  тілінде  жиі  кездеседі,  уақыт,  мезгіл,  мо-
мент  мағыналарын  береді: «Жас  келіншекті 
орта  жолда  опат  етіп  алмасақ  жарар  еді-ау 
деген санасында екіұдай ‰рей мен қауіп алма- 
кезек;  алдына  өңгеріп,  әлдилеп  алған  келін- 
шектің жанары пәс сайын шөлмектей ағарып, 
алыс  сағымдарға  ұмтылған  ұстамалы  ауруы 
бар  бақсыдай  әлденені  көмей  астынан  әлсіз-
деу  к‰бірлеп,  құшағынан  сусып  кете  беретін 
секілді».  Өзбек  тіліндей  жиі  қолданылады: 
пас-бир пас (разговорное – один момент, миг, 
мгновние).  Бұл  сөз  парсы  тілінен  ауысқан 
болу керек, онда ол уақыт , мезгіл мағынасын 
беруін бергенімен, дәл қазіргі қазақ тіліндегі-
дей  емес:  пәс  (после,  потом,  итак,  следова-
тельно). Әрине, бір тіл мен екінші тілдің ара-
сында  ауыс-т‰йіс  араласып  ж‰рген  сөздердің  
мағынасы  барынша  тұрақты  болып  қалуы 
міндетті  емес.  Олар  әр  халықтың  талап-тіле-
гіне,  қолдану  орайына,  жұмсалу  иініне  қарай 
азды-көпті  жаңа  мағына  алып,  өзіндік  ұғым  
 
ньюанстарын  өзгертіп  отырады.  Ауысып  кел-
ген  сөз  ендігі  жерде  туған  тілінің  лексемасы 
ғана емес, келген (кірген) тілдің белді бір эле-
менті  болып  қызмет  атқаруға  тиісті,  сонда 
барып ол сіңісіп кете алды. 
 Қазіргі  қазақ  тілінде  осы  іпеттес  тағы  бір 
сөзі бар: «пәс (п. пәст) – нас, аласа, төмен, па-
сық,  жаман,  кем,  арамза  (низкий,  невысокий, 
малый,  плохой,  пошлый,  подлый,  грязный)». 
Бұл  да – парсы  тілінің  пәст  (низкий,  подлый, 
презренный)  деген  сөзімен  өзектес.  Парсы 
тіліндегі  пәстке  қарағанда  қазақ  тіліндегі  пәс 
сөзінің  семантикалық  өрісі  кеңейген  тәрізді 
(парсы  тілінде  жоғарыда  көрсетілген  «нас, 
аласа,  төмен,  невысокий,  малый»  деген  сияқ-
ты мағыналар сезілмейді). 
Кірме  сөздердің  әдеби  тілге  еңуге  барын-
ша бейім тұратын бір себебі – олардың әдеби 
тілде  тиісті  баламалары  бола  бермейтінінде. 
Егер  де  әдеби  тілде  олардың  баламалары  бар 
бола қалса, олар халық тіліне еңбеген де болар 
еді, өйткені халық тілі сол баламаларды әдеби 
тілдең алып пайдалана берер еді. Халық тілін-
де  де,  әдеби  тілде  де  қажетті  кірме  сөздердің 
орны  «қаңсып  бос  тұрғандықтан»,  олар  сол 
орынды толтыру ‰шін ауысып келеді.  
______________ 
1.  Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілдің тарихы (XV – XIX 
ғасырлар). Алматы, 1993.  
2.  Жанпейісов  Е.  Қазақ  прозасының  тілі  (Октябрь 
алды және 20 – 30 жылдар) Алматы, 1968.  
3.  Досжанов  Д.  Жолбарыстың  с‰рлеуі.  Повестер.  Ал-
маты, 1984.  
4.  Ондасынов  Н.  Д.  Арабша-қазақша  т‰сіндірме  сөз-
дік. Алматы, 1984. 1-том.  
 
Ж. Т. Исаева, А. Е. Таттибаева 
Особенности употребления ряда лексических единиц в языке художественных произведений 
 
В статье рассматриваются особенности употребления ряда лексических единиц с точки зрения того, что «самым 
основным факторам обогащения литературного языка является язык художественных произведений».  
 
J.T. Isaeva, A.E.  Tattibaeva 
Features of using a number of lexical items in the language of art works 
 
This article discusses the use of several features of the lexical unit according to "the most fundamental factors of 
enrichment of the literary language are the language of fiction." 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          247 
 
Ж. Көпбаева, 
филология ғылымдарының кандидаты 
 
МӘТІННІҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ  
РЕТІНДЕ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
 
Адам    психикасы,  оның  құпиясы  мен  мол 
табиғаты,  естелік  және  ессіздік  сияқты  т.б. 
психологиялық  философия,  психология  және 
әдебиеттану ғалымдарында жан талдау тәсілін 
тудырып,  адам  мәселесін  тереңдей  зерттеуге 
ден қоя бастады.  
Көркем  мәтіндер  әрт‰рлі  болуына  байла-
нысты  оларға бір жақты мінездеме беру – өте 
к‰рделі  мәселе.  Мысалы,  ғылыми  мәтіндерде 
белгілі  бір  теорияның  қорытындысы,  т‰йіні 
берілсе,  көркем  мәтіндер  т‰йсік  пен  эмоция-
ның  көмегі  арқылы  адамның  сезіміне  әсер 
етуге бағытталады. 
Көркем  әдеби  шығарманың  мазмұны  өнер 
әлемін  танып  қоюмен  ғана  шектелмейді.  Со-
нымен  бірге,  ішкі  жан  д‰ниенің  сарайына, 
сезім әлеміне өзгерістер ендіріп, қабылданған 
ақпарат  ми  жадында  сарапталады.  Жалпы, 
адамзат  жаратылғаннан  бері  өзін-өзі  тануға 
деген талпынысы толастаған емес. Адам бала-
сында  болатын  табиғи,  биологиялық,  физика-
лық, психологиялық,  сезімдік  құбылыстарды 
әр ғылым өз саласы бойынша зерттейді. Осы-
лардың  ішінде  әдебиет  «адамтану»  ғылымы 
деп  есептеліп,  адамзаттың  «с‰ю,  к‰ю  ‰шін, 
азап  шегу  ‰шін  жаралған»  жұмбаққа  толы 
әлемін  жан-жақты  зерттейтін  пән  ретінде 
танылады [1,192]. 
Көркем  шығарма  дәлдігі – адамның  ішкі 
әлемінің,  құпия-қалтарыстарының  нақты  бей-
нелеуінде.  Демек,  кейіпкердің  ішкі  және  ру-
хани  әлемін,  іс-әрекетінің  себеп-салдарын 
көркемдік тұрғыда зерделей зерттеп, жан-жақ-
ты  тілдік  талдаулар  жасағанда  ғана  мәтінді  
психолингвистикалық  тұрғыда  бағалауға  бо-
лады. 
Мәтінді  қабылдау  арқылы  оқырман  өзінің 
парасаты  мен  эмоциялық  жігерлі  қасиеттерін 
дамытып, өзіндік эстетикалық, этикалық пози-
цияларын айқындай т‰седі. Ойлауға, сезінуге, 
толғануға тән қасиеттерін жетілдіреді. Осыған 
байланысты  орыс  ғалымдары  көркем  мәтінің 
психологиялық  жағына  баса  назар  аударып, 
ерте  кезден  бастап  зерттеу  нысандарына  ай-
налдырған. Жалпы, орыс тіл біліміндегі мәтін-
нің көркемдік айшықтарын психолингвистика  
 
 
тұрғысынан бағалауға көптеген ғалымдар   ең-
бек  етті.  Олар  көркем  мәтінді  лингвистика 
және психикалық жақтан ғылыми т‰рде зерт-
теудің  қажеттілігін  т‰сінді.  Демек,  психолин-
гвистиканың    негізгі  қызметі - адамның  сөй-
леу  механизимінің  құрылысы  мен  әрекетін  
белгілі бір  мөлшердегі тіл құрылысының көз-
қарасы негізінде қарастыру. Сондай-ақ психо-
лингистикада  қабылдаудың  рецепторлық  ере-
жесіне  с‰йене  отырып,  сөйлеушінің    қабыл-
дауымен  бірге,  ақпараттың  миға  «құйылуы-
ның»  бір  жақты  процесі  ретінде  зерделеген. 
Орыс  ғалымдары  рецепторлық  теорияға  тиі-
сінше  сөйлемнің  қабылдауын,  атап  айтқанда, 
сөйлеуді  қозғайтын  сөздің,  дыбыстың,  буын-
ның міндетін іске асыратын белсенді динами-
калық  процесс  ретінде  анықтаған.  Ғылым  са-
ласының  обьектісі  туралы  орыс  ғалымы 
А.А.Леонтьев: «Психолингвистика-тіл  құры-
лымы  мен  тіл  қабілетінің  арасындағы    қаты-
нас, оның тақырыбы болып табылады. Сөйлеу 
әрекеті - тұтас  сөйлеу  механизмін,  нақты 
психолингвистикалық  ‰йлесімділікті,  сөйлем 
құрамындағы  ойды,  логиканың  қатысуын  қа-
растырды», - деп  тұжырым  жасаса [2,21], 
Д.Слобин «Психика тілді  игерудің  және оны 
қолданудың  негізінде  жататын  ойлау  проце-
сін зерттеуде психология мен лингвистиканың 
рөлі ерекше», - деп көрсетеді [3,87].Олай бол-
са,  психолингвистика  сөйлемдердің  туып,  қа-
лыптасып,  қабылдауын  негізге  алады.  Демек, 
лингвистика  мен  психологияның  ортақ  пәні-
тіл  ж‰йесі  болып  табылады.  Ал  тіл  –матема-
тикалық  теория,  яғни  ақпараттың  базалық 
көзі. Ендеше көру, сезу м‰шесі арқылы қабыл-
даушы  алынған  ақпартты  ми  жадында  сарап-
тайды.  Ол  декодтау  процесі  арқылы  ж‰зеге 
асады[3,112]. Бұл ‰рдісті  А.А.Леонтьев «сөй-
лесім әрекеті» деп атап, қатынас жасау, ойды 
сыртқа  шығару құралы деп есептеген [2;92]. 
Психологиялық  мәселер  жөніндегі    ойлар 
мен анализдердің м‰мкіндігі ғылыми  негізін-
де  ж‰ргізілген  зерттеу  тәжірбиелерінің  нәти-
жесі  көркем  мәтінді қабылдауға,  т‰сінуге,  се-
зінуге,  сонымен  қатар,  сөйлеу  ж‰йесінің  тео-
риялық  тұрғыда  қалыптасқандығын  көрсетті.  

248                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Алайда,  бұл  ғылым  саласының  тарихы  одақ 
көлемі  мен  шет  елдерде  ғана  арнайы  зертте-
ліп,  көлемі  теориялық  проблемелар  мен  әдіс-
намалық  арналары  жайында  іргелі  талдау- 
лар жасалып,  көптеген еңбектер жарық көрді. 
Олар  белгілі  орыс  ғалымдарының  психолог-
тары  (Л.С.Выготский,  А.А.Леонтьев,  А.Р.Лу-
рия,  С.Л.Рубенштейн,  т.б.)  мен  лингвистері- 
нің    (И.А.Бодэн  де  Куртене,  А.А.Потебня, 
Л.В.Щерба)  еңбектеріндегі  алғашқы  ойлар-
мен,  пікірлермен,  тұжырымдармен  толығып, 
кемелдене  т‰сті.  Кеңес  еліндегі  зерттеу  жұ-
мыстарының  қорытындысы  психологиялық 
негіздер  мен  лингвистикалық  ойларды  тоғыс-
тырды. Мәселен, орыс ғалымдары С.Ф.Занько 
мен  Л.А.Андрееваның    «Лингвистика  және 
психолингвистика» деген   еңбегінде жете қа-
растырылады.  Сонымен  бірге,  А.А.Зальев-
скаяның  «Психолингистикаға  кіріспе»,  В.П.Бе-
ляниннің  «Көркем  мәтіннің  психолингвисти-
калық  аспектісі»,  т.б.  ғалымдардың  еңбектері 
жарық көре бастады. Аталған еңбектерде: 
-  мәтінді  қабылдау,  сезіну  бір  деңгейдегі 
процесс еместігі  анықталады; 
-  мәтінді  қабылдау  барысында  сезімге 
берілген  эмоционалды  нәзік  иірімдер  қасиеті, 
терең ой-толғамдар көрінісі мен сөйлеу ж‰йе-
сінің элементтері көрініс тапты.  
Ғалымдардың  ж‰ргізген  экспериментальді 
зерттеулері нәтижесі Ю. А. Сорокиннің «Пси-
холингвистические  аспекты  изучения  текста» 
атты  еңбегінде  ж‰зеге  асты.  Онда  мәтінді  қа-
былдау  процесінің  белгісі  ретінде  реципиент-
тің  ой-санасында  қабылданған,  сана  арқылы 
сараланған  мәтіндегі  субьектілік  көзқарастар-
мен, көбіне автор ойына қайшы келетін  көрі-
ністерді  сипаттаған.  Сондай-ақ  мәтінді  қа-
былдау  процесінде  болатын  психологиялық, 
физиологиялық  белгілерді  анықтады.  Ол  бір 
ғана  мәтінді  қабылдау  процесінде  әр  реци-
пиенттің өзіндік ерекшелігін, ойлау дәрежесін 
зерттеуге м‰мкіндік береді. [4,198] 
Осы зерттеу еңбектерімен қоса, В.П. Беля-
ниннің «Психолингвистическое аспекты худо-
жественного  текста»  деп  аталатын  жұмысын-
да мәтіннің құрылымына талдаулар мен қоры-
тындылар  ж‰ргізіліп,  мәтіннің  оқырманға  ти-
гізер  әсері  мен  қабылдау  әрекетінің  ерекше-
ліктері  анықталған.  Автор  көркем  шығарма-
лардан  ‰зінділер  көрете  отырып,  мәтіндердің 
әрқайсысы  белгілі  бір  эмоциялық  мағынада 
болады.  Негізгі  мақсат – мәтіннің  психолин-
гвистикалық  доминант  қызметіндегі  сипаты 
мен  оқырманның  мәтінге  берген  өз  бағасын, 
пікірін, қыбылдауындағы ерекшелігін, таным-
т‰сінігін айқындау екендігін көрсетеді. [5;98] 
Мәтіннің  өзіндік  ерекшеліктерін  екшелеу 
М.В.  Аралов,  А.А.  Поликарпов,  М.А.  Мору-
сенко,  Ю.А.  Тулдаева  еңбектерінен  көрініс 
тапты. Бұл жұмыстарда көркем мәтіннің жаңа 
қырлары  айқындала  т‰сті.  Яғни  белгілі  бір 
шығарманы  специорикалық  тұрғыда  анықтау  
аздық етті. Оның аса к‰рделі әрі көп қатпарлы 
сырларына  психологиялық  жағынан  баға 
берілуі  жетіспей  жатты.  Сондықтан  да  зерт-
теуші  ғалымдар  көркем  мәтіндегі  лингвисти-
калық  зерттеулердің  қатарына  тек  тілдік 
тұрғыда ж‰ргізілген талдаулармен шектелмей, 
оған  қоса  қажетті  деңгейде  психологиялық 
негізде  қарастыру,  бағалау  қажеттілігі  туын-
дады.  Демек,  орыс  ғалымдарының  зерттеу 
нәтижелерінде  тек  бір  психология  ғылымы-
ның  адамның  ішкі  және  жан  д‰ниесіндегі  
қалыптасу  әрекеті  айқындалса,  бұл  құбылыс 
та  мәтін  табиғатынан  көрініс  тапты.  Яғни 
мәтінге  ж‰ргізілген  лингвистикалық  және 
психологиялық  зерттеулер  адамның  ойлау 
қабілетін  дамытты.  Қарым-қатынас  құралы 
бола алды, мәдени қалыптың мән-мағынасын, 
тіпті жекелеген дара тұлғаның психологиялық 
жай-к‰йін бере алды.  
Шығарманың повесть, әңгіме, роман тәріз-
ді  т‰рлі  жанрлық  ерекшеліктері  олардың  кө-
лемімен  тығыз  байланысты.  Кең  көлемді  шы-
ғармалардың  көркемдік  ерекшеліктері  де  мә-
тіндермен  салыстырғанда  тақырыбы,  идеясы, 
образдар  ж‰йесі  мен  эстетикалық  құрылымы 
к‰рделі.  Ал  қысқа  мазмұнды  мәтіндерді  т‰-
сіну,  қабылдау  роман  тәрізді  көркем  шығар-
малармен  салыстырғанда  өзгеше.  Көркем  мә-
тінде  эмоция  басым  болса,  ғылыми  аннота-
циялық  мәтіндерде  ол  аз,  жұмсалу  аясы  тар. 
Сондықтан да оқырман т‰рлі мәтіндерді оқып 
танысқанда т‰рлі психологиялық  өзгерістерге 
т‰седі.  Ендеше  шығарма  тілін  жете  қабыл-
дауда, бағалауда, психолингвистикалық негіз-
де  зерделеуде  оның  жанрлық    ерекшелігі  де 
әсер етеді. Бұл жөнінде ғалым Л.В. Щерба да 
көркем  мәтіннің  көптеген  нұсқада  жұмсалу 
м‰мкіндігін  айтқан [6, 145]. Сондықтан  да 
оның  жете  бағалау,  құрылымның  ерекшелігін 
кеңінен  т‰сінуді  шеберліктің  биік  шыңы  деп 
бағалаған.  Алайда  Л.В.  Щербаның  маңызды 
бақылауы  мен  көркем  мәтін  тілін  қабылдау 
әдісі  өз  кезінде  зерттеу  аясын  таппады.  Бірақ 
ғалым  ұсынған  зерттеу  әдісі  мәтінді  теория-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          249 
 
лық және психологиялық тұрғыда бағалаудың 
‰здік ‰лгісі еді.  
Көркем  мәтінді  психолингвистикалық  не-
гізде  қарастырудың  ерекшелігі  ондағы  коре-
ляциялық  элементтердің  көрінісі  мен  автор-
дың  жеке  т‰сінігі  өзара  тығыз  байланыста 
қаралады.  Сөйтіп,  көркем  мәтіннің  тілдік  та-
биғаты  автордың  жеке  таным  т‰сінігіне  ай-
налады.  Бұл  жөнінде  Г.О.  Винокур  көркем 
мәтіндегі  автордың  өзіндік  тұлғасын  қайта 
қарау  м‰мкіндігін  тілдік  талдаулар  көмегі- 
мен  жазушы  тілін  зерттеу  мақсатында  оның  
«ішкі әлемін», «жан-д‰ниесін» тануға болады. 
Ғалымның  пікірінше,  бұл  м‰мкіндікті  мәтін 
тілін  тыңдарман  мен  оқырман  терең  т‰сініп 
қана қоймайды, оны қабылдауға, сезінуге  бо-
лады деген тұжырым жасайды. [7;210] 
Жалпы  мәтіндегі  таным-т‰сінік  ж‰йелі 
т‰рде  орталық  ж‰йке  ж‰йесіне,  миға  тікелей 
бағынышты.  Көркем  мәтіндерде  болатын  се-
зім  толғаныстары  б‰кіл  денені  билеп,  адам 
кейпін    ерекше    әсерге  бөлейді.  Барша  дене 
қызметінің басын бір сәтте біріктіруімен сезім 
өздігінен организмге пайдалы не зиянды әсер- 
 
дің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сиг- 
нал әсері дененің жауап беру әрекеті  айқын-
далмай жатып та санаға  жетуі м‰мкін. Сезім-
нің  пайда  болуы  мен  қалыптасуына  ‰лкен  ми 
жарымшарлар  қабығы  маңызды  қызмет  ат-
қарады.  Жазушы  шағармада  ақиқат  өмірдің 
кез  келген  оқиғасын  емес,  тек  оның  өз  көңі-
ліне  жақын  келген,  ж‰регімен  сезілген  көрі-
ністерді  ғана  бейнелегендіктен  оқырманға 
әсер  етеді.  Мәтінге  эмоционалды-мағыналық 
реңк береді. Сондықтан да мәтіннің психолин-
гвистикалық  зерттеу  нысаны  ретінде  әр  қилы 
ерекшеліктер байқалады.  
_____________ 
1.  Аймауытов Ж.  Бес томдық шығармадар жинағы.  
IV Том. Психология. – Алматы, Ғылым. 1998.-448 б.  
2.  Леонтев  А.  А.  Языкознания  и  психология.  М:  Наука, 
1997-118 с.  
3.  Слобин  Д.,  Грин  Дж.  Психолингвистика. –М:  Про-
гресс, 1976-350 с.  
4.  Сорокин  Ю.  А.  Психолингвистические  аспекты 
изучения текста. – М: Наука, 1985-245с. 
5.  Белянин В.П. Психолингвистические аспекты худо-
жественного текста. М: Мосунов, 1988.-218 с. 
6. 
Щерба  Л.В.  Языковая  система  и  речевая  деятель-
ность.-Л: Наука, 1974-428 с.
   
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет