Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет41/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61

 
 
Ергубекова Жанат. Гиперболическое описание этно-культурного концепта «батыр» 
 
В статье говорится о фольклорном ономастическом пространстве; определяются параметры собственных имен в 
художественном (фольклорном) тексте; анализируются категории, разновидности, особенности тех собственных имен. 
 
Ergubekova Janat. The hyperbolic description of ethno-cultural concept of "batyr" 
 
In the article it’s said about folklore onomastic area; the forms of Proper Names in the literary text are determined and 
the categories, varieties, and peculiarities of Proper Names are analized. 
 
 
 
Б. Ж‰сіпова, 
ф.ғ.к., аға оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық  
қазақ-т‰рік университеті. ҚР Т‰ркістан қаласы, 
sokrat1988@list.ru
 
 
Т‡РКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ТІЛІНДЕГІ ТАҒАМ АТАУЛАРЫНА 
БАЙЛАНЫСТЫ СӨЗДЕР 
 
 
Лексикалық  ерекшеліктер  деп  отырғаны-
мыз  қазақ  әдеби  тілінде  кездесе  бермейтін, 
кездессе  де  тұлғалық  және  мағыналық  жағы-
нан  басқаша  қолданылатын  сөздер.  Сөйленіс-
тердегі лексикалық ерекшеліктердің кейбіреу- 
лері  тіліміздің  байырғы  белгілерінің  ізі  ретін- 
 
 
де  танылса,  кейбір  лексикалық  құбылыстар  
көрші  халықтар  тілінің  әсеріне  байланысты 
болады.  Қазақ  диалектологиясында  қалып-
тасқан  дәст‰р  бойынша,  тұрмыстың  әр  сала-
сына тән сөздерді бірнеше топқа бөліп қарас-
тырылған. Сол сияқты, Т‰ркістан тұрғындары 

238                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
тіліндегі  ерекшеліктерді  де  бірнеше  топқа 
бөліп  қарастыра  отырып,  бұл  мақалада  Т‰р-
кістан тұрғындары тіліндегі тағам атауларына 
байланысты  ерекшеліктерді  сөз  етпекпіз.  Ау-
қат – тамақ, ас. Ауқат алыңыздар! Ауқат істеп 
‰йде  отырамыз  ба?  Жергілікті  жерде  жалпы 
қазақ  тілінде  айтылатын  кеспе  көже,  к‰ріш 
көже,  бидай  көже,  арпа  көже  атауларының 
қолданылуымен бірге басқа өңірлерде кездесе 
бермейтін  мына  төмендегі  сөздерді  айтуға 
болады. Олар: Сұйықаш – сұйық тамақ, көже. 
Б‰гін жақсылап бір     сұйықаш  істеші  (Оранғ. 
Құш.). Ет сорпа – ет, картоптан жасалған сұйық 
тамақ т‰рі. Қара сорпа - піскен еттің қамыры 
салынбаған  сорпасы.  Қара  сорпаға  пияз,  нан 
турап  ішеді.  Қайнатпа  сорпа - ет  араласқан 
сұйық  тамақ,  сорпа.  Қайышаш – қамырын 
ұзын  етіп  кесіп  жасайтын  тағам,  кеспе.  Жау-
ған көже. 1. Ет, май қоспай пісірілетін тамақ. 
Қамырға  көк  жалбызды  турап  салып  илеп, 
оқтаумен  жайып,  шетінен  бармақпен  ‰зіп 
тастап  пісірілетін  тамақ.  Азанда  жауған  көже 
іше  сала  кеттік; 2. Сөктен,  тарыдан  жасалған 
көже. Жұлма көже – қамырды жайып, қолмен 
жұлып-жұлып  салып  жасаған  нан  көже.  Жұл-
ма  көжені  пышақ  тигізбей,  ауырып  жатқан 
адамға  арнап  жасайды.  Пышақ  тимей  жасал-
ған  жұлма  көже  жеңіл  болады  деп  есептейді. 
Белбайлы көже - ұнды қуырып, май, с‰т, сөк 
қосып жасайтын көже. Белбайлы көжені жаңа 
босанған әйелге, ‰лкен кісілерге береді. Теңге 
көже – қамырға жалбыз қосып илеп, төрт бұ-
рышты  етіп  кесіп  жасаған  тағам  т‰рі.  Б‰гін  
теңге көже жасаңдаршы, - деді енесі келініне.   
Мекей көже – ж‰геріден жасалған көже т‰рі. 
Кеспе көже – нанды жайып, жіңішкелеп кесіп 
жасаған тамақ. Жыл көже – наурыз көже. Ер-
нар,  ж‰рсей    ‰йге,  жыл  көже  ішейік.  Теңге  
жапырақ – қамырды оқтаумен қалыңдау етіп 
жайып,  төрт  бұрыштап  кесіп  жасаған  тамақ 
т‰рі.  С‰тк‰ріш – с‰т  пен  к‰ріштен  жасалған 
тағам т‰рі. С‰тк‰рішті жасағанда к‰рішті суға 
қайнатады.  Су  бойына  тартқанда  с‰т  құяды. 
Одан  соң  ‰стіне  сарымай  салады.  С‰тк‰ріш 
қою  болады.  Сырк‰ріш – к‰рішті  с‰тке  қай-
натып, бетіне май салған тамақ. Шәуле – етті 
майдалап  турап,  қуырып,  асығыста  к‰ріштен 
жасайтын  тағам  т‰рі.  Нан  салма – қамырды 
жайып, бетіне сарымайды к‰йдіріп құйып жа-
саған  тамақ.  Майқамыр – қамырды  жайып, 
суға пісіріп, қамыр ‰стіне өз алдына жеке пісі-
рілген картоп, ет т.б. майымен құйып жасаған 
тамақ.  Біздің  ауыл  көбінесе  майқамыр  жейді. 
Ханым – қамырды  жұқалап  жайып,  бетіне 
май жағып, ‰стіне туралған етті сеуіп, қамыр-
ды орап мәнті қазанға пісіретін тағам т‰рі. Б‰-
гін  ханым  тамақ  пісірейік.  Ара – тұра  ханым 
пісіріп  отырады.  Қайшаш – майқамыр.  Мен 
келсем, ‰йдегілер қайшаш жеп отыр екен. Ту-
рамыш – етті де, қамырды да ірілеу етіп тура-
ған ет. Тұшпара – пельмен, (өзб. чучвара). На-
рын – етін  де,  нанын  да  ұсақтап  турап  жаса-
ған  тағам  т‰рі.  Нарын  көбінесе  ауызашарда 
жасалады.  М‰йдің  деген  кісі  қонаққа  барған-
да,  нарын  беріпті.  Сонда:  Иқандық  берді  на-
рын,  Қалған,  құтқан  турап  барын.  Тойсаң  да, 
тоймасаң  да  осы  Шұрқырамай  жата  бер,  қа-
рын – Аумин,  аллау  акбар! – деп  бата  берген 
екен.  Ұстаған. 1. Тураған еттен бұрын беріле-
тін етті с‰йек. 2. Етті және жұқа нанды ұсақ-
тап турап, ‰стіне  сорпа құйып жасаған тамақ. 
Жақана - т‰ннен  қалған  кесек  ет.  Таңертең 
жақанамен  шай  іш.  Жұқпа  нан  –жұқа  жайы-
лып,  қатты  қыздырылған  қазанға  пісіреді. 
Жұқпа нан пісіргенде нанды жұқпалап жаяды 
да,  қатты  пісірмей – ақ,  ары – бері  аударыс-
тырып тұралы. Жұқпа нанды кейін турап с‰т-
ке  не  айранға  салып  жейді.  Ботқа – к‰ріштен 
жасалған қою тамақ. Быламық – ұнды қазанға 
қыздырып  алып  қойып,  қазанға  май  қызды-
рып, су құйып ‰стіне ұн салып пісірген тағам 
т‰рі.  Мұны  Қазақстанның  кей  жерлерінде 
атала  деп  атайды.  Мипалау. 1. Жамбастың 
майлы  етінен  жұқалап  турап  алып,  бауырды 
бір  қайнатып,  жұмсақ  т‰рінде  алады  да,  қой 
құйрығын ұсақтап, құс тіл қып турап жасаған 
тағам.  Мұндай  мипалауды  қоңырат,  арқа  қ-
азақтары  жасайды. 2. Қойдың  миын  алып, 
бастың құйқасын ұсақтап турап жасаған т‰рі. 
Бұқтырма – тағам  т‰рі.  Әжем  ‰йі  қой  сойып 
еді, жеңгем жас еттен бұқтырма жасады. Жы-
лытпа. 1. Кешеден,  өткен  к‰ннен  қалған  ас. 
Мен  барғанда  ол  жылытпа  ішіп  отыр  екен. 2. 
Жеңіл – желпі тамақ т‰рі. Кешке бір жылытпа 
істей  сал.  Шегілген  ет – еттің  майдалануы, 
ұсақтап  тураған  ет.  Ханым  жасағанда,  жұқа-
лап жайған қамырға май жағып, шегілген етті 
сеуіп, қамырды орап жасайды. Шекпе қамыр - 
шегілген етті өз алдына суға пісіріп алған қа-
мырдың  ‰стіне  кесіп  жасайтын  қамыр  тамақ. 
Ашытпа – бидай,  ж‰гері,  к‰ріш  т.б.  ашытып 
жасаған  сусын.  Ежігей – құрт  пен  ірімшік 
қоспасынеан жасалған құрт. Шалап – айранға 
су құйып жасаған сусын. Шөлдегенде  ішетін 
шалап жасағанда айранға су қосып қырық бір 
рет  сапырады.  Сұйық  айран – айранды  пісіп, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          239 
 
майын  алғаннан  кейінгі  айран.  Қамыр – етке 
салатын  нан.  Апам  еттің  қамырын  тегіс  етіп 
жаяды.  
Қазақ  тілінің  сөйленістерінде  бұл  сөздің  
жайма нан, құлақ нан  (Көкш.), шелпек (Сем., 
Ш.Қаз.),  іңкәл  (Орал),  кісе  нан,  қамыс  нан 
(Т‰ркм.,  Гур.)  тәрізді  баламалары  бар.  Өзбек 
тілінде – хамыр  (узб. – рус.сл. 497, қырғыз 
тілінде – қамыр (кирг. – рус.сл. 319). Зуала – 
жаю  ‰шін  немесе  нан  пісіруге  дайындаған  
қамыр  бөлегі,  т‰ркменше – зувала  (т‰ркм. – 
рус.сл.), өзбекше – зувала (узб.- рус.сл.), қара-
қалпақша – зууала (карак. – рус. сл.). 
Қызылдәрі – қызыл  бұрыш.  Пиалаға 
жылы к‰л салып, ұш жеріне қызылдәрі салып, 
ішке  басады.  Келімдәрі – қызыл  бұрыш. 
Тамақтың келімдәрісі көп қосылып кетіпті. 
Қамбая // қампия – нан ашытқы. Қамбая-
мен  ашыған  наннан  ‰зіп  алып,  ұнға  салып 
қояды.  Таба  нан – табаға  пісірген  нан.  Тан-
дыр нан – тандырға пісірген нан. Қазан жап-
па – ашытып қазанға пісірген нан. Қазан жап-
па  жұмсақ  болады.  Көмеш – табаға  пісірген 
нан.  К‰л  көмеш  шоққа,  қоза – паяға  көміп 
пісіген нан. Пәтір – ашытпай пісірген нан. Пә-
тірді    қазанға  да,  тандырға  да  жабады.  Қара-
қалпақ  тілінде  пәтир  деп  ашытпай  жапқан 
нанды  да  айтады  (карак. – рус.сл. 1958), өз-
бекше – патир (узб. – рус. сл. 1959, 322), қыр-
ғызша – патир (кирг. – рус.сл. 1965)). 
Қаттама – қабаттап  пісірген  нанның  бір 
т‰рі. Қаттаманы нанды ‰лкен етіп жайып, ара-
сына май жағып, орап плитаға табаны қызды-
рып пісіреді. 
Шелпек – майға  пісірген  нан.  Тоқаш. 1. 
Бауырсақ,  қазір  тоқаш  пісіреміз; 2. Шиыр-
шықтап  дөңгелектеп  кескен  бауырсақ  т‰рі. 
Бармақ бауырсақ – бармақтай – бармақтай етіп 
кесіп  жасаған  бауырсақ  т‰рі.  Б‰кпе  бауырсақ  
-  арасына  бір  нәрсе    (ет  т.б.)  салып  пісірген 
бауырсақ  т‰рі.  Ши  бауырсақ – жіңішке  етіп 
кескен бауырсақ т‰рі. Ши бауырсақты майда-
лап кесіп пісіреді. 
Қиғаш  бауырсақ – қиғаштап кесіп жасаған 
бауырсақ т‰рі. 
К‰лше – нанның  кішкенесі.  Базарк‰л  бал-
дарға арнап к‰лше жауыпты. 
Қатырма – нанды  дөңгелентіп,  өте  жұқа 
етіп жайып, қазанды баппен қыздырып, соған 
пісіргшен  нан. Қатырма жасағанда қызып тұр-
ған қазанға нанды салып, одан соң екінші бе-
тіне аударып пісіреді. Қатырманы ораза кезін-
де  көп  дайындайды.  Оны  ыстық  с‰тке  салып 
жейді. Қатырма тоқ тамақ болып есептеледі. 
Қамыр  жаю – нан  жаю.  Қамыр  жайып 
отыр едім, олар ‰йге кіріп келді. 
Зағара – ж‰геріден жасалған нан. 
Сумай // пісте  май – өсімдік  майы.  Базар-
дан сумай ала келші. 
Пәміл шәй – таза ‰нді шәйі. Пәміл шәйден 
сатып ал. ‡ндінің пәміл шәйін ішіп, шөліміз бір 
қанды – ау. Шырағым, пәміл шәйден демдеші. 
Сыр  шәй – с‰т  қосқан  шәй.  Атамыз  сыр 
шәйді жақсы көретін еді. 
Кебек – ұнды елегенде қалған ірісі. Ұрпақ 
– жайылған қамыр бетіне себілетін ұн. Әлеп - 
кебеп, ұрпақ. 
Қымыран – шұбат. Қымыран бабында екен. 
Шикі қаймақ – шикі с‰т беті, кілегей. Кіле-
гей  сөзі  бұл  жерде  сирек  айтылады.  Қаймақ.  
1. Шикі с‰т беті 2. Пісірген с‰т беті. 
Піскен  айран – айранды  к‰біге  құйып, 
пісіп  майын  алған  айран.  Піскен  айранды 
ысытып, с‰збе дорбаға құй. (Оранғ.). 
Ілмек – с‰ттің бетіндегі қаймағы. Б‰гін іл-
мек қою тұрыпты. 
Ақта – с‰тті  қарынға  құйып,  к‰‰ннің  қы-
зуымен ұйытылған айран. 
Сықпа құрт – қолмен сығып жасаған құрт 
т‰рі. Т‰йе құрт -  т‰йе с‰тінен жасалған құрт. 
Мәндір – қозы  уызының  ұлтабар  ішіндегі 
мәйегі. 
Сірне – ірімшіктің  сарысуынан  жасалған 
тағам.  Сірне  жасағанда  с‰тті  ‰лкен  қазанға 
жылытып,  қозы  уызының  мәйегін  тамызып 
ұйытады.  С‰т  айранға  айналғанда  қайнатады, 
одан  сарысуы  бөлінеді  де  аппақ  ірімшікке 
айналады.  Аппақ  ірімшің  көп  қайнаған  соң 
сарғаяды. Оны бөлек салып алып, қалған суды 
әбден қайнатады. Ол қою болып, т‰сі шоколад  
т‰сіндей  болады.  Осыны  сірне  дейді.  Сірнені 
сықпалапқояды. 
Тамыздық – ұйытқы.  С‰тке  тамыздықты 
сала салыңдар. 
Әсел – бал, араның балы. Біздің ‰йде әсел 
көп. Тәтті - қант. Майра базардан шәймен іше-
тін  тәтті  әкелді.  Келі  қант -  тұтас  қант,  бас 
қант. Шақпақ қант – қанттың жұдырықтай ке-
сектеу ірі т‰рі. Көк қант – ірі - ірі тұтас қант. 
Көк қант құрып кетті ғой қазір. 
Құмшекер – ұсақ қант. Кәмила апай шайға 
құмшекер  салып  сораптап,  өткен  к‰ндерін 
ойдан өткізіп отыр. 
Мәуе – шәуе – кәмпит, өрік, мейіз. Базарға 
барып ‰йге мәуе – шәуе ала қайтайық.  

240                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Тұқым – жұмыртқа.  Ши  бауырсақты  тұ- 
қымға  илеп,  майдалап  кесіп  жасайды.  Маған 
екі – ‰ш тұқым қуырып бер. 
Шәмбе//  сама – шәйдің  қайнатқаннан  соң 
қалғаны, самасы. Т‰ркістанда шәмбе деп атал-
са, Бабайқорғанда – сама. 
Қатырған  құмшекер. 1. Құмшекерді  еш-
нәрсе қоспай қазанды шай қыздырып ‰здіксіз 
араластырып  жасаған  т‰рі.  Қатырған  құмше-
кер  қызыл  т‰ске  айналады. 2. Құмшекерге 
аздап  су  қосып,  су  сарқылғанша  араласты- 
рып  жасаған  қатырған  құмшекер. 3. Құмше-
керге  с‰т  қосып,  араластырып  қатырған  құм-
шекер.  Қатырған  құмшекер  арасы  кеуек – 
кеуек  болады.  Қатырған  құмшекер  оңайлық-
пен сынбайды. 
Қорыта  келгенде,  бұл  келтірілген  сөздер 
тағам  атауларының  Т‰ркістан  тұрғындары  
тіліндегі  лексико – семантикалық  ерекшелік-
терінің  өзіндік  бір  көрінісі  болып  есептеледі. 
Бұл  ерекшеліктер  осы  өлкеден  шыққан  әде-
биет  қайраткерлерінің,  журналистерінің  тілі 
арқылы  кейбір  сөздер  жазба  әдебиетіміздің 
ортақ  д‰ниесіне  айналуы  м‰мкін.  Бұл,  әрине, 
тіл дамуындағы заңды тілдік құбылыстары. 
____________ 
1.  Нақысбеков  О.  Қазақ  тілінің  Оңт‰стік  говорлар 
тобы. А. 1982. 
2.  Сарыбаев  Ш.,  Нақысбеков  О.  Қазақ  тілінің  аймақ-
тық лексикасы. А. 1989 
3.  Аманжолов  С.  Вопросы  диалектологии  и  истории 
казахского языка. А. 1959 
4.  Досқараев Ж. Очерк о Южном диалекте казахского 
языка. А. 1996. 
 
Б. Жусупова 
Названия блюд в речи жителей Туркестана 
 
В статье рассматриваются семантические особенности названия блюд в речи жителей Туркестана. 
 
B. Zhusupova 
The names of dishes in Turkestan inhabitants’ speech 
 
This article deals with semantical peculiarities of the names of meals n the speech of inhabitants of Turkistan 
 
 
 
 
Н. Ильясова, 
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы,  Қазақстан 
 
СӨЙЛЕУ ҰҒЫМЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘНІ 
 
 
Сөйлеу – адамдарға  ғана  тән  қабілет. 
Б.Хасанұлы: «Адамға тілдік қабілет туа бітеді, 
сол  қабілеттің  арқасында  ол  биологиялық 
тіршілік  иесінен  әлеуметтік  тіршілік  иесіне 
айналады.  Адам  әлеуметтену  барысында  тіл- 
дік қабілетін жетілдіреді де, тілдік тұлғаға ай- 
налады» [1, 230 б.]  деп,  адамдарды  биоәлеу-
меттік  тіршілік  иесі  ретінде  таниды.  Тілдік 
қабілеттің  жетілуі  тілді  таныммен  сабақтас-
тыра зерттеуге, тіл арқылы адамды тануға, тіл 
мен  адамды  біртұтастықта  қарастыруға  арқау 
болып,  тіл  мен  тұлғаның,  тіл  мен  қоғамның 
өзара  әрекеттесуінен  қалыптасатын  мәдени-
әлеуметтік факторлардың  мәнін  ашады.  Дәлі-
рек  айтқанда,  адамдардың  тілдік  мәдениетін 
(немесе  тілді  қолданудағы  адамдардың  мәде-
ниеті) айқындауға м‰мкіндік береді.  
Тілдік  мәдениет  сөз  дұрыстығы,  тіл  таза-
лығы,  тіл  анықтығы,  тіл  дәлдігі,  тіл  көрнекі- 
 
лігі  (А.Байтұрсынұлы)  сияқты  нақты  кағида-
ларға с‰йенеді. Егер сөйлем құрамындағы сөз- 
дер  синтагмалық  қағидаларға  сай  дұрыс  бай-
ланысса,  сөйлеу  барысында  сөздердің  дұрыс 
қолданылғаны;  егер  «ана  тілдің  сөзін  басқа 
тілмен  шұбарламай,  басқа  тілден  сөз  тұтыну 
қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына ‰йір 
болған,  мағынасы  халыққа  т‰сінікті  сөздерді 
алу» (А.Байтұрсынұлы)  тұжырымын  ұстанақ, 
сөйлеу  барысында  тіл  тазалығы  сақталмақ; 
егер  «айтылған  лебіз  ашық  мағыналы,  т‰сі-
нуге  жеңіл,  көңілді  к‰діктендірмейтін  болса» 
(А.Байтұрсынұлы)  сөйлеу  кезінде  тіл  анық 
болмақ;  егер  сөйлеу  кезінде  айтылатын  ойға 
қатысты  сөздердің  ұғымы  дәл,  нақты  болып, 
сөз  семантикасына  сәйкес  жұмсалса,  сөйлеу 
барысында  тіл  дәлдігі  орын  алмақ;  егер  сөй-
леу барысында сөздер дұрыс, анық, дәл айты-
лып  қана  қоймай,  дерексіз  ұғымды  деректі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          241 
 
заттармен  салыстыра,  теңестіре,  шендестіре 
т.б.  айтса,  сөйлеу  барысында  тіл  көркем  бол-
мақ. Осы орайда, тіл мен сөйлеудің де арақа-
тынасын  айта  кету  орынды.  Т.  Қордабаев: 
«Тіл  мен  сөйлеу  бір-бірімен  айырылмастық 
бірлікте болатындарына қарамастан бұл екеуі-
нің  бірлігі  тепе-теңдік  бірлік  емес,  әрқайсы-
сының  өзіндік  ерекшеліктері  бар  диалектика-
лық бірлік. Тіл дегеннен оның құрамына ене-
тін  дыбыстарды,  сөздерді,  грамматикалық 
формалар  мен  ‰лгілерді  т‰сінеміз.  Тіл  дегені-
міз – сөйлеуге қажетті материалдардың жиын-
тығы.  Ф.де Соссюрше  айтқанда,  қоймасы.  Ал 
сөйлеу – сол  жансыз  материалдардың  өзара 
қарым-қатынасқа  келуі,  тілдің  қимыл  ‰стін-
дегі  к‰йі.  Тілдің  жаны,  тіршілігі – сөйлеуде. 
Сөйлеу  процесінде  тілдік  материалдар  жан-
данып,  өз  бойындағы  мағыналық  м‰мкіндік-
терін  жан-жақты  көрсете  алады.  Бірақ  сол 
м‰мкіндікті  әркім  өз  шама-шарқынша  пайда-
ланады:  біреулер  оның  ішіндегі  асылдарын 
іріктеп алып, оларды өз мақсаттарына лайық-
ты  тиісті  орындарына  қоя  білсе,  енді  біреу-
лерде  ондай  шеберлік,  дарындылық  болмай-
ды.  Осыдан  келеді  де  тіл  шұбарлығы,  тіл 
мәдениетсіздігі  пайда  болады,  қоғамдық  си-
патты тіл жеке адамдардың сөйлеу процесінде 
даралық сипатқа ие болады. Тіл мен сөйлеудің 
бір-бірінен  өзгешелігі  осында.  Тілге  жақсы, 
жаман,  мәдениетті,  мәдениетсіз  деген  сын 
ж‰рмейді. Осы  себептен  «тіл  мәдениеті»  деу-
ден гөрі «сөйлеу мәдениеті» деу мазмұнға сай 
келеді.  Бұл  айтылғандардан  тіл  мен  сөйлеу 
арасындағы бірлік пен өзгешелікті кеңірек, те-
реңірек  зерттей  т‰су  қажеттігі  байқалады», - 
дейді. [2, 118-119] Ғалым  атап  көрсеткендей, 
тіл – қоғамдық  сипаттағы  құбылыс,  сөйлеу 
жеке адамдарға тән даралық сипаттағы құбы-
лыс.  Тіл – д‰ниедегі  заттар  мен  құбылыстар-
дың мазмұны мен формасын қарастырып, тал-
дау  жасауға  м‰мкіндік  береді.  Дыбыстардың, 
сөздердің,  сөйлемдердің  таңбалық  белгісін, 
байланысу  жолдарын  айқындап,  белгілі  бір 
халықтың  дыбыстық  ж‰йесін,  сөздік  қорын, 
өзіндік  ерекшелігін  саралайтын  қоғамдық  құ-
былыс.  
Сөйлеу  адам  әрекетінің  құрамдас  бөлігі 
болғандықтан,  адамның  физиологиясымен, 
психологиямен,  ойлау  процесімен  байланы-
сады. Нәтижесінде адамдардың танымдық қа-
білетін,  тұлғалық  мәдениетін,  этностық  бол-
мысын,  ұлттық  психологиясын,  өмірлік  дағ-
дысын,  ішкі  толғанысын,  көңіл-к‰йін,  жан-
д‰ниесін дәйектейтін антропоөзекті категория 
ретінде  ерекшеленеді.  Сөйлеу  тілдің  мате-
риалдық  элементтері,  яғни  тіл  дыбыстары, 
сөз, сөйлем арқылы орындалады. Оларды айту 
мен  қабылдау  процесі  адамдардың  физиоло-
гиялық  қасиеті,  яғни  сөйлеу  м‰шелері  мен 
есту м‰шелері негізінде ж‰зеге асады. Сөйлеу 
м‰шелері  мен  есту  м‰шесі  қоршаған  д‰ние-
дегі құбылыстардың тікелей әсерінен болатын 
т‰йсіктер мен елестердің қызметі арқылы сөй-
леу  аппартының  іске  қосылуына  арқау  бо-
лады. Нәтижесінде адамдардың сөйлеуге қабі-
летті  екенін  білдіретін  сигналдар  ж‰йесі  ми 
қабығына  барып,  сөйлеу  органдарының  әр 
т‰рлі  қалыпта  жұмсалуына  м‰мкіндік  береді. 
Әрбір  дыбысты, сөзді, сөйлемді мәніне, мағы-
насына қарай өзінің сазымен  айта алуға жағ-
дай туғызады.  
Адамдардың сөйлеу әрекеті мен жан-қуат-
тарының  (психикалық  құбылыстар)  арасын-
дағы байланыстар сөйлеу процесі мен оны қа-
былдау  процесінің  арасындағы  тілдік  қарым-
қатынасты  анықтайды. «Тілдік  қатынас  сөй-
леу тілі арқылы ұғынысу, т‰сінісу дегенді біл-
діре  келіп, адамның екінші біреуге жеткізейін 
деген  ойын  жарыққа  шығаруды  көздейтін; 
қоғамның  дамуы  ‰шін  ең  қажетті  қоғамдық-
әлеуметтік  ақпараттардың  жиынтығы  арқылы 
адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдар 
қатынасының  т‰пқазығы  дегенді  білдіреді»- 
деген  Ф.Оразбаеваның  тұжырымы  негізінде 
сөйлеудің  мәні  адамдардың  бір-бірінің  ұғы-
нысуы, т‰сінісуі деп қорытуға болады. [3, 229-
230]. Адамдар бірін-бірі ұғу, т‰сіну ‰шін өзара 
пікіралысуы  қажет  екені  белгілі.  Пікір  алысу 
айтылған  сөзді  қабылдау,  оның  мағынасын 
т‰сіну процесі арқылы ж‰зеге асады. Сөзді қа-
былдау,  оның  мағынасын  т‰сіну – психоло-
гиялық  факт.  Оған  заттың  адам  санасында 
сақталған  атауы  арқау  болады.  Атаулардың 
санада  сақталуы  заттар  мен  құбылыстарды 
т‰сіну,  қабылдау,  елестету,  сезіну  сияқты 
амал-операциялардан тұратын психологиялық 
құбылыстар  негізінде  ж‰зеге  асып,  тіл  мен 
танымның  байланысын  көрсетеді.  Нәтижесін-
де тілдегі әрбір сөзді жинақтауға, нақтылауға, 
абстракциялауға  ж‰йелеуге  болады.  Мәселен, 
қазақтар  мал  жейтін  шөпті  ащы,  тұщы,  құр-
ғақ, сулы деп бірнеше топқа бөліп, ащы шөп-
терге көкпек, изен, жусан т.б. тәрізді сөздерді 
жатқызса;  тұщы  шөптерге  қияқ,  боз  т.б. 
сияқты  сөздерді  жатқызып,  оларды  қандай 
малдың қорек ететініне қарай топтастыра біл-

242                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ген.  Т‰йе  ‰шін  жапырақ,  изен,  шағыр;  қойға 
шоңышқа,  қына;  жылқыға  боз,  қияқ,  беде, 
ебелек,  бидайық  т.б.  сияқты  шөптердің  азық 
болатынын  білуі  адамдардың  сол  заттарды 
жан-қуатымен  сезінуі,  т‰йсінуі,  қабылауы  ар-
қасында  ж‰зеге  асты.  Малды  жасына,  ж‰рісі-
не  қарай  айыруы,  яғни  жылқыны  құлын,  жа-
бағы,  тай,  құнан,  дөнен,  бесті;  сиыр  малын 
бұзау, баспақ т.б. т‰рінде ж‰йелеуі сол заттар-
ды  жете  танып-білуімен  байланысты.  Әр  ха-
лықтың  санасында  өздерінің  тыныс-тіршілігі-
мен  тығыз  байланысты  заттар  мен  құбылыс-
тардың,  яғни  өздері  көрген-білген,  таныған 
заттардың  атаулары  сақталады.  Сол  арқылы 
адамдар өздерінен бұрынғы ұрпақтар жинаған 
тәжірибе мен білімді де сақтап қалады. Бірінің 
білмейтінін  екіншісі  біліп,  адамдардың  ақыл-
ойы,  икемі,  дағдысы  молығады.  Нәтижесінде 
сөйлеушінің  сөзі  қабылданған  сәтте  мәлімет 
семантикаға  ие  болып,  адамдар  арасында  тіл-
дік  қатынас  қалыптасады.  Сөйлеу  кезінде 
заттар мен құбылыстардың қыр-сырын ұғыну, 
оларды  пайымдау  сияқты  логикалық  катего-
риялар  жарыққа  шығады.  Ұғым  сөз  арқылы, 
байымдау  сөйлем  арқылы  жұмсалып,  тіл  бір-
ліктері сөйлеу процесіне енеді. Әрбір сөз ойлы 
да,  мәнерлі  болып,  өз  қисынымен  жұмсалуы 
керек.  Айтылған  сөз  ж‰йесіз  болып,  тілдік 
нормаға  сай  болмаса,  тыңдаушы  психология-
лық  кедергіге  ұшырап,  мәліметті  қабылдау 
процесі  орын  алмайды.  Бұдан  дұрыс  сөйлеу-
дің  белгілі  бір  психологиялық,  логикалық 
қағидаларға с‰йенетінін көруге болады. Оның 
ең басты көрсеткіші де тіл ж‰йесіндегі білімді 
игеру  болып  табылады.  Білім – ақылмен  бай-
ланысты  болатын  адамға  тән  қасиет.  Ж.Ба-
ласағұни  айтқандай, «Ақылдың  көркі – тіл, 
тілдің көркі – сөз». Білім мен ақыл ой ұшқыр-
лығының,  сергектігінің,  белгілі  бір  мәселені 
тез шешудің, затты әр қырынан танудың, жаңа 
нәрсені  аңғарудың,  орынсыз  асып-саспаудың 
т.т.  көрсеткіші  ретінде  адамның  сапалық  қа-
сиетін  айқындауға  м‰мкіндік  береді.  Адамға 
тән осы қасиет тіл білімін игеруді қажет етеді. 
Тіл  білімін  игермейінше  адамдардың  сөйлеу 
мәдениеті де толық жетілмейді. Сөйлеу мәде-
ниеті қоғамдық қарым-қатынастың барлық са-
ласында қажет. Сөйлеу арқылы тілді қолдану-
шылардың санасында сақталған бірліктер мен 
ережелердің жиынтығы сараланады. Адамдар-
дың  сөйлеу  процесіндегі  даралық  сипаты  анық-
талады.  Сондықтан  тілдің  қоғамдық  қарым-
қатынастағы  қызметі  сөйлеу  процесі  арқылы 
айқындалады.  Осыған  орай,  сөйлеудің  мына-
дай  т‰рлерін  атап  көрсетуге  болады:  ауызекі 
сөйлеу,  қарапайым  сөйлеу,  тұрпайы  сөйлеу, 
көркем  сөйлеу,  ғылыми  сөйлеу,  ресми  сөйлеу. 
А.Байтұрсынұлы сөйлеудің маңызын былайша 
бағалайды: «Біздің заманымыз – жазу заманы: 
жазумен  сөйлесу  ауызбен  сөйлесуден  артық 
дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөй-
лесуге  болмайды:  жазумен  д‰нияның  бір  ше-
тіндегі  адам  екінші  шетіндегі  адаммен  сөйле-
седі.  Сондықтан  сөйлеу  білу  қандай  керек 
болса,  жаза  білудің  керектігі  онан  да  артық. 
Сөйлегенде сөздің ж‰йесін, қисынын келтіріп 
сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің 
кестесін  келтіріп  жазу  сондай  керек» [4, 29] 
Ғалымның  жазумен  сөйлесу  және  ауызбен 
сөйлесу  деген  тұжырымынан  сөйлеуге  тән  екі 
т‰рлі  категорияны  көріп  отырмыз.  Олардың 
өзіндік  ерекшелігі  сөйлеудің  т‰рлерін  жіктеу 
арқылы  анықтауға  болады.  Ауызекі  сөйлеу, 
қарапайым  сөйлеу,  тұрпайы  сөйлеу  ауызбен 
сөйлесудің (ауызша сөйлеу) мәнін анықтайды. 
Ауызша  сөйлеудің  ерекшелігі  мынада:  сөзді 
өңдеуді  қажет  етпейді;  сөйлеу  барысында 
сөзді қалайша құрастырып айту жағын ойлас-
тыруға уақыт м‰мкіндік бермейді. Сондықтан 
айтылған сөзді қайта өңдеп, т‰зете алмаймыз. 
Тіпті,  шаршы  топ  алдында  дәріс,  баяндама 
жасағанда да, яғни монологтық сөйлеу кезінде 
де  сөзімізді  өңдеуге  болмайды.  Ауызша  сөй-
леу бөгелмей, еркін айтуды талап етеді. Керек 
сөздер  ойға  өздігінен  келіп,  дұрыс  және  мә-
нерлі болып айтылуы тиіс. Сондықтан ауызша 
сөйлеуде  сөйлем  құрамындағы  сөздер  негізі-
нен, тура, негізгі мағынада жұмсалады. Құры-
лымы  оңай,  жалпыхалыққа  ортақ  жеңіл  сөй-
лемдер  қолданылады.  Атап  айтқанда,  ауызша 
сөйлеуге  тән  тіл  құралдарына  қалыпты  сөй-
лемдер,  ықшамдалған  сөйлемдер,  толымсыз 
сөйлемдер,  сөз  сөйлемдер,  қаратпа  құрылым-
ды,  одағай  құрылымды,  қыстырма  құрылым-
ды  сөйлемдер  жатады.  Құрамындағы  сөздер 
бастапқы  лексикалық  мағынасында  жұмса-
лып,  ешбір  көріктеу  амалы  қолданылмаған 
сөйлем  т‰рін  қалыпты  сөйлем  деп  атаймыз. 
Олар хабарлау, бұйыру, сұрау, өтіну т.б. сияқты 
әр т‰рлі мәнде жұмсалуға қабілетті.  
Қөркем сөйлеу, ғылыми сөйлеу, ресми сөй-
леу  жазбаша  сөйлеуге  жатады.  Жазбаша  сөй-
леу  құрылысы  жағынан  едәуір  қиын,  айтыла-
тын ойға қатысты керекті сөздерді іздеп, олар-
дың  семантикасын,  байланысу  жолдарын  дұ-
рыс аша білуді талап етеді. Мәселен, ғылыми 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          243 
 
тілде  сөйлеу  нақтылықты,  тіл  дәлдігін  қажет 
етеді.  Сондықтан  сөздердің  терминдік  мәнін 
ашатындай  қолданыстарды  талап  етеді.  Ал 
көркем  сөйлеу  сөздердің  экспрессивтік  мәнде 
жұмсалуын  талап  етеді.  Сондықтан  сөздерді 
бейнелі т‰рде қолдануды талап етеді. Ауыспалы 
мағынада,  келтірінді  мағынада  жұмсалатын 
сөздер, негізінен, көркем сөйлеуге тән сөйлем-
дердің  құрамында  болады.  Мұндай  сөйлем-
дерді бейнелі сөйлемдер деп атауға болады.  
Ресми  сөйлеу  қаулы  қабылданды,  басқа 
жұмысқа ауысуыма байланысты, бұйырамын, 
сұраймын  т.б.  сияқты  міндетті  сөздерді  қол-
дануды талап етеді. Осыған байланысты олар-
ды іскери сөйлемдер деп атауға болады. Сөй-
лемдер  сөйлеудің  т‰рлеріне  қарай  құрылым-
дық  жағынан  да,  семантикалық  жағынан  да 
ерекшеленеді.  Сонымен  қатар,  сөйлеушінің 
тілдік  қабілетін,  сөйлеу  мәдениетін,  аялық 
білім  қорын  айқындауға  арқау  бола  алады. 
Сондықтан  сөйлемдер  сөйлеу  ‰стіндегі  адам 
факторын, сөйлеудің т‰рін айқындаушы қаты-
сымдық  бірліктер  болып  табылады.  Сөйлеу 
ұғымын  тілді  қолданудың  ауызша  форма-
сымен  тең  дәрежеде  қарастыруға  болмайды 
деп  санаймыз.  Тілді  игерудің  жолдарын 
А.А.Залевская  метакогнитивті,  когнитивті, 
әлеуметтік-аффектілік  деп  ‰ш  т‰рге  бөледі. 
Метакогнитивті  игеру – сөзді  т‰сіну  мен  жо-
ғалтпауды  саналы  т‰рде  бағамдау.  Когнитив-
тік  игеру – оқып білген деректерді пайдалану. 
Әлеуметтік-аффектілік  игеру  тілге  қабілетті-
лігі  жөнінде  өзімен-өзі  санасу  дегенге  саяды 
[5, 324 б.].  Осы  тұрғыдан  келгенде,  әр  адам-
ның  өзіне  тән  тілді  игеру  м‰мкіншілігі  бола-
тынына  көз  жеткізуге  болады.  Ешбір  адам 
сөйлеу  барысында  тілдің  барлық  м‰мкіндік-
терін  пайдаланбайды.  Сөйлеу  жағдаятына  қа-
рай қажетті тілдік бірліктер мен элементтерді 
қолданады.  Соған  сәйкес  сөйлеудің  т‰рлері 
анықталады.  Ғылыми  сөйлеу,  бейнелі  сөйлеу, 
ресми  сөйлеу  тілдік  элементтерді  саналы 
т‰рде  екшеп,  іріктеп  алуды  көздейтін,  белгілі 
бір  білім  аясын  қажет  ететін  әрекеттің  көр-
сеткіші  болып  табылады.  Оған  барлық  адам-
ның  тілдік  қабілеті  жете  бермеуі  м‰мкін.  Ол 
‰шін сөйлеуге тән тілдік қолданыстарды жете 
меңгеруге м‰мкіндік беретін арнайы лингвис-
тикалық және кәсіби білім алу керек. Ал ауыз-
екі, қарапайым, тұрпайы сөйлеу тілді қолдану-
шылардың  барлығына  ортақ,  бірыңғай  мәнде 
қолданылатын тілдік бірліктердің қызметі ар-
қылы  ж‰зеге  асады.  Сондықтан  кез  келген 
сөйлеуші  мен  тыңдаушының  арасында  өзара 
т‰сінісу еш қиындық туғызбайды. Оларды тек 
тілдік  норма  тұрғысынан  ғана  жіктеуге  бо-
лады.   
Ауызекі сөйлеуде жалпыхалыққа т‰сінікті, 
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақ-
тан тілдік нормаға сай жұмсалатын тілдік бір-
ліктер қолданылады. Кез келген қоғам м‰шесі 
ауызекі  сөйлеу  арқылы  тілдік  қатынасқа  т‰се 
алады. Тіпті жаңа туған баланың тілі де ауыз-
екі  сөйлеу  барысында  нормаланады.  Ауызекі 
сөйлеуде тілдік элементтер эмоционалды мән-
де,  ықшам  т‰рде  қолданылып,  сөздер  жалпы-
халықтың санасында сақаталған негізгі немесе 
тура  мағынасында  жұмсалады.  Сондықтан 
ауызекі сөйлеу жалпыхалыққа ортақ қасиетке 
ие  болады.  Бұл  адамдардың  қоғамдасуына, 
өзара  тез  т‰сінісуіне,  тез  қарым-қатынас  жа-
сауына арқау болатын, қоғам м‰шелерінің ба-
сын қосушы сөйлеу болып табылады.   
Қарапайым  сөйлеуде  белгілі  бір  аймақта 
өмір  с‰ретін  халықтың  дағдысына  айналған 
жергілікті  тілдік  еркшеліктер  қолданыс  та-
бады.  Ал  тұрпайы  сөйлеуде  жеке  адамның 
тілдік  дағдысына  айналған  былапыт  сөздер, 
инвективті  лексика  қолданыс  табады.  Осы 
тұрғыдан  келгенде,  қарапайым  сөйлеу  мен 
тұрпайы сөйлеу әдеби тілдің нормасына с‰йен-
бейді.  Себебі  оларды  жалпыхалық  қолдан-
байды.  Ауызша  сөйлеудің  т‰рлерін  анықтап, 
жіктеп  көрсету  барысында  ауызекі  сөйлеудің 
қоғам  м‰ддесін  өтеуде  өзіне  тән  қызметі  бар 
екеніне,  оның  материалдық  ж‰йесі  әдеби 
тілдің  нормасына  сай  екеніне  көз  жеткізуге 
болады.  Қарапайым  сөйлеу  әдеби  тіліміздің 
сөздік  қорын  толықтыруға  қызмет  атқарып, 
тілдің  м‰мкіндігін  сарқа  пайдалану  ұстаны-
мын  ж‰зеге  асыруға  арқау  болады  деп  тани-
мыз.  Тұрпайы  сөйлеу  адамдардың    сөйлеу 
барысындағы  тұлғалық  мәдениетінің  қандай  
екенін саралауға м‰мкіндік береді. Сондықтан 
да сөйлеудің т‰рлерін ажыратып, ондағы қол-
данылатын  сөйлемдердің  мәнін-мағынасын 
т‰сіну б‰гінгі к‰ні аса қажет мәселе.     
_____________ 
1. Хасанұлы Б. Махамбеттің тілдік тұлғасы: әлеуметтік 
лингвистикалық  және  психолингвистикалық  сыр-сипаты. 
Халықаралық  конференция  материалдары. – Алматы,  
2003. –. 230-235 бб. 
2.  Қордабаев  Т.  Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасу,  даму 
жолдары. Алматы. Мектеп, - 1987.- 124 б 
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынастың теориялық негізі // 
Тіл әлемі. – Алматы: Ан Арыс, 2009. - 368 б. 
4.  Байтұрсынұлы  А.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы. 
– 3-т. Тіл – құралы. – Алматы: «Алаш», - 2005, -352б. 

244                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
5. Залевская А.А. Психолингвистика и усвоение языка. 
Жизнь  языка  и  язык  в  жизни // Сборник  статей  посвя- 
щенный юбилею Э.Д. Сулейменовой. - Алматы, 2005. - 478 с 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет