Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет40/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61

Жыр және желі. Эпос айтушылардың көп-
шілігінің (дарынды, суырып салма өнерлілері) 
жыр  айту  дәст‰рінде  қолданған  әдістерінің 
бірі – желі айту. Ұлан-ғайыр эпикалық шығар-
малар, айтыс, толғау, термелерді көпшілік ал-
дында  ‰немі  айтып  ж‰рген  айтушылар  тың-
даушы  қауымының  талап,  тілегін  де  ескеріп 
отырған.  Қара  сөзді  ұйқаспен  сөйлейтін  жыр 
айтушылар  көпшіліктің  қандай  жыр  тың-
дағысы  келетінін  жыр  арқылы  сұрауды  әдет 
ету  нәтижесінде  кейін  өз  құрылымына  әр 
жырға  байланысты  қысқа  сюжеттерді  бірік-
тірген желі туғызған. Сондай-ақ желінің пайда 
болуының екінші себебі – жырау, жыршылар-
дың  жыр  бастар  алдында  шабыт  шақыруы, 
яғни  психологиялық  дайындығы.  Желінің 
айтылу себебін О.Нұрмағамбетова өз еңбегін-
де  былайша  т‰сіндіреді: «Ожерелье  песни» 
исполняется  для  того,  чтобы  доказать,  что 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          231 
 
сказатели  знают  много  разных  дастанов,  во-
первых.  Во-вторых,  для  того,  чтобы  слу-
шатели сами выбрали то, что желают слушать, 
и выяснить, какое из эпических произведении 
будет  встречно  с  наибольшим  интересом» . 
Желі  ретінде  болмаса  да  шабыт  шақырып, 
дене  қыздырып,  эпос  айтар  алдында  ‰гіт,  на-
сихат терме айту өзбек, қарақалпақ халқында 
да  сақталуы  бұл  дәст‰рдің  тамыры  тереңде 
жатқанын  көрсетеді.  Желі  айту  дәст‰рі  қазақ 
топырағында  к‰ні  кешеге  дейін  өмір  с‰ріп 
келген.  Бізге  кезінде  Марабай,  Мергенбай 
және т.б. жыр айтушылардың желілері туралы 
деректер  жеткенімен,  олардың  айтқандары 
жазылып алынбаған. Сондықтан да жыр айту-
дан кезінде алдына жан салмаған Н‰рпейістің 
желі  айту  дәст‰рі  туралы  Ә.Тәжібаевтың: 
«Н‰рпейіс  біздің  ‰йде  әуелі  «желісін»  тартты 
….  Әрбір  ‰лкен  дастанның  қысқаша,  сығым-
далған  мазмұнын  жырлап  шықты», - деген, 
Жамбыл туралы: «Ол (Жамбыл – А.Б.) заман-
дар  жайын  сөйлейтінін, «Қырымның  қырық 
батырынан» хабардар екенін ескертті. Қырғыз 
жайы «Манаста» сөйленді. «Көрұғлының» қай 
саласын  айт  дейсіңдер? – деп  тыңдаушылар-
дына  тағы  көз  тастады.  Одан  кейін  Сұраншы 
мен  Саурық  туралы  тура  екі  к‰н  жырлайты-
нын айтты», - деген пікірі өте құнды деректер. 
Кейінгі  кезде  фольклорист  ғалымдар  Сыр 
бойының  ‰лкен  жырауы  Р.Мәзқожаевтан 
және  Қарақалпақстанда  тұрған  Ж.Аралбаев-
тан  олардың  шағын  жыр  желілерін  жазып 
алған.  Желінің  табиғаты  т‰сініктірек  болу 
‰шін солардан бірер мысал келтіре кетейік 
Жиделі  Байсын  жерінде.  Қоңырат  деген 
елінде. 
Байбөрі деген шал болған… 
Тілеп алған Алпамыс. 
Мың кісі к‰ші өзінде.  
Батырлардың ішінде. 
Мұнан батыр өтпеген.  
Қылыш шапса кеспеген,  
Отқа салса к‰ймеген.  
Суға салса батпаған,  
Дұшпанға найза саптаған, 
Осыны айтсам бола ма? 
 Алмасқа жауды ілгізген, 
Кім екенін білгізген. 
Дарға басын ілгізген 
Көрұғлыны айтсам бола ма? 
Бұл Рахмет Мәзқожаевтың ұзақ желісінен, 
екі жырға байланысты қысқа нұсқасы. Жырау, 
жыршылардың  бұл  желілерінің  өзінен-ақ 
олардың  эпос  мұраларын  дамытуға,  көркем 
образдар жасауға ұмтылғанын көруге болады. 
Алғаш  импровизациялық  тұрғыда  туған  бұл 
желілер кейін тұрақтанып, толығып эпос айту-
шының  әрдайым  жыр  айтар  алдында  орын-
дайтын  шығармасына  айнаған,  жыр  айту  дәс-
т‰рінің бір элементі болып қалыптасқан.  
______________ 
1.  Әуезов  М. 20 томдық  шығармалар  жинағы.  Ал-
маты, Жазушы, 1978, 19 том, -561 бет. 
2.  Марғұлан  Ә.  Ежелгі  жыр  аңыздар.  Алматы,  Жазу-
шы, 1975. - 641 бет. 
3.  Кыдырбаева  Р.З.  Сказители.  Бишкек, 1980. – 498 
стр. 
4.  Нурмагамбетова  О.А.  Казахский  геройческий  эпос 
«Кобланды батыр»7 Алматы, Наука,19897 – 659 стр. 
5.  Коңыратбаев  Ә. 10 томдық  шығармалар  жинағы. 
Қызылорда, 2009. 4 том. – 365 бет  
  
А. С. Булдыбай 
СКАЗИТЕЛЬСКОЕ ИСКУССТВО 
 
В рассказах и легендах тюркоязычных народов не только повествуется о секретах овладения сказительским 
искусством,  но  подчеркивается,  что  это  особый  знак  народного  доверия.  В  казахской  фольклористике  есть 
легенды  не  только  о  тех  или  иных  представителях  сказительского  искусства,  которые  обладали  каким-либо 
особым творческим дарованием, также легенды о том, что у каждого человека есть свой тотем (например, тигр, 
вол, лиса) или какая-либо птица. Одна из основных черт сказительской традиции - это широкое использование 
музыкальных инструментов.  В статье подробно описывается об этих секретах сказителей. 
 
A.  S. Buldybay 
NARRATOR ART. 
 
In stories and legends of the Turkic people it is not only is narrated about the secrets of mastering narrator art, but it 
is emphasized that it is a special sign of national trust. In Kazakh folklore there are legends not only about the 
representatives of narrator art, who had special creative talent, but also there are legends that each person has the totem 
(for example, a tiger, ox, fox) or any bird. One of the main features of narrator tradition is wide use of musical 
instruments. In article it is described about these secrets of storytellers in detail. 
 
 
 

232                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Д. М. Д‰йсенғазин, 
Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы 
 
ТЕСТ ЖАСАУДЫҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ 
 
 
Тестің нақты пайда болған уақытын іздеу-
дің әр т‰рлі талпыныстары географтардың көп-
теген  батпақтардан  жылғалары  ағып  жатқан 
‰лкен  өзеннің  пайда  болған  мерзімін  іздеуді 
еске т‰сіреді. Шамамен тест жасаудың тарихы 
да  осындай  деуге  болады.  Тестердің  тарихын 
зерттеуден  бұрын  бірінші,  тест  тарихының 
басталуын зерттеу қажет болды, яғни олардың 
нағыз  тарихы  шығатын  сол  бір  «батпақты» 
зерттеу қажет. 
Б.з.б. III мыңжылдықтың ортасында Ежел-
гі  Вавилонда  жазғыштар  дайындалатын  мек-
теп т‰лектері сынақтан өтті. Сол кездегі білім-
нің  кеңдігіне  байланысты  маманданған  жаз-
ғыш месопотам өркениетінің орталық тұлғасы 
болды;  олар  даланы  өлшеуді,  м‰лікті  бөлуді, 
ән  айтуды,  музыкалық  аспаптарды  да  ойнай 
білді. Сынақ кезінде оларды  маталар, металл 
және өсімдіктер д‰ниесінен хабардар ма және 
де  арифметикалық  қызметтің  төрт  т‰рін 
білетінін, және жаза алатынын тексереді. 
Ежелгі Египетте белгілі бір сынақ ж‰йесі-
нен өткендер ғана абыздық өнерін ‰йренді. Ал-
ғашында  кандидаттар  қазіргі  әңгімелесу  деп 
аталатын  процедурадан  өтеді.  Сонымен  бірге 
биографиялық  мәлеметтер,  білім  деңгейі  анық- 
талды, сырт келбеті бағаланды және де әңгіме 
ж‰ргізе  алуы  айқындалды.  Содан  кейін  еңбек 
ете алуы, тыңдай алуы және тыныш отыра алуы 
тексерілді.  Ұзақ  уақытты  білім  алу  ауырлық-
тарына  шыдай  алмаймын  деушілерге,  храм 
есігінің ішкі жағынан немесе сыртқы жағынан 
біржола жабуын  ұсынды. Жас кездерінде Пи-
фагор  осы  қатаң  сынақ  ж‰йесінен  және  ірік-
теуден  ойдағыдай  өтіпті  деп  айтылады.  Оқу-
дан  кейін  Грецияға  келіп,  ол  өзінің  мектебін 
ашады, және де онда т‰скісі келетіндерге өзі-
нің  басынан  өткендей  әр  т‰рлі  сынақтардан 
өткендерге ғана мектептің есігі ашық болды. 
Пифагор  «әрбір  ағаштан  Меркурий  шы-
ғара  алмайсың  дей  отырып,  интеллектуалды 
қабілеттердің ең маңызды рөлін көрсетті. Сон-
дықтан  да  алдымен  диагностикаға  мән  берді, 
әсіресе  осы  қабілеттердің  қиын  математика-
лық  тапсырмалар  көмегімен  жасалатындығы-
на  назар  аударды. Пифагор  жастардың  ж‰рісі 
мен к‰лкілеріне де аса көңіл аударған, өйткені  
 
 
адамның мінезін  көрсететін  ең  жақсы  көрсет-
кіш к‰лу мәнері болып табылады деп айтқан. 
Ол ата-аналары мен мұғалімдерінің айтқанда-
рына ерекше көңіл бөлген, қысылмай өз ойын 
жеткізуге  әрбір жаңа келгендерді жеке ыжда-
хаттылықпен  бақылаған,  әсіресе  соңғысын 
шақырып,  қарсыласының  ойына  ұялмай,  ба-
тыл пікір білдіруіне мән берген.  
Б.з.б III мыңжылдығында  Қытайда  ‰кімет 
шенеуігі  деген  лауазым  болған.  Соған  лайық, 
осы  лауызымға  кәсіби  іріктеудің  бірінші  эле-
менттері де пайда болды. Осы лауазымға мем-
лекеттік  емтихан  сабақтарын  тапсырған  жас-
тарға ерекше көңіл бөлінді және іріктеу салта-
натты т‰рде өтті. Қытай қоғамында бұл емти-
хандар  мереке  ретінде  қабылданды.  Емтихан 
тақырыбын императордың өзі бекітіп отырды, 
және талапкерлердің нәтижелерін конкурстың 
соңғы кезеңінде де өзі тексерді.  
Адам  қабілетінің  диагностикасының  ең  көп 
тараған т‰рі сол кездерде физиогномика болды, 
яғни  сыртқы  келбеті  бойынша  адам  қабілетін 
және мінезін анықтау өнері. Бұл атауды алғаш 
қолданған Гиппократ физиогномиканы ғылым 
ретінде  санады.  Сол  кездің  өзінде  физиогно-
мика  бойынша  алғашқы  практикалық  кітаптар, 
сонымен қатар, бірінші мамандар пайда болды.  
Ежелгі  Греция  мен  Спартада  көптеген  әр-
т‰рлі сынақтар қолданылғаны жөнінде көптеген 
айғақтар бар. Спартада жауынгерлерді тәрбие-
леу ж‰йесі сәтті ж‰зеге асқан, ал Римде гладиа-
торларды оқыту ж‰йесі дамыған.  Платонның ай-
туынша,  адамдар  бір-біріне  ұқсас  болып  ту-
майды, олардың  жұмысқа деген қабілеті де, та-
биғаты да әрт‰рлі болып келеді. Сондықтан да 
қандай да бір жұмысты атқарғанда өзіңнің та-
биғи кепілділігіңе сәйкес барлығын көп мөлшер-
де, жақсырақ және оңайырақ жасауға болады.  
Афинада  мемлекеттің  к‰штілігі,  оны  бас-
қаратын  тұлғалар  қабілетіне  тәуелділігі  ту-
ралы сұрақтар талқыланды. Платонның «мем-
лекет» деген жұмысында қандай басшыларды 
таңдау деген сұраққа Сократ былай жауап бер-
ді: «Ең сенімді, батыл, және м‰мкіндігінше, ең 
келбеттілерді таңдау қажет; сонымен қатар, тек 
текті және қатаң мінезді адамды емес және де 
осындай  тәрбиеге  сәйкес  келетін  қасиеттері 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          233 
 
бар адамдарды таңдау керек. Оларда ғылымға 
деген  қабілет  мықты  жәнеде  тез  меңгергіш 
болуы қажет. Жақсы есте сақтау қабілеті бар, 
еңбекс‰йгіш адамдарды іздеу қажет» дейді. 
Интеллектуалды  қабілетті  сынау  нәтиже-
лері  кей  кезде  тәкәппарлық  болып    табылды.  
Мысалы,  Девсарам  атты  ‰нді  патшасы  иран-
дықтардың даналығын сынау мақсатында олар-
ға шахмат жіберген екен. Ирандықтар осы ойын-
ның мәнін т‰сіне қоймас деп болжанды, және 
олар  шарт  бойынша,  ережесін  шеше  алмаса 
‡ндістанға кері жіберу қажет еді. Бірақ Важург-
михр уәзір бұл ойынның ережесін т‰сініп, және 
де  өзі  тағы  бір  басқа  ойын  т‰рін  тапты,  ол 
қазір  нарды  деп  аталатын  ойын.  Бұл  ойынды 
ол ‡ндістанға жібереді, және  ‰ндістандықтар 
бұл ойынның ережесін шеше алмағандықтары 
анықталды.  Сынақтарды  қолданған  жөнінде 
басқа да айғықтар болған, яғни олар чань буд-
дизм атты діндік ілім негізін көрсететін мате-
риалдар.  Чань  буддизм  оқытушылары  психо-
логиялық  жағдай  тудырумен  қатар  жұмбақ-
тар, сұрақ-парадокстар қолданған. Бұларға тез 
жауап беру қажет болған, ойлануға бір секунд 
та  берілмеген.  Н.В.Абаев  көрсеткендей, ‰йре-
тушісінің  іс-әрекетінің  барлық  бейнесінің  к‰-
шейтілуінен  чандық  жекпе-жек  айтыстарда 
сұрақтардың қойылымының оғаштығының өзі 
драмалық қысым тудырды (мысалы «сақалды 
жабайыда сақал болды ма», немесе «итте буд-
да  табиғаты  барма»).  Өз    қарсыласын  ұстап 
алып  оған: «Айт!  Айт!  Тез  жауап  бер!»  деп, 
психологиялық қысым тудыратын. Бұл автор-
дың ойынша, Чаньдық парадоксалды жұмбақ-
тар  ойлаудың  белгілі  бір  «чаньдық»  кодына 
байланысты  сынақтама  ретінде  қолданылады. 
Сынақталатын неофит бұл жұмбақтарға қалай 
жауап  беретініне  байланысты  ‰йретуші  тәжі-
рибені  тереңдетуге  қандай  шараларды  қол-
дану керек екендігін анықтайды. Бұл сонымен 
қатар, өзінің сыртқы әдепсіздігі мен мінезінің 
ерсілігінің арқасында құзыретсіздігін жасыра-
тын симулянттарды анықтауға м‰мкіндік береді.  
Чжурчжэндер  құрған  Цзинь  мемлекетінде 
емтихан  нәтижелері  медициналық  училищені 
бітірушілерді  бөлу  ‰шін  қолданылған.  Емти-
ханды  тапсырып  шыққандардың  ішінде  жақ-
сы  мамандар,  мемлекеттік  қызметке  тәжіри-
беден өткен дәрігерлер, ұстаздар немесе зерт-
теушілер  ретінде  орналасқан.  Нашар  т‰лек-
терге  жеке  тәжіребиемен  айналысуға  рұқсат 
берілген,  ал  емтиханнан  өтпеген  тұлғаларға 
дайындықтарын  немесе  мамандығын  ауыс-
тыру жөнінде кеңес берілген. 
Ортағасырлық  Вьетнамда  да  әр  т‰рлі 
сайыстар  мен  емтихандар  өткізілетін.  Тек 2 
жылдың  ішінде, 1370-1372 ж.ж.,  барлық  аза-
маттық  шенеуіктер  мен  әскери  қызметкерлер 
қайта аттестациялаудан өткен, ол мемлекеттік 
аппарат  жұмысын  жақсартуға  өз  септігін 
тигізген.  Мұның  нәтижесінде,  Вьетнам  к‰шті 
және  өмірге  бейім  мемлекет  болды.  Жауын-
герлік офицерлік корпустарды жасауға ерекше 
көңіл бөлінді. XV ғасырда емтихандар бірың-
ғайланды.  Олар  этаптар  мен  турлар  бойынша 
ж‰ргізілді,  лауреаттар  корольден  сыйлықтар 
алып, олардың аттары астананың Шығыс қақ-
пасында  ілінетін  «алтын  тізімге»  енгізілген 
және  олардың  жеңістері  туралы  б‰кіл  елге 
жарияланатын.  Ерекше  көзге  т‰скен  қатысу-
шылардың  аттары  Әдебиет  Храмында  орна-
тылған арнайы тастарда қашалып жазылған. 
Егер  сол  кездің  өзінде  Шығыс  елдерінде 
жазбаша  бақылау  жұмыстары  мен  емтихан-
дарды  қолдану  табиғи,  кәдімгі  жағдай  болса, 
Батыс  елдері  туралы  олай  айтуға  болмайды. 
Онда  бақылаудың  ‰йреншікті  т‰рінен  жаз-
баша  т‰рге  ауысу  м‰мкіндіктерінен  психоло-
гиялық мінездегі қиындықтар туындады. Мы-
салы, Ұлыбританияда оқу процесінде жазбаша 
бақылау жұмыстарын ж‰ргізуге қарсылақ көр-
сететін консервативтік дәст‰рлерді жоюға ж‰з 
жыл кетті. Тағы да ж‰з жыл қабылдау және бі-
тіру кезіндегі емтихандарда қолдануына кетті. 
Сол  Ұлыбританиядағы  жазбаша  жұмыстар-
дың құндылығын, оларды оқу жұмысын ынта-
ландыруын  жоғарылату  құралы  ретінде  екен-
дігін  Иезуиттер  Ордені  басқаларынан  тезірек 
байқады.  Өз  беделін  қолдана  отырып,  жазбаша 
жұмыстарды  қолдану  тәжірибесін  көптеген  ел-
дерге  таратты.  Бұған  ашық  реакция  ең  алды-
мен Америкада қалыптасты. Онда 1762 жылы 
Йель  Университетінің  студенттері  емтихан-
дардың  жазбаша  т‰ріне  қарсы  ашық  сөз  сөй-
легені  туралы  айтылды.  Себебі,  оларға  көп 
жаттау қажет болды. 
1884 жылы АҚШ-та есептер мен жауаптар 
және оларды бес балдық шкаламен бағалаудан 
тұратын сынақтама материалдары бар алғашқы 
кітап  шықты.  Бұл  кітапта  математика,  тарих, 
грамматика, статистика, навигациядан есептер 
болды, шығармаларды сандық бағалау әдісте-
рімен бірге шығарма мәтіндері берілді. Бұл педа-
гогика  тарихында  қарапайым  статистикалық  
есептеулерді қолданған бірінші жағдай болды.  

234                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
АҚШ-та тез таралған мұндай білімді бақы-
лау  формасы,  көп  жақтаушылар  мен  қарсы-
ластарға  ие  болды. 1881 жылы  Чикакодағы  
инспектор  жазбаша  бақылауға  тыйым  салған 
және  оқушылардың  келесі  сыныпқа  көшуін 
жазбаша  бақылау  арқылы  емес,  тек  директор 
және  мұғалімдердің  көзқарасына  байланысты  
қажеттілігі  туралы  мысал  келтіріліп  айты-
лады. Мұғалімнен басқа, ешкім оқушы білімін 
бағалай  алмайды  және  емтихандар  мен  басқа 
бағалау  формалары  дұрыс  ойдың  келемежі 
болып  табылады  деген  көзқарас  қалыптасты. 
Осымен  мектептегі  қандай  да  бір  бақылауға 
қарсы  қоғамдақ  қозғалыстар  негізі  салынды. 
Мұндай  қозғалыстың  шегі  ХІХ  ғасырдың 
соңында  келді (1880 жылдар),  оның  негізінде 
білімді  бақылаудың  жағымды  қарым-қаты-
насының қалыптасуына негіз салынды.  
Білімді бақылаудың қоғамдық-мемлекеттік 
қажеттілігі  АҚШ-та 1885 жылы  туындады. 
Нью-Йоркте,  білімді  бақылаудың  обьективті 
әдістерін  жасақтаған  кеңестердің  бірі,  емти-
хандық  кеңес  қызмет  атқара  бастады.  Білімді 
бағалаудың  жалпы  мемлекеттік  ж‰йесі 1900 
жылы  АҚШ-та  колледж  т‰лектерінің  білімін 
бағалау Кеңесінің пайда болуына себеп болды.  
Ресейде  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ға- 
 
сырдың  басында  сынақтамаларды  жасақтау  
және  оларды  қолдану  жөнінде  сұрақтар  тал- 
қыланбады  және  қарастырылмады.  Авторлар-
дың  біреуінің  жазуынша, «Білімді  тексеру – 
менің  тәжірибем  бойынша  ең  пайдасыз,  жа-
лықтыратын және зиянды әрекет деп қарасты-
рамын.  Қажет  жамандық  сияқты  мұғалімдер 
мен  оқушыларды  бағалау  құралы  ретінде  ай 
сайынғы  баға  жағдайында  ғана  оған  шыдауға 
болады».  Осы  кезден  бастап,  Ресей  педагоги-
касында  екі  қарама-қайшы  ‰рдіс  қалыптасты: 
біреуі  оқушылардың  білімін  бағалауға  қарсы, 
екіншілері жақтаушылары.  
Мақаламызда  келтірілген  қысқаша  тарихи 
шолудан  мынадай  қорытынды  шығаруы- 
мызға  болады,  мұнда  сынақты,  ежелгі  өрке-
ниеттер  кезеңінен  б‰гінгі  к‰нге  дейінгі,  әлем 
халықтарының  көбінің  өмірінің  негізгі  бө- 
лігі  ретінде  қарастыруға  м‰мкіндік  бар.  Кел-
тірілген  мәліметтер  негізінде,  сынақтардың 
пайда  болуының  ерте тарихи  кезеңі  туралы  ой 
т‰юге болады. Қазіргі кезде кең ауқымда тара-
лып  ж‰рген  ағылшын  тілінен  аударылған 
«test» (тексеру, сынақ) деген ұғымның төркіні, 
яғни  сынақ  тапсырмалары 19 ғасырдың  аяғы 
мен 20 ғасырдың басында пайда болды деудің 
тарихы әріректе жатқандығын байқаймыз.  
 
Д. М. Дюсенгазин. Теория и история составления теста 
В данной статье рассматривается теория и история теста. 
 
D. M. Dyusengazin. Theory and history of composing the test 
This article considers the theory and history of test. 
 
 
 
 
Ж. Ергубекова, 
Ж. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің PhD докторанты 
 
ЭТНОМӘДЕНИ «БАТЫР» КОНЦЕПТІСІНІҢ  
ГИПЕРБОЛИКАЛЫҚ Т‡РДЕ СУРЕТТЕЛУІ 
 
 
Эпикалық батыр, оның тұлпар, садағы мен 
басқа  қару-жарағы  эпоста,  шын  мәнінде,  алып, 
аса  ‰лкен, «теңдесі  жоқ»  болып  суреттеледі. 
Мұндай  гиперболизм  «поэтикалық  фольклор-
лық  тәсілдің»  көрінісі  ретінде  т‰сіндірілгені-
мен,  оның  негізі  тұңғиықта  жатқан  астары 
мифологиялық  танымға  тән  ғаламның  (кос-
мостың)  әмбебаптық  антропоморфтық  кон- 
цепциясынан  бастау  алады  деп  сенімді  т‰рде 
айта аламыз. 
 
Эпикалық этномәдени «батыр» концептісі-
нің  ең  төменгі  (алғашқы)  лингвоментальды 
қабаты – мәдени-генетикалық  страты  бірінші 
адам  (первопредок),  ру-тайпа  басы,  мәдени 
қаһарман (культурный герой), демиург бейне-
сіне қатысты қалыптасқан. Осы ең көне мифо- 
логиялық  бейненің  кейбір  реликт  сипаттары 
т‰ркі-монғол,  соның  ішінде  қазақ  батырлар 
жырларында  эпикалық  қаһарманның,  оның 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          235 
 
қару-жарағының,  тұлпарының  гиперболика-
лық т‰рде суреттеуінен аңғарылады.  
Эпостық  қаһарманның  алғашқы  (бас-
тапқы)  сипаттарының бірі – ол  демиург,  яғни 
ғаламды  жасаушы  (реттеуші).  Эпикалық  ба-
тырдың  аталмыш  сипаты  «садақ  пен  жебе» 
концептісінің  ежелгі  мифотанымдық  қабаты 
көрсетіп  тұр:  садақ  пен  жебелердің  «теңдесі 
жоқ»  космостық  сипаты  демиург  бейнесін 
меңзейді,  яғни  сол  қарудың  иесі – космоста 
реттеуші  (демиург), «теңдесі  жоқ»  садақ  пен 
жебелерге ие болуы жерге (осы д‰ниеге) билік 
жасаудың  белгісі  т.т.  Архаикалық  эпостарда 
айқынырақ сезілетін осы және де басқа мифо-
танымдық  т‰сініктер  уақыт  оза  кейінгі  дәуір-
лерде  әлсірейді,  сондықтан  да  садақ  пен  же-
беге т.б. «заттық» этномәдени концептілердің 
тілдік  (мәтіндік)  көріністері  «гиперболиза-
ция», «поэтикалық» т.б. лингвостилистикалық 
құбылыстарға телініп ж‰р. 
В.А.Маслованың  пікірінше,  концептінің 
лингвоментальды  мазмұнын  айқындау  ‰шін 
сөздің  семантикасы  жеткіліксіз,  энциклопе-
диялық сөздіктер ұғымдардың ғана межесінен 
аспайтын  ақпараттарды  ұсынады,  сондықтан 
да  белгілі  бір  концептіні  талдау  ‰шін  т‰рлі: 
поэтикалық,  ғылыми,  философиялық,  публи- 
цистикалық т.б. контекстерді пайдалану қажет 
[1, 46 б]. 
Садақ пен жебенің эпостағы елеулі орнын 
Р.С.Липец аталмыш жарақтың көшпенді жауын-
гердің  бес  қаруындағы  аса  маңыздылығымен 
т‰сіндіреді. Қаһармандық эпоста Р.С.Липецтің 
көрсетуінше,  садақ  пен  жебе  эпостарға  тән 
«гиперболизация»  деп  аталатын  дәст‰рлі  поэти-
калық  тәсіл  арқылы  суреттеленуіне  ұшыраға-
нын атап кеткен, бірақ бұл құбылыстың ар жа-
ғында  жатқан  себептерін  т‰сіндірмейді.  Қа-
һармандық  эпостағы  садақ  (жебенің)  және  де 
адамның,  тұлпардың  т.б.  бейнелердің  «гипер-
болизациясы»,  т‰птеп  келгенде,  ежелгі  мифо-
логиялық  д‰ниетанымына  тән  ғылымның  (кос-
мостың)  антропоморфтық  әмбебаптық  кон-
цепциясынан туындаған. Мифтік танымда б‰-
кіл әлем (ғалам, космос) антропоморфтық бейне 
ретінде суреттеледі, яғни ғалам (космос) адам 
(алғашқы адам, демиург) сияқты тірі жан, ке-
рек  десеңіз,  космос  адамның  өзінен  жаратыл-
ған. «Кейбір мифтерде алғашқы адамдар (пер-
вопредки)  ғажайып  алыптар  т‰рінде  бейнеле-
неді – олар өлгеннен кейін денелерінен аспан, 
жер,  таулар  мен  жануарлар,  өсімдіктер,  адам-
дар  жаралған.  Олардың  қатарында:  индиялық 
алғашқы адам – алып Пуруша, қытайдың Пань-
Чуы,  скандинавтықтардың  Имиры.  Пань-Чу 
өлгеннен  кейін  оның  етінен  жер  (топырақ) 
пайда  болған,  с‰йектерінен – тастар  мен  ал-
тын,  ж‰нінен - өсімдіктер,  шашынан – жұл-
дыздар, көздерінен – к‰н мен ай, терлегендегі 
ылғалдан – жауын  мен  шық,  көз  жасынан - 
өзендер, тамырларынан – жол, лебінен – жел, 
даусынан – к‰ннің к‰ркіреуі, денесіндегі ұсақ 
жәндіктерден (биттерден) – адамдар жаратыл-
ған» [2, 17-18 бб]. 
Бірінші  адам  (космостық  масштабындағы) 
жайындағы ең көне миф (мифтер) біртен-бірте 
кейінгі дәуірлерде ғажайып ертегілерге транс-
формизацияланған. Соның өзінде аталмыш ба-
тыр алыптар жайындағы ғажайып ертегілерін-
де  көне  мифтердің  мифологиялық  негізі  сақ-
талынған;  мифтік  сипаты  «қаһарманның  бей-
несі,  ол  алып  денелі, «суға  салса  -батпайтын, 
қылышпен  шапса - өлмейтін»  ғажайып  адам, 
оның  тұлпары  да  керемет,  адамға  тән  дана-
лыққа  ие,  кез  келген  жәндікке,  затқа,  адамға 
айнала  алады,  батырдың  жәрдемшісі,  ақыл-
шысы – батырды жау қолынан құтқарады» [3, 
217 б]. 
Алып батырлар жайындағы ғажайып ерте-
гілер  кейінірек  қаһармандық  эпосқа  айналға-
нын  аталмыш  эпостардағы  бейнелердің,  сю-
жеттік  оқиғалардың  сипатынан  аңғаруға  бо-
лады.  Қаһармандық  эпоста  да  батыр  керемет 
к‰штің  иесі,  оның  «теңдесі  жоқ»  тұлпары, 
қару-жарағы бар, сюжет оқиғаларының кейбір 
желісі мифтік тұрғыда көрсетіледі. 
Қазақ  батырлар  жырларындағы  «адам» 
концептісі  өз  кезегінде  «батыр», «батырдың 
қалыңдығы», «анасы», «әкесі», «дұшпандары 
(жаулары)»  т.б.  концептілерге  бөлінеді. «Ба-
тыр жаулары» концептісіне қатысты төменде-
гідей  мәліметтер  назар  аудатарлық: «батыр 
жаулары  көп-ақ;  этикалық  канондарға  сәйкес 
олар орасан к‰ш иесі және оқ тисе - өлмейді, 
қылыш  шапса-өтпейді»,  кейбіреулері  гротекс 
т‰рінде  суреттеледі,  ол  Алшағырдың  жақтас-
тары,  алып  қызылердің  ұлдары  Ағынас  пен 
Тоғынас.  Олар  Қараспан  тауындай  алып – 
дәулер.  Қарадәудің  басы  қазандай.  Қобылан-
ды Қазан ханмен жекпе-жекке шығар алдында 
оны  «биіктегі  тау  асуы»  деп  Қазанның  тек-
тілігін  және  алып  батыр  екенін  өз  сөзінде 
айтады. 
«Қобыланды  батыр  жауларының  Қазан, 
Алшағыр,  Көбікті  ортақ  сипаттамасы  гипер-
бола арқылы ж‰зеге асады. Сонымен қатар әр 

236                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
жау  батырының  өзіндік  сипаты,  бейнесі  бар» 
[4, 43-44б.] 
Жау  батырларының  бейнесіндегі  гипербо-
лизм  фольклортанушы-  ғалымдардың  пікірін-
ше, фольклорлық поэтикалық тәсілдердің бірі. 
Ал когнитивтік лингвистика тұрғысынан алып 
денелі  жау  батырларының  бейнелерінің  гене-
зисі  мен  онтологиясы  ежелгі  мифологиялық 
танымдардан бастау алған деген тұжырым жа-
салынады,  өйткені  фольклордың  өзі  мифо-
логиядан  туындаған.  Фольклорлық  гипербо-
лизмнің,  яғни  осы  фольклорлық  поэтикалық 
дәст‰рдің  (тәсілдің)  онтологиялық  негіздері 
алғашқы  адам,  демиург  «мәдени  қаһарман» 
пайда болып мифологиялық (космостық) бей-
нелері туралы ежелгі таным мен т‰сініктермен 
байланысты.  
Гиперболизм,  яғни  асыра  баяндау,  сурет-
теу  эпос  кейіпкерлерінің  сырт  пішінін  көр-
сетуі  ‰шін  де,  сайыстар  мен  соғыстарды  су-
реттеу ‰шін де қолданылады. 
Мысалы, «Алпамыс  батыр»  жырында  Ұл-
тан  қазақ  халқының  оң  ортасынан  шыққан 
жау  болып  көрсетілген  және  жыр  оның  сырт 
бейнесін жалғыз көзді дәулерге ұқсатқан. 
Кеудесі болды көбедей, 
Мұрны болды төбедей. 
К‰рек тісі кетпендей, 
Кеңірдегінің тесігі 
Ж‰гімен т‰йе өткендей. 
Құлағы болды қалқандай, 
Көзі терең зындандай. 
Басқан ізін қарасаң, 
Көрінер оттың орнындай. 
Ауызы ‰лкен ошақтай, 
Иегі бар зеңгірдей. 
Қобыландының  жауы  Қызылбас  елінің 
ханы  Қазанның  да  бет-әлпеті  космостық  мас-
штабты суреттелген: 
Қабағына қар қатқан, 
Кірпігіне мұз қатқан 
Он екі к‰нде бір жатқан, 
Он ‰ш к‰нде бір тартқан 
О да айтулы ер еді. 
Қызылбастың елі еді, 
Құдайдан дұспан сұраған, 
Жау көрмесе, қуарған. 
Найзаның ұстар жеріне  
Қолымы жұмсақ болсын деп,  
Топтап барқыт ораған, 
Шын қаһарына келгенде 
Жауған қардай бораған. 
Т‰ркі  эпосындағы  батырлардың  соғыс, 
жекпе-жектері  де  гиперболикалық  т‰рде  сурет-
телген.  АА.П.Окладниковтың  байқауынша: 
«Алып батырлардың к‰рестері әлем катастро-
фасы  іспетті; ‰ш  әлемнің  де «‰рім-бұтақта-
рын»  таңқалдырады;  қарсыластардың  соғысуы, 
«найзағайдың  жарқылдары  мен  к‰ннің  к‰ркі-
реуі сияқты, ол алтай былиналарында- батыр-
лар  соғысқанда  б‰кіл  Алтай  дірілдеп  шайқа-
лады, мұхиттар арнасынан шығып кетеді, к‰н 
к‰ркіреуі  көк  теңіздерге  жетеді,  тас  қараңғы 
т‰н  т‰седі...  Жер  астындағы  Эрликтің  құлағы 
бітіп қалады, ‰ш Курбустанның ‰рейі ұшады» 
[5, 292-293 бб]. 
Акакдемик В.Я. Пропптың пікірінше: «эпос 
қалыптасуының  алғашқы  кезеңдерінде  гипер-
болизм көркем тәсілдердің бірі болған» [6, 54 
б.].  Гиперболизмді  эпос  мәтіндеріндегі  аса 
маңызды  және  белсенді  көркемдеуші  тәсіл  
ретінде  көптеген  әдебиеттанушы-фольклор-
танушы ғалымдар қарастырған. Орыс былина-
ларындағы  гиперболизм  жөнінде  Ф.М.Сели-
ванов [7] жазған,  нарт  эпосын  зерттеген 
А.З.Холаев [8, 114 б.],  С.И.Бегалиев – «Ма-
нас»  эпосы [9, 68 б.],  А.В.Каррыева  «Эпос 
Героглы» [10, 85-119 бб]. 
Қазақ  қаһармандық  эпосындағы  гипербо-
лизм  мәселелерін  қарастырған  М.Әуезов, 
С.Мұқанов,  Ә.Мағұлан,  М.Ғабдуллин,  Қ.Жұ-
малиев,  Р.Бердібаев,  Ә.Қоңыратбаев,  Н.Смир-
нова,  З.Ахметов,  Т.Сыдықов,  О.Нұрмағам-
бетова,  С.Қасқабасов,  Ш.Ибраев,  З.Сейітжан-
ұлы т.б. ғалымдар болды. 
Осы  және  де  басқа  ғалымдардың  зерттеу-
лерінде  эпостағы  гипербола  фольклорлық 
(эпостық)  мәтіндерінің  поэтикалық  ж‰йе  ар-
насында  қарастырылған,  яғни  гипербола  (ги-
перболизм)  эпостың  лингвопоэтикалық  ж‰йе-
сіндегі аса маңызды көркемдеуіш (лингвости-
листикалық)  тәсілдердің  бірі  ретінде  т‰сін-
діріледі. 
Біздің зерттеуімізде гипербола – эпикалық 
«адам», «батыр»  концептілерінің  тілдік  және 
лингвостилистикалық  көріністерінің  лингво-
ментальды қабаттарының бірі, яғни танымдық 
(тереңде  жатқан)  мифопоэтикалық  қырлары 
бар құрылым немесе лингвокогнитивтік бірлік 
ретінде  қарастырылады.  Осы  тұрғыдан  ал-
ғанда,  эпикалық  қаһарманның,  оның  соғысы 
мен  сайыстарының,  қару-жарағының,  тұлпа-
рының  т.б. «теңдесі  жоқ»,  гиперболикалық, 
космостық  (әлемдік)  масштабта  көрсетілуінің 
өзіндік  қандай  сыры  бар – осы  «көркемдеуіш 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          237 
 
тәсілдің»  пайда  болуында  қандай  заңдылық 
жатыр деген сауалдар туындайды. 
Ежелгі  адам  өзін  және  қоршаған  әлемді 
тану барысында, ең алдымен, өзін және әлем-
мен (ғаламмен) сәйкестендірген, салыстырған, 
теңдестірген – одан  басқа  жолы  болмаған. 
Соның  нәтижесінде  әлем  (ғалам)  адам  кей-
пінде  танылған,  яғни  космос  (әлем)  антропо-
морфтанған  (антропоморфизация),  тірі,  жан-
ды,  адами  сипатталған,  суреттелген,  ал  адам-
ның  өзі  әлемнің  (космостың)  сипаттарына  ие 
болып  суреттелген,  яғни  әлеммен  теңдесті- 
рілген – мұндай тұтастық (синкретизм) ежелгі  
мифологиялық д‰ниетанымға тән нәрсе. Осы-
дан ежелгі мифтік, кейінірек эпикалық қаһар-
ман «ең теңдесі жоқ», гиперболалық, космос-
тық сипаттарына ие болған, ал қоршаған орта, 
яғни  әлем  космос  адами  антропоморфтық  т‰-
рінде суреттелген, сипатталған. 
Осы тұжырымды дәйектейтін айғақтайтын 
қазақ  жырларларынан  көптеген  деректерді 
көрсетуге  болады:  Солардың  бір-екеуін  ғана 
келтірейік: Алты жасар Қобыланды баланың: 
 
Таулар к‰йіп, тас жанған   
 
Алты жасты баланың  
 
Елбеңдеген зарпына 
Қобыланды жауының бірі Барса ханның:       
      ...Будақтап т‰тін шығады, 
 
Мұрнының тыныс лебі екен. 
 
Сырғауылдан кем емес, 
 
Барсаның тарқан шылымы... 
 
Айғайлаған даусымен 
 
Қара тасты жарады. 
 
Екпінімен тыныстың 
 
Тастар ұшып барады. 
Шын  мәнінде,  эпикалық  гиперболикалық 
теңеулердің  астарынан  ежелгі  замандардан 
келе  жатқан  бірден  аңғарыла  бермейтін  этно-
ментальдық  ақпараттар  мен  мәліметтер  жа- 
тыр.  
______________ 
1.  Маслова  В.А.  Когнитивная  лингвистика:  Учебное 
пособие. – Мн.: Тетросистеме, 2004. -256с. 
2.  Косарев  А.  Философия  мифа:  Мифология  и  её 
эвристическая  значимость.  Учебное  пособие  для  вузов. –
М., 2000. – 272 с. 
3. Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. –Ле-
нинград: Изд. «Наука» ленинградское отделение, 1974. -723 с. 
4.  Кидайш-Покровская  Н.В.,  Нурмагамбетова  О.А. 
Героическая  поэма  «Кобланды  батыр» //Коьланды  батыр. 
Казахский  героический  эпос. –М.:  Главная  редакция 
восточной литературы. 1975, -с. 9-61. 
5.  Окладников  А.П.  История  Якутии. –Якутск:  Якут-
госиздат, 1949. Т.1.  Прошлое  Якутии  до  присоединения  к 
русскому государству. 
6.  Маслова  В.А.  Введение    в  когнитивную  лин-
гвистику.- М.: Флинта, 2004. -147с. 
7.  Селиванов  Ф.М.  Гипербола  в  былинах //Фольклор 
как искусство слова. Вып. 3. – М., 1975 
8. Холаев А.З. Карачаево-балкарский нартский эпос. – 
Нальчик, 1974 
9. Бегалиев С.Ч. О поэтике эпоса «Манас». –Фрунзе, 1968 
10.  Каррыева  А.В.  Поэтическая  система  эпоса  «Ге-
роглы». –Ашхабад, 1990 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет