Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет4/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

Салкинбай Анар Бекмырзаевна 
Т. САЙРАМБАЕВ И КАЗАХСКИЙ СИНТАКСИС 
 
В статье анализируются труды профессора Т. Сайрамбаева, посвященные теорий словосочетаний в казахском языке.   
 
Salkinbai Anar Bekmyrzaevna 
T. SAYRAMBAEV AND KAZAKH SYNTAX 
 
The article analyzes the work of Professor T. Sayrambaev devoted to theories of phrase in the Kazakh language. 
 
 
 
 
 
 
 
Г‰лдархан Смағұлова, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Smagulova.g@mail.ru 
 
ТАЛҒАТ САЙРАМБАЙҰЛЫ:  КЕМЕЛДІК ПЕН КЕҢДІК 
 
 
 
Профессор Талғат Сайрамбайұлымен Ұлттық 
университеттің  қабырғасында,  филология  фа-
культетінде әріптес әрі ағалы-қарындас болып 
еңбек еткенімізге 40 жылға жуық уақыт өтіпті.  
Қазақ  тіл  білімінің  дамуына  ‰лес  қосқан, 
әсіресе,  синтаксис  саласында  өнімді  зерттеу-
лер ж‰ргізген және Қазақстан ғылымына көп-
теген  шәкірт ғалымдарды дайындаған  ғалым 
Аға туралы  75 жас мерейтойы к‰ні өз жады-
мызда  қалған  ғибратты  сәттерді  бөліскеніміз 
жөн болар. 
Әр кезеңде ұрпақ ауысқан сайын алдыңғы 
толқын  ағалардың  ғұмыр  мен  ғылымдағы 
іздері,  айтқан  ақыл-нұсқалары  кейінгілерге  
‰лгі,  өнеге  болып    жаңғырып  отырады.  Мә-
селе - оны  жеткізушілер  мен  тыңдаушылар-
дың арасындағы өзара ықпалдастықтың болуы 
және  әсерлі әңгіменің нәтижеге бағытталуы. 
Біздің  де    білім  іздеген  тұстағы  шәкірттік 
жылдарымызда, жас ұстаз ретінде   дәрісхана 
есігін  имене  ашып,  алғашқы  сабақтарды  бас- 
тағанымызда  демеу  беретін,  жебеп  жіберетін   
 
 
әріптес  ағаларымыз  болды.  Жастықтың  ерек- 
шелігі ғой, кейде бір нәрсені артығырақ біліп,  
бұрынырақ    айтып  қалсақ,  соған  астамсып, 
шікірейіп  қалатынбыз.  Сонда  Тәкең  сияқты  
ағаларымыз  шын  пейілдерімен,  риза  кейіп-
пен, «е,  сөйткендерің  дұрыс,  сендер  жассың-
дар  ғой,  сендер  білмегенде  кім  біледі»  деп 
тіпті  желпіндіріп  жібереді.  Ол  кезде  олардың 
өздері  соншалықты  қартайып  отырған  жоқ, 
керісінше  кітапханаға  бізден  бұрын  барып, 
бізден  бұрын  тіл  біліміндегі  «жаңа  д‰ние-
лерді» игеріп ж‰ретін.  
Ұлттық университеттің филология факуль-
тетінде  өзіміз  дәріс  алған  ғылымдағы  заңғар 
тау ағалар бейнелері алыстаған сайын, биіктеп 
барады.  «Ағалар» деп әр ойымызды бекер тұз-
дықтап отырған жоқпыз.  
Қазақ  филологиясы  кафедрасында  бізге 
дәріс  оқыған  Мархабат  Томанұлы,  Хасан  Кә-
рімұлы,  Мырзатай  Серғалиұлынан  бастап,  к‰ні 
кешеге дейін әріптес болған Ағалар – Айтбай 
Айғабылұлы,  Сапархан  Мырзабек,  Талғат 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          19 
 
Сайрамбайұлы  ғылыми  ұжымның  ұйытқысы 
мен берекесі болған жандар. Олардың ж‰рген 
жерінде  сыпайы  салмақ  пен  сенімді  сыйлас-
тық  қатар  ж‰ретін.  Тіпті  әлденеге  көңілдері 
толмай  ашуланған  сәттерін  жеңіл  және  жұм-
сақ  әзілге  орай  салатын.  Әсіресе,  Тәкеңнің 
әзілдерінің астарында өкпе де, кісіні аяқ асты-
нан жұмсап жіберу де, әлдебір  өтінішін астар-
лап,  қыстыра  салу  да  айналасына  еш  зілсіз 
қабылдана беретін. Бір-бірімен әзілі жарасқан 
Ағалар  сол  қазақы  қалжыңның  құдіретін 
өзерімен  бірге  ала  кеткендей  ме  қалай,  қазір 
солардың  ізін  басып  келе  жатқан,  жұмыстан 
мұрындарынан  шаншылған  жастардың  не 
қолдары  тимейді,  не  әзілдеуді  білмейді.  Әй-
теуір, екінің бірі.  
Шынында  біздің  ұрпақ  нағыз  жаны  жай-
саң, ж‰регі ізгі, кісіге деген жақсы ниеттерін-
де  ешбір  несиелік  байқалмайтын,  айналасына 
тек  кемелдікті  көрсетіп,  болмысындағы  бар   
кеңдікті    паш  етіп  ж‰ретін  азаматтардың  қа-
сында  ж‰ріп  тәрбие  алғанына  риза.  Бір  қы-
зығы  сол  Ағалар  жасы  кішілермен  бірінші 
амандасып,  сәлем  беретін.  Сірә, «сөз  анасы – 
сәлем»  қағидасы  олар  ‰шін  адамгершілік 
заңының  басты  бабы  болу  керек.  Кейде  осы 
к‰ні  қызы  болсын,  ұлы  болсын  небір  «м‰йізі 
қарағайдай»  әріптес  замандастарымыз    шірене, 
сыздана өтіп бара жатады. Сен де амалсыз бет 
пердеңді алғың келмейді. Неге? Өйткені бәрі-
міздің  жан  д‰ниемізді  іштарлық  пен  менмен-
дік вирусы жайлап алған... 
Осы к‰ні  шәкіртке тән елгезектік пен сы-
пайылық формулада ғана  қалып,  қызметтері 
ауысып  кеткен  сияқты.  Б‰гінгілердей  емес, 
өйткені  Тәкең  сияқты  ұстаздар  кезінде  өз 
ұстаздарын  қатты  қадірлеп,  биікке  қоятыны 
соншалық,  ғылымдағы  жетекшісі  Мәулен 
Балақаев  сынды  ғалымның  бейнесін  талай 
жылғы  әңгімелерінде    әр  қырынан  танытып 
отыруға  бейіл  еді.  Бұл да  ғылымдағы  ұстазы 
алдындағы игілік парызын өтеудің бір қыры... 
 Адамдық  пен  ғалымдықтың  қалыптасуы-
на  ықпалы  мол  ғылымдағы    жанашыр  ұстаз 
еңбегін  осылай  танытып  отыруы - Тәкеңнің 
жақсылықтың  қарымын  қай  кезде  болса  қай-
таруға  тиіс  міндетім  деп  ұғуы.  Оған  дәлел  
ұстазы  М.Балақаев  идеяларын  дамытты,  қы-
рықтан астам кандидаттық пен  екі докторлық 
жұмыстың  диссертациялық  кеңесте  тұсауын  
синтаксистің  ала  жібімен  байлап  кескені, ‰л-
кен  ғылым  жолына  қадамдарын  нық  бастыр-
тып  жібергені  де    шәкірттеріне  деген  алдан-
байтын ‰міті мен сенімі еді.      
Қазақ тілі синтаксисінің мамандары Қазақ-
стан  ЖОО-ларында  әлі  де  саусақпен  санар-
лықтай.  Алайда  сол  аз  топтың  ішінде  Талғат 
Сайрамбайұлынан  қорғаған  филология  ғы-
лымдарының  кандидаттары  мен  докторлары 
синтаксис деңгейін тереңдетіп, оқу ‰дерісінде  
пән  өрісін  кеңейтіп  ж‰руі  ұстаз  жаққан  шы-
рақтың  сөнбес  алауға  айналуы.  Осы  ретте 
ғалым-ұстаздан асқан бақытты жан жоқ, сірә! 
Себебі,  ол  жазған  ғылыми-зерттеу  еңбектері,   
сол  еңбектерге  с‰йеніп,  ойы  мен  идеясын  
дәйектеген  ізденушілер,  қала  берді  жылдан 
жылға көбейе беретін сан мыңдаған     фило-
лог  студенттер  қолынан  өтетін  оқулық  кітап-
тардағы ғалым-ұстаз ұсынған сарқылмас білім 
бұлағы...  Талғат  Сайрамбайұлының  соңында 
қалдырған ғылыми мұрасының ерекшелігі міне, 
осында жатыр.  
«Кемелдік»  деген адам болмысының ерек-
ше қасиеті. Бұл - адамның қай жағынан болса 
да,  толық  жетіліп,  арман-мақсаттарына  жету 
жолындағы  өзіне  деген  сенімділігі.  Талғат 
Сайрамбайұлының  өмірбаянындағы өзі айтып 
отыратын «жетімдік» осы «кемелдікке» әбден 
дайындап, пісіріп жеткізген. Өйткені жас кезі-
нен  көрген  қиындық  келешектегі  игілікті  жа-
сау  ‰шін  өз  к‰шіне  ‰лкен    сеніммен  қарауға 
баулиды.  Кейін  қызығын  көру,  қызықтау  де-
гендеріңіз  біреулерге  пайда  бола  салған,  сый 
етіп  бере  салған  д‰ниедей  көрінуі  м‰мкін.  
Алайда  ғылым  жолындағы  ғалымдардың  іс-
теген еңбектерін салмақтау таразыға тән емес.  
Ғылыми  жұмыстың  салмағын  ғылыми  орта-
дағы  қажеттілік  пен  жылдарға  жылыстаған 
уақыт  қана  екшеп  өлшейді.  Бұл  әсіресе,  тіл 
білімінде қиынның қиыны.  
Қазақ  тіліне  қатысты  зерттеу  еңбектері  өз 
топырағында ғана тамырланып,  жеміс береді. 
Өз  топырағы  дегеніміз - сол  тілде  сөйлейтін 
қазақ  ұлты.  Қазақ  тілші  ғалымдарының  тіл 
біліміне  сіңірген  ұшан  теңіз  еңбектері  алды-
мен  Қазақстан  ғылымына  тиесілі. Олай болса 
ғалымға  құрмет  ең  бірінші  өз  әріптестерінің 
қолдауынан, мойындауынан көрінеді. Бұл ретте 
Талғат  Сайрамбайұлының  ғылымдағы  іздері 
ескерусіз,  назардан  тыс  қалған  жоқ.  Оның  із-
деушілері  де,  сұраушылары  да,  жоқтаушылары 
да  өзінің  бауыр  басқан  ғылыми  ортасын-ағы 
әріптестері мен қара орман шәкірттері.  
Жалпы т‰ркі тілдері бойынша «к‰рделі сөз 
тіркестерінің синтаксисін»  ұстазы М.Балақаев 

20                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
жеке  нысан  етіп  қарастырған.  Осы  нысанды 
әрі  қарай  тереңдетіп, 1981 жылы  ғылыми  
ізденістермен  тілдік  деректермен  жан-жақты 
байытып,  профессор Т.Сайрамбайұлы доктор-
лық  диссертациясын  «Қазақ  тіліндегі  к‰рделі 
сөз  тіркестері»  деген  еңбекпен    монография-
лық  зерттеуі  арқылы  ғылыми  көпшіліктің 
алдында  сәтті  қорғап  шықты.  Ұстаз  сенімін 
ақтап,  осындай    нәтижемен    мерейін  өсірді. 
Сөйтіп,  «Қазіргі қазақ тілі синтаксисінің» ғы-
лыми  теориялық  ауқымы  кеңейіп,  ғалымның 
жай  сөйлемге  қатысты жаңа  ой-пікірімен   әрі 
қарай  тереңдетіліп, «дербес  мағынасы  бар 
сөздер, яғни сөз таптары, сөз тіркесінің негізгі 
құрамды  элементі  деп  қаралуға  тиіс»  деген 
нақты тұжырым ұсынылды. 
 Талғат  Сайрамбайұлы  өзінің  ұзақ  ұстаз-
дық қызметінде  ғылым әлемінен бір сәт алыс-
тамаған.  Т‰рлі  ғылыми-теориялық  конферен-
цияларда  жасаған  баяндамалары  қазақ  тілі 
синтаксисінің проблемаларынан  туындайтын. 
Тіпті  студенттер  дәрісханаларында  сөйлем 
м‰шелерін  талдатудың  әдіс-тәсілдерінде  тек 
профессор  Т.Сайрамбаевқа  ғана  тән  әдісте-
меде  өзіндік  ерекшелік  бар  екендігін  кезінде 
тәлім алған шәкірттері  айтып отырады. 
 Ғылымда  теория  жасау  ‰шін  алдымен  со-
ған  қатысты  практиканың  небір  қиындық- 
тарынан  өту  керек  екендігі  белгілі.  Оқыту 
процесінде    дәріс  мазмұны  екеуінің – ғылым 
мен тәжірибенің ұштасуынан – кең, әрі  мағы-
налы,  идеялы,  деректі,  сондай-ақ,  болашақ- 
та  жазылатын  ғылыми  еңбектің  негізі  қа- 
лануы  тиіс.  Т.Сайрамбайұлының  зерттеуле-
рінде  сөйлем  м‰шелері  категориясы  осын- 
дай арнайы ізденістің жемісімен тереңдетілді.   
Соның  нәтижесінде  «Сөйлемнің  тұрлаулы 
м‰шелері»  атты  монографиясы 1991 жылы 
жарыққа шықты. Бұл еңбегінде сөйлем м‰ше-
лері болатын негізгі белгілерді нақтылап көр-
сете келе, теориялық анықтама ұсынған.  
 Әр  жылдары  ғалымның  баспадан  жарық 
көрген еңбектерінің өз іздеушісін табуы -  оның 
уақыт  өте  келе  ғылыми  кемелдікке  келгенін 
мойындататыны  даусыз.  Біз  бұл  ойымызды 
Талғат Сайрамбайұлының 2007 жылы 70 жыл-
дық  мерейтойында  құрастырылған  биобиб-
лиографиялық  көрсеткішін  сараптай  келе  бе-
кіте т‰стік.  Мұнда тек ғалымның жеке автор-
лығымен  шыққан 10 оқулық  пен  оқу  құрал-
дары,  басқа  да  ғылыми  еңбектері  хроноло-
гиялық тәртіппен тізімделген. 
Тілдің жанды құбылыс екенін тек тілші ға-
лымдар  ғана, «т‰степ,  тани  алады».  Тілді  тұ-
тынушылар  қатынас  құралы  екендігін  ғана 
шамалайды.  Әдетте  тілдік  деңгейлердің  ішін-
де ең өзгермелі сала  - лексикология. Ал тілдік 
формулаға  салынған  сияқты  синтаксис  ерек-
шеліктерін ұзақ жылдардағы бақылау, байқау, 
фактілерді жинау, оны сараптау арқылы  анық-
тауға  болады.  Бұл  ретте  Талғат  Сайрамбай-
ұлының  қағаздарының  арасында,  тіпті  қалта-
сында әр жерден жазылып алынған, немесе газет 
қиындыларынан  қатталған  мысалдар  «бұрқы-
рап»  ж‰ретін.  Тілде  кездесетін  синтаксистік 
бірегей фактілерді дәйек пен дерекке негіздеу 
‰шін  жалықпай  жинастырып,  кейде  аспирант-
тар мен ізденушілеріне ‰лестіріп отыратын.  
Қазақ тілі синтаксисін функционалдық ба-
ғытта  зерттеудің  алғашқы  ‰лгілерін  ғылымға 
баулыған  шәкірттерінің  диссертациялық  жұ-
мыстарының  тақырыптарынан  да  көруге  бо-
лады.  Ал  оларға  берілген  ғылыми  бағыт-бағ-
дары  өзінің 2004 жылы  жарыққа  шығарған 
«Тіркесімділік  дистрибуциясы»  және  «Жақ 
категориясының  функционалдық  көрінісі» 
2005 жылы басылған еңбектері және  басқа да 
мақалаларынан  бастау алады.   
Мінезге  бай  Тәкеңнің  қашанда  айналасын 
өзіне  тән жайма-шуақ қалпымен  ж‰рген ор-
тасын  әзіл-қалжыңымен  байытып, ‰лкенмен 
де кішімен де тіл табысып кететін қасиеті шы-
нында  ‰лгі  еді.  Бастық  болса  да,  көпшілдігі 
және  ақ көңілдігімен  «өзімде ғана болса екен» 
деген  пиғылдан  аулақ  ж‰ретін.  Кафедрадағы 
әріптестерінің  профессоры  бар,  доценті  бар, 
қатардағы  оқытушысы  бар  барлық  м‰шеле-
ріне ‰лестіретін көңіл сыйы мен меңгерушілік 
билігін  де  біркелкі,  еш  алаламай  әркімнің 
ғылымдағы,  ұжымдағы  орнына  қарай  тең  бө-
летін.  Мұндай  қасиет  қазіргі  айтып  ж‰рген 
корпоративтік  рухты  қалыптастыратын  аса 
қажет тәсілдердің бірі. 
Талғат  Сайрамбайұлының  өмірбаянын  қа-
расаңыз негізгінен «ат ‰стінде» ж‰рген азаматты 
танисыз.  Демек,  адамдармен  жұмыс  істеудің, 
адамдармен  қарым-қатынас  жасаудың  небір 
қилы    да  қиын  тәсілдерін  меңгерген  жан.  Ең 
басты  қағидасы  кішіпейіл  мен  қарапайымды-
лық арқылы ғана өзін сыйлата білген.     
Адам  жасы  ұлғая  келе,  алдыңғы  толқын- 
дағы әріптестерін жиі еске алады. 
 Өнеге-өсиеттерін  жадында  жаңғыртады. 
Ағалар ж‰рген жолдармен, олар с‰рлеген соқ-
пақтармен  кейінгілер  де  іздерін  басып  келе 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          21 
 
жатыр.  Ғалым  Ағалардағы  кемелдік  пен  кең-
діктің  өлшемі  кейінгілерде  қандай  деңгейде 
байқалады екен деген ойлардың болуы заңды. 
Өйткені  кемелдік  пен  кеңдік  ғылымда    -  із 
қалдырған көрнекілік, ал әріптестердің өз ара-
сында - адами болмыстың ‰лгісі.     
 
Смагулова Гулдархан Нургазиевна 
ТАЛГАТ САЙРАМБАЕВИЧ: СОВЕРШЕНСТВО И ЛЮБЕЗНОСТЬ 
 
В статье описана жизнедеятельность профессора Т.Сайрамбаева в науке и в обществе 
  
 
Smagulova Gyldarhan Nurgazievna 
TALGAT SAYRAMBAEVICH: PERFECTION AND COURTESY 
     
This article describes the livelihood of professor T.Sayrambaev in the science and society   
 
 
 
 
А. Тасымов, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры 
 
ПРОФЕССОР Т. САЙРАНБАЕВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ 
СИНТАКСИС САЛАСЫНЫҢ БІЛГІРІ 
 
 
Талғат Сайранбаев аталған тіл ғылымының 
синтаксис  саласының  білгірі,  әйгілі  ұстаз,  ҚР 
Ұлттық  Ғылым  академиясының  корреспон-
дент-м‰шесі,  филология  ғылымдарының  док-
торы, профессор Мәулен Балақаевтың с‰йікті 
шәкірті  болды.  Талғат  Сайранбайұлы  ұзақ 
уақыт  Қазақ  ұлттық  университетінде  дәріс 
оқи ж‰ріп, тіл ғылымының, әсіресе, сөз тіркесі 
мәселелерін  зерделеуді  бір  сәт  есінен  шығар-
ған  емес.  Бұл  жол  ғылымды  басқа  бір  мақсат 
‰шін  емес,  ғылымның  тек  өзіне  ғана  ынтық, 
іңкәр  болғандықтан,  білген  ‰стіне  тағы  біле 
т‰ссем  екен  деген  құмарлық,  махаббат  пайда 
болғандықтан  ‰йренетін  жол.  Солай  екеніне 
оның  бір-бірімен  іштей  тығыз  байланысты, 
ортақ  желілі  ортан  қолдай  зерттеулерінің  та-
қырыптық  ауқымы,  теориялық  терең  талдау-
лары дәлел. Т.Сайранбаевтың шығармашылық 
жұмысының  дені – сөз  тіркесі  мәселелері. 
“Сөйлемнің  тұрлаулы  м‰шелері”  атты  еңбе-
гінде  (Алматы  “Қазақ  университеті” 1991 ж.) 
сөйлем  м‰шелері  туралы  ережелердің  әрқай-
сысының  жетістіктеріне,  кемістіктеріне  өзін-
дік  талдау  жасайды.  Сөйлем  ішінде  келетін 
оқшау  сөздер,  айқындауыштар,  былайша  ал-
ғанда,  дербес  мағыналы  сөздер  бола  отырып,  
белгілі бір сөйлем м‰шесі бола алмайды, б‰кіл 
сөйлемге  немесе  жеке  бір  сөзге  қатыстылы- 
ғымен ғана ерекшеленеді. Сондықтан сөйлем- 
нің  ішінде  жұмсалатын  дербес  мағынасы  бар  
сөздердің  өзін  де  екшелеп,  қайсысы  сөйлем  
 
м‰шесі  бола  алады,  қайсысы  сөйлем  м‰шесі 
бола алмайды деп топтау да сөйлемге қатысты 
сөздердің  өзіндік  қасиетін  жан-жақты  айқын- 
дауда  басты  шарт  болуы  керек  деп  топшы-
лайды (аталған еңбек 11-б.) 
Сөйлем  м‰шелері,  олардың  жасалу  жол-
дары  бөлімінде (36-б.)  сөйлем  м‰шелерінің 
жасалу  жолын  жеке  алып,  оны 8 топқа  бөліп 
қарастырған. Қазақ тілі материалдары негізін-
де  фразеологиялық  бірліктер  туралы  І.Кеңес-
баев,  Р.Сәрсенбаев,  Ө.Айтбаев,  Т.Қордабаев, 
К.Қожахметова,  М.М.Копыленко,  М.Балақаев-
тардың еңбектерін ж‰йелі т‰рде зерделеген. 
Ана  тіліміздің  басқа  мәселелерімен  қатар 
профессор  Мәулен  Балақаевтың  аса  бір  зер 
сала  зерттеп,  көп  жұмыс  тындырған  саласы 
деп, қазақ тіліндегі сөз тіркестері синтаксисін 
атау ләзім. Профессор М.Балақаев шын мәнін-
де  де,  сөз  тіркесі  аталатын  синтаксисіміздің 
жаңа тарауын д‰ниеге әкелген зерттеуші бол-
ды.  Бұл  мәселеге  қатысты  көлемді  моногра-
фиядан  бастап,  ірілі-ұсақты  ондаған  еңбек 
жариялады.  Мәкең  араласып,  атсалыспаған  
қазақ тілі туралы ғылымның бірде-бір саласы 
жоқ  десек  болғандай.  Әсіресе,  қазақтың  ұлт-
тық  жазбасының  қалыптасуына,  ж‰йелі  қазақ 
емлесінің  жасалуына,  қазақ  әдеби  тілінің  да-
муына  Мәкең  қосқан  ‰лес,  олжаның  есесі 
мейлінше  мол  да  қомақты.  Ғалым  қаламынан 
туып,  жарық  көрген  әдеби  тіліміздің  тарихы, 
қазақтың  тіл  мәдениеті  туралы  монография-

22                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
лар мен мақалалар ғалымның әдеби тіл проб-
лемасын  зерттеуге  арналғаны  ғылыми  ортаға 
мәлім. “Шәкіртсіз  ғалым  тұл“  дейді  халқы-
мыз. Профессор Мәулен Балақаев – ғылыммен 
қатар  ұстаздықты  да  мұрат  тұтқан  адам.  Ал- 
матыдан  бастап  ұлан-байтақ  қазақ  жерінің  
т‰кпір-т‰кпірінде өнер, білім, мәдениет ұрығын 
сеуіп  жатқан  ғалым  алдынан  тәлім  алған 
білімдар  шәкірттер  баршылық.  Қазақстанның 
ғылым  ордаларында  қызмет  етіп  ж‰рген 
Мәкең  баулып  т‰леткен  бірнеше  ғылым  кан-
дидаты  мен  докторлары  мұның  кәміл  айғағы. 
Сол  шәкірттерінің  бірегейі  қазіргі  кезде 
арамызда  жоқ  профессор  Талғат  Сайранбай-
ұлы  болды. «Орнында  бар  оңалар»  деп, 
Мәулен  Балақаевтың  ақыл-кеңесін  тыңдаған, 
сол  кісінің  шәкірті  болып,  тәлімін  алған  
Т.  Сайранбайұлы  қазақ  тіл  білімін,  оның 
синтаксисін өрге с‰йреп, өзгемен терезесі тең 
ғылымға  айналдырды.  Өзінің  ғылыми  жетек-
шісінің тәрбиесін көріп, тәлімін алды, жұмыс 
істеу,  ой  өрнектеу,  өз  бетімен  іздене  білу 
стилін  ‰йренді.  Бойына  біткен  талант  та, 
ғылымға  деген  құштарлық  та,  атақты  ма-
мандардың  ақ  жарқын  аяулы  көмегі  де 
Талғаттың  ізденгіштік,  іс  білгіштік  қабілетін 
құрыштай сомдап, қырандай қанат қақтырды. 
Әрбір  ғылыми  жұмыстың  өзіндік  көзге  ұрып 
тұратын  азды – көпті  жаңалығы  бар  болса – 
игі.  Біз  оны  Талғат  Сайранбайұлының  еңбек-
терінен  көре  алатынымызды  айтамыз.  Ғалым 
қазақ тіл білімі синтаксис саласының ішіндегі 
сөз  тіркесі  мәселесімен  т‰бегейлі  айналысты. 
Осы  мәселеге  өзінің  барлық  шығармашылық 
еңбегін,  кандидаттық,  докторлық  диссертация-
ларын, 15-ке  жуық  монографиялық  зерттеу-
лерін, 230-ға  тарта  ғылыми  мақалаларын  оқу 
құралдарын  арнады.  Ғылыми  еңбектерінің  іші-
нен ерекше атап өтетіні өзінің ұстазына арнайы 
жазылған  «Мәулен  Балақаев»  атты  зерттеу - 
эсселік  монографиясы (2007) жарық көрді. 
Ғылым  кандидаты,  докторлары  болып  ж‰р-
ген  шәкірттерінің  көпшілігі  өзінің  сабақ  бер-
ген  бұрынғы  студенттері.  Атап  айтар  болсақ: 
1.  Б‰ркітбаев  О. “Қазақ  тіліндегі  қайталама-
лардың лингво-стилистикалық ж‰йесі“ атты док-
торлық  диссертация - 2001ж. 2. Сағындық-
ұлы Б. «Тең дәрежелік қатынастағы тілдік бір-
ліктер» (докторлық  диссертация) – 2004ж.  
3. Елікбаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі есімдер син-
таксисі 2009ж (докторлық диссертация), 40-тан 
астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. 
   Профессор Талғат Сайранбайұлының әр-
бір  шәкіртінің  қорғаған  ғылыми  жұмыстары-
ның  қай-қайсысында  да  ұстаздың  пікірі  өш-
пестей  өріліп  жатады. «Ұстаздық  қылған  жа- 
лықпас ‰йретуден балаға» деп, ұлы Абай айт-
қандай,  Талғат  Сайранбайұлы  ұстаздықты  ті-
келей мұрат-м‰дде ұстанумен қатар ұйымдас-
тыру, басқару саласында да ұзақ жылдар бойы 
дамылсыз  еңбек  етті.  Оның  ерен  еңбегі  елен-
бей  қалған  жоқ.  Мәскеуден  берілген  «отлич-
ник  высшей  школы  СССР»  және  «Қазақстан 
Республикасы  білім  беру  ісінің  құрметті  қыз-
меткері» деген атақтарға ие болды. 
Білім беру ісінде – ұстаз басты әрі шешуші 
тұлға.  Ұстаздың  білімділігі,  абырой-беделі 
оның  шәкіртінен  көрінеді. «Шәкірттің  жақсы 
болмағы  ұстазынан» - деп  халық  тегін  айтпа-
ған.  Адамзат  баласының  дамуында  білімнің 
қажеттілігі  сол  білімді  таратушы,  жеткізуші 
ұстаздық  қажеттілігімен  бірдей  маңызға  ие 
болған. Әлемдік ой алыптары, небір ғұламалар 
ұстаз  алдынан  өткен,  олар  өздерінің  ұстазда-
рына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа 
өсиет етіп қалдырған. Ұстаз мәртебесінің қан-
шалықты  биік,  әрі  қасиетті  екенін  осыдан-ақ 
көруге болады.  
Өзінің  саналы  ғұмырын  ағарту  ісіне  арна-
ған  ұлтымыздың  ұлы  ұстазы  Ахмет  Байтұр-
сынұлы: “Білім – біліктілікке жеткізер баспал-
дақ,  ал  біліктілік  сол  білімді  іске  асыра  білу 
дағдысы” - деп бағалаған еді. 
“Қыран  т‰легіне  қайырылмас  қанат  сый-
лайды,  ұстаз  т‰легіне  алға  бастар  талап  сый-
лайды“  демекші  білімді  ұстаздар  білімдерін 
жоғары оқу орындарында жалғастыруда. Ұлт-
тық тіліміздің, мәдениетіміз бен дәст‰ріміздің 
алдыңғы  қатарлы  ‰лгілерін,  орасан  зор  бай-
лығын  студенттердің  жан  д‰ниесіне  сіңіру, 
сол  арқылы  өркениеттің  өріне  шығып,  одан 
нәр алу – б‰гінгі к‰ннің талаптарының маңыз-
дысының бірі болып саналады. Адам ұстаздан 
‰йреніп, шәкіртпен озады. Алла тағала әркім-
ге әр т‰рлі бақыт береді екен... Тәкеңдей сый-
лас, қадірлес адамды адамымызды алып кетті. 
Табиғаттың  бұлтартпас  қатаң  заңына  көнбеске, 
мойынсұнбасқа лаж жоқ. Біз әріптесіміз Талғат 
Сайрамбайұлын еске алғанда, оның азаматтығы, 
ақ жарқын мінезі көз алдымызға елестейді. 
_________________ 
1.  Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі. Алматы, 1987. 
2.  Балақаев  М.Б.  Тіл  мәдениеті  Және  қазақ  тілін 
оқыту. Алматы, 1989. 
3.  Омарбеков С. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. 
Алматы, 2007. 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          23 
 
4.  Айтбайұлы Ө. Тіл ғұмырлар. Алматы, 2011. 
5.  Сайранбаев  Т,  Сөйлемнің  тұрлаулы  м‰шелері.  Ал-
маты, 1991. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал