Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет38/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61

бағытын  ескере  отырып  қойылатын  талап-
тар да болу керек. Қазіргі кезде Ресейде мұн-
дай  стандарттарды  өз  алдына  бөлек  басып 
шығаруға  шешім  қабылданды,  өйткені  орыс 
тілін  оқып-‰йреніп  ж‰рген  шетелдіктер  бар-
лық  жағдайда  оны  өздерінің  кәсіби  қызмет-
терінің  мақсатында  қолдана  бермейді.  Оған 
қоса  бұрын  есептеліп  ж‰ргендей,  орыс  тілін 
оқып-‰йренушілер Ресей жоғары оқу орында-
рының  шетелдік  студенттері  емес,  орыс  тілін 
к‰нделікті  қарым-қатынас  құралы  ретінде 
меңгеруге  ұмтылатын  шетелдіктер  болып 
шыққан.  Біз  де  дәл  осы  жағдайды  ескеруіміз 
керек.  
Қазіргі  кезде  кәсіби  модульдер  белсенді 
т‰рде  жасалып  жатыр.  Таяу  арада,  ҚазТЕСТ 
орталығында тек қана тілдік материалдар ғана 
емес, бес деңгейге арналған лексикалық мини-
мумдар  жинағы жарық көрді.  
Тестілеу  талаптарының  мазмұнын  жақсы-
рақ  ұғына  т‰су  ‰шін  қарапайым  деңгейге  ар-
налған міндеттерді келтірейік: 
Қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде  жалпы 
меңгерудің  қарапайым  деңгейіне  қойыла-
тын талаптар: 
1.  Коммуникативтік-сөйлеу  біліктілігі-
нің мазмұны 
1.1.  Интенциялар.  Жағдайлар  мен  қарым-
қатынас тақырыптары. 
1.1.1. Әрт‰рлі коммуникативтік міндеттер-
ді шешу кезінде шетелдік білім алушылар мы-
надай  типтік  сөз  интенцияларын
  вербалды 
т‰рде ж‰зеге асыра алуы тиіс: 
-  коммуникацияға  т‰суі,  белгілі  бір  тұл-
ғамен  танысуы,  өзін-өзі  таныстыруы  немесе 
басқа  адамды  таныстыруы  қажет,  сәлемдесуі, 
қоштасуы,  біреумен  сөйлесуі,  алғыс  айтуы, 
кешірім  сұрауы,  басқа  біреудің  алғысына 
және кешірім сұрауына жауап беруі, қайталап 
айтуын өтінуі тиіс; 
- белгілі бір дерек, тұлға, зат туралы, бел-
гілі  бір  заттың  немесе  тұлғаның  бар  екені 
немесе жоқ екені туралы, заттың сапасы, кімге 
тиесілі  екені  туралы,  оқиға,  іс-қимыл,  уақыт 
және  болған  орны,  м‰мкіндігі,  қажеттілігі, 
оның  себебі  туралы  сұрақ  қоюы  және  ха-
барлауы қажет; 
-  тілек,  өтінім,  өтініш,  ұсыныс,  шақыру, 
келісім  немесе  келіспеу,  қарсылық  білдіруге 
тиіс; 
-  өзінің  қатысын  білдіруі:  тұлғаға,  пәнге, 
дерекке, оқиғаға, іс-әрекетке баға беруі керек. 
1.1.2.  Тілді  оқып-‰йренуші  шетелдік  аза-
мат  мынадай  ситуациялық  сөйлесу  кезінде 
қарапайым  коммуникативтік  ынта-ықыласын 
ж‰зеге асыра білуге тиіс: 
- сабақтарда; 
- кітапханада; 
- қала көшелерінде, көлікте; 
- д‰кенде, д‰ңгіршекте, кассада; 
- емханада, дәрігерде, дәріханада; 
- банкте, валюта айырбастау пунктінде; 
- мейрамханада, буфетте, кафеде, асханада. 
1.2.  Сөздік  дағдыларға  қойылатын  та-
лаптар 
1.2.1. Тыңдалым (Аудирование) 
А. Монологтық сөздің тыңдалымы 
Шетелдік  тұлға монологтық  айтылымдағы 
ақпаратты тыңдай отырып, т‰сіне білуі тиіс. 
Мәтіннің тақырыбы тұрмыстық және әлеу-
меттік-мәдени  қарым-қатынас  ‰шін  маңызды 
болып табылады. 
Мәтіннің  т‰рі:  хабарлау  немесе  баяндау. 
Тиісті  қарапайым  деңгей  талаптарына  сай  ке-
летін лексикалық-грамматикалық материалдар 
негізінде арнайы құрастырылған мәтіндер. 
Мәтін көлемі: 100-120 сөз. 
Сөздің  жылдамдығы  немесе  қарқыны: 
минутына 120 – 150 буын. 
Ұсыным саны: 2. 
Б. Диалогтық сөздердің тыңдалымы 
Шетелдік  тұлға  диалогты  тыңдап,  оның 
мазмұнын т‰сіне білуі тиіс. 
Диалогтың  тақырыбы  тұрмыстық  қа-
рым-қатынас ‰шін маңызды болып табылады. 
Диалогтың  көлемі:  4-тен 8-ге  дейінгі  ай-
тылым (реплика). 
1.2.2. Оқылым 
Шетелдік тұлға: 
-  мәтінді  оның  мазмұнын  жалпы  қамти 
алатындай дәрежеде оқуы; 
- мәтіннің тақырыбын анықтауы; 
- мәтіндегі негізгі ақпаратты жеткілікті то-
лық және дәл т‰сінуі тиіс. 
Оқылымның  т‰рі:  оқу  мазмұнын  жалпы 
жетік меңгеру арқылы оқу. 
Мәтіннің  т‰рі:  баяндау  элементтері  ар-
қылы  хабарлау.  Қарапайым  деңгейге  сәйкес 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          219 
 
келетін  лексикалық-грамматикалық  материал 
негізінде арнайы құрылған мәтіндер. 
__________________ 
1.  Аванесов В.С. Форма тестовых заданий. М., 2006, 151с. 
2.  Андрюшина  Н.П.  Проблемы  изучения,  препода- 
вания  оценки  в  свете  общеевропейских  компетенций  
владения  иностранным  языкам.  М.Ю  МАКС  Пресс,  
2005 
  
Л. Б. Байболат 
Методические основы составления  требовании к  изучению казахского языка  
как второго или как иностранного 
 
     В  данной  статье  рассматриваются  основы  методических  усвоении  казахского  языка  как  второго  или 
иностранного языка. 
 
L. B. Baybolat 
Methodological Basis of requirement composition on studying Kazakh language as a second or  
a foreign language 
 
    This article discusses the methodological basis of the assimilation of the Kazakh language as the second or foreign 
language. 
 
 
 
 
Қ. Ш. Балабекова, 
аға оқытушы, ҚазМемҚызПУ, Алматы, Қазақстан, 
sagi68@mail.ru
 
 
CӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ДАМЫТА ОҚЫТУ 
 
 
Қазақ  тілінің  синтаксис  ж‰йесін  оқытуда 
оқушыларға  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлем  деген  тіл 
бірліктері    «Тіл – ж‰йелердің  ж‰йесі» (Ф.  Де 
Соссюр)  тұрғысынан  т‰сіндірілді.Оқушылар 
бастауыш  сыныптан  дыбыстардың  ерекшелі-
гін  ұғымдар  ж‰йесі  т‰рінде  меңгере  отырып, 
біртіндеп  жазу  заңдылықтарын  таниды.  Одан 
сөздің  лексикалық – грамматикалық  мағына-
лары  мен  олардың  ерекшелігін  меңгеру  ар-
қылы сөз таптары ж‰йесін тани бастайды. Сөз 
таптарының  меңгерілуі  сөйлемнің  граммати-
калық  мағынасын,  синтаксис  заңдарын  иге-
руге  көмектеседі.  Әрине,  бұл  қазіргі  оқу  бағ-
дарламасының  өзі  де,  тіпті,  жобасы  да  емес. 
Бұл болуы керек идеалдағы тілді оқыту логи-
касы.  Себебі,  осындай бірізділікпен  құрылған 
оқу  бағдарламасы  ғана  оқушылардың  ізде- 
німпаздығын,  теориялық  ойлау  қабілетін  қа-
лыптастырып,  дамытатын  м‰мкіндіктер  табу-
ға  болады.  Мысалы  бастауыш  сыныпта    оқу-
шылар адамның сөйлеген сөзі т‰сінікті болуы 
‰шін  жалғыз  сөздің  жеткіліксіз  екенін,  кем 
дегенде екі сөздің тіркесуі арқылы ғана бір ой 
ұштығы т‰сіндірілетінін анықтайды. Сөздерді 
тіркестіре  отырып,  олардың  мағыналары  да 
т‰рленетінін байқайды: 
‡лкен бала 
Қызық кітап                                                                                           
Тәртіпті бала                                                                                
 
Бір кітап 
Тентек  бала                                                                         
Сол кітап 
Осының  негізінде  оқушылар  сөздер  тір-
кесінің  табиғаты  туралы  алғашқы  қарапайым 
т‰сінік  алып  қоймай,  белгілі  бір  ережелер  де 
шығарады: 
1. Сөздер бір – бірімен еркін тіркеседі. 
Сөздердің өзара грамматикалық байланыс-
тар  арқылы  белгілі  бір  қатынастар  т‰ріне  т‰-
сетіні  (анықтауыштық,  толықтауыштық,  пы-
сықтауыштық)  оқушыларға  жетінші  сыныпта 
меңгертіледі.  Оны  оқушылар  талдау  арқылы 
анықтайды.  Сөз  тіркесін  меңгертуде  мынадай 
конструкциялардың көмегі зор: 
1.  Тіркестің  құрылымы      (бағыныңқы,  ба-
сыңқы сыңары) 
2.  Байланысу  т‰рі                                     
3.  Қатынас  т‰рі    (анықтауыштық,  толық-
тауыштық , пысықтауыштық қатынас) 
4. Байланысу тәсілі 
І бағыт бойынша тіркестің құрылымын анық-
тау  керек.  Сабақты  т‰сіндіру  барысында  мы-
салға  тіркестер  келтірілгенмен,  бекіту,  қолдану 
сабақтарында  тұтас  сөйлемдер  беріліп,  сөз  тір-
кестерін оқушылардың өзіне таптырту пайдалы. 
 А)  Алатау  сұлулығын  ешкім  әлі  айтып 
жеткізе алған жоқ. 
Бағыныңқы       басыңқы 

220                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
1. Алатау сұлулығы 
Бағыныңқы            басыңқы 
Ешкім айтып жеткізе алған жоқ 
Басыңқы               бағыныңқы 
 
Әлі айтып жеткізе алған жоқ. 
Осы  мысалдарды  келтіре  отырып,  сөз 
тіркесінің  соңғы  сыңары  басыңқы болатынын 
т‰сіндіре кету керек. 
ІІ бағыт бойынша сөз тіркесінің байланысу 
т‰рлерін  мына  кесте  арқылы  айтып  өтуге  бо-
лады: 
 
№  Байланыс  т‰рі 
Сызбасы 
Мысал 
1  Қиысу 
Бастауыш + баяндауыш 
Жақ, шақ жағынан қиыса байланысады 
Айжан келді 
2  Қабысу 
Анықтауыш (Қандай? Қай? Қанша? Неше?) 
+ зат есім (Кім? Не?) 
Алтын сағат, ‰ш 
бала, оқыған жігіт.
3  Меңгеру 
Толықтауыш (Кімге? Неге? Кімді? Нені? 
Кімде? Неде? Кімнен? Неден?  Кіммен? 
Немен?) +  
Балаға оқытты, 
анамнан 
алдым,Есетпен 
отырам. 
4  Матасу 
Ілік септік (-ның, -нің, -дың,-дің,-тың,-тің) + 
Тәуелдік жалғау ( -ым,-ім, -ымыз, іміз, -ың,-
ің,-ыңыз,-іңіз,-ы,-і 
Адамның баласы, 
әлемнің жарығы 
5  Жанасу 
Пысықтауыш (Қайда? Қашан? Қалай? Неге? 
Не себепті) + Етістік 
 ( Не істеді? Қайтті?) 
Әлі көрген жоқ, 
Кеше кетті 
 
Байланысу  т‰рлерін  меңгерту  ‰шін  т‰рлі 
карточкамен жұмыс, тестпен жұмыс талдау т‰р-
лерін  ж‰ргізуге  болады.  Бұл  ретте  «Мектеп» 
баспасынан  З.Басыбекова,  З.  Ерназаровалар-
дың  авторлығымен  шыққан  «Қазақ  тілі»  ди-
дактикалық материалдар жинағы көп көмек бе-
реді. Мысалға талдау жұмыстары мына ж‰йе-
де ж‰ргізілгені абзал: 
Біздің  ғаламшарымыз  тұщы  суды  көп 
қажет етеді. 
1.  Біздің  ғаламшарымыз-  матасу,  өйткені 
басыңқы сыңар – ілік септігінің жалғауын жал-
ғап тұр, бағыныңқы сыңар – тәуелдік жалғау-
дың І жағында тұр. 
2. Тұщы су – қабысу, өйткені басыңқы сыңар 
–  анықтауыш,  қандай?  деген  сұраққа  жауап  
 
береді, бағыныңқы сыңар – зат есім, не? деген 
сұраққа жауап береді. 
3. Суды қажет етеді – меңгеру, басыңқы 
сыңары – толықтауыш,  табыс  септігінде  тұр, 
бағыныңқы  сыңары – етістік,  қайтеді?  деген 
сұраққа жауап береді. 
4.  Ғаламшарымыз  қажет  етеді – қиысу, 
өйткені басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңар 
тұрлаулы  м‰шелер,  жақ  жағынан  да,  шақ 
жағынан да қиыса байланысып тұр. 
5. Көп қажет етеді – жанасу, өйткені ба-
сыңқы  сыңар – пысықтауыш,  бағыныңқы  сы-
ңар – етістік. 
ІІІ  бағыт  бойынша  сөз  тіркесінің  қатынас 
т‰рлерінің ‰ш т‰рі оқытылады: 
 
№  Сөз тіркесіндегі қатынас 
т‰рлері 
Сызбасы 
Мысал 
1  Толықтауыштық қатынас 
Толықтауыш + етістік 
Мерейді шақырдым 
2  Пысықтауыштық қатынас 
Пысықтауыш + етістік 
Жоғары өрледім 
3  Анықтауыштық қатынас 
Анықтауыш + зат есім 
Әдемі көйлек 
 
І‡  бағыт  бойынша  сөздердің  байланысу 
тәсілдерінің 4 т‰рі оқытылады. 
 
№  Байланысу тәсілі 
Жасалу жолы 
Мысал 
1  Орын тәртібі арқылы 
Ешбір жалғау, шылаусыз қатар 
тұрып байланысады 
Қызыл алма 
2  Жалғау арқылы 
Тәуелдік, септік, көптік, жіктік 
Ананың мейірімі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          221 
 
жалғаулар арқылы 
байланысады. 
3  Шылау арқылы  
Шылаулар арқылы 
байланысады 
Отан ‰шін к‰рес 
4  Интонация арқылы 
Белгілі бір ырғақпен 
байланысады 
Әсет - әнші 
 
Осындай  кестелер  арқылы  сөз  тіркесі  ту-
ралы  т‰сінік  беруге  болады.  Сөздердің  тіркес 
құруында  бірі – басыңқы,  бірі – бағыныңқы 
қызмет  атқаратынын  т‰сіну  арқылы  есімді, 
етістікті  сөз  тіркестерін  таниды.  Ал  мұны 
т‰сіну  болса,  өз  кезегінде,  сөздердің  қиыса, 
қабыса, меңгеріле, жанаса, матаса байланыса-
тынын айырып тану м‰мкіндігін береді. Қиы-
судың  ерекше  табиғаты – сөйлем  негізін  құ-
раушы  м‰шелердің  байланысы  т‰рін  көрсе-
тетіндігінде  екендігі  де  ізденімдік  талдау  ба-
рысында  анықталады.  Сөз  тіркесі  туралы 
т‰сінік беруде Бітібаеваның жобалау техноло-
гиясы,  Оразақынованың  сатылай – кешенді 
талдау  әдістері  өте  ‰лкен  көмек  береді  .Сөз 
тіркестерін  меңгертуде  қолданылатын  басты 
әдіс  - талдау. 
Ақбілекке анасының дауысы алыстан анық 
естілді
 
Ақбілекке  естілді – меңгеру,  өйткені  ба-
сыңқы  сыңар  –толықтауыш,  бағыныңқы  сы-
ңар – етістік,  жалғау  арқылы  байланыс,  то-
лықтауыштық қатынас 
Анасының  дауысы – матасу,  өйткені  ба-
сыңқы сыңар – ілік септігінде тұр, бағыныңқы 
сыңар тәуелдік жалғау, жалғау арқылы байла-
ныс, анықтауыштық қатынас 
3. Дауысы естілді – қиысу, өйткені тұрлау-
лы  м‰шелер  жақ,  шақ  жағынан  қиыса  байла-
нысып тұр, жалғау арқылы байланыс. 
4.  Анық  естілді-  жанасу,  өйткені  басыңқы 
сыңар – пысықтауыш,  бағыныңқы  сыңар –  
етістік,  орын  тәртібі  арқылы  байланыс,  пы-
сықтауыштық қатынас. 
Осы талдауды сатылай кешенді талдау ‰л-
гісінде де жасауға болады. 
Шоқан әңгімесін жалғастырды. 
                      
                            Әңгімесін жалғастырды 
 
                            Басыңқы сыңары- жалғастырды, бағыныңқы сыңары –    
                               әңгімесін                                
                          
                            Байланысу т‰рі – меңгеру, өйткені – бағыныңқы сыңары –  
       
 
толықтауыш, басыңқы сыңары  - етістік 
 
                          Байланысу тәсілі – табыс септік жалғауы арқылы  
                                байланысқан   
                                Қатынас т‰рі -  толықтауыштық қатынас   
 
 
Оқушылардың  алдына  қойылған  міндет 
берілген  жаттығулар  мен  тапсырмаларды  із- 
денімдік – зерттеушілік  әдіс  арқылы  орын- 
дай отырып, көздеген мақсатқа, танылып отыр-
ған  заттың  жалпы  қасиетін  білдіретін  тұжы-
рымдар  жасауға  жету  болып  табылады.  Мұ-
ғалімнің  сабақты  өткізуге  байланысты  қой- 
ған  мақсаты  оқушы  мақсатына  айналуы  
тиіс.  
Негізінде  оқушыларға 5-9 кластарда  қазақ 
тілін  оқытуда  тіл бірліктерінің  таңбалық  бол-
мысын қоса қамтып отыру аса қажет екендігін 
тәжірибе дәлелдеп берді. Өйткені сөз тіркесін  
 
 
құраушы  бірлік – сөз  десек,  сөздің  таңбалар  
ж‰йесі,  лексикалық,  сөзжасамдық,  граммати-
калық мағыналардың болуы, бір бірлікте топ- 
тасқан  ондаған  ерекшеліктердің  бар  екенін 
көрсетеді.  Егер  сөз  сондай  к‰рделі,  ерекше 
таңба  десек,  сөз  тіркесі  одан  да  к‰рделірек, 
ерекшелігі  мол  таңба,  ал  сөйлем  одан  да 
к‰рделі таңба екені белгілі болды.  
Сөйтіп оқушылар сөз тіркесін – «Тіл – таң-
балар ж‰йесі»  тұрғысынан т‰сінуге м‰мкіндік 
алып, мынадай тұжырымдар жасады: 
1.  Сөз  тіркесі - өзіндік  ерекшелігі  бар  тіл-
дік таңба 

222                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
2.  Сөз  тіркесінің  ішкі  мағынасы – білді-
рілуі тиіс таңба 
3. Сөз тіркесінің белгілі бір қатынасқа т‰суі – 
білдірілуі тиіс мазмұнды білдіруші форма. 
Енді  оқушыларда  мазмұн  мен  форма  ту-
ралы бір ұғым қалыптасады. Бірақ бір форма-
ның  бірнеше  мазмұнды  бере  алатындығы 
туралы  білім  қажеттілігі  де  осы  арада  туын-
дайды. Оны аттап кетуге болмайды. Бұл мәсе-
лен  «Еркін  сөз  тіркесі  мен  тұрақты  тіркес», 
«Еркін сөз тіркесі мен к‰рделі сөз», «Еркін сөз 
тіркесі  мен  аналитикалық  форманттар»  тақы-
рыбы арқылы тамаша меңгертуге болады. Же-
тінші  класс  оқушыларына  мынадай  тапсыр-
малар  беруге  болады:  Мына  құрылымдарды 
қажетті бағанға жаз: 
Кестемен жұмыс, Марат ағай, көзінен оты 
шықты,  қара  қоңыр, ‰йге  келдім,  ит  арқасы 
қиянда,  сегіз  ж‰з  елу,  алтын  сағат,  мұртын 
балта  шаппайды,  он  кітап,  қаны  басына 
шықты, оқып жатыр. 
 
Сөз тіркесі 
К‰рделі сөз 
Тұрақты тіркес 
Кестемен жұмыс 
Марат ағай 
көзінен оты шықты 
‰йге келдім 
қара қоңыр 
ит арқасы қиянда 
алтын сағат 
сегіз ж‰з елу 
мұртын балта 
шаппайды 
он кітап 
оқып жатыр 
қаны басына шықты 
 
Мұндай  жұмыстар оқушылардың  сөз тір-
кестерінің  т‰рлерін  қаншалықты  білетінін 
көрсетеді,  әрі  ойын  ж‰йелеп,  білгенін  т‰р-
лендіріп,  ауызша  да,  жазбаша  да  жеткізе  бі-
луге дағдыландырады. 
_________________________________ 
1.  П.М.Эрдниев.  Укрупнение  дидактических  единиц  в 
обучении математике. М.,1986 
 
 
2.  Микерова  Г.Ж.  Лингводидактические  основы  обу-
чения  русскому  языку  по  технологии  укрупненных  ди- 
дактических  единиц  в  начальных  классах.  Краснодар,  
2008 
3.  Аханов  К.  Тіл  білімінің  негіздері.-  Алматы, «Мек-
теп», 1978. 
4.  Махмұдов  М.И.  Мектепте  проблемалық  оқытуды 
ұйымдастыру. Алматы,  
 
К. Ш. Балабекова 
Изучение развития словосочетании 
 
В статье рассматривается характер технологии обучения укрупненных дидактических единиц. 
 
K.S. Balabekova 
The study of the phrases development 
 
This article discusses the nature of learning technologies of enlarged didactic units. 
 
 
 
 
С. Б. Бектемирова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУдоценті, ф.ғ.к. 
Р. Әуесхан, 
филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, 2 курс студенті 
 
ОРАЛМАН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ ТІЛІНЕ БЕЙІМДЕЛУІ 
 
 
Тілде  бейімделу  ‰рдісі  бірден  қалыптаса 
қоймайды. Тілдің  бейімделуі біршама уақыт-
ты талап етеді. Оған мысал ретінде Қазақстан 
Республикасы  тәуелсіздігін  алған  уақыттағы 
шет елдегі қандастарымыздың өз еліне ең ал-
ғаш келген кездегі сөйлеу тілі мен қазіргі кез- 
дегі  сөйлеу  тілінің  арасындағы  ерекшеліктер 
мен айырмашылықтарды айтуымызға болады.   
 
 
Репатриант-қазақтардың  тіліне  байланыс-
ты  зерттеулер  баршылық,  алайда  олардың  
жергілікті  тілге  бейімделуіне  байланысты 
зерттеулерді әлі кездестіре алмадық.  
 Қазақ  елі  өзінің  Тәуелсіздігін  алып,  ақ 
т‰йенің қарны жарылған  сонау қасиетті к‰н-
мен  бірге  шет  елдердегі  қандас  ағайынның 
елге  оралу  арманы  аңыздан  ақиқатқа  айнала  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          223 
 
бастады. Президентіміздің  көрегенді саясаты-
ның  нәтижесінде  б‰гінде  атажұртқа  оралған-
дар мен оралам деушілерге барлық м‰мкіндік 
жасалып  отыр.  Тілші  ғалым  Д. Әлкебаева: 
1991  жылдан  бастап  Қазақстан  Республика-
сына 1млн-ға жуық этникалық топтар келген, 
– дейді [3, 10б.].   
Оралған қандасатарымыз жат жер, шет ел, 
басқа  мемлекетте,  өзге  қоғамда  ж‰рсе  де 
ұлттық ерекшеліктерін жоймай, қазақи рухын, 
қазақы  мінезін,  баға  жетпес  салт-дәст‰рін 
кеудедегі  шыбын  жанындай  аялап  сақтап, 
өздерімен бірге алып келді.  Елбасымыз  «Та-
рих толқынында» еңбегінде былай дейді: «Қа-
зақ  диаспоралары  өзі  тұрған  елдердің  қай-
сысында  болмасын,  олардың  мәдениетін,  ті-
лін,  әдет-ғұрпын  тамаша  меңгерді.  Ол  елдер-
дің  басым  бөлігінде  қазақ  тілінің  ешқандай 
құрылымдық  қорғаны  жоқ  еді,  соған  қара-
мастан  сол  елдердің  бәрінде  де  өз  тілі  мен 
мәдениетін сақтай білді» [1, 141б.].  
Репатрианттардың  барлық  жағдайы  бағ-
дарлама  бойынша  бекітіліп,  алдын  ала  же-
ңілдіктер  ойластырылса  да  бағдарламаға  ен-
бей,  өз  бетімен  көшіп  келуші  бауырларымыз 
да  болды.  Мейлі  бағдарламамен  келсін,  не  өз 
бетімен келсін оларды ортақ бір кедергі к‰тіп 
алды. Ол әрине – тіл мәселесі. Алғашқы көші-
қон жылдарындағы, тіпті қазіргі кездегі өзекті  
мәселелердің  бірі – орламандардың  Қазақ-
стандағы  тілдік  ортаға  бейімделуі,өзінің  бұ-
рын  қалыптасқан  сөйлеу  мәдениетін  Қазақ 
еліндегі  тілдік  ортаға,  тілдік  нормаға  икем-
деуі, тілдік сәйкестілікке ие болуы, әлеуметтік 
топта тілдік кедергіге ұшырамау болып отыр. 
Қазақстан елі ‰шін Қазақ тілі – мемлекет-
тік тіл. Ал шет елдердегі қазақтар ‰шін диас-
пора  тілі.  Диаспора  тілі  (грек. diaspora ша-
шырау) – этникалық  топтың  бір  бөлігінің  та-
рихи  т‰птөркіні  бар  елден  сыртқары  жерде – 
басқа  елде  тұратын,  негізгі  ұлт  тілімен  са-
лыстырғанда,  тілді  пайдаланушыларының  саны 
аз  ұлт  өкілдерінің  тілі [2, 86б.].  Жалпы  диас-
пора  тілі  к‰нделікті  тұрмыстық  қарым-қаты-
нас тілі, мерзімді басылымдар, радиохабарлар 
тілі,көркем  әдебиет,  Интернет  сайттарының 
тілі ретінде өмір с‰реді. Мысалы Моңғолияда 
к‰н  сайын  бір  сағат  қазақша  радиохабар 
тарайды,  және 
www.baiolke.com
 атты Моңғо-
лия қазақтарының ақпараттық порталы бар.  
Б‰гінде  шет  елдерден  атажұртқа  оралу-
шыларды неше т‰рлі терминдермен атап ж‰р. 
Мысалы: оралмандар, оралғандар, репатриант-
тар.  Ғылыми тілдегі ең көп қолданыста ж‰р-
гені – репатриант.  
 Репатриант  (лат. re – қайталану  мағына-
дағы қосымша patria – Отан, туған ел) – Ота-
нына  қайтып  оралған  адам.  Біздің  елде  репа-
триант терминінің орнына оралман сөзі қолда-
нылады. [2, 194б.].  Репатрианттар  тіліндегі 
кездесіп  жататын  әрт‰рлі  тілдік  кедергілерді, 
ерекшеліктерді,  айырмашылықтарды,  тілге 
бейімделуін тіл білімінде әлеуметтік лингвис-
тика ғылымы зерттейді.  
Әлеуметтік лингвистика (фр. Linguistique 
лат.  lingua  язык)  ағыл sociolinguistics – тіл 
әлеуметтануы,  әлеуметтанушылық  лингвис-
тика,  әлеуметтану  тіл  білімі,  лингвоәлеумет-
тану.  Тіл  және  қоғамның  өзара  себепті  бай-
ланысын,  тілдің  қоғамдағы  қолданылу  ерек-
шеліктерін, әлеуметтік айқындылықтағы, нақ-
тылықтағы  тілді  зерттейтін  тіл  білімінің  бір 
тармағы. [2, 45 б.].  
К‰нделікті    тұрмыста  репатрианттар  бел-
гілі бір   әлеуметтік топтың м‰шесі ретінде қа-
рым-қатынасқа  т‰седі.  Тілдік  сәйкестіліктің 
жоқтығы  немесе    аздығы  себепті  репатриант-
тар  тілдік  ортада,  өз  тілдеріндегі  тілдік  ерек-
шеліктерін  көрсетеді.  Ол  ерекшеліктер  мына-
дай  себептерге  негізделеді.  Оралмандардың 
көбісі  қостілді.  Олар  өздері  өмір  с‰ріп  отыр-
ған мемлекеттің тілін  және ана тілдерін мең-
герген. Мемлекеттік тілі мен ана тілінің өзара 
қарым-қатынасы  нәтижесінде  тілдік  ‰стемдік 
процесі ж‰рмей қоймайды. Сол ‰стемдік атал-
мыш  елдің  мемлекеттік  тілінің    әсерін  диас-
пора тіліне (шетелдегі қазақтар тілі)  фонети-
калық,  лексикалық  тұрғыдан    тигізеді.  Тілші 
ғалым Д. Әлкебаева: Кез келген қазақ диаспо-
расы  өкілдерінің  тілдік  жағдайы  оңып  тұрған 
жоқ.  Олар  шетелде  ‰ш  т‰рлі  алфавитті  оқып 
өседі: а) өздері өмір с‰рген мемлекеттің алфа-
виті; ә) сол мемлекетте басымдылық көрсете-
тін  тілдің  алфавиті;  б)  өз  тілінің  алфавиті [3, 
10 б.]. 
 Тарихи  отанына  оралған  репатрианттар 
тілі  ең  аз  дегенде  жарты  жыл  яғни  алты  ай 
уақыттың  ішінде  әлеуметтік  өзгеріске  ұшы-
рап,  өмір с‰ріп жатқан жеріндегі  тілдік жағ-
даятқа икемделе бастайды. Бұл әсердің жақсы 
жағы сондай-ақ кері ықпалы да бар.  Мысалы 
қазіргі  жастар  тіліндегі  сленгтер,  арголар, 
жаргондар,  ақпараттық техникаға, к‰нделікті 
қарым-қатынасқа  байланысты  тілдік  элемент-
тер  репатриант  сөздік  қорына  еріксіз  кіріп 
отырады. Атап айтсақ, қазіргі к‰нделікті  тұр-

224                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
мыста қолданысқа міндетті т‰рде т‰сетін сөз-
дер:  сотка,  звондау,  ало,  уже,  мусор,  пакет
свет;  слэнгтер:  маяк  тастау,  крышасы  бар, 
құлаққа  теппеші,  қоянның  суретін  салмашы, 
құлаққа  лапша  ілмеші,  жаргондар:  жынды 
екен, базар жоқ,  т.б.  Осы сияқты өзге тілдің 
әсері  басым  элементтер  уыздай  таза  қазақша 
оралман  тілін  шұбарлаудың  алғашқы  баста-
масы  болып  отыр.  Жоғарыдағы  сөздерді  қа-
зіргі  қоғамда  қолданбай  өмір  с‰ру  м‰мкін 
емес.  Бірақ  осы  тілдік  ‰рдіске  ілесіп  кету 
репатрианттарға оңайға соқпайды. Себебі жо-
ғарыдағы алынған мысалдардың дені орысша, 
қалғаны  орысшадан  сөзбе-сөз  аударылған. 
Олай болса орысша білмейтін репатриант тілі 
мұндай өзгеріске тосырқана қарауы заңды.   
Енді репатрианттар тілі өздері келген елдің 
жергілікті  тіліне  қаншалықты  бейімделгенін, 
сол  бейімделу  олардың  Қазақстандағы  тілдік 
ортаға  ‰йренісіп,  тілдік  әрі  мәдени  сәйкес-
тілікке  ие  болуына  тигізетін  кері  әсерін  сөз 
етейік. 
Мысалы Моңғолия қазақтары кириллицаға 
негізделген моңғол тілінің және сол елдегі ба-
сым тіл ағылшын тілінің алфавитін, ал Қытай-
дағы  қазақтар  А. Байтұрсынұлы  құрастыр- 
ған  төте  жазуды,  қытай  тілінің  иероглифте- 
рін,  және  басым  тіл – ағылшын  тілін  ‰йреніп 
өседі. 
Моңғолия және Қытай елінен келген репа-
триант-қазақтар  тілінің  жергілікті  халық  тілі-
не  бейімделген  көрінісін  төмендегі  мысалдар 
негізінде көруге болады: 
Моңғолиядан келген репатриант-қазақтар 
тілінің бейімделуі: 
Мысалы: чийдэн – шійдін «шійдінді өшір – 
жарықты өшір»; 
магад ‰г‰й – мағат жоқ
 «Асан ертең келсе 
мағат жоқ – Асан ертең келуі м‰мкін»; 
 яг – иәк  «Бұл  сөзді  иәк  айтасың – Бұл 
сөзді дәл айттың»; 
 угаасаа – угаса «Біз угаса бес к‰н оқимыз 
–  Біз онсыз да бес к‰н оқимыз»; 
 хашаа – қаша  «Ұрылар  кеше    қашадан 
секіріп т‰сіп, ‰йдегі бағалы заттарды  ұрлапты 
–  Ұрылар  кеше  дуалдан  секіріп  т‰сіп, ‰йдегі 
бағалы заттарды ұрлапты»; 
 ширхэг – шіркек  «Маған  екі  шіркек  алма 
беріңізші –  Маған екі дана алма беріңізші»; 
 заавал – забыл «Ертең забыл кел –  Ертең 
міндетті т‰рде кел»; 
 ховор – қобыр «Қазір кітап оқитын жастар 
қобыр ғой –  Қазір кітап оқитын жастар  сирек 
қой»;  
төлбөр,  төлбір – төлем  «Оқудың
  төлбірі 
қымбаттап  кетті  –Оқудың  төлемі  қымбаттап 
кетті» т.б. 
Жергілікті  жердегі  диаспора  тіліндегі  қа-
лыпты  құбылыстардың,  тілдік  бірліктердің 
Қазақстандағы  тілдік  нормаға  сай  келмеуі. 
Оның  ішінде  қазақ  тіліндегі  диалект  сөздер-
мен қатар қолданылуы. Мысалы: 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет