Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет37/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61

 
 
 
 
Ж. Әбдіғалимова, 
ПМПИ-дің аға оқытушысы (Павлодар) 
 
Т‡РКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТОПОНИМИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ  
ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
 
Тіл  теориясы  туралы  зерттеулер  әлемдік 
денгейде к‰рделі лингвистикалық мәселелерді 
көтеріп,  заман  талабына  сай  шешімін  тауып, 
комуникативтік-прагматикалық  маңызы  жо-
ғары бағалануда. 
Кез-келген  халық  тілі – сол  халықтың 
шынайы  этникалық  болымысының  айнасы. 
Тілді  жаңа  ғасыр  баспалдағында  теориялық – 
танымдық  ‰рдісте  зерттеудің  қажеттігі  туып 
отыр.  Бұл  ‰рдіс  тіл  мен  адам  санасын  тұ-
тастықта  қарастырып  тілдік  білімді  адам 
миының  жемісі,  к‰рделі  ассоциативті-вер-
балды  құрылым,  болымысты  рух  пен  ой 
бірлестігінде  тараушы  ж‰йе  ретінде  кешенді 
сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған  
шындықты,  әлемдегі  сан  алуан  құбылыстар 
мен  олардың  сапа  қасиетін  сезім  м‰шелері 
сіңіріп, санамен т‰йсініп қана қоймайды, оған 
жауап  қайырады,  ақпаратты  өзінше  жаңғыр-
тып, жаңа сапада қайта жасауға саналы, кейде 
санасыз  к‰йде  талпыныс  жасайды,  өңдейді, 
қорытады,  елеп-екшейді,  баға  береді,  тәжір-
биеде  қолданады,  бұлардың  тұтас  көрінісі  
 
 
ретінде  ғаламның  тілдік  бейнесі  жасалады 
[1,65]. 
Ұлттық  таным  мәселесі  философиялық 
категория  болғанымен,  тіл  мен  ойлау  мәселе-
сіне  келгенде,  лингвистикалық  обьект  болып 
та  есептеледі.  Кез-келген  атау  белгі  бір 
ұғымды  беру  ‰шін  қолданылады,  демек  оның 
арғы  жағында  ұлттық  адами  таным  жатыр. 
Адам  көктен  т‰скен  жоқ,  ол  да – табиғаттың 
сыйы. Сондықтан Адам, Жер, Табиғат деген-
дер – органикалық  бірлектегі  д‰ниелер.  Ен-
деше,  атау  да  сол  табиғаттағы  құбылыстарды 
тану,  есту,  бейнелеу  барысында  тілге  негіз 
болған. 
Адамның  д‰ние,  өмір  тануға  ұмтылуы – 
өте  ежелгі  және  табиғи  да  к‰рделі  процесс. 
Біздің  заманымыздан  бұрынғы 6-7ғасырларда 
гректер  Дельфадағы  Апполлон  ордасында 
«Өзіңді  өзің  таны»  деп  тасқа  ойып  өсиет 
қалдырған  кезеңнен,  адамзаттың  әу  бастан 
д‰ниедегі  өзінің  орны  менен  болмыс-бітімін 
анықтауға  қатты  мән  бергені  байқалады 
[2.14]. 

214                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Тың мәселелердің бірі – аталымның жаса-
луындағы  сананың,  танымның,  ойлаудың  тіл-
дегі  таңбасы  б‰гінгі  лингвистикада  кешенді 
зертелуде.  Тіл  мен  ойлау  бір-бірімен  байла-
нысты, заңды құбылыс .  
Тілдегі  таным  көрінісі – таңбаны  ғылыми 
тұрғыдан  саралау,  таңба  аталым – атау  неден 
басталатынын,  қандай  заңдылықтармен  ж‰-
зеге  асатынын,  оның  белгілері  қандай,  оның 
дамуы  және  қалыптасу  ‰рдісін  терең  зерде-
легенде, талдағанда өз шешімін табады . 
Аталым  жасауда  халықтың  танымдық  ой-
өрістік  денгейінің  жан – жақтылығымен  бай-
ланыстылығын  тіл  деректерінің  сырына, 
құпиясына  терең  ‰ңілуді  қажет  етеді.  Соның 
негізінде  тіл  бірліктерінің  жасалуындағы  осы 
‰рдістің қатысын  зертеу  тіл  мен  ойлау  арақа-
тынасын жаңа қырынан тануға жетелейді.  
Жалпы  топонимдердің  семантикасы  кез-
келген  жағдайда  адамның  белгілі  бір  геогра-
фиялық  нысандарға  тікелей  немесе  жанама 
қатынасын  аңғартады,  сол  нысандардың  ішкі 
не  сырты  қасиеттерін,  сипатын  танытып  тұ-
рады.  Сөйтіп,  лексика-семантикалық  класси-
фикация  топонимдердің  маңызы  мен  мәнін 
аша  отырып,  адамның  табиғат  пен  қоғамдық 
өмірге арақатынасының дәрежесінен молынан 
хабардар  етеді.  Осылай  десек,  халық  өмірінің 
әр  кезеңдерінде  пайда  болған  мәдени  құбы-
лыстар  мен  өзгерістердің  өмірге  жаңа  топо-
нимдер  әкелетінін,  сөйтіп  топонимдер  ж‰йе-
сінің  берік  қалыптасуы  мен  қызмет  етуімен 
ықпал жасап отыратынын бағамдауға болады. 
Ежелден  қарым-қатынаста  болған  т‰ркі  ха-
лықтары мен қазақ елінің арасындағы әрт‰рлі 
байланыстар  нәтижесінде  қазақ  жеріне  көп-
теген  топонимдердің  ұқсас,  төркіндес  болып 
келуі заңдылық.   
Топонимика  грек сөзі, топос – орын, жер, 
ономо – атау.  Географиялық  жалқы  атаулар 
(жер-су аттары) топонимдер деп аталады. Гео-
графиялар  жалқы атаулар мен жалпы атаулар-
дың  арасында  айырмашылық  бар.  География-
лық жалқы атаулар Қызыл (Тыва), Ертіс, Тау-
лы-Алтай:  Курмач-Байгол,  Суранаш,  Иткуч, 
Шукша,  Шунарак  т.б.  осы  сияқты  нысандар-
дың аттары кірсе, ал географиялық жалпы ат-
тарға өзен, көл, тау, тас, қала, су, құдық сияқ-
тылардың  атаулары жатады.  
Т‰ркі  халықтарының  топонимдік  ж‰йесін-
де төмендегідей лексика-семантикалық топтары: 
1. Семантикасы к‰ңгірт топонимдер: ел-
дімекен – Т‰ркістан,  Отырар.  Қазығұрт, 
Шәуілдір,  Ұранғай,  Созақ,  Сайрам,  Састөбе, 
Рақпантау,  Манкент,  Қармыс,  Ленгір,  Хан-
тағы,  Масат,  Тоғанас,  Дербісек,  Ордабасы, 
Отар,  Бөген,  Тұрбат,  Қалаш,  Б‰ргем,  Бұзай, 
Көкібел, Шабырлы, Бажы, Шағыр т,б. 
2.  Географиялық  объектілердің  т‰р-т‰-
сіне  байланысты  топонимдер:  Сарыағаш 
(қала),  өзендер – Көксарай,  Ақжайқын,  Көк-
қиясай,  Ақса,  Қарабассу,  Шұбарсу,  көлдер – 
Ақжар,  Қызылкөл,  Көккөл,  құдықтар – Қы-
зылқақа,  Ақдала,  Бұжыр,  қыстаулар – Қара-
қыстау, ‡шқоңыр-Қоңырсай, арықтар – Қара-
суан,  Ақсу  Жабағылы  қорығы,  разъезд – Ақ-
пан, Қарак‰нгір, елдімекендер – Аппақ, Сары-
жаз, Көксайек, Зертас, Қарааспан т.б. 
3.  Географиялық  объектілердің  т‰р-т‰-
сіне,  ерекшелігіне,  т‰рлі  сапалық  белгісіне 
байланысты  топонимдер:  елдімекендер – 
Мырзакент,  Иіржар,  балдыберек,  Көмешбұ-
лақ, Шақпақ, Шойтас, Тақыркөл, Шұқыршақ, 
Тұщықұдық,  Майлы  ошақ,  Балды  су,  Қорған 
бұлақ,  Шұбар,  Майлыбұлақ,  Т‰гіскен,  К‰лме, 
Тентектас, Міртөбе, ‡тіртөбе, таутары т.б.  
4.  Антропонимдерден  құралған  топо-
нимдер: елдімекен – Жанкел, Есқара, Айгене, 
Бәйдібек,  Берқұты,  Мәскенқорған,  Тастабай-
арық; өзен – Қожабек, Жангелді, Тұрлан; көл 
–  С‰гірбай,  Қарсанбай,  Т‰кібайкөл;  арық – 
Шаумен,  Сарыбай;  қыстау – Сыздық-Кенже-
бай, Тортыбай, Беген, Жайымбай тәжі, Бақ-
тай т.б. 
5.  Өсімдік  д‰ниесіне,  жеміс-жидек  атау-
ларына  байланысты  топонимдер:  Д‰ние 
ж‰зінде  өсімдік  атауларына  байланысты  то- 
понимдік  атаулар  тіл  ж‰йесінде  көптеп  кез-
деседі. Бұл мәселе қазақ тілі ж‰йесінде де өсім-
дік  атауларымен  қалыптасқан  топонимдкр 
кездеседі  екен.  Өсімдік  атының  қатысуымен 
жасалған  фитотопонимдер  көптеп  кездеседі: 
өзен-көл:  Қоғалы,  Тобылғыкөл,  Борықтыкөл; 
құдықтар: Шеңгелді, Жыңғылды; шатқалдар: 
Алмалы, Жиделі, Шыбықбелгі, Талтоғай, Арпа 
төкті  т.б. 
елді-мекен  –  Шеңгелді,  Жемісті, 
Пішентөбе, Жантақтас, Жусансай, Дермене. 
6.  Жан-жануарлар  мен  құстар  атаула-
рына  байланысты  топонимдер: елдімекен – 
Т‰лкібас,  Жыланбұзған,  Арыстанды,  Атбай-
белше, Жыланды, Текесу, Атбұлақ, Тайқоңыр, 
Ешкіқара,  Құртыбұлақ,  Аюсоққан,  Т‰лкімо-
қайыр,  Итауыз,  Шошқа,  Құлан,  Балықшы, 
Ұялыжар,  Қазата,  Қошқарата;  өзен-көл – 
Қошқарата, Арыстанды, Ұясай, Шаян, Шош-
қакөл, Шабақты, Аюсай, Жыландысу; шатқал  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          215 
 
–  Итмұрынды,  Қозықызыл,  Естекбел,  Жол-
барыс,  Шыбынды,  Қарғалысай,  Шаян,  Шош-
қабұлақ, Шіркейлі-Жосалы, Б‰ркіт, Аюсоққан, 
Бөкенбұлақ, Арыстандысай; құдық – Құлансу, 
Қарсақ; арық – Шабақты. 
7.  Салыстыру,  теңестіру  және  оқиға  не-
гізінде қойылған бейнелі топонимдер: елді-
мекен – Қыземшектау,  Қызішек;  шатқал – 
Қызқалаған,  Қызсиген,  Кемпір;  құдық    - 
Кемпірқазған, Айкөл т.б. 
8.  Географиялық  объектілердің  айрық-
ша  белгілеріне  ыңғайластырып  қойылған 
сандық  топонимдер:  елді-мекен – Мыңжыл-
қы,  Төрткөл,  Жетісай,  Мыңбұлақ,  Қосбұлақ, 
Егізқара, Қосқорған, Бесқұбыр, Бестам, Жар-
тытөбе,  Қостерек,  Бесалаң,  Қособа,  Жаң-
ғызағаш, ‡шбас,  Бесөткел,  Бескепе,  Бесмола, 
Қосмезгіл; өзен – ‡шк‰йік, Бестоғай, ‡шөзен; 
тау – Қырыққыз,  Мыңжылқы,  Бессаз,  Төрт-
құдық,  Қырыққұдық,  Бесқотан;  жайылым – 
Бестам;  бөктер – Тоғызкентау;  шатқал
 – 
Қосқұдық, Қосқақ, ‡штөбе т.б. 
 9.  К‰нделікті  тұрмыстық  тұтыну  зат 
атауларына  байланысты  қойылған  топо-
нимдер:  елді-мекен – Бақырлы,  Қақпансор, 
Бақырша,  Табақбұлақ,  Балтакөл,  Қалпақсай, 
Шанақ,  Шарапхана,  Қақпақ,  Шайхана,  С‰т-
кент,  Тамды,  Тамарық,  Итаяқ,  Керегетас, 
шелекқұдық, Шитөбе; өзен – Шылбыр, Шилі, 
Құрықкелес; құдық – Қайрақ, Кепелі; станция 
–  Шанақ;  қыстау – Ошақ;  шатқал – Шы-
мылдықсай, Бақырлысарыжаз, Текшелі т.б.  
10.  Адамның  дене  м‰шелерінің,  ішкі 
ағза  атауларына  байланысты  қойылғын 
топонимдер:  елді-мекен – Қыземшектау, 
Шаштөбе,  Жамбас,  Көкірек;  жота – Белтау; 
тау – Белқұдық, Бастуайт; шатқал – Тұмсық-
қыр,  Қолсоққа,  Іштармақ,  Б‰йрекши,  Кіндік-
төбе т.б. 
11. Жаңа, ескі, жақсы, жаман, ұзын, ‰л-
кен,  кіші  т.б.  сөздердің  қатысымен  туын-
даған  топонимдер:  елдімекен  - Жаңадала, 
Жаңақұдық, Ескі Иқан, Ескі Шілік, Жуантөбе, 
Ұзынбұлақ,  Жамантас,  Жамансары  бұлақ, 
Жаманхан Төртк‰л, Жоғары Боралдай; өзен – 
Шеткі  Шу, ‡лкен  Бөген,;  тау – ‡лкен  Тұра; 
шатқал – Жаманайқұдық, ‡лкенанқай,  Ұзын-
құдық т.б. 
12. Ру, тайпа, тайпалық одақ, халық атау-
ларының қатысымен жасалған топонимдер 
(этнотопонимдер  мен  генотопонимдер):  елді-
мекен – Бекбата, Найман-Бұқарбай, Дәубаба, 
Дауылбаба,  Жауғашты,  Бағаналы,  Ошақты, 
құрбан  ата,  Қоңырат,  Керейіт,  Шалдар,  Қо-
ңыратарық,  Төретоған,  Баба  ата,  Қожа-
тоғай;  бұлақ – Жиенқұм,  Таңбалы  Нұра;  құ-
дық    -  Молда  кенже,  Тамғалы;  көл – Шаға-
тай; арық – Тіней; шалғын – Тарақты, Баға-
налы, Қарасақал, Қарамұрт, Құрама және т.
б.  
13.  Өзге  ұлттар  лексикасынан  туында-
ған  топонимдер:  елдімекен – Горное,  Лап-
шино,  Пригородное,  Задария,  Степное,  Пуш-
кино,  Заречное,  Новониколаевка,  Сеславино, 
Сергеевка;  шатқал    -  Борлуха;  өзбек  тіліндегі 
елді-мекендер – Низамабад,  Манжи,  Бешқұ-
дық;  разъезд – Отырабад;  шатқал – Маста-
гат, Тарваза; қыстау – Таш т.б. 
Т‰ркі  халқының  топонимдерін  лексика-
семантикалық  тұрғыдан  жіктеп,  топқа  бөлу 
оған  аймақтың  георафиялық  жағдайымен  қа-
тар осы өңірде мекендейтін жергілікті халық-
тың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәст‰рінің, мә-
дени  ерекшеліктері  мен  діни  наным-сенім-
дерінің  де  барынша  айқын  ықпал  ететінін 
көрсетті. Аймақтың тарихи  топонимдік ж‰йе-
сі  мен  қазіргі  топонимдік  ж‰йесі  арасында 
барлық тілдік деңгейлерде мәдени, тарихи са-
бақтастық сақталған.  
Ежелгі тарихи атауларды адамзат өркение-
тіндегі  ұлттық мәдениеттің  бір  т‰рі  деп  сана-
сақ,  сол  елдің  тарихи  көрсеткішін  танымдық 
тұрғыдан  зерделеу  топонимдердің  этнолин-
гвистикалық  табиғатын  ашуға  м‰мкіндік  бе-
реді.  Сондықтан  белгілі  бір  жердің,  болмаса 
өлкенің топонимдерін зерттеудің зор мәні ба-
рын ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыс-
тың  көрнекті  ғалымы  Н.И.Надеждин: «Топо-
нимика  жер  тілі,  ал  жер  кітап,  сол  кітапта 
адамзат  тарихы,  географиялық  атаулар  жа-
зылып  қалған»  деген  орынды  пікір  айтқан. 
Тілді  танымдық  тұрғыдан  зерттеу  б‰гінгі 
қазақ  лингвистикасының  негізгі  бағыттары-
ның  бірі  саналады.  Соңғы  кездегі  тіл  білімін-
дегі  когнитивтік  бағыт  тілдік  мәселелерге 
м‰лде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. 
Осындай  рт,  лт,  нт  дыбыстарының  тізбек-
тері арқылы жасалған формаларды көп тілдер 
–  т‰ркі  тілдерінің  бойына  көбірек  сақтаған 
тілдер.  Қазіргі  қазақ  тілінде  бұл  дыбыс  тіз-
бектері  жоғарыдағыдай  бірсыпыра  топоним-
дер құрамында ғана сақталған. 
-Ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалған сөз-
дер  тек  ескі  жазба  нұсқаларда  ғана  емес,  оң-
т‰стік-батыс  т‰ркі  тілдерінде  де  жеткілікті. 
Белгілі ғалым Э.В.Севортян әзербайжан, т‰рік 
тілдерінде -ты, -нты, -ынты жұрнақтары ар-

216                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
қылы жасалған сөздер ж‰зден астам екендігін 
айтады.  Э.В.Севортян  -ынты    деген  жұрнақ 
екі  бөлімнен (-ын+ты)  тұрады  дейді.  Ол  бұл 
жұрнақ  арқылы  жасалған  сөздерге  мынадай 
мысалдар келтіреді: буланты (буланды – етіс-
тік),  т.б.  Бұл  сияқты  тілдік  деректер  В.В.Рад-
ловтың  сөздігінде  көрсетілгендей  басқа  тіл-
дерден  де  табуға  болады.  Мысалы,  ақынты  
(т‰рік,  қырым  татарларының  тілінде),  ар- 
 
занты  (телеуіт,  шор  тілдерінде),  ‰йінті  (т‰-
рік тілінде), ‰рк‰нті (т‰рік тілінде), қазынты 
(алтай,  т‰рік  тілдерінде),  қиынты  (телеуіт 
тілінде) т.б. 
_____________ 
1.  Қасым  Б.Қ.  Сөзжасам:  семантика,  уәждеме. –Ал-
маты, 2003. 
2.  Ермекбай  Ғ.  Жер  бедері  атауларының  топонимдер 
құрамында  кездесу  жиілігі.  // ҚазМУ  Хабаршысы.  Фило-
логия сериясы. –Алматы, 2002. №18(52) -103-107 б. 
  
Ж. Абдигалимова 
Познавательные основы топономических названий тюркского языка 
 
J.  Abdigalimova 
Cognitive basis of toponomic names of the Turkic language 
 
 
 
 
Л. Б. Байболат, 
Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 
практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ НЕМЕСЕ ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ МЕҢГЕРУ 
ТАЛАПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
 
  
Тестілеу  ж‰йесінің  маңызды  міндеттері 
қазақ тілін шетел тілі ретінде меңгерудің дең-
гейлерін  жасаумен  бірге  анықталған  деңгей-
лердің  әрт‰рлі  ғылыми-әдістемелік  сипатама-
ларын  жасау  болып  табылады.  Мұндай  си-
паттамалардың мақсаты – оқу ‰дерісін қалып-
тастыру,  сонымен  бірге  қазақ  тіліне  оқыту 
нәтижелерінің  әрт‰рлі  пішіндері  мен  оқыту-
дың  әрт‰рлі  шарттарын  өзара  салыстыруға 
м‰мкіндік  тудыру.  Стандарттар  мен  талаптар 
сияқты  нормативтік  құжаттарды  жасау  қазақ 
тілін  екінші  тіл  ретінде  оқыту  саласы  әдіс-
керлері  мен  оқытушылары  ‰шін  маңызды 
міндет болып табылады. 
Стандарттарды жасаудың негіздері туралы 
әңгіме  бастамас  бұрын  кейбір  терминдерге 
тоқтала  кетуді  маңызды  деп  есептейміз,  өйт- 
кені  белгілі  бір  терминдік  минимум  болмаса, 
өзара т‰сіністік болуы қиын. 
Сонымен, ең алдымен коммуникативтік бі-
ліктілік  және  оны  құрайтын  ұғымдарға  тоқ-
тала  кету  қажет.  Бірақ  алдымен  жалпы  білік-
тілік  дегеніміздің  өзінінің  құрылымын  анық-
тап  алайық. «Біліктілік»  терминін  математи-
калық логиканың тармағы ретінде Н. Хомский 
енгізген. Қазіргі кезде термин мынадай мағы-
нада  т‰сіндіріледі:  белгілі  бір  пәнді  оқыту  
‰дерісі  барысында  қалыптастырылатын  білім,  
 
дағды, машық жиынтығы, сонымен бірге бел-
гілі бір қызметті атқару қабілеттілігі. 
Коммуникативтік біліктілік – шетел тіл-
дері құралдары арқылы оқушылар және қоғам 
‰шін  маңызды  тұрмыстық,  оқу,  өндірістік 
және мәдени өмірден алынған қарым-қатынас 
міндеттерін шешу қабілеті. 
Еуропа  біліктілігінде  (Еуропа  Кеңесі 
басып шығарған кітап) лингвистикалық, әлеу-
меттік  лингвистикалық,  прагматикалық  білік-
тілікке  назар  аударылады.  Мұнда  сөйлеу  бі-
ліктілігі туралы айтпай кету де м‰мкін емес. 
Лингвистикалық біліктілік, ол тілдік бі-
ліктілікте – оқып-‰йренілетін тіл туралы мәлі-
меттер ж‰йесі болып табылады. Лингвистика-
лық біліктілік құрамында лексикалық (фразео-
логизмдер  мен  тұрақты  сөз  тіркестерін  қос-
қанда  сөздік  құрамды  білу),  семанитикалық 
(белгілі бір ұғымдарды жеткізу әдістерін, мы-
салы, синонимдерді / антонимдерді, сөздердің 
мағыналарын  және  т.б.  білу),  орфографиялық 
және фонетикалық біліктіліктерді айқындайды. 
Әлеуметтік лингвистикалық біліктілік – 
тілді  әлеуметтік  контексте  тиімді  пайдалану 
‰шін  қажетті  білімдер  мен  дағдыларды  мең-
геру.  Мысалы,  сәлемдесу,  сөйлеу  т‰рі  мен 
пішінін  (мысалы,  бізде  оқытушыға  «оқыту-
шы!»,  ал  әйел  кісіге  «ханым»  деп  сөйлеу  қа-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          217 
 
былданбаған),  сыпайылық  ережелерін  және 
т.б.  білу  және  дұрыс  таңдау  қажет.  Бұған  қа-
рым-қатынас,  мысалы  салтанатты,  ритуалдық 
(Құрметті  мырзалар!)  және  жолдастық,  ауыз-
екі (мысалы, қалайсың?) регистрлері де кіреді. 
Сонымен  бірге  бұған  сыпайылық  ережелері, 
фольклорлық  сөз  байлығын – мақалдарды, 
идиомаларды,  қанатты  сөздерді  білу,  оларды 
сөзде жиі қолдана білу де жатады. 
Прагматикалық біліктілік – дискурс (ай-
тылатын  сөзді  дұрыс  құра  білу)  біліктілігі, 
функционалдық  біліктілік  (әрт‰рлі  коммуни-
кативтік  міндеттерді  орындау  ‰шін  сөздерді 
қолдана  білу);  сөзді  схематикалық  тұрғыдан 
құра  білу  біліктілігі  (сөзді  өзара  қарым-қа-
тынасқа  сәйкес  кезегімен  құра  білу:  мысалы, 
болған  оқиғаларды,  жағдаяттарды  қалай  айта 
білу,  көпшілік  алдында  сөйлеген  кезде  дә-
лелдемелерді  қалай  құра  білу,  жазбаша  мәтін 
байланысын қалай құра білу). 
Коммуникативтік  біліктіліктің  маңызды 
компоненттерінің  бірі – сөздік  біліктілік  бо-
лып  табылады.  Тілдік  біліктілік  деп  тілдің 
көмегімен  ойды  құрастыру  және  жеткізе  білу 
және  сөзді  қабылдау  және  тудыру  ‰дерісінде 
осындай  әдістерді  қолдана  білу  дағдысы 
т‰сіндіріледі.  Сөздік  біліктіліктің  сандық 
және сапалық құрамы туралы айта кету керек. 
Ол  ‰лкен  немесе  кіші  болуы  м‰мкін.  Бірақ 
сөздік  біліктілік  әншейін  жәй  мақсат  емес, 
коммунимкативтік  біліктілік  жолындағы  ара-
лық  бөлік  қана  болып  табылады.  Ол  оқып-
‰йретілетін тілдің нормаларына сәйкес қарым-
қатынас  ‰дерісінде  өзара  қарым-қатынаста 
болу  міндеттерін  шешу  ‰шін  қажетті  және 
жеткілікті ауқымда меңгерілуі тиіс. 
Сонымен бірге елтанушылық, пәндік, кәсі-
би, экзистенционалдық және басқа да білікті-
лік т‰рлері бар, бірақ жалпы алғанда стандарт-
тар  жасау  кезінде  жоғарыда  айтылған  білік-
тіліктерді ескерсе жетіп жатыр. 
Стандарттар  елімізде  тестілеудің  ж‰йесі 
жасалмай  тұрып-ақ,  қазақ  тілін  шетел  тілі 
ретінде  оқытуды  ұйымдастыруда  (негізінен 
тіл ‰йрету курстарында) маңызды орын алған. 
Мемлекеттік  білім  беру  стандарты  білім  алу-
шылардың  басым  т‰рде  тілдік  біліктіліктерін 
жеткілікті  т‰рде  жалпы  сипаттау  болып  та-
былады.  Оқытудың  бастауыш  және  орта 
кезеңдерінде  бірыңғай  Мемлекеттік  стандарт 
болды. 
Қазіргі  кезде  оқытушыларға,  оқулықтар, 
оқу  бағдарламалары  авторларына  арналған, 
білім  алушыларға  бағытталған  оқыту  мақсат-
тарының  көп  білікті  бағдарламалық  сипатта-
малары  жасалып  жатыр.  Білім  беру  стандарт-
тары  қайта  қаралуда  және  қайта  басылып 
шығуда,  енді  оларды  талаптар  деп  атасақ  та 
болады.  Талаптарды  жасау  ерекше  маңызды 
болып  отыр.  Талаптардың  болуы  оқыту  және 
бақылау жасауды жетілдірудің маңызды шарт-
тары ретінде қарастырылады. 
Бұл  орайда,  Стандарт  (Талаптар)  оқыту-
дың әрбір нақты деңгейдегі мазмұны мен мақ-
саттарына  қойылатын  міндетті  ең  төменгі  та-
лаптардың  диагностикалық  сипаттамалары 
ретінде  т‰сіндіреді,  сол  себепті  Стандарттар-
дың  ажырағысыз  сипаты  оны  ж‰зеге  асыру 
‰шін  қажетті  жеткілікті,  дәл  және  нақты 
болуы. 
Қазақ  тілін  меңгерудің  барлық  деңгейіне 
арналған  білім  беру  стандарттары  бірыңғай 
құрылымға ие болуы тиіс, ол қазақ тілін шет-
ел  тілі  ретінде  меңгеру  ж‰йесіне  сәйкес  ке-
леді. Стандарттың 3 бөлікке бөлінуі, бұл осы-
нау  нормативтік  құжатты  пайдаланушылар-
дың жұмысын жеңілдетеді. 
Стандарттардың  бірінші  бөлімінде  қазақ 
тілін шетел тілі ретінде жалпы меңгерудің осы 
деңгейіне  қойылатын  талаптар  сипатталады. 
Бірінші  бөлігінде  шетелдік  білім  алушылар-
дың  сөздік  біліктілігінің  мазмұны  сипатта-
лады:  шетел  тілін  (немесе  жай  тілді)  оқып-
‰йренуші әрт‰рлі коммуникативтік міндеттер-
ді  шешу  барысында  вербалды  т‰рде  ж‰зеге 
асыруға  тиісті  интенциялар  санамалап  көрсе-
тілуі,  қарым-қатынас  жасау  жағдайлары  си-
патталуы,  осы  деңгейге  арналған  маңызды 
тақырып келтірілуі тиіс. 
Бірінші  бөлімнің  елеулі  бөлігі  сөздік  қыз-
меттің  негізгі  т‰рлеріндегі  тілдік  дағдыларға 
қойылатын  талаптарды  жеткізуге  арналады. 
Білім алушылар осы деңгейде оқып және жет-
кізе білуге қабілетті мәтіндердің сипаттамала-
рына  ерекше  назар  аударады.  Мәтін  қарым-
қатынастың  белгілі  бір  саласына  арналған 
тақырыпқа  сәйкес  сөздің  функционалдық-
мағыналық  т‰рі  ретінде  сипатталады,  оның 
қажетті  мөлшердегі  бейтаныс  сөздер  санына 
қарай  көлемі  (пайызбен),  ауызша  сөз  қызметі 
т‰ріне арналған – айтылу жылдамдығы айқын-
далады. 
Бірінші  бөлімнің  екінші  бөлігі  тілдік  (не-
месе  лингвистикалық)  біліктіліктің  мазмұны-
на сипаттама беруге арналған.  Бұл жерде осы 
дейгейге сәйкес сертификат алуға ‰міткерлер-

218                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ге  қойылатын  фонетикалық,  лексикалық,  сөз 
құрау және грамматикалық дағдыларға қойы-
латын  талаптар  қысқаша  және  көрнекі  т‰рде 
баяндалады. 
Тестілеу  ж‰йесін  құрудың  бастапқы  ке-
зеңінде  барлық  стандарттарда,  сонымен  бірге 
қазақ  тілін  арнайы  мақсаттарда  меңгеру  дең-
гейіне, яғни шетелдік білім алушының кәсіби 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет