Казахский национальный


Р. А. Авакова, А. А. Сайлауова



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет36/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61

Р. А. Авакова, А. А. Сайлауова 
Турецкие мифологемы: духовно-культурные механизмы в сознании народа 
 
 Данная статья посвящена мифологемам тюркских языков. Тюркские мифологемы анализированы в  лингво-
культурологическом аспекте. 
 
R. A. Avakova, A. A. Saylauova 
Turkish myths: the spiritual and cultural mechanisms in the people’s consciousness 
 
Given article is devoted to mythologemes of Turkic Languages.  Turkic mythologemes are analyzed in linguo-cultural  
aspects.  
 
 
 
 
Ә. Б. Әбдірешова, 
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Петропавл қаласы, Қазақстан 
 
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ТАҚЫРЫБЫ 
  
 
Құқық  қорғау  тақырыбы – журналистика 
саласындағы  қызықты  да,  өзекті  әрі  жан-
жақты  тақырып.  Қызық  болатындығы,  оны 
жазу  барысында  т‰рлі  фактілердің  кездесіп, 
құрылымы  жағынан  ауқымдылығында  болса  
керек.  Белгілі  бір  адамның  немесе  қандай  да 
бір жағдайға байланысты құқық қорғау тақы-
рыбында қозғалған, көтерілген мәселе болған-
нан кейін ол мақала (немесе репортаж, хабар) 
өзекті болып саналады. Жан-жақтылығына ке-
лер болсақ, өз мақаласын немесе репортажын 
дайындап,  әзірлеуде  оның  мазмұнын  ашатын 
мәлімет  пен  дереккөздің  барынша  нақты  әрі 
дәйекті болуы журналистің өзіне байланысты. 
Яғни,  оның  кәсіби  шеберлігі  мен  материалды 
дайындай  білу  әдісі  тақырыпты  қаншалықты 
меңгеріп, т‰сінгендігін көрсетеді.  
Ал  құқық  дегеніміз  мемлекет  орнатқан 
және оның к‰шімен қорғалатын, жалпыға бір- 
дей  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  тәртіп  
 
 
ережелерінің  (нормалардың)  жиынтығы.  Құ-
қықтың  т‰сініктері  бірнеше,  бірақ  мазмұн-
дары біреу-ақ.  
Құқық мазмұнының негізгі элементтері: 

  Қоғамның  және  адамдардың  м‰дде-
мақсатын қорғау, орындау; 

  Қарым-қатынастарды реттеп, басқару; 

  Қоғамды  дағдарысқа  ұшыратпай,  эко-
номикалық,  саяси,  әлеуметтік,  мәдениеттік 
т.б. бағытын дамытып, нығайту; 

  Мемлекеттік  органдардың,  қоғамдық 
ұйымдардың  құзыретін,  ара-қатынасын  рет-
теп, басқару; 

  Халықаралық  қатынастарды  реттеп, 
басқару. 
Құқықтың  негізгі  функциялары:  реттеу 
және  қорғау.  Біз  сөз  қылып  отырған  құқық-
тың қорғау функциясы – нормативтік актілер-
дің  қоғамдағы  қарым-қатынасқа  ықпалын, 
әсерін  к‰шейту,  жаман  қатынастарға  тыйым 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          209 
 
салу[1,14б.].  Құқық  қорғау  тақырыбында 
қалам  тербегенде,  осы  функцияға  с‰йеніп, 
заңды бағытта қызмет атқаруға болады. 
«Адам  құқығы  әлемнің  кез-келген  мемле-
кетінде,  оның  саяси  құрылымына  қарамастан 
тартыс нысанына айналады. Құқық қорғаушы-
ның  билікпен  ымыраласа  алмайтыны  сияқты, 
билік  органдары  да  оны  жақсы  көре  қой- 
майды.  Өйткені,  құқық  қорғаушының  міндеті 
–  кемшіліктерді  тауып,  оларды  жария  етіп 
табу болады», - деп жазады журналистика са-
ласында  көпжылдық  тәжірибесі  бар  журна-
лист  Вячеслав  Абрамов.  Оның  сөзіне  қара-
ғанда, адам құқықтары жөнінде жазатын жур-
налистерді  көп  жағдайда  құқық  қорғаушылар 
деуге болады. Өйткені, олар зерттеу ж‰ргізеді, 
құқығы  аяққа  тапталған  жандармен  әңгімеле-
сіп,  оларға  қолдан  келгенше  көмектесуге  ты-
рысады.  Бұл  орайда  мысалға,  к‰нделікті 
эфирге шығып жататын республиалық телеар-
налардағы  (немесе  басылымдардағы)  жаңа-
лықтарды  көріп  отырсаңыз  да  кездестіріп 
қаласыз.  Төртінші  билік  өкілдеріне  де  мұң-
мұқтажын  шаққан,  әділет  органдарының  та-
балдырығын  тоздырып,  белгілі  дау  тудырған 
жайттың  ақ-қарасын  ажырата  алмай  ж‰рген 
жандар  жиі  шағымданатын  көрінеді.  Немесе 
өз  құқығы  тапталып,  есесі  кеткен  адамдар 
осындай  мәселелердің  шешімін  тауып,  басын 
ашып  беруге  редакцияларға  хат  жазып,  теле-
фон шалып жатады.  
Б‰гінде  құқық  қорғау  тақырыбы  журна-
листиканың  ажырамас  бір  бөлігіне  айналған 
десек  те  болады.  Өйткені  еліміздің  Ата  заңы-
ның 1-1 тармағына  сәйкес  былай  делінген: 
«Қазақстан  Республикасы  өзін  демократия-
лық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік 
мемлекет  ретінде  орнықтырады,  оның  ең 
қымбат қазынасы – адам және адамның өмір, 
құқықтары  мен  бостандықтары.[2,31.].»  Ал 
мемлекет  пен  халық  билігі  ‰шін  қызмет 
атқаратын  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 
аталмыш тақырыпта ой қозғап, т‰сінікті ақпар 
беретін  хабарлар  мен  мақалалар  жиі  кездесіп 
жатады.  Мысалы,  ұлттық  арна – «Қазақ  ра-
диосының» тікелей эфирінен аптаның д‰йсен-
бі  және  сәрсенбі  к‰ндері  «Заңгер  кеңесі» 
хабары беріледі. Бағдарламаның тұрақты мей-
маны  ретінде  заңгер  Нұра  Тынысқызы  қаты-
сады. Журналист Г‰лбану Алпамысқызы ж‰р-
гізетін  хабардың  арқалайтын  міндеті – редак-
ция  қоржынына  келіп  т‰скен  (немесе  тікелей 
эфирге  хабарласқан)  т‰рлі  сауалдарға  заң 
тұрғысынан  арнайы  маманның  кеңесін  беру. 
Сол  сияқты  басылым  беттерінде  де  құқық 
қорғау тақырыбындағы мақалалар көптеп кез-
десіп  жатады.  Бұл  орайда  республикалық  ба-
сылым  «Заң» газетінің көтерер ж‰гі ауыр.  
Құқық  қорғау  тақырыбын  бірнеше  сала-
мен  байланыстырып  қарастыруға  болады. 
Журналист Вячеслав Абрамов оны былай деп 
бөліп қарастырады: 
  Сөз бостандығы; 
  Діни бостандық; 
  Бас қосу және бірігу бостандығы; 
  Ақпарат алу құқығы; 
  Еркін ж‰ріп-тұру құқығы; 
  Әйелдер құқығы; 
  Балалар құқығы; 
  Тұтқындардың құқығы және т.б. 
Оның  айтуына  қарағанда,  адам  құқығы 
туралы мақалаға арқау болар тақырыпты кез-
келген жерден табуға болады. Ол бір топ адам 
өзге адамға немесе топқа тәуелді болған жер-
дің  бәрінде  кездесетін  мәселе.  Адам  құқығы 
мәселесі  жасырын  немесе  ашық    қақтығыс 
туындаған жердің бәрінде бар[2,239б.].  
Расында да, к‰нделікті өмірден-ақ осы ай-
тылғандарға  мысал  келтіруге  де  болар.  Мы-
салы,  тұрғындар  тарапынан  т‰сетін  арыздар 
бойынша  мәселе  көтеретін  тақырыпта  қалам 
тербейтін болсаңыз, шағымданушылардың құ-
қығын  қорғау  мақсатында  бірнеше  кейіпкер-
лерді  қатыстыра  отырып,  көлемді  материал 
әзірлеуге  болады.  Су  құбыры  істен  шығып, 
жергілікті тұрғындарды әуре-сарсаңға салған-
дығы туралы ақпар т‰ссе, бірден оқиға орны-
на  барған  журналист  оның  неліктен  істен 
шыққандығын,  неліктен  құтқару  жұмыстары 
ж‰ргізілмеді  немесе  осы  аумаққа  қатысты 
басшылықтың (әкімшіліктің) не атқарып жат-
қандығы  сынды  сұрақтарға  жауап  іздеуінен 
басталады.  Мәселенің  басын  ашар  сауалдарға 
жауап  іздеу  барысында  көптеген  жайттардың 
мәні  өзінен-өзі  келесі  кейіпкерлермен  қалай 
әңгіме өрбіту керектігін көрсетеді. Мұнда тек 
шағымданушы  тарыпан  ғана  ақпарат  алумен 
ғана  емес,  осы  жағдайға  кінәлі  деп  отырған 
адамдардың да пікірін білдіру керек. Бір оқи-
ғаға  т‰рлі  көзқарас  алу,  біріншіден,  берілген 
материалды қызықты ете т‰ссе, бастысы, оны 
нанымды әрі дәлелді ете т‰спек.  
Тағы  бір  мысал  келтіре  кетсек,  жол-көлік 
оқиғаларына  байланысты  Жол  полициясы 
басқармасының  қызметкерлері  ай  сайынғы 
ж‰ргізілетін  рейдтік  тексеріске  аттанды. 

210                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Осындай  рейдтердің  біріне  қатысу  арқылы 
құқық  қорғау  тақырыбында  өте  маңызды 
репортаж әзірлеуге болады. Бір ай барысында 
қанша  жол-көлік  фактісі  орын  алды,  оның 
кесірінен  кімдердің  құқығы  аяқасты  етілді, 
оқиғаның  болуына  себеп  болған  айыптының  
қандай  жауапкершілікке  тартылғанын  өзек 
етіп,  бірнеше  сандық  мәліметтерге  с‰йене 
отырып,  көрерменге  ой  салатындай  сюжет 
жазу  ‰шін  барынша  көп  мәліметпен  қамту 
керек.  Осы ретте сақтық шараларына да назар 
аудару  артықтық  етпейді.  Ол  журналистің  өз 
қызметін атқаруға кепілдік болмақ. Бұл ретте 
соңғы  жылдары  құқық  саласында  қалам  тер-
беп  ж‰рген  заңгер-журналист  Кәмшат  Тас-
болаттың  «Мәтінді  жазғанда  қандай  сақтық 
шаралары  керек?»  деген  ақыл-кеңесін  атап 
өту артық болмас. 
Қорлау, жала жабу, ар-намыс, қадір-қасиет 
пен іскерлік беделге нұқсан келтірді дегендей 
айыптардан  сақтану  ‰шін  журналист  жазған 
мәтіннің  әрбір  сөзіне  жіті  назар  аударуы 
керек.  Себебі  лингвистикалық  сараптама  ба-
рысында әрбір сөздің астарлы мағынасы ашы-
лары  анық. «Мәтіннің  торына  т‰сіп  қалмас 
‰шін не істеу керек? Журналист төмендегідей 
нұсқауларды естен шығармауы тиіс: 
 
Мәтін  жазғанда  «қауіпті»  деп  санала-
тын  сөйлемдерде  нақты  тұжырым  жасауға 
болмайды.  Нақты  тұжырымның  орнына 
«сияқты», «көрінеді»,  т.б.  сөздерді  пайдалан-
ған жөн.  
 
Эмоцияға беріліп мәтін жазуға болмайды; 
 
Егерде  жазған  мәтініңіз  к‰дік  туғызса, 
оны  жарияламаған  жөн.  Немесе  к‰дік  туғыз-
ған абзацты алып тастаған жөн.  
 
Көпсөзділіктің қажеті жоқ 
 
Тақырыптан ауытқуға болмайды; 
 
Сөйлемдеріңіз  нақты  ақпараттан  тұруы 
керек 
 
Негізсіз, дәйексіз ақпаратты бермеген жөн; 
 
Даулы  материал  дайындағанда  асығыс-
тыққа  бой  алдырмаңыз.  Дәлеліңіз  толықтай 
жеткілікті  болған  жағдайда  материалды  тағы  
тексеріп, мәтіннің «қауіпті» тұстарын тағы да 
с‰згіден өткізіңіз. Бірақ «қауіп» мәтіннің өзге 
тұсынан да табыларын ұмытпаңыз. 
 
Ар-намыс,  қадір-қасиетке  қатысты  заң 
баптарын  естен  шығармағаныңыз  жөн. [3, 
239б.].» 
Сонымен,  заңмен  байланысты  құқық  қор-
ғау  саласына  қатысты  мәселелерді  жазамын 
деген  журналистің  жадында  сақтауына  жоға-
рыда  аталған  кеңестер  артық  болмас  деп  ой-
лаймыз.  
Тағы    бір  айта  кететіні  журналистің  заң 
саласындағы  білімі,  оны  ретейтін  еліміздегі 
заңдар  мен  негізгі  халықаралық  құжаттарды 
білуі керек. Олардың бәрін жатқа білмесе, қай 
заңды қай тұста дұрыс қолдануы керектігінен 
хабары болғаны жөн.  
Қорыта  келгенде,  журналистика  саласы-
ның  ажырамас  бір  бөлігіне  айналған  құқық 
қорғау тақырыбы қашан да өзекті болып қала 
бермек.  Бастысы,  мұнда  жазатын  ақпаратың 
мен дерегіңе тек бір жақты қарамай, оқырман 
мен  көрерменге  (немесе  тыңдарманға)  оқиға-
ның нағында қалай өрбігендігін ашып көрсету 
қажет.  Құқық  қорғау  тақырыбында  жазатын 
журналистердің  басты  міндеті – адамдарға 
көмектесу.  Ең  батыл  да  таңдаулы  тақырып-
тардың  бірі  саналатын  құқық  қорғау  саласы 
ешқашан өз маңызын жоймайды.  
_____________ 
1.  Баққұлов  С.Д.  Құқық  негіздері. – Алматы, 2004. – 
247б. 
2.  Қазақстан  журналистерінің  тәжірибесінен. – Ал-
маты, 2008. – 432б. 
3.  Қазақстан  Республикасының  конституциясы 1995  
 
жылғы 30 тамыз(2007.21.05.  берілген  өзгерістер  мен  то-
лықтырулармен) 
4.  Тайшыбай  З.С.  Журналистиканың  құқықтық  негіз-
дері. – Петропавл, 2008. – 312б. 
 
* * * 
В статье рассматриваются проблемы о правах человека в средствах массовой информации. 
* * * 
The article deals with the problems of human rights in Mass media. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          211 
 
М. Әмірова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
Мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы 
 
КӘСІБИ ТІЛДІ ‡ЙРЕТУДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТ 
 
 
«Қазақстанның  болашағы – қазақ  тілінде» 
деп  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  қа-
зақ  тіліне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Мерзімді 
баспасөз  беттерінен  белгілі  болғандай, 60-шы 
жылдар  ішінде  тіл  мәдениеті,  баспасөз  сауат-
тылығы мәселесін жетілдіре беру ісіне ерекше 
қарқын берілді. 
Мемлекеттік  құрылымдардағы  мамандар-
дың  мемлекеттік  тілді  білуі  коммуникативтік 
біліктілікті  қамтиды.  Сол  ‰шін  тіл  ‰йрену-
шілердің  б‰гінгі  таңдағы  сұраныстарын  қана-
ғаттандыру  мен  елтануға  қатысты  мәліметтер 
басшылыққа алынып, деңгейлеп оқыту әдісіне 
негізделгені  жөн.  Яғни,  мұнда  тілді  сөйлеу 
және жазу, оқу және тыңдау дағдысы бойын-
ша меңгеру баса ескеріледі. 
Тіл  ‰йренушіні  қазақ  тілінде  жетік  сөй-
леуге дағдыландыру ‰шін ең алдымен сапалы 
білім қажет. Мемлекеттік тілді даиытудың ке-
шенді бағыты тіл ‰йренушінің тілдік тұлғасын 
қалыптастыру  арқылы  жасалады.  Оның  бір 
м‰мкіндігі  қазіргі  заман  талабына  сай  тех-
никалық  құралдар,  компьютер,  электрондық 
оқу  құралдары,  ноутбук,  проектор,  мульти-
медия  кабинеттерінің  м‰мкіндіктері,  тест 
тапсырмалары  арқылы  білімін  тексеру,  тілді 
жедел  меңгертудің  бірден-бір  жолы  болып 
табылады. 
Мемлекеттік  құрылымдардағы  мамандар-
дың  мемлекеттік  тілді  білуі  коммуникативтік 
біліктілікті қамтиды. 
Ғалым Қ.Қадашева «мамандық тілін» оқыту 
барысында  негізгі бағыт ретінде  бірнеше ұсы-
ныс ұсынады: 
-  мамандығы бойынша ақпараттық және 
лексикалық-грамматикалық 
минимумдарды 
баяндау; 
-  осы  арқылы  дағды  мен  ептілікті  қалып-
тастыру: 
-  тілдік  өрнектерді сараптау; 
-  ‰йренушінің  өз  мамандығына  сәйкес, 
тілді  коммуникативтік  қарым-қатынаста  қол-
дана  алатындай  дәрежеде  біліп  шығуын  қам-
тамасыз ету; 
-  сөйлеу әрекетінің негізі қамтылатын мә-
тіндерді беру; 
 
 
-  елтануға  қатысты  материалдарды  ‰йре-
нушінің өз қажетіне қарай пайдалану; 
-  сөйлеу  жағдаятын  ‰йренушінің  маман-
дығына  қарай  бейімдеу;  арнаулы  терминдер-
дің берілуін қарастыру: 
-  кәсіби тілдік құзіретін қалыптастыру. 
‡йренушілер  фундаменталды-теориялық 
біліммен  бірге  болашақ  мамандығы  бойынша 
да білім алуы керек. 
Тілді  ‰йрету  барысында  кез-келген  сабақ 
грамматикалық,  коммуникативтік,  фонетика-
лық  минимумдары  айқындалған  белгілі  бір 
тақырыпқа,  сол  тақырыптың  мәнін  ашатын 
мәтінге  негізделеді.  Ал  мәтіндегі  сөздер  мен 
сөз  тіркестерінің  семантикасы  мен  құрылым-
дық ерекшеліктерін нақтылайтын жұмыс т‰р-
лерінің  қандайы  болсын  шығармашылық  си-
патта өрістеуі тиіс. 
Тілді ‰йретудегі басты бағыт – коммуника-
тивтік  бағыт  қатаң  сақталуы  тиіс.  Сөйлеуге 
бағытталған  коммуникативтік  тапсырмалар  
ж‰йелі  т‰рде  сұрыпталуы  керек.  Мысалы 
к‰нделікті  өмірге  қатысты  актив  сөздер,  жағ-
даяттық  сұхбаттар,  тақырыпқа  қатысты  пәр-
менді  сөздер,  елтанымға  қатысты  шағын  мә-
тіндер т.б. Сондай-ақ синоним, омоним, анто-
ним  сөздерді,  сөз  т‰рлендіруші  қосымша-
ларды,  тұрақты  тіркестерді,  шешендік  сөздер 
мен  мақал-мәтелдерді  жеңілден  к‰рделіге 
қарай  сатылып  оқытқан  жөн.  Ал  етістік  ми-
нимумына қалып етістерден бастап, етістіктің 
барлық т‰рлерін кіргізуге болады.  
Қазақ  тілін  оқыту – қоғам  қажеттілігімен, 
өмір  талабынан  туып  отыр.  Қазіргі  қоғамның 
алдындағы  негізгі  мақсаттырдың  бірі – биік 
кәсіби  іскерлігі  адамгершілік  қасиетпен  ұш-
тасып  жататын  шығармашыл  тұлғаларды 
дайындау.  Кәсіби  іскерліктерді  жетілдіру 
жұмыстары  кәсіби  қызығудың    пайда  болуы-
мен  байланысты.  Ал  кәсіби  қызығушылық 
дегеніміз  -студенттердің  болашақ  мамандық-
тарына  жетелейтін,  олардың  іс-әрекеттерін 
белсендіретін  қызмет.  Қызығуды  тудыратын 
қажеттілік.  Студенттердің  бойында  маманды-
ғына мақтанышпен қарау, табысқа жеткендігі 
қуаныш  сезімі  қалыптасады.ол  студенттің  

212                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
кәсіби іскерлігі мен дағдысын дамытуға итер-
мелейді.  Кәсіби  іскерлікті  қалыптастыру  де-
геніміз  болашақ  маманның  іс-әрекетінде  кез-
десетін  мәселелерді  дұрыс  шешудің  негізі 
болып табылады. Студенттердің кәсіби білім-
дері  мен  дағдыларын  қалыптастыру  арқылы 
болашақ  еңбек  іс-әрекеттерінде  шебер  қол-
дана білу қабілетін шыңдау болып табылады. 
Кәсіби  бағдар  бере  отырып,  оқыту  қазақ 
тілінде  сөйлеу  тілін  қалыптастыру  мен  да-
мытудың  ең  басты  факторы.  Кәсіби  тілде 
оқыту  болашақ  маманды  қалыптастыру  ‰шін 
қолайлы жағдай туғызу, тіл ‰йренушілерді ма-
мандығына  сәйкес  оқыту,  мамандықтарына 
қатысты лексикалық минимумды меңгерту. 
Кәсіби  бағытты  ескере  отырып  оқыту-
студенттердің  таңдаған  мамандықтарына  қа-
жетті білімді толық игерген, кәсіби м‰мкіндігі 
мол маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. 
Қазақша  кәсіби  тілді  оқытуда  оқыту 
тәжірибелері  көрсетіп  отырғандай  ауызша 
және  жазбаша  т‰рде  ж‰зеге  асырылады.  Бұл 
екі  бағыт  тығыз  байланыста  болса  да,  тілді 
‰йретудің  бастапқы  кезеңінде  ауызша  тілдік 
қатынасқа т‰су жетекші рөл атқарады. Белгілі 
бір  мамандыққа  бейімдей  берілетін  лексика-
лық  тақырыптың  оқытылуына  негізделе  оты-
рып,  сөздік  қорды  дамыту  арқылы  жаңа  сөз-
дерді ‰йрету, жаңа сөздерді жасайтын форма-
ларды  меңгерту,  сөз  бен  сөздің  байланысын, 
тіркесін  ‰йрету,  сөйлем  құрастыру  сияқты 
мақсаттарға арналады. Әр мамандық саласына 
қарай  бейімделе  берілетін  лексика  -грамма-
тикалық  тақырып  барысында  сөзді  мағына-
сына  қарай  дұрыс  қолдана  білуге  негізделеді. 
Сонымен  қатар  әр  топтағы  студенттердің 
тақырыпты  т‰сіну  деңгейі  және  болашақ 
мамандығы    ескерілуі  тиіс.  Тіл  ‰йренушінің 
к‰нделікті  сөздік  қорын  жетілдірумен  қатар 
кәсіби  бағдарды,  негізге  алу  мақсатын  на-
зардан тыс қалдырмау керек. Кәсіби тілге ба-
ғытталған  жұмыстар  әр  сабақ  сайын  ж‰йелі 
т‰рде  ж‰ргізілуі  тиіс.  Оқытушы  мен  студент 
арасындағы мамандыққа бағытталған тапсыр-
малар мен жаттығу жұмыстары сөйлеу әрекет-
тері арқылы тілдік қатынас орнатады.  
Кәсіби  тілді  дамытуға  берілетін  тапсыр-
маларды  сөйлесім  әрекеттері  арқылы  мең-
герту  студенттердің  ауызша  тілдік  қатынас 
орнатуға,  сауатты  жаза  білуге  дағдыланды-
рады.  Ол  мамандығына  қатысты  мәтіндерден 
болашақ  қызметіне  қажетті  мәліметтер  алып, 
жаңа термин сөздерді меңгереді. Мамандыққа 
қатысты  мәтіндер  белгілі  бір  тақырыпқа 
құрылып,  қысқа  хабар  ретінде  пәрменді 
лексикасына сай, тілдік құрылымы бай болып 
келеді.  Мәтін  мамандықтың  әр  қырын  аша-
тын, ресми тілді жеткілікті т‰рде меңгеру дә-
режесіне  жеткізетіндей  мақсатта  іріктеліп 
алынады.  
Кәсіби бағытта берілген мәтіндер міндетті 
т‰рде тапсырмалар арқылы бекітіледі. Ол тап-
сырмалар  мәтіннің  мазмұнын  ашуға,  мәтіндгі 
ақпаратты  шығармашылық  ізденістер  мен 
толықтыруға,  мәтіндегі  деректерді  адамдар-
мен  тілдескенде  қолдана  білуге  арналған 
болуы тиіс.  
Студенттің  мамандыққа  қатысты  берілген 
мәтіндерді  т‰сіну  деңгейі  әр  т‰рлі  болады. 
Оның мәтін мазмұнын толық т‰сінуі, ең басты 
ойды  т‰сінуі,  бөлшектеп  т‰сінуі,  яғни  өз 
мамандығына байланысты ақпаратты қажетіне 
қарай нақтылап т‰сінуді меңгерген дұрыс.  
Лексикалық  сөздік  қоры  бай  студент  өз 
мамандығының  сөз  мәдениетін  меңгеруге,  өз 
кәсібін  қадірлей  білуге,  оған  жауапкершілік-
пен  қарауға,  орынды,  әсерлі  сөйлеуге  ұмты-
лады. 
Мамандыққа  қатысты  берілген  мәтіннің 
өзіннен  бірнеше  коммуникативті  жаттығулар 
жасау  арқылы  сөйлесім  әрекетінің  бірнеше 
т‰рін  қолдануға  болады.  Мәтін  бойынша  бір-
неше жаттығу т‰рлеріне тоқтала кетейік: 
-  мәтінді дауыстап оқу; 
-  мәтінен тірек сөздерді жазып алу;  
-  тірек  сөздер  арқылы  сөйлемдер  құрас-
тыру;  
-  мәтін бойынша пікір алысу;  
-  мәтіндегі  айтылған  ойға  қарсы  пікір 
айту немесе айтылған пікірді қолдау;  
-  мәтін бойынша алған жаңа мәліметіңізге 
таңданыс білдіру;  
-  берілген  мәліметке  толықтыру  енгізу 
және т.б. 
Мұндай  жаттығулар  тіл  ‰йренушінің  сөй-
леуін  дамытады,  тілді  к‰нделікті  өмірде  пай-
далана білуіне жәрдем жасайды.  
Кәсіби  тілді  мамандыққа  сәйкес  қатынас 
құралы  ретінде  ‰йретуде  берілетін  тапсыр-
маның  қарапайымнан  к‰рделіге,  жеңілден 
ауырға  қарай  сатылай  өсуі  арқылы  ж‰ргізі-
летін  жұмыстардың  ж‰йелілігі  мен  жалғас-
тығы,  алған білімдерін тәжірибеде пайдалана 
алу  сияқты  ұстанымдар  басшылыққа  алынуы 
керек.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          213 
 
Кәсіби  лексикалық  минимум  студенттер-
дің    мамандығы  туралы  алған  ақпараттыран 
жетілдіреді,  сөздік  қорын  байытады,  сауатты 
жазуға,  дұрыс  сөйлей  білуге  дағдыланды- 
рады. 
Қорыта келе, мамандыққа байланысты мә-
тіндер  арқылы  студенттердің  келешек  ма-
мандығы  бойынша  өте  қажетті,пайдалы  мағ-
лұмат  берілетін  болғандықтан,  студенттер  өз  
 
мамандығына  байланысты  мәтіндерді  қызыға  
оқиды.  Мамандыққа  байланысты  мәтіндер 
студент  білімін  толықтырып  қана  қоймайды, 
ғылыми тілін дамытады.  
_______________ 
1.  Инновационные технологии  www. mgimo.ru. 
2.  Қ.  Қадашева.  Жаңаша  жаңғыртып  оқытудың 
ғылыми – әдістемелік негіздері.  Алматы, 2002ж. 
3. 
Ф.Оразбаева.  Тілдік  қатынас:  теориясы  және  әдіс-
темесі. Алматы , 2005ж.
    
 
М. Амирова 
Коммуникативное направление в изучении профессионального языка 
 
В  данной  статье  рассматриваются  некоторые  методы  обучения  профессиональной  речи.  В  ней  содержатся 
методические указания по написанию и оформлению научной работы.  
 
M. Amirova 
Communicative direction in the study of professional language 
 
The article is about several teaching methods of the professional language. The article contents methodologic 
guidance on writing and design of scientific work. 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет