Казахский национальный


Франциядағы  Т‰ркітану  ғылымы



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет35/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61

Франциядағы  Т‰ркітану  ғылымы.  ХІХ 
ғасырда Франциядағы Шығыс тілдері мектебі 
т‰рік  тілін  ‰йретуде  маңызды  рөл  атқарды. 
Франция  т‰ркітанушылары  Османтану  ала-
ңында зерттеулер ж‰ргізіп қана қоймай, Орта 
Азия (Шағатай) және Шығыс Т‰ркістанда жа-
зылған  еңбектерді  де  зерттеп,  Франциядағы 
Т‰ркітанудың  зерттеу  кеіңістігін  кеңейтті. 
Франция  т‰ркітанушылары  Батыс  Еуропада 
алғашқы болып шағатай тілінде жазылған ең-
бектерді  зерттей  бастады.  Шағатай  тіліндегі 
еңбектің  алғашқы  сөздігін  Француз  ғалым-
дары  басып  шығарды,  олардың  қатарына  
Т.  Зенкердің  жариялаған  сөздігін  айтуға  бо-
лады.  Сонымен  қатар  т‰ркі  сөздіктері  сала-
сында  Киеффер  және  Бианчинің  сөздігінің 
орны  ерекше.  Амеди  Джоберттің (1774-1847) 
т‰рік  тілінің  грамматикасын  зерттегенін  атап 
өту қажет. Дж. Дени болса т‰рік тілінің фоне-
тикасы  мен  грамматикасына  арналған  бірқа-
тар  еңбек  жариялады.  Әрине,  бұл  еңбектер 
Франциядағы  Т‰ркітанудың  қажеттіліктері 
мен  мақсаттарын  анықтайды.  Осылайша  Фран-
циядағы т‰ркітанудың негізгі бағыты анықта-
лып отыр.  Тіл зерттеулері, соның ішінде сөз-
діктер,  грамматика  және  фонетика  мәселеле-
ріне тоқталған [2; 35-37]. 
Б‰гінгі  таңда  Францияда  Т‰ркітану  бөлім-
дері ‰ш қалада: Париж, Страсбург және Аукс 
ен Провенсте дамыған. Бұл Университеттерде  
Т‰ркітану  зерттеу институттары  да  құрылған. 
Т‰ркітану  мәселелерін  зерттейтін  Франция 
ғалымдары  Т‰ркітану  зерттеулерін  жетілдіру  
 
‰шін  Fr. Association ұйымын  құрған.  Бұл  ас-
социация көптеген жылдар бойы Turcica жур-
налын шығарып келеді [8; 115-119].
 
Осы  берілген  қысқаша  мәліметтерден 
қорыта келе, Еуропадағы Т‰ркітанудың негізгі 
‰ш бағыты анықталды:  
1. Практикалық Т‰ркітану (Германия, Фран-
ция,  Ұлыбритания,  Голландия  сияқты  мемле-
кеттерде  т‰рік  тілін  білетін  аудармашыларға 
қажеттілігінен пайда болған т‰ркітану); 
2. Субъективті  Т‰ркітану  (Ресей,  Иран 
және  Қытай  мемлекеттерінің  ішіндегі  Т‰ркі 
халықтарының санымен т‰сіндірілетін бағыт); 
3. «Романтикалық  Т‰ркітану»  (Венгр  және 
Фин  халықтарының  өз  тарихын,  өткенін,  ті-
ліндегі т‰ркі сөздерінің бар болу себебін зерт-
теу мақсатында қалыптасқан  бағыт).    
Еуропада  Т‰ркітану  қандай  мақсатта  бас-
талса  да,  қандай  себеппен  қалыптасса    да  б‰-
гінгі  таңда өз  жалғасын  тауып  келе  жатырған 
‰лкен ғылыми сала. Б‰гінгі таңда  Еуропадағы 
т‰ркітанудың  зерттеу  алаңының  шекарасы 
кеңейе  т‰суде.  Әрине,  бір  мақалада  Еуропа-
дағы  т‰ркітануды  қамту,  тақырыпқа  байла-
нысты  жарияланған  еңбектердің  тізімін  беру 
м‰мкін емес. Дегенмен, кейбір Еуропа мемле-
кеттеріндегі  т‰ркітанудың  негізгі  бағыттары 
мен  т‰ркітанушылар  есімдері  және  олардың 
еңбектері қысқаша қамтылды.  
____________ 
1.  Tьrk Ansiklopedisi. – Ankara: Milli Eğitim Basımevi, 
1983. – S. 434-436 
2.  Eren H. Tьrklьk Bilimi Sцzlьğь I. Yabancı Tьrkologlar. 
– Ankara: TDK, 1998 
3.  Sadoğlu H. Tьrkiye’de Ulusзuluk ve Dil Politikaları. – 
İstanbul, 2003. – S. 111-112 
4.  Palezcek G.R.(аударған Bulut L.) Avusturya’daki 
Tьrkoloji Зalışmaları// Yeni Tьrkiye. – 2002. - №43. – S. 52-56 
5.  Zimonyi I. Macaristan’daki Tьrkoloji Зalışmaları// Yeni 
Tьrkiye. – 2002. - №43. – S. 46-48 
6.  Цzdemir N. Almanya ve Berlin’deki Tьrkoloji Araştır-
mları Tarihi ve Freie Universitat Berlin-Tьrkoloji Enstitьsь// 
Milli Folklor. – 2005. - №68. – S. 33-34 
7.  Pander K. Almanya’da Avrasya Зalışmaları// Yeni 
Tьrkiye. – 2002. - №43. – S. 39-40 
8.  Nurlu M. Fransa’da Tьrkзe Цğretimi. –Ankara, 2011. – 
S. 115-119 
 
Авакова Р.А., Баймухамбетова Э.М. 
Тюркознание Европы: история формирования и современное направление 
  
Данная  статья  посвящена  развитию    тюркологической  науки  в  Европе.  В  том  числе,  в  Австрии,  Венгрии, 
Германии и Франции. Дан краткий экскурс основных научных трудов Европейской тюркологии и его направлении 
 
Avakova R.A., Baymuhambetova E.M. 
Turkic notion in Europe: the history of formation and modern direction. 
 
Given article is devoted to development of Turkologycal studies in Europe. Including  Austria, Hungary, Germany 
and France. Given the short review of main scientific works of European Turkology and its directions.
     
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          201 
 
Р. А. Авакова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ф.ғ.д., профессор 
Занадил Жулдыз, 
2-курс магистранты 
 
М. ҚАШҚАРИ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ-ИТ-Т‡РІК»:   
ҚЫТАЙ Т‡РКІТАНУШЫЛАРЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕ 
 
 
Лексикография  мәселесі  тек  қана  сөздік-
тердің  тізбесі  ретінде  ғана  таныла  алмайды. 
Сөздікке енген атаулар, ең алдымен, әр кездегі 
халықтың  әдет-ғұрпы  мен  д‰ниетанымынан 
сыр  шертетін  жәдігерліктер  ретінде  бағалану 
керек. Өйткені әр атаудың ішкі мағыналық құ-
рылымында,  әсіресе  фразеологиялық  бірлік-
терде, мақал-мәтелдерде, этнографиялық атау-
лардың ішкі мағыналық құрылымында халық-
тық д‰ниетаным көріністері, ұлттық дәст‰р із-
дері  жақсы  сақталған.  Лексикография  тарихы 
лингвомәдени  тұрғыдан,  тілдік  таным  тұрғы-
сынан қарастырыла алады. Бұл т‰птеп келген-
де,  тілдік  бірліктердің  когнитологиялық  қы-
рын сипаттауға да м‰мкіндік берері хақ.  
Лексикография  теориясы  лексикография 
тарихына с‰йенгенде ғана дұрыс нәтижелерге 
қол  жеткізе  алады.  Лексикография  тарихын-
сыз,  оның  теориясын  жасау  м‰мкін  емес.  Бұ-
лар  бір-бірімен  тығыз  байланыста,  өзара  бір-
лікте ғана таныла алады.  
Адамзат  мәдениетінің  дамуында  әрт‰рлі 
сөздіктер  жасалған.  Олар  әрт‰рлі  мақсатты 
көздеген,  алуан  т‰рлі  ж‰йе  мен  құрылымда 
т‰зілген.  Сөздікте  тілдік  таңбалар  арқылы 
бейнеленген  халық  дәст‰рі  таңбаланған.  Сөз-
дік арқылы халықтық ‰лгілер хатқа т‰сіп, ха-
лықтық  білім  мен  біліктің  шежіресіндей  рөл 
атқарған.  
Араб  тілдес  ғалымдар  жазған  т‰ркология-
лық  зерттеулердің  ең  алғашқысы  және  ең 
көлемді  де  құндысы  т‰ркі  әулетінен  шыққан. 
Бағдат ғалымы Махмұд Қашқаридің «Дивани 
лұғат  ит-т‰рік»  сөздігі.  Махмұд  Қашқари – 
оғыз  тайпасынан  шыққан,  өз  заманындағы 
текті әулеттің ұрпағы. Оның әкесі Хусеин Ыс-
тықкөл  жағасында  болған  Барсхан  деп  
аталатын  қаланың  әміршісі  болған,  Махмұд 
кейінде Қашқар қаласына ауысып, соның тұр-
ғыны болғандықтан, ертедегі дәст‰р бойынша 
өз  атына  қаланың  атын  қосарлап  Махмұд 
Қашқари  деп  атаған.  Алғашқыда  Қашқарда 
оқып,  кейінде  Бағдатта  білімін  толықтырады.  
Махмұдтың  кім  болғаны,  ата  тегі  туралы  
 
 
жоғарыда  аталған  сөздігінде  өзі  айтқан  бірді-
екілі мәліметтен басқа ештеме жоқ. 
Махмұдтың XI ғасырда жасаған сөздігі XX 
ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген. 
Өйткені ол баспа арқылы ешбір жерде жария-
ланбай,  қолжазба  т‰рінде  Стамбул  кітапха-
насында  сақталып  жатқан.  Зерттеушілердің 
айтуына  қарағанда,  қолжазба  Махмұдтың  өз 
жазуы емес, Абу Бакир әл-Дамаски атты адам-
ның 1266 жылы  жасаған  көшірмесі  көрінеді. 
Қолжазбаны тек 1915-1917 жылдар аралығын-
да  ІІІ  томдық  кітап  болып  Стамбулда  ба-
сылды.  Осы  басылым 1939-1943 жылдары  
Б. Аталай т‰рік тіліне аударып, Анкарада шы-
ғарса, 1960-1963 жылдары  өзбек  тіліне  ауда-
рып, ‰ш  томы  жарияланса,  кейінгі  кездері  
М.  Қашқари  лұғаты  ‡рімшіде  ұйғыр  тілінде, 
Қазақстанда қазақ тілінде жарық көрді.  
Махмұд сөздігі – өз заманы ғана емес, к‰ні 
б‰гінге  дейін  ғылыми  мәнін  жоймаған,  т‰ркі 
тілдерінің  тарихын  зерттеуде  таптырмайтын 
бірден-бір тарихи материал. Мұнда бай тілдік 
материалдармен  қатар  т‰ркі  халықтарының 
сол кездегі қоныс ыңғайлары мен этнография-
лық  жақтарынан  да  құнды  материалдар  бар. 
Сөздік  алфавит  тәртібімен  емес,  буын  саны 
тәсіліне қарай жасалған. Махмұд сөздігі әдет-
тегі  сөздіктер  сияқты  тек  лексикалық  мате-
риалдармен  ғана  шектелмейді,  ол – өте  кең 
мазмұнды  зерттеу.  Мұнда  т‰ркі  тілінің  сөз 
қолданысы,  оның  семантикалық,  дыбыстық, 
грамматикалық  сипаттары,  бір-біріне  ұқсас-
тық, өзгешеліктері жан-жақты ғылыми ұстам-
ды  қолдана  отырып  жазылған – т‰ркілердің 
алғашқы  энциклопедиясы.  Еуропалықтардан 
сөздікті  алғаш  зерттеген  неміс  ғалымы 
К. Броккельман.  Ол  сөздіктегі  т‰ркі  сөздерін 
1928 жылы жеке бастырып шығарған. 
Т‰ркітану – т‰ркі  халықтарының  тарихы 
мен әдебиетін, тілі мен мәдениетін зерттейтін 
кешенді  ғылымдардың  бірі.  Т‰ркітану  ғы-
лымы  Евразия  құрлығыңда  д‰ниеге  келді. 
Оның  өзіндік  заңды  себептері  бар.  Кешегі 
Кеңестер  Одағының  территориясы  болып 

202                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
саналған,  б‰гіңде  бірнеше  тәуелсіз  мемлекет-
тер  орналасқан  Еуразиялық  территорияның 
басым  көпшілігін  т‰ркі  халықтары  мекен-
дейді.  Бұл  жерлер – т‰ркілердің  туып-өскен 
ата  қонысы.  Т‰ркітану  шығыстану  ғылымы-
ның  бір  тармағын  құрайды. XI ғ  жазылған 
энциклопедиялық қасиетке ие «Диуани лұғат-
ит-т‰рік»  т‰ркі  мәдениетіндегі  әсіресе  т‰ркі-
тану ғылымында ең ауқымды әрі ең маңызды 
туынды. 
Кітаптың  қолжазбасының 1914-1916жж 
Стамбұлда алғаш жариялануы д‰ние ж‰зіндегі 
білім  адамдарының,  әсіресе  т‰ркі  ғалымда-
рының  назарын  аударды.  Көп  ұзамай  бұл 
туынды  басқа  тілдерге  де  аударылды, 1928ж 
неміс  тіліне, 1931-1941жж  т‰рік  тіліне, 1960-
1963ж өзбек тіліне, 1981-1984жж ұйғыр тіліне, 
1982-1985ж  ағылшын  тіліне, 2005ж  қытай 
тіліне аударылды[1; 68]. Сонымен қатар «Диуани 
лұғат-ит-т‰рік»  жөніндегі  зерттеулер  де  кө-
бейе  бастады.  Бұл  сөздік  жөніндегі  зерттеу 
т‰ркітану  ғылымында  маңызды  орынға  ие 
болды және ие бола бермек. 
Қытайда  «Диуани  лұғат-ит-т‰рік»  еңбегі 
1940  жылдан  бастап  зерттеле  бастады.  Кітап-
тың ұйғырша аудармасы жарыққа шыққаннан 
кейін (1981-1984 жж.),  бұл  тақырып    жайын-
дағы мақалалар тіпті де көбейді. Тек 1980 жыл-
дардың  ішінде  сөздікке  қатысты  зерттеулер 
саны 50-ден асты. 
XI  ғасырдан  б‰гінге  дейін  шамамен  мың 
жылдай  өтті.  Сөздікті  зерттеу  барысында  ав-
тордың  өмірбаяны,  сөздікті  жазған  уақыты, 
жазу  мақсаты  мен  шарттары,  негізгі  тақы-
рыптар мен құрылысы т.б. мәселелерді қарас-
тыруымыз керек. 
Осы  мәселелерді  қарастыру  негізінде  сөз-
діктің  ұйғырша  нұсқасын  дайындаған  ұйғыр 
ғалымдары  мен  қытай  ғалымдары:  проф.  Ху 
Джын  Хуа,  Гың  Шы  Мин,  Хажы  Нұрхажы, 
Ниғымет  Мыңжани,  Жаң  Жуаң  Да,  Ибрахим 
Мути,  Мирсұлтан  Османов,  Шяу  Жуң  Ий 
сынды  т‰ркітанушы  ғалымдар  аянбай  еңбек 
етті. 
Осы тақырыпқа байланысты зерттеулерден 
алғаш  болып  сөздіктің  ұйғырша  нұсқасын 
дайындағандар ғалымдар тарапынан жазылған 
«Махмұд Қашқари және т‰рік тілінің сөздігі» 
[2; 3-9]. атты  мақаланы  айта  кетуіміз  керек. 
Бұл  мақалада  сөздікке  қатысты  кейбір  мәсе-
лелер  қолға  алынып,  мынадай  бірнеше  бөлік-
терге бөліп т‰сіндірген: 
1.  Сөздік  жазылған  кезіндегі  әлеуметтік 
шарттар. 
2. Автордың өмірбаяны. 
3. Сөздіктің жазылған уақыты. 
4. Сөздіктің маңызды тақырыптары. 
5. Тіл ерекшеліктері. 
6. Аударылуы, жариялануы және зерттелуі.  
Бұлардан  басқа  маңызды  болған  «Т‰рік 
тілінің сөздігімен танысу» (Ху Джын Хуа мен 
Гың  Шы  Мин,  Шин  Жяң  Әдебиеті, 4 б. 1964 
ж.) [3; 2]. «Махмұд  Қашқари  «Диуани  лұғат-
ит-т‰рік»  және  жинаққа  енгізілген  дөңгелек 
д‰ние картасы»[4; 4-6]. 
Профессор  Ху  Джын  Хуа  мен  Гың  Шы 
Мин  бірге  қолға  алған  шығармаларында  сөз-
дік  жайында  жалпы  мәліметтер  берумен  қа-
тар,  оның  жазылу  себептері  мен  жағдайлары-
на объективті талдау жасаған. 
Олардың  зерттеулеріне  қарасақ,  кітаптың 
жазылуының  алғашқы  себебі–әлеуметтік  қа-
жеттілік  болған  сынды.  Қарахан  хандығының 
шығыста  Хотан  мен  К‰шарны,  батыста  Бұ-
хараны,  оңт‰стікте  Әмудария  өзенін,  солт‰с-
тікте  Жетісуды  алып  жатқан  ең  к‰шті  дәуі-
рінде,  осы  өңірде  өмір  с‰рген  халықтың  тілі 
бірдей  емес  еді,  олардың  өзара  қарым-қа-
тынаста  болуы  ‰шін  бір-бірінің  тілін  білуі 
керек  болды.  Ислам  дінін  қабылдағаннан 
кейін  Қарахандықтардың  араб  және  парсы-
лармен  қарым-қатынасы  к‰шейе  т‰сті [5; 71-
78].  Сол  себепті  араб,  парсы  және  басқа  ел-
дерден  келген  елшілер  мен  ғалымдар,  сауда-
герлер  және  дін  адамдарының  қарахандық-
тардың тілін ‰йреніп білуіне тура келді. Міне, 
осындай  жағдайда  Махмұд  Қашқари  өзінде 
бар  м‰мкіндікті  пайдалана  отырып,  т‰ркі 
мәдениетінің дамуына өз ‰лесін қосты. 
Профессор  Джаң  Гуаң  Да  т‰рлі  мәлімет-
терге  с‰йене  отырып,сөздікке  байланысты  бі-
раз  мәселені  қолға  алған.  Ол  өзінің  зерттеу 
мақаласының  бірінші  бөлімінде  сөздіктің 
маңыздылығы, әсіресе кітаптың негізгі ж‰йесі 
мен  тақырыптары,  сонымен  бірге  Махмұд 
Қашқаридың  өмірбаяны,  сөздіктің  зерттелу 
жағдайы  жайында  мәліметтер  берген.  Екінші 
бөлімінде  сөздікте  сөз  болған  «Дөңгеленген 
д‰ние  картасы»  және  «Ислам  картасы»  ара-
сындағы  байланыстар  мен  дөңгеленген  д‰ние 
картасының  ерекшеліктері  мен  маңыздылық-
тарын  тіліне  арқау  еткен. ‡шінші  бөлімінде 
Қытай,  Табғаш  сынды  атауларды  т‰сіндіру-
мен  қатар, XI ғасырда  Қытайдың  солт‰стік 
батысына  орналасқан  халықтың  сол  кездегі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          203 
 
қытайларға деген көзқарасын т‰сіндірген. Джаң 
Гуаң  Даның  бұл  жұмысы  Қытайдағы  ғалым-
дардың  назарын  аударып  «Диуани  лұғат-ит-
т‰рік»  жайында,  т‰ркі  тарихы  мен  геогра-
фиясында, т‰ркі мәдениетін зерттеушілер мен 
қызығушылардың  пайдалану  құралдарының 
біріне айналған  [6; 62]. 
Бұдан  басқа,  доцент  Ли  Зың  Шяң  мен  Ли 
Джиң  Уидың  жазған  «Т‰рік  Тілінің  Сөздігі 
және  зерттелуі»  атты  мақаласын  атап  өтуіміз 
керек.Мақалада  сөздік  жөнінде  жалпы  шолу 
жасалған [7; 18]. 
Профессор  Ибрахим  Иұти  «Т‰рік  Тілінің 
Сөздігі  және  Қашқарлы  Махмұд»  деген  зерт-
теуінде  сөздіктің  тіл  ерекшелігі  жайында  сөз 
еткен [8; 3]. Т‰ркітанушы Мирсұлтан Османов 
та,  Шин  Жяң  Қоғамдық  Ғылымдар  Акаде-
миясы жағынан тұңғыш рет өткізілген  Қоғам-
дық  Ғылымдар  конференциясында (1982 ж.)  
 
ұсынған  мақаласында  Т‰рік  тілінің  сөздігінің 
әдеби  тіл  ерекшеліктерін,  Махмұд  Қашқари-
дың өмір с‰рген жері Қашқардың тарихы жө-
нінде  атап  өткен.  Профессор  марқұм  Нығмет 
Мыңжани т‰рік тілінің сөздігіндегі сөздер мен 
қыпшақ  қазақшасының  тілінің  байланысына 
тоқталып,  қарлұқтардың  бір  бөлігі  қазақ  
тайпаларына  жататынын,  чұмұл,  яғма  сынды 
тайпалардың  бір  бөлігі  де  қазақ  тайпаларына 
жататынын  дәлелдеген,  олай  болса  қазақ-
тармен  сөздікте  сөз  болған  ұлттар  мен  тайпа-
лар  арасында  тығыз  байланыс  бар  деуге  бо-
лады [9; 28].  
_____________ 
1.  Wang Yuan-Xin, Зin’deki Tьrk Diyalektleri Araştırma 
Tarihi, Ankara, 1994. 
2.  Ұйғыр тіліндегі , ‡рімжі, 1981. 
3.  Ху  Джын  Хуа,  Гың  Шы  Мин,  Шин  Жяң  Әдебиеті, 
‡рімжі, 1964. 
胡振华
/耿世敏新疆文学,乌鲁木齐,1964。 
4.  Жаң  Гуаң  Да,  Орталық  Ұлттар  Ииститутының 
газеті, 2б.1978)张光达,中央民族学院日报,1978 
5.  Гың Шы Мин, Қарахан Дәуіріндегі мәтіндер  I,II,III 
1978-1979. 耿世敏
喀喇汗王朝文献
,乌鲁木齐,
1978-1979. 
6.  Жаң  Гуаң  Да,Махмұд  Қашқаридың    Т‰рік  тілінің 
Сөздігі  және  Дөңгеленген  д‰ние  картасы,  Тіл  және 
Аударма, 1982.  张光达,  马赫穆喀什隔离的  突厥语词汇  与
鉴于此树的圆形地图,语言与翻译,
1982. 
7.  Ли  Дзың  Шяң,  Кітап  сыны, 4,1980, Ли  Чиң  Уимен 
бірге.李增祥/李庆伟,突厥语词典及其研究,1984. 
8.  Ибрахим  Иұти,  Т‰рік  Тілінің  Сөздігі  және 
Қашқарлы Махмұд, Шин Жяң Газеті,1948. 
9.  Ниғымет  Мыңжани,  Т‰рік  Тілінің  Сөздігі  және 
Қазіргі  Қазақ  тілі,  Шин  Жяң  Қоғамдық  Ғылымы, I/1981, 
II/1982. 
   
 
Р.А. Авакова, Ж.М. Зинадил 
Кашкари «Диуани лугат ат-турк» в исследованиях тюркологов Китая 
 
 В  данной  статье  рассматривается  энциклопедический  словарь  Махмуда  Кашкари  «Дивани  лугат-ат  турк». 
Анализируются работы Китайских исследователей, посвященной к этой проблеме. 
 
R.A. Avakova, J.M. Zinadil 
Kashkari "Diuani lugat at-Turk" in Chinese studies turkologists. 
 
Given article considers the encyclopedic dictionary of Mahmud Kashkari  «Divani lugat at-turk». Analyzed the 
works of Chinese researchers devoted to this problem.
   
 
 
 
 
Р. А. Авакова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ф.ғ.д., профессор 
А. А. Сайлауова, 
2-курс магистранты 
 
Т‡РКІ МИФОЛОГЕМАЛАРЫ:  
ХАЛЫҚ САНАСЫНЫҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ ТЕТІГІ 
 
 
Мифологемалар    –  ерте  кездегі  халықтың 
әдет-ғұрпына,  салт-санасына,  көне  дәуірдің  
наным-сенімдерінде  пайда  болған,  тілді  жа-
саушы  халықтың  белгілі  дәуірдегі  ой-са-
насының,  жан-д‰ниесінің  көрінісі  болып  та- 
 
 
былатын  эмоционалдық  және  экспрессивтік  
мәнге ие  тілдік  қордың  құрамдас бөлігі. «Ха-
лықтың  д‰ниетанымын,  көңіл-к‰йін,  алғысы 
мен  қарғысын,  көз  жасы  мен  қорқынышын, 
қуанышы  мен  ренішін,  тілегі  мен  батасын 

204                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
бойына  сіңірген,  өзіндік  ұзақ  тарихы  бар,  қа-
зіргі  заманға  дейін  тілде  сақталған  тұрақты 
тіркестер әдеби тілдің актив қолданысындағы 
тарихи материалы болып табылады» [ 1; 98]. 
Ежелгі дәуір адамдары әр заттың, нәрсенің 
не  жақсы,  не  жаман  иесі  бар  деп  т‰сінген. 
Сондықтан  жақсы  жақтағыларды  құдай,  пе-
ріште, пайғамбар, әулие деп атап, жаман жақ-
тағыларды  шайтан,  албасты,  пері  (мұның  да 
екі  т‰рі  бар)  деп  сенген.  Алғашқы  қоғамдағы 
адам  бұларды  нақты  өмір  с‰ретін  нәрселер 
деп білген [2; 94]. 
Адам табиғатының дамуы айналадағы қор-
шаған  ортаға  байланысты  екені  бесенеден 
белгілі.  Оның  д‰ниетанымы – болып  жатқан 
жағдайларға  көзқарасы  білімінің  қайнар  көзі 
болып  табылады.  Осы  орайда  т‰ркі  халық-
тарының,  оның  ішінде  тілі  мен  ділі  бір  қазақ 
және  т‰рік  тілдеріндегі  мифологемалар.  Жал-
пы  мифологема  дегенде,  әңгіме  миф  жөнінде 
болатыны  бәрімізге  мәлім,  сондықтан  да  ең 
алдымен  миф  деген  сөздің  мағынасына  кеңі-
нен тоқталып өтейік. 
«Миф» - ол  ескі  заманнан  бері  Көне  Гре-
циядан бастау алған ұғым, яғни құдайлардың, 
д‰ниенің, тіршіліктің, адамзаттың қалай пайда 
болғанын  бейнелейтін  аңыздар.  Бірақ  ол  ХІХ 
ғасырдағы  ғылым  ойлағандай  өтірік  емес, 
ертегі де емес (қарабайырланып кетіп ертегіге 
айналуы  м‰мкін).  Ол  белгілі  бір  ұлттың,  нә-
сілдің  қоршаған  д‰ние  туралы,  өзі  туралы, 
өзінің  тарихи  жолы  туралы  астарлап  айтқан 
шындығы.  Мифология  ғылымымен  айналы-
сып, оның ішінде қазақ мифологиясын зертте- 
ген,  көптеген  еңбектер  қалдырған  С.  Қонды-
бай  мырза  былай  деп  жазады: «Мифология, 
миф – ойдан  шығарылған  қиял  емес,  ол – өт-
кен  заманның  адамының  шындығын  бойына 
сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол – өткенді 
саналы т‰рде бұрмалаудың, жалғандықтын ес-
керткіші емес, бірнеше мәрте б‰ктетіліп, ора-
лып, ақиқаты мен қатесі қатар өрілген, еріксіз 
шатасудың  тозаңының  арасында  байқалмай 
қалған ақиқаттың өрім қамшысы» [3; 9]. 
Жалпы  алғанда,  ХХ-ХХІ  ғасырдағы  гума-
нитарлық  ғылымда  мифке  көзқарас  қатты  өз-
герді,  ұлттың  санасын,  т‰псанасын  да  миф 
арқылы зерттеуге болатыны анықталды.  Ұлы 
философ,  Фридрих  Ницше  мифті  кез  келген 
дені  сау  мәдениеттің  көкжиегін  қоршап  тұра-
тын,  сол  мәдениетті,  сол  халықтын  санасын 
қорғап  тұратын  шекара  деп  білген.  Бізге  сол 
шекара,  әсіресе  кәзіргі  жаһандану  дәуірінде 
қандай керек екені сөзсіз т‰сінікті. 
Ал т‰ркі халықтарында, оның ішінде қазақ 
және т‰рік халықтарында, мәселен, көне грек-
термен салыстыратын болсақ, бірқатар космо-
гониялық, астрономиялық және этиологиялық 
мифтерден  басқа  д‰ние  жоқ  сиякты  еді.  Өйт-
кені біздің мифтер дер кезінде (мыңдаған жыл 
бұрын)  қағазға  т‰сірілмеген,  әбден  қара-
байырланып,  фольклор  денгейіне  т‰сіп  кет-
кен. Оған қоса, көшпенділердің көптеген миф-
тері мәтін т‰рінде емес, жеке сөз, музыка, ою-
өрнек, киелі архитектурада астарлап берілген, 
дәлірек  айтқанда,  бізге  сол  т‰рінде  ғана  жет-
кен.  Сөйте  тұра,  сол  аз  мұрамызды  зерттеу 
мәселесі  отарлық  империя  тарихынан  қолдан 
тежелген.  
Алғашқы  Адамның  д‰ниеде  жаралуының 
өзі  таңғажайып  құбылыс,  т‰псіз  терең  ойлар-
дан  өрбіген  мифтердің  қайнары. «Адамның 
жаралуы» деген мәселе жайлы аңыз – д‰ниеде 
ең  алғаш  пайда  болған  бастапқы  аңыздардың 
бірі.  Барлық  халықтардың  арасында  олардың 
өздері  тудырған  және  соған  ойлары  ж‰гінген 
хикаялары  бар.  Бұл  аңыздардың  бәрі  құдірет 
иесі Тәңір адамды топырақтан жаратқан деген 
ұғымды берік ұстанады. Сонау ерте заманнан 
бері  барлық  ұлттар  арасында  тарап,  жалпы-
лама  болса  да  қалыптасқан.  Бұл  жайлар  көне 
жазбаларда да бар. Қытайдың ерте замандағы 
«Ғұрып-әдет  естеліктері»  деген  көне  жазба-
сында  осы  жайлы  былай  жазылған: «Д‰ние 
жаралған  шақта  адам  баласы  әлі  жаратыл-
маған  еді.  Кова  (жаратушы)  адамның  тұрқын 
сары  топырақтан  жасаған.  Ол  жалғыз  өзі 
ештеңе  тындыра  алмайтын  болған  соң,  лайға 
шылаулы  тұрған  арқанды  балшыққа  тастай 
салады.  Содан  соң  құдіреттің  к‰шімен  сол 
арқанға  жан  бітеді  де,  адамға  айналады». 
Еврейлердің  құдайы  Яхуйей  де,  Мысыр  аңы-
зындағы  Бөрі  басты  құдай  да  әуелі  бал-
шықтан  адамның  тұрқын  жасап  алғаннан 
кейін оған жан бітеді. Жалпы адам баласының 
қалай  пайда  болғаны  жайлы  ойлар  осылайша 
өрби келе, ақыры әрт‰рлі сенімдердің ақауына 
айналған.  Философиялық  т‰йсіктердің  негізін 
қалаған  сол  сенімдердің  бәрі  де  адамның 
топырақтан жасалғанына барып тіреледі. Өйт-
кені сол замандағы наным бойынша топырақ-
тың  өзі  де  аса  қасиетті,  құдіретті  Тәңір  са-
налған.  
Ежелгі  т‰ріктердің  бір  аңызында  айты-
луынша,  алғаш  әлемді  қара  т‰нек  жауып,  бұ-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          205 
 
лыңғыр  мұнар  басып  тұрған.  Ұзақ  уақыт  
өткеннен  кейін  Жер  мен  Аспанның  жігі  ажы-
райды.  Содан  әр  қайсысы  өз  алдына  бөлек-
теніп,  бітім-тұрпаттары  бірте-бірте  ұлғаяды 
да,  екеуінің  арасынан  К‰н  мен  Ай  пайда 
болып,  шексіз  бостықтан  орын  алады.  Содан 
кейін  барып  д‰ние  Қараңғы  және  Жарық 
әлемге  бөлінеді.  Сол  Жарықтың  нұры  себіл-
ген жерлдерден адам баласының, жан-жануар-
лардың тіршілігі басталған... Осы арада қазақ 
аңызындағы  Алдар  Көсе  мен  Сайтанның 
өзара  таласы  еске  т‰седі.  Жолаушылап  келе 
жатқан  екеуі  шаршаған  соң,  бірін-бірі 
кезектеп арқалап ж‰рмек болады. Сонда кезек 
жайын  ойласады.  Кімнің  жасы  ‰лкен  екенін 
анықтау  ‰шін  бірінен-бірі  асып  т‰сіп,  жаста-
рын  ұлғайтады.  Сайтан  өзі  туғанда  жердің 
тоқымдай  екенін  айтады.  Сонда  Алдар  зар 
еңіреп  жылап  жібереді.  Сол  тоқымдай  жерде 
атқа шауып ж‰рген баласының өлгенін айтып 
жеңеді...  Бұл  аңызда  да  көне  сенімнің    ізі 
жатқаны  байқалады.  Бұл  да  халқымыздың 
ұзақ  тарихи  өміріндегі  рухани  қазынаның 
сарқыны сияқты.  
Аңыздық сенім бойынша Жер – адам бала-
сының,  тіршіліктің,  аң  мен  құстың,  орман-
тоғайдың,  жеміс-жидектің,  балауса  шөптің 
Анасы. Аспан – жарық сәуленің, су себелейтін 
жауын-шашын  бұлттарының  анасы.  Сондық-
тан  адам  баласы  Көк  Тәңіріне  Жер-Ана 
тәңіріне  табынған.  Тәңір – ертедегі  Алтай 
шамандарының  нанымдық  тілі.  Бұл  сөз 
құдіретті  кие,  аспан  және  шексіз  кеңістік 
деген ұғымды білдірген. Кейін келе жаратушы 
киенің  мағынасына  ауысқан.  Тәңір  сөзі  жыл 
санауымыздан  бұрынға  ІІІ  ғасырда  өмір 
с‰рген  Ғұндарда  (К‰ндер)  ұшырасады.  Сол 
заманда  Тәңір  деп  аталатын  киелі  құдіретке 
Ғұндар  да  табынған  екен.  Тіпті  өздерінің 
билеушілерін  Тәңір  құт  деп  атап,  соған  бас 
иген.  Ал  ол  билеушілері  болса,  бізді  Тәңір 
жақсы  көріп  жаратқан  айрықша  сипаттағы 
адамдарымыз  деп,  өздерін  Тәңір  балалары 
атаған.  Сол  заманда  Ғұндармен  аралас-құ-
ралас,  қанаттаса  өмір  с‰рген,  сол  ғұндарға 
бағынышты  болған,  кейін  бөлініп,  өз  алдына 
тәуелсіз өмір с‰рген ‡йсіндердің сенімінде де 
К‰ннің  құдіреті  ерекше  орын  алады. ‡йсін 
билеушілері де өздерін К‰н тәңірінің нұрынан 
жаралған деп санайды да, К‰н тәңірдің жебе-
гені  жайлы  жоралғыны  қолданады.  Сондық-
тан  ‡йсін  елі  билігінің  иесі  К‰н  би  аталған. 
Бұл  К‰н  тәңірі  жаратқан,  мейірін  төккен  би 
деген ұғымды білдіреді.  
Шамандық  белгілер  көне  т‰ркілердің 
сенімдерінде көп екендігі туралы әсіресе ХІХ 
ғасырда жасалған зерттеулерде мол айтылған. 
Бұл  ретте  алтайлықтар  мен  якуттар  тұрмысы 
ерекше  қарастырылды.  Шамандықпен  қоса 
өзге  дінедерден  келген  көптеген  сөздер  бар 
екенідігін айту қажет. Құдай, құрбұстан, кор-
мос,  майтере,  маңгдашире,  бурхан,  матмас 
т.б.  ұғымдар  әрт‰рлі  сенімдердің  терминдері. 
Буддизм,  индуизм,  христиандық  элементтер 
араласқан  сенімдер  ішінен  таза  көне  т‰ркілік 
шаманизм  нысандарын  бөліп  шығару  өте 
қиын шаруа.  
Шамандық  наным,  сенімнен  гөрі  емшілік, 
жадылық,  сиқырлық  сипаттарға  көбірек  ие 
болған.  Шаман  сөзі  ‰нді,  парсы  тілдерінде  де 
бар  екен.  Т‰ркілердің  аталар  рухына  сенуі, 
құрбандық шалуы, б‰ркітті кие тұтуы сияқты 
салттары шамандық жосықтармен де сабақтас 
келеді.  Шаман  өлгендер  руымен  тілдесу,  со-
лардан  медет  алу  тәріздес  құпиялардың 
сырын  іздейтін  тылсым  к‰штермен  байланыс 
жасайтындай  көрінеді.  Шаман  өзін  адамдар 
мен  тәңір  арасын  жалғастырушы  деген  ойды 
қалыптастыруға ‰лкен ықпал жасаған.  
Ескі  т‰ркі  сенімін  ‰ш  топқа  бөлуге 
болады.  Біріншісі – табиғат  к‰штеріне  сену. 
Көне  т‰ркілер  табиғатта,  оның  құрамдас  бө-
ліктерінде:  аспанда,  жерде,  тауда,  таста, 
өзен-көлде, орманда, ағашта, найзағайда, те-
мірде  тылсым  к‰штер  бар
  деп  сенетін  еді. 
Бұлардың бәрін ерекше рухы бар деп санаған. 
Ол  рухтар  жақсы  және  жаман  деп  екіге 
бөлінген.  Мұндай  сенімдер  көне  грек,  рим, 
қытай, ‰нді  тайпаларында  да  болған.  Көк 
тәңіріне  және  ата-бабалар  рухына  бағыштап 
көне  ғұндар  жылқыны  құрбандыққа  шалған. 
Көк  т‰ріктерде  де  осынадай  дәст‰рлі  рәсім 
болғаны  белгілі.  Қаған  к‰ндіз  к‰нге,  т‰нде 
айға  табынған.  Көне  т‰ркілер  белгілі  бір  іске 
кірісер  алдында  ай,  жұлдыздар  қозғалысын 
бағатын  болған.  Табғаштар  ғибадат  жасаған 
жерлерге  қайың  ағаштарын  екен,  кейін  ол 
жерлерді  қасиет  тұтып,  бағып,  суарған  соң 
киелі саналатын ормандар сілемі өсіп шыққан. 
Екіншісі – д‰ниеден  өткен  бабалар  рухын 
құрмет  ету,  оларға  сену,  сиыну – көне  т‰р-
кілер  сенімінің  құрамдас  бір  бөлігі.  Дін  зерт-
теушілер  мұндай  наным  жалғыз  т‰ркілерде 
ғана емес, әлемдегі көне халықтардың бәрінде  
 

206                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
де  болғанын  анықтап  берді.  Ғұндар,  табғаш-
тар, көкт‰ріктер киелі деп санаған орындарда, 
‰ңгірлерде, қалаңқайларда, өзен-көл жағасын- 
да  ата-бабалар  рухына  арнап  құрбан  шалған. 
Олар  ата-бабалардан  қалған  т‰рлі  киімдерді 
қару-жарақтарды  киелі  санап,  оларды  ұрпақ-
тан-ұрпаққа  көздің  қарашығындай  сақтап, 
жасырып, бірінен біріне жеткізіп отырған. Сол 
сияқты  бабалар  зираты  аса  қастарленіп  сақ-
талған,  к‰тілген. Зиратты б‰лдіру ‰лкен қыл-
мыс  саналған.  Аттиланың  бірінші Балқан  жо-
рығының  негізгі  себебі  Маргос  эпископының 
ғұн зираттарын бітіріп, ескі қабірлерді бұзып, 
тонауына  жауап  ретінде  басталған.  Дәл 
осындай  оқиға  б.ж.б. 79 ж  болды,  т‰ркілер 
бабалары  қорымын  талқандағаны  ‰шін  мон-
ғолдарға соғыс ашқан. 
Көне  т‰ркілердің  негізгі  діні – Көк  Тәңір-
лер  саналады.  Бұл  басқа  діндер  ықпалына 
т‰спеген  ең  арғы  дәуірлердегі  саф  таза  сенім 
болатын.  Көк  Тәңірі  д‰ниені  тұтас  басқарып 
отырған  бірден-бір  ұлы  қуат,  алып  к‰ш 
есептелген. Т‰ркілер оның тұрағы аспанда деп 
санап, Көк Тәңірі деп атаған. Бұл сенім аңшы-
лықпен айналысатын, ‰немі қозғалыста ж‰ре-
тін бағыт-бағдарды к‰н, ай, жұлдыздар арқылы 
белгілейтін  көшпелі  елдерде  ғана  туғандығы 
дәлелденген.  Осы  ата  салт,  ата  дәст‰р  көне 
т‰ркілердің  тұрмыс-тіршілігінен,  қоршаған 
ортамен байланысынан барып тұрған.  
Көк  Тәңірі  сенімінің  негіздері  туралы  де-
ректерді  Қытай  жазбаларынан,  Орхон  ес-
керткіштерінен,  өзге  де  шетелдік  ғалымдар 
еңбектерінен  табуға  болады.  Б.ж.б. 176ж  Қы-
тай императорына жазған хатында ғұн қағаны 
Мөде  өз  жеңістерінің  тікелей  жебеушісі  әрі 
қолдаушысы  Көк  Тәңірі  деп  көрсетеді.  Және 
өзін таққа отырғызған да Көк тәңірі санайды. 
Сақталып  қалған  тас  ескерткіш  жазба-
ларында  Көк  Тәңірі  т‰ркілердің  бірден-бір 
өзіндік  құдайы  екендігін  анық  ашып  айтқан. 
Т‰ркі халықтарының ұлы қағандықтар құрып, 
ұлан-асыр  аймақтарды  игеріп,  зор  мәдениет 
жасауына  ықпал  жасаған  шешуші  к‰штердің 
бірі – осы  сенім-наным  Көк  Тәңірлік  діні 
болғандығын  әрт‰рлі  елдердің  зерттеушілері 
мақұлдап жазған болатын.  
Көне  т‰ркілер  арасына  кейін  кірген  ша-
мандық сарындар Көк Тәңіріне деген сенімнің 
негізгі  қағидаларын,  салттарын  жоя  алмаған. 
Көк Тәңірі сенімінде космогониялық, абстрак-
тылық ойлаудың ғажайып ‰лгілері бар. Мұны 
Орхон  ескерткіштерінен  аңғаруға  болады. 
Әлемнің  төрт  тарабын  анықтау,  к‰н,  ай,  жұл-
дыздар  қозғалысындағы  заңдылықты  білу, 
жыл  маусымдарының  ауысуын  қадағалау, 
көне  т‰ркілерге  осының  бәрін  біреу  билеп, 
басқарып отыр деген жалғыз құдай – Көк Тә-
ңірі 
идеясына  алып  келген.  Яғни  нақты  бір 
пұтқа  табынбай,  әлемдік  мәні  бар  жалғыз 
тәңірді мойындаған. Оның әйелі, баласы деген 
ұғымдар жоқ. Тәңірдің т‰рі, кескіні жоқ.  Сон-
дықтан  т‰ркілер  тәңірге  арнап  ғибадатхана, 
пұтханалар  салмаған.  Т‰ркілердің  барлық  ру-
хани  к‰ш  иесі  Көк  Тәңірі  деген  пікірлерді  
А.  Габайн,  Р.  Гирауд,  М.  Ергин,  А.  Инан,  
К. Ширатори секілді ғалымдар жазған.  
Көк  тәңірлерінің  арасында  аса  мейірімді 
әйел тәңірлері де бар. Әйел тәңірлерінің асқан 
құдіреттісі – Ұмай  ана.  Алтай  т‰ріктерінің 
аңыздары айтуынша, адам баласын Ата тәңір 
Ерғұн  мен  Ана  тәңір  Ұмай  жаратқан.  Б‰кіл 
адамзат  солардың  ұрпағы  саналады.  Әсіресе, 
ұрпақ  өсіруде  Ұмай  ананың  қызметі  де,  құді-
реті  де  зор.  Махмұд  Қашғаридің  «Т‰рік  тіл-
дері  сөздігінде»  осы  нанымды  растайтын  сөз. 
Көкке  табынған  т‰рік  әйелдерінің  «Ұмайға 
сиынсаң – ұл табасың» дейтін мәтелі бар. Сон-
дықтан  көне  т‰ріктердің  нанымында – Көк 
ж‰зі  (Аспан)  де  қасиетті  кие.  Шаман  дініне 
тән нанымдарға назар аударсаңыз, адам бала-
сының к‰ш-қуаты, қауқары, ой болжамы жет-
пейтін  құбылыстардың  бәрі  тәңірдің  киесі 
саналады. Содан барып әр құбылыстың өзі тә-
ңірге айналған. 
Т‰ріктердің  аңыздары  да  «Құдай  яғни 
Тәңір  адамды  сағыз  балшықтан  жасаған»  де-
ген нанымға негізделеді. Балшықты езіп, илеу 
‰шін  қолданған  судың  қасиеті  ерекше  дә-
ріптеледі.  Бір  бұлақтың  көзін  ашудың  өзі – 
шексіз бақыттқа жеткізетін сауап. Сондықтан 
қазақ ырымында судың тазалығы дәріптеледі. 
Балаларды  суға  сарып,  былғама  деп  тәрбие-
лейді. Суды ластауды да к‰нә санайды.  
Алтай  т‰ріктерінің  аңыздарындағы  құді-
ретті  тәңірдердің  бірі – Жер  тәңірі.  Сондық-
тан т‰ріктер: Жер – Отан, жарылқаушы мекен, 
адам  баласының  қорғанышы  деп  қастерлеп 
табынған. Қазақ баласы ‰шін де Жердің қадір-
қасиеті өте жоғары. Ата жұрт, ата қоныс деп 
атадан қалған мұра ретінде қастерлейді. Бұл – 
қазақ  қанына  сіңген  ізгі  сенім.  Соған  орай 
жерді аялайды. Жерді албаты қазып б‰лдірген 
әрекет – к‰нә,  өйткені  Жердің  еркінен  тыс-
қары істелген іс оның жанын жаралайды. Бұл 
тәңірді к‰йіндіреді. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          207 
 
Тәңір атауы – т‰ріктердің төл сөзі. О  баста 
алтайлық  шамандар  тәңірге  сиынып-табыну 
‰стінде  орындайтын  ырым-жырымдарындағы 
құбылыстарға  арнап  қолданған  сөзі.  Осыған 
қарағанда  т‰рік  халықтары  сенген  діннің 
тәңірі  де  осы  Алтай  өңіріне  орнығып,  пен-
делеріне  жол-жоба  нұсқап  отырған  секілді. 
Сол  Тәңірдің  мекені – Көк  (аспан) – шексіз 
кеңістік. Осы кеңістік ұғымы ұлғая келе құді-
ретті к‰штің иесі деген мәндегі жаратушы, құдай 
мағынасына  ауысқан.  Тәңір  сөзі  т‰ріктер  сенім-
нанымымен бірге жаралған, өте ерте заманнан 
қолданылып келеді. Т‰рік халықтары бұдан бес-
алты  мың  жыл  бұрын  айды,  жұлдызды,  к‰нді 
Тәңір  тұтқан.  Осы  құдіреттердің  бәрі  аспанда 
тұратындықтан  сол  шексіз  кеңістікті  де  Тәңір 
қатарында қадірлеп Көк Тәңірі деп сыйынған.  
Осындай  наным-сенім  ж‰йесімен  т‰рік 
халықтары ерте заманның өзінде-ақ пір тұтқан 
еркек тәңірлер сияқты құдіретіне иланып, шек-
теусіз  сенген,  қасиетіне  бас  иген,  киесі  мол 
әйел  Тәңірлер  де  болған.  Бұл  тәңірлердің  құ-
діреті  әлемдегі  жан  иелерін  өзіне  табындыр-
ған  Көк  Тәңірінен  кем  емес.  Т‰ріктердің  сол 
ұлы  әйел  Тәңірі  Ұмай  ана  деп  аталады.  Ерте 
замандағы  к‰ллі  т‰рік  жұрты  оған  бас  иіп, 
шын  ықыласпен  табынған.  Бұл  т‰рік  жұрты-
ның ежелгі д‰ниедегі сенім-нанымның айғағы.  
Ұмай ананың құдіреті – адам баласына құ-
нарлы топырақ пен тұнық су қайнарларын сый-
лауы. Бұл екеуі де тіршіліктің көзі. Сондықтан 
Ұмай  ана  жер  бетіндегі  өнімнің  де  тәңірі  са-
налады. 
Қазақ халқының т‰пкі ата-бабалары д‰ниеге 
келгелі қаншама ықылым заман, сан ғасырлар 
өтті.  Әсіресе,  т‰ркі  тектес  туыс  халықтардан 
енші алысып, қара шаңырақта өз алдына жеке 
ту  тігіп,  ел  болғалы  бері  қазақтар  ата-баба 
дәст‰ріне ықылас қойып, әрін кетірмей, әдет-
ғұрпын,  салт-санасын және  тілін, дінін  с‰ттің 
қаймағындай таза сақтауға көше бастады.  
Тәуелсіздік  алғалы  бері  ұлттық  салт-дәс-
т‰рлер  қайта  жаңғырып,  қазақ  мифологиясы 
да  оқытылып  ж‰ргені  көңілге  қуаныш  ұяла-
тады.  Тарихи  көне  ‰деріс  болып  отырған  ми-
фология – халықтардың  тіршілік  кәсібіне, 
наным-сеніміне,  өмірге  деген  көзқарасына 
байланысты  туып,  қалыптасып,  ұрпақтан-
ұрпаққа  ауысып,  өзгеріп,  жаңарып  отыр. 
Сондай-ақ,  оның  жаңа  қоғамдық  қатынасқа 
қайшы  келетіндері  жойылып,  өмірге  қажет-
тілері дамып, жаңа мағынаға ие болып отыр. 
Ұрпақтан-ұрпаққа,  атадан  балаға  ‰збей 
жалғасып  келе  жатқан  мифология  қайта  жан-
дануда  десек,  артық  айтқандық  емес.  Білім 
ордаларында  (балабақша,  орта  мектеп,  ЖОО) 
т‰ркі  мифологиясын  насихаттау  жұмысы  әр 
т‰рлі  іс-шаралар  ұйымдастыру  арқылы  өтеді. 
Көбіне  әдебиет,  әдеп,  этика  пәндерінде  әр 
т‰рлі тақырыптағы мифке байланысты жарық 
көрген  әдебиеттерді,  бұқаралық  ақпарат  құ-
ралдар – газет-журналдарды қайнар көз ретін-
де  пайдаланады.  Онық  мақсаты – осы  мифке 
байланысты  оқырмандарға  беймәлім  болып 
келген әдебиеттерді насихаттау, дәст‰ріміздің 
әр  саласын  қамтитын  мәселелерді  көтерген 
мақалаларды  көпшілікке  танымал  ету.  Сол 
арқылы осы тақырыпқа оқырмандардың, жас-
тардың,  жасөспірімдердің  қызығушылығын 
арттыру,  олардың  д‰ниетанымына  ықпал  ету, 
дәст‰рден  тәлім-тәрбие  алып,  оны  одан  әрі 
дамытуына жағдай жасау.  
Әрт‰рлі  сенім-нанымнан  туған  құбылыс-
тар сананың өсуіне орай ауысып, кейбіреулері 
жай ғана ойын негізіне айналып кетсе, кей се-
німдер  ой-қиялдың  өрбуіне  жол  ашып  отыр-
ған.  Тіпті  тіршілік  әрекеттерінің  көп  қимылы 
сол  құбылыспен  астасады  да,  ұлтқа  тән  салт-
қа,  дәст‰рге  айналып  кетелі.  Жалпы  тіршілік 
құбылысы  секілді  сенім-наным  қағидаларын 
да адам баласын жаңа белестерге жетелейді.  
«Мифологиялық  танымдағы  тілдік  «қал-
дықтар» – табиғи  құбылыс.  Тіл  мұндай  «қал-
дықтарды» «қатырып» («консервілеп») сақтап 
қана  қоймайды,  сонымен  қатар  мағынасын 
жаңартады,  танымдық  тұрғыдан  жаңаша 
көзқараспен қабылдайды. Соның нәтижесінде 
тілдік  бірліктердің  тарих  қойнауында  ұзақ 
уақыт  сақталуы – осының  куәсі.  Миф  қабат-
тарын  ақырындап  аша  отырып,  біз  біртіндеп 
ертедегі д‰ниетанымның ошақтарына жол аша 
аламыз,  бабалардың  өмір  тіршілігін  “өз 
көзімізбен”  көруге  м‰мкіндік  аламыз» [4;15]. 
Ф.  Энгельс  өзінің  «Анти-Дюринг»  еңбегінде: 
«...Всякая  религия  является  не  тем  иным,  как 
фантастическим отражением в головах людей 
тех  внешних  сил,  которые  господствует  над 
ними  в  их  повседневной  жизни,  отражением 
которых  земные  силы  принимают  форму  не 
земных», – дей  келіп,  діннің  қалыптасу  та-
рихына  тоқталып,  пікірін  жалғасты-рады: «... 
в  начале  истории  объектами  этого  отражения 
являются  прежде  всего  силы  природы,  кото- 
рые  при  дальнейшей  эволюции  проходят  у  
различных  народов  через  самые  разнообраз-

208                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ные  и  пестрые  олицетворения … Фантасти-
ческие образы, в которых первоначально отра-
жались  только  таинственные  силы  природы, 
приобретают  теперь  также  и  общественные 
атрибуты и становятся представителями исто-
рических  сил», – деп  көп  діндік  атрибуттың, 
құдіреті  к‰шті  бір  ғана  дінге  шоғырлану 
‰рдісін ашып береді [5; 328-329].  
Діни-нанымдық    ұғымдардың  мифология-
лық  т‰п  тамырына  қайта  оралуы – мифтен 
ата-бабаларымыздың  шындық  өмірін,  тіпті 
қатыгез  әлемін  де  көруге  м‰мкіндік  береді.  
Мифология  фольклордың  қайнар  көзі  болса,  
 
ауыз  әдебиетінде  сақталған  байлығымыз – 
көне  заманның  тілдік  бейнесі.  Тарихи-этимо-
логиялық  экскурс – мифологияның  «мате-
риалдық» көзі, дәнекері. 
____________ 
1.  Авакова  Р.А.  Фразеология  теориясы  (монография). 
– Алматы; Қазақ университеті, 2009. 
2.  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер. – 
Алматы, 1996. 
3.  Қондыбай  С.  Арғы  қазақ  мифологиясы. – Алматы, 
2004. – 3- кітап 
4.  Авакова  Р.А.  Фраземалардың  шығыу  дереккөздері. 
– Әлем кеңістігіндегі т‰ркітану ғылымы. – 3-16 бб. 
5.  Маркс  К.,  Энгельс  Ф.  соч. 2-е  изд.,  т. 20. – М.: 
Профиздат., 1983. – 344 с. 
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет