Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет34/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61

С. А. Асанбаева 
Язык и сфера: актуальные проблемы функционирования языка в сфере рекламы 
 
В статье рассматриваются проблемы функционирования государственного языка в сфере рекламы. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          195 
 
S. A.  Asanbayeva 
Language and the sphere: current problems in the functioning of language in advertisement sphere. 
 
Article considers the problems of state language functioning in advertisement sphere. 
 
 
 
 
Р. А. Авакова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ф.ғ.д., профессор 
Э. М. Баймухамбетова, 
2-курс магистранты 
 
ЕУРОПАДАҒЫ Т‡РКІТАНУ ҒЫЛЫМЫ:  
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ БАҒЫТТАРЫ 
 
 
Т‰ркітану (Фр. Turkologie, Нем. Turkologie, 
Ағыл.  Turkology, Орыс.  Тюркология ) – т‰р-
кілерді  және  т‰ркі  тілдерін  зерттейтін  білім 
тармағына берілген атау. Т‰ркітану тар мағы-
насында  т‰ркі  тілін  және  барлық  Диалек-
тілерін  зерттейтін,  ал  кең  мағынасында  т‰р-
кілерді  және  т‰ркілерге  байланысты  әр  нәр-
сені  қамтитын,  зерттейтін  бір  ғылым.  Т‰ркі 
тілдері,  әдебиеті,  тарихы,  мәдениеті  сияқты 
барлық  алаңдар  Т‰ркітанудың  ішінде.  Т‰р-
кітану  деп  атап  ж‰рген  білім  тармағының 
өткені  Еуропада  ХІ‡  ғасырларға  дейін  ба-
рады,  дегенмен  бұл  терминді  «Т‰ркілер  ту-
ралы  білім»  деп қарастыратын болсақ,  Латын 
және  Бизанс  жазушыларын  т‰ркітанудың 
негізін  салушылары  дей  аламыз.Т‰ркілердің 
жазба  тарихының  бастамасы  болып  табы-
латын  Орхон  жазу  ескерткіштеріне  дейінгі 
барлық  мәліметтер  шетелдік  еңбектерден 
алынған.  Бұлардың  ішіндегі  ең  маңыздылары 
да «Латын-Визанс» еңбектері. Барлық Еуропа 
халықтары  т‰ркілер  туралы  мәліметтерді  І‡ 
және  ‡І  ғасырлар  арасында  өмір  с‰рген 
Прискос,  Апоминарис  және  Джорданес  се-
кілді  Латын  немесе  Визанс  жазушыларының 
еңбектерінен  білді.Одан  кейін  Константинос 
Порфирогенеостың «De administranto imperio» 
атты  еңбегінде  т‰ркілер  туралы  мәлімет 
берілген.  Сол  сияқты  Анна  Комнена  да  Т‰р-
кілер  туралы  мағлұмат  берген  екен.  Т‰рік-
тердің Анадолыға келіп орналасқан кездерінде  
Пиан  дел  Карпине  Папа  І‡  Инносентиустың 
елшісі  ретінде  Азияға  саяхат  жасаған, 1246  
жылы  Қарақұмда  ұлы  Ханмен  кездескен.   
1275  жылы  Венедиктлік  саяхатшы  Марко 
Поло ұлы Ханның қонағы болған. Бұл саяхат-
шылардың  барған  жерлеріндегі  мемлекеттер  
 
 
туралы  берген  мәліметтері  Еуропада  өте  жо-
ғары бағаланды. Олардың еңбектерінде бірқа-
тар  т‰ркі  сөздер  де  берілген.  ХІ‡  ғасырда 
Еуропада т‰ркі тілінде   жарық көрген еңбек -  
Кодек  Куманикус.  Бұл  еңбекте  құман  тіліне 
байланысты  мәліметтер  берілген.  Еңбектің 
басында жыл да көрсетілген [1; 434-436]. Мәс-
кеуде  табылған  кішкене  сөздік  Кодекс  Ку-
маникустан  әлде  қайда  ерте  жазылған.  Орыс 
әрептерімен  жазылған  бірқатар  құман  сөз-
дерінен  құралған  бұл  сөздікті 1850 жылы  
А. Оболенски баспаға шығарды. Кейін В. Банг 
Мәскеу сөздігін Т‰ркітанушы ретінде зерттеген. 
Османлы  т‰ріктерімен  Еуропалықтар  ара-
сындағы  соғыстармен  бірге  Еуропада  т‰ркі-
тану зерттеулері  де  арта  т‰сті.  Т‰ркілерді зерт-
теуде  қызығушылық  танытқан  соғыс  тұтқын-
дары,  т‰ркілермен  саяси  және  сауда  байла-
ныстарын ж‰ргізу қызметін  атқарған  және  әр 
т‰рлі  құрылымдары  арқылы  Христиан  дінін 
насихаттаған  миссионерлер  де  т‰ркілер  ту-
ралы  мәлімет  берген.  Осылайша  Дж.  Шайт-
тбергер,  Филипп  Джохан  вон  Страленберг 
және  Петро  Феррагутоны  Еуропадағы  т‰ркі-
тану  ғылымының  көн  басшысы  деп  айта 
аламыз.  Соның  ішінде  соғыс  тұтқындарының 
берген мәліметтерінің маңызы зор. Мысалы,  І 
д‰ниж‰зілік  соғыста  тұқтқынға  т‰скен  орсы 
әскері  құрамында  болған  Игнас  Кунош  татар 
жырларын зерттеген, ал оның ассистенті Суза 
Какуко  оның  зерттеу  жұмыстарын  кейін  жа-
риялаған.  Осындай  тұтқындардың  бірі - Дж. 
Шилтбергер (1381-1449). Венгрия  патшасы 
Зигмондтың әскерінде т‰рктерге қарсы соғыс-
қан  Шилтбергер  Ақсақ  Темірдің  тұтқынына 
т‰скен,  Алтын  Орда  хандығының  бір  уақыт-
тарда  орталығы  болған  Сарайшықты  көрген 

196                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
екен. 1427 жылы отанына Германияға оралған 
соң,  ол  тұтқындықта  өткізген  к‰ндерін  си-
паттайтын  бір  саяхатнама  жазған.  Бұл  еңбегі 
Х‡-Х‡І  ғасырларда  ‰лкен  қызығушылыққа 
ие болып, Германияда бірнеше рет басылып та 
шыққан.  Себебі  Дж.  Шилтбергер  өз  саяхат-
намасында тек соғыс оқиғаларын сипаттаумен 
шектелмей,  болған  жерлеріндегі  халықтары-
ның  әдет-ғұрып,  салт-дәст‰рлері  туралы  да 
мәлімет  берген.  Сонымен  қатар  т‰ркі  зерт-
теулері  тарихында  орын  алған  тұтқындардың 
бірі -  Барталамео  Георгиевите.  Оның 1553 
жылы  ‰ш  бөлімнен  тұратын  еңбегі  жарық 
көреді.  Б.  Георгиевитенің  берген  Т‰ркия  мы-
салдары  В.Хеффенин  және  Г.Неметтің  еңбек-
терінің  зерттеу  алаңына  да  айналады. 1709 
жылы  орыстармен  Полтава  соғысында  шай-
қасқан  Ф.  Старленбергтің (1676-1747) т‰ркі-
танудағы  орны  ерекше.  Сібірге  с‰ргінге  ай-
далған  Ф.  Старленберг  Сібір  халқының  тіл-
дерін ‰йреніп, Das Nord-und Ostliche Theil von 
Europa und Asia  деген  еңбегін  жарыққа  шы-
ғарды.  Бұл  еңбек  Еуропада  ‰лкен  қызығушы-
лық танытып, кейін бірқатар басқа тілдерге де 
аударылды [2; 24-27].
 
Тарихта  белгілі,  т‰ркітану  Батыс  ғалым-
дары  еңбектері арқылы ж‰йелі бір халге кел-
тірілді,  кейін  Т‰ркия  және  басқа  Т‰ркі  мем-
лекеттерінде  де  бұл  білім  саласына  қызығу-
шылық  арта  бастады.  Т‰ркі  тілі  және  тарихы 
‰шін  ең  маңызды  қайнар  көз  болып  табы-
латын  Орхон  жазба  ескерткіштерін  Батыс 
ғалымдардың  тауып  оқуы  да  т‰ркітануға  өте 
кеш  келгеніміздің  дәлелі.  Х‡ІІ  ғасырдың 
аяғынан  бастап  Еуропа  мемлекеттерінде  (әсі-
ресе,  Австрия,  Франция,  Польша  және  Вен-
грияда)  Т‰ркі  әлеміне  деген  қызығушылық 
арта бастайды. Польша патшасы Август Поня-
товскийдің 1766 жылы ұйымдастырған шығыс 
мектебі 1793 жылға  дейін  өз  қызметін  ат-
қарды.  Осы  кезде  т‰рк  тілі,  әдебиті,  тарихы 
жөнінде  бірқатар  еңбектер  жазылды.  Соның 
ішінде оқыту әдістемелік кітаптары да жарық 
көрді.  Бұл  кітаптарды  христиан  дінін  наси-
хаттау  мақсатында т‰рік тілін ‰йренген мис-
сионерлер жазған болатын. Соның ішінде Дж. 
Холдерменнің «Т‰рк тілі грамматикасы» атты 
еңбегі маңызды  орынға ие. ХІХ ғасырда Фран-
циядағы  Шығыс  тілдері  мектебі  мен College 
de France т‰рк  тілін  ‰йретуде  ‰лкен  рөл  ат-
қарды. Е.М. Куатремере (1782-1857) мен Бап-
тисте  Де  Кортелье (1821-1889) сияқты  Фран-
цуз  т‰ркітанушылары  Османтану  алаңынмен 
шектеліп  қана  қоймай,  Франция  т‰ркітануы-
ның  шекарасын  Орта  Азия  (Шағатай)  және 
Шығыс  Т‰ркістанға  дейін  кеңейтті.  Әсіресе 
Е.М.  Куатремере  Батыс  Еуропада  алғашқы 
болып «Шағатай тіліндегі» еңбектерді зерттей 
бастады. Т‰рк тілінің гармматикасы алаңында 
Амеди  Джоберт (1779-1847) Elemens de La 
grammaire turque a’lusage des eleves del’Ecole 
royali et
атты  еңбегін  жариялады.  Сонымен 
қатар  Джон  Денидің  Gramaire de la Langue 
turqueатты  еңбегі  Т‰рк  тілінің  фонетикасы 
мен  грамматикасын  зерттеудегі  жаңа  дәуірді 
ашты. Ал Луиз Бэзин болса т‰рік тілімен қоса 
т‰ркмен  тілін  де  зерттеген,  сонымен  қатар 
Көне т‰ркі ескерткішетірінің тілін зерртеумен 
де айналысқан.  
Еуропадағы  ең  алғашқы  т‰ркітану  курсы 
болса Парижде 1795 жылы ашылған«Ecole des 
Langues Orientalies»те  құрылды.  Дегенмен 
«Т‰ркітану  курсы»  болмаса  да  т‰ркілер  ту-
ралы зерттеу жұмыстарын ж‰ргізген бұдан да 
ерте  құрылған  орталықтар  да  бар.  Осындай 
орталықтардың  бірі - 1627 жылы  ашылған 
Collegium de Propaganda Fide. Бұдан кейін де 
Париж,  Ресей,  Италия,  Германия  және  Ұлы-
британияда ұқсас орталықтар мен институттар 
ашылды.  Зерттеу  жұмыстарын  бір  жерге  жи-
ған  алғашқы  «Шығыстанушылар»  құрылтайы 
болса «Congres International Orientales» аты-
мен 1843 жылы Парижде ұйымдастырылды. 
Т‰ркілерге  байланысты  зерттеу  жұмыста-
рының  артуымен  және  бұл  мәселеге  қызығу-
шылық  танытқандардың  санының  артуымен 
т‰ркілер  туралы  зерттеу  жұмыстары  жандана 
бастады.  ХІХ  ғасыр  Батыста  т‰ркітанудың 
шарықтау  шегіне  жеткен  ғасыр  болды.  Фран-
циялы  Антойн  Исаак  Сихестр  ду  Саки (1841-
1900),  Джозеф  де  Гинес (1721-1800) және 
Леон  Джахун (1841-1900); ұлты  неміс  орыс 
т‰ркітанушысы  Вильгельм  Радлов (1837-
1918);  Ағылшын  Элиас  Джон  Викинсон  Гибб 
(1887-1901),  Артур  Дэвидс (1811-1832), Да-
ниялық  Вильгельм  Томсен (1842-1947) және 
Венгриялы  Армениус  Вамбери (1832-1913) 
бұл  уақыттағы  ең  атақты  т‰ркітанушылар 
және т‰ркітану (Turkology) ғылымының құру-
шылары [3; 111-112]. 
Т‰ркітану  ғылымының  Еуропада  білім 
алаңы  болып  қалыптасуы  мен  дамуының  да 
өзіндік  себептері  бар.  Дегенмен  Еуропаны 
жалпы  ала  отырып  ол  жердегі  т‰ркітануды 
т‰сіндіру  де  қиынға  соғады.Осыларды  ескере 
отырып,  бірқатар  Еуропалық  мемлкеттердің 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          197 
 
негізінде  Еуропа  т‰ркітануының  ерекшелік-
тері мен негізгі бағыттарын айқындалды.  
Австриядағы  т‰ркітану  ғылымы.  Австрия-
да  Х‡ІІ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап 
т‰рік тілін білетін аудармашыларға қажеттілік 
туа бастайды. Себебі Х‡ІІ ғасыр Австрия мен 
Осман Императорлығы арасындағы байланыс-
тар жандана т‰сті. Осылайша 1752 жылы Вена 
қаласында Шығыс тілдері орталығы құрылған 
болатын.  Ол  жерде  т‰рік  тілі,  араб  тілі  жән 
парсы  тілі  ‰йретіле  бастайды.  Ал  Османлы 
Императорлығының  тарихы  Джозеф  вон 
Хаммер Пургсталдың (1734-1856) еңбектерін-
де орын алды.  
1886 жылы Вена Университетінде Шығыс-
тану  Институтының  ашылуы  Австриядағы 
Шығыстанудың,  әсіресе,  т‰ркітанудың  да-
муында  ‰лкен  рөл  атқарды.  Бұл  институтта 
Г.Дуда (1900-1975) және  Г.  Янский (1898-
1981)  сияқты  ғалымдар  қызмет  етті.  Дуда  т‰-
рік тілі алаңында зерттеу жұмыстарын ж‰ргіз-
ген,  сонымен  қатар  Т‰ркия  Республикасы- 
ның тарихына байланысты еңбектер де жария-
лады. Г. Янский
 
соғыс тұтқындарының еңбек-
терін  жариялауға  ат  салысты,  сонымен  қатар 
Г.  Янскийдің  Krimtatarische Gesange, Basch-
kirische Gesangeатты  еңбектерінің  Т‰рк  тілі 
алаңындағы маңызы зор. [2, б. 49-50] 
Австриядағы  т‰ркітану  деген  кезде  т‰рік 
тілі грамматикасы және сөздіктерінің маманы 
Андреас  Титзенің  есімін  атап  өтпеу  м‰мкін 
емес. Ол әсіресе т‰рік тілінің басқа тілдермен 
байланысын  зерттеуге  мән  берген.  Бұл  алаң-
дағы  еңбектерін  атап  өтетін  болсақ:  The Lin-
gua Franca in the Levant, Turkish Nautical 
Terms of Italian and Greek origin. Бұл еңбектер 
т‰ркітанудың  негізгі  әдебиеттерінің  бірі.  Атал-
ған  ғалымдар  секілді  Франс  вон  Миклошич 
пен  Фредрик  Краелитз  вон  Грифенхорст  та - 
атақты т‰ркітанушылар.  
Б‰гінгі таңда Австрияда Вена Университе-
тінің Шығыстану Институты және Әлеуметтік 
мәдени  Антропология  Институты,  Вена  және 
Граз  Университеттерінің  Ерте  заман  тарихы 
және  Антикалық  дәуір  Институттары,  соны-
мен  қатар  Археология  Институты,  Инсбрук  
Университетінде  Ерте  заман  Шығыс  мәде-
ниеттері және тілдері институты өз қызметте-
рін  атқаруда.  Б‰гінгі  т‰рік  тілі  болса  аудар-
машылар дайындайтын мектептерде оқытылу-
да. Ал жоғарада аталған Институттарда тарих, 
археология  алаңдарында  зерттеу  жұмыстары 
ж‰ргізілуде.  Бұл  институттардың  ішіндегі  ең 
ескі  және  ең  ‰лкені  Т‰ркітану  орталығы  бо-
лып  табылатын  Вена  Институтының  Австрия 
Т‰ркітануындағы  орны  ерекше.  Б‰гінгі  таңда 
бұл  институт  оқытушылары  мен  студенттері 
Т‰ркітану алаңындағы Османтану зерттеулері 
мен  т‰ркі  тілдерінің  филологиясына  көбірек 
назар  аударуда.  Оқытылатын  сабақтардың 
ішінде б‰гінгі өзбек тілі, әзірбайжан тілі және 
қырғыз тілі де бар. Аталаған институт екі ғы-
лыми  журнал  шығаруда.  Олар: Turk Anzeiger 
және Ерте дәуір Таяу Шығыс Археологиясына 
байланысты еңбектер жариялайтын Archiv fur 
Orienforschung.  Шығыстану  Институты  мер-
зімді баспасөздер басумен қатар арнайы семи-
нарлар  мен  конференциялар  да  ұйымдас-
тыруда. Мысалы, 1998 жылы ХІІІ SIEPO (Co-
mite International des etudes pre-Ottomanes et 
Ottomanes) Семпозиумы өтті. Т‰ркі әлемі қан-
шалықты  кең  болса,  Австриядағы  Т‰ркітану 
орталықтары  да  оқытылатын  сабақтар  мен 
зерттеу  алаңдарын  да  соншалықты  кеңейтуге 
тырысуда. Мысалы,  Орта Азиядағы адам құ-
қықтары,  Орта  Азияда  Ислам,  Орта  Азия 
қоғамы, Әлем тарихында Орта Азияның орны 
сияқты тақырыптар б‰гінгі к‰ні Австрияда зерт-
телініп жатырған өзекті мәселелер [4; 52-56]. 
Австрия Шығыстану орталықтарының Т‰ркі 
және Орта Азия зерттеулеріндегі маңызы зор. 
1997 жылы Австрияның Орта Азия және Кав-
каздағы  елшісі  Оңт‰стік  Кавказ  және  Орта 
Азия  зерттеулер  орталығын (ICC) құруы  бұ-
ның  дәлелі.  Сонымен  қатар  Австрия  Шығыс-
тану орталығымен қоса Австрия Шығыс және 
Оңт‰стік Шығыс Еуропа зерттеулері(OSI) мен 
Австрия  Орта  Азия  Зерттеулері  Орталығы-
ның(ESCAS)  жұмысын  атап  өткен  жөн.  Бұл 
орталықтар Қазіргі Т‰ркітану мәселелерін қам-
титын конференциялар да ұйымдастыруда.  
Австриядағы  Т‰ркітану  зерттеулерінің  не-
гізгі бағыттары: 
1. Тіл  зерттеулері.  Х‡ІІ  ғасырдағы  Австрия 
мен  Осман  Императорлығы  арасындағы  бай-
ланыстардың жандана т‰суі әрине Т‰рік тілін 
білетін  мамандарға  қажеттілік  туғызды.  Со-
ның  ішінде  екі  тілді  сөздіктер  мен  Т‰рк  тілі 
грамматикасына көбірек көңіл бөлінді. 
 
2. Тарих  зерттеулері.
  Австрияның  Осман 
Императорлығымен  байланысты  тарихи  өт-
кені  және  Т‰ркиядан  ол  жерге  көшіп  барған 
халық  санының  екінші  орында  болуы  себе-
бінен Австрияда Т‰ркітану зерттеулері Осман 
және Т‰ркия Республикасы кезеңдеріндегі та-
рихи зерттеулерді ж‰ргізді.  

198                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
3.  Орта Азия зерттеулері.
 ХХ ғасырдың 
аяғында  жаңа  Т‰ркі  тәуелсіз  мемлекеттерінің 
саяси сахнаға шығуы б‰кіл Еуропадағы Т‰ркі-
тануға әсер етіп,  жаңа Орта Азия немесе Еу-
разия  зерттеулері  деп  аталатын    алаңортаға 
шығып,  Қыпшақ  тобындағы  тілдерді  оқыту 
және/немесе  оқыту,  Орта  Азия  антрополо-
гиясы,  Орта  Азия  тарихы  сияқты  мәселелер 
қозғала  бастады,  Австрия  да  бұл  зерттеулер-
ден шет қалған жоқ.  
Осылайша  алғашында  т‰рік  тілін  білетін 
мамандарды дайындау мақсатымен бастау ал-
ған Австриядағы т‰ркітану кейін әрине тарихи 
әсерлердің  себебінен  Османлы  және  Т‰ркия 
Республикасының  тарихын  зерттеумен  айна-
лысқан.  Бұлармен  қоса  б‰гінгі  таңда  Т‰рік 
тілін (Т‰ркия халқының сөйлейтін тілі) білетін 
аудармашылар дайындайтын, Орта Азия зерт-
теу  орталықтарын  құрған  Австрия  Еуропада 
Т‰ркітану  зерттеулерін  ж‰ргізіп  отырған  не-
гізгі орталық болып табылады. 
 
Венгриядағы  Т‰ркітану  ғылымы.  Вен-
гриядағы Т‰ркітану зерттеулер тарихы өз бас-
тауын  ертеден  алады.  Венгр  тілінде  т‰рікше-
ден  енген  сөздердің  көлемінің  айтарлықтай 
‰лкен  болуы  Венгр  филологтары  арасында 
т‰ркі  диалекттерін  зерттеу  қажеттілігін  туды-
рады.  Венгр  халқының  Осман  Императорлы-
ғының  қол  астында  болуы  Венгр  т‰ркітану-
шылары арасында т‰ркілерді зерттеу, олардың 
тілін зерттеу жұмыстарын арттырды.  Әсіресе 
Венгрия  Т‰ркітануы  ‰шін  ‰лкен  еңбек  сіңір-
ген  және  Венгриядағы  т‰ркітанудың  құру-
шылары болып табылатын А. Вамбери, Г. Не-
мет, Г. Балинт, Л. Рашоный, Л. Лигети, Л.Фе-
кете секілді ғалымдарды атап өтпеу м‰мкін емес.  
Жоғарыда көрсетілгендей, Венгрлердің та-
рихы  т‰ркі  тайпаларымен  және  олардың  құр-
ған  хандықтарымен,  империяларымен  тығыз 
байланыста  болғандығы,  әрине,  өте  маңызды. 
Бұл  қатынастар  Венгриядағы  т‰ркітанудың 
пайда  болуы  мен  дамуына  тікелей  әсер  етті. 
Венгриядағы  Т‰ркітану  зерттеулерін  негізгі 
‰ш бағытқа бөліп қарастыруға болады:  
1. Еуразия  далаларында,  әсіресе  батысын-
да  өмір  с‰рген  Орта  ғасыр  Т‰ркі  халықта-
рының тарихын зерттеу;  
2. ХІ‡-Х‡ІІ  ғғ.  Осман  Императорлығы-
ның  тарихын  зерттеу.  Бұл  кезеңдегі  Осман 
Императорлығының  тарихы  Венгрия  халқы-
ның  да  тарихының  бір  бөлігі  болуы  Венгр 
зерттеушілерінің  Осман  тарихын  зерттеуінің 
себебін т‰сіндіреді.  
3. Т‰ркі-Венгр  қатынастары  Венгр  тілінде 
де  өз  ізін  қалдыруы  Венгриядағы  Т‰ркітану-
дың тіл тарихын зерттеумен басталу себебін 
т‰сіндіреді.  Бұл  зерттеу  алаңы  басталған 
кезінде  қаншалықты  маңызды  болса,  б‰гінгі 
таңда  да  Венгриядағы  Т‰ркітану  зерттеу 
алаңдарының негізгі бағыты болып табылады.  
Б‰гінгі таңда Венгрияда т‰ркітану зерттеу-
лерін  ж‰ргізетін  екі  бөлім    бар.  Олар:  Буда-
пешт  Университетіндегі  т‰ркітану  бөлімі 
және  Сегед  Университетіндегі  алтайтану  бө-
лімі. Сонымен қатар б‰гінгі таңдағы Венгрия-
да  т‰ркітану  алаңында  зерттеу  жұмыстарын 
ж‰ргізіп жатқан және қазіргі т‰ркітану бөлім-
дерінің негізін құрап отырған проф.Dr. Арпад 
Берта,  проф. Dr. Мариа  Иваныч,  проф. Dr. 
Саму  Садески  Кардос    «Ескі  т‰ркіше  және 
ұйғыр  жазба  ескерткіштері», «Ескі  т‰ркі  ха-
лықтарына  байланысты  Визанс  және  Латын 
еңбектерінің зерттелуі» сияқты тақырыптарда 
зерттеу  жұмыстарын  ж‰ргізетін  ғалымдар [5; 
46-48]. 
Германиядағы  т‰ркітану  ғылымы.  Гер-
мания - әлемдегі  т‰ркітану  зерттеулерін  ж‰р-
гізетін  маңызды  орынға  ие  мемлекет.  ХІХ 
ғасырда Германияда, Австрия және Венгрияда 
т‰ркітану  жеке,  дербес    білім  алаңы  ретінде 
ғылыми  кеңісітікке  шығады.  Германияда  т‰р-
кітану зерттеулерінің бастау алуы әлеуметтік-
мәдени, экономикалық, саяси және әскери се-
бептерге  байланысты.  Т‰рік-Герман  байла-
ныстары Х‡ІІІ ғасырда басталып, ХІХ ғасыр-
да жандана т‰скен болатын. Бұл байланыстар 
алғашында елші жіберу, достық, сауда байла-
ныстарын  орнату  мақсатында  ж‰ргізілді,  кейін 
де өз жалғасын тапты.  
ХІХ  ғасырда  Джозеф  вон  Пургстал (1774-
1856)  құрған  Т‰ркітану  зерттеулері  б‰кіл 
Еуропаға  тарап,  бұл  зерттеулер  б‰гінгі  таңға 
дейін  өз  жалғасын  тауып  келе  жатыр.  Гер-
маниядағы  Т‰ркітануды  дербес  ғылым  алаңы 
ретінде  қалыптастырған  ғалымдар  Джумус 
вон Кларрот, Вильгельм Скотт, Отто вон Бэхт-
линк,  Вильгельм  Банг-Кауп,  Анне  Мария  вон 
Габбайнды  атап  өтуге  болады.  Неміс  ғалым-
дары  т‰ркітанудың  жалпы  мәселерімен  айна-
лысқан. Мысалы, Вильгельм Банг-Кауп (1869-
1934) ескі т‰ркі ескерткіштерінің тілін, Кодекс 
Куманикус  және  Ұйғыр  жазбаларын  зертте-
ген.  Кейін  Анне  Мария  вон  Габбэн (1901-
1993) көне т‰рік тілі және ұйғыр алаңындағы 
зерттеулерді  тереңдете  т‰седі.  Т‰ркітанудың 
ұйғыртану  тармағында  Альберт  вон  Ле  Кок 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          199 
 
(1860-1930)  Ф.В.  Мюллердің (1863-1930) бір-
қатар зерттеу жұмыстарын ж‰ргізді. Карл Фой 
(1856-1907)  болса  Ескі  т‰ркі  мәтіндерінің 
транскрипциясын  берді.  Сонымен  қатар  т‰ркі 
тілдерінің  дауысты  дыбыстырын  да  зерттеген 
ғалым. Фредрик Гисе (1870-1944) - т‰рік тілін 
зерттеген  неміс  т‰ркітанушысы.  Ол  өзінің 
Materialen zur Kenntnis des anatolischen Turkisch 
атты  еңбегінің  І  бөлімінде  Кония  диалектіне 
тоқталған.  Г.  Джэйкоб,  К.Менгес,  Г.  Вейл,  
В. Хессенинг, Дж. Бензинг, Г.Доэрфер секілді 
ғалымдар  т‰ркітанудың  әр  т‰рлі  тақырып-
тарында  зерттеулер  ж‰ргізген.  Отто  Спайс 
болса,  т‰ркі  ауыз  әдебиетін  зерттеумен  ай-
налысқан.  Г.Бергстрэйзердің  Zur Phonetik des 
Turkischenатты  еңбегі  Стамбұл  т‰рікшесінің 
фонетикасына  тоқталған.  Г.Вейлдің  Gramma-
tik der osmanische-turkischen Spracheатты  ең-
бегі  т‰рік  тілінің  грамматикасына  арналған 
маңызды  еңбек.  Вейл  І  д‰ниеж‰зілік  соғысы 
кезінде  татар  тұтқындарынан  естіген  татар 
тілінің  мысалдарын  да  жариялаған.  Дж.  Бен-
зинг  тұңғыш  т‰рікмен  тіліне  байланысты  ең-
бектер  жазған,  дегенмен  кейін  чуваш  тілін  де 
зерттеген. Сонымен қатар ол 1953 жылы «Т‰р-
кітануға  кіріспе»  атты  еңбек  те  жариялады. 
Г.Доерфер  болса  т‰ркітанудың  әр  т‰рлі  алаң-
дарын  соның  ішінде  көне  және  жаңа  т‰рік 
тілін зерттеген. Ол Ирандағы Халачтарға бай-
ланысты еңбектер де жариялады [2; 53-57]. 
Германиядағы  Ғылым  Академиясындағы 
Ерте  ғасыр  тарихы  және  Археология  Инсти-
тутында  т‰ркітанудың  әр  т‰рлі  мәселелеріне 
зерттеу жұмыстары ж‰ргізілді. Бұл институтта 
Питер Зиме ұйғыр жазба ескерткіштерін тілін 
де  зерттеді.  Карл  Стеюруолд  болса,  қазіргі 
т‰рі  к  тіліне  байланысты  еңбегін  жазған  соң 
«Т‰ркше-Немісше», «Немісше-Т‰ркше»  сөз-
діктер де жариялады [6; 33-34]. 
ХХ  ғасырдың  аяғында  КСРО-ның  ыды-
рауымен  саяси  сахнаға  жаңа  Т‰ркі  мемлекет-
терінің  шығуы,  әрине,  Германиядағы  т‰ркі-
тану зерттеулеріне де әсер етті. Германия бұл 
уақытқа дейін саяси байланыстардың әсерінен 
көбінесе  Осман  тарихы  мен  Т‰ркия  Респуб-
ликасына  байланысты  зерттеулер  ж‰ргізген 
болса,  жоғарыда  аталған  өзгерістерден  соң 
Герман  т‰ркітанушылары  зерттеу  алаңдарын 
кеңейте бастады. Бұл кезеңнен бастап Қырым, 
Балқан т‰бегі, Кавказ және Орта Азия Герма-
ния  т‰ркітану  зерттеулерінің  жаңа  орталық-
тарына  айналды.  Бұл  өзгерістер  Еуропада, 
әсіресе Германияда т‰ркітанудың жеке ғылым 
саласы  болып  бөлінуіне  әсер  етті.  Осы  к‰нге 
дейін  Шығыстану  немесе  Ислам  зерттеуле-
рінің ішінде ж‰ргізілген т‰ркітану зерттеулері 
енді  жеке  ғылым  саласына    айнала  бастады, 
өзі  бір  тәуелсіз  Институтқа  айналды.  Бұл  же-
тістіктерге  қол  жеткізуде  Т‰ркітану  институ-
тын басқарып отырған проф. Барбара Келнер-
Хейнкел мен Dr. Марен Становский, Dr. Мар-
гарет Эрсеннің ‰лестері зор. ‡лкен тарихы бар 
Т‰ркітану Институтында т‰ркітанудың көпте-
ген  мәселелері  зерттелген.  Проф.  Келнер-
Хэйнкелдің  Германиядағы  Т‰ркітанудың  ғы-
лымын  кеңейтуде ‰лесі зор[7; 39-40]. 
Германиядағы  т‰ркітану  зерттеулерінің 
негізгі бағыттары:  
1. Тіл зерттеулері. Көне т‰ркі тілі мен ұй-
ғыр  жазба  ескерткіштеріне  көбірек  назар  ау-
дарылған.  Сонымен  қатар  т‰рік  тілінің  грам-
матикасы  мен  фонетикасына  арналған  еңбек-
тер  жарық  көрді.  Тіл  зерттеулеріндегі  маңыз-
ды  орыны -  екі  тілді  сөздіктер  құрастыруы. 
Б‰гінгі  таңда  аудармашылық  мақсатта  т‰рік 
тілін  оқытумен  қатар  қыпшақ  тобындағы 
тілдерге де қызығушылық танытылуда.  
2. Тарих  зерттеулері.  Осман  тарихы  мен 
Т‰ркия  Республикасы  тарихын  зерттеуге  көп 
көңіл бөлінген, бұл, әрине, саяси себептермен 
т‰сіндіріледі.  Сонымен  қатар  ерте  заман  та-
рихы  мен  археологияға  байланысты  еңбектер 
де  жарық  көрді.  Бұл  еңбектердің 1915 жылы 
Шығыс  Т‰ркістанға  ұйымдастырылған  экспе-
дицияның жемісі деп бағалауға болады.   
3. Әдебиет. «Fundamenta Turcicae» еңбегі-
нің  екінші  бөлімінің  т‰ркі  әдебиетіне  ар-
налуы,  ал  бұл  еңбектің  Германиялық  т‰ркіта-
нушылардың  жазып  шығуы,  бұл  жердегі  әде-
биет  зерттеулерінің  қаншалықты  терең  ж‰р-
гізілгенін дәлелдейді.  
Б‰гінгі таңда осы бағыттың әрқайсысында 
зерттеу  жұмыстарын  жалғастырып  отырған 
Мюнхен,  Фрейбург,  Келн,  Вюрзбург,  Бонн, 
Хамбург,  Марбург,  Майнс,  Франкфурт  На-
майне  және  Геттинген  Университеттерінде 
т‰ркі тілдері және т‰ркітану бөлімдері өз қыз-
метін  атқаруда.  Алғашқыда  тіл  зерттеулерін 
ғана ж‰ргізген болса, б‰гінгі таңда т‰ркітану-
дың  тарихи,  мәдени  алаңдары  да  тереңірек 
зерттелуде. Сонымен қатар Германияның ғана 
емес,  сонымен  қатар  әлемдік  атақты  т‰ркіта-
нушыларды тәрбиелеп шыққан ‰лкен орталық 
екенін де ұмытпаған жөн, себебі жалпы Еуро-
пада  т‰ркітану  зерттеулері  бәсеңдей  т‰скен 
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет