Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет33/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61

лемдер 
Сәкен  оны  к‰н  сайын  қырып,  орны  көге-
ріңкі 
көрінбеу  ‰шін,  аздап  қоңырлау  т‰сті 
опа  жағатын  (С.  Мұқанов). ‡шеуі 
көзге 
т‰спеу ‰шін, айналасы тақтаймен қоршалған  
құрылыс  алаңының  тұсынан  әдейі  ары  қарай 
өтіп  кетті  де,  аздан  соң  соң  жан  жағын 
жіті-  шалып  алып,  қайтадан  кері  бұрылды 
(М.  Гумеров).  Бұйрығын  орындай  алмаған 
құлы  енді  тірі 
куәге  айналмас  ‰шін,  ханның 
әдейі  өлтіргенін  екеуі  бірдей  ұққан.  Құлағуды 
жергілікті 
ел  ықпалына  т‰сіп  кетпес  ‰шін, 
будда  монахтары – ұйғырлардан,  тібеттік-
терден,  қытайлықтардан  құрылған  кілең 
сенімді  адамдармен  қоршаған.  Исан–  Бұғы-
ның  орнына  өзінің  туған  құдасы  Жұныс  сұл-
танды 
отырғызу  ‰шін,  әрине  Әбусейіт  әс-
керін  аямайды.  Екі  көз  бірін–бірі 
шұқымас 

188                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
‰шін,  алла–тағала  ортасына  мұрын  жара-
тыпты (І. Есенберлин). 
қатар шылаулы сабақтас құрмалас сөй-
лемдер 
 Жалғаулықтар  салалас  құрмаластың  сы-
ңарларын 
өзара  ұштастырып  байланысты-
румен  қатар,  олардың  арасындағы  мағына-
лық  қатынастардың  айынырақ  білінуіне  де 
қызмет  етеді  (Қазақ  тілінің  грамматикасы). 
Кітап  материалдарынан  сол  заманғы  Батыс 
Қазақстан тұрғындары тілінің, әсіресе фоне-
тикалық және морфологиялық 
сипатын білу-
мен қатар, жазба тіл мен сөйлеу тілінің ара-
сындағы  кереғарлықтың  дәрежесі  туралы 
толық мәлімет алуға болады (М.Томанов).  
т‰гіл  шылаулы  сабақтас  құрмалас  сөй-
лемдер 
 Т‰гіл  шылауының  тіркесімділік  қабілеті 
туралы  академик  Р.  Сыздық  былай  дейді: 
«Кейбір  тіркестер  –мақ  тұлғасымен  қолданы-
луға  бейім  болып  қалыптасқан.  Мысалы, 
т‰гіл сөзі көбінесе –у дан гөрі, –мақ жұрнақты 
тұлғаны қалайды: бармақ т‰гіл, көрмек т‰гіл 
т.б»[4, 254]. 
Т‰гіл  шылаулы  сөздер  екі  жағдайда  жұм-
салады. «Байтал  т‰гіл  бас  қайғы» (мақал) 
осында  байтал  т‰гіл  т‰йдекті  тіркесі  жай 
сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарып тұр. 
Енді мына сөйлемдерге назар аударайық: Оны 
Дәшті Қыпшақ жеріне
 жібермек т‰гіл, б‰кіл 
Мауреннахрдың  өзіне  қауіп  туғызамыз.  Енді 
Мұхамед-Мазит-тарханның 
қойнына сыймақ 
т‰гіл,  өзін  жұтуға  ыңғайланған  жайы  бар. 
Қазақ  қолдарын 
қумақ  т‰гіл,  «байтал  т‰гіл 
бас  қайғының»  кебіне  ұшырап,  көтерілісті 
басу ‰шін, Чжао Хой әскері кейін шегінген (І. 
Есенберлин). 
 Осы  сөйлемдердегі  қимыл  есімі+  т‰гілі 
шылаулы  т‰йдекті  тіркестерде  пысықтауыш-
тық қызметен гөрі баяндауыштық қызметі ба-
сым. Әрине сабақтас құрмалас сөйлемде есім-
ше,  көсемшедей  дәрежеде  қимыл  есімі+  т‰-
гілі  т‰йдекті  тіркесінде  ондай  дәрежеде  бол-
мағанымен,  бұл  т‰йдекті  тіркесті  бағыныңқы 
сөйлемнің баяндауышы деп қабылдау орынды.  
себебі шылаулы сабақатас құрмалас сөй-
лемдер 
 Бұған айрықша мән берілуінің себебі, бірін-
шіден, осымен    көктемгі    егіс   науқанының 
қарбаласы аяқталғалы тұрса, екіншіден, жа-
ңағы гектар жерге тоғайдан табылған бидай 
себілгелі отыр (М. Гумеров).  
басқа  шылаулы  сабақтас  құрмалас  сөй-
лемдер 
 Әйгерім  әнді  соншалық  ықыласты  ын-
талы тыңдаудан басқа, өзі айтуды да жақсы 
көретін (М. Әуезов).   
бірге  шылаулы  сабақтас  құрмалас  сөй-
лемдер 
Қазіргі заманғы лингвистика ғылымы тіл- 
тілдердің  бір-бірінен  өзіндік  ерекше  заңды-
лықтар  арқылы  ерекшеленіп,  оқшауланумен 
бірге,  олардың  көпшілігіне  тән  ортақ  заңды-
лықтардың да бар екендігін дәлелдеп отыр  
(М.  Томанов).  Осы  сияқты  оқиғаларды 
естігенде,  Мәкен  басқаларға 
айтумен  бірге, 
әсіресе Жәмешке көп өсиет сөйлеп, қашатын 
қыздарды «бұзылған қыз» деп «ата-анасының 
туысы кемдігінен» - деп мінейтін (М. Әуезов). 
Соңғы уақытта Қабыштың көңі-лінде қолына 
т‰спей  алыстап  кеткен  сұлуды 
арманмен 
с‰юмен бірге, ‰лкен намыспен жеккөру де бар 
еді  (М.  Әуезов).  Балаларымыздың 
санын  кө-
бейтумен  бірге,  сапасын  нықтауымыз  керек 
(А. Қыраубаева). 
себепті  шылаулы  сабақтас  құрмалас 
сөйлемдер 
Физиологиялық  әсері  бірдей  болмауы  се-
бепті,  жаңа  жасанды  дәрілер  ауру  қозды-
рушы  микроорганизмдерді  тез  жойып  жібе-
реді («Жұлдыз» журналы). Кейбір жолдастар 
келмеуі себепті, жиналыс болған жоқ («Жұл-
дыз» журналы). 
гөрі  шылаулы  сабақтас  құрмалас  сөй-
лемдер 
 Алайда таяу тұрған Қазан, Ноғай, Қырым 
хандарына 
бағынудан  гөрі,  Еділ,  Жайық 
бойын жайлаған рулар, алыс болса да, ғасыр-
лар  бойы  жауларына  бірге  аттанған,  тілі, 
тағдыры, шаруашылығы бір қазақ хандығына 
қосылуды  таңдаған.  Мауреннахрдағы  Моғол, 
Жағатай  тархан,  мырза, 
әмірлерін      к‰шей-
туден  көрі,  Мұхамед-Шайбани  мен  Махмуд-
Сұлтанды өз жағына шығарып, аналарға қар-
сы  пайдалануды  дұрыс  көрген.  Тастай т‰йін-
ген  бұл  шаһарларға  шабуыл  жасап, 
орынсыз 
қырылудан  гөрі,  алдыменен  Дәшті  Қыпшақ-
тағы  рулардың  басын  біріктіріп,  мықты 
әскер құра білу шарт (І. Есенберлин).  
бұрын шылаулы сабақтас құрмалас сөй-
лемдер 
Халықты 
билеместен  бұрын,  ең  алдымен 
ордаңды  билей  біл.  Сол  ат-тон  айыбымды 
берместен  бұрын,  басқа  бір  өтінішім  бар. 
Сыр бойының ызғарлы қара суығы 
басталмас 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          189 
 
бұрын,  Жоңғар  шапқыншылары  Т‰ркістан 
шаһарын  қоршады,  Елшібек  басқарған  қала 
халқы  нартәуекелге  бел  буып  қаланы  қорғап 
бақты  (І.  Есенберлин).  Қажымұқан  қасқыр 
жайын 
әңгімелеуден  бұрын,  сөзді  әрірек  бас-
тады (С. Мұқанов)
орнына  шылаулы  сабақтас  құрмалас 
сөйлемдер 
Бұл  жерге  келгенде  өлеусіреген  ж‰рекпен 
ақырын  ғана  иек  қағудың  орнына,  Ғаббас 
хатты  бір  жолдасына  лақтырып  тастап, 
сақылдап  к‰ліп  еді  (М.  Әуезов).  Оның  ‰стіне 
Мәдина  қастарына  қалғанда,  бұлар  бозбала 
міндетін атқарып, оны көңілдендіріп, к‰лдіріп 
отырудың орнына, өзара тұспалмен сөйлесіп, 
әркімді қағытқандай болып к‰лісе берген соң, 
Мәдина  қарсы  келе  жатқан  бір  тоташты 
көріп: -Райхан!-  деп,  қазақтың  екі  көңілсіз 
жігітінен  құтылғанына  қуанғандай,  бөлініп 
ж‰гіріңкіреп,  к‰ліп  кетіп  қалды  (М.  Әуезов). 
Жасы  ‰лкен  еркектер  амандасқанда,  ауылдағы 
әйелдер  «ш‰кір»  деудің  орнына,  әдетте  ұяла 
қымсынғандай «ш‰...» дей салғанмен, артынша 
ашық-жарқын сөйлесе береді (М. Гумеров).  
боп көмекші етістікті сабақтас құрмалас 
сөйлемдер 
 Сондықтан да Тәуке Россиямен қарым-қа-
тынасын жақсартып, оған 
арқа с‰йемек боп, 
бірнеше  рет  әрекет  еткен.  Енді  аламандық-
ты тастап, бір кезде өзін өлімнен құтқарған 
нағашы  жұртына 
қосылмақ  боп,  қасындағы 
ж‰зге таяу серіктерімен, бес жасар баласын 
алдына  отырғызып,  Г‰лбаһрам-Сұлтан-Бегім 
сұлуын ертіп жолға шыққан. Жаңа соққан ал-
даспанын 
сынамақ  боп,  сұлтан  шатырының 
алдында бір құшақ жас тобылғыны шапқылап 
тұрған. Бұл кезде Египетке Шығысынан мон-
ғол шапқыншылары төнсе, он екінші ғасырда 
ұрыста  жеңілгеніне  қарамай,  батыс  жағы-
нан  таяу  Шығысты  әліде  болса 
өзіне  бағын-
дырмақ боп, кресшілер шабуылға шыққан– ды  
(І. Есенберлин).  
Қимыл  есімді  сабақтас  құрмалас  сөйлем-
дердің жасалу формаларына жинастырған мы-
салдарымыздан  мына  бір  жайды  байқадық:  
Осы  уақытқа  дейін  қимыл  есімдерінің  бағы-
ныңқы  сыңардың  баяндауышы  болу  ‰шін, 
шылау,  не  шылау  мәндес  сөздермен  т‰йдек-
теліп келетіндігі  айтылып келді. Бірақ қимыл 
есімдерінің  м‰мкіншілігінің  кеңдігі  сонша-
лық,  олар  кей  ретте  өздері  тұрып  та  бағы-
ныңқы  сыңардың  баяндауышы  қызметінде 
жұмсала  алады. Мұндай  қабілет қимыл  есімі-
нің  барлық  тұлғаларына  тән  емес.  Тек    –ыс  
(–іс, –с)  жұрнақты  т‰рі  ғана  жеке  тұрып 
сабақтас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының 
баяндауышы болу м‰мкіндігіне ие. Ал  –у (–ұу, 
–‰у)  және  –мақ (–мек, –бақ, –бек, –пақ, –пек)  
жұрнақты тұлғалары мұндай қасиетке ие емес.  
–ыс (–іс, –с)  жұрнақты  т‰рінің  бұндай 
қабілетке  ие  екендігін  профессор  Қ.  Есенов-
тың  еңбегінен  де  аңғарамыз:  Абай  Дәркем-
байдың  құшағынан 
шығысымен,  өзге  екеуді 
енді  ғана 
таныды  (М.  Әуезов).  Сұлтанмах-
мұт  ертеңгі  шайын  ішіп 
болысымен,  Қара-
ғашты жағалап отырып Ыдырыс қожанікіне 
келді    (Д.  Әбілов).  Бірақ  ғалым  бұндай  сөй-
лемдерді  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  қата-
рына  жатқызбай,  оралымдар  деп  таниды. [5, 
165-167]. 
Жинастырған мысалдарымыз негізінде қи-
мыл  есімдеріне 11 көмекші  сөздердің  т‰йдек-
телетіндігін  анықтадық.  Оларды  салыстыр-
малы  сызбаға  т‰сірсек,  төмендегідей  көрініс 
шығады:  
 
 
ҚИМЫЛ
 ЕС
ІМ
І 
С. Аманжолов 
 
Т. Сайрамбаев, 
Б. Сағындық 
Р. С. Әмір 
Ж. Р. Әмірова 
Т. Сайрамбаев, 
 А. Хасенова 
 
қарай 
 
‰шін 
 
 
 
 
 
 
 
‰шін 
‰шін 
қатар 
лайық 
бұрын 
таман 
басқа 
бола 
себепті 
боп 
шейін 
себепті 
бірге 
себебі 
алдында 
т‰гіл 
орнына 
орнына 
гөрі 
бірге 
 

190                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Зерттеу  жұмысымызда  қимыл  есімді  са-
бақтас  құрмалас  сөйлемнің  жасалу  формала-
рын  шығарып,  мысал  арқылы  дәлелдеуге  ты-
рыстық.  Жұмысымызды  қорытындылай  келе, 
қимыл  есімді  «сабақтас  құрмалас  сөйлемдер» 
атты тақырыпта ж‰ргізген зерттеуіміз негізін-
де мынадай тұжырым жасай аламыз:  
Біріншіден, қимыл есімдері бұрын тек сөз 
тіркесіне  қатысты  болса,  енді  олар  сабақтас 
құрмалас  сөйлемге  де  қатысты.  Қимыл  есім-
дері  де  бағыныңқы  сыңардың  баяндауышы 
қызметінде  шылаулармен  т‰йдектеліп,  ішін-
ара  өзі  (тек  –  ыс, - іс, - с  тұлғасы)  жұмсала 
алады. 
Екіншіден, оларды сабақтас құрмалас сөй-
лемдердің  жай  сөйлемдерін  байланыстырушы 
форма  ретінде  жеке  бөліп  қарастыру  қажет. 
Себебі, оның өзіне тән жасалу формалары бар. 
Олардың жұмысымда 11 т‰рлі жолын көрсеттім. 
‡шіншіден, ол форма негізінде екі компо-
нент арасында туатын мағыналық қатынас бар.  
Осындай белгілерін ескере отырып, қимыл 
есімдерін мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлем-
нің аясында қалдырып қоймай, есімше, көсем-
ше, шартты рай қатарларына қосатын кез жетті. 
Қазақ  тіл  білімінің  аясын  кеңейтетін  бұн- 
 
дай  құрылымды  ескерусіз,  ат‰сті  қарағаннан  
ұтарымыз  жоқ.  Қимыл  есімді  сабақтас  сөй-
лемдер  тіліміздің  барлық  функционалдық 
стильдер  қабатында  кездесетіндігіне  жинас-
тырған мысалдарымыз арқылы көз жеткіздік.  
Қазақ  ғалымдарының  ішінен  қимыл  есімі 
арқылы  құрмаласқан  сабақтас  құрмалас  сөй- 
лемдерді  алғаш  көрсеткен  ғалым  С.  Аман-
жолов  болса,  кейіннен  осы  пікірді  ғылыми 
айналымға қосуды көздеп, маған бағыт берген 
ұстазым  Т.  Сайрамбаев  болды.  Бұндай  сөй-
лемдерді  С.  Аманжолов  «тұйық  етістік  ар-
қылы  жасалатын  сөйлемдер»  деп  атаса, «қи-
мыл  есімді  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер» 
деген  атауды  берген  ұстазым,  профессор  
Т. Сайрамбаев болатын. 
_____________ 
1.  Аманжолов  С.  Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қыс-
қаша курсы. –Алматы: Санат, 1994, – 320 б. 
2.  Сайрамбаев  Т.,  Сағындық  Б.  Құрмалас  сөйлемдер 
ж‰йесі. –  Алматы: Қазақ Университеті, 2007, –  137 б. 
3.  Әмір Р.С., Әмірова Ж.Р. Құрамалас сөйлемдер қазақ 
тілінің  грамматикалық,  функционалдық  ж‰йесінде. – 
 
Алматы: Қазақ Университеті, 2009, –  122 б. 
4.  Сыздықова    Р.  Абай  шығармаларының  тілі  (лекси-
касы мен грамматикасы) . Алматы: Қазақ ССР–нің  Ғылым 
баспасы, 1968, –334 б.    
5.  Есенов  Қ.  Қазақ  тіліндегі  к‰рделенген  сөйлемдер. 
—Алматы: Қазақ ССР Ғылым баспасы, 1974, – 197 б. 
* * * 
В статье рассматривает особенности сложноподчиненных предложении в казахском языке, образованных с 
помощью модели  «қимыл есімі+шылау». 
* * * 
 
In the article
 
A. Khasenova examines the features of complex sentences in the Kazakh language, composed by the 
model 
«қимыл есімі+шылау»
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ТІЛ-ҚҰРАЛДЫҢ ТҰЛҒА ТОЛЕРАНТТЫҒЫН  
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
С. А. Асанбаева, 
ф.ғ.к., доцент, ҚазМемҚызПУ, Алматы, Қазақстан, aseka_7070@mail.ru 
 
ТІЛ ЖӘНЕ ӨМІР САЛАЛАРЫ, ЖАРНАМА САЛАСЫНДА ТІЛДІ  
ҚОЛДАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
Тіл  мен  қоғам  өзара  тығыз  байланысты. 
Тіл  табиғаты,  әлеуметтік  қызметі  деген  мәсе-
лелер – социолингвистика  ғылымының өзекті 
мәселелерінің  бірі.  ТМД  елдерінде,  Қазақ-
станда  бұл  мәселе  арнайы  зерттеле  бастаға-
нына 50 шақты  жылдай  болды.  Тілдің  қоғам-
дық  қызметі  оның  өмір  салаларында  қолда-
нылу деңгейі жайлы мәселелер жөнінде әлі де 
болса  пікірталастар  баршылық.  Айталық,  тіл-
дің  өмір  салаларындағы  қызмет  санын  анық-
тауда  социолингвист  ғалымдарымыз  әр  т‰рлі 
пікір білдіруде. Мысалы, Ю.Д.Дешериев мұны 
жиырма  екіге  бөлсе,  Ә.О.Орыспаев 13 негізгі 
сала  мен 65 қосымша  саланы  атайды.  Б.Ха-
санов қазақ тілінің Қазақстанда қоғамдық өмір-
дің 15 негізгі, 57 қосалқы  саласында  (под-
сфера),  барлығы 72 салада  қолданылатынын 
көрсетті. Соның бірі – жарнама.  
Өмірдің  әрбір  саласында  адамдар  м‰ддесі 
мен  қызметіне,  әлеуметтік  жағдайына  тіл  де 
ерекшеленіп,  таңдалып  қолданылады.  Сол 
сияқты қазақ тілінің де жарнама саласындағы 
қолданылу  жиілігі  мен  қоғамдық  қызметінің 
көлемін анықтау – бұл зерттеудің маңызды бір 
бөлігі.  
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесін то-
лығымен  атқаруы  ‰шін  оның  жарнама  сала-
сында  кеңінен  қолданылып,  өрісін  кеңейту 
өзекті мәселе екені белгілі.  
Қазақ  тілі  азды-көпті  жарнама  саласында 
қолданыла  бастады.  Бірақ  бұл  көпшілік  көңі-
лінен шықпай отыр. Мемлекеттік тілде беріл-
ген қайсыбір жарнаманы алсақ та, талғамсыз, 
қазақ  тілінің  әдеби  нормаларына  қайшы  
келетін, не болмаса орыс тілінен қалай болса, 
солай  аударылған  жарнамаларға  кез  боламыз.  
 
 
Оның  ‰стіне  кейбір  коммерциялық  құрылым-
дардың  шетел  атрибутикасына  тым  әуестенуі 
шет  тілдердегі  көрнекі  ақпараттың  жиілеп 
кетуіне соқтыруда. Мәселен,  “Adіdas”, “Anuar 
shop”, “Raіmbek Food”, “audіo vіdeo CD”, “Bu-
sіness Dos LTD”,  “Bіngo”және  әрт‰рлі  ойын-
сауық  орындарындағы  ойын  т‰рлерінің  атау-
лары  т.б.  Сол  сияқты  даңғылдар  мен  көше-
лердің  бойы  толған “Marlboro”, “Rotmans”, 
“Lucky Strіke”, “Camel”, “Kent” т.б. 
Мұның  өзі  жарнама  саласында  қазақ  тілі-
нің өз дәрежесінде қолданылмай, кедергілерге 
ұшырап отыр деген сөз. Сондықтан мемлекет-
тік тілдің жарнама саласында қолданылу дең-
гейін анықтап, оның ғылыми негізделген теті-
гін жасау қажет.  
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  қызметін  өз 
дәрежесінде  атқарып,  оның  жарнама  сала-
сында  еркін  жұмсалуы  ‰шін  қазіргі  жағдайда 
тіл мамандары социолингвистикаға  бетбұрыс 
жасап,  мәселенің  мән-жайын  жақсы  меңгере 
алуы  тиіс.  Мемлекеттік  тілдің  жарнама  сала-
сында  қолданылуы  жөніндегі  т‰рлі  сын- 
пікірлерді, айтыстарды тоқтатып, жарнама тілі 
ретінде қалыптасуына жағдай жасап,  басшы-
лыққа  алатын  арнайы  заңды  к‰шейтпесе,  Қа-
зақстанда  жарнама  мәселесі  дұрыс  шешімін 
таппайды.  
Қазақ тілі – ресми т‰рде мемлекеттік қам-
қорлыққа алынып, мәртебе берілген тіл. Сон-
дықтан  ол  өміріміздің  кез-келген  саласында 
еркін қолданылуы керек. 
Жарнама - өмірдің көпастарлы саласы. Оның 
экономикалық, әлеуметтік, саяси, психология-
лық,  лингвистикалық  т.б.  астарлары  болады. 
Мысалы,  лингвистикалық  тұрғыдан  алғанда, 

192                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
жарнама – сөз, жарнама – сөйлем, жарнама бір-
неше сөйлемнен тұратын мәтін немесе шығар-
ма, тіпті бөлек кітап, кино болуы да м‰мкін.  
Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған тіл-
дің  қоғамдық  қызметінің  аясы  өркен  жая 
кеңейіп,  сөз  байлығы  молайып,  көркемдік 
өрнегі айшықтала бермек. Белгілі бір саланың 
әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени өмі-
рімізде  атқарар  қызметі  қандай  болса – онда 
қолданылан тілдің мәні мен маңызы да сонша.  
Жарнама  тілі  халық  арасында  кең  тараған 
тіл  болуы  шарт,  әйтпесе  бейтаныс  тілде  жа-
рияланған  жарнама,  әлеуметтік  тұрғыдан  та-
нымал  болмауына  байланысты,  иесін  таппас 
ж‰йесіз  сөз  болып  қалмақ.  Ал  көпшілікке  та-
нымал  тілде  жарияланған  жарнама  шын  мә-
нінде жарнама болуы ‰шін, тіл мен стиль тұр-
ғысынан  алғанда,  әрі  қысқа,  әрі  нұсқа,  жал-
пыға  т‰сінікті  де  әсерлі  жазылуы  шарт.  Жар-
нама тілінің сөздік құрамы жағынан да өзіндік 
ерекшеліктері болады.  
1.  Жарнама  тілі  бай  болуы  тиіс.  Сөздік 
құрамы  жұтаң  келген  жарнамаға  көпшілік 
елең етпейді.  
2.  Жарнама тілінің сөздік құрамы өмір та-
лабына сай, өзгеріп, дамып отыруы қажет. Өмір 
жылжып  алға  басса,  ол  тілде  көрініс  беруі  тиіс, 
ал оны өрнектеуші сөз өзгеріссіз қала алмайды.   
Халықтың  әлеуметтік  өміріндегі:  өнеркә-
сіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы 
және техникадағы, өнер мен мәдениет саласын-
дағы даму, олардағы жаңалықтар лексикаға да 
‰немі  ықпалын  тигізіп  отырады.  Кейбір  сөз-
дердің  қолданылу  аясы  кеңісе,  бірсыпырасы-
ның  жұмсалу  өрісі  тарыла  бастайды.  Ал  кей-
біреулері қолданыстан м‰лдем шығып қалып, 
архаизм немесе көнерген сөздерге айналады.  
Қазіргі кезде жарнама тілінің сөздік құрамы, 
‰здіксіз баю ‰стінде. Тіліміз ішкі м‰мкіндік негі-
зінде пайда болған сөздермен, жаңа атау, термин-
дермен, терминдік тіркестермен толыға т‰суде.  
Сонымен  қатар  бұрын  қолданылған  сөз-
дердің  жаңаша,  жаңғыртыла  қолданылуы  да 
жиі  кездеседі.  Мысалы,  ана  тілімізде  бұры-
нырақта  қолданылған  мынадай  сөздер  бел-
сенді жұмсалуда: хұқ, салым, /егеменді/, жал-
гер, делдал, құжат, кожалық, сауын, тауар, ха-
ным, мырза, кешен т.б. 
Тілімізге  кірме  сөздер  де,  бұрынғыдан, 
көптеп  енуде.  Мысалы,  басқа  тілдерден  тіке-
лей, орыс тілі арқылы мынадай терминдер мен 
атаулар  бар:  магнитафон,  кассета,  ксерокс, 
компания,  дистрибьютор,  бизнесмен,  валюта, 
инвестор, фирма, аудио, видео, лицензия, мар-
кетинг,  менеджмент,  арбитраж,  акция,  ком-
мерсант, биржа, диск т.б. 
Жаңа  сөздердің  ең  көп  қолданылатын  са-
ласы - ғылым мен техника жарнамалары. Нео-
логизмдердің көпшілігі тілде жалпы бұрыннан 
бар, белгілі сөздердің негізінде балама ретінде 
жасалады.  Мысалы:  демеуші  (спонсор),  дел-
дал (брокер), қаржы (капитал), несие (кредит), 
серіктестік ( компания),  қор  (фонд),  өкіл  (ди-
лер)  т.б.  Ендеше  Қазақстан  Республикасы  
сияқты  егемендік  алған  елдің  мемлекеттік  ті-
ліндегі жарнаманың дамуы, ондағы соны лин-
гвистикалық  құбылыстарды,  жаңа  сөзқолда-
нысты талдаудың әлеуметтік мәні ерекше.  
Қазіргі  кезеңде  саяси,  әлеуметтік,  мәдени, 
экономикалық өмірдегі жаңалықтар мен өзге-
рістерге  орай,  қазақ  тілінің  сөздік  құрамына 
біршама  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестері  еніп 
отыр. Бұлардың  бірсыпырасы жарнама ісінің 
қазақ  тілінде  ж‰ргізілуінің  тікелей    әсерінен 
туындап отыр. Кейбір шет елдерден әкелінген 
өнімдердің атаулары сол к‰йінде, тілімізге ену 
‰стінде,  ал  көптеген  шет  ел  тіліндегі  атаулар 
қазақша  баламасын  табуда.  Бұл  ретте  қазақ 
тілінде  бұрыннан  бар  кейбір  сөздер  жаңаша 
қолданыс табуда.  
I.  Жарнама  саласында  жиі  көріне  баста-
ған, біздіңше, тұрақты өмір с‰руге тиісті жаңа 
сөздер  баршылық,  солардың  бірі - қазақтың 
т‰леген  төл  сөздері,  алдымен  соларға  тоқта-
лайық.  
Ұжым – бұрынғы орыс тілінен енген “кол-
лектив” сөзінің жаңа баламасы.  
Демеуші – бөгде тілде қолданылатын “спон-
сор”  сөзінің  қазақша  баламасы. “Демеу”  сөзі 
тілімізде  бұрыннан бар, содан “демеуші” пай-
да  болған. “Демеуші”  әлеуметтік  әр  т‰рлі  іс-
шараларға материалдық  жәрдем  беруші.  Көп-
теген  фирмалар  мен  ұйымдар  елімізде  болып 
жатқан  алуан  т‰рлі  жарыстарға,  қайырымды-
лық көрсету жұмстарға арналған жиылыстарға 
демеуші  болу  арқылы  фирмаларының  атын 
жарнамалайды.    
Делдал  –  ағылшынның  “брокер”  сөзінің 
қазақ тіліндегі баламасы. Бұл – жарнама сала-
сында жиі қолданылып ж‰рген сөздердің бірі.  
Кешен  –  латынның “комплекс”  сөзінің  ба-
ламасы. Бұл сөз қазақ тілінде көнерген сөздер 
қатарында  болатын,  енді  тілімізде  аталмыш 
мағынада қолданылуда. 
Әлеуметтік,  саяси,  мәдени  экономикалық 
өміріміз әкеліп отырған неше т‰рлі өзгерістер 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          193 
 
мен жаңалықтардың бірсыпырасы қазақ тілін-
де  біріккен  сөздер  арқылы  да  беріліп  ж‰р 
(Біріккен  сөз – екі  не  одан  да  көп  сөз  бірігіп, 
бір лексикалық мағына беріп, біртұтас сөз жа-
сауы).  Алдымен  айту  керек,  біріккен  сөз  ар-
қылы  берілген  балама  сөздердің  барлығы  дұ-
рыс  деп  айтуға  болмайды.  Мысалы,  сондай 
сөздің  бірі – тікұшақ  (вертолет),  өйткені  бұл 
сөзде, баспасөзде аталып өткендей, орысшада 
“вертеть”  деген  ұғым  жоқ,  анығырақ  айтқан-
да, жалған этимология негізінде пайда болған 
біріккен сөз.  
Сонымен  қатар  кейбір  жерлерде  самолет 
сөзін өзіұшар деп аударып ж‰р. Бұл да дұрыс 
баламаға  жатпайды.  Кейбір  қазақша  жаңа 
баламалар екі-‰ш т‰рлі болып, жарыса қолда-
нылып  ж‰р.  Мысалы, “дача”  дегенді  саяжай 
(сая+жай),  жайлаужай  (жайлау+жай); “гости-
ница” т‰рлі-т‰рлі аталуда: мейманхана, қонақ 
‰й,  қонақхана  т.б.  Жарнама  саласында  сәтті 
қолданылып келе жатқан сан жағынан да, мән 
жағынан да елеулі біріккен сөздер баршылық. 
Мысалы: әуежай (аэропорт, “әуе” және “жай” 
сөздерінің тіркесуінен жасалған біріккен сөз), 
мерейтой,  тілашар  (разговорник, “тіл”  және 
“ашар” сөздерінің бірігуінен жасалған. Бұл сөз 
бұрын  да  қолданыста  болған),  жанұя  (семья, 
“жан” және “ұя” сөздерінің бірігуі арқылы жа-
салған),  көшбасшы  (лидер, “көш”  және  “бас-
таушы”  сөздерінің  бірігуі  арқылы  жасалған), 
елтаңба  (герб, “ел”  және  “таңба”  сөздерінің 
бірігуі  арқылы  пайда  болған  жаңа  сөз).  Міне, 
бұл сөздер өмірдің өзге салаларында пайда бо-
лып, жарнамада да қолданылатын болады. Бұл 
сөздердің  барлығы  да  екі  т‰бірдің  бірігуі  ар-
қылы жасалған жаңа сөздер. Т‰бірлерді бірік-
тіру - қазіргі  кезде  тілімізде  жаңа  сөз  жасау-
дың өнімді тәсілдерінің бірі.  
Айта кету керек, жарнама саласында көрі-
ніс берген жаңа сөздердің бәрі бірдей орынды 
қолданылады  деп  айтуға  болмас,  себебі қазақ 
тіліне  бұрыннан  енген,  сіңіп  кеткен  кірме 
сөздерге  ‰немі  жаңа  балама  іздеу  қате  болса 
керек.  Мысалы,  самолет  өзіұшар,  газетті  ‰н-
қағаз, телефонды ‰нсандық, телеграмманы ‰н-
парақ деп жасанды сөздермен білдіру тіл ‰шін 
де, тіл иелері ‰шін де оңтайлы емес деген тұ-
жырымға құлақ асқан жөн болса керек.  
Қазіргі кезде қазақ тілінде кейбір жаңа сөз-
дер  (жаңа  сөз  тіркестері)  мағыналық  аударма 
жолымен  пайда  болуда.  Мысалы,  қалың  дәп-
тер (общая тетрадь, “жалпы дәптер” емес), қо-
салқы  бөлшектер  (запасные  части),  көтерме 
сауда (оптовая торговля), сөйлеу қосыны (пе-
реговорный пункт) – соның айғағы.  
Жарнамада  сөзбе-сөз  аударма  жолымен 
пайда  болған  сөздер  (калька)  де  аз  емес.  Қа-
зақша  баламалар  ретінде  орыс  тілінен  калька 
жолымен  жасалған  сөздер  қатарында  жаңа 
буын (новое поколение),  жапсырма (наклейка), 
төлем  (оплата),  өркендеу  (возрождение)  т.б. 
атауға болады. 
Орыс  тілінен  калька  жолымен  алынып, 
құрамының  бір  бөлегі  теле-,  кино-,  авто- 
сияқты  бірнеше  сөздер  бар.  Олар:  теледидар 
(телевизор),  телекөрермендер  (телезритель), 
автожауапбергіш  (автоответчик),  автожуғыш 
(авто  жуғыш)  немесе  автожуу  (авто  жуу) 
(автомойка)  бұл  сөз  кейбір  жарнамаларда 
бірге,  кейбіреулерінде  бөлек  жазылып  ж‰р. 
Мынадай сөздер жарнама саласында жиі қол-
данылуда:  мысалы,  бейнеплеер  (видеоплеер), 
бейнетаспа  (видеопленка),  бейнемагнитафон 
(видео-магнитафон), бейнеқосағы (видеодвойка), 
бейнетеледидар (видеотелевизор) т.б. 
Жарнама  саласында  қысқарған  сөздер  де 
жиі кездеседі. Алдымен айту керек, кез-келген 
сөз қысқартыла бермейді, тек к‰рделі атаулар 
қысқарады  (К‰рделі  атауларды  шартты  т‰рде 
қысқарту  арқылы  жасалған  сөздер  қысқарған 
сөздер деп аталады).  
Соңғы уақытта өмірдің өзге салалары сияқты, 
жарнама  саласында  да  көптеген  қысқарған 
сөздер пайда болды.  
1. Қысқарған сөздердің көбі бірінші сөздің 
алғашқы  буынын  алу  немесе  сөзді  т‰гел  алу, 
екінші  буынын  алу  арқылы  жасалады,  ұжым-
шар (ұжымдық шаруашылық - колхоз) т.б. 
2.  К‰рделі  атаудың  бірінші  сөзінің  алғаш-
қы  буыны  және  қалған  сөздердің  басқы  ды-
бысы алынады: ҚазМУ - Қазақтың Мемлекет-
тік  Университеті,  ҚазМЭУ - Қазақтың  Мем-
лекеттік Экономикалық Университеті.  
3.  К‰рделі  атаудың  әр  сөзінің  басқы  ды-
бысы алынып қысқаруы (жазуда ол дыбыстар 
әріппен жазылады) Мысалы, ТЖҚ (теледидар-
дың  жаңалықтар  қызметі).  Сонымен  қатар 
газет,  журналдырдың  атаулары  жарнамада  да 
сілтеме  т‰рінде  көрсетілгенде  қысқартылып 
беріледі.  Мысалы:  ЕҚ - Егемен  Қазақстан  га-
зеті; ЖА – Жас алаш газеті; АА – Алматы ақ-
шамы газеті т.б. 
Мәдениет, экономика, ғылым мен техника-
ның  сан-алуан  саласында  көптеген  кірме  сөз-
дер  пайда  болды.  Бұлар,  әрине,  аударылмай, 
бастапқы к‰йінде қолданылатын сөздер, олар-

194                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ды  т‰сінікті  болды  деуге  әсте  болмайды. 
Олар,  негізінен,  сол  салада  жұмыс  істейтін 
кейбір мамандарға ғана т‰сінікті м‰мкін. Мы-
салы:  суперсервер,  сопроцессор,  корпорация, 
дестребьютор, биржа, телефакс, телетайп, факс, 
дивиденд  т.б.  Сонымен  қатар  көптеген  шет 
елдерден  әкелінетін  өнімдердің  атаулары  сол 
к‰йінде  қолданылуда.  Бұл  сөздердің  өзі  жар-
нама саласында  екі т‰рлі жолмен беріліп ж‰р. 
Кейбіреулері  ағылшын  әріптерімен,  ал  кейбі-
реулері  кириллица  әріптерімен  қолданылуда. 
Мысалы: VOLVO – ВОЛЬВО, BMW – БМВ, 
GOLDSTAR – ГОЛД-СТАР, SANYO – САНИО, 
PANASONІC – ПАНАСОНИК, SІNGER – 
ЗИНГЕР, MERSEDES – МЕРСЕДЕС, ORІON – 
ОРИОН,TOYOTA – ТОЙОТА, TOSHІBA -   
ТОШИБА. 
II.  Енді  жарнама  саласында  қолданыла 
бастаған  соны  сөз  тіркестеріне  тоқталайық. 
Алдымен ,,жарнама,,  сөзінің  өзімен  келетін 
тіркестерді  әңгіме  еткен  жөн  сияқты. ,,Жар-
нама,,  сөзі  қазіргідей  мән  берілмеген  кездің 
өзінде  де  қолданылған.  Бірақ  ол  кезде ,,жар-
нама,,  көнерген  сөз  ретінде  т‰сіндірілді  де, 
оның  орнына ,,хабарландыру,,  не ,,реклама,, 
қолданылды.  
Б‰гінгі таңда ,,жарнама,, сөзінің өзіне бай-
ланысты көптеген тіркестер пайда болды. Мы-
салы,  жарнама  агентігі, ,,Киік,,  жарнама  фир-
масы, жарнама бизнесі, жарнама саласы, жар-
намалық  хабар,  радиожарнама,  тележарнама, 
жарнама ролигі т.б. 
Жарнама  саласында  қолданылып  ж‰рген 
жаңа сөз тіркестерін ‰ш топқа бөлуге болады. 
1. Екі сыңары да қазақтың төл сөздерінен бол-
ған  сөз  тіркестер. 2. Бір  сыңары  ғана  қазақ 
сөзінен  тұратын  тіркестер. 3. Екі  сыңары  да 
өзге тілден енген сөз тіркестері.  
Жарнамада  екі  сыңары  да  қазақтың  төл 
сөздерінен  тұратын  сөз  тіркестері  аз  емес. 
Соның  бір  мысалы - қосалқы  бөлшектер,  бо-
салқы  бөлшектер  (орысшасы:  запчасти).  Біз-
діңше,  жарнамада  бұл  екі  аударманың  екеуін 
жарыстыра  қолданғаннан  гөрі ,,қосалқы  бөл-
шек”  деген  тіресті  әдеби  тілге  норма  ретінде 
қалдырған  жөн.  Бұрында ,,сауда  ‰йі” (тор-
говый  дом)  деген  аракідік  қолданылатын. 
Қазір  Еңбек  сауда  ‰йі,  Райымбек  сауда  ‰йі 
деген көбейді және олар жұртшылыққа жақсы 
мәлім. Сондай-ақ “сауда-саттық өкілі” (торго-
вый  агент)  деген  пайда  болды.  Ол  фирмалар 
мән кәсіпорындардың сауда-саттық жұмыста-
рымен  айналысатын  қызметкері.  Соңғы 
кезде ,,сақтандыру  қоғамы” (страховое  об-
щество)  деген  атау  пайда  болды..  Сондай-ақ 
“бірлескен  кәсіпорын” (совместное  предприя-
тие), яғни бір өнімді шығару ‰шін екі ел кәсіп-
орындарының бірлесуі де соны құбылыс 
2.  Жарнама  саласында  бір  сыңары  қазақ-
тың  төл  сөзінен  тұратын  сөз  тіркестері  жиі 
кездеседі.  Соның  бір  мысалы:  акционерлік 
қоғам  (акционерное  общество) – кәсіпорын-
дардың,  ұйымдардың,  жеке  адамдарды  қар-
жыларын  (акция  т‰рінде)  орталықтандыру 
негізігде    құрылған  шаруашылық  қызметінің 
бір  т‰рі.  Жарнама  агентігі  (рекламное  агент-
ство) – жарнама жасаумен айналысатын  ұйым.  
Екі сыңары да бөгде тілден болған, қосым-
шалары  ғана  қазақша  сөз  тіркестері:  корпо-
рация  акционерлері,  инвестициялық  компа-
ния,  брокерлік  фирма,  акционерлік  банкі, 
коммерциялық  банкі,  акционерлік  –коммер-
циялық банкі, холдинг-компаниясы т.б. 
Әрине,  алуан  т‰рлі  жаңалықтардың  бар-
лық атаулары сәтті деуге болмайды. Мысалы, 
қазақ  тіліне  әбден  сіңісіп  кеткен ,,интерна-
ционализм,,  сияқты  терминдердің  бәріне  бір-
дей  балама  беру  дұрыс  емес.  Өйткені  жаңа 
сөздерді  қолдан  жасау  қиын,  тіпті  кейде 
м‰мкін емес екендігін естен шығармаған жөн. 
Жаңа  қолданыстардың  барлығы  бірдей  әдеби 
тіл  нормасына  айналып  отырған  жоқ.  Көп-
теген  сөздер  мен  сөз  тіркестері  тәжірибеден 
өтіп, қолданыста сұрыпталуы тиіс.  
Жарнама  саласында  пайда  болып  отырған 
сан  алуан  жаңа  сөздер  мен  тіркестерді,  жаңа 
мағыналарды  туғызып  отырған  факторлар,  ең 
алдымен,  жоғарыда  айтылғандай,  өмірдің  өзі 
әкелген  жаңалықтар,  соларды  атау  қажеттігі. 
Мұндай  жаңалықтар  тек  жарнама  саласында 
ғана  емес,  өмірдің  барлық  саласында  пайда 
болуда,  соның  ішінде  к‰нделікті  өмірде  жиі 
көрініс беруде.  
Жалпы  алғанда,  жарнама  саласында  қол-
данылған  тіл - қоғамдық  қызметін  дамыту 
м‰мкіндігі мол тіл. Жарнаманың жарнамалық 
қадір-қасиеті  жарнамаланған  затқа  (құбылыс-
қа)  ғана  байланысты  емес,  жарнаманың  тілі 
мен стилінің тартымдылығына да байланысты.  

1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал