Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет32/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61

A. Shynybekova 
This article discusses the terms which consist of phrases and also the methods of terms’ formation in Kazakh 
language. Formation of terms in Kazakh language, including syntactic terms, Sayranbaev described the situation and 
identified the types of the terms of phrase his scientific works, their role in modern terminology, the relevance of his 
research in the field of linguistic terms in Kazakh language. 
                                                                                                     
 
 
 
Л. А. Чалтикенова, 
І. Жанс‰гіров атындағы Жетісу мемлекеттік Университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. 
 
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ВАРИАНТТАР МЕН СИНТАКСИСТІК  
ВАРИАНТТАРДЫҢ АРАЛАС КЕЛУІ 
   
 
Тіліміздегі кейбір  сөз  тіркестерінің    мағы-
налық  жағы  к‰ңгірттеніп    қазірде  бір  б‰тін  
т‰бір  к‰йінде    айтылатындары  да  кездеседі. 
«Тілімізде  сіңісіп  кеткен  сөздерді  белгілі 
ғалым  А.Ысқақов    «Қазіргі  қазақ  тілі»  еңбе-
гінде кіріккен сөздер дейді. Құрамындағы тек  
 
 
лингвистикалық  (этимологиялық  я  морфоло-
гиялық) талдау арқылы  ғана анықтауға бола-
тын б‰гін, ендігәрі, биыл сияқты  сөздерді  бі-
ріккен сөздердің өзге  топтарынан бөліп қара- 
ған  дұрыс [1.104].  Өйткені  ондай    сөздердің  
компоненттердің  бір-бірімен  өзара  ‰ндесе, 

182                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
‰йлесе  кірігуі  былай  тұрсын,  олардың  маз-
мұндары  да  құрамындағы  компоненттердің  
мағыналарына  сай  келмейді.  Демек,  мұндай 
біріккен  сөздердің    мағыналары    компонент-
терінің    мағыналарының  жиынтығы  емес. 
К‰рделі  сөздің  мағынасы  мен  құрамындағы  
компоненттерінің  мағыналарының  араларын-
дағы  айырмашылық тек оның кейінгі кездер-
де  болған    өзгерістерімен  ғана  байланысты 
болмайды.  
Сөздің  формасы  белгілі  бір  затқа    ат  бер-
ген кездің өзінде де ұғымның  мазмұнын т‰гел 
қамти    алмайды.  Өйткені  белгілі  бір  затқа 
берілетін  атау  сол  затты    басқа  заттан    тез 
ажырата  қоярлықтай тиісті бір белгісіне  ғана 
қарай  беріледі.  Сол  себептен  де    кұрделі  сөз-
дердің    мағыналары    құрамындағы    компо-
ненттері арқылы  айтылатын  мағыналарының  
жиынтығынан    анағұрлым    мазмұнды  да,  бай  
болып шығады.  Біріккен сөз бен  оның компо-
ненттерінің    мағыналарының  ‰немі    бірдей 
шықпайтын  себебі  де  осыдан.  Өйткені    тұтас  
к‰рделі    сөздің    беретін  мағынасына  оның    я 
екі  бірдей    компонентінің,  я  кем  дегенде  бір 
компонентінің  мағынасы тікелей байланысты  
болмаған  жағдайда  ғана  ол  компоненттердің  
мағыналары  басқаша  т‰сініледі. 
Профессор  А.Ысқақов    кіріккен  сөздер- 
дің  қалыптасуы  жайлы  былай  дейді: «кірік- 
кен  сөздердің  қалыптасуы  тілдің дыбыстық  
ж‰йесіндегі    әр  қилы  заңдарға  байланысты. 
Ал, к‰рделі сөздердің  өзге т‰рлерінде  я топ-
тарында  бұл ерекшелік  жоқ.  Бұл жағдай да  
кіріккен  сөздердің    өз  алдына    категория  еке-
ніне  дәлел.  Кіріккен  сөздердің    ішінде    бас-
басына    мағыналары  бар    дербес  сөздерден  
біріккендері  де  (бел+бау,  бәй+шешек,  сахар+ 
асы),  дербес  сөздермен  көмекші  сөздерден 
біріккендері бар. Бірақ осы кіріккен  сөздердің  
ішінде  салаласа  құрылған    тіркестерден  гөрі 
(қолғанат,  ағайын,  көнетоз,  щамшырақ,  көн-
терлі),  сабақтаса    құралған  тіркестерден  ту-
ғандары  (бәйшешек,  қонағасы,  қарлығаш)  әл-
деқайда  көп  кездеседі.  Ғалым  кіріккен    сөз-
дердің    компоненттерінің    өзгеру  сипатына  
қарай  екі  салаға    бөлінуі  туралы  былай  тұ-
жырым  жасайды: «Бірінші  топқа  екі  компо-
ненті бірдей  дыбыстық өзгерістерге  ұшырап 
біріккен: б‰гін, биыл, ашудас, өйткені, сөйтіп, 
бәрекелді,  әпер,  т‰регел  сияқтылар  жатса, 
екінші  топқа    тек  бір  сыңары  ғана  өзгерген: 
алаңғасар,  алағаншық,  алагеуім,  желғабыз, 
желбезек,  желмауыз,  салпауыз,  керенау, 
итаршы,  бәйтерек,  таңертең,  әжептәуір, 
қайын,  ағайын  тәрізділер    жатады.  Кіріккен 
сөздің  тууына,  біріншіден,  әуелгі  жай  тіркес-
тің    құрамындағы    компоненттердің    мағына-
ларының  жоғалуы,  екіншіден  олардың  фор-
масының  өзгеруі себеп болады. Өйткені шын 
мәнінде біріккен сөздің қай-қайсысы болса да, 
ең  әуелі  я  бір  компонентінің,  я  екі  бірдей  
компонентінің    мағынасы    жоғалған  тіркес  
болып  шығады.  Мысалы,белбеу  деген  сөздің  
екінші  сыңары  бастапқы    өз  мағынасын  бір-
жолата  жоғалта    келе,  кейін  ол  сөз  өзінің  
әуелгі  формасынан  да  айрылған.  Ал,  желбау 
деген  к‰рделі    сөздің  екі  компонентінің    де 
бастапқы  лексикалық  мағыналары сақталған-
дықтан,  оның  мағынасына    сол  екі  сыңардың  
да мағынасы енген және әр компоненті әуелгі 
формаларын  сақтаған» [1.105]. Сөздің  мағы-
насы  жоғалса, я өзгерсе, дереу оның формасы 
да  өзгереді,  мұндай  жағдайда  бастапқы  жай 
сөз  тіркесінің    құрамындағы    компоненттер  
дыбыстық  жағынан    әрі  алшақтап,  әрі  бір-
бірімен ‰ндесіп ықшамдалады да, олар  өзара 
жинақталып  жаңа  форма  құрайды,  ал  жаңа 
форма  өзінше жаңа  мазмұнға ие болады, он-
дай жаңа сөз  жасалғанда, оның құрамындағы  
дыбыстардың  бастарын  құрап  ұйымдастыра-
тын дәнекер- екпін болады. Ол екпін  біріккен 
сөзді жай сөз  тіркесінен әрі ерекшелендіретін, 
әрі ажырататын  сөз тіркесінің  әрі ерекшелен-
діретін, әрі  ажырататын  негізгі белгінің бірі.  
Бірақ  екпін,  әрине,  ресми  ғана  белгі,  өйт-
кені біріккен сөз белгілерінің  ішіндегі  ең не-
гізгі  рөлге  қашан  да  болсын,  мазмұн,  мағына 
ие  болады, - дейді  ғалым [1;105].  Кіріккен 
сөздер белгілі ж‰йе бойынша жасалады. Бірақ 
бұл  ж‰йе  жұрнақ  арқылы  сөз  тудыру  тәсі-
ліндегідей  өнімді  де емес, жинақты да емес, 
әрі шашыраңқы, әрі өнімсіз. 
Сонымен,  біріккен  сөздер  мен  кіріккен 
сөздердің  тууына    бастапқы  жай  тіркес  әрі 
негіз,  әрі  ‰лгі  ретінде  қызмет  еткенімен,  ол 
негіздер  мен  ‰лгілер  ‰немі  жасап  отырар-
лықтай,  тыңғылықты    ж‰йе  ретінде    қызмет 
ете алмайды.  Кіріккен сөз деп,-атап көрсетеді 
А.Ысқақов, компоненттерінің  я біреуі я екеуі 
де бірдей  әуелгі өз  мағыналарынан айрылып, 
тұтасымен  тұрып  басқа  біржалпы  мағына 
білдіретін  және  сонымен  бірге  сол  компо-
ненттері  фонетикалық  жағынан  әр  қилы 
өзгерістерге    ұшырап,  бір-бірімен  белгілі  дә-
режеде әрі ‰ндесіп, әрі ықшамдалып құралған 
к‰рделі сөзді айтамыз. К‰рделі сөздердің  өзге 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          183 
 
т‰рлері  сияқты , кіріккен  сөздер  де,  біріккен 
сөздер  де белгілі  грамматикалық  сөз тапта-
рына телулі  болады. 
Бұл  туралы  ғалым  К.Аханов  былай  дейді: 
«Алғашында  екі  т‰бірдің  бірігуінен  жасалып, 
тілдің даму  барысында сыңарлары дыбыстық  
және  мағыналық  өзгерістерге  ұшырап,  соның 
нәтижесінде ол сыңарлардың бір-біріне  әбден 
кірігіп сіңісуінен жасалған  сөздер бір екпінге  
бағынады  да,  құрамындағы    дауысты  дыбыс-
тар  сингармонизм заңы бойынша  не біркелкі 
жуан, не біркелкі жіңішке болып, барлық жа-
ғынан  жалаң  сөздерге  тән    қасиеттерге    ие 
болады.  Мәселенің  осы  жағын  ескере  келіп, 
Н.А.Лукьянова    орыс  тіліндегі    осылар  тәріз-
дес  сөздерді  негізі  сіңіскен    сөздердің  қата- 
рына  жатқызады.  Этимологиялық  анализ  жа-
самайынша,  сіңіскен  т‰бірлер  морфемалар- 
ға  (алғашқы  т‰бірлерге)  ажыратылмайды» 
[2;312]. Қазіргі қазақ тілінде де  дыбыстық өз-
герістерге ұшырап  барып өзара бірігіп кеткен 
сөз    тіркестері  көптеп  кездеседі.  Жай  сөз  тір-
кесінің  құрамындағы  компоненттер  дыбыс-
тық  жағынан  алшақтап,  бірімен–бірі  ‰ндесіп,  
ықшамдалып, жаңа мазмұнға ие болып  мағы-
налары  тепе-тең    морфологиялық  вариант  қа-
тарларын құрайды.  
Мәселен:  Алдыңг‰ні//алдыңғы  к‰ні.  Ап-
таның алда өтіп кеткен к‰ні

Ол  кісіні  алдыңг‰ні    ғана  көргендер  бар. 
(«Жетісу»).  Алдыңғы  к‰ні    ауылға  келіп  қайт-
қан.( Ауызекі сөйлеу тілі.)  
Ана  жақта//  анаяқта//  аннан.  Сілтеу  ар-
қылы мекенді білдіру.   
Ауыл д‰кені ана жақта. Ол кісі  анаяқта 
отыр (Ауызекі сөйлеу тілі). Сенің ауырғаның-
ды  аннан  естіп  келдім («Диалектологиялық 
сөздік») [3]. 
Болған соң//болғасын. Істің аяқталғанын 
білдіру. 
Жазып болған соң маған  айт. («Социалис-
тік  Қазақстан»).  Сөзі  орынды  болғасын    уәж 
айта  алмады. (А.Хангелдин). 
Алғыстау//алғыс айтуРизашылығын біл-
діріп рақмет айту, алғыс жаудыру. 
Жиып  жігіттер  дуылдасып,  Кәмешті  ал-
ғыстап жатыр (І.Жанс‰гіров). Алдын ала ес-
керткені ‰шін мен оған шын  ж‰ректен алғыс 
айттым (М.Қаратаев). 
Ендігәрі // ендігіден әрі. Келесі жолыкейің, 
келер шақ. 
Ендігәрі  кешікпейін,  болды  ма? (М.Иман-
жанов). Ендігіден әрі қайталатпа. («Жұлдыз»).  
Шалқысын//шалқығай.  Шаттанып,  ма-
сайрау, көңілдену
Одан да бетер масайрап, жастардың көңілі 
шалқысын  («Әдебиете  және  искусство»).  Жа-
саған  ие  жар  болып,  Бейіште  нұры  шалқығай 
(‡мбетей жырау). 
Алыс-беріс//алым/берімАлынатын, бері-
летін зат, ауыс-т‰йіс д‰ние. Таныса келе қа-
рым-қатынасымыз  жақсарып,  алыс-берісіміз 
көбейді  (Т.Бердияров).  Алым-берімге  қазақ-
тың жөн-жоралғысы жетеді (Т.Ахтанов). 
Адамзат// адам баласыЖер бетіндегі б‰-
кіл халық, бар әлемдегі кісі біткеннің  бәрі. 
Жан-жануар, адамзат бәрі де жаратылыс-
тың  жақсылығына  зар  (С.Дөнентаев).  К‰ллі 
адам баласын қор қылатын ‰ш нәрсе бар, со-
нан қашпақ керек (Абай). 
Әкету//алып  кету//әпкету.  Бірдемені  қал-
дырмай, өзімен бірге ала кету.  
Кей  жау  ж‰рек  батыр  ұлдары  қастарына 
саяқ  жинап,  Кейде  хан  тұқынымының  жыл-
қысын  барымталап  әкететін  (І.Есенберлин). 
Балалаларын өзімен бірге  алып кетпек болып, 
біраз  аялдады («Қазақстан  әйелдері»).  Бала-
ларды  әпкетіңдер бөлмесіне, - деді әжей  ке-
ліндеріне («Қазақстан әйелдері»). 
Қазіргі тілімізде алып кету етістігі ықшам-
далып,  әкету,  әпкету    т‰рінде  айтылып    ва-
риант қатарларын т‰зеп тұр. 
Әлдебір//әлдене//қайсыбір//небір. 
Әлдеқандай бір нәрсе, әрқилы бірдеме, біреу. 
Қараған  сайын  жігіт  ж‰рекке  жылы  тиіп, 
қыз жанын әлдебір жұмбақ сырға толтыратын 
(М.Иманжанов). ‡й  төбесіне  әлденелер  са-
тыр-сұтыр  етіп  т‰сіп  жатыр  (Ғ.М‰сірепов). 
Қайсыбір  халықтың  болмасын  өзінің  қадір 
тұтып,  қастерлейтін  дәст‰рі  болады («Лен. 
жас»).  Көші-қоңның  да  небір  қызық,  к‰лкілі 
оқиғалары болып жатады (Т.Ахтанов). 
Әлдекім//әлдебіреу//біреу-міреу
Бейтаныс кісі, белгісіз, танымайтын, білмей-
тін адам. 
Әлдекімнің    терезе  тұсынан  өте  бергенде 
шаңқ  еткен  ‰рейлі  даусын  Сейіт  анық  естіді 
(Р.Райымқұлов).  Кеше  ғана    сап-сау  ж‰рген 
Мыңсары өткен т‰нде далаға шыққанда әлде-
біреу соққыға  жығып кетіпті (С.Досанов). Ол 
біреу-міреу  даусымды  естіп  қойған  жоқ  па 
екен  деген  ‰рейлі  оймен  жан-жағына  қарады 
(І.Есенберлин). 
Әперу//алып беру. Бір нәрсені қолына  алып 
басқаға беру

184                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Ш‰кіман  шырағым,  ана  жақтан  апаңа  бо-
лысып, орамал әпер, дастарқан жайып жібер,-
деді  Бекей  (М.Әуезов).  Сөренің    жоғарғы  жа-
ғынан  сұраған кітабын алып бердім (Ауызекі 
тіл). 
Бұлай  ету//б‰йту.  Осы  айтылғандай  ету, 
осы көрсетілгендей ету. 
 Бұлай  етіп тасада жасырынып ж‰ріп тағы 
өмір  с‰ре  алмаймыз  (Т.Ахтанов).  Алматының 
өзінде талай құрылыс салып жатқан трест бас-
тығы б‰йтіп отыра да бермейді (З.Жәмішев). 
Бірсыпыра//бірталай//бірқатар//бірқыд
ыру//біраз//біршамаКөлем жағынан аз емес, 
саны әлденеше, көбірек. 
Жас-кәрісі бар ‰йге бірсыпыра адам  кіріп, 
тізелерін  б‰ге  отырып,  бірдеме  к‰ткендей 
(М.Хасенов).  Орынбай  өз  қабілетін  шамалай 
білген  құсбегінің  соңынан  бірталайға    дейін 
қарап тұрды (Ә.Көшімов). Оралбай Оспан ‰йі-
не  әдейі соғып, оған бірқыдыру  ауыр сөз айт-
қаны  бар  (С.Омаров).  Сәкен  есімімен    байла-
нысты «Тар жол, тайғақ кешуде» суреттелген 
бірқатар  елді  мекен    бар  (А.Сатаев).  Асқар-
дың  табыстарымен бірге, өсудің  қиыншылы-
ғынан    туған  біраз    қателері  де  бар  (С.Еру-
баев). Өзі сияқты  орыс тілі маманы болу жо-
лында  оқып  ж‰ргеніне  біршама  (М.Айтхо-
жина). 
Жамағайын//қабырға  ағайын//жамағат
Аздаған жақындық, жанама туыс.  
Байсақал  жамағатына  қарады,  мұнысы 
«қымыз  құй»  деген  ишараты    екенін  т‰сінді 
тоқал  (С.Талжанов).  Тәжірдің  жақын  туыс-
тары  мен бір жамағайындары қара шаңырақ-
та бас қосысты (Т.Әлімқұлов). Қабырға ағайын 
Ақайдың  Хасені  Мәдидің  кішкентай  к‰нінен 
бастап осы Қақабайға қандай істер істеп ж‰р-
генін білетін (Ә.Бектасов). 
К‰лдібадам//к‰лді-көмеш.  Шала-шарпы, 
шикілі-пісілі, құны төмен, арзан қол.  
Серке  еш  уақытта  да,  еш  спектакльде  де 
ала-құла  ойнап,  көруші  жұртшылыққа  к‰лді-
бадам өнер танытып көрген емес («Қаз. әдеб.»). 
Өлеңді жаза салып к‰лді-көмеш к‰йінде газет-
ке  қарай  тоғыта  беру  ағаттық  болады («Қаз. 
әдеб.»). 
Өзара//өзді-өзіБірімен-бірі, өзді-өзімен
Өйдеу//олай деуОлай деп айту 
Асан  атаның  өйдеуінің    себебі  бар  шығар, 
кім  біліпті  (Ауызекі  тіл).  Олай  деме,  шырақ, 
сабыр сақтағанымыз жөн шығар (Ауызекі тіл). 
Өйту//олай  ету//‰йту.  Ол  айтылғандай 
істеу
Бір  ғылымнан  басқаның  Бәрі  де  кесел  ас-
қанға,  Өйткен  адам  жолығар  Кешікпей-ақ 
тосқанға (Абай). Олай ете қоймас деп ойлаған 
едік  (Ауызекі  тіл).  ‡йтіп,  б‰лдіріп  қайтесің, 
жиен (О.Сәрсенбаев). 
‡н жоқ// ‰ндемеді. Сөйлемеу, тіл қатпау
Ермекбайда  ‰н  жоқ.  Ермекбай  ‰ндемеді 
(І.Жанс‰гіров). 
Бұл  сөз тіркесі мен сөздің берер мазмұны 
бір, субьектінің  қимылға, әрекетке пассив қа-
тынасын,  белгілі  бір  әрекеттің    болмағанын 
білдіріп өзара  вариант болып тұр. 
Таңдану//таң  қалу.  Аң-таң  болып  қызы-
ғып қарау, ішіп-жеп тесіле көз тігу. 
Маған  бұрыннан таныстығын білдіріп, Жі-
бектің  сөйлесе  кеткеніне  өзім  таңдандым 
(Ж.Өмірбеков).  Мен  біреудің  денсаулығы  ‰шін  
өз денсаулығын  құрбан етушілерге  таң қала-
мын (Қ.Мұхамеджанов). 
Т‰неуг‰ні//бұрнағы  к‰ні//т‰неугі.  Бұдан 
бірнеше к‰н бұрын. 
Т‰неуг‰ні әңгімені Айғыз өз құлағымен ес-
тіген  (Қ.Исабаев).  Ол  бұрнағы  к‰ні  осында  
келіп  кеткен  (ауызекі  тіл).  Ендеше  жылқышы  
Ермекбайдың    т‰неугі    айтқанына    мән  бер-
меуге бол ма (Р.Тоқтаров). 
Шамасынша//шама-шарқынша.  Әлі  кел-
генше, к‰йі жеткенше.  
Тік т‰регеліп торды ұстап, өз шамасынша 
тартып  қарады  (Қ.Қайсенов).  Осы  ауылдағы 
бас  көтерер  азамматтар    шама-шарқынша  қа-
ражат қоспақшы (Б.Тоғысбаев). 
Өңі қашу//өңезу. 
Көңілдегі  көрікті ой қағазға т‰скенде  өңе-
зіп, өңі қашып кетеді (Б.Соқпақбаев). 
Қу тілді/қуақы/қушыкеш. Айлалы, қуақы-
лана сөйлейтін кісі. 
Әкесі  қу  тілді,  к‰лдіргі  кісі  екен  (Ауызекі 
тіл).  Қақпа  алдында    тұрған  қаба  сақалды 
қуақы  шал  Кеңесті  тоқтатты  (М.Иманжанов). 
Өнер  тойы    болғандықтан,  ақындарды,  жез-
таңдай  әншілерді,  қушыкеш  к‰лдіргіштерді 
шақырған («Жұлдыз»). 
Алмақсың ба// алмақпысың. Бір затты, 
нәрсені өзіне алу. 
Көйлекті келіншегіңе  сатып алмақсың ба? 
(«Лениншіл  жас»).  Ж‰ре  беріңдер,  төтенше 
жетектеп  алмақпысыңдар. (З.Иманбаев). 
Не  қылып//неғып.  Не  әрекет  жасап,  не 
істеп. 
Кешеден бәрі қандай істі тындырып, не қы-
лып  жатқандарыңды  айтыңдаршы
,-  деп  сұрады 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          185 
 
(«Лен.жас»). Бұл ‰йде Сара бар ма, отыр неғып, 
Қарсы ұшпай тоты құстай қанат қағып (Біржан). 
Не  қылып/неғып/нағып.  Не  әрекет  жа-
сап, не істеп 
Не  қылып,  не  қойғанын  өзі  де  білмейді 
(«Жалын»).  Неғып  ербиіп  тұрсың? (С.Талжа-
нов).  Жапан  т‰зде    нағып  ж‰рсің? (Батырлар 
жыры). 
Сұраулы  сөйлем  хабарлы  сөйлем  арқылы  
берілетін ойды білдіріп, баяндауыштың  ұйыт-
қы  боларлық  қызметінің  арқасында    сөйлем-
дер  өзара вариант болады. 
Сіңісу құбылысының әсерінен кейбір жеке 
дыбыстар, буындар тек т‰бір сөздердің  құра-
мынан емес, сөз тіркестерінен де т‰сіріліп  ай-
тылады.  Екі  т‰бір  сөз  бір-біріне  кірігіп,  ажы-
рамастай  болып  кеткен.  Сіңіскен  сөз  тіркес-
тері  мен  кіріккен  сөздер    ықшамдалып,  жаңа 
мағынаға  ие  болған  сөздер  аралас  келіп      ва-
риант  қатарларын  құрайды. 
Сөз  тіркестері  мен    жалғаулық  шылаулар-
дың өзгерісінен жасалған сөз варианттарының 
өзіндік  даму  сатылары  ерекше  назар  ауда-
рады, болашақта да зерттеу нысаны бола ала-
ды.  Сөз  тіркестерінің  жергілікті  ерекшелік-
терге  тән  т‰рлері  де  көптеп  кездеседі,  бірақ 
олар  әдеби  тілдің  өлшеміне  жатпайды.  Сөз  
 
 
бен  сөздің  тіркесу  м‰мкіндігінің  шегі  бар.  
Есім  сөз  бен  етістіктің,  кейбір  сын  есім  мен  
көмекші  етістіктің,  шылау  мен  көмекші  сөз-
дердің  тіркесу  тәсілі  жан-жақты.  Тілдің  да-
мып,  қоғамдық  қызметінің  артуымен  сөз  тір-
кестері  де  молығып,  ішінара  өзгеріске    ұшы- 
 райтыны  байқалады. Сөз тіркесіндегі  сөздер-
дің  білдірер  мағынасының  логикалық  ойға 
қайшы келмеуі олардың әдеби тілде орнығуы-
на  белгілі  дәрежеде  әсер  етеді.  Сондай-ақ 
меңгеру  амалымен  құрылған  етістікті  сөз  тір-
кестерінің  вариант  болып  жұмсалуы,  бір  сеп-
тіктің  орнына екінші септіктің алмасып жұм-
салуы  норма тұрғысынан айқындалады. 
Синтаксистік  варианттар  дегеніміз  белгілі 
тілдік  формалар  мен  құрылымдарды  қалай 
болса солай алмастыру болып шықпайды, қай-
та сол  формалар мен құрылымдарды мақсат-
қа сәйкестендіріп, құбылта, құлпырта қолдану 
болып табылады. 
______________ 
1.  Ысқақов.А.  Қазіргі  қазақ  тілі. –Алматы:  Ана  тілі, 
1991, -384 б. 
2.  Лукьянова  Н.А.  Однокоренные  синонимы  и  ва-
рианты  слова.  Синонимия  в  языке  и  речи.  Новосибирск, 
1970, С.151-163 
3.  Қазақ  тілінің    диалектологиялық  сөздігі. –Алматы, 
1969.
Чалтикенова Л. 
В статье рассматривают вопросы о смешении морфологических и синтаксических вариантов  слов на примере 
казахского языка.  
 
Chaltikenova L. 
The article examines the confusion of morphological and syntactic variants of the words through the example of the 
Kazakh language. 
 
 
 
 
А. Н. Хасенова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ізденушісі 
 
ҚИМЫЛ ЕСІМДІ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР 
 
 
Қазақ  тілі  білімінде  қимыл  есімдері  жан-
жақты  зерттеліп  келді.  Оған  дәлел  ретінде  
А.  Ысқақов,  А.  Айғабылов,  К.  Неталиева,  
А. Салқынбай еңбектерін айта аламыз. Қимыл 
есімдерінің  ұғымы,  сөзжасамдық  қызметі  то-
лық  қарастырылса  да,  олардың  сабақтас  құр-
малас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының  баян-
дауышы  бола  алу  қабілеті  арнайы  жеке  қа- 
растырылып,  көп  талдана  бермегені  белгілі.  
 
 
Қазақ  тіл  білімінің  синтаксис  саласына  жа- 
зылған  еңбектердің  денінде,  атап  айтқанда  
Н. Сауранбаев, Ғ. Әбуханов,  
Т.  Қордабаев,  Қ.  Есенов  еңбектерінде,  са-
бақтас  құрмалас  сөйлемдердің  жасалу  жолда-
рында тек есімше, көсемше, шартты рай фор-
малары беріледі де, қимыл есімдері мақсат ба- 
ғыныңқы  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  жаса-

186                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
луына  қатысты  конструкция  ретінде  қарасты-
рылады.  
Профессор  С.  Аманжолов  «Қазақ  әдеби  
тілі  синтаксисінің  қысқаша  курсы»  атты  ең-
бегінде  тұйық  етістік  арқылы  жасалатын  са-
бақтас құрмалас сөйлемдер жайлы:   
«Есімшеге я тұйық етістікке жалғанған жал-
ғау ‰стіне қосылатын жалғаулар мыналар: көрі, 
бұрын, бері, басқа, кейін, соң (бұлар шығыс жал-
ғаудан кейін келеді), қарай, лайық, таман, бола, 
шейін (бұлар барыс жалғауды керек қылады), 
орнына,  алдында  (ілікті  керек  қылады)»  дей 
келіп, оларға мынадай мысалдар келтіреді: 
«Әшімнің баяндама жасауына қарай, жұрт 
көп жиналды. 
Әшімнің  баяндама  жасауына  лайық,  жұрт 
көп жиналды. 
Әшім  баяндамасы  басталуына  таман,  біз 
де келіп қалармыз.  
Әшім  баяндама  жасауына  бола,  колхозға 
барды.  
Әшім баяндама жасауға шейін, жұрт тым-
тырыс отырды.  
Әшім  баяндама  жасаумен  бірге,  өзі  ән- 
к‰йді басқарды. 
Әшім  баяндама  жасаудың  алдында,  бізге 
тезисін көрсетті.  
Әшім  баяндама  жасаудың  орнына,  әңгіме 
айтып кетті» [1,194-195]. 
Автор мәселені дұрыс көрсеткенімен, алын-
ған  сөйлемдер  ауызша  құралудың  негізінде 
берілгендіктен,  бұл  пікір  ғылыми  айналымға 
т‰се  алмады  деп  есептейміз.  Ғалымның  осы 
пікірінен  кейін де, қимыл есімдері басқа қы-
рынан  мол  зерттелсе  де,  нақты  сабақтас  құр-
малас сөйлемдерге қатысты зерттелмеген. 
Қимыл  есімдері  арқылы  бағыныңқы  сы-
ңардың  баяндауышы  жасалатындығына  жіті 
мән  беріп,  ғылыми  зерттеу  нысанына  айнал-
дырып,  оның  жасалу  формаларын  шығаруды 
көздеген ұстазым, профессор Т. Сайрамбаев еді. 
Профессор  Т.  Сайрамбаев  пен  Б.  Сағын-
дық  жазған  «Құрмалас  сөйлемдер  ж‰йесі» 
атты  еңбекте  (С.  Аманжоловтың  көрсетуінен 
кейін)  алғаш  рет  қимыл  есімі  сабақтас  құр-
малас  сөйлемдердің  жай  сөйлемдерін  байла-
ныстыру  қызметіне  ие  екендігі  жазылды.  Ең-
бекте сабақтас құрмалас сөйлемдер жайлы бы-
лай  берілген: «Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің 
бірінші тиянақсыз сыңары бағыныңқы, екінші 
сыңары  басыңқы  деп  аталады.  Бағыныңқы 
сөйлемнің  баяндауышы  тиянақсыз  формада 
айтылады.  Бұл  ұзақ  уақыттың  жемісі.  Оның 
өзі  көбіне  етістік  баяндауыштары,  яғни  есім-
ше,  көсемше,  шартты  рай,  оларға  т‰рлі  шы-
лаулардың т‰йдектелуі арқылы және есімдер-
ге  т‰йдектелген  көмекші  етістік,  модаль  сөз-
дердің  қатысы  арқылы  жасалады.  Демек,  ба-
ғыныңқы  сөйлем  баяндауыштарының  тиянақ-
сыздығының  негізінде  ғана  олар  басыңқыға 
бағынышты. Сонымен бағыныңқы сөйлем ба-
сыңқымен:  
-  көсемше 
-  шартты рай 
-  есімше 
-  қимыл есімі  
-  есімдерге  көмекші  етістік,  модаль  сөз-
дердің т‰йдектелуі арқылы жасалады» [2, 63]. 
Қимыл есімдері есімше сияқты сол тұлғада 
басыңқы сыңарда жұмсалмайтындығын ескер-
теді. Авторлар өз еңбектерінде қимыл есімінің 
сабақтас  сөйлемдердің  жай  сөйлемдерін  бай-
ланыстыруда  тек  қана  ‰шін,  себепті  шылау-
ларымен  т‰йдектеліп  келетіндігін  көрсетеді. 
Мынадай  мысалдар  келтіреді:  Жол  қысқару 
‰шін,  жолдасыммен  сөйлесуді  мен  өзім  де 
тілеп  келе  жатқан  едім  (Б.  Майлин).  Физио-
логиялық әсері бірдей болмауы себепті, жаңа 
жасанды  дәрілер  ауру  қоздырушы  микроор-
ганизмдерді  тез  жойып  жібереді  («Білім 
және еңбек») [2, 66].  
Көріп отырғанымыздай бұл еңбекте қимыл 
есімдері  жеке  бөлініп  берілгенімен,  оның 
жасалуына  авторлар  тек  ‰шін,  себепті  шы-
лауларын ғана көрсетумен шектеледі. Десек те 
бұл зерттеу бізге қимыл есімінің сабақтас құр-
малас сөйлемнің бағыныңқы сыңарында жұм-
салатынын  ғылыми  т‰рде  көрсетіп,  берілген 
мысалдарымен дәлелдей алғандығымен құнды 
екенін ескергеніміз жөн.  
Ендігі  кезекте  құрмалас  сөйлемдерге  ар-
налған  соңғы  жарық  көрген  зерттеу  еңбекте 
сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  құрмаласу 
жолдарын  қалай  берілгендігіне    тоқталайық. 
Бұл  Р.С.  Әмір  мен  Ж.С.  Әмірованың  «Құр-
малас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық, 
функционалдық  ж‰йесінде»  атты  еңбегі.  Зерт-
теуде  есімше,  көсемше,  шартты  рай  тұлғала-
рымен қатар қимыл есімі де  беріледі. Автор-
лардың сабақтас құрмалас сөйлемдердің грам-
матикалық т‰рлері мен жасалуына берген топ-
тастыруына назарымызды аударайық:  
«Сабақтас  құрмалас  сөйлемді  ұйымдасты-
руға  қатысып,  оған  грамматикалық  форма 
беретін  амалдар  көп.  Солардың  қатарында 
басты  қызмет  атқаратын – бағыныңқының 
баяндауышының  құрамына  қатысатын  негізгі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          187 
 
тұлға.  Негізгі  тұлғалар  бағыныңқының  баян-
дауышын  жасауға  жалаң  т‰рде  қатысады  (–п, 
–ып, –іп, –а, –е, –й, –стын т.б), сонымен бірге 
‰стеме қосымшаларды  жалғап  қатысатыны  (
сам, –саң, –ғанда, –ған соң, –ысы мен т.б) бар 
[3, 69]. 
«Сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  осы  атал-
ған негізгі грамматикалық формалардың қаты-
суына қарай мына т‰рлерге бөлінеді: 
Етістіктің  көсемше  формаларының  қаты-
суымен  жасалған  сабақтас  құрмалас  сөйлем-
дер. 
Етістіктің есімше формаларының қатысуы-
мен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер. 
Етістіктің  шартты  рай  формаларының  қа-
тысуымен  жасалған  сабақтас  құрмалас  сөй-
лемдер. 
Етістіктің  қимыл  есім  формаларының  қа-
тысуымен  жасалған  сабақтас  құрмалас  сөй-
лемдер» [3, 69]. 
Осылардың  ішінде  біздің  тақырыбымызға 
қажеттісі  етістіктің  қимыл  есім  формала-
рының  қатысуымен  жасалған  сабақтас  құр-
малас  сөйлемдер.  Авторлар  сабақтас  құрма-
ластың  қимыл  есім  формалары  арқылы  жаса-
луына  арнайы  тоқталады.  Бұл  еңбекте  қимыл 
есімі  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  жай  сөй-
лемдерін байланыстырушы  форма ретінде қа-
лай берілгендігіне  және алдыңғы еңбектерден 
несімен өзгешеленетіндігіне назар салайық: 
«Қимыл есім формаларынан сабақтас құр-
малас  сөйлемдерді  құруға  қатысатындары  ре-
тінде  бұл  тұста  –у, –ыс, –іс  тұлғаларын  атай-
мыз. 
–ыс, –іс, –с  тұлғалы  қимыл  атауы  (к‰ліс, 
атыс)  тәуелденіп  көмектес  септік  жалғауын 
жалғап,  бағыныңқы  компоненттің  баяндау-
ышы  ретінде  жұмсалады  да  (барыс–ы  –мен) 
бағыныңқы  компонентті  мезгілдік  қатынасқа 
т‰сіреді.  Ж‰к  т‰сісімен,  оны  қоймаға  тасы-
дық. К‰н шығысымен, бұлт ыдырай бастады. 
Бұл  конструкцияларда  бағыныңқы  компо-
нент  бір  оқиғаны  басыңқы  хабарлаған  оқиға-
ның  басталуына,  ж‰зеге  асуына  мезгілдік 
меже ретінде атайды. 
Қимыл  есімдер  етістікті  предикативтік қыз-
метке жетудің негізі болған. 
Қимылды атайтын сөздер есім ретінде тәу-
елдік  жалғауды  қабылдап  баяндауыш  қыз-
метінде  бастауышпен  грамматикалық  (преди-
кативтік) байланысқа т‰скен. 
–у тұлғалы қимыл есім (сөйлеу, ж‰ру) ‰шін 
септеулігін  қатыстырып,  бағыныңқы  ком-
поненттің баяндауышы ретінде жұмсалады да, 
бағыныңқы  компонент  пен  басыңқы  компо-
нентті мақсат мағыналы қатынасқа т‰сіреді. 
К‰зетші  сезіп  қалмау  ‰шін,  біз  жыраның 
ішімен еңбектеп кеттік  
(Қ.  Қайсенов).  Су  тегіс  жайылу  ‰шін,  
сушы  оны  шелдеп  ж‰ргізді.  Затында  баланы 
жек  көргендіктен  емес,  ерімен  екі  ортасын-
дағы  жібектей  нәзік  махаббат  жібі  ‰зілмеу 
‰шін,  екі  жанды  бір-біріне  қоса  берген  иман-
нан  да  ізгі  махаббатқа  басқа  бір  жан  келіп, 
жік  салмау  ‰шін,  бала  болмауын  тілеп  еді 
Шолпан (М. Жұмабаев). 
Бұл  конструкцияда бағыныңқы  компонент 
басыңқы  компонент  атаған  оқиғаның  болуы-
на, ж‰зеге асуына себеп, мақсат болатын оқи-
ғаны, іс- әрекетті хабарлайды» [3, 88-89]. 
Еңбекке  жіті  назар  аударғанда  байқайты-
нымыз, авторлар қимыл есімінің сабақтас құр-
малас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының  баян-
дауышы қызметінде жұмсалатынын дұрыс көр-
сеткенімен, қимыл есімінің тек ‰шін шылауы-
мен т‰йдектеліп келіп, баяндауыш болатынын 
айтумен ғана шектеледі.  
Қимыл есімдері сабақтас құрмалас сөйлем-
дердің баяндауышы болуы ‰шін, оларға т‰рлі 
шылаулар  т‰йдектелуі  қажет.  Жинастырған 
материалдарымыз  негізінде  қимыл  есімді  са-
бақтас  құрмалас  сөйлемдердің  жасалуына 
қатысып,  қимыл  есімдеріне  т‰йдектелетін 11 
көмекші сөзді (‰шін,  қатар, т‰гіл, себебі, се-
бепті,  басқа, бірге, бұрын, гөрі, орнына, боп

анықтадық.  Енді  әр  көмекші  сөзді  жекелеп, 
мысалмен дәлелдейік.  
‰шін  шылаулы  сабақтас  құрмалас  сөй-

1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал