Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет31/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61

Г.  Шойбекова 
Семантический способ словообразования 
 
В статье рассматривается семантический способ словообразования на примере современного казахского языка.  
 
G. Shoybekova 
Semantic method of derivation 
 
The article deals with the semantic method of derivation by the example of the modern Kazakh language. 
 
 
 
 
А. К. Шыныбекова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. 
 
СӨЗ ТІРКЕСТІ  ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ   ЖАСАЛУЫ 
 
 
Сөз тіркестері – грамматикалық ‰лгі, мұн-
да  сөз  тіркесімділігінің  негізгі  категориялық 
ерекшеліктері  мәселесі  қарастырылады.  Тер- 
минологиялық  лексика  терминдердің  тізімі 
ғана емес, белгілі ұғымдардың ғылыми д‰ние-
танымдағы  анықтамасын  көрсетуші  ж‰йе 
екендігімен  сипатталынады.  Бұл  тараушада 
метатіл  мәселесі  де  терминнің  аса  к‰рделі 
ж‰йеге негізделетіндігін дәлел етуге болатын-
дығы  баса  айтылады.  Сөз  тіркесінен  жаса- 
латын  терминдердің  грамматикалық  сипаты, 
‰йлесімділігі,  ұғым  анықтығы  белгілі  бір 
дәнекер тәсілдер арқылы байланысқа т‰сетін-
дігі  анықталынады.  Сөз  тіркестерінің  есімді 
және  етістікті  т‰рлерінің  теориялық  мәселесі 
синтаксистік қатынас арқылы қарастырылады. 
Сөз  тіркесі  ‰шін  аса  қажетті  басты  белгі – 
теңін  тауып  тіркесу.  Сөз  тіркесінің  басты 
белгілері,  амал-тәсілдері  арқылы  байланысу 
формасы,  жасалуы – терминологиялық  ж‰йе-
нің пәрменді көрсеткіші болып табылады. Тіл  
‰немі  өзгеріс  ‰стінде  болатынын  ескерсек  те 
филология  ғылымдарының  докторы,  профес-
сор  Талғат  Сайрамбаевтың  өз  еңбектерінде 
синтаксистік терминдер туралы  да бірсыпыра 
тың  ой-пікірлер  айтқанына  баса  назар  аудар-
ғанды  жөн  көрдік.  Сөз  тіркесі  және  синтак-
систік  терминдер  туралы  жазған  еңбегінде  
 
синтаксистік  терминдерді  орыс  тілінен  ау-
дарылмай  сол  қалпында  қолданылған  трмин-
дер,  бір  сыңары  орыс  тілінде,бір  сыңары  қа- 
зақша  терминдер,екі  сыңары  да  қазақша  тер-
миндер деп топтастырады. 
Сөз  тіркестері  есімді  және  етістікті  болып 
бөлінеді.  Қазақ  тіліндегі  етістікті  сөз  тіркес-
терінде  етістік  негізгі  қызмет  атқарады.  Етіс-
тік  өз  табиғатында  лексикалық-грамматика-
лық  мағынасына  сөз  табы  ретіндегі  жалпы 
категориялық  қасиетінен  басқа  сөздерді  же-
текке  алатын  сөз  табы  болып  саналады.  Етіс-
тікті  тіркестерге  жататын  терминдер  т‰рлері 
мынадай: мәселені талқылау, сауалнама ж‰р-
гізу,  шикізат  өңдеу,  мұнай  айдау,  айырбас 
жасау,  мәмілеге  келу,  келіссөзге  қатысу, 
мәлімет  беру,  құжат  толтыру,  іс  қарау, 
сыртартқы жазу, к‰ш көрсету, заңдылықты 
қадағалау,  сұрақ-жауап  алу,  іс  қозғау,  шарт 
жасасу,  парламентке  жолдау,  тауар  әкету, 
өнім  өткізу,  рұқсаттамамен  кіру,  жедел 
бақылау,  кредит  алу,  шот  ашу,  шартты 
ресімдеу, әлімжеттік көрсету т.б.  
Бұдан  өзге  терминологияда  есімді  сөз  тір-
кестері  де  кездеседі.  Есімді  сөз  тіркестері  ‰ш 
т‰рлі  құрамда,  атап  айтқанда,  әр  т‰рлі  сөз 
таптарынан,  бір  сөз  таптарынан,  бір  сөздің 
қайталануынан тұрады. ‡шінші т‰рі термино-

178                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
логияға  тән  емес.  Жиі  кездесетін  байланыс 
т‰рлеріне  қабыса,  матаса,  меңгеріле  байла-
нысқан терминдер жатады.  
Қабыса  байланысқан  сөз  тіркесті  термин-
дер:  біржолғы  жәрдем,  өтпелі  кезең,  жария 
саясат,  резервтік  ж‰йе,  дербес  іс,  шешуші 
дауыс,  бас  маман,  бас  мердігер,  қос  азамат-
тық, еңбек өтілі, ‰лестік қатысу, еңбек тәр-
тібі,  жалақы  мөлшерлемесі,  іскер  топ,  лаң-
кестік әрекет т.б. 
Матаса  байланысқан  сөз  тіркесті  термин-
дер:  табыс  салығы,  кіру  жарнасы,  ақша  ре-
формасы,  кеден  алымдары,  кәсіпорынның 
тиімділігі,  құжат  деректемелері,  тіркеу  қа-
ғазы,  ниет  хаттамасы,  әкімшілік  тіркемесі, 
шарт  мәні,  ақша  аударымдары,  банк  ж‰йесі, 
тауар жеткізілімі, еңбек бөлінісі, жер телімі 
т.б.  
Меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесті  тер-
миндер: жұмысты тоқтату, баяндаманы тұ-
жырымдау,  халыққа  жолдау,  қаржы  бөлу, 
ақша  аудару,  қоғамды  демократияландыру, 
шегара  межелеу,  дауды  қарау,  құжаттама 
толтыру,  бағдарлама  әзірлеу,  м‰лікті  бөлу, 
кепілзатты  ұсыну,  мұнайды  жеткізу,  газ 
тасымалдау,  мөр  басу,  мәселе  көтеру,  белгі 
соғу т.б. 
Бұл  тіркестерден  өзге  еркін  тіркесті  тер-
мин  сөздер  қатары  да  қарастырылды.  Мы-
салы,  кеден  одағы,  еңбек  тәртібі,  оңтайлан-
дыру  кезеңі,  азотты  к‰кірт,  полимерлі  ме-
талл, мұнай ұңғымасы, елді мекен т.б. 
К‰рделі  терминдер  мәселесі  де  қарасты-
рылды: саяси қайраткер, салтанатты мәжі-
ліс,  ғылыми  кеңес,  қоғамдық  құрылыс,  рухани 
байлық,  ірі  кәсіпорын,  алтын  қор,  тарихи 
оқиға,  соңғы  хабар,  еңбек  өтілі,  ашық  хат, 
екеуара  кездесу,  салтанатты  рәсім  т.б.  Тер-
минологияда  кездесетін  к‰рделі  тіркес  т‰р-
лерін  тарих  пен  қоғам  көрінісі  деп  қарасты-
руға болады.  
Қызыл  отау,  коммунистік  партия,  бес-
жылдық  жоспар,  совет  өкіметі  сияқты  тір-
кесті  терминдердің  қолдануылу  жиілігі  бә-
сеңдеп пәрменсіз қолданысқа т‰скенімен бас-
қа к‰рделі тіркесті терминдер олардың орнын 
толықтырып  отырады. «Қазіргі  тілдік  (син-
хрондық)  тұрғыдан  т‰сіндіруге  келмейтін, 
олардың  т‰п  негізі  тарихи  кезеңдермен  тіке-
лей  байланысты  екенін  тілдік  деректер  дә-
лелдеп  отыр.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  кейбір 
фраземалар  құрамындағы  т‰сініксіз  сөздердің 
көзі  кейде  кірме  элементтерге  жатса,  енді 
біреулерінің  тарихы  көне  ескерткіштер  мен 
туыстас  тілдерге  апаратыны  сөзсіз», – дейді 
Р.А. Авакова 
1, 27.  
Терминология  саласында  т‰йдекті  тіркес 
құру  арқылы  қалыптасқан  терминдер  де  кез-
деседі. Мысалы, билік шегінен шығу, шаралар-
ды қолға алу, шара қолдануға мәжб‰рлеу, мә-
селені назарға алу, м‰гедектігіне байланысты 
зейнеткерлікке шығу, кәмелеттік жасқа тол-
мағандармен  жұмыс,  құпиялықты  қамтама-
сыз ету, шешуші дауыс жинау, құжат к‰шін 
жою,  белгіленген  өкілеттікті  тоқтату,  қа-
дағаланатын мәселер бөлімі т.б.  
Термин  жасаудың  тілдердің  қай-қайсы-
сында  да  ұшырасатын  ең  өнімді  тәсілі – тіл-
дегі  мағынасы  т‰сінікті  сөздердің  терминоло-
гиялық  өріске  өтіп,  ауыспалы  мағынада  тер-
мин  ретінде  қолданылуы.  Бұл – термин    жа-
саудың  лексика-семантикалық  тәсілі.  Яғни, 
ұғым  жалпыхалықтық  тілден  терминоло-
гиялық  ж‰йенің  ішіндегі  ұғымды  білдіруге 
көшіп,  ғылыми  ұғым  атауы  ретінде  қол-
данылады.  Мұндай  терминдердің  қатарына 
‰нем,  шығын,  пайда,  қорғаушы,  қорғаныс, 
шеп,  салық, ‰н,  әуен,  т.б.  осы  сияқты  термин-
дерді  көптеп келтіру қиын емес.  
Термин  жасаушы    көздердің  ендігісі – бі-
ріккен сөздер.  Екі т‰бірдің бірігуі арқылы жа-
салған мұндай терминдер де бірқатары қазіргі 
кезде  қалыптасып,  кеңінен  қолданыс  табуда. 
Мысалы:  тікұшақ,  мейірбике,  бейнетаспа, 
пернетақта,  жауынқұрт,  тілтаным,  д‰ние-
таным, баспасөз, бейнеқор, бейнебаян, ғалам-
тор т.б.  
Осындағы қалыптасқан терминдердің бар-
лығы  да  кеміне  екі  т‰бірдің  бірігуі  арқылы 
жасалған  терминдер  қатарына  жатады.  Мы-
салы: тік-ұшақ, мейір-бике, бейне-таспа, пер-
не-тақта,  жауын-құрт,  жау-қазын,  тіл-та-
ным,  д‰ние-таным,  баспа-сөз  етіп  т‰бірлерін 
ажыратып көрсетуге болады.  
Термин  жасаудағы  келесі    тәсіл – сөздер-
дің  тіркесуі  арқылы  ғылыми  ұғымды  беріп, 
терминге  айналу  тәсілі.  Яғни,  кемінде  екі  не-
месе одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы да 
төл  терминдер  жасала  алады.  Мысалы:  несие 
беру,  пайда  табу,  айналымға  енгізу,  салым 
салу,  қосылыстар  жасау,  оқу  құралы,  әдіс-
темелік  құрал,  жылжымайтын  м‰лік,  жедел 
жәрдем, төтенше жағдай, т.б. 
Тіркесті  терминдердің  құрылымдық  ерек-
шеліктерін ғалым Т.С. Сайрамбаев өз мақала-
сында  жан-жақты  қарастыра  отырып: «Сөй-
лемдегі  сөздер  бір-бірімен  белгілі  бір  байла-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          179 
 
нысу  формасында  жұмсалатындығы  сияқты 
терминологиялық  сөздер  де  сөз  санына  қарай 
олардың  өзара  белгілі  бір  байланысу  фор-
масында қалыптасады. Сонда олар екі немесе 
көп  сөзді  болғанымен,  олардың  арасында 
белгілі бір немесе бірнеше  байланысу  форма-
ларының  негізінде  қалыптасады.  Мұндай 
терминдік  сөздердің  де  сыңарлары  молайған 
сайын  олардағы  байланысу    формалары  да, 
оларды  байланыстыратын  дәнекерлер  де  мо-
лая т‰седі», – деп терминдердің екі т‰рлі бай-
ланысу  формаларын  көрсетеді.  Олар:  қиыса 
байланысқан  терминді  сөз  тіркестері  және 
қабыса  байланысқан  терминдер.  Демек, қазақ 
тіліндегі  тіркесті  терминдер  қиыса  және  қа-
быса  байланысу  арқылы  жасалады  деген  сөз 
2, 131.  
Сондай-ақ  термин  жасап  қалыптастыруда 
сирек  те  болса  қос  сөздер  арқылы  жасалған 
терминдердің  де  өзіндік  ‰лесі  бар.  Мысалы, 
көші-қон,  сату-сатып  алу,  әкімшілік-аумақ-
тық  терминдерін  осылардың  қатарына  жат-
қыза  мыз.  Қысқару  тәсілі  ішкі  терминжасам 
көздерінің  бірі  болып  еспетеледі.  Мысалы, 
тіліміздегі  соңғы  кезде  қалыптасқан  қойнау-
қат  (пласты),  талшықтас  (асбет),  тауша-
быр  (битум),  шабыршықтас  (асфальт)  сияқ-
ты  ұғымдарды  келтіруге  болады.  Бұдан  бай-
қайтынымыз,  буын  арқылы  қысқарту  тәсілі-
мен  қажеттілікке  орай  біршама  терминдерді 
жасап, қалыптастыруға болады. 
Терминологиядағы  аударма  мәселесінің 
өзекті  болып  отырғандыңы  мәлім.  Аударма 
тіл-тілдің  барлығында  да  тілдік  тәсіл.  Кез-
келген тіл қажеттілігіне қарай аударма жасау-
ға  баратындығы  даусыз.  Ал  аударма  мазмұн-
ды  не  мағынаны  дәл  беруді  қажет  етеді.  Бұл 
ең  бірінші  кезекте  аудармаға  қойылатын  тіл-
дік талап. Аударманың терминологияға қатыс-
ты  ерекшеліктерін  қарастыра  келіп,  ғалым  
А.  Алдашева  өз  еңбегінде  аударма  мен  каль-
каны  бірін-бірі  толықтыратын  тәсілдер  ретін-
де  қарайды.  Бұл  негізді  деп  санаған  дұрыс. 
Өйткені,  терминдерді  аудару  барысында  осы 
екі тәсілдің де қолданылатыны белгілі. Қалай 
болғанда  да,  аударманың  терминологиядағы 
тиімділігі  теориялық  тұрғыдан  да,  практика-
лық тұрғыдан да дәлелденіп ж‰р 
3, 141.  
Ең  алдымен  терминдердің  арасындағы 
байланыстың  болуы  керектігін,  барлық  тіл-
дердегі  ғылыми  атаулардың  ортақтығы  жө-
ніндегі  пікірлерді  сараптай  келсек,  ғылым  са-
ласында  т‰сіністіктің  болуы  міндетті,  бірақ 
ортақ атаулар болу керек деген тіл заңдылығы 
еш  жерде  жоқ.  Онымен  бірге  «ортақ»  деп 
айдар тағып, термин жасушы тілдер өз тілінің 
негізінде немесе өз тілдеріне жақын тілдердің  
сөзі негізінде жасайды.  
Ал  осы  ‰рдіске  қоса  қытай  тілімен  тығыз 
байланысты  тағы  бір  тартымды  да,  дәлелді 
мәселеге  тоқтала  кеткен  орынды.  Ол  қытай 
еліндегі қандас қазақ бауырларымыздың қазақ 
тіліндегі  сөзжасам  ж‰йесі,  яғни  бізбен  салыс-
тырғандағы  қытайдағы  қазақтардың  сөздік 
қолданысы  туралы.  Олармен  ауызекі  тілдесу 
барысында  кейбір  бізге  тосындау  болса  да, 
байыппен  қараған  адамға  ұғынықты,  кәдімгі 
қазақтың  тілі  арқылы,  оның  сөздік  қоры  ар-
қылы  жасалған  орынды  да  сәтті  қолданыс-
тары бар екендігін байқадық. 
Мысалы,  қазір  ұялы  телефон  (сотовый 
телефон)  деген  жаңа  сөз  қолданысы  бар.  Ал 
қытайлық қазақтар осы сөзді қол телефон деп 
қолданады  екен.  Әрине,  қол  телефон  деген 
қолданыс  сотовый  телефон  деген  ұғымның 
толық  мағынасын  ашып  көрсете  алмайды. 
Тіпті тура аудармаға да жатпайды. Бірақ, тура 
аударма  болмаса  да,  көпшілікке  т‰сінікті, 
мағынасын  жеткізе  алатын  ұғынықты  аудар-
ма.  Қол  телефон  деп  айта  салғанға  да  жеңіл, 
қалыптастыруға  да  қиындық  туғызбайды,  әрі 
термин сөзді қолданушылар ‰шін сөздің мағы-
насы мен ұғымы да т‰сінікті болған болар еді. 
Бұл  сияқты  қытайдағы  қазақтар  тілінде  кез-
десетін терминдерге тілші Қ. Ғабитханұлы ба-
зар заңы – нарық заңы, жарна – акция, жар-
нагер, –акционер,  бәсеке – аукцион,  танысқы 
– визитка, төрешілдік – бюрократия, ‰кімет-
сіздік – анархизм  сияқты  көптеген  қисынды 
терминдерді  қазақ  тіліндегі  баламаларымен 
салыстыра көрсетеді [4, 48-51]. 
Сонымен,  аударманың  өнімді  тәсілдері- 
нің  бірі  екендігі  белгілі  терминолог-ғалым  
Ө. Айтбаевтың еңбегінде атап өтілген.  
Әйтпесе,  аталған  ойларға  дәлел  ретінде 
соңғы  кезеңде    қалыптасқан  тістелгіш,  ине 
сауыт, оқырман, әсірелеу, кішірейту, қаржы, 
құқық,  заңгер,  қорғаушы,  айыптаушы, ‰нем, 
‰немшілдік,  ем,  емхана,  мағыналас  сөздер, 
несие,  қор,  сазгер  сияқты  әр  салаға  қатысты
 
толып жатқан терминдерді, олардың термино-
логиялық  өрістердегі  қолданысын  мысалға 
келтіруге болады. 
Жинақтай  келгенде,  аударма – терминжа-
сам  шығармашылығында  қазақ  тілінің  м‰м-
кіндіктерінің,  термин  жасуашы  тәсілдерінің 

180                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
бірі. Сондай-ақ, ұлттық  терминжасам негізі – 
ұлттық  психология.  Ұлт  пен  тілдің  бірлігі 
жөніндегі  қағиданың  тіл  білімінде  әлдеқашан 
айтылып,  бұл  к‰нде  орнығу  дәрежесіне  дейін 
жететін  уақтысы  болған  сияқты.  Бұл  тұды-
рымды кезінде әйшілі тілші В.фон Гумбольд-
тың  дәлелдеп  кеткені  тілші  ғалымдар  ‰шін 
жаңалық  емес.  Ол  өз  сөзінде: «Тіл – сөйлеу 
арқылы  ойды  жеткізу  ‰шін  тұрақты  қайта-
ланып  отыратын  рухтың  к‰ші».  Демек,  әрбір 
ұлт өз тілінің шеңберімен қоршалған.  
Осы  қағиданы  белгілі  қазақ  тілшісі,  ака-
демик  Ә.  Қайдаров  та  нақтылай  т‰сіп,  тілдің 
ұлттық ерекшеліктерге сай қалыптасатын қыз-
метінің арқасында ұлт туралы толық мағлұмат 
алуға  болатындығын  айтып  өткен  еді.  Тілдің 
ұлтқа  қызмет  етуі,  ұлтпен  тығыз  бірлікте 
кумулятивтік  қызметін  ашып  көрсетуі  де 
маңызды.  Өйткені,  тілдің  негізгі  қызметтері-
нің  бірі  ретінде  мәдени  құндылықтарды 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Тілдің бұл қызметі 
терминологиялық  тұрғыдан  да  ‰лкен  қажет-
тілікке ие 
5, 176. 
Терминдерді  ұғымдар  ж‰йесінің  өзіндік 
ерекшелігін,  әр  ұғымның  айрықша  белгісін 
жақсы  білетін  салалық  мамандар  жасайды. 
Бірақ  әр  маман  өзінше  термин  жасап,  өз  тер-
минін  қолдануға  тиісті  емес  екендігі  бар-
шамызға  т‰сінікті  жайт.  Солай  бола  тұрса  да 
термин жасауда осындай әрекетке жол беріліп 
отырғандығын жасырудың орны жоқ. 
Соңғы  жылдары  ғылым  мен  техниканың 
белгілі  бір  салалары  бойынша  жарық  көрген 
терминологиялық  сөздіктерді,  оқулықтарды 
салыстыру  арқылы  оған  анық  көз  жеткізуге 
болады. Бір ғана  термин т‰рліше аударылып, 
әр  сөздікте,  әр  т‰рлі  деңгейдегі  оқулықтар 
мен  ғылыми  еңбектерде  т‰рліше  қолданылып 
ж‰р.  Мәселен,  мына  төмендегі  терминдер 
сондай  бірізділіктің  жоқтығын  дәлелдейді: 
консенсус-бәтуә,  мәміле,  келісім,  жалпы  пі-
кір;  баланс-дәргей,  теңгерім;  скидка – шеге-
рім,  шегерме,  кеміту,  жеңілдік,  спонсор  –де-
меуші, мияткер, қолдаушы; вклад – салымшы, 
аманат  ақша;  вкладчик – салымшы,  аманат-
шы,  аманат  ақша  иесі,  доход – кіріс,  табыс; 
ценная  бумага – құнды  қағаз,бағалы  қағаз,; 
приоритет – артықшылық,  басымдылық,  ба-
сым;  компетенция - құзыр,  құзырет;  ам-
нистия – рақым, рақымшылдық т.б. 
Мұндай  жарыспалықты  арнаулы  салалар-
дың  кез  келгенінен  дерлік  кездестіруге  бо-
лады.  Олардың  ішінде  терминкомның  ресми 
бекіткеніне  қарамастан  бірізді  қолданылмай 
ж‰ргендері  де  бар.  Мәселен,  демеуші,  г‰лша-
нақ,  отбасы  сияқты  терминдер  сол  қатарға 
кіреді. 
Сондай-ақ  көптеген  терминдердің  тер-
минология  комиссиясы  бекіткен  қазақша  ба-
ламалары  бола  тұра  тұрақты  қолданылмай 
немесе  бұрынғысынша  шет  тілдеріндегі  нұс-
қалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы, 
әлеует  (потенциал),  мәртебе  (статус),  көлік 
(транспорт),  мәтін  (текст)  мұрат  (идеал), 
өтем  (компенсация),  сынып  (класс)  тәрізді 
терминдерді осы топқа жатқызуға болады.  
Термин  жасау,  жасалған  терминдерді  қа-
лыптастыру – ‰немі қадағалап,  реттеп  отыру-
ды  қажет  ететін  өте  жауапты  жұмыс.  Олай 
болмаған жағдайда терминологиядағы ж‰йелі-
ліктің,  реттіліктің  бұзылары  сөзсіз,  термино-
логиямыздағы  бірізділіктің  сақталмай  әр  ав-
тордың  өзінше  термин  жасап  немесе  қалаған 
терминін  қолдануы  оны  ‰йлестіру  жұмысы-
ның  әлсіздігінен,  өкілетті  орындарын  өз  қыз-
метін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан 
деп білген жөн 
5, 176. 
Терминнің  жасандылығын  мойындамау – 
ол  тілдің  қызметін  дұрыс  т‰сінбеу,  басқаша 
айтқанда,  тіліміздегі  сөзжасам  тәсілдерінің  іске 
қосылуына кедергі жасай отырып, сол арқылы 
ұлттық  тілдің  жетілуіне,  дамуына  тосқауыл 
болу  деген  сөз.  Керісінше,  тілдің  сөзжасам 
(терминжасам)  тәсілдерінің  ашылмаған  м‰м-
кіндіктерін тауып, ұлттық тілдің баюына  ‰лес 
қосу – тілші  ғалымдардың  төл  міндеттерінің 
бірі  болуға  тиіс  деп  ойлаймыз.  Бірақ  жасан-
дылықты  ‰стірт  т‰сінуге  де  болмайды.  Бұл 
жөнінде  терминолог  ғалым  В.А.  Татаринов-
тың – «... специальная лексика искусственно с 
точки зрения своего происхождения», – деген 
пікірі  орынды айтылған 
6, 133. 
Төл  сөздеріміздің  негізінде  жасалған  тер-
миндердің  мағынасы  тар,  олар  терминделуші 
ұғымды  дәл  бере  алмайды  дегенге  кедер 
болсақ,  бұл  пікірдің  де  көп  жағдайда  ‰стірт 
айтылып  ж‰ргендігін  олар  атауды  қажет  етіп 
жататындығы белгілі. Жалпы тілде бәрінің де 
бұрыннан  өз  атауы  бар.  Сондықтан  жаңа 
ұғымдарға ат қою кезінде тілде бұрыннан бар 
атаулар  пайдаланылады.  Яғни,  терминделуші 
ұғымға  ат  қою  қашанда  екінші  атаулау  (но-
минация)  процесінің  нітижесі  болып  табы-
лады.  Термин  саналы  т‰рде  жасалатын  жа-
санды  сөз  болғандықтан,  оның  жасалуына 
негіз болған тілде бұрыннан бар сөздің мағы-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          181 
 
насын  таралтуға  да,  оған  қосымша  мағына 
‰стеуге  де,  сондай-ақ  сол  сөздің  негізінде 
жаңа сөз жасауға да болады. 
Ұғымның дәл  берілмеуі туралы сөз қозға-
ғанда,  ұнамды  дәл  беру  дегеннің  не  екенін 
айтпауға болмайды. Сөздің ұғымды дәл беруі 
деп  біз – ұғым  белгілерінің  ішіндегі  сол 
ұғымды  өзге  ұғымдардан  айрықшалайтын 
өзіне  тән  ең  басты  белгілерін  оның  атауымен  
ұштастыра  білуді  т‰сінеміз.  Терминнің  сәтті 
немесе  сәтсіз  жасалуы  осыған  орай  тікелей 
байланысты.  Алайда,  терминологияда  ұғым-
ның негізгі белгілері терминнің дефинициясы 
арқылы  көрсетілетінін  де  ескеруіміз  керек. 
Термин  жасау  барысында  шарттылаққа  көп  
жол берілетіндігіне оның дефинициясының да 
әсері бар. 
Қазақ тіл білімінде шарттылық мәселесіне 
көңіл  аударған  ғалым-академик  Ә.  Қайдаров. 
Ол  өзінің  «Қазақ  терминологиясына  жаңаша 
көзқарас»  деген  еңбегінде  қазақ  терминология-
сының  қағидаттарының  бірі  ретінде – дәст‰р 
мен шарттылық қағидатын ұсынады [5, 176]. 
Терминделуші ұғымды сөзбен таңбалау ке-
зінде  жасандылықтың,  шарттылықтың  бола-
тындығы сөзсіз. Бірақ, одан жаңа ұғымды кез  
келген  сөзбен  белгілей  беруге  болады  деген  
 
т‰сінік тумауға тиіс. Термин жасау барысында 
қаншалықты  шарттылық  болғанмен  де  тілде 
бұрыннан  бар  сөздің  мағынасына  с‰йенуге 
жаңа ұғыммен салыстыруға тура келеді. 
Термин – ғылым  мен  техниканың  белгілі 
бір  саласында  қолданылатыны  себепті  тер-
миндерді әр саланың өз  мамандары жасайды. 
Ал  олардың  жасаған  терминдерін  т‰зеп, 
дұрыстап  отыру – тіл  мамандарының  міндеті 
болмақ. 
_____________ 
1.  Авакова  Р.  Фразеологиялық  семантика. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2002. – 201 б. 
2.  Сайрамбаев  Т.С.  А.  Байтұрсыновтың    қазақ  тілі 
саласындағы  еңбектері  туралы // Қазақстан  мұғалімі. – 
1989, наурыз – 3. 
3.  Оралбаева  Н.  Аудармадағы  фразеологиялық  құбы-
лыс. – Алматы, 1975. – 213 б. 
4.  Ғабитханұлы  Қ.  Шетелдегі  қазақтардың  термин 
жасау  ‰рдісі  және  қазіргі  проблемалары // Қазақ  термино-
логиясының өзекті мәселелері. – Астана, 2002. – Б. 45-49. 
5 Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері 
мен  терминжасам  тәсілдері. – Алматы:  Сөздік-Словарь, 
2005. – 238 б. 
6.  Әбдірәсілов  Е.  Қазақ  терминографиясының  ж‰йесі. 
– Астана, 2005. – 205 б. 
7.  Азаматова  А.Х.  Метаязык  лингвистики. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2008. – 308 с. 
8.  Білалов  Ш.  Ұлттық  ғылым  тілі  негіздерін  қалып-
тастыру  (математика  саласы  бойынша):  филол.  ғыл.  докт. 
... автореф. – Алматы, 1997. – 260 б.  
 
А. Шыныбекова 
В  данной  статье  рассматривает  термины,  которые  состоят  из  словосочетании,  а  также  способы  образования 
терминов в казахском языке. Терминообразования в казахском языке, в том числе синтаксические термины, проф. 
Т.Сайрамбаев в своих научных трудах описывал состояние и определил виды терминов словосочетания, их роль в 
современной  терминологии,  актуальность  его  исследовании  в  области  лингвистических  терминов  в  казахском 
языке. 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет