Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет30/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61

 
Г. Темирбекова 
Лексическое и грамматические знаки назывного предложения 
  
В данной статье рассматриваются лексическое и грамматические знаки назывного предложения в казахском языке.  
 
G.  Temirbekova 
Lexical and grammatical signs of denominative sentences 
 
This article discusses the lexical and grammatical signs of denominative sentences. 
 
                                                                 
 
А. Т. Тураева, 
ОҚПУ доценті, ф.ғ.к 
 
ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІНІҢ БЕЛГІЛІЛІК МӘНГЕ ҚАТЫСЫ 
 
 
Қазақ  тілінде  нақтылы-жақты  сөйлемдер  
1  және 2-жақ  тұлғасындағы  есімдіктер  ар-
қылы  көрініс  табады.  Мен,  сен,  біз,  сіз  есім-
діктері  бастауыш  қызметінде  жұмсалған  сөй- 
лемдер әрдайым нақтылық мәнде жұмсалады, 
себебі  аталған  есімдіктер  сөйлеу  актіне  қа-
тысушыларды  білдіріп,  ең  анық,  нақты,  бел-
гілі болып табылады.  
1-жақ жіктеу есімдіктерінің мағынасы нақ-
ты, анық болып келеді. 
Мынадай сұрапыл кезде бұл қалада тұрып 
болар  емес, 
мен кеттім, бұл топан басылған 
к‰ні сатармын (Ә.Кекілбайұлы, Кек. 69-бет).  
Бұл жығылғаны
, мен жеңдім, - деп сарта-
байды  салсын  кеп  (Ә.Кекілбайұлы,  Бәсеке. 
166-бет).  
Астапыралда!  Қаза  қылған  к‰ндерім  де 
болған екен. Бірақ оған 
мен жазықтымын ба?  
(Аймауытов  Ж.  Шығ. 2-том. 133-бет.).Мен  өз 
еркіммен  сенің  етегіңнен  ұстауға  ырзамын, 
мырзам, мен сенен қалмаймын, мені алып кет, 
әйтпесе  мен  өлемін! – деп  безектеді  (Ай-
мауытов Ж. Шығ. 2-том, 221-бет.). 
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құ-
лақтау,  жарбақтау,  кірпі  шаш,  қырыс  маң-
дай,  қара  сұр  жігітпін.  Жасым 35-те.  Әкем  
Тойбазар,  өзім  Мұқаш  болғалы  аузым  асқа,  
 
ауым  атқа  жарыған  емес.  Ес  біле  есікте 
ж‰рдім.  
Ә дегенде құны жоқ, былық, сараң, жаман 
Төлеубай  дегеннің  қозысын  бақтым.  Ел  жай-
лауда,  көк  шалғында қымызға  қызып,  гуілдеп, 
мас  боп  жатқанда,  мен  босағады  отырып, 
жырық  сары  тостағанмен  саумал  ішіп, 
дамбалым  борша-борша,  шекпенім  өрім-өрім 
болып, жалбаңдап, ‰й іздеген қозыны ауылдан 
шығара алмай, дедектеп, кейіп, жыламсырап 
ж‰ргенім.  Балалар  алтыбақан  теуіп,  ақс‰йек 
ойнап,  шуылдасып,  асыр  салып,  қой  к‰зетіп, 
өлең айтып, думан қып жатқанда «таңертең 
оянбайсың, жат» деген байдың зекуін естіген 
соң,  қара  інгеннің  қолаңса  сасыған  жабуын 
оранып, ‰й  жанында  б‰к  т‰сіп  жатқаным. 
Әсіресе  шырт  ұйқыда  жатқанда: «Тұр,  қозы 
ағыт!»  деп  байдың  б‰йірден  теуіп  оятқаны-
ақ  жаныңа  батады-ау.  Амал  жоқ,  б‰рсеңдеп 
ж‰ріп қозы ағытып, бір тостаған іркіт ішіп, 
көзіңді уқалап жөнелесің. К‰н қызғанша ж‰гі-
ріп,  қашқан  қозымен  арпаласып,  айғайлап, 
тас  жіберіп  ж‰ргенің  (Аймауытов  Ж.  Шығ. 
156-бет). 
Бірінші жақ тұлғалы есімдік сөйлемде бел-
сенді субъект болады, сол себепті мұндай жік-
теу  есімдіктер  белгілілік  мәнінде  ғана  жұм-

172                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
салады.  Э.Кинэн  жіктеу  есімдіктерін  «рефе-
ренттілігі  жоғары», ‰немі  бастауыш  қызме-
тінде  жұмсала  алатын  тілдік  құралдар  деп 
есептейді  [1].  
Екінші  жақтық  жіктеу  есімдіктерімен  са-
лыстырғанда,  бірінші  жақ  тұлғалы  есімдіктер 
жиі т‰сіп қалатынын байқауға болады.  Бұл 1-
жақ  тұлғаларының  мағынасының  тұрақтылы-
ғына,  белгілілік  мәнінің  к‰штілігіне,  прагма-
тикалық  ерекшеліктеріне  байланысты  болса 
керек.  Себебі  олар  т‰сіп  қалса  да,  олардың 
нақтылы-жақтық мәні өзгермейді. Мысалы:  
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім.  
Ер жеткен соң т‰спеді уысыма  
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы  
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім.  
Адамның бір қызығы – бала деген,  
Баланы оқытуды жек көрмедім, – 
деп  келетін  өлең  жолдарында  «мен»  есімдігі 
жасырын  келгенімен,  өлең  жолдарының  со-
ңындағы  бірінші  жақ  тұлғалы  етістік  арқылы 
«мен»  есімдігінің  мәні  беріліп  тұр.  Сол  ар-
қылы  тұтас  сөйлем,  сөйленімдер  белгілілік 
мәнінде,  нақтылы-жақтық  мәнде  қолданыл-
ған.  
Бұл жерде есімдіктің қажеті де жоқ. Себебі 
етістік тұлғасынан-ақ оның қай жаққа қатысты 
екені  анық  көрініп  тұр.  Ф.И.Буслаев  мұндай 
сөйлемдерді  толық,  екі  құрамды  сөйлемдерге 
жатқызады  [2, 272-273 бб.].  Т.В.  Булыгина 
мен А.Д.Шмелев мұны персоналды дейксиске 
жатқызады  [3, 319-320 бб.].  
Ғалым  Ж.Сәдуақасұлы 1-жақ  тұлғалы 
есімдіктердің  өзіндік  ерекшелігі  туралы  айта 
келіп, былай дейді: «1-е лицо ед. числа в прямом 
значении  указывает  на  отношения  граммати-
ческого предиката с субъектом в форме лица-
информанта, от которых ведется информация: 
употребление-неупотребление  местоименния 
«мен»  в  функции  грамматического  субъекта 
придает  высказыванию  различную  стилисти-
ческую окраску» [4,с.97].   
Көпше  тұлғалы    1-жақ  етістік  тұлғалары-
ның  мәні  жекеше  тұлғалы 1-жақ  тұлғалары-
мен  салыстырғанда,  біршама  жалпы  да  к‰р-
делі болып келеді.  Сол себепті оларда нақты-
лық, даралық жоқ.   
Мысалы:  
Былай тұршы, 
біз де көрейік, - деп етікші-
нің  пышағын,  бізін,  балғасын,  кемпірауызын 
ұстап,  қамалап  жатқан  еркектерді  кимелеп, 
біреуінің қолынан кебісті жұлып алып қарады 
(Аймауытов Ж. Шығ. 2-том, 10-бет). 
Қазынаның  көк  арбасына  шаңырақ  м‰йіз 
екі  дәумытты  жегіп,  біз  қаладан  шыққанда

сарғылт-қызғылт  сәулесі  селдір  орманның 
басын  жалап,  қырк‰йектің  қырқылжың
  к‰ні 
ұясына  таянып  еді  (Аймауытов  Ж.  Шығ. 2-
том, 113-бет). 
Біз  сахна  жақта  домбырамызды  к‰йлеп, 
тамағымызды кенеп, кісілерімізді жинап, жа-
ғамызды  т‰зеп,  шашымызды  тарап,  нәрселе-
рімізді  қрып,  шала  б‰лініп
,  жанталасып  жа-
тырмыз (Аймауытов Ж. Шығ. 2-том, 125-бет). 
Келтірілген  сөйлемдерде 1-жақ  көпше 
тұлғалы  есімдік  бірнеше  адамға  ортақтықты 
білдіреді. Сол арқылы біз есімдігі мен сияқты 
белгілілікті  нақты  білдіре  бермей,  жинақтау-
шылық,  жалпылық  сипат  алатынын  көреміз. 
Сонымен  қатар  сыпайы  сөйлеу  ерекшеліктері 
бойынша, кейде біз есімдігінің жекеше тұлға-
да қолданылатын тұстары кездеседі. Мысалы, 
ресми ортада мен есімдігінің орнына біз есім-
дігін  қолдану  жиі  кездеседі.  Бұл  туралы 
Н.Ильминский: «Относительно личных место-
имений  должен  заметить‚  что  сказать  о  себе 
мен‚ а другому сен было бы неприлично в раз-
говоре  с  высшим  или  младшему  со  старшим. 
Скромность  и  вежливость  требуют  сказать 
вместо  того:  біз‚  сіз.  Таким  образом‚  эти  два 
слова  в  киргизском  языке  должны  назвать 
вежливым  единственным  числом»‚ – деп  жа-
зады    [5].  Біз  есімдігінің  контекстке  байла- 
нысты  қандай  мәндерге  ие  болатыны  туралы 
Ж.Сәдуақасұлы  [4] еңбектерінде  сөз  болған-
дықтан,  олардың  мағыналық  ерекшеліктері- 
не  тоқталудың  қажеті  бола  қоймас  деп  есеп-
тейміз.  
Субъект-зат  тұлғалы  сөйлемдер  көпше 
т‰рде  адам  мағынасында  ғана  жұмсалатынын 
байқаймыз. Мысалы:  
Қазынаның  көк  арбасына  шаңырақ  м‰йіз 
екі  дәумытты  жегіп
,  біз  қаладан  шыққанда
сарғылт-қызғылт  сәулесі  селдір  орманның 
басын  жалап,  қырк‰йектің  қырқылжың
  к‰ні 
ұясына  таянып  еді  (Аймауытов  Ж.  Шығ. 2-
том, 113-бет). 
Сиыр  салғаннан  қораның  ығына  қарай 
жөнеледі; біз: “Әк, өк, ой сасық!” деп сиырды 
желге қарай қайырамыз (Аймауытов Ж. Шығ. 
2-том, 89-бет.). 
Өзенде ау құратын тағы бір оңтайлы жер 
барды. Соған 
біз де ау салайық деп, әкем екеу-
міз  ‰лкен  ау  тоқып  едік,  өзіміз  соғып  берген 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          173 
 
‰лкен сабан ‰йден Иттіс бізге жасақ жіберді 
(Аймауытов Ж. Шығ. 2-том. 232-бет.). 
Біз  айғайлап,  ж‰гіріп,  қарға  малтығып, 
жылып,  кейін  ж‰гіріп  қойға  таман  қайы-
рамыз (Аймауытов Ж. Шығ. 2-том, 90-бет). 
Екінші  жақ  тұлғалы  есімдіктердің  белсен-
ділігі  сөйлеуші  тарапынан  берілетіндіктен, ол 
нақтылауды қажет етеді.  Сол себепті сен, сен-
дер,  сіз,  сіздер  есімдіктері  жиі  қолданылады. 
«Местоимение  ты – это  не  только  специаль-
ный  показатель  адресата  речевого  акта,  но  и 
опосредованный  выразитель  субъективности 
повествования, который отреженно свидетель-
ствует  о  самом  говорящем,  о  его  эксплицит-
ном  присутствии  в  данной  речевой  ситуации.  
Местоимение  ты  выступает    в  обязательной 
коммуникативной  связи  с  я,  так  или  иначе 
представленном  в  высказывании  или  за  его 
пределами – в  ответных  репликах  адресата  
[5,с. 52].  
Бірақ 
сен алты ж‰з ділдені аю тырнақты 
ашулы мысыққа төледің, 
сен жаман саудагер 
екенсің,  одан  да 
сен  мені  сәнді  С‰лейменге 
сат,  ол  саған  маған  төлеген  алтыныңнан  екі 
есе  артық  төлейді  (Аймауытов  Ж.  Шығ. 2-
том, 212-бет). 
Екеуі  жеті  к‰н,  жеті  т‰н  саудаласады, 
сегізінші  к‰н  дегенде  Оспан  Әлі  қызын  шақы-
рып  алып,  қанды  көзге  қатындыққа  бергелі 
отырғанын  айтты,  қанды  көзден  алған  шө-
меле  алтынды  нұсқап: – Қызым, 
сен  бұған 
мақтануың  керек,  өйткені  біздің  ата-баба-
мыз Д‰біржіні мекен қылғалы ешбір адам қа-
лыңға  мұнша  алтын  төлеп  көрген  жоқ  еді 
(Аймауытов Ж. Шығ. 2-том, 211-бет). 
“Мені  жіберме,  ана!  Мен  құшқандай  сен 
де  мені  қолдарыңмен  мықтап  құшып
,  жібер-
ме!” дегендей көрінді (Аймауытов Ж. Шығ. 2-
том. 225-бет.). 
Таңасып тұрған байдың екі атына екеуміз 
мініп,  қала  қайдасың  деп,  тартқанымыз  ғой. 
Сен  қыз  алып  қашып  көрген  жоқсың  ғой? 
(Аймауытов Ж. Шығ. 2-том. 130-б.). 
Сөйлеу  әрекетіне  қатысушыларды  тікелей  
көрсететіндіктен, 2-жақ жекеше тұлғалы есім- 
 
діктер  белгілілік  мәнін  білдіреді.  Ал  көпше  
тұлғада қолданылған кезде 1-жақ жіктеу есім-
діктері сияқты олардың да жалпылық сипатқа 
ие болатынын байқауға болады. Мысалы:  
Тек  «әй,  осы 
сендер  не  істедіңдер,  әй?»— 
дегендей пілте шам ғана жыпылық-жыпылық 
етеді (Ә.Кекілбайұлы, Көз жасы, 54-бет).  
Ал, бозбалалар! 
Сендер де айтыңдар! Қыз 
екеш  қыз  да  айтып  келеді, - деп  кеу-кеулеген 
соң  Мұсатай,  Әйтікен сияқты бозбалалар  да 
керіліп,
  ырғалаңдай,  көзін  ашып-жұмып,  ай-
ғайды салып, б‰гінгі көшті ойын-сауық қылып 
жіберді (Аймауытов Ж. Шығ. 2-том, 20-бет). 
Сендер де азамат емессіңдер ме?” деп әжем 
де  бізді  мардамсытып
,  омырауымызды  уық-
тың ала бауларын жалғап, мықтап таңып жа-
тыр еді (Аймауытов Ж. . Шығ. 2-том, 91-бет). 
Сонымен  қатар  мен,  сен  есімдіктері  теңеу 
жұрнақтарымен  қолданылған  кезде  де  белгі-
лілік мәннің жалпылануы байқалады. Мысалы:  
Тұмсықтыға  шоқытпаймыз
,  азулыға  тіс-
тетпейміз...  Сендей  әйелдің  талайын  құт- 
қардық, көзін аштық!..-деп ауылды кезіп ж‰ріп 
айқайлайды  (Аймауытов  Ж.  Шығ. 2-том, 197-
бет). 
Келтірілген  мысалдарда  мендей,  сендей 
есімдіктерінің  мағынасы  мен  сияқты  бірнеше 
адам,  сен  сияқты  бірнеше  адам  мәнінде  жұм-
салып, сол арқылы жалпылық сипат алып тұр.  
Белгілілік  ұқсас  заттардың  ішінен  даралап, 
ерекшелейтіндіктен,  бұл  қолданыста 1, 2-жақ 
тұлғалы есімдіктердің белгісіздік мәнге қарай 
ойысуын көреміз. 
_____________  
1  Кинэн  Э.Л.  К  универсальному  определению  под-
лежащего //Новое в зарубежной лингвистике Вып. 11.- М.: 
Прогресс, 1982. – С.236-276.   
2  Буслаев  Ф.И.  Историческая  грамматика  русского 
языка. –М.:Учпедгиз, 1959. - 523с. 
3  Булыгина Т.В. Шмелев А.Д. Референциальные, ком-
муникативные  и  прогматические  аспекты  неопреде- 
ленноличности  и  обобщенноличности // Теория  функцио-
нальной  грамматики.  Персональность.  Залоговость.  Спб, 
1991. 
4  Садуахасов Ж. Категория лица глагола в казахском 
языке: дисс. канд. фил. наук. Алма-Ата, 1987. -164с.  
5  Ильминский Н. Материалы к изучению киргизского 
наречия. -Казань‚ 1860. – С.14-26. 
 
А. Тураева 
Соотношение личных местоимений   к категории определенности 
 
В  данной  статье  рассматривается  отношение  личных  местоимений  к  категории  определенности  в 
казахском языке. 
A. Turaeva 
Relation of personal pronouns to the category of certainty 
 
This article discusses the relation of personal pronouns to the category of definiteness in the Kazakh language. 

174                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Ғ. Б. Шойбекова, 
ҚазМемҚызПУ доценті, ф.ғ.к., shoibekova_gaziza@mail.ru
 
 
СӨЗЖАСАМНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТӘСІЛІ 
 
 
Сөзжасамның  семантикалық  (конверсия-
лық)  тәсілі – ең  көне  тәсіл.  Себебі  конвер-
сияның  негізінде,  өзегінде  мағына  жатады. 
Қазақ  тілі – мағыналық  құрылымға  с‰йенген 
тіл.  Сондықтан  тілімізде  мағыналық  жақтан 
дамыған сөздер көптеп саналады.  Транспози-
цияланған  сөздерді  семантикалық  аспектіден 
қарастырған  дұрыс.  Бұл  ‰шін  сөз  таптарын, 
оның  құрамындағы  сөз  мағыналарының  сәй-
кестігін салыстырмалы т‰рде зерттеу қажет.  
Сөздердің  заттық,  сындық,  сапалық,  сан-
дық,  қимыл  мағыналарына  ауысуы  уәжделу 
негізінде іске асады. Тілдегі сөздердің заттық 
мағынаға  көшуі  жайлы  т‰ркологтар  Н.А.Бас-
каков,  А.Н.Кононов,  Н.К.Дмитриев,  Э.В.Се-
вортян, Б.М.Юнусалиев, Б.А.Орузбаева айтып 
өткен  болатын.  Ескерткіштерді  зерттеу  бары-
сында  ғалымдар  есімдер  мен  етістіктердің 
тұлғалық жағынан бөлінбегенін байқаған. Сол 
процесс  осы  к‰нге  дейін  жалғасып  келеді. 
Кейінгі  зерттеулер  бұл  құбылыстың  көне  ес- 
керткіштер құрамында ғана емес, қазіргі т‰ркі 
тілдерінің  барлығында  дерлік  кездесетіндігін 
айтып ж‰р.  
Алғашқы  кезде  адамзаттың  тілді  қолда-
нуында  сөздер  ешқандай  категорияға  тәуел-
денбеген.  Қазақ  тілінде  мағыналары  дамуы 
нәтижесінде  сөздер  транспозицияланып,  зат-
тану,  сын-сапалану,  сандану,  шылаулану, ‰с- 
теулену,  етістіктену,  есімдену  процестерін  бас-
тан  кешіреді.  Сөйтіп  қазіргі  тіл  тұрғысынан 
бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады.  
Қазақ тіліндегі сөздерді сөз таптарына бөлу-
дің  алғашқы  соқпақтарын  салған  Н.И.  Иль-
минский,  П.М.  Мелиоранский  екендігін  лин-
гвист  ғалым  Т.Қордабаев  өз мақаласында жа-
зады.  Ал  қазақтың  төл  ғалымдарының  іші- 
нен  морфологиялық  құрылым  жайлы  жазыл-
ған  еңбектің  бастауы – А.Байтұрсыновтың 
1920  жылы  жазылған  “Тіл – құрал”  атты 
оқулығы. Ол сөздерді атауыш сөздер мен шы-
лау  сөздер  және  одағай  сөздер  деп  ‰ш  топқа 
бөледі: 
Атауыш  сөздерге:  зат  есім,  сын  есім,  сан 
есім, есімдік, етістік жатса; 
Шылау сөздерге: ‰стеу, демеу, жалғаулық; 
 
 
 
Одағайға:  еліктеуіш,  лептеуіш  сөздерді 
жатқызған [1]. 
Бұл к‰нде тіл біліміндегі сөз таптары кате-
гориясы  біршама  зерттеліп,  толық  граммати-
калық категория екені айқын болып отыр. Сөз-
дердің  бір  категориядан  екінші  категорияға 
өтуін  зерттеудегі  аса  тиімді  жол – семан-
тикалық  сөзжасам.  Осы  категориялардың  се-
мантикасы  мен  қызметі  бір  арнаға  тоғысуы 
керек. Егер де сөздердің мағынасы заттың, са-
паның,  қимылдың  жеке  лексика-граммати-
калық  категориялардың  абстракциялануы, 
уәжделуі арқылы пайда болса, ол тілдің дамы-
ғандығын көрсетеді.  
Қазақ  тілінде  төс  (адамның  м‰шесі),  төс 
(құрал), төс+е (қимыл атауы), без (адам дене-
сіндегі  зат),  без  (шошыну),  без  (қашу,  зыту), 
жел  (табиғи  құбылыс),  жел  (ж‰гіру,  желу), 
жел  (суықтан  болатын  ауру)  сөздерінің  т‰бір 
к‰йінде, омонимдік қатар құрып бір т‰бір сөз-
дің қимылдық мағынада да, атаулық мағынада 
да келіп ұғынылатындығын сөзжасам саласын 
зерттеп  ж‰рген  ғалымдар  жазып  ж‰р.  Көне 
тілімізде етістік – есім корреляттары молынан 
кездеседі.  Қазіргі  біздің  тілімізде  қолданып 
ж‰рген  семантикалық  тәсілмен  дамыған  сөз-
дер – сол байырғы, көне ғасырлар жемісі. Б‰-
гінгі  тіліміздің  жай-к‰йінде  мұндай  процесс 
өте  аз  ж‰реді,  себебі  біздің  б‰гінгі  тіліміз 
жалғамалылық дәуірінде өмір с‰ріп жатыр.  
Қазіргі  қазақ  тілінде  сындық  мағынада 
қолданылып  ж‰рген  жөн  сөзінің  транспози-
цияланып, семантикалық тәсіл арқылы дамуы. 
Жөн  І. 1. Жай,  әншейін.  Жөн  жерге  қыз 
бермейді Балта бабаң, Грубиян  әлің ‰шін бір 
тамам.  Шаңменен,  Сәметпенен  құда  болған, 
Япыр-ау, Құлжекеңмен біз-ақ жаман (Айтыс). 
2. Мән-мәніс, сыр, жағдай.  Есітсем ‰нін, Біл-
сем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып (Абай). 
3. Ыңғай, рет, орын.  Е, алса несі бар? Бәйгіні 
Ысқақ  емес,  мен  алатын  жөнім  емес  пе?-деді 
Ыдырыс  жалтаңдап  (С.  Сейфуллин,  Шығ.).  
4.  Дұрыс,  ақиқат,  әділ,  шын,  рас.  Бөжей  өз 
ішінен: “Шариғат  та  жөнге,  шынға  қарайтын 
шығар, ақай жоқ, ноқай жоқ, көрінгенге бұйда 
бере  бермес” (М.  Әуезов,  Таңд.  шығ.). 5. Кім 
екендігі, шыққан тегі, аты-жөні, жай-жапсары. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          175 
 
Ақсақал, жөніңізді айтыңызшы, кім боласыз?-
дедім мен өтінген пішінмен (Қазақстан). 
Жөн  ІІ.  Жол,  жоралғы,  әдет-ғұрып.  Жол-
дан,  жөннен  сен  адасты  екен  деп,  адаса  алма 
алмаймын,  ел  адаса  алмайды  (А.Ханкелдин, 
Қараторғай) [ҚТТС]. 
Қазақ  тілінің  т‰сіндірме  сөздігінде  беріл-
ген  мағыналары  шартты  т‰рде  қазіргі  қазақ 
тіліндегі  мағыналары  деп  аталады.  Шартты 
дейтін  себебіміз,  бұл  т‰сіндірме  сөздің  де 
шыққанына  жарты  ғасырдың  ж‰зі  болыпты. 
“Елу  жылда  ел  жаңа,  ж‰з  жылда    қазан”  де-
мекші,  тіл  де  осы  жылдар  ішінде  тоқтаусыз 
даму  ‰стінде  болды.  Сөйтіп  ол  мағыналар  да 
тарих  қойнауында  қалып  бара  жатыр.  Енді 
көне  т‰ркі  тіліндегі  мағыналарымен  салыс-
тырып көрейік: 
Jon  Способ,  манера  поведения,  яғни  жөн, 
жол,  өзін-өзі  ұстауы,  әдеті  [ДТС].  Бұл  тұр-
ғыдан  келгенде  қазақ  тіліндегі  жөн  ІІ  мағы-
налы сөзбен қатар тұра алады. Қазіргі тіліміз-
дегі  жол,  жоралғы,  әдет-ғұрып  мағынасының 
т‰п  негізі  көне  т‰ркі  тіліндегі  jon  сөзінде 
жатыр  екен.  Ал  қалған  мағыналары  тілдің 
даму барысында семантикалық жолмен пайда 
болған. Сонымен бірге қазақ тілінде жөн сөзі 
жосық  сөзімен  тіркесіп  келіп,  жөн-жосық 
т‰рінде  де  айтылады.  Бұл  көне  т‰ркі  тілінде 
josun сипатында әдет-ғұрып, заң, ереже мағы-
насында  қолданылған  екен  [ДТС].  Осыған 
қарап, тілімізде жалпы мағынасы бірдей, бірақ 
жазылуы  өзгеше  болып  екі  сөзден  тіркесіп 
немесе  қосарланып  келетін  сөздер  тобы  бар 
екеніне  көз  жеткіземіз.  Мысал  келтірер  бол-
сақ,  киім-кешек,  бала-шаға,  жол-жоралғы  не-
месе  жөн-жоралғы,  т‰п-тамыры,  жөн-жосық, 
жолдас-жора,  жол-жөнекей  т.б.  Бұл  сөздерді 
семантикалық тәсіл арқылы жасалған деп айта 
алмаймыз, бірақ реті келіп отырған соң қозға-
лып  отырған  сөз.  Бірақ  бұл  жаңалық  емес, 
ғылымда танылған мәселе.  Ал жоғарыда кел-
тірілген josun сөзі  қазіргі  тілімізде  тек  диа-
лектілік сипатта ғана қолданылады екен: 
Жосын. диал. Әдет-ғұрып, салт. Бұрыннан 
келе жатқан жосынды білмейді екенсің [ҚТТС]. 
Бұл  сөз  мағынасының  қолданылу  аясының 
тарылғанын көрсетеді. Тілдің даму процесінің 
бірден-бір өлшемі осы.  
Сонымен,  жөн  сөзінің  семантикалық  да-
муында бірінші мағынаны заттық мағына ием-
денсе,  семантикалық  тәсіл  арқылы  дамудың 
нәтижесінде сындық мағына уақыт шеңберін-
де  пайда  болады.  Сөйтіп  транспозиция  нәти-
жесінде  сын  есім  сөз  табының  құрамы  толы-
ғады.  Алғашқы  заттық  мағына  көнеден  келе 
жатқан  әдет-ғұрып,  салт-сана,  ереже  болса, 
осының  негізінде  әбден  қалыптасқан  салт, 
әдет,  ережелер  дұрыстық  мәнге  көшіп,  сын-
дық мағынаны тудырады. 
Тіліміздегі кей заттардың денотаттық, сиг-
нификаттық  мағыналары  зат  пен  олардың  си-
патының  ерекшеліктерімен  байланысты.  Бұл 
көне  дәуірдегі  атау  сөздер – өз  бойларына 
заттық  ұғыммен  бірге  сын-сапа  ұғымдарын 
жинаған  грамматикалық  топ.  Осының  нәти-
жесінде көк – т‰с, көк –  аспан, көк – шөп; қара 
– т‰с, қара – қараңғылық, қара – зат (алыстан 
қара көрінді), қара – қимыл атауы – көздің қа-
рашығының қызметіне байланысты туындаған 
мағына  т.б.  сияқты  сөздер  сөздік  қорымызды 
молайтуда. Сарығ сын есімінің мағынасы сар-
ғаю,  сарылу  қимыл  мағыналарымен  тікелей 
байланысты.  Ұзақ  тұрған  соң,  к‰ткен  соң 
сарылып,  сарғаю  семасы  пайда  болған.  Сиг-
нификаттың  тууы,  қалыптасуы  есім  тұлға-
лардың  алғаш  сөйлем  ішінде  анықтауыштық 
қызметке  ие  болып,  соңынан  сындық  мән 
алуына  негізделеді.  Э.В.  Севортян  сын  есім-
дерді  зерттей  отырып,  олардың  екі  жолмен 
жасалатындығын  айтқан: 1) зат  есімдердің 
функционалды-семантикалық  трансформация 
жолымен; 2) аффикстер жалғану арқылы. 
Жөн,  қара,  көк,  сары  секілді  туынды  сын-
дық мағыналы сөздер ғалымның айтқан функ-
ционалды-семантикалық  трансформация  жо-
лымен  немесе  тіл  білімінде  т‰рліше  аталып 
ж‰рген  семантикалық  тәсіл  арқылы  жасалып, 
транспозицияланған. 
Т‰ркі  тілдерінің  салыстырмалы  морфоло-
гиясын  зерттеген  А.М.Щербак: “В  тюркском 
праязыке  прилагательные  не  имели  особых 
морфологических  показателей  и  самосущест-
вование  их  как  самостоятельного  лексико-
грамматического разряда имен вызывает боль-
шие  сомнения”, - деп,  т‰ркі  тілдеріндегі  сын-
дық мағыналы сөздердің ерекше морфология-
лық  көрсеткішке  ие  бола  алмағандығын  жа-
зады [2]. 
Қазақ  тілінің  тарихи  грамматикасын  зерт-
теген М.Томанов: “Сын есімдердің граммати-
калық  класс  ретінде  қалыптасуы  зат  есімдер-
мен  байланысты  құбылыс.  Зат  есімдер  зат 
жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да 
бойына жинақтаған грамматикалық класс бол-
ды”, – дейді [3]. Ғалымның  пікіріне  қосыла 
отырып, т‰бір сөздердің (т‰бір зат есімдердің) 

176                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
мағыналарының  кеңеюі,  жіктеліп,  саралануы 
нәтижесінде  мағыналық  байланысы  бар  сөз-
дер тілдің сөздік құрамын бірте-бірте молайт-
қан дегенін қолдаймыз. 
Сын  есімнің  тарихи  табиғаты,  сипаты  өте 
қызық.  Баға  берушілік  қабілеті  бар,  сын-сапаны 
білдіретін  сөздерді  адамдар  көбірек  пайдала-
нады.  Себебі  бір  затты  көргенде  немесе  бір 
құбылысты  байқағанда  адам  миына  сигнал 
барып,  өзі  көріп  тұрған  зат  пен  құбылыс- 
тың  ерекше  белгілерін  жинақтайды.  Ол  бел-
гілер  сыртқа  сөз  арқылы  шығып,  таңбала- 
нады.  
Қазіргі  тіліміздегі  конверсиялық  жолмен 
жасалған  сөздердің  табиғатын  ашуда  құры-
лымдық  жақтан  қарастыру  жеткіліксіз.  Бұл 
тәсілдің  айқын  сипаты  тек  семантикалық  қы-
рын тануда ғана ж‰зеге асатын іс.  Ал аффик-
сация тәсілі арқылы пайда болған сын есімдер 
жайлы  конверсиялық  тәсілдің  сын-сапалану 
процесін  зерттеген  Ж.Т.Сарбалаев: “Адъекти-
вация тәсілі арқылы сөз жасау, яғни сын есім-
нің  басқа  сөз  таптарынан  ауысып  келген  сөз-
дер  арқылы  толығуы  сын  есімнің  сөзжасам 
ж‰йесінде  аффиксация  тәсілі  пайда  болған- 
нан  кейін  бәсеңдеген”, – деп  жазды [4].  Қа-
зіргі  тіліміздегі  сын  есім  жасайтын  аффикстер-
дің көп болуы, өнімділігі осының айғағы.  
Тіліміздің  сөздік  қорында  сандық  мағы-
наны  беретін  сөздер  ерекше  тұрады.  Себебі 
тек сөзбен ғана емес, цифрмен белгіленіп, ма-
тематиканың да зерттеу нысаны болуында деп 
ойлаймыз.  Қазақ  тіліндегі  сан  есімдер  жайлы 
еңбек  арнаған  ғалым  Ә.Хасенов: “…сандық 
семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, т‰рік 
тілдеріндегі  негізгі  сан  атаулары  зат  есім-
дерден  бөлініп  шықты”  деген  жорамал  ай-
тады.  Сандық  мағынадағы  сөздердің  мән-
жайы, сипаты туралы әр т‰рлі болжамдар ай-
тылады.  Мысалы  “Сравнительно-историческая 
грамматика  тюркских  языков” (1986) атты 
кітапта сандану процесі тек сандық, көлемдік, 
мөлшерлік  ұғымды  зат  есімдердің  қолда-
нылуы  деп  т‰сіндіріледі.  Сандық  мағыналы 
сөздердің  дербес  сөз  табы  болып  қалыптасуы 
жайлы  профессор  М.Томанов  былай  деп 
жазды: “Бір кезде зат пен қимыл, әрекетті біл-
дірген  сөздердің  кейбірі  адам  баласының  ай-
наладағы  д‰ние  жайлы  ұғымдарының  диффе-
ренциялануына  адам  ойының  интеллектуал-
дық  өсуіне  байланысты  сан,  зат  пен  құбы-
лыстың  сандық  мөлшерін,  шамасын  білдіре 
бастауы әсте жат құбылыс емес. Екінші жағы-
нан,  басқа  сөз  таптарынан  сандық  мән  алып,  
сан  есімге  ауысқан  т‰бірлер  тілдің  даму 
барысында  өзара  бірігу  жолымен  немесе  аф-
фикстер арқылы к‰рделеніп отырған”. Қазіргі 
қазақ  тіліндегі  сан  есімнің  сөзжасам  ж‰йесін 
жеке  зерттеу  нысаны  ретінде  қарастырған 
ғалым  Н.Оралбаева  жалпы  сөзжасамда  сан 
есімнің  жасалуында    семантикалық  тәсілдің 
бар  екендігін  жазады.  Аталған  сөзжасамның 
тәсілі еңбекте арнайы сөз болмайды.  
Сандық  атаулар  заттық,  қимылдық  атау-
лардың  макросемаларынан  жіктелген.  Ұш ~ 
ұш ~ ұш және ‰ш ~ ‰ш сөздерінің транспози-
цияланып, семантикалық тәсіл арқылы дамуы. 
‡ш. Сан. Екіден кейінгі есептік сан [ҚТТС].   
“‡ш”  сандық  мағыналы  сөздің  негізінде 
қазақ  тілінде  синтетикалық  тәсіл  арқылы 
‰шем, ‰шеу, ‰шкіл, ‰шкілсіз, ‰шкілтім, ‰штік 
сынды  туынды  сөздер  пайда  болып,  сөзжа-
самдық  тізбек  құрайды.  Көне  т‰ркі  тілінде  
“уч” сөзі сандық ‰ш мағынасын берген.  “‡ш” 
сан  есімі  тілдің  екі  сипатында    ешқандай 
мағыналық дамуға т‰спеген.  
М.  Қашқари  сөздігінде:  Уч 1. Тау  ағашы.  
2.  Заттың  ұшы.  3.  Бір  нәрсенің  бітуі,  шегі.  
4.  а) ұшу, ә) өлу, б) жығылу, в) өшу, сөну мағына-
лары  таралған.  ‡ш-уч-‰ч  тұлғаларының  мағы-
налық  тығыз  байланыста  екендігін  білеміз. 
Біздіңше,  ‰ш  сандық  мағыналы  сөздің  алғаш-
қы көне мағынасы ұш – заттың ұшы атаулық 
мағынасы болған. ‡ш – уч – ‰ч – ұш тұлғалары 
бір-біріне  себепші    негіз  болып  мағыналық 
байланысқа  т‰скен.  Мысалы,  ‰ш  саны - ‰ш 
н‰ктенің бірігуінен пайда болған. М. Қашқари 
сөздігіндегі  уч - тау  ағашы – жоғарыда,  ‰ш  
н‰ктенің т‰йіскен жерінде шыққаны ‰шін зат 
атауы болып қалыптасқан. Ал уч – шекаралық 
аудан – ауыс мағынасында заттың ұшы, шегі, 
шеті  мағынасының  негізінде  пайда  болған. 
Уч 4. Бір нәрсенің бітуі, шегі  мағынасы Уч 3 
семасынан  тарап  тұр.  Уч 5. – ұшу  мағынасы, 
биікке  көтерілу  семасымен  қоса  антонимдік 
мағына да бар. Ұшу – ұшып т‰су – яғни белгілі  
бір  шекке  жетіп  құлау.  Мысалы,  мұрттай 
ұшты  –құлады.  Жығылу,  өлу,  өшу,  сыну – 
мағыналық  қырлары  осы  ұшып  т‰су  мағы-
насынан  тарап  тұр.  Сандық  мағынадағы  “‰ш-
те” – ‰ш  н‰кте  т‰йіседі, “ұш”  атауында  ‰ш 
н‰кте  т‰йісіп,  заттың,  нәрсенің  шетін, 
шегін,  бір  н‰ктесін  көрсетеді.  Демек,  “‰ш” 
сан есімі - ‰ш н‰ктенің бірігуі мен “ұш” – бір 
нәрсенің  ұшы – бір  құбылыстың  атауы.  Зат-
тық  мағына  уақыт  өте  келе  сандық  мағынаға 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          177 
 
ауысқан.  Сөйтіп  семантикалық  тәсіл  арқылы 
бірнеше мағыналы сөздер дамыған. Т‰рколог, 
алтаист  ғалымдардың  пікірінше,  бір,  екі, ‰ш, 
төрт, бес, алты, жеті сан есімдер өзге сөз тап-
тарынан  транспозицияланып,  санданған.  Дис-
сертацияда  семантикалық  тәсіл  арқылы  да-
мып, санданған ‰ш сөзі талданып отыр. Соны-
мен,  т‰ркі  (қазақ)  тілдеріндегі  сан  есімдердің 
алғашқы бастау көздері – адам танымы.  
____________ 
1.  Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1991. 
2.  Щербак А.М. Сравнительная морфология тюркских 
языков. – Москва, 1948. 
3.  Томанов  М.  Азақ  тілінің  тарихи  грамматикасы. – 
Алматы, 1988. 
4.  Сарбалаев Ж.Т. Сөзжасам мәселелері. – Алматы, 2000. 
 

1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал