Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет3/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

 
Талгат Сайрамбаев. Учитель-наставник и его ученики. 
Talgat Sayrambaev. Teacher, mentor and his students. 
 
 
 
 
Ф.ғ.д., профессор Т. Сайрамбаев 
 
ТҰЛҒА. ЖАР. АНА 
 
 
Бізге  осы  уақытқа  дейін,  қоғам  қайрат-
керлері  немесе  халқымызға  белгілі  болған 
тұлғалар  тек  ертеректе  өткен  сияқты  болып 
көрінетін.  Бірақ  қатар  қызмет  атқарып,  сый-
лас,  дастархандас  болып  ж‰рген  кісілердің 
ішінде  ерекше  тұлғаларды  алыстаған  сайын 
басқаша  көзқараста  бағалайтынымыз  өмір 
заңдылығы.  
Соның  бірі – Мәкең,  Мая  Мұхамедқызы 
Кеңестік  дәуірдің  ащысын  да,  тәттісін  де 
татқан  кісі.  Ғалым  ретінде  ҚСРО-ның  бас 
қалалары  Мәскеу  мен  Ленинградта  жоғары 
білім  алып,  аспирантураны  тәмамдаған.  Яғни 
ғылым жолын аттаған басқышы мықты. Кейін 
ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесіне 
жеткен  соң  барлық  қызметі  қазақтың  маң-
дайалды оқу орны КазМУ-ге арналды.  
Ұстаздық жұмыс барынша қарапайым, ба-
рынша тынымсыз, барынша талапшыл жұмыс 
болса,  сол  биіктен  Мәкең  жарқырап  көрінді. 
Өз мамандығына лайық қазақ жерінің Жетісу 
аймағы қазақтарының жан-д‰ниесі – өлең-жы-
рын  хатқа  т‰сіріп,  бірнеше  монографиялық 
еңбектер  жазды,  фольклорлық  ансамбль  құ-
рып,  республикаға  танытты.  Ол  ұлттың  да 
аяулы  кісісі  дәрежесіне  көтерілді.  Сыйлама- 
ғанда қайтеді «Сөзіңді біреу сөйлесе...» деген- 
 
 
дей,  ұмыт  болып  бара  жатқан  ән-жырын  жас 
ұрпақтарына қайтарып берсе. 
Мәкең  қызметтес  әйелдері  арасында  бе-
делді  саяси-әлеуметтік  жұмыс  атқарды  және 
өз  мамандығын  дамытуда  республикамыздың 
оқу орындарының ешбірінде кездеспейтін ғы-
лыми-зерттеу  лабораториясын  құрды.  Бұл  ла-
бораторияның  бағдарламасы  мен  ауқымы 
КСРО-ның  беделді  университеттері  лаборато-
риясымен тең деңгейде болды. Осы лаборато-
рияның  негізінде  филология  факультетінде 
орыс  әдебиеті  мен  фольклорынан  кандидат-
тық  және  докторлық  диссертация  қорғайтын 
кеңес  ашу  ісі  де  Мәкеңнің  бастамасымен  әрі 
қажырлығымен ашылды.  
Мәкең факультет өмірінде аса беделді қыз-
мет атқарды. Ғылыми кеңестің небір тартысты 
қиын-қыстау  сәттерінде  өзіндік  шешімді  пі-
кірлерімен,  тұжырымдарымен  іс-шаралардың 
тиімді  және  нәтижелі  шешілуіне  өрелі  ой 
тастап  отыратын.  Көпшілік  қауымның  кейде 
келіспеске шарасы қалмайтын. Өйткені әдіс іс 
– керек іс. 
Еліміз  егемендік  алып,  ақты  ақ,  қараны 
қара  деп  айта  бастаған  кезімізде  факультетте 
Мәкеңе арналған бір жиында (мерейтойында): 
«Сіздер мені көктен т‰скендей ‰немі біржақты  

12                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
жақсы  пікірмен,  жақсы  лебізбен  бағалайсыз-
дар», - дей  келіп,  өзінің  Карлагтағы  балалық 
шағын, ата-анасының көрген зұлматын сабыр-
лы  қалыпта  толқи  тұрып  айтқан  естеліктерін 
естіген  жұрт  «әй  қарғыс  атқыр  зұлмат  жыл-
дар-ай»  деп,  көздеріне  жас  алып,  б‰гінгі  еге-
мендігіміздің  қадіріне  жеткендей  толғаныста 
болған еді. 
Мая Мұхамедқызын 1954 жылдан білемін. 
Бұл  кісі  маған  әкпеміз  жағынан  (Өмекеңнің 
ағасы) қарағанда жеңге болатын. 1961 жылдан 
бастап Мәкең мен Өмекеңнің ағалық-туысқан-
дық қамқорлығын көрдім. 
1971 жылы ҚазМУ-ге осы кісілердің ықпа-
лымен конкурс арқылы оқытушылық қызмет-
ке  орналастым.  Алматыға  көшіп  келіп,  отба-
сыммен  қаланың  бір  шетінде  пәтер  жалдап 
тұрдым. Көрген жерде ‰й-жағдайымызды, ба-
лаларды  сұрап,  көңілімді  көтеріп  тастайтын. 
Д‰ниеге  келген  балама  өзіміз  ағасына  ұйқас 
етіп  ат  қоя  салғанбыз.  Бірде  Мәкең  жолығып 
амандық-саулық сұрасқан соң, балама «Құтты 
болсын» айтып, «Атын кім қойдыңдар?» деді. 
Мен  өзіміздің  қойған  атымызды  айттым.  Сол 
кезде  аса  бір  жақындығын  білдіріп: «Біз  неге 
қоймадық»  дегендей  ишара  білдірді.  Сол  сәт 
есімде  қалғаны  сондай,  енді  балалы  болсам 
осы кісілерге ат қойғызам деп армандап ж‰р-
дім.  Кейінірек  қызым  д‰ниеге  келгенде  атын 
ардақты  Мәкең  қойып,  Өмекең  екеуі  шаңы-
рағымызда отырып батасын беріп еді.  
Туған-туысқа  аса  мейірімді  жан – аяулы 
Мәкең  маңайындағы  жақын-жуығына  аса  та-
лапты да кісі болды. Кейде анау-мынау алып-
қашпа сөз естісе, қасына шақырып алып: «Бұл 
не сөз, не мәселе? Ал өкпелеме, Өмекеңе айта-
мын»  дейтін.  Бірақ  әрине  айтпайтын.  Біз  қи-
пақтап  қашан  «сөгіс»  аламыз  деп  өзіміздің 
іс-әрекетімізге  жауапкершілікті  к‰шейтіп  ж‰-
ретінбіз.  
Негізінде  Мәкеңмен 1971 жылдан  бастап 
бірге  жұмыс  істеу  мен  ‰шін  әрі  бақыт,  әрі 
мектеп  десем  де  болғандай.  Факультет  өмірі 
жан-жақты  өмір.  Оның  к‰нделікті  істелетін 
жұмысы  да  шаш-етектен.  Осы  бірге  қызмет 
атқару  барысында  мен  Мәкеңді  жан-жақты 
тұлға деп таныдым. 
Сондай қыруар жұмыстармен қатар Мәкең  
жанұя  бақытын  жоғары  ұстап,  өзінің  аналық 
мейірімін негізінен отбасына арнады. 
Өмекең – Өмірбек Жолдасбеков пен Мәкең 
– Мая Бағызбаева екеуі бір тұлға. Сонау елден 
жырақ Мәскеу жерінде қол ұстасып қосылған 
қос  қарлығаш  туған  елі  Қазақстанның  ғы-
лым-білімін  көтеруде,  ұлттық  кадр  даярлау 
ісінде ағайын-туысты қанатының астына алып 
жетілдіруде  теңдесі  жоқ  жұмыс  атқарды. 
Соның  бірі – біз.  Алматыға  келу,  ҚазМУ-де 
қызмет  атқару,  ғылыми  іске  араласуда  сол 
кісілердің ықпалы өте жоғары деп білемін. 
Өмекең  мен  Мәкең  берекелі,  бақытты  от-
басын  құрды. ‡лгілі  ұлын,  қырмызы  қызда-
рын  өз  атақтарына  сай  тәрбиелеп  өсірді.  Ба-
лалар  әке-ана  жолын  қуды.  Халқымыздың 
«Әкеден  ұл  туса  игі  еді,  әке  жолын  қуса  игі 
еді» - деген арманы орындалып, ұрпағы ғалым 
да, ұстаз да болып елге қызмет етуде. 
Қазір  Алматының  ең  көрікті  «Самал»  ық-
шамауданында  академик  Өмірзақ  Арсылан-
ұлы  Жолдасбеков  атындағы  жаңа,  әрі  сәнді 
көше бар. Көше десе – көше. Әрі сол кісілер-
дің көңілі сияқты кең де көрікті. Бір жағынан 
әлемдік  деңгейде  салынған  «Рамстор»  сауда 
орталығы, бір жағы – орталық мұражай, алды 
– Елбасының Ақ сарайы мен әсем Алатау. Бұл 
жерден  өткен  Өмекең  мен  Мәкеңді  білетін 
әрбір  кісі  бұл  аяулы  жандарды  еріксіз  еске 
алып,  Мәңгі  бірге  болған  одақтарына  ті-
лек-рәсім жасап өтеді.  
Мәкең Өмекеңнің аяулы асыл жары, досы, 
жанашыры  және  қатал  сыншысы  да  болды. 
Солай болуы да заңды. Ал Өмекеңнен соң бар 
тірлігін  тек  сол  кісінің  еңбегіне  қорытынды 
жасауға  арнады,  Өмекеңе  жетуге  асықты. 
Астанадағы,  Алматыдағы  ‰йі  қабырғасына 
ескерткіш  тақта  орнатып,  ардақтап  Ас  беріп, 
теледидарға ол кісі жайлы ғылыми-танымдық 
сұхбат  ұйымдастырды.  Барлық  шаруаны  рет-
теп,  асыл  жары  Өмекеңмен  мәңгі  бірге  болу 
‰шін аттанып кете барды... 
Құрметті  Мәкеңнің – Мая  Мұхамедқызы 
Бағызбаеваның  ғалымдық,  ұстаздық,  аналық 
ісі жалғаса береді. 
_______________ 
1. «Мая  Бағызбаева»  атты  өмірбаяндық  кітаптан. 
Алматы, «Арқас», 2002 жыл. 37-39 бет. 
 
Талгат Сайрамбаев. Личность. Супруга. Мать 
Talgat Sayrambaev.
 
Personality. Spouse. Mother 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          13 
 
К. Шаймерденова, 
Қазақстанның «Еңбек сіңірген қайраткері» 
құрметті атағының иегері, ғалым-педагог 
 
АСЫЛ МҰРАТ ЖОЛЫНДА 
 
 
Мақтануға  тұрарлық  асыл  аға,  адал  дос, 
аяулы  жар,  асыл  әке,  асыл  ата,  мерейлі  ұстаз 
бола білген Талғат аға бұл к‰ндері ортамызда 
болмаса  да,  ж‰регімізде  сағыныш  сезімін 
алаулатып-ақ тұр.  
Балалық  шағынан  мейірім  шуағын  аңсап 
өскен  асыл  жан  өзі  ж‰рген  ортасынан  әр-
уақытта ерекше адами қасиетті бойына жинап, 
сол  қасиетті  өзінен  кейінгі  ұрпаққа  өлшеусіз 
‰лестіре  білді.  Осы  жолда  жинаған  абырой 
мен  беделі  өзінен  кейін  де  б‰гінгідей  биіктеп 
тұрғаны соның айғағы.  
Балалық шағы ауылда, жастық шағы Шым-
кентте, ал ұстаздық жолы Қызылордада өткен 
6-7  жылда  өз  ортасына  беделді  оқытушы, 
сенімді  дос,  с‰йкімді  жігіт  бола  білді.  Әрбір 
сабағын  бітпесе  екен  деп  отыратын  жастар 
жағы  бірге  өткізген  уақыттарына  дән  риза 
болатын.  Өзі  де  жас  бола  тұрып,  өзімен  ди- 
дарласқан  әрбір  бозбаланың  мұратына,  әр- 
бір бойжеткеннің қиялына айналғаны да анық 
еді. 
Сол  жылдарда  Қызылорда  пединституты-
ның  филфагінде  қазақ  тілі  пәнінен  гөрі  әде-
биет  жағы  басымырақ  болатын.  Әйгілі  әде-
биетшілер  Ә.  Қоңыратбаев,  Ә.  Тұрбеков,  
Ә.  Нұржановтардай  әдебиетшілер  сабақ  бере-
тін. Қазақ тілі синтаксисіне Тәкең елеулі ‰лес 
қосты,  әсіресе  сөз  тіркесі  синтаксисі  м‰лде 
тың сала болатын. 
Негізгі  мамандығым  педагогика  ғылымы 
болғанымен,  базалық  білімім  филология  са-
ласы болғандықтан, Тәкеңнің к‰нделікті білім 
беру  ісінде  шәкірттерінің  ғылыми  жұмыста-
рына  жетекшілік  етуінде  және  ол  кісі  өмір- 
ден  өткеннен  кейін  еңбектерін  топтастырып, 
сараптау  барысында  байқағаным –  қазақ  тіл 
білімі  синтаксисінің  кәсіби  маманы  екендігін 
таныта  білгендігі.  Тәкең  өзінің  кандидаттық 
та, докторлық та зерттеу жұмысының нысаны 
етіп  сөз  тіркесінің  өзекті  мәселелерін  негізге 
алды.  Және 10-ға  тарта  монографиялық  ең-
бектерінде  осы  мәселені  барлық  қырынан 
көрсете  білді.  Сондай-ақ  жай  сөйлем  синтак-
сисіне  де  с‰белі  ‰лес  қосты.  Өзінің  жетек-
шілігімен  
 
 
жазылған  зерттеу  жұмыстарында  «Сөз – 
сөйлем», «Есімді сөйлем», «Есімді құрмалас  
сөйлем  т‰рлері»  қазақ  синтаксисін  тереңдете 
т‰сті.   
Аяулы  ұстаздың  адами  қасиеттері,  оқыту-
шылық, ғалымдық жолының қыр-сыры «Арыс»  
баспасынан 2010 жылы  жарық  көрген  «Ұс-
таздың  жан  жылуы»  атты  кітапта  жан-жақты 
баяндалған  болатын.  Мен  осы  мақалада  Тәкең-
нің  қарапайым  өмір  тіршілігінде  кездескен 
кейбір есте қалған жайттерін ғана айтсам деймін.  
... Қызылорда қаласында Коммунистік даң-
ғылын  бойлай  салынған  жаңа  ‰лгідегі  ‰йлер-
ден  жас  маман  Тәкеңе  екі  бөлмелі  пәтер  бе-
рілді.  Студент  іні-қарындастарымен  жаңа  пә-
терге  көшкенде  қарындасы  Жәмила  ауылға 
жазған қуаныш хатында: «Біз бес бөлмелі пә-
тер  алдық»  деген  көрінеді.  Сөйтсе дәлізді  бір 
бөлмеге,  ас  бөлмені  бір  бөлмеге,  жуынатын 
бөлмені бір бөлмеге балап жазған ғой. Әрине, 
ауылда  өскен  баланың  қала  көркін,  қала  өмі-
рін  тани  бастауы,  тіпті  қаланың  дәм-тұзына 
‰йреніп  кетуіне  де  бірталай  уақыт  қажет. 
Соның бір дәлелі:  
... Бір к‰ні т‰скі тамақ әзір болмай қалып, 
абитуриент Баян деген қарындасына ақша мен 
‰ш  литрлік  бидон  беріп  «Көкси  әкел»  деп 
жұмсайды. Көшенің қарсы бетінде «Қызылор-
да» мейрамханасы бар. Онда қазақтың ұлттық 
тағамдарымен  қатар  кәрістің  дәмді  «коксиі» 
де  дайындалады.  Бұрын  барып  көрмеген  қа-
рындасы ‰ндемей шығып кетеді. Осынша көк 
сияны  көкем  қайтеді  деп  ойласа  да,  жауап 
қайтаруға  батылы  бармайды.  Далада  жарты 
сағаттай ж‰ріп: «Көке, көк сия жоқ екен» - деп 
‰йге қайтып келген екен.  
Тәкеңнің көңілінің кеңдігі тума-туыстары-
на  ерекше  болатын.  Біз  ‰йленгенге  дейін  екі 
бөлмелі пәтердің бір бөлмесіне қарындастары, 
бір  бөлмесіне  інілері  жатады  да,  жаз  айында 
Тәкеңнің тұрағы балкон болады екен.  
Алматыға келген соң КазГУ-де сабақ беру 
жауапкершілігі  аса  жоғары  болды.  КазГУ 
оқытушылары сырттан келгендерге сынай қа-
райды.  Факультеттің  де,  студенттердің  де 
көңілінен шығу оңай шаруа емес. 

14                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
... Қаланың шетінде пәтер жалдап тұрамыз. 
Балалар  жас.  Бір  к‰ні  қыста  сағат  тоқтап 
қалып,  университеттегі  бірінші  парға  ‰лгеру 
‰шін  таң  қараңғысында  ‰йден  шығып  кетті. 
Сөйтіп  аялдамаға  келсе,  ешбір  жан  жоқ. 
Қыстың суығы қақап тұр. Автобустар да жоқ. 
Не де болса таңды к‰теді. Біраз уақыттан соң 
ғана  автобустар  ж‰ре  бастайды.  Сөйтсе,  аял-
дамаға  сағат 6-да  келудің  орнына  саңат 4-те 
жеткен  ғой. ‡ш  рет  автобусқа  ауысып  мініп, 
жұмысқа  жетуге 2 сағаттай  уақыт  қажет. 
Әйтеуір  бір  жақсысы  сол  жылдары  қала  тәр-
тібі тыныш болатын.  
...  Кеңестік  дәуірдегі  ғылыми  жұмысты 
қорғау  одақтас  республикалар  ‰шін  ауыр  бо-
латын.  Ал  докторлық  қорғаудың  қиыншылы-
ғын  айтсаңызшы... . Әсіресе  қазақ  тілі  заңды-
лығын  қазақ  тілі  маманы  орысша  дәлелдеуі 
қажет.  Диссертация  орыс  тіліне  аударылып, 
авторефераты  шықты.  Авторефератта  машин-
камен  тергенде  бірсыпыра  қателер  кеткені 
байқалды. Тәкең аса мұқияттап барып авторе-
фератын қайта шығарды. Сол кезде қорғайтын 
кісілер  диссертациялық  кеңес  м‰шелерінен 
басқаға  авторефератын  таратуға  сескенетін. 
Өйткені арыз жазылатын. Тәкеңді де нысанаға 
алып  ж‰рген  жазғыштар  бары  анық  еді.  Бір 
жанашыр  кісі: «Сен  қатесі  бар  автореферат-
тарды  сұраған  кісілерге  бере  бер.  Олардың 
ішінде  арыз  жазатындары  болса,  аздаған  қа-
теңді  бадырайтып  көрсетіп  ВАК-ке  жібереді. 
Ал  ВАК-тегі  авторефератта  қате  жоқ.  Сон-
дықтан  ол  бос  сөз  болады  да,  арыз  қаперге 
алынбайды» - деп  ақыл  қосты.  Тәкең  солай 
істеді. 
Қазақ  тарихындағы 1986 жылғы  Желтоқ-
сан оқиғасы қазақ жастары мен азаматтарына 
қырғидай  тиген  д‰рбелең  кезеңді  тудырды. 
Қазақ  зиялыларының  ішіндегі  Алматы,  Жам-
был,  Оңт‰стік  Қазақстан  облысы  азаматтары 
бұл  ауыртпалықтарды  бір  кісідей-ақ  көтеріп 
бақты.  Әйтеуір  аяғы  жақсы  болып,  ел  еге-
мендік алғасын «Тәуба!» деп ақылмен өлшеп, 
сабырмен н‰кте қойылған еді. 
...  Желтоқсанның  ызғары  тергеу  мен  тәм-
піштеу жұмыстары арқылы келесі жылға жал-
ғасты.  Мәскеуден  келген  комиссия  КазГУ-де 
штаб  құрып,  азаматтар  тағдырын  тәркілей 
бастады.  Бар  ауыртпалық  әрине  ректор  Өмір-
бек  аға  Жолдасбековке  т‰сті.  Бір  к‰ні, 1987 
жылдың  май  айының  ортасында  Тәкең  ‰йге 
бір т‰рлі көңіл к‰ймен келді.  
 
–  Не болды, тыныштық па? – дедім.  
–  Мен  жұмыстан  өз  еркіммен  кетуге  арыз 
жазып  келдім.  Аздап  болса  да,  Өмекеңе  
бір  леп  болса  екен  дедім».  Мен  қолдай  кет-
тім: - Әрине,  бұның  дұрыс.  Шығарып  жібер-
гендер  де  ж‰р  ғой.  Не  болыпты  сонша.  Сен 
ғылым  докторы,  профессорсың,  мен  де  міне, 
қорғайын деп отырмын. Ештеме етпейді, Ота-
нымызға  ғалымдар  керек, - деп  жапа  шеккен 
ірі  тұлғалардың  бір-екеуін  мысалға  келтіріп, 
«Қызмет  қолдың  кірі»  деген  мақалды  қосып, 
қолдау білдірдім. 
...  Алдымыз  жаз.  Жазда  саяжайда  еңбек 
етуге,  демалуға  толық  м‰мкіндік  бар.  Ән-
шейінде қол еңбегіне мән бере бермесе де, сол 
жазда  Тәкең  бір  жақсы  дихан  болып  алды. 
Еңбек сол к‰ндерде демеуші, емші болғандай 
болды.  Тіпті  өзінің  жұмыссыз  ж‰ргенін  де 
білдірмей, еңбек қуанышына мақтана бастаған 
сәттерін  де  байқадым.  Мен  қасында  әрдайым 
бірге болып ж‰рдім. Тамаққа да тәбеті артып, 
көңілі көтеріңкі к‰йге ене бастады. Осылайша 
жадыраған жазды өткізіп, к‰зде өз дәрежесіне 
сай  келмесе  де,  қызметке  шықты,  қажырлы 
еңбекпен 3 жыл төзіп бақты.  
Ел  егемендігін  жариялап,  көңілдегі  жә-
бір-жапа ұмытыла бастады. Тәкең өзінің қыз-
мет  орны  КазГУ-ге  қайта  оралды.  Көңілі  ор-
нына  т‰сіп,  ұстаздық-зерттеушілік  жолына 
құлшына  кірісті.  Ол  нәтижелі  болды.  Өзінің 
өмірімен  қоштасар  ең  соңғы  минутында  да 
қызметін  орындап  келіп,  енді  қорғауға  шы-
ғайын  деп  тұрған  шәкіртінің  құжаттарын  қа-
рап,  тексеріп  беріп,  қорғауға  рұқсат  ететін-
дігін растап, қолын қойып беріп еді.  
Құрметті оқырман, кішкене шегініс жасап, 
мына  бір  жайтты  да  айта  кетсем  деймін.  Бұ-
рынғы  жылдарда  Ғылым  академиясында  м‰-
ше-корреспонденттікке  және  академикке  сай-
лау  ж‰ретін.  Бірақ  Тәкең  қай  сайлауға  болса 
да,  құжат  тапсырмайтын. «Сен  неге  құжат 
тапсырмай  ж‰рсің,  комиссия  құрамы  сені 
таниды, бағыңды сынап көрмейсің бе?» деген 
кісілерге: «Маған  ғылым  докторы,  профессор 
деген дәреже мен атақ та жетеді», - десе, кей-
де  әзілдеп: – Немене,  Мәкеңе  теңесіп  кетуім 
керек пе? – дейтін еді. Себебі өз ұстазы Мәу-
лен  ата  Балақаев  дәрежесінің  жоғары  тұруын 
қалайды  екен  ғой.  Өмір  бойы  сыйлап  өткен 
ұстазының  дәреже-атағы,  даңқы  өз  шәкірт-
терінен  тым  жоғары  тұруын  қалаған  әзиз 
ж‰регінің бұл да бір жылылығы болса керек. 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          15 
 
А. Б. Салқынбай,  
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан 
 
Т. САЙРАМБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ СИНТАКСИСІ
 
 
 
Қазақ  ғылымының  көсегесін  көгертіп,  ғы-
лым  көкжиегін  кеңейткен  ХХ  ғасыр  екенінде 
дау болмаса керек. А. Байтұрсынұлы зерттеу-
лерінен  бастау  алатын  қазақ  тіл  білімі  осы 
кезеңде  сала-салаға  бөлініп  зерттеле  бастады. 
Қазақ тілін ана тілі ретінде терең білетін (тілді 
білмей-ақ,  сыртынан  тон  пішіп  зерттеушілер-
дің  еңбегін  де  бағалап  ж‰рміз  ғой)  ғалымдар 
шоғыры  кемел  тіліміздің  грамматикалық  құ-
рылымына терең бойлай, тіл ғылымының жан-
жақты  өркендеуіне  барынша  өз  ‰лестерін  қо-
сып  жатты. Қазақ  тіл  білімін  зерттеушілердің 
осылайша буын-буыны өсіп жетілді. ХХ ғасыр 
– кеңестік кезең – қазақ тіл білімінің дамуын-
да  маңызды  рөл  атқарды  деп  нық  сеніммен 
айтуға  болар  еді.  Бұл  кезеңде,  негізінен,  тұл-
ғаның  формалық  сипатын  негізге  алатын  құ-
рылымдық  грамматика  дамыды,  лексиколо-
гияның  барлық  салалары  бойынша  іргелі  ғы-
лыми зерттеулер жазылып, қазақ тілінің басты 
бағыттары  мен  тіл  дамуының  негізгі  заңды-
лықтары  анықталды,  ж‰йеленді,  қазақ  тілінің 
өзіндік ерекшеліктері сараланды. 
Ғылымға 60-жылдары  келген  ‰лкен  бір 
толқынның  ішінде  Шымкенттің  Бәйдібек  то-
пырағынан  шыққан  Талғат  Сайрамбайұлы  да 
бар  еді.  Т.Сайрамбаев  қазақ  тіліндегі  сөз  тір-
кесінің  теориялық  мәселелерін  алғаш  рет  ай-
шықты  т‰рде  зерделеп,  ұстазы  М.  Балақаев-
тың  ғылыми  жетекшілігімен  кандидаттық  және 
докторлық диссертациясын осы тақырып аясын-
да  жазды.  Сөйлеу  тілінде  белсенді  әрі  жиі 
жұмсалатын  к‰рделі  сөз  тіркестерінің  негізгі 
ерекшеліктерін анықтап, оның аясын кеңейте-
тін  негізгі  факторларды  көрсету  арқылы  тіл 
дамуындағы  синтаксистік  жолдың  маңызын 
көрсетті.  
Өркениет  пен  мәдениеттің  жетілуіне  сәй-
кес тіл дамуының маңызды сипаты әрі негізгі 
белгісі  аналитикалық  жол  екені  жалпы  тіл 
білімінде  негізделген,  дәлелденген  көзқарас. 
Сөз тіркестері сөйлемдегі ойды айқындаудың, 
пікір  білдірудің  негізгі  кірпіштері  деп  таны-
сақ, ойлау ж‰йесінің дамуына сай, олардың да 
тұлғалық және мағыналық тұрғыдан к‰рделе-
нуінің  тіл  дамуы  ‰шін  ғана  емес,  герменев- 
тика,  психолингвистика,  когнитивті  тіл  білімі  
 
 
‰шін  де  маңыздылығы  арта  т‰спек.  Ғалым 
зерттеп,  дәлелдегендей,  сөз  тіркесінің  аясы 
әрбір  сөз табының  к‰рделі  т‰рлерінің,  көмек-
ші етістіктің, көмекші есімнің, модаль сөздер-
дің,  шылаулардың,  нумеративті  сөздердің, 
т‰рлі  қосымшалар  мен  фразеологиялық  тіз-
бектердің негізінде к‰рделе т‰сті. Сөйлеу тілі-
нің  к‰рделенуі  ойлау  ж‰йесінің,  айтылар  пі-
кірдің  к‰рделенуі  деп  т‰сінген  абзал.  Демек 
халық тілінің кемелдене т‰суі – сөз тіркестері-
нің к‰рделенуінен де анық аңғарылады.      
Сөз  тіркестерінің  сөзбен,  фразеологизмдер-
мен арақатынасын анықтаған Т.С. Сайрамбаев 
“Қазіргі қазақ тіліндегі к‰рделі сөз тіркестері” 
атты  монографиялық  зерттеуінде  соңғы  кезде 
(ХХ  ғасырдың 80-жылдары)  сөз  тіркестері 
туралы  еңбектерде  оның  зерттеу  нысандары 
туралы  теориялық  таластың  көбейе  т‰скенін 
айта  келіп,  сөз  бен  к‰рделі  сөз,  сөз  бен  сөз 
тіркесі  арасындағы  арақатынасты  ашып  көр-
сетудің  маңызы  бар  екенін  тілге  тиек  етеді. 
Сөз  жеке  ұғымды  ғана  білдіретін  болса,  сөз 
тіркестерінің  көлемі  жағынан  да,  мағыналық 
ерекшеліктері  жағынан  да  к‰рделірек  қасиеті 
бар  екені  аталады. Автордың пайымдауынша, 
“сөз  бен  сөз  тіркесінің  бір-біріне  ұқсастығы - 
олардың  екеуі  де  бір  сөйлемнің  құрамында 
қолданылады,  кейде  сөйлемнің  қызметін  ат-
қара алады. Ал кейде сөйлеу процесінен бөліп 
алғанда  екеуі  де  белгілі  бір  ұғымды  білдір-
генімен,  ол  жайындағы  көзқарасты,  хабарды 
субъектінің  ол  ұғымға  қатысын  білдіре  ал-
майды”. 
Т.  Сайрамбаев  к‰рделі  сөздер  мен  сөз 
тіркесін  ажырату  ‰шін  мынадай  мәселелерге 
көңіл бөлу қажеттігін де анықтады: 
1)  әрбір  сөз  табының  к‰рделі  т‰рі,  оның 
жасалу жолдары; 
2)  жалпы  к‰рделі  сөздер,  олардың  т‰р-
лері, бір-бірінен айырмашылығы; 
3)  к‰рделі сөздердің сөз тіркестерінің жеке 
сыңарларынан және б‰тіндей жай сөз тіркесі-
нен айырмашылығы; 
4)  олардың мағыналық ерекшелігі [1. 29].   
Т‰ркі  тіл  білімі  мен  қазақ  тіл  біліміндегі 
айтылған ойларға шолу жасап, ондағы т‰йінді 
ойларға  тоқтала  отырып,  ғалым  к‰рделі  сөз 

16                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
бен
 
сөз  тіркесінің  айырмашылығы  ретінде 
жеті  т‰рлі  белгіні  анықтайды.  Онда  к‰рделі 
сөз – сөз  жасаудың  бір  т‰рі  ретінде  анықта-
лады.  К‰рделі  сөз  бен  сөз  тіркесінің  арасын-
дағы айырмашылықтарға  ғылыми талдау жа-
сайды. 
К‰рделі  сөздің  әрбір  сыңары  бір-бірімен 
тығыз  мағыналық  байланыста  айтылатыны, 
к‰рделі  сөздің  әрбір  сыңарында  жеке-жеке 
мағына  болуы  да,  болмауы  да  м‰мкіндігі, 
к‰рделі  сөздің  әрбір  сыңарына  жеке-жеке 
сұрақ қойылмайтыны, әрбір сыңарының орны 
тұрақты  болатыны,  тұтасымен  барып  басқа 
сөзбен  синтаксистік  байланысқа  т‰сетіні  т.б. 
тәптіштеп жазылады. Мұндағы айтылған к‰р-
делі  сөздердің  табиғаты  мен  сөз  тіркесінің 
дамуы  арқылы  жасалған  к‰рделі  сөздердің 
мағыналық  құрылымы  мен  олардың  сөз  тір-
кесінен өзгешелігі бірдей деп т‰сінеміз.           
Сөз  тіркестерінің  синтаксис  теориясын-
дағы маңызы олардың басқа тілдік бірліктерге 
(сөйлем  мен  сөзге)  қатысымен  айқындалады. 
Сондықтан  бұл  мәселенің  зерттелуі  сөз  тір-
кесінің жалпы тұжырымдамасымен байланысты 
болады. Батыс ғылымында Ф. де Соссюр син-
тагма  т‰сінігін  синтаксиске  де,  морфологияға 
да  ортақ  деп  қарастыруы  оның  жалпы  лин-
гвистикалық  тұжырымдарынан  туындайды. 
Қатар келген кез келген тілдік элементті (олар-
дың  бірі  анықталушы,  екіншісі  анықтаушы 
қатынастарын  белгілейді)  синтагмаға  жатқы-
зып, “синтагма всегда состоит из двух или не-
скольких  последовательных  единиц” – деген 
анықтама береді [2 ,121]. Синтагма т‰сінігінде 
туынды  сөздің  морфемасы  да,  септеу  фор-
малары  да,  сөз  тіркестері  де,  бастауыш  пен 
бастауыштың  қосылуы  да,  тіпті  к‰рделі  сөй-
лемнің бөліктері де еніп кетеді. Екінші қыры-
нан алғанда, синтагманың анықтамасында сөз 
тіркесінің  міндетті  т‰рде  екі  м‰шеден  құра-
латыны  туралы  айтылмай,  синтагманың  ең  аз 
көлемі – екі элемент, екі м‰ше туралы мәлімет 
беріледі. 
Б‰гінде бұл т‰сінік әрі қарай ғылыми-тео-
риялық тұрғыдан дамытылуда. Өйткені Соссюр 
ұсынған  абстрактілі  терминнің  көлеңкесінде 
басқа,  синтагматикаға  қатысы  бар  терминдер 
көрінбей  қалғандай  еді.  Сөз  тіркесі  (Соссюр-
дің  т‰сінігі  бойынша  синтагманың  бір  т‰рі) 
мен  сөздің  арасында  номинативті  бірліктер 
ретінде  белгілі  бір  жақындық  бар,  бірақ  бұл 
екеуі  біріне  бірі  пара-пар  емес.  Сөз  бөліктері 
(морфемалар)  мен  сөз  тіркесі  м‰шелерінің 
арасындағы  айырмашылықты  ескере  отырып, 
С. Карцевский синтагмалардың екі т‰рін бөліп 
қарастырады. Олар: “ішкі” синтагма (яғни мор-
фемалар) және “сыртқы” (яғни сөз тіркестерге 
жақын синтаксикалық бірліктер).  
Бұл  теория  тұрғысынан  да  қазақ  ғалымы  
Т. Сайрамбаев жасаған ғылыми негіздің ж‰йелі 
екені  анықталады.  Сөз  тіркестерін  құрылым-
дық-сандық тұрғыдан: жай сөз тіркестері (екі 
м‰шелі,  екі  толық  мағыналы  сөзден  тұратын) 
және  к‰рделі  сөз  тіркестері (‰ш,  төрт  не  одан 
да  көп  сөзден  құралған)  деп  бөліп  қарастыр-
ды; сөз тіркесінің көлемін оның құрамындағы 
ең  аз  деген  бөліктері  арқылы    зерделеп:  сөз 
тіркесі  кем  дегенде  екі  толық  мағыналы  сөз-
ден  құралады,  өйткені  жай  екі  м‰шелі  сөз 
тіркесі  барлық  к‰рделі  сөз  тіркестерінің  негі-
зінде  жатады  деп  тұжырымдады.  Сөз  тіркесі-
нің ең аз көлемін анықтау арқылы сөз тіркесін 
сөйлемнен  бөлек  қарастырып,  олардың  басты 
ерекшеліктері мен байланысын саралады. Сөз 
тіркесінің  анықтамасын  және  к‰рделі  сөз 
тіркестерінің ең ‰лкен көлемін де дұрыс  тал-
дады;  сөз  тіркесінің  көлемін  оның  граммати-
калық  табиғаты  анықтап  тұратынын  дәлелдеді. 
Сөз  тіркесінің  көлемі  және  к‰рделену  шегі 
оның  сөйлеммен  салыстырғандағы  сапалық 
айырмашылықтарымен  байланысты  болаты-
нын ғылыми-теориялық негізде талдады.   
Сөздің  өзі  жалпы,  абстракциялық  ұғымды 
атайды  да,  синтаксистік  сөз  тіркесі  дәлдік, 
нақтылықты,  айқындалған  ұғымды  көрсетеді. 
Тіл-тілдің қайсысында болмасын зат есім - зат 
есім  тіркесінен  тұратын  атаулардың  номина-
циялануы к‰шті қарқынға ие. Оның мәнісі зат 
есімнің ішкі мағыналық құрылымымен байла-
нысты  болса  керек.  Яғни  зат  есім  өз  бойына 
сандық  та,  сындық  та,  тіпті  кей  уақыттарда 
қимылдық  та  қасиеттерді  жалпылай  сыйғыза 
алады.  Зат  есімді  сөздердің  дені  референтті 
атаулар болып табылады. Олардың семантика-
лық қорында архисеманың негізінде сақталған 
өзексема мен арнайы сема тұрақты т‰рде өмір 
с‰реді. Мұның өзі, т‰птеп келгенде, т‰бірлер-
дің синкретизмімен байланысты құбылыс деп 
бағалауға  болар  еді.  Тілдік  ж‰йенің  осы 
заңдылығы сөз тіркестері  негізінде жаңа атау 
жасаудың  басты  тәсілін  де  қалыптастырғаны 
белгілі.  Сөз  тіркестерінің  лексикалануы  ар-
қылы  аналитикалық  тәсіл  бойынша  жаңа 
туынды сөздер жасалады деген пікірді қаузап, 
өзімізге  дейін  біраз  ғылыми  талас  тудырып 
келген  мәселе  бойынша  ізденушілерімізге 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          17 
 
тақырып  беріп,  матаса    және  қабыса  байла-
нысқан  сөз  тіркестерінің  лексикалануы  мәсе-
лесін  ғылыми  айналысқа  шығарғанда,  біз,  ең 
алдымен,  профессор  Т.  Сайрамбаевтың  қол-
дауын  сезіндік.  Тілдік  деректерді  мол  талдап, 
кең  қорытатын  ұстаз-ғалым,  тілімізде  жаса-
лып жатқан атаулардан мысалдар тауып, оның 
ғылыми  негізділігін  дәлелдеуде  көп  пікір 
қосып,  кеңес  бергенін  әсте  ұмытармыз  ба, 
кейінгі аспиранттарымыз  ұмытар ма?!    
Жеке  сөздер  тәрізді  сөз  тіркестері  де  пре-
дикативтілік категория мен интонация арқылы 
коммуникативті  қызмет  атқарады  (қатал  қыс 
және қыс қатал, қыс қатал болды және т.б.). 
Сөз  тіркестері  жайылма  сөйлемдерді  құрауға 
жиі  қолданылады.  Сонымен,  сөйлем  арқылы 
коммуникативті  қызмет  атқару  барысында, 
сөз  тіркестері  сөйлем  м‰шесі  ретінде  таны-
лады. Сөйлем құрамындағы сөз тіркесі сөйлем 
т‰ріне,  сөйлемнің басқа  элементтерінің  ықпа-
лымен  немесе  сөйлем  мақсатына,  болмаса 
интонациялық-мағыналық 
ерекшеліктеріне 
және т.б. жағдайларға байланысты т‰рлі өзге-
рістерге  ұшырауы  м‰мкін.  Нәтижесінде  сөй-
лем т‰ріне қарай тіркестердің жаңа құрылым-
дық типтері жасалады. 
Сөйлемнің құрамына енген сөздер мен сөз 
тіркестерінің  құрылымдық  өзгеру  процестері 
саны  көп  және  олар  әрт‰рлі  болады.  Бұл 
мәселе  де  Т.  Сайрамбаев  еңбектерінде  едәуір 
орын  алып,  өзіндік  зерттеу  нысаны  болғаны 
белгілі.  Ғалым  зерттеулерінің  бір  ерекшелігі 
көп  ғалымдар  талдай  қоймаған,  аңғарылып, 
атала  бермейтін  тілдік  деректерді  ғылыми 
айналысқа  шығарып,  қалтарыста  қалған  кө-
мекші  бірліктердің  сөйлемдегі  мағынасы  мен 
мазмұндық  мәнін  ерекше  атап  көрсету  дер 
едік.  Мәселен,  сөйлем  м‰шесі  ретінде  тал- 
дана  бермейтін  көмекші  сөздердің  бағы  
Т.  Сайрамбаев  зерттеулерінде  жақсы    ашы-
лады.  Сөздер  сөйлем  м‰шесі  болуы  ‰шін  бір 
сұраққа  жауап  беруі  қажет  деген  т‰сінікке 
ғылыми  нақтылық  беруді  ұсынған  ғалым, 
көмекші сөздердің негізгі сөздерсіз қолданыла 
алмайтынын ескеріп, сөйлемде олардың грам-
матикалық  сипаты  көмекшілер  арқылы  көрі-
нетінін  тілдік  деректерді  келтіре  дәлелдейді. 
Сөйлем м‰шесі болуда сөздер бір-бірімен син-
таксистік  қатынаста  келеді,  сондықтан  оның 
грамматикалық  мағынасы  да  осы  қатынас 
негізінде  анықталуы  қажет  деген  тұжырым 
айтады.        
Тілдің  табиғаты  тізбекті  болса  да,  синтак-
систе  сөз  тіркестерінің  негізгі  және  тәуелді 
компоненттері  арасындағы  байланыс  тек 
т‰йісу  орнымен  немесе  қатар  келуімен  ғана 
анықталмайды.  Оны  басқа  да  құралдар  анық-
тай  арқылы,  мәселен:  мағыналық  байланыс, 
әрт‰рлі  орын  тәртібі,  интонация  және  т.с.с. 
Сөйлемнің  мағынасына,  мақсатына,  стиліне, 
эмоциялық  реңіне  қарай  сөздер  мен  тіркес- 
тердің  орын  тәртібі  әрт‰рлі  болуы  м‰мкін. 
Осы  жағдаяттарды  анықтай  келе,  профессор 
Т. Сайрамбаев сөйлем м‰шелерінің жасалуын-
дағы  мынадай  топтарды  анықтайды: “негізгі 
сөз таптарының сөйлем м‰шесі болуы, негізгі 
сөздер  мен  көмекші  сөздердің  т‰йдектелуі 
арқылы  сөйлем  м‰шесі  болуы,  негізгі  сөздер 
шартты райлы болып, етістікті тіркес арқылы 
сөйлем  м‰шесі  болуы,  тұрақты  тіркесті  сөй-
лем  м‰шелері,  бір  сөздің  қайталануы  арқылы 
сөйлем  м‰шесі  болуы,  сөйлемнің  де  сөйлем 
м‰шесі болуы (кейін ғалым “Сөз-сөйлем” тео-
риясын жасап, ізденушісіне кандидаттық дис-
сертация  қорғатты),  қысқарған  сөзді  сөйлем 
м‰шелері,  жеке  дыбысты  сөйлем  м‰шелері” 
[1.278]. Бұл пікірмен де қосылуға тура келеді. 
Өйткені  сөйлеуде  жұмсалатын  әрбір  тілдік 
бірліктің сөйлем ж‰йесінде өзіндік мағынасы, 
мәні, ой мазмұнын бекітуде рөлі бар. Сөйлем-
нің  бір“элементі болып табылатын сөз де, сөз 
бен  көмекші  сөздің  тіркесі  және  тұрақты 
тіркестер де сөйлемге енгенде қалай да белгілі 
бір  заңдылықтар  негізінде  ж‰зеге  асады” [1. 
283].      
Қазіргі  әдеби  тілде  синтагмалық  бөліктері 
бір-бірімен  салаласа  байланысатын  көп  м‰-
шелі  сөз  тіркестерінің  м‰шеленуі  де  жиі  кез-
деседі.  Синтаксистік  алмасулар  бір  сөз  тір-
кесінің  аумағынан  алшақтамауы  да  м‰мкін, 
бірақ негізгі шарт орындалуы қажет, яғни сөз 
тіркесі  көп  м‰шелі  (кем  дегенде  ‰ш  м‰шесі 
бар)  болуы  тиіс.  Сөз  тіркестері  бөліктерінің 
арасындағы  қатынастар,  мағыналық  байла-
ныстар  өзгергенде,  жаңа  модель (‰лгілер) 
пайда болады. Ондай ‰лгілер адъективті және 
субстантативті  болуы  м‰мкін.  Бұл  құбылыс-
тың  негізінде  тіліміздегі  есімдердің  мағына-
лық  құрылымының    кеңеюімен  байланысты. 
Т.  Сайрамбаев  сөз  тіркесінде – тіркесімділік, 
ал  сөйлем  м‰шелерінде – байланыс  маңызды, 
сөз  тіркесі  сөйлем  м‰шелеріне  қарағанда  қа-
лыптасуы  жағынан  кеш  пайда  болған  деп 
есептейді [1.271].  

18                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Грамматика саласының даму процесіне на-
зар аударған ғалым сөйлеу тіліндегі синтаксистің 
мәніне ерекше көңіл бөледі. Бала тілінің син-
таксисіне, алғашқы сөйлеу ж‰йесіндегі ойдың, 
пікірдің  берілуіндегі  синтаксистің  маңызына 
тоқталады. Егер белгілі интонацияға ие болса, 
жеке сөздердің сөйлем болуы м‰мкін деген ой 
айтады.  Мұндай  ғылыми  пікірлер  қазақ  син-
таксисінің  болашақта  дамуына  қатысты  ай-
тылған бастамалар деуге толық негіз бар.   
Қорыта  айтқанда,  қазақ  синтаксисінің  зерт- 
телуіне  профессор  Т.  Сайрамбаев  өзіндік  ‰л- 
кен ‰лес қосқан ғалым. Оның еңбектерін қай- 
 
талай  оқығанда,  қазақ  тіліндегі  сөз  тіркесін 
зерттеуде  қандай  ғылыми  тұжырымға  қол  
жеткізілді, болашақта қандай бағытта ізденуге 
болар  еді  деген  сұрақтардың  біразына  жауап 
ала аласыз. Жастардан көмегін аямайтын, сол 
жасаған көмегін «өзгелердей» сатпайтын жақсы 
аға биыл 75-ке шығар еді... Артына өлмес мұра 
қалдырған профессор Т. Сайрамбаев есімі әлі 
талай  ғылыми  еңбектерде  жазыларына,  айты-
ларына сенім кәміл.          
________________ 
1.  Сайрамбаев  Т.  Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері.  Сөз 
тіркесі. Алматы, 2010. 29-бет 
2.  Соссюр Ф. Де. Курс общей лингвистики. М., 1933. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал