Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет29/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61

 
Г. Сырлыбаева 
Семантика противоположенных фразеологизмов 
 
В статье рассматривается  семантика противоположенных фразеологизмов в казахском языке. 
 
G. Syrlybaeva 
The semantics of contrasting phraseology 
 
The article deals with the semantics of contrasting phraseology in Kazakh language. 
 
 
 
Ж. К. C‰йінжанова, 
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, аға оқытушы, ф.ғ.к. Т‰ркістан қ., 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ТІРКЕСТЕРДІҢ 
ЛЕКСИКАЛАНУЫ 
 
 
Еркін  сөз  тіркесінің  құрамынан  шығып, 
атаулық  тіркес  ретінде  танылып  ж‰рген 
тұлғалардың  тілдік  табиғатын  анықтап,  олар-
дың  грамматикалық,  қызметтік  және  семан-
тикалық мәнін айқындаудың ғылыми маңызы  
зор.  Сөз  тіркестерінің  дамуы  жаңа  сөздердің 
жасалуын  туғызатыны  даусыз.  Ұлттық  тіл 
білімі бойынша жалпы тіркестер туралы зерт-
теудің  негізін  қалаған  ғалымдар  А.  Байтұр-
сынұлы,  Қ.  Жұбанов,  С.  Аманжоловтан  бас-
тап,  сөз  тіркестері  туралы  ғылыми  пікірлер 
айтқан  ғалымдар  Н.Т.  Сауранбаев,  С.Исаев,  
Ә.  Аблақов,  Е.  Ағманов,  Р.  Әмір,  Т.  Сайрам-
баев, Н. Оралбаева, А.Б.Салқынбай,  Б.Қасым 
т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылған.  
Қазақ  тіл  білімінде  сөз  тіркесі  мәселесі 
теориялық  та,  практикалық  та  т‰рғыдан  жан-
жақты зерттелген. Сол еңбектерде меңгерудің 
табиғатына  назар  аударылып,  тиісті  анықта- 
 
 
малар  беріліп,  диссертациялар  қорғалып,  
меңгеру мәселесінің табиғаты анықталды. Сөз 
тіркесі,  оның  ішінде  меңгеру  мәселесі  алғаш 
Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев ең-
бектерінде  көтеріліп,  бұл  мәселенің  одан  әрі 
зерттелуіне  жол  ашылды.  М.  Балақаевтың 
еңбектерінде сөз тіркесі мәселесі кеңінен зерт-
теліп, онда сөз тіркесінің құрылысы, өзіне тән 
ерекшеліктері,  сөздердің  байланысу  тәсілдері 
мен  формалары  және  олардың  тіркесу  қабі-
леттері  жан-жақты  ашылып  көрсетіледі.  
Бұл  мәселеде  С.  Исаевтың,  А.  Аблақовтың, 
Р.С.  Әміровтің,  Т.  Сайрамбаевтардың  еңбек-
терін атап өткен орынды.  
Тілімізде  изафеттік  тіркестердің,  қабыса 
байланысқан  сөз  тіркестерінің  атау  туғызу 
қызметі  мол.  Сонымен  қатар,  әбден  қалып-
тасқан  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесінің 
негізінде  жасалған  термин  сөздер  мен  атау-

166                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
лардың  бар  екені  байқалады.  Меңгеріле  бай-
ланысқан сөз тіркестерінің лексикалану құбы-
лысы  туралы  ең  алғаш  Ә.  Аблақов, 
 С. Исаев, Е. Ағманова еңбектерінде айтылған. 
Сөз тіркестерінің лексикалануы сөз жасаудың 
ең  бір  өнімді  тәсілдерінің  бірі  екендігін  айта 
келе бойжеткен, ержету, аяқбасу, Алғабас т.б.  
сөздерінің даму сатысын жан-жақты талдайды 
[1, 312 б.].  
Ал  «Қазақ  грамматикасында»  біріккен 
сөздердің де, тіркесті к‰рделі сөздердің де т‰п 
негізі  сөз  тіркестері  деген  қағида  ғылымда 
әбден  орныққан.  Толықтауыштық  қатынас-
тағы  сөз  тіркестерінен  жасалған  біріккен  сөз-
дер  азырақ.  Олар  төмендегідей  алжапқыш, 
атқамінер, орынбасар, демалыс, қаптесер т.б. 
Бұл  біріккен  сөздердің  т‰п  төркіні  алды-
жапқыш,  атқа-мінер,  орынды-басар,  демді-
алыс,  қапты-тесер  екені  талас  туғызбайды. 
Сондықтан  бұл  біріккен  толықтауыштық 
қарым-қатынастағы  тіркестен  қалыптасқан 
деп санауға болады деп берілген [2, 254 б.]. 
Атаулық  тіркестер  сөз  тіркесінің  грамма-
тикалық  байланысу  ‰лгісі  негізінде  дамыса, 
атаулық тіркестердің негізінде біріккен сөздер 
пайда  болады.  К‰рделі  сөздердің  ішінде 
біріккен  сөздердің  шығу  тегі  атаулық  тіркес-
тердің  тарихымен  тығыз  байланыста.  Бұл 
туралы  ғалым  Н.  Уәли  «Біріккен  сөз – екі 
таңбаның  жай  ғана  механикалық  тұрғыдағы 
қосындысы  емес.  Екі  таңба  (А,  В)  бірігіп, 
жаңа  сипаттағы  таңбаға  (С)  айналу  ‰шін,  бі-
рігуге  тиіс  екі  таңба  әрт‰рлі  деңгейдегі  азды-
көпті  а)  мағыналық,  ә)  формалық  (материал-
дық)  өзгеріске  ұшырауы  шарт.  Сондықтан 
біріккен  сөздерді  айқындау  ‰шін  оларды 
алдымен  мазмұнмеже,  тұрпатмеже  тұрғысы-
нан  қарастыру  қажет.  Олай  болса,  бірігуге 
тиіс  таңбалардың  семантикалық  құрылымын 
денотат,  сигнификат  теориясы  тұрғысынан 
қараудың  мәні  айрықша.  Бұл  ретте  бірігуге 
тиіс  белгілі  бір  екі  таңбаның  әрқайсының  се-
мантикалық құрылымындағы денотаттық, сиг-
нификаттық  компоненттерді  өзара  салыстырып 
көруге болады» деп тұжырым жасайды [3]. 
Мысалы  «тұсаукесер,  ауызашар,  атаққұ-
мар» сөздерін талдағанда жалқыдан біртіндеп 
жалпыға  қарай  абстракциялануын  көреміз, 
біртіндеп  к‰рделене  т‰скен.  Бұрын  бұл  ‰лгі 
(тұсауды  кесер,  ауызды  ашар,  атаққа  құмар) 
құрамындағы  сөздер  меңгеріле  байланысқан, 
пысықтауыштық  қатынасты  білдіретін  етістік  
сөз тіркесі болса, қазір ол қосымша жеке ұғым 
атауы ретінде де қолданылады. Соңғы қызметі 
адамдар арасында болатын әрт‰рлі қатынасты 
білдіре т‰судің нәтижесінде тіркестегі сөздер-
дің  әрқайсысына  тән  мағына  көмескіленіп, 
екеуі  қосылып  бір  ғана  мағынада  қолданыла 
бастаған, осыдан жаңа сөз пайда болған.  
Бұл  сөздер  меңгеруден  қабысуға  дейін 
дамып,  одан  к‰рделі  сөздерге  қарай  ұласқан 
атаулық тіркестердің жасалуы мен даму жолы: 
тұсауын  кесер – тұсау  кесер – тұсаукесер; 
атаққа құмар – атақ құмар – атаққұмар т.б. 
Тіркес  құрамындағы  сөздердің  мағынасы 
грамматикалық  формаларға  ауысып  отырған. 
Бір  формадан  екінші  формаға  ауысқан  сайын 
олардың  лексикалану  процесі  арта  т‰седі. 
Сондықтан  сөз  бен  сөзді  байланыстырушы 
формалар біртіндеп жойыла бастаған.  
Жалпы тіл білімі  мен  орыс  тіл  біліміндегі 
ғылыми  зерттеулерде  тұрақты  тіркестердің 
пайда  болуы  мен  жасалуы  лексикаланудың 
нәтижесі  екені  кең  қарастырылған.  В.В.  Ви-
ноградов [4] зерттеу жұмысында тұрақты тір-
кестердің  жасалуы  мен  қалыптасуының  бас-
талуы олардың лексикалануымен байланысты 
екенін  т‰сіндірген.  Автор  фразеологиялық 
тұтастықтың,  фразеологиялық  бірліктің  және 
фразеологиялық тіркестің мағынасын олардың 
құрамындағы  сөздермен  байланысты  қарау 
керектігін көрсетеді.  
Қазақ  тіл  білімінде  І.  Кеңесбаев,  Ғ.  Мұса-
баевтың  “Қазіргі  қазақ  тілі.  Лексика.  Фоне-
тика” [5] деп  аталатын  еңбегінде  фразеоло-
гиялық  бірліктер  фразалық  тіркестер  деп 
аталатыны  белгілі.  Мұнда  ғалымдар  тұрақты 
тіркестерді  идиомдар  мен  фразалар  деп  бөліп 
жіктейді,  әрбірінің  өзіндік  ерекшелігін  көрсе-
тіп,  мысалдармен  дәлелдеп  береді.  Авторлар 
идиомдар  мен  фразаларды  бөліп  көрсетіп, 
оларды сипаттап, ғылыми анықтамасын беріп, 
грамматикалық,  лексикалық,  семантикалық 
ерекшеліктерін қарастырады.   
І.  Кеңесбаев  “Қазақ  тілінің  фразеология-
лық  сөздігі”  атты жұмысында  фразеологизм-
дердің  мағына  тұтастығы,  тіркес  тиянақты-
лығы,  қолдану  тиянақтылығы  сияқты  негізгі 
ерекшеліктерін атап өте отырып, былай дейді:  
“Фразеологиялық  единицалар  өзінің  сыртқы 
тұрпаты  жағынан  еркін  тіркестерге  ұқсайды; 
мәселен, атрибутты тіркестердегі (анықтауыш 
– анықталғыш) соңғы компонент өзінің негізгі 
мағынасын  сақтап,  тиянақты  келетін  болса, 
анықтауыш  компонент  ауыспалы  мағынада 
жұмсалады:  асқар  тау,  с‰мбіл  шаш,  қолаң 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          167 
 
шаш, қынай бел, қыпша бел; демек адъективті 
тіркестердің  (сын  есімді,  сан  есімді,  зат  есім 
мен  сынға  айналған  зат  есімді,  немесе  сын 
есім, сан есімнен жасалған туынды өзге есімді 
тіркестер)  анықтауыш  компоненті  осы  ізбен 
жасалатындығы  к‰мән  келтірмейді:  сасық 
бай,  егіз  қозылы,  екі  ж‰зді,  бір  қайнатым 
(шай) т.б. Шілде т‰скенде, т‰н баласына, таң 
сыз  бергенде  тәрізді  адвербиалды (‰стеу)  тір-
кестер  де  жоғарыдағыдай  бір  сыңары  негізгі 
мағынада жұмсалып, кейінгі компоненті туын-
ды мағынада тұрады” [6;593]. 
І.  Кеңесбаевтың  бұл  тұжырымы  арқылы 
біз адъективті тіркестердің негізінде жасалған 
атаулардың  кейін  идиомдар  мен  фразалар 
ретінде  танылатынын  аңғарамыз.  Кез  келген 
тұрақты  тіркестер  еркін  тіркестің  дамуы 
арқылы пайда болғаны белгілі. Бұл жайында І. 
Кеңесбаев  көрсетілген  зерттеу  жұмысында 
“Фразеологиялық  единицалардың  бірден  жа-
сала  қоймағаны,  уақыт  ұзаған  сайын  бірте-
бірте  қалыптасқаны,  еркін  тіркестердің  негі-
зінде  жасалғаны  сөзсіз”   дейді [6; 605].  Тұ-
рақты  тіркестер  мен  еркін  тіркестердің  ара-
сындағы  аралық  буын  ретінде  атаулық  тір-
кестер болады деп көрсетеміз. Еркін тіркестер 
тілдің  дамуында  лексикалану  процесін  басы-
нан  өткеріп,  соның  нәтижесінде  атаулық  тір-
кестер ретінде қызмет еткен. Келе-келе мағы-
налық  ауыспалылық,  тұлғалық  тұрақтылық-
тың  нәтижесінде,  әрі  метафораланып  келіп 
тұрақты тіркестер ретінде танылған. 
Қазақ  тіл  білімінде  матаса  байланысқан, 
қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  лекси-
калануы зерттелді. Зерттеуші М. Сәрсембаева 
”Матаса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  лек-
сикалануы  негізінде  жасалған  туынды  сөздер 
семантикасы”  атты  еңбегінде  матаса  байла-
нысқан сөздердің лексикалануы арқылы пайда 
болған  жаңа  мағыналы  атауларды  ономасио-
логиялық  аспектіде,  атау  теориясы  мен  уәж-
ділік  негізінде  қарастырады.  Осы  бағытта 
қабыса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  лекси-
калануы,  олардың  семантикасы,  парадигма-
лық  және  синтагмалық  мағынасы  жөнінде  
Ж.  Әуелбекова  кандидаттық  диссертация 
қорғады.  Алайда  меңгеріле  байланысқан  сөз 
тіркестерінің  даму  процестері,  лексикалануы 
әлі де зерттеуді қажет ететіндігін аңғартады.  
Меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестері 
арқылы  жасалған  туынды  сөздерді  жинап, 
топтастырғанда  оларды:  фразалық  тіркестер, 
атаулық тіркестер, біріккен сөздер, қос сөздер 
деп бөліп қарастырдық. 
Атаулық  тіркестер:  жалға  беруші,  қалаға 
шоғырлану,  жылу  қабылдағыштар,  өздігінен 
тозаңдану,  дауысқа  салу,  еңбекке  жарамды, 
ауруға  шалдығу,  іске  асыру,  бетімен  жіберу, 
әдебиеттануға  кіріспе,  жарыққа  шығару, 
ойдан  шығарылған,  жан  алғыш,  кәмелетке  
толмағандар, бәсекеге қабілетті. 
Біріккен  сөздер:  орынбасар,  атаққұмар, 
итжеккен,  бойжеткен,  алжапқыш,  тіскеба-
сар,  к‰нқағар,  ұлтабар,  атқамінер,  көзілдірік 
(көзгелдірік),  ізбасар,  тілалғыш,  мұзжарғыш, 
өнертапқыш.  
Қос  сөздер:  ауыздан-ауызға,  алдын-ала, 
қараптан-қарап,  өзімен-өзі,  тектен-тек,  ой-
дан-қырдан,  ойда-жоқта,  қаннен-қаперсіз, 
аштан-аш, бастан-аяқ, баладан-балаға, ұзын-
нан-ұзақ,  бостан-босқа,  қолдан-қолға,  кімде-
кім,  тікеден-тік,  тегіннен-тегін,  жападан-
жалғыз. 
Меңгеру  арқылы  жасалған  фразалық  тір-
кестер  тілімізде  көптеп  кездеседі.  Олар  мең-
герудің  барлық  т‰рін  қамтиды.  Мысалы, 
араны  ашылу,  әжетке  жарау,  ағынан  жа-
рылу,  айылын  жыймау,  ақылға  сыймау, 
аузынан  т‰скендей,  басына  көтеру,  бетке 
ұстар, д‰ниеге келу т.б.  
Меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркестері  ар-
қылы жасалған туынды сөздердің ішінде атау-
лық  тіркестерге  қатысты  тілдік  фактілерді 
жасалу  жолдарына  қарай  меңгеріле  байла-
нысқан есімді сөз тіркестерінен пайда болған 
атаулар,  меңгеріле  байланысқан  етістікті 
сөз  тіркестерінен  пайда  болған  атаулар  деп 
бөлінеді: 
Меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тір-
кестерінен пайда болған атаулар: 
табыс септік + етістік тіркесті туынды сөз-
дер: к‰шін жою, мерзімін ұзарту, беделін т‰-
сіру; 
барыс септік + етістік тіркесті туынды сөз-
дер:  тіл  біліміне  кіріспе,  әдебиеттануға  кі-
ріспе,  тіске  басар,  сапқа  тұру,  әуреге  т‰су, 
ойға  т‰су,  апатқа  қарсы  басқару,  кәдеге 
жарату,  есепке  алу,  кейінге  қалдыру,  қалаға 
шоғырлану,  ортаға  бейімделу,  жерге  қосу, 
жеуге  жарайтын,  аңызға  айналған,  дауысқа 
салу,  жеке  басқа  табыну,  қарыққа  шығару, 
тәртіпке келтіру; 
жатыс  септік + етістік  тіркесті  туынды 
сөздер: артта қалу; 
шығыс  септік + етістік  тіркесті  туынды  
 

168                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
сөздер:  қашықтан  басқару,  өздігінен  жану, 
істен  шығу,  қолдан  сұрыптау,  өздігінен  
тозаңдану,  қолдан  тоқылған,  шектен  шығу, 
бас  бостандығынан  айыру,  көргенінен  жаз-
бау,  ойдан шығарылған,  орнынан т‰су,  естен 
тану; 
көмектес  септік + етістік  тіркесті  туынды 
сөздер:  ауамен  салқындату,  газбен  жабдық-
тау, жұмыспен қамту; 
Меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркес-
терінен пайда болған атаулар: 
табыс  септік + есім  сөз  тіркесті  туынды 
сөздер: зейнетақыны жинақтау қоры; теріс-
теуді терістеу заңы, 
барыс    септік + есім  сөз  тіркесті  туынды 
сөздер:  еңбекке  жарамдылық,  жалға  беруші,  
аязға  төзімділік,  тозуға  төзімділік,  жалпыға 
ортақ,  пұтқа  табынушы,  әскерге  шақы-
рылушы,  бәсекеге  қабілетті,  ведомствоға 
қарасты, құзға өрлеуші; 
жатыс  септік + есім  сөз  тіркесті  туынды 
сөздер: артта қалушылар; 
шығыс  септік + есім  сөз  туынды  сөздер: 
өздігінен таралушылар, қалыптан тыс; 
көмектес септік + есім сөз тіркесті туынды 
сөздер:  бумен  жібіткіш,  бауырымен  жорға-
лаушылар,  бетімен  кетушілік,  тозаңмен  қо-
ректендіргіш;  
Сонымен,  меңгеріле  байланыса  келіп  лек-
сикалану  негізінде  жаңадан  жасалған  атаулар 
қазақ  тіл  білімінде  көптеп  саналады.  Бұндай 
тәсіл  арқылы  жаңа  мағыналы  туынды  сөз 
жасау,  әсіресе  термин  жасауға  байланысты, 
фразалық  тіркестерде  белсенді  қолданылады. 
Меңгеріле  байланыста  тұрған  сөз  тіркестері-
нің атаулық сипатқа ие болып, жаңа мағынада 
жеке туынды сөз ретінде жұмсалуы сөздік құ-
рамды  дамытатыны  даусыз.  Өйткені  бұл  сөз-
дердің  барлығы  да  сөздіктерге  реестр  ретінде 
енген  атаулар.  Біз  осы  атауларды  мағыналық 
топтарға бөліп, жасалу жолдарына қарай топ-
тастыруға  тырыстық.  Меңгеріле  байланысқан 
сөз  тіркестерінен  жасалған  атаулар  сөзжасам-
дық тұрғыдан арнайы зерттеуді қажет етеді. 
Тіркестердің  лексикалануы  белгілі  уақыт 
пен кеңістікке, ондағы әр алуан қызмет пен іс-
әрекетке  байланысты  орындалады.  Әрбір  тір-
кестің  өзіндік  мағыналық  жағынан  лексика-
лану ж‰йесі бар екенін аңғарамыз. 
_____________ 
1. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз 
тіркесінің  дамуы  мен  лексикалану  процесі. – Алматы: 
Санат, 1997. – 320 б. 
2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 782 б.  
3. Уәлиев Н. Қазақ сөз мәдениетінің негіздері: филол. 
ғыл. док. дисс. – Алматы, 2007. – 329 б. 
4. Шакенов Ж. Қазақ тіліндегі к‰рделі сөздер мен к‰р-
делі тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 120 б. 
5. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. 
Фонетика. – Алматы, 1962. – 314 б. 
6. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – 
Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б. 
 
Ж.  Суйинжанова 
Лексикализация словосочетании и их семантические развития в казахском языке 
 
В статье рассматривается лексикализация словосочетании и их семантические развития в казахском языке.  
 
J. Suyinzhanova 
Phrases lexicalization and their semantic development in Kazakh language 
 
In the article the phrases lexicalization and their semantic development in the Kazakh language are considered. 
 
 
 
Г. Қ. Темірбекова, 
ОҚПУ доценті, ф.ғ.к. 
 
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ 
 
 
Атаулы  сөйлемдер  деп  арнайы  хабарлау 
мақсатында  қолданылатын  және  осының 
негізінде  предикативтілік  пен  модальділікті 
білдіретін  синтаксистік  мағына  беретін,  құ-
рылымдық  негізін  атау  тұлғасындағы  немесе 
заттанған  форма  құрайтын  сөйлемді  айтамыз.  
 
 
Мұндай  атау  септігіндегі  немесе  заттанған 
форма  аясында  құрылған  арнайы  хабарлау-
ларды  мына  төмендегі  мысалдардан  көруге  
болады: 16 желтоқсан. 1986 жыл.  Республика 
алаңы.  Кеш.  Айдала.  Көлдің  биік  қабығы. 
Әлсіз жел.  Иесіз қыстау. Ақан. Тілсіз бала. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          169 
 
Арнайы  хабарлау  дегеніміз  сөйлеу  адре-
сатына  болмыс  туралы  кейбір  мәліметтерді 
жеткізу мақсатындағы ерекше коммуникатив-
тік  сөйлеу  актын  айтамыз.  Адресат  санасы 
мен  сөйлеу  адресатының  болмысын  м‰шелей 
келе, оны тілдік құралдармен белгілеп, арнайы 
хабарлау дегеніміз санада объективті заттарды 
(заттар,  көріністер,  белгілер  және  олардың 
арасындағы  детерминативті  байланыс)  бейне-
лейтін және айтушы тарапынан оларға субъек-
тивті  қатынасты  біріктіретін  тілдік  қатынас, 
құрал  коммуникативті  жағдайдың  белгісі  бо-
лып табылады [1,14]. 
Атаулы  сөйлемдер  өздерінің  референттік 
қызметін  әрт‰рлі  орындайды,  әрт‰рлі  дено-
татты  мағына  береді.  Денотатты  мағына  де-
геніміз синтаксистік конструкцияның номина-
тивті  (атаулы)  құралымен  көрсетілген  бол-
мыстың шындықтағы немесе қиялдағы объек-
ті туралы жеке көрінісін айтамыз. 
Атаулы сөйлемдердің денотатты мағынасы 
жағдайдың  белгісін  немесе  заттық  атауын 
білдіретін болмыс туралы жеке көрініске қыз-
мет  етеді.  Бұлардың  бәрі  бейнелеудің  арнайы  
объекті  өзіндік  мән,  маңыз  ретінде  қолда-
нылады. 
Атаулы  сөйлемдердің  мағыналық  ерекше-
лігі  арнайы  сипаттағы  сигнификатты  және 
денотатты мағынамен байланысты болады. 
Сигнификатты  мағына  заттың  атауы  бере-
тін,  сол  зат  туралы  т‰сінікпен  сәйкес,  атаулы 
(бір  құрамды  есімді)  конструкциялар.  Бір 
құрамды  есімді  пікірдің  денотатты  мағынасы 
сөйлемді тікелей ж‰зеге асырушы ретінде зат-
тың  жағдайы  туралы  хабарлаумен  байла- 
нысты.  Денотатты  мағына  коммуникативті 
сөйлеу  актына  қатысушылар  санасындағы 
болмысты  бейнелейді,  ал  болмыс  фрагменті-
нің өзіне тең емес және тілдік сәйкестікте зат-
тың  сөз-т‰сінік  т‰ріндегі  және  шындық  пен 
қиялдағы  зат  туралы  жеке  көрінісіне  негізде-
леді [2,18]. 
Көптеген  тілдік  қатынастарда  белгілеудің 
шындық объектілері қатынаспайды, тек олар-
дың  денотаттары  мен  белгілері  ғана  қолда-
нылады,  өйткені  ол  белгілер  біздің  д‰ние 
туралы, оның біздің санамыздағы объектілері-
мен сәйкес келеді. Олай болса , Алғашқы қар 
деген атаулы сөйлем сөйлеуде табиғаттың бір 
көрінісі бір мағына береді. Пікірдің денотатты 
мазмұны  бірдей – алғашқы  қардың  т‰суімен 
байланысты  табиғаттың  шындық  қалпы 
туралы хабарлау. 
Пікірдің  немесе  сөйлемнің  мағыналық 
ұйымдасуы  табиғат  құбылысымен  байланыс-
ты Алғашқы қар туралы хабар көптеген ассо-
циацияға  толы  болғанымен,  сигнификатты 
және  денотатты  деңгейде  бір  компонетті  бо-
лады.  Олардың  ойдағы  және  тілдегі  кейбір 
бейнеленуі  келесі  сөйлемдердің  мазмұны  бо-
лады. 
Атаулы  сөйлемдер  предикативті  белгі  ре-
тінде тұрмыс процесін білдіре алмайды. Олар-
дың  құрамында  етістіктің  нольдік  формасы 
болмайды,  байланыстырушы  уақытқа  және 
модальділік  мағынасынан  бөлек,  баяндауыш-
тың  бастауышқа  формальды  грамматикалық 
тәуелділігін  көрсетеді,  баяндауышты  бас-
тауышпен  байланыстырады.  Байланыстыру-
шы  тек  екі  синтаксистік  компонеттен  тұра- 
тын,  бастауышты-баяндауышты  қатынастағы 
грамматикалық байланыста қолданылуы м‰м-
кін. 
Атаулы  сөйлемдерде  екі  бөлек  мағыналы 
компонеттер  де,  бастауышты – баяндауышты 
қатынас та жоқ, байланыстырушы жоқ, болуы 
м‰мкін де емес. 
Атаулы  сөйлемдердің  құрылымдық  және 
предикативті  негізін  тәуелсіз  қолданыстағы 
зат  есім  формасы  құрайды.  Мысалы:  Қыс. 
Ымырт. 
Атаулы  сөйлем  айтушының  қабылдауы-
мен  шектелген,  уақыт  шеңберіндегі  табиғат-
тың қалпын белгілейді. 
Атаулы  сөйлемдердің маңызды  ерекшелігі 
зат есім мен атрибутивті сөз тіркесінің тәуел-
сіз  сөз  формасынан  тұратын  синтаксистік  құ-
рылым  ретінде  ғана  емес,  бұл  тәуелсіз  сөз 
формасы  доминантты  қалыпта,  бірақ  арнайы 
интонациялық құрылымда іске асырылады[3]. 
Атаулы  сөйлемдердің  грамматикалық  схе-
масы - есімнің тәуелсіз формасы мен хабарлы, 
бұйрықты  интонациямен  сәйкес  келетін  қо-
сынды. 
Есімді  конструкциялардағы  интонация  
пікір  деңгейінде,  яғни  сөйлемнің  нақты  іске 
асуында,  сөйлем  схемасы,  сөйлем  моделі  
деңгейінде  мағыналы,  себебі  мұнда  интона- 
ция  предикаттық  мағынаны  білдіретін  бір- 
ден-бір  грамматикалық  құрал  болып  табы-
лады,  объективті  модальдылық  мағынасы 
хабарлау  жағдайында  заттық  бейнелеу  тә- 
сілі  ретінде  коммуникативті  қатынастың  су-
бъективті  жоспарын  құрайды,  хабарлау  т‰р-
леріне бөледі. 

170                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Атаулы  сөйлемдер  моделі  интонацияны 
қажетті  және  міндетті  (конструкциялық)  құ-
растырушы компонент ретінде қолданады. 
Алайда  интонацияны  зерттеушілер  сезім-
нің  әрт‰рлі  қалпында  интонацияның  барлық 
жеті  негізгі  т‰рлерін  көрсете  алатындығын 
көрсетеді.  Осыған  байланысты,  арнайы  көрі-
ніс грамматикалық және коммуникативтік ма-
ғына интонациямен тиянақталмаса, пікір диф-
ференциациясының бірден-бір құралы ретінде 
интонация қаралмайды. 
Хабарлаудың  сипаты  (констатация,  бұй-
рық)  нақтылы  сөйлеу  актында  сөйлеу  адре-
саты  пікірдің  интонациясы  бойынша  ғана 
емес,  оның  денотаттық  мағынасымен  анық-
талады,  бірақ  адам  психикасының  қабілетіне 
сәйкес  хабарлауды  толығымен  бағалау,  айту-
шының  көңіл-к‰йін,  сезімін,  хабарлау  актына 
қатысушылардың  арасындағы  коммуникатив-
ті  және  әлеуметтік  қатынас  пен  орын,  бол-
мыстың  фрагменттері  мен  оқиғаларының 
арасындағы детерминатты байланысты ескере 
отырып,  басқаша  айтқанда,  пікірді  туғызған 
ортаны  бағалау.  Әсіресе,  пікірдің  сәйкестігі 
және  денотатты  мазмұны  сөйлеу  адресатына 
жіберілген  хабарлауды  бірдей  қабылдауға 
м‰мкіндік береді. 
Атаулы  сөйлемдердегі  интонацияның  құ-
раушы (конструктивті) мәні модальды- преди-
кативті  мағынаны  бейнелеудің  формальды 
құралы  ретінде,  сөйлемді  құрастыруға  қатыс-
қандығымен  шектелмейді,  атаулы  сөйлемдер-
дің  интонациялық  көрінісі  б‰тіндігімен  және 
өте  к‰рделілігімен  анықталады.  Сөйлемнің 
құрылымдық негізіне кірмейтін элементтердің 
синтагматикалық  актуализациялануы  және 
синтагмалық м‰шеленуіне рұқсат етілмейді. 
Атаулы  сөйлемдердің  интонациялық  көрі-
нісінің  б‰тіндігі  оның  тема-  ремаға  м‰шелен-
бейтіндігімен т‰сіндіріледі, себебі интонация-
лы-құрастырушы  тема-ремалық  м‰шелену 
психологиялық байланыс элементтерін бейне-
лейді және тілімізде предикативтілікті атрибу-
тивтіліктен  ажырататын  белгі  ретінде  қызмет 
етеді [4]. 
Заттық  категория - шындықты  грамма-
тикалық тәсілмен көрсетудің бір т‰рі. Атаулы 
сөйлемдерде  затты-  қалыптық  атаулар  ж‰зеге 
асырады.  Заттың  шындығы  туралы  хабар 
бірінші орында тұрады. Атаулы сөйлемдердегі 
заттың  шындығы  туралы  хабар,  заттың  бар 
екендігі,  саны  туралы  хабарлаумен  тең  емес. 
Заттың бар екендігі, саны туралы хабарлау іс- 
әрекетке,  етістікке  с‰йенеді,  ал  заттың  шын-
дығы  туралы  хабарлау  зат  есімге  тән,  заттық 
категорияға  с‰йенеді.  Заттың  шындығы  ту-
ралы  хабарлау  бұл  санада  зат  елесінің  (бей-
несінің)  шындығы  туралы  хабарлау.  Елестету 
мазмұнын  құбылысты  немесе  затты  тікелей 
бақылаумен сипатталуы м‰мкін, яғни болмыс 
фрагментінің  уақытқа  байланысты  барлығы- 
мен  сәйкес  келеді.  Елестету  мазмұны  затты 
немесе құбылысты қабылдаумен байланысты. 
Ауада мотор ‰нін естіп: “Самолет” дейміз. 
Атаулы  сөйлемнің  мәні  біреу-ақ:  жағдай-
ды бір сөзбен – зат есіммен белгілеп, санамыз-
да заттың шындық көрінісін елестету. 
Зат  есімнің  тәуелсіз  формасы  мен  интона-
циямен  берілген  атаулы  сөйлемдер  уақыт 
ерекшелігін  белгілейді.  Сондықтан  да  атаулы 
сөйлемдердегі  уақыт  мағынасы  грамматика-
лық  категория  емес,  олардың  модальдылы-
ғына  қатысты  дерексіз  логикалық  мағына. 
Кейде  бұл  дерексіз  логикалық  мағынаны 
“темпоральды”  деп  те  атайды,  темпоральдық 
немесе  объективті  уақыт  тек  морфологиялық 
немесе  лексикалық  құралдармен  берілуі  м‰м-
кін  және  де  уақытты  барлық  тілден  тысқары 
контекст элементтерімен де берілетіндігін ай-
тады.  Мысалы:  Қыстың  басы.  Ышқынған 
долы  боран.  Кеш.  Ымырт  жабылған  кез.  Бұл 
сөйлемдерде  осы  шақ  мағынасы  сөйлемнің 
синтаксистік құрылымында бейнеленген. 
Атаулы  сөйлем  құрылымы  олардың  кон-
текстік  аумағына  қарамай-ақ,  тек  осы  шақта 
қабылданады.  А.  М.  Пешковскийдің  көрсет-
кеніндей, осы шақ белгісімен уақыттың грам-
матикалық  (синтаксистік)  мағынасын  берудің 
айғағы ретінде осы сөйлем т‰рінің құрылымы 
қызмет етеді. Олай болса, атаулы сөйлемдерде 
уақыттың  грамматикалық  мағынасын  беру 
‰шін  тіл  ж‰йесінде  арнайы  формальды  лек-
сика-грамматикалық  көрсеткіштері  жоқ  екен-
дігін байқаймыз [5;127]. 
Атаулы сөйлемдер - бұл өзіндік синтаксис-
тік  құрылым,  екі  құрамды  толымды  сөйлем-
дерден  ерекшеленетін  өзіне  тән  белгілері  бар 
бір құрамды сөйлемнің өзіндік бір т‰рі. 
Атаулы  сөйлемдердің  өзіне  тән  ерекше-
легі,  біріншіден,  пропозициялы  емес,  байым-
даумен  сәйкес  емес  мағыналық  құрылымда 
субъект-предикаттық  қатынас  құра  алмайды. 
Оның  мағыналық  (логикалық,  сигнификат- 
тық)  мазмұны  ойдың  формасы - т‰сінікпен 
беріледі, яғни затты, оқиғаны м‰шелемей, зат 
есімнің  негізгі  мағынасында  береді.  Атаулы 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          171 
 
сөйлемнің  құрылымдық-мағыналық  мәні  бұл 
сөйлемдерді  ұйымдастырушы  тұрлаулы  м‰ше 
арнайы синтаксистік позицияда тұрады, атри-
бутивтік  қатынастан  басқа  ешқандай  синтак-
систік  қатынасқа  араласпайды  және  синтак-
систік мағынасы тек осы шақта айтылады.  
______________ 
1.  Жакупов  Ж.А.  Қазақ  тілі  функционалдық  синтак-
сисі  (контекст  проблемасы). – Алматы, 1999. Фил.  ғыл. 
докт. ..дисср. автореф. 
2.  Балақаев  М.  Қазіргі  қазақ  тілі  мен  жай  сөйлем 
синтаксисі. –Алматы: Ана тілі 1992.-248 б. 
3. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі.А., “Мектеп” 1983. 
165б. 
4. Сәдуақасұлы Ж. қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлем-
дердің  құрылымдық  типтері  (етістік  бас  м‰шелі  сөйлем-
дер): филол.ғыл. док. дисс. Авторефераты. -Алматы, 1997. -
54 б. 
5.  Пешковский  А.М.  Русский  синтаксис  в  научном 
освещении. Изд.3-е. М-Л., 1928. -с. 467. 

1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал