Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет28/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61

Б. Рысбай  
Синкретизм в произведениях А. Нурпеисова 
  
В статье  рассматривается явление синкретизма в процессе перехода одних языковых явлении в другие. 
 
B. Rysbai  
Syncretism in the works of A. Nurpeisov 
 
This article discusses the phenomenon of syncretism in the process of transition of some linguistic phenomenon in others. 
 
 
 
 
Б. Л. Сманова 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФАЗАЛЫҚ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Етістіктердің  лексикалық  мағынасы  амал-
әрекеттер  білдірумен  бірге‚  т‰рлі  амалдың 
орындалу  тәсілін  де‚  қимылдық  сипатын  да  
білдіреді. Осындай бірнеше лексикалық реңк-
тер  оның  негізгі  мағынасымен  қабаттасып 
өмір с‰реді. Мысалы‚ "Ж‰гір" етістігі қозғалу 
мағынасын  білдіреді.  Басқа  қозғалу  етістігі 
мен  айырмашылықтары  қозғалудың  тездігін 
білдіреді.  Нақ  осындай  ж‰гір  етістігі  мен 
қатар  зырлау‚  аяғы  аяғына  тимеу  деуге  де 
болады.  Олардың  қосымша  мағынасы  жағы-
нан  айырылып  тұратындығы  анық.  Көмекші 
етістіктерде  мұндай  мағыналық  реңктер  бо-
лады. Мысалы‚ отыр‚ жатыр‚ тұр‚ ж‰р етіс-
тіктері  көмекші  етістік  қызметін  атқарумен 
бірге  амал-әрекеттің  созылыңқылығын  да 
білдіреді.  Сонымен  бірге  отыр  мен  жатыр-
дың айырмашылығы да 
бар. Кітап оқып отыр  
 
 
дегенмен  кітап  оқып  жатыр  деген  де  отыр 
нақтылы  осы  әрекеттің  орындалып  жатқан- 
дығын білдіреді. Ал жатыр дегенде оқу ама-
лының  қазіргі  кезде  нақтылы  болуында  анық 
болмайды. Оқып жатыр дегенде оқу бірнеше 
к‰нге созылған амал болса да олар қазіргі кезде 
оқуы  шарт  емес‚  олардың  негізгі  амалы  оқу 
екендігін‚  ол  ‰здік-создық  болуы  да  м‰мкін. 
Ж‰р  етістігі  де  сондай  созылыңқылы  амал 
әрекетті  білдіреді.  Осы  мағынасына  қарай  
оларда  нақ  осы  шақ  мағынасы  бар  дейміз. 
Оқып  ж‰р  дегенде  амал-әрекеттің  жатырдан 
да ұзақ болғандығын‚ уақытпен өлшенбейтін‚ 
бірақ негізгі еңбегі оқу екендігін білдіреді [1]. 
Етістіктер  семантикалық  жақтан  зерттеу 
соңғы  кездерде  қолға  алына  бастағаны  анық. 
Олар  тек  толық  мағыналы  етістіктерді  лек-
сика−семантикаға  байланысты ғана сөз еткен. 

160                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Ал  көмекші  етістіктерге  байланысты  семан-
тикалық зерттеу қолға алынбағаны анық. Тіпті 
көмекші  етістіктерде  лексикалық  мағына  бар 
ма‚ жоқ па деген сұрау да толық шешілмеген. 
Көмекші  етістіктерге  байланысты  т‰ркі  тіл-
дерінде біршама еңбек етілген‚ бірақ олар тек 
грамматикалық  сипатын  анықтауға  әрекет 
еткен. Сондықтан көмекші етістіктердің мағы-
насы  туралы  сөз  болуы  ‰шін  оларды  жаңа 
бағытта  зерттеп‚  жаңа  ж‰йеге  салу  керек.  Бі-
ріншіден‚ көмекші сөздер дегенде біз көмекші  
есімдерді‚  көмекші  етістіктерді‚  шылауларды 
көз  алдымызға  келтіреміз.  Біздіңше‚  олар 
мағынасы  жағынан  бір  деңгейде  емес.  Екін-
шіден‚  көмекші  есімдер  мен  көмекші  етіс-
тіктерді М.Оразов атауыш көмекшілер деп бір 
топқа жатқызады [2]. Бірақ олардың арасында 
айырмашылықтар  болатындығы  анық.  Олар-
дың  белгілерінің  өлшемі  бар  ма? ‡шіншіден‚ 
көмекші етістіктер етістіктердің аналитикалық 
формаларын жасайды‚ ал көмекші есімдер зат 
есімнің  аналитикалық  формаларын  жасай 
алмайды. Сондықтан етістіктердің шақ катего-
риясын    жасауға  себепші  болатын  аналитика-
лық  формасын  жасайды.  Мысалы‚  нақ  осы 
шақтың аналитикалық формалары (-ып отыр; 
-ып  тұр; -ып  ж‰р; -ып  жатыр)‚  өткен  шақ-
тың  аналитикалық  форматы (- ған еді);  шарт-
ты райдың форматтары (-са еді; -са екен еді)
қалау райдың аналитикалық форматтары  (-са 
игі  еді; -са  иген  ді)  т.б.  Көмекші  есімдер 
жетекші  есімдердің  (зат  есімнің)  лексикалық 
мағынасын  толықтырады.  Төртіншіден‚  олар-
дың  лексикалық  мағынасының  солғындауын 
көмекші  есімдермен  теңестіруге  болмайды. 
Көмекші етістіктердің ішіндегі толымсыз етіс-
тігі  мен  "жазда"  сөздерінде  болмаса  санаулы 
мәтінде ғана‚ толымсыз мағыналы не көмекші 
етістік  мағынасында  қолданылғандығы  анық-
талады. Бесіншіден‚ көмекші етістіктердің ма-
ғынасы  жағынан  тек  грамматикалық  катего-
рияларға  ғана  топтастырмай‚  сөзжасам  қа-
сиетін  де  анықтауға  болады.  Ғылыми  грам-
матикада  к‰рделі  етістік  деген  сөздер  тек 
көмекші сөздермен байланысты болады. 
Етістіктердің  мағынасын  семалық  ж‰йе-
сімен  байланысты  бірнеше  топтарға  бөлуге 
болады.  Мысалы‚  сөздердің  лексикалық  се-
мантикалық  белгісіне  қарай  етістіктердің  он 
екі  лексика-семантикалық  топтарға  бөледі. 
Салттық  және  сабақтылығына  қарай‚  тіркес-
кен есім сөздің тұлғасына қарай бөледі. Соны-
мен  етістіктер  амалдың  орындалу  тәсілімен 
де‚  орындалу  деңгейіне  байланысты  да  топ-
тарға  бөлініп  ж‰р.  Бұл  мәселеде  даулы  жағ-
дайлар да жоқ емес. Мысалы‚ бір топ  ғалым-
дар етістіктің сипат (вид) категориясына қарай 
бөлу бар десе‚ екінші бір топ ғалымдар қазақ 
тілінде (жалпы т‰ркі тілдерінде) сипат катего-
риясы жоқ  дейді [3]. 
Соңғы  жылдарда  ғылыми  грамматикасы-
ның  авторларының  көпшілігі  етістіктердің 
жеке категориясы деп ерекше топ бөліп амал-
дың  өту  сипаты  категориясын  көрсетуде. 
А.Ысқақов 1974ж.  және 1994 жылдарда  екі 
рет  баспа  көрген  оқулығында  солай  етеді. 
Мұндай  категорияның  бар  екендігін  Н.Орал-
баева  мен  М.Оразовтар  мойындайды.  Шын-
дығында‚  қазақ  тілінде  етістіктер  арқылы 
амал-әрекеттің  орындалу  (не  орындалмауы) 
бір  сипатта  болмайтындығы:  не  тез‚  болмаса 
баяу  болатындығын;  қысқа  мерзімде  орында-
латын  немесе  ‰здік-созылыңқылық;  арнайы 
немесе  жол-жөнекей  басқа  жұмыстармен  қа-
баттаса болатындығын т.б. білдіреді. Сондық-
тан  амалдың  орындалу  сипатын  көрсету  көп 
қатпарлы‚  бірнеше  жолмен  орындалады. 
М.Оразов  амалдың  орындалу  сипатын  екіге 
бөледі: а) амал-әрекеттің орындалу фазалары; 
ә)  амал-әрекеттің  орындалу  тәсілдерін  білді-
ретін  формалары  деп  бөледі.  Амалдың  орын-
далу  фазаларын  білдіретін  етістіктер  фазалық 
етістіктер  деп  аталады  да‚  олар  төртке  бөлі-
неді: 1) амал-әрекеттің басталуына дейінгі фаза-
лар; 2) амал-әрекеттің басталыну деңгейін біл-
діретін  фазалық  етістіктер; 3) амал-әрекеттің 
болып жатқандығын білдіретін фазалар; 4) амал-
дың аяқталу фазасын білдіретін етістіктер [4].  
Фазалық  етістіктер  етістіктің  лексика-се-
мантикалық  топтарының  қатарына  енбейді. 
Себебі  олар  т‰бір  сөздің  лексикалық  мағына-
сының  құрамына  енбейді.  Материалдарды 
салыстырып қарасақ‚ олардың олардың орын-
далу фазасын білдіретін арнайы синтетикалық 
формалар  жоқ.  Сонымен  бірге  олар  синтети-
калық категориялардың құрамына да енбейді. 
Олардың  арнайы  қалыптасқан  аналитикалық 
формалары  бар.  Мысалы‚  амал-әрекеттің  бас-
талуына дейінгі фазасын білдіру көсемшенің 
ғалы‚ –гелі  формасына  жетекші  етістікке 
отыр‚  ж‰р‚  жатыр‚  тұр    қалып  етістігімен 
тіркесуі  арқылы  жасалынады.  Барғалы  жа-
тыр‚  айтқалы  отыр‚  жазғалы  тұр‚  кеткелі 
жатыр  дегенде‚  біріншіден‚  амал-әрекеттің 
орындалуын  білдірмейді;  керісінше‚  әлі  дайын-
далу  фазасын  білдіреді.  Екіншіден‚  етістік-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          161 
 
тердің  шақ  категориясының  құрамына  да  ен-
бейді. Егер қалыптасқан қағида бойынша шақ 
категориясы  "іс-қимыл‚  жай-к‰йдің  орындалу 
мезгілі  мен  сөйлеп  тұрған  уақыт  арасындағы 
қарым-қатынастарды  білдіретін  грамматика-
лық  категория"  дейтін  болсақ‚  онда  жоғары-
дағы мысалдарымыз кейде шақ қатарына ата-
лынуы керек‚ бірақ отыр‚ тұр‚ жатыр‚ ж‰р 
дегендердің  мағынасында  осы  шақтың  мағы-
насы  бар.  Проф.  А.Ысқақов  осындай  отыр‚ 
тұр‚ жатыр‚ ж‰р етістіктерін  -ып‚ -іп‚ -п; -
а‚ -е‚ –й    көсемшелі  етістіктермен  тіркесіп 
келгенде  нақ  осы  шаққа  қосса‚  -ғалы‚ –гелі  
көсемшелі  етістіктігін  келер  шаққа  қосады 
[5].  Грамматикалық  категориялардың  қата-
рына  қосылған  грамматикалық  мағыналарды 
дөп басып ажырату кейде қиын болатындығы 
анық.  Мысалы‚  етістіктің  шартты  райларын 
шақпен  байланыстыруға  болады‚бірақ  толық  
белгілі  бір  шаққа  телу  м‰мкін  болмайды. 
Сондықтан кей ғалымдар шартты райда келер 
шақ  және  өткен  шақ  мағынасын  білдіреді‚ 
екінші  бір ғалымдар  олардың  шақпен  қатысы  
жоқ‚  олар  мәтінмен  байланысты  анықталады 
дейді. –ғалы  отыр  типті  аналитикалық  фор-
маларды  да  бір  мәтінге  анықтау  керек.  Мы-
салы‚  амал-әрекеттің  болып  жатқанын  білді-
ретін  фазасын  білдіретіндері  төрт  қалып  етіс-
тігімен көсемшенің  -ып‚ -іп‚ –п және -а‚ -е‚ –й  
формасынан  жасалынған  аналитикалық  фор- 
мамен  байланыстырылады.  Біз  бұл  төрт  етіс-
тікке  қосымша  барады‚  келеді  етістіктерін  де 
қосуға  болады  дейміз.  Себебі  олар  осы  шақ-
пен  тікелей  байланысты  болады  да  амал-әре-
кеттің  басталынғаны‚  қашан  басталынған-
дығын білдірмейді; аяғын да білдірмейді. Тек 
амал-әрекеттің  басталғандығын‚  болып  жат-
қандығын  білдіреді.  Бұл  бір.  Екіншіден‚олар 
амал-әрекеттің    созылыңқы  болғандығын  да 
білдіреді.Мысалы:  оқып  отыр‚  оқып  барады; 
сөйлеп  жатыр‚  сөйлеп  келеді.  Осы  созылың-
қылық  мағыналық  реңкті  білдіріп  тұрған 
отыр‚ жатыр‚ тұр‚ ж‰р етістіктерінің тари-
хында  олардың  мағынасын  т‰бірге  беріп  ық-
шамдалған (каплология заңы бойынша) -ур‚ –
‰р қосымшасының ‰лесіне тиеді. Ал‚ бар‚ кел 
етістіктері  де  тек  -ады‚ –еді  қосымшасымен 
байланысып  барып  фазалық  етістік  қатарына 
қосылады. Егер -ур‚ –‰р қосымшасының да‚ -
ады‚ –еді  қосымшаларының  да  осы  шақ  фор-
масы  екендігін  есепке  алсақ  онда  олардың 
сыбайластығын дәлелдеуге болады. 
______________  
1  Маманов  И.Е.  Вспомогательные  глаголы  в  казах-
ском языке. 
2  Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы‚ 1991. 
3  Оразов М. Көмекші сөздер‚ 1т. Ташкент 1997. 
4  Оразов М. Етістік. Алматы‚ 2001ж. 
5  Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы‚ 1974. 
 
Б. Сманова 
Фазовые глаголы казахского языка 
  
В данной статье рассматриваются особенности употребления фазовых глаголов. 
 
B.  Smanova 
Phase verbs of the Kazakh language 
 
This article discusses the features of using phase verbs. 
 
 
 
 
Г. Т.  Сырлыбаева, 
І. Жанс‰гіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті, 
 ф.ғ.к.,  
Талдықорған, gulnara_s.t81@mail.ru 
 
ҚАРСЫ МӘНДІ  ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 
 
 
Жалпы  тілдегі  қарама-қарсылықты  қарас-
тыруда,  сөз  мағынасы  және  фразеологиялық 
бірліктер  қандай  жағдайда  қарама-қарсы 
қойылады  деген  сауал  туындайды.  Тіпті  фра-
зеологияда  антоним  фразеологизмдерді  анық- 
 
 
таудың  өзі  к‰рделі  мәселе.  Осы  ретте  лин- 
гвист  ғалымдар  екі  т‰рлі  көзқарасты  ұста-
нады. 
Зерттеушілердің бір тобы (А.И. Молотков, 
Л.А.  Грязнова,  В.Л.  Смирнов):  құрылымдық 

162                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
жағынан  біркелкі  және  құрамында  антоним 
компоненттері  бар  фразеологизмдер  ғана 
антонимдік жұп құра алады деген пікірде. Ал                      
А.И. Алехина, Л.П. Зимина, С.А. Быкова, Е.Н. 
Миллер,  Ж.  Мусин  сияқты  ғалымдар  фразео-
логиялық антонимдерді анықтау құрылымдық 
ерекшеліктері негізінде емес, фразеологиялық 
бірліктердің  мағынасын  салыстыру,  қарсы 
қою нәтижесінде пайда болатындығын дәлел-
деген болатын. 
Біз  соңғы  айтылған  пікірді  құптаймыз. 
Антоним  фразеологизмдерді  анықтауда  олар-
дың  құрылымдық  сипаты  басты  рөл  атқар-
майды.  Ал  жұп  фразеологизмдердің  құра-
мында  антоним  компоненттердің  ұшырасуы 
(
ақ  ж‰рек  –  қара  ж‰рек,  аузы  ауыр    аузы 
жеңіл), бұл компоненттердің фразеологиялық 
антоним  жасауға  негіз  бола  алатындығына 
ешкім  дау  келтірмейді.  Антонимдік  жұп  құ-
ратын  екі  фразеологиялық  бірліктің  семанти-
касында  бір-біріне  ортақ  және  қарама-қарсы 
компоненттер  ұшырасады.  Аталған  компо-
ненттер  фразеологиялық  антонимдерді  анық-
таудың  ең  маңызды  семантикалық  критерийі 
болып  табылады.  Бұл  жөнінде  зерттеуші-
ғалымдардың да пікірлері  баршылық. 
Осы  ретте  Е.Н.  Миллер  фразеологизм-
дердегі  антонимия  құбылысын  анықтауға  қа-
тысты мынадай пікір айтады: «основным спо-
собом  установления  антонимии  фразеоло-
гизмов  следует,  по  нашему  мнению,  считать 
анализ  структуры  их  значений:  антонимия 
устанавливается  путем  обнаружения  у  про-
тивопоставляемых  фразеологизмов  общих 
(тождественных)  и  противоположных  (контр-
арных  или  контрадикторных)  семантических  
значений» [1; 93]. Автордың  тұжырымын 
негізге  алсақ,  антонимдік  фразеологизмдерді 
мағыналарындағы  ортақ  және  қарама-қарсы 
белгілеріне сай анықтауға болады. 
Ғалым  Л.А.  Новиковтың  пікірінше: «Фра-
зеологиялық  антонимдердің  семантикалық 
категориялары, дамуы лексикалық та, фразео-
логиялық  та  антонимдердің  бірлік  қарама-
қарсылығына  негізделген  жұп  фразеологизм-
дердің  семантикасында  компоненттердің  ор-
тақ  және  қарама-қарсы  болып  келуін  шама-
лайды» [2; 27]. Біз  бұл  тұжырымдарды  қазақ 
тіліндегі  фразеологиялық  бірліктердің  ара-
сындағы  антонимдік  қасиетті  анықтауда  бас-
шылыққа  аламыз.  Көптеген  зерттеушілер  ан-
тоним  жұп  фразеологизмдердің  мағыналары-
ның  ортақтығы,  олардың    бірдей  категорияға 
қатысы  тұрғысынан  көрінетіндігін  тілге  тиек 
етеді. Фразеолог А.И. Черная мұны «антоним-
дердің  бір  лексика-грамматикалық  топқа  енуі 
(қатысы)» [3; 150], Л.П.  Зимина  «біркелкі 
категория-грамматикалық  ерекшеліктер»  [4; 
7], Г.Ц. Пюрбеев пен Г.А. Бертагаев «біркелкі 
лексика-грамматикалық  ерекшеліктер», [5; 
159] – деп талдайды. Тілдегі лексикалық анто-
ним  жұптар  бір  лексика-грамматикалық  кате-
горияға  жатуы  тиіс  екені  мәлім.  Мысалы:  ақ-
қара,  суық - ыстық 
–  сын  есім;  кіру - шығу, 
апару - әкелу – етістік т.б. 
Фразеологиялық  антонимдерге  де  мұндай 
қасиет  тән.  Мәселен,  аузы-аузына  тимеу  –  
жұмған аузын ашпау, ілгері басқан аяғы кейін 
кету 
–  тасы өрге домалау – антоним фразео-
логизмдерінің екі жұбы да етістікті фразеоло-
гизм.  Ауқатты  адам  –    қара  сирақ  кедей, 
ж‰нін  жұлған  тырнадай 
–  ‰ріп  ауызға  сал-
ғандай 
– фразеологиялық антонимдердің жұп-
тары  сын  есімнен  жасалған.  Қарсы  мәндегі 
фразеологизмдердің ортақ семантикалық ком-
поненттерін анықтауда бұл өзгешелік те басты 
рөл атқарады. 
Антоним  фразеологизмдердің  мағынала-
рында  болмыстағы  біркелкі  объектіні  білді-
ретін,  қарама-қарсы  жақтары  антонимдерден 
көрінетін  біркелкі  семантикалық  компонент-
тер  ұшырасады.  Фразеологиялық  антоним-
дердің  мағыналарындағы  бұндай  компонент-
терді  «ортақ»  деп  қарастыруға  болады.  Мы-
салы:  құлақ  салу  –    құлақ  аспау  (көңіл  қойып 
тыңдау  –  м‰лдем  тыңдамау,  естімеу  мағы-
наларында) антоним  фразеологизмдерінде  ор-
тақ семантикалық компонент  «ұдайы, ‰немі 
болып  тұратын  әрекет»  пен  «құлақпен  тың-
дау,  қабылдау».  Мысалдан  байқағанымыздай, 
фразеологиялық  антонимдердегі  ортақ  ком-
поненттік  мағына  оларды  біртұтас  негізде 
салыстырудың  тілдік  көрсеткіші  болып  табы-
лады. Мысалы, жоғарыда келтірген құлақ салу 
-  құлақ  аспау  қарсы  мәндегі  фразеологизм-
дерін  біртұтас  негізде  салыстыру  ауқымында 
қарама-қарсы  қою,  берілген  процестің  (құ-
лақпен  тыңдау  процесі)  қарқындылығының 
шеткі  шегінің  көрінуін  анықтайды.  Бірақ  бұл 
шектер  норма-процесс  ретінде  қабылданатын 
және  қандай  да  бір  қарқындылық  ерекшелік-
терін  игермейтін, «нөлдік»  деңгейде  құлақпен 
қабылдау  процесімен  салыстыру  негізінде 
ғана іске асады. Сол себептен де, мұндай жағ-
дайда фразеологиялық бірліктерді салыстыру-
дың  біртұтас  негізі  б‰кіл  «тыңдау»  процесін 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          163 
 
қамтыса, онда фразеологизмдерді қарама-қар-
сы қоюдың өзі осы «тыңдау» процесін салыс-
тыру арқылы жасалады. 
Демек, біріншіден, фразеологиялық бірлік-
тердің  антонимдігі  оларды  біртұтас  негізде 
салыстыру,  екіншіден,  оларды  қарсы  қоюдың 
ортақ  компоненттері  салдарынан  туындай-
тынын байқадық. 
Семантикасындағы  ортақ  және  қарама-
қарсы компоненттерден өзге, фразеологиялық 
антонимдердің  мағыналарында  қосымша  се-
мантикалық  компоненттер  де  болуы  м‰мкін. 
Мысалы:  1)  аузы  тамақтан  босамау    нәр 
сызбау  (‰немі  аузы  тынбай  тамақ  жеу 
–  ауз-
ына  ас  алмау  мағыналарында)  фразеология-
лық  антонимдерінде  ортақ  сема    «процес-
суалдық»  және  «тамақ  жеу  әрекеті»  болса, 
қарама-қарсы  сема  –  аш  немесе  тоқ  болу, 
мұндағы  фразеологиялық  антонимдердің  «тө-
менгі  көрсеткіштен» (нәр  сызбау) «жоғарғы 
көрсеткішке» (‰збей  тамақ  жеу,  тою)  ауы-
суына  сай  қосымша  сема-«қарқындылық»  бо-
лып  табылады. 2) көзін  қадау    көзіне  ілмеу  
(қадала,  тесіле  қарау  –  назар  аудармау,  қара-
мау  мағыналарында)  антоним  фразеологизм-
деріндегі  ортақ  сема  –  «көзбен  қабылдау 
процесі»,  қарама-қарсы  сема    «қарау  про-
цесінің  болуы  немесе  болмауы».  Қосымша 
сема көзін қадау фразеологизмінің өн бойынан 
көрініс  тапқан.  Аталған  фразеологизм  мағы-
насына  зер  салсақ,  «қадала  қарау», «ықылас-
тылық», «ұзақтық»  сияқты  қосымша  сема-
лардың  бар  екенін  көреміз.  Келтірілген  анто-
ним  фразеологизмдерде  ортақ  компонент  пен 
қосымша  компоненттің  айырмашылығы  да 
айқын көрініп тұр. Көзін қадау –  көзіне ілмеу 
қарсы  мәндегі  фразеологизмдерінде,  ортақ 
компонент «көзбен қабылдау процесінің» өзін 
бейнелесе,  қосымша  компоненттер  бұл  про-
цестің «ықылас қою, қадалу, көз алмау» сияқ-
ты қосымша белгілерін қамтиды. 
Егер  кейбір  лексикологтар  антонимдердің 
барлық семантикалық реңктері дәл келуі мін-
детті  десе [6; 26, 7;191], фразеолог  Т.А.  Тон-
коногова:  «отсутствие  симметричности  про-
тивопоставленых  друг  другу  пар  фразеоло-
гизмов  и  составляет  специфику  фразеологи-
ческой  антонимии,  обусловленную  слож-
ностью  фразеологического  знака-раздельно-
оформленностью,  образной  переосмыслен-
ностью  и  наличием  коннотации» [8;71] – де-
ген ой т‰йген болатын. 
Лексикалық  бірліктердегі  сияқты,  фразео-
логиялық  бірліктердің  мағыналарында  анто-
нимдік қасиет әр т‰рлі деңгейде көрінуі м‰м-
кін.  Көптеген  зерттеушілер  антонимдік  қа-
сиеттің деңгейі – екі тілдік бірліктің бір-біріне 
қатысында,  олардың  өзара  сай  келуінде  деп 
т‰сіндіреді.  Осы  ретте  лексиколог  ғалымдар 
лексикалық бірліктерде антонимдік қасиеттер-
дің  к‰шті  және  әлсіз  деңгейде  көрінуіне  сай 
т‰рлі  терминдерді  қолданған.  Мысалы:  зерт-
теуші  М.Р.  Львов  «толық  және  толық  емес 
антонимдер» (полные  и  неполные  антонимы) 
[9],  А.И.  Пупкова  «к‰шті  және  әлсіз  анто-
нимдер»  (сильные  и  слабые  антонимы) [10], 
Р.В.  Селина  «нақты  және  белгілі  бір  жағ-
дайға  негізделген  антонимдер»  (безусловные 
и  обусловленные  антонимы)  [11] деп  атап 
көрсетеді. Антонимдердің деңгейі т‰рлі тілдік 
факторларға тәуелді, бұлардың ең маңыздысы 
–  антонимдердің  мағыналарының  өзара  қа-
тысында  болып  табылады.  Осы  тұста  фразео-
логиялық  бірліктерде  антонимдік  қасиеттің 
көріну  деңгейін  және  олардың  мағыналары-
ның  өзара  қатысына  тереңірек  тоқталып  өт-
сек. 
Фразеологиялық  бірліктерде  антонимдік 
қасиеттің  деңгейі  фразеологизмдердің  семан-
тикалық  симметриясы  мен  ассимметриясына 
байланысты анықталады.  
Лексикалық  және  фразеологиялық  анто-
нимдердің теориясын қалыптастырушы ғалым 
Е.Н.  Миллердің  анықтамасы  бойынша,  бұл 
құбылыс  былай  т‰сіндіріледі: «Ассимметрия-
лық  антонимдік  оппозициялар дегеніміз – бір 
жұбында симметриялық антонимдердің мағы-
наларын  к‰шейтетін  немесе  кемітетін  қосым-
ша  мағыналық  реңктердің  болуы» [1:56]. 
Автор  өз  ойын  мынадай  мысал  арқылы    дә-
лелдейді:  И  это  счастье,  что  можно  сейчас 
пойти,  наклониться  над  ней, 
приоткрыть 
кудлатый  покров,  увидеть  ее  лицо.  И  снова 
закрыть оставив узкий прогал  (А. Проханов). 
Негізінен открыть (ашу) сөзі закрыть (жабу) 
антониміне  симметриялы,  приоткрыть  (сәл 
ашу) 
– әрекеттің толық болмағанын білдіреді, 
ал  закрыть  (жабу)    әрекеттің  толық  бол-
ғанын білдіріп тұр, сөйтіп екеуі асимметриялы 
антонимдер  қатарына  жатады.  Дәл  осы  сипат 
фразеологиялық антонимдерде көрініс табады. 
Семантикалық  құрылымы  симметриялы 
болып  келетін  жұп  фразеологиялық  бірліктер 
антонимдік  қасиеттің  жоғары  деңгейін  игере 
алады.  Яғни,  антонимдік  қатысқа  т‰сетін 
фразеологизмдерде  антонимдік  қасиет  к‰шті, 

164                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
анық болып келеді. Фразеологиялық жұптарда 
антонимдіктің  жоғарғы  көрсеткіші  мынадай 
шарттарға сай іске асады: 
1)  екі  фразеологиялық  бірліктің  қарама-
қарсылығы  толығымен  полярлы  қарым-
қатынаста тұруы керек; 
2)  оларда  ортақ  және  қарама-қарсы  ком-
поненттерден  өзге  мағынаның  қосымша  ком-
поненті  болмайды,  болған  жағдайда  қарама-
қарсы  қойылатын  жұптарда  біркелкі  көрінуі 
керек. 
Мысалы:  1)  тасы  өрге  домалау    ісі  өрге 
баспау    антоним  фразеологизмдері 
  «жолы, 
ісі оңғарылды 
– жұмысы алға баспады,  кесір 
-  кедергі  көп  болды»  деген  мағыналарды 
білдіреді.  Жоғарыда  келтірілген  шарттарға 
сай,  мұнда  антонимдік  қасиет  жоғары  дең-
гейде байқалады. Біріншіден, аталған антоним 
фразеологизмдердің  қарама-қарсы  семантика-
лық  компоненттері  (жетістікке  жету  –  жолы 
болмау,  ісі  алға  басу  –    ісінде  кедергі  көп 
болу)  толығымен  полярлық  қатыста  тұр. 
Екіншіден, бұл жұптардың семантикасына зер 
сала  қарасақ  қосымша  семантикалық  компо-
ненттер жоқ. 
2)  оң  қабағын  беру 
  сырт  айналу  деген 
қарсы  мәндегі  фразеологизмдер    «жылы, 
жақсы  шырай  білдіру  –  теріс  қарау,  жақтыр-
мау»  мағыналарын  білдіреді.  Мұнда  да 
қарама-қарсылық  фразеологизмдердің  семан-
тикасына  сай  анық  байқалады.  Аталған  жұп-
тардың  мағыналары  толықтай  бір-біріне  қа-
рама-қарсы  келумен  қатар,  олар  «адамның 
жақсы  – жаман қасиетін  білдіру»  ортақ  сема-
сын игереді де, мұнда қосымша компоненттер 
жоқ. 
Семантикалық  құрылымы  ассимметриялы 
болып  келетін  фразеологиялық  жұптар  анто-
нимдік қасиеттің әлсіз (төмен) деңгейін көрсе-
теді.  Фразеологиялық  бірліктерде  антоним-
діктің  әлсіз  деңгейде  көрінуі  төмендегі  шарт-
тарға сай  байқалады: 
1) фразеологизмдердің мағыналары толық-
тай полярлық қатысқа т‰спейді; 
2) фразеологизмдердің мағыналарында дәл 
келмейтін қосымша компоненттер болады. 
Мысалы:  сөзге  қонақ  бермеу    жұмған 
аузын  ашпау  фразеологиялық  антонимдері 
«бой бермей, ешкімге сөз бермей өзі сөйлеу»  
«сөзге араласпау, ‰ндемеу» деген қарсы мағы-
наларды  білдіріп  тұр.  Осы  жұптардың  се-
мантикасында  бір-біріне  дәл  келмейтін  қо-
сымша  компоненттер  бар.  Олар:  сөзге  қонақ 
бермеу  фразеологизмінде  «сөйлеу  процесінің 
болуы» және «екінші біреумен сөйлесу» болса, 
жұмған  аузын  ашпау  фразеологизмінде   
«сөзге  араласпау», «өзінің  бар-жоқ  екенін 
білдірмеу». Бұлар 
–  қарама-қарсы қоюда бір-
біріне  дәл  келмейтін  қосымша  компоненттер. 
Сол себептен де, сөзге қонақ бермеу – жұмған 
аузын ашпау фразеологизмдерінде антонимдік 
әлсіз  деңгейде  көрінеді.  Мұндай  семантика-
лық  құрылымы  ассиметриялы  болып  келетін 
фразеологиялық антонимдер тілімізде аз ұшы-
расады. 
Сондай-ақ  фразеологиялық  жұптарда  ан-
тонимдік қасиет орташа деңгейде болуы м‰м-
кін.  Фразеологиялық  бірліктің  бірі  ассимме-
триялы  болып  келіп,  төмендегі  шарттардың 
біреуін  немесе  екеуін  қатар  игергенде  фра-
зеологизмдер  орташа  деңгейде  антонимдік 
байланыста болады. Аталған шарттар:  
1) фразеологиялық бірліктердің бірі поляр-
лық  қатынастың  шеткі  деңгейінің  болуымен 
ерекшеленсе,  екінші  жұбында  бұл  өзгешелік 
болмайды.   
 2)  фразеологиялық  бірліктердің  біреуінде 
қосымша дәл келмейтін компоненттік мағына 
болады. 
Мысалы: 1) көз жасын көл қылу  көз жа-
сын  құрғату    жұп  фразеологизмдерінде 
анто-
нимдік  байланыс  орташа  деңгейде  көрінеді. 
Аталған  жұптар  бір  процестің  басталуы  мен 
аяқталу шегін білдірмейді. Бірінші  көз жасын 
көл қылу фразеологизмі «ағыл-тегіл жылаудың 
болып  жатқанын»  білдірсе,  көз  жасын  құр-
ғату фразеологизмі «жылау процесінің аяқта-
луын»  білдіріп  тұр.  Сонда  бір  фразеологизм 
полярлық  қатыстың  шеткі  деңгейін  білдірсе, 
екіншісі  процестің басталып кеткендігін көр-
сетеді.  
2)  ағыл-тегіл  жылау 
–  көз  жасын  тыю 
антоним  фразеологизмдері  жоғарыда  келтір-
ген шарттарға сай антонимдік қатыста келеді. 
Ағыл-тегіл жылау фразеологизмі «жылау про-
цесінің»  басталған  кезін  емес,  болып  жатқан-
дығын  білдіреді.  Ал  көз  жасын  тыю  фра-
зеологизмі  «жылау процесінің соңын», поляр-
лық  қатынастың  шеткі  шегін  көрсетіп  тұр. 
Фразеологиялық бірліктерде қосымша компо-
ненттер  де («жұбанбай  қатты  жылау»  немесе  
«көз  жасы  құрғап,  қалыпты  к‰йге  ену»)  бір-
біріне сай келмейді.  
Сонымен,  фразеологизмдердің  антонимдік 
қасиетін  анықтауда  ең  алдымен  олардың  се-
мантикасы  басшылыққа  алынуы  тиіс.  Анто-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          165 
 
ним  болатын  фразеологиялық  жұптарда  ма- 
ғына  қарама-қарсылығымен  қатар,  ортақ  
және  қосымша  мағыналық  компоненттер  ұшы-
расады,  сондай-ақ  оларда  антонимдік  қасиет 
жоғары,  орта,  әлсіз  (төменгі)  деңгейде  көрі-
неді. 
1  Миллер  Е.Н.  Природа  лексической  и  фразеологи-
ческой антонимии. – Самарканд, 1990. – 216 с.      
2  Новиков Л.А. Антонимия в руском языке. – Москва, 
1978. – 245 с.  
3  Черная  А.И.  Синонимика-антонимические  антони-
мия ФЕ в пределах   семантического поля // Лексико-грам-
матическая  сочетаемость  в  германских  языках:  Межвузов-
ский сборник. –  Челябинск, 1977. –  Вып. 2. – с. 148-154. 
4  Зимина  Л.П.  Антонимия  фразеологических  единиц 
в современном   немецком языке: Автореф. дис. канд. Фи-
лол. наук. – Ленинград, 1974. –  24 с.  
5  Пюрбаев Г.Ц., Бертагаев Г.А.  Антонимия слов и ан-
тонимия  фразеологизмов  в  современном  монгольском 
языке // Труды  Самаркандского  университета. – 1970. – 
Вып. 178. –  с. 159-164. 
6  Иванова  В.А.  Антонимия  в  системе  языка. – Ки-
шинев, 1982. –  с.163  
7  Уфимцева  А.А.  Слова  в  лексико-семантической 
системе языка. –Москва, 1968. –  272 с. 
8  Тонконогова  Т.А.  К  характеристике  разнострук-
турных фразеологических антонимов в современном фран-
цузком языке // Сборник научных трудов Московского гос. 
пед.  инс-та  иностр.  яз.  им.  М.  Тореза. – Москва, 1979. – 
Вып. 140.  – с. 62-72. 
9  Львов  М.Р.  К  вопросу  о  типах  лексических  анто-
нимов  // Русский язык в школе. –1970. – № 3. – С. 71-75.   
10 Пупкова А.И. Проявление степени антонимичности 
в  лексической  иерархии // Вопросы  прикладной  лин-
гвистики. – Днепропетровск, 1976. – Вып. 6.  – с. 8-14. 
11 Селина  Р.В.  Использования  антонимов  в  создание 
речевого  контраста  // Слова  как  предмет  изучения:  Сб. 
науч. трудов. – Ленинград, 1977. – с. 79-82 .     
12 Мусин  Ж.  Қазақ  тілінің  антонимдер  сөздігі. – Ал-
маты, 1984. – 176 б.   
13 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – 
Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б. 

1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал