Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет27/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61

 
А. Мухамеджанова 
Образование именных словосочетаний в романе И.Есенберлина «Ғашықтар» 
 
В  статье  рассматривается  структура  и  образование  именных  словосочетаний  в  романе  И.  Есенберлина 
«Ғашықтар» 
 
A. T. Mukhamedzhanov 
Formation of nominal phrases in the novel of  I.Esenberlin "Gashyktar" 
 
The article presents the structure and formation of nominal phrases in I. Esenberlin "Gashyktar." 
 
 
 
 
С. Өтебеков, 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистр-оқытушысы, e-mail: Usb_1407
 
 
СӨЙЛЕМ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ Т. САЙРАМБАЕВТЫҢ 
ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАЙЫНДА
 
 
Жалпы  сөйлем  бір  сөзден  тұрса  да,  өзара 
байланысты  бірнеше  сөзден  құралса  да,  ол 
дауыс  ырғағы  жағынан  тұтастанып,  айнала-
сындағы  басқа  сөйлемдерден  пауза  арқылы 
оқшауланумен  қатар,  олармен  мағыналық  қа-
тынасқа еніп, ұласып, ұштасып жатады. Олар- 
 ға  (сөйлемге)  тән  белгілер,  оның  граммати-
калық  сипаттайтын,  айқындайтын  синтаксис-
тік  категориялар – коммуникативтік  пен  мо-
дальдік және предикаттық белгілер. Бұл кате-
гориялардың әрқайсысының өздеріне тән ішкі 
мағыналық және сыртқы материалдық көрсет-
кіштері  бар [1:6], яғни,  сөйлем  предикатив- 
тілік деп аталатын грамматикалық мағынамен, 
коммуникативтілік  деп  аталатын  қызметімен 
және  бастауыш-баяндауыштық  деп  аталатын 
құрылымдық  ‰лгісімен  сипатталады  да,  осы 
жағынан  келгенде,  ол  (сөйлем)  әр  т‰рлі  ай-
тылыстардан  (высказывания)  ажыратылады 
[2:198].  Сөйлемнің  бұл  айтылған  ‰ш  т‰рлі 
белгісі, категориясы – бір-біріне байланыссыз, 
бөлек-бөлек жатқан д‰ниелер емес, өзара бір-
лікте,  бір  сөйлем  ішінде  кейде  қабаттасып  та 
ж‰ретін  белгілер.  Коммуникативтік  пен  мо-
дальдық  категориялар  сөйлем  сайын  кезде-
седі.  Бұл  екеуінсіз  сөйлем  жоқ.  Ал  предикат- 
 
 
тық  категория  жоғарыда  келтірілген – Тәйт 
әрі!  Мәссаған!  Әй-әй-әй!  Дегендер  тәріздес  
сөйлемдерде  болмайды,  яғни  сөйлем  сайын 
болуы шарт емес. Бұл айтылғандар – құрмалас 
сөйлемдерге  де  тән  белгілер [3:7]. Ғалым 
М.Балақаев  сөйлемнің  осындай  қасиеттерін 
негізге  ала  отырып  «предикаттық  қатынас 
негізінде  біршама  аяқталған  ойды  білдіретін 
тиянақты  сөздер  тізбегін  сөйлем  дейміз» 
[3:16], -  деп анықтама берген болатын. 
Ал  ғалым  Т.Сайрамбаев  жоғары  да  айты-
лып  кеткен  көптеген  еңбектердегі  ережелерді 
саралай келе өзінің «Сөйлемнің тұрлаулы м‰-
шелері» атты ауқымды  еңбегінде  сөйлемдер-
дің негізгі белгілерінің бірі предикативтілікке 
байланысты  қарайды  да: «...сөйлемнің  негізгі 
белгісі  ретінде  предикативтілік,  модальділік 
және  интонация  ‰шеуін  де  бірдей  жатқызу 
орынды деп санаймыз. Оларды бір-бірімен тең 
немесе біріне-бірі басыңқылық қызметте жұм-
салды  дейтін  пікір  олардың  ішкі  ерекшелік-
терін ескермеуден туса керек»[3:5] деп т‰йеді. 
1970  жылы  шыққан  «Қазіргі  орыс  әдеби 
тілінің  грамматикасында»  берілген  «предика-
тивтілік категориясы әрбір сөйлемдерге қаты-
сады  және  оның  грамматикалық  мағынасы 

154                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
болып  табылады»[4:536-541]  дейтін  пікірді 
қолдайтын  ғалым  «сөйлемде  де,  оның  негізін 
құрайтын  элемент – бастауыш  пен  баян-
дауыш.  Осы  екеуінің  негізінде  ғана  оның  мо-
дальділік  қасиеті  айқындалса  керек.  Сондық-
тан да, ең алдымен, сөйлемге тән қасиет ол – 
предикативтілік» дейді.  
Жалпы, сөйлемдерді салыстыра келіп пре-
дикативтіліктің  қасиетін  анықтау  барысында: 
«жалпы,  сөйлем  бір  бас  м‰шелі,  екі  бас 
м‰шелі  немесе  м‰шеленбейтін  сөйлемдерден 
құралса, предикативтіліктің ең жоғары т‰рі екі 
бас м‰шелі сөйлемдерде нақты, ал бір бас м‰-
шелі  сөйлемдерде  жартылай,  ал  м‰шеленбей-
тін сөйлемдерде болмайды да. Міне, бұған қа-
рағанда  предикативтілік  тек  бастауыш  пен 
баяндауыш  арасындағы  таза  грамматикалық 
құбылыс»  дейді [3:6]. Демек,  сөйлемнің  пре-
дикативті  негізі  осы  тұрлаулы  м‰шелер  ар-
қылы  ажыратылады.  Ол  жақ,  шақ  категория-
ларын  предикативтіліктің  қасиетіне,  ал  сөй-
лемнің бойындағы модальділіктің  негізгі көр-
сеткіштері  рай  категориясы,  модаль  сөздер, 
сол  сияқты  демеуліктер  мен  интонация  екен-
дігін  айтады.  Сөйлем  синтаксисін    зерттеген 
тарландардың  бірі  ф.ғ.д.,  профессоры  Р.Әмір 
өзінің  «Жай  сөйлем  синтаксисі»  атты  еңбе-
гінде де  бұған байланысты Баяндауыш м‰ше-
ге  балама  ретінде  жұмсалатын  предикатив-
тік констукциялар, Пысықтауыш м‰шелердің 
стильдік  т‰рлері  және  олардың  жұмсалуы 
атты  тараушаларында  осы  мәселелерге  баса 
назар аударған болатын. Ол да «Қазақ тілінде 
предикативтік  іс-әрекетті  бастауыш-баян-
дауыш  құрамындағы  тіркес  арқылы  білдіру 
амалы  бар.  Бұл  ‰шін  қимылды  сипаттайтын 
етістік  сөздер  субстантивтік  формаға  келіп 
бастауыштық  позицияны  алады  да,  баян-
дауыш  болып    бар,  жоқ  сөздері  қатысады: 
алғым бар, айтатыным бар [4:193]. 
Жай  сөйлемнің  өзі – хабарлаудың  дербес 
синтаксистік  шақтар  мен  райларды  білдіретін 
арнайы  грамматикалық  тәсілдердің  ж‰йесін 
қамтып  иеленген  ең  кіші  құрылымдық  ‰лгі 
[6:543] десек болады. Тіпті, құрмалас сөйлем-
дердің  өзі  бірнеше  құрылымдық  ‰лгісі  бар 
предикативті единицалардан жасалуы м‰мкін. 
Қазіргі  орыс  әдеби  тілінің  граммматикасында 
бұл  жөнінде  «құрмалас  сөйлем  дегеніміз  бел-
гілі  бір  құрылымдық  ‰лгі  бойынша  құрасты-
рылған және хабарлардың біртұтас единицасы 
ретінде  қызмет  атқару  ‰шін  жасалған  преди-
кативті  единицалардың  тіркесі» [3:653]. Осы-
ған  орай  ғылымда  екі  немесе  бірнеше  преди-
кативті единицалардың синтаксистік единица-
лардың  синтаксистік  тіркесіне  негізделген 
құрмалас сөйлем полипредикативті (көп пре-
дикативті)  құрылым  ретінде  қаралады  да,  ол 
(құрмалас  сөйлем)  осы  тұрғыдан  монопреди-
кативті (дара предикативті) құрылым ретінде 
қаралатын  жай  сөйлемдерге  қарама-қарсы 
қойылады.  Құрмалас  сөйлем  жай  сөйлемнен 
бір  емес,  бірнеше  синтаксистік  модальды-шақ-
тық  мағынаға  ие  болуы  жағынан  ажыраты-
лады. Предикативтілік жай сөйлемнің грамма-
тикалық мағынасы болып саналса, ол б‰тіндей 
құрмалас  сөйлемнің  емес,  оны  құрастырушы 
компоненттердің  сапасы  болып  саналады 
[2:203]. Бұған қосарымыз қандай да болмасын 
б‰тін тілдік құрылымды құрастырушы компо-
ненттер,  бір  жағынан  б‰тіннің  бір  бөлшегі 
ретінде қандай да бір дербестігін сақтап тұрса,  
екінші  жағынан,  олар  өзара  қарым-қатынасқа 
т‰су  нәтижесінде  өзі  құрамына  еніп  тұрған 
тілдік  құрылымның  бірлікте,  тұтастықта  бо-
луын қамтамасыз  етеді.  Құрмалас  сөйлемдер-
дің  өзі  жөнінде  тікелей  айтсақ – синтез  бен 
анализдің  жемісі.  Әсіресе,  құрмалас  сөйлемге 
қатысты  оның  компоненттері  турасында  ға-
лымдар  әр  т‰рлі  талдау  арқылы  т‰сіндіреді. 
Ғалымдардың  бір  тобы  оны  құрмалас  сөйлем 
құрамындағы  жай  сөйлем  (Н.Сауранбаев, 
Г.Абдрахманов,  А.Нажимов  т.б.)  десе,  екін-
шілері  предикативтік  бірліктерді  біріктіретін 
құрылым (Г.Ф.Калашникова, Г.Садырова т.б.), 
‰шіншілері  форманттық  к‰рделі  бөліктің  құ-
рылыс материалы (Г.П.Уханов, М.В.Симулик, 
О.Төлегенов)  деп  т‰сіндіреді.  Біздің  ойымыз-
ша да, талас тудырмайтын айқын мәселе құр-
маластағы  компоненттердің  к‰рделі  бөліктің 
құрылыс  материалы  екендігі,  ал  оның  құры-
лыс  материалы,  сөз  жоқ  жай  сөйлемдер.  Жай 
сөйлемнен  кіші  тілдік  құрылыстың  ешқайсысы 
да  құрмалас  сөйлемге  дербес  компонент  бола 
алмайды. Алайда, құрмалас сыңарларын жеке-
жеке сөйлемдер ретінде емес, оны синтаксис-
тік мағынасы, коммуникативтік мақсаты – бәрі-
бәрі  оны  құрайтын  элементтерге  тікелей  қа-
тысты. Коммуникативтік талаптардың синтаксис 
ж‰йесін билейтін басты фактор екендігін про-
фессор Р.Әміров көрсеткен болатын [8:11].  
Жалпы, «предикат»  терминінің  бастапқы 
негізгі мағынасы баяндауыш екендігімен қоса 
«сөйлемнің негізгі м‰шесі»  деп, «баяндауыш-
сыз  сөйлем  болмайды»  деп  (атаулы  сөйлем-
дерден  басқа)  қарасақ,  баяндауыш  предика-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          155 
 
тивтіліктің  негізі  екендігін  кез  келген  ғалым 
мойындайды.  Дегенмен,  баяндауыш  логика-
лық  бастауыш  болса  да  жақ,  сан  бойынша 
қиысатын,  жіктік  тұлғаларда  тұлғаланып  бас-
тауыштық  болмыстың  белгісіне  ыңғайлана-
тын  сөйлем  м‰шесі  екендігі  даусыз,  яғни 
бастауыш басқа сөйлем м‰шелеріне қарағанда 
ойдың иесі ретінде қолданылатындығы айқын. 
Бұл  жағынан  бастауыш  басқа  сөйлем  м‰ше-
лерінен  айқын  ерекшелейді.  Бірақ,  сонымен 
қоса  бастауыш  жеке  қолданылып  өмір  с‰ре 
алмаса  керек,  ол  қалайда  басқа  сөйлем  м‰-
шелерімен,  оның  ішінде  баяндауышпен  син-
таксистік  байланыста  айтылғанда  ғана  мағы-
налары  айқындала  т‰седі.  Сонда  бастауыш 
болатын  сөздер  қаншалықты  ойдың  иесі 
болуы негізгі шарт екендігі жеке тұрғанда іске 
аспаса  керек.  Олай  болса  бастауыш  сөйлемде 
басты тұлға, бірақ оны бағынбайды деп айтуға 
келе  бермесе  керек.[3:66].  Сонымен  бірге, 
предикативтік  іс-әрекетті,  сапаны  білдіретін 
сөйлем  м‰шесін  баяндауыш  дейміз.  Сөйлем 
құрауға  негіз  болатын  бас  м‰шелер,  әсіресе 
баяндауыш,  ойды  құрастыруға  арқау  болады. 
Бас  м‰шелер  болмаса  басқа  м‰шелердің 
болуы  да  м‰мкін  емес.  Өйткені  анықтауыш, 
толықтауыш,  пысықтауыштар,  алдымен  сол 
екі бас м‰шенің маңына топтанады, қала берді 
бірін-бірі  анықтап,  толықтырып,  сөйлемнің 
құрамына  ене  алады.  Осыларды  ескере  кел-
генде,  предикативтілік – барлық  сөйлем  фор-
маларына тән, сөйлемді қарым-қатынас бірлі-
гіне  жатпайтын  сөз,  сөз  тіркесінен  ажырата-
тын  бірден-бір  қасиет,  белгі.  Предикативтілік 
туралы  тұжырымның  екі  қағидасы  бар:  бірін-
шісі – предикативтілік – сөйлемді сөйлем ететін 
ең басты синтаксистік категория. Предикатив-
тіктің мағынасы мен қызметі сөйлем мазмұнын 
шындық болмысқа теңестіру болып танылады. 
Бұл предикативтіліктің ажырамас қасиеттері – 
модальділік,  шақтылық,  жақтылық  тәрізді 
синтаксистік  категориялары  арқылы  іске 
асады;  екіншісі – сөйлемді  құраушы  бөліктер 
(компонент) арасындағы арнайы қатынас.  
Модальділік  объективті  және  субъективті 
болып  екіге  бөлінеді.  Объективті  модальділік 
– сөйлемдегі хабарламаның (сообщение) шын-
дық  болмысқа  қатысы.  Бұл  екі  тұрғыда  көрі-
неді: біріншісі – реалды іс-әрекет, қимыл-қоз-
ғалыс,  оның  ‰ш  шақта  (осы,  келер,  өткен) 
өтуі; екіншісі – реалды емес іс-әрекет, қимыл-
қозғалыс,  яғни,  бұйрық,  қалау,  тілек,  қажет-
тілік  тәрізді  хабарлама  т.б.  Реалды  модаль-
ділік  ашық  райдың  ‰ш  шағында  көрінеді. 
Мысалы: Қарашоқыдағы қыстауға келген соң 
Абай  ең  әуелі  әкесіне  бармай,  К‰нкенің  ‰йіне 
кірді.  Мұнда  Абайдың  ең  жақсы  көретін 
туысқаны – Құдайберді  көптен  бері  науқас 
болатын. Алдымен  соған амандасып, жайын 
білмек.  Құдайберді  биік  төсек  ‰стінде  жө-
теліп жатыр екен т.б. (М.Әуезов). 
Қазақ  тілінде  предикаттық  қатынас  екі 
т‰рлі  жолмен  айқындалады:  бірінші,  компо-
нентте екі негізгі м‰шенің бастауыш пен баян-
дауыштың  қатар  айтылуы  арқылы,  екінші, 
баяндауыштың  тек  жіктік  формасы  арқылы. 
Мұның алғашқысын предикаттық қатынастың 
аналитикалық  немесе  аналитика-синтетика-
лық  тәсіл  арқылы  көрінуі  де,  соңғысын  син-
тетикалық  тәсіл  арқылы  көріну  дейміз.  Мы-
салы:  Сендер  тәлтіректеп  белестен  асып 
кеткенше, мен көз алмай қараумен болып едім 
(Б.Майлин).  Ақырында  осы  отырған  жұрт 
Нілді  мен  Қарағандыны  мына  Боздақ  пен 
Байжандікі  деп  тапты  да,  өзгеміз  соған  қол 
көтеріп шықтық (Ғ.М‰сірепов). 
Мысалдың  бірінші  сөйлеміндегі  бағының-
қы  компонент  баяндауышы  болып  тұрған 
«асып кеткенше» деген к‰рделі сөз ешбір жақ-
қа  тәуелді  емес,  жеке  алғанда  оның  бойында 
баяндауыштық  қасиет  те  жоқ.  Оны  баян-
дауыштық    дәрежеде  көрсетіп,  белгілі  бір 
жақтық  мән  беріп  тұрған – «сендер»  деген 
бастауыш.  Егер  ол  болмаса,  тіркесте  сөйлем-
дік  қасиет,  яғни  предикаттық  қатынас  пайда 
болмайды. Предикаттық қатынастың бұл көрі-
нісі – аналитикалық тәсіл көріну деп аталады. 
Ал  мысалдың  соңғы  сөйлемінде  де  преди-
каттық  қатынас  әр  компонент  баяндауыштар-
дың  (Боздақ  пен  Байжандікі  деп  тапты,  қол 
көтеріп  шықтық)  формасы  арқылы  да,  олар-
дың  әр  қайсысының  дербес  айтылған  бас-
тауыштары  арқылы  да  (жұрт,  өзгеміз)  беріл-
ген.  Бұл  тәсіл  предикаттық  қатынастың  екі 
жақты, яғни аналитикалық-синтетикалық жол-
мен  көрінуі  делінеді.  Осы  арада  предикаттық 
қасиеттің  көрсеткіші  саналатын  жақ  кате-
гориясы жөнінде де айтып кетсек болады. Ол 
‰шін  жақ  категориясының  бірден-бір  құры-
лымы  етістік  болатындығын  ескерген  Т.Сай-
рамбаевтың  осы  мәселенің  төңірегінде  ай-
тылған  пікірі  негіз  болуға  әбден  лайық.  Ол 
«синтаксистік  жақ  категориясы – айтушы, 
тыңдаушы және ІІІ бір жақта айтылады да, ол 
көрсеткіш  етістік  арқылы  көрінеді.  Етістіктің 
жақ категоиясы отыр, тұр, ж‰р, жатыр етіс-

156                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
тіктеріне тікелей жалғанады да, ал басқа етіс-
тіктерге  т‰рлі  қосымшалардан  соң  жалғана 
келе,  етістік  баяндауыштың  қай  жақта  тұр-
ғандығын көрсетіп, әрі сол көрсеткіші арқылы 
бастауыш  та  белгілі  болады.  Мұның  өзі 
баяндауыштағы  жақтық    көрсеткіші  арқылы 
бастауыштың  қай  жақта  тұрғандығы  мен 
етістіктің  де  сол  жақта  тұруы  бір-бірімен 
ұштасып,  екі  жақты  байланысқа  т‰седі  де, 
бірін-бірі  толықтырады.  Бастауыш  та,  баян-
дауыш  та  екі  жақты  баяндауыштың  бірінде 
баяндауыш    арқылы  көрінсе,  бастауышта  кө-
біне есімдіктер арқылы көрінеді. 
Сөйлемнің  ең  негізгі  қаңқасы  предикат-
тылық десек, одан кейінгі мәселе - сол сөйлем 
арқылы  адамның  қуану,  шаттану,  еркелету, 
шошу,  ашу-ыза,  к‰діктену,  к‰шейту,  әсерлеу, 
құптау,  құптамау,  жақтырмау,  сену,  м‰мкін-
дік,  керектілік,  болжалдық,  т.б.  қасиеттері, 
яғни,  олардың  семантикалық  белгілерін 
айқындау – екінші  орындағы мәселе.  Ал  сөй-
лемнің  бойындағы  мұндай  қасиеттердің  бар-
лығы  да  модальділік  белгісі  арқылы  беріледі 
де,  олардың  негізгі  көрсеткіштері  рай  кате-
гориясы,  модаль  сөздер  мен  демеулер  және 
интонация  болуы  тиіс.  Бұл  Т.Сайрамбаевтың 
сөйлемге  тән  тағы  бір  қасиет  модальділікке 
байланысты  айтылған  пікірі.  Яғни,  модаль-
ділік категория сөз иесінің беріліп отырған ха-
барға өзіндік көзқарасын байқатады. Ол өзінің 
мағынасы  арқылы  сөйлемнің  айтылу  мақса-
тын, сазын білдіреді. Модальділіктің сипатына 
қарай  сөйлемдер  хабарлы  (Оқу  басталды), 
бұйрықты  (Ертең  ерте  кел),  сұраулы  (Мынау 
кімнің  кітабы?),  лепті  (Қандай  тамаша!  Кө-
рінбе көзіме!) боп бөлінетіндігі белгілі. Модаль-
ділік категориясының сыртқы материалдық көр-
сеткіші- интонация мен әр т‰рлі морфология-
лық  және  лексикалық  элементтер.  Модальді-
лік  мағынаның  көрінісі,  берілуі  тілдерде  бір-
келкі  болмайды  Модальділік  мағына  материал-
дық  жағынан  грамматикалық  та,  лексикалық 
та  болады.  Грамматикалық  модальділік  белгі 
сөйлемде  негізінде  етістік  райлары  арқылы 
жасалады.  Бұл  жағынан  алғанда,  модальділік 
категориясы  передикаттық  категориямен  ‰нде-
седі десек болады. Ал лексикалық модальділік 
белгісі  көбіне  тілдегі  модаль  сөздер  арқылы 
көрініс  табады  (Ол  оқиды – ол,  әрине,  оқиды 
т.б.).  Осының  ішінде  модальділік  категория-
сының  көрсеткіштерінің  бірі  демеуліктердің 
рай категориясына қарағанда өте эмоциональ-
дық  қасиетін  таныту  жағы  басымырақ  екенін 
көреміз.  Жалпы,  демеулердің  т‰рлерінің  аты-
ның  өзі  олардың  ондай  сөйлемдерге  қандай 
мағына  ‰степ  тұрғандығын  көрсетуімен  нақ-
тыланады [9:7]. 
Қорыта  айтқанда,  ғалым  Т.Сайрамбаев 
қазақ  тіліндегі  сөйлемнің  негізгі  белгілерінің 
ғылыми  теориясының  қалыптасуына  ‰лкен 
‰лес  қосты  деуге  толық  негіз  бар.  Ғалымның 
синтаксистік  ғылыми  жаңалықтары  арнайы 
қарастыруды қажет ететін мәселелер. 
______________ 
1.  Жубанов  Х.  Исследования  по  казахскому  языку. 
Алма-Ата, 1966 
2.  Аманжолов  С.  Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қыс-
қаша курсы А.,1950 
3.  Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А. 1966 
4.  Сайрамбаев  Т.  Сын  есімді  етістік  сөз  тіркестері // 
Қазақ тілімен әдебиеті. № 1. 1999./ М.Жолшаевамен бірге. 
5.  Виноградов  В.В.  Вопросы  грамматического  строя, 
М., 1955 
6.  Сайрамбаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  к‰рделі  сөз 
тіркестері. А., 1981 
7.  Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. А. 1966 
8.  Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. А.,1998. 
9.  Закиев М. Синтаксический строй татарского языка, 
Казань, 1963. 
* * * 
В статье рассматриваются принципы  ученого профессора Т.Сайрамбаева о предложениях в казахском языке. 
* * * 
The article deals with the principles of sentences in Kazakh language according to Professor T. Sairambaev. 
 
 
 
Б. Рысбай, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. 
 
Ә. НҰРПЕЙІСОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫ 
 
 
Тілдік  құбылыстардың  табиғатын  танып, 
тілдік  ерекшелігін  айқындауда  көркем  әде-
биеттің  қосар  ‰лесі  айрықша  екендігі  анық.  
 
 
Тіліш-ғалым  А.Салқынбайдың  сөзімен  айт- 
қанда: «Сөздің  қасиеті  мен  киесі  көркем  әде-
биетте  шынайы  көрініс  береді,  қазақ  қалам-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          157 
 
герлерінің  туындылары  арқылы  сөздің  си-
қырлы  кейпі  ашылып,  м‰сінделе,  әрлене 
т‰седі.  Көркем  шығармалардағы  сөз  қолда-
нысы  нәтижесінде  тілдің  терең  ішкі  мағы-
налық  құрылымы  дамиды,  жаңарады,  көпма-
ғыналылық, ауыспалы мағыналылық қалыпта-
сады;  сөздің  мағыналық  құрылымында  әр 
алуан  ерекше  семалардың  пайда  болуы – тіл 
дамуының  басты  шарты.  Тіл  көркем  әдебиет 
арқылы өзінің көркем өміріне жолдама алады, 
құбылады; сөздіктегі қасаң тіл келбетті лебіз-
ге айналып, барша ішкі мағыналық және маз-
мұндық болмысын ашады» [1;4]. Яғни, көркем 
әдебиет  тілдегі  заңдылықтардың  көрініс 
тауып,  танылуын,  қалыптасуын  зерделеудің 
дереккөзі  болып  саналады.  Тілдегі  сондай 
заңдылықтардың  бірі - ‰немдеу  құбылысы. 
‡немдеу  заңдылығы  сөйлеуге  тікелей  қатыс-
ты,  яғни,  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасау 
барысында  сөйлеуші  тыңдаушыға  шектеулі 
сөздермен  ғана  ойын  толық  әрі  жылдам 
жеткізуге  тырысады.  Яғни, «Аз  сөзбен  көп 
мағынаны  жеткізу – сөз  мәдениетінің  бір 
қыры. Бірақ қысқа баяндаудың бәрі шеберлік 
емес.  Шеберлік  аз  сөзге  көп  мағына  сыйғыза 
білуде.  Сонда  ғана  сөз  қысқалығы  тіл  мә-
дениетінің  мәнді  бір  қырына  айналады. – 
Шындығында,  белгілі  бір  ойды  ойсыратпай  
жеткізу,  басы  артық  қолданыстардан  сөзді 
арылтып  отыру,  аз  сөзбен  көп  мағынаны 
білдіру  оңай  емес,  оған  аз  уақыт  кетпесе 
керек» [2;59]. ‡немдеудің  (ықшамдаудың) 
т‰рлеріне синкретизм, контаминация, ассими-
ляция,  редукция,  эллипсис  және  т.б.  жатады.  
Мақалаға  өзек  болып  отырған  синкретизм 
құбылысы  Ә.Нұрпейісов  шығармаларында 
молынан  кездеседі.  Жазушы  к‰рделі  туын-
дысы - «Қан мен тер» трилогиясы ‰шін КСРО 
Мемлекеттік  сыйлығының  иегері  болды.  Ке-
шегі аумалы-төкпелі замандағы халық өкілде-
рінің  қайталанбайтын,  дараланған,  к‰рделі 
тағдырлы типтік бейнесін баяндаған "Қан мен 
тер"  эпопеясы  көптеген  тілдерге  аударылды. 
Аталмыш шығармадан синкретизм құбылысы-
ның  табиғатын  тануға  септігін  тигізетін 
мысалдарға  талдаулар  жасалды.  Синкретизм-
нің  сөз  табына,  сөз  тіркесі  мен  сөйлем м‰ше-
леріне  қатысын  қарастырмастан  бұрын,  оған 
берілген анықтамаларға тоқтала кеткенді жөн 
көрдік.   
Синкретизм  құбылысы  тек  лингвистикада 
ғана  емес,  ол  әдебиет,  философия,  өнер,  дін-
тану және т.б. ғылымдарда кездеседі. 
Синкретизмге  энциклопедиялық  филосо-
фиялық  сөздікте  мынадай  анықтама  берілген: 
«Синкретизм  (от  греческого synkretismos - 
соединение) - 1) нерасчлененность, неразвитое 
состояние  какого-либо  явления  (например, 
искусства  на  первоначальных  стадиях  чело-
веческой культуры, когда музыка, пение, поэ-
зия,  танец  не  были  отделены  друг  от  друга);  
2)  смешение,  неорганическое  слияние  разно-
родных  элементов  (например,  различных 
культов  и  религиозных  систем  в  поздней 
античности - религиозный  синкретизм  пе-
риода  эллинизма) [3;609]. Яғни, «Синкретизм 
(біріктіру) - "жігі ашылмаған", біте қайнасқан 
сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл 
ұғым  қандай  да  болсын  құбылыстың  жетіл-
меген  дамымаған,  өзара  жіктеле  қоймаған 
бастапқы  к‰йін  білдіреді.  Бұл  ұғым  көбінде 
алғашқы  қауымдық  немесе  архаикалық  мә-
дени  кезеңге  байланысты  көп  қолданылады. 
Өйткені  дәл  сол  мәдени  кезеңде  мәдениет 
салаларының  жіктелмегендігін  байқаймыз. 
Синкретизмнің  мәнін  миф,  мифологиялық 
сана  өте  жақсы  анықтайды.  Мифтердегі 
субъект - объектілік қатынастардың жоқтығы, 
жеке  тұлғалық  бастаманың  көрінбеуі,  адам-
ның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-
жарып  қарамауы,  т.б.  синкретизм  көріністері 
болып  табылады.  Архаикалық  мәдениеттегі 
ғылымдардың, өнер т‰рлері мен наным сенім-
дердің  жіктелінбеген  бастапқы  біртұтастық 
к‰йі  архаикалық  мәдениеттің  синкреттік 
сипатын  танытады.  Сондықтан  да  мәдениет 
тарихында  зерттеушілер  алғашқы  қоғамдық 
синкретизм  деген  ‰лкен  кезеңді  айқындайды. 
Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің 
іріктелмегендігімен,  біртұтастығымен  бір-
бірімен  етене  тығыз  байланыстылығымен 
сипатталады.  Сол  мәдени  кезеңнің  адамдары-
ның  д‰ние  танымындағы  синкретизм  көрініс-
терін алғашқы наным-сенім т‰рлерінен: фети-
шизм, анмизм, тотемизм т.б. айқын көруге бо-
лады» [4]. 
Сонымен, синкретизм ұғымын тарихи тұр-
ғыдан  алып  қарайтын  болсақ,  қандай  да  бол-
сын  құбылыстың  жетілмеген,  дамымаған  бас-
тапқы к‰йін білдіреді екен.  
Синкретизм  тілге  де  тән  құбылыс.  Тіл  бі-
лімі  сөздігінде: «синкретизм  (грек. synkretis-
mos – біріктіру) - әр т‰рлі айтылымдық тұлға-
лардың  қызметтік  бірлесуі,  қарама-қарсы-
лықтарды  бейтараптандыру,  бір  формада 
бірнеше  мағыналардың  берілуі» [5;331], - 

158                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
деген  анықтама  берілген.  Синкретизм  құбы-
лысы  тілдің  барлық  қабаттарында  кездеседі: 
лексикология, морфология т.б. Қазақ тіл білі-
мінде  синкретизм  құбылысы  тарихи  лексико-
логия  (Ә.Т.Қайдаров,  Е.З.Қажыбеков),  тарихи 
морфология  (М.Томанов)  тұрғысынан  зерт-
телді.  Ә.Қайдаров  әрі  есімнің,  әрі  етістіктің 
қызметін атқарған синкретті т‰бірлер туралы: 
«Если  учест,  что  тюркский  корень  по  своей 
природе  представляет  собой  вариабельную 
величину, то в отношении межтюркских гомо-
генных  глагольно-именных  пар,  функциони-
рующих  в  разных  языках  зачастую  в  самых 
различных  формах,  целесообразнее  употреб-
лять  термин  синкретизм  или  синкретические 
пар» [61;59], - дейді.  
Ғ.Қалиев: «Синкретизм  (грек.  қосылу) 
қызметі  әрт‰рлі  сөздер  мен  грамматикалық 
формалардың тілдің даму барысында тұлғалас 
келуі.  Кейбір  ғалымдар  бұған  грамматикалық 
омонимдерді (омоформаларды), енді біреулері 
көп мағыналы сөздерді жатқызады. Мыс., тоң 
сөзі  әрі  зат  есім,  әрі  етістік  (бұйрық  райдың 
жағында), көш әрі зат есім, әрі етістік (бұйрық 
рай жақ), кір әрі зат есім, әрі сын есім, тамақ 
сөзінің екі мағынасы да зат есім мағынасында 
қолданылады. С. қосымшаларда кездеседі. Мыс. 
ша/ше  қосымшасы  бірде  кішірейту  мағына-
сындағы  зат  есім  тудырады:  к‰реңше,  қалақ-
ша,  бірде  ‰стеу  мағыналы  сөздер  тудырады: 
біздіңше,  ескіше,  жаңаша;  дай/дей  бірде  сын 
есім  (‰йдей,  таудай),  бірде  ‰стеу  (жаздай, 
қыстай) тудырады. Тіл ж‰йесіндегі ауыспалы 
(өтпелі) құбылыстармен байланысты туған тіл 
бірліктерінің  бір-біріне  қарама-қарсы  диффе-
ренциалды құрылымы мен семантикалық бел-
гілері  қосарланып  қатар  қолданылады.  Бұған 
әрт‰рлі будандық (диффуздық, аралық) құры-
лымдар  жатады...» [7;286], - деп,  атап  көр-
сетеді. Ғалымның пікірінен тілдегі белгілі бір 
тілдік  тұлғалардың  бір-біріне  ауысу  ‰дерісін-
де  синкретизм  құбылысының  пайда  болатын-
дығын  аңғаруға  болады.  Синкретизм  деп  бір 
тілдік  тұлғаның  бойында  екі  немесе  одан  да 
көп  грамматикалық  мағыналар  мен  функция-
лардың  қабат  келуін  айтамыз.  Мәселен,  мор-
фологиялық деңгейдегі синкретизм құбылысы 
сөз  таптарының  өзара  ауысулары  барысында 
байқалады. Мысалы: 
Осыдан  бір  жеті  бұрын  қайын  атасы: «ба-
лықшыға  сәлем  айт,  ауыз  ашқасын  барам», - 
деп,  қатынаған  біреуден  айтып  жіберген  екен 
[8;9]. 
Кенет, ол ‰йінің алдына тоқтаған салт атты 
біреуді көрді. «Бұл кім болды екен», - деп ой-
лап, аттылы кісіден көзін айырмай келе жатыр 
[8;13].  
Осы  сөйлемдегі  ерекшеленген  біреуден 
сөзі  нешеден?  деген    сұраққа  емес,  кімнен? 
деген  сұраққа,  біреуді  сөзі  кімді?,  деген  сұ-
раққа  жауап  беріп,  сан  есімнің  белгісіз  есім-
дікке  ауысқанын  байқауға  болады.  Бұл  сөз 
таптарының  кейде  сөйлемде  ‰немі  негізгі 
қызметінде  қолданыла  бермей,  екінші  син-
таксистік  қызметте  де  жұмсалуын,  яғни,  сан 
есімдер  есімдіктердің  қатарына  ауысуы  (про-
номиналдануы)  негізінде  бастауыштың  қыз-
метін атқаратындығын көрсетеді.  
Тіліміздегі  мұндай  тілдік  құбылыс  туралы 
ғалым  Т.Жукеев: «Сөз  таптарының  синкре-
тизмі - сөз  таптарының  ауысу  процесінде 
болатын  бір  кезең.  Синкретизм  «өту,  көшу» 
процесінің  нәтижесі  десек,  сондықтан  ауысу 
процесі  толық  аяқталғанда,  синкретизм  құ-
былысы  толығымен  жойылмайды.  Белгілі 
дәрежеде  сақталады.  Тілімізде  жарық,  тең, 
бай,  жас,  батыр  секілді  сөздердің  бірде  зат 
есім  (Бөлмеге  жарық  т‰сті.  Батыр  бір 
оқтық,  бай  бір  жұттық),  бірде  сын  есім 
(жарық  бөлме,  жас  жігіттер,  бай  ауылдар) 
болып  жұмсалуы - категориялық  мағыналары 
толық  айқындалып  болмаған  бір  сөз  табынан 
екінші  бір  сөз  табына  ауысу  ‰стіндегі  син-
кретті  сөздер  екендігін  білдіреді» [9;55], деп 
көрсетеді. Мысалы:  
Бай,  бәйбішеден  басқа ... олардан  басқа 
кісі  көзіме  т‰спеді.  Бай  ‰йінің  бір  сары  тай-
лағы ... жамандатқыр, к‰нде мал қоралар кез-
де, жоқ болып шығады… [8;24].  
Кешкі  тымықта  бай  ауылдың  т‰тіні  шан-
шылып шығып, суыт келе жатқан жолаушыға 
«мен  мұндалап»  көш  жерден  қол  бұлғап 
тұрғандай [8;31]. 
Жасқа толы көзі бұлдырап, іштей тістеніп, 
сазарып  алған.  Мөңке  жас  жігіттің  ішіндегі 
зары  мен  мұңын  ‰нсіз  ұғып,  көзін  төмен 
салып отыр [8;178]. 
Балықшылар Кәленді танып, бастарын кө-
теріп алды. Бір жас жігіт: Ағажан отырыңыз-
шы!  Жаман  ‰йіміздің  төбесін  мойныңызбен 
іліп әкетерсіз, деп әзіл қатып еді, бірақ іштей 
арбасып қалған кісілер міз бақпады [8;37].  
Ол  қолына  ұстай  кірген  бір  асымдай  тоң 
балықты босағаға тастай салды [8;6]. 
 Берілген  сөйлемдердегі  ерекшеленіп  бе- 
рілген сөздер (бай, жас, тоң) бірде зат есімнің 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          159 
 
қызметінде,  бірде  сын  есімнің  қызметінде  
жұмсалып, олардың бойында бірнеше грамма-
тикалық мағыналардың т‰йіскенін көреміз. 
Синтаксис  деңгейіндегі  синкретизм  құ-
былысы  сөйлем  құрамындағы  бір  сөзге  екі 
т‰рлі  сұрақ  қойылып,  екеуі  де  синтаксистік 
қызметті атқаруынан көрінеді. Мысалы: 
Урядник  келгесін  Құдайменде  дереу 
балықшылар  (неге?,  қайда?)  ауылына  жаушы 
шаптырды [8;88]. Дәл осы кезде қара сақалды, 
киіз  кереқапты  атшабар  тағы  да  құйындатып 
шауып кеп, Кәленнің (несіне? қайда?) ‰йіне ат 
тұмсығын тірей тоқтады [8; 195].  
Бұл  сөйлемдердегі  ерекшеленген  сөздерде 
(ауылына, ‰йіне) заттық мағынамен қоса көлем-
дік мағына да жарыса көрініс тауып тұр, екі т‰р- 
лі  синтаксистік  қатынаста  жұмсалуы,  олар- 
 
дың синкретті сөйлем м‰шелері екендігін аңғар-
тады. 
Сонымен,  синкретизм – белгілі  бір  тілдік 
категориялардың  бір-біріне  ауысу  ‰стінде 
пайда болатын тілдік құбылыс.  
______________________________ 
1. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі (оқулық). Алматы, 2011. 
2.  Бейсенбаева  З.,  Уәлиева  Н.,  Исмаилова  Ж.,  Қана-
бекова М., Қайдарова Г. Тіл мәдениеті: Оқу құралы. – Ал-
маты: Print-S, 2005. – 112 б. 
3.  Философский  энциклопедический  словарь.  М.,  Со-
ветская энциклопедия. 1983.   
4. www.google.kz 
5. Тiл бiлiмi создiгi. — Алматы: Гылым, 1998. —544 б. 
6. Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и ос-
нов в казахском языке. Алматы, 1986. 
7.  Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінің  т‰сіндірме  сөз-
дігі. Алматы, 2005. 
8. Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. Алматы, 1976. – 824 б.  
9.  Жукеев  Т.Б.  Қазақ  тіліндегі  пысықтауыш  м‰шеге 
қатысты  синкретикалық  құбылыстар. (ф.ғ.к.  ғылыми  дә-
реж. диссер.). Қарағанды, 2005.
 
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет