Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет26/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61

Медетбекова П. 
Квантитативные особенности союзов мен/бен/пен/және 
 
 В  статье  рассматриваются  типологическая  структура  и  квантитативные  особенности  союзов  «мен/бен/пен, 
және» и их роль в языкознании. 
Medetbekov P. 
Quantitative features of unions men / bеn / pen / zhane 
 
The typological structure and quantitative peculiarities of the unions «мен/бен/пен, және» and their role in linguistics 
are described in the article 
 
 
 
А.Т. Мұхамеджанова, 
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «ҒАШЫҚТАР»  РОМАНЫНДАҒЫ МЕҢГЕРІЛЕ  
БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ 
 
 
Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын 
және  сөз  тіркестерін  жіктеуге  критерий  бола-
тын синтаксистік тірек – сөздердің байланысу  
формалары [1;37]. Қазірде  есімді  және  етіс-
тікті  сөз  тіркестері  сол  байланысу  формала- 
 
 
рына  қарай  өзара  бірнеше  топқа  бөлініп  ж‰р. 
Есімді  сөз  тіркестері  қабыса,  матаса  және 
меңгеріле  байланысса,  етістікті  сөз  тіркестері 
қабыса және меңгеріле байланысады.  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          149 
 
Меңгеру  әдетте  етістік  сөздермен  байла-
нысты  қаралатыны  белгілі,  яғни  етістіктің  
семантикалық  табиғаты  белгілі  бір  септік 
жалғауындағы сөзді іздеп тұрады. Сондықтан 
есім  сөздер  септік  жалғау  формасындағы 
сөздерді  бағындыру  м‰мкіншілігіне  ие  болу 
‰шін  сөйлемде  етістіктің  қызметін  атқарып, 
баяндауыш  функциясында  жұмсалуы  керек. 
Есім меңгеру негізінде құрылатын сөйлемдер-
дегі  баяндауыштың  қызметін  көбінесе  сын 
есімдер  атқарады,  зат  есімдер  бұл  қызметте 
сирек  жұмсалады,  жұмсалған  к‰нде  де,  көп-
шілігінде  септік  жалғауындағы  есім  сөздерді 
меңгере  бермейді.  Мұның  өзі  де  сын  есім-
дердің  не  басқа  да  сапалық,  модальдық  есім-
дердің  зат  есімнен  гөрі  етістік  табиғатына 
жақындығынан болса керек. Меңгерiле байла-
нысқан сөз тiркестерiнiң ерекшелiгiн олардың 
құралу тұрғысынан қарап айырамыз. Олар ба-
рыс,  шығыс,  табыс,  жатыс,  көмектес  жал-
ғауларының  бiрiнде  болады  да,  басыңқы  сөз 
сол  жалғаудағы  сөздi  керек  ететiн  етiстiк  не 
есiм  болады.  Меңгерушi  сөз  жетектеушi  де, 
меңгерiлушi оның жетегiне ерушi сөз болады.  
Қарастырып отырған шығармада меңгерiле 
байланысқан  есiмдi  сөз  тiркестерi  онша  көп 
кездеспейдi  және  барлық  есiмдер  бiрдей 
ондай  сөз  тiркесiнiң  меңгерушi  сыңары  бола 
алмайды.  Есiмдердiң  iшiнде  көбiнесе  бас-
тауыштың  к‰йiн,  халiн  бiлдiретiн  сөздер  
есiмдi  сөз  тiркесiнiң  басыңқы  сыңары  болып 
жиi  жұмсалады.  Жалпы  есім  сөз  таптарының 
басыңқылық қызметі жайында алғашқы мәлі-
метті  берген  ғалым  профессор  М.Балақаев: 
«Меңгеретін сөздер – етістіктер, есімдер (көбі-
несе  сын  есім,  шылау  сөздердің  бірқатары; 
кейде  есім  мен  етістік  бірлесіп  меңгереді», -  
деп,  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесінің 
басыңқы сыңары қызметінде жиі жұмсалатын 
сөз  таптары  есімді  сөз  таптары  екенін  айтқан 
болатын [2; 208].  
Профессор  Ә.Аблақов: «Меңгеру,  негізін-
де,  етістікке  тән  қасиет,  сондықтан  есімдер 
етістіктер  сияқты  септік  жалғаулы  сөздермен  
еркін тіркесе бермейді», - деп, есімдерге қара-
ғанда  етістіктердің  тіркес  құрау  қабілеті  мол 
екендігін дұрыс көрсетеді [3;5]. 
Шығармада  меңгеріле  байланысқан  есімді 
тіркестер барыс, шығыс, жатыс, көмектес сеп-
тіктерінде  жұмсалған.  Олардың  әрбіреуінің 
өзіндік  қолданылу  аясы  мен  жұмсалу  ерек-
шелігі  бар  екенін  байқадық.  Олар  негізінен 
төмендегідей жолдармен жұмсалған: 
І. Меңгеріле байланысқан зат есімді тір-
кестер.  
Зат  есімдер  меңгеріле  байланысқан  есімді 
сөз  тіркестерінің  құрамында  жиі  кездеспейді 
дегенмен  де  шығармада    автордың  қолданы-
сында  меңгеріле  байланысқан  зат  есімді  тір-
кестер біршама кездеседі. Олар барыс, шығыс, 
жатыс,  көмектес  септіктерінде  жұмсалған, 
енді осыларға жекелей тоқталайық. 
1. Барыс септікті. 
1)  бағыныңқы  сыңары жалқы  зат  есімді
басыңқы сыңары жалпы зат есімді болып ке-
леді. Мысалы: Зат есім арқылы жасалады. З‰л-
фияның  маған  істері,  менің  оған  жұмсар  қас-
тығым  жоқ,  бірақ  ол  Аяужанға  көп  қиянат 
етті.  
2) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы  сыңары  жалпы  зат  есімді  болып 
келеді.  Мысалы:  Көзіме  ұшқын,  ж‰регіме  от 
пайда  болды.  Суретші  де  сондай,  адамның 
өзін  ұмытқанмен,  өзгелерден  өзгеше,  тек  сол 
адамға  тән  бір  қимылын,  көз  тастауын,  не 
ж‰ріс-тұрысын  есіне  сақтап  қалуы  көп  кезде-
сетін  жағдай.  Әрине,  өлген  адамға  денесін 
паршалаудан келер зиян жоқ, бірақ тіріге тиер 
көмегі көп. Бұл дәрігерлерге сабақ, келешекте 
ауруды тануына орасан зор көмек. ...Егер сон-
да,  бірін-бірі  жақсы  көрген  екі  адам  бірінсіз-
бірі  өмір  с‰ре  алмайтындай  сезімге  ие  болса, 
сонда ған ол шын махаббатқа да ие
Кейде оларға сын есімдер тіркесіп, к‰рделі 
тіркес  құрамында  жұмсалады.  Мысалы:  Өз-
дерінің  еңбектен  туған  арман,  тілектерін 
осынша  жоғары  қойған  жас  серіктеріме  дән 
ризамын.  
3)  бағыныңқы  сыңары  жинақтық  сан 
есімді,  басыңқы  сыңары  жалпы  зат    есімді 
болып келеді. Мысалы:  Екеумізге  арнап хат 
жазып кетті.  
4)  бағыныңқы  сыңары  болжалдық  сан 
есімді,  басыңқы  сыңары  жалпы  зат    есімді 
болып  келеді.  Мысалы:  Бір  жағында  бетон 
мен  шыныдан  салған  төрт  қабат  мектеп,  бір-
неше залы бар, мыңға жуық оқушы сияды. 
5)  бағыныңқы  сыңары  жіктеу  есімдігі
басыңқы  сыңары  жалпы  зат    есімді  болып 
келеді. Мысалы:  Оның: «Құлыным!» - деп к‰с-
к‰с  қолымен  басымнан  сипағаны  маған  зор 
қуаныш, ‰лкен бақыт болатын, дөрекілеу кел-
ген  даусының  өзі  жаныма  жалын  егіп,  көңі-
лімді  шалқытып  қоя  беретін..  Маған  сіздің 
соншалық  азаптануыңыз  жұмбақ.  Сөйткен 
адамның  өзін-өзі  өлтіруі  маған  жұмбақ

150                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Дегенмен  Аяужанның  бұл  қылығында  маған 
‰лгі  боларлық  бір  қасиет  бар.  О  да  маған 
ғашық 
6)  бағыныңқы  сыңары  сұрау  есімдігі,  ба-
сыңқы  сыңары  жалпы  зат    есімді  болып 
келеді.  Мысалы:  Ол  ерекшелік  кімге  тән  еді, 
өзім де есіме т‰сіре алмай келемін. 
7)  бағыныңқы  сыңары  сілтеу  есімдігі
басыңқы  сыңары  жалпы  зат    есімді  болып 
келеді.  Мысалы:  Еңбек – бұларға  да  поэзия, 
ән! 
8) бағыныңқы сыңары өз есімдігі, басыңқы 
сыңары жалпы зат  есімді болып келеді. Мы-
салы:  Осынау  бейтаныс  адамдардың  беттері-
нен  өздеріне  ғана  тән,  өздерінің  ғана  бейне-
лерін  ашатын  ерекшелігін  көбірек  таба  бас-
таймын.  Өзгені  білмеймін - өзіме  дәл  солай
Мұны осы к‰нгі жас балаға дейін біледі, неге 
айтып тұрғаным өзіме де жұмбақ. 
2. Жатыс септікті.  
1) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы  сыңары  жалпы  зат  есімді  болып 
келеді.  Мысалы:  Көзінде  ашу  оты  жарқ-жұрқ 
етеді. Бір қабырғасында әжептәуір әдемі сер-
вант,  бұрышында  ‰ш  жақты  айна.  Тек  сонау 
көкжиекте  бір  болмашы  қара  бұлт  көрінеді. 
Бұл  дәрігерлерге  сабақ,  келешекте  ауруды 
тануына  орасан  зор  көмек.  Тек  менің  ішімде 
ғана қызыл шоқ, көзімде  к‰н сәулесі, жан-жа-
ғыма  шаттана  қараймын.  Бәрлерінің  ж‰зінде 
қуаныш,  таңғажайып  шаттық.  Кейде  сілтеу 
есмідіктері зат есімдергі тіркесіп, к‰рделі тір-
кесті  құрайды.  Мысалы:  Сол    жағымда  қат-
пар-қатпар Мырыш тауы..  
2) бағыныңқы сыңары есептік сан есімді
басыңқы  сыңары  жалпы  зат  есімді  болып 
келеді.  Мысалы:  Әрине,  жиырма  бес  жаста 
жарық жалғанға ризамын
3)  бағыныңқы  сыңары  жинақтық  сан 
есімді,  басыңқы  сыңары  жалпы  зат  есімді 
болып  келеді.  Мысалы:  Екеумізде  бір-бірден 
екі бөлме, бөлек тұрамыз.  
4)  бағыныңқы  сыңары  жіктеу  есімдігі
басыңқы  сыңары  жалпы  зат  есімді  болып 
келеді. Мысалы: Менде ‰ш ұпай болады. Оның 
‰стіне,  бізде  қарттарға  әрқашанда  құрмет 
емес пе? 
5)  бағыныңқы  сыңары  ‰стеулі,  басыңқы 
сыңары жалпы зат есімді болып келеді. Мы-
салы: Одан сәл төменде зауыт, о жер, бұ жер-
ден  дәл  өзім  тұрғандай,  сорайған  крандар 
көрінеді.  ‡стінде  жұқа  сарғылт  лавсан  кос-
тюм,  қолында  сұрғылт  қалпақ,  көгілдір  бало-
нияны  қарына  іле  салған.  Басында  қызыл 
орамал,  ұзын  шашын  өріп,  желкесіне  т‰йіп 
алған.  
3. Шығыс септікті. 
1) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы  сыңары  жалпы  зат  есімді  болып 
келеді.  Мысалы:  Аула  толған  кірпіш,  бетон-
нан  құйылған  қабырғалар, ‰й  төбесіне  төсей-
тін бетон тақталар. Ол қасиет – жаңа д‰ниенің 
адамының өз басының бақытынан, қуанышы-
нан  халқының  бақытын,  қуанышын  жоғары 
қою.  Кенет  өзіме-өзім  тек  өмірден  қуаныш 
қана іздейтін бір арсыз жандай көріндім. 
2) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігінен
басыңқы  сыңары  жалпы  зат  есімнен  болып 
келеді. Мысалы: – Егер ренжімесең, сенен бір 
өтініш  етсем,  орындайсың  ба?  Ендігі  сенен 
жалғыз тілегім, Жантас, менің басыма, өз қо-
лыңмен,  қайың  ағашының  бір  бұтағын  отыр-
ғыз. Менен жақсылық емес, қастық қана к‰т. 
3)  бағыныңқы  сыңары  сілтеу  есімдігінен
басыңқы  сыңары  сын  есімнен  болып  келеді. 
Мысалы: Бұлардан жұмсақ мінезді тірі айуан 
бар ма? Бұдан артық қолымнан не келеді? 
4. Көмектес септікті.  
 1)  бағыныңқы  сыңары зат  есімді, басың-
қы сыңары зат есімді болып келеді. Мысалы: 
Бұл – біздің  Ұлболсынмен  ақырғы қоштасуы-
мыз.  Әттең,  өткен  іс  атылған  оқпен  тең
жоқты іздегенмен не пайда!  
Кейде  мұндай  тіркестерге  сын  есімдер 
т‰йдектеле  жұмсалып,  к‰рделі  есімді  тіркес-
терді  құрайды  Мысалы:  Мен  жаңа  қазақпын, 
өзге  ұлттармен бауырмал қазақпын
ІІ.  Меңгеріле  байланысқан  сын  есімді 
тіркестер.  
Сын  есімдер  сөйлемде  ойды  тиянақтап, 
есімді  баяндауыш  болғанда,  есімді  сөз  тір-
кесінің  басыңқысы  да  бола  алады.  Мұндай 
кезде сын есімдер құрамына қарай  дара және 
к‰рделі  т‰рде,  мағынасына  қарай  сапалық  та, 
қатыстық к‰йінде де келе береді. Енді жасалу 
жолына жекелей тоқталайық: 
1. Барыс септікті. 
а)  бағыныңқы  сыңары  жалқы  зат  есімді
басыңқы  сыңары  сапалық  сын  есімді  болып 
келеді. Мысалы: Мен Ұлболсынға да адалмын
Аяужанға  да  адал  болармын.  Мен  Аяужанға 
ғашықпын
ә)  бағыныңқы  сыңары  жалпы  зат  есім
басыңқы  сыңары  сапалық  сын  есімді  болып 
келеді. Мысалы: Жігітке жар қымбат, намыс 
пен ар қымбат. Жалынсыз махаббат - әуенсіз 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          151 
 
музыка  әуезі  мен  нақышы  ‰ндеспеген  бишіге 
ұқсас.  Мұндай  хал  әнге  құмар  композиторда, 
сұлу  көрініске  құмар  суретшіде,  поэзияға 
берілген  ақында  ғана  болады.  Сондықтан  да 
ол  сонау  жағылған  ‰ш  жұлдызға  мәз.  Қыз 
қолымен  безендірген  әдемі  бөлменің  заттары 
да бұнда адам тұратынын аңғартқандай, көзге 
жылы, көңілге орнықты. Базарг‰л көне д‰ние 
эпостарына неге құмар? .  
б)  бағыныңқы  сыңары  сан  есім,  басыңқы 
сыңары  сапалық  сын  есімді  болып  келеді. 
Мысалы: Әдепкіде екеумізге де қиын болды.  – 
Төртеумізге  көңілдірек  болар  еді, - деді.  Бұл 
тіркестер бағыныңқы сыңары жіктік жалғаулы 
барыс септікті жинақтық сан есім мен басың-
қы  сыңары   жай  және салыстырмалы  шырай-
лы сын есімнің меңгеріле байланысуы арқылы 
жасалған. 
в)  бағыныңқы  сыңары  жіктеу  есімдігі
басыңқы  сыңары  сапалық  сын  есімді  болып 
келеді. Мысалы:  Қапелімде қойылған сұраққа 
жауап қайтара қою маған да жеңіл тиген жоқ. 
Ондай  алдау  саған  да,  оған  да  обал  емес  пе? 
Кісі мұндай минуттарында жынданған жанмен 
бірдей, оған өмірден өлім артық.  Т‰сіне тұр-
сам  да,  Аяужансыз  өмір  с‰рудің  маған  қиын 
екенін де білемін. Бұл маған ыңғайлы, өліктің 
туған-туысқанының. Расын айтсам, өмірімдегі 
маған  деген  бір  оғаш  нәрсе  де  осы  тойдан 
басталды.  Ол  мені  шын  жақсы  көрген  еді, 
өзіме қолы жетпей қалса да, тас м‰сінім оған 
қымбат  та,  қадірлі  де ... Маған  қанша  қиын 
болса да, амал жоқ, б‰гін денесін союға мәж-
б‰р болдым.  
г) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігі, ба-
сыңқы  сыңары  қатыстық  сын  есімді  болып 
келеді. Мысалы:  Маған т‰сініксіз. Осы арма-
нымнан  шықтым  ба,  жоқ  па,  маған  әлі  бел-
гісіз
ғ)  бағыныңқы  сыңары  жалпы  есімді,  ба-
сыңқы сыңары асырмалы шырайлы сын есім 
болып  келеді.  Мысалы:  Шерубайға  өңі  құр 
ғана ж‰деу емес, аса қайғылы көрінеді. Жұрт-
тың  бәрі  де  маған  аса  көрікті,  аса  сұлу  кө-
рінеді. 
д)  бағыныңқы  сыңары  жалпы  есімді,  ба-
сыңқы  сыңары  қатыстық  сын  есім  болып 
келеді.  Мысалы:  Шерубай  өмірге  өлердей 
ызалы.  Ұлболсынға  деген  сезіміңіз  т‰сініксіз
Онсыз өмірдің қызығы жоқ деген ұғым беруі, 
расында  да,  Аяужанға    т‰сініксіз  еді.  Б‰кіл 
әлем,  осы  жатқан  ‰йім,  бәрі-бәрі  маған  жұ-
мақтан  т‰скен  хор  қызы  іспеттес.  Дәл  осы  
кезде  сырт  бейнеміз  осал  жерін  аңдып,  тіс-
терін  ақситып,  ырылдаса  қалған  арлан  бөрі-
басарларға  ұқсас  болуы  ғажап  емес,  көзде-
ріміз қанталап, еріндеріміз дір-дір етеді. 
е) бағыныңқы сыңары өз есімдігі, басыңқы 
сыңары  сапалық  сын  есімді  болып  келеді. 
Мысалы:  ...Сәл мақтанып қояйын, жалпы ал-
ғанда жаман шықпайтыны өзіме аян
2. Жатыс септікті. 
а)  бағыныңқы  сыңары  жалпы  зат  есімді
басыңқы  сыңары  жалпы  зат  есім  болып 
келеді.  Мысалы:  Жаныңды  бір  әдемі  қиялға 
бөлер  сұлу  әнге  ұқсаған  осынау  Аяужанның 
к‰нәсіз, таза бота көзінде Қыз Жібекке лайық 
бір әсем мөлдір сезім ұялағандай. Көзінде ашу 
оты жарқ-жұрқ етеді. Бір қабырғасында әдемі 
сервантбұрышында ‰ш  жақты  айна.  Қабыр-
ғасында  Базарг‰лдің  өзі  салған  қазақ  эпосы-
нан алынған бір-екі сурет ілінулі тұр. Қабыр-
ғаларында  да  кілем,  сервантта  алтын  жалат-
қан ыдыс-аяқ, хрусталь бокал.  
ә) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы  сыңары  сапалық  сын  есім  болып 
келеді.  Мысалы:  Адамның  осындай  д‰ние 
шеңберінен  шығып,  ойы  он,  санасы  сан  бөлі-
нетін сәттерінде оған жа ғана тіл қатудың өзі 
қиын  да,  қиянат  та.  Аңғарадай  кабинетте 
жалғыз‡йінде пісірілген асы дайын
ә)  бағыныңқы  сыңары  жалпы  зат  есімді, 
бағыныңқы  сыңары  -дай, -дей  қосымшалы 
қатыстық  сын  есімді  болып  келеді.  Мысалы: 
Алатауға  жарыса  жатқан  ауылда  қазақ  пен 
орыс бірдей
3. Шығыс септікті.
 
2)  бағыныңқы  сыңары жалқы  зат  есімді
басыңқы  сыңары  сапалық  сын  есімді  болып 
келеді. Мысалы: Және Торыдан жиырма жас-
тай ‰лкен деп естігем. Жан-жағыма қарап едім, 
жаныма келген З‰лфиядан басқа ешкім көзіме 
ілінбеді.  
3) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы  сыңары  сапалық  сын  есімді  болып 
келеді. Мысалы: Оған сенен айырылу, м‰мкін, 
өмірден  айырылудан  жеңіл  тиер.  Ал  сен  дәл 
осы  минутта  ондай  адамнан  да  қымбатсың
Оның  Алтынайға  деген  көңілі  Аяужан  екеу-
міздің  арамыздағы  қасіреттен  көп  жеңіл  се-
кілді. Д‰ниеде қуаныштан артық не бар? Д‰-
ниеде  қуаныштан  қысқа  не  бар,  жарық  к‰н 
батып,  т‰н  келеді.  Д‰ниеде  көңілінді  шарық-
татып, ақыл-ойыңа қанат берер болса, қиялдан 
тәтті  не  бар?!  Кісі  мұндай  минуттарында 
жынданған  жанмен  бірдей,  оған  өмірден  өлім 

152                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
артық. Аяужан өзге балалардан кішірек және 
ұялшақтау Еркежанды өзіне шақырды. 
4) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы  сыңары  қатыстық  сын    есімді  бо-
лып  келеді.  Мысалы:  Маған    әлемде  осынау 
бір  ш‰йкедей,  бет-аузы  шандыр-шандыр  қарт 
анадан ажарлыанадан сымбатты жан жоқ-
тай  көрінетін.  Мына  профессордан  әлдеқайда 
сымбатты. Қандай құдіретті болсаң 
да, жаз-
мыштан к‰шті емес екенсің! 
5) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігі, ба-
сыңқы сыңары жалпы зат есім болып келеді. 
Мысалы: Менен жақсылық емес, қастық к‰т! 
6) бағыныңқы сыңары жіктеу есімдігі, ба-
сыңқы сыңары сапалық сын есімді болып ке-
леді.  Мысалы:  Ал қазір  д‰ниеде менен  қиялы 
тәтті  жан  болуға  тиісті  емес.  Ұлболсынның 
менен  де  қымбат  бірдемені  қиғанын  сеземін. 
Қазір  менен  бай,  менен  кең  адам  табыла  қояр 
ма  екен.Аяужан  ол  мағынаға  құр  махаббат, 
рақат  деген  ғана  т‰сінік  емес,  одан  да  кең, 
одан да терең ой беретіндей. 
7)  бағыныңқы  сыңары  жіктеу  есімдігі
басыңқы  сыңары  қатыстық  сын  есімді  бо-
лып  келеді.  Мысалы:  Ұлболсындай  с‰йген 
жарым  болса,  менен  бақытты  адам  бар  ма? 
Ет, с‰йектен жаралған адам одан к‰шті емес, 
оның  ж‰регіндегі  жалынның  да  бәсеңдейтін, 
бітуге айналатын кезі болады. 
8)  бағыныңқы  сыңары  сілтеу  есімдігі
басыңқы  сыңары  сапалық  сын  есімді  болып 
келеді.  Мысалы:  Дәл  осы  мезетте  маған  одан 
артық  жан  жоқ  мәнзелдес
.  Қолымнан  бұдан 
басқа  не  келер?  Жастарға  бұдан  артық  іс 
нәтижесін  айғақтайтын  көрсеткіш  болар  ма? 
Бұлардан  жұмсақ  мінезді  тірі  айуан  бар  ма? 
Ет, с‰йектен жаралған адам одан к‰шті емес
Одан  артық  арман  бар  ма?  Аяужан  ол  мағы-
наға  құр  махаббат,  рақат  деген  т‰сінік  емес, 
одан  да  кең,  одан  да  терең  ой  беретіндей. 
Одан  жоғары,  одан  басқа  сезім.  Әйтпесе 
мұны  одан  басқа  жан  көрген  жоқ.  Бұл  тілек 
ойдағыдай  көркемөнерде  одан  да  биік  шыңға 
шығаруы  керек,  өйткені  екеуміздің  арамызда 
тек бір-ақ тілек бар. 
8) бағыныңқы сыңары жалпылау есімдігі
басыңқы  сыңары  қатыстық  сын  есімді  бо-
лып келеді. Мысалы: Бұрынғы қайғының бәрі-
нен жаңа қайғы к‰шті болды.  
9) бағыныңқы сыңары өз есімдігі, басыңқы 
сыңары  сапалық  сын  есімді  болып  келеді. 
Мысалы: Бұл атақ құмарлыққа жатпайды, бұл 
өзгеден артықпын деген кей адамның жалған 
қасиеті  де  емес,  бұл  өз еңбегіне  өзі  риза  бол-
ған көңілдің тасуы, рақаттануы..  
4. Көмектес септікті. 
1)  бағыныңқы  сыңары  зат  есім,  басыңқы 
сыңары  сапалық  сын  есімді  болып  келеді. 
Мысалы:  Жақсы – ісімен  жақсы.  Сол  қара-
пайымдылығымен әсем, сол ‰йреншіктілігімен 
ыстық  еді.  Ер  елімен  жақсы,  жер  кенімен 
жақсы
ІІІ. Меңгеріле байланысқан сан есімді тір-
кестер.  
Сан  есімдер  де  шығармада  кездеседі.  Де-
генмен  олар  өте  сирек  кездеседі.  Мысалы: 
Мұндай  аурудың  ж‰з  пайыздан  тоқсан  то-
ғызы жазылмайды. 
ІV.  Меңгеріле  байланысқан  ‰стеулі  тір-
кестер
Барыс септікті. 
1) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы  сыңары  ‰стеу  болып  келеді.  Мы-
салы:  Қолыңнан  істеген  жұмысың,  келіспей 
жатса да, көңіліңе жылы, ойыңа жақын
2) бағыныңқы сыңары есімдікті, басыңқы 
сыңары ‰стеу болып келеді. Мысалы: Осы ар-
манымнан шықтым ба, жоқ па, маған әлі белгісіз. 
Шығыс септікті
1) бағыныңқы сыңары жалпы зат есімді
басыңқы  сыңары  ‰стеу  болып  келеді.  Мы-
салы: – Мені  шығарып  салам  деп,  ‰йіңізден 
тым  алыс  кетіп  қалдыңыз  ғой.  Қаладан  алыс 
емес.  Ол  өзінің  сезім  д‰ниесінен,  ләззат, 
сұлулық  деген  т‰сініктерден  жоғары  жан. 
Д‰ниеде  ‡міт  сынды  таза  жанды,  ұят-арды 
жастық  көңілден  жоғары  қоятын  замандас-
тарым бары – мені мейлінше қуантты. – Жоқ, 
бұл – махаббаттан да жоғары...  
2)  бағыныңқы  сыңары  жіктеу  есімдігі
басыңқы  сыңары  сын  есімді  болып  келеді. 
Мысалы: Олар менен ‰ш-төрт жас кіші, Базар-
г‰л, Аяужан бәрі бірге оқыған. 
3)  бағыныңқы  сыңары  жіктеу  есімдігі
басыңқы  сыңары  ‰стеулі  болып  келеді.  Мы- 
салы: Ие, ие арғы ата-бабамыз маймыл бізден 
қандай  алыс  болса,  мына  кісі,  құр  адамша 
киініп,  адамша  сөйлегені  болмаса,  мінез-
құлық,  сезім  жағынан  бізден  анағұрлым  алыс 
болуы  керек.  Қала  шарықтап  өсіп  келе  жат- 
қанымен,  мұнда  әзірге  менен  басқа  м‰сінші 
жоқ. Одан жоғары, одан басқа сезім. 
4)  бағыныңқы  сыңары  сілтеу  есімдігі,  ба-
сыңқы  сыңары  сан  есімді  болып  келеді.  Мы-
салы: – Жоқ,  әйелім  мен  балам  бұдан  төрт 
жыл бұрын автомобиль апатынан қайтыс болған.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          153 
 
5) бағыныңқы сыңары өз есімдігі, басыңқы 
сыңары  туынды  ‰стеу  болып  келеді.  Мы-
салы: Суретші де сондай, адамның өзін ұмыт-
қанмен,  өзгелерден  өзгеше,  тек  сол  адамға  
тән  бір  қимылын,  көз  тастауын,  не  ж‰ріс-
тұрысын  есіне  сақтап  қалуы  көп  кездесетін 
жағдай. 
 
1.  Сайрамбаев  Т.  Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  син-
таксисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 176 б. 
2.  Балақаев  М.,  Қордабаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Син-
таксис. – Алматы: – Мектеп, 1971. – 350 б. 
3.  Әбілақов  Ә.  Меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тір-
кестерінің  қалыптасуы,  дамуы  және  қолданылу  аясы. 
Алматы. – 1990. -103 б. 
4. Есенберлин І.  «Ғашықтар» романы. – Алматы: Көш-
пенділер, 2007. - 296 б. 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет