Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет23/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61

тікті  сөздерге  тіркесіп  қолданылады  (жас 
екен, жас еді, ‰лкен емес, барады екен, т. б.). 
Аталмыш  етістіктер  көрсетілген  тұлғала-
рымен  т‰бір  етістікті  бірлік  болып  қолда-
нысқа  еніп  кеткен;  дайын  т‰бір  тұлғалық  тә-
різді  көрсеткіштері 3-жақтық  нөлдік  тұлғаны 
да  айқындайды.  Бұл  дайын  тұлғаларында  же-
дел өткен шақтық (е-ді), бұрынғы өткен шақ-
тық қимылды жоққа шығару (болымсыздық) – 
(е-ме-с),  өткен шақтық қимылды нақтылау (е-
кен)  грамматикалық  мағыналары  бар.  Осын-
дай  ‰стемелі  грамматикалық  мағыналық  бел-
гілерімен  бұлар  негізгі  толық  мағыналы  етіс-
тіктерге, есім сөздерге тіркесіп, аталған грам-
матикалық мағыналарды қолданылған сөзімен 
бірлесіп  білдіреді.  Яғни  бұлар  өткен  шақтық 
мағынаны  білдіріп,  тіркескен  сөзімен  к‰рделі 
баяндауыш қызметін атқарады. 
Еді  көмекшісі  ауыз  екі  сөйлеуде  жекеше 
т‰рдегі 3 жақтық жіктік жалғаулы қолданыста 
«едім,  едің  (едіңіз),  еді»  деп  әдеби  қалыпты 
т‰рмен  бірге  ауызекі  сөйлеуде  «ем,  ең,  ед» 
(сыпайы т‰рінен басқасында) т‰рінде  ықшам-
далып  айтыла  береді  (барып  ем,  келіп  ең, 
айтып  ед).  Тіркескен  сөздерімен  белгілі  бір 
синтаксистік қызмет атқарады, негізінен, к‰р-
делі баяндауыш ж‰йесін береді. 
Ету  көмекші  етістігі  жалпы  есім  сөздер-
мен, еліктеуіш сөздермен қолданылып, құран-
ды  етістік  т‰рін  жасайды.  Оның  білдіретін 
грамматикалық мағынасы – нақты қимыл-әре-
кетті ж‰зеге асыруға итермелеу. Сондай-ақ ол 
шақ  категориясын  жасайтын  барлық  грамма-
тикалық  көрсеткішті  қабылдайды:  әсер  етті, 
әсер  еткен,  әсер  етеді,  т.  б.  Жалпы  алғанда 
бұл етістік істеу, қылу етістіктерімен мәндес. 
Алдыңғы  тіркескен  сөзімен  бірлесіп,  к‰рделі 
баяндауыш  қызметін  атқарады;  басқа  да 
сөйлем м‰шесі болуы м‰мкін. 
Деу  көмекші  етістігі,  негізінен,  дәнекер 
етістік  болып  табылады,  сөйлеуші  мен  төл 
сөздің аралығында байланыстырушылық қыз-
мет  атқарады.  Шақ  категориясының  барлық 
көрсеткішін  қабылдайды:  деді,  дейді,  депті, 
деген, дер, демес.     
Жаздау көмекші етістігінің қызметтік қол-
данысы  өзгеше.  Бұл  етістік  осы  т‰бірлік  тұл-
ғасында м‰лдем қолданылмайды. Оның дерек-
сіздік  мағынасы,  бойындағы  қолданыс  бары-
сында  танылатын  грамматикалық  мағынасы 
белгілі  бір  шақтық  мағынаны  айқындайтын 
көрсеткіштер  жалғанғаннан  кейін  көрінеді. 
Жаздау  етістігінің  негізгі  грамматикалық  ма-
ғынасы – қимылдың,  іс-әрекеттің  ‰рдістік 
(‰дерістік)  дәрежесін,  деңгейін  айқындау. 
Сөздерге  тіркесу  қабілеті  жағынан  қызметі 
бәсең;  жалпы  бұл  көмекші  етістік, -а, -е, -й 
тұлғасындағы  көсемшелі  етістікке  ғана  тірке-
сіп, өзі өткен шақтық тұлғада болып, қызмет-
тік  міндетін  танытады:  ...  бара  жаздады, ... 
бара жаздаған, ... бара жаздапты, т. б. К‰р-
делі  етістіктің  ішінде  сараламалы,  тұрақты 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          133 
 
етістік  т‰рін  жасауға  қатысып,  к‰рделі  баян-
дауыш құрамындағы қызметте болады.                                                                                                             
Қалып етістіктері – етістіктің ерекше т‰-
рінің  бірі.  Өйткені  бұл  етістіктер  жалпы  си-
паты жағынан алғанда негізгі, толық мәнді қи-
мылдық  мағынаны  да,  қосымша  грамматика-
лық көмекшілік қызметті де атқара алады. Не-
гізгі әрі толық мәнді іс-әрекетті танытуы адам-
затқа қатысты қимылдық ұғыммен байланысты. 
Адамзаттың  негізгі  қимылы  төрт  т‰рлі 
қалып арқылы көрінеді: ж‰руі, отыруы, тұруы, 
жатуы.  Сондықтан  да  аталмыш  етістік  т‰рі 
жеке  дара  тұрып,  негізгі  қимылдық  ұғымды 
білдіре  алады  (төрт  т‰рлі  әрекет  жан-жа-
нуарларға да қатысты болатыны белгілі).   
Қалып  етістіктерінің  басқа  етістіктерден 
ерекшелендіретін    грамматикалық  ерекшелік-
тері бар: 

  Өздерінен  кейін,  ешбір  қосымшасыз, 
т‰бір  к‰йінде  басқа  етістіктерді  көмекшілік 
мағынасында тіркестіре алады: отыр еді, ж‰р 
екен, тұр еді, жатыр еді, т. б.  
Басқа  етістіктер  т‰бір  к‰йінде  бірден  ке-
лесі  бір  етістікпен  тіркесе  алмайды,  тек  жұр-
нақ жалғап барып көмекші болатын етістікпен 
тіркеседі.  Қалып  етістіктерінің  көмекші  етіс-
тіктерді тікелей тіркестіруі - өздерінің бойын-
дағы  бұрыннан  көнеленіп,  кірігіп  кеткен  көр-
сеткіштің (-ур)  болуы  мен  содан  сақталған 
шақтық мағына қызметінің әсері. 
 Қалып етістіктері көсемше тұлғасындағы 
етістіктерге  (-а/-е,-й; -ып/-іп, -п, -ғалы/-гелі, -
қалы/-келі)  тіркесіп,  көмекші  мәнде  олардың 
грамматикалық мағынасының танылуында ма-
ңызды қызмет атқарады: келіп отыр, келе/кел-
мей ж‰р, барғалы жатыр, кеткелі отыр. 
 
 
 Олар ешбір жұрнақсыз тікелей жіктеледі, 
себебі  өздері  т‰бір  тұлғасында  шақтық  мағы-
наны білдіреді (жіктік жалғауды қараңыз);  
  Қалып  етістіктері  шақ  категориясында 
нақ  осы  шақ  (дара,  к‰рделі)  т‰рін  жасайды  
(отырмын, сөйлеп отырмын, т. б.) 
  Бұлар  көмекшілік  мәнде  тұрып,  іс-әре-
кеттің өту сипатын нақты білдіреді (келе жа-
тыр, барып ж‰р, 
т. б.).             
Тарихи жағынан алғанда, қалып етістіктері 
-ур/-‰р  қосымшасы  арқылы  қалыптасқан  деп 
беріледі.  Бұл  қосымша  аталған  етістіктерде 
дыбыстық  жағынан  өзгеріске  т‰сіп,  т‰бірмен 
жымдасып,  кірігіп  кеткен:  отыр – ол  тұрур; 
тұр – тұрұр;  ж‰р – ж‰р‰р;  жатыр – жа-
тұрұр. Сөйтіп 
отыр, тұр, ж‰р, жатыр етіс-
тіктерінде  көрсетілген  қосымша  сіңісіп  кет-
кендіктен, олардың осы тұлғаларында шақтық 
мағына  сақталған,  нәтижесінде  олар  шақтық 
мағына  білдіретін  ешбір  қосымшасыз  тікелей 
жіктеліне алады. Қалып етістіктерінің бойын-
да  шақтық  мағынаның  сақталуы – олардың 
грамматикалық ерекше белгісі.  
К‰рделі  етістік  ж‰йесі  құрамындағы  кө-
мекші  сыңарларының  грамматикалық  қыз-
метіне қарай тілде беске жіктеліп ж‰р: 1.Еркін 
тіркесті  (к‰рделі)  етістік. 2. Құрама  к‰рделі 
етістік. 3. Құранды к‰рделі етістік. 4. Сарала-
малы  (аналитикалық)  к‰рделі  етістік. 5. Тұ-
рақты тіркесті к‰рделі етістік. 
Еркін тіркесті к‰рделі етістікті А.Ысқақов 
тек  еркін  тіркес  немесе  жай  синтаксистік  тір-
кес  деп  атайды.  Еркін  тіркесті  к‰рделі  етіс-
тік деп тіркесіп келген екі етістіктің екеуінің 
де  толық  мағыналы  болып,  әрбірі  бөлек  сұ-
раққа  жауап  бере  алатын,  сыртқы  тіркесу 
тұлғасы  жағынан  ғана  к‰рделі  болатын 
к‰рделі  етістік  т‰рін  аталады.  Мұндай  тір-
кесте  екі  толық  мағыналы  сыңар  арасына  сөз 
салып  айтуға  болады:  отырып  ою – отырып 
ою  ою,  ж‰гіріп  шығу – ж‰гіріп  аулаға  шығу, 
т.б.  Еркін  тіркесті  етістіктерді  шартты  т‰рде 
к‰рделі  деп  береміз.  Бұлардың  арасындағы 
байланыс – салаласу. К‰рделі етістік ж‰йесін-
де шартты т‰рде көрсетіледі. 
К‰рделі  етістік  деп  екі  сыңары  да  толық 
мағыналы, бірақ мағына жағынан, тұлға жа-
ғынан  да  тұтастықта  болып,  к‰рделі  бір 
ұғымды  білдіретін  к‰рделі  етістік  т‰рін 
атайды: барып қайту, кіріп шығу, келіп кету, 
ала  келу,  бара  келу,  т.б.  Мұндай  т‰рдегі  к‰р-
делі етістікте екі т‰рлі қимыл бір тұтастықта, 
бір мезгілде, я болмаса іле-шала бірінен кейін 
екіншісі орындалатын қимылды білдіреді. Бұ-
лардың арасына да/де демеулік шылауын қол- 
данып, оның жалғулықты қызметін көруге бо-
лады: бар да қайт, ал да кел, т. б.  Бірақ жалғау-
лық  қызметіндегі  да/де  демеулік  шылауынан 
басқа сөз салып айтуға келмейді. К‰рделі етіс-
тікті тіркесті етістік деп те атауға болады. 
Жалпы «к‰рделі» ұғымына екі не одан көп 
сөздердің  байланысынан  болған  тіркестер, 
біріккен, қосарланған тұлғалар енеді. Тіркесті 
к‰рделі  етістік  ж‰йесі  басқа  к‰рделі  тілдік 
ұқсас  бірліктермен  ажыратуыда  қиындық  ти-
гізіп ж‰ргені ақиқат. Мысалы, қайтып кетті, 
кіріп шықты, алып барды т.б. К‰рделі етістік 
ж‰йесіне  қатысты  келгенде  «к‰рделі»  т‰сіні-
гінің  мәні  екі  т‰рлі  ұғымда  жұмсалады:  к‰р-
делі  ұғымды  және  к‰рделі  тұлғалы  етістік. 

134                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Тіркесті  к‰рделі  етістік – аналитикалық  тәсіл 
нәтижесіндегі  туынды  сөз,  к‰рделі  сөздің  бір 
т‰рі;  сөзжасам  ж‰йесінде  қаралатын  тілдік 
бірліктің  бірі.  Тіркесті  к‰рделі  етістік  сыңар-
ларының  қызметіне  қарай  т‰рлерге  бөлінеді. 
Әсіресе,  көмекші  қызметтегі  екінші  сыңарла-
рының  грамматикалық  мәні  к‰рделі  етістік-
терді  топқа  жіктеуде  негізге  алынуы  тиіс. 
Көмекші қызметіндегі етістіктер к‰рделі етіс-
тіктердің  т‰рін  ажыратуда  бірден  бір  грам-
матикалық  өлшем  болып  табылады.  Кез  кел-
ген туынды к‰рделі сөз тәрізді к‰рделі етістік-
тердің бастапқы кезеңі – еркін тіркес, тіркесті 
сөз болып жасалуы – кейінгі кезең. 
Тіркесті сөз немесе тіркескен т‰бір – еркін 
сөз  тіркесінде  бағыныңқы  не  басыңқы  сыңар 
болатын  кемінде  екі  мағыналы  сөзден  құрал-
ған,  біртұтас  лексикалық  мағына,  к‰рделі  бір 
ұғым  беретін,  біріне  бірі  сабақтаса  байланыс-
қан  сөздер  жиыны,  тобы.  Тіркесті  сөздердің 
өзі  еркін  сөз  тіркесінен  туындайды.  Мысалы, 
келіссөз, келісімшарт, өтемақы, сыйақы, зей-
нетақы т.б. сияқты сөздер кезінде еркін сөздер 
болып, қазір к‰рделі аталым болып тұрақталды. 
Бұл  сияқты  ерекшелік  тіркесті  к‰рделі 
етістіктердің  жасалу  жолында  да  байқалады. 
К‰рделі  етістіктердің  пайда  болуы  да  еркін 
тіркес,  тіркесті  сөз  болып  келумен  тығыз 
байланысты. Әрине, мұндай жағдайда к‰рделі 
етістік  т‰рін  жасайтын  сыңарлардың  толық 
мағыналы-мағынасыздығы  ‰лкен  мән  атқа-
рады.  Ал  к‰рделі  етістік  т‰рін  беретін  мәнсіз 
көмекші  етістіктер  м‰лде  басқа  аталымды 
етістік болады.  
Құранды  етістік  деп  бірінші,  негізгі  сы-
ңары есімнен, екінші сыңары толымсыз мәнді 
көмекші  етістіктен  болған,  мағыналық  жа-
ғынан к‰рделеніп, тұлғалық жағынан екі т‰р-
лі сөздің біртұтастықта тіркескен, бір ұғым-
ды  (к‰рделі)  етістік  т‰рін  атайды.  Мысалы: 
сарт ету, көмек ету, жәрдем ету, дем алу, ән 
салу,  жақсы  көру,  т.б.  Бұлардың  арасындағы 
байланыс – сабақтасу.  Құранды  к‰рделі  етіс-
тіктердегі  көмекші  етістік  арқылы  қимылдық 
ұғым,  әрекет  беріледі,  ал  қимыл  әрекетті  та-
нытып, негізгі мағыналы қызметті атқаратыны 
–  есім  сөздер.  Құрандыда  көмекші  етістік-
тердің  қызметі  сөзжасамдық  қимыл  мәнді 
жұрнақтарға  жақындайды.  Бұл  етістік  т‰рін 
тұлғалық  жағынан  к‰рделі  етістік  деп  айту 
қиын,  өйткені  к‰рделі  етістік  болу  ‰шін  екі 
сыңар  да  етістік  сөзден  болу  керек.  Мұнда 
етістік деп аталуы басыңқы сығарлы көмекші 
етістікке  ғана  байланысты.  Ал  «к‰рделілік» 
ұғымы  екі  сыңардың  мағыналық  жақтан  тұ-
тасуына қатысты айтылады.  
Аналитикалық  етістіктер  бірінші  сы-
ңары  толық  лексикалық  мағыналы  етістік-
тен,  екінші  сыңары  негізгі  мағынасынан  тұ- 
тастай  айырылған  толымды  көмекші  етіс-
тіктен  болған  және  сол  көмекші  етістік  не-
гізгі етістікке көсемше тұлғалары (-а/-е, -й, -
ып/-іп,-п)  арқылы  қосылып  тіркесіп,  тұтас 
к‰рделі бір грамматикалық ұғымды білдіретін 
аналитикалық  форманттар  т‰рін  атайды. 
Бұларды сараламалы етістіктер деп те атайды. 
Мысалы:  бере  салу,  көре  салу,  жазып  шығу
т.б. Негізгі етістікке көсемшенің -а/-е,-й;-ып/-
іп,-п  тұлғасы+көмекші  етістіктің  қосылып 
тіркесуі  к‰рделі  ұғымдық  қимылдың  грамма-
тикалық  мәнін  ашады.  Аталған  грамматика-
лық  көрсеткіш  тұлғасы  аналитикалық  фор-
мант  деп  аталып,  осы  к‰рделі  етістік  т‰рінің 
грамматикалық  мағынасын  саралайды.  Ана-
литикалық  форманттың  әсерінен  әрбір  ана-
литикалық  к‰рделі  етістіктің  тек  өзіне  тән 
реңктік мәні болады, бір аналитикалық етістік 
сілтемелік  (жаза  салу)  мәнді  көрсетсе,  енді 
бірі тездік, т. б. грамматикалық реңктерді біл-
діреді.  Бұлар  мағыналық  та,  тұлғалық  та  жа-
ғынан  к‰рделі.  Мысалы,  алып  бер  (КЕ)+е 
салшы – АФ т.б. 
Алдыңғы  берілген  ‰ш  т‰рлі  к‰рделі  етіс-
тікте  де  көсемше  тұлғалары  болғанмен,  олар 
етістік т‰рін ажыратуда негізге алынбайды. 
_____________ 
1.  Қасым  Б.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  к‰рделі  етістіктер. 
–Алматы, 1996. 
2.  Оралбаева  Н.  Қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитика-
лық форманттарының құрылысы мен мағынасы. – Алматы: 
Ғылым, 1979. –195 б. 
3.  Щенцова  И.В.  Выражение  видовых  значений  гла-
гола в шорском языке. АКД., –Алма-Ата, 1988. -25 с. 
4.  Курпешко Н.Н.  Бивербальные конструкции с вспо-
могательными глаголами бытия чат, одур, тур, чцр в шор-
ском языке. АКД., –Алма-Ата, 1989. –19 с. 
 
Касым Б. Сложные глаголы в тюркских языках 
 
Статья об особенностях образования сложных глаголов в тюркских языках.  
 
Kasim B. Complex verbs in turkic languages 
 
Article is about the features of the formation of complex verbs in the Turkic languages. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          135 
 
Г. Қ. Қайдарова, 
ҚМҚызПУ, Алматы. Қазақстан 
 
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ БУЫН ҚҰРАМЫНДАҒЫ  
АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Қазақ  тіліндегі  дауыссыздардың  буын  құ-
рамындағы  артикуляциялық  т‰рленімі  фоне-
тикада арнайы қарастырылмаған. Бірлі-жарым 
зерттеулер  негізінен  буынның  акустикалық  
көрсеткіштерін  талдауға  арналған.  Ал  буян-
ның  бастау  көзі  артикуляция  екенін  ескерсек,  
онда  кез-келген  зерттеу  алдымен  артикуля-
цияға  арналу  керек.  Тіл  бірліктерінің,  оның 
ішінде буынның, алдымен артикуляциялық маз-
мұны  ашылмаса,  зерттеу  нәтижелері  толық 
болмайды. 
Буын  құрамындағы  дауыссыздардың  әуез 
т‰рленімінің артикуляциялық негізін сипаттап 
шығу  ‰шін  арнайы  инстументал  программа 
жасалғанына  жоғарыда  тоқталдық.  Програм-
маның  негізгі  мақсаты  буын  құрамындағы 
дауыссыздардың  тірек  дауыстымен  артикуля-
циялық  ұласу  жолдарын  анықтау  болатын. 
Сондықтан  да  буын  құрамындағы  дауысты-
лардың  сол  құрамдағы  дауыссыздың  артику-
ляциясына ықпалын анықтау жолында әрт‰рлі 
амалдар  қолданылды.  Соның  бірі  дауыссызға 
алды-артындағы дауыстылардың артикуляція-
лық әсерін табу болды. Ол ‰шін буынның ды-
быстық құрамын өзгертіп отыруға тура келді. 
Мысалы, АТ  бір буынды сөз. Ендеше Т  дауыс-
сызы өзінен бұрын тұрған дауыстымен тығыз 
артикуляциялық  байланыста  екені  к‰мансыз 
болып  табылады.  Ал  енді  АТА  сөзінің  құра-
мында екі буын бар. Дауыссыз біркелкі дауыс-
тының  ортасында  тұр.  Ендеше  дауыссыздың 
қай  дауыстының  арткуляциялық  ықпалында  
екенін тап басып, көрнекі (иллюстратив) т‰рде 
сендіре айту қиын болады. Бұл жерде буынды 
көкірек  көзімен  (интуитив)  бөліп  беру  жеткі-
ліксіз.  Оның  көрнекі  дәлелі  тағы  керек.  Өйт-
кені буын мәселесі жалпы фонетикаға (общая 
фонетика) барып ұласады, ал жалпы лингвис-
тика  мамандары  қазақ  тілінің  буын  жігін 
т‰йсіне  бермеуі  анық.  Сонымен  қазақ  тілі- 
нің  буын  табиғатын  артикуляциялық  тұрғы- 
дан  т‰сіндірудің  амалын  қарастыруға  тура 
келеді. 
Сөз жоқ, буын құрамындағы дыбыстардың 
арасындағы артикуляциялық байланыс – жал-
пы  лингвистикалық  құбылыс.  Алайда  буын  
 
құрамындағы  дыбыстардың  артикуляциялық  
байланысының  т‰рлері  әр  тілде  әрт‰рлі  бо-
лады. Сөйтіп тілдердің өзара ерекшеліктерінің 
бір белгісі буынға келіп тіреледі. 
Бұл  мәселені  шешу  ‰шін  өз  тұсымыздан 
"әуез бірлігі" (тембральная общность, целост-
ность)  деген  ұғым  ендіріп  отырмыз.  Оның 
негізгі  мазмұны  қазақ  тіліндегі  буын  белгілі 
бір  әуезбен  айтылады,  ендеше  сол  буын  
құрамындағы  дыбыстар  өзара  тығыз  артику-
ляциялық  байланыста  болады.  Сол  артику-
ляциялық байланыстың т‰рін табу керек. 
Қазақ  тіліндегі  буын  әуезінің  құрамы  мен 
ж‰йесін  анықтап  алған  соң,  соған  лайық 
инструментал материал құрастырдық. 
Мысалы, жоғарыдағы бір буынды АТ сөзін 
төмендегідей етіп т‰рлендірдік: 
АТ  >  АТА  >  АТЫ  >  АТ
Ұ (атұу) 
Сонда  бастау  буын-сөздегі  дауыссыз  енді 
келіп  ‰ш  т‰рлі  фонетикалық  жағдайға  т‰сті: 
ашық, езулік, жуан А – Т – ашық, езулік, жуан 
А;   ашық,  езулік,  жуан А – Т – қысаң,  езулік, 
жуан Ы;  ашық, езулік, жуан А – Т

 – қысаң, 
еріндік,  жуан  Ұ.  Енді  осы  сөздердің  салыс-
тырмалы  артикуляциялық  моделін  жасаймыз 
(16, 17 сурет), сонан соң олардың акустикалық 
көрінісін талдаймыз. Артикуляциялық талдау-
ды акустикалық нәтижелермен пысықтап оты-
рамыз.  Дауыссыз  қай  дауыстымен  әуездес 
шықса,  сол  екі  дыбыс  өзара  буын  құрап  тұр 
деген  сөз.  Әрі  қарай  артикуляциялық  сипат-
тамасын акустикалық талдаудың нәтижесімен 
тиянақтап, белгілі бір қорытындыға келу ғана 
қалады. 
2.2.3.1 Жуысыңқы дауыссыз дыбыстардың 
буын құрамындағы әуез т‰рленімі. 
Жуысыңқы дауыссыздарды алуда мән бар, 
өйткені  олардың  артикуляция-акустикалық  
көрінісі  тоғысыңқы  дауыссыздарға  қарағанда 
анық шығады. Бұл зерттеу жұмысын біршама 
жеңілдетудің  және  оның  көрнекілігін  артты-
рудың амалы болып табылады. Тіл ж‰йе бол-
ғандықтан,  жуысыңқы  дауыссыздардың  негі-
зінде  алынған  зерттелім  нәтижелері  тоғы-
сыңқы  дауыссыздарға  да  тән  болып  шығады. 

136                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Сөйтіп  екеуіне  де  ортақ  қорытынды  жасауға 
болады.  
Алдымен  бір  буынды  ҰШ

    сөзін  алып, 
төмендегідей етіп т‰рлендіреміз: 
ҰШ

  >  ҰШАҚ  >  ҰШ

ҰҚ

   
Сонда  бастау  буын-сөздегі  дауыссыз  енді 
келіп  екі  т‰рлі  фонетикалық  жағдайға  т‰сті:  
қысаң, еріндік, жуан Ұ – Ш

 – ашық, езулік, жуан 
А;  қысаң, еріндік, жуан Ұ – Ш

 – қысаң, еріндік,  
 
 
жуан  Ұ.  Енді  осы  сөздердің  салыстырмалы 
артикуляциялық  моделін  жасаймыз,  сонан  соң 
олардың акустикалық көрінісін талдаймыз. 
Бір  буынды  ҰШ

  сөзінің  құрамындағы 
дауысты-дауыссыздың 
артикуляциялық  
жалғастығы к‰ман туғызбайды. Буынның әуез  
сипаттамасы 
құрамындағы 
дыбыстардың 
артикуляциялық  белгілерінен  шығады (18-
сурет). 
 
 
16 - сурет    ты  буыныныњ ќ±рылымы
[
]
17 - сурет    т±  буыныныњ ќ±рылымы
[ ]
Мұндағы тірек [ұ] дауысты дыбысын айтқан- 
да  тіл  ауыз  қуысында  кейін  шегініп  жатады, 
тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қа-
рай тіл арты (‰стіңгі қатардағы төртінші кейінді 
белгі),  тіл  ауыз  қуысында  жоғары  жатады, 
тілдің тік қалпына қарай қысаң (оң қанаттағы 
екінші  қысаң  белгі),  ерін  дөңгеленіп  тұрады, 
ерін  қатысына  қарай  еріндік  (сол  қанаттағы 
төртінші қысаң, еріндік белгі), дауыс шымыл-
дығы  толық  тербеледі,  дауыс шымылдығының 
қатысына  қарай  дауысты  (көмейдегі  жоғарғы 
толық  толқын  сызық  белгі).  Сонымен  оның 
әуез белгілері: қысаң, еріндік, жуан, жалаң. 
ҰШ

  буынының құрамындағы [ш] : 
-  Дауыссыз  дыбыс  тіл  ұшы  арқылы  жаса-
лып, оның жасалуына тіл ұшы қатысады, сөй-
тіп  ауыз  қуысындағы  жасалу  орны  тіл  ұшы 
болуынан; 
- Сөйлеу м‰шелерінің өзара жуысуы арқылы 
жасалып  (тіл  ұшы  мен  к‰рек  тіс  жуысады), 
оның  жасалу  тәсілі  жуысым  болады,  сөйтіп 
жасалу тәсіліне қарай жуысыңқы болуынан; 
-  Дауыс  шымылдығы  тербелмейді,  оның 
жасалуына  дауыс  қатыспайды,  сөйтіп  дауыс 
қатысына қарай қатаң айтылуынан; 
-  Тілдің  дөңес  тұсы  ауыз  қуысында  кейін 
шегініп, көмейге жақын жатады, сөйтіп тілдің 
ауыз қуысында кейін шегініп жатуынан; 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          137 
 
- Тілдің дөңес тұсы ауыз қуысында жоғары 
жатады,  сөйтіп  тілдің  ауыз  қуысында  жоғары 
жатуынан; 
- Жуысым біте салысымен ерін қысаң ашы-
лып,  дөңгеленіп  тұрады  (ерінмен  айтылады), 
сөйтіп еріннің дөңгеленіп тұруынан [ш] дауыс-
сыз дыбысы жасалады. 
Ендеше  [ш]    дауыссыз дыбысы  ауыз қуы-
сындығы  жасалу  орнына  қарай  тіл  ұшы,  сөй-
леу  м‰шелерінің  өзара  қалпына  қарай  жуы- 
 
сыңқы,  дауыс  қатысына  қарай  қатаң,  тілдің 
көлденең  қалпына  қарай  кейінді,  тілдің  тік 
қалпына  қарай  жоғарылы,  ерін  қатысына  қа-
рай қысаң еріндік болып жасалады. 
[ш]  дауыссыз дыбысының артикуляциялық 
белгілерінің ж‰йесі: жасалу орнына қарай – тіл 
ұшы, жасалу тәсіліне қарай – жуысыңқы, дауыс 
қатысына қарай – қатаң, тілдің көлденең қал-
пына қарай – кейінді, тілдің тік қалпына қарай 
жоғарылы, ерін қатысына қарай қысаң еріндік. 
 
18 - сурет    ±ш  сµзініњ буын ќ±рылымы
[
]
 
 [ш]    дауыссыз  дыбысының  артикуляция-
лық белгілерінің құрамы: тіл ұшы, жуысыңқы, 
қатаң, кейінді, жоғарылы, қысаң еріндік. 
Буын құрамындағы [ш]  дауыссыз дыбысы 
тіл  ұшы  арқылы  жасалады,  ауыз  қуысындағы 
жасалу  орнына  қарай  тіл  ұшы (‰стіңгі  қатар-
дағы  екінші  тіл  ұшы  белгісі),  тіл  ұшы  мен 
к‰рек тіс өзара жуысады, сөйлеу м‰шелерінің  
өзара қалпына қарай жуысыңқы (оң қанаттағы 
төртінші  жуысыңқы  белгі),  дауыс  шымылды-
ғы тербелмейді, дауыс шымылдығының қаты-
сына  қарай  қатаң  (көмейдегі  төменгі  тік 
сызық),  тіл  ауыз  қуысында  кейін  шегініп  жа-
тады,  тілдің  ауыз  қуысындағы  көлденең  қал-
пына  қарай  кейінді (‰стіңгі  қатардағы  төр-
тінші  кейінді  белгі),  тіл  ауыз  қуысында  жо-
ғары  жатады,  тілдің  тік  қалпына  қарай  жоға-
рылы (оң қанаттағы екінші қысаң белгі), ерін 
дөңгеленіп  тұрады,  ерін  қатысына  қарай  қы-
саң  еріндік  (сол  қанаттағы  төртінші  қысаң 
еріндік белгі). 
Әрі  қарай  дауысты-дауыссыздың  артику-
ляциялық белгілерін топтай келіп, буын әуезі-
не қатысты белгілерді бөліп аламыз.  
Буын  табиғатын  сөз  еткенде  буын  құрау-
шы (буын құрауыш) дауысты екенін айту мен 
буын  т‰рлерін  ғана  жіктеп  шығу  жеткіліксіз  
 
болады.  Буын  акустикасының  жалаң  нәтиже-
лері  де  мәселені  шешіп  бере  алмайды.  Қазақ 
тіліндегі  буын  табиғатының  өте  қарапайым 
сипатталып  келе  жатқандығы  да  сондықтан. 
Қарапайым  сипаттаудың  нәтижелері  мектеб 
оқулықтарына  жарағанмен,  теориялық  фоне-
тиканы қанағаттандыра алмайды. 
Оқулықтар  мен  оқу  құралдарындағы  (тіп-
тен  көптеген  теориялық  еңбектердегі)  буын 
жігі мен әріп-таңбалардың дыбыс құрамының 
анықтала алмай ж‰ргендігі де буын табиғатын 
дұрыс т‰сінбегендіктен болып жатыр. 
Буын құрамындағы дыбыстардың жасалы-
мын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Себебі 
буын құрамындағы дыбыстар бір-бірімен тығыз 
артикуляциялық байланыста болады. Буын құ-
рамындағы  дыбыстардың  өзара  артикуляция-
лық  ықпалы  өте  к‰шті.  Олар  бір-біріне  икем-
деліп  жатса  да  немесе  бірінің  артикуляция-
сын бірі өзгертіп жатса да қосақталып ж‰реді. 
Сөздердің жалпы айтылым тұрқы буын ар-
тикуляциясына тікелей байланысты.  
Буын  құрамындағы  дауыссыз  дыбыс  екін-
ші  бір  буынның  құрамына  ауысатын  болса, 
онда  ол  сол  буынның  артикуляциялық  ‰лгі-
сіне  бейімделіп  отырады.  Жеке  буынның  ‰с-
теме  артикуляциялық  белгілері  сол  буынның 

138                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
құрамындағы  дыбыстардың  ‰стеме  артику- 
ляциялық  белгілерін  көрсетеді.  Соның  нәти-
жесінде  буын  артикуляциясы  жеке  дыбыстар 
мен  б‰тін  сөздің  артикуляциясының  негізін 
құрайды. 
______________ 
1.  Джунисбеков  А.  Проблемы  тюркской  словесной  
 
просодии и сингармонизм казахского слова. Автореф. Дис. 
... д-ра филол. наук. – Алма-Ата, 1988.  
2.  Қазақ грамматикасы. – Астана:, 2002. – 11-15 
3. Трубецкой Н. Основы фонологии. – Москва, 2000. – 
352 стр. 
4.  Утебаева  З.  Фонетическая  структура  слога  в  казах-
ском  языке  (экспериментально-фонетическое  исследова-
ние). Диссертация на соискание ученой степени кандидата 
филологических наук. – Алма-Ата, 1988. 19 с.
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет