Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет22/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61

 
К. Куркебаев 
СЕМАНТИЧЕСКАЯ ВАЛЕНТНОСТЬ  ГЛАГОЛОВ 
 
В этой статье рассматриваются вопросы семантической валентности  глагола в поэтических текстах. 
 
K. Kurkebaev 
SEMANTIC VALENCE OF THE VERBS 
 
This article considers the issues of semantic valence of the verbs in poetic texts. 
 
 
 
 
Қ. Қадырқұлов, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, ф.ғ.к. 
 
ЖАҢА СӨЗДЕР МЕН ЖАҢА СӨЗ ҚОЛДАНЫСТАРДЫҢ АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІ 
 
 
Жаңа  зат  пен  құбылыс  пайда  болғаннан 
кейін  оларды  ұғымдық  жағынан  сипаттайтын 
жаңа  атаулар  қажет.  Жаңа  атаулар  тіл  ғылы-
мында  лексика  бөлімінің,  оның  ішінде  нео-
логизм  тармағының  зерттеу  нысаны  болды. 
Неологизм - қай  тілде  болмасын  жаңа  сөз 
ұғымының  баламасы.  Бірақ  неологизм  тер-
минінің мәні жаңа сөз бен жаңа сөз қолданыс 
болып салалық т‰рге бөлінетіні ғылыми-зерт-
теу еңбектерде арнайы қаралған емес. 
 
 
«Қазіргі  орыс  тіліндегі  жаңа  сөздер»  атты 
диссертациялық  зерттеуінде  Л.И.Джоглидзе: 
неологизмдер - тілдегі  жаңа  сөздер,тіл  ж‰йе-
сінің  лексикалық  бөлігі.  Неологизмдер – сөй-
леу  тілінде  дайын  к‰йінде  қолданылатын,  бі-
рақ салыстырмалы т‰рде жақында пайда бол-
ған сөздер, - деп тұжырымдайды / 1 /. 
Ал Р.Ю. Намитокова «Жаңа сөздер – тілде 
белгілі  бір  кезеңде  пайда  болған,  бұрын  бол-
маған  және  жалпы  қолданысқа  т‰спеген,  сол  
 

128                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
тілде сөйлеушілер «жаңалық» сипатын сезіне-
тін сөздер» екенін айтады / 2 /. 
Қазақ  ғалымдарының  пікіріне  с‰йенсек, 
неологизм дегеніміз: 
-  бір  тілде  жаңадан  пайда  болған  және 
әзірше  көпшілік  арасында  толық  қалыптас-
паған жаңа сөздер / 3 /; 
-  тілге сіңісіп, жалпы халықтық сипат ала 
қоймаған жаңа сөздер / 4 /; 
-  халықтың  қоғамдық – саяси  тұрмысын-
дағы  тарихи  маңызды  оқиғалармен  байла-
нысты мерзімдерде пайда болған әдеби тілдегі 
жаңа  мағыналы  жаңа  сөздер  мен  тұрақты  сөз 
тіркестері / 5 /. 
Неологизмдерге  берілген  анықтамалар 
к‰ні  б‰гінге  дейін  бірін-бірі  қайталаумен  ке-
леді.  Жаңа  сөздердің  қолданысқа  енген  тілде 
бұрын болмау шарттылығы ескеріле бермейді. 
Орыс  тілін  зерттеуші  ғалымдардың  пікірлері 
шынайылыққа  жетелеп  келеді  де,  соңғы  тұ-
жырымын  к‰мәндандырып  жібереді.  Шы-
найылыққа  жетелеуі – жаңа  сөздердің  дайын 
к‰йінде  қолданылатын – дығы,  бұрын  болма-
ғандығы  және  салыстырмалы  т‰рде  жақында 
пайда  болғандығы.  К‰мәнді  тұсы – жалпы 
қолданысқа  т‰спегендігі.  Егер  олар  жалпы 
қолданысқа  т‰спесе  әдеби  тілдің  құрамына  
қалай  енетіні  ойландырады.  Қазақ  тіліндегі 
зерттеу  еңбектерінде  неологизмдерді  кезең-
дерге  бөліп  қарастырған.Қазан  революция-
сына  дейінгі  тілімізге  ене  бастаған  жаңа  сөз-
дер / Б.Әбілқасымов /, ХХ  ғасырдың 20-30 
жылдарындағы  неологизмдер / Ш.Бәйтікова, 
С.Исаев,  Р.Барлыбаев /, ХХ  ғасырдың 70-90 
жылдарындағы    жаңа  қолданыстар / А.Алда-
шева / мазмұны  мен  т‰р  ерекшелігі  тұрғысы-
нан  екі  жақты  сипатта  беріледі.  Біріншісі – 
қазақ  тілінің  бұрынғы  лексикалық  қорына 
араб-парсы тілінен енген сөздер де, екіншісі – 
орыс  тілінен  немесе  орыс  тілі  арқылы  басқа 
тілден  енген  сөздер.  Бұл  зерттеу  жұмыста-
рында  көрсетілген  неологизмдердің  дені  б‰-
гінгі таңда историзмдер қатарынан орын алды. 
Сондықтан, жаңа сөздердің басты анықтаушы 
белгісі – тарихи  кезең.Тарихи  кезеңнің  тала-
бына  сай  жаңа  өзгерістердің  туындайтыны 
заңды құбылыс болғандықтан, жаңа сөздердің 
де  дайын  қалпында  басқа  тілдерден  келуі 
жиілейді.  Неологизм – жаңа  дәуірде  жаңадан 
пайда  болған  сөздер  болса / Н.Сауранбаев /, 
біздің әрбір жаңа кезеңдерімізде пайда болған 
жаңа  сөздердің  бәрі – орыс  тілінен  не  сол 
арқылы  басқа  шет  тілдерден  енген  сөздер / 
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев /. Яғни, жаңа сөздер-
дің  екінші  анықтағыш  белгісі – басқа  тілден 
дайын  к‰йінде  енгендігі.  Бұларға  қоса,  жаңа 
сөздерді  қолданылу жиілігіне  қарай  екі  топқа 
бөлетін  көзқарастар  да  кездеседі:  жиі  қол-
данылатындары – неологизмдер, сирек қолда-
нылатындары – окказионализмдер / Р.Ю.На-
митокова /. Егер  жаңа  сөздердің  жиі  қолда-
нылатындарын  неологизмдер  қатарына  жат-
қызатын болсақ, олардың халыққа тез т‰сінік-
ті болатындығы - өзінен-өзі белгілі. Жоғарыда 
келтірілген  «жалпы  халықтық  сипат  ала  қой-
маған», «көпшілік  арасында  толық  қалыптас-
паған»  тіркестері – нің  неологизм  анықтама-
сына  дәйектілігі  негізсіз  болып  шығады.  Ал 
жаңа  сөздердің  «жаңалық»  сипатының  жойы-
луын олардың белсенділігімен байланыстыра-
тын болсақ, жаңа зат пен жаңа құбылыстың да 
«ескіру» ‰дерісін  назардан тыс қалдырмау ке- 
рек  шығар.  Өйткені  «Б‰гінгі  неологизм  деп 
таныған  сөзіміз 5-10 жыл  өтісімен-ақ  неоло-
гизмдер  тізімінен  шығып,  ең  актив  сөздердің 
қатарына барып қосылып жатады» / Ә.Болған-
баев / деген пікір осыған саяды.Мәселені жаңа 
сөздерді  белсенділігі  арқылы  байырғы  сөзде-
ріміздің  қатарына  қосумен  шеше  алмаймыз. 
Олардың жаңа болуының өзі тілдік қорымызға 
мағыналық  та,  формалық  та  ерекшелігімен 
қосылуында  екенін  ескеретін  болсақ,  жаңа 
сөздердің  бір  қалыптылығы  мен  құбылмалы- 
лығының  себептеріне  мән  бергеніміз  жөн. 
Олар: 1) Жаңа  сөздердің  историзм  сөздерге 
айналу  құбылысы.  Бұл  құбылыстың  басты 
себебі – қоғамдық-саяси  өзгерістер.  Жаңа 
қоғам ‰шін ескі қоғамның жаңа сөздері қажет 
емес.  Кеңес  ‰кіметі  тұсында  жаңалық  сипаты 
шексіз  болып  есептелген  коммунизм,  социа-
лизм,  комсомол,  совхоз,  колхоз  сөздері  бір 
к‰н-де  көнерген  сөздердің  қоржынына  кетті; 
2)  Историзм  сөздердің  жаңа  сөздерге  айналу 
құбылысы.  Орыс  тілінің  өзінде  историзге  ай-
налған  гимназия,  лицей  сөздері  неологизмге 
ауысты; 3) Ғылым  мен  техника  саласындағы 
жаңа сөздер нақты зат атаулары болғандықтан 
тұрақты; 4) Соңғы 20 жылдың  көлемінде  қа-
зақ  тіліне  енген  жаңа  сөздердің  қоғамдық- 
саяси сипаттан гөрі әлеуметтік-экономикалық 
басымдықты иеленуі. Бұл тұрақты құбылысқа 
айналып барады. 
«Жаңа  сөздердің  көп  болуы  тіл  байлығы-
мызды  молайтады»  деген  қасаң  пікірді  алас-
тататын  к‰н  жеткен  секілді.  Басқа  тілден  өз 
‰лгісімен  келген  жаңа  сөздер  ана  тіліміздің 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          129 
 
заңдылығына  көндіге  қоймайды.  Сондықтан 
олардың  төл  тіліміздегі  баламасын  табуға 
әрекет  жасаймыз.  Бұны  қазақ  тіліндегі  зерт-
теулерде  калька  тәсілімен  сөзбе-сөз  аудару 
жолы  ретінде  береді.Аударма  ешқашан  жаңа 
сөз ұғымын қабылдамайды.Себебі жаңа сөздің 
дәл  мағынасын  беретін  сөз  өз  қорымызда 
болса,  жаңа  зат  пен  жаңа  құбылыстың  да 
өзімізде  бұрыннан  болғандығын  айғақтайды.  
 
Біз  жаңа  сөздерді  мағыналық  жақындығы, 
‰йлесімділігі  сай  келетін  балама  сөздермен 
ауыстырып  ж‰рміз.  Негізінде,  Р.А.Будагов-
тың:  жалпы  тілдік  неологизмдер – неологизм 
сөздер  және  неологизм  мағына  болып  екіге 
бөлінеді,-  деуі  неологизмдерді  салаға  бөліп 
қарастырудың  тиімділігіне  жөн  сілтейтін  се-
кілді. Сондықтан біздің ұсынымыз – неологизм-
дерді төмендегідей ‰лгіде қарастырып, талдау: 
Неологизмдер 
 
 
  
 
 
Жаңа  сөздер  мен  жаңа  сөз  қолданыстар-
дың басты айырмашылығы мағынасы мен т‰р-
тұлғасында  (формасында).  Жаңа  сөздің  мағы-
насы  да,  т‰р-тұлғасы  да  жаңа.  Жаңа  сөз  қол-
данысқа  келгенде  бұл  екі  белгіні  қатар  айта 
алмаймыз.  Біздің  басты  мақсатымыз – жаңа 
сөз  бен  жаңа  сөз  қолданыстың  бір  ұғымды 
бермейтіндігін айқындау. 
Жаңа  сөз  қолданыстар – неологизмнің  бір 
тармағы. Жаңа сөз қолданыстар қазақ тіл білі-
мінде жеке сала ретінде зерттеу нысанына ай-
налған емес. Алғаш рет А.Алдашеваның «Қа-
зіргі қазақ әдеби тіліндегі жаңа қолданыстар» 
тақырыбындағы  кандидаттық  диссертация-
сында  жаңа  сөз  қолданыстарға  анықтама 
беріледі:  ...Неологизмді,  оккозиональды  сөз-
дерді, жеке авторлық сөздерді, потенциальды 
сөздердің  бәрін  біріктіріп, «лексикалық  жаңа 
қолданыстар»  дейміз/6/.  Бұл  пікір  бойынша 
неологизм деген жалпы ұғым жаңа қолданыс-
тар терминінің аясына кіреді. Ш.Бәйтікованың  
пікірі  бойынша:  неологизмдер – тілімізде  бұ-
рын  болмаған,  жаңадан  пайда  болған  сөздер. 
Мысалы: өнеркәсіп, бесжылдық, ұшқыш, трак-
торшы,  шекарашы.  Ал  неологизм  мағына – 
тілімізде бұрыннан бар сөздер. Бірақ бұрынғы 
мағынасының  ‰стіне  жаңа  мағына  қосылған 
не  мағынасы  жаңарған  сөздер.  Мысалы:  құн, 
тап, партия,жарыс, еңбек, жоба, сын, к‰рес, 
м‰ше, жоспар. Көріп отырғанымыздай, неоло-
гизм сөздер мен неологизм мағынаның мысал-
дары  аралас  ұсынылған.  Жаңа  қолданыс – 
тілдің  ішкі  заңдылығынан  туындайтын  құбы-
лыс.  Тілдік  амал-тәсілдерді  қолдану  арқылы 
өзімізде  бар  сөздерді  жаңа  сөздердің  орнына 
қою – жаңа қолданыс ‰дерісі. Тілімізде бұрын 
болмаған  қазақша  сөз  ойлап  табу – нәтиже  
 
 
 
бермейтін  әрекет.  Оның  ‰стіне  жаңа  қолда-
нысқа   т‰скен   байырғы   сөздердің   жаңаша  
сипаты  т‰пкі  мағынасынан  алшақтамайды. 
Тек мағыналық ұлғаю немесе тарылу құбылы- 
сын  ғана  байқаймыз.  Мысалы:  тілімізде  жиі  
қолданылып ж‰рген мұражай, кеден, бағдар-
лама, әуежай, несие секілді сөздер ұзақ уақыт 
«неологизм»  болып  келген  музей,  таможня, 
программа,  аэропорт,  кредит  сөздерінің 
жаңа  формада  қолданысқа  т‰суі.  Бұл – жаңа  
қолданыстарға  тән  ескі  мазмұн  мен  жаңа 
формалық  сипат.  Біз  «мұражай,  кеден»  деп 
қанша  айтқанымызбен,  ойымызға  алдымен 
«музей,  таможня»  сөздерінің  мазмұны  ора-
лады. Егер жаңа қолданыстарды айтқан кезде 
олардың  бұрынғы  жаңа  сөз  қалпындағы  фор-
масы ойға оралмаса, жаңа қолданыстар жаңа-
лық  сипатынан  айырылады.  Тіпті,  жаңа  қол-
даныс қалпында историзмге де ауысып кетеді 
(кеңшар,  ұжымшар).  Әрине,  жаңа  сөз  қолда-
ныстар барлық уақытта ескі мазмұн, жаңа т‰р-
тұлғада  келе  бермейді..  Олардың,  керісінше, 
жаңа мазмұнда, ескі формада кездесетін тұлға-
лалары  да  бар:  «Қазақстан  Республикасында 
кәсіпкерлікті  қолдау  және  бәсекені  дамыту 
қоры  туралы»  қаулысы  дер  кезінде  д‰ниеге 
келген  шара / «Егемен  Қазақстан»/.  Шын 
мәнінде  әкімдердің  жанынан  жекешелендіру 
жөнінде  қосарлас  органдар  құруды  тоқтату 
қажет / «Егемен  Қазақстан»/.  Алынған  мы-
салдардағы  асты  сызылған  сөздердің  фор-
масы  ескі  болғанымен,  мазмұны  заман  тала-
бына сай жаңаша мән иелен – ді. Мағыналары 
кеңейді  және  қолданылу  жиілігі  ұлғайды. 
Жаңа сөздер мен жаңа сөз қолданыстардың не 
мазмұнында,  не  формасында  жаңалық  реңі 
болады.  Осыдан  тұрғыдан  келгенде,  екеуіне 
Жаңа сөздер 
Жаңа сөз қолданыстар 

130                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ортақ  ұқсастық  байқалады.  Екеуінің  неоло-
гизмнің жеке саласы болатындығы екеуіне тән 
айырым  белгілерінде.  Жаңа  сөздер  мазмұны 
мен  формасы  жағынан  бір-біріне  сай  жаңа 
тұлғада  келеді.  Басқа  тілге  дайын  к‰йінде 
енеді. Қабылдаушы тілдің заңдылығына мойын-
сынбайды. Өйткені мәжб‰рлеу басымдығы ар-
қылы жаңа зат немесе жаңа құбылысқа ілесіп 
кіреді.  Мақсатты  қажеттілік  жаңа  сөзге  емес, 
жаңа  затқа  туындайды.  Ал  жаңа  сөз  қолда-
ныстың  тілімізде  пайда  болу  ‰дерісі  тіл  заң-
дылығына с‰йеніп, тіл тазалығын сақтау м‰д-
десін көздейді. Жаңа қолданыс  тілдік қордан 
орын алу ‰шін белгілі бір өлшемдегі мерзімді  
қажет  етеді.  Жаңа  сөздің  мазмұнын  сараптау, 
оларға  мағыналас  сөз  іріктеу  кейде  бірнеше 
жылдарға  созылады.  Жаңа  сөзге  калька 
т‰рінде балама табу – аударма. Аударма ‰шін 
қолданылатын  сөздер  жаңа  сөзге  дейін-ақ  өз 
тілімізде  болған.  Аударма  сөз  бен  жаңа  сөз 
арасында  мағыналық  дәлдік  бар.  Әйтпесе, 
пятилетка  мен  бесжылдықтықтың  арасы-
нан қандай жаңалық іздеуге болады. Тағы бір 
айырым  белгі – жаңа  сөздердің  варианттары 
болмайды.  Жаңа  қолданыстар  жаңа  сөздің 
баламасы  ретінде  тілімізге  енгенші  бірнеше 
нұсқада ұсынылып, соңында біреуі ғана әдеби 
тілге  енеді  (ықшамаудан – шағын  аудан – 
мөлтек аудан). Сонымен қатар, жаңа сөздердің 
жасалу  жолдары  болмайды  (олар  дайын  
 
к‰йінде  келеді).  Осы  к‰нге  дейін  зерттеу  ең-
бектерінде  ұсынылып  келе  жатқан  әдістер –  
жаңа  сөздің  емес,  жаңа  сөз  қолданыстардың 
жасалу  жолдары.  Тәуелсіздік  алған  жылдар-
дан  бастап  жаңа  сөз  қолданыстардың  жасалу 
жолдары  ғылымның  т‰рлі  саласындағы  тер-
миндердің  жасалу  жолдарымен  ауысты.Жаңа 
сөзден  қазақша  жаңа  тер-  минжасау  ‰дерісін 
ойлап  таптық.  Айырмашылығы-  жаңа  сөздің 
орнына  басқа  тілден  енген  термин,  жаңа  сөз  
қолданыстардың  орнына  қазақшаланған  тер-
мин  тіркестерін  ұсынғанымыз  ғана.  Термин 
сөздер  мен  неологизмдердің  екі  бағыттағы 
сала екенін естен шығармағанымыз жөн. Жаңа 
сөзді  қабылдаудағы  мақсатымыз  бен  термин 
сөзді  қабылдаудағы  мақсатымыз  да – екі  бө-
лек. Алайда, жаңа сөздер мен жаңа сөз қолда-
ныстардың  айырым  белгілерін  терминжасам 
‰дерісіне тиімді пайдалана білсе,терминжасам 
ж‰йесіндегі  жарыспалы  варианттардан  ары-
луға болады. 
_______________________________________ 
1.  Джоглидзе  Л.  Новые  слова  в  современном  русском 
языке.Автореферат к.ф.н.,Тбилиси-1979. 
2. Намиткова Р. Авторские неологизмы, Л:1987. 
3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ,Қазіргі қазақ тілі, Алматы-
1975. 
4. Болғанбаев Ә.  Қазақ тілі лексикологиясы, Алматы-
1979. 
5. Бәйтікова Ш. Қазақ тіліндегі неологизмдер, Алматы-
1971. 
6. Алдашева А.  Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі жаңа қол-
даныстар. Автореферат, ф.ғ.к., Алматы-1992. 
 
К. Кадыркулов 
НЕОЛОГИЗМЫ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ 
 
В  статье  дано  определение  новых  слов  и  новых  выражений,  показано  их  различие,  проанализированы 
неологизмы в свете современных направлениий их изучения. Рассматривается повторное появления историзмов 
в современном казахском языке. 
 
K. Kadyrkulov 
NEOLOGISMS IN MODERN KAZAKH LANGUAGE 
 
New words and phrases, their differences, analysis of neologisms in the background of modern directions in study 
are given in the article. Also article considered the repeated appearance of historisms in the modern Kazakh language. 
                                                                                     
                                                                                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          131 
 
Б. Қасым, 
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры,  ф.ғ.д. 
 
Т‡РКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ К‡РДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР МЕН  
АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАЛЫ ЕТІСТІКТЕР 
 
 
Грамматика – тілдің  құрылысын  зерттей-
тін  тіл  білімінің  саласы.  Грамматиканың  не-
гізгі зерттеу нысаны – тілдің  морфологиялық 
және  синтаксистік  ж‰йесі;  оның  ішінде  грам-
матикалық тұлға (форма), грамматикалық ма- 
ғына,  грамматикалық  категория,  бір  тілдегі 
грамматикалық тұлғалардың көріну амалдары 
мен  сол  арқылы  айтылмақшы  мағыналардың 
берілу  тәсілдері,  олардың  байланысуы,  тір-
кесу  жолдары  мен  тәсілдері.  Тіл  ғылымында 
сөз  бен  сөйлем  т‰рленімін,  құрылысын  грам-
матика ілімі нақты қарастырады. Грамматика  
–  сөз  бен  сөйлемнің  нақты,  деректі  мағы-
насынан тыс құрылымдық, құрылыстық ж‰йе-
сін  зерттейтін  ғылым. Ол  тілдің құрылыстық, 
дерексіз мағыналық маңызды сипатын ашады. 
Адамның  ойлауы,  ой  мен  ойлаудың  дерексіз 
т‰рдегі  қызметі  тілдің  грамматикалық  құры-
лысында  шешіліп,  айқындалады.  Қай  тілде 
болсын тілдің грамматикалық құрылысы өмір 
тәжірибесінде жинақталып, жалпы сипатқа ие 
болады.  Тілдің  тұлғалық  құрылысы  да  сөздік 
қормен,  құраммен  қатар  ж‰ріп,  тілдің  негізін 
жасайды. Сондықтан грамматика мен лексика 
өзара  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Сөздік 
құрамды  толықтыратын  жаңа  сөздер  тілдегі 
бар бұрынғы тілдік бірліктер арқылы жасалса, 
сөздердің  жасалуы  тілдегі  грамматикалық 
заңдылықпен ж‰зеге асатыны белгілі. 
Етістіктің  жалпы  грамматикалық  сипаты. 
Етістік  арнайы  тұлғаландырушы  көсемше, 
есімше  көрсеткішімен  жіктік,  шақтық,  рай-
лық;  одан  басқа  болымды-болымсыздық,  етіс 
(салт-сабақтылық) категорияларының негізін 
беріп, өз алдына жеке сөз табы категориясы 
болады. Мұндағы әрбір категория бірінен бірі 
туындайды.  Сөйтіп,  грамматика  сөздердің 
ойды  жеткізудегі  құрылымдық,  құрылыстық 
орны  қызметін  ашық  қарастырады,  талдай-
ды.  Жалпы  тіл  білімінде  қалыптасқан  ереже  
бойынша грамматика сөздің дерексіз мағына-
сын, грамматикалық қызметін – сөздердің өз-
геру  ж‰йесін,  тұлғалық  ерекшелігін,  тіркес-
тік,  сөйлемдегі,  мәтіндегі  функционалдық 
қызметі мен қасиеттерін  зерттейді. Грамма-
тика  саласын  тану  ‰шін  оған  енетін  бірлік- 
 
 
терді  ұғымдарды – т‰сініп білу қажет. Грам-
матикалық  ұғымды  жеткізетін  бірліктер – 
грамматикалық мағына, грамматикалық көр-
сеткіш  немесе  тұлға,  грамматикалық  кате-
гория.  
Сөздердің білдіретін ұғымдық мағынасы – 
ішкі  мазмұны,  сол  мазмұн-мағынаны  білдіре-
тін  белгілі  бір  дыбыстар  жиынтығы  сөздің 
сыртқы кешенді жамылғышы болады. Тіл ғы-
лымында  сөздің  ішкі  мазмұны  мен  сыртқы 
жамылғышының  байланысы  дәст‰рлі  тарихи 
байланыс  деп  т‰сіндіріледі.  Сөздің  ішкі  маз-
мұн-мағынасы  лексикалық  мағына,  ал  жалпы 
дерексіз  мағынасы  (қимылдық,  сындық,  зат-
тық, т.б.) грамматикалық мағына болып табы-
лады.  Сөздердің  грамматикалық  мағынасы 
белгілі  бір  қатынаста,  құрылыста  ғана  көрі-
неді.  Грамматикалық  мағынаны  көрсететін, 
білдіретін  тұлғалары  болады,  олар  граммати-
калық  көрсеткіш  немесе  грамматикалық  тұл-
ғалар  деп  аталады.  Грамматикалық  мағына 
мен грамматикалық көрсеткіш, тұлға бір-бірі-
мен  тығыз  байланысты,  екеуінің  парадигма-
лық, ж‰йелік  бірлігінен грамматикалық кате-
гория құралады.  
Көмекші  етістіктер.  К‰рделі  етістіктер. 
Қалып  етістіктері.  Етістіктің  аналитикалық 
формалары. 
Көмекші етістік – жеке дара, негізгі қи-
мылдық  мәнді  білдіретін,  толық  мағыналы 
етістіктерге  грамматикалық  мән  ‰стеу 
жағынан  демеп,  көмекшілік  қызмет  атқара-
тын етістік т‰рі.  
Көмекші  етістіктер  өздерінің  көмекшілік 
қызметімен  маңызды  орын  алады.  Өйткені 
олар  толық  мәнді  етістіктерге  дерексіз  грам-
матикалық т‰рлі мағына ‰стейді. Мысалы: шар-
шадым  мен  шаршап  кеттім  етістіктерінің 
арасында ‰лкен мағыналық айырмашылық бары 
сөзсіз.  Бірінші  етістікте  іс-әрекеттің  ұзаққа 
созылғанын  білдірсе  (бұрыннан  шаршап  ж‰-
руді),  екінші  мысалдағы  етістікте  көмекші 
етістік  арқылы  қимыл-әрекеттің  шорт  ‰зіл-
генін  (болған  оқиғаға  бірден  т‰сінік  беру 
мәнін)  танытады.  Көмекші  етістіктер  мәнді-
мәнсіз немесе толымды-толымсыз т‰рлерге 

132                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
бөлінеді.  Көмекші  етістіктерді  мәнді-мәнсіз 
деп  бөлуді  Ы.Маманов  көрсетсе,  оларды  то-
лымды-толымсыз  деп  басқаша  атаған – про-
фессор А. Ысқақов.  
Жалпы  тілде    көмекші  етістіктер  отызға 
жуық.  Мәнді  немесе  толымды  көмекші  етіс-
тіктер  негізгі  лексикалық  мағынасын  сақтай 
отырып,  жеке  дара  сөз  ретінде  де  қолданы-
лып,  сонымен  бірге  басқа  негізгі  етістікке 
дәнекер болып көмекшілік қызмет те атқарып, 
тиісті  грамматикалық  мағына  ‰стейтін  етіс-
тіктерді  атайды:  алу,  беру,  бару,  болу,  біту, 
бастау,  бағу,  тұру,  отыру,  жату  (жатыр), 
ж‰ру,  жөнелу,  жіберу,  келу,  кету,  көру, 
қалу,  қарау,  қою,  салу,  тастау,  өту,  шығу, 
қылу, т‰су, т. б. 
Көрсетілген көмекші етістіктер толық мән-
ді  етістіктер  бола  отырып,  басқа  белгілі  бір 
қолданыстағы негізгі қимылды білдіріп тұрған 
етістіктерге  тіркесіп,  қосымша  қимыл-әрекет 
сипатын ‰стейді. Олар негізгі жетекші етістік, 
көмекші  етістік  қызметін  атқара  алуымен 
ерекшеленеді.  Аталған  етістіктер  көмекшілік 
қызметін  атқаруда  к‰рделі  етістік  ж‰йесін 
құрайды:  еркін  тіркесті  етістік,  құрама 
етістік,  сараламалы  етістік  (аналитика-
лық), тұрақты етістік т‰рін жасауда маңыз-
ды  орын  алады.  Бұлар  етістік  категорияла-
рының барлық  т‰рінде  бола  алады.  Тіркескен 
етістіктерімен  бірігіп,  к‰рделі  пысықтауыш, 
к‰рделі баяндауыш қызметін атқарады.  
Мәнсіз  немесе  толымсыз  көмекші  етістік-
тер  деп  негізгі  лексикалық  мағынасынан  то-
лық  айырылған,  тек  қана  жетекші  (толық 
мәнді  негізгі)  етістікке  тіркесу  арқылы  өзінің 
грамматикалық  мағынасын  аша  алатын,  таза 
көмекшілік  қызмет  атқаратын  етістіктерді 
атайды.  Бұларға  е  етістігінен  қалыптасып  та-
раған  өткен  шақты  еді  (жедел  өткен  шақ)
екен  (бұрынғы  өткен  шақ),  емес  (болымсыз 
есімшелі)  етістіктері,  ету  және  де,  жаздау 
етістіктері аталады. 
Еді,  емес,  екен  толық  мәнді  есімді,  етіс-

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал