Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет2/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

 
 
 
 
 
Ф.ғ.д., профессор Т. Сайрамбаев 
 
ТІЛШІ-ҒАЛЫМ МӘУЛЕН БАЛАҚАЕВТЫҢ АЗАМАТТЫҚ, 
ҰСТАЗДЫҚ ҚЫРЛАРЫ ХАҚЫНДА 
 
 
Бұл 1965 жылдың көктемі еді... 
«Қызылорда 
пединститутына 
Мәулен 
Балақаев  келіп,  бір  ай  дәріс  оқиды»  деген 
хабар тарап, сол к‰н таянған сайын оқытушы-
профессорлар  құрамында    ол  кісіні  тағатсыз-
дана к‰тушілер қатары көп болды. Аты б‰кіл 
елге  танымал  мұндай  кісіні  қалай  к‰теміз, 
қалай  сөйлесеміз  деген  ішкі  қобалжулар  да 
байқалады. 
Әрине,  Қызылордаға  бұған  дейін  де  елі-
міздің т‰кпір-т‰кпірінен Сыр өлкесін тамаша-
лауға  сандаған  сыйлы  қонақтар  келіп  жата-
тын.  Олардың  қатарында  оқу  орнына  Мемле-
кеттік  емтихан  комиссиясының  төрағалығына 
немесе  арнайы  курстар  оқу  ‰шін  келетін 
зиялы қауым өкілдері де аз болмайтын. Әйтсе 
де  Мәкеңнің  орны  бөлек-ті.  Ол  кісінің  жасы 
мен  жолы  ғана  ‰лкен  емес-ті.  Ең  алдымен, 
Мәулен  Балақаев  туған  тіліміздің  белді  де 
белгілі  маманы,  тіл  білімінің  бірнеше  сала-
ларында қалам тартқан айтулы ғалым, ондаған 
іргелі  еңбектердің  авторы  болса,  екінші  
жағынан,  осындағы  оқытушылардың  басым  
бөлігі  Мәкеңнің  ізбасар  шәкірттері  еді.  Ал  
кейбір  оқытушылар  атағы  әйгілі  ғалымды 
көруге  ынтықса,  енді  бірқатарының  «сабағы-
мызға  кіріп,  дәріс  деңгейімізді,  білім  дәре-
жемізді тексеруі де м‰мкін-ау» деген к‰дікпен 
мазасы да кеткен сыңайлы. Өйткені өмір бол- 
ған  соң  әрт‰рлі  жағдайлар  кездесіп  жатады.  
 
 
Мәселен,  кейбір  асыға  к‰ткен  қонақтардың  
арасында  елдің  құрметі  мен  қошаметіне  сы-
пайылықпен, кішілікпен ізет жасап, мәдениет-
тілік  танытатындар  да,  керісінше,  өзін  тым 
жоғары  санап,  кеткенше  елдің ығырын шыға-
ратындар да ұшырасып қалатын. 
Ақиқатын айту керек, Мәкеңнің Қызылор-
даға  келгендегі  өзін-өзі  ұстауы,  дәріс  беру 
кезіндегі  әдебі,  көңіл  к‰йі,  телегей-теңіз  бі-
лімі,  т.б.  қасиеттері  кімге  болса  да  ‰лгі  етуге 
тұрарлықтай еді... 
Мәкеңнің Қызылордаға поезбен келуі, қар-
сы  алушылардың  бей-берекет  мазасыздан- 
дырмай,  әлдекімдердің  тым  пысықайлығы  
мен  асыра  сілтейтін  «қонақжайлығына»  да 
жол  бермей,  бірден  қонақ‰йге  т‰суінен-ақ  
ол  кісінің  адами  парасаты  мен  мәдениеті  
бірден  аңғарылып  еді.  Институт  ұжымының, 
жекелеген  шәкірттерінің  дастарқанға  шақыр- 
ған  ізеттеріне  де  байыпты  жауап  қайтаратын-
ды. 
Мәкеңді  қонақ‰йге  орналастырған  соң, 
ертең  институтқа  мен  келіп  алып  баратын 
болып  келістік.  Кафедра  ұжымы  ол  кісіні 
институтта  к‰тетін  болды.  Оқу  корпусының 
алдына  ‰ш  студентті  кезекшілікке  тағайын-
дадық.  Келісім  бойынша  қонақ‰йге  барсам, 
Мәкең  институтқа  өз  бетінше  жаяу  кетіп  қа-
лыпты.  Сөйтіп,  Мәкең  Қызылорда  көшесімен 
аяңдап, асықпай институтқа да жетеді. Инсти-

6                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
тут  алдында  кезекшілер  тұрады.  Мәкең  ішке 
кірмек болса, кезекші студенттер:  
–  Біз  академик  Мәулен  Балақаевты  к‰тіп 
тұрмыз. Ішке кіруге рұқсат жоқ деп, Мәкеңді 
ішке  кіргізбепті.  Сонда  Мәкең  биязы  қалпын 
өзгертпестен: 
–  Еліміздің  жас  ұланы – студенттер,  сен-
дердің тәртіп сақтағандарың да, ‰лкен адамды 
құрметтеп к‰ткендерің де, оқытушыларыңның 
тапсырмасын  бұлжытпай  орындағандарың  да 
өте  дұрыс  екен.  Ендеше,  сол  к‰ткен  адам-
дарың – Мәулен Балақаев деген мен боламын. 
Мені  ішке  жібересіңдер  ме? – деп,  әрі  қал-
жыңдай,  әрі  ешқандай  дауыс  көтермей  сы-
пайы  ғана  жымия  сөйлегенде,  кезекші  сту-
денттер аң-таң қалыпты.  
Мәкеңнің  Қызылордадағы  алғашқы  бірер 
к‰ні  институт  ұжымымен,  факультет  тыны-
сымен  танысуға  арналды.  Ретіне  қарай  бірді-
екілі  кісілердің  ‰йінен  де  дәм  татуға  келісім 
берді. Мәселен, қазақ әдебиеті кафедрасының 
меңгерушісі А.Тұрбековтің ‰йінде болды. Кең 
дастарқан.  Қонақтар  да  көп.  Бірақ  бәрі  де 
Мәкеңнің әдептілігі мен сыпайылығына елтіп 
қалғандай. «Дәст‰рлі»  у-ду,  орынды-орынсыз 
әзіл-оспақтың орнын аса бір ілтипатпен айты-
латын  әдемі  сөз,  қисынды  қалжың  алмастыр-
ғандай.  Мәкең  өзінің  құрдасы  Ісмет  Кеңес-
баевпен арадағы кейбір оқиғаларды тілге тиек 
етіп,  көңілді  отырды.  Айналасындағылардың 
өзінің  ыңғайына  бағынып  кеткенін  байқаған 
ұстаз:  
–  Сендер  менің  ырқыма  жығыла  бермей 
«өздеріңнің  саясаттарыңды»  да  ұмытпаңдар, 
мұндай  басқосуды  дұрыс  пайдаланыңдар, – 
деп  кеңдік  танытқанмен,  ешкім  де  ондай 
еркіндікке бой алдырмады. Осы тұста бір айта 
кететін жайт – Мәкең ас қамымен ж‰рген қыз-
келіншектердің  де  ер-азаматтермен  тең  оты-
рып, әңгімеге еркін араласып отыруына назар 
аударды. 
Осындай  бір  отырыста  сөз  алған  Алма 
жеңгеміз  (филология  факультетінің  деканы 
Нұрлыбек Ж‰нісовтың жұбайы): 
–  Мәке,  өзіңізбен Алматыда  әлденеше  рет 
кездесіп,  қонақта  да  бірге  болып  едік.  Сол 
кезде де Сіз қыз-келіншектердің ‰стел басын-
да  бірге  отыруын  қалап  едіңіз.  Сіздің  бұл 
ісіңіз  біздің  жігіттерге  ‰лкен  сабақ  болды. 
Сонымен  бірге  олардың  біздің  алдымызда 
әдептілік,  инабаттылық  сақтауына,  бізбен 
санасуына,  орнықты  да  салмақты  ұстауына 
Сіздің  әсеріңіз  өте  ‰лкен.  Қазір  өзіңіздің 
кітабыңызда  (Тіл  мәдениетінде)  айтатындай, 
«былапыт  сөздер»  ойдан  да,  бойдан  да  алыс-
тады.  Сондықтан  біздер,  қыз-келіншектер, 
өзіңізге мың алғыс айтамыз, – деді. 
Арада  біраз  к‰н  өткен  соң,  кафедра  мең-
герушісі  Рахметолла  Сәрсенбаев  Мәкеңнің 
қай  пәндерден  дәріс  оқитындығын  сұрады. 
Мәкең синтаксистен оқулықтардың бар екенін 
айта  отырып,  м‰мкіндігінше,  өзі  бастаған  тіл 
мәдениеті мен стилистикадан оқуды қалады. 
Бұл  тіл  мәдениеті  пәні  жаңа  қолға  алына 
бастаған  кез  еді.  Оның  негізін  қалаушы – 
Мәкеңнің  өзі.  Оның  ‰стіне,  осы  саладағы 
Мәкеңнің  дәрісі  өте  қызықты  әрі  тартымды 
болды.  Ол  кісінің  мысалдары  да  өзгеше  еді. 
Сонымен  қоса  ұстаз  өзінің  ғылым  саласында 
бастан кешкен қызықты естеліктерін де орын-
ды кірістіріп отыратын. 
Мәкең сондай сәттің бірінде мынадай оқи-
ғаны айтып берген-ді:  
«Ленинградта аспирантурада оқып ж‰рген 
кезімізде  Малов,  Боровков,  Мещанинов  сияқ-
ты ірі ғалымдардың дәрістеріне қатысып ж‰р-
дік.  Бірақ  олардың  әрқайсысы  әрт‰рлі  оқу 
орындарында  істейтіндіктен,  дәрістері  қа- 
тар  келіп  қалатын  да  кездері  болатын.  Әлі 
есімде,  бірде  кезекті  дәрістен  шыға  сала  ке- 
лесі  ғалымның  дәрісіне  ‰лгеру  ‰шін  автобус, 
троллейбуспен  бару  керек,  бірақ  оған  ‰л- 
гере  алмаймыз.  Көп  жерді  айналып  баратын 
транспорттан  гөрі,  алдымыздағы  қатып  жат-
қан  өзеннен  жаяу  өткен  жылдамырақ  бола- 
тын.  Бірақ  к‰н  жылына  бастаған  шақ  бола- 
тын.  Сонда  да  ‰ш  жігіт  мұздан  өтуге  тәуекел 
еттік.  Судың  ортасына  жақындаған  кезде 
мұздың  сыр  бере  бастағаны.  Абырой  болған- 
да  ‰шеуміз  де  жақсы  ж‰зетін  едік.  Соның 
арқасында ғана арғы жағаға әзер дегенде аман 
жеттік-ау...».  Осы  сөзінен  ол  кісінің  жас  кезі-
нен-ақ  ғылымға  құмарлығы  айқын  аңғарылар 
еді. 
Мәкеңмен  әр  кездесу  студенттерге  жаңа 
бір  әлемнің  есігін  ашқандай  әсер  берді.  Тың-
даушылардың  саны  да  к‰ннен-к‰нге  арта  
т‰сті.  Мәкеңнің  дәрістері  құр  баяндаумен 
шектелмейтін, сұрақ-жауап, пікірталас т‰рінде 
өте қызықты өтетін. Ол кісінің дәріс оқудағы 
шеберлігі  материалды  ж‰йелі  жеткізуінен, 
қағазға  қарамай-ақ  мысалдарды  нақты  әрі 
тартымды  келтіруінен,  өзін-өзі  ұстауынан, 
тіпті  тыңдаушыларымен  тең  сөйлесуінен  де 
ерекше  көрінді.  Сондықтан  да  оның  тағы-
лымы айрықша болды. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          7 
 
Соншама  білімді,  терең  парасат  иесі  Мәкең 
ешкімнің сабағына кіріп, олардың құқына қол 
салуды  қаламады. «Мен  дәріс  оқу  ‰шін  кел-
дім.  Бәрің  де  бір-бір  саланың мамандарысың-
дар  ғой,  несіне  кіремін?» – деп,  көңілінде 
алаңдаушылық  бар  оқытушылардың  көңілін 
де жайландырып қойды. 
Мәкеңнің  Қызылордаға  қатынасы  туралы 
да  сұрақтар  қойылып  жатты.  Соның  барлы-
ғына  да  аса  байыптылықпен  жауап  берді. 
Өзінің  жетім  қалған  к‰ндерінде  Қармақшы-
дағы  нағашыларының  қолында  екі  жылдай 
тұрғанын,  сол  жерде  мектепте  оқығанын  ай-
тып  берді.  Өзі  де  қолы  босаған  уақыттарда 
қаланың  сыртын,  Сырдың  жағалауын  еркін 
аралағаны бар. Сыр жағасында балық та асы-
лып,  қонағымыз  оны  с‰йсініп  жегені  бар. 
Араға  бірнеше  жылдар  салып  оралған  Сыр 
өңіріне деген жайма-шуақ көңілін де білдіруді 
ұмытпайтын. 
Мәкеңнен  алған  тағы  бір  өмір  сабағымыз 
киіну  мәдениетіне  қатысты  болды.  Қандай  жағ-
дайда  да  Мәкеңнің  шалбарының  қыры  сынбай-
тын, тап-таза қалпында тұратын. Сөйтсек, Мәкең 
бір  костюмге  екі  шалбар  тіктіреді  екен.  Сон-
дықтан оның таза әрі мінсіз болуына м‰мкін-
дік  болады  екен.  Қарапайым  нәрсе  сияқты 
көрінгенімен, мұның өзі ол кісінің мәдениетін 
танытар еді. 
Мәкеңмен болған бір ай осылай өте шықты. 
Осы  уақыт  ішінде  ол  кісіні  тіпті  жақын  тани 
т‰стік.  Ол  кісінің  білімдарлығына  ғана  емес, 
адами қасиеттеріне де тәнті болдық. Б‰кіл жұрт 
кетерінде аса бір қимастықпен қоштасты. 
Ол  кезде  мен  кандидаттық  диссертациям- 
ды қорғағанмын. Бірақ әлі бекітілмегендіктен, 
көңілімде  алаңдаушылық  та  жоқ  емес  еді. 
Соны  сезген  ұстазым  телефонмен  әр  сөйлес-
кен  сайын  маған  дем  беріп,  қанаттандырып 
отыратын. 
Бір к‰ні Москвадан – Мәкеңнен хат алдым. 
Сөйтсем, Мәкең демалысқа барар жолда ВАК-
қа  кіріпті.  Соның  жауабын  ерінбей  маған 
қысқаша  етіп  былай  жазыпты: «Талғат,  мен 
Карловая Вараға кетіп бара жатып, Москвада 
ВАК-қа  кірдім.  Сенің  жайың-ды  білу  ‰шін 
әдейілеп  барғанымда,  маған  айт-қаны  мынау 
болды: «Диссертация  отзывқа  жіберілді. 
Содан әлі жауап жоқ. Жақында тез-дет  деген 
хат  жаздық,  жақын  арада  жауап  келеді». 
Біраз  к‰н  шыда.  Бітер  істің  ерте-кеші  жоқ. 
Жөнге  келер. 9.VІ.67.  М.Балақаев».  Міне, 
нағыз 
ұстаздық, 
ағалық  қамқорлықтың 
осыдан асқан қандай ‰лгісі болмақ?!  
Қарап отырсам, Мәкең ол кезде 60-тар ша-
масында  екен.  Сыр  елін,  жыр  елін  өзі  де  жа-
қын  таныды,  ол  елге  өзі  де  мол  әдемі  әсер 
қалдырды. Жаны жақсы адамның жан жылуы 
көпке жетеді екен. Мәкеңмен бірге болған сол 
бір  ай  өмірімдегі  аса  бір  бақытты  шақтарым 
екен.  Көңіл  төрінде  «Шіркін,  Мәкең  орта-
мызда  болса  ғой!»  деген  де  арман  жоқ  емес. 
Асылы,  армандай  алған  адам  болашаққа  ба-
тыл қадам жасайды! 
Мәкең тағылымы осы... 
_______________ 
1.  Т.  Сайрамбаев.  Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері.  Сөз 
тіркесі. Алматы «Арыс» 2010 жыл. 606-608 беттер. 
 
Талгат Сайрамбаев. Преподавательские черты лингвиста-ученого Маулена Балакаева. 
Talgat Sayrambaev. Teaching features of the linguist and scientist Maulen Balakaev. 
 
 
 
 
Ф.ғ.д., профессор Т. Сайрамбаев 
 
ҰСТАЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШӘКІРТТЕРІ 
 
 
Қазақ  тіл  білімін  қалыптастыруда  А.Бай-
тұрсыновтың,  Қ.Жұбановтың  еңбегі  ерекше 
болды. Ал Қ.Жұбановтың шәкірті М.Балақаев 
еді.  Егер  А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбановтар  қа-
зіргі  қазақ  тілінің  негізін  қаласа,  І.Кеңесбаев, 
Н.Сауранбаев,  С.Аманжолов,  Ғ.Мұсабаев, 
М.Балақаевтар  сол  істің  жан-жақты  қалыпта- 
 
 
суына еңбек сіңірді. Сол салаға кадрлар дайын-
дады. 
Мәкең қазақ тіл білімінің барлық саласын-
да еңбек етті. Ғылыми жұмыстарының тізіміне 
қарап  отырып,  ол  кісі  қалам  тартпаған  грам-
матика  саласы  жоқ  деп  айтуға  болады.  Бірақ 
сол  салалардың  бәрімен  де  байланысы  болға- 
 

8                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
нымен,  Мәкең  б‰кіл  т‰ркі  тілінде  сөз  тіркесі-
нен  ‰лкен  шаңырақ  көтеріп,  өзіндік  із  қал-
дырды.  Ол – қазіргі  сөз  тіркесі  синтаксисі. 
Әрине, автор жай және құрмалас сөйлем сала-
сында да ‰лкен мәселелер көтерді. Алайда сөз 
тіркесі  саласын  қалыптастырып, ‰лкен  ғылыми 
орта  құрып,  өзінің  мектебін  қалдыруы – оның 
ғылымдағы  өзіндік  ‰лесі.  Сол  мектептің  ‰рдісі 
мен дәст‰рі б‰гінде М.Балақаевтың шәкірттері-
нің  шәкірттері арқылы жалғасып келеді. 
Мәкеңнің  басшылығымен  тіл  білімінде  тіл 
мәдениеті бөлімі ашылды. Бұл салада да қазір 
қанша  шәкірттер  дайындалуда.  Бұл  бөлімді 
енді белгілі ғалым академик Рабиға Ғалиқызы 
Сыздықова  басқарып,  одан  әрі  жан-жақты 
дамытуда. 
«Ұстаз»  сөзін  жиі  айтып  ж‰рсек  те,  ол 
сөздің т‰пкі мағынасына ‰ңіле бермейміз. Тіл 
маманы  Н.Оңдасыновтың  «Парсыша-қазақша 
т‰сіндірме  сөздігінде» (Алматы:  Қазақстан, 
1974, 26-б.): Ұстаз (Остаз) сөзінің мынадай екі 
мағынасын көрсетеді.  
1. Ұстаз – мұғалім, ақылшы, жетекші. 2. Ұс-
таз – ұста, ‰йретуші шебер.  
Енді  ұстазға  лайық  адам  бойындағы  қа-
сиеттерді санамаласақ,  әрине, ол бір мақалаға 
сыя  қоймас  еді.  Сондықтан  мен  өз  Ұстазым 
профессор  Мәулен  Балақаевтың  бір  ғана  қа-
сиетіне – қарапайымдылығына тоқталсам дей-
мін.  Мәкеңнің  қарапайымдылығы  мен  сыр-
баздық қасиеті шәкірттерімен сұхбаттасқанда, 
өз тұстастарымен қарым-қатынасында, оқыған  
дәрістерінде,  тіпті  өзі  жазған  еңбектерінде  де 
байқалып  тұратын.  Қазақта  бір  тәрбиелі  сөз 
бар: «Балаға  ақырып  ‰йретпе,  ақырын  ‰йрет» 
деген.  Осы  айнымас  қасиет  ұстаз  бойында 
өмірінің  соңғы  к‰ндеріне  дейін  сақталды. 
Менің т‰сінігімде, ұстаз – адамды жақсылыққа 
‰йретуші  және  ғылым  сырын  т‰сіндіру  жолын 
білуші және білуге баулушы.  
Ұлы  Абайдың: «Әрбір  хакім – ғалым,  ал 
әрбір  ғалым  хәкім  емес» – деген  сөзі  ғалым-
ұстаз жайлы айтылған анықтама сияқты. Абай 
сөзін  тарқатып  т‰сінетін  болсақ:  ғалымдық 
білуде,  білімдарлықта  болса,  ал  ғалым  хакім, 
яғни ғалым ұстаз – сол білгенін басқа біреуге 
‰йрете  алатын,  білдіру  шеберлігін  меңгерген 
адам.  Олай  болса,  Мәкеңде  білдіру  шеберлігі 
к‰шті  болды.  Ол  шеберліктің  бәрі  сол  қара-
пайымдылық  қасиетінен  бастау  алып  жата-
тын. 
Өзімнің  ұстаздық  жолымда  жастарға  тән 
мынадай  қасиеттер  болатынын  байқадым:  олар-
дың жақсылыққа құмарлығы және жаңа құбы-
лысқа  құмарлығы.  Бірақ  жаңалықтың  бәрі 
жақсылық бола бермесі хақ. Жақсылық қасиет 
–  жасандылықтан  басқаша.  Ол – бірқалыпты 
әрі  ұзақ  байқалатын  қасиет.  Осы  қасиеттің 
Мәкең бойында берік екенін 40 жыл бойы бай-
қадым. 
Біздің уақытымызда жастар ортасында ұс-
таз  болу  оңай  емес.  Жастық  шақ  пен  есейген 
шақтың арасы  жер мен көктей. Бірақ шәкірт-
тің  ұстазды  т‰сінуі,  тыңдауы,  еліктеуі  ол  ‰й-
рететін  ғылымына  да  байланысты.  Әркімнің 
әдісі әрт‰рлі. Т‰пкі мақсат – шәкіртті білдіру. 
Осы  әрекетке  әркім  әр  жолмен  жетеді.  Ал 
Мәкеңнің  қолданған  әдісі – ғылымға  ойды 
бағыттай білуі. 
Ұстаздың  өмір  бойғы  тынымсыз  ізденісі 
‰лкен беделге ие ететіні сөзсіз. Мәкең өмірінің 
соңғы  жылдарына  дейін  жаңа  еңбектер  беру-
ден  танбады.  Әсіресе, «Зерде  баспалдақтары» 
атты  өмірбаяндық  еңбегі  таза  ұстаздық  жо-
лына,  оның  дамуы  мен  қалыптасуына  ар-
налған еңбек болатын. Оны Мәкең өзі де, ‰йге 
келген  шәкірттеріне  де  оқытып,  ризашылық-
пен тыңдап отыратын. 
«Адамның білімі мен өнері – адамшылық-
тың  таразысы»  дейді  Ұлы  ұстазымыз  Абай. 
Мәкең  бойында  қалыптасқан  ғылым  және  сол 
ғылымды  ‰йрету  өнері, ‰йрету  шеберлігі  бол-
ды.  Осы  қасиет  Мәкеңнің  ұстаздық  қабілетін 
даралай т‰сті. 
Мәкең  де – ұстаз.  Ол – ұстаздықтың  екі 
т‰рін бастан кешірген жан. Біріншіден, мектеп 
қабырғасында еңбек етіп, тер төкті, екіншіден,  
жоғары  оқу  орындарында  дәріс  беріп,  тіл ма-
мандарын дайындаумен айналысты. 
Мәкең  осы  екі  салада  да  жігерлі  қызмет 
атқарды.  Сондықтан  мектеп  шәкірттеріне  ұс-
таздық  ете  отырып,  тіпті  аудандық  оқу  бөлі-
мінің меңгерушісі болғаны да бар. 
Мәкең оқушыларын өзінің «Ана тілі» оқу-
лығымен сусындатты, көзін ашты, сауаттылық-
қа ‰йретті. Зерделей қарасақ, қазақ мектептері-
нің  бастауыш  сыныптарына  арнап  А.Байтұр-
сынов (1912), М.Дулатов (1916), М.Жолдыбаев, 
М. Жұмабайұлы (1924), А.Байтұрсынов, Т.Шо-
нанұлы (1926), Н.Төреқұлов (1924), Ж.Ай-
мауытов (1929), А.Абайдилдин,  Ғ.М‰сірепов 
1929  жылдары  жаңа  әліпби  жазғаны  белгілі. 
Бірақ  олардың  еңбектері  солақай  заман  дауы-
лына  тап  келді  де,  кеңестік  дәуір  мектепте-
рінде қолдануға рұқсат етілмеді, авторлар тегіс 
қудаланды.  Міне,  осы  кезде  сол  асылдардың 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          9 
 
ізін  жоғалтпау  ‰шін  М.Балақаев 1938 жылы 
қазақ  балаларына  арнап  әліппе  жазды.  Ол 
әліппе  бірнеше  жылдар  бойы  қайта  басылып 
отырды. 
Мәкең  бастауыш  сыныпқа  арналған  оқу-
лықтарында  әрбір  тақырыптарға  байланысты 
не өлең, не әңгімеден ‰зінді алып кірістіретін. 
Осы мақсатта өзі де көп ізденетін. Оның куәсі 
ретінде  Мәкеңнің  ертеде  өлеңдер  жинағы  да 
жарық  көргенін  айтуға  болады.  Сөйтіп,  оның 
оқулықтарының ішкі мазмұны өз ұлтымыздың 
таным-сенім  ерекшелігіне  негізделетін.  Әсі-
ресе Ы.Алтынсарин әңгімелерін оқулыққа жиі 
пайдаланатын.  
Мәкең 1949 жылы 7 жылдық  мектептер 
‰шін  синтаксис  оқулығын  да  жазды.  Міне, 
осы  еңбек  арқылы  Мәкең  қаншама  шәкіртке 
қазақ  тілі  грамматикасын  ‰йретті,  есімі  қан-
шама қазақ жастарының жадында қалды. 
Ұзақ  жыл  М.Балақаев  студенттерге  білім 
берді, 30 жыл  университетте  кафедра  бас-
қарды.  Сонымен  бірге  қырықтан  аса  жас 
ғалымдарға  жетекшілік  етті.  Олардың  келе-
шегін  айқындады.  Қазақстанның  бар  аймағы-
нан  келген  қабілеті  бар  жастарды  өз  қара-
мағына  алды,  өсірді,  ғылымда  өз  жолын  та-
буына себеп болды. Олардың алды 80-ге таяп 
қалса, ең жас шәкіртінің өзі 60-қа келіпті. Осы 
кадрлар  Қазақстанның  т‰кпір-т‰кпірлерінде, 
Қарақалпақстанда,  Өзбекстанда  жұмыс  істеп 
ж‰р.  Мәкең  шәкірттері  тіл  білімінің  Морфо-
логия, Синтаксис, Аударма, Тіл тарихы, Әдеби 
тіл,  Тіл  мәдениеті,  Стилистика,  Орфография, 
Араб  тілдерімен  салыстыру  салаларында  және  
оқыту әдістемесі ғылымында зерттеу ж‰ргізді. 
Мәкең  шәкірттерінің  бірқатары,  атап  айт-
қанда,  Ш.Сарыбаев,  Р.Әмір,  Е.Жанпейісов, 
М.Томанов, Қ.Есенов, Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, 
Х.Нұрмаханов,  Л.Р‰стемов,  Ф.Мұсабекова, 
Б.Хасанов,  Б.Шалабаев  сынды  ғалымдар  рес-
публикамызда  және   т‰ркологиядағы  белгілі 
ғалымдар  дәрежесіне  көтерілді.  Олар  Ә.Хайдар, 
Р.Сыздықова,  Ш.Сарыбаевтардан  кейінгі  тіл 
білімінің  тұлғалары  дәрежесіне  көтерілді.  
Енді сол шәкірттердің өзі қаншама шәкірттер 
дайындап,  егеменді  еліміздің  таңдаулы  тіл 
мамандарын тәрбиелеп келеді.  
Мәкең  шәкірттері  ана  тіліміздің  Мем-
лекеттік  тіл  дәрежесіне  көтерілуіне  белсенді 
атсалысқан  қайраткерлер  сапында  болды. 
Осылайша 95-ке  толып  отырған  профессор 
М.Балақаев  сынды  ұлы  ұстаздан  тағылым 
алған  шәкірттері  енді  өздерін  ‰лкен  жолда 
шыңдап келеді. 
М.Балақаев – қазіргі  қазақ  тілі  білімінің 
негізін қалаған ғалымның бірі әрі бірегейі. Ол 
отандық  ірі  оқу  орындарының  оқытушысы, 
профессоры, кафедра меңгерушісі бола ж‰ріп, 
ғылымдағы  жолын  кеңейте  т‰сті.  Бірақ  оның 
шығармашылық әлемі ішкі қайшылықтарға да 
кенде  емес  еді.  М.Балақаев  сынды  ғалымның 
білімінің  тереңдігі,  мінезге  байлығы,  өзгелер-
мен  сыпайы  да  табиғи  қатынасы  мен  мәде-
ниеті  өзге  әріптестерінен  шоқтығын  биіктете 
т‰сетін.  Ғалымдық  қабілеті  мен  адами  қа-
сиеттері  бір-бірімен  ‰йлесе  келіп,  ғылыми 
ортада  оның  беделін  арттыра  берді.  Сондық-
тан  да  ол  артына  мол  мұра  қалдырған  ғалым 
ретінде де, ешкімге ұқсамайтын ізгі болмысы-
мен  де,  әдемі  әрі  әсерлі  әзілдерімен  де  жұрт-
шылықтың  ж‰регінің  төрінен  орын  алғаны 
кәміл. Оның айқын дәлелі ғалымның көзі тірі-
сінде  де,  кейін,  өмірден  озған  соң  да  шәкірт-
тері  тарапынан  және  әріптестерінен  Мәкең 
туралы тек жақсы лебіздер ғана айтылатын. 
Тіпті  Мәкеңнің  шәкірттері  де  оның  осы 
адами  болмысын  ‰лгі  тұтатын,  оған  ұқсау- 
ға  тырысатын.  Мәкеңнің 80 жылдық  мерей-
тойында  сөйлеген  бір  кісі: «Мәкеңнің  сон-
шама  шәкірті  бармыз,  біздер  ж‰рсек  те,  к‰л-
сек те, сабақ берсек те Мәкеңнің байсалдылы-
ғынан ұзап кете алмаймыз. Мәкең аспирантта-
рының  ішінде  жетекшісіне  ұқсамайтын  тек 
Б.Хасанов еді», – дегені бар.  
Мәкеңнің өз ұстазына деген құрметі ерек-
ше  еді.  Әрине,  ұстазым  деген  сөзді  ол  кісінің 
аузынан  Құдайберген  Жұбанов  ақталғаннан 
кейін  ғана  естідік.  Осы  тұста  кім  кімнің  шә-
кірті  деген  мәселе  төңірегінде  М.Балақаев, 
Ғ.Мұсабаев,  А.Ысқақов  және  т.б.  ғалымдар 
арасында  пікірталастары  да  болатын.  Жақын 
ж‰рген  соң,  ұстазымнан  А.Байтұрсынұлы 
жайлы  ойларын  білгім  келіп  сыр  тартқаным-
мен, «Ол кісіні біле бермеймін» дегеннен әріге 
барған емес. Шынын айту керек, А.Байтұрсын-
ұлы жайлы ол кісінің аузынан не жағымды, не 
жағымсыз бірде-бір сөз естімедім.  
Байсалды  ғалым  сыртқа  білдірмегенімен, 
ұстазы  жайлы  іштей  тынып  ж‰реді  екен. 
Өйткені  ол  Қ.Жұбанов  туралы  шешіле  сөйле-
генде,  жыр  айтқандай  ерекше  шабыттанушы 
еді. Кейін ұстазы туралы бірнеше естеліктерін 
жариялады,  көптеген  жиындарда  салиқалы 
пікір  білдірді.  Ұстазымның  ұстазына  деген  
риясыз  құрметі  оның  әр  ісінен,  әр  сөзінен 

10                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
әркез сезіліп тұратын. Кейде тіпті бізге Мәкең  
Құдайберген  Жұбановтың  бел  баласындай 
әсер қалдыратын. Өйткені ол ұстазының жеке 
басын  ғана  емес,  оның  соңында  қалған  бала-
шағаларын  да  өз  бауырындай  жақын  тарта-
тын,  жақсы  көретін.  Біз  өзімізге  ‰лгі  тұтып, 
өнеге  санайтын  ұстазымыздың  өз  ұстазының 
алдындағы шәкірттік құрметіне қайран қалып, 
бас июші едік. Ол барлық уақытта ұстазының 
еңбегін  жоғары  бағалап,  дәріптеп  отыратын. 
Сондықтан  да  болар  М.Балақаев  1937  жылы 
15 мамырда «Социалистік Қазақстан» газетін-
де  Қ.Жұбановтың  «Қазақ  тілі  грамматикасы» 
туралы көлемді мақала жариялады.  
Мәкең  жазуға  өте  шебер  еді.  Мәкеңнің 
басшылығымен  тілдің  барлық  саласы  бойын-
ша  арнайы  оқулықтар  жазылып,  монография-
лар  жарық  көрді.  Мәкеңнің  оқулығы  өзге 
қаламдастарының  еңбектерінен    айрықша  кө-
рініп  тұратын.  Атап  айтқанда,  ғалымның  ең-
бектеріндегі ойдың т‰сініктілігі, сөйлемдердің 
жинақылығы,  пікірдің  дәлелділігі,  мысалдар-
дың  нақтылығы  мен  тәрбиелік  мәнінің  жоға-
рылығы  оқулық  жазуға  қойылатын  дидакти-
калық  талаптарға  толық  сай  келіп  жататын. 
Бірде  А.Ысқақовтың: «Бәріміз  де  жазамыз 
ғой, бірақ осы Мәкеңнің жазуы өз жазуымнан 
т‰сініктірек  көрінеді», – деуі  немесе  Ғ.Мұса-
баевтың  Мәкеңнің  «Тіл  мәдениеті»  кітабын 
талдауға  арналған  жиын  болатыны  жөніндегі 
хабарландыруды оқып тұрып: «Осы Мәулен – 
тақырып  тапқыштың  өзі.  Дәл  осы  тақырып 
к‰нделікті  баспасөзден  де,  теледидардан  да 
көтеріліп  ж‰ргенін  көргенімізбен,  осы  мәсе-
лені  арнайы  тақырып  етіп  көтеру  керек-ау 
деген нәрсе ойымызға да келмепті. Ал Мәкең 
болса,  оған  арнап  жеке  еңбек  арнапты,  енді 
осы бағытта кандидаттар да шығаратыны дау-
сыз», – дегені  ғалымның  тапқырлығы  мен 
көрегенділігіне  берілген  шынайы  баға  болса 
керек. 
Әзілге  жаны  құмар  Мәкең  айтарын  астар-
лап  сыпайы  ғана  жеткізе  алатын.  Ол  кісі  еш 
уақытта  біреудің  сыртынан  ғайбаттап,  жел 
сөзге  ‰йір  болған  емес.  Замандастары  немесе 
шәкірттері туралы  ыңғайсыз  әңгімелерге  бар-
майтын.  Сондықтан  да  ол  к‰ншілдіктен,  бақ-
таластықтан  бойын  аулақ  ұстайтын.  Оның 
өзіне  де  дұшпандықпен  қарайтындар  жоқ  бо-
латын. Мәкең айналасындағы адамдарды өзге-
лердің пікірімен, сөзімен емес, тек қана өзінің 
көзқарасы  бойынша  бағалайтын.  Бір  қызығы, 
Мәкеңнің де, Ісмет Кеңесбаевтың да қыздары 
әкелерімен  бір  институтта  қызмет  істеді. 
Қызына  ұнамаған  адамды  Секең  де  ұнатпай 
қалатын.  Ал  Мәкеңде  ондай  сөзге  еретін  өз-
гермелік қасиет жоқ еді. 
Әрине, өмір болған соң жұмыс барысында 
қызметкерлер  арасында  кірбің  болмай  тұр-
майды.  Ондайдың  шет  жағасын  Мәкеңнің 
ҚазМУ-да,  Ғылым  академиясында  қызмет 
еткен  кездерінде  көрдік  те.  Бірақ  Мәкең  қан-
дай  жағдайда  да  салмақты  жауап  беріп,  шие-
леністің  өршуіне  жол  бермейтін.  Тіпті  соңғы 
кезде  академик  Ә.Хайдар  айтқандай, «Тіл 
білімі  институтында  туындап  жататын  пікір-
таластары кезінде Мәкең өзінің әзілімен кере-
ғар мәселелерді де оңай шешіп, ортақ мәмлеге 
келтіріп жіберетін. Ондайда ашу тарқап, т‰сі-
ністік орнап, тіпті ұжымды к‰лдіріп те алатын 
сәттері болатын».  
Мәкеңнің  кейінгілерге  сабақ  болар  бір 
тағылымдық  ісіне  екі  шәкірті  қатар  куә  бол- 
ған жайымыз бар. Академик Н.Сауранбаевтың 
педагогикалық  училищелерге  арнап  жазған 
оқулығы  к‰ні  б‰гінге  дейін  өзінің  құнын  жо-
ғалтпаған және тіл білімінің салаларын қамти 
отырып  жинақы  жазылған  оқулық  екені  дау-
сыз.  Бірақ  автордың  көзі  жұмыла  салысымен 
оның осы еңбегін екі автор бөліп пайдаланып 
кете  барды.  Осы  жағдай  ойлантты  ма  әлде 
ұстазымыздың  көрегендігі  ме,  әйтеуір  Мәкең 
өзінің  ‰ш  оқулығына  Мырзатай  екеумізді 
қосалқы  автор  етіп  кіргізуге  өзі  қол  қойып, 
рұқсатын  берді.  Расында  да,  ол  кісінің  тұс-
тастарының  көпшілігінің  есімдері  өздері  тірі 
кезінде  жарық  көрген  оқулықтарымен  ғана 
шектеліп жатса, Мәулен Балақаевтың есімі әлі 
к‰нге  дейін  жаңа  басылымдарда  көрсетіліп, 
оның ғылыми мұралары заман ағымына қарай 
толығып,  жетілдіріліп  келеді.  Бұл  да  көпті 
көрген,  сол  көргенін  көңіліне  т‰йген  ұстазы-
мыздың бізге берген өмір сабағы екені даусыз. 
Өмірінің  соңғы  кезеңдерінде  Мәкеңнің  өз 
еңбектеріне  іштей  көңілі  толып,  тағдырына 
ризалық  танытқан  кездерін  көрдік.  Әңгіме-
лесіп арқа-жарқа отырған сондай кездерімізде 
тіл  мәдениетіне,  өзінің  өмірінен  жазылған 
естеліктеріне арналған еңбектерінің жекелеген 
беттерін  кейде  өзі  оқып,  кейде  бізге  оқытып 
отырып: «Ойпырай,  осыншалықты  ойды  қай-
дан  таба  бергенмін»  немесе  «Мына  бір  сөй-
лемдердің өрнектері ерекше ғой», – деп, әзіл-
шынын  араластыра  сөйлеп,  бір  марқайып, 
көңілденіп қалушы еді.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          11 
 
Ия, ғалымдық ғибраты мол, адами қасиет-
тері  айрықша  ұстазымның  тұлғасы  уақыт 
өткен  сайын  көз  алдымда  биіктеп  барады.  
Бәлкім, «Жақсының  аты,  ғалымның  хаты өш-
пейтінін» нақтылап айтқан ұлы халқымыздың 
даналық ойының бұл да бір дәлелі болса керек. 
Профессор  Ш.Сарыбаевтың  аузынан  мы-
надай  қызық  әңгіме  естігенім  бар: «Мәкең 
екеуміз  бір  жаққа  баратын  болып,  машина 
ұстадық.  Екеуміз  таксиде  келе  жатып,  так-
сиске  асығыс  екенімізді  ескертіп,  тезірек  ж‰-
руін өтінген едік. Бірақ кейде таксистердің де 
қызық мінезі болатыны белгілі ғой. Кімсіңдер, 
соншалықты  дегендей  кейіп  танытты.  Сонда 
мен  қарап  отырмай: «Ай,  балам,  мектепте 
қазақ  тілін  оқып  па  едің?  Сонда  М.Балақаев  
деген  есімді  естіп  пе  едің?  Мына  кісі  сол  
Мәкең  болады», – дедім.  Сонда  таксист: «Ол 
кісіні  естіп  білгенім  болмаса,  көрген  емес 
едім», – деп, жайлап бір қарап алды да, көңіл-
ді  т‰рде: «Болды!  Мен  қазір  ғана  емес,  б‰кіл 
қала бойынша қайда барамын десеңіздер де сіз-
дерді  алып  барамын», – деді.  Мәкеңнің  «Ана 
тілін»  бір  жыл  оқыған жай  таксистің  өзі  оған 
осылай ‰лкен құрмет көрсетіп еді. Ал ол кісінің 
алдын  көрген,  жақсылығын  сезінген  жандар-
дың Ұстаз ұлағатына бас имеуі м‰мкін де емес! 
Ұстаз жолы шәкірттер арқылы жалғаса береді... 
____________________________________________ 
1.  Т. Сайрамбаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Сөз 
тіркесі. Алматы «Арыс» 2010 жыл. 608-6012 беттер. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал