Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет19/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61

 
Э. Икрамова 
ИНВЕРСИЯ В КАЗАХСКИХ ПОСЛОВИЦАХ И ПОГОВОРКАХ 
 
В статье рассматривается инверсия казахского языка в пословицах и поговорок.  
 
E. Ikramova 
INVERSION IN KAZAKH PROVERBS AND SAYINGS 
 
The article deals with the inversion of the Kazakh language in proverbs and sayings. 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          109 
 
Ғ. Қ. Иманалиева, 
әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. 
 
ЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ  ҚЫЗМЕТІ 
 
 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  эмоционалды  сөз-
дердің  ‰лкен  бір  бөлігін  еліктеуіш  негізді 
сөздер  құрайды.  Қазақ  тіл  білімінде  болсын,  
басқа  тілдерге  қатысты  зерттеулерде  болсын 
еліктеуіштер  мен  одағайлар  эмоцияға  қа-
тысты, эмоцияның әсерінен пайда болған сөз-
дер  деген  пікір  айтылады.  Осы  ерекшелігіне 
байланысты  одағайлар  мен  еліктеуіш  сөздер 
бірге  қарастырылып, 1950 жылдарға  дейін 
еліктеуіш  сөздер  одағайларға  жатқызылып 
келген  болатын. 1948 жылы  А.  Ысқақов 
«Еліктеу  сөздер  туралы»  деген  мақаласында 
еліктеуіш  сөздерді  жеке  сөз  табы  деп  дәлел-
деп,  оны  одағайлардың  қатарынан  бөліп  шы-
ғаруды  ұсынды [1, 50-56]. 1950 жылдардан 
бастап А. Ысқақов еліктеуіш сөздерді оқулық-
тарға дербес сөз табы деп кіргізді. 1954 жылы 
еліктеуіш  сөздер  алғаш  рет    грамматикаға  да  
жеке сөз табы ретінде  енгізілді.  Қазіргі кезде 
еліктеуіш  сөздер    орта  мектепке,  жоғары  оқу 
орындарына  арналған  оқулықтарда  жеке  сөз 
табы  ретінде  қарастырылады.  Қазіргі  қазақ 
тілінде еліктеуіш сөздер дыбыстық еліктеуіш-
тер  және  бейнелеуіш  сөздер  деп  бөлінетіні 
белгілі.  Еліктеуіш  сөздер 2001 жылы  жарық 
көрген  «Қазақ  грамматикасында»  еліктеуіш 
сөздер  және  бейнелеуіш  сөздер  деп  бөлініп, 
еліктеуіштерге  төмендегідей  анықтама  бері-
леді: «Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшыра-
сатын  сан  алуан  құбылыстар  мен  заттардың 
бір-біріне  қақтығысу-соқтығысуларынан  туа-
тын  дыбыстарды,  сондай-ақ,  жан-жануарлар-
дың  дыбысталу  м‰шелерінен  шығатын  әр 
т‰рлі  дыбыстарды  есіту  қабілеті  арқылы 
белгілі-белгілі  т‰сініктер  ретінде    қабылдау-
дан  болған  және  сол  т‰сініктердің  атаулары 
ретінде  қалыптасқан  сөздерді  айтамыз» [2, 
550].    Біз  өз  тарапымыздан  еліктеуіш  сөздер-
дің  адам  эмоциясын  білдіру,  бейнелеу  бағы-
тындағы  қызметінің  өзіндік  ерекшеліктеріне 
тоқталмақпыз.  
Еліктеуіш сөздер адам эмоциясының т‰рлі 
қырын  адамның  қимылы,  дауысы,  көзқарасы, 
ж‰рісі  т.б  арқылы  да  білдіре  алады.  Бұл  тұр-
ғыда  қарастырғанда  еліктеуіш  сөздің  мағы-
насы  ешбір  сөз  табына  ұқсамайды  деуге  бо-
лады. Мысалы, 
 
 
Ноян 
қарқ-қарқ  к‰ліп  қолын  бір  сілтеді  
(С. Мұратбеков). 
Тоқа  да,  Сәмбет  те  екеуі  бірдей  бұған 
жалт қараған  (С. Мұртабеков). 
Жынды  Қара  деген  жігіті  қазақ  пен 
сарттың айтысқанын айтып, қонақтарды 
ду 
к‰лдірді (Ж. Аймауытов). 
Келтірілген  сөйлемдердегі  еліктеуіш  сөз-
дер  адам  эмоциясын  дыбысқа  және  бейнеге 
қарай  білдіру  қызметін  атқарып  тұр.  Елік-
теуіштердің  затты,  заттың  санын,  сынын,  қи-
мылды,  қимылдың  сынын    білдіретін  сөздер-
мен  салыстырғандағы  басты  ерекшелігі  адам-
ның  сезім  м‰шелерінің  реакциясы  нәтиже-
сінде  пайда  болады,  яғни  дыбысты  естудің, 
бейнені  көрудің,  дәмді  сезудің    адам  сана-
сында  қорытылуы.  Бұл – еліктеуіштерді  сөз 
табы ретінде танудағы басты ұстаным. Бірінші 
сөйлемдегі  қарқ-қарқ  еліктеуіші  Ноянның 
к‰лкісінің  нәтижесінде  естілген  дыбыстың 
атын  аңғартып,  соған  сәйкес  сол  т‰сініктің 
атауы  бола  алып,  к‰лкі  эмоциясына  байла-
нысты  естілетін  көптеген  реңктің  бірін  біл-
діріп  тұр.  Ал  екінші  сөйлемдегі  жалт  елік-
теуіші дыбысты емес, Тоқа мен Сәмбет бұған 
қараған  кездегі  көріністі,  сол  көріністің  бей-
несін  білдіреді.  Жалт  еліктеуіші  көзбен  көру 
қабілеті  арқылы  қабылданған  көріністің  бей-
несінің  атауы  қызметін  атқарып  тұр.  Жалт 
еліктеуіші  іс-әрекеттің  сыртқы  көрінісінің 
бейнесін ғана емес, сонымен бірге оның шап-
шаң  болғандығын,  яғни  айтылған  сөздің,  я 
болмаса  жасалған  басқа  да  іс-әрекеттің  Тоқа 
мен  Сәмбетке  қатты  әсер  еткендігін  де  біл-
діреді. Оған толық талдау жасау ‰шін аталған 
сөйлемді  оны  қоршаған  тілдік  бірліктерімен 
бірге  микромәтін  ретінде  алып  қарастыру  ке-
рек.   
Еліктеуіштердің  ең  ‰лкен  ерекшелігі  көп 
жағдайда олар арқылы эмоцияның жағымды, я 
жағымсыз екендігі, сонымен қатар эмоцияның 
деңгейі бірден белгілі болуы. Мысалы, 
Қалаша  әдемі  киінген  сұлу  келіншек 
ақсия 
к‰ліп бұған қарап келе жатыр (С. Мұратбеков). 
Сөйлемде  к‰лу  эмотив-етістігімен  тіркес-
кен  ақсия  еліктеуіші    бірден  бірнеше  қызмет 
атқарып тұр. Олар: эмоцияның (к‰лу) бейнесі; 

110                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
сол  эмоция  кезіндегі  адамның  бет-әлпетінің 
бейнесі; эмоцияның деңгейінің орта деңгейден 
жоғарылығы,  яғни  жай  к‰ліп  қана  немесе 
жымиып  қана  келе  жатқан  жоқ,  ақсия  к‰ліп 
келеді,  яғни,  қуаныш  ‰стіндегі  адамның  бей-
несі;  сонымен  қатар  ақсия  к‰лу  –жағымды 
эмоцияның бейнесі.  
Еліктеуіштер  бейнелі  сөздердің  қайнар 
көзі.  Хабарлау,  ақпарат  беру  мақсатында 
қолданылатын етістіктердің орнына еліктеуіш 
негізді,  я  болмаса  еліктеуішпен  тіркесу  ар-
қылы  жасалған  етістіктерді  қолдану  сөйлем-
нің  эмоционалды-экспрессивтік  бояуын  к‰-
шейтеді. Мысалы,  
Әжемнің  тыныс  алуы  сиреп,  ауыр  бір  ал-
қынысқа  айналды.  Оң  қолының  білегінен  ұс-
тап  отырған  Әсембайдың  әйелі: «Әже-
тайым-моу!..»,-  деп  булығып 
еңіреп  жіберді  
(С. Мұратбеков).  
Осындағы  дыбыстық  еліктеуіш  негіз  бо-
лып тұрған еңіреп жіберді тілдік бірлігі жы-
лады  етістігінің  орнына,  сөйлемнің  эмоцио-
налдылығын  к‰шейту,  ойды  бейнелі  жеткізу 
мақсатында қолданылған. Басқа етістіктермен 
салыстырғанда  еліктеуіш  негізден  болған 
етістіктердің    экспрессивтілік  қасиеті  басым, 
эмоциялық бояуы қанық болатындығы белгілі. 
Эмоцияны  білдіру,  бейнелеу  мақсатында 
жұмсалатын еліктеуіш сөздер эмоциялық про-
цесті,  адамның  жағымды,  жағымсыз  бейнесі 
мен  к‰йін  сипаттайды.  Олардың  сөйлемде 
қандай  м‰ше  қызметін  атқаруы  қандай  сөз-
дермен  тіркесуіне  байланысты.  Эмоцияны 
еліктеуіштер  арқылы  білдіру  мақсатында 
жұмсалған  кезде  оның  етістіктермен  жиі  тір-
кесетіні,  негізінен  баяндауыш  қызметін  атқа-
ратыны  байқалады.  Еліктеуіштер  негізгі  етіс-
тіктермен  де,  көмекші  етістіктермен  де  тірке-
седі. Көмекші етістікпен тіркескен кезде оның 
қай  формада  тұруына  байланысты,  сол  құ-
рамға кіріп, к‰рделі бір м‰ше болады. Мысалы, 
– Өй, сендер өзі тура әңгімеге көшпей, бос 
сөзге айналып кеттіңдер ғой, – деп 
к‰ңк ете 
т‰сті, ‰нсіз отырған Әзиев  (С. Мұртабеков).  
Жанай  бет-аузын  жалын  шалғандай  ла-
пылдап 
ду ете т‰сті  (С. Мұратбеков).  
Сөйлемдердегі  к‰ңк  ете  т‰сті,  ду  ете 
т‰сті
  тілдік  бірліктері  баяндауыш  қызметін 
атқарып  тұр.  Бірінші  сөйлемдегі      к‰ңк  ете 
т‰сті  баяндауышы  дыбыстық  еліктеуішке 
негізделіп, Әзиевтің жағымсыз эмоциясын біл-
дірсе,  екінші  сөйлемдегі  ду  ете  т‰сті  баян-
дауышы адамның қатты ұялу, қысылу эмоция-
лары  әсерінен  болатын  беттің  ысуына  қатыс-
ты физиологиялық  к‰йін білдіріп тұр.   
Еліктеуіштер  дербес  мағыналы  бір  негізді 
етістіктермен  тіркескенде  эмоцияның  сын-си-
патын, қалай жасалғандығын білдіреді де, сөй-
лемде  пысықтауыш  қызметін  атқарады.  Ды-
быстық  еліктеуіштер  көп  жағдайда  жылау, 
к‰лу  сияқты  эмоциялардың  дыбыстық  тұрғы-
дағы  сипатын  білдіріп,  қалай?  деген  сұраққа 
жауап береді. Мысалы, 
Моторбай  көзі  жыртиған  к‰йі 
сақ-сақ 
к‰лді
 де, тістене тұрып рычагті кейін тарт-
ты (С. Мұратбеков). 
Эмоцияны  білдіру  мақсатында  жұмсала-
тын еліктеуіштердің бірқатары соған қатысты 
тұрақты сипатқа  ие болып есім формаларын-
да да жұмсалады. Мысалы, 
 «Көрерсіңдер де білерсіңдер-ау, осы қуаяқ 
бар ғой, Бәтішті масқаралап тастап кетеді», – 
десті 
сыпсыңшыл жеңгелер (М. Мағауин). 
Осы  сөйлемдегі  сып  еліктеуіші  -сың    қо-
сымшасы арқылы зат есімге, одан сын есім ту-
дырушы    -шыл  жұрнағының  жалғану  арқылы 
сын  есім  формасына  өтіп,  сөйлемде  анық-
тауыш қызметін атқарып тұр. 
Еліктеуіштер  және  еліктеуіш  негізінде 
жасалған  етістіктер  мен  есімдер  арқылы  жа-
ғымды  және  жағымсыз  эмоцияға  тән  реңктік 
мағына  білдіріліп,  адамның  психологиялық 
к‰йі де беріледі. Мысалы,   
–  Мейлі,  өзің  біл.  Тіпті  ешқайда  т‰сірмей 
алып кетсең де еркіңдемін ғой, – деді К‰лшара 
сыңғырлай к‰ліп (С. Мұратбеков). 
Әлгінде  ғана  көздеріне  елестеген  «к‰п-
пахты»,  абақты  тарс  ұмытылып,  Кәрібжан 
мен Сатан 
сылқ-сылқ к‰ліп мантышіге келді 
(І. Жанс‰гіров).  
Сөйлемдердегі  сыңғырлау,  сылқ-сылқ  тіл-
дік бірліктері жағымды к‰лкі эмоциясына тән 
қасиеттерді  білдіріп,  адамның  жайдары  к‰йі-
нен де хабар береді. Төмендегі сөйлемдердегі 
д‰ңк ету, қыңқылдау, бедірею тілдік бірліктері 
жағымсыз  эмоцияға  тән  сипатты  көрсетіп, 
адамның  ашулы,  мазасыз,  қайғылы  к‰йлерін 
білдіріп тұр.  
– Сенсің, – деді 
д‰ңк етіп. – Сен кінәлісің! 
Баяғыда-ақ  көшу  керек  еді!  Кету  керек  еді! 
Енді міне... (С. Елубаев).   
...Дастархан  ‰стінде.  Мен  шыныаяқ  алып 
беріп отырмын. Шай ‰стінде Шаяхмет 
қың-
қылдай береді (І. Жанс‰гіров).   
Жанай қозғалмастан терезеге қарап 
беді-
рейіп отыра берді (С. Мұратбеков). 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          111 
 
Ш‰ңк  еліктеуіші  негізінде  жасалған  етістік-
тердің  жағымды,  жағымсыз  сипаты контексте 
ғана  белгілі  болады.  Төмендегі  микро-мәтін-
дегі  ш‰ңкілдесу  екі  адамның,  жаңадан  қосыл-
ған  ерлі-зайыптылардың  арасындағы  жағымды 
қарым-қатынасты көрсету ‰шін қолданылған.  
–  Ұзақ,  қолыңды  жу, – деп  дауыстады 
Тана. Онан соң екеуі сандық ‰стіне дастархан 
жайып ш‰йіркелесе
 ш‰ңкілдесіп тамақ ішті. 
Екеуінің  қосылғаннан  бері  сырт  көзден 
қорғаншақтамай  бетпе-бет  оңаша  бірінші 
рет отырулары еді бұл (С. Мұратбеков). 
«Лебізді  ‰йреншіктіден  өзгеше  етіп,  т‰р-
лендіріп  айтуға  қазақша  сөйлеуші  ‰збей  ұм-
тылады. Мұны қазақ сөзінің дәст‰рі деуге бо-
лады», - дейді  ғалым  Р.Әмір.[3, 116] «Т‰рлі-
лікке және ‰немділікке ұмтылу сөйлеуде ылғи 
қатар жарыса ж‰реді. Осыдан туған процестер 
–  тілдің  дамуының,  жетілуінің  негізгі  бір 
бұлақ  көзі» [4]. Көркем  шығармада  тiлдiк 
құралдарды  дұрыс,  ұтымды  қолдана  бiлудiң 
‰лкен  мәнi бар.  Жазушы  ‰шін  айтылатын ой-
дың  мазмұнына  байланысты  тiлдiк  құрал-
дарды  сұрыптап  қолдану  заңдылықтарының,  
сөз  арқылы  жеткiзiлетiн  ой  мен  оның  маз-
мұнының арасында тығыз байланыстылықтың 
мәні зор. Ішкі эмоцияны сөзбен беру - жазушы 
‰шін  табиғи  қасиет.  Экспрессивті  қызмет   
сөйлеушіге  қандай  да  бір  ақпаратты  жеткізіп 
қана  қоймай,  оның  сөйлеушінің  хабардың 
мазмұнына,  әңгімелесушіге,  қарым-қатынас 
жағдайына  көзқарасын,  яғни  ішкі  жай-к‰йін 
білдіруінің  құралы  қызметін  атқаруға  м‰м-
кіндік береді. Лебізді экспрессивті етіп құруда 
еліктеуіштердің рөлі орасан зор. Мысалы, 
Оның  ән  салғаны  бір  порым  екен. 
К‰жіл-
деп,  ызбарланып,  ышқынып,  тістеніп,  шы-
тынап кетеді екен. Ән салғаны төбелеске бер-
гісіз.  Әншілердің  көбі  т‰р  шығарам  деп,  әуре 
болады.  Жақсы әнді бұзып жібереді. 
Қиқыл-
дай ма, шиқылдай ма, аупылдай ма мазарат... 
Есіл  әнді  бей-берекет  қылады.  Бет-аузын 
тыржитып,  зорланып,  к‰штеніп  отырып 
салған соң ән бола ма? (Ж.Аймауытов) 
 Берілген  микромәтінде    еліктеуіштер  бір-
ден  бірнеше  қызметті  атқарып  тұр.  Бірінші-
ден, салыстыру. Жақсы әнші мен нашар әнші. 
Бірі әнді к‰жілдеп, ызбарланып, ышқынып, тіс-
теніп, шытынап  айтса
, екіншісі қиқылдап, ши-
қылдап,  аупылдайды.  Жайшылықта  антоним 
бола  алмайтын  сөздер  контексте  антоним  ре-
тінде қолданылып тұр. Екіншіден, қарқынды-
лық.  Адам эмоциясының бірте-бірте  к‰шеюі 
к‰жілдеу,  ызбарлану,  ышқыну,  тістену,  шы-
тынау  немесе  тыржитып,  зорланып,  к‰ш-
теніп  арқылы  көрініс  тауып  тұрса,  эмоция-
дағы  бәсеңділік    қиқылдай  ма,  шиқылдай  ма, 
аупылдай ма
 арқылы көрініс тапқан. Бұл – жа-
зушы шеберлігі.   
 Сөздің  қандай  дауыс  ырғағымен  айтыл-
ғандығы  көп  жағдайда  сөз  мағынасына  қара-
ғанда  маңызды  болуы  м‰мкін.  Дауыстың 
реңктері  айтылатын  сөздің  мән-мағынасына 
‰лкен  әсер  етіп,  адамның  т‰рлі  көңіл-к‰йі 
туралы мәліметті тыңдаушыға бірден білдіріп 
тұратындықтан,  басқа  адамға  берілетін  ақпа-
раттың  жеткізілуінде  дауыстың  ерекшелігі 
маңызды факторлардың бірі болып табылады. 
Дыбыстың  тыңдаушыға  әсер  етушілік  қыз-
метін зерттеуші Н.В. Кириченко өз еңбегінде: 
«Учет  данных  междисциплинарного  характера, 
прежде  всего,  данных  нейро-  и  психолин-
гвистики,  обусловливает  принятие  в  качестве 
исходного положение об акустической природе 
языка. Язык зарождается у ребенка в звучащем 
виде и в звучащем виде функционирует.  Пись-
менность строится из элементов, которые чело-
век  выделил,  извлёк  из  звучащей  речи,  она 
является  способом  фиксации  звучащей  речи. 
Экспрессивные  средства  имеют  акустическую 
природу, не связанную с кодом письма. Следо-
вательно, первичными средствами выражения 
эмоциональности являются средства звучащей 
речи, прежде всего, мелодика, ритмика, тембр, 
а также сегментные средства. Именно они спо-
собны эмоционально окрашивать любую фразу, 
а также любую лексему», – деп жазады [5, 11]. 
Сөздің  айтылу  реңкі  адамның  т‰рлі  эмо-
циясы  мен  көңіл-к‰йінен  ғана  емес,  сол  сөзді 
сеніммен  әлде  к‰мәнмен  айтып  тұрғандығы-
нан да хабар береді. Мысалы, 
Жігіт 
дірілдеген ‰нмен: 
–  Ендігері  айтпа  мұндай  сөзді, – деді   
(С. Мұратбеков). 
Төменде  келтірілген  микромәтіннен  адам 
эмоциясының әсерінен жоғары тонмен бастал-
ған  сөйленістің  аяғына  қарай  қалай  төмендеп 
кеткендігін байқауға болады. 
Жұмағұлдың  ойын  кемпірінің 
шаңқ  еткен 
даусы ‰зді: 
–  Неменеге  аңырып  қалдың,  жон  ана  қу 
ағашыңды!  Сені  мен  маған  енді  содан  басқа 
не қалды. Өстіп екеуден-екеу қуарып отырып 
бір  к‰ні  өлеміз.  С‰йегімізді  көміп,  басымызға 
құран  оқитын  да  адам  табылмас... – 
Сөй-
леген  сайын  даусы  бәсеңси  берді  де,  аяғы 

112                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
кемсеңдеуге айналды. – Құдай маңдайымызға 
сондай  шашы  сербиген  бір  жаман  қызды  да 
жазбады  ғой,  тескентаудан  өтіп  кетсе  де 
пәлен  жерде  ұрқымыз  бар  деп  көңілге  медеу 
тұтып ж‰ретін... (М. Мағауин). 
Төмендегі  ‰зінділерден  де  к‰шті  эмоция-
дан  хабар  беретін  тоналды  диапазонның  кө-
лемді, көтеріңкі ‰лгісін көруге болады.   
–  Сіздің  хақыңыз  жоқ! – деді  шал 
баж 
етіп.  Жіңішке  даусы  ащы  екен.  Құлағымды 
жарып жібере жаздады (М. Мағауин). 
Тоналды  диапазонның  көлемсіз,  бәсең  кө-
рінісі: 
Кәмен хатты жұмарлай ұстаған к‰йде: 
–  Бәсе,  бәсе... – 
деп  к‰бірледі. – Ертеден 
бері ж‰регім аузыма тығылып мазам болмап 
еді... Бәсе... (С. Мұратбеков). 
«Бұл сұмдық болды ғой, сұмдық болды ғой.. 
– 
дей  берді  к‰бірлеп. – Осыдан  аман  жетер 
ме екем ‰йге...» (С. Мұратбеков).  
Көркем мәтінде кейіпкер сөзі жалаң т‰рде 
емес  қарым-қатынастың  өту  жағдайы,  орны, 
кейіпкердің  дене  қалыптары  мен  қимыл-қоз-
ғалыстары т.б. да компоненттердің қоса сурет-
телуі арқылы беріледі. Кейіпкер эмоциясы бе-
рілген  кезде  көркем  шығармада  аталған  эле-
менттер  де  маңызды  рөл  ойнайды.  Оларды  
бейнелеу,  кейіпкер  эмоциясымен  ‰ндестіру 
арқылы біртұтас сурет жасалады. 
Ж‰регі  т‰скір 
су-у-у  ете  қалды.  Аяғымен 
жер  тепкілеп,  аузы-басы 
кемсеңдеп,  өзін-өзі 
тежей алмай, ал кеп бір 
аңырасын, боздасын 
сорлы ана (Ш. Айтматов). 
Ж‰регі т‰скір су-у-у ете қалды – бұл эмо-
цияның тікелей адам ағзасына әсерін көрсетеді. 
Автор кейіпкердің ішкі жан-д‰ниесіндегі өзгері-
сін  аталған  фразеологизм  арқылы  ұтымды 
жеткізіп  тұр.  Бұл  автордың  кейіпкер  эмоция- 
сын  жеткізуінің  бір  ғана  тәсілі,  бір  ғана  көрі- 
нісі.   
Қорыта келгенде, еліктеуіш сөздер көркем 
әдебиет  стилінде,  ауызекі  сөйлеу  стилінде 
ерекше мәнер алып, адамның көңіл-к‰йіне қа-
тысты  эмоциялық  реңк  беру,  образды  ашу, 
бейнелеу қызметтерін атқарады.   
Еліктеуіштердің  ең  ‰лкен  ерекшелігі  көп 
жағдайда олар арқылы эмоцияның жағымды, я 
жағымсыз екендігі, сонымен қатар эмоцияның 
деңгейі  бірден  белгілі  болады.  Еліктеуіштер 
бейнелі  сөздердің  қайнар  көзі.  Еліктеуіш  сөз-
дердің  ойды  дәл,  қысқа,  анық  жеткізуде  де 
өзіндік орны бар. 
_____________ 
1. Ысқақов А. Еліктеуіш сөздер туралы // Халық мұға-
лімі. 1948. №6. –50-56 бб. 
2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 б. 
3.  Әмір  Р.,  Әмірова  Ж.Р.  Құрмалас  сөйлемдер  қазақ 
тілінің  грамматикалық,  функционалдық  ж‰йесінде. – Ал-
маты, 2009. – 122 б. 
4.  Карцевский  С.  Об  асмиметрическом  дуализме  лин-
гвистическогознака. – Прага, 1929. 
5. Кириченко Н.В. Экспрессивные средства звучащего 
рекламного  текста:  Дис.  канд.  филол.  наук. – Воронеж, 
2007. – 255 с. 
 
Г. Иманалиева 
ЭМОЦИОНАЛЬНО-ЭКСПРЕССИВНАЯ ФУНКЦИЯ ПОДРАЖАТЕЛЬНЫХ СЛОВ 
 
  Язык в своей коммуникативной функции используется не только для выражения мыслей, но и для выражения 
субъективного  отношения  говорящего.  В  данной  статье  рассматривается  эмоционально-экспрессивная  функция 
подражательных,  анализируется  лингвистическая  литература  посвященная  проблемам  эмоциональности  и 
экспрессивности в казахском языкознании.  
 
G. Imanalieva 
EMOTIONALLY EXPRESSIVE FUNCTION OF IMITATIVE WORDS 
 
Language is not only used to express thoughts, moreover for the expression of the subjective attitude of the speaker. 
This article focuses on the emotional and expressive function of imitative words; linguistic literature devoted to problems 
of emotionality and expressiveness in the Kazakh linguistics is analyzed. 
 
                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          113 
 
С. М. Иманқұлова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті, ф.ғ.к. 
 
МОДАЛЬДІЛІК МАҒЫНАЛАРЫ НЫҢ  БЕРІЛУІ  
 
 
Модаль сөздерді өз еңбектерінде арқау еткен 
Е.И.Убрятова,  Н.А.Баспанов,  Н.Ж.Дмитриев, 
А.Н.Кононов,  В.В.Виноградов,  Г.А.Золотова, 
Т.П.Ломтев, 
А.В.Бондарко, 
Н.Е.Петров, 
В.Н.Бондаренко  т.б.  ғалымдар  сөйлемде  ай-
тылған  ойдың  мазмұнына,  болған  шындыққа 
айтушының  көзқарасын  білдіретін  сөздер  деп 
жеке  қарастырады.  Модальдік  реңк  одағай-
ларда  да,  қыстырма  сөздерде  де,  сұраулық 
шылауларда  да  кездеседі.  Бірақ  бәрін  модаль  
сөз  деуге  болмайды.  Сөйлем  мазмұнының 
ақиқат  шындыққа  қатынасы  жөніндегі  сөй-
леушінің  пікірін  білдіретін  арнаулы  сөздерді 
модаль сөздер дейді.  
Қазақ  тіл  білімінде  модаль  сөздерді  зерт-
теу кешірек қолға алынды. Бар-жоғы шамалы 
ғана  сөздерді  жеке  сөз  табы  ретінде  қа-
рау-қарамау  туралы  әр  т‰рлі  пікірлер  орын 
алғанымен, 2002 жылдан бастап «Қазақ грам-
матикасына»  енгізіліп,  көмекші  сөз  табы  ре-
тінде қарастырылады.  
С.  Кеңесбаев  қазақ  тiлiндегі  модаль  сөз-
дердің,  яғни  сөйлем  мазмұны  жөнiндегi  сөй-
леушi  адамның  пiкiрiн  бiлдiретiн  сөздердің  
жеткiлiкті  зерттелмегендігін  айтса, [1; 63] 
1958 жылы Е.Жанпейісов «Қазіргі қазақ тілін-
дегі модаль сөздер» атты кандидаттық диссер-
тациясында модаль сөздердің тілдік табиғаты-
на  толығырақ  тоқталады.  Қазақ  тілінде  мо-
дальдік  мағынаны  білдіруде  қолданылатын 
тілдік  құралдарға,  етістіктің  райларын,  инто-
нация,  қыстырма  сөздер,  модаль  сөздер,  кей-
бір  демеулік  шылауларды  жатқызады.  Сөйтіп 
оларды  семантика-құрылымдық  белгілеріне 
байланысты  сөз  табы  деп  тануға  әдбен  бола-
тынын дәлелдейді.  
1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі 
сөздер мен таптарының морфологиялық құры-
лысы»  атты  еңбегінде  Т.Ерғалиев  қазақ  тілі 
сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші 
сөздер, азат сөздер деп ‰лкен ‰ш топқа бөледі, 
ары  қарай  олардың  бірнешеуінің  басын  қоса-
тын  сөз  таптары  да  пайда  болады  дейді. 
Т.Ерғалиев  көмекші  сөздерге  шылауларды 
жатқызса,  азат  сөздер  тобы  ретінде  модаль 
сөздер мен одағайларды атайды. 
 
 
 
С.Исаевтың  еңбегінде  алғаш  рет  модаль 
сөздер сөз табы ретінде көрсетіледі [2]. Кейін 
2002 жылғы «Қазақ грамматикасында»: «атау-
шы  сөздерден  басқа  көмекші  сөздердің  бір 
т‰рі шылаулар және одағай сөздер мен модаль 
сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені 
олардың  жеке  лексикалық  мағыналары  бол-
маса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосым-
ша  грамматикалық  мән  ‰стейді,  немесе  ойға 
қатысты  мәндер  қосатын  сөздер»  екенін  ай-
тады [3, 440 б. ]. 
Қазақ  тiлiндегi  модаль  сөздер  туралы  
А.  Ысқақов: «Бұл  сөздердiң  шығу  төpкiнi,  өз 
алдына  категория  болып  қалыптасу  ерекше-
лiктерi мен жолдары, олардың қазiргi құpaмы 
мен  құрылымы  және  басқа  морфологиялық 
(‰стеу,  одағай,  шылау  сөздермен),  синтаксис-
тiк  (қыстырма  сөзбен,  сөйлеммен,  сөйлем 
м‰шесiмен)  категорияға  қaрым-қатынасы  мен 
арақатынасы, олардан бөлiнетiн ерекшелiгi де-
ген  сияқты  соны  жатқан  мәселелердi  арнайы 
тексерудi, тиістi шешімiн табуды қажет етедi» 
[4, 44], – деген ой айтады. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде Н. Оралбай 2007 
жылғы  «Қазіргі  қазақ  тілінің  морфологиясы» 
атты  еңбегінде  модаль  сөздерді  «аналитика-
лық форманттың құрамында модальдық кате-
горияның  көрсеткіші  болғандықтан,  қосым-
шалар  сияқты  грамматикалық  көрсеткіштер 
қатарында қалатынын, саны аздығынан» [5, 63 
б.]  сөз  таптарына  қоспайды.  Керісінше,  
Б.  Қасым  модаль  сөздерді  «сөйлемге  қосым- 
ша  (модальдық)  мән  қосатындықтан» [6, 212 
б.]  жеке  сөз  табы  ретінде  қарастырады.  
А. Салқынбай 2007 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» 
еңбегінде  «тілімізде  модаль  сөздер  бар,  сон-
дықтан оны бір сөз табы ретінде санау қажет-
тілік»  деп  есептейді [7, 217 б.]  де, «модаль 
сөздерді жеке сөз табы ретінде танытатын бас-
ты  белгі – оның  жалпы  категориялық  мағы-
насының болуы» деген уәж келтіреді. 
Қазақ  тіліндегі  модаль  сөздерді  арнайы 
зерттеген  ғалым  Е.  Жампейісов  олардың  қа-
тарына  төмендегідей  сөздерді  жатқызады: 
сияқты,  сықылды,  секілді,  сыңайлы,  сынды, 
тәрізді,  іспетті,  м‰мкін,  ықтимал,  шамасы,  
тәрізі,  әлпеті,  м‰мкін,  асылы,  қисыны,  аны-

114                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
ғында,  шынында,  расында,  рас,  әрине,  әлбет-
те,  бәлкім,  керек,  қажет,  тиіс,  шығар, 
болар, -са(-се)керек, -у (-уға)  керек, -уы (-уі) 
керек, -уы (-уі) тиіс,-у қажет, -ға, -ге ұқсайды 
және т.б.  
Модаль  сөздер  семантикалық  сипаты  жа-
ғынан төмендегідей бөлінеді: 
1.  Болжал  мәнді  модаль  сөздер:  сияқты, 
сықылды,  тәрізді,  секілді,  м‰мкін,  шамасы, 
тәрізді, тәрізі, бәлкім, шығар, болар т.б. 
2.  Міндеттілік  мағына  беретін  модаль 
сөздер:  керек,  қажет,  тиіс,  лазым  сөздерінің 
қатысуымен жасалатын -у қажет, -у керек, - у 
лазым; -мақ керек, -маққа керек, -уға тиіс, -уы 
(-уі) тиіс. 
3.  Біреудің  сөзі  не  бір  дерек  негізінде 
айтылатын модаль сөздер: де, дейді, деп т.б. 
4.  Қостау (растау) мағынасында қолданы-
латын  модаль  сөздер:  әрине,  әлбетте,  рас, 
шынында, шындығында, анығында т.б. 
5.  К‰мән  (к‰дік)  ұғымын  білдіретін  мо-
даль  сөздер:  -ар  ма  екен, -са  неғылсын,  кім 
біледі т.б. 
6.  Тілек, қалау мәнді модаль сөздер: -са/-се 
екен, -са/-се деймін т.б. 
Қазақ  тіліндегі  болар,  сықылды,  секiлдi, 
сuяқты, тәрiздi т.б. сөздер бірде шылау, бірде 
бейтарап  сөздер  деп  беріліп  келгенімен,  про-
фессор Т. Сайрамбаев мұндай сөздердi модаль 
сөздер  деп  берудi  жөн  санайды  және  модаль 
сөздердің шылауларға қарағанда төмендегідей 
өзгешеліктерін көрсетеді [8, 50 б.]. 
Бiрiншiден,  шылаулар  морфологиялық  өз-
герicтерге ұшырамайды, ал модаль сөздер мор-
фологиялық өзгерiстерге ұшырайды.  
Екiншiден,  шылау  сөздер  белгiлі  септiк 
жалғаулы  сөздер apқылы  қимылға  қатысты 
ғана  жұмсалса,  ал  модаль  сөздер  әрi  есiм-
дермен,  әрi eтicтіктермен  тipкeстe  қабыса 
және меңгерiле байланысады.  
Т. Сайрамбаев оларды екі мағыналық топ-
қа  (есімді  және  етістікті  модаль  сөздерге) 
ажыратып, есiмдi модаль сөздер тобына сияқ-
ты,  сықылды,  секiлдi,  тақылеттi,  рәуiштi, 
шамасы,  тәрiздi,  зады, pac, м‰мкін,  бәлки, 
расында, шынында, керек, тuic, қaжет, әрине 
сөздерiн,  ал  етістіктi  модаль  сөздер  тобына 
бiлем, көpiнeді, дейді, екен, болар, шығар сөз-
дерiн жатқызады. 
Модаль  сөздердің  сөз  тiркесiне  қатысы 
мен мағыналық тобын және синтаксистiк қыз-
метiн  айқындау  барысында,  олардың  синтак-
систік  байланысқа  т‰спейтінін,  өздігінен  сөй-
лем м‰шесі бола алмайтындығын, соған қара-
мастан  олар  әрбiр  сөйлем  м‰шесі  болатын 
сөздермен  белгiлi  дәрежеде  мағыналық  бай-
ланысқа  енетін  жиi  қолданылатын  сөздер 
екендігін  айтып,  модаль  сөздердің  көбiне, 
сөйлем  ортасы  мен  соңында  келетінін  мысал-
дармен нақтылайды.  
"Модаль  сөздер  жеке  қолданылмайды. 
Олардың  басқа  сөз  таптарымен  тipкecy  қабi-
летi әрт‰рлi. Мысалы: сияқты сөзі барлық сөз 
таптарымен  тipкece  бередi,  ал  басқалары  таң-
дап тiркеседi. Бұл сөздердiң басыңқы қызмет-
те  жұмсалатын  сөздерi  де  әрт‰рлi.  Мысалы, 
модаль  сөздер  зат  есiмдердiң  iшiнде  көпше 
атау  тұлғалы  формасымен  көбiрек  тipкece 
алады.  Сонда  бiз  Асан  сияқты  бала,  Алматы 
сияқты  қала,  n‰лiш  тәрiздi  мата,  қазақ  тә-
рiздi  халық,  атай  сияқты  шал,  бала  сuяқты, 
бала icпеттес  сөйлейдi  деп  тiлiмiзде  айта 
беремiз.  
Модаль  сөздер  жiктеу,  өздiк,  сiлтеу  және 
кім?  не?  деген  сұрау  есiмдiктерiмен  де  т‰й-
дектi  тiркесте  жұмсала  бередi.  Мысалы:  мен 
сияқты бала, сол тәрiздi ел, осы icnеттес ic, 
сол  тәрiздi oқиғa,  кім  сияқты  сөйлейдi,  не 
тәрiздi ойланады.» [8, 50 б.] - деп, к‰рделі сөз 
жасаудың бір тәсілі ретінде қолданады.  
Профессор Т. Сайрамбаев «сияқты (тәрiз-
дi,  сықылды,  секiлдi)  модаль  сөздер  қолда-
нылуы,  лексикалық  мағынасы  жағынан  бiр-
дей, яғни адамдарды немесе заттарды бiр-бiрi-
не  теңестiру  жағдайында  қолданылады»  деп 
төмендегі мысалдарды береді.  Мысалы,  Бiрақ 
бiр  қapaғaнда  көз  жетер  төңiрек  бiртeгic  құл-
пырған  қызыл  п‰лiш  сияқты  боп  көрінедi  
(Ә.  Сәрсенбаев).  Б‰гiн  бұл  сөздерде  дaғдылы 
арман емес, жалын сезiм тәрiздi жарық сәуле 
eлесі  бар  (М.  Әуезов).  Менiң  ойымша,  жаңа-
ғылар  да  сол  мөлдір  бұлақ  іспетті  (Ө.  Қана-
хин). Көктем к‰лсе, г‰лдердей құлпырасың. Тау 
өзенi секiлдi бұлқынасың («Қазақ әдебиеті»).  
Осы  сөйлемдердегi  сияқты,  секiлді,  сы-
қылды,  тәрізді,  іспетті  сөздерi  бiр  құбылыс-
ты екiншi құбылысқа теңеу, бiрiн екiншiciмен 
салыстыру, ұқсату мағынасында берiліп тұрса, 
кейде  бұл  сөздер  сөйлеушінің  сөйлем  мазмұ-
нының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі 
болжамын  да  білдіреді.  Мысалы:  Қазақтар-
дың  көбі  Еуропалық  д‰ниелерден  шаршаған 
сияқты.  Бұл  кеште  өнер  жұлдыздары  ән  ай-
татын тәрізді.  
Айналада ‰немі болып отыратын әр алуан 
құбылыстар,  өмірдегі  сан-сала  болмыс  т‰р-
лері,  белгілі  бір  заттың  сын  қимылы,  іс-әре-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          115 
 
кеті сөйлемде жалпы жалаң хабар т‰рінде ғана 
айтыла  салмайды.  Сөйлеушінің  осы  хабар 
туралы  пікірі,  яғни  сөйлем  мазмұнының  ақи-
қат шындыққа қатынасы жөніндегі оның көз-
қарасы, әдетте қоса беріліп отырады. Мысалы, 
Сәлден кейін жаңбыр жауатын шығар, аспан 
т‰неріп  тұр.  Сен  жылы  киінген  боларсың? 
деген  сөйлем  болжам  мағынада  жұмсалып 
тұрса,  Ана  тілімізді  дамыту  ісіне  б‰гінгі  за-
манның  заңғар  жаңалығы - интернетті  ден-
деп енгізу қажет. Елімізге білікті техникалық 
мамандар керек, - деген сөйлемде   қажет, ке-

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет