Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет18/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61

 
А. Жумагулова, 
НОВЫЙ ОБЪЕКТ ИССЛЕДОВАНИЯ: ТВОРЧЕСТВО Г. МУСУРЕПОВА 
 
Автор  в  статье  рассказывает    об  исследовании  творчества  казахского  писателя-классика  Г.  Мусрепова.  
В  этой  статье  подробно  излагается  о  лингвистических  исследованиях  творчества  писателя.  Приводятся 
конкретные  примеры  высказывания  исследователей-филологов  о  творчестве  писателя,  об  особенностях  его 
произведения. 
 
A. Zhumagulovа 
THE NEW OBJECT OF STUDY IS G. MUSUREPOV’S CREATIVITY 
 
The author says in the article about the study of Kazakh classic writer G.Musrepov’s creativity. This article 
elaborates on the linguistic research of the writer’s works. Specific examples of pronouncements of researchers and 
linguists about the works of the writer, about the features of his works. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          103 
 
А. Ж. Жұмағұлова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф. ғ. к. 
 
Ғ. М‡СІРЕПОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ РУСИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ 
 
 
Қашаннан  адамдардың  өзара  қатынас  құ-
ралы ретінде танылған тіл сөздің талай заман-
дарды  басынан  өткере  отырып,  дамып,  жеті-
ліп,  байып  келеді.  Жалпы  халықтық  тіл – 
әдеби  тілдің  негізі,  бастауы,  қайнар  көзі.  Кез 
келген құрылысқа жақсы құрылыс материалы 
қалай  керек  болса,  көркем  шығармаға    сөздің 
қажеттілігі  де  соншалықты  екенін  ұзақ  т‰сін-
дірудің керегі жоқ шығар.  
«Тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шы-
ғарма болған емес және бола алмайды. Демек, 
сөз  өнерінде  тілдің  атқарар  қызметі  бәрінен 
ерекше, бөлек һәм биік» (1.185.) 
«Әдеби  шығарма  жазуға  рецепт  берілмей-
тіні  секілді,  әдеби  шығарманың  тілінде  де 
штамп жоқ.» (1. 237.) Ендеше, көркем шығар-
маның тілін зерттеп, талдауда да қабылданған 
ереже,  өзгертілмес  қағида,  қатып  қалған 
бірізділік  жоқ.  Дегенмен,  шығарманың  тілін 
талдаймын  деп,  шығарманың  өне  бойындағы 
барлық сөзді не кез келген бір немесе бірнеше 
сөзді  топтастырып  т‰п-тамырын,  этималогия-
сын қарастыруға да болмайды.  
Көркем  шығарманың  тілін  зерттеу  туралы 
ғалым  Р.  Сыздықованың  «Осы  к‰нгі  әдеби 
тіліміздің  б‰кіл  лексикасының  генетикалық  
қабаты  белгілі  болғандықтан,  оны  қайталап, 
жазушы басы сайын т‰гендеудің қажеті жоқ» 
деген тұжырымын  басшылыққа алған  дұрыс 
деп ойлаймыз (2. 71.) 
Қандай да бір қаламгердің шығармашылы-
ғын  зерттеу барысында тұрақталған лингвис-
тикалық  қағида-ережелерді  басшылыққа  ала 
отырып,  тілдік  ерекше  фактілерді  ж‰йелеп, 
талдаумен  қатар  жазушының  өзіне  ғана  тән, 
к‰нделікті  қолданыста  кездесе  бермейтін  сөз-
дерге, сондай-ақ олардың «әдеттегі қолданыс-
тан  айырмашылығына,  жазушының  мұндай  
тәсілдерден  ұтып  тұрған  жайларына»  назар 
аударған жөн.  
Кез  келген  жазушының  тілі  қаншалықты 
бай  дегенмен  ол  жалпы  халықтық  тілді  ай-
налып өте алмайды. Ертедегі әдебиет пен ауыз 
әдебиетінің  бай  қорына  сілтеме  жасамай-ақ 
Абай мен Шәкәрімнің, Ж‰сіпбек пен Мағжан-
ның  шығармашылығының  өзі  қаншама  қа- 
ламгерге  ‰йрену  мектебі  болғаны  анық.  Бұл  
 
қаламгерлердің  өмір  с‰рген  дәуірі,  сол  кез- 
дегі  қоғамның  тарихи-экономикалық,  саяси- 
әлеуметтік  құрылымы,  мәдениеті  мен  әде-
биеті, т‰сінігі, танымы  қаншалықты әр т‰рлі 
болса,  сөз  мәдениетін  меңгеруі  де  сонша-
лықты әр қилы.  
Тіл  қарым-қатынас  құралы  бола  тұрып, 
басқа  тілдермен  қарым-қатынсқа  т‰спесе, 
дамымайды,  байымайды,  өркен  жаймайды, 
яғни  белгілі  бір  тілдегі  тілдік  материалдар  
басқа  тілдегі  тілдік  материалдармен  ‰немі 
толығып  отыруы  заңды  құбылыс.  Бұл  жағы-
нан  жазушы  әңгімелерінің  тілі  орыс  тілінен 
және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген 
«русизм»  сөздерге  өте  бай.  Әрине, «Бұл  сөз-
дердің  басым  көпшілігі  ғылым  мен  техника-
ның, мәдениет пен  әдебиеттің сан алуан сала-
ларына  байланысты  терминдер,  өмір  шынды-
ғынан  туған  сөздер»  (3. 192.).   Қаламгердің 
шығармашылығында  өзі  өмір  с‰рген  дәуірдің 
тыныс-тіршілігін,  сол  дәуірде  өмір  с‰рген 
адамдардың  мақсат-м‰ддесін,  арман-тілегін, 
қоғамдық  қарым-қатынастардың  жай-к‰йін 
суреттейтін  сөздер шығарма шырайын қанық-
тыра  т‰седі.  Мұндай  сөздер  уақыт  өте  келе 
әдеби  тілдік  қорымызға  да  сіңіп  кетеді.  Өйт-
кені, «сөздердің  жаңа  заттар  немесе  жаңа 
ұғымдармен  бірге  ену  құбылысы  тіл-тілдегі 
сөз  алмасудың  басты  және  дағдылы  құбы-
лысы болып табылады». ( 3.193.)    
Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа 
тілдерден  енген  сөздерді  жалпы  атаумен  «ру-
сизмдер»  деп  атайтыны  белгілі.  Назар  ауда-
райық: 
1.  Коттедж  (ағылшын  сөзі) – қала  сыр-
тына салынған екі қабатты шағын ‰й. (4. 258.)    
2.  Метеорологиялық    станция  (ежелгі 
грек сөзі) – атмосфераның қалыпты жағдайын 
тексеретін мекеме. ( 4. 307.)    
3.  Репортер (ағылшын сөзі) – болып жат-
қан  оқиғалар  туралы  мәлімет  беретін  газет, 
журнал, радио, теледидар қызметкері (4. 431.).    
Мінеки,  бұл  тізімді  осылай  жалғастыра 
берсек, сан қуалауға ұрынарымыз анық. Біздің 
мақсат Ғ. М‰сірепов секілді жазушы әңгімеле-
ріндегі  «русизмдердің»  жалпы  қолданылу 
аясына,  стильдік  қызметіне  назар  аудару 

104                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
болып  табылады.  Жазушының  небәрі 14-15 
беттен  тұратын  «Екі  д‰ние – екі  әйел»  деп 
аталатын  әңгімесінің  өзінен-ақ  отыздан  аса 
басқа  тілден  енген  сөздерді  кездестірдік.  Екі 
т‰рлі  қоғамда  өмір  с‰рген  екі  әйелдің    бір 
к‰нгі өмірінің қарама-қайшылығын салыстыра 
отырып  суреттеген  жазушы  олардың  таным-
т‰сінігін,  іс-әрекетін,  өмір  с‰руге  деген  құл-
шынысын  шынайы  суреттейді.  Куртка,  кот-
тедж, метеорологиялық   станция,  мадам,  плащ, 
ондатра,  циклон,  барометр,  градусник,  аппа-
рат,  трактор,  бульдозер,  телефон,  транзистор, 
гараж, машина,  металл,  ферма,  балон,  электр, 
таракан,  сахара,  француз,  ванна,  халат,  аспи-
рин,  шкаф,  коридор,  фонарь,  радио,  бефстро-
ган,  репортер,  вагон,  вертолет,  мотор,  бак, 
бокал  секілді  сөздерді  қолдана  отырып  жазу-
шы  қазақтың иен даласында, қойдың соңында 
ж‰рген  шопан  Майраның  психологиясы  мен 
ақс‰йек  әйел  мадам  Бэйлидің  психологиясын 
жарыстыра  қатар  суреттеу  арқылы  екі  қоғам-
ның  өмірін қатар бейнелейді. 
«Мадам Бэйли  Дмейн ... бір дос жар адамы-
ның  коттеджінде  демалып  жататын  еді». («Екі 
д‰ние – екі әйел», 194-бет.) 
«...  Бәрін  к‰ні-т‰ні  хабарлап  тұратын  ша-
ғын  ғана  метеорология  станциясы  да  бар». 
(«Екі д‰ние – екі әйел», 194-бет.) 
Әңгімеде қолданылған «русизм» сөздердің 
бәрі де бастапқы дыбысталу формасын сақтап 
қолданылған.  Екі  қоғамның  өмір  шындығын 
суреттеуді  мақсат  еткен  жазушы    ‰шін    бұл 
сөздер  ең  қажетті  тілдік  қолданыс  болып 
табылады.  Ол  сөздерді  еш  аудармасыз,  т‰сі-
ніктемесіз  қолдансақ  та  бәрімізге  т‰сінікті, 
себебі олар к‰нделікті қолданыста тұрақталып 
қалған  сөздер.  Ең  бастысы - өз  орнында  тұ-
рып,  стильдік  қызметін  атқарып,  шығарма 
шырайын келтіруде. 
Өткен  ғасырдың  сонау  отызыншы  жылда-
рының  өзінде-ақ  қазақ  тіл  білімінің  классигі, 
ғалым  Қ.  Жұбанов  шет  елдік  сөздер  мен 
советизмдерден,  яғни  русизмдерден  ‰рікпей, 
жатсынбай оларды қазақ тіліне енгізе отырып, 
мынандай негізгі ‰ш шартты орнықтыру керек 
екендігін ескерткен болатын: «1. – принимать 
без  изменения  первоначальные  слова  в  рус-
ском варианте; 
  2.  –  при  склонении  и  спряжении  перво-
начальных слов употреблять только казахские 
оканчания... 
 3.  –  все  производные  слова  от  первона-
чальных  слов  производить    согласно  законам 
казахского  языка.  Кроме  того,  нельзя  ограни-
чивать  введение  международных  терминов  и 
советизмов». (5. 246.)    
Осы айтылған шарттар б‰гінгі к‰нгі орфо-
графиялық  ережелерімізде  де  тұрақталып, 
қолданыста ж‰р. Бір атап өтер жағдай, б‰гінгі 
к‰нде ыңғайға келсін,  келмесін шет елдік тер-
миндерді қазақшалау ‰дерісі к‰шейіп барады.  
«...Тілдің  тазалығы  мен  дамуы  оны  ғы-
лыми  терминдерден  таза  ұстау  қажеттігін  ту-
ғызбайды. Сіз қалаңыз, қаламаңыз замани өр-
кениет  енгізген  терминдер  тілімізде  бар,  бо-
лады,  бола бермек.  Бұған ешкім қалқан бола 
алмайды,  олай  болған  к‰нде  қазақ  мектебін 
бітірген  бала  әлемдік  ғылымнан  кенжелейді. 
Қазіргі  кезде  грек,  латын  орыс  сөздерін  тілі-
мізге ертерек  енген  араб, парсы атауларымен 
ауыстырып,  төл  сөзге  айналдырдық  дейтін  
пуристік  бағыт – жаңылғандық.  Тұрмыста 
кеңінен  жұмсалатын  жалпықолданыстағы    сөз-
дерді  аудару  жөн;  ал  әлемде  жаппай  қолда-
нылатын  ғылыми-техникалық  интертермин-
дер  кірме  сөздер  қабатын  байытады,  одан 
әлемде  ешқандай  тіл  ұтылған  емес»,  -  дейді 
ф.ғ.д., профессор. А.Б. Салқынбай. 
Әдеби  тілді    байытудың  жолдары  мен  тіл 
тазалығы  туралы    кезінде  жазушының  өзі  де 
салмақты ой айтудан жалықпаған. «Тіл байы-
тудың  қайнар  көздері  бар.  Біріншіден,  интер-
националдық терминдерден жөнсіз  қашпауы-
мыз керек.  Өйткені, ол барлық халықтарға ор-
тақ. Мәселен, орыс тілінің көп жағдайда орам-
ды,  оралымды  тіл  дәрежесіне  көтерілуінде 
осы интернационалдық терминдердің де ‰лесі 
бар». ( 7. 545.)   
 Біз  жазушы  шығармаларының  тақырып 
аясының  кеңдігіне  сілтеме  жасай  отырып, 
әңгімелерінің  тілінде  кездесетін  русизмдерді 
шартты т‰рде мынадай етіп ж‰йелеп, бөлдік: 
а)  әскер,  соғыс  тақырыбына  байланысты 
сөздер:  команда,  эшелон,  траншея,  танк,  тан-
кист, пилотка, командир, полковник, дивизия, 
лейтенант, офицер, солдат, фашист, партизан, 
план,  атом,  бомба,  эпицентр,  снаряд,  вин-
товка,  мобилизовать,  военком,  отряд,  генерал 
және т.б. 
«Әлі  есімде,  кең  жаурынды,  сом  денелі 
қараңғы т‰нде к‰ндізгіден де гөрі ірі көрінген 
дивизия  командирі,  полковник  Ремизов 
танкистер арасына келді». («Ақлима», 184.)   
«Әлі есімде, бес танкінің командирі ‰нсіз 
ғана  танкімізге  келе  жатырмыз». («Ақлима», 
184.)   

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          105 
 
«Партизандар  екенін  де  таныды,  олардың  
не істеп жатқанын да т‰сінді». («Ер ана», 178.)   
ә)  тұрмыстық  заттар  атауы:  тарелка,  ска-
мейка, матрац, пижама, кухня, консерв, миска, 
шайнек,  стакан,  клеенка,  стол,  бокал,  туфли, 
сандали,  майка,  труси,  гимнастерка,  галстук, 
диван,  чемодан,  сахар,  драп,  пальто,  ботинка 
және т.б. 
«К‰згі  жемістерден  майысып  тұрған  ұзын 
стол – «отырыңдар»  деп  шақырғандай  бол-
ды». («Сөз жоқ, соның іздері», 342.)   
«Т‰се  қалдым  да, ‰стімде  киім  жоғын  да 
сездім: тоқыма майка, труси, аяқта сандали, 
‰стімдегі бар лыпам осы ғана екен». («Тарғыл 
қауын», 318.)   
б) саяси-әкімшілік сөздер: депутат, комсо-
мол,  пионер,  лагерь,  обком,  секретарь,  бюро-
крат,  закон,  документ,  император,  спортсмен, 
географиялық  карта,  метеостанция,  пенсия, 
пенсионер, вожатый және т.б. 
«Бекең  обком  секретарының  столына 
қарады». («Тарландар», 331.)   
«Жаздыг‰ні  пионер  лагерінде  болған 
шығарсың, қалқам? - дедім». 
(«Сөз жоқ, соның іздері», 348.)   
«Таңертең  пенсиямды  алып  келейін  деп 
кетіп  еді,  әлі  ‰йге  қайтқан  жоқ.  Жасы  елуге 
жетпей пенсионер болса...». («Сөз жоқ, соның 
іздері», 344.)   
в)  ғылым  мен  техника,  өндіріске  қатысты 
сөздер: участок, телефон, телеграмма, трактор, 
туннель, бригада, спирт, шпал, колонна, рельс, 
паровоз,  коридор,  прораб,  тарантас,  ресторан, 
кооператив,  цистерна,  конистр,  техника, 
поселка,  вокзал,  дирижабль,  брезент,  шахта, 
бункер,  курорт,  станция,  кондуктор,  рессор, 
буфет,  мотор,  бензин,  прожектор,  шахтер, 
почта,  электровоз,  шпагат,  почерк,  букварь, 
инспектор,  класс,  парта,  текст,  чудак,  перрон 
және т.б. 
«Бекең  әйелдерді  бастап  шахтаға  т‰сіпті 
дегенсін, бұл шахтаға қарайтын жердегі бар-
лық  әйелдер  шахтаға  т‰скелі  келіпті...» 
(«Тарландар», 336.)   
«Осыдан  жиырма  километр  жерде  трак-
тор  колоннасы  бар.  Сонда  барып  бензин 
сатып аламыз». («Тарғыл қауын», 325.)   
«Сондай  бір  бюрократтарды  тымпитып 
отырған жерінде желкеден келіп перер ме  еді 
десейші!». («Тарғыл қауын», 325.)   
г)  әр  т‰рлі  мәндә  жаргон  сөздер:  чудак, 
жулик, молодец, сволочь т.б.  
«Чудак!», - деді шофер. («Тарғыл қауын», 
325.)   
«Жазбаша  т‰рде  енген  сөздерге  тән  қа-
сиеттің бірі сол – олардың басым бөлігі өзінің 
дыбысталу т‰рін сақтайды». ( 3.197.)  Ал кей-
де  жазушылар  кейіпкерінің  бейнесін  шынайы 
бейнелеу мақсатында немесе сол кезеңнің на-
ғыз  көрінісін  бейнелеу  мақсатында  өз  кейіп-
келерінің аузына сөз салу арқылы басқа тілден 
енген  сөздердің  дыбысталуына  өзгерістер 
енгізіп  те  қолданады.  Жазушы  да  мұндай  тә-
сілден  құралақан  емес.  Мысалы,  жазушы 
өткен ғасырдың басында тарихта сол кезеңнің 
қоғамдық  жаңалығы  ретінде  саналып  келген 
Қазан  төңкерісі,  әскерге  алу,  колхоздастыру, 
бесжылдық жоспарды орындау секілді тарихи 
жағдайларды  сипаттайтын  шығармаларында 
осындай  өзгертілген  сөздерді  қолданады. 
Олар:  Мекайла,  поштабай,  бәлшебек,  кәперә-
тип, бірішке, сенке, бенке, реске,  мәшин, шо-
пыр, самауыр, кереует, пыржымайт, Мекепар, 
іздрәсти,  кансарал, глаунай, секлетар, доғдыр, 
жәшік,  ташанка,  нәнке,  мәгәзін,  перма,  пір-
кәншік, сексеул, таскайт, перуай, крупшатка, есь, 
екі істеп жатыр(эксковатор), карболке, нызнаю, 
достобрен, песір, пирақло, артес және т.б. 
«Қазір  бәлшебек  деген  жұрт  билеп  тұр 
қаланы  деп,  т‰рмеден  шыққан  соң  естідім: 
өздерін  тани  алмадым,  бізді  босатқан  солар 
екен». («Ашынған ана», 168.)   
«Төтенше  мен  піркәншікте  ‰н  жоқ.  Пір-
кәншік  төтеншеге  ығыса  қарайды,  төтенше 
бізге ығыса қарайды». («Шұғыла», 109.) 
«Манадан  бері  білмей  жатсам,  сіз  доғдыр 
екенсіз  ғой ... ».  («Екінші Би-аға», 287.) 
«Өңкей  бір  пирақыло!»,-  деді. («Этно-
графиялық әңгіме», 292.) 
Жазушының  сөздерді  осылай  өзгертіп  бе-
рудегі  мақсаты – кейіпкерінің  аузына  салу 
арқылы сөздердің стильдік қызметін арттыру, 
эмоциональдық-экспрессивтік  бояуын  қанық 
беру. «Манадан  бері  білмей  жатсам,  доғдыр 
екенсіз ғой ...» деген сөйлемдегі «доғдыр» сөзі 
орысша білмейтін, қарабайыр ауыл адамының 
аузынан  шыққан  сөз  екені  айқын.  Жазушы 
кейіпкерінің  аузына  сөз  салу  арқылы  мәдени 
орындардан  жұрдай,  к‰нделікті  өмірдің  тұр-
мыстық  тауқыметін  тіршілік  к‰йбеңімен  ең-
серіп  ж‰рген  ауыл  әйелін  жаны  мұрнының 
ұшына  келіп,  к‰йзелген  сәтте  «доктор»  деп 
сызылтпайтыны  айдан  анық.  Орыс  тілінен 
енген сөздерді немесе орыс тілі арқылы басқа 
тілдерден  енген  сөздердің  айтылуын  осылай 

106                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
бұрмалау арқылы жазушы суреттеліп отырған 
қоғамның құрылымынан, саяси-экономикалық 
жағдайынан,  мәдени өмірі мен тарихи тыны-
сынан  хабар  береді,  сондықтан  да  жазушы 
оларды мақсатты т‰рде қолдана отырып, олар-
ға ерекше стильдік ж‰к артады. Өзара қарым- 
қатынассыз тіл дамымайтынын ескерсек, «ру-
сизмдер»  сөздік  қорымызды  байытудың  бір-
ден бір себепкері болып табылады. 
_______________ 
1.  Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, «Мектеп», 1992 ж. 
2.  Серікқалиев  З.,  Серікқалиева  Э.  Ақыл  таразысы. 
Алматы, «Мектеп», 1992 ж. 
3.  Аханов  К.  Тіл  білімінің  негіздері.  Алматы, «Мек-
теп» 1973 ж. 
4.  Словарь  иностранных  слов. 17-е  издание,  Москва, 
издательство «Русский язык», 1988 г. 
5.  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер.  Ал-
маты, «Ғылым», 1966 ж. 
6.  Салқынбай А.  Мақала,  2010 ж.  
7.  Әшімбаев    С.  Шындыққа  с‰йіспеншілік. «Жазу-
шы», 1993 ж. 
8.  М‰сірепов    Ғ.  Таңдамалы  шығармалар  жинағы.  3 
том. «Жазушы», 1985 ж. 
 
А. Жумагулова 
ПРИМЕНЕНИИ РУСИЗМОВ В ТВОРЧЕСТВЕ ПИСАТЕЛЯ Г. МУСРЕПОВА 
 
Автор  в  статье  рассказывает  о  применении  русизмов  в  творчестве  писателя  Г.  Мусрепова.  Автор  приводя 
конкретные  примеры    рассказывает  о  роли  русизмов  в  пополнении  лексики  казахского  языка.  Так  же  автор 
приводит высказывании исследователей-лингвистов о пополнении литературного языка иностранными словами  и 
об оформлении  их граматическими формами. 
 
 
A. Zhumagulov 
APPLICATION OF RUSSIANNESS IN THE CREATIONS OF G.MUSUREPOV 
 
The author says about the use of Russianness in the writer G.Musrepov’s works. By giving specific examples about the 
role of Russianness in the completion of the Kazakh language vocabulary. Also author gives the quotes of researchers and 
linguistics on the enrichment of the literary language by foreign words and decorate them by grammatical forms. 
 
 
 
 
Э. Икрамова, 
ҚХДУ, Филология кафедрасының  магистранты 
 
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ИНВЕРСИЯ 
 
 
Мақал-мәтел  ‰лкен  толғау,  образ  арқылы 
берілген  логикалық  ой  қорытындысы  болып 
табылады.  Ол  адам  өмірінде,  тұрмыс-тір-
шілікте,  қоғамдық  жағдайларда  кездесетін  әр 
т‰рлі  құбылыстарға,  тарихи  мән  бар  оқиға-
ларға  берілген  даналық  баға,  тұжырымды 
т‰йін  есебінде  қолданылады.  Мақал-мәтелдік 
формалар  қарым-қатынас  жасаушылардың 
бәріне  белгілі  болады  және  аксиома,  ереже 
ретінде  қабылданады.  Мақал-мәтел - жай  сөз 
емес,  ол - сөз  атасы,  сөз  көркі,  тоқсан  ауыз 
сөздің тобықтай т‰йіні, қысқа болса да нұсқа сөз.  
Мақал-мәтелдер – аз сөзбен көп мағынаны, 
көп  ұғымды  білдірудің  ең  жоғарғы  м‰мкін- 
шілігінің көрсеткіші. Мақал-мәтелдерде орын-
сыз  тұрған,  артық  тұрған  бір  сөзді  немесе 
басқа  бір  қосымша  дәнекерді  табуға  бол-
майды.  
Мақал-мәтелдер  жай  сөйлем  т‰рінде  және  
құрмалас  сөйлем  т‰рінде  келе  береді.  Қазақ  
 
 
мақал-мәтелдерінің 
құрамындағы 
сөздері 
қалай  болса,  солай  орналаса  салмай,  тіліміз-
дегі белгілі бір заңдылықтар бойынша қалып-
тасқан.  Өздерінің  қалыптасқан  құрылымы  
және соған сәйкес ішкі мазмұны болады, олар 
бір-бірімен тығыз байланысқа т‰седі.  
Мақал-мәтел  құрамындағы  сөздердің  кей-
біреуіне  ой  екпіні  немесе  мағыналық  екпін  
т‰сіп  айтылуы  арқылы  ол  сөйлемдегі  орын 
тәртібі өзгеріп отырады.   
Мақал-мәтелдердегі  сөйлем  м‰шелерінің 
орналасуына  классикалық  тәртіп  те  тән.  Екі 
жағдайда  да  паремиялардың  құрамы  мен 
құрылысы  тұрақты  және  классикалық  тәртіп 
басым болады. Сөйлем м‰шелерінің т‰ркі тіл-
деріне,  соның  ішінде  қазақ  тіліне  тән  класси-
калық  тәртібі:  бастауыштың  баяндауыштан 
бұрын  тұруы,  тұрлаусыз  м‰шелердің  өздері  
қатысты  сөздерден  бұрын  орналасуы,  құр-
малас  сөйлемдегі  бағыныңқы  компоненттің 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          107 
 
басыңқыдан  бұрын  тұруы.  Бірақ  бұл  ереже 
абсолютті  емес.  Мақал-мәтелдерде  кейбір 
коммуникативтік  жағдайларға  сәйкес,  айтыл-
мақ  ойдың  белгілі  бір  бөлігіне  екпін  т‰сіру, 
сөзді  мәнерлеу,  модальдық  реңк  беру,  ырғақ 
пен  ұйқастың  талаптарына  сәйкес  көп,  жағ-
дайда  сөйлем  м‰шелерінің  орын  тәртібі  бұ-
зылады.  Бұларда  инверсия  тұрақты  сипатта 
болады  да,  классикалық  тәртіпті  «қалпына 
келтіруге» рұқсат етілмейді. Және бір қызығы 
–  бұл  «бұзылмас»  әдетке  мақал-мәтелдің 
бойына  біткен  табиғи  қасиеттің  бірі  болады. 
Бұл  мақал-мәтелдердің  ғасырлар  бойы  өзге-
ріссіз  қолданылып,  тұрақтылық  қасиетке  ие 
болуымен байланысты болуы м‰мкін.  
Құрылымы,  құрамына  енген  сөздердің 
орналасу  тәртібі  жағынан  алғанда,  мақал  мен 
мәтелді  поэзия  мен  проза  аралығындағы  ара-
лық  категория  деуге  болады.  Өйткені  мақал-
мәтелдің  құрылысында  поэзияға  тән  кейбір 
қасиеттер  де,  прозаға  ұқсас  қасиеттер  де  бар. 
Инверсия жасау ‰шін белгілі бір мотивтер керек. 
Оның ‰стіне, инверсияның өзі кездесу жиілігі-
не,  қолданылған  орнына  қарай  бірдей  емес. 
Инверсияның бір т‰рі жалпы ырғаққа, ұйқасқа 
орай  оңай  келтірілетін,  сондықтан  да  жиі 
ұшырайтын болып келсе, енді бір т‰рлі белгілі 
бір мотивті көздеп әдейі қолданылған болады.  
Мақал-мәтел  құрамындағы  сөйлем  м‰ше-
лерінің  белгілі  орын  тәртібін  өзгертіп,  инвер-
сия  жасайтынына  келейік:  поэзиялық  мақал-
мәтел, негізінде, екі жай сөйлемнен немесе екі 
жолды өлең құрылысынан тұрады да, олардың 
әрбір  қанаты  өзара  ‰йлес,  ұйқас,  ырғақ  ар-
қылы келіп отырады. Бұлардың құрамындағы 
сөйлем  м‰шелерінің  орын  тәтібін  өзгертуіне 
байланысты жасалатын сияқты.  
Баяндауыштың  орын  ауыстыруына  байла-
нысты  қалған  сөйлем  м‰шелерінің  бәрі  де 
өздерінің  орын  тәртібін  өзгертіп  отырады. 
Мақал-мәтелді  баяндауыш  сөздердің  орын 
ауыстыруы,  көбіне  ұйқас  пен  ырғаққа  бай-
ланысты  жасалады.  Мақал-мәтел  құрамын-
дағы  сөздердің  инверсия  жасауы  баяндауыш-
тардың  орын  ауыстыруына  байланысты  жа-
салғанын  айта  келіп,  А.Н.Кононов  былай 
дейді: «Перемещение  сказуемого  встречается 
особенно  особенно  в  поэзии,  пословицах, 
поговорках,  где  стандартного  порядка  объяс-
няется /если это не эмоционально окрашенная 
речь  и  т.д./  требованиями  размера  рифмы, 
ритма и т.д.» [1, 396] 
Поэзиялық мақал-мәтел құрамындағы сөй-
лем  м‰шелерінің  инверсия  жасауы  мынадай 
жолмен жасалады: 
а) Баяндауыш тобындағы сөздер бастауыш 
тобындағы  сөздерден  бұрын  орналасады. 
Сонымен бірге баяндауыш сөйлемнің басында 
да,  ортасында  да  келіп,  инверсия  жасалуы 
м‰мкін.  
1) Айырылма, жұртым, ‰йіріңнен,  
Айырылсаң, жұртым, ‰йіріңнен,  
Екі қолың кетпес б‰йіріңнен, 
2) Сөйлей білмесең, басыңа тиер тал таяқ. 
3) Қарсы келсе кәрілік, қара нарды шөктірер- 
дегендер  құрылысы  жағынан  прозаға  ұқсас 
келгенімен,  бұлардағы  баяндауыштың  орын 
ауыстыруы ой екпініне байланысты емес, ыр-
ғаққа (интонациялық мағына білдіруге) байла-
нысты жасалып тұрғаны байқалады.  
Адыра қалды бақ, дәулет, еңбек енді шын 
дәулет 
Балықшы  айтпайды  расын,  т‰спей  қоймас 
бір  асым – деген  мысалдардағы  баяндауыш-
тың инверсия жасауы ұйқастың талабына бай-
ланысты болып тұр. Өйткені соңғы сөйлемнің 
екінші  қанатындағы  «бір  асым»  деген  сөздің 
баяндауыштан  кейін  орналасуы  алдыңғы  сөй-
лемдегі  «расын»  дегенмен  ұйқасу  ‰шін  жаса-
лып отыр. 
Мақал-мәтелдерде  тұрлаусыз  м‰шелер  өз-
дері қатысты сөзден алшақтап, екі араға басқа 
м‰шелерді қатыстырып қолданыла береді.  
Етікшіден құлаш қаш: 
Бізі тиер көзіңе,  
Сөзі тиер өзіңе. 
Ат қадірін білмесең,  
Жаяушылық берсін сазаңды.  
Ас қадірін білмесең,  
Ашаршылық берсін сазаңды. 
Бұл сөйлемдердегі тармақтар соңына шық-
қан  толықтауыштар  ұйқас  талабын  орындап 
тұр.  Пысықтауыштар  өзі  пысықтайтын  сөзі-
мен орын алмастырады.  
Сіз тұрыпсыз тікейіп,  
Біз тұрыппыз тікейіп,  
Жерге т‰скен қамшыны 
Кім алады еңкейіп.  
Өзен ұзақ ағады,  
Бұлағы болса басында. 
Инверсияның  бұл  т‰рінде  орнынан  ауыс-
қан  пысықтауыш  сөйлемнің  соңында  келген. 
Бұған,  бір  жағынан,  осы  инверсияның  ұйқас 
талабынан туғандығы себепкер болса, екінші-
ден, ең соңғы сөзге көп ретте белгілі бір екпін 
т‰сірілетін сияқты.  

108                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Анықтауыш  пен  анықталатын  сөздің  ара-
сына  өзге  м‰шелердің  келтірілуі  де  инвер-
сияға жатады.  
Қайраты бір кісінің,  
Берекеті бар ісінің.  
Жақсының жақсы білер сымбатын,  
Жамандар  қайдан  білсін  асыл  менен  қым-
батын.  
Алдыңғы  сөйлемде  ісінің  деген  анық-
тауыш берекеті деген анықтауыш сөзден кейін 
тармақ соңында тұр. Екінші сөйлемде де жақ-
сының деген анықтауыш пен сымбатын сөздің 
ортасында басқа сөз тұр.  
Мақал-мәтелдерде  құрама  баяндауыштар-
дың  негізгі  есім  сөздерінің  көмекші  етістік-
термен орын алмастыруы кездеседі. Бұл орын 
ауысу  көбінесе  ұйқас  пен  ырғақ  мотивінен 
туады.  
Білімдіден шыққан сөз,  
Талаптыға болсын кез.  
Жол ‰стіне құдық қаз да, ағаш ек,  
Көлеңкелеп суын ішкен көрмес жек.  
Міне, бұлардың бәрі – бір тармақ ішіндегі 
инверсия т‰рлері.  
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысын 
зерттеген  проф.  Р.  Сыздықова  инверсиялар-
дың  тармақ  ішінде  және  тармақ  арасында 
жасалатындығын көрсеткен болатын (2, 116). 
Инверсияның  келесі  т‰рінде  тармақтар 
арасында  жасалатындары  жатады.  Мақал-мә-
телдерде  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің 
әдеттегі  орындарынан  ауыстырылып  берілуі 
де – мақал  табиғатына  тән  белгі.  Мұны  ту-
дыратын  да  ұйқас  пен  ырғақ,  екіншісі – бел-
гілі бір стильдік мақсаттың көзделуі.  
Бірінші  жолда  сөйлемнің  тұрлаулы  м‰ше- 
лерден  тұратын  негізгі  бөлігі  беріледі,  екінші 
жолға бағыныңқы сөйлем орналасады.  
Шәкірті зейінді келеді,  
Ұстазы, бейілді келеді. 
 
Жақсымын деп мақтанба,  
Халық айтпай,  
Батырмын деп мақтанба,  
Жеңіп қайтпай.  
Мақал-мәтелдердегі  егіз  тармақтарда  не-
месе  екі  құрмалас  сөйлемнен  құрмаласқан 
к‰рделі  құрмалас  сөйлемдерде  логикалық  ой 
екпіні алдыңғы тармаққа т‰седі. Алдыңғы тар-
мақтарда  халықтың  кейінгілерге  айтпақ  ойы 
беріледі.  Сөйтіп,  мақал-мәтелдеде  инверсия-
ның ең жиі қолданылатын жерлері – бастауыш 
пен  баяндауыштың  орын  алмастыруы.  Анық-
тауыштың анықталушы м‰шемен орын алмас-
тыруы сирек кездеседі. Тұрлаусыз м‰шелердің  
өздеріне  қатысты  сөзбен  орын  алмастырып 
келуі  және  көмекші  етістікпен  келген  тіркес 
компоненттерінің  орын  алмастыруы  көбінесе 
ұйқас  пен  ырғақ  мотивінен  туады.  Ал,  анық-
тауыш  пен  анықталушыларды  бір-бірінен  
алшақтатып,  тармақаралық  инверсия  жасау, 
яғни құрмалас сөйлем компоненттерінің орын 
ауысуы – ырғақ, ұйқаспен қатар, стильдік мақ-
сатты  да  көздей  орындалады.  Ол  мақсат  көбі-
несе белгілі бір м‰шеге немесе сөйлем бөлігіне 
ерекше  екпін  т‰сіруде,  ерекше  назар  аудар-
туда болады.  
______________ 
1.  А.Н.Кононов.  Грамматика  современного  турецкого 
литературного языка. Москва., 1956 
2.  Р. Сыздықова. Абай өлеңдерінің синтаксистік құры-
лысы. Алматы, 1970. 
3.  Гапаров  С.  Синтаксический  строй  киргизских  по-
словиц и поговорок АКД. Фрунзе, 1983 
4.  Аталар  сөзі.  Мақал-мәтелдер  мен  қанатты  сөздер. 
Алматы, 1989. 

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал