Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет17/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61

 
 

96                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Ж. К.  Омарбекова 
КЛАССИФИКАЦИИ  СЛОЖНЫХ ГЛОГОЛОВ В ОТНОШЕНИИ К СЛОВОБРАЗОВАНИЮ И 
ФОРМООБРАЗОВАНИЮ 
  
В  статье  рассматривается  проблема  классификации    сложных  глоголов  в  отношении  к  словобразованию  и 
формообразованию.  В  морфологии  сложными  глаголами    должны  называться  глаоголы,  которые  состоят  из 
основного и вспомогательного глагола, и выражают грамматические отношения. В словообразовании  сложными 
глаголами являются  слитные, парные  глаголы и глаголы,  которые состоят из двух компонентов и выражают 
новые лексические значения.  
 
J. C. Omarbekova 
СLASSIFICATION OF COMPLEX VERBS IN RELATION TO DERIVATION AND MORPHOGENESIS 
 
The problem of classifying complex verbs in relation to derivations and morphogenesis is considered in the article. 
In morphology, complex verbs are the verbs that consist of main and auxiliary verb, and express grammatical relation. In 
derivation, complex verbs are paired verbs and verbs, which are composed of two components, and express new lexical 
meanings. 
 
 
 
 
Р. Қ.  Өмірбекова, 
Мемлекеттік тіл кафедрасының доценті 
 
СИНТАКСИСТЕГІ ОРАЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕ БІР ТҮРІ –  
ЕЛІКТЕУІШТІ ЕСІМШЕЛІ ОРАЛЫМ ЖАЙЫНДА 
 
 
Синтаксис, оның үлкен бір саласы сөз тір-
кестері  қазіргі  кезде  жан-жақты  зерттеудің 
объектісі болуда. 
Қазақ  тіл  білімінде  сөз  тіркестерін  М.  Ба-
лақаев арнайы зерттей келе оның негізгі: 
а) байланысу формалары, 
ә) байланысу тәсілдері, 
б) синтаксистік қатынастары, 
в)  түрлері  сияқты  басты-басты  объекті-
лерін  нақтылап,  соның  әрқайсысы  арнайы 
зертттелу  үстінде.  Әсіресе  сөз  тіркестерінің 
осы объектілерінің ішіндегі олардың түрлерін 
есімді, етістікті сөз тіркестері деп топтап беру 
сөз  тіркесінің  жігін  айқындаудағы  ең  негізгі 
болып табылса керек.  
 Әрине, сөз тіркестерін есімді, етістікті деп 
бөлу олардың басыңқы сыңарларының қай сөз 
таптарынан  болуына  негізделсе  керек.  Соның 
ішінде етістікті сөз тіркестерінің морфология-
лық,  құрылымдық  түрлерінің  рөлі  әр  түрлі. 
Етістіктердің  басыңқы  қызметте  жұмсалуы 
мен  оның  басыңқы  қызметтегі  ерекшеліктері 
туралы  М.Балақаев,  Р.Әміров,  Т.  Сайрамбаев, 
Ә.Әбілақов т.б.  ғалымдар  едәуір  дәрежеде пі-
кір айтқаны белгілі [1,2,3,4]. Дегенмен, етістік 
– сан қырлы сөз табы. Сондықтан да олардың  
басыңқы  қызметімен  бірге  енді  басыңқы 
сыңарларының  бағыныңқы сыңарларға ауысу 
процесіне тоқталмақпыз. Ол үшін етістіктің әр  
 
түрлі  категорияларының  сөз  тіркесінің  ба-
сыңқы  сыңарында  жұмсалу  ерекшелігін  сөз 
етелік.  Есімшелі  оралым  синтаксистегі  ең 
күрделі мәселенің бірі: жоғарыда көрінгендей, 
бұл  сияқты  топтарды  әр  түрлі  түсіндіру –  
оның  әлі  де  болса  түбегейлі  шешім  таба  қой-
мағандығын  көрсетсе  керек.  Әрине,  есімшелі 
оралымдарды  нақты  айту  ең  алдымен  етістік-
тің негізгі ерекшеліктерін жан жақты көрсету 
арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан да етіс-
тіктің категорияларының сөйлемде қолданылу 
орындарын  айқындаудың  да  негізгі  мәселені 
шешуге  себебі  мол  тиетіні  анық.  Басқа  сөз 
таптарына  қарағанда  етістікті  сөз  тіркесі  сөй-
лем  мүшелері  жағынан  да  көп  айтылып  келе 
жатқан сөз табы. Осыған байланысы бұл жер-
де етістіктің сөз тіркесі мен сөйлем мүшесінде 
баяндауыш  қызметінде  жұмсалуының  өзіндік 
ерекшеліктерін айқындау ең қажет факт. 
-  Күрделі етістіктер: 
Сүйіндік,  Сүгірбай  осындай  сылтауды  кү-
тіп, қос қанатын қомдап отыр екен. Алдымен 
көшкен  солар  боды  да,  өзге  Бөкеншілер  де 
еріксіз тартып кетті  (М.Әуезов). 
-  Салт, сабақты етістіктер: 
Бала  жігіт  бұйрықты  орындамады.  Үн-
түнсіз бұрылды да, өз үйіне қарай жүре берді  
(Х. Ерғалиев). 
-  Етістер: 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          97 
 
Жүргіншілер  келе  жатқан  қабат-қабат 
биіктің арасында жатқан жіңішке өзен кейде 
тарауланып  көп  салаға  бөлініп,  кейде  иін 
тіркескен  биіктік  жартастардың  арасынан 
жалғыз  аяқ  жолдай  болып  жіңішкеріп, 
жыланша  иіріледі.  Отағасы  қозғала  отырып 
сөйледі  (М.Әуезов).  Сіз  қазір  пәтеріңізге  ба-
рып  жуынып,  тамақтанып,  ұйықтап  алыңыз 
(Х.Ерғалиев). 
-  Болымды, болымсыз етістіктер: 
Нанарын  да,  нанбасын  да  білмей,  аңырып 
қалды бәрі (Ғ.Мұстафин). астыңғы үйдегі бап-
ты  аспазшы  пісірген  ыстық  самсаны  да  же-
ген жоқ (Парасат). 
-  Етістіктің райлары: 
Көп кешікпе, еркем, тамақ піскен кезде кел 
(С.Мұқанов).  Менімен  сөйлесіп,  осында  алып 
келіңіздер  (М.Әуезов).  Тағы  бір  соның  лебізін 
естісек екен. Бірақ алыс жүрсе де, со Абайда 
ақыл мен қайрат, тіл мен тәлімнің мол екенін 
әкесі  танитын  (М.Әуезов).  Осында  етістік-
тердің құрамы жағынан дара, күрделі түрлері, 
ал етістіктің морфологиялық құрамы жағынан 
салт,  сабақты  етістіктер,  етістер,  болымды, 
болымсыз,  рай  түрлері  т.б.  жай  сөйлемнің 
баяндауышы  мен  құрмалас  сөйлемдердің  ба-
ғыныңқы  сыңарлары  қызметінде  жұмсалған. 
Осындағы: отыр екен, тартып кетті, бұрылды, 
жүре берді, бөлініп, иіріледі, ұйықтап алыңыз, 
білмей, жеген жоқ, естісек екен т.б. етістіктері 
тек сөйлемнің соңында ғана жұмсалуға бейім. 
Сонда  олар  сөйлем  мүшесі  жағынан  баян-
дауыш, ал сөз тіркесінде тек етістікті сөз тір-
кесінің  басыңқы  сыңары  қызметінде  жұмсала 
алады.  Осы  жағынан  келгенде,  бұл  топтағы 
етістіктер тек етістік мағынасынан әрі сөйлем 
мүшесі,  әрі  сөз  тіркесінің  басыңқы  сыңары 
жағынан  да  нақтылай  түседі.  Етістіктің  баян-
дауыш  болу  қызметі  мен  сөз  тіркесіндегі  ба-
сыңқы  сыңары  сөйлемнің  соңында  ғана  жұм-
сала  ма?  Деген  мәселеге  тоқталатын  болсақ, 
мұның  өзі  етістіктердің  әрбір  түрінің  ішкі 
ерекшеліктеріне  байланысты  демекпіз.  Жоға-
рыда аталған етістіктердің сөйлемнің соңында 
ғана  жұмсалуы  етістіктердің  негізгі  қасиеті. 
Сол  сияқты  кейбір  етістіктер  сөйлемнің  со-
ңында  баяндауыш  бола  отырып,  енді  сөйлем-
нің ішінде де жұмсалуы көбінесе барлық етіс-
тіктердің  ішінде  тек  есімше  түріне  қатысты. 
Сондықтан да есімшелерде бірде етістік, бірде 
есімдерше түрленетін деп, олардың өзін осын-
дай  ерекшеліктеріне  қарай  екі  жақтан  қарас-
тыру үнемі айтылып келеді. 
Қазіргі  тілімізде  семантикалық  ерекшелігі 
жағынан да грамматикалық сыр-сипаты жағы-
нан  да,  фонетикалық-морфологиялық  құры-
лымы жағынан да, өзге сөз таптарынан оқшау-
ланып  тұратын,  соған  сәйкес,  өз  алдына  дер-
бес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөз-
дер-еліктеуіш  сөздер.  Еліктеу  сөздердің  син-
таксистік  қызметін  сөз  еткенде,  екі  түрлі  мә-
селе  баяндалуға  тиіс;  бірі - еліктеу  сөздердің 
өздерінен  басқа  қандай  сөздермен  тіркесетін-
дігі,  екіншісі - еліктеу  сөздердің  сөйлемде 
қандай  мүше  болып  қызмет  атқаратындығы. 
Синтаксис  туралы  еңбектерде  еліктеуіштерді 
синтаксистік  жағынан  онша  елей  бермейді. 
Сондықтан да сөз тіркесі тұрғысынан да, сөй-
лем  мүшесі  тұрғысынан  да  еліктеуіш  сөздер-
дің  не  тіркесімдік  қабілеті,  не  сөйлем  мүшесі 
болуы айтыла бермейді. Жалпы алғанда, елік-
теуіш  сөздер  қимылға  онда  да  өзі  мағыналас 
етістіктермен тіркесте жұмсала алатын сөздер. 
Сондықтан  олар  етістіктермен  тіркесіп,  оның 
түрлі  қимылдық  қасиетін  нақтылай  түсетін 
болуы  тиіс.  Есімшелі  оралым  басыңқы  сөзде 
тек  есімше  болуы  керек.  Есімшенің  жұрнағы 
көбіне дербес мағынасы бар етістіктерге жал-
ғанатыны  белгілі.  Дегенмен,  есімшенің  жұр-
нағы кейде де көмеші етістігіне жалғанып ба-
рып басыңқы сыңарда жұмсалып күрделі анық-
тауыш  жасалуы  күмән  тудырмаса  керек.  Ал 
енді сол толық мағынасы бар етістктер сияқты 
есімше  тұлғалы  да  көмекші  етістікті  де  күр-
делі  анықтауыштар  да  кездеседі.  Мысалы, 
Әлде бұл қазақтар орысша да жақсы түсінеді, 
оған  уақытты  кетіріп  қажеті  па? (Егемен  Қа-
зақстан).  Осында:  Уақытты  кетіріп  қажеті 
қанша  деген  топта  анықтауыш  пен  анықта-
лушы сөз бар. Осындағы күрделі анықтауыш: 
уақытты-табыс жалғаулы зат емес 
кетіріп-көсемше тұлғалы етістік 
қажеті-тәуелдік жалғаулы модель сөз 
қанша-сұрау есімдігі- барлығы да, бірінші-
ден, әр түрлі сөз таптары, соған сәйкес бәрі де 
әр  түрлі  сұрауларға  жауап  береді,  бірақ  со-
лардың бәрінің басын қосып, “әрқайсысының 
әр  түрлі  сұрауы  болғанымен  деген  көмекші 
етістігі арқылы сол топтың барлығы енді қан-
дай  сұрауына  жауап  беріп,  немқұрайлылық 
абстрактілі  зат  есіміне  анықтауыштық  қыз-
метте жұмсалған. Егер уақытты кетіріп қажеті 
қанша-  тобына  дербес  мағынасы  бар  есімше 
басыңқылық  жасаса,  онда  оның  есімшелі 
оралым  екені  дау  туғызбауы  айқын.  Ал  енді 
мынадай  көмекші  етістік  тұлғалы  топты  да 

98                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
есімшелі оралымға қатысты қарастыруды жөн 
көрдік.  Өйткені  бәрібір  сол  көмекші  етістік 
алдындағы  сөздердің  барлығын  сөз  табына, 
сұрауына  қарамастанөзіне  шоғырландырып 
күрделі анықтауыш жасауға негіз болып отыр. 
Мұндай тұлғалы көсемше етістік кейде толық 
мағыналы етістікті сөйлемде де күрделі анық-
тауыш жасауға қатыса алады. 
Еліктеуіш сөздер мағынасы жағынан айна-
ладағы  әр  түрлі  дыбысқа  және  қимылға,  іс-
әрекетке  еліктеуді  білдіруіне  байланысты ды-
быстық еліктеуіш сөздер болып екіге  бөліне-
тіні белгілі. 
Айналадағы табиғат құбылыстарының алуан 
түрлі  дыбыстарына  еліктеуден  пайда  болған 
дыбыстық еліктеуіш сөздер есімшелермен тір-
кесіп есімшелі оралым жасауға қатысады. 
Дыбыстық  еліктеуіш  сөздердің  -ған,-ген,-
қан,-кен тұлғалы есімшелермен тіркесіп келуі 
арқылы:Құлаққа  жағымды  қоңыр  үндердің 
арасында  тыңқ-тыңқ шертілген домбыра даусы 
естіледі. (Қ.Жұмаділов). Тырс еткен дыбыс жаң-
ғырып  бүкіл  жатақхананы  басына  көтерді 
(М.Қаназов). 
Дыбыстық  еліктеуіш  сөздердің  –атын, -
етін, -йтын,-итін  есімшелермен  тіркесіп  келуі 
арқылы  тынымсыз  тырс-тырс  тиетін  қамшы 
да кенет бір сәтке жансыз күйге түсіп тыйыл-
ған (М.Сүндетов). Сыбдыр қағатын әрбір ағаш 
жапырағы балалар арасында сезік тудыра бас-
тады (М.Байғұтов). 
Дыбыстық  еліктеуіш  сөздердің  –ар,-ер,-р 
тұлғалы есімшелермен тіркесіп келуі: Елеңдеп 
жатқан соң сырт етер дыбыстан оянады (Т.Мә-
месейітов).  Көңілін  әлдеқандай  сабыр  тауып, 
суып  басылған  кезде  “үп”  етер  лептен  үркек-
теп тұрары бар (М.Қаназов). 
Табиғатта кездесетін білгілі емес құбылыс-
тардың адамның көзбен көру қабілетінен туа-
тын  бейнелеуші  еліктеуіш  сөздер  де  есімше-
нің барлық тұлғаларымен тіркесіп оралым жа-
сайды. 
Бейнелеуіш еліктеуіш сөздердің –ған,-ген,-
қан,-кен тұлғалы есімшелермен тіркесіп келуі 
арқылы: Елбіреп барып дір еткен канат лебін-
дей  (М.Әуезов).  Ә,  анау  жалғыз  үй  жатқан 
қылт еткен аттылыны көрген екен ғой (С.Жү-
нісов).  Класта  шұрқ-шұрқ  тесілген  парталар 
көп екен(М. Байғұтов). 
Бейнелеуіш  еліктеуіш  сөздердің  –атын.-
етін,-йтын,-итін  тұлғалы  есімшелермен  тірке-
сіп келуі арқылы: Жылт-жылт көрінетін керо-
синка  төрт  бұрыш  терезенің  алдынан  орын 
теуіпті. (М.Сүндетов). 
Бейнелеуіш  еліктеуіш  сөздердің  –ар,-ер,-р 
тұлғалы есімшелермен тіркесіп келуі: Басында 
жылт етер үрейдің әсерімен қаша жөнелгісі келіп 
тұрады да, қашпай тұрап қалады (Қ. Жұмаділов). 
Жәнібектің  жан  сала  қимылдауы  ұнап  қалса 
керек,  Дудардың  бағжаң  етер  көзінде  бұған 
деген бір жылылық бар (Қ.Жұмаділов). 
Демек,  тіліміздің  қарыштап  өркендеуіне 
байланысты қазақ тілінің синтаксистік жүйесі 
де жетіліп, өз заңдылықтары қалыптаса баста-
ғанын көреміз. 
______________ 
1.  Аманжолов  С.Қазақ  тілі  ғылыми  синтаксисінің 
қысқаша курсы,-Алматы,1940 
2.  Әміров Р.Жай сөйлем синтаксисі.-Алматы,1983 
3.  Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы,1992 
4.  Cайрамбаева  Т.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  күрделі  сөз 
тіркестері.-Алматы,1981
 
 
 
Р. К. Омирбекова 
ПРИЧАСТИЕ И ЕГО РОЛЬ В ОБРАЗОВАНИЯ СЛОВОСОЧЕТАНИИ 
 
В статье рассматривается причастие и его роль в образования словосочетании. 
 
R. K. Omirbekova 
COMMUNION AND ITS ROLE IN THE FORMATION OF PHRASE 
 
The article deals with the sacrament end its role in the phrase 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          99 
 
А. Ж. Жұмағұлова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф. ғ. к. 
 
ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА НЫСАНЫ – Ғ. М‡СІРЕПОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
 
 
Көркемсөз  өнерінің  небір  майталмандары 
сөз  өнерінің  бастауын  жалпы  халықтық  тіл 
қорынан  алатындығы  бәрімізге  мәлім.  Кез  
келген  жазушы  ‰шін  халық  ауыз  әдебиетінің  
нұсқалары,  жыраулар  мен  жыршылардың  та- 
нымы  мен  тағлымы  мол  керемет  д‰ниелері, 
ғасырлар  қойнауынан  бізге  дейін  жетіп,  өз 
құндылығын  жоғалтпаған  жыр-дастандар – 
таптырмас мектеп. 
Жалпы  халықтық  тілді  жаңарту,  байыту, 
барынша  жарқырата  қолдану  әрбір  жазушы 
шығармашылығының  жемісі.  Тиесілі  сөзді 
тетігін  тауып  пайдалану  сөз  өрнегін  келісті 
сала білген жазушының шеберлігін танытады. 
Қандай  да  бір  шығарманың  көркемдік  дең-
гейін  көтеретін  сол  шығарманың  тілі.  Тілдік 
құралдардың  орынды  қолданылуы,  қаламгер-
дің  сөз  саптасы,  әсерлі  тізілген  ой  өрнегі – 
барлығы да шығарманың шырайын келтіретін 
негізгі шарттар. 
«Қалың  көпшілік  дұрыс  бағалап  ж‰рген-
дей,  кез  келген  көркем  шығарма  өзінше  бір 
өмір  деп  қабылданатын  болса,  өмірде  тіл  ар-
қылы  қарым-қатынастың  болмағы – табиғи 
құбылыс». (1. 5.) 
Тіл – стильдің жаны. Қазіргі кезде жазушы 
да,  жазғыш  та  көп.  Бірақ  сол  жазушылардың 
барлығының  стилі  қалыптасып,  орнықты  де-
сек,  бұл – жаңсақ  пікір.  Жазушы стилінің  қа-
лыптасуы  ұзақ  жылғы  шығармашылық  ізде-
ністің жемісі. Осы көп жылдар бойғы шығар-
машылықтың  нәтижесінде  жазушының  қа-
лыптасып, орныққан жазу өнері, жазу мақамы 
-  оның  стилі.  Халыққа  танымал  көптеген  ірі 
қаламгерлердің  ‰лкенді-кішілі  атақты  шығар-
маларын  қолға  алып, ‰ңіле  т‰ссең-ақ,  кімнің 
шығармасы  екенін  айнытпай  айтуға  болады. 
Сұлу  сөзге  тұнып,  ұзын  сонар,  әдемі  шира-
тылған  Әуезов  сөйлемдерін,  өлең  жолдарын-
дай  өзара  ұйқасын  тауып, ‰йлесіп,  төгіліп 
тұратын,  артық  деп  бір  ауыз  сөзін  де  алып 
тастауға  көнбейтін  Аймауытов  сөйлемдерін, 
есте сақтауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін 
«өмірдің өзінен ойып алған» Майлин сөйлем-
дерін  ешкіммен  шатастыруға  болмас.  Өзімен 
қатар  қаламдастарының  ішінде,  оқырман-ха-
лықтың  арасында  стилист-жазушы  ретінде  
 
 
танымал болған  Ғ. М‰сіреповтің де ащы мыс-
қыл  мен  жеңіл  әзілді  езу  тартқыза  отырып 
жеткізетін  сөйлемдерін  басқаның  сөйлемдері-
мен  шатастыру м‰мкін емес.  
Ғ. М‰сірепов әдебиет әлеміне өткен ғасыр-
дың  жиырмасыншы  жылдарында,  шығарма-
шылық жолын шағын әңгіме жазумен бастап, 
артынша  с‰белі  ірі  туындыларын  қазақ  әде-
биетінің  алтын  қорына  қосқан  классик-жа-
зушы.  Жазушы  қаламынан  «Оянған  өлке», 
«Ұлпан», «Жат қолында» сияқты романдардан 
басқа,  бірнеше  ірі  драмалық  шығармалар,  
әр  алуан  тақырыпты  қамтитын  әңгімелер, 
повестер  шықты.  Мұнан  басқа    жазушының 
әдебиет  туралы,  қоғамдағы  әр  т‰рлі  құбы-
лыстар  туралы,  тіл  туралы  ортаға  салған  ой-
лары мен толғаныстары өз алдына  сарқылмас 
байлық. 
Ғ.  М‰сіреповтің  жазушы  ретіндегі  шебер-
лік  шыңдау  мектебі, «әсемдік  әлемінің»  ал-
ғашқы баспалдағы – прозаның шағын т‰рі әң-
гіме  болды. «Начинать  работу  большими  ро-
манами – это очень дурная манера. Именно ей 
мы обьязаны тем, что у нас издается множество 
словесного  хлама.  Учиться  писать  нужно  на 
маленьких рассказах, как это делала почти все 
крупнейшие писатели на западе и у нас.  
Рассказ приучает к экономии слов, к логи-
ческому  размещению  материала,  к  ясности 
сюжета  и  наглядности    темы», - деп  жазады 
орыс жазушысы М. Горький прозаның шағын 
т‰рі әңгіме туралы. ( 2. 220.) 
«Жиырмасыншы  ғасырдың  басындағы  қа-
зақ  әдебиетіндегі  «шағын  әңгіменің  шебері» 
жазушы  Б.  Майлин  болған»,-  дейді  зерттеуші 
ғалымдар.  Ал  «Ғабит  Майлин  ізімен,  бірақ 
одан басқашалау романтикалық стильде қазақ 
әдебиетіндегі  әңгіме  жанрын  дамытып,  сол 
арқылы  к‰шті,  татымды  образдар  галереясын 
жасады». (3.) 
Әрбір  пенде  өмірге  келген  соң  оның  өзіне 
ғана тиесілі өмір жолы басталады. Оның өмір 
жолында  жақсы  да,  жаман  да,  қуаныш  та, 
қайғы  да  қатар  ж‰руі  әбден  заңды.  Сол  се-
кілді әрбір шығармашылық адамының шығар-
машылық  ұлы  көшке  келуі  де,  қызығы  мен 
қиындығы,  азабы  мен  рахаты,  жеңісі  мен 

100                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
жеңілісі  мол  болуы,  сол  көшке  ілесуі  де 
әрқилы болатыны заңды. 
Кез  келген  қаламгердің  шығармашылық 
жолындағы  өмірлік  тәжірибесі  оның  жазу-
шылық шығармашылығына өз әсерін тигізбей 
қоймайды.  Жазушының  жеке  өміріндегі  қым-
қуыт оқиға, тартысты өмір, сан қилы толқулар 
мен  өмірлік  арбасулар  оның  шығармасының 
желісіне айналуы м‰мкін. Сондықтан да болар 
жазушы  Ғ.  М‰сіреповтің  де  әңгімелерінің 
тақырып аясы кең, ішкі мазмұны терең, айтар 
ойы  анық.  Қандай  әңгімесін  алсаңыз  да  өзі 
өмір с‰рген кездегі қоғамның тыныс-тіршілігі, 
заман  ағымының  аяқ  алысы,  ондағы  адам-
дардың өмір с‰ру салты – шығарманың негізгі 
арқауы. 
Жазушының  алғашқы  әдеби көркем шы-
ғармасы  «Тулаған  толқында»  деп  аталады. 
Бұл шығарма жиырмасыншы ғасырдың жиыр-
масыншы  жылдарының  аяғында  жазылған. 
Қазіргі  кезде  бұл  шығарма  повесть  ретінде 
қарастырылғанмен,  шығарманың  алғашқы 
нұсқасы ұзақ әңгіме болған. 
Мұнан  кейін  жазушы  қаламынан  «Қос 
Шалқар», «Талпақ танау», «Шұғыла», «Жеңіл-
ген Есрафил», «Ер Қаптағай», «Қыран жыры», 
«Өмір  жорығы», «Тарғыл  қауын», «Сөз  жоқ, 
соның  іздері»  сияқты  әр  тақырыптағы  әңгі-
мелері  мен  әйел-ана  тақырыбына  арналып 
жазылған  шоғыр  (цикл)  әңгімелері  туды.  Бұл 
әңгімелерінде  жазушы  қоғамнан  жырақ  кет-
пей,  сол  кездегі  негізгі  жайларды  суреттеген, 
сондықтан да тақырып тұрғысынан қарастыр-
сақ, сан алуан. 
Ғалым  М.  Бекбергенов  жазушы  шығарма-
шылығын  зерттеушілердің  бірі  ретінде,  жазу-
шы  әңгімелерінің  тақырыбын  шартты  т‰рде 
былай деп саралайды: 
«1.  Қазақстандағы  революциялық  к‰рес 
дәуірінің,  тап  тартысының,  сол  кезең  қайшы-
лықтарының  бейнесін  әр  қырынан    суреттей-
тін шығармалар; 
2.  Социалистік  замандағы  жаңарған  ауыл, 
өзгерген  ел  бейнесін  әр  қырынан  суреттейтін 
шығармалар». (4. 15.) 
Сөз жоқ, жазушының кейбір шығармалары 
Кеңес  Одағы  кезіндегі  социалистік  қоғам- 
ның «кейбір жаңалықтарын» тым марапаттап, 
асыра  сілтеңкіреп    жібереді.  Әрине,  таным-
дық,  әдеби-теориялық  тұрғыдан  алғанда  бұл 
шығармаларға  тың  талдау,  жаңаша  көзқарас, 
өркениет  талабы  тұрғысынан  т‰сіндіру  және 
т‰сіну  аса  қажет.  Бұл  ретте  жазушының  өмір 
с‰рген  дәуірі  мен  сол  кезеңдегі  қоғамдық 
саясатты,  т‰сінікті,  тәртіпті,  талапты,  қоғам-
ның тыныс-тіршілігін ескеру керек-ақ. 
Жазушы  Ғ.  М‰сірепов  шығармашылығы 
1980  жылдарға  дейінгі  қазақ  әдебиетінің  ал-
тын қорынан  «тақырып байлығымен, көркем-
дік  жаңалығымен,  езу  тартқызар  ерекше 
юморымен»  ғана  емес,  сөз  қолдану  шеберлі-
гімен, стильдік әдемі өрнектерімен де ерекше 
орын алады. 
Қазақ 
әдебиеті 
классиктерінің 
бірі  
С.  Мұқанов  кезінде  Ғ.  М‰сірепов  шығарма-
шылығының  әдебиет  әлемінде  танылуына, 
өсіп-дамуына ерекше назар аударып, тіпті көп 
ретте  тікелей  ықпал  еткені  де  тарих  парақ-
тарынан белгілі.  С. Мұқанов қазақ әдебиетін-
де  қатар  келе  жатқан  замандас  қаламгердің  
шынайы  шеберлігі  мен  әдемі  өрнектерінің 
«кілтін» былай деп атап өтеді: «Ғабиттің жазу-
шылығының  тұтас  алғанда  өзіне  тән  өзге-
шелігі бар. Біріншіден, Ғабит бойына сіңбеген 
тақырыпқа  жармаспайды;  екіншіден,  бойына 
сіңірген тақырыбын тез жазып тастауға асық-
пайды, сондықтан да шығармаларының шикісі 
аз  болады; ‰шіншіден,  жазатын  тақырыбына 
к‰й  таңдайды,  к‰йі  жетпесе,  игерген  тақыры-
бын  да  жаза  қоймайды;  төртіншіден,  шығар-
масына өте ұқыпты, сондықтан қал-қадерінше 
олпы-солпысыз  шығарады;  бесіншіден,  тілге 
‰немшіл,  сипаттап,  суреттеп    отырған  оқиға-
сына жәрдемі жоқ сөзді қолданбайды; алтын-
шыдан,  жарқылдақ  сөзді  көп  қолданып,  ше-
шен  сөйлеуге  тырысады;  жетіншіден,  адам 
портретін  жасауға  қазақ  жазушыларының  ең 
шеберінің бірі». ( 5. 552.) 
Жазушы  шығармашылығының  басты  же-
тістіктерін тізбелеп атап өткен С. Мұқанов сөз 
өнерінің  құдіретін  терең  т‰сіну  арқылы,  қа-
ламгердің  шығармашылығына  жоғары  баға 
береді. 
Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  жарық  тұл-
ғалардың бірі З. Қабдолов та жазушының ше-
берлігі  мен  тілі  туралы    мынадай  салмақты 
пікір  қалдырған. «Қазақтың  сөз  өнерінде 
«Ғабиттің  тілі»  деген  тіл  бар.  Ол  қандай  тіл? 
Ол – сымға  тартқан  к‰містей  сұлу  тіл.  Ол – 
нақты тіл, затты тіл. Ол сөз ғана емес, сөзбен 
салынған  сурет.  Ол – биік  парасат,  терең  фи-
лософия. Ол – сыр, сезім... Ғабит тілі – сырлы 
да сиқырлы тіл». (6.) 
«... Қағаз бетіне т‰скен қолының  дір еткен 
тұсы  болмаған,  әрқашан  еркін,  батыл,  бай-
салды қозғалған; әр сөз орнында шебер құры-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          101 
 
лысшының  кірпішіндей  берік  қаланған  да 
отырған». ( 7. 5.) 
Қандай  да  бір  жазушы  болмасын  оның 
шығармашылығына  қойылатын  басты  талап-
тардың  бірі – сөз  саптау  тұрғысынан,  тілдік 
материалдарды  пайдалану  тұрғысынан  өзгеге 
ұқсамайтын  ерекшелігінің  болуы.  Мұның  өзі 
жазушының сөз қолданысына, жекелеген сөз-
дерді  жаңа  қырынан  өз  мақсатында  байыпты 
қолдануына,  сөздерді  сөйлете  білуіне,  сөзбен 
жанды сурет сала білуіне, сөз мағынасын жаңа 
қырынан жарқырата қолдана білуіне алып ке-
ліп  саяды. Бұл  туралы  жазушы Ғ.  М‰сірепов-
тің  өзі  былай  дейді: «Сөз  сөзге  жарығын 
т‰сіріп  тұрады,  көлеңкесін  де  т‰сіріп  тұрады. 
Біріне-бірі  жарығын  т‰сіріп  тұратын  сөздер-
ден  құралған  сөйлем  айтайын  деген  ойды 
оқушыға  дәл  жеткізеді.  Бұл  арада  ерекше 
ескеретін бір нәрсе – әр сөздің ой мен сезімге 
бірдей  дөп  тиіп  жатуы,  ең  ‰лкен  арман 
осында. Біріне-бірі көлеңкесін т‰сіріп тұратын 
сөздер өз мағынасын дәл баспай, екі оқты бо-
лып, ауытқып шығады» (8. 53.) Жалпы, жазу-
шы шығармадағы тілдің қызметін, орнын, құ-
діретін, қасиетін ерекше бағалаған. Қазақ әде-
биетінің  тарихында  тек  жазушы  ретінде  ғана 
емес,  драматург,  сценарист,  аудармашы,  тіл 
жанашыры  ретінде  де  танылған  қаламгер. 
Оның тіл мәдениеті, тіл тазалығы, тілді байыту 
туралы  ойлары  мен  құнды  пікірлері  б‰гінгі 
к‰нге  дейін  өз  құндылығын  жоймаған  сал-
мақты  д‰ниелер.  Ол  терминдер,  жаңа  сөздер, 
сөздің  т‰рленуі  туралы  өз  пікірлерін  ашық 
айтудан жалықпаған. Жас буын қаламгерлерге 
ғана  емес,  өзі  құралпы,  қаламының  қарымы 
қатайған қаламгерлердің өзіне де әдеби тілдің 
қуатты  көздері  интернационализм,  архаизм, 
неологизм, кәсіби, термин сөздер екенін, олар-
дан  ‰рікпей  өз  шығармаларында  батыл  қол-
дану керек екендігін батыл ескертіп отырған. 
«Көркем  әдебиетте, - дейді  жазушы, - әр-
бір сөздің тұрпаты сақталуға тиісті. Тілге бай, 
тілі жақсы дегенде ешбір жазушы жаңадан сөз 
тауып,  сонысымен  бай,  сонысымен  көркем-
дікке жетпейді. Халықтың тіл байлығында бар 
сөздерді  дұрыс  тұрпатымен  пайдаланып,  сол 
қордан  алынған  сөздерден  жаңа  теңеулер, 
жаңа  бейнелеулер  жасау  арқылы  тілге  бай, 
тілге шебер  деп аталады» (8. 90.) Қандай әде-
биеттің  болмасын  негізгі  бастауы  жалпы 
халықтық  тіл  байлығы  екендігі    өзгермейтін, 
тұрақталып  қалған  пікір  екені  даусыз.  Деген-
мен,  жеке  бір  жазушы  халық  тілін  т‰бегейлі 
байыта алмасы да анық. Халықтың тілін байы-
туға,  көркем  әдеби  тілдің  қорын  молайтуға 
«жазушылықты  мұрат  еткен  адамның  қай-
қайсысы да ‰лес қосуы тиіс.» 
Белгілі  сөз  шебері,  аса  көрнекті  жазушы 
Ғабит  М‰сіреповтің  шығармашылығы    әде-
биет  тарихы  тұрғысынан,  әдеби-көркемдік 
шығармашылық  тұрғысынан  көптеген  әде-
биетші  ғалымдардың  зерттеу  нысаны  болған-
мен,  лингвистикалық  бағытта  жазушының 
кейбір  жеке  шығармалары  ғана  әр  қырынан 
зерттеліп, ғалымдардың шағын ғылыми мақа-
лаларына негіз болды. Жазушының шығарма-
шылығына  арналған  лингвистикалық    ж‰йелі  
зерттеу  еңбегі  жоқ.  Бұл  ретте  көз  тоқтатып, 
көңілге  т‰йер  еңбектер  санаулы  ғана.  Олар:  
Б.  Шалабаевтың  «Ғ.  М‰сіреповтің  «Оянған 
өлке»  романындағы  кейбір  синтаксистік  құ- 
рылымдардың  көркемдік-стильдік  қызметі», 
«Ғ. М‰сіреповтің «Оянған өлке» романындағы 
комикалық  жасаудың  кейбір  тілдік  тәсілдері» 
туралы  еңбектері (9.); профессор,  ғалым  
М.  Серғалиевтің  «Ғ.  М‰сіреповтің  әңгімеле-
ріндегі  қайталамалардың  стильдік  қызметі»  
(10. 134-144.); Е. Жұбановтың «Ғабит М‰сірепов 
тілінің  кейбір  стильдік  ерекшеліктері» (11.) 
сияқты  ғылыми-зерттеу  мақалалары.  Осы 
мақалалардың  өзі де  осы  еңбекті жазуымызға 
оң ықпал еткенін айта кеткен жөн болар. 
Егер  осы  ғылыми  мақалаларға  шолу  жа- 
сап, таратып айтар болсақ, ғалым Б. Шалабаев  
Ғ.  М‰сіреповтің  «Оянған  өлке»  романындағы 
авторлық ‰ннің берілу жолдары туралы, автор 
‰ні  мен  кейіпкер  сөзінің  арақатынасы,  өзара 
байланысы  туралы,  романды  оқу  барысында 
оқырманын еріксіз жетелейтін роман тіліндегі 
ритмикалық  ‰йлесімділік  пен  саздылық,  ай-
тылу  әуенінің  ерекшелігі  туралы,  автордың 
оларды  беру  тәсілі,  юмор  мен  сарказмның 
жасалуындағы комиканың рөлі, оны жасаудың 
кейбір  тілдік  тәсілдері  туралы  нақты  тілдік 
материалдардың  негізінде  салмақты  ойлар 
айтып,  ғылыми  тұжырымдар  жасайды.  Сон-
дай-ақ  ғалым  Б.  Шалабаев  жазушы  сөйлем-
деріндегі  синтаксистік  қайталамалар  мен 
лексикалық  қайталамалардың  ырғақтылыққа 
ықпалы  туралы  айта  келіп,  эпифора  мен  ана-
фораның  прозадағы  көрінісінде  назардан  тыс 
қалдырмайды.   
Қазақ  тіл  білімінде  стиль  туралы,  әдеби 
тілдің көркемдігі туралы, тіл тазалығы туралы 
салмақты  ойларымен  белгілі  ғалым    М.  Сер-
ғалиев  ғалымдар  арасында  поэзияда  ғана 

102                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
кездеседі  деген  пікір  қалыптастырып  келген 
анафора  мен  эпифораның  жазушы  Ғ.  М‰сі-
репов  әңгімелерінің  тілінде  жиі  кездесетін 
көркемдік  құбылыс  екендігін  нақты  тілдік 
деректерді  мысалға  келтіре  отырып,  дәлел-
дейді.  Ғалымның  айтуы  бойынша, «қайта-
ламалар – жазушының көркемдік тәсілдерінің 
бірі».  Ғалым  осы  аталған  мақаласында  қай-
таламалардың  стильдік  қызметін  ғана  емес, 
грамматикалық  ерекшеліктерін  де  қазақ  тілі-
нің  синтаксисі  тұрғысынан  қарастырып,  тал-
дайды.  Жалпы  жазушының  шығармаларын-
дағы  қайталамалар  туралы,  олардың  стильдік 
қызметі  туралы  алғаш  терең  зерттеп,  тың  пікір-
лер айтқан да ғалым М. Серғалиев. Ғалымның 
бұл  еңбегі  осындай  стильдік  тәсілдің  басқа 
жазушылардың  шығармаларындағы  көрінісін 
зерттеп,  талдауға  да  т‰рткі  болды.  Мысалы, 
мұндай  көркемдік  тәсіл  Ж. Аймауытовтың да 
шығармашылығында жиі ұшырасады. 
Е. 
Жұбанов 
ғылыми 
мақаласында   
Ғ. М‰сірепов шығармаларында жиі кездесетін 
сөз  мағынасының  құбылуы,  фразеологиялық 
тіркестердің,  қанатты  сөздер  мен  афоризм-
дердің  қолданысы,  бейнелеу  тәсілдерінің  бірі 
–  эпитеттің  қолданылу  ерекшелігі  туралы 
айтады.  Ғалым  мысалдар  келтіру  арқылы 
олардың  әрқайсысының  стильдік  бояуын, 
олардың  шығармаға  беретін  әрін,  көтеретін 
ж‰гін т‰сіндіреді. 
Ғ.  М‰сіреповтің  шығармаларын  лингвис-
тикалық  тұрғыдан  әр  т‰рлі  бағытта  қарас-
тыратын  осы  еңбектердің  бәрі  де  жазушы 
шығармаларын  зерттеудің  бастауы  болып 
табылады.  Қазақ  әдебиеті  тарихының  алтын 
қорынан  ойып  орын  алатын    Ғ.  М‰сіреповтің 
шығармашылығы  талай  зерттеу  еңбектеріне 
нысан  болары  сөзсіз.  Себебі,  әрбір  қалам-
гердің    өзіндік  стильдік  өрнектері,  өздері  с‰йіп 
қолданатын  тәсілдері,  жазу  машығы  болады. 
Қаламгер  сонысымен  дара,  сонысымен    ерек- 
ше,  сонысымен  өзгеше.  Ал  мұндай  даралық 
М‰сірепов  шығармашылығының  алтын  қа-
зығы. 
_______________ 
1.  Серғалиев  М. Көркем әдебиет тілі. Алматы, «Мек-
теп», 1981 ж. 
2.  Горький    М.  Собрание  сочинении. 27 том,  Москва, 
1953 г. 
3.  Қоңыратбаевтың 1962 жылы Ғ. М‰сіреповке жазған 
хаты. «Қазақ әдебиеті», 1992 жыл, 31 шілде. 
4.  Бекбергенов М.  Ғ. М‰сіреповтің прозасы. Алматы, 
«Рауан», 1990 ж. 
5.  Мұқанов  С.  Таңдамалы  шығармалар  жинағы. 15-
том. Халық мұрасы. Алматы, 1979 ж. 
6.  Қабдолов  З. «Сырлы  д‰ние»,  мақала, «Қазақ  әде-
биеті», 1982 жыл, 19 март. 
7.  Қабдолов З. Арна. Алматы, «Жазушы», 1988 ж. 
8.  М‰сірепов Ғ.  Заман және әдебет. Әдеби-сын еңбек-
тері. Алматы, «Жазушы», 1982 ж. 
9.  Шалабаев  Б.  Көркем  проза  тілі.  Алматы, «Білім», 
1994 ж. 
10. Серғалиев  М. Сөз сарасы. Алматы, «Жазушы», 1989 ж. 
 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал