Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет16/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61

С. A. Оданова 
ФОНЕТИЧЕСКИЕ  ИЗМЕНЕНИЯ  ЗВУКОВ ЗАИМСТВОВАННЫХ СЛОВ 
 
В  статье  рассматриваются  закономерности  фонетических  изменений  звуков  заимствованных  слов  из 
арабского, персидского, монгольского и русского языков. 
 
S. A. Odanova 
PHONETIC CHANGES OF SOUNDS OF BORROWED WORDS 
 
The  article  considers the  laws of  phonetic changes of  sounds of borrowed words from Arabic, Persian, Mongol and 
Russian languages 
 
 
 
 
Б. А. Омарова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. 
 
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ЕСІМДІКТІ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕР
 
  
 
Қазақ тіл білімінде есімді сөйлемдер мәсе-
лесін  арнайы  көтеріп,  осы  салаға  ғылыми 
қауымның назарын аударған алғашқы зерттеу-
шілердің бірі – Т.Сайрамбаев. Оның жетекші-
лігімен  осы  тақырып  аясында  «Қазіргі  қазақ 
тіліндегі есімді сөйлемдер», «Есімді құрмалас 
сөйлемдер,  олардың  т‰рлері,  қалыптасуы» 
және «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есім- 
ді  сөйлемдер»  атты  ‰ш  кандидаттық  диссер-
тация  қорғалды.  Сондай-ақ  Т.Сайрамбаевтың  
өзінің  шәкірті  К.Оңалбаевамен  бірігіп  жазған  
 
 
«Есімдер  синтаксисінің  кейбір  мәселелері»  
атты ғылыми еңбегі де осынау аса өзекті проб-
леманы қозғайды.  
Осы  еңбектерде  басқа  сөз  таптарымен  қа-
тар  есімді  сөйлем  құрауда  есімдіктердің  де 
маңызды  рөл  атқаратындығы  тілге  тиек  еті-
леді.  Жалпы  есімдіктердің  сөйлемде  қызмет 
ету  қабілетінің  өте  зор  екендігін  негізге  ала 
отырып, авторлар бұл сөз табының ойды тия-
нақтап, «өз бастауыштарымен жақ, сан жағы-
нан  предикаттық  байланыста  тұрып»,  басқа 

90                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
сөз  таптарынан  еш  кем  т‰спейтінін  ерекше 
атап  өтеді.  Осы  орайда,  олар  былай  дейді:  
«Қайта зат есім, сын есім, сан есімдерге қара-
ғанда бастауыштың мәнін айқындауда бұл сөз 
табы ерекше. Осы ерекшелік оның есімді сөй-
лем  жасаудағы  семантикалық  жағынан  бай 
екенін көрсетеді»[1].  
Яғни, есімдікті есімді сөйлемдердің семан-
тикалық мәні айрықша екендігі дау тудырмаса 
керек.  Жоғарыдағы  авторлар  жалпы  сөйлем-
нің  семантикасын  айқындауда  да  осындай 
сөйлемдерді  зерттеу  объектісіне  айналдыру-
дың  маңыздылығын  негізге  алады.  Сөйтіп, 
осы бағытта әлі де болса шешімін таппай ж‰р-
ген  мәселелердің  бірқатарын  алға  тартады. 
Солардың  бірі – хакім  Абайдың  қара  сөзде-
ріндегі  есімді  сөйлемдер  мәселесі.  Оларға 
шолу  жасау  барысында  есімді  сөйлемдердің 
ішінде  есімдікті  сөйлемдердің  әлдеқайда  мо-
лырақ  екендігі  анықталыпты.  Және  де  бұл 
мәселе  авторлар  тарапынан  келешектегі  зерт-
теу  жұмыстарына  бағыт  ретінде  ұсыны-
лады[1].  
Әрине,  Абай  тілі – мол  кеніш,  таусылмас 
қазына.  Оны  тіл  білімінің  қай  саласы  тұрғы-
сынан  зерттесек  те,  артық  емес.  Абай  тілінің 
синтаксисі бұл – қазақ тіл білімінің ‰лкен бір 
арнасы.  Осы  арнаның  алғашқы  ғылыми  ірге-
тасын  қалап,  болашақ  зерттеушілерге  даңғыл 
жол  ашып  берген  ұлы  ғалым – профессор 
Т.Сайрамбаев.  Осынау  қасиетті  жолды  одан 
әрі  дамытуға  теңіздің  тамшысындай  болса  да 
‰лес  қосу – біздің  міндетіміз.  Сондықтан  да 
осы  мақсатта  Абайдың  қара  сөздеріндегі 
есімдікті  сөйлемдерді  негізгі  объекті  ретінде 
ала  отырып,  олардың  тұлғалық  және  семан-
тикалық  ерекшеліктерін  арнайы  қарастыруды 
жөн көрдік. 
Абайдың  қара  сөздеріне  көз  ж‰гірте  оты-
рып,  ондағы  есімді  сөйлемдердің  негізін  сіл-
теу,  жіктеу,  сұрау,  өздік,  белгісіздік  есімдік-
тері  құрайтынын  байқадық.  Олардың  ішінде 
әлдеқайда  жиі  кездесетіндері – сілтеу  және 
сұрау  есімдіктері  де,  қалғандары  сирек  қол-
данысқа т‰седі.  
Енді осы есімдіктердің әрқайсысына жеке-
жеке тоқталып өтсек.  
Жіктеу  есімдігі.  Жалпы  есімдіктер  қата-
рында сөйлем ішінде әлдеқайда белсенді қол-
данысқа т‰сетін сөздердің бірі ретінде жіктеу 
есімдіктерін танимыз. Зерттеу еңбектерінде де 
(А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, 
М.Балақаев, Р.Әмір, т.б.) жіктеу есімдігі есім-
ді  сөйлемдерде  баяндауыш  қызметін  атқа-
ратын негізгі сөз табы ретінде ұсынылып ж‰р. 
Қара  сөздерде  есімді  сөйлемдер  жасауға  мен 
жіктеу  есімдігі  ғана  қатысады  және  ол  екі-ақ 
сөйлемде  кездеседі.  Енді  сол  сөйлемдерге  на-
зар аударайық: 
Орынсыз,  болымсыз  нәрсеге  ‰йір  қылмай, 
бойды таза сақтайтұғын, к‰нәкәрліктен, көр-
сеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғы-
руынан  құтқаратұғын,  адасқан  жолға  бара 
жатқан  бойды  қайта  жиғызып  алатұғын 
мен емес пе? (Абай) 
Жұмсақ төсекте, жылы ‰йде тамағы тоқ 
жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып ж‰р-
ген  киімсіздің,  тамақсыз  аштың  к‰й-жәйі 
қандай  болып  жатыр  екен  деп  ойлатып, 
жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегін-
де дөңбекшітетұғын – 
мен. (Абай) 
Бұл  сөйлемдердегі  предикативтілік  есім-
шелі  бастауыш  пен  жіктеу  есімдікті  баян-
дауыштың  арасындағы  байланыс  арқылы  ж‰-
зеге асып отыр. Мұндағы мен есімдігі  қимыл 
атауының  объектісін  білдіріп,  сөйлемді  тия-
нақтап тұр. Ал қимыл иесі – -тұғын формалы 
есімшелер.  Сақтайтұғын,  құтқаратұғын,  жи-
ғызып  алатұғын,  дөңбекшітетұғын  есімше-
лері  субстантивтеніп  барып,  бастауыш  қыз-
метін  атқарып  тұр.  Жалпы  есімшенің  мұндай 
формасы  Абай  тіліне  тән  ерекшелік  болып 
табылады.  Мен  есімдігі  өз  бастауышымен  ір-
гелес  тұрып  алғашқы  сөйлемде  көмекші  сөз 
бен  сұраулық  шылаумен  тіркесу  арқылы  к‰р-
делі  баяндауыш  ретінде,  ал  кейінгі  сөйлемде 
нөлдік  тұлғада  дара  бастауыш  ретінде  қол-
данылған.  Ал  енді  семантикалық  сипаты  тұр-
ғысынан  бұл  сөйлемдерді,  Р.Әмір  айтқандай, 
«ойдың  бір  құрамын – субъектіні,  объектіні 
актуализациялайтын  типті»  сөйлемдерге  жат-
қызамыз[2].  Мұндағы  актуализациялау  қыз-
меті  сөйлемдегі  етістіктердің  есімше  форма-
сын  алып,  бастауыш  қызметіне,  ал  мен  есім-
дігінің баяндауыштық позицияға көшуіне бай-
ланысты  ж‰зеге  асып  отыр.  Яғни,  мен  жіктеу 
есімдігі  актуализацияланатын  сөз  (объекті) 
дәрежесінде  ойды  тиянақтау  қызметін  атқа-
рады. Мәселен: 
Жиғызып алатұғын –
 мен.  Мен жиғызып 
аламын.  
Сілтеу есімдігі. Сілтеу есімдіктері де – сөй-
лемде  баяндауыш  қызметінде  молынан  жұм-
салатын сөз табы. Аттрибутивтік сөздер қата-
рына жататындықтан, сілтеу есімдіктері, негі-
зінен, анықтауыш қызметін атқаруға тиіс. Со-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          91 
 
ған  қарамастан  бұл  сөздер  сөйлемде  баян-
дауыш болып, есімді сөйлем құрауға да қаты-
сады.  Қара  сөздерде  ойды  тиянақтаушы  сөз-
дер  ретінде  осы,  сол,  анау  есімдіктері  кезде-
седі. Олар «адам» деген ұғыммен байланысты 
да,  жансыз  нәрселермен  байланысты  да  қол-
даныла  береді.  Бұл  есімдіктердің  баяндауыш-
тық  қызметін  екі  жақты  қарастыруға  болады. 
Біріншіден, сілтеу есімдігі-предикат пен субъект 
заттың  қатынасы,  екіншіден,  сілтеу  есімдігі-
предикат пен қимыл-істің қатынасы. Алғашқы 
жағдайда  сілтеу  есімдікті  баяндауыштардың 
бастауышы  атау  тұлғалы  зат  есімнен  болып 
келеді. Мысалы: 
Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар 
біледі, салтанат, әсем де 
соларда. (Абай) 
Ұят кімде болса, иман 
сонда. (Абай)  
Іздеген еліміз 
сол ма?(Абай)  
Ұялған  десек,  хадис  анау,  жақсылардан 
қалған сөз 
анау. (Абай) 
Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харе-
кеті де 
сол. (Абай)  
Бұл  сөйлемдердегі  сілтеу  есімдікті  баян-
дауыштар  нөлдік  тұлғада  да,  көптік  тұлғада 
да,  септік  тұлғада  да  жұмсалған.  Ал  олардың 
бастауыштары  атау  к‰йінде  тұр.  Яғни,  сілтеу 
есімдіктерінің  баяндауыш  болып  келуінің 
бірден-бір шарты – бастауыш зат есімнің атау 
формасында  жұмсалуы.  Осы  тұлғалық  ерек-
шеліктерінен  келіп,  сілтеу  есімдікті  сөйлем-
дердің  мағыналық  сипаты  айқындалады.  Жо-
ғарыдағы  сөйлемдердің  семантикалық  мәні 
субъект  зат  пен  оның  әр  алуан  қасиеттерінің 
қатынасына  негізделген.  Нақтырақ  айтсақ, 
нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдікті сөйлемдерде 
баяндауыш  субъект  затты  көрсету,  соған 
нұсқау  мағынасын  білдірсе,  жатыс  септіктегі 
сілтеу есімдікті баяндауыштар субъект заттың 
кімге  тиесілі  екенін  меңзеп  тұр.  Сондай-ақ 
баяндауыш  қызметіндегі  сілтеу  есімдіктері  өз 
бастауыштарымен  қатар  қолданыла  отырып, 
ой екпінін өздеріне қарай тартқыш келеді.   
Ал  екінші  жағдайда  сілтеу  есімдікті  баян-
дауыштың бастауышы  есімше  тұлғалы  болып 
келеді.  Мәселен,  мына  сөйлемдерге  көңіл  ау-
дарайық: 
Кітаптың айтқаны – 
осы.(Абай)  
Сенікі – біреуден  қорқытып  алсаң,  біреу-
ден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң бол-
ғаны, іздегенің – 
сол.(Абай)  
Мұндағы  бастауыштар – -ған, -ген  фор-
малы есімшелер де, баяндауыштар – атау к‰йін-
дегі сілтеу есімдіктері. Сондықтан да бұл сөй-
лемдер  семантикалық  тұрғыдан  қимыл-іс  пен 
оның  объектісінің  қатынасын  білдіретін  сөй-
лемдер  қатарына  жатады.  Баяндауыш  қыз-
метіндегі  осы,  сол  есімдіктері  қимыл  атаула-
рының  объектісін  білдіріп,  актуализацияла-
натын  сөз  дәрежесінде  сөйлемдегі  ойды  тия-
нақтап тұр.   
Сұрау есімдігі.  Қара сөздерде ең көп қол-
данылатын есімдіктердің бірі – сұрау есімдік-
тері.  Олардың  қатарында  не,  қашан,  қалай, 
немене,  кім,  қайсы,  қайтеді  есімдіктері  бар. 
Сұрау  есімдіктері,  негізінен,  атау  к‰йінде  жұм-
салған,  тұлғалық  өзгерістерге  ұшырағандары 
де  кездеседі.  Сұрау  есімдікті  есімді  сөйлем-
дерді  де  екі  жақты  қарастырған  жөн:  баян-
дауыштың  есім  сөзді  бастауышпен  қатынасы 
және  баяндауыштың  есімше  тұлғалы  бас-
тауышпен қатынасы. Ең алдымен, сұрау есім-
діктері  сөйлемде  есім  сөздермен  предикатив-
тік қатынасқа т‰сіп, ойды тиянақтау қызметін 
атқарады. Мысалы: 
Қазақтың  бірінің  біріне  қаск‰нем  болма-
ғының,  бірінің  тілеуін  бірі  тілеспейтұғы-
нының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке 
таласқыш  болатұғынының,  өздерінің  жалқау 
болатұғынының себебі 
не? (Абай) 
Алла  табарака  уатағаланың  пенделеріне 
салған жолы 
қайсы?(Абай) 
Бұл 
қалай?(Абай) 
Осы 
несі екен?(Абай) 
Бәрі  өз  бауыры,  бәрі  өз  малы  болған  соң, 
шыныменен  жетесінде  жоқ  болмаса,  солар-
дың қамын жемей 
қайтеді?(Абай) 
Алғашқы  екі  сөйлемде  бастауыш  м‰ше 
атау  тұлғалы  зат  есімнен  болып,  сұрау  есім-
дікті  баяндауышпен  іргелес  қолданылған.  Ал 
кейінгі  сөйлемдерде  сұрау  есімдікті  баян-
дауыштың  бастауыштары  есімдіктерден  бо-
лып  келеді.  Бұл  сөйлемдердің  бәріне  тән  бір 
ерекшелік – есімдікті  баяндауыштардың  сөй-
лем  соңынан  келіп,  оларға  екпін  т‰сіріліп  ай-
тылуында  және  субъектінің  де,  предикаттың 
да атау к‰йінде жұмсалуында. Мұндағы сұрау 
есімдікті  баяндауыштарға  септелу  тән  болма-
ғанымен  де,  олардың  тәуелденіп,  к‰рделеніп 
келетін жағдайларын байқаймыз.  
Ал  енді  бұл  сөйлемдердің  синтаксистік 
мағынасына  келер  болсақ,  ол  субъект  зат  пен 
сұрау  есімдіктерінің  қатынасына  негізделген. 
Сұрау  есімдіктері  сөйлемдегі  іс  иесінің  мән-
жайын, әр алуан к‰йін білу мақсатында сұрау 
мағынасында жұмсалған. Жалпы сұраулы сөй-
лемдердің  көркем  әдебиет  тілінде  жиі  кез-

92                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
десетіні  белгілі.  Сол  сияқты  Абай  да  өзінің 
қара  сөздерінде  сұраулы  сөйлемдерді  ерекше 
экпрессиямен шебер қолдана білген. Олардың 
мазмұны  да  әрқилы  болып  келеді.  Қара  сөз-
дердің негізгі діңгегі осы сұрақтар десек, қате-
леспейміз.  Өйткені  автор  оқырманға  сұрақ 
қою  арқылы  өзін  толғандырып  ж‰рген  келелі 
мәселелерді  көтеріп,  өзі  сол  сұрақтар  төңі-
регінде  сөз  қозғаған,  оқырманға  ой  салып, 
оның  көкейінен  орын  тебуді  көксеген.  Сон-
дықтан  да  мұнда  ашық  мәнді  сұрақтардан 
гөрі,  риторикалық  және  к‰мәнді  сұрақтар 
молынан  пайдаланылған.  Мәселен,  алғашқы 
екі  сөйлем  сыртқы  формасы  жағынан  ашық 
мәнді  сұраққа  ұқсағанымен,  оның  т‰пкі  мақ-
сатының м‰лдем басқа екендігін әрі қарай оқу 
барысында  аңғаруға  болады.  Мұндай  сөй-
лемдер  әдетте  қара  сөздің  басында  қойылып, 
негізгі  ой  осы  сұрақтың  жауабы  төңірегінде 
өрбиді.  Яғни,  жауап  к‰ту  мақсатында  емес, 
оқырманға  аса  маңызды  жайтты  хабарлау, 
оның  санасына  жеткізу  мақсатында  айтыла-
тын  бұл  сөйлемдерді  риторикалық  сұрақ  деу 
орынды. Ал ‰шінші және төртінші сөйлемдер 
–  қара  сөздің  соңынан  орын  алған  сұрақтар. 
Олардың  мән-мағынасы  да  өзгешелеу.  Өйт-
кені  мұндағы  негізгі  мақсат – әрі  бірдеңенің 
жайын  білу,  әрі  сол  бірдеңеге  байланысты 
автордың өз к‰мәнін жеткізуі. Олай болса, бұл 
сөйлемдер к‰мәнді сұрақты білдірсе керек.  
Қара  сөздерде  сұрау  есімдіктері  есімшелі 
бастауыштармен  де  қатынасқа  т‰сіп,  баян-
дауыш  қызметін  атқарады.  Мұндай  сөйлем-
дерде  жоғарыда  аталған  сұрау  есімдіктерінің 
бәрі  дерлік  қолданылады.  Олар  атау  к‰йінде 
сөйлемдегі ойды тиянақтау қызметін атқарады 
да, ал олардың бастауыштары, яғни, -ған, -ген, 
-тұғын  формалы  есімшелер  тәуелденіп  те, 
тәуелденбей де қимыл иесі болып келеді. Мы-
салы:  
Осы  елдің  ‰нем  қылып  ж‰ргені 
немене
(Абай) 
Сократқа  у  ішкізген,  Иоанна  Аркті  отқа 
өртеген,  Ғайсаны  дарға  асқан,  пайғамбары-
мызды т‰йенің жемтігіне көмген 
кім? (Абай)  
Біз  ортамызда  бұл  мархамат  ғадәләтті 
иманның  шартынан  хисап  қылмаймыз,  оның 
‰шін  муслим  болғанда,  Алла  Тағалаға  тәслим 
болып,  оның  жолында  болмақ  едік,  болғаны-
мыз 
қайсы? (Абай)  
Қазақтың  баласының  өзі  алдағыш  бола 
тұрып  және  өзі  біреуге  алдатқыш  болатұ-
ғыны 
қалай? (Абай) 
Осы,  біздің  қазақтың  өлген  кісісінде  жа-
маны жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы 
жоқ болатұғыны 
қалай? (Абай) 
Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің 
жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, 
пәле  шығарған  кісі  мықты  атанатұғыны 
несі? (Абай)  
Бұл  сөйлемдердің  бәрінде  де  сұрау  есім-
дікті  баяндауыштар  өз  бастауыштарымен  ір-
гелес қолданылып, ой екпінін өздеріне тартып 
тұр.  Не  есімдігінің  тәуелденіп  жұмсалғаны 
болмаса,  қалғандары  нөлдік  тұлғада  баян-
дауыш қызметін  атқарады.  
Ал енді сұрау есімдікті баяндауыштар мен 
есімшелі  бастауыштардың  осынау  қатынасы-
нан бұл сөйлемдердің семантикалық мәні шы-
ғады. Мұндағы сұрау есімдіктері қимыл атау-
ларының,  яғни,  есімшелі  бастауыштардың 
объектісін  білдіріп,  актуализацияланып  тұр. 
Айтылу  мақсатына  қарай  сұраулы  сөйлемдер 
болғанымен,  бұл  сөйлемдер  де  алдыңғылар 
сияқты  әрқилы  мазмұнымен  ерекшеленеді. 
Мәселен,  алғашқы  екі  сұрақтың  жауап  алу 
мақсатында  емес,  керісінше  автордың  өзі 
жауап беріп, осы мәселеге оқырманның ерек-
ше  назарын  аударту  ‰шін  қойылғандығы  аң-
ғарылады.  Ал  ‰шінші  сөйлемде  болғанымыз 
қайсы?  деп  сұрақ  қою  арқылы  автор  болған 
жоқпыз дегенді меңзеп тұр. Сондықтан да бұл 
сөйлемдерде  риторикалық  мән  басым.  Соңғы 
‰ш  сөйлем  арқылы  автор  оқырманға  ашық 
сұрақ  қойып  отыр.  Әрі  бұл  сөйлемдерде  эмо-
циялық реңк те жоқ емес. Қалай? несі? сұрау 
есімдіктері  арқылы  автор  сұралған  жайтқа 
байланысты  өзінің  к‰йінішке  толы  таңданы-
сын  да  білдіріп  отыр.  Олай  болса,  қара  сөз-
дерде  басқа  да  сұрақтармен  қатар  таңырқау- 
лы  сұрақтардың  кездесетінініне  көз  жеткізе-
міз.  
Өздік және белгісіздік есімдігі. Өздік есім-
дігі  мен  белгісіздік  есімдігі  қара  сөздерде  әр-
қайсысы  бір  ғана  есімді  сөйлем  құрамында 
кездеседі. Мысалы: 
Һәммаға харекет беретұғын 
Өзі. (Абай)  
 К‰лсем,  қуана  алмаймын,  сөйлегенім  өз 
сөзім  емес,  к‰лгенім – өз  к‰лкім  емес,  бәрі  де 
әлдекімдікі. (Абай)  
Бірінші  сөйлемде  өзі  есімдігі III жақ  тәу-
елдік  тұлғада  баяндауыштық  қызметте  жұм-
салса, ал екінші сөйлемдегі белгісіздік есімдігі 
-дікі  қосымшасын  жалғау  арқылы  ойды  тия-
нақтап  тұр.  Өздік  есімдікті  баяндауыш  есім-
шелі  бастауышымен  іргелес  қолданылып,  ак-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          93 
 
туализацияланған  сөз  дәрежесінде  қимыл 
атауының  объектісін  білдіреді.  Ал  белгісіздік 
есімдікті  баяндауыш  есімдікті  бастауышымен 
де  шылауы  арқылы  предикаттық  қатынасқа 
т‰сіп,  субъект-заттың  беймәлім  жай-к‰йін 
меңзеп тұр.  
Сонымен, Абайдың қара сөздерінде есімді 
сөйлемдердің  ішінде  есімдікті  сөйлемдердің 
әлдеқайда  жиірек  кездесетіндігіне  анық  көз 
жеткізе  отырып,  оның  өзіндік  ерекшеліктерін 
былайша саралауға болар еді:  
-  есімді сөйлем құрауда сілтеу және сұрау 
есімдіктері жиі кездеседі; 
-  есімдіктер  нөлдік,  тәуелдік  және  септік 
тұлғада ойды тиянақтайды; 
-  есімдіктер  шылау  мен  көмекші  сөздер-
мен тіркесіп, есімді сөйлем құрайды; 
-  есімдіктер,  негізінен,  сөйлемде  -тұғын 
формалы  есімшеден  жасалған  бастауыштар-
мен  предикаттық  қатынасқа  т‰сіп,  ойдың  бір 
құрамын  актуализациялайтын  типті  сөйлем-
дер құрайды; 
-  есімдіктер  өз  бастауыштарымен  іргелес 
қолданылып,  ой  екпінін  өздеріне  қарай  тарт-
қыш келеді; 
-  айтылу мақсатына қарай есімдікті есімді 
сөйлемдер  хабарлы  және  сұраулы  болып  ке-
леді;  
-  есімдікті  есімді  сөйлемдер,  негізінен, 
жай  сөйлем  т‰рінде  кездеседі,  құрмалас  сөй-
лемдер де бар, бірақ олар аздау.  
_______________ 
1.  Сайрамбаев Т., Оңалбаева К.  Есімдер синтаксисінің 
кейбір мәселелері. Алматы, 2005.  
2.  Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.  
 
Б. А. Омарова 
ОСОБЕННОСТИ МЕСТОИМЕННЫХ ИМЕННЫХ ПРЕДЛОЖЕНИЙ В «КНИГЕ СЛОВ» АБАЯ 
  
В  статье  автор  рассказывает  о  грамматических  и  семантических  особенностях  местоименных  именных 
предложений,  используемых в «Книге Слов» Абая.  
 
B. A. Omarova 
FEATURES OF PRONOMINAL NOMINAL SENTENCES USED IN "BOOK OF WORDS" OF ABAI 
 
The author tells about the grammatical and semantic features of pronominal nominal sentences used in the "Book of 
Words" of Abai. 
 
 
 
 
Ж. К. Отарбекова, 
ҚазМемҚызПУ, zhimi_ok@mail.ru 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН СӨЗЖАСАМЫНДАҒЫ 
К‡РДЕЛІ ЕТІСТІК  МӘСЕЛЕСІ ЖАЙЫНДА 
 
 
Қазақ  тіл  білімінде  к‰рделі  сөз  ұғымына 
кемінде    екі  т‰бірдің  бірігуінен,  тіркесуінен, 
қосарлануынан  жасалған  сөздер  жатқызы-
лады.  Алайда  морфологиядағы  к‰рделі  сөз 
ұғымы  мен  сөзжасамдағы  к‰рделі  сөз  ұғымы 
теңбе-тең  емес.  Сөзжасамда  к‰рделі  сөздерге 
бірігу,  тіркесу,  қосарлану,  тіпті  қысқару    ар-
қылы жасалып, жаңа мағынаға ие болған сөз-
дер  жатқызылса,  морфологияда  к‰рделі  сөз 
ұғымына  аталғандардан  өзге    негізгі  сөз  бен 
көмекші  сөздің  тіркесінен  тұратын  сөз  тұл- 
ғалары    да  кіргізіледі.  Атап  айтқанда,  тіркесу 
жолымен  жасалған  етістіктер,  негізгі  мен  кө-
мекші етістіктің тіркесінен тұратын етістіктер-
дің бәрі к‰рделі етістік ретінде ұғынылады.  
 
 
Т‰бір  мен  т‰бірдің  бірігуінен,  қосарла-
нуынан  немесе  тіркесуінен  құралған  сөздер- 
дің    барлығы  «к‰рделі  сөздер»  деген  катего- 
рияға  кіретіні белгілі [1:49].  Сол себепті  тір-
кесу  арқылы  жасалған  етістіктерді  к‰рделі 
етістіктер  деген жалпылама атаумен атау дұ-
рыс па? 
Сөздердің  тіркесуі  арқылы  жасалған    к‰р-
делі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  шатастыр-
мауымыз  керек.  Тіркесті  сөздердің  құрамын-
дағы  сөздер  сабақтаса  байланысып,  бір  ғана 
мағына  білдірсе,  сөз  тіркесі  жеке-жеке  толық  
мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуынан 
тұрады.  Тіркесу  арқылы  жасалған    сөздердің 
мағыналары кірігіп, бір семантикалық бірлікте 

94                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
жұмсалады,  бөлек  жазылғанымен,  сөйлемнің 
бір  ғана  м‰шесі  болады.  Мысалы,  суық  тор-
ғай, кәрі жілік,  қара ала, он бес, екі ж‰з, қыз-
мет қыл, сабыр ет. 
Тіркестіру  арқылы  сөз жасау  сөз  таптары-
ның  бәрінде  де  бар  құбылыс.  Екі  (кейде  ‰ш) 
компоненттен  құралуы,  құрамындағы  сөздер-
дің  сабақтаса  байланысуы,  номинативтік  си-
паттағы сөздердің де жасалуы жағынан бұлар 
біріккен  сөздер сияқты. Тіркесті сөздер бірік-
кен  сөздерден  қандай  ерекшеліктерімен  ажы-
ратылады? Біріншіден, тіркесті сөздер компо-
ненттерінің  лексикалық  және  грамматикалық 
мағына дербестігі сақталады (мал дәрігері, тіс 
дәрігері)  Біріккен  сөздердің  компоненттері 
лексикалық  дербестігінен  айрылып  қалады. 
Екіншіден,  тіркесті  сөздердің  синтаксистік 
қатынасы  сақталады,  дегенмен,  сөз  тіркесін-
дегідей  емес,  айқындауыштық    сипатта.  Ал  
біріккен  сөздердің  арасындағы  синтаксистік 
қатынас  тұтасып,  лексикалану  сипаты  басым 
болады  (желтоқсан,  қайнаға).  Осындай  қа-
сиеттері  негізге  алынып,  алғашқылары  бөлек 
жазылса, кейінгілері бірге жазылады. 
Тіркестіру  арқылы  сөз жасау  сөз  таптары-
ның  бәрінде  де  бар  құбылыс  деп  көрсетіледі. 
Бұлардың  барлық  сөз  таптарындағы  дәрежесі 
бірдей  емес:  сан  есімдер  мен  етістіктерде же-
текші  тәсіл  болса,  есімдіктерге  бұл  құбылыс 
тән  емес  десе  де  болады [2:98]. Сондай-ақ 
к‰рделі  етістіктер  деп  аталып  ж‰рген  етістік-
тердің  барлығы  бірдей  сөзжасам  объектісіне 
енбейтіндігін,  бұларды  атауда  бірізділіктің 
жоқтығын  айту  керек.  Етістіктерге  қатысты 
еңбектерде  к‰рделі  етістіктер  тобына  жатқы-
зылып  ж‰рген  етістік  т‰рлерін  бөлу  де,  олар-
ды атау да біркелкі емес: 
1. Жарқ ету, айқай салу, жәрдем ет, адам 
бол, қызмет қыл, табыс ет, т.б. осындай етіс-
тіктерді  Ы.Маманов  тіркесті  т‰бір  етістіктер 
десе [3:27], А. Қалыбаева мен Н.Оралбаева құ-
ранды  етістіктер [2:254], А.  Ысқақов  к‰рделі 
құрама етістіктер [4:238] деп атаған. 
2. Келіп кет, бара кел, алып кел, әкеп қой
Ы.Маманов – к‰рделі етістік [3:6], А.Ысқақов 
жай  к‰рделі  етістік  немесе  құрама  к‰рделі 
етістік [4:239], А.Қалыбаева мен Н. Оралбаева  
к‰рделі етістік [2: 292]. 
3. Келе жатыр, кетіп қал, айта сал, қарай 
көр:  Ы.Маманов  алдыңғы  етістіктермен  бірге 
к‰рделі етістіктер деп қараса [2:27], А. Ысқақов 
аналитикалық етістіктер [4:253], А.Қалыбаева 
мен Н. Оралбаева   аналитикалық  етістік  деп 
атайды [2:292]. 
4. Ж‰рек жұтқан, көзі ашылды, ж‰рек жал-
ғау, таяқ жеді, т.б. тұрақты тіркестерді А.Қа-
лыбаева мен Н. Оралбаева  [2:320], А.Ысқақов 
тұрақты  тіркестер  деген  атпен  к‰рделі  етіс-
тіктердің құрамында қараған [4:240]. 
5. Барып едім, келетін еді, келмек еді, т.б. 
«е»  көмекші  етістігі  арқылы  келген  етістік-
терді  А.Ысқақов  жеке-дара  алып,  суреттеме 
етістіктер  деп  атаса [4:249], Ы.Маманов 
к‰рделі  етістіктердің [3:55], А.Қалыбаева  мен 
Н. Оралбаева   аналитикалық  форманттардың 
құрамында қарайды [2:292]. 
А.Ысқақов бірінші топтағы (тіркесті т‰бір 
етістік, құранды етістік) етістіктерді ғана сөз-
жасам нысаны ретінде қарастырады, өзге зерт-
теушілер    бірінші,  екінші  және  төртінші  топ-
тағы  етістіктерді  осы  қатарға  қояды.  Ы.Ма-
манов  екінші  топтағы    етістіктерді  граммати-
калық  мағына  ‰стейтін  аналитикалық    фор-
манттармен  бірдей  етіп  көрсетеді.  Сонда  тір-
кесу арқылы жасалып тұрған етістіктер  грам-
матикалық    мағына    беретін  морфологияның 
зерттеу  нысаны  ме,  әлде  жаңа  мағыналы  сөз 
ретінде сөзжасамның зерттеу нысаны ма? Осы 
мәселеге  келгенде,  жоғарыда  аталған  етістік 
т‰рлерін  бөлуде,  жіктеуде  белгілі  бір  ұста-
нымның жоқтығын байқаймыз.   
Бұл мәселеде профессор С.М. Исаев өзінің 
айқын  көзқарасын  танытып,  былай  дейді: 
«К‰рделі  етістік  деген  ұғым  к‰рделі  зат  есім, 
к‰рделі  сын  есім,  к‰рделі  сан  есім,  к‰рделі 
‰стеу  т.б.  сияқты  ұғымдардан  грамматикалық 
сипаты жағынан м‰лде бөлек, я кез келген екі 
я одан да көп т‰бірден (сөзден) құралған етіс-
тіктің  бәрі  бірдей  к‰рделі  етістік  бола  бер-
мейді,  тек  негізгі  етістік  пен  көмекші  етістік-
тің  белгілі  тәсіл  арқылы  тіркесіп  барып,  бір 
сөздің  (етістіктің)  мәнінде  жұмсалып,  етістік-
тің белгілі грамматикалық категориясын жа-
сайтын т‰рі ғана к‰рделі етістік бола алады. 
Атап айтқанда, негізгі етістік көсемше (-а, -е, -
й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі,) есімше 
(-ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -
йтін, -ар, -ер, -р, -с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -
пақ, -пек),  шартты  рай  (-са, -се)  тұлғаларына 
көмекші етістіктер және негізгі етістік т‰бірге 
-ғы, -гі, -қы, -кі қосымшаларының тәуелденген 
тұлғасына  кел  көмекші  етістіктің  тіркесінен 
жасалып, бір ғана етістіктің орнына жұмсала-
тын (көмекші етістік грамматикалық қана мән 
‰степ, белгілі бір категорияның көрсеткіші бо-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          95 
 
латын,  яғни  грамматикалық  тұлға – қосымша 
мәнінде қолданылатын) етістіктің т‰рі к‰рделі 
етістік  болып  табылады.  Яғни  екі  я  одан  да 
көп  сөзден  (т‰бірден)  құралған  етістіктердің 
бәрі  бірдей  к‰рделі  етістік  бола  бермейді» 
[5:185].  Ал  есім  мен  көмекші  етістіктің,  елік-
теу  сөз  бен  көмекші  етістіктің  тіркесінен  жа-
салған  етістіктерді  тіркесті  т‰бір  етістіктер 
деп  атап,  грамматиканың  шеңберінен  шығып 
қалатын,  сөзжасам  қызметін  атқаратын    сөз-
дер деп таниды.    
Етістікті  арнaйы  зерттеген  ғалымдардың 
к‰рделі  етістіктерді  т‰сінуі  біркелкі  емес. 
Ы.Маманов  жоғарыда  көрсетілген  есім  (елік-
теуіш)  мен  көмекші  етістіктің  тіркесінен  құ-
ралғандарды  тіркесті  т‰бір  етістікке  жат-
қызады, ал еді көмекші етістігі тіркескен к‰р-
делі  формаларды    к‰рделі  етістікке  жатқыз-
байды. «...еді  көмекші  етістігі  есім  сөздермен 
де, етістік  формаларымен де тіркесіп, к‰рделі 
өткен шақ формасын жасайды, яғни тіркескен 
сөздеріне  өткен  шақтық  мағына  ‰стейді, ... 
етістіктің басқа формаларымен өзгермейді. Ал 
к‰рделі  етістік  етістіктің  барлық  формалары-
мен  т‰рленеді  және  оның  құрамындағы  кө-
мекші  етістіктер  әр  т‰рлі  грамматикалық 
мағына  білдіреді.  К‰рделі  етістік  көсемше 
формалары мен көмекші етістіктердің тіркесуі 
арқылы  жасалады.  К‰рделі  етістіктің  құра-
мындағы  алдыңғы  көсемше  т‰ріндегі  сыңары 
лексикалық  мағынаға  ие  болады  да,  соңғы 
сыңары  көмекші  етістік  оған  грамматикалық 
мағына  ‰стейді  және  етістіктің  басқа  форма-
ларымен  т‰рленетін  конструктивтік  қызмет 
атқарады» [3. 55]. 
Бұл  мәселеге  қатысты  А.Ысқақов  былай 
дейді:  «Егер  тіркестегі  компоненттердің  бі-
реуі  ғана  негізгі  мағынасын  сақтап,  өзгелері  
өз    лексикалық  мағыналарын  я  солғындатып,  
я  жоғалтып,  тек  көмекші  болып,  граммати-
калық  қызмет  атқарса,  ол  сараламалы  (ана-
литикалық)  етістік  деп  немесе  к‰рделі  етіс-
тіктің  сараламалы  т‰рі  деп  танылады  (ай-
тып  жібер,  келе  қой);  егер  етістікті  тіркестің 
бірінші жетекші компоненті есім, есімше,  кө-
семше,  рай  формалы  сөздердің    бірі  болып, 
оған  көмекші  етістік  (еді,  екен,  формалары) 
дәнекер  болса,  ондай  тіркестер  суреттемелі 
етістік  я  к‰рделі  етістіктің  суреттемелі   
т‰рі саналады (бала   едім, жас екен, берсе игі 
еді)» [4:239]. 
Демек,  к‰рделі  етістік  ұғымын  етістіктің 
грамматикалық мағыналы тұлғаларына қатыс-
ты қолдануға болады. Ал „егер тіркестегі  ком-
поненттер  мағына  жағынан  бір-бірімен  пара- 
пар  бола  тұра  (тең  т‰скенімен),  бір-бірінен   
жекеленбей,   біртұтас   лексикалық   мағына 
(тұлға) құраса, ондай тіркес жай к‰рделі тір-
кес  деп  саналады  (алып  бар,  алып  қайт,  кіріп 
шық,  оқып  бер,  алып  кет  т.б.)» [4.238]. Осы 
секілді,  есім  сөз  бен  көмекші  етістік,  еліктеу 
сөз  бен  көмекші  етістік  тіркесінен  жасалып, 
жаңа  туынды  етістік  мағынасын  беретін  тір-
кестерді құранды немесе тіркесті етістіктер 
деп атаған жөн. 
Сөйтіп,  к‰рделі  етістік  деген  ұғымға  не-
гізгі етістік пен көмекші (лексикалық мағына-
сынан  айрылған)  етістіктің  тіркесі  және  етіс-
тіктің белгілі грамматикалық категориясының 
көрсеткіші  бола  алатын  т‰рі  ғана  жатады  деп 
білеміз. Негізгі етістік көбіне көсемше, есімше 
және  рай  (шартты,  қалау)  тұлғаларында  бо-
лып, көмекші етістік етістіктің таза граммати-
калық  категориясының  бірінде  (рай,  шақ)  тұ-
рып қолданылады да, негізгі етістікке әр т‰рлі 
грамматикалық  мағына  ‰стейді.  Аналитика-
лық  етістіктер  де  құрамы  жағынан  к‰рделі 
етістіктер тобына кіреді.  
Ал  есім  (еліктеу)  мен  көмекші  етістік, 
негізгі мен негізгі етістік тіркесінен жасалып, 
жаңа  лексикалық  бірлік  ретінде  қолданыла-
тын,  құранды  етістік,  құрама  етістік,  тіркесті 
т‰бір  етістік    тәрізді  т‰рліше  аталып  келген 
етістіктерді  бір  ғана  атаумен,  атаған  жөн 
секілді. Олардың ең басты белгісі, тіркесу ар-
қылы жасалып тұрғандықтан, тіркесті етістік-
тер десек, басқа к‰рделі тұлғалардан (кіріккен, 
қосарланған  етістіктерден)  айырмашылығы 
көрініп тұрады.  
Демек,  к‰рделі  етістіктерді  топтастыруда, 
құрамы  мен  тұлғасына  қарай  жіктеуде  жаңа 
мағыналы  сөз  жасау  мен    сөздің  грамматика-
лық  тұлғасын  жасау  сипатын  ескеріп,  атау-
ларын қалыптастырып, ж‰йелеу қажет.  
_____________ 
1.  Аханов  К.  Грамматика  теориясының  негіздері.  Ал-
маты, 1972. 
2.  Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  ж‰йесі.  Алматы: 
«Ғылым»,1989. 
3.  Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. Алматы, 1966. 
4.  Ысқақов  А.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Морфология.  Ал-
маты: «Ана тілі»,1991.  
5.  Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің граммати-
калық сипаты. Алматы: «Рауан».1998. 
 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал