Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет15/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61

1.  Жалпы халықтық сипатта қолданы-
латын фразеологизмдер. 
2.  Авторлық  өңдеумен  қолданылытын 
фразеологизмдер. 
Кез  келген  қаламгер  өз  шығармаларында 
фразеологизмдерді  дайын  к‰йінде  де,  автор-
лық  өңдеумен  де  қолданады.  Фразеологизм-
дердің  тілдік  тұрғыдан  алғанда.  Бейнелі,  экс-
прессивті-эмоционалдық  қасиеттерімен  тар-
тымды  берілуі  әр  жазушының  талғамы  мен 
тілдік қорына байланысты. Соған байланысты 
тұрақты  сөз  тіркестері  біреуде  аз,  екіншіде 
мол,  біреулері  дайын  к‰йінде,  ал  қайсыбіреу-
лері оны тыңнан туындатады. 
Фразеологизмдер  кейде  т‰гелдей  автор 
еңбегінің  жемісі  болса,  кейде  халықтың  фра-
зеологизмдерден  бастау  алып,  біраз  өзгеріс-
терге т‰сіп, өзгермелі болып та келеді. Өзінің 
бұрыннан қалыптасқан тұрақты мән-мағынада 
кейбір  фразеологизмдерді  жазушы  әдетте 
стильдік  мақсатта  қолданады.  Өзгермелі  деп 
контекст  қалауына  бір  ғана  қолданымдық 
болып  қызмет  атқаратын  фразеологизмдерді 
атаймыз.  Фразеологизмдерді  қолдануда  ав-
торлық өзгеріске т‰сіру  өзгермелі болу – жа-
ңарту, т‰рлендіру мақсатын көздейді.  
Авторлық  қолданыстағы  фразеологизмдер 
көркем  әдебиет  тілін  жаңа  сатыға  көтеріп,  
 

82                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
оның  өркендеуіне  әсерін  тигізері  анық.  Фра-
зеологизмдердің  тұрақты  қалыпта  қолданылу 
табиғатын  ескере  отырып,  олардың  көркем 
әдебиет  тілінде  жаңаша  қырынан  танылуын 
зерттеу – б‰гінгі заман талабы.    
Жазушы  О.  Бөкей  өз  шығармаларында 
халық тілінің бай қазынасын, көркем сөздің әр 
алуан  өрнегін    шебер  қолдана  білген.  Соның 
ішінде,  О.  Бөкейдің  әңгімелеріндегі  тұрақты 
сөз  тіркестердің  жалпы  халықтық  формада 
қолданылуы  да  және  авторлық  өңдеумен 
қолданылғандығы  бар  екендігіне  көз  жеткі-
зуге  болады.  Мысалы, «Кербұғы»  әңгімесін-
дегі берілген фразеологизмдерге тоқталайық: 
1.  Ындыны  кебе  ‰ш  рет  ұмтылды, ‰ш 
ретінде  де  осынау  халге  душар  болып,  тар-
тынып кетті. (6-б.) 
2.  Бұрын  мынау  иін  тірескен  орман,  анау 
қалғып-шұлғыған  қапсағай  таулар  мен  қой-
нау-қойнауына қорқыныш паналатқан құз-аң-
ғарлар  Кербұғы  ‰нін  іліп  алып, ‰здік-создық 
қайталап,  көпке  дейін  жаңғырығып,  даңғаза 
қуатпен алысқа жөңкіліп тараушы еді-ау!  
3.  Әлде  көз  алдында  ақырғы  рет  секіріп, 
билеп  кетіп  бара  жатқан  жас  марал-қызды 
енді қайтып (т‰сінде, қиялында болмаса) көре  
алмайтыны;  енді  қайтып  салмақпен  ж‰ріп, 
сабырмен  еркелейтін  марал-анаға  наз  қыла 
алмайтынын; енді  қайтып көре алмасы, ести 
алмасы,  көп  баянсыз  жалғанның  тұмбасына 
шым  батқан,  тұманына  шын  адасқаны  енді 
ғана  есіне  т‰скендей  селк  етіп,  ұнжырғасын 
көтерді  де,  тағы  да  бір  рет  жан  д‰ниесін  қа-
қырата ышқынды.  
4.  Кеше  таң  алакеуімінде  Кербұғы  әде-
тінше маралдарды алдына салып тауға беттей 
бергенінде, өліспей беріспейміз дегендей бас-
қа бұғылар ‰йірді шыр айнала қоршауға алып, 
жібермеп еді. (7-б.) 
5.  Соңсоң  ежелгі  намыс  қамшылап,  теке 
тіреске жетеледі. (8-б.) 
6.  Кербұғы  мойын  сіңірлерін  сәл  босатып 
жіберсе,  зіл  болып  басқан  алтын  бас  сылқ 
етіп,  қара  жерге  домалап  т‰сердей  еді,  дес 
берді  де,  намысқа  тырысып  қана  тегіндегі 
атақ-даңқын сақтай алды. 
7. Әйтсе де қарсыласынан өзінің келмеске 
кеткен  жастығын  көріп,  екі  шықшыты  қан 
қақсап, көзін қайта жұмды. (9-б.) 
8. Осы бір оқиғаны еріксіз есіне алған Кер-
бұғы  ұмтылып  барып,  қайыңның  сарғая  бас-
таған жапырағын ‰зіп алды да, талмап ораза-
сын ашты.      
9.  Мынау  меңіреу  орманда  тек  Кербұғы 
ғана  жапа  шегіп  қалғандай,  ербең  еткен  тір-
шілік иесіз.  
10.  Сарқынды  қуатын  жұмсап,  иелігіне 
алған  маралдардың  бабын  табатын  дәрмен 
жоқ та еді. (10-б.) 
11.  Билеп  кеп,  тұмсығынан  жалап-жалап 
алған  жас  маралға  көзді  ашып-жұмғанша 
шапты  да,  ендігі  сәтте  бар  ‰йірді  алдына  са-
лып айдап, қыр аса жөнелді. (11-б) 
12.  Өз  м‰йізі  өзіне  сор  әкелген  бұғы  тауы 
шағылып,  тас  бауыр  әлемнен  ат  құйрығын 
кесісе т‰ңілді де.  
13.  Ендігі  қалған  қарға  адым  су  ішкілігін 
өңкей өткенін ойлаумен өткізуге бел байлады 
білем, ‰лкенірек байсамырсынды паналай қай-
та жатты бұйығып... (12-б) 
14. Жан ұшырды, торға қамалды.  
15.  Екі  шықшыттан  қысқанда,  көкпеңбек 
болып  төңкеріліп  тұрар 
аспан  айналып,  жер 
т‰скендей болды, өзін қаумалаған адам, анау 
орман,  тау-тастың  бәрі  төбесінен  тік  шан-
шылды. (13-б) 
16. Иә, иландырар дәлел сұрамайтын сыр-
ты т‰к, іші тезек хайуан болған соң, өз тілек-
терінің құрбандығына шалды да: «Д‰ниеде-
гінің бәрі де қауіпті, бірақ бәрі де қасиетті», - 
деп ақыл айтты (14-бет). 
17. Егер бұта қараған сыбдыр етіп, нендей 
қауіп  төнген  болса,  тамам  марал  шыр  көбе-
лек шеңбер құрып, Кербұғыны ортаға алатын-
ды; ал тар жол тайғақ кешулерде не алға, не 
артқа салмай ‰немі қауіпсіз ортада ұстайтын.        
18.  Қарайғанның  бәрінен  қызғанысып, 
қызғыштай  қорып  ж‰рген  ер  бұғы  б‰гінде 
қор  болып  жатқанда,  қолтығынан  демер  кімі 
бар? 
19.  Бір  жұтым  суға  зәру,  кепкен  өңеш 
қырнап жөткерінді-ай. (15-б) 
20.  Кейде  толған  айдың  жаһұт  нұрына  ер-
келей жусап жатқан мың миллион т‰з тағысы 
жер  қайысқан  қалың  қолды  елестетер,  сон-
соң таң сарғая тау жазирасын қақ жарып, жұ-
бын  жазбастан  өрер:  өре  т‰регеліп,  өре  жө-
нелген  Алтай  еркелері  ағаш-ағаштың,  қоқы-
шоқының  басында  байланып  тұрған  ақша 
бұлттарға  сіңіп,  мәңгілік  көзден  ғайып  бо-
лардай еді. (16-б) 
21.  Жас  шағында  ессіз  жақсы  көргенін 
ұмытты – мәңгіге  ұмытты  білем,  оқыс  тәуе-
келге бел буды. (17-б) 
22.  Кербұғы  көзінен  от  шашып,  шегін-
шіктеп барып бар қуатымен алға атылды, жаң-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          83 
 
бырдың  суына  иі  қанып  былпылдаған  жерге 
артқы қос тұяқтың ізін оя тастады да зу етіп, 
биік қорғаннан асып-ақ т‰сті. 
23. Өң мен т‰стің арасында ес жия алмай, 
біраз  сілейіп  тұрып,  өз  ерлігіне  өзі  қайран 
қалғандай  секіріп  билеп,  Ақшоқыға  қарай 
артына  қайтып  қайрылмастан  тарта  жөнелді. 
(18-б)  
Берілген сөйлемдердегі тіркестердің бәрі - 
жалпы  халықтық  формада  қолданылған  тұ-
рақты сөз тіркестері. Бірақ О.Бөкей өз әңгіме-
лерінде  тұрақты  сөз  тіркестерін  кез  келген 
уақытта  тілдік  тұрғыдан  бейнелі,  тартымды 
етіп  беруге  тырысады.  Кейіпкерлерінің  іс-
әрекетін  ашу  немесе  көңіл-к‰йін,  жан-сезімін 
білдіруде  болмысын  дәл  баса  жеткізіп,  ор-
нымен жұмсайды. 
Мысалы, берілген тұрақты сөз тіркестеріне 
тоқталатын болсақ, душар болу – кезіге кетті, 
тап  болды;  иін  тірескен - өте  көп,  тығыз, 
кептеліп  сірескен,  аяқ  алып  ж‰ргісіз;  наз 
қыла  алмады  –  еркелемеді,  қылық  көрсетті; 
алакеуім (көлеңке) – бозамықты к‰ңгірт шақ; 
теке тірес – қатты ерегіскенде айтылады; дес 
беру – ырық  берді,  айтқанға  көнді,  бой-
ұсынды, сөзге құлақ асты; келмеске кеткен – 
д‰ниеден  қайтты,  өлді,  қаза  тапты;  оразасын 
ашты – таңертеңгі асын ішті, нәр татты; жапа 
шекті – қорлық  көрді,  азып-тозды;  дәрмен 
жоқ – шама,  к‰ш-қуат  жоқ  деген  мағына-
ларды береді.  
Бұл  тұрақты  сөз  тіркестері  етістік  тобына 
және  есім  тобына  жататын  фразеологизмдер. 
Мұндағы иін тірескен, наз қыла алмады, дес 
беру,  жапа  шекті,  оразасын  ашты,  душар 
болу,  келмеске  кеткен  атау  тұлғалы  зат 
есімдердің  етістікпен  тіркесу  арқылы  келетін 
етістік  тобына  жататын  фразеологизмдер. 
Алакеуім,  дәрмен  жоқ,  теке  тірес  есім  то-
бына жататын фразеологизмдер. 
Тұрақты тіркестер - образ, характер жасау-
да, қоғам құбылыстарын, табиғат көріністерін 
бейнелі, көркем суреттеуде, адамның психоло-
гиялық  жағдайын  көрсетуде,  ішкі  сезімін 
суреттуде  бірден-бір дайын құрал. «Фрпазео-
логизмдер  шығарма  тіліне  айрықша  көрік, 
ұтымды  мазмұн,  ұлттық  калорит  береді.  Ха-
лық  тілінің  бұл  қат-қабатты  қазынасына  бар-
лау жасап, көзін табу, қажетіне жарату  «адам 
жанының инженері»  -  жазушының шеберлігі-
не  байланысты» - дейді  Х.  Қожахметова. 
Сондықтан  да  тұрақты  тіркестерді  қолдану 
қаламгер  шеберлігіне  тікелей  байланысты. 
Жалпы қаламгер тіліндегі тұрақты тіркестерді 
зерттеу  барысында  әр  қаламгердің  фразеоло-
гизмдер саласындағы байырғы қазынаны қан-
шалықты  тергендігін  және  қаншалықты  жаңа 
т‰рлерін  ұсынғандығын  сол  арқылы  әдеби 
тілге  қосқан  өзіндік  ‰лесін  айқындауға  бо-
лады. 
Оралхан  Бөкейде  жаңа  тіркестер  жасап, 
ж‰йелі  жолдарын  көрсеткен.  Өлеңдерін  көр-
кем суреттеу ‰шін, айтпақ ойын экспрессивті-
эмоционалды  мәнде  бейнелеу  мақсатында 
әдеби тілге жаңа тіркестер әкеледі.  
Осыған  орай  осы  әңгіме  бойынша  автор-
лық қолданыстағы фразеологизмдерге де тоқ-
тала кететін болсақ, мысалы: 
1.  Өзегін  өкініш  өрті  жандырып  тұрса 
да, дәт шіркіннің мынау буы бұрқырап, сылқ-
сылқ  к‰ле  ағып  жатқан  аяқ  астындағы  суға 
жетпеуі қалай? (6-б.) 
2.  Сондығы  ма,  таңертең  соқталы  шай-
қасқа т‰спей-ақ, барлық табында өзімсіне ала 
жөнеліп  еді,  нәпсі  сақал  сипатпайды  екен, 
жастау  бұғылар  өжіректеп  бастырмады  ғой. 
(8-б.) 
3. Өлім мен өмірдің арасындағы к‰йекке 
алғашқы  болып  т‰су  ‰шін  ж‰ріп  жатқан 
майдан  - саф ерліктің, шын еркектің асқаралы 
‰лгісіндей еді, қолдан м‰сіндегендей қаздиған 
бастар оқтай атылып т‰йіскенде, алтын кебісті 
бір-біріне ұрғандай әсем, әрі аянышты (8-бет).  
4.  Бірақ  мұндай  теке  тірес  сойқан  тек 
бұғыларға  ғана  тән  қасиет  емес,  аса  ақыл-
дымыз  деп  сезінетін  Адамдар  арасында  бағ-
зыдан  бақилыққа  ұласар  бітіспес  тартыс 
барын т‰йсінген жоқ (9-бет). 
5.  Жер  тарпып  айбат  шеккен  оспадар  ‰н 
шықпаса,  осы  қалпында  шөке  т‰сіп,  өліп-ақ 
кеткісі  бар-тын,  Кербұғының  әбден  жеріне 
жете әлсірегенін сезе тұра, б‰йірден бір нұқып 
құлатпай,  заңды  жекпе-жекке  шақырып  тұр-
ған жас талапкердің ұятты қылығы жебеді ме, 
әлде  ата-бабасынан  бермен  қарай  т‰йін-шек, 
‰зіліссіз  жалғасқан  өр  кеуде  жігер  оты  қайта 
тұтанып,  кер  баққан  шаршасты  т‰ре  қуып, 
жанын шабақтады ма, иіле берген басын қаз-
даңдатып, аспандата көтеріп алды (9-бет). 
6.  Уылжыған  көкерімге  ынтызар  қызыл-
шыл  кәрі  көңіл  ақыр  аяғы  өзін  мерт  етерін 
білді  ме,  білсе,  шамасына  қарай  шаппай  несі 
бар еді, қайран қарттық-ай, жас иістің базары 
бір  к‰ндік,  азары  мың  к‰ндік  екенін  бағам-
дамайсыңдар-ау, Кербұғы тұралап ұзақ жатты 
(11-бет).   

84                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
7.  Содан  бері  қаншама  қызық  көрді,  қан-
шама запа шекті (12-бет). 
8.  Иә,  иландырар  дәлел  сұрамайтын  сыр-
ты т‰к, іші тезек хайуан болған соң, өз тілек-
терінің  құрбандығына  шалды  да: «Д‰ние-
дегінің бәрі де қауіпті, бірақ бәрі де қасиетті», 
- деп ақыл айтты (14-бет). 
9.  Өз  м‰йізі  өзіне  сор  әкелген  бұғы  тауы 
шағылып,  тас  бауыр  әлемнен  ат  құйрығын 
кесісе т‰ңілді де (12-бет). 
10.  Маусымның  дәл  ортасында  арадай  ан-
талайтын  адамдар    да,  к‰йек  басталса,  алды-
артын орап, ырбаң қағатын маралдар да, кеше 
ғана  алып  таудың  қасат  қарын  бұған  бұз-
дырып,  өздері  соңынан  еретін  дос-жаран  бұ-
ғылар да зым-зия қолдан қуат, бойдан дәрмен 
кетіп, бақ тайған соң жалт берісті. (15-бет) 
11.  К‰йек  басталса,  өзгеше  бір  жұмсақ 
назбен  еркелеп,  қанаттыға  қақтырып,  тұм-
сықтыға шоқтырмайтын-ды. (15-бет)  
12.  Иә,  ата-баба  бұғылар  бұдан  мың  жыл 
бұрын, жұз жыл бұрын сол таудың етегін жай-
лап, ай дейтін әжесіз, емін-еркін ғұмыр кешсе 
керек. (16-бет) 
13. Әншейін, с‰йекке сіңді әдетпен жекпе-
жекке т‰сіп, алқұлымдап жеңіске жеткені бол-
маса,  Кербұғының  к‰йек  қайтарар  тәбеті  де, 
дәрмені де жоқ-тын. (11-бет) 
Берілген сөйлемдердегі тіркестердің бәрі – 
авторлық  қолданыстағы  тұрақты  сөз  тіркес-
тері.  Енді  осы  тұрақты  тіркестердің  мағына-
ларын  ашатын  болсақ.  Өзегін  өкініш  өрті 
жандырып  тұрса  да – к‰йіну,  қапалану, 
қатты  қайғыру;  нәпсі  сақал  сипатпайды – 
жолатпау,  маңайлатпау;  Өлім  мен  өмірдің 
арасындағы - әл ‰стінде, ажал алдында, қыл 
‰стінде;  бағзыдан  бақилыққа  -  өмір  бойы, 
өмірдің  соңына  дейін;  жанын  шабақтады - 
‰рейлену;  базары  бір  к‰ндік,  азары  мың 
к‰ндік – қуанышы  бір-ақ  к‰нге  созылса, 
азабы  көп  к‰нге  созылар;  запа  шекті – 
қорлық  көрді,  азып-тозды;  сырты  т‰к,  іші 
тезек – сыртынан жақсы да, ішінен жаман; ат 
құйрығын  кесісе -; дәрмен  кетіп – шамасы, 
к‰ш-қуаты  қалмау;  қанаттыға  қақтырып, 
тұмсықтыға  шоқтырмайтын-ды – қиянат 
жасатпайды,  қорғаштайды,  зәбір  көрсетпейді; 
ай  дейтін  әжесіз – емін-еркін,  бассыздық, 
көзсіз; дәрмені де жоқ-тын – шама-шарқы жоқ. 
Сондай-ақ, жазушының бір сөйлем бойын-
да бірнеше жалпы халықтық тіркестерді және 
авторлық  қолданыстағы  тіркестер  мен  жалпы 
халықтық  фразеологизмдерді  қолданғанын  
көруге  болады.  Мысалы:  Бірақ  мұндай  теке 
тірес  сойқан  тек  бұғыларға  ғана  тән  қасиет 
емес,  аса  ақылдымыз  деп  сезінетін  Адамдар 
арасында  бағзыдан  бақилыққа  ұласар  бітіс-
пес  тартыс  барын  т‰йсінген  жоқ (9-бет).  Иә, 
иландырар дәлел сұрамайтын сырты т‰к, іші 
тезек хайуан болған соң, өз тілектерінің құр-
бандығына шалды да: «Д‰ниедегінің бәрі де 
қауіпті,  бірақ  бәрі  де  қасиетті», - деп  ақыл 
айтты (14-бет).  Өз  м‰йізі  өзіне  сор  әкелген 
бұғы  тауы  шағылып,  тас  бауыр  әлемнен  ат 
құйрығын  кесісе  т‰ңілді  де (12-бет).  Мау-
сымның  дәл  ортасында  арадай  анталайтын 
адамдар  да, к‰йек басталса, алды-артын орап, 
ырбаң  қағатын  маралдар  да,  кеше  ғана  алып 
таудың  қасат  қарын  бұған  бұздырып,  өздері 
соңынан еретін дос-жаран бұғылар да зым-зия 
қолдан қуат, бойдан дәрмен кетіп, бақ тайған 
соң жалт берісті (15-бет). 
Бұдан жазушының тұрақты тіркестерді өте 
шебер  қолдана  алатындығымен  қатар,  оқыр-
манға т‰сінікті, әрі әсерлі болуы ‰шін де пай-
даланған десе да болады.  
Қорытындылай  келе,  Оралхан  Бөкей  бей-
нелі  тұрақты  тіркестерді  өз  ойын,  көзқарасы 
мен д‰ниетанымын, жағдайларды көркем т‰р-
де  суреттеуде,  шығармаға  экспрессивті,  эмо-
ционалды  реңк  беру  мақсатында  молынан  пай-
даланды.  Ақынның  фразеологизмдерді  көр-
кем  суреттеудің  бір  құралы  ретінде  ұтымды, 
айшықты т‰рде пайдаланған. Олар төмендегі-
дей тәсілдер: 
1.  Жалпы  халықтық  қолданыстағы  образ-
ды  тұрақты  тіркестер  тұлғасын  еш  өзгертпей, 
сол  қалпында  молынан  пайдаланған  (теке 
тірес, келмеске кеткен, дәрмені кетіп, құрбан-
дығына  шалу,  бел  байлаған,  тар  жол,  тайғақ 
кешу,  қолтығынан  демер,  бір  жұтым,  жұбын 
жазбау,  тәуекелге  бел  буу,  иі  қану,  иін  тірес-
кен, наз қыла алмау, дес берді, оразасыш ашу, 
жапа шегу, көзді ашып-жұмғанша, тас бауыр, 
жан ұшырды, аспан айналып жерге т‰скендей 
болды). 
2.  Суреттелетін  оқиғаны  қоюлату  ‰шін 
жалпыхалықтық  қолданыстағы  тұрақты  тір-
кестер  тұлғалық  құрылымын  трансформация-
лап, оларды жаңғыртып жаңартқан; 
3. Бейнелі тұрақты тіркестер жасап, өзінің 
қаламынан  соны  тіркестер  тудырған.  Сөйтіп, 
халқымыздың сөздік қорын байытқан. 
4. Тың тұрақты тіркестер жасауда Оралхан 
Бөкей  нақты  зат  пен  дерексіз  ұғымды  тір-
кестірген.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          85 
 
5.  Оралхан  Бөкей  тілдік  құрамды  пайда-
ланудың тамаша ‰лгісін көрсетеді. 
Тілді  байыту,  көркемдеу  тәсілі  жалғас-
тығын  тауып  отырғандығын  Оралхан  Бөкей 
шығармашылығындағы  тұрақты  тіркестер  қол-
данысынан  аңғаруға  болады.  Жазушы  халқы-
мыздың бай қорын жан-жақты игере отырып,  
халық тіліндегі сөз қолданыстарын өз мақсат-
м‰ддесіне  орай  дамытып,  д‰ниетанымдық 
лексика  көркемдік  құрал  ретінде  алынып  
 
айшықтандыра,  жетілдіре  қолданады.  Б‰гінгі 
ұрпаққа  ‰лгі-өнеге  қалдыру  мақсатында  ұсы-
нады.  Шығармаларының  тілдік  қолданысы 
арқылы  жалпы  ұлттық  тілді  қолданушы  ре- 
тіндегі  ақынның  стильдік  даралығы,  ақын- 
ның шеберлігі, ақынның тұлғасы сомдала т‰с-
кен. 
______________ 
1.  Сыздықова Р. Сөз құдіреті.-Алматы, 2003. 5-бет. 
2.  Қожахметова  Х.  Фразеологизмдердің  көркем  әде-
биетте қолданылуы. –Алматы: Мектеп, 1972. -79 б. 
 
М. Т. Есматова 
ФРАЗЕОЛОГИЗМЫ В  ПОВЕСТЯХ О. БОКЕЙ 
 
В статье рассматривается использование фразеологизмов в  повестях О. Бокей. 
 
M. T. Esmatova 
IDIOMS IN THE NOVELS OF O. BOKEY
 
 
The article considers the use of phraseological units in O. Bokey’s novels. 
 
 
 
 
С. А. Оданова 
ҚазМемҚызПУ доценті,  ф.ғ.к., sagi68@mail.ru 
 
КІРМЕ Т‡БІР СӨЗДЕРДІҢ ‡НЕМДЕЛУІ 
 
 
Қазақ тілі өзінің даму тарихында т‰рлі ке-
зеңдерді басынан кешіріп, тілдегі графиканың 
бірнеше  рет  ауысқандығы  баршаға  белгілі. 
Қоғам  дамуындағы  өзгерістерге  орай,  Еуропа 
тілдерінен  енген  халықаралық  сөздерді  қол-
дану  ‰рдісі  белең  алды.  Алайда  б‰гінгі  тілдік 
ортада  ұлттық  тіліміздің  қайнар  бұлағына 
қайта  оралу  байқалады.  Сан  т‰рлі  себептер-
мен  тілдік  құрамымызға  араб,  парсы,  моңғол, 
қытай,  орыс  т.б.  тілдерінен  енген  кірме  сөз-
дердің әбден сіңіскені соншалықты - қазақтың 
төл  сөздері  секілді  болып  кеткен.  Мысалы: 
дос,  бақыт  деген  сөздерді  арабтың  сөзі  де-
генге  тілші  болмаса,  өзге  тіл  қолданушылар 
сене  қоймас.  Себебі  араб-парсы  сөздерінің 
тілімізге енгеніне бірнеше ғасыр өтті. Ал орыс 
тілінен, орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген 
сөздерді тануға м‰мкіндік бар. Мысалы, теле-
ком,  компьютер,  парта,  балкон,  код  деген 
сөздердің    кірме  сөз  екені  айтқан  сәттен  бас-
тап ұғынықты болады. 
Т‰ркі  тілдеріне  көне  дәуірлерде  соғды, 
қытай  тілдерінен  де  сөздердің  енгендігі  ту-
ралы  Ғ.Айдаров  «Көне  т‰ркі  жазба  ескерт-
кіштерінің  тілі»  атты  еңбегінде  айтып  өткен  
 
 
болатын [1, 128 б.]. Қай кезеңде де аймақтық 
жағынан  қатар  отырған,  қарым-қатынаста, 
байланыста  болған  елдердің  бір-бірімен  сөз 
алмасулары  жиі  орын  алады. ‡ІІІ-ХІІ  ғасыр-
ларда т‰ркі (қазақ) тілдеріне араб-парсы кірме 
сөздері  еніп,  діннің  келуімен  мықтап  орнық-
ты.  ХІІ-ХІ‡  ғасырлардағы  моңғол  шапқын-
шылығына  байланысты  ата  тілімізге  моңғол 
тілінен  сөздер  ене  бастады.  Салты  мен  өмір 
с‰ру  жағдайы,  шаруашылықтарының  ұқсас-
тығы  бұл  сөздерді  де  жатсынбай  қабылдауға 
негіз  болды.  Ал  орыс  халқымен  тізе  қосып, 
бірігуі  әсерінен осы тіл арқылы  б‰гінге дейін 
қазақ  тілінің  сөздік  құрамы  толығып  келеді. 
Бұдан  әр  кезеңдердегі  саяси  оқиғалардың 
тілге  тигізген  әсері  мол  болды  деген    қоры-
тынды  шығаруға  болады.  Тілдің  ұзақ  уақыт 
ж‰ріп өткен жолын кесте арқылы төмендегіше 
көрсетуге болады:  
Қазақ тілінің сөздік құрамын толықтырып, 
байытып  отырған  кірме  сөздердің  ішінде  ең 
көрнекті  орын  алатыны  араб  және  парсы 
сөздері болып табылады.  Тілімізге енген араб
парсы  сөздерін  екі  топқа  бөліп  қарастырған 
жөн:  

86                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
а)  қазақ  тіліне  ертеден еніп,  әбден сіңісіп, 
өзінің  фонетикалық  тұлғасын  өзгертіп  жібер-
ген сөздер; бұлар қазақтың байырғы төл сөзін-
дей қабылданады, ондай сөздердің кірме т‰бір 
екендігі  ұмытылып  та  кеткен  деуімізге  бо-
лады; 
б) қазақ тіліне онша сіңісе қоймаған, бірақ 
қазақ  оқырмандарына  ескі  кітап,  дастандар-
дан,  қиссалардан  жақсы  таныс  араб-парсы 
сөздері.   
Әр тілдің өзіне тән ішкі зандылықтары бар 
екені мәлім. Белгілі бір тілдегі дыбыстың   фо-
немалық қасиеті екінші бір тілде өзгеше т‰рде 
болып  келуі  ықтимал.  Мәселен,  қазақ  тілінің 
тек өзіне ғана тән фонетикалық заңдылықтары 
бар.  Демек,  қазақ  тіліне  ауысқан  араб  және 
парсы  сөздері  қалайда  қазақ  тілінің  осы  заң-
дылықтарына бағынып, соның әсерімен өзінің 
алғашқы  фонетикалық  бейнесін  өзгертіп  жі-
береді. «Бір тілден екінші тілге ауысудың ұзақ 
жолын  басып  өткен,  әрқайсысы  әр  т‰рлі  ке-
зеңдерде  келіп  басқа  тілге  енген  мұндай  сөз-
дердің  сыртқы,  дыбыстық  тұлғасы  тұрақсыз 
болып келеді»  [2, 118 б.]. 
Араб,  парсы  және  қазақ  тілдерінің  тілдік 
құрамы әр т‰рлі болып келеді. Парсы, әсіресе, 
араб тіліндегі дауыссыз дыбыстардың бәрінің 
бірдей  эквиваленті  қазақ  тілінен  табыла  бер-
мейді.  Сондықтан  араб  яки  парсы  сөздерін
 
қазақтар сол к‰йінде айнытпай, дәл айтпағаны 
т‰сінікті.  Қазақ  араб-парсы  сөздерін  қазақ 
тілінің  фонетикалық  ж‰йесіне  бейімдеп  қана 
айтуы  м‰мкін.  Сондықтан  араб  және  парсы 
сөздерін  айту  барысында  қазақ  тілінде  жоқ 
дыбыстарды  айтпай,  дыбыстық  ‰немделуге 
ұшырайды  да  кейде  адам  танымастай  өзгеріп 
қолданылады,  кейде  қазақ  тіліндегі  сол  ды-
бысқа жақындау дыбысталатын дыбыстардың 
бірін  қолдануға  мәжб‰р  болады.  Ал  бірде 
аталған  кірме  сөздердің  кейбір  қиындық  ту-
ғызған  дыбыстары  шамалы  артикуляциялық 
өзгеріспен  айтылады.  
Л.З.Р‰стемовтің  пікірінше, «[һ]  дыбысы 
араб  және  парсы  тілдерінің  лексикалық  эле-
менттерімен бірге қазақ тіліне ауысқан дыбыс 
деуге  толық  негіз  бар.  Бұл  дыбыстың  тура 
өзіне  сай  келетін  эквиваленті  қазақ  тілінде 
жоқ деуге болады» [3, 82 б.]. Ал Б.Сағындық-
ұлының көмей Һ фонемасы жайлы пікірі м‰л-
де  бөлек: «Алайда  бұл  аллофондардың  архе-
типі жөніндегі біздің пікіріміз басқаша. Тілдің 
өзі  қандай  көне  болса,  һ  дауыссызы  да  сон-
шалық көне. Бұл дыбыстың одағайлардың құ-
рамында  сақталуы - осы  пікірдің  толық  дә-
лелі. Одағайлар ең алғаш пайда болған сөздер-
дің  қатарына  жатады.  Екіншіден,  а  дауысты-
сының  айтылуында  қандай  еркіндік  болса, 
ежелгі  һ  дауыссызының  айтылуында  да  сон-
дай  еркіндік  болған.  Бұл  да  соның  байырғы-
лығын көрсететін қасиет» [4, 46 б.]. Араб-пар-
сы тілдерінен енген кірме сөздердің құрамын-
дағы һ фонемасы сөз ішінде кездесу ыңғайына 
қарай (сөз басында, сөз ортасында немесе сөз 
соңында)  қазақ  тілінде  әрт‰рлі  өзгерістерге 
ұшырап отырады.  
Сөз  басында  кездескен  һ  дыбысы  т‰сіп 
қалғандықтан, ықшамдау құбылысын таныта-
тын  сөздердің  мысалы  ретінде  мына  сөздерді 
санамалауға болады: һәм – әм, һәзл-әзіл, һәзім-
әзім,  һәлак-әлек,  өлім, һәйбәт  (араб) - айбат,
 
һәфтә (парсы) - апта, һәва(парсы) - ауа.  
Парсы  тілінен  енген  сөздерге  де  бірнеше 
мысал  келтіруге  болады:  һәм - әм,  сондай-ақ, 
тағы  да,  һәман-әмен,  ұдайы,  һәме-әмбе, 
һәмише- әмісе, әрқашанда, һәфту йәк - әптиек 
(жеке  кітапша  болып  басылған  Құранның 
жетіден бірі), һәр-әр, әр т‰рлі, әркім. 
Һич  сөзінде  «һ»  дыбысы  айтылмай,  т‰сіп 
қалады, одан кейінгі «и» бірден «е»-ге, ал «ч» 
дыбысы «ш»-ға айналып кетеді, сонда һич сөзі  
еш  (ешнәрсе,  ешкім,  м‰лдем)  болып  шығады. 
һонәр сөзі қазақ тіліне ауысқанда, «һ» ай-тыл-
май  да,  жазылмай  да  қалады.  Қазақ  тілінде 
бұл сөз «ө» дыбысынан басталады, сонда өнер 
болып шығады. 
Сөз ортасында кездескен һ дыбысы т‰сіп, 
ықшамдалып,  өзге  дыбыстарға  алмасып  қол-
данылады. 
Егер  [һ]  дыбысы  сөз  ортасында  дауысты-
дан соң ұшырасатын болса, онда қазақ тілінде 
бұл  дыбыс,   көбінесе    дерлік,  сонор  «й»  ды-
бысымен  алмасады.  Мысалы:  араб  сөздері 
фәһм-пайым,  пайымдау,  зеһи - зейін,  заһер - 
зайыр. 
Парсы  сөздері:  деһқан-диқан,  мәһр-мейір, 
меһман-мейман т. б.  
Қазақ  тіліне  ауысқанда  араб-парсы  сөзде-
рінің  ортасында  кездесетін  һ  дыбысы  т‰сіп 
қалады:  қәһр-кәр,  зәһр-зәр,  ашу-ыза,  шәһр-
шәр,  пәһлеван-балуан,  баһадур-батыр.  Қазақ 
тілінде «зәр» және «шәр» формаларымен бір-
ге  «заһар»-«зәһәр»,«шаһар-шәһәр»секілді  ва-
рианттары  да  қолданылады.  Сонымен  қатар, 
чәһар тарап – шартарап, чәһар айґне – шар-
айна, чәһар-йәк – ширек т.б. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          87 
 
Сөз  басында  кездескен  «ғәйн» (ғэйн-е 
му'джәмә)  дыбысы  т‰сіп,  ықшамдалып 
қолданылады: 
Арабтың  ғәйн  қазақ  тіліндегі  «ғ»  фонема-
сынан  өзгешеліктері  бар.  Қазақ  тіліндегі  «ғ» 
фонемасы  –  тіл  арты,  фрикатив  (ызың),  ұяң 
дыбыс.  Ал  арабтың  ғәйн  дыбысы - көмей 
дауыссызы,  бұл  өзі  айтылуы  жағынан  араб 
тіліндегі  қиын  дыбыстардың  бірі.  Бұл  дыбыс 
сәл  кекештеніп,  көмей  арқылы  айтылады. 
Араб  тілінің  бұл  дыбысы  арқылы  келетін 
сөздер  қазақ  тілінде  ғ  дыбысымен  айтылады. 
Себебі бұл дыбыс екеуінің бір болмаса да, бір-
біріне жақындығы бар. Ғ дыбысынан бастала-
тын қазақ сөздері жоқ. Мұндай сөздер, негізі-
нен, араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Егер 
ғ  дыбысы  бар  сөздер  болса,  олар  т‰ркі  тілде-
рінде  сөздің  соңында,  сөз  ішінде  ғана  кезде-
седі.  Араб,  парсы  тілдерінен  енген  ғ  дыбысы 
бар  сөздер  өз  тілдерінде  жұмсақтау  айтылса, 
біздің  қазақ  тілінде  қатаңдау  айтылады. 
Мысалы, ғәзәл - ғазел (лирикалық сарындағы 
өлең), ғәйбәт - ғайбат, ғайеб - ғайып болу де-
ген  сөздерге  назар  аударсақ,  екі  тілдегі  өзге-
шеліктерін  байқауға  болады.  Ал  өзге  т‰ркі 
тілдерінен  (оғыз,  қарлұк)  қыпшақ  тобындағы 
т‰ркі тілдерінің (бұған казақ тілі де енеді) бір 
ерекшелігі: мұнда көмей дауыссызы «ғ» кейде 
«у» ‰нді дыбысына сәйкес келіп отырады. Мә-
селен,  өзбек  тілінде  «соғ»,  ал  қазақ  тілінде 
«сау»,  өзбекше  «туғ»,  қазақша  «ту» (тұу),  өз-
бекше «буғоз», қазақша «буаз».  
Сөз  ортасында  кездескен  «ғәйн»  дыбысы-
ның ықшамдалуы: 
Мағлұмат – мәлімет, тағылым – тәлім, мағ-
лұм – мәлім, мағзұм – мәзім, тағзым – тәжім,  
т.б.   
Сөз  басында  кездесетін  ха  дыбысына  қа-
тысты  өзгерістер  (ха-и  муһмәлә  немесе  ха-и 
хутти)                                        
Арабтың ха дыбысы – қатаң, ызың дыбыс. 
Бұл  дыбысты  айтқанда  жұтқыншақ  арқылы 
‰зілмелі  болып  естіледі.  Бұл  дауыссыз,  ызың 
фонема  сыбырлап  қана  айтылады.  Жасалу 
орны  жағынан  х  дауыссыз  дыбысы  ғ  ғэйн 
дауысты  дыбысына  толық  сәйкес  келеді,  х 
дыбысы  қазақтың  төл  сөзінде  м‰лдем  кездес-
пейді.  Бұл  дыбыс  тек  араб  сөздерінде  ғана 
болады.  Егер  араб  тілінде  сөз  ха-и  хуттиден 
басталса,  онда  сөз  қазақ  тіліне  ауысқан  сәтте 
бұл  дыбыс  т‰сіп  қалады  да,  сөз  төмендегідей 
дыбыстардан басталады:  
1)  «а» - хафез-абыз,  хәлал-адал,  хиле-ай-
ла,  хәйван-айуан,  хәқк-ақ,  әділ,  хәқиқәт-ақи-
қат, хәлва-алуа, харам- арам.  
2) «ә» - хәдд-әдді, хаджәт-әжет, хазер-әзір, 
хакем-әкім, хал-әл, хәрәкәт-әрекет, хәрф-әріп, 
әріптес. 
3) «‰» - хокм-‰кім, хокумәт-‰кімет. 
Сөз  басындағы  «джим»  дыбысының  ық-
шамдалып, өзгеріске ұшырауы: 
Кірме  сөздердің  құрамындағы  дж  аффри-
каты  тіл  алды  аффрикаты  болып  саналады. 
Бұл дыбыс дербес фонема т‰рінде қазақ әдеби 
тілінде кездеспейді. Мұны айту ‰шін қазақша 
«д»  және  «ж»  дыбыстарын  қосып,  дауысты 
‰зілмелі  етпей  айту  керек.  Тиісті  лексикалық 
элементтерімен бірге қазақ тіліне ауысқан соң 
арабша  қатаң  айтылатын  «джим»  дыбысы 
қазақша ұяң айтылатын болды: джәза - жаза, 
джәзире-жазира,  джәма'әт - жамағат, 
джәназе - жаназа, джәфа - жапа, джәраһәт- 
жарақат,  джоузә — жауза  дыбысына  айна-
лып кетеді.  
Сөз  басындағы  «й»  дыбысының  ықшам-
далып өзгеріске ұшырауы: 
Й  дыбысына  басталатын  араб-парсы  сөз-
дері  қазақ  тілінде  ж  фонемасымен  айтылады. 
«й»  дыбысынан  басталатын  араб-парсы  сөз-
дері  қазақ  тіліне  ауысқанда  «ж»  фонемасы 
арқылы беріледі. Т‰ркі тілдерінің ішінде қып-
шақ  тобына  жататын  қазақ  тілінің  осы  бір    
фонетикалык   ерекшелігін   көне дәуірдің та-
рихи  ескерткіштері  де  толық  дәлелдейді.  Бұл 
жөнінде кезінде С. Е. Малов өте-мөте қызық-
ты  деректер
 
келтіріп,  келелі  пікірлер  айтқан 
болатын. 
Йәздан – жазған,  йар – жар,  йаран – 
жаран, йегана – жегене, йеке – жеке, йек-ба-
йек – жекпе-жек, йексен – жексен, йека-йек – 
жекпе-жек,  йек  шәмбе – жексенбі  т.б.  Сөз 
соңында  й  дыбысына  аяқталған  сөздердің  ж 
дыбысына  алмасуы  біздің  тілімізде  кездес-
пейді.  
Сөз басындағы –вав дыбысының ‰немделуі 
Вәба – оба,  вәбал – обал,  вақеґа – оқиға, 
вәфа – опа, вәфат болу – опта болу, вәтан – 
отан  секілді  араб  тілінен  енген  сөздер  ық-
шамдалып, ‰немделу процесін өткізген.  
Сөз  соңында  қосарланып  келетін  дыбыс-
тардың ықшамдалуы 
Т  дыбысының  ықшамдалуы:  дәрәхт – 
дарақ, дуст – дос, раст – рас, мәст – мас, до-
рост – дұрыс, беһешт – бейіш.  
Тіліміздегі  кірме  сөздердің  араб-парсы 
тілінен  енген  элементтерін  қамтитын  тілдік 
бірліктердің  ықшамдалып,  өз  заңдылықтары-

88                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
на  сәйкес  икемделеді.  Осының  нәтижесінде 
араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер ғана 
емес,  өзге  орыс,  моңғол  тілдерінен  ауысқан 
сөздер  де  тіліміздің  ішкі  заңдылықтарына 
с‰йенеді.   
ХІІ-ХІ‡  ғасырларда  т‰ркі  (қазақ)  тіліне 
моңғол тілінен кірме сөздердің енуін екі т‰рлі 
жағдайда қарастыруға болады: 
Біріншіден,  моңғол  шапқыншылығынан 
кейін  екіжақты  байланыс  орнап,  өмір  с‰ру 
жағдайы мен қоғамының ұқсастығынан туын-
даған кірме сөздер;    
Екіншіден,  монғолдармен  тегі  бір  санала-
тын  жоңғар  тілінен  енген  сөздер  де  тілімізде 
кездеседі.  Бұл  Х‡-Х‡ІІІ  ғасырлар  аралығын 
қамтиды. Ұлыс, нөкер, жасақ, ноян, құрылтай, 
аймақ,  жарлық,  Тарбағатай,  Қандағатай, 
Толағай,  Қатонқарағай,  Долаңқара,  Мұқыр, 
Қорғалжын, Қордай, Нарынқол деген сөздер – 
моңғол  тілінен  енген  сөздер.  Бірақ  бірде  бір 
ғылыми  еңбекте  бұл  тілдік  бірліктердің  ық-
шамдалғаны жөнінде ешқандай деректер жоқ. 
Сонымен  қатар  зерттеуші  Ш.Уәлихановтың 
айтуы  бойынша,  қай  тілден  қай  тілге  енгені 
белгісіз  екі  тілге  де  ортақ  сөздер  кездеседі 
деген пікір келтіреді [5, 179 б.]. 
Әсіресе,  мал  шаруашылығымен  айналыс-
қан  екі  елдің  мал  атауларында  ұқсастық  бай-
қалады. Ш.Уәлихановтың дәйектемелері бойын-
ша,  қой  (қон),  қойшы  (қончын),  құнан  (хунан) 
құнажын (гунжын), дөнежін (дөнөжин), барс 
(барс),  домбыра  (домбор),  көкпенкөк  (хов-
көк), к‰рең (хурэн) т.б.  
Біздің  ойымызша,  қой,  қон  деген  сөздер 
моңғол  шапқыншылығына  дейін  де  қолда-
нылған. Оған дәлел – М.Қашқаридың сөздігін-
де  қон – қой  деген  сөздердің  кездесуі.  Т‰ркі 
батыс  және  шығыс  т‰ркілер  деп    бөлінуінің 
өзі  тілдің  екіге  жарылып,  дыбыстық  сәйкес-
тіктер,  өзгерістер  арқылы  қолданылуына  дә-
лел  бола  алады.  Қон,  қой  деген  екі  т‰рлі 
вариантының  болуы  да  осыған  дәлел.  Сол 
себепті  қой,  қон  сөздері  т‰ркі  сөздері  деуге 
толық  негіз  бар.  Моңғол  тілі  мен  т‰ркі  тіл-
дерінің т‰п негізін Н.Ф.Катанов, Г.Д.Санжеев 
сынды  ғалымдар  бір  деп  қарайды.  Бұл  тіл-
дердің  бір  бұтақтан  тарағанын  көне  Алтай 
дәуіріндегі  т‰ркі-монғол  бірлестігінде  деп 
т‰сіндіреді [6, 14 б.]. 
Орыс тілінен енген сөздердің ықшамдалуы 
Қазақ-орыс байланыстары аймақтық жағы-
нан  қатар  отырған  екі  елдің  тілдік  қарым-
қатынастарының  да  болғандығын  көрсетеді. 
Қазақ тіліне орыс тілінен енген кірме сөздер-
дің  Қазан  төңкерісіне  дейін  енгендері  ұлттық 
тіліміздің  емле  заңдылықтарына  сай  өзгеріп 
жазылған.  Ал  кирилл  әліпбиіне  көшкен  соң 
орыс тілінен енген сөздер сол жазылған к‰йін-
де оқылып, өзгеріс азая т‰скен.  
Тұрмыс қажетін өтеуге қатысты сөздердің 
ықшамдалуы:  сиса  (ситец),  калош  (галоши), 
әшмөшке  (восьмушка),  өшірет,  шірет  (оче-
редь),  пар  (пара),  божы  (вожжи),  кәмпит 
(конфеты), ізвес (известь). 
Әкімшілік  басқару  ісіне  байланысты  сөз-
дердің  ықшамдалуы:  ояз  (уезд),  мінәпас  (ма-
нифест),  болыс  (волость),  старшын  (стар-
шина),  губерне  (губерния),  кантор  (контора), 
сиез (съезд), пртокол (протокол). 
Ғылым  мен  мәдениетке,  техникаға  қатыс-
ты  ықшамдалған  сөздер:  пабрік  (фабрика), 
минөт (минута), кәзет (газета), пәнер (фане-
ра), мәнер (манера).  
Қоныс  аударуға  қатысты  ықшамдалған 
сөздер: учаске (участок).  
Жоғарыдағы Қазан төңкерісіне дейін енген 
сөздер ғана тіліміздің ішкі заңдарына лайықты 
өзгеріп, төл тіліміздің даму ж‰йесіне лайықты 
өзгерген.  Ал  Ә.  Болғанбаев  пен  Ғ.  Қалиевтің 
«Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 
фразеологиясы»  атты  еңбегіндегі  жеке-жеке 
кірме сөздерге берілген сипаттамада тек Қазан 
төңкерісіне дейін енген сөздердің өзгеріске ие 
болғанын,  ал  одан  кейінгі  ауысқан  сөздердің 
орыс тілінде қалай жазылса, біздің тілімізге де 
дәл  сол  қалпында  енгенін  көреміз.  Бұған 
«Қазан  революциясынан  кейін  енген  сөздер» 
деген  тараушалар  куә.  Сонымен  қатар  кейін 
енген  орыс  тілінің  элементтері    аударылып 
берілу жағдайлары кездеседі [7, 148 б.] . 
Орыс  тілінен  енген  сөздерді  ықшамдалу, 
дыбыстардың  т‰су  жағдайына  байланысты 
төмендегіше бөлуге болады: ь белгісінің т‰суі 
арқылы ықшамдалу: болыс (волость), өшірет, 
шірет  (очередь); 
ть  қосарлама  тұлғалары- 
ның  ықшамдалуы:  болыс  (волость),  ізвес  (из-
весть); сөз  соңындағы 
д дыбысының ықшам-
далуы: сиез (съезд), ояз (уезд), пойыз (поезд).  
Сөз  соңындағы  т  дыбысының  ықшам-
далуы:  мінәпас  (манифест);  сөз  соңындағы 
дауысты  дыбыстардың  ықшамдалуы:  калош 
(галоши),  пар  (пара),  кәмпит  (конфеты), 
старшын  (старшина),  губерне  (губерния), 
кантор  (контора),  пабрік  (фабрика),  минөт 
(минута), газет (газета), пәнер (фанера), мә-
нер (манера), цитат (цитата), цифр (цифра); 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          89 
 
сөз соңындағы морфемалардың т‰сіріліп,  ор-
нына өзге морфеманың келуі арқылы ықшам-
далу: учәске (участок); сөз басындағы дауыс-
сыз  дыбыстардың  ықшамдалуы:  әшмөшке 
(восьмушка);  сөз  ортасындағы  дауысты  ды-
быстардың  ‰немделуі:  пртокол  (протокол); 
бұдан  өзге  құрамында  көптік  жалғауының  да 
қазақ тіліне енген соң т‰сіп қалу жағдайлары 
кездеседі:  кәмпит  (конфеты),  калош  (га-
лоши), шахмат (шахматы) 
Фонетист  ғалым  С.Мырзабековтің  кірме 
сөздерді  өз  тіліміздің  заңдарына  лайықтап 
енгізу  керек  деген  пікірінің  жаны  бар.  Уни-
верситетті  ‰нбөрсөт,  институтты  ‰нст‰т  деп 
айту  қажеттігін  айтады [8,76 б.].  Кірме  сөз-
дердің  қазақ  тілінің  сингармонизм  заңына 
сәйкес  айтылып,  жазылу  керектігін  кезінде  
Х.  Досмұхамедұлы  өзінің  «Қазақ-қырғыз  ті-
ліндегі  сингармонизм»  деген  мақаласында 
айтқан болатын. 
 Тіліміздегі  барлық  морфологиялық  (мор-
фонологиялық) ‰немдеулер,  ең  бірінші,  сөй-
леу  әрекетінде  пайда  болады  да,  біртіндеп  
 
жазуда  қолданыла  келе  тұрақталып,  қалып- 
тасады. Уақыт өте келе олардың ықшамдалған 
іздері  жойылып  (жойылмайтын  жайттар  да  
кездеседі), жаңа тілдік бірлік ретінде өмір с‰-
реді.  Уақыт  ағымында  орын  алған  тілдік  өз-
герістер  адамзат  баласына  байқалмай  өте 
береді.  Тек  біраз  уақыт  өткен  соң  ғана  оның 
өзгерісі  байқалады.  Демек,  тілдік  өзгерістер-
дің пайда болып, қалыптасуында, тұрақталуын-
да уақыт факторының атқарар қызметі ерекше. 
_____________ 
1  Айдаров Ғ. Көне т‰ркі жазба ескерткіштерінің тілі.– 
Алматы: Мектеп, 1971.-128б. 
2  Кеңесбаев I., Мұсабаев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лек-
сика, фонетика. - Алматы: Мектеп, 1962. -118 б. 
3  Р‰стемов  Л.З.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  араб-парсы 
кірме сөздері. – Алматы: Ғылым, 1982. – 82 б. 
4  Қазақ  грамматикасы  (фонетика,  сөзжасам,  морфо-
логия, синтакcис). – Астана, 2002. - 46 б.  
5  Валиханов Ч.Ч. Сочинение. СПб., 1904. - 179 с. 
6  Языки народов СССР. Том второй. Тюркские языки. 
М.: Наука, 1966. -14 б.  
7  Болғанбаев  Ә.,  Қалиев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лекси-
кологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. –148 б. 
8  Мырзабеков  С.  Қазақ  тілінің  дыбыс  ж‰йесі. – 
Алматы: Сөздік-Словарь, 1999, -76 б.  
 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал