Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет14/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61

Р. Байымбетова 
ЯЗЫКОВОЙ ОБРАЗ ПОНЯТИИ УМАЙ И КУТ В ДРЕВНЕТЮРКСКОМ 
 МИФОЛОГИЧЕСКОМ МИРОВОЗЗРЕНИИ 
  
В  этой  статье  рассматривается  языковой  образ  понятии  Умай  и  Кут  в  древнетюркском  мифологическом 
мировоззрении 
 
R. Bayimbetova 
THE LINGUISTIC REPRESENTATION OF THE CONCEPT UMAI AND KUT IN ANCIENT TURKIC 
MYTHOLOGICAL OUTLOOK 
 
This article deals with the linguistic representation of the concept Umai and Kut in ancient Turkic mythological 
outlook 
 
 
 
 
Б. Елікбаев, 
М.О. Әуезов атындағы Оңт‰стік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.д. 
 
ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ-ТҰЛҒАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ 
ЖӘНЕ СЫҢАРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ МАҒЫНАЛЫҚ БАЙЛАНЫС 
 
 
Қазақ  тіл  білімінде  сөз  тіркесі  синтаксис-
тің  дербес  саласы  болып  қарастырылуы  ХХ 
ғасырдың  елуінші  жылдарынан  басталады. 
Сөз  тіркесі  синтаксисі мен  сөйлем  синтаксисі 
өз алдына жеке-жеке сала болып қарастырыла 
бастағалы  сөз  тіркестерінің  көптеген  мәселе-
лері  терең  қозғала  бастады.  Оның  өзі  кейінгі 
жылдардың жемісі еді. Содан бері сөз тіркесі-
нің нысандары: сөз тіркесінің байланысу фор-
малары  мен  тәсілдері,  синтаксистік  қатынас-
тары  мен  т‰рлері,  тіркесу  қабілеті,  олардың 
әрқайсысының  қалыптасу  тарихы  мамандар 
тарапынан жан-жақты сөз болды. 
Әрине  осы  кезге  дейінгі  еңбектерде  сөз 
тіркесі  арнайы  қарастырылмағанымен,  оған 
қатысты  мәселелер  жай  сөйлемге  қатысты 
мәселелердің  ішінде,  соның  ішінде  сөйлем 
м‰шелеріне  байланысты  сөз  болып  ж‰рді. 
Қазақ  тіліне  байланысты  алғаш  зерттеу  ж‰р-
гізген ғалымдардың бірі П.М. Мелиоранский-
дің  «Краткая  грамматика  казах-киргизского 
языка» деген еңбегінде сөз тіркесін арнайы қа-
растырмағанымен,  жай  сөйлемдерге  байла-
нысты  бөлімінде  бастауыш  пен  баяндауыш-
тың қиысуын дұрыс көрсеткен. 
Қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушы  ғалым 
А.  Байтұрсынұлының  «Тіл – құралы»  сөйлем 
ж‰йесі мен т‰рлері атты екі бөлімнен тұрады. 
Мұның  бірінші  бөлімінде  сөйлем  м‰шелері 
мен  сөйлем  м‰шесі  болатын  сөз  таптары, 
олардың  жасалу  жолдары  мәселелері  сөз 
болса,  екінші  бөлімінде  сөйлемнің  құрылым- 
 
 
дық  және  айтылу  мақсатына  қарай  т‰рлері, 
жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлем  мәселелері 
қарастырылады.  Осы  еңбекте  сөз  тіркестері 
арнайы  тақырып  болып  берілмесе  де,  ондағы 
«Басым жақ» деген атаумен берілген мәтіннің 
мазмұнына  зер  сала  кетуді  жөн  көрдік: «Бас-
тауыш  бір  жақты  болса,  баяндауыш  онымен 
ымыраласады.  Бастауыш  әр  жақты  болса, 
мәселен,  бастауыш біреу  емес, бірнеше  болса 
жана  әрқайсы  әр  жақты  болса,  онда  баян-
дауыш басым жағымен ымыраласады» [1, 274 
б.]. – дейді. Әрине автор бұл жерде сөз тіркес-
тері,  я  болмаса,  сөз  тіркестерінің  байланысу 
формалары жайында сөз қозғамағанымен, жо-
ғарыда  келтірілген  пікірі  қиысу  байланысу 
формасына келетін сияқты.  
Қ. Жұбанов еңбектерінде сөздердің байла-
нысу  формалары  туралы  арнайы  сөз  болма-
ғанымен,  сөйлем  м‰шелеріне  қатысты  айтыл-
ған  пікірлерінде  «матастырылған», «меңге-
реді», «жанасады» сөздері кездеседі. Дегенмен 
бұл  сөздердің  сөз  тіркестеріне,  қазіргі  қолда-
ныста ж‰рген байланысу формаларының атау-
ларына қатыстылығын көре алмаймыз. Ғалым 
cөз  тіркесін  өз  алдына  жеке  сала  етіп  бөліп 
қарастырмағанмен,  оның 1936 жылы  жарық 
көрген  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  атты 
еңбегінде  «сөйлем  ж‰йесіне»  арналған  бөлі-
мінде  «сөз  қиыны», «жетек  сөз  бен  жетекші 
сөз»  деген  тараулар  берілген.  Мұнда: «Сөй-
лемде  бір  сөз  болмай,  бірнеше  сөз  болса,  бұл 
сөздер  бір-бірімен  қиындасып  тұруы  керек. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          77 
 
Қиынын  келтірмей  құрастырған  сөйлем,  не 
тіпті  сөз  болмай  шығады  да,  немесе,  айтайын 
деген  сөзің  болмай,  басқа  бірдеме  болып 
шығады» [2, 157 б.], – деген  анықтамасы  қа-
зіргі  сөз  тіркесінің  анықтамасына  біршама 
жақын  келетін  сияқты.  Ал: «Сөйлем  ішінде 
сөздер  бірін-бірі  ерте  де,  біріне-бірі  ере  де 
байланысады.  Еруші  сөзді  жетек  сөз,  ертуші 
сөзді жетекші
 сөз дейміз» [2, 161 б.], – деген 
пікірі арқылы қазіргі кезде бағыныңқы сыңар, 
басыңқы  сыңар  деп  атап  ж‰рген  сөз  тірке-
сіндегі  сабақтаса  байланысудың  заңдылығын 
дұрыс аша білген. 
Х.  Басымовтың: «Кейбір  анықтауыштар 
басқа  бір  м‰шені  анықтап  қабысып  келумен 
қатар  өзді-өзін  де  анықтап  қабысып  келеді» 
деген  пікірі  сөйлем  м‰шелеріне  қатысты  ай-
тылғанмен,  анықтауыштық  қатынастағы  қа-
быса байланысқан сөз тіркестеріне де қатысты 
екендігіне  талас  туындамаса  керек [3, 32 б.]. 
Ал  Ә.  Ермеков: «Бұл  сөйлемнің  бастауышы... 
«ол»  деген  сөз;  бұл... «ұстады»  деген  етістік 
баяндауышты өз ыңғайына бағындырып, мең-
геріп тұр және өзінің баяндауышымен қиысып 
тұр», – деп,  бастауыш  пен  баяндауыштың 
қиыса  байланысатындығы  туралы  айтса,  со-
нымен  қатар,  толықтауыш  пен  пысықтауыш-
тың баяндауышқа меңгерілетін дұрыс көрсет-
кен [4, 68-70 бб.].  
Міне  жоғарыда  аталған  еңбектерден  сөз 
тіркесінің  әлі  де  болса  жеке  сала  ретінде  та-
нылмағанын,  оның  (сөз  тіркесінің),  көбінесе, 
сөйлем  м‰шелеріне  қатысты  мәселелер  төңі-
регінде әңгімеленіп келгенін байқаймыз. 
Жалпы  тіл  білімінде  сөз  тіркесі  сөйлем 
ішінде  қолданыла  ма,  әлде  сөйлемнен  тыс  па 
деген  сұрау  туындағаны  белгілі.  Осыған  бай-
ланысты тілші ғалымдардың пікірі де т‰рліше. 
Бұл  жөнінде  пікір  таласы  орыс  тіл  білімінде 
де, т‰ркітануда да орын алды.  Мәселен орыс 
тіл  білімінің  көрнекті  өкілдері  В.В.  Вино-
градов,  В.В.  Бабайцева,  А.И.  Смирницкийлер 
сөз тіркесіне номинативті қасиет тән екендігін 
айтса,  оны  қазақ  тіл  білімінде  К.  Аханов  та 
қолдайды.  Ал  Ю.В.  Фоменко,  А.  Моисеевтер 
сөз  тіркесінің  номинативтілігін  жоққа  шыға-
рады.  
Сөз  тіркесі – сөйлемнің  материалы. Cөз 
тіркесі  «сөйлем  құрамында  ғана  және  тек 
сөйлем  арқылы  ғана  тілдің  коммуникативтік 
құралы  ж‰йесіне  ене  алады» [5, 231 c.].  Ол 
туралы «Қазақ тілінің грамматикасында»: «Сөз-
дер  өзара  тіркесу  арқылы    сөйлем  құрамына 
енеді.  Сондықтан  сөз  тіркестері – сөйлем 
құраудың шоғырланған материалдары», – десе 
[6, 8 б.], Ж.А. Жакупов: «...сөз тіркесі – шикі-
зат қана, сөйлемнің материалы ғана емес, өзі-
нің  байланысу  т‰рлері  мен  тәсілдері  арқылы 
сөйлемнің  ғана,  орамды  тілдің  (связная  речь) 
ой  жалғастыру  мақсатында  дайындалған  құ-
рылымдық тетігі», – деп тұжырымдайды [7, 68 
б.]. 
Ең  алдымен,  сөз  тіркесінің  ережесі,  олар-
дың  тіркесу  амалдары  мен  байланысу  форма-
лары  жайында  көптеген  пікірлер  айтыла  бас-
тады.  
С.  Аманжолов  сөз  тіркестерін  сөйлем  м‰-
шелері  аясында  қарастырғаны  белгілі.  Автор 
«Қазақ  тілі  ғылыми  синтаксисінің  қысқаша 
курсы»  деген  еңбегінде  сөйлем  м‰шелерінің 
өзара  грамматикалық  байланысуы,  қарым-
қатынасқа  т‰суін  төрт  т‰рге  бөліп  қарасты-
рады:  қиысу,  меңгеру-меңгерілу,  қабысу,  жа-
насу. Осылармен бірге байланысудың бесінші 
т‰рі  ретінде  сөйлем  м‰шелерінің  орналасу 
тәртібін қосады [8, 148 б.].  
Қазақ  тіл  білімінде  сөз тіркесі  синтаксисі-
нің  арнайы  қарастырылуы 1950 жылдардан 
басталады әрі оның синтаксистің жеке саласы 
ретінде қарастырылуында проф. М. Балақаев-
тың еңбегі зор. Міне осы кездерден бастап сөз 
тіркестерінің басыңқы сыңарының қандай сөз 
таптарынан  жасалуына  қарай  есімді,  етістікті 
деп берілуі орын алса, М. Балақаев меңгеруге 
қатысты  есім  мен  етістіктің  бірлесіп  келуі 
нәтижесінде  ортақ  меңгеру  деген  терминді 
енгізгені  белгілі [9, 399-406 бб.].  Соның  негі-
зінде  проф.  Т.  Сайрамбаев  сөз  тіркестерінің 
есімді, етістікті және ортақ басыңқы деп бере 
келе,  енді  ортақ  меңгеруден  басқа  тілімізге 
ортақ қабысу, ортақ матасу т‰рлері енді [10, 
30-34 бб.]. Ол туралы автор: «Сонымен біз сөз 
тіркесін басыңқы сыңарына қарай енді есімді, 
етістікті,  ортақ  басыңқы  деп  топтай  келіп, 
іштей 1) ортақ  қабыса  байланысқан  сөз  тір-
кесі, 2) ортақ матаса байланысқан сөз тіркесі, 
3) ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестері 
деп  бөлуді  практикалық  та,  теориялық  та  жа-
ғынан дұрыс деп білеміз», – дейді [10, 33 б.]. 
Жалпы  сөздердің  байланысу  формалары, 
олардың  есімді  және  етістікті  т‰рлеріне  жат-
қызу туралы талас мәселелер әлі де болса бар. 
М.  Балақаев  есімді  сөз  тіркестеріне  матасу, 
меңгеру, ортақ меңгеру, қабысуды, ал етістікті 
сөз тіркестеріне меңгеру және қабысуды жат-
қызса,  проф.  Т.  Сайрамбаев: «...біз  баян-

78                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
дауыштың  т‰рлері  сияқты  сөз  тіркестерін  де 
басыңқы  сыңарына  қарай  есімді,  етістікті 
және  ортақ  басыңқы  етіп  ‰шке  бөліп  беруді 
жөн  көрдік», – дей  отырып,  меңгеруді:  етіс-
тікті  меңгеру,  есімді  меңгеру,  ортақ  меңгеру, 
қабысуды:  етістікті  қабысу,  есімді  қабысу, 
ортақ  қабысу,  матасуды:  есімді  матасу,  ортақ 
матасу т‰рлерін ұсынады [10, 30 б.]. Сонымен 
жоғарыда аталған авторлардың сөз тіркестерін 
бөлуде есімдіге ‰ш байланысу формасын: ма-
тасу,  меңгеру,  қабысуды,  ал  етістіктіге  екі 
байланысу  формасын:  меңгеру  мен  қабысуды 
жатқызатынын  байқаймыз.  Ал  біз  өз  кезегі-
мізде  жанасу  байланысу  формасына  қатысты 
кейбір  талас  мәселелердің  шешім  табуына 
байланысты [11], енді  оны  да  есімді  және 
етістікті деп бөле келе, бұдан былай есімді сөз  
 
тіркестеріне  қатысты  төрт  байланысу  форма-
сын: матасу, меңгеру, қабысу және жанасуды, 
етістікті  сөз  тіркестеріне  қатысты  ‰ш  бай-
ланысу  формасын:  меңгеру,  қабысу  және  жа-
насу  байланысу  формаларын  қарастыруды 
ұсынамыз. 
Соңғы зерттеулерде сөз тіркестерін басың-
қы  сыңарларының  қандай  сөз  таптарынан 
жасалуына қарай есімді, етістікті деп бөлумен 
бірге  ортақ  басыңқы  т‰рінің  енуіне    байла-
нысты,  енді  біз  де  байланысу  формаларын: 
есімді  матасу,  ортақ  матасу;  есімді  меңгеру, 
етістікті  меңгеру,  ортақ  меңгеру;  есімді  қа-
бысу,  етістікті  қабысу,  ортақ  қабысу;  есімді 
жанасу,  етістікті  жанасу,  ортақ  жанасу  деп 
бөлеміз. 
Оны мына сызбамен береміз: 
 
 
 
Сурет – Сөз тіркесінің т‰рлері 
 
Сөз  тіркестерінің  семантикалық-формаль-
дық  құрылымы  сөз  тіркесінің  бағыныңқы 
және  басыңқы  сыңарларының  бір-бірімен 
байланысу  тәсілдері  мен  оның  мазмұнын 
анықтайды.  Егер  сөз  тіркестерінің  басыңқы 
сыңарлары  зат,  құбылыс  не  қандай  да  бір 
ұғымды  атап  көрсетсе,  бағыныңқы  сыңары-
ның  қызметі  басыңқы  сыңарда  аталғанды 
нақтылау  болып  табылады.  Ол  ‰шін  бағы-
ныңқы  сыңардағы  сөз  белгілі  бір  тұлғада  тұ-
руды қажет етеді. 
 
 
Басыңқы сыңардың мазмұны өзінің лекси-
калық  мағынасы  арқылы  анықталады.  Мы-
салы: 1) затты,  нәрсені  білдіреді:  биік  ‰й,  ас-
палы 
шам,  баланың  қылығы;  2)  белгіні  біл-
діреді:  өмірге  ызалы,  б‰гін  қуанышты;                  
3) қимыл, қозғалысты білдіреді: сабақтан ке-
шікті, жұмысқа орналасты, т.б. 
Ал  бағыныңқы  сыңардың  мазмұны  оның 
лексикалық  мағынасы  арқылы  емес,  сөзтұл-
ғаның  басыңқы  сыңардағы  қандай  сөзбен 
тіркесуіне  байланысты  туындаған  синтаксис- 
 
Сөз тіркесі 
Есімді сөз 
тіркесі 
Етістікті сөз 
тіркесі 
Матас
у 
Мењге
р
Қ
абыс
у 
Жанас
у 
Мењге
р
Қ
абыс
у 
Жанас
у 
Байланысу формасына 
қарай 
Сөздердің 
тіркесу 
қабілетіне 
қарай 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          79 
 
тік  мағынасы  арқылы  анықталады.  Мұндай 
кезде  бағыныңқы  сыңардағы  сөзтұлға  екі 
т‰рлі  синтаксистік  мағынада: 1) басыңқы  сы-
ңардағы  заттың  не  қимылдың  белгісін  біл-
діріп, басқа дәл сондай зат не қимылдан ажы-
рататындай  сипатта жұмсалады: Асау жылқы 
ышқына  шыңғырып  көкке  атылды  (Д.  Дос-
жанов)
Азанғы  аяз  шағып  барады  (Н.  Сер-
әлиев).  Кеңес  біраз 
‰нсіз  жатты... (Қ.  Сәр-
секеев);  2)  субъектінің  әрекеті  тура  немесе 
жанама  бағытталған  объектіні  білдіруі  м‰м-
кін:  Мал  т‰гіл  адамға  да  қолайсыз  (І.  Есен-
берлин).  Орташасы  көбінесе 
әнге  лайық  
(Т.  Әлімқұлов).  Кешікпей-ақ  дабыр  әңгімелері 
‰зілмеген  қалпы  сырт  көзге  мойын  бұрғыз-
ғандай жарастықты топ 
ауылдан ұзай берді 
(А. Сейдімбеков)
Сөз тіркестерінің басты белгісі сыңарлары-
ның  арасындағы  грамматикалық  қатынастар-
дың  болуы.  Басқа  тілдердегідей,  қазақ  тіл 
білімінде  де  сабақтаса  байланысқан  сөз  тір-
кестері:  1)  анықтауыштық, 2) толықтауыш-
тық  және  3)  пысықтауыштық  қатынаста 
келеді.  
1)  анықтауыштық  қатынастағы  сөз  тір-
кестері сыңарларының қандай сөз таптарынан 
жасалуы  мен  қандай  тұлғада  келуіне  қарай 
мынадай  мағыналық-тұлғалық  құрылымда 
келеді. Оны таратып көрсетсек: 
а) басыңқы сыңар зат, нәрсені атайды, ба-
сыңқы сыңар оның сапалық (сандық) белгісін 
көрсетеді:  әдемі  қыз,  биік  тау,  ұзын  бойлы 
жігіт, бес кітап, он екінші ‰й, т.б.; 
ә) басыңқы сыңар  зат, нәрсені атайды, ба-
ғыныңқы сыңар сол заттың кімге, неге тиесілі 
екенін  көрсетеді:  апамның  орамалы,  ағамның 
дәптері, т.б.; 
б)  басыңқы  сыңар  заттың  бөлшегін,  бағы-
ныңқы сыңар затты тұтасымен атап көрсетеді: 
терезенің  жақтауы,  ағаштың  жапырағы, 
адамның көзі, т.б. 
в) басыңқы сыңар кісіні, бағыныңқы сыңар 
оның  қай  топ  немесе  ұжымға  қатысын  көр-
сетеді: топ басшысы, бөлім меңгерушісі, мек-
теп оқушысы, т.б

г)  басыңқы  сыңар  белгіленген  іс-әрекетті, 
бағыныңқы сыңар сол әрекет иесін көрсетеді: 
ректордың бұйрығы, нәрестенің к‰луі, т.б. 
ғ)  басыңқы  сыңар  белгіні,  бағыныңқы  сы-
ңар  белгінің  иесін  көрсетеді:  әйелдің  кіші-
пейілдігі,  жігіттің  ептілігі,  баланың  зерек-
тігі,  т.б.  Мұндай  сөз  тіркестері  әйелдің  кіші-
пейілдігі – кішіпейіл  әйел – әйел  кішіпейіл, 
жігіттің ептілігі – епті жігіт – жігіт епті, 
баланың  зеректігі – зерек  бала – бала  зерек 
т.б.  болып  трансформацияға  тусу  м‰мкіндігі 
бар.  Осындағы  әйелдің  кішіпейілдігі – кіші-
пейіл  әйел,  жігіттің  ептілігі – епті  жігіт, 
баланың зеректігі – зерек бала сөз тіркестерін 
синтаксистік  синонимдерге  жатқызуға  бола-
тын  болса,  әйел  кішіпейіл,  жігіт  епті,  бала 
зерек  сияқты  предикаттық  қатынастағы
  тір-
кестердің лексикалық құрамы ортақ болғаны-
мен,  грамматикалық  мағыналарындағы  өзге-
шелігіне  орай  синтаксистік  синоним  бола 
алмайды.  Себебі  әйелдің  кішіпейілдігі – кіші-
пейіл  әйел,  жігіттің  ептілігі – епті  жігіт, 
баланың  зеректігі – зерек  бала  –  сөз  тіркесі 
болса, әйел кішіпейіл, жігіт епті, бала зерек – 
сөйлем болып танылады.  
2)  толықтауыштық  қатынастағы  сөз 
тіркестері  мынадай  мағыналық-тұлғалық  құ-
рылымда келеді: 
а)  қимыл-әрекет  (етістік)  және  оны  нақ-
тылайтын  (қимыл-әрекет  тура  немесе  жанама 
бағытталған) объекті: ауылды сағыну, ағасына 
еркелеу, т.б. 
ә)  белгі  (сын  есім)  және  оны  нақтылаушы 
объект  (белгінің  қайсысына  (кімге  немесе 
неге)  қатыстылығына  қарай):  балаларға  қы-
зық, оттан ыстық, иесімен дәмді, т.б. 
б)  қимыл  құралы:  қайшымен  қырқу,  әзіл-
мен жеңу, т.б. 
в)  ақпарат  көзі:  кітаптан  оқу,  радиодан 
есту, теледидардан көру т.б. 
г)  жетістікке,  мақсатқа  жету  немесе  ай-
рылу: жеңіске жету, абыройдан айрылу, т.б. 
3)  пысықтауыштық  қатынастағы  сөз 
тіркестері  төмендегідей  мағыналық-тұлғалық 
құрылымда келеді:  
а)  мекенге  байланысты  белгі:  қалада  оқу, 
Астанада суық, т.б. 
ә)  бағытқа  байланысты  белгі:  ‰йге  дейін 
бару, ауылға жақын, т.б. 
б)  уақытқа  байланысты  белгі:  таңертең 
тұру, кешке келу, ұзақ ойлану, б‰гін ыстық, т.б. 
в)  қимылдың  басталу  сәті:  тумысынан 
керең, бала кезден дос, т.б. 
г)  қимылдың  аяқталу  сәті:  т‰ске  дейін 
ұйықтау, к‰зге дейін демалу, т.б. 
ғ)  себепке байланысты белгі:  ауырғандық-
тан келмеу, т.б. 
д)  амалға  қатысты  белгі:  қалықтап  ұшу, 
жылдам қимылдау, асықпай ж‰ру, т.б. 
е)  мақсатқа  қатысты  белгі:  оқу  ‰шін  жай-
лы, кездесу ‰шін ыңғайлы, т.б. 

80                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Міне әрбір сөз тіркесінің нақты мағынасы 
оның  грамматикалық  және  лексикалық  ма- 
ғынасына  (мағыналық-тұлғалық  құрылымы-
на) байланысты. Сонымен сөз тіркесі – сыңар-
ларының  лексикалық  мағынасы  арқылы 
бір-бірін  толықтырып,  өзара  грамматикалық 
қатынасқа 
т‰сетін 
лексико-грамматикалық 
бірлік. 
______________ 
1.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 
1992. – 444 б. 
2.  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер. – 
Алматы: Ғылым, 1999.   – 581 б. 
3.  Басымов  Х.  Сөйлемнің  тұрлаусыз  м‰шелері // Ха-
лық мұғалімі.  – 1939. – №1. – 29-39 бб.; – 1939. – №2. – 15-
21 бб. 
4.  Ермеков Ә. Тағы да сөйлем м‰шелері туралы // Ха-
лық мұғалімі.  – 1939. – № 9. – 67-70 бб. 
5.  Виноградов  В.В.  Исследования  по  русской  грам-
матике. (Избранные труды). – М.: Наука, 1975. – 558 c. 
6.  Қазақ  тілінің  грамматикасы.  ІІ  бөлім.  Синтаксис. – 
Алматы: Ғылым, 1967. – 235 б. 
7.  Жакупов  Ж.А.  Қазақ  тілі  функциональдық  синтак-
сисі  (контекст  проблемасы):  филол.  ғыл.  д. ... дис.  – Ал-
маты, 1999. – 225 б. 
8.  Аманжолов С. Қазақ тілі ғылми синтаксисінің қыс-
қаша курсы. – Алматы, 1940. –  248  б. 
9.  Қазіргі  қазақ  тілі. – Алматы:  Қазақ  ССР  ҒА  бас-
пасы, 1954. – 562 б. 
10. Сайрамбаев  Т.  Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  синтак-
сисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 176 б. 
11. Елікбаев  Б.К.  Жанаса  байланысқан  есімді  сөз  тір-
кестері // Жусуп  Баласагын  ат.  Кыргыз  улуттук  универси-
тетинин Жарчысы. – Бишкек, 2008.   № 4. – 5-8 бб. 
  
 
Б. Еликбаев 
СЕМАНТИКО-ФОРМАЛЬНАЯ СТРУКТУРА ИМЕННЫХ СЛОВОСОЧЕТАНИИ 
 
В статье рассматривается семантико-формальная структура именных словосочетании 
 
B. Elikbaev 
SEMANTIC AND FORMAL STRUCTURE OF NOMINAL PHRASES 
 
In article the semantic and formal structure of  nominal phrases is considered 
 
 
 
 
М. Т. Есматова, 
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
ОРАЛХАН БөКЕЙ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ  
ҚОЛДАНЫСЫ 
 
 
Фразеологизмдер (кең мағынада фразеоло-
гиялық тіркестер мен мақал-мәтелдер) көркем 
сөз  өнерінің  ең  құнарлы  саласына  тән  ойлау 
нәтижесі  мен  халық  даналығының  туындысы 
болып  саналады.  Тіліміздің  бұл  байлығы  ға-
сырлар  бойы  қорланып,  қалыптасқан,  толас-
сыз  дамып,  толығып  отыратын,  әрқашанда 
қолданысқа дайын тұратын көркем сөз құралы 
болып  саналады.  Яғни,  көркем  сөз  шебер-
лерінің  өз  шығармаларында  т‰рлендіріп,  сан 
құбылтып,  пайдалануына  болатын  әсем  де 
әсерлі,  көркем  де  бейнелі  сөз  өрнегі  болып 
есептеледі.  Әдетте,  фразеологизмге  тән  ерек-
шеліктердің  бірі  ретінде  олардың  тұлғалық, 
құрамдық  және  ішкі  орын  тәртібінің  тұрақ-
тылығы  көрсетіледі.  Әрине,  бұл  тұрақты  тір-
кестерге  тән  жалпы  заңдылық,  бірақ  қатып 
қалған,  ешбір  өзгеріске  т‰спейтін  құбылыс  
 
 
 
емес,  белгілі  шарттылыққа  бағынатын  заңды-
лық.  
Бұл белгілі ғалым, профессор Рабиға Сыз-
дықованың  сөзімен  айтқанда,  сөз  құдіретінің 
арқасында  іске  асатын  құбылыс [1]. Ол – 
ғалымның  бейнелі  т‰рде  атаған  «сөз  әрлеу» 
тәсілі.  Сөз  әрлеу  деп  отырғанымыз  да,  ай-
налып  келгенде  сөз  таңдау,  сөз  қолданысы 
дегеніміз  сияқты,  көркем  шығарма  тіліндегі 
жеке сөздердің (және тіркестердің) «қылығы», 
қызметі,  стильдік  ж‰гі, (орысша  айтқанда, 
«поведение  слово  в  художственном  тексте») 
деген  тұтас  құбылысқа  кіреді.  Әсіресе, «сөз 
әрлеу» дегенде, сөздің көріктеу құралы ретін-
де  келген,  сөз  бейне  болып,  келген  сәттері 
талданады. 
Фразеология  деген  терминнің  мағынасы 
кең,  оны  әр  т‰рлі  ұғынып,  әр  алуан  салада  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          81 
 
зерттеу объектісі етіп алуға болады. Жалпыха-
лықтық  тілдің  фразеологиясы  мен  жеке 
жазушы шығармасындағы фразеология немесе 
жеке  бір  шығарманың  фразеологиясы,  яғни 
авторлық өзгеріске ұшыраған тұрақты тіркес-
тер  бір-бірінен  зерттеу  тәсілі  жағынан  да, 
мазмұны  жағынан  да  өзгешелігі  бар.  Жалпы-
халықтық  тілдің  фразеологиясы  оның  барлық 
табиғатын  қамтыса,  авторлық  өзгеріске  ұшы-
раға  фразеологиясынан  стильдік  өзіндік  ерек-
шелігі айқындалады. Авторлық қолданыстағы 
фразеологизмдердің  тууы  және  тілде  қалып-
тасуы  халықтың  ұлттық  мәдениетімен,  дәс-
т‰рімен,  этнолингвистикасымен  байланысты 
болып келеді.  
Авторлық  қолданыстағы  тұрақты  тіркес-
тер, қанатты сөздер бірте-бірте тілдің біркелкі 
сөздер  қорына  еніп  жатыр.  Авторлық  қолда-
ныстағы  фразеологизмдердің  тууын  және 
уақыт  келе  афоризмдерге  айналуын  проза 
тілінен  айқын  байқауға  болады.  Стилисти-
калық  тұрғыдан  қарағанда,  авторлық  қолда-
ныстағы фразеологизмдердің қандай мақсатта 
қолданылып тұрғанын да айқындап алу қажет. 
Себебі, тұрақты тіркестер тек көріктеу құралы 
ғана  емес,  жазушының  көзқарасын,  идеясын, 
суреттеп  отырған  кейіпкерінің  ішкі  жан  д‰-
ниесін, болмысын таныту мақсатында да қол-
данылады. Сол  себепті  де  Рабиға Сыздықова: 
«Көркем  туындының  тілін  лингвистикалық 
стилистика  тұрғысынан  талдау  дегеніміз  тіл-
дің  жеке  бөліктерін  (единицаларын)  т‰гендеу 
емес, сол бөліктердің, айталық, сөздердің, тір-
кестердің,  сөйлемдердің  қолданысын,  қолда-
ныстағы  көрінісін  зерттеу  болмақ» (Сызды-
қова Р. Сөз құдыреті. 2003. 5-бет). 
Фразеологизмдердің  табиғатына  тән  осы 
бір  қасиетін  біз  жалпы  сөз  қолданыс  ж‰йесі-
нен,  әсіресе,  проза  тілінен  айқын  көреміз. 
Проза  тілінің  шығарма  бойындағы  ‰йлесім-
ділік,  кейіпкердің  әсем  де  әсерлі  іс-әрекеті 
фразеологизмдердің  «қамырша  иленіп»,  сан 
алуан өзгерістерге т‰суіне әсерін тигізеді. 
Фразеологизмдердің  проза  тілінде  мұндай 
өзгерістерге  т‰суі  және  ол  өзгерістердің  шегі 
мен т‰рі, сайып келгенде, жазушының шебер-
лігіне  және  сөз  саптау  мәнеріне  тікелей  бай-
ланысты  болып  келеді.  Мұндай  шебер  сурет-
керлер  қатарынан  қазақ  прозасына  өз  қол-
таңбасын  қалдырған  көрнекті  жазушы  Орал-
хан Бөкейді ерекше атауға болады.   
Қазақтың әдеби тіліндегі әсірелеу, көркем-
деу  тәсілдерінің  ішінде  тұрақты  сөз  тіркес-
тердің алатын орны ерекше. 
Тұрақты  тіркестер  көркем  шығарма  тілін 
жандандырып, астарлап, бейнелей суреттеудің 
тілдегі дайын құралы болып табылады. 
Халық  тілінің  осы  бір  байлығын  жазушы-
лар  өз  шығармаларында  қажетіне  жаратып, 
өзіне керегін таңдап алады.  
«Фразеологизмдерді әр жазушының өз қа-
жетіне  байланысты  жаңғыртып  қолдануы, 
оның ой-пікіріне, эстетикалық талғамына, қо-
ғамдық    өміріне,  философиялық  көзқарасына 
сәйкес  келеді» [2,54].  
Профессор  А.И.Ефимов  «Жазушылардың 
өзіндік  стилі  деп  көркем  шығармаларындағы 
жалпы  халықтық  тілдің  тәсілдерін  өңдеп 
жұмсаудағы сөз құрау ж‰йесі»,- дейді.  
Кез келген жазушы халық тілінің бар бай-
лығын  сөз  айшықтарын  өз  шығармаларында 
дәл, айқын, аса бір ұтқырлықпен жұмсай оты-
рып, өзіне ғана тән стиль жасайды.  
Қазақ  тілінде  фразеологизмдерді  берудің 
екі жолы қарастырылады: 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал