Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет13/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61

-  ла, ле жұрнағы барлық сөз табына (есім-
діктен басқа) жалғанып, алуан т‰рлі етістіктер 
жасайды. «Мезгіл  және  мекен  ‰стеулеріне, 
амал ‰стеулеріне – ла, - ле жұрнағы жалғанып 
пайда болған туынды етістіктер»  салт етістік 
тобына  жатады  да,  адамның  не  басқа  заттың 
қозғалыс,  қимылын  және  өзгеру  к‰йін  біл-
діреді.  Не  де  болса  ілгерілей  берейік, - деді 
Балағазы (М.Әуезов)          [7, 17 б.].   
Ілгері,  кейін,  жоғары,  төмен,  ылди,  құлди 
т.т.  нақты  мекендік  ішкі  пысықтауышы  мен 
қозғалуы  бір  ғана  етістікке  саятын:  ілгеріле, 
кейінде,  көлденеңде  т.т.  туынды  т‰бір  етістік-
тер бар [6, 382б.]. Бұл етістіктер көбінесе қоз-
ғалыстың  бағытын  білдіретін  сөздерге  жал-
ғануы  арқылы  жасалады.  Мысалы,  жоғарыға 
қарай ж‰рді – жоғарыла; ілгері қарай ж‰рді – 
ілгеріле,  ылдиға  қарай  ж‰рді – ылдилады.  
Бағыт  және  қозғалыс  бір  сөзбен  беріледі.    
‡стеу + - ла.  Жоғарыла,  төменде,  биікте, 
ілгерілекейінде, ылдила, құлдила, өрле, төрле, 
кейінде  т.б;  Сын  есім + ла,  ле
:  жақында, 
алыста,  жуықта;  Зат  есім + - ла:  аяңда, 
жорғала,  жағала,  текіректе,  еңбекте,  б‰л-
кекте,  қабырғала;  Еліктеуіштер + - ла:  зула, 
зырла, зымыра, қаздаңда, балпаңда, зуылда.-а, 
  тұлғасының  мағынасын  тарихи  тұрғыдан 
зерттеген  ғалымдар  аффикстің  есімдерден 
етістік жасауда -ла аффиксімен параллель қол-
данылатындығын  айтады.  Автордың  пікірін-
ше, -ла, -а  тұлғалары  көне  тілде  параллель 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          71 
 
қолданылып,  бір  семантикалық  өріске  жата-
тын  сөздер  тобын  туғызған [4, 382б.].  -а, -е 
Өздеріне негіз болған есімдер бағытымен қоз-
ғалу: алыстау не жақындау етістіктерін құрай-
ды: жөне, ұза, жола, тақаБізден ұзады, бізге 
тақады.қы,  - кі, - ғы, - гі - құйғы, орғы, өзге-
лік  етістің  –  т  жұрнақты  т‰рінде:  құйғыт, 
орағыт т
‰рінде қолданылады. Т‰бір етістік + 
к‰рделі  жұрнақты.  -  лат,  лет, -дат,  - дет, - 
тат, - тет қосымшалар  -ла, -ле, -да, -де -та, -
те    және  өзгелік  етістің  –т  жұрнақтарының 
бірігуінен  жасалған  құранды  жұрнақ.  Бұл  -
лат  формантты  туынды  етістіктер  адамның 
және  басқа  қимыл  иелерінің  мезгіл  және 
мекенмен  қатысты  болатын  қозғалыс  қимыл-
дарын  білдіреді.  Мысалы,  т‰нделету,  Семей-
лету,  таулату,  жоталату  т.б.  Олар  таула-
тып кешкісін ауылға жетіп қонды [7, 24 б. ]. -
мала, -меле домала, өрмеле; -а +-ла - қуала, - 
қыла: шапқыла. 
 Қозғалыс  етістіктерінің  келесі  жасалу  тә-
сілі – аналитикалық  тәсіл.  Бұл  тәсілдің  тіл 
дамуындағы  маңыздылығы  оның  сөзжасау 
қабілетінің  м‰мкіндігінің  молдығымен  сипат-
талады.  
К‰рделі етістіктер. Қазақ тіліндегі к‰рделі 
етістіктер  сөздік  құрамнан  қомақты  орын 
алады.  Олар  аналитикалық  тәсіл  арқылы  жа-
салып,  жеке  дербес  лексикалық  бірлік  болып 
саналады.  
Тілдің  сөзжасам  құбылысына  жататын 
белгілі  сөзжасамдық  ‰лгі  арқылы  жасалып, 
к‰рделі  қимылды  білдіретін  лексикалық 
бірліктер. К‰рделі етістіктер – бір лексикалық 
мағына  білдіретін,  ең  кемі  екі  сыңардан 
жасалған,  тілде  жеке  дербес  сөздің  қызметін 
атқаратын лексикалық бірліктер [6, 396 б.]. 
Ағылып  келді,  қашып  кетті,  барып  келді, 
шаба  жөнелді,  кіріп  шықты,  келіп  кетті, 
қайтып  кет,  қашып  шық,  келе  кет,  көшіп 
келді,  тақап  келді  т.б.  Мұндай  құрылымды 
етістіктердің  компоненттері  тіл  білімінде 
тірек  компонент  және  ауыспалы  компонент 
деп аталып ж‰ргені белгілі. Екі компоненті де 
қозғалыс етістіктерінен жасалған к‰рделі етіс-
тіктер  сөз  жоқ  к‰рделі  қозғалысты  атайды. 
Қазақ  тілінің  етістіктер  ж‰йесінде  к‰рделі 
етістіктер  екі  топқа  бөлініп  қарастырылады.  
1.  екі  компоненті  де  етістіктен  жасалған  к‰р-
делі етістіктер; 2. бір компоненті есім, екінші 
компоненті  етістік.  Екі  компоненті  де  етіс-
тіктердің тіркесуі арқылы жасалған етістіктер-
ді  А.Ысқақов  құрама  к‰рделі  етістік  деп 
атаса,  Н.  Оралбаева,  Б.  Қасымдар    к‰рделі 
етістік деп атайды [6, 23].  
Қосарлы  етістіктер.  Екі  етістік  қосарла-
нып,  бір  ғана  т‰бір  сөз  мағынасын  білдіретін 
етістіктер қос т‰бір етістік деп аталады. Қазақ 
тіл  білімінде  етістіктен  болған  қос  сөздердің 
барлығы  да  ‰стеуге  жатқызылады.  Қос  т‰бір 
етістіктің  алдыңғы  сыңары  өткен  шақ  кө-
семше (-п,ып,іп)  тұлғасында  қолданылып, 
екінші  сыңары  етістіктің  басқа  грамматика-
лық  фомалармен  т‰рленетін  конструктивтік 
қызмет атақарады. Мысалы, алдап-сулау, қар-
ғап-сілеу, бөліп-жару
 Белгілі грамматикалық категорияларға тән 
біралуан сөздерден я қайталау, я қосарлану, я 
тіркесу  арқылы  к‰рделі  сөз  жасалады.  Бірақ 
ол  сөздерден  жаңа  лексикалық  мағына 
тумайды.  Олар  тек  грамматикалық  мағына 
білдіреді. Етістіктер де (келе-келе, айта-айта, 
сөй-леп-сөйлеп, 
қарап-қарап
қайталанып 
жұмсалып,  к‰рделі  сөздер  жасалады.  Бір 
граммати-калық  категорияға  тән  екі  басқа 
сөзді  қосар-лап  жұмсап,  к‰рделі  сөз  жасау  да 
‰йреншікті  құбылыс.  Мысалы,  келіп-кетіп, 
жатпай-  тұр-май,  келген-кеткен  (етістіктер)  
к‰рделі  сөздер  қосарлану  арқылы  жасалған. 
Бұл  к‰рделі  сөз-дердің  де  мағыналары 
жалпылау,  жинақтау,  болжалдау  мөлшерлеу 
сияқты  тұтас  ұғымдар-ды  білдіреді,  демек 
бастапқы мағыналары өзгермейді. 
Қос сөздер - мағынасы жағынан тең мағы-
налы  екі  сөздің  қосақталып,  бір  мағыналы 
сөзге  айналуының  нәтижесі.  Ашып-жауып, 
кіріпі-шығып,  аударып-төңкеріп,  босып-қа-
шып  қосарлананып  келіп  бір  сөз  ретінде 
жұмсалатын  етістіктерді  И.Е.Маманов  қос 
т‰бір  етістіктер  деп  атайды [7, 29 б.].  Келіп-
кетті,  кіріп-шықты,  бұлардың  барлығы  к‰р-
делі  етістіктер.  Осындағы  төрт  к‰рделі  етіс-
тіктің  әрқайсысы  біртұтас  лексикалық  мағы-
наны  білдіреді.  Бұл  тұрғыда  оның  мағына-
сының  туынды  т‰бірлердің  мағынасынан 
айырмашлығы  жоқ.  Бірақ  туынды  т‰бірлер 
дара  ұғымды  білдірсе,  аналитикалық  сөздер 
к‰рделі  ұғымды  білдіреді.  Келіп-кет  деген 
к‰рделі  етістік  әуелде  келу,  кету  қиымылын 
білдіргені  сөзсіз.  Бірақ  олар  дербес  сөз  болу-
дан  қалып,  біртұтас  лексикалық  мағынаға 
көшкен,  осының  нәтижесінде  олардың  құра-
мындағы  етістіктер  дербес  қимылды  білдір-
мей, к‰рделі қимылдың атына айналған. 
Тіркесу  арқылы  жасалған  к‰рделі  етістік-
тердің  мағыналық  бірлігі  жөнінде  айтылған 

72                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
бұл  тұжырым  қосарлы  етістіктердің  сөзжа-
самдық ерекшеліктеріне де ‰йлес келеді. Өйт-
кені  оларда  екі  элементтен  құралған  к‰рделі 
сөздер,  олардың  да  к‰рделі  етістіктер  ретінде 
қолданылатындары бар. Құрылымдық жақтан 
қосарлы  етістіктер  бөлшектеуге  келмейтін 
б‰тінділікке  ие.  Әр  сыңары  бір-біріне  бағын-
бай,  қатар  тұрып  сөйлемнің  бір  м‰шесі  ғана 
бола  алады.  Мағыналық  жақтан  тіркескен 
к‰рделі етістіктер сияқты іштей екі қимылдан 
құралған к‰рделі біртұтас қимылды білдіреді. 
Сол  себептен  де  сөздерді  қосарлау  тәсілінің 
ішінде  бірыңғай  етістіктерді  қосарлап  жаңа 
сөз жасау да сөз тудырыудың өнімді тәсілі деп 
айтуға  негіз  бар.  А.  Айғабылов  сылап-сипа, 
ойнап-к‰ле т.б. қос сөздердің к‰рделі етістікке 
жататындығын,  өйткені  олардың  етістіктің 
барлық  формалары  бойынша  т‰рленетіндігін, 
ал  жата-жастана,  бара-тұра  сияқтылары-
ның  т‰рленбейтіндігін,  сондықтан  олардың 
к‰рделі  ‰стеуге  айналғандығын  көрсеткен [8, 
55  б.].  Осы  тұрғыда  көсемшенің  -ып, -іп, -п 
тұлғаларымен  жасалған  қос  сөздердің  сөй-
лемде етістік фомаларына қарай т‰рлену ерек-
шелігі аталған ғалымдардың тұжырымына сай 
келеді  деп  ойлаймыз.  Бара-бара,  ж‰ре-ж‰ре, 
келе-келе,  аттап-аттап  қимылдың  созылма-
лығын,  көп  уақыт  жасалғандығын  білдіреді. 
Ж‰ре-ж‰ре Днепр өзеніне тірледік.  
Қарсы  мәндес  сыңарлардан  құралған  қо-
сарлы  етістіктер  әдетте  іштей  өзара  қарама-
қарсы  екі  қимылдан  құралған.  К‰рделі  бір 
қимылдың  барысын,  аумағын  білдіреді.  Сы-
зыла шай жасап кіріп-шығып ж‰р. Бұлардың 
саны  көп  емес:  ашып-жауып,  кіріп-шығып, 
көшіп-қонып, ж‰ріп-тұрып, батып-шығып т.б.  
Жоғарыда  келтірілген  ғалымдардың  пікіріне 
с‰йене отырып, біз де қарсы мәндес қозғалыс 
етістіктерінің  де  қос  сөзді  құрылымда  келеді 
деп  пайымдаймыз.  Бұлар  да  к‰рделі  қимыл-
дың  атауын  білдіреді.  Қарсы  мәндес  ҚЕ-нен 
жасалады:  келіп-кетіп,  мініп-т‰сіп,  барып-
келіп,  мініп-т‰сіп,  шығып-т‰сіп  т.б.  Мен  бір 
минутке кіріп-шықсам қайтеді (Б. Нұржекеев).  
 
‡йіне  кіріп-шықты  ғой,  сөзі  бірақ  қырсықтау  
(Б. Нұржекеев). Сабыр дейтін жерлесінің жол-
дасы  болғандықтан  ғана  бұлардың  бөлмесіне 
анда-санда  бас  сұғып,  келіп-кетіп  тұрды 
демесе,  тіпті  жатақханасы  да  басқа  еді   
(Қ.  Мұхамбетқалиев).  Т‰зге  шықсам,  Қасыма 
да  өзіммен  бірге  кіріп-шығып,  ж‰ріп  алды 
(Б.Нұржекеев). 
Қозғалыс  етістіктері  құранды  құрылымда 
келеді.  Бұл  етістіктер  көбіне  қозғалыстың 
сынын  білдіретін  лексемалардан  жасалады. 
Қозғалыстың  сыны  және  қозғалыс  ұғымы  бір 
етістікпен  беріледі.  Мысалы:  жорғаға  салды, 
текірекке  салды,  б‰лкілге  салды,  тепеңге 
салды, борт-борт желді, сар желді, б‰лк-б‰лк 
желді т.б. Ауылдан шыға бере тепеңге салды 
(Т.Рамазанов). Қазіргі қазақ тіліндегі қозғалыс 
етістіктерінің  құрамы:  бір  буынды  негізгі  т‰-
бір  етістіктер,  екі  буынды  т‰бір  етістіктер, 
к‰рделі  етістіктер,  қосарлы  етістіктер,  құ-
ранды етістіктер т‰рінде келеді. –ла, -ле (-де, -
де, -та, -те)  жұрнақтары  қозғалыс  етістік-
терінің  синтетикалық  сөзжасамының  негізгі 
жұрнақтары.  Синтетикалық  тәсіл,  аналтика-
лық  тәсіл  арқылы  жасалатын  құранды  құры-
лымды туынды етістіктер қозғалыстың орнын, 
амалын,  тәсілін  білдіретін  лексемалардан  жа-
салып, қозғалыспен қатар оның тәсілі, амалы, 
мәнері  бір  сөздің  бойында  сыйыстырылып 
беріледі.  
_______________ 
1. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии 
тюркских языков (глагол). – Л.: Наука, 1981. – 181 с.  
2.  Қазақ  тілінің  т‰сіндірме  сөздігі. – Алматы:  Ғылым, 
1974.  
3.  Қажыбеков  Е.  З.  Глагольно  именная  корреляция 
гомогенных  корней  в  тюркских  языках. – Алматы:  Наука, 
1986. – 207 с.  
4. Салқынбай  А.  Тарихи  сөзжасам  (семантикалық  ас-
пект). – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 309 б.  
5. Қайдар Ә. Структура односложных корней и основ в 
казахском языке. – Алматы: Арын, 2005. – 295 б.  
6.  Қазақ  грамматикасы. – Астана:  Астана  полиграф, 
2002. – 784 б.  
7. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік.  – Алматы: Мек-
теп, 1966. – 156 б. 
8.  Серғалиев  М.,  Айғабылов  А.,  К‰лкенова  О.  Қазіргі 
қазақ тілі. – Алматы, 1991. -55 б.  
Л.  Алимтаева 
ГРАММАТИЧЕСКИЙ СТРОЙ ГЛАГОЛОВ ДВИЖЕНИЯ 
 
В статье рассматривается грамматический строй глаголов движения в казахском языке. 
 
L. Alimtaeva 
GRAMMATICAL STRUCTURE OF VERBS OF MOTION 
 
The article considers the grammatical structure of motion verbs in Kazakh language. 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          73 
 
Р. Байымбетова, 
ф.ғ.к.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы. Т‰ркістан қ. 
 
КӨНЕ Т‡РКІЛЕРДІҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ Д‡НИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҰМАЙ ЖӘНЕ  
ҚҰТ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ 
 
  
Орхон  ескерткіштері  тілі  деректері  Ұмай 
культінің  ‡ІІ-ІХ  ғасыр  т‰ркілері  танымында 
ерекше  орын  алған  қасиетті  ұғымдардың  бірі 
екенін  көрсетеді.  Адамзаттың  өсіп-өнуінің 
пірі,  отбасының  қорғаушысы  саналған  Ұмай  
ұрпақты  аман-есен  д‰ниеге  келтіреді,  сәбиді 
ауру-сырқаудан, көз, тіл тиюден қорғайды деп 
сенген  көне  т‰ркілер  Ұмайды  қасиетті  Әйел-
Ана  ретінде  таниды.  Т‰ркілердің  мифология-
лық  д‰ниетанымының  басты  ұғымдарының 
бірі  Ұмайды  грек  аңыздарындағы  Афродита-
мен, авесталық Ардвисура Анахитамен байла-
ныстырушы көзқарастар бар [1: 230 б.].  
 М.Орынбеков “Т‰рік пен монғол халықта-
рының салыстырмалы мифологиясында, әфса-
наларда  Ұмайға  монғолдың  Этуген  құдайы 
сәйкес келеді, себебі ол да ежелгі т‰ріктің  қа-
сиетті  “Отыкен  қарашылығынан”  шыққан. 
Ұмайды ежелгі ‰нді құдайы Умамен салысты-
рады, ол да Ұмай сияқты міндеттер атқарған. 
Ұмай деген сөздің өзі «бала орны», «ана іші»  
және сондай ұғымдарға сәйкес келеді» [2: 152 
б.] дей отырып, Ұмайдың міндеті ең алдымен 
адам баласының тууын қамтамасыз ету, олар-
ды д‰ниеге  аман-есен келтіру екенін айтады. 
Таулы Алтай өңірі Кудыргэ қорғаны маңынан 
табылған  ‰ш м‰йіз тәрізді бас киімі бар әйел 
бейнесіндегі  балбал  тасты  зерттеу  барысында 
тарихшы-археологтар  балбал  таста  өсіп-өну-
дің  киесі,  бала  мен  жауынгерлердің  қорғау-
шысы қасиетті Умай бейнеленуі м‰мкін деген 
қорытындыға  келген.  Алтайлықтар  мен  те-
леуіттер  арасында  ‡ч  М‰ст‰  Бай  Оны (‰ш 
м‰йізді  қасиетті  ана)  жайлы  аңыз  кеңінен  та-
раған. Бұл аңыз Умай-Ананы аңшыларды же-
леп-жебеуші киесі ретінде танудан туған бол-
са  керек.  Ал  балбал  тастағы  әйел  бейнесінің 
басына  ‰ш  м‰йіз  тәріздес  ‰ш  айрық  бас  киім 
кигізілуі  сол  өңірдегі  ‡ч  с‰р‰ «трехрогая 
Белуха»  атты  таумен  байланыстырылады.  Ол 
тауды  шаман  дініндегі  т‰ркілердің  қасиетті 
санауы, халық арасында ‡ч с‰р‰ тауының иесі 
Ымай/Умай  т‰сінігінің  қалыптасуы  этнограф 
ғалымдарды Ымай мен ‡ч М‰ст‰ Бай Оны бір 
образ,  ол  таудың  иесі,  сол  тауды  мекендей- 
тін  аң-құстардың  киесі,  көне  т‰сінік-таным  
 
 
бойынша  балбалтастағы  Ұмайдың  бас  киі-
мінде  ‰ш  шыңнан  тұратын  таудың  символи-
калық  бейнесі  кескінделген  деген  тұжырымға 
әкеліп отыр [3: 231,232 бб.]. С.Қондыбай кей-
бір  зерттеушілер  Умай  образын  иран  мифо-
логиясындағы көлеңкесін т‰сіру арқылы адам-
ға  бақыт  әкелетін  Хумай/Құмай  деген  құс- 
пен байланыстыратынын айта отырып, өз пікі-
рін білдіреді: “Скорее всего, наоборот, генети-
ческий образ птицы Кумай восходит к образу 
древнетюркской  богини  Умай – прародитель-
ницы  всего  живого,  олицетворению  плодоно-
сящего  начала  в  мире.  В  древнетюркском 
языке  слово  умай  означало  также  послед  ро-
женицы,  а,  согласно  казахским  поверьям, 
послед  (плацента,  казахск.  жатыр,  жолдас, 
перде
)  считался  двойником  новорожденного, 
его близнецом. В этом соответствии отражены 
представления о двойственности природы Ие-
Ма” [2: 131 б.]. Көне т‰ркілер д‰ниетанымын-
дағы  Ұмай  анаға  деген  ‰лкен  құрмет  «Тәңірі 
мен  Ұмай  арасындағы  жұбайлық  сипаттағы 
қарым-қатынас  жайлы  аңыз-афсаналар  негі-
зінде  қалыптасқан»  деген  көзқарастар  да  бар 
[4: 133 б.].  
‡ІІ-ІХ  ғасыр  т‰ркі  жазба  ескерткіштері 
тілінен көне т‰ркілер танымындағы Умай бей-
несінің  сакральды  сипаты  айқын  көрініс  тап-
қан.  Мысалы:  On jaљta  Umaj teg  цgьm qatyn 
quutyŋa inim Kьl-tigin er at boldy. Alty Jigirmi 
jašyŋa ečim qaγan ilin tцrьsin anča qazγandy. 
Alty  čub soγdaq tapa sьledimiz, buzdymyz. 
Tabγač  oŋ-tutug biš tьmen sь kelti. Sьŋьšdimiz 
«Он  жасында  Ұмай  тектес  шешем  қатынның 
құтына  (бағына)  інім  К‰лтегін  ер  атанды.  Он 
алты  жасында  Ағам  қағанның  ел-жұртын  
сонша  меңгерді.  Алты  баулы  соғдаққа  қарсы 
соғыстық,  талқандадық.  Табғач  Оң  тұтұқтың 
елу  мың  әскері  келді.  Соғыстық.» (КТ‰) [5: 
179  б.]  деген  сөйлемнен  т‰рілердің  ананы, 
д‰ниеге  ақылды  да    ерж‰рек  ұл  әкелген  хан 
әйелдерін  т‰ркілер  Ұмайға  теңегенін,  батыр 
ұлдың  өсуіне  жағдай  жасаушы  кие  ретінде 
танығанын аңғарамыз. Ал Тониқук ескерткіші 
мәтініндегі Kelmisi alp tedi,  tujmady. Teŋri 
umaj jer sub basa berti erinč. Neke tezerbiz? 

74                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Ьkьs tejin neke qorquur biz az tejin, ne basyn-
alym? Tegelim tedim.   Tegtimiz jajdymyz. Ekinti 
kььn kelti. Цrtče qyzyp kelti. ьŋьsdimiz. Bizinte 
eki učy, syŋarča artuq erti. Teŋri   jarylqaduq 
ьčьn  ьkьs tejin «Келгені – батыр  дедім.  Т‰сін-
беді.  Тәңрі  Умай,  қасиетті  Жер-Су.  Жеңіс 
сыйлай берген екен. Неге қашамыз көп (екен) 
деп.  Неге  қорқамыз  азбыз  деп,Неге  басынды-
рамыз, тиіселік, дедім. Тиістік, қудық. Екінші 
к‰н  (тағы)  келді.  Өртше  қызып  келді, 
Соғыстық. Бізден екі шеті жартылай артық еді 
Тәңрі  жарылқағаны  ‰шін  көп  деп  біз» (Тон, 
38,39,40) [6: 111 б.] деген мәнмәтіннен Умай-
дың  жауынгерлердің  қорғаушысы,  к‰ші  өзде-
рінен  артық  қарсыластарына  төтеп  беретін 
қуат беруші, жеңіс силаушы қасиеті көрінеді. 
Ұмай  культі  Саян-Алтай  өңіріндегі  ислам 
дінін  қабылдамаған  т‰ркі  халықтарының  д‰-
ниетанымында  әлі  де  кеңінен  орын  алған. 
Шор  халқы  сәбидің  д‰ниеге  келген  кезінен 
бастап,  ж‰ріп  сөйлей  алатын  кезеңіне  дейін 
қорғап  ж‰ретін  пірі  санайды  және  баланың 
кіндігі  Пmaj  деп  аталады.  Сiбiр  т‰ркiлерi 
нәресте  ұйықтап  жатып  к‰лсе  Ымаймен  сөй-
лесіп  жатыр  деп,  жыласа  Ымай  уақытша  ба-
ланы тастап кетіп қалды деп т‰сінген. Құман-
дылар арасында Ұмай нәресте анасының құр-
сағында  жатқан  кезден  бастап  б‰кіл  өмірінде 
желеп-жебеп  ж‰реді  деген  т‰сінік  қалып-
тасқан [4: 271 б.]. Ислам дінін қабылдағанына 
он  ғасыр  болған  Орта  Азия  т‰ркілерінің 
д‰ниетанымында  да  Ұмай  культінің  іздері 
сақталғанын  аңыз  әңгімелерде,  фразеология-
лық-паремиологиялық  ж‰йеде  сақталған  тіл-
дік деректерден, салт-дәст‰рге қатысты   лек-
семалардан аңғаруға болады. 
Қазіргі  т‰ркі  халықтары  мифологиясынан 
Ұмай  ұғымының  көп  қырлылығын,  әмбебап-
тығын  байқауға  болады.  Т‰ркі  халықтары 
д‰ниетанымында Ұмай Ананың сәбидің аман-
есен д‰ниеге келіп, денсаулығы жақсы болып 
өсуіне, өнер адамдары ісінінің сәтті шығуына, 
аңшылардың  олжамен  оралуына,  жауынгер-
лердің жеңіспен оралуына, отбасының береке-
ынтымағына,  жалпы  адамзаттың  өсіп-өркен-
деуіне  септігін  тигізетін,  адамзат  игілігіне 
жарататын  аң-құстардың, ‰й  жануарларының, 
орман-тоғай,  жалпы  өсімдік  әлемінің,  таудың 
киесі  саналған  жиынтық  культке  айналуы  ал-
ғашқы  қауымдық  құрылымдағы  матриархат-
тық  қоғамнан  бастау  алып,  халық  санасында 
осы  к‰нге  дейін  сақталып  келе  жатқан  дәс-
т‰рдің  сарқыншағы,  реликтілік  бейнесі  сы-
ңайлы [7: 287 б.]. Қазақ халқының дәст‰рінде 
де  Ұмай  анаға  сыйыну  дәст‰рінің  сақталғаны 
Ұмай ана жар болсын! Ұмай ана шипа берсін! 
Ұмай  анаға  тапсырдым,  Менің  қолым  емес, 
Ұмай  ананың  қолы  т.б.  тәрізді  салт-дәст‰рге 
қатысты оралымдардан, Ұмайға сиынбай ұлды 
болмас деген мақалдан көрінеді  
Умай  Ана  жайлы  аңыз-әңгiмелер,  салт-
дәст‰рлер  т‰ркі  халықтарының  Умай  мифо-
нимiнiң  сокральді  мәні  нәрестенің  д‰ниеге 
келуіне  дейінгі,  ана  құрсағында  пайда  болу 
кезеңіне,  жалпы  адамзатты  д‰ниеге  әкелетін 
аналық  негізге  қатысты  екенiн  айқын  көр-
сетедi.  М.Қ.  Ескеева  Ұмай  мифониміне  негіз 
болған архит‰бірді анықтау барысында «Жал-
пы т‰ркi тiлдерiндегi «‰лкею», «көбею», «өсу», 
«ұрпақ  тарату», «жалғасу»  т.б.  семаларын 
сақтаған  сөздердiң  тұлғасында  да  сәйкестiк-
тердiң  болуы  *ur/*ьr  ≈ *uγ  ≈  *ьg  ≈ *um/ьm  ≈ 
*ul/*ьl  моносиллабтарын  гомогендi  тұлғалар 
ретiнде  қарастырып,  ортақ  iлкi  т‰бiрi «ұрпақ 
әкелу,  көбею,  жалғасу,  өсу  т.б.»  мазмұнын 
сақтаған  u/ь  тұлғасы  екенiн  ажыратуға 
м‰мкiндiк  бередi»  деген  қрытындыға  келеді 
[8: 288 б.].  Араб  тілінде  де  “ана,  шеше”  сөзі  
ум” 
  
 مو
т‰рінде айтылуы Умай мифонимінің 
этимологиясы,  семантикалық  уәжі  жайлы 
айтылған пікірлердің негізділігін көрсетеді. 
Ұмай  мифонимінің  мазмұны  т‰ркі  халқы-
ның  өзіндік  болмысын  тануға  ықпал  етеді. 
Көне  т‰ркiлер  тілінде  кеңінен  қолданылып, 
қазіргі  т‰ркілер  тілдерінде  де  сақталып  келе 
жатқан Ұмай лексемасы жалпыт‰ркілік мифо-
логиялық  д‰ниетанымды  бейнелейтін  мифо-
логиялық  концептiнiң  адамзатқа  «өмiр  мен 
тіршілік», «денсаулық  пен  салауаттылық», 
«әдемiлiк  пен  әсемдiк», «бақыт  пен  ырыс», 
«өнер мен бiлiм», «жеңіс пен сәттілік» тәрізді 
рухани-материалдық  құндылықтар  сыйлаушы 
кие,  пір  мәнін  сақтаған  тілдік  репрезента-
циясы. 
‡ІІ-ІХ  ғасыр  т‰ркілері  д‰ниетанмындағы 
қасиетті  ұғым  Құт  адамзатқа  өмірлік  к‰ш-
қуат,  несібе,  ырыс-береке,  байлық,  абырой-
атақ,  бедел  әкелуші  кие.  Көне  т‰ркі  тілі  сөз-
дігінде qut моносиллабының «счастье», «благо», 
«удача», «успех», «счастливый удел» мағына-
лары тiркелген. Көне т‰ркілер танымында Құт 
тек  адамның  ғана  емес  жануарлардың,  төрт 
т‰лік  малдың,  өсімдіктердің  киесі.  Л.Пота-
повтың  көзқарасы  бойынша  т‰ркілер  таны-
мында құт туралы халықтық т‰сінік билік ба-
сындағы  аристократтық  топ  тарапынан,  мем-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          75 
 
лекеттік  құрылымды  нығайту,  өз  ‰стемдік-
терін  орнықтыру  мақсатында  қатардағы  көш-
пелілерге ‰гіт-насихат ж‰ргізу ‰шін туындауы 
м‰мкін [4: 285 б.].  Көне  т‰ркілер  д‰ниета-
нымында терең орныққан Құт киесін олардың 
арғы  ата-бабаларынан  келе  жатқан,  мифоло-
гиялық  жад  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  ауыс-
қан  архаикалық  т‰сінік  деп  танығанымыз  дұ-
рыс.  Орхон  ескерткіштері  мәтіндеріндерінде 
қолданылған  құт  лексемасының  мазмұны  да 
Құт  ұғымының  қолдан  жасалған  кие  емес 
т‰ркілік  этноболмысты  танытатын  халықпен 
бірге жасасып келе жатқан лингвомифология-
лық  бірлік  екенін  көрсетеді.  Мысалы:  К‰л-
тегін  ескерткішіндегі Bodunyγ igidejin tijin 
jyrγaru oγuz bodun tapa, ilgerь qytaj, tataby 
bodun tapa birigerь tabγač tapa eki jigirmi 
[sьledim], sьŋьsdim. Anda kisre teŋri jarylqaduq 
ьčьn quutym, ьlьgim bar ьčьn  цlteči bodunyγ 
tirigru igit(t)im. Jalaŋ bodunyγ tonluγ qyldym. 
Čyγaj bodunyγ baj qyldym. «Халықты көтерейін 
деп  терістікте  оғыз  халқына,  ілгері  қытан, 
татабы халықтарына қарсы,  берігері табғачқа 
қарсы‰лкен  әскермен  он  екі  рет  соғыстым. 
Содан  кейін  Тәңірі  жарылқады,  бағым  (құ-
тым)  бағым  бар  ‰шін, ‰лесім  бар  ‰шін,  өл-
меші  халықты  тірілте  көтердім.  Жалаңаш 
халықты  тонды,  жарлы  халықты  бай  қыл-
дым» (КТ‰,28,29) [6: 177 б.] мәнмәтіні бойын-
ша Тәңірі риза болғанда ғана құт адамдармен 
бірге  болатынын,  құт  бірге  болса  барлық 
қиындықты жеңуге болатынын байқасақ, Біл-
геқаған  ескерткішіндегі  мына  сөйлемдер  ар-
қылы  Al[p qaγanyŋa j]aŋyldy. Ьze teŋri yduq jer 
sub [ečim qaγan quuty taplamady erinč.Toquz 
oγuz bodun jerin, subyn ydyp tabγačγaru bardu. 
Tabγač [...]bu jerde kelti. Igidejin tijin saq 
[yndym...] bodun ...« [бәрін де] жасайды
. Алып  
қаған  да  жаңылды  /қателесті/.  Жоғарыда  Тә-
ңірі, киелі Жер-су Ағам-қағанның құтын қол-
дамады. Тоғыз-оғуз халқы жерін - суын тастап 
табғачқа  барды.  Табғач[...]  бұл  жерге  келді. 
[Бір]  игілік  істейін  деп  ойладым...  халық...» 
(БҚ) [7: 193,206 бб.] Тәңірі қолдамаса құттың 
да көмегі болмайтынын аңғарамыз. Сондай-ақ 
ескерткіштер тілі деректері бойынша т‰ркілер 
батыр,  ақылды  ұлды  д‰ниеге  әкелетін  ана-
ларға  да  Құт  қонады  деген  сенімнің  де  қа-
лыптасқанын көреміз. Мысалы, On jaљta Umaj 
teg цgim qatun qutпņa, inim Kьltegin er at boltп 
«Он  жаста  Ұмай  тектес  шешем  қатынның 
бағына  (құтына)  інім  К‰лтегін  ер  атанды» 
(КТ‰, 31) [6: 177 б.]   
Қазақ тіліндегі Құтты қонақ келсе қой егіз  
табады  тәрізді
  мақалдардан,  құтты  жеріне 
қондырды,  құт  қонды,  құт  дарыды,  құты 
кетті,  құты  қашты,  құтты  мекен,  құтты 
болды,  құты  шайқалды  т.б.  тұрақты  тіркес-
терден  қазақтар  д‰ниетанымында  Құт  киесі-
нің  терең  орныққанын  көреміз. «Құтты  бол-
сын айту» салты да қазақ д‰ниетанымы көне-
т‰ркілердің  мифологиялық  д‰ниетанымының 
белгілерін молынан сақтап, оны әрі қарай же-
тілдіріп  рухани-мәдени  құндылыққа  айнал-
дырғанының көрнісі. 
Көне  т‰ркілердің  Тәңірлік  д‰ниетанымы 
аясына  кіретін  Ұмай,  Құт  ұғымдары  халық-
тың  сан  ғасырлық  тәжірибесі  мен  таным-т‰-
сінігі  арқылы  қалыптасып,  қазіргі  т‰ркілерге 
дейін  жеткен  лингвомифологиялық  бірліктер. 
Т‰ркі  халықтары  д‰ниетанымының  архисана-
лық  кезеңінен  бастау  алатын  Ұмай,  Құт  
киелері жалпыт‰ркілік сана арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан,  белгілі  бір 
дәрежеде халықты адамгершілікке, тазалыққа, 
әдептілікке  тәрбиелеу  құралына    айналған 
архаикалық  құндылықтар  ж‰йесіне  жатады. 
Тілдік  деректер  көне  т‰ркілердің  Ұмай  мен 
Құтты  ешқашан  да  Тәңірмен  теңестірмегенін 
көрсетеді. 
 ‡ІІ-ІХ ғасырларда жазылған ескерткіштер 
тілі  көне  т‰ркілердің  діни-мифологиялық  д‰-
ниетанымын  көрсететін  Тәңірлік  идеясы  не-
гізгі төрт бағытты қамтығанын аңғартады. Бі-
рінші – Жалғыз жаратқан Ие – Тәңірге тағзым 
ету;  екінші - мәңгі  өзгермейтін  әлем,  Тәңір 
мекені – Көкті киелі санау; ‰шінші – тіршілік-
тің  өсіп-өркендеуін  қамтамасыз  етіп  отырған, 
адам мекені – Жер-суды киелі санау; төртінші 
ата-баба рухын қаділеу, аруаққа сыйыну. 
______________ 
1.  Орынбеков  М.  Ежелгі  қазақтардың  д‰ниетанымы.-
Алматы: Ғылым, 1996. -168 б.  
2.  Кондыбай С. Казахская мифология. –Алматы: Нұр-
лы әлем, 2005.-272 с. 
3.  Длужневская  Г. В.   Еще раз о «Кудыргинском ва-
луне» (к вопросу об иконографии Умай у древних тюрков) 
// Тюркологический сборник, 1974. –Москва, 1978. –С. 231. 
4.  Потапов  Л. П.   Умай – божество древних тюрков // 
Тюркологический  сборник, 1972. –Москва:  Наука, 1973. –
С. 285.  
5.  Кляшторный С.Г. Мифологические сюжеты в древ-
нетюркских  памятниках // Тюркологический  сборник. –
Москва: Наука, 1981. С. 131-132. 
6.  Айдаров Ғ.  К‰лтегін ескерткіші. –Алматы: Ана тілі, 
1995. -232 б. 
7.  Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткішінің (‡ІІІ ғасыр) тілі.-
Алматы: Қазақстан, 2000. -120 б. 
8.  Ескеева  М.Қ.  Көне  т‰ркі  және  қазіргі  қыпшақ 
тілдерінің  моносиллабтық  негізі. -Алматы:  Арыс, 2007. -
360 б. 

76                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал