Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.

бет12/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61

-    дене  тұлғасы:  оқтай  т‰зу,  сұр  жебедей 
тіп-тік  тұлға  бітімі,  екі  иіні  қақпақтай,  жол-
барыстай келбетті тұлға, кеудесі есіктей кең; 
-  сақал-мұрты:  сақалы  к‰ректей,  айғыр-
дың  қылындай  сақалы,  нар  к‰містей  қара 
бұйра  сақалы,  қияқты  мұрты,  тікенектей  көк 
сақалы; 
-  мінезі:  ердің  көңілі  к‰нмен  тең,  мінезі 
құйған  қорғасындай  салмақты  деп  сипаттал-
ған.  
Ерге қатысты қолданылатын гендерлік те-
ңеулердің  ішінде  соқтауылдай,  соқтанбай, 
соқталдай, сайдауыттай, арыстай, алпамса-
дай,  еңгезердей,  қарқарадай  сияқты  ‰лкендік, 
ірілік,  ұғымын,  білдіретін  образдарды  мол 
кездестіреміз.  Сонымен бірге төңкерген астау 
тәрізді  ‰лкен,  өгіздей  дөңкиген,  аюдай  қор-
баңдаған,  с‰зеген  бұқадай  тоң  мойын,  екі 
иығына  екі  кісі  мінгізгендей,  бойы  есектің 
қодығындай  деп  келген  стильдік  мәндегі  те-
ңеулер ер адамның іс әрекетіндегі кейбір ебе-
дейсіз, қолайсыз қимылдарды айрықшалаған.  
Бұл  айтылғандармен  қатар  халық  сана-
сында ер мен әйелге байланысты қалыптасқан  
ұғымдар  мен  т‰сініктердің  теңеулерге  образ 
ретінде алынған мысалдары да көп. 
А)  әйел  (қыз,  бикеш,  қатын,  жеңге,  ана, 
әже) образымен жасалған теңеулер:   қыздай 
қылық  көрсету,  қыздың  ерніндей,  ұзатқан 
қыздай  қоштасу,  он  төрт  жасар  сұлудай, 
арудың  ақ  бетіндей, ‰кілі  бойжеткендей 
бұлғақтау, келіншектей қылымсу, кербез әйел 
секілді паң,  өсекші қатынша,  мырза жеңгең 
секілді,  ақ  жаулықты  анадай,  қарт  әжежей 
қарсы алу т.б   Мысалы: Қызғылы қыздың ер-
ніндей, Бозғылы боздың өңіндей (І. Жанс‰гіров) 
он төрт жасар сұлудай ай ортада,  Иіліп тұр 
белінен аз-ақ сындай (И.Байзақов); Мырзашөл 
бір мырза жеңген секілді,  Ақ дастархан жая 
берер алдыңнан  (С.Мәуленов)  
 Ә) 
Ер  (бозбала,  жігіт,  әке,  ата,  шал) 
образымен жасалған теңеулер:  ерше өлу, ер-
кекше боқтау, бозбаладай ойқастау, жас жі-
гіттей  атылу,  ауылдың  сал  жігіттеріндей, 
қыз  алдында  тұрған  жігіттей,  әкеңдей  қам-
қор,  атадай  ақ  тілеулі,  қаусаған  шалдай  т.б. 
Мысалы: Кейбір жолдар жас жігіттей аты-
лып,  жарыса  кеп  төмен  т‰скен  тау,  шыңын  
(С.Мәуленов);  атадай  ақ  тілеулі  Қостанай 
тұр, Арнаған бар қылығын баласына (Д. Әбілов).  
Көріктеу  амалдарының  ішінде    теңеулер 
әйелдің  сұлулығын    бейнелейтін    актив  тәсіл 
болып табылады.   
Ер  мен  әйел  бейнесін  көркемдеген  теңеу-
лерді іріктеп, ж‰йелеп, гендерлік мәнін ашып  
көрсетуге  болады.  Бейнелеу  тәсілдерінің  бар- 
лығы  да  өз  бастауын  осы  теңеуден  алады.  
Сондықтан  болса  керек  белгілі  бір  ұлттың  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          65 
 
әдебиеттің  бейнелеу,  көркемдік  ж‰йесі,  оның 
көркем  ойлауының  ұлттық  ерекшелігі  б‰кіл 
бедерімен  теңеу категориясынан анық айқын 
көрініп тұрады.  
_______________ 
1.  Қоңыров Т. қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігі. – 
Алматы: Ғылым. 1990. – 319 б. 
2.  Шоқым  Г‰лжан  Тынышбайқызы.  Тілдің  гендер- 
 
 
лік  жіктелімінің    ғылыми  негіздері.  Фил.ғыл.докторы  ғы-
лыми  дәрежесін    алу  ‰шін    дайындалған    докторлық  дис-
сертация.  Алматы,  Қазақ  Ұлттық  Университеті – 2009 – 
127 бет. 
3.  Алпамыс  батыр. // Ақсауыт, 1-том.  Алматы:  Жазу-
шы, 1977. 
4.  Турдалиева  Р.С.  Көркем  мәтіндегі    гендерлік  си- 
пат: психолингвистикалық талдау. Фил.ғыл.кандидаты  дә-
режесін  алу ‰шін  дайындалған  диссертация, Алматы, 2009.  
   
Н. Алдашова 
ГЕНДЕРНОЕ СРАВНЕНИЕ ОБРАЗОВ МУЖЧИН И ЖЕНЩИН 
 
Статья посвящена изучению особенностей передачи гендерного аспекта в художественных произведениях. 
 
N. Aldashova 
GENDER COMPARISON OF IMAGES OF MEN AND WOMEN 
  
The paper studies the transmission of characteristics of a gender perspective in works of art.
 
 
 
 
 
А. Е.  Әубәкірова, 
М. Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті 
 
НЕОНИМДЕРІНІҢ ӨМІРЛІК КЕЗЕҢДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ 
 
 
Отандық  тіл  білімінің  қазіргі  даму  кезеңі 
терминологиялық  неологизмдерді – неоним-
дерді  зерттеумен  сипатталуда  (Г.  Рондоның 
термині). Неоним мен неонимия ұғымын зерт-
теулер  франкофонды  лингвистикалық  мек- 
тептердің  ғалымдары  Дармстетер,  Деруа  Л., 
Козни М., Жильбер П., Гарден Б., Гильбер Л., 
Рей  А.,  Саблероль  Ж.  Ф.,  Кабра  М.-Т  еңбек-
терінде байқалады. Ресейлік тіл білімінде нео-
нимдерді  зерттеумен  Ларина  Ю.  Е.,  Суперан-
ская А. В., Васильева Н. В. айналысқан.  
Ғалымдардың  еңбектерін  зерттеу  неоним-
дердің,  неологизмдер  сияқты  басты  критериі-
не олардың жаңалығы жатады деген қорытын-
дыға  әкелді.  Бұл  жағдайда  неоним  оны  нео-
логизмнен ерекшелейтін сипаттамаларға ие:  
-  бекітілгендігі – тіл  мен  ғылымның  ком-
поненті  ретінде  неоним  сол  не  өзге  білім  са-
ласының аталмыш даму кезеңіндегі белгілі бір 
терминдер ж‰йесінің шеңберінде орын алады;  
-  неоним заттардың объективті логикасы-
ның  көрінісі  болып  табылады; - ұғымдардың 
жіктемесіне негізделген ж‰йелілік;  
-  пайда  болудың  болжамдалатын  сипаты 
(неоним  аяқталған  зерттеудің  нәтижесінде 
пайда болады);  
 
 
 
- өзінің бастапқы пайда болу кезеңінде экс-
прессивті-стилистикалық  қатпарлардың  бол-
мауымен және, әдетте, полилексемалық құры-
лымымен.  
Г.  Рондо  неонимдерді  неологизмдерге 
сыртқы белгілері бойынша да, қызметтік бел-
гілері  бойынша  да  қарсы  қоюда:  синтагмати-
калық  әдіспен,  көбінесе  қысқартуға  келе  бер-
мейтін  ұзын  көп  компоненттік  құрылымдар-
мен    т‰зілген  жаңа  лексикалық  бірліктер.  Ға-
лым сонымен қатар мынадай критерийді ұсы-
нуда,  сол  бойынша  «өмірдің  кезеңі»  белгі-
ленеді:  
- жаңалық кезеңі;  
- қолданыста бекітілу кезеңі; 
- ескіру кезеңі.  
Біздің  пікірімізше,  жаңалық  бұл  неоним- 
нің  ерекше  қасиеті,  және  ол  соның  өмірінің 
барлық  кезеңдеріне  тән  болып  келеді.  Соған 
орай,  неонимнің  өмірінің  алғашқы  кезеңін 
неонимнің  құрылуы  деп  белгілеген  дұрыс 
болады. 
Осылайша,  неонимнің  өмірлік  кезеңдерін 
келесі сурет т‰рінде көрсетуге болады. 
Неонимнің  құрылу  кезеңі  субъективті  кри-
терийлер  бойынша  белгіленеді,  оны  Г.  Рондо  
 

66                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
«айтушылардың ұжымдық сезімі» деп атауды  
ұсынады. Неонимнің неологизмнен қызметтік 
өзгешеліктері  осыдан  туындайды.  Неонимнің  
құрылуы  ‰шін  жай  ғана  тілді  тасымалдаушы-
лардың  емес  белгілі  бір  сала  маманының 
көзқарасы қажет [1:126]. 
  
 
 
 
 
 
1-сурет. Неонимнің өмірлік кезеңдері 
 
Мысалы, «жайластыру» неонимі – бұл ком-
панияның  белгілі  бір  тұтынушылар  тобының 
санасында  ерекше  орынға  ие болуға  арналған 
соны және соның бетбейнесінің ұсыныстарын 
әзірлеу  жөніндегі  әрекеттер.  Жайластырудың 
ақырғы нәтижесіне тұтынушыға арнап бағыт-
талған  өнімнің  құндылығы  туралы  мәлімде-
мені сәтті т‰рде әзірлеу жатады» [2:59]. 
Бұл  неонимді  жарнама  саласының  маман-
дары  Эл  Раис  пен  Джек  Траут  енгізген  бола-
тын.  Олар  «жайластыруды»  қолданыста  ж‰р-
ген  өнімнің  артықшылықтарын  бөліп  көрсету-
дің  шығармашылық  процесі  ретінде  қарасты-
рады.  
Пайда болған кезде неоним кәсіби сөздер-
ге өте жақын жанасып отырады. Кәсіби сөздер 
көбінеки өздерінде тақырыптық жағы анағұр-
лым  айқын  т‰рде  көрсетілген  номендер  (но-
менклатуралық  не  т‰рлік  ұғымдар)  болып  та-
былады.  Алайда,  кәсіби  сөздер  алдыңғыла-
рына  қарағанда  дәлдігі  бойынша  төмен  және 
анағұрлым  экспрессивті  болып  келеді  және 
оларды  неонимдерден  ажыратып  отырған 
жөн.  Алайда  дәл  осы  кәсіби  сөздер  неоним-
дердің  т‰зілуіне  арналған  модельдер  ретінде 
қызмет етіп отыруы м‰мкін. 
Неонимдердің  т‰зілу  жолдарын  екі  т‰рге 
бөлуге  болады:  лексика-семантикалық  әдіс; 
кірмелену. Осылайша, қазіргі кезде неонимдер 
құрамының  дамуында  екі  негізгі  беталыс  бай-
қалуда:  
-  олардың  бірі  тілдің  ұлттық  элементтері-
нің  көбеюімен  байланысты.  Мұндай  неоним-
дерге  мыналарды  жатқызуға  болады:  артық-
шылығы бар өтімді акция; иелі акция; ұсыну-
шы  акция;  қызу  ақша;  баспахана;  іскерлік 
және т.б.;  
-  екіншісі – интернационалды  элементтер, 
мұнысы  халықаралық  мемлекеттік,  мәдени  
 
және  ғылыми  байланыстардың  к‰шеюі  мен 
кеңеюімен  т‰сіндіріледі.  Мұндай  неонимдер- 
ге  мыналарды  жатқызуға  болады:  демпинг 
(ағыл.);  компакт  (лат.);  жекешелендіру  және 
т.б. 
Қазіргі уақытта мынадай пікір орын алуда: 
«Қазақ терминологиясы екі басты жол бойын-
ша ж‰ргізілуі тиіс: алғашқысы – ұлттық тілдің 
өз  байлығының  арқасында;  екіншісі – кірме 
сөздердің,  интертерминдердің  арқасында… 
Басқа  тілдерде  қолданылатын  сөздерді  енгізу 
қаншалықты  қате  болса,  халықаралық  тер-
миндерді  аударған  да  соншалықты  негізсіз 
болған  болар  еді…  Термин  құрылу  процесі 
сөз  шығармашылығының  терең  саналы  және 
жауапты  кезеңін  меңзейді,  себебі  халықтың 
рухани, мәдени, экономикалық және басқа да 
байлықтары  тілдің  болмысы  арқылы  таны-
лады»[3:94].  
Біздің  ойымызша,  интернационалдандыру  
неонимдердің дамуындағы елеулі беталыстар-
дың  бірі  болып  табылады.  Неонимнің  неоло-
гизммен салыстырғандағы тағы бір ерекшелігі 
осыдан  байқалады.  Неонимдер – бұл  өзінде 
халықаралық  алмасу  анағұрлым  қарқынды 
т‰рде  ж‰ріп  отыратын  және  өзінің  ‰лесіне 
кірме  сөздердің  ең  жоғары  пайызы  тиесілі 
болып отырған тіл саласы. 
Екінші кезеңі лексикографиялық тіркеудің 
объективті  критерийлері  бойынша  белгіленіп 
отыруы  м‰мкін.  Белгілі  болғандай,  өмірлік 
кезеңді тіркеу ‰шін оны сөздікке енгізген жет-
кілікті  болады,  алайда  неонимдер  ‰шін  бұл 
жеткіліксіз.  Неонимдердің  қолданылу  кри-
териі  оның  ғылыми-техникалық  құжаттарда 
бекітілуімен  және  сарапшылардың  қорытын-
дылары  арқылы  тексерілуі  тиіс.  Тіл  ішіндегі 
бірыңғайлық  заңы,  иммунитеттік  қаталдық 
жалпы тіл ж‰йесіне қарсы шығып отырған не 
T
1                 
→           T
2
           →         T 
3
                   →                T
4
 
неонимнің 
құрылуы 
қолданыста 
бекітілу кезеңі 
ескіру 
кезеңі 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          67 
 
соған бөтен болып отырған неонимнің бекуіне 
м‰мкіндік бермейді.  
Айта  кететіні,  т‰рлі  лингвистикалық  мек-
тептердің терминологиялық сөздіктерге арнап 
неонимдерді  іріктеп  алуға  қатысты  прин-
ципиалды  бірыңғай  пікірі  осы  уақытқа  дейін 
қалыптаспаған.  Мысалы,  сөзді  Барнхарттың 
жаңа  сөздер  сөздігіне  енгізу  ‰шін  ол  бір  жыл 
бойы  қолданылуы  тиіс,  ал  Оксфорд  универ-
ситетінің лексикографиялық орталығында бұл 
мерзім бес есе ұзақ болып келеді, мұнысы бір 
к‰ндік  сөздердің,  т‰рлі  окказионизмдердің 
тіркелу ықтималдығын жоққа шығарады.  
Бекітілу кезеңінде неонимге мағынасының 
ыдырауы  не  дамуы  тән  болып  отырады:  бір-
тұтас  заттың  кеңеюі,  тарылуы,  бөліктерге  та-
ралуы, ұғымның өзгеруіне орай мағынасының 
дамуы. Мысалы, қазақ тіліндегі инкорпорация 
неонимі мынадай мағыналарға ие [4:46]:  
1) өз құрамына кіргізу қосып алу; 
2) заңға  сәйкес  адамдар  тобына  заңды 
ұйым корпорциясының статусын беру; 
3) мемлекет  заңдарын  ж‰зеге  келтіру,  заң-
дардың мазмұны өзгертпестен белгілі бір тәр-
тіппен орналастыру. 
Бекітілу кезеңінде неонимнің негізінде жаңа 
сөз тіркестерінің пайда болуы тәрізді процесс 
байқалады,  мұнысы  бастапқы  неонимге  қо-
сымша нақтылаушы қасиеттерді қосу арқылы 
жаңа  ұғымдардың  пайда  болуын  көрсетеді. 
Мысалы, «көлеңкелі»  неонимі  «көлеңкелі» 
экономика тәрізді сөз тіркесін тудырды.  
Бекітілу  кезеңінде  неоним  тар  мамандан-
дырылған қызмет ету саласының бірінен екін-
шісіне  өсуі  м‰мкін. «Тілдің  ерекшелігі  сол, 
көп  жағдайларда  ол  жаңа  заттарды  не  құбы-
лыстарды  атау  ‰шін  жаңа  бірліктерді  құрмай 
дайын,  бұрыннан  бар  бірліктерді  қолданып 
отырады,  алайда  бұл  жағдайда  мұндай  бір-
ліктердің  семантикасы  к‰рделене  т‰седі»  
[5:156] 
Мысалы,  қаржы-экономикалық  неоним-
дердің  арасында  спорттық  терминологияда 
қолданылатын неонимдер көп
  
армрестлинг – 1) сатып  алушыға  қысым 
жасау, сөзбе-сөз: «Қолын бұрау» (экон.); 2) қар-
сыласының  қолының  кедергісін  өз  қолымен 
(‰стелге шынтақтарын тіреп отырып) жеңуден 
құралатын спорттық к‰рес т‰рі (спорт.);  
корнер – 1) жекелеген тұлғалардың немесе 
фирмалардың  қайсыбір  жасанды  т‰рде  тап-
шылық  жасау  мақсатымен  қайсыбір  тауарды  
 
сатып алу туралы келісімі (экон.); 2) футболда 
–  доп  қорғаушы  команда  ойыншысының 
қолына  тиіп,  қақпаның  шетіне  шығып  кеткен 
кезде белгіленетін айыппұлдық соққы  (спорт.). 
аутсайдер – 1) монополистердің  бірлесті-
гіне  кірмейтін  кәсіпорын  (экон.); 2) жарыс-
тарда  соңғы  орындардың  біріне  ие  болатын 
және ж‰лделі орындарға ие болу ‰шін к‰реске 
әсерін  тигізбейтін  спортшы  немесе  спорттық 
команда (спорт.); 
форвард  – 1) валюталық  биржада  ж‰ргізі-
летін  негізгі  әрекеттердің  бірі,  ол  валютаны 
мәміле  жасасу  сәтінде  келісілген  бағам 
бойынша келісілген уақытта жеткізілуін еске-
реді  (экон.); 2) спорттық  ойындарда  шабуыл 
желісінің ойыншысы, шабуылшы (спорт.); 
брейк – 1) биржадағы бағалардың жылдам 
және  к‰рт  төмендеуі  (экон.); 2) спорттық 
жастар  биі; 3) бокста  спортшылардың  ереже-
лерді бұзған кездегі рефери командасы (спорт.). 
Бұл терминдер әсіресе белсенді т‰рде бир-
жалық  терминологияда  ұсынылған,  мұндағы 
б‰кіл  тактика  мен  стратегия  мөлшерлемелер-
дің  «төмендеуі  мен  жоғарылауы»  ойынына 
негізделген.  Спорттық  ойындарды,  олардың 
қатысушыларын  және  спорттық  ойындардың 
ережелерін білдіретін неонимдер байланысты-
лығы бойынша биржалық неонимдерге жақын 
болып  келеді.  Егер  мағынасы  бойынша  ассо-
циациялық,  бейнелі  байланыс  туындаса,  онда 
неонимдерге белгілі дәрежеде құбылмалылық 
тән  болып  келеді  деген  қорытынды  жасауға 
болады.  
Сол  себептен  неонимдерді  өзге  терминдік 
ж‰йелердің  игеру  процесін  зерттеу  ‰лкен  қы-
зығушылық  тудыруда,  себебі  бұл  тіл  бірлік-
терінің  өміршеңдігін,  олардың  оңтайлылығы 
мен сабақтастығын дәлелдейді.  
Яғни  неонимдерге  полисемия  тән  болып 
келеді,  егер  неонимнің  мағынасының  бөліну 
нәтижесінде  не  атауды  өзге  ұғымға  көшіру 
кезінде  алынған  неонимдердің  семантикалық 
құрылымында  жалпы,  басты  сема  сақталып 
және  көмекші  семалар  таралып  отырса – бұл 
көп мағыналылық болып табылады.  
Біздің  пікірімізше,  полисемия  неонимнің 
дәлсіздігінің  көрсеткіші  болып  табылмайды, 
неонимде көп мағыналылық ж‰йесі неғұрлым 
к‰штірек  дамыған  болса,  жалпы  ғылыми, 
салааралық және тар бағытталған ұғымдардың 
арасындағы ассоциативтік байланыстар да со-
ғұрлым дәлірек белгіленеді.  

68                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Неонимдердің  ерекшеліктерін  зерттеу  олар-
дың  синонимияның  әсеріне  де  т‰сіп  отыра-
тындығы туралы қорытыдыға әкеледі.  
Мысалы:  
банкрот – дефолтер;  
деривативтер – туынды қаржылық аспаптар;  
депорт - беквардейшн.  
Айта кететіні, синонимия мәселесі термино-
логияның  негізгі  және  мәңгі  мәселелерінің 
бірі болып табылады, мұнысы неонимдерге де 
қатысты.  Ж‰йе  ішіндегі  бірнеше  синонимия-
лық  неонимдердің  орын  алуы  мазмұндық 
бұрмалануды тудыратын өзгешеліктерді іздеу-
ге деген талпынысты тудырады.  
‡шінші кезең – ескіру.  Бұл кезең неоним-
нің  дамуы  ретінде  қарастырылады,  соның 
барысында  ол  жалпы  қолданыстағы  терминге 
не сөзге айналады, яғни жаңалық реңін жоғал-
тып  және  тілдің  белсенді  қорына  қосылады.  
Мысалы,  бұрында  «ғарыштық  ж‰к  кемесі» 
ретінде  қаралған  «ж‰к  көлігі»  неонимі  тер-
минологиялық лексикадан бұрыннан бері шы-
ғып  кеткен  және  қазіргі  кезде  жалпы  қолда-
ныстағы сөз болып табылады.  
Неонимдердің  өмірлік  кезеңдерін  зерттеу 
әрбір  өмірлік  кезеңде  болып  отыратын  про-
цестер мен келесідегідей сипаттамаларды шы-
ғаруға негіздеме болды: 
Келтірілген  кестеден  көріп  отырғанымыз-
дай,  неонимдердің  әрбір  өмірлік  кезеңінің 
өзіндік  ерекше  қасиеттері  мен  ғылым  тілін 
сөзсіз т‰рде байытатын процестері болады.   
  
1-кесте 
Неонимдердің өмірлік кезеңдерінің 
сипаттамалары 
 
Өмірлік 
кезең 
Сипатта-
масы 
Ықтимал 
процестер 
Туындауы 
Тар ғылыми 
салада 
туындап 
отырады 
Тілдің ұлттық 
элементтерінің 
не 
интернационалды 
элементтерінің 
көбеюі 
Қолданыс-
та бекітілуі
Ғылыми 
еңбектерде 
беткітілуі 
және 
лексиграфия
лық тіркелуі 
Мағынасының 
бөлінуі не 
дамуы, қызмет 
етудің тар 
бағытталған бір 
саласынан 
екіншісіне өтуі 
Ескіруі 
Жалпы 
қолданыста-
ғы термин 
Неоним 
жаңалық реңін 
жоғалтады 
 
_____________ 
1.  Rondeau G. Introduction a la  terminalogie. – Quebec, 
1981   
2.  Дихтль  Е.,  Хершген  Х.  Практический  маркетинг - 
М.: Высшая Школа, 2006 
3.  Базарбаева  З.    Корифей  казахской  терминологии 
//Казахстанская правда 11/04/2006 
4.  Оразалин  К.  Ж.,  Жантасов  М.  М.  Русско-казахский 
толковый  словарь  по  современной  экономике. – Алматы: 
Лем, 2001. 
5.  Вендина  Т.  И.  Введение  в  языкознание – М.:  Выс-
шая школа, 2005 
 
А. Е. Аубакирова 
ХАРАКТЕРИСТИКИ НЕОНИМОВ 
 
В  данной    статье  представлены  характеристики  неонимов,  их  отличия  от  неологизмов.  Автором  проведена 
разбивка  жизненного  процесса  неонимов  на  этапы  и  приведены  краткие  характеристики  каждого  из  этапов. 
Приведены  примеры  переноса  неонимов  из  терминологического  поля  спортивной  сферы  в  финансово-
экономическую область. 
 
        
A. E. Aubakirova 
CHARACTERISTICS OF NEONIMS 
 
This article presents the characteristics of neonims, their differences from neologisms. The author has done a 
breakdown of the life process of neonims into stages and has given a brief description of each of them. The examples are 
given about transfering neonims from terminological field of sports areas to the financial-economic field. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          69 
 
Л. Әлімтаева, 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы 
 
ҚОЗҒАЛЫС АТАУЛАРЫ РЕТІНДЕГІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ҚҰРАМЫ 
 
 
Қозғалыс және орын өзгерту ұғымдары орын, 
мекен, уақыт ұғымдарымен тығыз байланысты, 
өз  ішіндегі  ажырамас  элементі.  Кез  келген 
қозғалыс  кеңістікте  ж‰зеге  асады.  Кеңістіктің 
материалдылығы, ‰шшамалылығы,  көлденең-
дігі,  тіктігі,  құрылымдылығы,  уақытқа  қатыс-
тылығы  секілді  кеңістікті  танудағы  негізгі 
категориялар  қозғалыс  етістіктерінің  мағына-
лық құрылымынан орын алады 
Қозғалыс  етістіктерінің  құрамы,  сөзжа-
самы  жеке  қарастырылмағанымен,  етістіктер-
ге  қатысты  морфология,  сөзжасам  аспектісін-
де сөз болады. Тіл білімінде бір буынды т‰бір 
етістіктердің  ең  көне  тұлғалар  екендігі  аз  сөз 
болған  жоқ.  Т‰ркі  тілдеріндегі  есім-етістік 
омонимиясын зерттеуші  т‰ркологтар т‰ркі ті-
ліндегі  кез  келген  т‰пкі  т‰бір  әрі  затты,  әрі  
қимылды  атап,  синкретті  болып  келетінін  
айтады.  Сондықтан  да  белгілі  т‰рколог  
А.М.  Щербак  етістік  формаларының  бас-
тауында  қимыл  атаулары  жатады  дейді.  Нақ 
осы қимыл атаулары есім-етістік синкреттілігі 
болған  уақытында  құбылыс  пен  процестерді 
тілдік  құралдар  арқылы  атау  барысында  нақ-
ты  сөйлеу  ‰стінде    сөйлеушінің  іс-әрекетті 
орындаушыға    және  іс-әрекетке  қарым-қаты-
насын білдірудің негізі қалана бастаған. Осы-
лайша қимыл атаулары арқылы етістік форма-
ларының  семантикалық  көп  т‰рлілігі  қалып-
тасқан [1, 3 б.].  Қозғалыс  етістіктерінің  құра-
мында  да  синкретті  т‰бір  ретінде  танылатын 
етістіктер  аз  емес.  Мысалы, "бат" - судың 
қағы,  кірі,  самаурын  ішіндегі  қатып  қалған 
кірі  мағынасында  жұмсалатыны  баяндалады 
[2, 116 б.].  "Бат" атауының мәні - су ішіндегі 
әрт‰рлі  ерітінділердің  ыдыс  ішіне  бірте-бірте 
сіңуі, жабысуы, батуы процесі негізінде пайда 
болған  денотаттың  аты.  Яғни  "бату"  проце-
сінің  негізінде  пайда  болған  зат - "бат"  деп 
аталады да, алғашқы архисеманың өзек, ортақ 
мағынасын  өз  бойында  сақтай  отырып,  жеке 
денотатты  атау  дифференциалдық  мағынаға 
ие болған.  
«Без – без»  ҚТТС-те I.
 
қашу,  зыту,  босып 
кету; 2. жорту, кезу, зымырау; 3. к‰дер ‰зу, қол 
‰зу,  т‰ңілу; 4. ат  тонын  ала  қашу,  жоламау, 
тану,  мойындамау.  Ауыспалы  мағыналары:  
 
 
безе қашу, безер болу, жаннан безу, құдайдан 
безу, ұяттан безу т.б. [2, 209 б.]. "Без" сөзінің 
негізгі,  өзек  мағынасы - объектінің  белгілі 
заттан  не  құбылыстан  қорқуы,  кетуі,  қашуы 
т.б.  Көпмағыналы  тұлғадан  бөлініп  шығатын 
бірнеше  семалар: 1.
 
объектінің  бір  заттан  не 
құбылыстан  қорқып  қашуы,  зытуы  семасы;  
2. объектінің кету семасы; 3. объектіден к‰дер 
‰зу, т‰ңілу семасы т.б. екінші мағынасы адам, 
жануар денесіндегі без.  
Е.З.  Қажыбеков  "ен"-спускаться,сходить; 
"ен"-низ,  спуск  мағыналарын  омоним  ретінде 
т‰сіндіреді [3, 144 б.].  Көрсетілген  семалар-
дың мағынасындағы ортақ сема - төменге қа-
рай бағытталған процесс, қимыл және сол қи-
мыл атауы.  
Жел – жел.  А.М.  Щербак  т.б.  ғалымдар 
"жел"  және  "желу"  сөздерінің  мағыналық  жа-
қындығын  көрсеткенімен,  кей  ғалымдар  жел 
сөзінің табиғат құбылысы мен қозғалыс мағы-
насын синкретті т‰бір ретінде таниды [1, 144 б.]. 
Ғалым  А.  Салқынбай  «жел»  сөзінің  көне 
мағынасы – жылдам  қозғалу,  жылдам  ж‰ру, 
жылдамдық  болуы  ықтимал.  Жылдам  ж‰ру, 
асығу семасы арқылы "аттың аяны мен шабуы 
арасыңдағы  қатты  ж‰рісі"  мағынасы  жасал-
ған.  Табиғаттағы  ауаның  қатты  ағынынан 
пайда  болатын  "жел"  сөзі  "жылдам  қозғалу" 
семасы арқылы негізделген. Барлық тұлғалар-
ға  ортақ  мағына – қозғалыс,  жылдам  ж‰ріс. 
Сөйтіп,  жел-жел  сөздері  омонимдік  қатынас-
тағы сөздер емес, керісінше, бір-бірінің мағы-
наларына  негізделе  отырып,  конверсиялық 
сөзжасам  негізінде  туындаған  жаңа  туынды 
сөздер деп таниды [4, 144 б.].  
Морфологиялық  тұрғыдан  жіктеуге  келе 
бермейтін, консервленген, этимологиялық жа-
ғынан к‰ңгірттенген өлі т‰бірлер  [5, 55 б.]. 
Бұдан  т‰йетініміз  т‰ркологияда  синкретті 
т‰бірлер деп танылып ж‰рген көптеген мағы-
насы ортақ лексемалар қозғалыс етістіктерінің 
құрамынан  орын  алады.  Бұл  олардың  көне-
лігінің  тағы  бір  дәлелі.  Қозғалыс  етістіктері-
нің байырғы т‰бірлер болуы негізді де. Заттың 
ең  алғаш  көзге  көрінетін  белгісі – оның 
сыртқы  формасы  мен  т‰р-т‰сі.  Іс-әрекеті  мен 
қозғалысы.  

70                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
Қазақ тілінің  т‰сіндірме  сөздігінің  сөзтізбе 
құрамында  қазақ  тілінде  дау  тудырмайтын 
етістік  тұлғалары:  т‰бір  етістіктер,  туынды 
т‰бір  етістіктер,  біріккен,  кіріккен  етістіктер, 
қосарлы  етістіктер,  құранды  етістіктер,  к‰р-
делі  етістіктер  реестрге  т‰скен.  Олар  қазіргі 
таңдағы  қазақ  әдеби  тілінің  нормалары  негі-
зінде  қалыптасқан  тұрақты  тұлғалар.  Қазақ 
лексикографиясында  т‰сіндірме  сөздіктерде 
етістіктер  атау  сөз  ретінде  екі  т‰рлі  формада 
беріледі: - у  тұлғалы тұйық рай формасында, 
бұйрық райдың 2-жақ жекеше т‰рінде келеді.  
Кел, кет, ал, бар, ж‰гір, т.т. ж‰здеген тума 
т‰бірлер  өзге  сөз  таптарынан  іс-әрекет, 
қимылды беру мағыналарымен ғана емес, осы 
қалыптағы  грамматикалық  мағыналары  және 
одан  әрі  етістікке  тән  морфология-синтаксис-
тік  барлық  ж‰йелі  қасиеттерімен  өзгешеле-
неді. Қай сөз табынан болса да, етістік жасай-
тын  кез  келген  жұрнақ  бір  өзі  сол  морфоло- 
гия – синтаксистік  етістік  сипатын  т‰гелімен 
бойына  сыйдырады.  Жұрнақтың  мағыналық 
қасиет ‰стейтін құдіреті осында  [6, 377 б.] 
Негізгі  бір  буынды  қозғалыс  т‰бір  етіс-
тіктер  көбіне  бір  буынды  болып  келеді.  ас, 
кет, кел, бар, қайт, ж‰з, ж‰р, шық, мін, т‰с, 
көш, қу, қаш, өт, ұш, бос, без, ақ, бат, ер, оз, 
өр,  ен,  тарт,  ау,  жел,  жет,  жорт,  зыт, 
жыт, кез,  там, шап т.б. 
Негізгі  екі  буынды  қозғалыс  т‰бір  етіс-
тіктер: самға, құди, ш‰йіл, ұмтыл, с‰йре, жыл-
жы,  жөңкі,  ж‰гір,  сырғы,  қарғы,  құла,  секір, 
сандал, с‰ңгі, тара, айда,, ж‰йткі, жосы, жөне, 
құйғыт,  айнал,  қозғал,  кілкі,  қалқы,  тарт, 
тақа, ұза, шоршы, шұба, ыршы, ілбі, ілес т.б. 
Қозғалыс  атаулары  ретіндегі  етістіктердің 
синтетикалық жасалу жолы.  
Синтетикалық  сөзжасам  тәсілдердің  ішін-
дегі  ең  өнімді  тәсіл.  Бір  мағынаны  ‰стейтін 
тұлға  бірнеше  негізге  жалғанып,  себепші  ма-
ғынадағы  семаға  сай  жаңа  мағыналардың 
тууына себеп болады. «Қазіргі синхрондық тіл 
білімінде  бұл  аталған  тәсілдің  белсенді  қол-
данылуының  себебі,  өзіндік  ішік  ерекшелік-
тері арқылы анықталады: 1. Бір сөз тудырушы 
тұлға  бір  семантикалық  өрісте  жататын  сөз-
дерге  жалғана  алады; 2. Бір  сөз  туғызушы 
тұлғаның  туғызатын  мағынасы  ұқсас  жақын 
болады; 3. Сөзжасамдық жаңа мағына себепші 
негіз арқылы айқындала алады»   [6, 209 б.].  
Туынды  қозғалыс  етістіктерінің    аталмыш 
тәсіл  арқылы  жасалуында  -ла, -ле  аффикс-
терінің  орны  ерекше  Бұл  тұлғаның  сөзжасам-
дық  қызметі  ерекше.  Тұлғаның  негізгі  ‰стей-
тін  мағынасы  іс-әрекеттің  белгілі  объекті, 
құрал,  құбылыс  арқылы  қайталана  орын-
далуы,  д‰ркіндігі.  Осыны  өзек  сема  деп  т‰сі-
нуге  болар  еді.  Себебі  -ла, -ле  тұлғасының 
негізінде  туындайтын  -лат, -лет, -лас, -лес, -
лан, -лен  тұлғаларының  негізгі,  өзек  семала-
рында осы сема сақталып, кейін ерекше сема-
ға  ие  болады.  Тұлғаның  негізгі  қызметі – де-
нотатты  қимылға  қозғалысқа  келтіру,  демек, 
архисемасы қимылға, қозғалысқа байланысты, 
әрі  қозғалыс  пен  әрекеттің  д‰ркіндігі,  қайта-
лануы,  созылыңқылығы  семасы  бар  болған 
деп  пайымдауға  болады.  Біздіңше,  -ла, -ле 
қозғалыстың,  іс-әрекеттің  орындалу  сипаты-
ның жалғасатыны, д‰ркіндігі, орындалу амалы 
мен  сипаты      Сондықтан  да  -ла, -ле  тұлғасы 
кез-келген  семантикалық  жағынан  ‰йлесімді 
болатын  зат  есімге  бірден  жалғанып,  іс-әре-
кет,  қимыл  мағынасын  ‰стейді.  Әрі  өзінің 
ерекше семасын ‰стейді.  
ла, ле жұрнақтары. 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал