Казахский национальный



жүктеу 5.03 Kb.
Pdf просмотр
бет10/61
Дата09.01.2017
өлшемі5.03 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61

Аширова Анар Тишибаевна 
ВИДЫ СОЧЕТАНИЯ СЛОВ ПРИ СВЯЗИ УПРАВЛЕНИЕ 
  
В статье рассматривается особенность предложений, формировавших синтаксическую систему управление. 
 
Ashirova Anar Tishibaevna 
TYPES OF PHRASES BY MANAGEMENT CONNECTION 
 
The article introduces the feature of the sentences that formed the syntactic system called management. 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          53 
 
С. Ақымбек, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ. к. 
 
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ТІРКЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
Сөз  тіркесі  болу  ‰шін  ең  кемі  екі  толық 
мағыналы  сөз  қажет  және  олар  бір-бірімен 
логикалық  жағынан  толық  ‰йлесімді  болуы 
керек.  Сол  секілді  дыбыстар  тіркесі  де  қатаң 
заңдылықтарға  с‰йеніп  құралады.  Дыбыс-
тардың  тіркесі  дегеніміз  олардың  артикуля-
циялық,  сондай-ақ  акустикалық  жағынан  ‰й-
лесуі  болып  шығады.  Сонда  қазақ  тіліндегі 
дыбыс  тіркесі  к‰рделі  артикуляциялық  құбы-
лыстардың бірі  болып табылады. Қазақ  тілін-
дегі  дыбыс  тіркестерін  зерттеуге  көп  еңбек 
сіңіріп, арнайы еңбектер жазған проф. С.Мыр-
забеков  дыбыс  тіркесіне  «Дыбыстар  тіркесі - 
тілдегі  дыбыстардың  бірімен-бірінің    қатар 
тұру  м‰мкіндігі,  тарихи  қалыптасқан  орны. 
Бұл - халықтың  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып 
жетілген, ж‰йеленген сөйлеу өнерінің (қаруы-
ның) жемісі, нәтижесі» [1, 11 б.] деп анықтама 
береді.  Ғалым  берген  анықтаманың  болашақ 
зерттеулерге  нұсқау  болатын  екі  тұсына 
арнайы  тоқтауға  тура  келеді. «Дыбыстардың 
бірімен-бірі  қатар  тұру  м‰мкіндігі» - біздің 
зерттеу  нысанымыз  тұрғысынан  қатар  тұрған 
екі дыбыстың артикуляциялық ‰йлестігі. Егер 
екі  дыбыстың  арасында  артикуляциялық  ‰й-
лесім болмаса, онда ол дыбыстар тіркес құрай 
алмайды.  Ендеше,  дыбыс  тіркестері  тілдегі 
буын,  сөз,  сөз  тіркесі  тәрізді  тұрақтаған,  оны 
бұзуға  болмайтын  қалпы  бар  айтылым  ‰лгі 
болып табылады.  
Дыбыс  тіркесінің  артикуляциясы  жалпы 
фонетика  тұрғысынан  да  қаралады:  проф. 
Л.Р.Зиндер: «Наличие соответствующего при-
способления, адаптации, звуков в одном языке 
и отсутствие его в другом, относительное по-
стоянство особенностей каждого языка в этом 
отношении...  находит  себе  объяснение  в 
устойчивости  артикуляционной  базы,  в  пере-
даче  фонетических  особенностей  от  поколе-
ния  к  поколению» [2, 234 б.]  дейді.  Дыбыс 
тіркестері  жайлы  орыс  және  өзге  тілдер  лин-
гвистикасының  тәжірибесін  барласақ,  бұл 
мәселенің  жан-жақты  және  молынан  қарал-
ғанын  көреміз.  Проф.  Р.И.Аванесов  өзінің 
«Русское  литературное  произношение»  деген 
еңбегінде  орыс  тіліндегі  дыбыс  тіркесіне  көп 
орын  берген [3, 128-152 б.].  Аталған  еңбек- 
 
 
тердегі  пікірлердің  барлығы  дерлік  дауыссыз 
– дауыссыз, дауысты – дауыссыз, дауыссыз – 
дауысты  дыбыстардың  тіркесіне  баса  мән 
берумен шектелген. Ал біз сөз еткелі отырған 
мәселе  тек  дауысты  мен  дауыстының  тіркесу 
мәселесі болып отыр.  
Қазақ  тілінде,  әдетте,  дауысты  дыбыстар 
бір-бірімен  тіркеспейді.  Мектептен  таныс 
аюы,  оюы  деген  сөзіміздің  айтылуы  айұуұ, 
ойұуұ  екені  қазіргі  фонетикада  дәлелдеуді  қа-
жет етпейді. Ал орта білім беру бағдарламасы 
бойынша  бұл  дауысты  дыбыстардан  тұратын 
сөз болып әлі к‰нге дейін ж‰р. Тіпті сөз ішін-
де  ғана  емес,  сөз  аралығында  да  екі  дауысты 
дыбыс  қатар  тұра  алмайды.  Айтқанда  сар-
ағаш,  жетарал,  әлөкпө,  ал  жазғанда  сары 
ағаш, жеті арал, ала өкпе болып кете береді. 
Сонда  дауысты  дыбыстар  бір-бірімен  қалай 
тіркес құрайды деген сұрақ туындайды.  
Біздің  ойымызша  дауысты  дыбыстарды 
тіркестіруде  екі  т‰рлі  негіз  бар.  Оның  бірін-
шісі өлең тармақтарындағы буын санына бай-
ланысты.  Қара  өлең  өлшеміндегі  буын  санын 
толтыру  ‰шін  бунақ  ішінде  қатар  келген  екі 
сөз  жапсарындағы  дауыстылардың  біреуі  т‰-
сетін  немесе  т‰спейтін  жағдай  кездеседі. 
Мысалы:  
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, 
Мақалдап айтады екен,сөз қосарлап. 
Айтылуы: 
Бұрұңғұ
3
 // ескі

бійді
4
 // тұрсам

барлап
4

Мақалдап
3
 / айтад

екен
4
 // сөз

ғосарлап
4
. 
Абай 
Бұл өлеңнің тармағының екінші бунағында 
қатар келген екі дауыстының алдыңғысы т‰сіп 
буын  санына  сыйып  тұр.  Ал  мына  өлең  тар-
мағында басқаша жайтты байқауға болады. 
Ақыл – тон, аңлағанға тозбайтұғын, 
Ғалым – кен, к‰нде өніп қоздайтұғын. 
Айтылуы: 
Ақыл

тон
3
 // аңлағаңға
4
 // тозбайтұғұн
4
, 
Ғалым

кен
3
 // к‰ндө

өн‰п
4
 // қоздай-
тұғұн
4
. Ізтілеуұлы Т. 
Бұл  өлеңнің  екінші  тармағының  екінші 
бунағында  екі  дауысты  дыбыстың  қатар  тұр-
масқа  амалы  жоқ.  Ғалым  С.Мырзабек  қайт-
кенде  де  мұны  дауыстылардың  тіркесі  бола 

54                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
алмайды деп  көрсетеді [4:92]. Біздің  ойымыз-
ша  өлеңдегі  буын  санын  толтыру  ‰шін  екі 
дауыстыны  қатар  айтылуы  қажет.  Тек  осы 
бунақты  интонациялық  тұрғыдан  дұрыс  тия-
нақтай білуіміз керек.  
Екіншіден,  дыбыстың  өмір  с‰ру  ортасы – 
буын.  Яғни  дыбыстың  тыныс-тіршілігі‚  бар 
болмысымен  көрінетін‚  танылатын  жері – 
буын  және  буындар  аралығы.  Ал  буынның 
негізін  құрайтын  дауысты  дыбыстар  екенін 
ескерсек, дауыстылардың тіркесі буындардың 
тіркесі  болып  шығады  да‚  буындар  ‰ндесі  өз 
алдына  қарастырылады.  Мұның  өзінде  көрші 
буындардағы  дауыстылардың  сап  т‰зеуінде 
қалыптасқан  тәртіп‚  ж‰йе  болады  екен. 
Т‰рколог П.М.Мелиоранский де бұған арнайы 
тоқтап былай көрсеткен [5:27]: 
Жұрнақтардағы  дауыстыларды  дұрыс  сәй-
кестендіру  ‰шін,  келесі  кестеге  назар  аудару 
қажет: 

 
Дауысты «а» және «ы»-дан кейін қысаңнан «ы» келеді 
»»  «ә», «е» және «і»   
»»  
»»  
 «і» 
»»   «о», «ұ»  
 
»»  
»»  
»»  
 «ұ» 
»»   «ө», «‰»  
 
»»  
»»  
»»  
 «‰» 

Дауысты «а» және «ы»-дан кейін ашықтан «а» келеді 
»»  «ә», «е» және «і»   
»»  
»»  
 «е» 
»»   «о», «ұ»  
 
»»  
»»  
»»  
 «а» 
»»   «ө», «‰»  
 
»»  
»»  
»»  
 «ө» 
 
Ғалымның көрсетіп отырған кестесін дауыс-
тылардың  жақ  жағынан  синтагмалық  қатысы 
деп  қарасақ  болады.  Бұл  сөздің  бойында 
дауысты  дыбыстардың  белгілі  тәртіппен  ке-
зектесіп байланысатынын дәлелдейтін бірден-
бір  кесте  болып  шығады.  Кесте  бойынша  қа-
зақ  тіліне  өлөңдөт‰п  (өлеңдетіп),  к‰м‰стөл-
гөн  (к‰містелген)  деген  сөздер  м‰лдем  жат 
емес.   
Осы  айтылған  пікірді  дамыта  т‰скен 
С.Мырзабек 9 т‰рлі  ерекшелікті  ашып  береді 
[4: 94].  
1.  Бас  (бірінші)  буында  а  дыбысы  келсе‚ 
келесі буында: 
а)  негізінен  а‚  ы  жеке-жеке  не  аралас-
құралас  қолданылады:  ала‚  бала‚  айтқан‚ 
ақын‚ ақыл‚ балаларымыз
ә)  ұ  дыбысы  дауыссыз  у-мен  қосақтасып‚ 
ұу‚  уұ  т‰рде  ұшырайды:  алұу‚  қарұу‚  арұу‚ 
ауұл‚  ауұз‚  бауұр‚  дауұл‚  қауұн‚  жауұ‚  жауұ‚ 
тауұ‚ бауұ‚ ауұ‚ сауұқ; 
б)  ұ  (кірме  сөздерде):  мақұл‚  бақұл‚  маз-
мұн‚  мақрұм‚  мақлұқ‚  нақұрыс‚  абұрой  (абы-
рой).  
2.  ә  дыбысынан  соң:  а)  негізінен  е‚  і:  әб-
ден‚  әдеп‚  әкім‚  әлек‚  әні‚  әбігер‚  бәле‚  бәлі‚ 
шәкірт‚ әріп; 
ә)  ә:  әзәзіл‚  мәрмәр‚  мәмпәси‚  нәмәрт‚ 
зәмзәм‚ тәбәрік‚ тәнәпіс (кіт.); 
б) у‰: сәу‰р‚ тәу‰р‚ әу‰т‚ әу‰р б)  (кірме 
сөздерде): мәжб‰р‚ мәңг‰рт‚ әңг‰дік‚ мәул‰т‚ 
әул‰к‚ сәк‰н‚ кәу‰р г) ‰у: Әб‰у.  
 
 
3.  е-ден  соң:  а)  негізінен  е‚  і:  бекер‚  екі‚ 
келсе‚ егер‚ ене‚ ерік‚ серік‚ берік‚ шеке; 
ә) ‰у‚ у‰: ер‰у‚ бер‰у‚ жер‰у‚ кес‰у‚ тес‰у‚ 
теу‰п‚ сеу‰п‚ де󉂠же󉂠кеу‰л (өс).  
4.  о-дан  соң  ұ‚  а:  оқұ‚  осұ‚  ойұн‚  отұр‚ 
отан‚  обұр‚  соқұр‚  шотұр‚  ора‚  орақ‚  қора‚ 
қосақ‚ қонақ‚ қойан‚ торұ‚ оран‚ ошақ‚ обал.  
5. ө-ден соң ө‚ ‰: өлөң‚ өзөн‚ өкпө‚ бөкөн‚ 
бөлөк‚ жөкөн‚ сөрө‚ төрө‚ ө牂 мөлд‰р‚ кө牂 
бөл‰к‚ көл‰к‚ көр‰к‚ төз‰м‚ өр‰к. 
6. ұ-дан соң ұ және абұрұн‚ мұрұн‚ құлұн‚ 
‰зұн‚  ұғұм‚  құйұн‚  құлақ‚  құрақ‚  сұрақ‚  ұзақ‚ 
тұзақ‚ шұжұқ‚ шұрай.  
7.  ‰-ден  соң  а)  ‰  ө:  б‰к‰л‚  б‰л‰к‚  ж‰рөк‚ 
ж‰з‰к‚  к‰лꉂ  к‰лшө‚  м‰л‰к‚  м‰лдө‚  с‰йөк‚ 
с‰л‰к‚ т‰лꉂ т‰йө‚ т‰р‰к.‚ т‰т‰к‚ ш‰йкө. 
ә)  ә (кірме сөзде) к‰уә‚  к‰нә‚  іңкәр‚  ж‰бә‚ 
‰уәде‚ ‰уәлі‚ м‰сәпір‚ д‰дәмал‚ к‰мән.  
8.  ы-дан  соң:  а)  ы  және  а:  к‰мән‚  быйыл‚ 
былық‚  жыбыр‚  жыра‚  жырақ‚  зыйан‚  қы-
ран‚ қылық‚ қызық‚ қылау‚ қызар‚ сызық‚ сызат; 
ә) ұу: сызұу‚ қызұу‚ қырұу‚ жыр‰у‚ тыйұу‚ 
сыйұу‚ сығұу‚ шығұу‚ сынұу‚ қырұу‚ ызұу.  
9. і-ден соң: а) 
і‚ е: ішік‚ білім‚ бійік‚ жійі‚ 
жібек‚ білек‚ кілем‚ кісен‚ кійім‚ міндет‚ міне‚ 
сіңір‚ сімір‚ тілек‚ тірек‚ іре‚ ійе‚ ішік; 
ә)  ‰у:  іл‰у‚  біл‰у‚  біт‰у‚  кір‰у‚  сің‰у‚ 
шір‰у‚ ір‰у‚ іс‰у‚ іш‰у. 
б) ә: сірә‚ тіпә‚ іңгә‚ ірә‚ ілдә‚ пірәдар‚ мі-
нәйі‚ кісәпір‚ ійә (ия)‚ ійәкій (яки). 
Бұл  ‰лгіден  байқайтынымыз  кезінде 
П.М.Мелиоранский  ұсынған  ашық  және  қы-
саң  дыбыстар  кестесі  қазіргі  кезде  әмбебап  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          55 
 
бола алмайтыны. Себебі қазіргі қазақ тіліндегі 
кірме  сөздердің  өзіндік  табиғаты  тұрақты 
кесте ж‰йесін жасауға м‰мкіндік бермейді.  
С.Мырзабек дауыстылар тіркесін талқылай 
келе мынадай қорытынды жасайды: 
1) Жуан дауыстылар жуан дауыстылармен‚ 
жіңішке  дауыстылар  тек  жіңішке  дауысты-
лармен ғана тіркеседі. Жуан-жіңішке жіңішке-
жуан тіркестер – жазудың жемісі; 
2)  езулік  дауыстылардан  соң  дауыссыз  у-
дың  көмегінсіз  еріндіктер  жеке-дара  тұрмай-
ды. Тек кірме сөздерде ғана кездесуі м‰мкін; 
3) жіңішке еріндіктерден соң жіңішке‚ қы-
саң езуліктер әсте тіркеспейді. 
Аталған тұжырымға қосатынымыз – дауыс-
тылардың  тіркесі  өлең  бунақтарында  да  іске 
асатындығы,  тек  оларды  әуен,  ырғақ  тарапы-
нан ыңғайластыру қажеттігі бар екендігі. Сон-
да ғана дыбыстық ж‰йені кешенді т‰рде зерт-
теудің мол нәтижеге қол жеткізеді.   
_____________ 
1.  Мырзабеков  С.  Қазақ  тіліндегі  дыбыстар  тіркесі. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2002. –  248 б. 
2. Зиндер Л.Р. Общая фонетика. – М.: Высшая школа, 
1979. – 313 с. 
3. Аванесов Р.И. Русское литературное произношение. 
– М.: Просвещение, 1972. – 415 с. 
4. Мырзабектен С. Қазақ тілі фонетикасы: Оқу құралы. 
–Алматы: Қазақ университеті, 2004. –277 б. 
5.  Мелиоранский  П.М.  Краткая  грамматика    казак-
киргизского языка. 1894. ч.І. СПб. 
 
Съезд Акимбек 
СОЧЕТАНИЕ ГЛАСНЫХ ЗВУКОВ 
 
В  статье  рассматриваются  вопросы  сочетания  гласных  звуков  казахского  языка.  Описывается  харак-
теристика, предлагаются закономерности и  квалификация. 
 
Syezd Akimbek 
THE COMBINATION OF VOWELS 
 
In article questions of a combination of vowel sounds of the Kazakh language are considered. Its characteristic is 
described, offered laws and qualification. 
 
 
 
 
З. С. К‰зекова, М. А. Асылбаева, 
Н.Ә. Назарбаев университеті 
 
САН ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨРІСІ ТУРАЛЫ 
 
 
Қазақ тілінде сан ұғымын білдіретін тұтас-
тай ж‰йе бар. Сан, санау адам   өмірінде ‰лкен  
орын алатынын білеміз. Математика цифрмен 
жұмыс істесе, ал тілде бұл ‰шін арнайы сөздер  
- сан есімдер бар, алайда, грамматикалық сан-
дар математикалық санның көшірмесі емес.  
Математика  мен  философиядағы  сан  тіл-
дегі сан емес, тілдегі сан - грамматикалық тұл-
ғасы  бар,  грамматикалық  амалдары  бар  таза 
грамматикалық  категория.  Сан  туралы  ұғым 
көптеген  ғалымдарды  қызықтырған,  оған  куә 
көптеген  еңбектерді  атауға  болады;  қаншама 
философтардың  шығармаларында  (Аристо-
тель, 1975; Декарт, 1950; Гоббс, 1989; Кант, 
1998; Гегель, 1970; Маркс,) сан ұғымы туралы 
ойлар  жазылды;  сан  категориясын  тілдік  тұр-
ғыдан  объективтендіруге  қаншама  еңбек  жа-
зылды:  Есперсен, 1958; Бодуэн  де  Куртенэ,  
 
 
 
1963; Панфилов, 1971, Полянский, 1984; Аку-
ленко, 1990; Бондарко, 1996. 
Сан есімнің логикалық, философиялық, ұлт-
тық  мәдени,  мифологиялық  та  ерекшеліктері 
бар.  Сан мағыналы сөздердің нақ осы ұғымы 
сандардың  функционалдық  сипатын  т‰сінді-
реді.  Заттардың  есептік  қатынасы,  олардың 
белгілері  объективті  шындықтың  фактілері. 
Сан  категориясы  объективті  әлемнің  сипатта-
рын  танудың  нәтижесі,  ал  осы  есептік  ұғым 
тілде  санның  тілдік  категориясын  құрайды. 
Сонымен,  сан  дегеніміз – сыртқы  әлемнің 
құбылыстары мен заттарын мөлшері жағынан 
сипаттайтын категория.  
Сансыз, есепсіз кез келген білім де, кез келген 
ғылым да, өмірге деген кез келген қатынас та 
мәнсіз,  мағынасыз  болып  табылады.  Сан  тек 
қана заттың мөлшер, өлшемін білдірмейді, сон- 
 

56                                                                           ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
 
дай-ақ,  құбылыстың  қарапайым  байланысын 
да  білдіреді,  мұнда  тіл  адам  ойлауының  да-
муындағы    санмен    тікелей  байланыстылығы 
көрінеді.  Квантор сөздердің семантикасы мен 
прагматикасы  арнайы  зерттеуді  керек  етеді 
деп  ойлаймыз.  Квантор  сөздердің  семантика-
лық, прагматикалық ерекшелігін жан - жақты 
талдауға  арналған  лингвистикалық  жұмыстар 
көп емес. Есептік те   –  сапа сияқты  ойлау ка-
тегориясында көрінетін тұрмыс сипаттарының 
бірі. Есептеудің ойлау категориясы  –   бір жа-
ғынан  дискретті  ‰здіксіз  есептеу  болып  көрі-
нетін, екінші жағынан дискретті емес ‰здіксіз 
есептеу  болып  көрінетін  тұрмыстың  есептік 
анықтамасының  нәтижесі.  Біріншісі  есептеу 
арқылы  анықталады,  екіншісі  өлшем  арқылы 
анықталады. Есептеудің осы ойлау категория-
сына  сәйкес  сан  мен  өлшем  анықталады.  Қа-
зіргі қазақ тілінде есептік қатынас құралдары-
ның дамыған ж‰йесі бар, ‰ш мағыналық топқа 
бөлуге болады: 1) нақты есептік мағына: а) сан 
есімдер арқылы беріледі; б) көптік мағынаны, 
жекелік  мағынаны,  жұп  мағынаны  білдіретін 
сөздер, 2) квантор  сөздер  (бәрі,  барлығы,  әр-
бірі,  т.б.)  арқылы  берілетін  нақты  есептік 
мағына; 3) морфемалар (- лар – лер; -тар – тер; 
-дар – дер)  арқылы  жасалатын    абстрактілік 
есептеу мағыналы сөздер. 
Сан  категориясының  тілдік  көрінісі  ұсы-
нылған  топтауда  көрініп  тұрғандай  өзінің 
мағынасы  жағынан  бірыңғай  емес,  көптік 
ұғымның  белгілі  де,  белгісіз  де  компонент-
терін  қамтиды.  Қазақ  тілі  есептік  мағынаны 
білдіретін  лексикалық,  грамматикалық  құрал-
дарға  бай,  біздің  байқауымызша  бұл  сипатты  
бірқатар  сөз  табы  әр  т‰рлі  деңгейде  білдіре 
алады:  сан  есім,  зат  есім,  есімдік,  сын  есім, 
‰стеу, етістік. Белгілі көптік мағынаны 
1)  зат  есім  (жұп,  егіз,  дует,  трио,  квартет, 
онк‰ндік) сөздері білдіре алады; 
2) сын есім (бойдақ, жалғыз, жұп – жұбы-
мен, сыңар); жалғызға қатысты сөз тіркестері: 
жалғыз бала; жалғыз ағаш; 
жалғыз - ақ; жалғыз қалу; 
жалғыз аяқ жол, жалғыз ауыз сөз;  
жалғыз басты адам; жалғызбастылық; 
жалғыз ғана; жалғыздан - жалғыз; жападан 
жалғыз; жапандағы жалғыз ‰й, 
жалғыздық,жалғыз - жалғыздан;  жалғыз - 
жалқы;  жалғыз - жарым;  жалғызсырау,  жал-
ғызілік;  жалғызіліктілік;  жар  дегенде  жалғы-
зым. 
3) есімдік (әрбір, кейбір); 
4) ‰стеу  (бір  рет,  екі  рет, ‰ш  рет)  білдіре 
алады. 
Белгісіз көптік мағына лексикалық та, грам-
матикалық  та  құралдармен  беріледі.  Мына 
лексикалардың  мағынасы  (отбасы,  ұжым,  то-
быр)  белгісіз  көптікті  білдіріп  тұр.  Бұл  тұр-
ғыда  «жалпы», «жеке»  деген  философиялық 
ұғым да байланысты. 
Сан ұғымы, есептік сипаттама басқа да тіл-
дік  құралдар  арқылы  берілетіні  мысалдар 
арқылы  байқалып  тұр.  Олар  сандық  ұымды 
білдіретін өріске топтастырылған. 
Сан  өрісінің  орталық  және  перифериялық 
өрісін сипаттайық. Бұл өрісте екі орталық бар: 
1)  сөздердің  лексика – грамматикалық 
топтары – сан есімдер; 
2)  басқа  сөз  таптарындағы  сан  ұғымына 
қатысты құрылымдар. 
Құрылымдық  деңгейде  бәріміз  сан  есім 
т‰рлерін  оқытып  ж‰рміз,  алайда  есептік  си-
паттаманы  білдіретін  басқа  синтаксистік  құ-
рылымдарға назар аудармай немесе бір өріске 
жинақтамай  келеміз,  Осы  категория  да  се-
мантикалық жағынан бір блокқа топтастырыл-
май,  шашыраңқы  тұрғыда  оқытылып  келеді. 
Сандық  ұғымды  білдіретін  лексикалық,  грам-
матикалық амалдардың айырмашылығын ашып 
жазу керек. Сан есімдер аты айтып тұрғандай 
сан,  есеп    идеясын  білдіреді.  Ал  грамматика-
лық  сан  жалғау,  жұрнақтың  негіздің  өзгеруі 
арқылы беріледі. 
Лексика – грамматикалық құралдардың пе-
рифериясын 
 
сан мағыналы  есімдіктер (қаншама, сон-
шама,  мұнша,  сонша,  әлденеше),  жалпылау 
есімдіктері:  бәрі,  барлық,  бар-ша,  бар ( бар 
адам);  лексемалары  көптік  мағына  білдіріп 
тұрғаны белгілі. 
 
белгісіздік  есімдігі:  біреу,  кейбіреу,  бір-
неше,  
 
көп, аз ұғымына қатысты сөздер. 
 
жарым -  жартылай,  бірді – екілі,  бол-
машы бірдеңе сияқты сөздер; 
 
сан есіміне жасалған әр т‰рлі сөз табын-
дағы  сөздер  (екілік,  екі  еселеу,  екеуміз,  екін-
шіден, 
 
өлшемді білдіретін сөздер  - единицы из-
мерения (метр, литр, тонна, минут; 
 
зат  есіммен,  сын  есіммен    тіркесе  оты-
рып,  белгісіз  ‰лкен  затты,  немесе  кіші  затты 
білдіретін  сөздер  (таудай  талап,  бармақтай 
бақ; теңіздегі тамшыдай, т‰ймедей ой т. б.) 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012                                                                          57 
 
 
мая – мая шөп, қазан – қазан  (ет)  қап – 
қап  (ұн)  моншақ -  моншақ  (тер)  том - том 
(кітап), ‰йір – ‰йір ( жылқы) 
жарым -  жарты бір нәрсе, жападан – жал-
ғыз, т.б.  сөздер; 
 
тұрақты  тіркестер  арқылы:  жұмыс  шаш 
етектен, телегей теңіз,  
 
 заттың  көптігі  немесе  аздығын  білді-
ретін  тіркестер:  көп  -  ат  көпір,  құмырсқадай 
быжынау,  бырдай  болып  жату,  есеп  жоқ; 
сансыз, есепсіз; 
аз -  ат төбеліндей , бір т‰йір, бір уыс, бір 
шөкім,  қасқалдақтың  қанындай, (тапшы  зат), 
саусақпен санарлықтай.  
Сандық өрісті білдіретін өрістің ішінде сан 
ұғымды  қатынасты  білдіретін  микроөрістер 
бар:  жекелік/  көптік,  белгісіздік/  белгілі,  нақ-
ты/жуық  шама,  топтау/  жинақтау,  б‰тін/  бөл-
шек.  
Тіпті  осы  мағыналарды  білдіретін  толық 
емес  сипаттама  да  олардың  бар  екенін,  қол-
даныста екендігін білдіреді. 
Белгісіз  көптік,  аз  ұғымды  білдіретін  кон-
нотативті тілдік бірліктер де бар: бұлар көлемі 
‰лкен бір нәрсені білдіреді  
Осындай  амал  тек  біріктіруге  ғана  әкел-
мейді,  сан  ұғымын  білдіретін    құралдар  ту-
ралы  кешенді  ұсынады  және  әр  т‰рлі  деңгей 
арасындағы  ж‰йелі  байланысты  көруге  м‰м-
кіндік береді. Бастысы - әр т‰рлі құралдардың 
мағыналық, логикалық байланысын көруді ‰й-
ретеді,  сөйлеудегі  өзара  байланысын,  қыз-
метін көрсетеді. 
Осылайша  заттың санын білдіретін өрісті, 
функционалдық  талдау  ‰шін    есімдікті,  етіс-
тікті,  сын  есімді,  етістік  тұлғаларын, ‰стеуді 
сипаттауға болады. 
Сан  өрісінің  ішіндегі  қатынасты  қарама 
қарсылықты  атай  отырып,  мұнан  да  нақты 
ж‰йені  көрсетуге  болады  (жекелік - көптік; 
нақты -  жуық шама; белгілі – белгісіз, б‰тін – 
бөлшек;  
 Әрбір  мағына  өзіндік  құралдармен  бері-
леді, микроөріс құрайды. 
Тілдік  құралдар  ж‰йесі  семантикалық  ұс-
таным  аясында  қарастырылып,  топтастыры-
лады.  Біз    формадан  мағынаға,  және  семан-
тикадан  оны  білдіретін  құралдарға  қарай  ұс-
танымы  негізінде  грамматиканы  синтездеуге 
ұмтылғанымыз  тиімдірек.  Есептік  сипаттама 
да  осы  тұрғыдан  ж‰йеленсе,  осы  өріске  ар-
налған жаттығулар да, оны оқытып, ‰йрету де 
ж‰йеленер  еді.  Есептік  сипаттаманың  функ-
ционалды  семантикалық  өрісін  былайша 
ж‰йелеуге  болады  деп  ойлаймыз:  Зат  есімнің 
сан категориясы; зат есімнің көптік, жекелікті 
білдіретін  тобы;  етістік  тұлғаларындағы,  сын 
есім,  есімдіктегі  есептік  сипат;есептік  мағы-
налы  лексика - фразеологиялық  құралдар; 
есептік  семантикалық  өрістің  микро  өрісі; 
белгісіз  көптің,  белгісіз  аздың  микроөрісі; 
жуық  шамалы  есептеудің  микроөрісі;  жинақ-
тау мәнді микроөріс.  
Есептік  сипаттманың  функционалды  се-
мантикалық өрісінің құрылымы  көп орталық-
ты.  Мұнда  белгілі,  белгісіз  санды  дифферен-
циялау  ұсынылады.  Белгілі  санның  өрісі  ‰ш 
микро  өріске  топтасады:  нумеральдік,  бірлік-
тер,  нольдіктер  (нумеральности,  единичности 
и нулевого количества).  Тілдің паремиология-
лық және лексика фразеологиялық құралдары 
есептік  функционалды  семантикалық  өрістің 
перифериясын құрайды.  
______________ 
1.  Чеснокова  Л.  Д.  Категория  количества  и  синтакси-
ческие структуры // Вопросы языкознания, 1981, N 2 . 44 – 
53бет. 
2.  Ондрус  П.  Количественные  слова  в  системе  частей 
речи // Филологические науки, 1971, N 1. с.59-67.  
3.  Васильева  Э.П.,  Харковская  А.  А.  Категория  коли-
чества    и  ее  отражение  в  английском  глаголе.//  Языкозна-
ние 1996 г. (1)
  
 

жүктеу 5.03 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет