Каримова Гульмира Сәрсемханқызының 6D011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «Қазіргі қазақ драматургиясы және оны оқыту әдістемесі»



жүктеу 74.14 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.04.2017
өлшемі74.14 Kb.

Каримова Гульмира Сәрсемханқызының 6D011700 – «Қазақ тілі мен 

әдебиеті» мамандығы бойынша «Қазіргі қазақ драматургиясы және оны 

оқыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысына  

АННОТАЦИЯ 

 

Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Қазақ  әдебиетінің  аз  зерттелген  бір 

саласы – бүгінгі драматургия жанры. Әр дәуірдің тыныс-тіршілігі сол кезеңде 

дүниеге  келген  әдеби  туындыларда  кӛрініс  тауып  отырады  десек,  заман 

шындығы,  бүгінгі  күн  мәселесі  әсіресе  драматургияда  барынша  кеңінен 

кӛрініс  тауып  отырады.  Ӛйткені,  драманың  басты  мақсаты  –  «шындықты 

жариялау,  жалған  дүниені  әшкерелеу,  дәуірдің  ең  кӛкейтесті,  ӛткір 

мәселелеріне  қозғау  салу».  Ұлттық  драматургияның  даму  барысына  кӛз 

жібере отырып, аталған әдеби жанрдың ӛрбуіне соңғы уақыттағы қоғамдық-

саяси,  тарихи-мәдени  жағдайлардың  игі  ықпал  жасағанын  аңғарамыз. 

Тәуелсіздік  таңымен  бірге  ортамызға  келген  «демократия»,  «жариялылық» 

сынды  ілгерішіл  ұғымдар  ӛткен  тарихымызды,  бүгінгі  ӛміріміз  бен 

келешегімізді  қайта  сараптауға,  ақиқат  таразысына  салуға  жол  ашты. 

Еркіндікті, тәуелсіздікті ежелден мансұқ еткен әдеби-шығармашылық үдеріс 

ӛзгеше  сипат  ала бастады.  Осы  орайда  драматургия    тарих  қойнауынан  сыр 

шертетін, кешегі кеңестік ӛмірдің кӛлеңкелі жақтарына үңілетін, бүгінгі ұлт 

ӛміріндегі  ӛзекті  мәселелерді  қозғай  отырып,  ой  толғайтын  жаңа 

туындылармен толықты.  

Бүгінгі күні жаңа сапалық ӛзгерістерге түскен қазақ драмасының тарихи 

даму жолы күрделі сатылардан ӛтті. Тарихи дамудың сан түрлі жолдарынан 

ӛтіп, кемелденген, кӛркемдік биікке жетіп, жанрлық жағынан да, тақырыптық 

ауқымы  тұрғысынан  да  кең  қанат  жайған  қазақ  драматургиясындағы 

туындылардың кӛркемдік қызметін ғылыми саралау – бүгінгі күннің аса зәру 

мәселесі болып табылады.  

Тәуелсіздік  кезеңіндегі  қазақ  драматургиясында  жанрлық,  поэтикалық 

ӛзгерістер мәдени ӛмірімізде жаңаша қарқынмен кӛрінгенін байқауға болады. 

Поэтикалық  шығармашылыққа  жеке  дара  мағына  дарыту  арқылы  қазақ 

драматургиясы қазіргі замандық тіл мәдениетінің кӛркем эстетикалық қуатын 

байыта  түсті.  Қазіргі  таңда  тӛл  драматургиямызда  ӛзіндік  ізденістерімен, 

соны  кӛркемдік  жүйесімен  кӛзге  түсіп  жүрген  драматургтеріміздің 

шығармашылығы  зерттеу  нысанына  толық  алынбай,  даму  бағыттары 

айқындалмай 

келеді. 

Зерттеу 


жұмысының 

ӛзектілігін 

тәуелсіздік 

жылдарындағы 

драмалық 

туындылардың 

жан-жақты 

талдап 


қарастырылуымен  сипаттап  кӛрсетуге  болады.    Руханият  мәселелеріне  жете 

мән  беріліп  жатқан  кезеңде  қазақ  әдебиетінің  құндылықтарын  игеру  басты 

назарда 

болатыны 

белгілі. 

Халқымыздың 

рухани 

әлемі 


кӛркем 

шығармалармен үнемі толығып отырады. Жаңа заманға бейімделіп, қоғамдық 

зәру  мәселелерге  жүйелі  түрде  үн  қосып  отыратын  қаламгерлер 

туындыларын талдап, таразылау қажет.  

Қазіргі  біз  ӛмір  сүріп  отырған  ғасыр  –  қарама-қайшылықтар  ғасыры. 

Біздің  заманымыздың  ең  басты  қарама-қайшылықтарының  бірі  ақпараттық 



технологияға,  ғылыми  инновацияға  арқа  сүйеген  біздің  қоғамдағы 

техникалық  прогрестің  адамгершілік  ғылымының  дамуынан  әлдеқайда 

шығандап  озып  кетуі  болып  отыр.  Бұл  сәйкессіздік  бүгінгі  таңда  ӛзінің 

қауіпті,  қатерлі  шегіне  жақындай  түсуде.  Ендеше  бізге  осы  қарама-

қайшылықтың  қиын  күрмеуін  шешпей  болмайды.  Ол  үшін  адамгершіілктің 

қайнар кӛзі болып табылатын ӛнер шығармаларының, оның ішінде кӛркемсӛз 

туындыларының  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасай  отырып,  оның  үздік 

шығармаларын  қоғамның  игілігіне  айналдыруды  мықтап  қолға  алуымыз 

керек».  Осы  тұрғыдан  келгенде,  ұлттық  драмамызды  жан-жақты  талдап, 

ондағы тақырыптар мен адамгершілік, философиялық, этикалық идеяларды, 

поэтикалық  ӛрнектерді  ғылыми  айналымға  енгізу  –  қазіргі  әдебиеттің  ең 

ӛзекті міндеттерінің бірі болмақ.  

Қоғамда  орын  алып  жатқан  түбегейлі  ӛзгерістер  адам  болмысына,  ел 

тұрмысына,  дәстүр-салтына  қалай  әсер  еткендігі  драмадағы  әлеуметтік 

сарын, астар түрінде кӛрініс тауып отыр. Ол авторлық баяндау, бірде кейіпкер 

әрекеті  мен  ашық  идеясы  арқылы  берілсе,  енді  бірде  ирония  мен  сарказм 

тұспалында  ишараланады.  Қазіргі  қазақ  драматургиясындағы  басым 

үрдістердің бірі ретінде адамның ішкі қасиетін жандандыру, жеке образдарға 

дейін  әсірелеу  арқылы  кӛркем  шарттылық  іздерін  айқындау  да  маңызды 

мәселе.  



Зерттеу  нысаны.  Тәуелсіздік  кезеңінде  жазылған  пьесалар,  атап  айтар 

болсақ,  Ә.Кекілбаевтың  «Абылай  хан»,  М.Байсеркеновтің  «Абылай  ханның 

ақырғы  күндері»,  Д.Исабековтың  «Тор»,  «Актриса»,  «Ескерткіш», 

И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той», 

Қ.Ысқақовтың «Қыл кӛпір», «Жан қимақ», Қ.Ысқақ пен Ә.Таразидің «Алатау 

сынды алыбым», Т.Әбдіковтың «Ардагер», С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан 

қазақтар»,  «Ғашықсыз  ғасыр»,  С.Асылбекұлының  «Рабиғаның  махаббаты», 

«Күзгі  романс»,  «Желтоқсан  түні»,  «Империядағы»  туған  күн  кеші», 

Ш.Құсайыновтың  «Томирис»,  И.Сапарбайдың  «Сыған  серенадасы», 

Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», «Ӛмірзая», Р.Отарбаевтың «Жәңгір 

хан»,  «Бейбарыс  сұлтан»,  Р.Мұқанованың  «Мысықтар  патшалығы»,  «Сен», 

«Шатыр  астындағы  Мен»,  «Мәңгілік  бала  бейне»  пьесалары  нысан  ретінде 

таңдап алынды.   

Зерттеу  пәні.  Қазіргі  қазақ  әдебиеттануындағы  драма  теориясының 

мәселелері.  



Зерттеу  мақсаты:  Диссертациялық  жұмыстың  мақсаты  қазіргі  қазақ 

драматургиясының  кӛркемдік  ерекшелігін,  идеялық-тақырыптық  ауанын 

анықтап,  поэтикасын,  стиль  мәселесін  кӛрсетіп,  жаңашылдығын,  дәстүр 

сабақтастығын  саралау,  жанрлық-поэтикалық  үрдістерді  ғылыми  тұрғыдан 

зерделеу  арқылы  драмалық  шығармалардағы  авторлық  таным,  стильдік 

даралық  және  ортақ  тақырыптық  сипаттарды  айқындау  болып  табылады.  

Сонымен  бірге  қазіргі  қазақ  драматургиясын  ЖОО-да  оқытудың  ӛзіндік 

ұстанымдарын   айқындау болып табылады. 



 

 

Зерттеудің міндеттері:  

−  Қазіргі қазақ драматургиясындағы замана шындығының бейнеленуін, 

бүгінгі күн мәселесінің жан-жақты қарастырылғандығын кӛрсету; 

−    Қазақ  драматургиясының жанрлық сипатын,  трагедиялық,  драмалық, 

комедиялық  секілді  эстетикалық  категориялармен  сабақтастығының  мәнін 

ашу;  


−  Бүгінгі  қазақ  драматургиясындағы  идеялық-кӛркемдік,  образдық, 

жанрлық  ізденіс  ӛрістерін,  қаламгерлердің  шығармашылық  эволюциясын 

саралау;  

−  Қазақ  драматургиясы  тарихындағы  шығармалар  мен  қазіргі  қазақ 

драматургиясы  арасындағы  диалектикалық  байланыстың  аспектілерін  тану, 

ӛткен  кезеңдермен  сабақтастығын  ашу,  бүгінгі  кезеңнің  жаңашылдық 

сипатын таныту; 

 



қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  драма  жанры  даму  деңгейін  ұлттық 

идеямен сабақтастықта қарастыру арқылы Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан 

жаңа  драмалық  ізденістердің  кӛркемдік  дәстүрмен  байланысын,  ӛзгешелігін 

саралау. 

 

қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  драма  жанры  даму  деңгейін  ұлттық 



идеямен сабақтастықта қарастыру арқылы Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан 

жаңа  драмалық  ізденістердің  кӛркемдік  дәстүрмен  байланысын,  ӛзгешелігін 

саралау. 

 



Қазіргі  қазақ  драматургиясын  ЖОО-да  оқытудың  әдіснамасын 

айқындап, ғылыми-теориялық негіздерін зерделеу. 

 

Қазіргі  білім  беру  үрдісінде    қазақ  драматургиясын  оқытудың 



дидактикалық, жеке пәндік  ұстанымдарын айқындау. 

 



Қазіргі  қазақ  драматургиясын  оқытудың    тиімді  педагогикалық 

жаңашыл әдіс-тәсілдерін жүйелеу. 

 

Қазақ  драматургиясын    оқытуға  арналған        таңдау  пәні 



бағдарламасын, силлабусын  дайындау. 

 



Білім  мен  тәрбие  беруде  қазіргі  қазақ  драматургиясы  бойынша 

кешенді жұмыс түрлері мен  тапсырмалар жүйесін жіктеу мен саралау. 

 

Қазақ  драматургиясын  оқытудың  жанрлық  ерекшелігін  айқындайтын  



ұстанымдарына негізделген эксперимент нәтижелерін талдау, саралау. 

 



Драматургияны  оқыту  барысында  игерілетін  білім  нәтижелерін 

айқындау. 



   Зерттеу  болжамы:      Егер  қазіргі  қазақ  драматургиясын  жоо-да  оқытудың 

ғылыми-әдіснамалық  негіздері  айқындалып,  оны  жанрлық  ерекшелігіне 

қарай    меңгертудің      ғылыми-теориялық,  тәжірибелік  әдістемесі  жасалса, 

онда жоо студенттері  қазіргі қазақ драматургиясының даму заңдылықтарын 

меңгеріп,  теориялық  білімдерін  практикамен  ұштастырып,  әдеби  талдауда 

драма  ерекшелігі  туралы  жүйелі,  терең  білім  қалыптастырады.  Ӛйткені 

қазіргі қазақ драматургиясының теориялық негізімен сабақтастырылған оны 

оқытудың  әдістемесі  драма  тегін  оқытудың    сапалық  деңгейін  кӛтеріп, 

әлемдік  білім  беру  талаптарына  сай  жетіле  түсуін  қамтамасыз  етеді.  Қазіргі 

қазақ  драматургиясынан  берілетін  білім  жеке  тұлғаға  бағыттай  жүргізіліп, 



эстетикалық  мәдениетін  жетілдіре  түсіп,  оның  оқырмандық,  кӛрермендік 

қабілетінің жетіле  түсуін қамтамасыз етеді. 



    Жетекші идея: Жоо студентінің қазіргі қазақ драматургиясынан теориялық 

білімдерін  қалыптастыру  нәтижесінде  драматургия  тарихына  және  оның 

кезеңдеріне  байланысты  фундаменталды  білімдер  жүйесін,  драмалық 

туындыларды  талдай  білу  және  оның  поэтикасын  сараптай  алу,  нақты  бір 

драмалық туындыны талдау барысында ӛзіндік жалпылау мен қорытындылар 

жасай  білу,  театр  кӛрермені  мен    драма  оқырманы  арасындағы  эстетикалық 

байланысты  сезіне  білу,  қазіргі  драматургия  терминологиясын  пайдалана 

білу,  драматургиялық  шығармаларды  оқытуда  дәстүрлі  және  инновациялық 

әдістерді, жаңа технологияларды меңгеруге  қол жеткізіледі.  

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері. Ұлттық 

әдебиеттану  ғылымының  негізін,  теориясын,  оның  ішінде  драма  ӛнерінің 

даму  мен  қалыптасуын,  теориясын  зерттеген  ғалымдардың  еңбектері 

жұмыстың  әдістемелік,  теориялық  негізі  етіп  алынды.  А.Байтұрсынұлы, 

С.Сәдуақасұлы,  Ж.Аймауытұлы,  М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов,  Ә.Тәжібаев, 

Қ.Жұмалиев,  Т.Нұртазин,  М.Қаратаев,  С.Қирабаев,  З.Ахметов,  З.Қабдолов, 

М.Дүйсенов,  Н.Ғабдуллин,  С.Ордалиев,  Р.Рүстембекова,  Ш.Елеукенов, 

С.Қасқабасов, Е.Жақыпов Қ.Қуандықов, Б. Құндақбаев, Ә.Сығаев, Қ.Уәлиев, 

Ж.Әбілов,  А.Ісімақова  тағы  басқа  ғалымдардың  еңбектеріндегі  теориялық 

пайымдаулар  негізге  алынды.  Сонымен  бірге  Д.С.Лихачев,  М.Бахтин, 

В.Д.Фролов, 

В.Волькенштейн, 

Н.Федь, 

Г.Л.Абрамович, 

Ю.Борев, 

В.Сахновский-Панкеев  сынды  орыс  ғалымдарының  жанр  құбылысы, 

драматургия 

жанры 


туралы 

еңбектеріндегі 

теориялық 

қағидалар 

қарастырылды.

 

 



Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында талдау, жинақтау, салыстыру және 

түсіндірмелі әдістер қолданылды.

 

 

Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы.  Диссертацияның  жаңа  пайымдаулары 

тӛмендегідей нәтижелерден байқалады: 

-

 

тәуелсіздік  дәуірінде  қазақ  драматургиясында  қалам  тартқан  барлық 



драматургтардың кӛркемдік әлемі жан-жақты қарастырылып, тақырып, идея, 

композиция, сюжет, тіл, стиль тұрғысынан талданды; 

-

 

драматургтердің драмалық шығармаларының кӛркемдік ерекшеліктерін 



тұтас  кӛркемдік-эстетикалық  контексте  қарастыруға  алғаш  рет  талпыныс 

жасалды; 

-

 

белгілі  драматургтер  Ә.Кекілбаев,  С.Балғабаев,  Т.Нұрмағамбетов, 



Д.Исабеков, С.Асылбекұлы, Р.Отарбаев, Ы.Сапарбай, Иран Ғайып т.б. сынды 

суреткерлердің  қазақ  драматургиясының  кӛкжиегін  кеңейтіп,  тақырыптық-

идеялық тұрғыдан байытқандығы сараланды. 

-

 



Қазіргі  қазақ  драматургиясынан  әдеби  білім  берудегі    әдіс-тәсілдер 

жүйесін  саралау  арқылы  оны  оқытудың  дидактикалық  және  пәндік  

ұстанымдары ғылыми негізделді. 

-

 



ЖОО-да  қазіргі  қазақ  драматургиясын  оқытудың  мән-мазмұны 

айқындалып, мазмұндық-құрылымдық  жүйесі жасалды. 



-

 

Білім  берудегі      оқытудың  инновациялық  әдіс-тәсілдерінің  тиімділігі 



қазіргі  қазақ  драматургиясын    оқытудағы  жасалған  тәжірибелер  арқылы  

дәйектелді. 



Зерттеудің теориялық мақсаты: Қазіргі қазақ драматургиясындағы тың 

туындыларды  талдау  барысында  түйілген  ойлар  мен  піікрлер,  болжамдар, 

қорытындылар қазақ драматургиясын оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан 

толықтырады,  сонымен  бірге  қазақ  драматургиясын  оқытуда  педагогикалық 

жаңа  технологияларды  пайдаланудың  маңызды  әрі  қажетті  екенін  кӛрсетіп 

отырады.  Зерттеудің  теориялық  нәтижелерін  гуманитарлық  бағыттардағы 

мамандықтарда; сондай-ақ ӛнертану мамандарына қажетті оқулықтар мен оқу 

құралдарын жасауда пайдалануға болады.  



Зерттеудің  практикалық  мақсаты:  Зерттеу  материалдарын  мектептің 

әдебиет  сабақтарында,  ЖОО-да  әдебиетті  оқыту  әдістемесі  пәнінен  дәріс, 

семинар  сабақтарында,  ӛздік  жұмыстарда,  аудиториядан  тыс  іс-шараларда, 

үйірме, секцияларда, әдебиетші мұғалімдердің білім жетілдіру  курстарында  

пайдалануға болады. 

Диссертанттың 

жүргізген 

зерттеу 


нәтижелерінің 

қорытындысы 

әдебиеттану,  педагогика,  психология,  әдебиетті  оқыту  әдістемесі  пәндерінің 

жаңаша зерттелуіне тірек бола алады. 



   Эксперименттік  база  ретінде    Алматы  қаласы  Т.Жүргенов атындағы  ӛнер 

академиясының 

«Театр 

ӛнерінің 



тарихы 

мен 


теориясы»                

кафедрасының  оқытушы  профессорлар  құрамы  қатыстырылып,  5В041600  -

Театртану мамандығының  2 курсы алынды. 

    Зерттеу үш кезеңде жүргізілді:  

   Бірінші  кезеңде  (2013-2014ж.ж.)  ғылыми  зерттеу  жұмысының  тақырыбы, 

зерттеу  бағыттары  анықталып,  білім  философиясы,  педагогика,  психология, 

әдебиет  тарихы,  әдебиет  теориясы,  оқыту  әдістемесі  салалары  бойынша 

ғылыми  әдебиеттер  сараланды.  Зерттеу  жұмысының  теориялық,  ғылыми-

әдіснамалық    негіздері  айқындалып,  мақсат-міндеттері  нақтыланып, 

зерттеудің    пәні  мен  күтілетін  болжамы  анықталды.  Қазіргі  қазақ 

драматургиясы  мен  оны  оқытудың    жетекші  идеясы  белгіленді.    Жоо-да 

қазіргі  қазақ  драматургиясын  оқытудың  проблемаларын  айқындау 

мақсатында  анықтаушы  эксперимент  материалдары,  тапсырмалар  жүйесі 

түзілді. 



    Екінші    кезеңде  (2014-2015  ж.ж.)  қазіргі  қазақ  драматургиясын  жоо-да 

оқытудың  қазіргі  жағдайы  мен  әдістеме  ғылымындағы    жаңа  бағыттарын  

айқындау  мақсатында    ғылыми-әдістемелік  әдебиеттер  мен  әдіскер-

ғалымдардың  еңбектеріне,  білім  беру  стандарттары  мен  бағдарламаларына 

талдау  жасалды.  Нәтижесінде  ЖОО-да  қазіргі  қазақ  драматургиясын 

оқытудың проблемалары айқындалып, тиімді оқыту жолдары жасалды. Жоо-

да  қазіргі  қазақ  драматургиясын  оқытуға  арналған  «Тәуелсіздік  дәуіріндегі 

қазақ драматургиясы»  таңдау пәні ұсынылып, силлабусы дайындалды.  

«Тәуелсіздік  дәуіріндегі  қазақ  драматургиясы»  таңдау  пәнін  оқыту 

экспериментінен  ӛткізу  үшін  кешенді  тапсырмалар  жүйесі  жасалып,  



драмалық  мәтіндер  таңдалып,  сол  бойынша  сабақ  жоспарлары  жасалып 

бақылаудан ӛткізілді. 



     Үшінші  кезеңде  (2015-2016ж.ж.)      қорытынды  эксперимент  нәтижелерін 

дәйектеу  мақсатында    бақылау  және  эксперимент  топтарының  білім  сапасы 

тексеріліп,    кӛрсеткіштері  салыстырылды.  Жоо-да  қазіргі  қазақ 

драматургиясын  оқытудың    сапасын  айқындауға  ұсынылған  тәжірибелік 

материалдар  негізінде    экспермент  қорытындылары  жасалып,  диаграммалар 

түрінде  ұсынылды.    Ғылыми  зерттеудің  анықталған  тұжырымдары  мен 

қорытындылары жүйеленіп, диссертация түрінде рәсімделді. 

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 

-

 



тәуелсіздік  жылдары  бостандық  жолындағы  күрес,  елдік,  ерлік  рух, 

ұлттық сана арқау болған тарихи драмалық шығармалар ӛнімді жазылды; 

-

 

бұл  туындылардағы  құрылымдық-стильдік,  кӛркемдеу  тәсілдерінегі 



жаңашылдық  нышан-белгілер  қазіргі  заманғы  драманың  кӛркемдік  әлеуетін 

танытты; 

-

 

тарихи  драманың  тақырып  ауқымы,  кӛркемдік,  жанрлық-стильдік 



тӛлтума  бітімі  айқындала  түскен  шығармалар  қазақ  драматургиясының 

қомақты бір саласына айналды; 

-

 

тәуелсіздік  жылдарындағы  драмалық  туындыларда  жаһандану 



дәуірінің,  кезең  болмысының  зәру  мәселелері  кӛркемдік  талқыға  тартылып, 

рухани  құбылыстарды,  заман  келбетін  сомдаған  типтік  бейнелер,  қалыпты 

ӛмір тартыстары ауқымында ашуға ден қойылды

-

 



қазіргі  қазақ  драматургиясы  –  ХХІ  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  даму 

үрдісінде ӛзіндік орны бар, ұлттық кӛркем сӛз дәстүрін байытуға елеулі үлес 

болып  қосылған  туындылар  және  оны  оқытудың  ғылыми    әдіс-тәсілдері 

жүйеленді. 



Зерттеу  нәтижелерін  сыннан  өткізу  мен  ендіру:  Диссертациялық 

жұмыстың  теориялық  мәні  мен  мазмұнының  тұжырымдарын  құрайтын 

мәселелер бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және 

аттестаттау  комитеті  белгілеген  республикалық  ғылыми  басылымдарда 

жарияланды.  Сонымен  қатар  Scopus  басасына  енетін  нӛлдік  емес,  импакт-

факторы  бар  халықаралық 

ғылыми  басылымдарда, 

халықаралық, 

республикалық 

ғылыми-практикалық 

конференция 

материалдарының 

жинақтарында баяндалып, мақұлданды. 

Диссертация  құрылымы:  Диссертациялық  жұмыс  кіріспеден,  үш 

тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



 

 


жүктеу 74.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет