Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата12.01.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6

Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Б. Байқадамов туралы не білесің? 

2.  Б. Байқадамовтың балаларға арнап жазған қандай əндерін білесің? 


Əдебиеттер: [12 ]; [13 ] 

13 апта 

№ 13 дəріс 

Тақырып:  Балалар сазгерлері. Ө.Байділдаев. 

Мақсаты: Ө.Байділдаев əндерімен таныстыру. 

Дəріс мазмұны: 1. Сазгер өмір жолы. 

                             2. Сазгер шығармалары. 

1.  1954  жылы  Өмірбек  Байділдаев  оқуды  тəмамдайды.  Қазір  оқып 

жатқан,  болашақ  жас  мамандар  біздер  үшін  Өмірбек  Байділдаев  деген  кім? 

Біріншіден,  ол  музыка  зерттеушісі  ғалым.  Екіншіден,  ол  əртүрлі  биіктіктегі 

дыбыстардан құрастырып, əсерлі əн шығара алатын композитор. Үшіншіден, 

əрбір  композитордың  еңбектеріне  талдау    жасай  алатын  зерттеуші  əрі 

журналист болған адам. Төртіншіден, ол ұстаз əрі лектор.  

Бесіншіден, жаны пəк, кішіпейіл дос əрі ұлағатты шаңырақ иесі болған 

адам.  Міне,  осындай  сегіз  қырлы  адам  ретінде  кейінгі  жастар  Өмірбек 

Байділдаевтің еңбегін зерттейтін болады.  

2.  Ғалым  ретінде  ол  10  кітаптың  авторы:  олар  «Туған  ел»  (1965), 

«Бөбектер  жыры»  (1966),  «Əн  –  музыка  сабағы»  (1970,  1985жж),  «Сүйікті 

мектебім» (1977), «Қанатты өнер» (1973), «Қимаймын сені» (1977), «Музыка 

сабағы»  (1988,  1997),  «Композитор  Мұқан  Төлебаев»  (1955).  Осы  еңбектері 

оны  жай  мұғалімдіктен  аға  мұғалімдікке,  аға  мұғалімдіктен  доценттікке, 

доценттіктен  профессорлыққа  жетеледі.  Ғалымдық  деңгейіне  32  жыл 

ұстаздық,  20  жылдан  астам  уақытты  «теориялық  жəне  тарих»  кафедрасын 

меңгерушісі  қызметін  атқарады.  Олар:  «Туған  ел»,  «Қимаймын  сені», 

«Жаным, сəулем, еркешім», «Назико», «Ауыл кеші», «Айлы түн», «Қазақстан 

таңы»,  «Қазақстан  –  туған  өлкем»,  «Алматы  астанам»  т.б.  Композитордың 

«Туған елі» шын мəнінде халықтық мұраға айналды. Əннің бастапқы буыны 

«Шалқар»,  «Алматы»,  «Астана»  жəне  Шымкент  радио  станцияларынның 

музыкалық  ұраны  болды.      Ə.Тəжібаев  сөзіне  жазылған    «Бөртпе  лақ»  (1-

сынып),  «Менің  Отаным»  (Б.Ысқақов),  «Туған  ел»  (өлеңі  М.Ниязбековтікі),   

«Құлыншақ»,  «Не  дек  керек?»,  «Сүйікті  мектебім!»,  «Біз  бақытты 

балдырғандар», «До-ре-ми» , «Май жыры», «Кім болам» т.б. əндері бар.  

Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Ө.Байділдаевты сазгерлігінен басқа қандай қырынан тануға болады? 

2.  Ө.Байділдаевтың балаларға арнап жазған қандай əндері бар? 

Əдебиеттер: [10 ]:[11 ] 

14 апта 

№ 14 дəріс 

Тақырып:  Қ.Мырзалиев – балалар ақыны. 

Мақсаты: Қ.Мырзалиев сөзіне жазылған əндерін үйрету. 

Дəріс мазмұны: 1. Ақын өмір жолы  

                             2. Шығармашылығы. 

Жиырмасыншы  ғасырдың  жуан  ортасы  адам  айнасының  серпіліске 

толы сергек сəттеріне айналды да, қазақ поэзиясының пешенесіне сол қуатты 

кезеңнің  көшбасшысы  қызметін  атқару  жазылды.  Ақын  Қадыр  Мырза  Əли 


адам санасындағы соңғы серпіндерді   азаматтық   лириканың   ақ   бастауына   

айналдырып, желісін жетілдірді, көркемдік көкжиегін кеңейтті, тақырыптың 

түғырларын  түрлендірді,  лирикалық  қаһарман  бойындағы  килы  қасиеттерді 

қоғам құзырына кұлдық ұрғызудан іргесін аулақтап, заман зердесіндегі, адам 

құлқындағы өрелі өзгерістерге жаңа өріс ашты. Ақын əлемінің əсем əсерлері 

адам бойындағы ғасыр жүгін жеңілдете түскендей еді. 

Қадыр  Мырза  Əли  поэзиясы  бізді  поэтикалық  өнердің  заңдылықтары 

мен  ерік  еркіндігіндегі  сезім  мен  ойдың  уақыты  мен кеңістігін,  биіктігі  мен 

тереңдігін асқан жауапкершілікпен сезініп, əрі білдіретін ерекше құбылыс.  

Қадыр  Мырза  Əли  шығармашылығы  ұлт  трагедиясы  мен  бақытының, 

оның  ғұмырнамасының  айнасы.  Ол  сол  жолда,  сол  бағыт-бағдарда,  сол 

мақсат-мұратта  еңбек  етіп  келе  жатқан,  өз  өлең  жолымен  айтқанда,  «өмірін 

бірден  азамат  болып  бастаған»  ақын.  Ол  өз  буын,  өз  өмірінің  ғұмырын 

жырлаушы  ғана  емес,  сол  арқылы  тұтас  ұлттың  атынан  сөз  айта  алатын 

дəрежеге көтерілген ірі тұлға. 

Қадыр  Мырза  Əли  поэзиясы  -  тұтас  бір  жан-жақты  қамтылған 

монументалды  энциклопедия.  Оның  поэтикалық  жадында  шекара  шек  жоқ. 

Ол  оның  жырына  арқау  болған  қазақ  тарихы,  қазақ  жерінің  географиясы, 

қазақтың  əдет-ғұрпы,  салт-санасы,  əлеуметтік-тұрмыстық  жағдайы,  соларға 

сай қазақ ел-жұртының табиғаты, айта берді қазақтың тарихи-табиғи процесс 

барысындағы өркениеті мен мəдениетінде. 

Ақын  поэзиясының  басты  белгілерінің  бірі  -  парықты  парасат,  қисынды 

қағидалылық,  көріпкел  көсемдік,  шыңырау  шешендік,  жауынгердей 

жинақылық.  Ақын  поэзиясында  жақсылық  пен  жамандық,  ақ  пен  қараның, 

тайыз  бен  тереңнің,  ізгілік  пен  зүлымдықтың,  ездік  пен  елдіктің 

салыстырмалы суреттері мол кездеседі. 

Қараңғы елдің ішінен қарғып түрған, Дананы ешкім тыңдамай барлықтырған. 

Зүлымдардың  сан  түрі  сыйған  дала  Білімдарға,  қайтесің,  тарлық  қылған!  -

дейді  ғалымдар  мен  ақындардың  атасы  Əбу  Насыр  Əл-Фараби бейнесін 

сомдағанда ақын Қадыр Мырза Əли. 



Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Ақынның қандай өлеңдерін білесің? 

2.  Ақын əнге айналған өлеңдерін ата? 

Əдебиеттер:  

15 апта 

№ 15 дəріс 

Тақырып:  Б.Ғизатов,  шығармалары. 

Дəріс мазмұны: 1. Сазгердің өмір жолы  

                             2. Əндері 

1.  Бисенғали  Ғизатов  –  Қазіргі  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жəнібек 

ауданы  Жəнібек  ауылында  дүниеге  келген.  Музыкатанушы,  өнертану 

кандидаты  (1966),  қАЗкср-інің  еңбек  сіңірген  мəдениет  қызметкері  (1991). 

1953ж.  Алматы  мемлекеттік  консерваториясының  музыка  теориясы  мен 

тарихы  факультетін  (А.Жұбанов,  Л.А.Хамиди  дəріс  алған)  бітірген  соң 

ҚазКСР-і  Министрлік  кеңесі  жанындағы  көркемөнер  басқармасында  жəне 



Алматы  музыка  училищесінде  (1953-57)  қызмет  етті.  1957-63ж  «Жазушы» 

баспасында  музыкалық  редактор  болады.  1966-91ж  ҚРҰҒА  –ның  Əдебиет 

жəне  өнер  институтында  музыка  бөлімінде  кіші,  одан  кейін  аға  ғылыми 

қызметкер,  ал  1991  жылдан  республикалық  дəрежедегі  зейнеткер.  Ұстазы 

Л.Хамидимен бірігіп шығарған  «Домбыра үйрену мектебі» (1983)атты еңбегі 

жəне «Мектептегі əн-музыка сабағы» (1994) атты жарық көреді.  

2.  Б.Ғизатовтың  балаларға  арнап  жазған  «Төлдер»,  «Əліппе»,  «Біз 

өмірдің  гүліміз»,  «Біздің  əн»,  «Көңілді  əн»,  «Анамызға  мың  алғыс»  сияқты 

əндері балалар аузында жатталған.  

Бірінші  сыныпта  үйретілетін  Ж.Өмірбековтың  сөзіне  жазылған 

«Төлдер» əнін алып талдап көрейік.  

1. «Қошақаны қойдың, 

     Қайда қалып қойдың? 

    Бұлтиып тұр бүйірің, 

     Қай өрістен тойдың? 

2.  Секең-секең, ей, лақ, 

Жүрмін саған кеіп-ақ. 

Тыным тапсаң, болмай ма, 

Секірмей-ақ, кей уақ! 

3.  Ботақаны нардың  

Жарға неге бардың? 

Тілерсегің дірілдеп, 

Секіре алмай қалдың»,- өлең сөздері арқылы мұғалім балалардан 

төрттүліктің  қандай  түрлерін  білетінін  сұрап,  төрттүлік  балаларын  қалай 

атайтыны туралы түсінік беріп, суреттерін көрсетеді. 

 

Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Қай өңірде дүниеге келген? 

2.  Қандай еңбектері бар? 

3.  Қандай əндерін атай аласың?   



Əдебиеттер: [11 ]; [ 25] 

 

6. Практикалық сабақ жоспары 

№  Тақырып 

Семинар (практикалық) 

сабақ мазмұны  

Апта 

Əдебиет 


1  Аспапта ойнап 

үйрену 


 

1.  Оң  жəне  сол  қолға 

арналған жаттығулар. 

2. 


Пернелерге 

дыбыстардың    орналасу 

қатары 

3. 

Атауы 

жəне 

белгіленуі

 



[1;  -беттер  ]; 

[2;- ]; [3;- ]; 

 

2  Нота ұзақтығы. 



 

  1. Нота ұзақтығының 

түрлері. 

[1;  -беттер  ]; 



[2;- ]; 

   2. Халық əні туралы 

түсінік.  

 

3  Халық 



əні 

«Еркем-ай» 

 

1.  «Еркем-ай»  əніндегі 



динамикалық белгілер.   

  2. Əн екпіні. 

[6- ];[8 ] 



4  И.Нүсіпбаев 

«Қызыл  жалау» 

əні 

1. Сазгер əні. 



2. Əнге сипаттама. 

 



[9 ]; [ 1]. 

 

5  Халық 



күйі 

«Келіншек. 

1. Күй туралы əңгіме. 

2. Күйді талдау. 

[1 ]; [21 ]; 



 

6  Халық 

күйі 

«Келіншек 



1.  Күйді  орта  буында 

талдау. 


2. Күй қағыстары. 

[1 ] [8 ]; [10 



7  Дəулеткерейдің 

«Қос алқа» күйі 

1. Күйді талдау. 

2. Күй қағыстары 

[1 ]; [6 ];[8 ] 



 

8  Дəулеткерейдің 

«Қос алқа» күйі 

 

1. Күйді талдау. 



2. Күй қағыстары. 

[2 ] [3 ] 

[2 ] [3 ] 



 

9  Халық 

күйі 

«Жастар биі».  



1. Күйді талдау. 

 2. Күй қағыстары. 

[2 ] [3 ] 



 

10  Аспаппен 

сүйемелдеу. 

«Айналайын  ақ 

мамам»  əнін  оң 

қолда ойнау. 

1. Əн əуенін үйрену. 

  2. Əндегі ұзақтықтар. 



  

 

10 



[9 ]; [12] 

11  Халық 

күйі 

«Келіншек. 



1.  Күйді  орта  буында 

талдау. 


 2. Күй қағыстары 

11 


[1 ] [8 ]; [10 

 

12  Аспаппен қостап 



ойнау. 

 

1.А.Меңжанова 



«Болайықшы 

осындай» 

əні. 

2. Əнді талдау. 



12 

[11 ]: [12 ] 

 

13  Аспапта 



Ө.Байділдаевтың 

«Сүйікті 

мектебім» əнін 

ойнау. 


1.  Əндегі  динамикалық 

белгілер. 

  2.  Əндегі  альтерация 

белгілері. 



 

13 


[7 ];[8 ] 

 

14  Əн сипаты. 



 

1.  Əндегі  динамикалық 

белгілер. 

 2.  Əндегі  альтерация 

белгілері. 

14 


[10 ]; [15 ] 

15  Хормен əн салу.  1. Хор туралы түсінік. 

 2. 

Хорға 


арналған 

шығармалар. 

15 

[5 ]; [18 ] 



 

 

7.  Курс бағдарламасы бойынша əдістемелік ұсыныстар 



Практикалық (семинарлық) жəне лабораториялық сабақтар 

бойынша методикалық ұсыныстар. 

№1 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Аспапта ойнап үйрену 

Мақсаты: Студенттердің аспапқа ойнау машықтарын қалыптастыру. 

Негізгі сұрақтар: 1. Оң жəне сол қолға арналған жаттығулар. 

                       2. Пернелерге дыбыстардың  орналасу қатары 



                       3. Атауы жəне белгіленуі 

Əдістемелік ұсыныс:  

Аспапта  ойнау.  Өткен  дəріс  сабақ  тақырыбы  бойынша  практикалық 

сабақта аспапта ойнап көрсету жəне  түсіндіру арқылы ұйымдастыру. Сабақта ең 

негізгісі домбыра аспабы жəне нота дəптері қолданылады. №1,2 əдебиеттер тізімі 

бойынша Гамма ойнау. 

№2 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Нота ұзақтығы.  

Мақсаты:  Студенттерді  нота  əліппесімен  таныстыра  отырып,  ноталық 

сауаттылығын арттыру. 



Негізгі сұрақтар: 1. Нота ұзақтығының түрлері. 

                                2.Халық əні.  

Əдістемелік ұсыныс:  

Аспапта ойнау. Нота ұзақтығы жазылған плакат пайдаланылады. 

 Нота ұзақтығының кестесі. «Елім-ай» халық əнін нота ұзақтығымен санау. 

● – Бүтін –ең ұзақ нота -  1и, 2и, 3и, 4и. 

 

○  -Жартылық – 1и, 2и  



   

● - Төрттік (ширек)- 1и 

♪ - Сегіздік 1 немесе и 

   ײַ  Оналтылық екі дыбыс- 1 немесе и                    

●  

№3 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Халық əні «Еркем-ай» 

Мақсаты: Əнді талдауға жəне тыңдауға үйрету. 

Негізгі сұрақтар: 1. Əніндегі динамикалық белгілер.   

                               2. Əн екпіні. 

Əдістемелік ұсыныс:  

Презентация.Динамикалық  белгілер  түрлерін  таныстырып  өту.  Динамикалық 

белгілер жазылған плакатпен жұмыс. Мысалдар беріледі. 

Белгіленуі 

Атауы 


Мағынасы 

Пиано  



Дыбыс 

күшін 


жай 

шығару 


PP 

Пианиссимо 

Дыбыс 

күшін 


өте 

ақырын шығару 

Форте 



Дыбыс  күшін  қатты 

шығару 


FF 

Фортиссимо 

Дыбыс  күшін  өте  қатты 

шығару 


mf 

Меццо-форте 

Дыбыс  күшін  орташа-

бəсеңдеу шығару 

 

Екпіндер 

 Марш екпіні                Вальс екпіні                   Шапшаң              Баяу 

______________________________________________________________________

_2_____________________3______________________________________________

_4_____________________4______________________________________________

______________________________________________________________________ 



№4 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: И.Нүсіпбаев «Қызыл жалау» əні 

Мақсаты: И.Нүсіпбаев жəне оның əндерімен студенттерді таныстыру. 

Негізгі сұрақтар: 1. Сазгер əні. 

                        2. Əнге сипаттама. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Пікірталас. А) Сазгер дегеніміз кім? Осы сұрақ төңірегінде ой қозғау. 

 

                       Əн шығарушы                                                Балалар композиторы 



                              

 

 



                                         «Қызыл жалау» т.б. əндер авторы 

Ə)  Топпен  жұмыс.  Алдарына  карточка  таратылады.  Онда  түрлі  əндер  атаулары 

болады. Соның ішінен И.Нүсіпбаев əндерін табу.  

Тапсырма  үлгісі:  «Құттықтаймын  мама,  туған  күніңмен!»,  «Ортеке», 

«Бақытты балалық шақ», «Қызыл жалау», «Ойыншықтар», «Біз өмірдің гүліміз», 

«Мектеп  полькасы»,  Көктем»,  «Ел  қорғауға  əзірміз  «Домбырасыз  сəн  қайда», 

«Төлдер»,  «Дос болайық бəріміз», «Кел билейік», «Мұғалім ол біздің», «Анадай 

асыл  мектебім»,  «Жарқын  жүзді  ұстазым»,  «Шырша»,  «Əліппе»,  «Ақ  əжем», 

«Каникулда»,«Ана», «Жау-жау жаңбыр».  



№5 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Халық күйі «Келіншек. 

Мақсаты: Күй туралы түсінік қалыптастыра отырып, «Келіншек» күйін тыңдату 

жəне үйрету. 



Негізгі сұрақтар: 1. Күй туралы əңгіме.  

                                2. Күйді талдау. 

Əдістемелік ұсыныс:  

Сазгер 


И.Нүсіпбаев 

Сабақ  конференция.  Бұған  студенттер  алдын  –  ала  өздері  дайындап  келген 

баяндамаларын  оқиды.  Əр  баяндамашыға  тақырып  бойынша  түрлі  сұрақтар 

қойылады. Конференция хатшысы жəне төраға немесе төрайымы болады. 

№6 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Халық күйі «Келіншек. 

Мақсаты: Күйді ойнауға үйрету. 



Негізгі сұрақтар: 1. Күйді орта буында талдау. 

                        2. Күй қағыстары. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Сайыс  сабақ.  Сабақ  тақырыбы  бойынша  студенттердің  барлығы  жеке-жеке 

«Келіншек»  күйін  орындайды.  Шығарма  орындап  болғаннан  кейін  əділ 

бағалаушылар  (əділқазылар)  сұрақтар  қойып,  орындаушы  жетістіктері  мен 

кемшіліктерін айтады. Мыс: күй қағыстары, екпіні т.б. 



№7 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Дəулеткерейдің «Қос алқа» күйі 

Мақсаты: Күйші жəне оның күйлерімен таныстыру, ойнап үйрету. 

Негізгі сұрақтар: 1. Күйді талдау. 

                        2. Күй қағыстары. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Презентация.Студенттер  аудиторияға  күй  ырғағымен  кіреді.  Күйден  алған 

əсерлері  сұралады.  Күй  жазылған  партитура  бойынша  күй  талданып,  үйретіледі. 

Сабақта  домбыра,  күйтабақ  қолданылады.  Оқытушы  домбыра  аспабында  

Дəулеткерейдің «Қосалқа» күйін орындап, оның шығу тарихымен таныстырады.  



№8Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Дəулеткерейдің «Қос алқа» күйі 

Мақсаты: Нотамен «Қос алқа» күйін ойнап үйрету. 

Негізгі сұрақтар:  Күй қағыстары. 

Əдістемелік ұсыныс:  

Презентация.Домбыра  аспабында    Дəулеткерейдің  «Қосалқа»  күйін  орындап, 

талдау. Күй жөнінде сұрақтар қою. Күйді орта буында ойнап көрсету. 

 

№9 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Халық күйі «Жастар биі» 

Мақсаты: Халық күйі «Жастар биін» нотамен ойнап үйрету. 

Негізгі сұрақтар: 1. Күйді талдау. 

                        2. Күй қағыстары. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Презентация.  Халық  күйі  –авторы  ұмыт  болған  шығарма.  «Жастар  биі»  күйі 

жалында, жеңіл, ойнақы орындалады. Кітаптан күй нотасы беріледі.  



№10 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Аспаппен сүйемелдеу. «Айналайын ақ мамам» əні 

Мақсаты: «Айналайын ақ мамам» əнін аспаппен сүйемелдеуге үйрету.  

Негізгі сұрақтар: 1. Əн əуенін үйрену. 

                        2. Əндегі ұзақтықтар. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Əн туралы əңгіме. Оқытушы əнді өзі орындап көрсетеді. Студенттер əннен алған 

əсерлерімен бөліседі. Əнмен жұмыс. Əнді нота ұзақтығымен санап ойнайды. 



№11 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Халық күйі «Келіншек 

Мақсаты: Күйді ойнауға үйрету. 

Негізгі сұрақтар: 1. Күйді орта буында талдау.  

                               2. Күй қағыстары. 

Əдістемелік ұсыныс:  

Концерттік сабақ. Сабақ тақырыбы бойынша студенттердің барлығы жеке-жеке 

«Келіншек» күйін орындайды. Шығарма орындап болғаннан кейін тыңдаушылар 

орындаушыға  күйдің  шығу  тарихы,  ерекшелігі  туралы  сұрақтар  қойады.  Күйдің 

қағыстар орта буында қайталанып үйретіледі 



№12 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Аспаппен қостап ойнау 

Мақсаты: Студенттерды аспапта ойнауға қызықтыру. 

Негізгі сұрақтар: 1.А.Меңжанова «Болайықшы осындай» əні. 

                        2. Əнді талдау. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Презентация.Əн  орындалады.  Əнді  тыңдай  отырып  əнге  аннотация  жазылады, 

яғни  талдау.  Ол  төмендегідей  үлгіде  жасалынады:  Əннің  аты,  шығарушы 

авторлары,  қандай  өлшемде  жазылған,  екпіні  қандай,  əндегі  биік  жəне  төменгі 

ноталар,  əннің  сипаты  қандай,  не  туралы,  əндегі  динамикалық  белгілер,  қалай 

орындалды т.б. сұрақтарға жауап жазылады.  

№13 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Ө.Байділдаев «Сүйікті мектебім» əні. 

Мақсаты: Композитор əнімен таныстыру, əнді үйрету. 

Негізгі сұрақтар: 1. Əндегі динамикалық белгілер. 

                       2. Əндегі альтерация белгілері. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Лекция-концерт.  Жүргізуші  (оқытушы)  Ө.Байділдаевтың  өскен  ортасы,  туған 

жері т.б. жөнінде əңгімелейді. Студенттер оның əндерін орындап береді.  



№14 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Əн сипаты 

Мақсаты: Студенттердің əнге деген сүйіспеншілігін ояту. 

Негізгі сұрақтар: 1. Əндегі динамикалық белгілер. 

                               2. Əндегі альтерация белгілері. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Презентация. Əн туралы оқытушы презентация жасайды. Сол арқылы студенттер 

бір-біріне сұрақтар қояды.  

 

 

 



 

 

 



                 Пиано - Дыбыс күшін жай шығару 

PP                  Пианиссимо - Дыбыс күшін өте ақырын шығару 

                 Форте  - Дыбыс күшін қатты шығару 

               Фортиссимо  - Дыбыс күшін өте қатты шығару 

mf                  Меццо-форте - Дыбыс күшін орташа-бəсеңдеу шығару 

                      Альтерация таңбалары 

                      Бемоль – дыбысты жарты тонға төмендету. 

                      Диез – дыбысты жарты тонға жоғарылату. 

                

Бекарь - дыбыс күшін жою. 



 

 

 



 

 

 

№15 Практикалық сабақ  

Тақырыбы: Хормен əн салу 

Мақсаты: Хор туралы түсінік бере отырып, хормен, топпен əн салуға баулу. 

Негізгі сұрақтар: 1. Хор туралы түсінік. 

                               2. Хорға арналған шығармалар. 



Əдістемелік ұсыныс:  

Пікірталас.  Хор  туралы  білетіндерін  ортаға  салу.  Хордың  орындауында  Украин 

халық əні «Құс». Əнді үйрену. 

 

ОЖСӨЖ 

№1  ОЖСӨЖ  тақырыбы:  1.  Аспапшы  отырысы.  Оң  жəне  сол  қолға  арналған 

жаттығулар. 

Мақсаты: Шығармаларға қол жаттықтыру. 

Өту формасы: Диалог 

Тапсырма, сұрақтар:   1. Оң жəне сол қолға арналған қағыстарды қайталап ойна. 

Жаттығуды орындау.      

  2. Музыкалық сөздерді, анықтамаларды жазып ал. 



жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет