Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011



жүктеу 0.52 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата12.01.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

 

 

5. Дəріс мəтіндері 

№ 1 дəріс 

Дəріс тақырыбы: Кіріспе. 

Дəріс мазмұны: 1. Аспаптарға сипаттама.  

                             2. Аспап пернелерінің орналасуы. 



Мақсаты:  Аспаптар  туралы  түсінік  қалыптастыру,  олардың  үндерін  бір-

бірінен ажырата білуге үйрету. 



Кілттік сөздер: Жеті дыбыс, нота, перне. 

1. Музыкалық аспаптардың шығу тегін, дамуын, құрылыс-құрылымын, 

жасалуын,  дыбыстық  ерекшелігін,  əуендік-əуездік  мүмкіндігін,  қызметін, 

мақсатын,  мəн-маңызын  зерттейтін  ғылым  саласы  аспаптану  деп  аталады. 

Қазіргі  белгілі  болып  отырған  көне  түрік  жазба  ескерткіштерінен  сол  кезде 

пайдаланылған  кейбір  аспаптар  жайлы  əжептəуір  мағлұмат  алуға  болар  еді. 

Аспаптардың  пайда  болу  тарихы    көне  заманнан  бастау  алады.  Қазақ 

музыкалық  аспаптары  дегенде  ойға  оралып,  тілге  тиек  болатын  тарихи 

тұлғаның бірі-Қорқыт. Ол-қазақ музыкасының атасы. Композитор, қобызшы, 

аспап жасаушы, дана, білгір. 


Қорқыт,  Нысан  сияқты  абыздарды  көзімен  көріп,  көңіліне  тоқыған 

шəкірттер  болды.  Қорқыт,  Əл-Фараби  замандас  ұлылар.  Əл-Фарабидің 

философиялық  ой-қозғалыстары  ішінде  қазақ  музыкатанушылары  үшін  аса 

құнды  еңбегі,-  «Музыканың  ұлы  кітабы».  Бұл  кітабында  Əл-Фараби 

музыкатану, оның ішінде аспаптану ғылымының да негізін қалайды.  

2. Музыка да негізінен жеті дыбыс бар. Олар: До, ре, ми, фа, соль, ля, 

си,  до.  Ол  аспап  бойына  пернелерге  не  басқыштарға  орналасады.  Музыка 

дыбыстарын  жазу  үшін  нота  таңбалары  қолданылады.  Олар  бес  сызықтан 

тұратын тағанға орналастырылады.  Нота тағаны: 

Ол скрипка кілтімен ашылып, əрбір нотаның орнын анықтайды.  

     Олар: до, ре, ми, фа, сол, ля, си. – негізгі жеті дыбыс.  

Октава  дегеніміз-  ұқсас  ноталар  аралығы  до-дан  –до-ға  дейінгі  сегіз  дыбыс 

аралығы.  



Өзіндік бақылау сұрақтары: 

1. Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер, олар қалай топтасады? 

2. Аспапта қалай отыру керек? 

3. Аспап негізін салушылар? 

4. Қобыз аспабының негізін қалаушы кім? 

5. негізгі дыбыстар, олардың орналасауы. 



Əдебиеттер: [1; -беттер ]; [2;- ]; [3;- ]; 

2 апта 

№ 2 дəріс 

Тақырып:  Музыка сабағында балалар аспаптарын қолдану. 

Мақсаты:  Балалар  аспаптары  түрлерімен  таныстыра  отырып,  олардың 

дыбысталуын, аспапта ойнау алу дағдыларын қалыптастыру. 



Кілттік сөздер: Балалайка, Металлафон, Румба, Маракас т.б. 

Дəріс мазмұны: 1. Балалар аспаптарының  түрлері. 

                              2. Аспаптарды пайдалану. 

1. Балалар аспаптары: 

1.  Ішекті – балалайка, мандарин 

2.  Үрмелі-флейта, саксафон 

3.  Түймелі тілшікті- баян, акордион 

4.  Ұрмалы- күйсандық 

5.  Ұрмалы- бубен, үшбұрыш, барабан, румба, трещетка т.б. 



Металлафон  –  латын  тілінен  «металл  дыбыстылық»  дегенді  білдіреді. 

Темір тілшіктен құралған музыкалық аспап. Басына мата оралған таяқшамен 

ойнайды.  Қатты  ойнағанда  ашық  үн  естіледі.,  ақырын  ойнаса  таза  мөлдір, 

сыңғырлап естіледі. 



Румба  –  латын  американдық  сəндік  биден  шыққан.  Бишілер  қолдарына 

қос-қостан  сылдырмақ  тағылған  ағаш  аспапты  ұстай  жүріп  билейді.  Бұл 

аспап  румба  деп  аталады.  Оны  сілкіп  не  оң  қолға  ұстап,  сол  қолмен  соғу 

арқылы түрлі ырғақтық үн шығарады.  



Маракас – латын америкасынан шыққан, какос жаңғағы сияқты формасы, 

ішіне  тастың  ұнтағы  зəйтүн  ағашының  дəндерін  салады.  Қазіргі  кезде 



ағашиан,  металлдан  жасайды  да  ішіне  əртүрлі  ұнтақ  салып  сілкіп,  қозғап 

ойнайды. 



 

Ұшбұрыш  –  ұрмалы  музыкалық  аспап.  Оны  темірден  ұшбұрыштап  иіп 

жасайды. Дыбысы  нəзік, əрі ашық болады. Аспапты металл таяқшамен ұру 

арқылы үн шығарады.  

Бубен  –  ежелгі  елдерде  ертеде  пайда  болған  ұрмалы  аспап.  Ағаштан  

жасалған шанақ үстіне жұқа былғары керіледі. Шанақтың жан-жағына темір 

шылдырмақ  тағылады.  Бубенді  сілку  арқылы  қолмен  соғу  не  саусақпен 

дірілдету арқылы ойнайды. 



Трещотка  –  сылдырмақ  ойыншық,  орыс  халқының  аспабы.  Жоғары 

жағын  жіпке  тізілген  таяқшалар  құрайды.  Ойнаушы  жіпті  2  жағынан  ұстап, 

сілку арқылы құрғақ дыбысты əртүрлі дыбыс шығарады.  

2.  Бастауыш  сыныптарда  қарапайым  музыкалық  аспаптарды,  яғни 

ойнауға  жеңіл  асатаяқ,  тайтұяқ,  үшбұрыш,  бубен,  маракас  т.б.  қолдану 

балалардың  музыкаға  деген  ынтасын,  сүйіспеншілігін,  белсенділігін, 

жауапкершілігін  арттырады.  Олардың  музыкалық  қабілетін  дамытуға, 

шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал тигізеді. Шығармашылық 

əрекет  кезінде  музыканы  қабылдау,  бірігіп  орындау  (ансамбль),  сезімі  жəне 

дағдысы  дамиды.Балалар  үшін  сабақта  қолданылатын  музыкалық  аспаптар 

көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, əрі мықты болуы 

керек.  Аспаптарды  таратып  берген  соң  мұғалім  оның  шығу  тарихы,  тембрі 

туралы  түсінік  бере  отырып,  оны  сабақта  пайдаланудың  тиімділігін, 

мақсатын  əңгімелеп,  ойнау  тəсілдерін  көрсеткені  жөн.  Мұғалім  балалардың 

одан 

əрі 


қызығушылығын 

арттыра 


түсуі 

үшін 


Құрманғазының 

«балбырауын»,  Дəулеткерейдің  «Қос  алқа»,  халық  күйі  «Келіншек»  т.с.с. 

жеңіл,  ойнақы  күйлерден  үзінділер  алып  қолдарына  аспап  беріп  бірге 

ойнатуына болады.   



Өзіндік бақылау сұрақтары: 

1.  Балалар аспаптарын атап беріңіз? 

2.  румба дегеніміз қандай аспап? 

3.  Бубен дегеніміз қандай аспап? 

4.  Аспаптарды сабақта қалай пайдалануға болады?  

Əдебиеттер: [8- ], [4- ]. 

3 апта 

№ 3 дəріс 

Тақырып: Күй табиғаты.  

Мақсаты:  Қазақ  халқына  тəн  ерекше  дамыған  күй  өнері  жəне  оның 

түрлерімен кеңінен таныстыра отырып, оның мазмұнын ұғындыру.  



Кілттік сөздер: Күй. Төкпе күй. Шертпе күй.  

Дəріс мазмұны: 1. Төкпе күйлер. 

                             2. Шертпе күйлер. 

1.  Төкпе  күйлер  –  бұл  күйлер  көбінесе  Батыс  Қазақстанда,  кіші  жүз 

қазақтарында қалыптасқан. Бұл күйлердің екпініжүрдек, шапшаң, алай-дүлей 

шабыс,  ат  тұяғының  сатыры  естілгендей  болады.  «Кіші  жүзді  найза  бер  де 

жауға қой» - дегендей, көрші орыс, қалмақтармен көп қақтығысқандықтан да 



болар немесе С.Датов, И.Тайманов т.б. көтерілістер де күй мінезіне əсер етуі 

хақ.  Мысалы,  «Нарату»,  «Бөгелек»,  «Адай»,  «Төремұрат»,  «Түрмеден 

қашқан», «Тартыс» т.б. күйлер. 

2.  Шертпе  күйлер-қазақтың  күй  жанрының  ішіндегі  көп  тараған 

күйлерінің  бірі.  Екі  ішектен  қос  дауыстың  мүмкіншілігін  жеке-жеке 

пайдаланып,  нəзік  нюанстар,  əсем  қағыстарға,  сыршыл  лиризмге  толы 

көптеген 

күйлер 


топтастырады. 

Шертпе 


күйлер 

мектебін 

қалыптастырушылар  Тəттімбет,  Тоқа,  т.б.  жəне  бұл  өнерді  əрі  қарай 

жалғастырушылар Ə.Хасенов, М.Хамзин, Т.Момбеков т.б.  



Өзіндік бақылау сұрақтары: 

1.  Күй жанры дегеніміз не? 

2.  Күйдің қандай  түрлері бар? 

3.  Шертпе күй мен төкпе күй дегеніміз ? 

4.  Шертпе күйлерге қандай күйлер жатады? 

5.  Төкпе күйге қандай күйлерді жатқызуға болады? 

6.  Төкпе жəне шертпе күй өнерінің негізін қалаушы қандай күйшілерді 

білесің? 



Əдебиеттер: [4 ]; [5 ]; [6 ]. 

4 апта 

№ 4 дəріс 

Тақырып: Аңыз күйлер. 

Мақсаты: Аңыз күйлерге кеңінен тоқталып, мазмұнын ұғындыру. 

Кілттік сөздер: Аңыз күйлер. 

Дəріс мазмұны: 1. Аңыз күйлерге сипаттама. 

                             2. «Жетім бала», «Нар идірген» т.б. аңыз күйлері. 

1. Аңыз-ертегілерге құралған қазақтың бағдарламалы күй жанры. Аңыз 

күйлер  тақырып  жағынан  сан-салалы  болып  келеді.  Көптеген  күйлер 

жаугершілік  заман  хикаяларынан,  тұрмыс-салт  көріністерін,  хайуанаттар 

өмірін,  кең  қоныс,  жер-су  жайын  баяндайды.  Кейбір  де  адамның  өмірі  мен 

өлімі жайлы да философиялық ой толғанысы да  ннегізделеді.  

2. Мысалы, «Боз айғыр», «Ақсақ құлан», «Нар идірген» т.б. 

«Нар  идірген»  күйі:  «Ерте  заманда  кедей  шалдың  жалғыз  нары  болады. 

Ботасынан  айырылған  нар  боздап,  емшегі  иімей  қиналады.  Шал  ауыл 

арасына мынадай хабар жібереді: 

- «Кім де кім нарды иітіп берсе, соған жалғыз қызымды беремін», дейді. 

Маяны (түйені) иітуге үш домбырашы келеді. Олар: шал, жас жігіт жəне 

бала.  Үш  домбырашы  келісіп  бірінші  кезекті  жасы  үлкен  шалға  береді. 

Шал  домбыраны  ботаның  боздағанына  ұқсатып  тартқанда,  маяның 

емшегі  ий  бастайды».  Мұны  сезген  қыз  нардың  емшегін  қысып  ұстап 

тұрады да, ортасынан аса бергенде:  

-Имеді!  Домбыраны  келесіге  беріңіз,  -  дейді.  Бұл  шалға  бармау  үшін 

қыздың  істеген  əрекеті  екен.  Екінші  кезекті  алған  жігіт  домбыраны 

күңіренте  тартады.  Қыз  өз  ісін  сол  жерде  отырғандарға  сездірмес  үшін 

күй біраз тартылғаннан кейін маяның емшегін босатып, сауа бастайды». 

Ат артып арнайы келген балаға кезек жетпей қалады.  



Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Аңыз күйлердің арнау немесе басқа күй түрлеріне қарағанда 

айырмашылығы  неде? 

2.  Қандай күйлерді аңыз күйлер деп атауымызға болады? 

3.  «Ақсақ құлан», «Нар идірген»,  «Жетім бала» т.б. аңыз күйлерінің 

шығу тарихын əңгімелеп бер? 

Əдебиеттер: [5 ]; [8 ] 

5 апта 

№ 5 дəріс 

Тақырып: Тарихи күйлер. 

Мақсаты: Тарихи күйлер түрлерімен таныстыру. 

Кілттік сөздер: Тарихи күйлер. 

Дəріс мазмұны: 1. Тарихи күйлерге сипаттама. 

                             2. Тарихи күйлерге тоқталу.  

1. Тарихи күйлер- қазақ халқының тарихы  небір оқиғаларға толы. Ал 

мəдениет  əрқашанда  тарихпен  тығыз  байланысты  десек,  күй  соның  бір 

тармағы.  Халық  күйлері  тарихи  күйлермен  тығыз  байланысты.  Күйлердің 

тарихи  сипатын,  күйшілердің  қозғаған  тақырыбы  мен  қойған  аттарынан  да 

аңғаруға  болады.  Мысалы:  «Ел  айрылған»,  «Он  алтыншы  жыл»  т.б.  күйлер 

тарихи оқиғаларға байланысты туған. 

2. Құрманғазының күйінің аты «Кішкентай» болғанымен, мазмұны өте 

көлемді.  Автор  бұл  күйінде  елдегі  жағдайды,  қайғылы  көңіл-күйді 

суреттейді. Күйді  Махамбет пен Исатайға арнаған.  

Құрманғазының  тағы  бір  күйі  бұл-«Түрмеден  қашқан»  күйі. 

Құрманғазы  түрмеге  түседі.  Түрмеде  жатқан  кезінде  бір  күні  оған  бір  адам 

келіп  тұрғанын  хабарлайды.  Бұған  Құрманғазы  аң-таң  болады. 

Құрманғазыны  арнайы  кездесетін  бөлмеге  алып  келеді.  Құрманғазы 

анасымен  кездеседі.Анасы  баласын  арнайы  іздеп  келген  екен.  Анасы 

Құрманғазыға  əдейілеп  ауылдан  дəм-тұз  əкеледі.  Құрманғазы  оны 

түрмедегілермен  бөліседі.  Бұған  риза  болған  қасындағы  жолдастары  оған: 

«Осы  оқиғаға  да  бір  күй  арнасайшы»  деп  қолына  домбырасын  береді.  Бұл 

күй осылай пайда болған екен.  



Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Тарихи  күйлердің  басқа  күйлерге  қарағанда  тақырыптық  мазмұны 

қандай? 

2.  «Кішкентай» кімнің күйі жəне шығу тарихын əңгімелеп бер? 

3.  Құрманғазының «Түрмеден қашқан» қандай оқиға баяндалады? 

Əдебиеттер: [6 ]; [8 ]. 



6 апта 

№ 6 дəріс 

Тақырып: Төкпе күй жəне күйшілер. 

Мақсаты:  Төкпе  күй  жəне  төкпе  күй  негізін  салушы  күйшілермен 

таныстыру. 



Кілттік сөздер: Төкпе күй. 

Дəріс мазмұны: 1. Төкпе күйлерге сипаттама. 

                             2. Төкпе күйшілерге тоқталу. 

1.  Төкпе  күйлер  –  бұл  күйлер  көбінесе  Батыс  Қазақстанда,  кіші  жүз 

қазақтарында қалыптасқан. Бұл күйлердің екпініжүрдек, шапшаң, алай-дүлей 

шабыс,  ат  тұяғының  сатыры  естілгендей  болады.  «Кіші  жүзді  найза  бер  де 

жауға қой» - дегендей, көрші орыс, қалмақтармен көп қақтығысқандықтан да 

болар немесе С.Датов, И.Тайманов т.б. көтерілістер де күй мінезіне əсер етуі 

хақ.  Мысалы,  «Нарату»,  «Бөгелек»,  «Адай»,  «Төремұрат»,  «Түрмеден 

қашқан», «Тартыс» т.б. күйлер. 

2. Төкпе күй Батыс өңіріне тəн болғандықтан оның негізін қалаушылар 

–  Құрманғазы,  Түркеш,  Сейтек,  Махамбет  т.б.  күйшілерді  атай  аламыз. 

Құрманғазы  əйгілі  «Сарыарқа»,  «Адай»,  «Серпер»  күйлерін,  Түркештің 

«Көңіл  ашар»,  «Қарабас»  т.б.,  Махамбеттің  «Қайран,  Нарын»,  «Жұмыр-

Қылыш» күйлерімен танымал.  

Өзіндік бақылау сұрақтары: 

1.  Төкпе күйге сипаттама бер? 

2.  Қандай күйлерді төкпе күйлерге жатқызуға болады? 

3.  Төкпе күйлер қай өңірде жақсы дамыған? 

4.  Төкпе қандай күйшілерді атай аласың?  

Əдебиеттер: [8 ]; [9 ]; [22 ]; [23]  

7 апта 

№ 7 дəріс 

Тақырып: Түркеш Қалқаұлы. 

Мақсаты:  Төкпе  күй  өнерінің  негізін  салушылардың  бір  өкілі  -  Түркеш 

Қалқаұлы туралы мəліметтер беріп, оның күйлерімен таныстыру. 



Дəріс мазмұны: 1. Күйші өмір жолы. 

                             2. Түркеш күйлері. 

1.  Түркеш  Қалқаұлы  қазақтың  халық  күйшісі.  Қаратөбе  жерінде 

дүниеге  келген.  Ол өзінің өмірін, өнерін  əділетсіздік пен  озбырлыққа  қарсы 

күрес  жолына  жұмсаған.  Сол  үшін  бай-болыстардың  қудалауына  ұшырап, 

Орда, Орал, астрахань түрмелерінде қамауда болған.  

2.  Түркештің  халыққа  белгілі  күйлерінің  бірі  –  «Көңіл  ашар».  Түркеш 

бұл  күйін  ел  қамын  ойлаған,  күйшісінің  өнеріне  бас  иген,  досы  Салық 

Бабажановқа арнап «Көңіл ашар» күйін шығарған. Бұл сондай жайдары, шат 

көңілді, шындығында да атына сай күй. 

«Қарабас» күйі – халық күйшілерінің қай-қайсысы болмасын өздерінің 

сапарларында  үнемі  бірге  болатын  жол  серіктері  астындағы  аттарын  күйге 

қосқан.  Сондай  күйшінің  бірі  –Түркеш.  Жүрісі  жəйлі,  бұл  жорға  атына 

«Қарабас» күйін шығарған.  



Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Түркеш Қалқаұлы қай өңірдің күйшісі? 

2.  Түркештің қандай күйлерін білесің? 

Əдебиеттер: [4 ] [6] 

8 апта 

№ 8 дəріс 

Тақырып: Дина Нүрпейісова. 


Мақсаты: Дина күйлерімен кеңінен таныстыру. 

Дəріс мазмұны: 1. Күйші өмір жолы. 

                             2. Дина күйлері. 

1.  Дина  Нүрпейісова  –Батыс  Қазақстан  обл,  Жаңақала  ауданында 

дүниеге  келген.  Қазақ  музыка  мəдениетініңаса  көрнекті  қайраткері,  күйші-

композитор.  Əкесі  Кенже  де  домбырашы  болған.  Дина  талантына  тəнті 

болған,  10  жылдай  ұстадық  еткен  Құрманғазы:  «Менің  оң  қолым  мен 

Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас 

еді» деген.  

2. «Той бастар» күйі Динаның 1940 жылы өткен Қазақстанның жиырма 

жылдық тойына арнап шығарған күйі.  

«Науаи»  күйі  өзбек  халқының  ұлы  ақыны  Əлішер  науаиге  арнап 

шығарған күйі.  



Өзіндік бақылау сұрақтары: 

1.  Дина əжеміз қандай танымал күйшіден бата алған? 

2.  Дина күйлерінің ерекшелігі қандай? 

3.  Қандай күйлерін атай аласың? 

 

Əдебиеттер: [6 ]; [20]; [21 ]; 

9 апта 

№ 9 дəріс 

Тақырып: Қазанғап Тілепбергенұлы 

Мақсаты: Қазанғап Тілепбергенұлы күйлерімен кеңінен таныстыру. 

Дəріс мазмұны: 1. Күйші өмір жолы. 

                             2. Қазанғап күйлері. 

1.  Қазанғап  Тілепбергенұлы  –Ақтөбе  обл,  Шалқар  ауд  Ақбауыр  деген 

жерде  дүниеге  келген.  Тұңғыш  шығарған  күйі  «Торы  ат».  Қазанғап 

домбырасындағы  сүйретпе  қағыс  пен  ілме  қағысты  астастырумен 

ерекшеленеді, əрі күйлерінің идеялық-көркемдік диапазоны кең.  

2.  Қазанғаптың  «Ақжелең»,  «Кербез  Ақжелең»,  «Домалатпай», 

«Қаратас», «Бөгелек», «Құс қайтару» жəне т.б. күйлері бар.  

«Майда қоңыр» күйін ақыл-парасатымен, жібектей биязы мінезімен, ел 

–жұртын  сүйсіндірген  бір  қызға  арнап  шығарған  күйі.  Өз  замандасының 

майда қоңыр мінезін музыка тілімен өрнектеген.  

Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Қазанғап күйлерін ата? 

2.  «Құс қайтару» күйінің шығу тарихы? 

Əдебиеттер: [6 ]; [2 ]; [3 ]. 

10 апта 

№ 10 дəріс 

Тақырып: Фортепиано аспабы туралы түсінік. 

Мақсаты:  Фортепиано  аспабының  құрылысы,  ерекшелігі  туралы  түсінік 

қалыптастыру. 



Кілттік сөздер: «Форте»,  «Пиано». «Рояль». «Педаль». 

Дəріс мазмұны: 1. Аспап туралы түсінік. 

                             2. Аспапшы отырысы. 

1. «Фортепиано» аспабының атауы - бұл «форте» - қатты жəне «пиано» 

жай, ақырын деген сөздерден шыққан. Аспап ойналған кезде шығармаларды 

құбылтады,  бірде  ақырын,  бірде  шығарманың  шарықтау  шебін  көрсетеді. 

Аспаптың  екі  түрі  бар.  Бірі  –оқу  орындарында  немесе    үй  жағдайында 

қолдануға  болатын  түрі-«Пианино»  деп  аталса,  екіншісі  өнер  ордаларында, 

концерт залдарында пайдаланылатын – «Рояль» аспабы.  

2.  Аспапқа  отырушы  аспаптан  алшақ  орындықта  денесін  бүкірейтпей, 

тік  ұстап,  екі  қолы  аспап  басқыштарында  болуы  керек.  Қолдың  қойылымы 

аспап  басқыштарынан  төмен  болмай,  үстінде  жатуы  тиіс.  Аспапта  ойнап 

отырғанда  орындықты  не  аяқты  қозғалтуға  болмайды.  Аспап  астыңғы 

жағында  дыбыстың  күшін  кенеттен  ақырын  немесе  қатты  шығаруға 

көмектесетін басқыш – «педаль» бар. 

Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  . «Фортепиано» аспабының атауы қандай сөзден шыққан.  

2.  Аспап атауы кімнің құрметіне арналған. 

3.  Аспаптың қандай түрлері бар жəне айырмашылығы 

4.  Аспапта отыру ерекшелігі қандай? 

5.  Дыбыс  күшін  азайтып,  күшейтіп,  үзбей  орындау  қандай  құрал 

көмегімен жүзеге асады? 

Əдебиеттер: [9]; [11 ] 

11 апта 

№ 11 дəріс 

Тақырып: «Айналайын ақ мамам» əнінің екпіні. 

Мақсаты: Əннің орындалу мазмұнын үйрету. 

Кілттік  сөздер:  Епін.  Жай,  орташа  жəне  жылдам  екпіндер.  Марш  екпіні. 

Вальс екпіні.  



Дəріс мазмұны: 1. Екпін дегеніміз не? 

                             2. Жай, орташа екпіндер. 

1.  Епін  –  музыкалық  шығарманың  мазмұнын,  образын,  сипатын  нақты 

беру  үшін  такт  басына  жылдамдық  екпіні  қойылады.  Екпіндердің 

өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Мысалы,  марш  екпіні-салтанатты, 

салмақты,  ал  вальс  –  жеңіл,  көңілді  орындалады.  Екпіннің  негізгі  үш 

түрі бар. Жай, орташа жəне жылдам.  

2.  Жай.   Орташа.   Жылдам. Марш екпіні- салтанатты, салмақты.Вальс- 

жеңіл,  көңілді.  И.  Нүсіпбаевтың  «Айналайын  ақ  мамам»  əні  -  жай 

екпінмен, нəзік орындалады. 



Өзіндік бақылау сұрақтары:  

1.  Епін дегеніміз не? 

2.  Екпіннің қандай түрлері бар? 

3.  «Айналайын ақ мамам» əнінің екпіні қанлай орындалады? 



Əдебиеттер: [9 ], [12 ] 

12 апта 

№ 12 дəріс 

Тақырып:  Балалар сазгерлері. Бақытжан Байқадамов. 

Мақсаты:  Халық  əндері  мен  қоса  композитор  əндеріне  тоқтала  отырып, 

балалар композиторларымен таныстыру, олардың шығармаларын үйрету. 



Дəріс мазмұны: 1. Сазгер өмір жолы. 

                             2. Сазгер шығармалары. 

1.  Бақытжан  Байқадамов  –  24-наурыз,  1917  жылы  Торғай  қаласында 

дүниеге келеді. Ол жас кезінен өлең жазып, домбыра тартқан. Сонымен қатар 

мектеп қабырғасында жүріп – ақ, математикаға қабілетті екенін байқатады. 

Композитор,  ҚазССР-інің  еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері  (1957),  1937 

ж.  ҚазПИ  –  дің  (Қазіргі  Алматы  мемлекеттік  университетінің)  математика 

факультетін  бітіреді.  Алайда  оның  музыкаға  деген  құштарлығы  басым 

болып,  біржола  өнер  жолына  түседі.  1939  ж.  Қазақстан  Композиторлар 

одағының    мелодист-композиторлар  даярлайтын  курсында  оқиды.  1954  ж. 

Алматы 

мемлекеттік 



консерваториясының 

композитор 

факультетін 

(Профессор  Е.Брусиловскийдің  класы  бойынша)  бітіреді.  1941  ж.  қазақ 

радиосының  хормейстері,  1947  –  1949  жж.  Қазақтың  əйелдер  əн  –  би 

ансамблінің дирижері əрі көркемдік жетекшісі болып, 1948 – 1952 жж. Қазақ 

хорының,  ал  1952-1960жж.  Қазақтың  мемлекеттік  филормониясының 

көркемдік  жағын  басқарады.  1963  жылдан  Алматы  мемлекеттік 

консерваториясының  халық  музыка  аспаптарын  жетілдіру  тəжірибелік 

шеберханасының  кеңесшісі  болды.  Ол  қазақ  ұлттық  музыкасындағы  хор 

жанрын өркендетуге елеулі үлес қосты. Байқадамовтың жазған симфониялық 

поэмалары  («Жарқын  жастық»,  1952);  сюита,  хор  («Бейбітшілік  үшін  хор 

сюитасы», 1953;  бес бөлімді «Жайлау кеші» атты хоры, 1966) мен көптеген 

əндері    («Домбыра»,  «Жастар жыры»  т.б.)    халық арасында  кеңінен  тарады. 

Композитор  шығармашылығында  қазақ  əуендерінің  дəстүрлі  ұлттық 

ерекшеліктері  жан  –  жақты  даму  мен  қатар  байып  молая  түсті  əр  хордағы 

дауыстарды  үндестіру  тəсілдері  қалыптасты.  Байқадамов  сонымен  бірге 

көптеген халық əндерін хорға лайықтап өңдеді.  



2.    Б.Байқадамов  -өзіндік  ерекшелігі  бар  аса  талантты  композитор. 

Оның əндерінің тақырыбы мен көркемдік бейнелеу құралдары өте бай. Оның 

шығармаларында  лирикалық,  жігерлі  əуен  де,  байсалды  баяу  саз  да, 

тасқынды, асқақ юмор сатиралық лебіз де бар.  

Композитордың  творчестволық  принципі  –  мейлінше  халықтық.  Ол 

қазақтың  халық  əн  өнерінің  ырғақ  –нақыш  əуендеріне  сүйенді  жəне  оны 

кеңінен  пайдаланды.  Міне,  осы  қасиеттермен  де  Ə.Тəжібаевтың, 

Н.Шəкеновтың  өлеңдеріне  жазылған  əйгілі  «Домбыра»,  «Ақ  бидай»  əндері 

жастар əндерінің тамаша үлгілері болып танылады.  

«Ақ  бидай»  əні  қазақтың  халық  əнін  заман  интонациясына 

сəйкестендіріп пайдаланудың айқын мысалы, оның əуендік ырғағы халықтық 

фольклорлық дəстүрмен ұштасып жатады.  

Композитор  шығарма  əуенін  түрлендіре  отырып  вариациялық 

принципті пайдаланады. Мəселен, шумақтың соңғы екі жолын қайталағанда, 

алғашқы  əуен  басқаша  жаңарады.  «Ақ  бидай»  əніндегі  музыкалық  екпінді, 

эмоциялық əуен  ерекшеліктерін оның  «Домбыра»  əнінен  де  айқын байқауға 

болады.  Əн  басынан  аяғына  дейін  шабытты,  өршіл  ырғақпен  безендірілген. 


Халық  əндерінің  күлкі,  сықақ,  əзіл  элементтері  қажымас  қайратқа  толыөмір 

үнімен ұштасып, ұласып жатады. Мұндай көңіл күй, жүрдек, жеңіл лебіз «Су 

тасушы қыз» əнінде де бар. Б.Байқадамовтың аталып отырған əндерін халық 

сүйіп тыңдайды, бұлар тіпті республика көлемінен тысқары жерлерге де кең 

тарады.  Сондай  –  ақ  «Колхоз  қызы»  (өлеңі  Б.Ысқақовтікі),  «Сауыншы 

жеңгей» (І.Есенберлин) сияқты күлдіргі əндері де халыққа кеңінен танымал.  

  Б.Байқадамов    балаларға  арнап  та  көптеген  əндер  жазды.  Солардың 

бірі  -  Жамбылдың  өлеңіне  жазған  «Бесік  əні»  де  жан  ұйытар  жылы  сезімге 

толы.  Композитор  бұл  əнінде  Жамбылға  тəн  лирикалық  өлеңнің  мазмұнын 

терең  ашады.  Автор  алаңсыз  өмірдегі  бесіктің  баяу  тербелісін 

фортопианоның  сүйемелдеуімен  бейнелейді.  «Бесік  жыры»  -  балаларға 

айтуға  өте  ыңғайлы  жазылған  қарапайым  құрылымды,  ырғақты  əн.  Балалар 

бұл  əнді  асқан  сезіммен,  жылылықпен  сүйсіне  орындайды.  Əнді  мəнеріне 

жеткізіп  орындау  үшін  музыка  мұғалімі  де  балаларға  оны  түсінуіне,  жылы 

қабылдауына  түрлі  түсіндірмелермен,  көрнекіліктермент  т.б.  жеткізе  білуі 

шарт. Мысалы:  

-  Балалар  «Бесік  жырлары»,  «Əлди-əлди»,  «Бала  уату»  т.с.с.  əндерді 

кімдерге арналған? 

-  Əрине,  кішкентай  бөбектерге,  нəрестелерге,  сіздердің  кішкентай  іні-

қарындастарыңызға арналған. 

- Əнді аналарымыз, апаларымыз қай кездеі айтады? 

- Бөпелеріміз ұйықтар алдында, соларды жұбату, тəтті ұйықтауы үшін 

айтады.  

- Ендеше əнді қалай орындауымыз керек? 

- Дұрыс айтасыңдар, жай, жылы – жұмсақ, ерекше бір сезіммен. Егерде 

біз бар дауысымызбен айқайлап айтсақ олар ұйықтамайды екен.  

Кеңінен  таралған  балалар  əндерінің  бірі  –  М.Əлімбаевтың  өлеңіне 

жазылған  «Менің  папам»  əні.  Бұл  –балалардың  айтуына  жеңіл,  шумақтары 

қысқа,  қайталанып  отыратын  əн.  Сондықтан  да  баллдырғандардың 

көңілдеріне  қонымды,  жаттап  алуларына  оңай.  Балалар  Байқадамовтың 

М.Əлімбаевтың өлеңіне жазған «Жаңа жыл»,  «Бөбегім» əндерін де өте сүйіп 

тыңдайды жəне орындайды.  

Сол  сияқты  композитордың    «Айгөлек»,  «Бесік  əні»,  «Біз  –отанның 

бөбегі», «Бал бөбек», «Кел, билейік» т.б. сияқты əндері бар. 

1998ж. Композитор тұрған үйге (Алматы қаласы, Төлебаев көшесі 177-

үй)  меморлық  тақта  орнатылды,  оның  есімімен  ҚР  мемлекеттік  хор 

капелласы аталады.  

Қазақ  халық  творчествосының  асыл  қазынасының  сырларына  жете 

бойлауы,  оны  ойдағыдай  меңгеруі  композитордың  творчествосына  ықпал 

тигізбей  қалмады.  Оның  жастар  туралы  жəне  балаларға  арнап  жазған 

күлдіргі,  əзілге  толы  немесе  лирикалық  əндері  болсын  өзіндік 

шығармашылық ерекшеліктерімен дараланады.  




жүктеу 0.52 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет