К. Б. Ахметжанова, Е. Е. Татиев



жүктеу 114.02 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.06.2017
өлшемі114.02 Kb.

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 



 

 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ОБщЕСТВЕННЫЕ И ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ

SOCIAL SCIENCES AND HUMANITIES

ӘОЖ 94:903’15(574)



К.Б. АХМЕТЖАНОВА, Е.Е. ТАТИЕВ 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,

Өскемен қ., Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ПЕТРОГЛИФТЕРДІҢ 

(ТАС БЕТІ СУРЕТТЕРІНІҢ) ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Мақалада  отандық  петроглифтердің  зерттелу  тарихы  туралы  шолу  жасалған. 

Сонымен  қатар  автор  зерттеуші  ғалымдардың  тың  деректері  мен  пайымды 

тұжырымдамаларын келтірген. Петроглифтер – Қазақстаннның тарихының айқындап 

беретін, сонау замандарынан келе жатқан материалдық, әрі дәйекті бұлжытпас көрнекілік 

деректер. Қазақ даласындағы осы бір құнды, құжаттық маңызы бар тас бетті суреттерін 

қарастыру, әрі оны тарихи-мәдени қырынан тану біздің басты ғылыми міндеттеріміздің 

бірі болып табылмақ. 



Түйін  сөздер:  отандық  тарих,  мәдениеттану,  миф,  интерпретация,  петроглиф, 

ғылыми методология. 

ИСТОРИЯ ИССЛЕДОВАНИЯ ПЕТРОГЛИФОВ 

(РИСУНКИ НА КАМНЯХ) НА ТЕРРИТОРИИ КАЗАХСТАНА

В  статье  представлен  анализ  истории  изучения  петроглифов,  обнаруженных 

на  территории  Казахстана.  Кроме  того,  автор  выделил  важные  данные  и  концепции 

ученых-исследователей. Петроглифы - это древние изображения, высеченные на стенах 

и  потолках  пещер,  на  открытых  скальных  поверхностях  и  отдельных,  которые  дают 

сведения о материальной и духовной культуре населения Казахстана. Одна из главных 

задач сегодня – изучение и сохранение национального культурного наследия.



Ключевые  слова: 

отечественная  история,

  к

ультурология,  миф  интерпретация, 



петроглифы, научная методология.

HISTORY RESEARCH PETROGLYPHS 

(DRAWINGS ON STONE) IN KAZAKHSTAN

The article presents an analysis of the history of the study of petroglyphs found on the 

territory of Kazakhstan. In addition, the author singled out important data and concepts of 

102


103

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

research scientists. Petroglyphs - this ancient image carved on the walls and ceilings of caves, 

on rock surfaces and open individual, which give information about the material and spiritual 

culture of the population of Kazakhstan. One of the main problems today - the study and pres-

ervation of the national cultural heritage.



Keywords:  national  history,  culture,  myth,  interpretation,  petroglyphs,  scientific 

methodology.

Егеменді  ел  болып  еңсеміз  көтерілген  соң  тарихымыздың  терең 

қойнауларына көз салып, ой елегінен өткізу – еліміз үшін заңды құбылыс. Кез 

келген  ұлт  өркениеттік  даму  барысында  мәдени-философиялық  рефлексияны 

қажет  етеді.  Себебі,  ұлттың  тарихи  тағдырында  өткені  мен  бүгіні,  бүгіні  мен 

болашағы  өзара  сабақтасып,  тұтасып  жатады.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі 

жылдары қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты зерттеулердің қарқын 

алуы  –  ұлттық  сананың  өзінің  түп-тамырларын  тануға  деген  талпынысының 

басты  сипаттарының  бірі.  Он  бес  мың  ғасырлық  тарихы  бар  Қазақстанның 

петроглиф  өнерінде  тарих  бастауларынан  сыр  шертетін  көнеден  қалған 

мәдени мұра, тарихи естің ерекше бір бітімі десек артық айтпаймыз. Еліміздің 

көне  кезеңдеріне,  соның  ішінде  түркі  дәуіріне  қатысты  тас  суреттер  бүгінгі 

күнде  Қазақстан  территориясының  көптеген  аймақтарында  табылып,  жүйелі 

зерттелуде. Бұл тас суреттерде сол дәуірлерде орын алған тарихи оқиғалар ғана 

емес, ұлттық дүниетаным мен наным-сенімдер де көрініс табады.

Петроглифтер  деп  аталатын  туындылар  бүгінде  ғалымдар  назарынан 

қалатын  емес.  Өткен  ғасырда  1940  ж.  Франция  қалашығында  оқушылардың 

арқасында табылған үңгірдегі суреттер ең алғашқы ғылыми түрде зерттеліп, оның 

ерте  заман  туындысы  екендігі  анықталған.  Сол  кездің  өзінде  петроглифтерді 

тарихи-мәдени кезеңдерге бөліп қарау, зерттеу дәстүрге айналған. 

Петроглиф сөзінің анықтамасы латынның петро – тас және грек. глиф – жазу 

– тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер деген сөздерінен шыққан. 

Бұндай жартас беті суреттері жер шарының бар аймақтарынан табылады. Соған 

қарағанда петроглифтер адам өмірінде маңызды болғандығын аңғарамыз. 

Ғылымдағы  тарихи  деректерге  қарағанда  алғашқы  петроглифтерді 

зерттеуші, яғни тастағы суреттер жайлы айтып кеткен шығыстағы Орта Азияның 

ғұлама жұлдызы Әл-Бринуни болып саналады. Ол деректер Әлкей Марғұланның 

қолға  алып,  тек  баспадан  шығарылмаған  «Сарыарқа  петроглифтер»  атты 

еңбегінде жазылған [1]. Сонымен бірге Әл-Бринунидің осы петроглифтер жайлы 

жазған дерегі П.В. Агапов, М.К Қадырбаевтар «Сокровище древнего Казахстана» 

атты ғылыми еңбектерінде келтірген [2]. 

Келесі  бір  петроглифтер  туралы  мәліметтерді  жазған  иран  тарихшысы 

Казвини болатын. Әлкей Марғұланның «Сарыарқа петроглифтері» атты еңбегінде 

Казвинидің  петроглифтер  жайлы  деректерінде  тастағы  бейнеге  табынатын 

К.Б. АХМЕТЖАНОВА, Е.Е. ТАТИЕВ. 1 (73) 2017. Б. 102-111   

 

 

                ISSN 1683-1667 



104

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

халықтар туралы айтылған. 

Петроглифтер  туралы  (Жетісу  аймағы)  деректерді  қамтыған  ағартушы 

ғалым  Шоқан  Уәлиханов  болып  саналады.  Ш.  Уәлиханов  Жетісу  өңіріндегі 

Шолақтаудағы  тастағы  бейнелерді  зерттеумен  бірге  олардың  суретін  салған. 

Сонымен қатар Тамғалы тастағы будда дініндегі салынған суретті де зерттеген.

Тағы айта кететін жаңалық, Қазақстан территориясындағы тас-бейнелерді 

зерттеуге үлес қосқан үйірме бар болған екен. Ол – 1856 ж. құрылған Түрікстан 

әуесқой археология үйірмесі. 

Сондай-ақ петроглифтерді зерттеу ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың 

басында орыс экспедиция ғалымдарының зерттеулерімен толықты. Атап айтқанда 

Жетісу аймағындағы Теректі алқабы, Баян-жүрек, Шолақтаудағы тас-бейнелерді 

ашып, оларға ғылыми негіздеме жасаған Н.Н. Пантусов және ХХ ғасырдың 30 

жылдарындағы  А.Н.  Берштамның  жетекшілігімен  Жетісу  аймағына  жасалған 

ғылыми зерттеулер болып табылады. 

Сол  уақыттағы  (ХІХ  ғ.  аяғы  мен  ХХ  ғ.  басында)  Шығыс  Қазақстан 

бойынша  петроглифтерге  алғаш  рет  1818-1825  жж.  аралығында  Ресей 

ғалымдары Г.И. Спасский, 1851-1853 жж. С.И. Гуляева, 1877 ж. К. Ритер, 1883-

1885 жж. Н.М. Ядринцев, 1883-1916 жж. А.В. Адриановтар зерттеген болатын, 

Зерттелген  аймақтар:  Ертістің  жоғарғы  ағысы,  Бұқтырма,  Марқакөл,  Қалжыр, 

Ұлан ауданының маңы, ішінара Күршім, Зайсан аудандары. 

Байқап  қарасақ,  Қазақстан  территориясында  петроглифтерді  зерттеуде 

оңтүстік  және  шығыс  аймақтар  үлкен  рөл  атқараған.  Бүгінгі  күннің  өзінде 

оңтүстік және шығыс аймақтар аса маңызды болып келеді. Осы уақытта Қазақстан 

территориясы  бойынша  петроглифтерді  зерттеу  үш  аймаққа  бөлінеді  Олар: 

Шығыс (Оңтүстік Алтай, Тарбағатай аудандары), оңтүстік (Жоңғар, Солтүстік 

Тянь-Шань, Қаратау, Шу-Іле тауы, Іле Алатауы), орталық (Балқаш төңірегі және 

Ұлытау аудандары). Оның өзіндік себептері бар. 

Қазақстан Орта Азиядағы территориясы жағынан ең үлкен аумақты алып 

жатқан мемлекет екені белгілі. Шығысында Ертістен, Алтай тауларынан, батысы – 

Еділ өзенінің төменгі ағысынан Каспийге дейін, солтүстігі Батыс Сібір жазығынан 

Оңтүстіктегі Тянь-Шань тауларынан дейін алып жатқан республика аумағында, 

әсіресе Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, территориялары алып таулар 

массивін  құрайды.  Атап  айтар  болсақ:  Қаратау,  Шу-Іле  тауы,  Іле  Алатауы, 

Жоңғар  Алатауы,  Тарбағатай,  Алтай  таулары  жалғаса  орналасқан  қорғанды 

таулар тізбектеле келеді. Сондықтан да бұл таулы аймақтардың сілемдері мен 

жазықтарында, алқаптарында өзен-көлдерінің айналасында тасқа салынған, әр 

уақыт кезеңіндегі петроглиф-суреттер де көптеп кездеседі. Соған байланысты 

осы аймақтар нақты зерттеу нысанасына (шығыс және оңтүстік) айналған. Ал 

Қазақстанның  батыс,  солтүстік  аймақтары,  петроглифтер  тарихнамасындағы 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


105

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

кейінгі уақытқа, мола-зират қабырғаларына салынған бейнелер болып табылады. 

Оны  А.Г.  Медоев  оғыз-қыпшақ  және  адай  дәстүрлеріндегі  петроглифтер  десе 

[3], З. Самашев этнографиялық сипаттағы тас-бейнелер деп қабылдайды [4].

Ал  енді  Қазақстан  территориясындағы  петроглифтерді  зерттеу  Кеңес 

дәуірі  кезінде  де  оңтүстік  аймақтан  басталды.  Анығына  келгенде,  1957  ж. 

А.Г.  Максимованың  жетекшілігімен  Оңтүстік  Қазақстанның  архелогиялық 

эскпедициясының  Жетісулық  отряды,  қазіргі  кездегі  ЮНЕСКО  көлеміндегі 

әлемдік  мұралар  тізіміндегі  Тамғалы  алқабын  алғаш  зерттеген  болатын.  Ал 

Қазақстанның  Шығыс  аймақтарындағы  петроглифтер  мүлдем  ғылыми  түрде 

зерттелмеген.  Себебі,  кеңес  саясатының  біздің  тарих  үшін,  бір  қырының 

солақайлығы осы тұсында болған деген болжамдар бар. Екінші жағанан Кеңес 

зерттеушілері  Қазақстан  терриориясындағы  Шығыс  аймақты  жалпы  сібірлік 

деңгейде қарастыру мүмкін. А.Г. Максимова, А.С. Ермолаева, А.Н. Марьяшевтар 

Қазақстан  территориясындағы  түркі  петроглифтерін  зерттеу  жаңа  басталып 

келе жатқаны туралы айта келіп, олар көп жағдайда өз зерттеулерінде Тамғалы 

алқабындағы,  тас  бейнелер  жайлы  зерттеп  қана  жазған-ды.  Сонымен  бірге 

зерттеулердегі салыстыру Тува және Сібір жерлерінде петроглифтермен қатар 

жүргізілген болатын.

Петроглифтерді зерттеуде, жалпы археология үшін де, кеңес дәуірі, жалпы 

Ресей  үшін  Сібір  аймақтарының  маңызы  зор  болды.  Осындай  мақсатта  кеңес 

дәуірінің петроглифтерді ғылыми зерттеудің атасы саналатын П.А. Окладников 

еңбегі  зор  болатын.  Петроглифтерді  зерттеу  алғашқыда  тек  мәліметтер  беру 

қызметін  атқарса,  кеңес  дәуірі  кезіндегі  П.А.  Окладников  петроглифтерді 

зерттеуді  ғылыми  жолға  қойды  деу  артық  болмас.  Оның  анық  дәлелі  ретінде 

«Петроглифы  Центральной  Азии»,  «Конь  и  знамя  на  Ленских  писаницах», 

қос  авторлық  деңгейдегі  «Сокровища  Томских  писаниц.  Наскальные  рисунки 

эпохи  неолита  и  бронза»  және  көптеген  петроглифке  байланысты  ғылыми 

монографияларды айтуға болады. 

Сондай-ақ  А.Г.  Медоев  «Графюры  на  скалах»  еңбегі  петроглифтер 

әсіресе  Қазақстан  петроглифтер  тарихын  тыңғылықты  зерттей  келе,  олардың 

хронологиялық  кезеңдерін  ашып,  әр  дәуірдің  туындыларына  мазмұндама 

берді.  Автор  атаулы  еңбекте  Қазақстан  тас-суреттерін  бейнелеу  тұрғысынан 

қарастырады және олардың мәніне көңіл бөледі. Сол сияқты Максимова А.Г., 

Ермолаева А.С., Марьяшев А.Н. «Наскальные изображения урочища Тамгалы», 

Максимова А.Г. «Наскальные изображения ущелья Тамгалы», Мартынов А.И. 

«Современное общество и памятники наскального искусства», Мартынов А.И. 

«Как  мы  распоряжаемся  археологическим  историко-культурным  наследием?», 

Марьяшев А.Н., Горячев А.А. «Наскальные изображения Семиречья», Я.А. Шер 

«Петроглифы  Средней  и  Центральной  Азии»  сынды  ғылыми  танымдық 

К.Б. АХМЕТЖАНОВА, Е.Е. ТАТИЕВ. 1 (73) 2017. Б. 102-111   

 

 

                ISSN 1683-1667 



106

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ізденістерді атап кетуге болады. 

Отандық  деңгейдегі  аға  буын  зерттеушілер  қатарынан  П.В.  Агапов, 

М.К.  Кадырбаев  «Сокровища  древнего  Казахстана»,  Ғ.  Айдаров  «Ежелгі 

мәдениет  куәлары:  «Тас  бетіндегі  таңбалар  мен  суреттер»,  Ә.  Марғұлан 

«Сарыарқа петроглифтері» петролгифтер жайлы жаңаша қырлармен толықты. 

Бүгінде  Қазақстанда  петроглифтерді  зерттеу  петроглифтану  ұғымына 

айналып  келеді.  Оның  көрнекті  өкілдері:  З.  Самашев  С.  Мұрғабаев, 

В.А. Новоженов, И.В. Швец, Ж.М. Жетібаев, С.А. Потапов, А.Е. Рогожинский 

және А.А. Горячев т.б деп білеміз.

Жалпы, Қазақстан территориясындағы петроглифтерді зерттеу бағыттарына 

қарай,  бірінші:  тас  ғасыры  және  қола  дәуірі  кезеңдері,  екінші,  ортағасыр 

петроглифтері бірі сала жүйесін құраса, ал этнографиялық петроглифтер жеке 

қаралады.  Бұл  –  З.  Самашевтің  бүгіндегі  типологиялық  және  хронологиялық 

зерттеу анықтамасы. Ал А.Г. Медоев өз зерттеуінде: алғашқы тас ғасыры, кейінгі 

тас ғасыры, неолит, қола дәуір, ежелгі көшпенділер және орта ғасыр көшпенділері 

деп қарастырады.

Алғашқы тас ғасырында тастағы бейнелердің басты көріністері аңдар мен 

аңшылар болды. 

Аңдар  жеке  түрде  бейнеленді.  Қазақстан  территориясындағы  тас 

ғасырындағы бейнелер жөнінде былай айтылады: «Тас дәуірінің аяқ кезіндегі 

шығармалар  қисапсыз  петроглифтер  құрамынан  жоғарғы  палеолит  замандағы 

фауналық  комплекске  жататын  хайуанттардың  иконографиялық  үлгілерімен 

айрықшаланды.  Мұз  дәуірінің  аяқ  шеніне  қарай  мүйізтұмсық  алғашқы  бизон 

мен алғашқы сиыр тұқымдас жануарлардың (турдың) құрып бітуіне байланысты 

Сарыарқаның тас дәуірінің аяқ кезіндегі өнер дәстүрі де үзілді. Бұл кезеңдегі 

бейнелерді  Саяқ  мәдениетіне  телуге  болады.  Олай  болатын  себебі,  осы 

аймақта  тас  дәуірінің  аяқ  кезінің  өзге  мәдениет  үлгілері  мәлім  бола  қойған 

жоқ, шығармалар стилін натурализм мен схематизм элементтерінің жымдасқан 

қоспасы деп айтуымызға болады». 

Бірнеше мыңжылдық үзілістен кейін Қазақстан террриориясы үшін жаңа 

тас  дәуірі  басталды.  Ол  тас  дәуіріндегі  көріністер  аңшылар  қауымы  болды. 

Олар  аңшылық  дәстүрді  құра  отырып,  соларды  бейнелеумен  қатар  жануарлар 

бейнелерін  ғаламдық  аңыз  желісіне  арқау  еткен.  Сонымен  бірге  жануарларды 

салудың  бір  ерекшелігі  мал  тәңірі,  желеп-жебеуші  қызметі  тұрғысында  еді. 

Осыдан  барып  дүниетанымдық  түсініктермен  пайымдау  басталады.  Бәлкім, 

сол  дәуірді  біз  айтқандай,  ғаламдық  аңыз  немесе  аңдардың  желеп-жебеушісі 

тұрғысында  салынбаған  да  шығар.  Бірақ,  біз  тарих  жолымен,  үзіліп  қалған 

немесе  жалғасқан  мәдениеттерден  бізге  жеткен,  ортақ  келісімді  айтылған 

дүниетанымдық түсініктерге, тұжырымдарға арқа сүйейміз.

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


107

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Қола  дәуірде  петроглифтер  екі  түрлі  дәстүр  арқылы  көрініс  береді. 

Біріншісі тас ғасырынан жалғасқан аңдар мен адамдар болса, екіншісі – біздің 

эрамызға дейінгі II мың жылдықтың екінші жартысына қатысты әскери күймелер 

бейнелері бар көріністер.

Бірінші  дәстүр:  аңдардың  суретін  салуды  жалғастырумен  қатар,  адам 

бейнесі  антропоморфтық  кейіпте  болып  келеді.  Оның  дәлелдері:  Қазақстан 

жеріндегі  Саймалы-таш,  Тамғалы,  Ешкіөлмес  аңғарлары  және  Қойбағар, 

Арпаүзен  атыраптары.  Ал  бейнелік  атаулары  өзімізге  мәлім:  Күн  басты  Күн 

құдайы, Күн құдайы бұқа үстінде атты т.б. антропоморфтық тастағы бейнелер. 

Екінші дәстүр – күймелер дәстүрі. Ол жөнінде Ұлттық энциклопедияда: 

«Көптеген әскери қос атты күймелердің бейнелері күн культімен (табынумен) 

тығыз  байланысты.  Б.ж.б.  2  мың  жылдықтың  ортасына  қарай  далалық 

Еуразияның қола дәуірі тайпаларында әскери күймелердің культі дамыды. Көне 

үндіарийлердің қасиетті жазбаларында айтылатындай қоғамда күймелер кастасы 

ерекше артықшылықтарды пайдаланды. Петроглифтердің тұтас бір бөлігі ежелгі 

жылқышылардың  өмір  салттарымен  және  мифтік-ғұрыптық  кешендерімен 

байланысты.  «Сейминдік-турбиндік»  деп  аталатын  стильдегі  жылқылардың 

кескіндері анағұрлым көп ұшырасады, мұнда бұл жануарлар үлкен кеуделерімен, 

әсем құйрықтарымен, сонымен бірге бастарының белгілі бір түрімен бейнеленген. 

Кей жағдайларда ғана жылқы жалдары күзелген түрде берілген. Қола дәуірінің 

суреттерінде жаяу және салт атты садақшылар бейнеленіп, аңшылық дәстүрлері 

көрініс тапқан», – деп жазылған.

Аңшылық  дәстүр,  петроглифтерде,  әсіресе  бейнелеу  өнерінде  үлкен  бір 

жетістікке,  жаңа  бір  түрге  ауысты.  Ол  сақтар  заманындағы  аң  стилі  немесе 

скифтік-сібірлік  хайуанттық  стиль  деп  аталған  кескінді  бейнелер  болып 

табылады. Еліктің, бұғы-маралдардың мүйізді бейнелері мен қабыланның еркін 

де, серпінді күштілігін паш ететін көріністер, ежелгі көшпелі халықтардың төл 

туындыларына айналғандай. 

Жоғарыдағы аталған кезеңдердегі, петроглифке қатысты дәуірлердің қай-

қайсысын алмасақ та хайуанаттармен байланысты келеді. Аңдарды тас бетіне 

салудың не болмаса белгілі бір материалдарға, металдарға мүсін түрінде бедерлеп, 

оймыштап жасаудың мәні қаншалықты болмақ. Біріншіден, адамдардың аңдар 

мен  жануарлар  бейнелерін  салуы  алғашқы  кезде  тіршілік  көзі  үшін  оларды 

аулау  болса,  екіншіден,  бара-бара  өз  айналасындағы  тіршілік  иелеріне  көңіл 

бөліп,  олардың  қасиеттеріне  қарай  пір  тұтты.  Үшіншіден,  жануарларды  өз 

қажеттіліктеріне жарата бастады. Әсіресе, көшпелілер жылқыны қолға үйретіп, 

өз жанында ұстады, қажет болғанда әскери мұқтаждықтарына пайдаланды. Оның 

дәлелі, қола дәуірінден әскери күймелердің болғандығы айтылады. Төртіншіден, 

қоршаған ортадағы аңдарды, ауызекі әңгіме түрінде аңыз, миф арқылы ғаламдық 

К.Б. АХМЕТЖАНОВА, Е.Е. ТАТИЕВ. 1 (73) 2017. Б. 102-111   

 

 

                ISSN 1683-1667 



108

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

түсініктеріне арқау етті. 

Түркі  тас-петроглифтері,  ол  өзгеше  сипатты  көрсетеді.  Онда  арғымақ 

мінген ержүрек сарбаздар мен қайратты бекзадалардың көрінісі басым. Ішінара 

аңшылық дәстүрдегі қосарланған түрде, аң стилінің жалғасын тапқан бейнелер 

де бар. Түркі дәуіріндегі аң стилі жөнінде З. Самашевтің мына дерегін келтіруге 

болады:  «Графическое  искусство  эпохи  средневековья,  сохраняя  по  форме  и 

содержанию  некоторые  черты  искусства  эпохи  ранних  кочевников  (например, 

чрезвычайная экспрессивность и др.) выработало для себя наиболее лаконичный 

стиль  и  изобразительный  прием  в  передаче  контура  изображаемого  зверя,  т.е. 

своеобразный  канон»,  –  дейді.  Соған  қарағанда  түркі  дәуіріндегі  аңдарды 

бейнелегенде аң стилін толық қайталамаған, өздерінше түр берген. Және түркі 

дәуіріндегі келесі бір басты көріністердің бірі – Ұмай-ана атты тастағы суреттер. 

Ұмай-ана қола дәуірдегі Күн құдайы және бұқа үстіндегі Күн құдайы атты тас 

бейнелермен мағынасы бір, мазмұны тереңде. Сонымен қоса түркі заманында 

таңба  бейнелі  тастағы  көріністер  ұшырасып  отырады.  Нақты  тақырып  түркі 

петроглифтері болғандықтан бұларға жеке тоқталамыз.

Петроглифтер  тарихына  қатысты  болғандықтан  және  жартас  бетіндегі 

суреттердің соңғы кезеңі болып табылатын, этнографиялық тұрғыдағы бейнелі 

тас  беті  суреттерін  де  айта  кетуі  шарт.  Оларды  кейде,  оғыз-қыпшақ  және 

адай  дәстүрлеріндегі  тас  суреттер  деп  те  атайды.  Осы  кездегі  этнографиялық 

петроглифтер  жартас  қабырғаларынан  бөлек  молалардың,  мазарлардың 

қабырғаларына  да  салына  бастады.  Этнографиялық  деп  атауға  себеп,  жәдігер 

құралдардың көрінісі көп салынғандығынан. Мысалы: қару-жарақтардың толық 

көріністері салынған құлпы тастағы бейнені айтуға болады. Жоғарыдағы түркі 

дәуіріндегі  тас  бейнелер  этнографиялық  тұрғыдағы  петроглифтерге  өзінше 

әсер  береді.  Түркі  заманындағы  тас  бетіндегі  суреттердегі  аттылы  және  жаяу 

жауынгерлер,  олардың  сауыт-саймандары  және  қару-жарақтары,  аттардағы 

әшекейлі  бейнедегі  бұйымдар  этнографияға  тікелей  әсер  берсе,  ал  таңбалар 

болса, ру-тайпалардың, ел билеушілердің айрықша белгілері ретінде танылмақ. 

Қазақстан  территориясындағы  петроглифтер  турасында,  он  бес  мың 

ғасырлық  тарихы  бар  деректер  қысқаша  тарқатылды.  Петроглифтер  тарихы-

на  тоқталудың  маңыздылығы,  біріншіден,  тас  суреттердегі  кезеңдерді  жеке 

қарастыру  арқылы  ерешеліктеріне  тоқталамыз,  оларға  сипаттамалар  береміз. 

Мысалы:  әр  дәуір  уақыт  кездеріндегі  хайуанаттардың  салыну  ерекшеліктері, 

олардың  орындалуы.  Ал  ең  бастысы  петроглифтердің  сабақтастық  негізіне 

бойланады,  яғни  ол  дүниетанымдық  деп  аталатын  аяда  болмақ.  Мәселен, 

петроглифтер  туралы  алғашқы  деректер  орта  ғасырдағы  шығыстың  жұлдызы 

әл-Бирунидің  еңбегінде  жазылған.  Онда  оғыз-қимақтардың  жерлеріндегі 

таудағы таңба-суретке табынатын жергілікті тұрғындар жайлы жазылады. Осы 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


109

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

петроглиф-суретке табынатын халықтар туралы Казвини де жазады. Жоғарыда 

жазған  әл-Бирунидің  де,  Казвинидің  де  деректеріндегі  табынған  тас-суретте 

не  бейнеленген?  Соншалықты  табынатындай  не  болмақ?!  Ондағы  тастағы 

бейне  ол  сәйгүліктің,  арғымақтың  тұяғының  таңбасы  ғана  болған.  Сонда  сол 

кездегі халықтардың сенген, табынған ізеті тастағы жылқы малының аяғының 

ізі.  Жоғарыда  петроглифтердің  салынып  басталуының  өзі  аңдарды  бейнелеу 

екендігі айтылды. Қазақстан территориясы үшін жаңа тас дәуірі болған заманда 

аңдар мен жануарларды өздерінің мал тәңірі, желеп-жебеушісі деген жазулар да 

келтірілді. Сонда петроглифтер кезеңдеріндегі сабақтастық – дүниетаным деп 

аталатын жағдайына өздігінен алып келеді. Бұл жерде сонау тас заманынан және 

орта ғасырдағы қимақтар дәуірімен салыстыру емес, дәстүрдің қимақтар дәуіріне 

дейін жеткен түрін, қалпын айтамыз. Бірақ сабақтастық негіз өзгермейді, ол – 

малды немесе аңды пір тұту. Әлдеқандай жаңа тас заманында аңдардың бейнесін 

тікелей салса, өздерінше ол салынған келбетті қорғаушы, мал тәңірі деп қараса, 

мысалы: хайуанаттың түр тұлғасын тас бетіне қашап, жағынды түрде бейнелеп 

салу, ал оғыз-қыпшақ кезінде тек малдың дене тұрқын салмай, тұяғының ізін ғана 

салу, адамзат тарихында, мәдениетінде дүниетанымдық болмыстың өзгергенін, 

жаңа  формасының  қалыптасқаны  деп  айтуға  болар.  Қалай  болған  жағдайда, 

болмыс уақыт өте келе күрделене бермек пе? Жоқ әлде, алғашқы кезді, күйді 

қайтадан жаңартқанда өзгеріске түсе ме? Бастапқы күй, негіз сол жағдайында 

қалар,  ал  оны  қабылдау  формасы  өзгереді,  жаңарады.  Бұның  барлығы  өз 

уақытында күрделеніп дүниетанымға әсерін тигізбей қоймайды деп ойлаймыз. 

Бұл  жоғарғыдағы  жаңа  тас  заманы  мен  қимақтар  дәуірлерін,  хайуанаттардың 

бейнесін салудағы салыстыру емес дегенде осы ескерілген.

Петроглифтердің  дүниетанымдық  турасындағы  тарихнамасына  қысқаша 

тоқталудағы  маңыздылық,  ол  петроглифтер  деп  аталатын  құпиясы,  сыры  өз 

бойында  болатын  және  оның  ішкі  мазмұнын  дүниетанымдық  негізден  ғана 

аңғарылатыны белгілі болды. Ол бір ғана жағынан тұйықталып келмейді. Онда 

аңшылықтан туындаған аңдар бейнесін салудан басталған қарапайым түсініктен, 

сол салынған аңдар бейнелерін ғаламдық шешімдерге жеткізу бар. Бірақ бұның 

өзі  де  бір  жақтылық  болып  қалады.  Жай  ғана  қарпайым  аттың  өзін  салу  мен 

оның  тек  тұяғының  ізін  бедерлеудің  өзі  күрделенген  болмысқа  жетелейді. 

Тұлпар тұяғының бедерленіп салынудың өзі түркі дәуіріндегі таңба жүйесінің 

құрылуына әсер еткен және ол өз алдына жеке мәселе болып табылады. Ал сол 

сәйгүлік атты құрбандыққа шалу немесе құрбандыққа шалу арқылы табыну кезін 

бейнелейтін және осы құрбандық немесе табыну рәсімінен кейінгі адамдардың 

іс-әрекет  бейнелері,  тағы  өз  алдына  дүниетанымдық  деңгейге  алып  келсе, 

сол  дүниетанымды  пайымдауы,  түсінгені  жөнінде  сайыс  пен  би  түрі  арқылы 

петроглифтерде  айрықша  бейнеленген.  Сонда  петроглифтердің  жартас  бетіне 

К.Б. АХМЕТЖАНОВА, Е.Е. ТАТИЕВ. 1 (73) 2017. Б. 102-111   

 

 

                ISSN 1683-1667 



110

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

салынған көріністерінің салмағы, мәні біліне түсер.

Петроглиф  бейнелер  мен  мифтік  аңыз-әңгімелердің  өзара  байланысып 

келуі бұл екі атаудың құпия түрде тоғысуы деп түсіну керек. Қытай жазуларының, 

кезіндегі  мысыр,  вавилон  жазуларының  құпия  түрдегі  атауы  иероглиф  деп 

аталады.  Осы  «иероглиф»,  «петроглиф»,  «миф»  сөздеріндегі  «-иф»  жалғауы, 

бізге  беймәлім  тілдің  өзінде  «құпия»  деп  аталар,  әйтпесе,  мағынасы  жағынан 

құпиялылығы, тылсымдығы бірдей. Оны шешу үшін танымдық үрдіс қажет.

Петроглиф  бейнелердің  мифтік  аңыз-әңгімелермен  ұштасуы  тас 

суреттердегі көріністерді құрылымдық жүйеге апарады. Құрбандық және табыну 

рәсімінен кейінгі немесе аңдар бейнелерін ғаламдық шешімдерге жеткізу мифпен 

байланысып,  өз  жауаптарын  табады.  Петроглиф  бейнелері  мен  мифтік  аңыз-

әңгімелердің араласып келуінің өзі өз алдына дүниетаным жүйесі болып қалмақ. 

Және  миф  пен  петроглифке  көшпенділер  дүниетанымы  қосылса,  онда  мәселе 

басқаша  болары  хақ.  Дегенмен  де,  Қазақстан  территориясында  петролгифтер 

бедерленіп  салыну  тарихы  мен  мифтік  аңыз-әңгімелер  тек  көшпенділер 

дүниетанымынан келген. Алғашқы да аңшылық дәстүрі болған күннің өзінде де 

жартас бетіндегіндегі сурет салу тарихы көшпенділер жолына қарай сараланған. 

Құрбандық және табыну рәсімі – көшпенділерге тән құбылыс, танымдық үрдіс. 

Мысалы, қола немесе сақтар дәуірі кезінде күнге табыну петроглифтерде күн 

белгісі немесе күн құдайы арқылы бейнеленсе, миф күн және аспан әлеміндегі 

аңыз әңгімелерді топтастырады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1. Марғұлан Ә. Ежелгі мәдениет куәлары / Ә. Марғұлан. – А.: Қазақстан, 1965. – 

5 б.


2. Агапов П.В. Сокровищие древннего Казахстанa / П.В. Агапов, М.К. Кадырбаев. 

–Алматы: Жалын, 1979. – 133 с.

3. Медоев А.Г. Гравюры на скалах. Сары Арка, Мангышлак. Ч. І / А.Г. Медоев. – 

А.: Жалын. 1979. – 169 с.

4.  Сапашев  О.С.  Шығыс  Қазақстанның  мәдени  мұралары  /  О.С.  Сапашев, 

В.Н. Алексеенко, З.С. Самашев. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 

2006. – 146 б.

5.  Окладников  П.А.  Сокровища  Томских  писанц.  Наскальные  рисунки  эпохи 

неолита и бронза / П.А. Окладников, А.И. Мартынов. – М.: Исскуства, 1972. – 300 с.

6. Максимова А.Г. Наскальные изображения урочища Тамгалы / А.Г. Максимова, 

А.С. Ермолаева, А.Н. Марьяшев. – Алма-Ата: Наука, 1976. – 130 с. 

7. Максимова А.Г. Наскальные изображения ущелья Тамгалы / А.Г. Максимова. – 

Алма-Ата: Наука, 1970. – 200 с. 

8.  Марьяшев  А.Г.  Наскальные  изображения  Семиречья  /  А.Г.  Марьяшев, 

А.А. Горячев. – Алма-Ата: Наука, 1975. – 145 с. 

9. Самашев З. Петроглифы Казахстана / З. Самашев. – А.: 2006. 

– 

200 с.


ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

111

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

REFERENCES

1. Marqulan A., Ezhelgі madeniet kualary. A., Qazaqstan, 1965, 5 (in Kaz).

2. Agapov P.V., Kadyrbaev M.K., Sokrovishhie drevnego Qazaqstana. Almaty, Zhalyn, 

1979, 133 (in Russ).

3. Medoev A.G., Gravjury na skalah. Sary Arka, Mangyshlak. Chast’ pervaja. A., Zha-



lyn. 1979, 169 (in Russ).

4. Sapashev O.S., Alekseenko V.N., Samashev Z.S., Shyqys Qazaqstannyn madeni mu-



ralary. Oskemen, S. Amanzholov atyndaqy ShKMU baspasy. 2006, 146 (in Kaz).

5. Okladnikov P.A. Martynov A.I., Sokrovishha Tomskih pisanc. Naskal’nye risunki je-



pohi neolita i bronza. M., Isskustva, 1972, 300 (in Russ).

6. Maksimova A.G., Ermolaeva A.S., Mar’jashev A.N., Naskal’nye izobrazhenija uro-



chishha Tamgaly. Alma Ata. Nauka, 1976, 130 (in Russ).

7. Maksimova A.G., Naskal’nye izobrazhenija ushhel’ja Tamgaly. Alma Ata, Nauka, 



1970, 200 (in Russ).

8. Mar’jashev A.G., Gorjachev A.A., Naskal’nye izobrazhenija Semirech’ja. Alma Ata, 



Nauka, 1975, 145 (in Russ).

9. Samashev Z., Petroglify Kazahstana. A., 2006, 200 (in Russ).

УДК 821. 512. 154. 09

Ж.С. БҰЛҒУНБАЕВА, Л.Н. ДЕМЧЕНКО

Восточно-Казахстанский государственный университет имени С. Аманжолова, 

г. Усть-Каменогорск, Казахстан

ПОЭТИКА ЦВЕТА В ПРОИЗВЕДЕНИЯХ ЧИНГИЗА АЙТМАТОВА

В статье рассматривается поэтика цвета как художественная особенность в твор-

честве  писателя  с  точки  зрения  отражения  национально-природного  мира,  эволюция 

цвето-образов от романтического образа к реалистическому, а также связь цвето-образа 

с картинами природы. Делается акцент на функции цвета для передачи психологиче-

ского портрета героя, для раскрытия эмоционального фона восприятия того или иного 

события. Представлено исследование структурных единиц текста: лексические, синтак-

сические, строфические и другие, которые позволяют увидеть картину воплощения цве-

товой гаммы в художественном тексте. 



Ключевые слова: поэтика, цвето-образ, архетип, пейзаж, романтический образ.

ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 

ТҮСТІҢ ПОЭТИКАСЫ

Мақалада  жазушы  шығармашылығындағы  түстің  поэтикасы  ұлттық  табиғи 

әлемнің бейнесі тұрғысында көркемдік ерекшелік ретінде, романтикалық түсті бейне-

ден реалистік эволюциялық бейнеге дейінгі, соңдай-ақ табиғи түсті образды бейнемен 

байланыс ретінде қарастырылады. Кейіпкердің психологиялық портретін жеткізу үшін 

түс  функциясына  акцент  жасалады.  Мәтіннің  келесі  құрылымды  бірліктерін  зерттеу 

ұсынылған: лексикалық, синтаксистік, строфикалық және т.б., бұлар өз кезегінде көркем 

Ж.С. БҰЛҒУНБАЕВА, Л.Н. ДЕМЧЕНКО. 1 (73) 2017. С. 111-119 



 

 

                ISSN 1683-1667 




жүктеу 114.02 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет