Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7. Өздік етістің жұрнағы:
а/ -ғы, -гі;            ә/ -ын, -ін, -н;    
б/ -ңыз, -тыр;     в/ -ыс, -с.
8. Өзгелік етістің жұрнағы:
а/ -ыл, -іл;          ә/ -дыр, -дір;    
б/ -ыр, -ір, -т;    в/ -ыз, -із.

113
9. Ортақ етістің жұрнағы:
а/ -ыс,-іс, -с;      ә/ -дыр, -дір;   
б/ ын, -н;           в/ -ғыз, -гіз.
10. Ырықсыз етістің жұрнағы:
а/ -қыз, кіз;                 ә/ -т, -ыр;     
с/ -ыз, -іл, -л, -н;        в/ -ыс, -с.
«Қазақстанның белгілі спортшылары»  тақырыбы бойын-
ша бақылау жұмысы.
А1-А2 деңгей тапсырмалары:
1.   «Азиада» ойыны туралы не білесің, қысқаша мазмұнда.
2.  Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің?
3.  Қазақстанның белгілі спортшылары туралы айтып бер.
4.  Спорт тақырыбы бойынша термин сөздерді жазыңдар.
5.  Етістің түрлерін атап, мысалдар келтір.
В1-В2 деңгей тапсырмалары:
1. Футбол немесе волейбол ойындары туралы не білесіңдер?
2.  Кішкентай палуан дегеніміз кім, әңгімелеп бер.
3.  Ұлттық ойындардың түрлерін айтып бер.
4. «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы не білесің?
5. Етістің түрлерін атап, мысалдар келтір.
6. Спорт – денсаулыққа пайдалы ма, себебін айтып беріңдер.
С1-С2 деңгей тапсырмалары:
1. Қажымұқан Мұңайтпасов туралы айтып бер.
2. Шахматшы Берік туралы не білесің?
3. Қандай ұлттық ойындардың түрлерін білесің, әңгімелеп бер.
4. Қазақстанның белгілі спортшылары туралы  айтып бер.
5.  Спортқа  байланысты  термин  сөздерді  келтіріп,  мысалдар 
жаз.
6. Етістермен мысалдар келтіріп, сөйлемдер  жазыңдар.
СПОРТ. ҰЛТТЫҚ СПОРТ
Спорт,  дене  шынықтыру,  жаттығу  жасау,  ауырмау,  жүгіру, 
секіру,  әперу,  қорғау,  күресу,  жеңу,  жеңілу,  теннис,  волейбол, 
футбол,  баскетбол,  ойын,  ойнау,  жанкүйер,  қатысу,  ойынның 

114
бірінші жартысы, өтетін жарыс, спорттық күрес, жақсы дамыған, 
жарысты  өткізу,  жүлде,  сыйлық,  марапатталу,  орынға  ие  болу, 
жеңімпаз болып аталды. Қазақша күрес, бәйге, көкпар, ат жарысы, 
қыз қуу, тоғызқұмалақ, аударыспақ, арқан тарту, асық ойнау, қол 
күресі.
Тапсырмалар:
А1-А2 деңгейлерМәтіннен зат есімдерді тер және  оларды 
өрбітіп  жаз.  Үлгі:  Спорт 
– 
ұлттық  спорт,  қазақша  күрес 

ұлттық спорт.
В1-В2 деңгейлер: Мәтіннен етістіктерді теріп, олармен сөз 
тіркестерін  құрастыр.  Үлгі:  Жаттығу  жасаймын-таңертең 
жаттығу жасаймын.
С1-С2 деңгейлер: Берілген сөз бен сөз тіркестерін пайдалана 
отырып, әңгіме құрастыр.                  
АТ СПОРТЫ
1999  жылдың  29  тамызында  Қазақстан  Конституциясының 
аталу құрметіне қарсы Жамбыл қаласында «Приз-кубок» жүлде-  
сін  жеңіп  алу  үшін  ат  спорты  ұйымдастырылды.  Спорттың  бұл 
түрі-не    Қазақстанның  әр  жерлерінен,  Ресейден,  Қырғызстаннан 
баптап  әкелген  аламан  жорғаларды  жарысқа  қатыстырды.  Бұл 
сайыста  Шымкент  облысынан  келген  «Пакистан»  есімді  аттың 
иесі 600000 мың теңгені ұтып алды. Ал Алматы облысының Кеген 
ауданынан  келген  «Падиша»  деген  жүйрік  жорғаның  иесіне  екі 
миллион  теңгені  Алматы  облысының  әкімі сыйлыққа берді.  /  70 
сөз/.
Мәтін бойынша тапсырмалар:  
1. А1-А2 деңгейлер:  Мәтінді  оқу,аудару, сұрақтар құрастыру.
2. В1-В2 деңгейлер: Мәтінді оқу,аудару, сұхбат құрастыру. 
3. С1-С2 деңгейлер:  Мәтінді оқу, мазмұндау.
   
   
 

115
Сыныптан тыс тәрбие
Назым АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,
Астана қаласындағы
№53 мектеп-лицейінің мұғалімі.
МӘНЕРЛЕП СӨЙЛЕТКЕН       
ЖЕңІС ЖЫРЫ
Мақсаты:      1.  Ұлы    Отан    соғысы,  оның    зардаптары, 
жеңістің  мән-маңызы  туралы  мағлұмат  беру; 2. Оқушылардың  
тіл    байлықтарын,    ойын,    мәнерлеп  оқу  дағдыларын    ұштау;                           
3. Отан  үшін  жан  қиған  аталар  мен  апалардың,  қазіргі таңдағы  
арамызда  жүрген  ардагерлеріміздің  ерліктерін үлгі  ете  отырып,  
оларды  құрметтеуге  тәрбиелеу; Отансүйгіштікке, елжандылыққа, 
батылдыққа,  шыншылдыққа  баулу.
Көрнекіліктер:  плакатқа  жазылған  нақыл  сөздер,  батырлар-
дың суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер, слайдтар.
Тәрбие сағатының барысы:
- Құрметті  қонақтар, оқушылар,  мұғалімдер!
Әрқайсысымыз  үшін  жақын  да  қымбат  мереке  – 1941-1945  
жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңіс  күніне    санаулы  
күндер    қалды.  Жеңіске    жету    жолында    Қазақстандықтардың  
асқан    ерлігі    мен    әскери    жанқиярлығы    Отан    соғысы  
тарихындағы  жарқын  беттерге  айналды. Сондықтан  Жеңіс  күні  
әрқайсысымыздың  жүрегімізге  жақын.
1-жүргізуші: - Өкінішке  қарай,  уақыт  сол  ұлы  оқиғаларға  
қатысушыларды    біздің    қатарымыздан    алып    кетіп    жатыр.  
Олар  азайған  үстіне  азайып  барады. Бірақ  ешкім  де,  ештеңе 
де    ұмытылмауы    тиіс!  Себебі,  бұл  –  біздің    тарихымыз,    біздің  
мақтанышымыз,  біздің  даңқымыз!
2-жүргізуші:  -  1941  жылы  маусымның  22-сінде  Гитлерлік 
Германия  Отанымызға  соғыс  жарияламастан  опасыздықпен 

116
шабуыл жасады.
Мұғалім: - Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше 
миллиондаған  адамдардың  есімдерін  есте  сақтап,  1418  азапты 
күн  мен  түнді  болашақ  үшін  ерен  еңбекпен,  қайсар  ерлікпен 
өткізгендерін ұмытуға болмайды.
1-жүргізуші: - Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы 
зор  болды.1945  жылы  8  мамырда  Берлинде  фашистік  Германия 
жеңілгенін  мойындап  қол  қойды.  1945  жылы  мамырдың  9-ында 
бұрын-соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атты. Міне, 
Жеңіс күні осылай келген еді.
2-жүргізуші:  -  Дүние  жүзі  халқы  бостандық  алды.  Халық 
Отан  ұғымын  терең  сезіне  түсті.  Қаһарман  ерлік  пен  еңбек 
жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, 
халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 67 жылдығын 
атап өтеміз. 
1-оқушы: - «Ешкім  де  ұмытылған  жоқ,  еш  нәрсе  де  ұмыт  
қалған  жоқ».  Осынау  сөздер  Жеңіс  күнін  мерекелеу  кезінде  жиі  
айтылады, осынау  сөздер  соғыста  қаза  тапқандар  ескерткіштеріне 
де   қашалып  жазылған.
2-оқушы: - Жеңіс  деген  – жақсылықтың  сыңары,
                     Жігер  менен  құштарлықтың  құралы.
                     Күрескердің  арманы  мен  ұраны,
                     Қуаныш  пен  мерекенің  бұлағы.
3-оқушы:  -  Әрбір  көктем  бізді  ойша  осынау  ұмытылмас  әрі 
көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.
2-жүргізуші: - Жауынгер біздің саңлақтар,
                          Жауды жеңген солдаттар
                          Ардақты Отан – ел үшін,
                        Бақытты туған жер үшін!- деп бастарын өлімге 
тікті. 
-  Құрметті  ұстаздар,  оқушылар,  сол  ағаларымыздың  рухына    
бас иіп, 1 минут еске алайық.
5-оқушы: - 9 мамыр – Жеңіс  күні  өмірді  сүйер  адамзаттың  

117
есінен  мәңгі  кете ме?  Бұл  Жеңіс  оңайлықпен  келген  жоқ.
6-оқушы: - Оқ  борады күні-түн,
                     Жатты  жерді  от қарып.
                     Алға  қарай  ұмтылды
                     Батыр  қазақ   оқты алып.
1-жүргізуші:  -  Гитлершілдер    соғыстың    бас    кезінде    190  
дивизияны,  5    мыңдай    ұшақты,  50  мыңдай    қару,  3700  танкті 
шабуылға    шығарды.  Жерімізге    басып    кірген    жау    әскерінің  
жалпы  саны  5,5  миллион  адамға  жетті.
2-жүргізуші:  -  Осы    сұрапыл    соғыста    жауды    талқандап  
Ұлы  Жеңіске  жетуге  қазақстандықтар  да  сүбелі  үлес  қосты. 
Жүздеген  мың  қазақстандықтар  қолына  қару  алып,  өз  Отанының  
бостандығы  үшін  күресті.
1-жүргізуші:  -  Қазақстандықтар  Брест  қамалын    қорғады,  
Мәскеу түбінде  өлімге  бас  тікті,  Сталинград,  Курск  доғасындағы  
шайқастарда  ерекше  көзге  түсті. Берлинді  азат етті, Рейхстагқа 
1945 жылы 30 сәуірде қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс 
туын тікті.
7-оқушы: - Туын  жықпай  қолдағы,
                      Опат  болды  елі  үшін.
                      Кеудесімен  қорғады
                      Азаттықтың  жемісін!
8-оқушы: - Біздің  халқымыз  қазақтың  батыр  қыздары  Әлия  
Молдағұлова  мен  Мәншүк  Мәметованың  есімдерін  мақтанышпен  
атайды.   
9-оқушы:    -  1942  жылы  Алматы  қаласындағы  медицина 
институтында  оқып  жүрген  еді.  Ол  өз  еркімен  сұранып,  қазақ 
ұлттық  100-бригадасы  құрамында  майданға  аттанды.  Мәншүк 
Мәметова  Невель  қаласын  қорғау  кезінде  ақырғы  оғы  қалғанша 
жауды  қырып,  ерлікпен  қаза  тапты.  Қасындағы  жолдастарынан 
айырылған  Мәншүк  үш  пулеметті  қатарынан  қойып,  жауды  3 
сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының 

118
Батыры атағы берілді.
10-оқушы: - Даламыздың  даңқысың,
                      Балауса  гүл – балғын  қыз!
                      Жанын  қиып  халқы  үшін,
                      Жанып  түскен  ақ  жұлдыз!
11-оқушы:  -  Әлия  Молдағұлова  (1925-1944)  Ақтөбе 
облысы,  Қобда  ауданында  дүниеге  келген.  Әке-шешесінен 
жастайынан айырылған ол ағасының тәрбиесінде болып, олармен 
бірге  Ленинградқа  көшіп  келеді.  Кейіннен  Ленинградтағы 
балалар  үйінде  тәрбие  алады.  «Отан  үшін  алға!»-  деп,  барлық 
жауынгерлерді  соңынан  ертіп,  жауға  қарсы  ұмтылды.  Жаудың 
бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп, бірнеше 
жаудың  көзін  жояды.  Әлия  соғыс  жылдары  ірі-ірі  шайқастарға 
қатысып,мергендігімен  аты  шықты.  Ер  жүрек  мерген  қыз  20-ға 
толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмды.
12-оқушы: - Сілкінтіп  зеңбіректер жердің  жүзін,
                       Оқ  борап  снарядтар  қаққанда  ызың.
                       Қаптаған  қалың  жаудан  тайсалмаған,
                       Мен  көрдім  пилоткалы  қазақ  қызын.
«Ел қорғауға әзірміз» әні орындалады.
13-оқушы:  -  Бауыржан  Момышұлы  (1910-1982)  –  жазушы, 
қазақ халқының аты аңызға айналған атақты азаматы, Ұлы Отан 
соғысының даңқты жауынгері, гвардия полковнигі. 1941 жылдың 
күзінен  бастап,соғыс  аяқталғанға  дейінгі  барлық  шайқастарға 
қатысқан.
14-оқушы:  - Жас ұрпақ, асыр сап
                        Шырқайды Ерлікті ән қылып,
                        Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
                        Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік! 
15-оқушы:  -  Талғат  Бигелдинов  ұшқыш  болуды  жастайынан 
армандап  аэроклубта  оқыды,  кейін  авиация  училищесінде  білім 
алып шығады.

119
1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 
Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп, 800-ден астам техникасын 
істен  шығарып,  7  ұшағын  атып  түсірді.  Жаудың  жүздеген 
танкілерін,  зеңбіректері  мен  солдаттарын  жойды.  1944  жылы 
Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соғыстан кейін екінші рет 
Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
16-оқушы: - Қасым Қайсенов (1909-2003 ж.ж.) соғысқа 1941 
жылы  шақырылды.  Смоленск  түбінде  соғысты.  «Отан  соғысы» 
орденімен, «Маршал Жуков» медалімен, «1941-1945 жж.Ұлы Отан 
соғысындағы  Жеңіске  40  жыл»,  «КСРО-ның  Қарулы  Күшіне  60 
жыл» медальдарымен марапатталған.
17-оқушы:  -  Тоқтаров  Төлеген  Қабиденұлы  –  қатардағы 
жауынгер.  1942  жылдан  бастап  1943  жылға  дейін  Сталинград 
майданында  соғысқан.  «Германияны  жеңген  үшін»  медалімен 
марапатталған.
«Бейбіт күн тілегі» әні орындалады.
1-жүргізуші:  - Иә,  бұл  Жеңіс оңайлықпен   келген  жоқ. Ұлы  
Отан  соғысына  қатысып,  ерлік  көрсеткен   Қасым  Қайсенов,  
Нұркен  Әбдіров,  Бауыржан  Момышұлы,  Талғат  Бигелдинов,  
Рақымжан  Қошқарбаев,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова  
сияқты  есімдері  аңызға  айналған  аталарымыз  бен  апаларымызды  
тарих  бетінде  «Батыр»  деп  жазып  кетті.
2-жүргізуші: - 1945  жылдың  9 мамыры – Герман  фашизмінің  
күйрей  жеңілген  күні.  Жеңіс!  Ұлы  Жеңіс!
                   Сүйінші, халқым  сүйінші,
                   Сүйіншіге – сүйінші!
                   Шаттан,  ата-анамыз,
                   Шаттан,  ата-бабамыз!
1-жүргізуші: - Кек  қайтарып  фашистен,
                          Соғыс  бітті  жеңіспен.
                          Жеңдік  жауды  күресте,
                          Жасалсын  той – мереке!

120
Рая ЕЛЕУКЕНҚЫЗЫ, 
Т.Шаханов атындағы 
№3 орта мектептің мұғалімі.
Ақмола облысы,
Ерейментау қаласы.
ТІЛ КүРМЕУІН ШЕШКЕН ШӘМШІ
Мақсаты:  оқушыларға  Шәмші  Қалдаяқовтың  өмірі  мен 
шығармашылығы туралы түсінік беру. Қазақ халқына ән салдыра 
білген  сазгердің  әндерімен  және  әндерінің  шығу  тарихымен 
таныстыру.  Ұлы  сазгер  әндерін  тереңірек  білу  арқылы  тарихи 
мәнін, маңызын түсінуге және мақтан тұта білуге тәрбиелеу.
Сахна шымылдығын оқушылардың  вальс биімен ашамыз.
Екі оқушының диалогі.
-  Халық  ішінде  әншілер  де,  сазгерлер  де  көп.  Алайда  бір 
сазгердің әнін бүкіл халық – үлкені де, кішісі де, қарты да, жасы 
да сүйіп айтуы – сирек құбылыс. Ондай ән шығарған сазгер кім 
екенін білесің бе?
-  Иә,  білемін.  Ондай  ән  шығарған  сазгер,  ұлы  сазгер  Шәмші 
Қалдаяқов –  бүкіл қазақ халқына ән салдырған сазгер болды.
- Шәмші қалай Шәмші атанды? Оған кім ат қойды екен?
- Білмеймін .
Сахналық көрініс. 
- Қалдаяқ, сен балаңа қандай ат қоясың?
-  «Шәмші»  деген  ат  беремін.  Шәмшит   
– 
хиссада  патшаның 
аты, Шәмшит – шығыс әлемінің асыл патшасы болған. Ол әділетті 
хан болған,  бірақ  баланың  жылағандағы  дауысы ханның дауысы 
емес, әншінің дауысына көбірек ұқсайды.
- Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса да 
тақияңа тар келмес.
1-оқушы: - Шәмші Қалдаяқов Оңтүстік Қазақстан облысының 
Шәуілдір  ауданында  1930  жылы  15  тамызда  Арыс  өзенінің 

121
жағасында дүниеге келді. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара 
бастайды.  Шәмшінің  әндері  ерекше  жұмсақ,  жылы  сазымен  ел 
назарын бірден аударды.
«Арыс жағасында» әні шырқалады.
Надежда:  -  Шәмшінің  әкесі  Қалдаяқ  теріскейде  туып-өскен, 
атақты шежіреші, көпшіл, ақынжанды, зергер, өнерлі адам болды. 
Шешесі – Сақыпжамал үні қоңыраудай сылдырлап ән салса, ажары 
ашылып тоты құстай түрленіп кететін жан екен.
Виктория:  -  Бала  кезінен  анасының  жағымды  әсем  дауысы 
құлағына сіңіп, бала түйсігімен сезіп өсті. Дарынды сазгер шың 
секілді  ән  өнерін  биікке  көтерді.  Ақ  сүтімен  асыраған  аяулы 
анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол – «Ана туралы жыр». 
Себебі, анасы дүниеден өтер алдында бата берген еді. Анасының 
сөздері: «Жалғыз тілеуім – сен аман бол!». Бұл өмірде салған әнің 
айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа кетсін.
«Ана туралы жыр». Орындайтын – хор.
Оқушылар сандар жазылған сызбалар ұстап шығады.
Шәмші  Қалдаяқов  1950  жылы  Сарыағаштағы  Қапыланбек 
мал  дәрігерлік  техникумын  бітірген.  50-ші  жылдан  бастап 
шығармашылықпен айналысты.
•  1951-1954  жылдары  Қиыр  Шығыста  әскери  борышын 
атқарды.
•  1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесіне қабылданды.
•  1956-1962  жылдары  Алматы  мемлекеттік  консерва-
ториясында  профессор  Великановтың  класы  бойынша 
оқыды.
•  1958 жылы Қазақ ССР сыйлығының иегері.
•  1992 жылы «Қазақстан халық әртісі» атағы берілді.
«Ақ бантик», «Сыған серенадасы» әндері орындалады.
- Әнің керемет! Вальс королі атанасың!- деген сөздер Шәмшінің 
жаңа  әндер  шығаруына  шабыт,  әсер  берді.  Оның  әндерінде  әр 
дыбыс ерекше анық шығады.
«Сыған серенадасы», «Бір белгі» әндері орындалады.

122
Жас  та,  қарт  та  Шәмші  әндерін  естісе  елеңдеп,  әлі  күнге 
дейін әндерін сақтап, айтып келеді. Сондықтан Шәмші рухы әлі 
арамызда.  Халық  сүйіп  айтатын,  қасиет  қонған  Шәмші  әні   
– 
«Менің Қазақстаным» бүгінде әнұранға айналды.
2006 жылы 11 қаңтарда «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік 
әнұран ретінде алғаш рет «Ақордада» орындалды.
Мұғалім:  -  Шәмші  дүниеден  өтсе  де,  алысқа  ұзап  кетсе  де, 
тірі  кісідей  сырласып,  ойласып,  өлмей,  жоғалмай  әлі  жүргені  – 
оның керемет таланты. Шәмші әні – әрқашан біздің жүрегімізде. 
Қазақ вальсінің  королі атанған аса дарынды композитор Шәмші 
Қалдаяқов – мерейімізді мәңгілік көтере білетін ұлттық мақтаны-
шымыз!
Сымбат СМАТАЕВА,
Лозовое мектеп-бақшасының
мұғалімі.
Ақмола облысы,
Жақсы ауданы.
ТІЛІ  НӘРЛІ  ЕРТЕңІНЕ  СЕНІМДІ
Мақсаты:  оқушылардың  алдарына  қойған  мақсаттарын  біле 
отырып,  оларға  бағыт-бағдар,  ақыл-кеңес  беру.  Болашақтың 
жарқын және ашық болатынына сенімділіктерін арттыру. Білімге 
деген құштарлықтарын ояту.
Жұмыс барысы: (интерактивті тақта қолданылады).
Эпиграф:
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың 
болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі 
жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де 
иесі екеніңді ұмытпа!».  
                                                                      Н.Ә.Назарбаев.
   
   
 

123
«Ұлттың ертеңі – бүгінгі ұрпақтың мойнында. Ел бірлігі! Елге 
тұтқа  болар  елдің  де  көкейіндегі  басты  мақсат  осы  болса  керек. 
Жастардың да көксегені – бірлік, тыныштық, елдің тұтастығы. 
Елдің  жастарды  тірек  санауының  сыры  неде?  Себебі, 
болашағымыз  бұлыңғыр,  беймәлім  шақта  тыңнан  түрен  салып, 
елді тығырықтан алып шыққан – осы тегеурінді жастар».
Кезінде сыршыл, лирик ақынымыз М.Жұмабаев осы жастарға 
деген  сеніммен  «Мен  жастарға  сенемін»  деген  өлең  жолдарын 
арнаған  еді.  Соны    Тимурина  Линаның    мәнерлеп  оқылуында 
тыңдап көрелік. 
«Жаман қасиеттерден арылайық». 
Психологиялық тренинг.
Дұрыс  тәрбие,  сапалы  білім  алу  үшін,  еліне  адал  қызмет  ету  
үшін  әрбір  жеткіншек  өз  бойындағы  жаман  қылықтардан  арылу 
керек.  Ендеше,  осы  тренинг  мақсаты  –  өз  бойымыздағы  жаман 
әдеттерімізді өшіріп тастау. 
Тренинг  жүргізу.  Әр  топқа  екі  парақтан  таратылады,  бір 
параққа  –  жақсы,  ал  екіншісіне  –  жаман  қылықтары  жазылады. 
Жазылған дүниелерін оқып, жақсы қасиеттері жазылған қағазды 
жан  қалтасына  салып,  жаман  қасиеттері  жазылған  парақты 
қоқысқа тастайды.
Осыған  орай  адам  баласы  қандай  бес  асыл  іске  асығып,  ал 
қандай қылықтардан аулақ болу жөнінде кімнің өлеңінен танысып 
едіңіздер?
- Дұрыс, Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен. 
Ендеше, өлең үзіндісін тыңдайық. Оқитын – Қазезова Аида.
- «Біреулер бойында жоқ нәрсені іздеп әуре, біреулер бойында 
бардың  бағасын  білмей  мас»  деген  екен  Үмбетбай  Уайдин. 
Сондықтан  да  бойымыздағы  бар  жақсылығымызды  бағалап, 
талантымызды  талабымызбен  ұштап,  жігерімізді  қайратымызға 
серік етіп, әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.
Адамның көркі – жақсы іс.
Қазіргі  адамдардың    барлығының  да  көздері  ашық,  ғылыми-

124
техникалық дамудың шарықтап тұрған кезеңі компьютер дәуірін-
де  өмір  сүріп  жатырмыз.  Бірақ,  бір  нәрсе  жетіспейді.  Ол  –  рух 
қажеттілігі, рухани азық. Бұл азықты осы әлемнен аламыз.
Шәкәрімнің  мынадай  сөзі  бар:адамның  жақсы  өмір  сүруіне 
үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал 
еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.
«Адам – ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары-іздегенге мәңгі сана.
Өзіңді -өзің танысаң істің басы,
Түзеген  өз  ғаламын  болған  дана»,-  деп  Әл-Машани  атамыз 
айтпақшы, ендігі кезекті өзімізді танудан бастаймыз.
Жақсылыққа жақсылық –
Әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық –
Ер кісінің ісі.
Ортақ сұрақ:
-  Жақсылық  дегенді  қалай  түсінесің,  жақсылық  пен 
жамандықтың  айырмашылығы  қандай  болады?    Жамандық 
жасаған  адамға  қалай  жауап  беруге  болады?  Жамандық  неден 
болады?
2-ұстаным: 
Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.
Сұрақ:  -  Достық  деген  не,  достарды  тауып,  достықты  сақтау 
үшін  не  істеуге  болады?  Достықтың  неше  түрі  бар,  достыққа 
ең бастысы не қажет деп ойлайсыздар? Дос қиналғанда ма әлде 
қуанышқа ортақтасқанда көбірек таныла ма?
Елдің болашағы –  білімді ұрпақта.
- Қазір екі топқа 20 сұрақтан  қойылады. Қай топтың оқушылары 
жүйрік те алғыр екендігін байқаймыз. Сұрақтар әр саладан.
1-топтың сұрақтары:

125
- Сөз өнер жарысы.             айтыс
- Томирис кім?                     сақ патшайымы
- Мұсылман діні.                  ислам
- Қасиетті тағам.                   нан
- Көне тарихи заттарды сақтайтын орын.     мұражай
- Адам алғашқы құралды неден жасады?      тастан
- Республикамыздың облыс саны.                  14
- Ең киелі құс.                                                    аққу
- Ата Заң қай жылы қабылданды                    1995, 30 тамыз
- Жаңа дүниеге келген нәрестенің алғашқы киімі.         
иткөйлек
- Талапсыз жас, қанатсыз не?                           құс
- Вальс королі.                                                   Ш.Қалдаяқов
- 1 километрде неше метр?                               1000
- Шөл кемесі.                                                      түйе
- Қой пірі.                                                            Шопан ата
2-топтың сұрақтары:
- ҚР мемлекеттік туының авторы кім?        Ш.Ниязбеков
- Тұңғыш қазақ ғарышкері.                          Т.Әубәкіров
- Тұңғыш рет қазақ әнін шетелде орындап, күміс жүлде алған  
әнші.                                                                       Ә.Қашаубаев
- Төрт мүшелге толған адам нешеде болады?     49
- Мұсылмандардың діни ғимараты.                     мешіт
- Тұңғыш қазақ жұрналы.                                    «Айқап»
- Қан тоқтататын элемент.                                    йод
- «Жақсы» сөзінің антонимі.                                жаман
- Мұсылмандардың қасиетті кітабы.                    құран
- Тісі түскен адам.                                                  кетік
- Байланыс аппараты.                                             телефон
- 7 күн.                                                                     апта
- Тәуелсіздікке неше жыл?                                     20
- ҰБТ қандай сөз?                                                   қысқарған
- Ер қанаты не?                                                        ат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет