Жүсіп баласағҰНИ


-кезең. Жаңа тақырыпты меңгерту



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2-кезең. Жаңа тақырыпты меңгерту.
а/ Шоқан Уәлиханов туралы оқушылардың білім деңгейлерін 
анықтау мақсатында insert кестесінің бірінші, екінші бағаналарын 
толтыру.
Білемін 
Білгім келеді
Білдім 
ә/ Мәтінмен жұмыс: оқу; сөздік жұмысын жүргізу; жоспар құру; 
«мәтін бөліктері» техникасы арқылы мазмұнын анықтау. Сынып 4 
топқа бөлінеді. Оларға «кіріспе», «негізгі», «қорытынды», «сенім» 
сөздері жазылған парақтар ұсынылады. «Кіріспе» тобы мәтіннің 
кіріспе бөлігін, «негізгі» - мәтіннің негізгі бөлігін, «қорытынды» 
-  қорытынды  бөлігін  мазмұндайды,  ал  «сенім»  тобына  сенім 
білдіріледі, олар жауап бермейді.
б/  «Кім  жылдам?»  ойыны  арқылы  салалас  пен  сабақтас 
құрмалас  сөйлемдерді  қайталау.  Әр  оқушыға  екі  түрлі  қағаз 
беріледі. Бірінде «салалас», екіншісінде «сабақтас» деп жазылған. 
Сөйлемдер  оқылғанда  қағаздың  бірін  жоғары  көтеру  керек.  Кім 
дұрыс, жаңылыспай жауап берсе, сол жеңімпаз болып есептеледі.
1. Біресе кітап оқиды, біресе хат жазады.
2. Шоқан «Манас» дастанын тұңғыш рет орыс тіліне аударып, 
толық әдеби талдау жасады.
3. Ол қазақ поэзиясының өлең құрылысын зерттей келе, оны 
орыс ғалымдарына таныстырды.

99
4. Білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарынан озып 
отырды.
5. Шоқан Кадет корпусында оқып жүргенде саяхатшылардың 
өміріне қызығушылықпен қарады.
6.  Шоқан  Омбыға  барады,  Сібір  қазақтары  үшін  жасалып 
жатқан сот реформасына қатысты.
3-кезең. Өздік жұмысы.
а/  «Сөйлемдерді  өзгертіңдер»  тапсырмасы.  Берілген  салалас 
құрмалас  сөйлемдерді  сабақтас  сөйлемге  айналдырып  жазу. 
Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің астын сызу.
1.  Ш.Уәлихановтың  зерттеу  еңбектері  Петербург  ғалымдары-
ның назарын аударды, құнды ықылас-ілтипаттарына ие болды.
2.  Шоқан  орыс  тілді  тез  меңгерді  және  ол  өзі  қатарлас 
оқушылардан озық оқыды.
3. Шоқан сайлауда жеңді, бірақ Сібір әкімшілігі оны бекітпеді.
ә/  Графикалық  диктант.  Берілген  сөйлемдерді  шартты  түрде 
дәптерге түсіру.
1.  Петербургте  Шоқан  достарын  кездестіреді  және  орыс 
ғалымы А.Бекетовпен танысады.
2. 1861 жылы ол Атбасар уезіне аға сұлтан сайлауына қатысты 
және ол көпшілік дауысын алды.
б/  «Толықтыр»  тапсырмасы.  Жартылай  берілген  сөйлемдерді 
толықтырып жазыңдар. Басыңқы мен бағыныңқылы сөйлемдерді 
белгілеңдер.
1. Шоқан Қырғыз елін зерттеу үшін, ...
2. Ол болашақ саяхатшы Г.Потанинмен бірге оқып, ...
3. ..., Омбыда әскери қызметке қалды.
Қорытындылау. Бағалау.
а/ insert кестесінің үшінші бағанасын толтыру.
ә/ Шоқан сөзімен бес жол өлең жазу.
үй  тапсырмасы:  2-деңгей,  2-тапсырма.  Мәтіннен  сабақтас 
құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.

100
Білім сынағында                                                                            
Жанар ҚАЗЕЗҚЫЗЫ,
Лавровка орта мектебінің 
                                                                          мұғалімі.
Солтүстік Қазақстан облысы,
                                                                          Айыртау ауданы.
ТІЛ МЕН СПОРТ  
ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ  ДЕңГЕЙЛІК  
ТАПСЫРМАЛАР
(7-сынып)
А1-деңгей: 1. Сөздерді орыс тіліне аударыңдар:  физкультура, 
полезно  для  здоровья,  занимаюсь  спортом,    закаляюсь,    люблю 
играть  в  хоккей,    катаюсь  на  коньках,    борьба,    конный  спорт, 
национальные игры.
2. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар:  коньки, шаңғы, 
футбол, волейбол, спорт,  шынықтыру,  денсаулық, байлық, тоғыз 
құмалақ, жарысу, жеңілу, жүгіру, секіру.
А2-деңгей: 1. Берілген сөз тіркестерін, сөйлемдерді  аударыңдар:  
мен жүгіремін, ол жаттығу жасайды, Саша футболды жақсы 
көреді,  Алена  коньки  тебеді,    теледидардан  спорт  ойындарын 
көремін, мектепте ылғи жарыс өтеді. 
2.  Мектеп  спортзалында  нелер  бар,  онда  оқушылар  қандай 
жаттығулар жасайды?   /әңгімелеу/.
А1-А2  деңгейлерге    3-тапсырма:    Венн  диаграммасын  
толтыру.
 
КүРЕС 
БОКС 

101
В1-деңгей:  1.  Етістіктің  жалғауларын  толықтыр.  Мен  
жүгір-е-.....,  ол  секір-е-....,  біз  коньки  теб-е....,  кеше  хоккей 
ойна-ды-.....,  күнде  таңертең  жаттығу  жаса-й-.....,    ол  денені 
шынықтыр-а-....,  досыммен күрес-е-.......  .
2. Қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгімелеу.
В2-деңгей:  1. Олимпиада ойындары туралы не білесің?
2. Менің сүйікті спортшым..................................................
/толықтырып жаз/.
В1-В2  деңгейлерге    3-тапсырма:    Венн  диаграммасын 
толтыру.
С1-деңгей:  1.  Қажымұқан  Мұңайтпасов....,  Жақсылық 
Үшкемпіров....,  Серік  Қонақбаев....,  Бекзат  Саттарханов...., 
Ермахан  Ыбырайымов....,    Бақтияр  Артаев....,  Александр 
Винокуров.....,      Ольга  Шишигина....      /көп  нүктенің    орнына 
спорттың түрлерін жаз/.
2. Әлемге танымал спортшылар туралы айтып бер.
С2-деңгей: 1. Жақсылық Үшкемпіров туралы не білесің?
2. «Қазақстан мерейін өсірген спорт» тақырыбына  шағын эссе 
жаз.
С1-С2  деңгейлерге  3-тапсырма:    Венн  диаграммасын 
толтыру.
Қосымша тапсырмалар:   /кеспе қағаздар/.
 
БАСКЕТ-
БОЛ 
ВОЛЕЙ-
БОЛ 
 
ШАңҒЫ 
ТЕБУ 
КОНЬКИ 
ТЕБУ 

102
А1-А2 деңгейлерге:
№   Спорт  түрлері   Заттары, бұйымдары     Адамдар не істейді?
1.
  Футбол
       доп, қақпа
ойнайды, допты 
қақпаға тебеді,  
жүгіреді, т.б.
2.
  т.б.
В1-деңгейге:
Болымды, болымсыз етістіктермен жұмыс жасау.

Спорт түрлері
Ұлттық спорт түрлері Болымды, болымсыз 
етістіктер.
1.
Теннис
   Қазақша күрес
Ойнайды-ойнамайды,
күреседі-күреспейді.
2.
т.б.
В2-деңгейге:
  Спортзалда   «Кім тез, жылдам?!»

Спортзалда
нелер бар?
Спортзалда оқушылар
       не істейді?
 Спортзал қандай, 
қайда орналасқан?
1.
2.
С1-С2 деңгейлерге:
Қазақстан спортшылары туралы мәлімет бер.
№   Спортшының
аты-жөні.
Спорт 
түрі
Қай    
жарыстың
жеңімпазы
Жарыс
өткізілген
жыл.
Жарыс 
өткізілген
қала
Қазақтың жылқы малына байланысты ұлттық ойындары.
/ойындардың ерекшеліктері бойынша сұхбат құрастыру/.

103
Олимпиада ойындары бойынша сұрақтар:
1. Ежелгі олимпиада ойындары қай елде пайда болған?  / Ежелгі 
Грекияда 776 жылы, содан кейін Афинада пайда болған/.
2. Олимпиада ойындары басталарда не жағылады?  /Олимпиада 
алауы жағылады/.
3.  Олимпиаданың  негізгі  белгісі    не?  /негізгі  белгісі  -  бес 
шығыршық/.
4. Бес шығыршық ненің белгісі?    /адамдар мекен ететін бес 
құрлықтың белгісі/.
5. «Медеу мұз айдыны» туралы айтып бер.
6.  «Азиада»  ойындары  2011  жылы  қайда  өтті  және  қандай 
қысқы ойындары өткізілді?  
7. «Азиада» ойындарының  символы туралы білесің бе?
Көп нүктенің орнына тиісті төл дыбыстарды қойып жаз
К...рес, ....аза..ша күрес, б...йге, к...кпар, ар...ан тарту, қыз ...уу, 
то..ыз..ұмалақ,  те..ге алу, аударыспа..., жаяу жар..с,  қол  к...рес, 
до...бы,
Мақал-мәтелдердің сыңарын тауып жаз.
Денсаулық –                                           денсаулық кепілі.
Тәні саудың –                                         егіз.
Денің сау болса, жарлымын деме –     жаны сау.
Еңбек пен бақыт –                                 зор байлық.
  БӘЙГЕ 
ТЕңГЕ АЛУ 
ҚЫЗ ҚУУ 
АТ ЖАРЫСЫ 
Ұлттық 
спорт 
ойындары 
 

104
Жамандық пайда етпейді –          жолдасың көп болса,   
                                                        жалғызбын  деме.
Спорт –                                          жақсылық  зая  кетпейді.
Антонимдер            
Синонимдер                          
Омонимдер
   Барады-бармайды
Жақсы, онды, тәуір.
Бас, қас, шаш, қара
Берілген сөздіктерді өрбітіп жазу.
Мысалы: футбол – футбол ойнау – футбол ойнаймын.
Мәнерлеп сырғанау 

 фигурное катание;
Шайбалы хоккей- хоккей с шайбой;
Тау шаңғысы 

 горные лыжи;
Допты хоккей – хоккей с мячом;
Коньки тебу спорты 

 конькобежный спорт;
Трамплиннен шаңғымен  секіру 

 прыжок с трамплина.
А1-А2. Берілген  сурет бойынша  сөз тіркесін жаса.
В1-В2. Сурет бойынша сұхбат құрастыр.
С1 деңгейге:  сурет бойынша 6 сөйлем құрастыр.

105
С2 деңгейге:  сурет бойынша өз білгеніңді жаз.
Қазақстан мерейін өсірген спорт
Қазір  Қазақстанда  спорттың  барлық  түрі  дамыған.  Көптеген 
ұлттық спорт ойындары бар. Оның ішінде көбірек өткізілетіндері 
– бәйге, көкпар, қазақша күрес, аударыспақ.
Тәуелсіз  Қазақстан  1994  жылы  Дүниежүзілік  Олимпиада 
Комитетінің  мүшесі  болды.  Қазақстандық  спортшылар  әр  түрлі 
жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді.
Біздің  команда  қысқы  Наганада  өткен  олимпиадалық  ойында 
100 команда арасында 11-орынды жеңіп алды. Атлантада біз 180 
команданың ішінен 26-орын алдық.
Сиднейдегі  спортшыларымыздың  жеңісі  Қазақстанға  даңқ 
әкелді.
Спорттың  көптеген  түрлерінен  әлемге  танылған  спортшылар 
аз емес. Мысалы, боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүние 
жүзі  мойындады.  Жақсылық  Үшкемпіров  –  күрестен  олимпиада 
жеңімпазы. Дәулет Тұрлыханов 

 әлемнің екі дүркін жеңімпазы, 
балуан. Бекзат Саттарханов-Сидней олимпиадасының жеңімпазы. 
/ «Алматы ақшамы» газетінен/.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Мәтінді түсініп оқу, аудару.
2. Мәтінге жоспар құрастыру.
3. Мәтін бойынша сұхбаттасу, сұрақтар дайындау.
4. Мәтінді мазмұндау.
Ойды жалғастырыңдар:
Ұлттық спорт ойындарына........
Мектебімізде мынадай спорт секциялары.........
Менің сүйікті спортшыларым............

106

Спортшының
аты-жөні
Спорт 
түрі
Қай 
жарыстың
жеңімпазы
Жарыс 
өткізілген
жыл
Жарыс
өткізілген
қала
Денсаулық – басты байлық, денсаулығыңды шыңда.
Адам  өмірін  ұзарту  мүмкін  бе?  Белгілі  гигиеналық,  емдәм 
ережелерін  сақтап,  өмірді  ұзартуға  болады.  Бұған  әрбір  адам 
міндетті.  Денсаулық  әркімнің  өзі  үшін,  оның  отбасы  және  елі, 
халқы  үшін  де  қажет.  Мен  әр  адам  120  жыл,  одан  да  көп  өмір 
сүруге  хақылы,  міндетті  дер  едім.  Денсаулықты  сатып  ала 
алмайсың.  Оны  тек  өзіңнің  тынымсыз  еңбегің  арқылы  ғана 
табасың.  Тек  табанды  еңбек  арқасында  қайратты  боласың,  ұзақ 
жасайсың,  сарқылмас  денсаулықтың  қызығын  көресің.  Мәселен, 
мен  өз  өмірімнің  саулығын  өзім  жасадым.  Жылдың  365  күнінде 
мен  түгелдей  саумын.  Ауру,  шаршау  дегенді  атымен  білмеймін. 
Суға шомылғанды жақсы көремін. Тауға жиі серуенге шығамын. 
Билегенді  өте  ұнатамын.  Осындай  нәтижеге  сіз  де  жете  аласыз.                         
/Поль Брэгг/.
Түсініктеме: Поль Брэгг- АҚШ азаматы. Ол 95 жыл қызу еңбек-
ке толы, белсенді, қызықты өмір сүрген. «Ашығудың ғажайыбы» 
деген кітаптың авторы. 1978 жылы Флорида жағалауында мұхит 
үстінде апатқа ұшырап, қайтыс болған.
1. Сенің денсаулығың жақсы ма?
2. Адам өз өмірін ұзарта алады дегенге сенесің бе?
3.  Отбасы  мүшелері  таңертеңгілік  жаттығу,  сумен  шынығу 
немесе басқа да дене шынықтыру түрлерімен айналыса ма?
А1-А2  деңгейлер:    Берілген  сөздердің  антонимдерін 
жазыңдар:
Ұзарту –                                             Қайратты –
Тынымсыз –                                      Сау –
Жақсы көру –                                    Жиі –

107
В1-В2 деңгейлер:  Мына сөйлемдерді қатыстыра отырып, 
диалог құраңдар:
Денсаулықты қалай сақтауға болады?
Апай, менің тісім ауырған емес.
Мен аяғымды ауыртып алдым.
С1-С2 деңгейлер:  Ойды жалғастырыңдар:
Адам денсаулығына пайдалы жеміс-жидектер 

Адам ағзасына зиянды тағамдар 

Қазіргі  жеміс-жидектердің  құрамында  бар  зиянды  химиялық 
элементтер 
– 
........
ДӘРІГЕР  –  ЖАҚСЫ  МАМАНДЫҚ
Дәрігер  адамдарды  жақсы  көруге  әрі  мейірбан  жүректі 
болуға тиісті. Өйткені, науқастың ауруын жеңілдету, оны емдеу – 
дәрігердің бірден-бір борышы.
Дәрігер  білімді,  батыл  әрі  шыдамды  болуға  тиіс.  Ол  нендей 
жұқпалы ауру болса да, емдеуге баруға міндетті. Ауруды жұқтырып 
алу  қаупін  білсе  де,  өз  еркімен  саналы  түрде,  сырқатын  қарап 
емдейді. Оларды түн демей, күн демей, науқас адамға шақырады. 
Басқа  дәрігер  болмай  қалса,  ол  өзінің  ауырғанына  қарамастан, 
шақыруға  барады.  Неғұрлым  жылдам  жетіп,  жедел  жәрдем 
көрсетуге міндетті.
                                  / «Ол кім?  Бұл не?» кітабынан/.
1. Дәрігер қандай болу керек?
2. Қандай кездерде ол адамдарға көмектесуге міндетті?
3. Ол адамдарды қалай емдеуі керек?
4. Сен өзің дәрігер болғың келе ме?
Мәтін бойынша тапсырмалар:                
1. Мәтінді оқу, аудару.                                А1-А2
2. Мәтінді аудару, жоспар құрастыру.       В1
3. Мәтін бойынша сұхбаттасу.                   В2
4. Мәтінді мазмұндау.                                 С1-С2
ДӘРІГЕРЛЕР
Кірпік қақсаң үзілердей гүл шырын,

108
Алмайсыңдар ай, аптада бір тыным.
Аққу құстай балапанын қорыған
Сақтайсыңдар адамдардың өмірін.
Дәрігерлер, дәрігерлер, дәрігер....
Жедел жәрдем бере гөр.
Ақ халаттың арасынан көрінсең,
Аулақ жүрер ауру деген әбігер.        /К.Салықов/.
Кәкімбек Салықовтың өлеңін жаттап алыңдар.
ЖУСАН – ДӘРІЛІК ӨСІМДІК
Жусан  –  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Оның  құрамында 
қоректік заттар көп, эфир майы бар. Ол, әсіресе, қой, ешкінің жақсы 
азығы. Оны басқа малдар да жейді. Жусан кебірсіген топырақтың 
бетін жел үрлеп кетуден сақтайды, қыста қар ұстайды.
Ермен  мен  дермене  де  жусанның  түрлері  болып  табылады. 
Ерменнің биіктігі кейде екі метрге дейін жетеді. Ол медицинада 
бұрыннан  қолданылып  келеді.  Ал  дермене  Қазақстанның 
оңтүстігіндегі  шөлді  өңірлерде  өседі.  Орта  Азияда  да  кездеседі. 
Оңтүстік облысында оны қолдан өсіретін дермене шаруашылығы 
бар.  Дерменеден  кейбір  іш  ауруларына  қарсы  қолданылатын 
сантонин  дәрісі  жасалады,  медицинада,  парфюмерияда 
пайдаланылатын эфир майы алынады.   /«Қазақ календарынан»/.
1. Жусанның қанша түрі бар?
2. Жусан қандай жерлерде өседі?
3. Ол қай малдардың азығы?
4. Тағы қандай өсімдіктер жусанның түріне жатады?
5. Жусанның қандай емдік қасиеттері бар?
6. Дермене қай облыста кездеседі?
ДӘРІГЕРДІң ҚАБЫЛДАУЫНДА
- Кіруге бола ма?
- Кіріңіз. Отырыңыз.
- Қай жеріңіз ауырады?
- Қызуым көтеріліп тұр.
- Ауырғаныңызды қашан сездіңіз?

109
- Кешеден бері.
- Тіліңізді көрсетіңіз.  Жиі ауырасыз ба?
- Соңғы кезде денсаулығым нашарлап жүр.
-  Шешініңіз.  Еркін  демалыңыз.  Мына  жеріңізді  басқан  кезде 
ауыра ма?
- Жоқ, ауырмайды.
- Қауіпті ештеңе жоқ. Сізге кішкене салқын тиіп қалыпты. Мен 
рецепт жазып  берейін, дәріні бір таблеткадан күніне үш рет тамақ 
алдында ішіңіз.    
Емделіңіз.
- Рахмет. Сау болыңыз. /Парталас сыныптасыңмен сұхбаттас/.
Жағдайлық тапсырма: 1. Что вы будете делать, если заболеет 
бабушка?  Составьте  предложение  употребляя  словосочетания: 
жедел жәрдем, шақырамын, телефон соғамын, төсекке жатқызамын, 
сусын беремін, ыстығын өлшеймін, дәрі әкелемін.
2. Составь диалог «В аптеке».
Адам денсаулығы.
Әрбір  адам  денсаулығын  күтуі  және  нығайтуы  тиіс.  Ол  үшін 
тазалық сақтап, өзінің денесін қадағалауы керек. Адамның терісі 
кірлейді,  сондықтан  күнделікті  жуынып,  киімдерін  ауыстыруы 
қажет.    Әсіресе,  денсаулық  үшін  әр  түрлі  дене  жаттығулары  өте 
пайдалы.  Спорттық  жаттығулар  мен  ойындар  біздің  бұлшық 
еттерімізді қатайтып, бізге сергектік сыйлайды.
Пайдалы кеңестер:
1. Тазалықты сақтау үшін киімді үнемі ауыстырып тұру керек.
2. Киім кірлеген кезде таза киім киген дұрыс.
3. Су мен сабын микробтардан арылуға көмектеседі.
4. Даладан келгенде қолыңды міндетті түрде жу.
5.  Тырнақты  өсірмей,  алып  тұру  керек.  Тырнақтың  астында 
микроб көп жиналады.
6.  Жуынып  болғаннан  кейін  құлағыңның,  мұрныңның  ішін 
тазала.
7. Мұрынды тазалау арқылы біз бактериядан құтыламыз.

110
8. Тері – дене қорғаушысы. Ол ұсақ тесіктерден тұрады.
9. Теріні таза ұстап, үнемі жуып жүру керек.
10. 
Компьютерден 
денсаулыққа 
зиянды 
сәулелер 
бөлінетіндіктен, алдында ұзақ уақыт отыруға болмайды.
11. Ұялы телефоннан бөлінген зиянды сәулелер миға, адамның 
ішкі құрылысына әсер етеді, сондықтан ұялы телефонды 16 жасқа 
дейін пайдалануға болмайды.
12. Көзің ауырмаса да, жылына бір рет көз дәрігеріне көріну 
керек.
13.  Теледидарды  2,5-3  метр  қашықтықты  дауысын  қатты 
шығармай, аз ғана уақыт қарау керек.
14. Үнемі мұрын арқылы тыныс алуға дағдылан.
15. Құлақты, мұрынды үнемі тазалап, жуып жүру керек.
16.Құлақты жуған кезде ішіне су кетіп қалмасын.
17. Ұйықтар алдында жуынып, төсегіңді жайлы етіп салу керек.
а/ Кеңестерді оқы, аудар, түсін.
ә/ Етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып жаз.
б/ Кеңестердегі етістіктерді сөз құрамына талда.
Мысалы:  Сақтау.  Сақ-түбір,  та-етістіктің  жұрнағы, 
у-тұйық етістік. 
«Денсаулық  –  зор  байлық»  тақырыбы  бойынша  бақылау 
жұмысы.    
А1-деңгейге. 1. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар: 
емхана,  дәрігер,  дәрі,  кезекте,  ауру,  тексеру,  емдеу,  дене  қызуы, 
ауруханада, мейірімді, мейірбике, дұрыс тамақтану, таза ауамен, 
жаттығулар.
2. Қос сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар: ата-ана, әке-
шеше, бір-біріне, ыдыс-аяқ, салт-дәстүр. 
3.  Үш-үштен,  бір-бірден,  екі-екіден,  бесеуден  /топтау  сан 
есімдермен сөз тіркестерін құрастыр/.
А2-деңгейге.  1.  Берілген  сөз  тіркестерімен  сөйлемдер 
құрастырыңдар: мейірімді дәрігер, дұрыс тамақтану, жаттығу-
лар  жасау,  салауатты  өмір,  тісті  емдеу,  ауру  бала,  қызуын 

111
тексеру, таза ауамен демалу, бос уақыт, дене шынықтыру.
2.  Қос  сөздермен  сөйлем  құраңдар:  әке-шеше,  ата-ана,  қып-
қызыл, үлкен-кіші, жақсы-жаман.
3.  Бір-бірден,  алты-алтыдан,  үш-үштен,  бес-бестен  /топтау 
сан есімдерден сөз тіркестерін құрастыр/.
В1-деңгейге.  1.  Берілген  етістіктермен  сөйлемдер  құрасты-
рыңдар:  ауырып қалды, емханаға барды, тексерді, өлшеді, берді, 
емдеді, демалады, көмек берді, тамақтанды.
2.  Қос  сөздермен  сөйлем  құраңдар:  әке-шеше,  ата-ана,  іні-
қарындас, үйді-үйді, киім-кешек, алыс-жақын, ойын-сауық.
3.  Бір-бірден,  алты-алтыдан,  жүз-жүзден,  отыз-отыздан        
/топтау сан есімдерден сөйлем құрастыр/.
В2-деңгейге. 1. Дәрігер туралы 5-6 сөйлем жазыңдар.
2.  Қос  сөздермен  сөйлемдер  құрастырыңдар:  ата-ана,  әке-
шеше, өзінен-өзі, ұп-ұзын, сап-сау, ыдыс-аяқ, киім-кешек. 
3.  Жүз-жүзден,  отыз-отыздан,  екі-екіден,  төрт-төрттен              
/топтау сан есімдерден сөйлем құрастыр/.
С1-деңгейге.  1.«Емханада»  тақырыбы  бойынша  диалог 
құрастырыңдар.
2. Қос сөздермен мысалдар келтіру.
3. Топтау сан есімдер қандай сұрақтарға жауап береді, мысалдар 
келтір.
С2-деңгейге. 1. «Денсаулық 
– 
зор байлық» тақырыбы бойын-
ша шағын мазмұндама жазыңдар.              
2. Қос сөздермен мысалдар келтіру.
3. Топтау сан есімдер қандай сұрақтарға жауап береді, мысалдар 
келтір.
1. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.                    
Бас  ауырса,  дәрі  ішу  керек.  Жүрегіңіз  ауырса,  кардиологқа 
барыңыз. Тамақ ауырса бал қосқан сүт ішу керек. Көзіңіз ауырса, 
окулиске  барыңыз.  Мүмкін,  сізге  көзілдірік  керек  болар.  Тісіңіз 
ауырса,  тіс  дәрігеріне  барыңыз.  Пломба  қояды  немесе  тісті 
жұлып тастайды. 

112
2.  үйіңізге  телефон  арқылы  «жедел-жәрдем  қызметін» 
шақыртыңыз.
3. Мақалдарды аяқтаңыз: 
а/  Бірінші  байлық 
– 
денсаулық,  екінші  байлық 
– 
......,  үшінші 
байлық 
– 
......
ә/ Денсаулық 
– 
...... байлық.
б/ Аурудың жайын сау.....
в/ Жаман ауруға 
– 
.......ас.
4. «Етіс» тақырыбына тест тапсырмалары:
1. Өздік етіс:
а/ жуынды;               ә/ жуғызды;   
б/ жудырды;             в/ жуылды.
2. Ырықсыз етіс болып тұрған сөз:
а/ дәптерлер жиналды;     ә/ дәптерлер жинаған; 
б/ дәптерлер жиналды;     в/ дәптерлер жинайды.
3. Жаздыр етісінің түрі:
а/ортақ етіс;             ә/ ырықсыз етіс; 
б/ өзгелік етіс;         в/өздік етіс.
4. Әкеліс етісінің түрі:
а/ өзгелік;                ә/ ортақ;   
б/ өздік;                   в/ негізгі.
5. Өздік етіс:
а/ еден жуылды;  ә/ досымен сырласты;
б/ сурет ілінді;     в/ асыл киім киінді.
6. Жіберілді етісінің түрі:
а/ ортақ;               ә/ негізгі;   
б/ ырықсыз;         в/ өздік.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет