Жүсіп баласағҰНИ


Бұрынғы өткен шақ  түріндегі есімшені тап



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1. Бұрынғы өткен шақ  түріндегі есімшені тап: 
а) жүзген;     ә) жүзді;     б) жүзбек;     в) жүзер.

82
2. Есімше тұлғасындағы сөзді тап: 
А) қарайын;    ә) қарады;    б) қарайтын;   в) қарапты.
3. Есімшеге тән емес қатарды көрсет: 
а) айтқан еді;           ә) барғалы жүр; 
б) көрмек болды;     в) айтар ақылым.
4. Тәуелденіп тұрған есімшені тап: 
а) оқығаным;  ә) оқығанның;  б) оқитын;  в) оқығанмын.
5. Дина Нұрпейісованың ұстазы кім болған? 
а) Жамбыл; ә) Дәулеткерей; б) Құрманғазы; в)Тәттімбет.
6. Туынды етістікті тап: 
а) ақылдас;    ә) қатысты;    б) ашылды;    в) сақталды.
7. Бағалау, сабақты қорытындылау.
   
   
 
Панеш СЕКЕНҚЫЗЫ,
Қарағанды қаласындағы
№54 жалпы орта білім 
беретін мектептің мұғалімі.
ЖАңА СӨЗ үЙРЕТКІШ             
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН
Сөздік:
Ұялы телефон –  сотовый телефон;
Сөндіріп қою – выключить;
Кездейсоқ қоңырау – случайный звонок;
Ескерту – замечание;
Қымбат – дорого;
Арзан – дешево.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

83
- Сен ұялы телефонды пайдаланасың ба?
- Ұялы телефонды қай кездері пайдаланасың?
- Ұялы телефоныңның қандай қызметі бар?
- Қазіргі кезде ұялы телефонсыз өмір сүруге бола ма? 
2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.
Мен ұялы телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын. 
Себебі  кездейсоқ  қоңырау  түсуі  мүмкін.  Ондайда  мұғалім 
ескерту жасайды.
Менің  ұялы  телефонымның  фотоаппараты  және 
бейнекамерасы  бар.  Әдемі  сәттерді  суретке  түсіремін, 
бейнекамераға жазамын.
Телефонмен  достарыма  смс,  ммс  жіберемін.  Ұялы 
телефонмен кейде интернетке кіремін. @ mail-ды жазып, өз 
«Әлеміме»  де  кіремін.  Электронды  поштамды  тексеремін. 
Ұялы  телефонның  қызметі  қымбат.  Сондықтан  мен  ұзақ 
сөйлеспеймін.  Жақында  телефоныма  агент  орнаттым.  Ал, 
агент арқылы сөйлескен арзан. Телефон арқылы достарымды 
кез келген жерден тауып аламын.
Ұялы телефонды ұзақ пайдалануға болмайды. Себебі оны 
ұзақ  пайдалану  уақытыңды  алады,  шаршатады.  Уақыттың 
қалай өткенін байқамай қаласың.
3-тапсырма.  Бос  орынға  сұрақтар  қойып,  өзара 
сөйлесіңдер.
.  .  . ?
Ұялы телефонды сабақ уақытында сөндіріп қою керек.
.  .  . ?
Сабақ уақытында кездейсоқ қоңырау түсуі мүмкін.
.  .  . ?
Қазіргі  ұялы  телефондардың  фотоаппараты  және 
бейнекамерасы бар.
.  .  . ?
Ұялы  телефонмен    интернетке  кіруге  болады.  @  mail  – 
ды  жазып,  өз  «Әлеміңе»  де  кіріп,  электронды  поштаңды 

84
тексеруге болады.
.  .  . ?
Телефоныма  агент  орнатып,  агент  арқылы  сөйлескен 
арзанға түседі.
4-тапсырма.  Жақшаның ішінен керекті сөздерді тауып, 
сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
Ұялы  телефонды  сабақ  уақытында  ...  (қосып  қоямын, 
сөндіріп қоямын).  Ұялы телефонымның ...  (принтері, сканері, 
фотоаппараты)  бар.  Әдемі  сәттерді  суретке  ...  (жазамын, 
түсіремін, бояймын).   Телефонмен достарыма ...  (кітап, смс, 
газет) жіберемін. Ұялы телефонмен ... (интернетке, мектепке, 
үйге) кіремін.    Ұялы телефонның қызметі ... (арзан, қымбат). 
Ұялы телефонды ұзақ пайдалануға ... (болады, болмайды).  
5-тапсырма.  Мәтіннен  мағынасы  қарама-қарсы 
сөздерді, неологизм сөздерді теріп жазыңдар.
6-тапсырма.  Диалогты  қажетті  сөздермен  толық-
тырып, өзара сөйлесіңдер.
- Сен ұялы телефонды пайдаланасың ба?
- Иә, мен ... 
- Сенің телефон ... қандай?
- Менің телефон нөмірім ... 
- Маған қоңырау ... 
7-тапсырма.  Берілген  сөздермен  сөйлем  құра:  ұялы 
телефонды,  жиі,  мен,  пайдаланамын;  хабарласамын, 
арқылы, ұялы телефон, достарыммен.
2-сабақ. Байланыс түрлері.
Сөздік:
Адамзат –человечество;
Ажырамас – неразлучный;
Қызмет көрсетеді – обслуживает;
Ерекшелік – особенность;
Пайда болу – появляться, образовываться;
Қамтамасыз етеді – обеспечивает.

85
1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
Қазіргі  адамзат  баласының  бір  елі  ажырамас  досына 
айналған қалта телефоны, яғни, ұялы байланыспен   алыс пен 
жақынды  байланыстырған  Beeline,  Aktiv,  Kcell,  Pathword, 
Dalacom, Tele 2 байланыс операторлары   қызмет көрсетеді.
Бұл  байланыс  операторларының  ең  басты  ерекшелігі 
-  жоғары  сапалы  қызмет  көрсету  мен    төмен  бағалардың 
үйлесімі болып табылады. 
Әр  компания  өзінің  абоненттерінің  қажеттіліктеріне 
әрқашанда мұқият қарайды. 
Өз  абоненттерін  ұялы  байланыстың  қызметін  пайда-  
лану үшін ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді.
2-тапсырма.  Сызба  арқылы  байланыс  операторла-
рының қызметі туралы жазу.                                      
 3-тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.
- Сен ұялы телефонды пайдаланасың ба?
- Иә, мен ұялы телефонды пайдаланамын.
- Сен қандай байланыс түрін пайдаланасың?
- Мен  Aktiv, Pathword байланыс түрлерін пайдаланамын.
- Сенің нөмірің қандай?
- Менің нөмірім 87016874124 , 87003541723
- Бұл байланыс түрлерінің қандай ерекшеліктері бар?
- Aktiv байланыс түрі қалада да, ауылда да сапалы қызмет 
 
Байланыс 
қызметі 
 
 Нөлдік теңгерім кезіндегі көмек. 
 
Ойын-сауық қызметі. 
 
«Кім қоңырау шалды?»
 
қызметі. 
  
«Мен байланыстамын» қызметі. 

86
көрсетеді. Pathword байланыс түрінде желі ішінде сөйлесу 
өте арзан, бірақ ауылды жерде байланыс жоқ. Сондықтан екі 
байланыс түрін қолданамын.
4-тапсырма.  Әр  оператордың  нөмірі  қай  саннан 
басталатынын жазыңдар.
Үлгі:  актив – 8701... , 8702 ..., 8775...
5-тапсырма. 
Байланыс 
операторларының 
ерекшеліктерін жазыңдар.
Beeline
Aktiv
Pathword  
Kcell
Tele 2
3-сабақ. SMS арқылы сөйлесу
Сөздік:
Ыңғайлы – удобно;
Құттықтау хаттар  – поздравительные письма.
1-тапсырма.  Диалогты  оқыңдар.  Өздерің  диалог 
құрастырып, өзара сөйлесіңдер.
- Сен ұялы телефонның қандай қызметін жиі қолданасың?
- Мен ұялы телефон арқылы достарыммен хабарласамын.
- Достарыңмен SMS арқылы сөйлесесің бе?
- Иә, SMS арқылы сөйлесу өте ыңғайлы.
- Оған көп уақыт кетпей ме?
- Жоқ, уақыт көп кетпейді және SMS арқылы сөйлесу өте 
арзан.
- SMS арқылы қай тілде сөйлесесің?
-  Мен,  көбінесе,  қазақ  тілінде    сөйлесемін,  ал  Андрей 
досыма орысша жазамын. 
- SMS арқылы құттықтау хаттар жазасың ба?
-  Әрине,  мерекелерде,  туған  күнге  байланысты  туған- 
туыстарымды,  достарымды  SMS  арқылы  құттықтап 
отырамын.
- SMS арқылы хабарласудың қандай пайдасы бар?

87
- Біріншіден, сауатты жазуға  дағдыланасың, екіншіден, 
арзан.
2-тапсырма.  Әңгімелесушімен  келіспей,  өз  ойыңды 
білдір.
- Сен ұялы телефонды жиі пайдаланасың ба?
- Жоқ, мен ....
-  Сен  ұялы  телефонды  сабақ  уақытында  қосып  қоясың 
ба?
-  . . . 
-  Сен  СМС  арқылы  сөйлеспей,  көбінесе,  қоңырау 
шаласың ба?
- . . .
- 1000 бірлік 200 теңге тұрады ма?
-  . . . 
- Сен ұялы телефонмен ән тыңдайсың ба?
-  . . . 
- Сен актив байланыс түрін пайдаланасың ба?
-  . . .
Жағдаяттық тапсырма. 
1. Ертең досыңның туған күні. СМС арқылы құттықтау 
жазып жолда.
2.  Ұялы  телефондағы  агент  арқылы  ертең  неше  сабақ 
және қандай сабақтар бар, олардан не бергенін сұрап, жауап 
жазыңдар.
3-тапсырма. Берілген сөздерге антонимдер жазыңдар.
Ыңғайлы –
Арзан –
Пайдасы –
Дос –
4-сабақ. Телефонмен сөйлесу әдебі.
Сөздік:
Телефонда тұрған менмін – по телефону говорю я;
Шатастырып алу – перепутать;

88
Сөздің сипаты – характер слова;
Сөйлеу мәдениеті – культура речи;
Әдепсіздік – неучтивость, невежливость.
1-тапсырма.  Диалогты  оқыңдар.  Өздерің  диалог 
құрастырып, өзара сөйлесіңдер.
- Алло! Сәлеметсіз бе?
- Иә! Сәлеметсіз бе? Сізге кім керек еді?
- Бұл сөйлеп тұрған Мақпал ғой, Әсемгүл бар ма екен?
- Қазір күте тұрыңыз.
- Алло! Мақпал, сені тыңдап тұрмын.
- Әсемгүл, кітапханаға қай уақытта барамыз?
- Ертең сағат 10-да аялдамада кездесейік.
- Жақсы, сау бол!
- Сау бол!
2-тапсырма.  Тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 
қолданып, сұхбат құрастырыңдар.  Өзара сөйлесіңдер.
Телефонда  тұрған  менмін,  сенімен  сөйлесуім  керек, 
шақырып  жіберіңізші,  шатастырып  алу,  кешіріңіз,  оқасы 
жоқ, телефон бос емес. 
3-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
Сөйлеу әдебі.
Әр  адамның  өз  сөйлеу  мәнері,  сөз  саптау  ерекшелігі 
болады.  Дегенмен,  сөйлескенде  адам  мынадай  қарапайым 
нәрселерді бойда қалыптастырғаны дұрыс.
1.  Сөйлеген  кезде  әр  сөздің  айтылу  заңдылықтарын 
сақтап,  мағынасына  орай  сөйлемде  дұрыс  қолдануға 
дағдылану керек.
2.  Сөйлесіп  отырғанда,  пікіріңді  айтқанда  қолды 
сермеуге, қатты күлуге, бет-ауызды қатты қимылдатып, жөні 
жоқ қисаңдата беруге болмайды.
3. Өзің туралы көп айта беру, барлық сөзді өзің бастау – 
ол да әдепсіздікті көрсетеді.
4.  Білмейтінің  жөнінде  айтпа,  өзің  түсінбейтін  сөздерді 

89
қолданба.
Аса қызынып, тез сөйлесудің көп жағдайда қажеті жоқ. 
Егер  сөйлесіп  отырған  адам  қатты  сөйлесе,  одан  да  қатты 
айғайлап сөйлесуге тырыспау керек (М.Балақаев).
4-тапсырма.  Жақшаның  ішінен  керекті  сөздерді 
тауып, сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
Сөйлеген  кезде  әр  сөздің  айтылу  заңдылықтарын.  .  . 
(сақтамай,сақтап),  мағынасына  орай  сөйлемде.  .  .  (  дұрыс, 
бұрыс) қолдануға дағдылану керек.
Сөйлесіп отырғанда, пікіріңді айтқанда  қатты  күлуге . . . 
(болады, болмайды).
Өзің туралы көп айта беру, барлық сөзді өзің бастау – ол 
да . . . (әдептілікті, әдепсіздікті)  көрсетеді.
Білмейтінің  жөнінде  .  .  .  (айт,  айтпа),  өзің  түсінбейтін 
сөздерді (қолдан, қолданба).
Жағдаяттық тапсырма. 
Қатысушылар:  оқушы  және  сабаққа  келмеген 
сыныптасы.
Тапсырма. Оқушыға:Сабаққа келмеген сыныптасыңның 
ұялы телефонына қоңырау шалып, келмеген себебін біл. 
Сабаққа  келмеген  оқушыға:  сабаққа  келмеген  себе-
біңді айт.
5-сабақ. Қалта телефонының  пайдасы мен зияны.
Сөздік:
Ақпараттық жүйе – система информации;
Үнемі – постоянно;
Пайыз – процент;
Еркін – свободно.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.
Қазіргі  таңда  ақпараттық  жүйенің  дамыған  кезі 
болғандықтан,  адамдар      техникалық  құралдарды    үнемі 
пайдалануда. Соның бір кішкене бөлігі бұл – ұялы телефон. 
Ұялы  телефон  арқылы  үлкен  ара  қашықтықтан  сымсыз 

90
хабарласып, хат алмасуға болады. Ұялы телефон қазіргі заман 
адамдарының  80-90  пайызының  өте  қажет  құралы  болып 
табылады.  Сол  сияқты  біздің  де  өмірімізде  ұялы  телефон 
– басты маңызды заттардың бірі болып табылады.  Біз бұл 
құрал  арқылы  қалаған  адамымызбен  қай  жерде  болмасын 
еркін  байланысып,  жағдай  сұраса  аламыз,  сондықтан  ол 
біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады.
Ұялы телефонды, көбінесе, сөйлесуге емес, қазір интер-
нет,  веб  сайттарға,  чат  агенттерге  кіру  үшін  пайдалануға 
болады.
Ұялы телефонның пайдасы зор, бірақ зияны да аз емес.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер:
Ұялы телефонның ерекшелігі қандай?
Ұялы телефон қызметі туралы не білесің?
Сен бірнеше күн ұялы телефонсыз жүре аласың ба? 
Ұялы телефонның қандай пайдасы бар?
Ұялы телефонның қандай зияны бар?
3-тапсырма.  Тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 
қолданып, сұхбат құрастырыңдар.  Өзара сөйлесіңдер.
Денсаулыққа  қауіпті,  бірлік,  радиациялық  кері  әсері, 
ретсіз мазалау, кездейсоқ қоңырау, қуаты, өшіп қалу, белгісіз 
нөмір, музыка тыңдаудың шектен тыс әсері.
4-тапсырма. Кестені толықтырыңдар.
Ұялы телефонның 
пайдасы
Ұялы телефонның         
зияны
5-тапсырма. Берілген сөздерге антонимдер жазыңдар.
кіру –
өшіру –
пайдасы –
көп –
үлкен –

91
6-тапсырма. Берілген сөздерге синонимдер жазыңдар.
қашық –
хабар – 
маңызды –
еркін –
пайдалану –
6-сабақ. Жарнама. Телефон дүкенінде.
Сөздік:
Шолғыш – браузер;
қызмет түрлері – виды функции;
жеңілдік – скидка.
1-тапсырма.  Берілген  сұхбатты  оқып,  өзара 
сөйлесіңдер.
Сатып алушы: - Сәлеметсіз бе!
Сатушы: - Сәлеметсіз бе! Сізге менің көмегім керек пе?
Сатып  алушы:  -  Иә,  мен  ұялы  телефон  сатып  алайын 
деп едім.
Сатушы: - Сізге қандай ұялы телефон керек?
Сатып алушы: - Маған NOKIA маркасының телефоны 
керек.
Сатушы:  -  Таңдауыңыз  тамаша,  NOKIA  маркасының 
телефоны өте көп, таңдаңыз.    
Сатып алушы: - NOKIA Х2-00 маркасын көрсетсеңіз.
Сатушы:  -  NOKIA  Х2-00  маркасы  жоғары  сапалы 
телефон, күнделікті байланыста пайдалануға өте қолайлы.
Сатып алушы: - Бұл телефонда қандай қызмет түрлері 
бар? 
 Сатушы: - Фотоаппарат және бейнекамерасы бар, медиа 
плейер, FM радиосы, Bluоtooth байланысы бар.
Сатып  алушы:  -  Бұл  телефонмен  интернетке  қосыла 
аламын ба?
Сатушы:  -  Иә,  телефоныңыздың  шолғышын  пайдала-
нып, әр түрлі интернет қызметтерін пайдалана аласыз.

92
Сатып алушы: - Бұл телефон қанша тұрады?
Сатушы:  -  Қазіргі  маусымда  телефонның    NOKIA  Х2-
00  маркасы  20%  жеңілдік  акциясы  бойынша  сатылымда.  
Акциямен есептегенде бағасы 14 000  теңге болады.
Сатып алушы: - Жақсы, міне, алыңыз.  
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. 
- Сен ұялы телефоныңды қайдан сатып алдың?
- Сенің ұялы телефоныңның маркасы қандай?
- Телефоныңда қандай қызмет түрлері бар?
- Сенің телефоның қанша тұрады?
3-тапсырма.  Сөйлемдерді  аяқтаңдар,  синтаксистік 
талдау жасаңдар.
Мен «Техника әлемі» дүкенінен өзіме . . . .
Менің телефонымның маркасы . . . .
Менің ұялы телефонымның . . . , . . . .
Мен билайн байланыс түрін . . . , менің нөмірім . . .
Туған-туыстарымды, достарымды мерекемен құттықтап, 
. . . ... 
4-тапсырма. Етістіктерді үш шақта жіктеңдер.
Үлгі: сатып алдым, сатып аламын, сатып алмақпын.
Көру, түсіру, жазу, сыйлау.
5-тапсырма.  Өз  ұялы  телефондарыңның  маркасы 
туралы жарнама дайындаңдар.Телефондарыңда қандай 
қызмет түрлері бар екенін айтыңдар.
7-сабақ. Нәтиже сабақ. «Қалта телефон».
1. «Ұялы телефон адамға не үшін керек?» деген сұраққа 
жазбаша жауап беріңдер.
2. Кестені пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.

93
Мен адамдармен
Телефон
Факс
Электронную почту
Интернет
Письма
арқылы байланыс 
жасаймын.
Ұялы телефон 
арқылы
Отправить картинку
Свободно поговорить
Поздравить с 
праздником, с днем 
рождения
Фотографировать 
болады.
3. Берілген сөздерді қатыстырып, сөз тіркесін құраңдар:
қызықты, күнделікті, қымбат, күрделі.
4. Сызбаны толықтырыңдар.
Етістіктің шақтары
5.  Берілген  етістіктерді  келер  шақта  жіктеңдер,  сөйлем 
құрастырыңдар: сатып алу, түсіремін.
6. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны туралы шағын 
әңгіме жазыңдар.
7.  Ұялы  телефон  тақырыбына  байланысты  неологизм 
сөздерді теріп жазыңдар.
ТАҚЫРЫПҚА  ТҰЗДЫҚ
                   Беліңдегі телефоның ұялы
                   Саған мінсіз қызыметін істейді.
                   Тәнті етеді ғажап ұшқыр қиялы,
                   Күндіз-түні қолыңыздан түспейді.
 
   
   
 

94
Бір тақырыпқа 

 екі мақала
Алмагүл НҰРТАЗАҚЫЗЫ,
Орал қаласындағы 
№14 жалпы орта білім беретін 
мектептің мұғалімі.
ШЕШЕНДІККЕ БАУЛЫҒАН 
ШОҚАН
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  қазақтың  тұңғыш 
зерттеуші  ғалымы  Шоқанның  өмірі  мен  еңбектері  туралы 
кеңінен  мағлұмат  беру;  дамытушылық  –  оқушылардың 
дүниетанымын  кеңейту,  сөздік  қорын  байыту,  ауызекі 
дағдыларын  дамыту,  шығармашылықпен  жұмыстандыру; 
тәрбиелік  –  ғалымның  өмір  жолын  үлгі  етуге,  білімге, 
өнерге, еңбексүйгіштікке талаптандыру.
Әдісі:  әңгімелеу,  түсіндіру,  сұрақ-жауап,  ойландыру, 
іздендіру,  шығармашылық.  Көрнекілігі:  слайдтар,  буклет, 
кітап-жұрналдар, карта. Пәнаралық байланыс: география, 
сурет, орыс әдебиеті.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, сабаққа бейімдеу.
2. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
II. үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
1.  Мұғалім  Шоқанның  өмірінен  қысқаша  мәлімет 
келтіреді.
2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
А)Мәтінді мәнерлеп оқу.
Ә)Сөздік жұмысы:
Естелік – воспоминание;
Толықтыра түсті – дополнил;

95
Айырылмастай – неразлучные;
Құмарта – с удовольствием;
Іспеттес – подобный, наподобие.
Б)  Жаңа  сөздермен  сөз  тіркестерін,  сөйлемдер  құру: 
естеліктер  жазған,  саяхатқа  шықты,  дарынды  бала, 
құмарта  тыңдады.  Серік  саяхатқа  шыққанды  ұнатады. 
Әжемнің әңгімесін құмарта тыңдаймын. Сәуле мен Шынар 
айырылмастай достар.
В)  Мәтіннен  маңызды  сөйлемдерді  тауып  оқу  немесе 
әңгімелеу.
3. 
Оқушылардың 
дайындаған 
шығармашылық 
жұмыстарын тыңдау.
А) Шоқан – әдебиет зерттеуші.
Ә)  Тарихшы,  саяхатшы  –  Шоқан  (Шоқанның  саяхат 
жасаған жерлері, ғылыми еңбектері).
Б) Шоқанның суретшілік өнері.
4. Ұқсастық пен даралық (Венн диаграммасы).
Әл Фараби мен Шоқанның ұқсастығы:
1. Қазақтың ұлы ғалымы.          
2. Білімді, өнерлі, еңбексүйгіш.
3. Әр түрлі тақырыпта ғылыми еңбектер жазды.
4. Екеуі де өнерді сүйді.
Әл Фараби мен Шоқанның айырмашылықтары:
1.  Әл  Фараби  IX  ғасырда,  Шоқан  XIX  ғасырда  өмір 
сүрген.
2. Әл Фараби – күйші, Шоқан – суретші.
5. Топтық, деңгейлік тапсырмалар:
I  топ:  хронологиялық  кестені  толтыру  (интерактивті 
тақтамен жұмыс)
Қашан?
Қандай оқиға болды?
1835
Ш.Уәлиханов дүниеге келді.
1847-1853
Омбыдағы кадет корпусында оқыды.
1855
Орталық Қазақстанды аралайды.

96
1856
Қырғыздардан «Манас» жырын жазып алады.
1865
Алтынемелде қайтыс болады.
II топ. Шоқан – Кадет корпусы – зерттеуші (осы арқылы 
сұрақ-жауап құрастыру).
1. Шоқан Кадет корпусын неше жасында бітірді?
2. Шоқанның достары кім?
3. Шоқанға ұқсайтын орыс жазушысын білесің бе?
4. Шоқанның ғылыммен айналысуына кім ықпал етті?
5. Кадет корпусында қандай пәндерді оқыды?
IV. Сабақты бекіту.
1. Топтастыру (интерактивті тақтамен жұмыс)
А)  Шоқан  кім?  Шоқан  –  ғалым,  әдебиет  зерттеуші, 
тарихшы, саяхатшы, суретші, Абылай ханның шөбересі.
Ә) Шоқан не істеді? Шоқан Батыс әдебиетін, мәдениетін, 
тарихын  меңгерді.  Шоқан  –  Орталық  Қазақстанға, 
Қашқарияға,  Ыстықкөлге,  Қытайға  саяхат  жасады.  Шоқан 
–  әдеби,  ғылыми,  географиялық  зерттеулер  жазды.  Шоқан 
жүріп  өткен  жерлерінің  топографиялық  картасын  жасады, 
суретін  салды,  орыс  географиялық  қоғамына  мүше  болды, 
сот реформасын дайындауға қатысты.
Б) Шоқанға мінездеме беру: білімді, зерек, өнерлі, жан-
жақты, еңбекқор.
2. Мақалдармен жұмыс.
-Бүгінгі  сабаққа  қатысты  мақалдарды  еске  түсірейік. 
(Оқушылар өнер, білім туралы білетін мақалдарын айтады).
V. үйге тапсырма: 1. Шоқан туралы оқу, іздену;                       
2. Ш.Уәлихановтың сөзін жаттау. 
VI. Оқушыларды бағалау.
   
   
 

97
Раушан ЖҰМАНҚЫЗЫ,
Шығыс Қазақстан облысының
Көкпекті ауданындағы
«Шәріптоғай» негізгі 
мектебінің мұғалімі.
ШЕШЕНДІККЕ БАУЛЫҒАН 
ШОҚАН
(9-сынып)
Сабақтың мақсаты: 1. Шоқан Уәлиханов туралы оқушылар-
дың  білімдерін  кеңейту;  сабақтас  құрмалас  сөйлем  тақы-
рыбы  көлемінде  оқушылардың  білім  дағдыларын  арттыру; 
2.  Оқушылардың  танымдық  белсенділігін,  қазақ  тіліне 
қызығушылығын арттыру; 3. Оқушыларды білімге, ғылымға баулу.
Жұмыс  түрлері:  фронтальдық,  жеке,  топтық,  өздік.  Әдісі: 
СТО  технологиясы,  модульдік  оқыту  технологиясы.  Әдіс-
тәсілдер: «тұлғаны танып біл» техникасы, синтаксистік диктант, 
«мәтін бөліктері» техникасы, «Кім жылдам?» ойыны, графикалық 
диктант,  «сөйлемдерді  өзгертіңдер»,  «Толықтыр»  тапсырмалары. 
Құрал-жабдықтар:  А.Байтұрсыновтың,  Шоқанның  портреттері, 
«салалас»,  «сабақтас»  сөздері  жазылған  парақтар,  оқулық. 
Пәнаралық байланыс: география, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы.
1-кезең.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Өткен тақырыптарды тексеру.
а/ «Тұлғаны танып біл» техникасы арқылы өткен тақырыпты 
қайталаймыз.
Оқушыларға  А.Байтұрсыновтың  портреті  ұсынылады.  Олар 
тұлғаның  аты-жөнін,  оған  байланысты  оқиғаларды,  ол  туралы 
мәліметті ауызша айтады.
ә/ Синтаксистік диктант.

98
Қойылған сұрақтарға оқушылар бір сөзбен жауап беруге тиіс.
1. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем.
2.  Құрамындағы  сөйлемдерінің  баяндауыштары  тиянақты 
түрде болады.
3.  Құрмалас  сөйлемнің  құрамындағы  жай  сөйлемдердің 
алдыңғысы соңғысының себебін білдіретін сөйлем?
4. Мезгіл, себеп, мекенді білдіретін сөйлем мүшесі?
5. Тура толықтауыш қай септікті талап етеді?
6.  Құрамындағы  жай  сөйлемдердің  алғашқысы  тиянақсыз 
болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі?
Сабақтың мақсатын қою.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет